Жусупова д. Ж


Критериалдық бағалау жүйесін қолдану арқылы біз



Pdf көрінісі
бет37/68
Дата07.01.2022
өлшемі1,67 Mb.
#18448
түріПрактикум
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   68
Критериалдық бағалау жүйесін қолдану арқылы біз: 
Оқушының тұлғалық бағытын белсенді позицияға бағыттау
Тұлғаны өзіндік жауапкершілікке, тұғырлы нәтижеге, бағытқа жеткі-
зу; 
Білім  алушылардың  дайындық  деңгейі  мен  өсу  динамикасын  кез-
келген кезеңде анықтау; 
Әртүрлі  жұмыстардан  алған  бағаларды  дифференциалдауға  болады 
(Өздік жұмысы, күнделікті баға, үй жұмысы т.б); 
Құрылымдық  бағалау  мен  нақтылы  бағалаулар  арқылы  оқушының 
еңбегін анықтау; 
Оқушының бағалау жүйесіне толық қанағаттануын аламыз. 
Критериалды бағалау жүйесінің тиімділігі: 
-  заман  талабына  сай  бәсекеге  қабілетті,  білімді,  іскер,  ойлау  жүйесі 
дамыған,  логикалық  тұжырым  жасауға  бейім,  еркін  ойлай  алатын  жеке 
тұлғаны қалыптастырады
- жеке жұмыстар жүргізу арқылы білім дәрежесін, ой-өрісін әрі қарай 
дамытады; 
- мақсаттар білім сапасын арттырады
-  оқушының  тұлғалық  бағытын  белсенді  позициясына  бағыттауға 
мүмкіндік беретін бірден-бір бағалау жолы; 
- тұлғаны өзіндік жауапкершілікке, тұғырлы нәтижеге, бағытқа жеткі-
зетін шығармашыл бағалау жүйесі. 
Сабақта қалыптастырушы бағалауды жүйелі жүргізу – жиынтық баға-
лаудың нәтижелі, сапалы болуының баспалдағы. Жиынтық бағалау тоқсан 
соңындағы  оқушы  білімінің  жетістігін  саралайтын  жұмыс,  ендеше  осы 
жұмыстың  бастауы  негізі  қалыптастырушы  бағалауда  қаланады.  Бүгінгі 
таңда оқушы білімін критериалды жүйе бойынша бағалаудың өміршеңдігі 
мен ұтымдылығы дәлелденіп отыр. 
Заман талабы – жан-жақты дамыған, өзіндік «мені» қалыптасқан тұл-
ға тәрбиелеу. Оқушы тұлға болып қалыптасуы үшін оның бойында түрлі 
жағдаяттағы проблеманы анықтауға, өзіндік тұжырым жасай білуге, өзін-
дік бағалауға, сыни ақпараттарды өз бетімен табуға, талдауға, алған білім-
дерін  өмірде  қолдануға  бейімдеу  болып  табылады.  Қорыта  айтқанда,  бү-
гінгі оқушының білім сапасын критериалды бағалау жүйесі арқылы жетіл-
діруге болатынына күнделікті оқу үдерісінде қолдануымыздан көз жеткі-
зуге болады. Критериалды бағалау жүйесі оқушының белсенділігін артты-
руды, оқу үдерісінде жарыса, бәсекелесе білім алуға қол жеткізеді. Зама-
науи  тәсілдің  ең  негізгі  ерекшелігі  мақсаттар  алған  білімдерін  жай  ғана 
иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар ауда-
ру  болып  табылады,  ал  ХХІ  ғасырда  талап  етілетін  дағдылардың  мәні 
осында. 


47 
Бағалаудың  кезендері мен түрлері. 
Бағалаудың  критериалды  жүйесі  формативтік  бағалаудан  (ағымдағы 
бағалаулар) және қорытынды бағалаудан (оқу бағдарламасының бөлімдері 
бойынша  бағалау,  тоқсандық  және  жылдық  қорытынды  бағалау)  тұрады. 
Формативтік  бағалау  оқушының  білімді,  білікгі  және  дағдыны  сыныпта 
немесе  үйде  күнделіктік  жұмыстың  барысында  инәтижерілу  деңгейін 
анықтау  үшін  арналған.  Ол  әр  түрлі  формада  іске  асырылады  жәнемұға-
лімгежәне оқушыға өздерінің жұмыстарын сәйкесінше түзетіп алуға және 
қорытынды  бағалауға  дейін  мүмкінболар  кемшіліктердің  авдын  аітуға 
мумкіндік береді. Тоқсандық бағаны және оқушының қорытынды жұмыс-
тары  үшін  бағаны  қою  барысында  оның  формативтік  бағалары  ескеріл-
мейді. 
Қорытынды  бағалау  оқу  тақырыбының  бөлімін  оқып  болған  соң  бі-
лімнің  және  оқу  дағдыларының  қалыптасудеңгейін  анықтауға  арналған. 
Қорытынды бағалау әр түрлі қорытынды жұмыстардың (тесттер, бақылау 
жұмыстары)  нәтижелері  бойынша  жүргізіледі.  Қорытынды  жұмыстарға 
қойылған бағалар пән (курс) бойынша тоқсандық және жылдық бағаларды 
қою  үшін  негіз  болып  табылады.  Бағалаудың  екі  түрін  есепке  алғанда 
нақтықұзыреттіліктердің  қалыптасу  нәтижелері  қандай  бағалау  түрімен 
жүргізілетіндігін  анықтап  алу  қажет.  Пәндік  нәтижелер  белгілі  дәрежеде 
дәстүрлі  болып  табылатындықтан  формативтік  бағалау  да  және  де  қоры-
тынды бағалау бойынша да анықтай алады.Басты құзыреттіліктер 12-жыл-
дық  білім  беру  мектептерінде  тоқсанның  соңында,  жарты  жылдық  және 
оқу  жылының  соңында  бастауыш,  негізгі  орта  білім  және  жалпы  орта 
білім  деңгейінде  қорытынды  бағалау  бойынша  анықталады.  Қорытынды 
бағалауда критерийлер бойынша қойылады. Қорытынды бағалаудың кри-
терийлеріменде оқу үрдісіне қатысушылардың барлығы (оқушы, мұғалім, 
ата-аналар)  таныса  алады.  Бағалаудың  критерийлері  формативтік  баға-
лаудың міндетті құрама бөлігі болып табылады. Формативтік бағалау ба-
рысында бағалаудың критерийлері оқу материалының нақты бір фрагмен-
тіне  (тақырыпқа  немесе  бөлімге)  бағытталады.  Ал  суммативтік  бағалау 
барысында олар кеңірек болады.Мысал ретінде «Бейорганикалық химия» 
пәні  бойынша  бағалау  критерийлерін  келтіруге  болады:  1)  реакцияны 
орындауын  бақылау  және  оның  нәтижелерін  айтып  беру;  2)  реакцияны 
орындау  үшін  қажетті  заттарды  және  қосылыстардың  физикалық  және 
химиялық қасиеттерін суреттеу; 3) реакцияны орындау үшін қандай шарт-
тарды  сақтау  керек?  Бағалаудың  критерийлерін  түсіну  және  оларды  оқу-
шының оқуы формативтік компонентгің іске асқанын білдіреді. Мақсаттар 
жұмыстарының  бағалануы  тек  айтылған  бағалау  критерийлері  бойынша 
жүргізіледі. Кейбір жағдайларда мұғалім критерийлерде кеткен қателерді 
және кемшіліктерді байқап оқушыға түзету жұмыстарын жасау үшін ұсы-


48 
нуы мүмкін. Алайда, жіберілген қателер үшін формативтік бағаны кеміту-
ге болмайды. Мысалы, мұғалім оқушыларға «Химия» пәнінен сабақта ба-
қылау жұмысын (эссе) жүргізу алдында келесі критерийлерді айтады:  
Эссе 6 немесе одан да көп сөйлемнен құралуы керек; 2) эсседе қала-
лардың  аттары  болуы  керек;  3)  эсседе  ғалымдардың  есімдері  айтылуы 
керек.  Тексеруден  кейін  мұғалім  бағалау  критерийлері  бойынша  қолжет-
кен нәтижелерге, жіберілген кемшіліктерге тоқталып кетеді. Тағы да қан-
дай суреттемелерің бар. Бұл мысал жұмыстарды тексеру барысында баға-
лаудың  критерийлеріне  сүйенетіндігін  көрсетеді.  Яғни,  ол  алдымен  оқу-
шының  дұрыс  орындағанын,  соңынан  оның  кемшіліктерін  және  қандай 
жағдайларға көңіл бөлу керектігін айтады. Пән мұғалімі бағалаудың кри-
терийлерін  алдын-ала  дайындауы  керек.  Ал  мақсаттар  функционалдық 
сауаттылығын  қалыптастыру  үшін  критерилерді  олармен  бірге  құрасты-
руы керек. Ол үшін мұғалім жасалған критерийлерді топта және сыныпта 
талдауды  ұсынады.  Соңынан  ең  маңызды  критерийлер  таңдалады  және 
алдын-ала  тапсырма  берілген  кезде  тақтада  немесе  плакатта  жазылып, 
көрнекі  түрде  түсіндіріледі.  Критерийлердің  мазмұны  түсінікті  болуы 
керек. 
Бағалауды пайдалану барысында мұғалім келесі жағдайларға сенімді 
бола алады: 

  бағалау  барысында  егер  мұғалім  сол  сыныпта  қолданған  кұралды 
екінші рет пайдаланса, онда ол сол нәтижелерді қайтадан алады;  
– 
 елшеу  құралы  белгілеген  нәтижені  немесе  нысанды  өлшеуі  керек; 
мысалы,  химиялық  реакцияны  орындау  және  оның  нәтижесін  суреттеп 
беру; ал егер де элементтердің тотығу дәрежелерін сұрап қалса, онда бұл 
ережеге сай болмайды;  
– 
бағалаудың  құралының  дұрыс  пайдаланылғанын  басқа  мұғалім 
бақылай немесе тексере алады; ал егер құралды қолданбай ауызша сұраса, 
онда мұғалімнің критерийлерді дұрыс немесе дұрыс емес пайдаланғанын 
басқа  мұғалім  дәлелдей  алмайды.  Яғни,  критериалды  бағалаудың  өзінің 
дұрыс орындалуы арнайы топтың мүшелерімен белгілеген нәтиже жоспар 
бойынша қадағалануы керек;  
– 
бағалау  барысында  бағалаудың  бірнеше  факторлары  болуы  керек; 
мысалы  баяндама  жасауды  қарастырайық.  Баяндаманың  жазылуы  25%; 
оның  баяндалуы  25%;  баяндау  барысындағы  ақпараттың  түсінікті  айты-
луы 25%; және де өз сыныптастарының көңілдерін өзіне аудара алуы 25% 
оқушылар  бағалаудың  критерийлерімен  таныс  болуы.  Сонымен,  крите-
риалдық  бағалау  дегеніміз  оқушының  оқужетістіктерін  алдын-ала  нақты 
белгілеген  нәтиже,  ұжыммен  талқыланған,  алдын 
– 
ала  білім  беру  үрді-
сінің барлық  қатысушыларына белгілі, оқушының  оқу 
– 
танымдық құзы-
реттіліктерін  қалыптастыруына  ықпал  етуші  білімнің  мақсаттарына  және 


49 
мазмұнына сай негізделген бағалау үрдісі. Критериалдық бағалаудың тех-
нологиясының  педагогикалық  негізі  оқушылардың  оқу-танымдық  құзы-
реттіліктерін қалыптастыруға негізделген.Мақсаттар оқу-танымдық құзы-
реттіліктері:
  – 
оқушы  өз  бетінше  оқу-танымдық  қызметті  іске  асыра  ала-
ды,  оқушының  оқу-танымдық  қызметі  білімді  игеруге  бағытталған  және 
ол  үшін  тәсілдер  қажет;
  –
  сананы  бағыттау;  критериалды  ойлау;  оқушы-
ның өзінің мүмкіндіктерін және оқу жетістіктерін бағалай алуы; - мақсат-
тар  өзара  бағалауды  орындауы.  Мақсаттар  өзіндік  бағалауы  олардың 
өздерініңжетістіктерін бағалау арқылы өзін-өзі ұйымдастыру және дамуы 
үшін  іске  асырылады  (оқушылардың  жетістіктерін  өзіндік  бағалау  және 
есепке алу үшін портфолио). Бағалау жүйесі берілген нәтиже тақырыптың 
немесе  бөлімнің  қаншалықты  тиімді  нәтижесін,  белгілеген  нәтиже 
тәжірибелік  дағдының  қаншалықты  қалыптасқанын  анықтауға  мүмкіндік 
береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет