Тапсырмалар: Жер мәселесі. Шекаралық шептердің құрылуы, жерді тартып алу



Дата29.12.2023
өлшемі35,87 Kb.
#144600

Қазақ халқының отаршылдыққа қарсы халық-азаттық күресі (жалғасы).
Тапсырмалар:
1. Жер мәселесі. Шекаралық шептердің құрылуы, жерді тартып алу.
1713 жылы Сібір губернаторы, князь Гагарин император Петр Біріншіге Ертістің бойын өрлете бекіністер салу туралы ұсыныс жасады
Сібір өңірі толық жауланып, бекіністер тұрғызылуы
Сібір хандығы бағындырылған соң Ресей отарлаушылары ондағы сулы-нулы жерлерді тез арада иеленіп қалу үшін әскери бекіністер тұрғызуды бастады. Бұл бекіністер империяның отарлық саяса- тын жүргізетін пайдалы тетігіне айналды. Нәтижесінде, 1586 жылы Төмен (Тюмень), 1587 жылы Тобыл, 1593 жылы Березов, 1594 жылы Тар, 1598 жылы Верхотур, 1604 жылы Том қоныстары пайда болды.
Осылай патшалық Ресейдің қонысы қазақ даласымен шектесті. Бірақ, патшалық отарлау саясаты бір сәтке «Азия қақпасы немесе кілті» саналып келген Қазақияны жедел отарлауды уақытша тоқтата тұрып, Сібір өлкесіне тереңдей еніп, мұхит аймағына шығуды пайдалы деп көрген сыңайлы.
Оның сыртында, үздіксіз қақтығыста душар болған қазақ-қалмақ қатынасына алыстан көз тігіп, екі арыстанның әлсіреуін күткен сыңайлы. Егерде орыс солдаттары қазақ жеріне басып кірген жағдай- да, қазақ-қалмақ жасағы (орыс әскеріне қарсы) бірігіп кету қаупі де бар еді. Бұл жайдан Ресей шенеуніктері өз тыңшылары арқылы үздіксіз хабар алып отырды. Сол себепті, отарлау ісін басқа жаққа бұрды.
Қазақстанның көп ұлтты құрамы өлкені үнемі әрі жүйелі түрде отарлау саясаты нәтижесінде қалыптасты. Қазақстанға басқа ұлт өкілдерінің келіп қоныстануы патшалық билік тұсында басталып, кейіннен кеңестік жүйе тұсында жалғасын тапты. Қоныстану түрлі жағдайларға байланысты мемлекет тарапынан қолдау арқылы ұйымдасқан түрде немесе шашыранды, өз күштерімен жүйесіз түрде, қоныс аударушылардың өз еркімен немесе оларды зорлап жер аудару арқылы жүргізді. Қазақстанның көп ұлтты құрамы жер аударылған кулактармен, сталиндік қуғын-сүргінге ұшыраған және тарихи мекенінен қуылған халықтармен, тың және тыңайған жерлерді игеруге келгендермен, одақтық ведомствоаралық биліктің ұйғаруымен және басқа келушілермен толығып отырды. Казактар I Петр тұсында XVIII ғасырдан бастап орыс мемлекетіне түпкілікті бағынды. Осы кезден бастап казактар Ресейдің геосаяси стратегиясынжүзеге асыруға белсене қатысады.
Жергілікті халықтардан тартып алынған ұлан-байтақ жер иеліктерін, балық аулайтын сулы-нулы өңірді, тұз және басқа кәсіпшілікті уысында ұстай отырып, әр түрлі артықшылықтарға ие болған казактар империя шебіндегі патшалық тәртіптің сенімді тірегі болды. Тарихтың қатал шындығы казактардың қаналған халықтың ұлт-азаттық қозғалыстарын аяусыз басып-жаншитын патшалықтың екпінді күшіне айналғандығын айғақтайды.
Қазақстан аумағында құрылған Орал, Орынбор, Сібір және Жетісу шептерінің казактарына Оралдың, Солтүстік Қазақстанның, Ертістің және Жетісудың ең құнарлы, шұрайлы жерлері бөлініп берілді. Қазақтар осы аймақтағы қыстауларынан, жайылымдық, шабындық алқаптарынан айырылды.
Ермақтың Сібір хандығын жаулап алуы қазақ жеріне шаруа, саудагер, кәсіпкерлердің ағылуына жол ашты. Қазақстанға жалпы саны 200 мыңдай казактар келіп қоныстанды.
Казактық отарлаудан кейінгі әскери-әкімшілік отарлау кезінде тірек пункттері есебінде әскери қоныстар бой көтерді. Бұл қоныстар әскери шептерге ұласты. Бастапқы кезде әскери қоныстар Орал, Ертіс сияқты өзен арналарын қамтыды. Осындай қозғалыстың үдере жүргізілгендіғін қала бекіністерінің тез өскендігі дәлелдейді.
2. Әскери-казактық отарлауы: Орал, Орынбор, Сібір казак әскерлері. Казактар сословиесі және оның мәртебесі.
Топтар жекелеген казак әскерлерін құрады және ұйымдастырушылық, шаруашылық және тұрмыстық өзгешеліктері бойынша ерекшеленді. Орал, Орынбор, Сібір, Жетісу казак әскерлері Ресейдің Орта Азия мен Қазақстандағы саяси, әскери, шаруашылық-экономикалық және әлеуметтік-мәдени негіздерінің басты тірегі болды. Орал, Орынбор, Сібір және Жетісу казак әскерлері жергілікті қазақтармен тікелей араласып, олармен күрделі қарым-қатынас жүйесіне түсті. Бұл қарым-қатынастар кейде саудамен, айырбаспен, технологиялар, мәдени және шаруашылық дағдыларды ауысумен қатарласып, бейбіт және өзара тиімді сипатқа ие болды, ал кейде – жер дауы, әскери қақтығыстар, ұрлықтарға соқтыратын қырғи қабақ сипатта болды.

ЖЕТІСУ КАЗАК ӘСКЕРЛЕРІ


Жетісу казак әскерлері 1867 жылы Сібір казактарының 9 және 10 полктері округінен құрылған болатын. ХІХ ғасырдың аяғында казак әскерлерінің басқармасы орналасқан Верный қаласынан басқа Жетісу казактары 13 станцияны мекендеді: Сергиополь, Үржар, Лепсі, Сарқан, Қопал, Көксу, Қаскетті, Голубов, Надеждин, Софийск, Үлкен Алматы, Шағын Алматы және Николаев станциясында орналасты. 1867 жылы Жетісу облысы құрылған еді. Бұл облыстың әскери губернаторы сонымен бір мезгілде Жетісу казак әскерлерінің тағайындалған атаманы болып та бекітілді. Бұдан басқа, олардың 17 жаңа ауылдары болды.


1894 жылдың басында Жетісу әскерінің аумағында шамамен 32,5 мың адам болды, оның ішінде – 25 мың және 7,5 мың басқа қалалықтар. Бейбіт уақытта әскерлер саны 1 атты полкі, ал соғыс уақытында – 3 атты полкі құрады. Жетісу казактарына өзін-өзі басқарудың жетілдірілген түрі тән болды. Өзін-өзі басқарудың басты органы – сход жиын маңызды рөл атқарды. Казактардың бұл жиналысына әскери топқа жатпайтын, басқа қалалық адамдар да қатыса беретін. Жетісу казактарының айналысатын негізгі шаруашылығы егіншілік, ал қосымша шаруашылығы балық аулау және омарташылық кәсібі болды. Казактар сонымен қатар саудамен де белсенді түрде айналысты. Жетісу казактарының қолында 281 мың десятина жер болды. Ол әр адамға шаққанда 28 десятинадан келді.


ОРАЛ КАЗАК ӘСКЕРЛЕРІ


Жайық казактарының ең алғашқы елді мекендері XVI ғасырда қазіргі Қазақстан аумағының солтүстік-батыс бөлігінде (Жайық (Орал) өзенінің бойында) пайда болды. Сондықтан да оларда өзін-өзі басқарудың элементтері көп болды. Казактардың қоғамдық өмірінің аса маңызды мәселелері әскери топта ұжымдық талқыға салу арқылы шешілетін. Патша үкіметі казактардың еркіндігін шектеу саясатын ұстанды. Олардың тұрмысына бірте-бірте қатаң әскери тәртіп енгізіле бастады. Мәскеу мемлекеті Жайық казактарына оңтүстік-шығыс шекараны қорғау және әскери отарлау міндеттерін жүктеді.


Жайық казактары 1773-1775 жылдарда Пугачев бастаған шаруалар көтерілісіне қатысты. Мұның өзі патша үкіметі тарапынан Жайық казактарының өзін-өзі басқару құқығына қысым жасап, шектеулер қоюына қатысты болған еді. Соғыс аяқталған соң Жайық казак әскелері ресми түрде Орал казак әскерлері болып атауын өзгертті.


ХІХ ғасырдың екінші жартысында Орал әскерлері үш бөлімге бөлінді – Орал (орталығы – Орал қ.), Лбищендік (Либщен қ.) және Гурьевтік (Гурьев қ.). 1900 жылдың басына дейінгі деректер бойынша Орал казактарының саны отбасы мүшелерімен қоса 123 мың адамнан асатын еді. Бұдан басқа, Орал әскерлерінің жерінде казактарға жатпайтын 42,6 мың адам өмір сүрді. Жайық казактары XX ғасырдың басына дейін өздерінің дәстүрлерін, «байырғы ескі» тәртіптерін және тұрмыс-тіршілік салтын неғұрлым берік сақтады. Жайық казак әскерлерінде байырғы ескі діни наным-сенім ұзақ сақталды.


ОРЫНБОР КАЗАК ӘСКЕРЛЕРІ


Орынбор казак әскерлері 1748-1755 жылдар аралығында құрылды. Олардың Жайық казактарынан айырмашылығы — өз беттерімен келіп, стихиялық түрде құрылған жоқ, патша үкіметінің бастама көтеруі бойынша арнайы мақсатпен құрылды. Орынбор казактарының негізгі ұйытқысы Самара, Уфа, Алексеев және Есет казактары болды. Олар шекараны қорғау күзетінде қызмет етті. Бұл әскер өзінің құрамы жағынан көп ұлтты еді. Орыстардың басым болуымен қатар, оның құрамына украин, башқұрт, қалмақ, т.б. халықтардың өкілдері енді. Орынбор казак әскерлері Орынбор губерниясының оңтүстік және оңтүстік-шығыс шекараларында орналасып, осы өлкенің шамамен төрттен бір бөлігін алып жатты. Олар Жайық казак әскерлері мен Сібір казак әскерлерінің шекарасын бір-бірімен жалғастырды. Ал оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында қазақ даласымен шектесті.


1840 жылы «Орынбор казак әскерлері туралы Ереже» шықты. Ол бойынша, Орынбор казак әскерлерінің жерінде тұратын барлық шаруалар казактар тобына қабылданды. «…Ереже» құрамына Троицк және жоғарғы Орал, сондай-ақ Челябинск, Ор және Орынбор уезінің көп бөлігі енген әскерлер шекарасын белгіледі. Өзінің ұйымдасуы бойынша Орынбор казак әскерлері тұрақты әскерлерге жақын болды және жоғары Жайық шебі бойынша қызмет атқарды – Жайық қаласынан жоғары Жайық бекінісіне дейін.


1868 жылға дейін Орынбор казак әскерлері 12 полкіге және әскери аймақтарға бөлінді. Кейін әскери аймақтар бөлімдер болып өзгертілді, ал аймақтық бастықтар – бөлімдер атамандары болды. Атамандық (әскери аймақтар) үшеу болды – біріншісі – Орынборда және Орынбор уезінде, екіншісі – Ор және жоғары Орал уездерінде, үшіншісі – Троицк және Челябинск уездерінде. ХІХ ғасырдың аяғында бұл әскердің 44 станциядан тұратын 404 елдімекендері болды. Орынбор казак әскерлері өзінің ұйымдастырылуы жағынан тұрақты орыс әскеріне жақын келді. 1842 жылы Орынбор казактарының қатарына құрамында 3 мыңнан астам адамы бар Ставрополь қалмақ әскері келіп қосылды. Орынбор казак әскерлерінің орталығы Орынбор қаласында орналасты. Казактар негізінен ауылдық жерлерде қоныстанды. Қалаларда казактардың небары 2%-ы тұрды. Орынбор казактары өзінің күнделікті өмірінде қазақ халқымен ұдайы араласып тұрды. Казак әскерлерінің аумағындағы жалға алған жерлерде қазақтар көшіп-қонып жүрді. Әскер саны 1894 жылдың басында шамамен 350 мың адам, жат қалалықтар – 49 мың адам, барлығы – шамамен 400 мың адам болды. 1916 жылы Орынбор казак әскерлеріндегі халықтың саны 533 мың адамға жуықтады.


3. ХІХ ғ. 60-90 жылдарындағы көші-қон мәселесі. Орыс шаруаларын Қазақстанға қоныстандыру туралы уақытша ережелер. Орыс шаруаларын Қазақстан аймақтарына орналастыру ерекшеліктері.


ХІХ ғ. 60-90 жылдарындағы көші-қон мәселесі. Орыс шаруаларын Қазақстанға қоныстандыру туралы уақытша ережелер.
●XIX ғасырдың 60-90-жылдарында жүргізілген әкімшілік реформалар қазақтардың жерін түгелдей мемлекеттің меншігі деп жариялады. Ол реформалар Қазақстанды шаруалар арқылы кең көлемде отарлап алуға берік негіз қалады. Орыс шаруаларын шикі Ресейден қоныс аудару көп жағдайда қазақтарды ежелгі атамекенінен, қонысынан жаппай қуу және ең құнарлы жерлерін күштеп тартып алу арқылы жузеге асырылды.
Егер XIX ғасырдың ортасына дейін Қазақстанға көбінесе Ресейден әскери топ пен казактар ғана қоныс аударып келсе, ғасырдың екінші жартысынан бастап жағдай түбегейлі өзгерді. Ресей шаруаларын қазақ даласына бұрын-соңды болып көрмеген кең көлемде жаппай қоныс аудару ісі мемлекеттік тұрғыда қолға алынды.
Мұның бірқатар себептері болды:
Біріншіден, 1861 жылы Ресейде шаруаларды басыбайлы езгіде ұстау жойылды. Шаруалар басыбайлы тәуелділіктен құтылды. Бірақ олар жаппай жерсіз қалды немесе ұлтарақтай шағын жерге ғана ие болды. Мұның өзі шаруалардың толқуын туғызды. Патша үкіметі шаруалар бүліншілігінің өрши түсуін болдырмау үшін оларды Қазақстан мен Сібір аумағына жаппай қоныс аударту шараларын ұйымдастыру жөнінде шешім қабылдады.
Екіншіден, Ресей империясы қоныс аударушы шаруалар есебінен қазақ өлкесінің аумағында өзінің сенімді тірегін қалыптастыруды мақсат етті.
Үшіншіден, патша үкіметі орыс шаруаларын жаппай қоныс аудару арқылы қазақтарды егіншілікпен айналысатын отырықшы өмір салтына көшіруді ойлады. Өйткені ондай жағдайда қыруар көп жер босап қалып, жергілікті халықты қатаң бақылауда ұстаудың тамаша мүмкіндігі туар еді.
Төртіншіден, патша үкіметінің жергілікті халықты христиан дініне енгізу және орыстандыру жөнінде арам пиғылы да болатын.
Бесіншіден, қоныс аударушы шаруалар Қазақстанды орыс империясының сарқылмас мол астығы бар алып қоймасына айналдыруы тиіс деп үміттенді. Өлкені казактар арқылы отарлау экономикалық тұрғыдан ойдағыдай онды нәтиже бермеді. Әскери қызметте жүрген казактар өлкедегі әскери гарнизондар мен шенеуніктер тобының өзін де азық-түлікпен жартымды қамтамасыз ете алған жоқ.
Оның үстіне Ресейдің жерсіз шаруаларын жаңа жерде емін-еркін тамаша өмір сүруге болады екен деген хабарлары мен хаттары ол жақта қалғандарды еліктіре елеңдетті. Мұның өзі орыс шаруаларын одан сайын жаппай қоныс аударуға қызықтыра түсті.
1866 жылы Батыс Сібір бас басқармасы шаруалардың Қазақстан аумағына өз беттерінше қоныс аударуына рұқсат етті. Алғашқы қоныс аударушылар Сібірдің әр түрлі қалаларындағы мещандар және Тобыл губерниясындағы Қорған және Есіл округтарындағы шаруалар болды. Олар Көкшетау округының аумағындағы Саумалкөл деген жерге келіп орналасты. Қоныс аударушылардың бір бөлігі казак станицаларына жайғасты. XIX ғасырдың 70-80-жылдарында олар жергілікті қазақтардың жерлерін жалға алып, өз беттерінше орналаса бастады.
Қазақстанға қоныс аударғысы келген орыс шаруалары, әдетте, ең алдымен жер көріп қайтушыларды (ходоқтарды) жіберді. Олар өздеріне қолайлы деген жерлерді таңдап, қазақтардан жалға алды, жыртып, тұқым септі. Жердің құнарлы екеніне көздерін жеткізген олар ұзақ мерзімді жалға алу жөнінде келісімшарттар жасасты, өздерінің жерлестерін неғұрлым тезірек жетуге шақырып, жанталаса әрекет етті. Орыстардың елді мекендері пайда бола бастады. Кейін ол жерлер өзінің бұрынғы иелерінен тартып алынып, қоныс аударып келген орыс шаруаларының иелігіне заңдастырылып берілді. Мұндай жағдайда облыстық отаршылдық билік әрқашан орыс шаруаларының жағында болды.
Шаруаларды ішкі Ресейден Қазақстанға қоныс аудару жөнінде алғаш рет бастама көтерушілердің бірі Жетісудың әскери губернаторы Г.А. Колпаковский еді. 1868 жылы оның тікелей басшылығымен «Жетісуга шаруалардың қоныс аударуы туралы уақытша Ережелер» жасалды. Онда қоныс аударушы шаруаларға бірқатар жеңілдіктер мен артықшылықтар беру көзделді. Шаруалардың әрбір ер азаматына 30 десятинадан жер телімі бөлінді. Олар барлық алым-салық түрлерін төлеу мен міндетті борыштарды атқарудан он бес жыл бойы босатылатын болды. Қоныс аударушы шаруаларға пайыздық өсімсіз қарыз берілді. 80-жылдардың ортасына қарай Жетісуда жер тапшылығы сезіле бастады. Сондықтан жер телімдерінің мөлшерін 10 десятинаға кемітуге, әр түрлі жеңілдіктер беру мерзімін 5 жылға дейін қысқартуға тура келді.
Шаруалардың Қазақ даласына қоныс аударуы 1891 жылдың көктемінен бастап ресми түрде тоқтатылды. Бірақ қоныс аударушылардың тасқынын тоқтату өте қиын болды. Оның үстіне, Ресейде құрғақшылық салдарынан астық шықпай қалды. Елде ашаршылық басталды. Сөйтіп шаруалардың Қазақстан аумағына өз еріктерімен қоныс аударуы одан әрі күшейе түсті.
1904-1905 жылдары патша үкіметі Қазақстан аумағын қоныс аударушылардың бес аймағына бөлді. Олар Торғай-Жайық, Ақмола, Семей, Сырдария және Жетісу аймақтары еді. Оларды құрғандағы күктелген негізгі міндет қоныс аударушыларға арналған қор құру үшін «басы артық» жерлерді іздеп табу болды. Патша үкіметі қоныс аудару басқармаларына қазақтардың жерлерін тартып алуына және оларды ғасырлар бойы ежелгі отырған атамекенінен күштеп қуып шығуына толық ерік берді.
4. Ұйғырлар мен дүнгендердің Жетісуға қоныс аударуы.
XIX ғасырдың 70—80-жылдары патша үкіметінің бастамасы бойынша ұйғырлар мен дүнгендер Жетісу жеріне қоныс аудара бастады. Бұған дейін олар Қытайдың Іле өлкесінің аумағында тұрып келген еді.

Онда тұрған ұйғырлар мен дүнгендер XVIII ғасырда және XIX ғасырдың бірінші жартысында Қытай үкіметіне қарсы бірнеше рет көтеріліс жасады. Олар өздерінің ұлттық тәуелсіздігі жолында күресті. Алайда Қытай әскерлері ол көтерілістерді аяусыз басып-жаныштады. Ұйғырлар мен дүнгендердің күресі барысында Іле өлкесінде Іле сұлтандығы құрылған болатын. Бұл мемлекеттік бірлестіктің құрылуы ондағы ішкі қарама-қайшылықтарды асқындырып жіберді. 1871 жылы Ресей әскерлері ол аймақты жаулап алды. Патша үкіметі өлке тұрғындарының отбасылық істеріне және мүліктің қарым-қатынастарына араласпау саясатын ұстанды. Олардың жергілікті өкімет органдары құрылды. Бірақ оларды патша әкімшілігі өз бақылауында ұстады. Жалпы жағдай едәуір тұрақтандырылғандай болды.




Алайда дүние жүзі жұртшылығының қысым жасауымен ол өлкені Қытайға қайтару жөнінде келіссөздер жүргізіле бастады. Міне, осы кезде ұйғырлар мен дүнгендердің бұдан былайғы тағдыры туралы мәселе көтерілді. 1881 жылы екі империя арасында Санкт-Петербург бейбіт келісімшарты жасалды. Ұйғырлар мен дүнгендер бір жылдың ішінде Жетісу облысының аумағына қоныс аударуы жөнінде өздері нақты шешім қабылдауға құқықты болды. Бұл мәселе бойынша жергілікті халықтың арасында пікірі сұрастырылды. Сөйтіп 100 мыңға жуық ұйғыр мен дүнген Қазақстан аумағына өтуге тілек білдірді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет