6
ұлттық жүйесін жетілдіру үшін келешекте өзекті мәселе екендігі туралы
қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Бағалаудың дәстүрлік бес балдық
жүйесі. Педагогикалық тәжірибеде кеңінен қолданып жүрген бағалаудың
бес балдық шкаласы бойынша әдістемесі қарапайым және үйреншікті бол-
ған. Алайда, оның бірқатар кемшіліктері бар: субъективті және баға
қоюшыға тәуелділік бар, дифференциалдық қабілеттілігі төмен. Қазіргі
мектептердегі бес балдық бағалау жүйесі бағалардың шынайылығын ба-
қылауға мүмкіндік бермейді. Оқушы алған бағасын не өзіне, не ата-анасы-
на не үшін алғанын нақты түрде түсіңдіре алмайды –деген бағаларын
салыстырып айтуға болады. Әдеттегі ауыл мектептерінің оқушылары қала
мектептерінің оқушыларына қарағанда білім деңгейі бойынша төмендеу.
Кейде керісінше, ұстаздың тәжірибесіне байланысты ауьш балаларының
білімі жоғарылау болады. Бұны тек келесі себептермен түсіндіруге бола-
ды: бағалардың нақты және айқын критерийлері жоқ. Осының салдарынан
бағалау мұғалімнің толық еркінде (қойғысы келсе, қояды). Кейде оқушы-
ның бір жыл бойы оқып еңбектен ұпайы соңғы емтиханда бір сұрақтың
арқасында шешіліп отырған жағдайлар да болады. Кейде педагогикалық
ұжымның арасындагы қарым-қатынастардың да оқушылардың
бағаларына
кейде оң және кейде теріс әсерлері тиіп жатады.Қазіргі уақытта мектеп-
тердегі бағалау жүйесін жан-жақты жетілдіру керек. Тек қана мектептерде
ғана емес, сонымен қатар ЖОО-да да қолданыстағы бағалау жүйесін же-
тілдіру керек. Жалпы қарапайым нұсқада алғанда мектептердегі мұғалім-
дер бағалау жүйесіне келесі талаптарды қойып отыр, оқушы қаншалықты
табысты оқып, білім алып жатқанын анықтауға мүмкіндік беруі керек;-
оқушының тэжірибелік дағдыларды қаншалықты анықтай алуы керек,
қандай танымдық қасиеттерінің және қаншалықты дамығандығын анық-
тай алуы керек;-бағалаудың жүйесінде оқушының өзін-өзі дамуын баға-
лауы қарастырылуы керек, бағалау жүйесінде оқушыны оның табыстары
үшін марапаттау және қолдау механизмдері болуы керек, жүйеде «оқушы-
мұғалім», «сынып жетекшісі және ата-ана», «педагогикалық ұжым
жәнеәкімшілік» байланыстары қарастырылуы керек.
Осындай жан-жақты критерийлермен қамтамасыздалған бағалау
жүйесі оқу үрдісін қалыптастыруға жүйелі түрде қарауға мүмкіндік бере-
ді, яғни оның тұтастығын қамтамасыз етеді. Құзыреткішіктерді қалып-
тастыруға негізделген жаңадан қалыптасып келе жатқан білім беру пара-
дигмасы, жаңадан пайда болған білім стандартгары оқушылардың же-
тістіктерін бағалаудың бірыңғай критериалды технологиясын жасауға
және қолдануға келіп тоқтайды. Бағалаудың мұндай бірыңғай критериал-
ды технологиясы, толықтай және жан-жақты жүйелі болуы керек, пән ара-
лық сипатқа ие болуы керек, оқушының оқу-танымдық құзыреттіліктері-
нің қалыптасуына әсер ете алуы керек, бағалау үрдісінің ұйымдастырушы-
7
шық және педагогикалық негіздерін анықтай алуы керек,осы технология-
ны іске асыру үшін нақты моделі (түрі) болуы керек. Бағалаудың әр түрлі
жолдарының пайда болуы, әрине, жеке тұлғаны қалыптастырумен, оның
құзыреттіліктерінің дамуына апаратын жалпы педагогикалық концепция-
ның нақты орнығуымен байланысты. Осының бәрі бағалау жүйесінде
қазіргі тенденциялардың пайда болуына әкелді. Нәтижеде біз бағалаудың
критериалды технилогиясына келіп тоқтадық. Бұл жүйенің тағы бір қыры
– ол алдын-ала жоспарланған жетістіктернәтиже, яғни, жалпы алғанда
қажетті құзыреттіліктернәтиже оқушының қаншалықты және қандай дең-
гейде сәйкес екендігін салыстырып қарауға мүмкіндік береді. Осы орайда
оқу құралын дайындаудағы мақсат 12-жылдық білім берудің басты
жағдайларын ескере отырып оқытудьщ нәтижелерін критериалды бағалау-
дың қазақстандық жүйесінің пайда болу себептерімен, оның мақсат-
міндеттерімен, стратегиясымен, әр бір оқушының білім алу үрдісінде құ-
зыреттіліктерді қалыптастырудағы жетістіктерінің жоғары болуын қамта-
масыз етеді, критериалды бағалау технологиясына қатысты материалдар
мен болашақ мамандарды, яғни пән мұғалімдерін таныстыру.Оқу құра-
лында негізгі бөлімдер келесі сұрақтармен байланысты болды, критериал-
ды бағалаудың ғылыми негіздері: пәндік және пән аралық нәтижелерді ба-
ғалаудың критерийлерінің жобалары болып, 12-жылдық білім беру
жүйесінің талаптарына сәйкес критериалды бағалау жүйесінің негізгі сү-
рақтары;-жеке тұлғаның басты құзыреттіліктер және функционалдық
сауаттылықтар бойынша қалыптасуын бағалау және өзіндік бағалау меха-
низмі, оқушылардың білім алу жетістіктерін қадағалауға қойылатын та-
лаптар. Қорытынды бағалауға қатысты мәселелер. Критериалды бағалау
технологиясының маңызы туралы Үкімет тарапынан да айтылып жатқаны
баршамызға бұхаралық ақпарат көздерінен белгілі. 2012 жылы 11 қыр-
күйекте
ҚР Үкіметінің «2012–2016 жылдар аралығы мектеп оқушыларының
функцоналдық сауаттылықтарын дамыту бойынша жұмыстардың Ұлттық
жоспарының орындалуы барысы туралы» мәжілісінде сол кездегі білім
және ғылым министрі Б.Т. Жумагулов «...біз болашақ 12-жылдық білім
берудің мазмұнына мүлде жаңа әдіснаманың негіздерін енгіземіз. Ұлттық
жоспарда функционалдық сауаттылықты дамытудьщ 4 негізгі базалық
механизмдерін бөліп көрсетуге болады. Солардың бірі білім берудің нәти-
желерін бағалау жүйесін модернизациялау болып табылады.
Функционал-
дық сауаттылықты дамыту «алған білімді қайта көрсету – түсіну, қолдану
жүйелеу және жалпы қорытынды жасау» жаңа критерийлер жүйесі бойын-
ша білім жетістіктерін бағалауда мүлдем жаңа әдістерді талап етеді»
екендігін атап өткен болатын.