52
адам өзінің туысын аңшы мылтығымен атып өлтірді» («112»
бағдарламасынан). Тіпті телеарналардағы түрлі телехикаялардың атауларының
өзі жағымсыз сезім қалыптастырады:
«Жаза», «Қара ниет» («Астана» арнасы);
«Шытынаған тағдыр» («Qazaqstan» арнасы),
«Азулылар әулеті» (7 арна), т.б.
Мұның бәрі адам санасында мейірім, жақсылық, адамгершілік, кешірім секілді
жақсы қасиеттердің ізін өшіріп,
олардың орнына зұлымдық, ашу, ыза, кек,
өшпенділік, қорқыныш, жабырқау, сенімсіздік сезімдерін ұялатады, адам
әрекеттерінің айтып білгісіз істерін арттырады: негативті энергетикаға толған
адам өзі де теріс эмоционалды стимулдардың таратушысы болады. Ал оның
салдары туралы А.В. Пузырев былай дейді: «кеңістікке теріс ойларды, теріс
бояулы сөздерді жіберу арқылы біз өзімізді әлсіретеміз, өз-өзімізді жою
әрекетін
таңдаймыз, өздігімізден жойылу амалына белсене атсалысамыз, оны
өзіміз сезбейміз де» [91].
Негативті ақпараттар – жағымсыз эмоция тудыратын тітіркендіргіш
күштер. Ә. Алдамұратов: «Мұндай тітіркендіргіштің әсерінің күштілігі сондай,
олар адамның денесіне, жүйке жүйесіне, психикасына да әсер етіп, сезімдік-
эмоциялық жағдайын шиеленістіреді. Стрестік жағдай адамның мінез-құлқына
да әсер етіп, қалыпты жағдайларды ауытқуға ұшыратады, ол бей-берекет
қимыл-қозғалыстар жасайды. Адамның психикалық процестері қабылдау мен
ес, зейін әдеттен тыс қателіктер жібереді. Адам ашушаң, қызба болады. Мұндай
күй
адамның ақыл-ойын, күш-қуатын қожыратып, оған теріс ықпал етеді», -
деген пікір айтады [92].
Эмотивтік лингвоэкологияның орыс тіл біліміндегі көрнекті өкілі
В.И. Шаховский бұндай негативтің адамдарда эмоционалды қарсылық
тудыратынын айта келіп: «бейсаналық деңгейде трансформация / мутация
үдерістері жүзеге асады, яғни тілдік тұлғаның психотиптік және
лингвистикалық тұтастығын бұзады. Социум өзінің өнегелік-этикалық
нормаларын өзі төмендетіп жатыр. Массмедиалды әрекеттің, оның бейнелері
мен мәтіндерінің, социумның вербалды
және бейвербалды әрекетінің
нәтижесінде «басқа тілдік тұлға» қалыптасып жатыр» деген пікір айтады [93].
Эмоцияларды сананы жігерлендіретін негізгі қозғағыш күш десек, қазіргі
ресми ақпараттардың мәтіндерінде ғылым, білім, спорт, өнеркәсіптегі
жетістіктер, т.б. секілді адамды алға талпындыратын жаңалықтардың өте аз
берілуі қоғамның рухани деңгейін төмендетіп жатыр. Тілдік тұлғалардың тілдік
санасында оң психологиялық өрістің орнына вербалданған ақпарат арқылы
негізгі құндылықтар жөніндегі теріс ассоциациялар қалыптасып келеді.
П.К. Анохин: «Жағымды эмоция барынша өнімді жұмыс істеуге жағдай
жасайды, ол адамға керемет күш-қуат береді, мұндайда адам шаршап-шалдығу
дегенді білмей, күндіз-түні жұмыс істей алады. Ал жағымсыз эмоциялар
адамның жан дүниесіне, сондай-ақ ішкі секреция бездері мен вегетация
қызметтеріне әрқилы әсер ете отырып, физиологиялық үдерістердің бұзылуына
әкеп соқтырады. Мұндай әсерлер белгілі бір дәрежеде ішкі ағзалардың да
(жүректің, асқазанның, ішектің) қызметін бұза алады»,
- деп тұжырымдайды
[94].
53
Теріс эмоция тудыратын ақпарат адамға оның сана арналары мен
психикасының бейсаналы механизмдері арқылы әсер етеді. Тілдің таңбалық
қызметі адамның психосферасы арқылы жүзеге асып, соның көмегімен әлем
бейнесі қалыптасады, психосоматикалық құбылыстар, көптеген физикалық
және психикалық сырқаттардың себебі түсіндіріледі. Сөзіміз дәлелді болу үшін
А. есімді медиа тұтынушының өз Инстаграм парақшасында қалдырған
жазбасын ұсынамыз. Жаңалықтардан американдық полиция қызметкерінің қара
нәсілді адамды өлтіргені туралы бейнехабарды көрген А. осы негативті
хабардан кейін өзін жайсыз сезініп, бірден қатты басы ауыра бастағаны туралы
жазады. Бұл жайсыз хабардың әсер еткені соншалық, ол екі күн бойы орнынан
тұра алмаған. Ол бұдан былай мұндай негативті хабарларды қарамайтынын
жазады (6-сурет).
Сурет 6 – А. есімді медиа тұтынушының негативті хабардан алған әсері
Сөздің адам
денсаулығына әсерін биологтар, физиологтар мен
психоневрологтар дәлелдеп келеді. Тіпті П.П. Гаряев бастаған генетиктер адам
қабылдаған ақпараттың оның толқынды генінде жазылатынын, әрбір сөздің
адам әрекетінде көрініс табатын генетикалық бағдарлама құрайтынын, яғни
сөздің ДНҚ-ға әсері туралы зерттейді. ДНҚ-дағы молекулалар ақпараттарды
электромагниттік толқындар арқылы алмастырып отырады. Мұны доктор
К. Бакстер былай түсіндіреді: «Адам денесінен ДНҚ-ны алып, бақылау
жасалатын адамға әртүрлі эмоциялық ақпараттар беріледі. Нәтижесінде адам
54
эмоциялық әсерленуге өте қатты берілген кезде
оның денесінен алынған ДНҚ
да тап сондай күшті электромагниттік әсерлерге ұшырап отырады. Бір
таңғаларлығы, ДНҚ-ны эксперимент жасалатын адамнан қанша алыстатсақ та
әсерлену сол қалпы сақталады» [95].
Лингвоэкология адамның психосферасының қауіпсіздігін қамтамасыз
ететін, яғни оның психикалық, кейін физикалық денсаулығының бұзылуына
әкелетін тілдік ортаның деструктивті ықпалын болдырмайтын қажетті
тетіктерді қалыптастыруды көздейді. Психофизикалық ықпал дегеніміз –
ақпараттық немесе энергиялық табиғаттың рухани, психологиялық және
физикалық факторларының биожүйелердегі рухани, мәдени, психикалық,
физикалық, физиологиялық және химиялық үдерістерге әдейі, мақсатты түрде
немесе байқаусызда жасалған ықпалдардың жүйесі.
Зерттеушілер медиакеңістіктегі негативті ақпараттар ағынының әсерінен
тілдік тұлғада «катастрофалық ойлаудың» қалыптасатынын айтады.
Телеарналардан берілетін жаңалықтарда оқыс оқиғаларды
жай ғана хабарлап
қоймай, оның қалай орын алғаны, адам өлімі болған жағдайда оның қалай
өлтірілгені толыққанды сипатталып беріледі. Мысалы «КТК» телеарнасынан
«Малша бауыздаған» деген тақырыппен берілген жаңалық мәтіні мынадай:
Достарыңызбен бөлісу: