5.1.2.Ойына келген дөрекі, балағат сөздерді айтпау. 5.1.2. Саясат, дін туралы әңгімелер айтуға, басқа курсты жамандауға болмайды. 5.1.2. Басқа оқушылармен сыпайы сөйлесу, пікіріне құрметпен қарау. 5.1.2. Бақылаушы, куратор немесе оқушымен мәселе туындаған кезде ата- ананы араластырмау, ол мәселе өзара шешілу керек. 5.1.2. Курс директорларына сабақ туралы сұрақ қойып жазуға болмайды, оны біріншіден кураторына немесе сол пәннің бақылаушысына жазып сұрау керек. 5.1.2. Курс материалдарын (база, үй жұмысы) өзге адамдарға таратуға болмайды. 5.1.2. Егер сондай жағдай орын алса, заң жүзінде сөйлесеміз. 5.1.2. Егер тапсырманы куратор шала немесе қате тексерсе, рейтингте дұрыс балл қоймаса, оқушы оны бақылаушыға немесе директорға айтып, түзетуін талап ету керек. 5.1.2. Егер куратор оқушыға уақытылы жауап бермей, дұрыс байланыс орнатпаса, оны бақылаушыға немесе директорға дәлелмен айтып ескерту керек. 5.1.2. Тікелей эфирдегі сабақтарда камера ашып, тыныштық сақтап, түзу отыру керек. 5.1.2. Сабақ тапсыру кезінде камера ашып, артына фон қоймай, еш жерден қарамай талапқа сай отыру керек. 5.1.2. Мұғалім, бақылаушы немесе кураторларға минус айтпас бұрын анық- қанығын біліп көз жеткізіп алу. 5.1.2. Сағат 23:00-ден кейін курс қызметкерлерін мазаламау. 5.1.2. Әр айда төленетін төлемді уақытылы жасау, уақытылы жасау үшін менеджермен байланысу. 5.1.2. Менеджермен байланысқан кезде өз кезегіңді шыдаммен күту, артық сұрақтар қойып мазасын алмау (себебі курста оқушы көп).