Жумина Асем Галымовна Тулегенова Сымбат Ержанқызы «Жасушалық биотехнология» пәні бойынша


ДӘРІС 2. ЖАНУАРЛАР ЖАСУШАЛАРЫН ДАҚЫЛДАУ ТАРИХЫ. ЖАНУАРЛАР ЖАСУШАЛАР ӨСІРІНДІСІНІҢ БИОЛОГИЯСЫ. ӨСУ ҚИСЫҒЫ. ЖАСУША ЦИКЛІ



бет4/38
Дата17.09.2023
өлшемі4,2 Mb.
#108308
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38
Байланысты:
multi-213 x606468403

ДӘРІС 2. ЖАНУАРЛАР ЖАСУШАЛАРЫН ДАҚЫЛДАУ ТАРИХЫ. ЖАНУАРЛАР ЖАСУШАЛАР ӨСІРІНДІСІНІҢ БИОЛОГИЯСЫ. ӨСУ ҚИСЫҒЫ. ЖАСУША ЦИКЛІ


Жоспар:
1. Жануарлар жасушаларын дақылдау тарихы
2. Жасушаларды өсіріндіге енгізу, олардың шығу тегі
3. Өсіріндідегі жануарлар жасушаларының биологиясы


1. Жануарлар жасушаларын дақылдау тарихы
20 ғасырдың басында in vitro жағдайында дақылдау жануарлар ағзасынан бір қатар жасушаларын бөліп алуымен байланысты ғылыми зерттеулер пайда болады. Жануарлар жасушаларын дақылдау идеясы бір қатар тарихи кезеңдерден өтті:
1 кезең - in vitro жағдайында жануарлар жасушаларын дақылдау мүмкіншіліктері туралы идеяны мойындау.
2 кезең – вирусология мен практикалық медицина қажеттіліктері үшін вирустық материалдың үлкен көлемін алу үшін вирустарды өсіру және көбейтуге арналған орта ретінде жануарлар жасушаларын дақылдау.
3 кезең – қажетті қассиеттері болатын гибридті жасушаларын алу мақсатымен жануарлар геномына әсер ету мүмкіндігі. Гибридомды технология мен моноклонды антиденелерді алу әдісінің пайда болуы.
Жасушалық инженерия әдістерін сәтті орындау үшін 19-20 ғғ ғалымдарының көзқарастары мен концепцияларына негізделген ғылыми база керек болды. Жасушалық инженерия негізіндегі негізгі концепция Клод Бернардың «Ағзадан тыс жасушалардың ішкі жағдайларының тұрақтылығы жайында» болып табылады. Осы теория бойынша:
1) Жануарлар ағзасынан тыс жасуша тірі ағзамен қатар өз ішкі гомеостазын ұстап тұруға тырысады.
2) Егер ағзадағы және ағзадан тыс жағдайлары бірдей болса, жасушадан тыс жасуша өсу мен бөлінуге қабілетті болады.
3) Жануарлар жасушасына in vivo-ға жақын жағдайды қамтамассыз ету үшін мүмкіншіліктер бар. Оған жету үшін қоректік орталар құрамын, өсу факторлар, антибиотиктер, ылғалдылық, газдар құрамы мен температура тиянақты таңдалу керек.
19-20 ғасырларда жасушалық инженерияның негізгі тарихи жетістіктері (кесте 1).
Кесте 1. Жануарлар жасушаларын дақылдаудың тарихи кезеңдері

Жыл

Автор

Жетістік

1885

У. Ру

Тауық эмбрионы қабығын жылы физиологиялық ерітіндіде тіршілікке қабілетті жағдайда сақтау.

1897

Лѐб



Қан сарысуы мен плазмамен пробиркада қан жасушаларын тіршілікке қабілетті жағдайда сақтау.

1898

Люнгрен

Қышқыл ортада адам терісінің экспланттарын тіршілікке қабілетті жағдайда сақтау. Реимплантацияға қабілеттілігін сақтайды.

1903



Джолли



Саламандра лейкоциттері болатын ілінген тамшыда бөлініп жатқан жасушалармен жұмыс істеу.

1906



Биб и
Эвинг

Иттің лимфосаркомалық ұлпаларының трансформациясы бойынша жұмыстар

1907



Росс
Харрисон



«Ілінген тамшы» әдістемесін жетілдіру. Бақаның медуллярлы тамырынан алынған ұлпалар кесінділерін дақылдау, оларды лимфалық тромбқа енгізу және жабын шынысының төменгі жағында дақылдау. Бірнеше апта бойы жүйке жасушаларының өсуін бақылады.

1911



Рид



Арнайы химиялық құрамымен ортада сүйек кемігі жасушаларының экспланттарын өсіру.

1913

Алексис
Каррель



Ұлпаларды дақылдау үшін эмбрион экстрактысымен байытылған қан плазмасын қолдану. Ұлпаларды дақылдау процедурасына асептика әдістерін енгізу. Жасушалар трансплантациясында хирургиялық техникасын қолдану арқылы үлкен жетістіктерге жетті

1928

Канти

Кинофотомикрография әдісін жасап шығарды.

1937

Симмс және
Стидлман

Ұлпа матрицасынан жасушаларды босату үшін трипсинді қолдану және плазма өсірінділері арасында жасушаларды көшіріп отырғызды

1948

Эрл әріптес
Термен

Бір жасушадан жасушалар клондарын алды



1952

Джей

Жатыр мойыны карциномасының көшірілетін (перевиваемой) жасушалар линиясын (HeLa) алды.

1955

Игл



in vitro жағдайында жасушалардың қоректе қажеттіліктерін жүйелі түрде зерттеді.

1961

Хейфлик
және Мурхед

Адамның диплоидты жасушалар линиясын (НДС) WI-38 алды Формирование «Хейфлик шегі концепциясын» қалыптастырды және қартаю феноменінің теориясын тұжырымдады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет