5.1. Тапсырыс беруші (Оқушы) төмендегі ережелерін орындауға міндеттенеді: 5.1.1.Бекітілген оқу жоспары бойынша барлық тапсырмаларды уақытылы орындау. 5.1.2. Егер белгілі бір себептер болса, алдын-ала ескерту. 5.1.2. Ұзақ мерзімде (жарыс, денсаулық жағдайы т.б себептермен) тапсырмаларды орындай алмаса, ата-анасына өтініш жаздырып кураторға жіберу керек. 5.1.2. Директор, мұғалім, бақылаушы, менеджер, кураторларға сыйластық таныту, «сіз» деп сөйлеу. 5.1.2. Ватсап чаттарда, гугл митта өтілетін сабақтар мен жиналыстарда мәдениеттілік сақтау. Т 5.1.2. апсырмаларды шынайы әрі талапқа сай орындау. 5.1.2. Тапсырмаларды түсінбеген жағдайда куратордан көмек сұрау. 5.1.2. Тапсырмаларды орындау барысында куратордан өзге адамдардан, яғни оқушылардан көмек сұрауға болмайды, әркім өзі орындау керек. (Түсінбеген тапсырмаларды кураторлар толық орындап беруге міндетті емес, тек бағыт сұрау керек) 5.1.2. Жұптық жұмыс жасау барысында қасыңдағы жұп оқушымен алдын-ала уақытпен келісіп, сыйластық таныту қажет. 5.1.2. Жұптық жұмыс кезінде жұбың қулық жасаса немесе үй жұмыстарының шығарылу жолын сұраған жағдайда бірден кураторға немесе бақылаушыға айтып ескерту. 5.1.2. Сабақ тапсыру кезінде «дайын емеспін, нөл қоя салыңыз» деуге және себепсіз жоқ болып кетуге болмайды, ондай кезде оқушы курстан бірден шығарылады.