Жумина Асем Галымовна Тулегенова Сымбат Ержанқызы «Жасушалық биотехнология» пәні бойынша


Жасушалар өсіріндісімен жұмыс жасау үшін бөлме мен құрал



бет3/38
Дата17.09.2023
өлшемі4,2 Mb.
#108308
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38
Байланысты:
multi-213 x606468403

4. Жасушалар өсіріндісімен жұмыс жасау үшін бөлме мен құрал-жабдықтар
Жасушалар өсіріндісі мен жасушалық инженерияның әртүрлі әдістемелерін қолдануымен зерттеулерді сәтті жүргізу үшін бір қатар жағдайлар мен құралжабдықтар қажет етіледі. Жасушалық инженерия зертханасында жасушалық өсіріндімен жұмыс жасаудың әр кезеңіне арналған жұмыс зоналар болу керек:
1. Қызметкерлердің мәліметтерді өңдеуге арналған үстел, кітаптар үшін шкафтар, комьютерлермен қамтамассыз етілген зона.
2. Бокс алдындағы бөлме. Осы жерде қызметкерлер киімдерін залалсыздандырылған киімге ауыстырады, қолдарын жуады. Мұнда киім, халаттар үшін шкафтар, душ, қолжуғыш болу керек.
3. Залалсыздандырылған бокс залалсызандырылған жағдайда жасушалар өсірінділерімен манипуляцияларды жасау және оларды өсіруге арналған зона. Осында ламинарлық шкафтар, СО2 – инкубаторлар, термостаттар, жарықтық, инверсияланған және люменисцентті микроскоппен зертханалық үстел, зертханалық ыдыспен шкаф және тоңазытқыш болу керек.
4. Кельвинаторлық бөлме жасушалар өсірінділері, қоректік орталар мен реактивтерді ұзақ уақытқа сақатауға арналаған. Осында -152 С0 төмен температуралы тоңазытқыш, өсірінділерді сұйық азотта сақтау үшін Дьюар ыдыстары, фармацевтикалық тоңазытқыш (0--+5 С0) орналасу керек.
5. Автоклавты бөлме – аспаптарды, қоректік ортаны залалсыздандыруға, жасушалық өсірінділерді «өлтіруге» арналған жуғыш бөлме. Осында автоклав, құрғататын (сухожаровой) шкаф, қолжуғыш орналасу керек.
Төменде жасушалық инженерия зертханасының зоналарының орналасу сызбасы ұсынылған. (сурет 1).



Сурет1. Жасушалық инженерия зертханасының зоналарының орналасу сызбасы


Жасушалық инженерия зертханасын жабдықтандыруға ұсынылатын құрал-жабдықтар:
1. Биологиялық қауіпсіздік боксы, қорғаудың 2 немесе 3 класы.
2. Центрифуга-вортекс 2000 айн./мин.
3. Көлемі 5-100 мл пробиркалар үшін центрифуга (5000 об./мин.)
4. Эппендорф типті пробиркалар үшін микроцентрифуга (12000-16000 об./мин)
5. Көлемі 1,5 мл пробиркалар үшін хладотермостат жұмыс температураларының диапазоны -5-100 С0 .
6. Колба-ловушкамен медициналық вакуумды насос
7. Ауыспалы көлемімен автоматты микродозаторлардың жеке жиынтығы.
8. СО2 – инкубатор.
9. Термостат.
10. Жарықтық микроскоп.
11. Инверсияланған микроскоп.
12. Люминесцентті микроскоп.
13. Төментемпературалы кельвинатор -152 С0 .
14. Дьюар ыдысы.
15. Сұйық азотты сақтау және құю үшін ыдыс.
16. Фармацевтикалық тоңазытқыш 0---+5С0.
17. Булы автоклав.
18. Құрғататын (Сухожаровой) шкаф.
19. Бактерицидті ультракүлгін лампалар жинағы.
20. Өсірінділік флакондар, бір рет қолданылатын наконечниктер, штативтер, бір рет қолданылатын микроцентрифугалы пробиркалар жинақтары, дезинфекциялаушы ерітінділермен ыдыстар және т. б.
Жасушалық инженерия үшін маңызды мәселе жасушалық линияны дақылдау үшін сәйкес ыдысты таңдау болып табылады. Мында бір қатар факторларды есепке алу керек: жасушалар суспензияда ма, әлі моноқабатта өседі, эксперименттің масштабы, атмосферамен газдық алмасуы болу керек, не флакондар жабылып тұру керек пе. 2 суретте жасушаларды дақылдауға арналған ыдыс көрсетілген.




Сурет 2. Дақылдауға арналған ыдыс


1. Өсірінділік флакон қақпақпен
2. Түбі «қиылған» өсірінділік пробирка
3. Өсірінділік Петри табақшасы
4. Өсірінділік планшет
Жасушалар ортада кезкелген уытты заттардың болмауын талап етеді, сондықтан тек қана таза су мен бір рет қолданылатын пластикалық ыдысты пайдалану керек.
Ұлпа құрамына кіретін немесе шыны немесе пластикте моноқабат түрінде өсетін жасушалар бірбіріне және субстратқа мукопротеид пен коллаген арқылы жабысады. Көптеген жасушалық моноқабаттар мен эпителиялық ұлпалар өзінің тұтастығы үшін еківалентті Ca2+ және Mg2+ иондарын қолданады. Жасушалардың диссоциациясы және оларды моноқабаттан бөлу үшін хелаттеуші агенттермен әртүрлі протеазаларды қолданады:
1. Трипсин 0,25% ерітінді. Ұлпаның дезагрегациясы мен жасушаларды моноқабаттан бөлу үшін қолданылады.
2. Проназа – кешен. Біріншілік өсірінділерді алу үшін қолданылады.
Streptomyces griseus К-1 штамымен өндірілетін протеолиздік ферменттер қоспасы болып келеді. Құрамында эндопептидаза, аминопептидаза мен карбоксипептидаза бар. Казеин мен альбуминдегі пептидтік байланыстардың 80-85% гидролиздейді. Күрделі эфирлердің гидролизін катализдейді.
3. Коллагеназа. Жасушаларды қатты зақымдамайды, клоналды жасушалық өсірінділерді алу үшін қолданылады.
4. ЭДТА. Протеазаларды қолданбай тұрып жасушалық моноқабаттың диссоциациясы мен жасушалардың суспензияға көшуіне алып келетін еківалентті иондарды жоятын хелаттеуші агент.
Жасушалық өсірінділер үнемі бактериялардың болуына тексеріледі. Сол үшін жасушалар өсірінділерінің тұңба үстіңгі фракциясы зерттелінеді.


Әдебиеттер:
1. Вечканов Е.М., Сорокина И.А. Основы клеточной инженерии: уч. пос. Ростов-на-Дону, 2012. – 136 с.
2. Тұрашева С.Қ. Клеткалық биотехнология: Оқулық. Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2011 – 260 б.
3. Р.Адамс. Методы культуры клеток для биохимиков. Москва, Мир, 1983.
4. Р.Фрешни (под ред.). Культура животных клеток. Методы. Уч.пос. Москва: Мир, 1989.
5. Джамалова М.А. Биотехнология животных: учебник. Алматы: Агентство «Маматай», 2004. – 304 с.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет