ЮНЕСКО-ныңжурналистерге арналған білім жөніндегі сериясы
Журналистика бойынша
оңу бағдарламаларының
моделі
ЖУРНАЛИСТИКА БОЙЫНША
ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНЫҢ МОДЕЛІ
ЮНЕСКО-ның журналистерге арналған білім жөніндегі сериясы
УДК 070
ББК 76.01
Ж 79
Қазақ тіліндегі нұсқасының авторлары: Есенгүл Кəпқызы, Қарлыға Мысаева,
Бақытбек Бəмішұлы, Асхат Еркімбай
Қазақ редакциясы: ЮНЕСКО-ның Алматыдағы Коммуникация жəне Ақпарат Кластерлік бюросы,
«Мінбер» журналистерді қолдау орталығы
Қазақ тіліндегі мұқаба жəне түптеу:
Электрондық нұсқасы: http://www.unesco.kz/publications/ci/2012/Model_J-Curricula_ru-Sources.doc
Журналистика бойынша оқу бағдарламаларының моделі / Е. Кəпқызы, Б. Бəмішұлы, Қ. Мысаева, А.
Еркімбай. – Алматы, 2014 ж. – 152 б.
ISBN 978-601-7367-60-2
ЮНЕСКО осы жарияланымда көрсетілген белгілер мен ұсынылған материалдардың мазмұнына, əрбір
елдің заңдық статусына, аумағына, қаласына немесе тұрғылықты жері жəне билігіне, сондай-ақ олардың
шекараларының бөлінісіне қатысты өз пікірін білдірмейді. ЮНЕСКО сарапшылар тарапынан ұсынылған
пікірлер мен фактілермен бөліспейді жəне оған жауапты емес.
«Журналистика бойынша оқу бағдарламаларының моделі» атты оқу-құралының жариялануы ЕҚЫҰ-ның
Астанадағы орталығының қаржыландыруымен, «Мінбер» журналистерді қолдау орталығы жүзеге асырып
отыр. Осы басылымда айтылған ой-пікір, қорытындылар мен ұсыныстар авторларға тиесілі жəне донорлардың,
демеушілердің жəне «Мінбер» журналистерді қолдау орталығының ұстанымымен сəйкес болуы міндетті емес.
УДК 070
ББК 76.01
ISBN
978-601-7367-60-2
©
ЮНЕСКО, 2013
© ЕҚЫҰ-ның Астанадағы орталығы, 2013
© «Мінбер», 2013
© əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық
университеті, 2013
Ж 79
3
МАЗМҰНЫ
АЛҒЫСӨЗ .............................................................................................................................................4
БАҒДАРЛАМАНЫҢ ШЫҒУ ТАРИХЫ...............................................................................................5
ЖУРНАЛИСТИКА БОЙЫНША ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ..........................................................9
КУРСТАРДЫҢ СИПАТТАМАСЫ......................................................................................................15
ҚОСЫМША 1. Журналист дипломы....................................................................................................20
ҚОСЫМША 2 Журналистерден талап етілетін құзіреттілік.............................................................22
ҚОСЫМША 3 Оқу бағдарламаларының толық нұсқасы (Силлабустар)......................................27
АВТОРЛАР жəне үлес қосқан тұлғалар........................................................................................152
4
АЛҒЫСӨЗ
Соңғы жылдары жас демократиялық елдер мен дамушы елдерде бұқаралық ақпарат құралдарының саны
қарқынды өсуде. Бұл елдерде демократияны дамытудағы журналистиканың шешуші рөл атқаратынына
түсінікпен қарау байқалады жəне кəсіби дайындығы жоғары журналистердің қажеттілігі сезілуде. БҰҰ–
ның сөз бостандығы мен ақпарат пен білімге қолжетімділікті жүзеге асырушы беделді орган ретінде
ЮНЕСКО əлемдегі журналистік білім беру сапасын жақсартуға бағытталған əр түрлі сипаттағы ба-
стамаларды жүзеге асыруда. Осы ұйымға қатысушы елдердің журналистерді дайындауға арналған
оқу бағдарламаларын жасау жөніндегі көптеген өтініштеріне жауап ретінде ЮНЕСКО 2005 жылғы
желтоқсанда Парижде сарапшылардың кеңестік кездесуін шақырды. Бұл кездесудің басты нəтижесі -
қажетті оқу бағдарламалары анықталды.
Журналистерді дайындауға арналған оқу бағдарламаларының алғашқы нұсқасын жасауды ұсынған
ЮНЕСКО-ның төрт сарапшысынан құрылған топ демократиялық қоғам құру жолындағы дамушы елдер-
де тəжірибесі бар, журналистерді дайындауда үлес қосып жүрген жиырма маманды осы жобаға қатысуға
шақырды. Бағдарламаның қабылдануына олардың берген жауаптары маңызды рөл атқарды. Нəтижесінде
қайта қаралған жобаға студенттер мен аспиранттарға арналған курстар қосылып, сол курстардың жеке-же-
ке қысқаша сипаттамасы, журналиске қажетті базалық құзіреттіліктердің жалпы сипаттамасы қосылды.
Содан кейін он жеті базалық курстардың оқу жоспарын жасауға Африка, Азия, Еуропа, Таяу Шығыс,
Солтүстік жəне Оңтүстік Америкадан демократияға жаңадан қадам басқан дамушы елдерде тəжірибесі
бар оқытушылар өте мұқият таңдап алынды. Парижде сарапшылардың екінші кеңестік кездесуінде жо-
баны тағы бір рет бекітіп, 2007 жылы маусымда Сингапурде өткен журналистік білім беру бойынша
Бүкілəлемдік конгресте ресми таныстыру үшін бірнеше модельдік оқу жоспарлары таңдап алынды.
Осы жобаны дайындауға атсалысқан əлемдік журналистік білім беру саласындағы мамандарға, атап
айтқанда сарапшылар тобының мүшелеріне, кеңес берушілерге, оқу бағдарламаларына ресми рецензия
жазғандарға жəне оқу бағдарламаларын құрастырушыларға алғыс білдіргім келеді. Сонымен қатар, оқу
бағдарламаларының сарапшы-құрастырушылары Майкл Кобден (үйлестіруші), Стюарт Адам, Ханеа-
Хенрика Хольма жəне Магду Абу-Фадильге ризашылығымды білдіремін. Азиялық Медиа ақпарат жəне
коммуникация орталығына жəне журналистік білім беру бойынша Бүкілəлемдік конгресске Сингапур-
де бірлесе өткізген Бүкілəлемдік конгрессте біздің оқу бағдарламаларымызды таныстыруға мүмкіндік
бергені үшін алғыс айтамыз.
Журналистика бойынша оқу бағдарламаларының үлгісі француз, испан, араб, орыс жəне басқа да
бірнеше тілдерге аударылып, дамушы жəне өтпелі экономикалы елдер арасында кеңінен таратылады.
Кеңес алу үшін бұл құжат ЮНЕСКО сайтында əлемдегі журналистика бойынша бағдарламалар мен оқу
курстарының тізімі берілген деректер базасына сілтеме арқылы қолжетімді болады. Сонымен қатар, сайтта
бағдарламаға қатысты журналистика саласының оқытушылары мен басқа да қызығушылық танытқан сала
мамандарымен интерактивті түрде бағдарламаны талқылауға мүмкіндік берілген. ЮНЕСКО ұлттық библи-
ографияларды өңдеу үшін жəне оқу бағдарламаларын əр түрлі елдердегі қажеттіліктер мен мүмкіндіктерге
сəйкес бейімдеу мəселелерін талқылау үшін өңірлік кездесулер ұйымдастыруды жоспарлауда.
Біз ұсынып отырған оқу бағдарламалары пайдалы жəне журналистік білім беру орындары мен
оқытушыларына ынталандыру ретінде ықпал етеді деп үміттенеміз. Журналистика мен осы кəсіпті игеру-
ге жəне кəсіби біліктілігін көтеруге мүмкіндік беретін оқу бағдарламалары кез-келген елдің дамуы үшін
қажеттті демократиялық қағидаларды жүзеге асырудың маңызды құралы болып табылатыны белгілі.
Абдул Вахид Хан
ЮНЕСКО-ның коммуникация жəне ақпарат жөніндегі
бас директорының орынбасары
5
БАҒДАРЛАМАНЫҢ ШЫҒУ ТАРИХЫ
2005 жылғы желтоқсанда ЮНЕСКО Парижде журналистік білім беру саласындағы сарапшылар-
ды осы мамандық бойынша оқу бағдарламаларын жас демократиялық жəне дамушы елдерде қолдану
жолдарын қарастыру үшін кездесу ұйымдастырды. Мұндай бастама ЮНЕСКО-ға қатысушы елдер та-
рапынан журналистика бойынша оқу бағдарламаларды өздерінің білім беру жүйесіне енгізу туралы
ұсыныстарымен байланысты туындады. Кездесуден кейін ЮНЕСКО құрған жұмыс тобына Майкл Кобден
(үйлестіруші), Стюарт Адам, Ханеа-Хенрика Хольма жəне Магду Абу-Фадиль кірді жəне оларға нақты
оқу бағдарламаларын жасап 2007 жылы маусымда Сингапурдегі журналистика оқытушыларының бірінші
Бүкілəлемдік конгресінде таныстыру тапсырылды.
Болған оқиғаны талдау жəне жеткізудің ақпарат көзі ретінде журналистика қазіргі заманда бірнеше
қызметті атқарады. Алайда, көптеген журналистер үшін басты мақсат – қоғамды ақпараттандыру, билік
қызметінің жүзеге асу барысын бақылау жəне қоғамдық ойталқыларды қолдау, сол арқылы елдің сая-
си, экономикалық, əлеуметтік жəне мəдени дамуына ықпалдасу. Журналистика саласындағы білім беру
студенттерді материалды дайындау барысында жаңалықты қалай табуды жəне оқиға туралы қалай баян-
дауды, факті мен пікірдің айырмашылығын ажырата білуді, қалай жазу, өңдеу жəне редакциялау, соны-
мен қоса əртүрлі форматтағы медиаға (газет, журнал, радио, телевидение, желілік жəне мультимедиялық
БАҚ) жəне олардың нақты аудиториясына арнап жариялауды үйретуі тиіс. Журналистік білім беруде
журналистік этика, журналистік тəсілдер, журналистиканың қоғамдағы рөлі, журналистика тарихы, БАҚ
саласындағы заңнама, БАҚ саяси экономикасы (БАҚ қожайыны, ұйымдастырылуы, бəсекелестігі) тура-
лы қажетті ақпаратпен қамтамасыз етуі керек. Басқа университеттер мен колледждер, факультеттермен
бірлікте жасалған оқу бағдарламалары негізінде студенттерге қоғам үшін маңызы зор əлеуметтік жəне саяси
мəселелерді қалай жазуды үйрету керек. Журналистік білім берустуденттердің жергілікті диалект сөздерді
білуі жəне өз еліндегі кəсіби жұмыс істеуі үшін олардың лингвистикалық қабілеттерін қалыптастыру
жəне дамытуына қажетті жағдайларды жасауы керек. Сондай-ақ студенттер БАҚ қызметінің техникалық
жаңашаландырылуы мен басқа да өзгерістерін қабылдауға даяр болулары тиіс.
Журналистік білім беру мəдени жəне саяси жағдайлар контексіндегі білім беру дəстүрлері мен ресурста-
ры əр түрлі ұйымдар мен нысандарда жүзеге асады. Біз теория мен тəжірибе арасындағы балансы сақталған
өмір сүруге қабілетті базалық білім беру құрылымын құру керек деген қарапайым қағиданы ұстандық. Біз
арнаулы мекемелерде біліктілікті арттыруға арналған көптеген сəтті бағдарламалар бар екенін мойындай-
мыз. Олардың кейбіреуі жеке меншік, кейбіреулері қайырымдылықтан қаржыландырылса, кейбіреулеріне
медиа индустриялар тарапынан демеушілік жасалады жəне басқарылады. Осыған байланысты біз ди-
плом алуға құқық беретін оқу бағдарламаларын (№1 қосымша түрінде) қостық, оларды бұрынғы жұмыс
тəжірибесі бар мамандарды даярлауға бейімдеуге болады. Алайда, біз кəсіби журналист дайындау үшін
университеттік журналистік білім беру курсының пəндерін негізге алу қажет деп есептейміз, сондықтан
бұл құжат журналистік білім беруді университеттердегі студенттік жəне аспиарнтуралық деңгейге сəйкес
дайындауды ұсынады. Біз ұсынған оқу бағдарламалары кез келген жағдайға бейімделген деп есептемейміз,
бірақ біз жергілікті жағдайға бейімдеген жағдайда жақсы журналистік білім беруге негіз болатындай етіп
жасауға тырыстық. Кез келген оқу бағдарламаларының сəтті болуы жақсы оқыту мен жақсы атмосфераға
байланысты екені белгілі.
Бұл оқу бағдарламасы студенттерді БАҚ-пен байланысты теориялық зерттеулер арқылы оқытуды емес,
студенттерді тəжірибе негізінде дайындауға арналған. Бағдарлама студенттерге журналистердің қалай
жұмыс істейтіні, журналистика тарихымен қоса, БАҚ қалай жұмыс істейді жəне журналистің қоғамдағы
қызметі қандай деген мазмұнды бере алатын элементтерден тұрады. Біз сонымен қоса студенттерді өзінің
жəне өзгенің жұмыстарына сыни баға бере алуға үйретуді мақсат етеміз. Десекте, біздің бағдарлама
қоғаммен байланыс, жарнама, информатика, кітаптану, бұқаралық коммуникация, БАҚ, коммуникация
теориясына қатысты оқу бағдарламаларын ұсынбайды, себебі, біз мұндай курстар бөлек оқытылуы керек
деп есептейміз.
Əдетте университеттік журналистік білім беру үш бағдарлама немесе үш даму бағыты негізінде
топтастырылған:
1. Журналистиканың нормаларын, құндылықтарын, құралдарын, стандарттарын жəне тəжірибелерін
біріктіретін бағыт.
2. Елдегі жəне шет елдегі журналистік тəжірибенің əлеуметтік, мəдени, саяси, экономикалық, заңдық
жəне этикалық қырларына назар аудару бағыты.
6
3. Журналистиканың алдында тұрған əлем жəне интеллектуалдық білімге негізделген бағыт.
Бірінші бағыт пəндеріне байланысты оқу жұмысы студенттерді ақпараттық жəне басқа да материалдар-
ды дайындауға, сондай-ақ, əр түрлі БАҚ-қа арнап материалдарды редакциялауға үйретуге бағытталған. Ол
журналистерді дайындауға арналған кез келген бағдарламаның негізі. Алайда, журналистикадағы кəсіби
дағдылар ақпаратты табу жəне жариялау ғана емес, білімді игеру жəне ой қорыта білуден тұрады.
Журналистік білім берудегі кемшіліктер журналист жұмысы үшін маңызы зор жаза білу мен ақпаратты
жеткізе білуге үйретуге арналған университеттік курстарды толығымен бағалай алмауда болады. Соны-
мен қатар, болашақ журналистер үшін кəсіби журналистердің құзіретіне сай құрал-жабдықтармен жұмыс
істеп үйренуге дайындық жəне тəжірибелі журналистерге кездейсоқ келгендер секілді емес, факультетте
еңбекақы алатын оқытушы ретінде қарау керек. Тəжірибелі дайындықтың нəтижелі болуы үшін барлық
бағдарламалар кез-келген ақпарат құралында тағылымдамадан (немесе оқу тəжірибесінен) өтуі тиіс,
осыған сəйкес, журналистика факультеті жергілікті БАҚ-пен əріптестік қарым-қатынасты дамытуы
керек. Мұндай əріптестік қарым-қатынасқа тəжірибелі журналистермен оқытушының бірлікте өткізген
семинарлары, факультет қызметкерлерінің ақпарат құралдарына іссапарлары немесе қызметкерлер ал-
масуы, сондай-ақ біріккен жобалар кіруі мүмкін. Факультет тарапынан студенттерге технологиялық
жəне ақпараттық қызметтерді өз көздерімен көруіне мүмкіндік жасауы үшін семинар сабақтарды медиа
ұйымдарда өткізуге келісім шарт жасауына болады. Осы секілді əріптестік қарым-қатынастар медиаинду-
стрия мен академиялық білім бағдарламалары арасындағы түсінбеушілікті болдырмауға көмектеседі. БАҚ
индустриясы оқытушылықпен айналысатын журналистерге қолдау көрсетіп, олардың кəсіби біліктілігін
жетілдіруге мүмкіндік беру қажет.
Екінші бағытпен байланысты оқу бағдарламалары журналистер жұмыс істейтін институционалдық
жəне қоғамдық контексті айқындауға жəне журналист пен осы салаға қатысты адамдар қызметі арасындағы
байланысты анықтауға көмектеседі. Мұндай пəндер кəсіби бірегейлік, құндылық жəне мақсатты демокра-
тия мен қазіргі заңдық жəне моральдық шектеулер арқылы түсінуге мүмкіндік береді. Олардың басты
міндеті кəсіби жəне этикалық құрылғылар мен білімнің, сонымен қоса демократия үшін журналистика
тəуелсіздігінің маңыздылығын атап көрсету.
Үшінші бағыт бойынша оқу жұмысы студенттерге заманауи біліммен танысуға мүмкіндік береді. Бұл
тұрғыдан қарағанда, журналистика жеке-дара пəн емес. Оны оқыту үшін гуманитарлық жəне жаратылы-
стану ғылымдары пəндері арқылы білім беруді ұштастыру керек, жəне біз бағдарламадажурналистика
пəндерінің оқытушыларын өздерінің студенттеріне қоғамдық өмірдегі белсенділігін, тілін байыта-
тын жəне кеңейтетін білім беруге ұмтылдыруды мақсат етеміз. Біз сонымен қоса, оқытушылардың
аралас саладағы əріптестерімен тығыз байланыста жұмыс істегенін қалаймыз.
Журналистік білім беру бағдарламалары біз журналистика негіздері деп атайтын салаға қатысты
бөлімдерден тұруы тиіс жəне бұл бөлімдер студенттерге қажетті интеллектуалдық жəне кəсіби дағдыларын
қалыптастыруға арналған. Біз жоғарыда сөз етіп отырған негіздерге мыналар кіреді:
Сыни көзқараспен ойлай білу қабілеті, түсіну, талдау, синтез жəне таныс емес материалды бағалау,
сонымен қоса базалық деңгейде фактілер мен ақпарат табу əдісін түсіну қабілеті.
Баяндау, сипаттау жəне талдау əдістерін қолдана отырып нақты жəне түсінікті жазу қабілеті.
Ұлттық жəне халықаралық, саяси, экономикалық, мəдени, діни жəне қоғамдық институттар туралы
білімді игеру қабілеті.
Ағымдағы оқиғалар мен мəселелер жайлы хабардар болу жəне тарих пен география туралы жалпы
білімі болу.
Біз бұл журналистика негіздерін біздің оқу бағдарламаларының моделінің басында журналистика-
ны оқуды жаңа бастаған сəтте пайдалануға арналған базалық дағдылар мен қабілеттер ретінде
енгіземіз. Бұдан шығаратын қорытынды студенттердің интеллектуалдық дамуына арналған пəндер
блогының оқу бағдарламасына журналистика бойынша курстармен қоса гуманитарлық жəне жаратылы-
стану ғылымдары бойынша пəндер кіреді.
Төменде келтірілген оқу бағдарламаларының үлгілері үш бағыттың қағидаларын құрайды. Бірақ,
сонымен қоса басынан бастап көрсетіп кететін жəне басшылыққа алынған тағы екі қағида бар. Оның
біреуі кəсіби бағытта тəрбиелеуге ерекше назар аударуды талап етсе, екіншісі оқу бағдарламасындағы
сағаттардың мұқият бөлінуіне, яғни мазмұны жағынан интеллектуалдық дамуға бағытталған курстардың
өз маңызын жоғалтпауына назар аударады.
Ұсынып отырған оқу бағдарламалары моделінің барлығында ақпараттық жəне басқа да матери-
7
алдарды дайындауға арналған курстар бағдарламада бірнеше деңгейде берілуі мен əр семестрге
енгізілуі қарастырылған. Бұл курстар барлық оқу бағдарламасының ядросын немесе негізгі бөлігін
құрайды, бұл дегеніміз кəсіби дағдыларға жəне жаза алуға үйретеді, тіптен заманауи жаңа құрал-
жабдықтардың (компьютердің болмауы, алайда қажетті) болмау жағдайының өзінде журналистік білім
беруді жүзеге асырады, яғни бағдарламада қарастырылған саясат, экономика, өнер жəне мəдениет,
əлеуметтік мəселелер, халықаралық қатынастар, жаратылыстану ғылымдары жəне оған қатысты
тақырыптар, қоршаған орта, денсаулық сақтау жəне технологиялық үдерістерге мамандануды жүзеге
асыруға арналған. Басқаша айтқанда бағдарламаның мақсаты - тұрақты журналистік тақырыптар
ретінде сұранысқа ие ақпараттық жəне талдамалы материалдарды дайындау үшін қажетті білім
мен ойлау дағдыларын меңгерген, кəсіби біліктілігі жоғары журналистерді дайындау болып табыла-
ды. Біздің ұсынып отырған оқу бағдарламасының моделінде сипатталған журналисті қалыптастыруға
бағытталған тəсілдер əр түрлі БАҚ-тағы тар мағынадағы мамандануды емес, кəсіби дағдыларды
жетілдіруге арналған.
Екінші мақсат алғашқымен тығыз байланысты. Біз журналистика негіздері курсында басталған
интеллектуалдық қабілетті дамыту тек журналистік курстарда ғана емес, университеттік білім беру
жағдайындағы жараталыстану жəне гуманитарлық ғылымдар саласындағы арнайы курстарды оқыту
барысында да пайдаланылады деп ойлаймыз. Гуманитарлық жəне жаратылыстану ғылымы сала-
сына кіретін курстар тек жалпы фонды құрамайды, сонымен қоса осы пəндердің біріне арнайы
мамандануға бейімдейді. Университетте егер бір пəнді үш жылдық курстың үш деңгейінде немесе төрт
жылдық курстың төрт деңгейінде де оқыту қарастырылған болса, онда сол пəнді журналистік білім бе-
румен байланыстыра оқытуға болады. Осылайша журналистикада оқитын студент өз кəсібі бойынша үш
жылдық деңгейді оқи жүріп, қосымша бір пəн бойынша үш немесе төрт жылдық курсты қатар өте ала-
ды. Басқаша айтсақ, университеттік бағдарлама бойынша білім алатын студент-журналистер тек журна-
листика саласы бойынша емес, басқа да бір академиялық салада біліктілік алуын ұсынамыз. Біз мұның
барлық университеттерде бірдей қолдану мүмкін емес екенін мойындаймыз. Мұндай ресурстары жоқ
оқу орындарына оқу бағдарламалары басқа мүмкіндіктерді ұсынады. Алайда, екінші пəнге назар аударту
студенттердің интеллектуалдық қабілетін арттырады деген қағида маңызын жоғалтпайды жəне оларды
кеш болса да еңбек жолында белгілі бір салаға мамандануға дайындайды.
Бағдарлама жоғарыда көрсетілген үш бағытқа сəйкес үш санатты курстардан тұрады: кəсіби тəжірибе,
журналистиканы үйрену, гуманитарлық жəне жаратылыстану ғылымдары. Əрбір курсты үш жылдық ба-
калавриат бағдарламасының бір санатына жəне бір курсына енгізе отырып, сынақтық маңызы болады деп
есептейміз, біз оқу жұмысының бірінші курсына 20%- кəсіби тəжірибе, 10%-журналистиканы үйрену,
70%-гуманитарлық жəне жаратылыстану ғылымдары пəндеріне тиесілі болады. Екінші оқу жылында бұл
сəйкесінше 40%, 20% жəне 40%-ды құрайды. Үшінші оқу жылындабарлық оқу пəндерінің 80%-ы кəсіби
білім беруге бағытталған санаттан жəне 20% - гуманитарлық жəне жаратылыстану ғылымдары санатынан
құралады.
Үш жылдық кезеңде мұндай арақатынас келесідей нəтижеге қол жеткізеді: кəсібитəжірибе - 47%; жур-
налистиканы үйрену - 10%; гуманитарлық жəне жаратылыстану ғылымдары - 43%. Біз бұның болжамды
бағалау екенін ескертеміз. Əрбір курстың сынақтық құндылығы əрбір оқу орнындағы сынақ алу жүйесіне
жəне студенттің бір жыл ішінде өтуге тиісті курстар санына байланысты есептеледі. Егер бұл сандарды
дөңгелектеп алсақ, үш жылдық бағдарламаға ара қатынасы шамамен былай болады: кəсіби тəжірибе -
40%; журналистиканы үйрену пəндері - 10%; гуманитарлық жəне жаратылыстану пəндері - 50%.
Əрбір университет журналистика бойынша оқу бағдарламаларында қандай гуманитарлық жəне жара-
тылыстану пəндерін енгізу қажеттілігін қарастыруы керек. Сонымен қатар, бұл студенттердің орта мек-
тепте оқыған пəндерінің деңгейіне жəне университеттегі қол жетімді курстарға байланысты.
8
ЖУРНАЛИСТИКА БОЙЫНША ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ
Журналистика бойынша оқыту курстары орта мектептен бастап магистратураға дейінгі əр түрлі
деңгейде ұсынылады. Бұл құжат үш деңгейлі оқу бағдарламалары моделін ұсынады: университеттік ба-
калавр деңгейі (3 жəне 4 жыл); екі жылдық магистратура (журналистиканы оқыған жəне оқымаған сту-
денттерге арналған) жəне тəжірибелі жұмысқа арналған базалық дайындық курсы немесе журналистика
бойынша орта мектеп пен университеттік білім беру арасындағы көпір ретінде қарастырылатын, диплом
алуға құқық беретін екі жылдық бағдарлама (Қосымша 1), университеттегі журналистика факультеттері
бакалавриат бағдарламасында осы бағдарлама бойынша тапсырылған пəндерді есептеу арқылы сынақ
алу жүйесін қалыптастыра алады. 1 қосымшада жұмыс істеп жүрген журналистерге арналған диплом
берілетін бір жылдық кəсіби біліктілікті көтеру курсы ұсынылады. Басқа да оқу бағдарламалары (мысалы
бакалавриаттан кейінгі диплом) ұсынылған бағдарламаның базасында жасалады.
Достарыңызбен бөлісу: |