Жумина Асем Галымовна Тулегенова Сымбат Ержанқызы «Жасушалық биотехнология» пәні бойынша


ДӘРІС 3. ЖАНУАРЛАР ЖАСУШАЛАРЫ ҮШІН ҚОРЕКТІК ОРТАЛАР. ДАҚЫЛДАУ ЖАҒДАЙЛАРЫ



бет7/38
Дата17.09.2023
өлшемі4,2 Mb.
#108308
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   38
Байланысты:
multi-213 x606468403

ДӘРІС 3. ЖАНУАРЛАР ЖАСУШАЛАРЫ ҮШІН ҚОРЕКТІК ОРТАЛАР. ДАҚЫЛДАУ ЖАҒДАЙЛАРЫ
Жоспар:
1. Жасушаларды дақылдау үшін қоректік орталар
2. Жасушаларды дақылдау жүйелері
3. Жасушаларды дақылдауға арналған ыдыстар
4. Сепарация


1. Жасушаларды дақылдау үшін қоректік орталар
Ағзадан алыңған жасушалар өсірінділерінің өсуі мен көбеюі үшін in vivo-ға максималды ұқсас ерекше сыртқы жағдайлар болуы керек.
Сыртқы жағдайлар ұсынылады:
1. Белгілі бір құрамымен сұйық қоректік ортамен. Қоректік ортаның негізі құрамында тұрақты рН және белгілі бір буферлік көлемді қамтамассыз ететін минералды компоненттері болатын тұзды ерітінді болып келеді. Минералды негізге биологиялық және фармокологиялық компоненттер – плазма немесе қан сарысуы, ұлпа экстрактілері, антибиотиктер, өсу факторлар және т.б. қосылады.
2. Белгілі бір газдық құрамымен, температура және ылғалдылықпен газ тәрізді ортамен.
3. Қатты субстратпен, субстрат бетімен. Әртүрлі жасушалық линиялар әртүрлі субстрат беттерін талап етеді. Кестеде жануарлар жасушаларының өсірінділерін дақылдау үшін негізге қоректік орталар берілген.
Кесте 1. Жануарлар жасушаларын дақылдауға арналған қоректік орталар



Ортаның атауы

Қолдану аясы

Ортаның құрамы

Иглдың МЕМ
(minimal essential
medium)
Иглдың BME қоректік орталары



Жануарлар жасушаларын дақылдау үшін стандартты орта



Орта негізі – Эрл ерітіндісі, минералды заттар, 13 алмастырылмайтын аминқышқыл, 6 суда еритін дәрумен, холин, инозит. Тек сарысумен қолданылады, биотин, витамин В 12, Fe иондары жоқ.

Дульбекко
DME немесе DMEM ортасы

Әртүрлі типті жасушаларды, соның ішінде трансформацияланған және гибридомаларды дақылдаған кезде қолданылады

Сарысусыз орталардың негізі болып келеді.
Құрамында аминқышқылдардың қосарлы концентрациясы, глицин, серин, пируват, темір болады. СО2
концентрациясы 10% болатын инкубаторды қажет етеді.



Исков
IMDM ортасы–
Дульбекко ортасының модификациясы

Лимфоциттер мен қан түзуші жасушаларды дақылдау үшін қолданылады



Сарысусыз орта. Алмастырылмайтын аминқышқылдар, биотин, витамин В12, натрий селениті қосылған. Ортаға HEPES қосылған және NaCl мен NaHCO3 концентрациялары төмендетілген.

МакКой 5А ортасы

Уолкер 256 карцинома жасушалары мен басқа біріншілік өсірінділерді сарысу болатын жағдайда клоналды өсуін қамтамассыз ету үшін жасалған.

RPMI ортасы

Сарысу болған жағдайда лейкоциттерді дақылдауға арналған және гибридомаларды дақылдау үшін қолданылады.

Қоректік заттардың кең спектрімен сипатталады.



199 ортасы

Тауық балапаны эмбрионының жүрек фрагменттерін дақылдау үшін жасалған.

Қоректік заттардың кең спектрі мен олардың төмен концентрациясымен сипатталады. Әдетте феталды сарысудың 5-20% қосылады.

Сарысу



Қоректік орта үшін қоспа ретінде қолданылады.



Құрамында жасушалардың өсуі мен функцияларына ықпал ететін гормоналды факторлар, жасушалардың бекіну мен «жалпию» факторлары болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет