Жумагулова айша алгабековна


ЭМОТИВТІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ МЕН



Pdf көрінісі
бет2/71
Дата19.05.2023
өлшемі1,47 Mb.
#95138
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71
Байланысты:
Диссертация ЖУМАГУЛОВА АЙША(1)

3 ЭМОТИВТІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ МЕН 
ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ............... 
87 
3.1 Эмотивтік құзыреттілікті қалыптастырудың маңызы............................. 87 
3.1.1 Эмотивтік құзыреттіліктің құрылымы мен мазмұны........................... 97 
3.2 Эмотивтік құзыреттілікті қалыптастыру мен дамыту технологиясы... 104 
3.3 
Эмотивтік 
құзыреттілікті 
қалыптастыру 
мен 
дамыту 
технологиясының тиімділігін тексеру экспериментінің нәтижелері........... 
124 
3.4 Үшінші бөлім бойынша тұжырым............................................................ 143 
ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................ 145 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................................... 149 
ҚОСЫМША А – Сауалнама.......................................................................... 161 
ҚОСЫМША Ә – Бақылау жұмыстарына ұсынылатын тапсырмалар........ 162 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 



КІРІСПЕ 
Зерттеудің жалпы сипаттамасы. Кез келген ғылым саласының даму 
кезеңі өз дәуірінің қажетін, өз дәуірінің талабын қанағаттандыруға, сол дәуір 
туғызған мұқтаждық мүддесіне қызмет етуге бағытталады. Сондықтан ғылым 
алдына қойылған талап та әр дәуірде әр басқа болады. Бүгінгі дәуір 
лингвистикасының басты ерекшелігі – тілді тек қарым-қатынас құралы ретінде 
ғана емес, барша ақпараттар мен хабарлар жиынтығы, адамзат тіршілігінің 
негізі, тәжірибе мен білім арнасы, таным өзегі деп қарастыру. Яғни ХХІ 
ғасырда тіл туралы онтологиялық көзқарасты сол тілде сөйлеуші халықтың жан 
дүниесімен, ой-санасымен, тарихымен, мәдениетімен, өмір сүру ортасымен 
тығыз байланыста қарау қажеті туды. Тілді қоғаммен бірлікте қарастыру 
қоғамның көпқырлы ахуалының тілде толығымен көрініс табуымен қатар, 
тілдің өзіне де ықпал ететінін көрсетіп отыр. Ал бұл өз кезегінде басты 
қажеттілік – тіл қауіпсіздігінің қажеттілігін талап етеді. Тілді қорғау 
ресурстарын зерттеп, жетілдіретін, тілдің өмір сүру қауіпсіздігін жүзеге 
асыратын пәнаралық жаңа бағыт – лингвоэкология. Лингвоэкология туралы 
мұндай түсінік оны тек теориялық тұрғыдан ғана емес, практикалық тұрғыдан 
да зерттеудің маңыздылығын дәйектейді. 
Лингвоэкологияның негізгі нысаны ретінде екі жолмен түсіндіруге 
болатын лингвистикалық орта қарастырылады: 1) жеке адам мен социум әрекет 
ететін тілдік орта; 2) тілдің өмір сүретін әрі қызмет ететін ортасы [1]. Мұндағы 
тілдік орта, бір жағынан, жеке адам, топ, социум мен тұтас қоғам әрекет ететін 
мәдени-психологиялық ортаның немесе тілдік кеңістіктің компоненті болса, 
екінші жағынан, мәдениеттің элементі, адамды социумға интеграциялайтын 
әлеуметтік фактор ретінде тілдің өзі өмір сүретін әлеуметтік кеңістік, 
қоғамдағы тілдің дамуы мен қызмет етуіне ықпал етуші ішкі және сыртқы 
тілдік факторлар болып саналады. 
Ал бүгінгі лингвосфераның жеке адам мен социум әрекет ететін және 
тілдің өмір сүріп, қызмет ететін белсенді ортасы – медиакеңістік. Медиакеңістік 
– коммуникацияның электронды құралдарымен жасалған, жекелеген 
адамдардың немесе топтардың кеңістік пен уақыт айырмашылығына қарамай, 
бір уақытта бірге әрекет ете алатын электронды ортасы.
Лингвоэкология тілдің динамикадағы жай-күйін қарастырады десек, 
тілдің бүгінгі қалпын толығымен медиакеңістіктен көруге болады. Себебі 
соңғы жиырма жыл көлемінде адамзат коммуникация құралдары мен тәсілдері 
саласында нағыз төңкерісті бастан кешіп жатыр. Интернет пен басқа да 
ақпараттық коммуникациялық технологиялар біздің өміріміздің барлық 
саласына түбегейлі әсер етіп, жаңа дағдылар мен қабілеттерді, ойлау амалдарын 
туғызуда. Бұған дейін болмаған әлеуметтік желілер, блогтар, жеке масс-медиа, 
т.б. секілді жаңа құбылыстар пайда болып жатыр. Қазіргі медиа қоғамдық 
пікірге әсер етуші күштен қоғамдық пікірге жетекшілік ететін күшке айналды. 
Бұл үдерістер бір жағынан оң, ал екінші жағынан теріс әлеуметтік өзгерістерге 
алып келуде. 



Ақпараттық технологиялардың дамуы ақпаратты іздеудің, сақтаудың 
және көрсетудің жаңа тәсілдерін ғана тудырып қоймай, қазіргі коммуникация 
құралдары мен жаһандық ықпалдардың әсерімен қалыптасып жатқан жаңа 
мәдени және тілдік ортаның пайда болуына ықпал етеді.
Осы тұрғыдан келгенде, қазіргі қазақтілді медиакеңістікті теориялық 
тұрғыдан ұғыну, оның тілін лингвоэкологиялық аспектіде зерттеу арқылы 
ұлттық тілдің бүгінгі жай-күйін шынайы анықтау мүмкіндігі туады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет