135
М.Н. Атем, С.А. Рамазанова
Тәрбие жұмысы – ол арнайы ұйымдас ты-
рылған, ұрпақтан ұрпаққа жалғасатын, аға
ұрпақтың
кішіге берер мұрасы, сонымен қатар
тұлға қалыптастырушы үрдіс. Қазіргі уақыт та
-
лабы жаңаша дүниелік көзқарас тұрғысынан
жаңаша ойлап, шешім қабылдай алатын, жыл
-
дам, мобильді, шығармашылыққа бейім, сыни
ойлау қабілеті
дамыған жан-жақты тұлғаны
қалыптастыруды, сонымен қатар нағыз патриот
азаматты, өз елі мен жерінің, туған тілінің
жанашырын дайындауды міндеттеп отыр.
(Әлқожаева, 2018: 230) [3]
Жас ұрпақ елдің болашағы болса, тәрбиелеу
бұл сол болашақты елестету, болашақтың
іргетасын қалау. Әр ел әрдайым өз құндылықтары
мен ұлттық ерекшеліктерін бала бойына сіңіруді
қалайды. Ұлттық идеологиясы басым,
ұлттық
бірегейлік бар ел әрдайым нақты бағдармен
жүріп, алдыға жылжитынын байқауға болады.
Еліміз білім беру сапасын жақсарту мақса-
тында жүйелі жұмыс пен инновациялық жаңа-
лықтарға, реформаларға ашықтығын байқатып
жүр. Орта білім беру сапасын арттыру мақсатында
академик А. Құсайыновтың жетекшілігімен
«Білім сапасын ғылыми негізде көтеру» атты экс
-
перимент жүргізіліп, компоротивист
ғалымның
зерттеушілік тәжірибесі негізінде еліміздің
орта білім беру жүйесіндегі тәрбие процесіне
біршама жаңалықтар енгізілген. (Құсайынов,
2019: 16) [4] Эксперименттің мақсаты орта білім
беру сапасын ғылыми негізде көтеру.
Эксперимент аясындағы жұмыстар негізінде
бірнеше ауыл мектептерінде «Әкелер мектебі»
ұйымдастырылды. (Құсайынов, 2019: 264) [5]
Ата-аналармен психологиялық тренингтер
ұйым дастырылды. (Құсайынов, 2020: 240) [6]
Бала мен ата-ана арасындағы және де оқытушы
ара сындағы қарым-қатынастың психологиялық
жақтары жан-жақты қарастырылып, барын
-
ша
баланың еркін өсуіне, психологиялық
ахуалының жақсаруына жағдайлар жасалды.
Қазақстан Республикасында білім беруді
және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасындағы
негізгі мақсаттардың бірі: жалпыадамзаттық
құн ды лықтар негізінде тұлғаны тәрбиелеу және
оқытуды басшылыққа ала отырып,
еліміздегі
білім мен ғылымның жаһандық бәсекеге
қабілеттілігін арттыру. (http://adilet.zan.kz/kaz/
docs/P1900000988) [7] Cол себепті де тәрбие беру
процесін оқыту процесінен бөлместен, әрқашан
дамытып отыру қажет. Сонымен қатар, тәрбие
әдістерін де заман талабына сай, бала психоло
-
гиясына негіздеп, жүйелі қолдану маңызды.
Достарыңызбен бөлісу: