Жумагулова айша алгабековна



Pdf көрінісі
бет71/71
Дата19.05.2023
өлшемі1,47 Mb.
#95138
түріДиссертация
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   71
Байланысты:
Диссертация ЖУМАГУЛОВА АЙША(1)

 
 
 
ә. Берілген сөздер мен сөз тіркестерін жақсы көру эмоциясының ең 
төменгі деңгейінен ең жоғары деңгейіне дейін орналастырыңыз. 
Құлай сүю, жақсы көру, ұнату, ес-түссіз ғашық болу, ынтығу, көңілі ауу. 
б. Берілген тұрақты тіркестер мен олардың мағыналарын 
сәйкестендіріңіз (кесте Ә.1). 
 
Кесте Ә.1 – Бірінші бағандағы тұрақты тіркестерді екінші бағандағы 
мағыналарымен сәйкестендіріңіз. 


163 
Ит терісін басына қаптау 
Ашулану 
Талағы тарс айырылу 
Ұрысу 
Бетінен оты шығу 
Қайғыру 
Қанын ішіне тарту 
Қуану 
Жүрегі атша тулау 
Ұялу 
г. Төмендегі жағдаяттарда қолдануға болатын сөздер мен сөз 
тіркестерін таңдаңыз. 
1-жағдаят: Оқыс оқиға туралы айтып жатырсыз. 
2-жағдаят: Автобуста телефонмен қатты сөйлескен әйел туралы айтып 
жатырсыз. 
Оқыс жағдай болыпты, соры қайнап қалыпты, даусы жер жарады, саңқ-саңқ 
етеді, апатқа ұшыраған, оңбаған, ұятсыз, қатты сөйледі, даусы ащы, қиын 
болды, саңырау ма дедім, мазаны алды, үлкен кісі екен, автобусты басына 
көтерді, телефоны дұрыс естілмейтін секілді, қаны сорғалап жатыр, абай болу 
керек, қатты ашуландым, есі дұрыс емес екен. 
 
3. Ауызша тапсырмалар (жалпы коммуникативтік блок бойынша) 
а. Мына жағдаяттардың бірінде сіз не айтар едіңіз? 
1. Төмен баға алып, көңілсіз отырған балаға жолықтыңыз. 
2. Жақын адамыңызды ауыр сөз айтып, қатты ренжітіп алдыңыз. 
ә. Жұбыңызбен төмендегі жағдаяттардың бірі бойынша қысқаша диалог 
құрыңыз. 
1. Сізді сатып кеткен бұрынғы досыңызбен жолықтыңыз. 
2. Анаңызбен көп уақыттан кейін сағынысып көрістіңіз. 
4. Ауызша тапсырмалар (кәсіби-коммуникативтік блок бойынша) 
а. Мына жағдаяттардың бірінде сіз не айтар едіңіз? 
1. Бір оқушыңыз үй тапсырмасын орындамай келіпті. 
2. Сіздің бір оқушыңыз сабақта үнемі телефонда ойын ойнап отырады. 
ә. Жұбыңызбен төмендегі жағдаяттардың бірі бойынша қысқаша диалог 
құрыңыз. 
1. Біріңіз – мұғалімсіз, екіншіңіз – өлең жаттағысы келмейтін оқушы. Оны 
көндіруге тырысыңыз.
2. Біріңіз – мұғалімсіз, екіншіңіз – «Абай жолы» романына қызықпай 
отырған оқушы. Оның қызығушылығын оятатын сөздер табыңыз. 

Document Outline

  • 1.3 Медиакеңістіктің ұғымдық аппараты мен құрылымдық ерекшелігі: медиа, масс-медиа, БАҚ ұғымдары


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет