Журек- тамыр жуйесі ауруларынын фармакотерапиясы. Журек аритмиясы. Аритмияга карсы дарілер Орындаған : Пірзада А



бет2/7
Дата16.02.2023
өлшемі288,54 Kb.
#68290
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Пірзада А

Этиологиясы
Аритмияның дамуына әкеліп соғатын факторлар:
• стресс, симпатико-адреналды жүйенің шектен тыс белсенуі (қан құрамында норадреналин деңгейі жоғарлап, аритмогенді әсер тудыруы);
• ЖИА (инфарктқа ұшыраған миокардта қозу үрдістерінің бұзылыстары);
• токсикалық факторлар (алкоголь, кокаин) немесе кейбір дәрілік заттардың жағымсыз әсерлері (дигоксин);
• туа біткен даму аномалиялары (қосымша өткізгіш жолдар);
• қан құрамындағы электролитттер тепе-теңдігінің бұзылыстары (гипокалиемия);
• қабыну аурулары (миокардит, перикардит) және жүрек ісіктері;
Патогенезі
Жүйкелік гуморальдық реттеу мен зат алмасу бұзылысы нәтижесінде кардиомиоциттерде электролиттердің алмасуы бұзылады. Кардиомиоциттерде май қышқылдарының асқын тотығуы, фосфолипазаның артық әсерленуі үлкен бүліністерге әкеледі. Сарколемма, митохондрий мембрана бұзылыстарынан дамиды. Нәтижесінде диастолалық деполяризация өзгеріп, тездетіліп, әрекеттік потенциалдың азаюы болады. Содан жүрек аритмиясы дамиды.
Даму механихмдері
жүрек ырғағын жүргізуші жасушалар автоматизмінің өзгерісі диастола кезінде (4-ші фаза) потенциал өзгерістері салдарынан
қозу толқынының қайту механизмі бойынша өткізгіштіктің өзгерістері (rе-еntrу). Бұл механизм жүрекшелер дірілі, экстрасистолоия, пароксизмальды тахикардия негізінде жатыр;
триггерлі ырғақтың дамуы (мембраналық потенциалдағы осциляциялармен туындатылған);
Өткізгіштіктің толық немесе жартылай блокадасы.
Аритмияның жіктелуі
Аритмияның барлығы номотопты және эктопиялық болып екіге бөлінеді. Номотопты аритмияларда жүрек ырғағы мен темпінің бұзылыстары синоатриалды түйіннің өзінен басталса, эктопиялық аритмияларда синоатриалды түйіннен тыс, яғни атриовентрикулярлы немесе қарыншада туындайды.
Номотопты аритмиялар: синусты тахикардия, синусты брадикардия, синусты аритмия, синусты түйіннің әлсіздік синдромы (СТӘС).
Эктопиялық аритмиялар:
Баяу:
• баяу жүрекшелік ырғақ немесе атриовентрикулярлы түйін ырғағы;
• баяу идиовентрикулярлы ырғақ немесе жекеленген сырғанақты жиырылулар;
Белсенді:
• Жылдам эктопиялық ырғақ: жүрекшелік, атриовентрикулярлы түйіннің, идиовентрикулярлы;
• экстрасистолия (қарыншаүстілік және қарыншалық) және парасистолия;
• қарынша үстілік тахиаритмия: жүрекшелік пароксизмалды тахикардия, атриовентрикулярлы пароксизмалды тахикардия, жүрекшелердің жыбыры (фиб­рилляциясы) және дірілі;
• қарыншалық тахиаритмиялар: қарыншалық пароксизмалды тахикардия, қарыншалардың жыбыры (фиб­рилляциясы) және дірілі;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет