Juz40 education» juz english оқушыларды оқытудың келісім-шартын жасасуға оферта алматы қ. 20 ж


ОСЫ ШАРТТА ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН ҰҒЫМДАР МЕН ТЕРМИНДЕР



бет2/29
Дата14.09.2023
өлшемі86,72 Kb.
#107421
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
2. ОСЫ ШАРТТА ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН ҰҒЫМДАР МЕН ТЕРМИНДЕР
2.1. Ақпараттық қызметтер – оқушыларды Қазақстан Республикасының Жоғары оқу орындарына түсу емтихандарын тапсыруға оқыту және дайындау, яғни Қазақстан Республикасының аумағында әрекетке қабілетті кәмелетке толған/кәмелетке толмаған жеке және заңды тұлғаларға, оқушылардың ата-аналарына, ақпараттық технологияларды қолдана отырып, көрсетілетін электрондық қызметтер (оның ішінде ақпараттық, интерактивті, транзакциялық);
2.2. Ақпараттық технология – ақпаратты жинауды, жасауды, сақтауды, жинақтауды, өңдеуді, іздеуді, шығаруды, көшіруді, беруді және таратуды қамтамасыз ететін технологиялық кешенге біріктірілген әдістердің, өндірістік процестердің және бағдарламалық-техникалық құралдардың жиынтығы;
2.3. Сайт – Интернет-ресурс https://juz40.kz, яғни бірегей желілік адресі және (немесе) домендік аты бар және Интернетте жұмыс істейтін аппараттық-бағдарламалық кешенде орналастырылған ақпарат (мәтіндік, графикалық, аудиовизуалды немесе өзге түрде), бұл Шартының ажырамас бөлігі болып табылады;
2.4. Келуші – онда тіркелу немесе тапсырысты орналастыру мақсатынсыз, сайтқа кірген тұлға;
2.5. Білім алушы-Орындаушының ақпараттық қызметтерін тікелей алатын жеке тұлға
2.6. Тапсырыс беруші – Орындаушының Шартына қол қойған тұлға, яғни білім алушы немесе білім алушының ата-анасы;
2.7. Тапсырыс – Тапсырыс берушінің Шарттың талаптарына сәйкес ресімделген Қызметтерді көрсетуге арналған тапсырмасы;
2.8. Тараптар –Шарттың Тараптары бірлесіп Орындаушы, сондай-ақ Тапсырыс беруші мен Білім алушы (егер ол Тапсырыс беруші болмаса);
2.9. Дербес деректер – Шартпен регламенттелген, белгілі бір жеке тұлғаға қатысты, электрондық, қағаз және (немесе) өзге де материалдық жеткізгіште тіркелген мәліметтер;
2.10. Дербес деректерді жинау – дербес деректерді алуға бағытталған іс-әрекеттер;
2.11. Дербес деректерді өңдеу – дербес деректерді жинақтауға, сақтауға, өзгертуге, толықтыруға, пайдалануға, таратуға, иесіздендіруге, бұғаттауға және жоюға бағытталған іс-әрекеттер;
2.12. Үшінші тұлғалар – қазіргі уақытта да, болашақта да Орындаушымен Тапсырыс берушінің дербес деректерін жинау, өңдеу және қорғау жөніндегі мән-жайлар немесе құқықтық қатынастар бойынша байланысты тұлғалар.
2.13. Куратор – Тапсырыс берушіге курстарда оқуға көмектесетін маман. Үй тапсырмасын қадағалайды, сұрақтарға жауап береді, ұйымдастыру мәселелерін шешеді және оқу процесінде қолайлы жағдай жасайды, сондай-ақ Тапсырыс берушінің сабақтарға деген мотивациясының төмендегенін көтермелейді, оқытуды ұйымдастыруға көмектеседі (телефон қоңырауларын соғады, сабақтарға рұқсат береді, чаттар жасайды), Тапсырыс берушілерден кері байланыс жинайды. Куратор қызметтерін Орындаушы бонустық қызметтер түрінде ұсынады, олар онлайн курс бағдарламасына және Орындаушының қызметтеріне кірмейді.
2.14. Абоненттік төлем – нақты тұтынылған қызметтер көлеміне байланысты емес, белгілі бір уақыт кезеңі үшін Тапсырыс берушінің төлеуге міндетті белгіленген төлем мөлшері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет