89
Ф.Т. Саметова және т.б.
Оқушыларға білім беруде тікелей оқулықта
берілген материалға сүйенетін мұғалімдердің де
сауалнама сұрақтарына жауабы дидактикалық
мәселелерді шешуге ықпал етеді. Сондықтан да
пән мұғаліміне қойылатын сұрақтар да ауқымды
болды.
1. Сабақтың мазмұны тақырыпқа сай келе ме?
Сіз қандай да бір сәйкессіздікті байқадыңыз ба?
2. Оқу материалы бір сабаққа жеткілікті ме?
(Егер шамадан тыс көп болса немесе жеткіліксіз
болса, көрсету керек)
Тапсырмалар түсінікті және сауатты
құрастырылған ба? Бағалаңыз.
3.
Оқушылар үшін күрделі тапсырмалар бар
ма? Оның күрделілігі неде?
4. Оңай тапсырмалар бар ма? Көрсетіңіз.
5. Оқушылардың шығармашылық қабілеттері
мен сыни ойлауын дамытуға бағытталған тапсыр
-
малар бар ма? Оларды әзірлеу барысында оқу-
шылардың жас ерекшеліктері ескерілеген бе?
6. Суреттер (иллюстрациялар) бар ма және
олар моральдық және эстетикалық нормаларға
сәйкес пе?
7. Сабақ материалы оқушылардың бойына
рухани-адамгершілік құндылықтар мен тәрбие
постулаттарын сіңіруге бағытталған ба? Олар
сабақ тақырыбымен қалай байланыстырылған?
8. Сабақ мазмұнында қазақстандық контент
көрініс тапқан ба? Ол тәрбиелік мақсаттарға
қалай қызмет етеді?
9. Сабақ материалында тұтас емес мәтіндер
(кестелер, сызбалар, графиктер, диаграмма
-
лар, инфографикалар) бар ма? Сабақта аталған
типтегі мәтіндер тым көп емес пе? Олар
математикалық сауаттылықты қалыптастыруға
ықпал ете ме (қандай деңгейде)?
10. Сабақта қанша жаңа термин кездеседі?
Оларды оқушылар игере ме?
11. Мәтіндер мен тапсырмалар пән бойын
-
ша жаңа білім алуға ынталандыра ма (пәнге
қызығушылығын арттыра ма)? Қалай?
12. Сабақтың мәтіндері мен тапсырмала
-
ры оқу сауаттылығын қалыптастырудың қай
деңгейіне жатады?
13. Сабақтың мәтіндері мен тапсырмалары
ғылыми-жаратылыстану сауаттылығын қалып-
тастырудың қай деңгейіне жатады?
14. Мәтіндер мен тапсырмалар нәтижеге, яғни
тәжірибелік бағдарлы білім алуға бағыт талған ба?
15. Грамматикалық, орфографиялық және
стилистикалық қателер бар ма? Көрсетіңіз.
16. Түзетуді, өңдеуді қажет ететін тапсыр
-
малар бар ма? Көрсетіңіз және өз нұсқаңызды
ұсыныңыз.
17. Сіздің тағы нені көрсеткіңіз келеді?
Бұл сұрақтар бір сабақты өту барысында
Достарыңызбен бөлісу: