19
- ойлау дербестігіне тапсырмалар мен жаттығуларды шешу.
Пікірталасты ұйымдастыру проблемалық семинардың мазмұнындағы
басты мәселе болып табылады.
Пікірталас – ұжымдық ойлау. Пікірталасқа арналған шарттардың бірі-
барлық білім алушылардың жақсы дайындығы. Олар талқылау, неғұрлым
қолайлы шешімдерді іздеу үшін проблемалар мен негізгі мәселелерді
алдын ала көрсетуі қажет.
Пікірталастар, әдетте, зияткерлік жаттығу алдында болуы керек.
Оның нысаналы мақсаты:
- тыңдаушылардың қолма-қол білімін "жауынгерлік әзірлікке" келті-
ру;
- шығармашылық ойлау жұмысына интеллектуалдық көңіл-күй, оқу
міндеттерін динамикалық және жүйелі шешу;
- тыңдаушылардың осы сабаққа дайындық деңгейін жедел бақылау.
Осылайша, барлық проблемалық-ситуациялық әдістер белсенді оқыту
әдісі ретінде проблемалық жағдайларды шешу (шешу) тәсілдеріне (әдісте-
ріне) сайып келгенде жинақталатынын айтуға болады.
Қазіргі уақытта оқу орындарында оқу тәжірибесінде мынадай пробле-
малық-жағдайлық әдістер қолданылды: белсенді диалог (дискуссиялар);
модульдік; нақты жағдайларды талдау; жағдайлар әдісі; "ми шабуылы";
Прага әдісі және т. б.
Достарыңызбен бөлісу: