86
Мектеп оқулықтарының сапасын анықтаудағы апробация критерийлері
ындалды. Бағдарламада пән бойынша білім
мазмұны айқын көрсетілген. Білім мазмұны
нақты бөлімдерге бөлініп, сабақ жүктемесі,
оқыту мақсаттарының жүйесі берілген. Сондай-
ақ үлгілік оқу бағдарламасын жүзеге асыру бой
-
ынша ұзақмерзімді жоспар ұсынылған. Онда
ұзақмерзімді
жоспардың бөлімдері, мазмұны,
оқыту мақсаттары білім беруді ұйымдастырудың
кезеңдеріне (әр тоқсанға) сәйкес топтастырылып
берілген. Бұл – үлгілік оқу бағдарламасының
жетістіктерінің бірі.
Қазіргі білім беру тәжірибесі көрсеткендей
оқушылардың түрлі жағдайда, түрлі тәсілдермен
білім алуына мүмкіндігі бар. Міндетті түрде мек
-
тепке барып, белгілі бір сыныпта отырып, нақты
оқулықпен оқымаса да болады. Білім алу үшін
түрлі оқу материалдарын пайдаланып та мақсатқа
жетуге болады [4] (Кусайынов, 2019: 6). Алайда,
оқулық оқу материалдары жүйелі топтастыры
-
лып берілген жалғыз құрал болып саналмаса да,
жас ұрпаққа білім берудегі ең маңызды дүние бо
-
лып табылады [5] (Textbook Committee, 2016).
Достарыңызбен бөлісу: