Жумагулова айша алгабековна



Pdf көрінісі
бет65/71
Дата19.05.2023
өлшемі1,47 Mb.
#95138
түріДиссертация
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   71
Байланысты:
Диссертация ЖУМАГУЛОВА АЙША(1)

Семіз адамдарды бір жағынан аяймын. 
Арықтаудың оңай емес екенін білемін. 
Біздің жұмыста бір апай бар. Ол 
тамақты аз ішеді, бірақ метаболизмі 
бұзылған және денесі көбінесе ісіп кетеді. 
Денсаулығына байланысты арықтай алмай 
қиналып 
жүргенін 
көріп 
жүрмін. 
Сондықтан барлық семіз адамдарға олай 
тіл тигізуге болмайды. 
Қандай қатігезсіздер, адамдар! Мұхитқа 
айтып жатқан сөздеріңіз сол сияқты басқа 
адамдардың да жүрегіне тиеді деп 
ойламайсыздар ма? Мысалы мен де сондай 
семізбін. Мен оның дұрыс еместігін білемін. 
Арықтағым 
келеді, 
өзіме 
ұнаған 
көйлектерді кигім келеді. Бірақ қанша 
тырыссам да, босанғаннан кейін бұрынғы 
қалпыма келе алмай қойдым. Кішкене 
көңілге қарап сөйлеу керек қой 
Не зияны бар депті біреулер. Мысалы 
маған зияны бар. Күнде автобуспен 
жүремін. Өзі тар жерді осындайлар одан 
сайын 
тарылтып, 
аһылап-уһілеп, 
ырсылдап 
қасыңа 
отырып 
алады. 
Үстерінен шығатын иісті айтпай-ақ 
қояйын. 
Қампақтарға жыным келеді. Жап-жас 
болып не мынау? Мұның қай жері 
ауырады дейсің? Тойымсыз бәле ғой. 
Түсіністік туралы ақылгөйсімей-ақ 
қойыңыздаршы. Ауру болса екен, түсінер 
едік. Бірақ аурулардың өзіне түсіністікпен 
қарау керек дегенді де қолдамаймын. 
Кейбіреулер бар, мен ауырамын деп, елдің 
бәріне міндет қылатын. Аурудың бәрі сол 
астан. Не болса соны жей бермей, аузыңа 
ие болу керек 
 
Бұл пікірлердің барлығын шартты түрде «жақсы-бейтарап-жаман» деген 
категориялар бойынша да топтастыруға болады. Мұндай эмотивтік талдау білім 
алушыларды эмоционалдық шиеленісті бәсеңдетудің, дөрекі және теріс 
бағалауларды бейтараптандырудың маңыздылығын түсінуге үйретеді. Егер 
қарастырылып отырған пікірлердің жағымсыз әсерінің күші туралы сөз ететін 
болсақ, онда зерттеуші М.А. Лисихинаның мына пікірін алға тартуға болады: 
«сила негативного воздействия зависит как от качества оценок, содержащихся в 
высказывании, т.е. того, насколько серьезными, значимыми считаются 
подобные нарушения, отклонения от нормы в данном лингвокультурном 
сообществе, так и от стилистической характеристики слов. Употребление 
сниженной, ненормативной лексики <...> создает такой эмоциональный фон, 
который может быть воспринят слушающим / читающим как нанесение ущерба 
социальной привлекательности» [218]. 
Эмотивтік талдау экспериментінің нәтижелері төмендегідей көрініс тапты 
(21-кесте, 14-сурет). 
Кесте 21 – Оқытудың бағалау және бақылау кезеңін қамтитын эмотивтік талдау 
экспериментінің көрсеткіштері 

Топтар 
Эмотивтік 
фонды 
бағалау, % 
Эмотивтік 
тығыздықты 
бағалау, % 
Маркерлерді 
анықтау, % 
Эмотивтерді, 
коннотативтерді, 
аффективтерді анықтау, 

1-топ 
75 
81 
88 
95 
2-топ 
69 
78 
85 
89 


141 
Сурет 14 – Оқытудың бағалау және бақылау кезеңін қамтитын эмотивтік талдау 
экспериментінің көрсеткіштері 
Эксперимент нәтижелері келесідей тұжырымдар жасауға мүмкіндік берді: 
– эмотивтік талдау эксперименті – коммуникациялық эмотивтік 
жағдаяттардың экологиялығының параметрлерін анықтаудың тиімді құралы; 
– эмотивтік талдау адамдардың эмоцияларын тану және басқару 
тетіктерін, әртүрлі сападағы эмоцияларды келістіру, тұлғааралық қарым-
қатынас актілерінде жағымсыз эмоцияларды бейтараптандыру мен жағымды 
эмоцияларды тудыру механизмдерін бағалауға мүмкіндік береді; 
– эмотивтік талдау – білім алушылардың эмотивтік мәтіндердің эмотивтік 
фоны мен тығыздығын бағалауға, олардың эмоционалдық әсер етуін бақылауға 
мүмкіндік беретін тиімді әдіс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет