Жүз жазушы жүз роман (Сөзбасы орнына)



Pdf көрінісі
бет1/2
Дата03.02.2023
өлшемі2,19 Mb.
#65002
  1   2


ЖҮЗ ЖАЗУШЫ – ЖҮЗ РОМАН 
(Сөзбасы орнына) 
Оқырман назарына ұсынылып отырған бұл кітапта қазақ 
әдебиеттануында тағы бір барлау, жаңа іс қолға алынды. 
Міржақып Дулатовтың “Бақытсыз Жамалы” (1910) қазақтың 
тұңғыш романы болса, тәуелсіздіктің 10 жылдығына арналған 
республикалық бәйгеде бас жүлде алған жас жазушы Тұрсынхан 
Зәкенұлының “Көк түркілердің көз жасы” (2001) романы - соңғы 
жылдары дүниеге келген шығармалардың бірі. 
ХХ ғасырда туып, қалыптасып, дамыған қазақ романы 
ұлтымыздың сан ғасырлық әлеуметтік, рухани өмірін жан-жақты, 
терең, көркемдік қуатпен бейнелеп берген аса жемісті жанрлық форма 
ретінде танылды. 
Алғашқы үлгілерін М.Дулатов, С.Көбеев, С.Торайғыров тудырған 
бұл жанр Ж.Аймауытов, С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров 
қаламымен ұшталып, М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин 
талантымен биікке көтерілсе, Ғ.Сланов, Х.Есенжанов, З.Шашкин, 
І.Есенберлин, Т.Ахтанов, Ә.Нұрпейісов, Б.Соқпақбаев, С.Жүнісов, 
Р.Тоқтаров, Қ.Ысқақов, Ә.Тарази, Ә.Кекілбаев, М.Мағауин, Ә.Сарай, 
Қ.Жұмаділов, Д.Досжанов, С.Сматаев еңбектерімен кең өріске шықты.
Атап айтатын нәрсе – қазақ романы Қытайдағы, Моңғолиядағы 
қандас бауырларымыздың да қиын тағдырларын бейнелеп берді. Бұл 
ретте көп ғұмыры түрмеде өтсе де қолынан қаламы түспеген 
Қажығұмар Шабданұлының қаһармандығын мадақтау керек.
Тектік түрі жөнінен қазақ романын: реалистік, тарихи, 
психологиялық, 
ғұмырнамалық, 
мемуарлық, 
саяси, 
деректі, 
фантастикалық шытырман оқиғалы, эпикалық, драмалық, лирикалы, 
роман-эссе, роман-дерек, роман-дилогия, роман-трилогия, роман-
тетрология, роман-хроника, цикл роман, т.б. салаларға бөліп қарауға 
болады. 
Қазақ романдарының оқиғасы бейбіт күндерде, соғыс кезінде, бір 
үйде, бір шаңырақта, бір ауылда, бір көшеде, бір қалада, тау 
арасында, өзен бойында, теңізде, шөлде, бір руда, бір жүзде, 
Қазақстанның әр атырабында, Қытайда, Моңғолияда, Ресейде, Европа 
елдерінде, Шығыс елдерінде өтеді. Әрекет бір тәулікті, бір аптаны, бір 
айды, бір жылды, бірнеше жылды, бір ғұмырды, бірнеше ғасырды 
қамтуы мүмкін.
Кейіпкерлер әр жастағы, әр буынның, қазақтан басқа да 
нәсілдердің өкілдері, түрлі мамандық иелері, түрлі әлеуметтік, таптық 
топтан шыққан.
Қазақ романдары бұрынғы кеңес одағы, Балтық бойы, славян, 
Европа халықтары, ағылшын, неміс, француз, қытай, үнді, моңғол, 


жапон, вьетнам, түрік, ханди, испан, парсы сияқты көптеген тілдерге 
аударылған. М.Әуезовтің “Абай жолы” роман-эпопеясы елуден астам 
шетел оқырмандарының қолына тиді.
Бір романмен әдебиетімізге олжа салған қаламгерлер (С.Ерубаев, 
А.Нұрманов, Т.Әлімқұлов), көптеген роман жазған суреткерлер 
(І.Есенберлин, Р.Тоқтаров) де бар. 
Қазақ романының тоқсан жылдық тарихындағы жалпы ауқымын 
тақырыптық өрісін, көркемдік ізденістерін, бейнелер жүйесін, уақыт 
пен кеңістікті қамту мүмкіндіктерін, әлеуметтік салмағын, эстетикалық 
қуатын шолып, жинақтап көрсету мақсатымен жүз жазушының жүз 
романы қысқаша түрде талданып берілді. 
Оқу құралын құрастырып, дайындауда академиктер М.Қаратаев, 
Р.Сыздықова, 
С.Қирабаев, 
Р.Нұрғали, 
М.Серғалиев, 
филология 
ғылымдарының 
докторлары 
Б.Кенжебаев, 
М.Базарбаев, 
Х.Сүйіншәлиев, Ш.Елеукенов, Ж.Дәдебаев, А.Сейдімбек, М.Хамзин, 
М.Жармұхамедов, 
Д.Ысқақұлы, 
Ж.Ысмағұлов, 
Ж.Дәдебаев, 
Б.Майтанов, З.Серікқалиев, Қ.Әбдезұлы, Қ.Алпысбаев, З.Бисенғали, 
Қ.Рүстемова, Р.Тұрысбеков, Д.Қамзабекұлы, филология ғылымдарының 
кандидаттары М.Мағауин, З.Серіқалиұлы, Ә.Бейсебаев, Ғ.Ештанаев, 
Г.Ержанова, Е.Тілешев, Ж.Аймұхамбетова, М.Шындалиева, С.Әсіпов 
тарих 
ғылымдарының 
кандидаты 
А.Қашқынбаев, 
әдебиетшілер 
С.Әшімбаев, Қ.Құрманғалиев, С.Оразалин, М.Шәріпхан, Б.Имашев, 
А.Қалиев, Д.Кәпұлы, Ж.Әбдікеева жазған материалдар пайдаланылды.
Рымғали Нұрғали 
26 қараша 2002 ж. 
Астана 


А 
Абай жолы 
М.Әуезов 
Қазақ әдебиетінің тарихындағы дала тағдырын мұхит тектес 
тереңдікпен толғаған “Абай жолы” роман-эпопеясының авторы Мұхтар 
Әуезовтің көпке дейін, дәлірек айтқанда, қырықтың үстіне шыққанша, 
ұлы ақынның өмірі, туған-өскен ортасы туралы шығарма жазу жоспары 
болмағанын ескерткені бар. Абай өлеңдерін бастыру, ғұмырбаянын 
жасау, зерттеу еңбектер жариялауды романға барар жол деп 
санамаған екен. Сондықтан үлкен шығарма идеясы әбден піскен кезде, 
қажетті уақытты өткізіп алғанына бармақты шайнаған. Дегенмен, ескі 
жұртта әлі де көп естелік бар-ды. Абай заманының сан-салалы 
сырларын, дәуірдің қат-қабат тартыстарын, дәлді оқиғалар, аңыз-
әңгімелерді даланың жезтаңдай, ескі көз, құйма құлақ адамдары кейде 
саф таза күйінде, кейде мың құбылтып жеткізген болатын. Абайдың 
мінезіне қанықтырған қасындағы жары - Әйгерім, ұлы – Тұрағұл, інісі – 
Шәкәрім, шәкірттері – Көкбай; Қатпа, Баймағамбеттер. Көп нәрсенің 
түбіне, түкпірлі табанына үңілу керек болған. Ел аузы Қамқа мен Қодар 
нәпсі үшін қылмысқа барған деседі. Абай үш әйел алған кісі: Ділда, 
Әйгерім, Еркежан. Дәрмен деген ақын болмаған. Жазушылық мақсатқа 
орай автор өмірлік дәлді деректерді қажет жерінде өзгерткен, керекті 
орайда жаңа кейіпкерлер, оқиғалар ойлап тапқан. 
Романда қаламгердің бұрынғы шығармаларындағы әуен-сарындар 
жалғасып, тереңдеп, байып, жаңа сападағы көркем ойлар, кемел 
бейнелер туған, қазақ тілінің адам психологиясын, әлеуметтік 
қайшылықтарды ашып берудегі орасан зор байлығы көрініп, жанрдың 
ең жоғары талаптарына жауап беретін мол мүмкіндіктері ашылған. 
М.Әуезов тұрмысы, моральдық институттарының өмірлік материалдары 
негізінде қатал реализм, сұлулық, әсемдік талаптарына дөп келетін 
тарихи роман тудыру арқылы қазақ әдебиетінің деңгейін биік әлемдік 
дәрежеге көтеріп, жаңа эстетикалық игіліктер дарытып, қаламгерлік 
ерлік жасады. 
Төрт томды эпопеялық көлемді роман қазақ қоғамының жарты 
ғасырлық әлеуметтік, тұрмыстық, отбасылық, ғұмырын мейлінше дәл, 
айқын, адал бейнелейді. Оқиғалар жыл маусымдарының төрт мезгіліне 
бірдей, тәуліктің әртүрлі сәттерінде, күн демей, түн демей, толассыз 
өтіп жатады. Аталар буыны Құнанбайлар өмірінің соңғы кезеңі, орта 
буын Абайлар өмірі түгелдей дерлік, жаңа буын Әзімбайлар өмірінің 
тал түсі, жас төл Рахымдар өмірінің басы – бірімен-бірі жалғас, 


үзілмейтін тіршілік көшінің керуені іспеттес, бірін-бірі қуалай жосыған 
дария толқындары секілді сабақтас, жалғас қалпында көрініс табады. 
Бұл бір мәңгілік толас таппас жақсылық пен жамандық, махаббат пен 
ғадауат, әділет пен зұлымдық шайқасы ретінде бейнеленеді. 
Романдағы негізгі соқталы оқиға, бас майдан өтетін орта – 
тобықты рулары мекендеген Шыңғыстау аймағы. Көршілес елдер 
Қаракесек, Уақ, Керей, Матай авторлық баяндау барысында, кейбір 
тартыс, дау-дамай кезінде ғана айтылып отырады. Шыңғыстаудың 
айналасы, іші-сырты, Хан, Орда, Машан, Доғалаң, Семейтау секілді 
әйгілі биіктер, Шаған, Ащысу, Қарауыл, Бақанас, Ертіс өзендері, белгілі 
күзеу, көктеу, жайлау, қыстаулар, толып жатқан адыр, шоқы, бел, асу, 
төбе, құдық, бастау-бұлақ, көл, ши, қорық, зират, қорым, шатқал, сай, 
аңғар, тоғай, үңгір, сүрлеу-соқпақ, жолдар алақанға салғандай ап-
айқын көркем суретке айналған. 
Жазушы бір рулы ел жайлаған ортаны бейнелеу арқылы қазақ 
тұрмысын, тұтас алғанда көшпелілер мәдениетін түгел көрсетіп беретін 
биік деңгейге көтеріледі. Көші-қонның бүге-шігесіне дейін анықтап, 
шаруашылық орайына байланысты, мал жаю талабына сәйкес жер 
отын тиімді пайдалану үшін шаруа қазақтар қолданған кәсіби 
әрекеттердің әлеуметтік тамырлары ашылады, теңсіздік, зорлық-
зомбылық, тіршілік үшін күрес сарындары сабақтас жүреді, осы 
арнадағы адамдар тағдыры бар. 
Бір рулы жайлағанмен, жалпы көлемі отырықшы шағын мемлекет 
сыйып кететін аймақтың негізгі қатынас-құралы – ат. Шығарма 
кейіпкерлерін көп ретте ат үстінен көреміз. Ат пен адам бір тұлға 
іспеттес. Жалғыз жолаушы сирек. Қатал далада топтасып жүрмесе 
болмайды. Көшпелі елдің перзенті көбіне ат үстінде. Аттың жасы, түсі, 
жүрісі, ер-тұрманы, мінез-машығы, аяңдау, желу, жорту, жорғалау, 
шабу – осының бәрін автор әр ситуацияға орай дөп басып, баяндап 
отырады. 
Көшпелі өмірдің көбесі сөгіліп, қазақ елі патша өкіметінің отарлық 
табанына түскеннен кейін, бекіністер, қалалар салынып, ендігі биліктің 
түп қазығы сол шаһарларда қағылған. Сондықтан қырда басталған 
дау-шар, бітімсіз күрес, лап еткен өрт түптің түбінде ұлық кеңсесіне 
тұмсық тірейді. Соңғы шешім сол жерде. Сол себептен романдағы 
бірқыдыру оқиға Қарқаралы, Семей, Алматы қалаларында өтеді. 
Әсіресе, Абайдың бала кезінде оқыған, кейін білім қуған, әділет 
іздеген, достар тапқан күндерінің куәсі – Семей. 
Жазушы негізінен өмірдің табиғи ағымын, уақыттың ілгері жылжу 
құбылысын көрсетеді. Абайдың он үш жасынан бастап дүние 
салғанына дейінгі қырық алты жылда оны қоршаған ортада өткен 
басты оқиғалар тізбекті сабақтастықта, бірінен-бірі туып, өрістеп, 
тарамданып, асқынып, шорт сынып, тағы бастау алып, шығындап, 


қатарласа дамып, лаулап барып өшіп, қайта жанып, құбылып, өзгеріп, 
осы арнада ондаған, жүздеген, мыңдаған адамдар тағдыры шешіліп 
жатады: жас шынар гүл шашады, кәрі бәйтерек құлайды. 
Кейіпкерлердің қазіргі өміріне тікелей қатысы жоқ, бұрын өткен 
бірен-саран оқиғалар ғана еске түсіру арқылы белгілі болады. 
Жарты ғасыр уақытты қамтитын кең тынысты, сан арналы ұлы 
шығарманың барлық тарау, бөлімдерінде көшпелі қазақ тұрмысына 
етене көрініс, сурет, тартыстармен астарлас жалпы адам баласына тән 
қайшылық күрес, қасиеттер мол қамтылып, кең көлемде терең де 
сенімді бейнеленген. 
Роман бірінші бетінен бастап соңғы жолына дейін сұсты өмірдің 
қатал шындығына суарылған. Әдемі, таза шаһарда үлкен ұстаздардан 
білім алып жатқан он үш жасар шәкірттің оқуын еріксіз үзіп, қырдағы 
күрес майданына салмақшы әке әрекеті зорлық емей немене? Ауылға 
деген сағыныш тағы бар. Қодар-Қамқа трагедиясының үстінен шыққан 
соң, екі ұдай көңілдегі Абайдың мұрттай ұшуы тән жарасы ғана емес,
жан жарасы болып бейнеленеді.
Жас жүректі отқа қарығандай болған осы қанды өлімнен кейін 
бала көңіл айнала қоршаған ортаға, үлкендер әрекетіне шошынған 
көзбен қарап, бірте-бірте суық та қатал шындықтарды сезіп қана 
қоймай, олардың әлеуметтік, философиялық астарлы мәндерін ұға 
бастайды. 
Содан барып, әуелгі үнсіз қарсылық, ішкі наразылық ұлғая келіп,
саналы күрес жолын қарай беттетеді. Абайдың азамат, қайраткер 
ретіндегі өсіп-толығуы ақындық дарынының түйін тастап, бүршік атып, 
гүл шашып, жапырақ жаюымен қатар – егіз отырады. Көне жыр, ескі 
әңгіме, аталы сөзді жадында тұтып, көңілге тоқып; Шығыс, Батыс 
әдебиеттері теңіздеріне құлаш ұрып барып, поэзияның ұлы айдынына 
шыққан Абай талантының небір тылсым сырларын, шығармашылық 
психологиясын терең бейнелеген Әуезов өнегесі - әлемдік прозадағы 
жаңа бір дәстүрлерге мұрындық болғанын, оны өз тәжірибелерінде 
пайдаланғанын көптеген қаламгерлер айтқан болатын. 
Кейіпкерлерін бір жақсылық, бір жаманшылықта сынау - Әуезов 
поэтикасындағы ерекше шебер қолданылатын өнімді көркемдік 
тәсілдердің бірі екенін, әсіресе, Абай характерін сомдау принципінен 
көреміз. Қараңыз: жылы сөз айтып, маңдайдан бір иіскемейтін қатал 
әке, мейір-шафқат төгіп, елжіреп, еміркеніп отырған әже мен ана, 
жаттан бетер жауығып кеткен туған аға, қоң етін кесіп берсе, қыңқ 
етпейтін туған іні, ата дәстүрімен қосылып балаларына ана болып 
отырған құшағы суық әйелі. Бұл бір шаңырақ астындағы кереғар 
жәйттер. Ал енді бұдан сыртқа шығып көріңіз. 
Кеше ғана тізе қосып, ел тізгінін қатар ұстаған Құнанбай мен 
Бөжей бүгін Ырғызбай мен Жігітекті соғыстырып, кісі өліміне дейін 


барып отыр. Бұл екі қошқардың басы бір қазанға сыймағаннан туған, 
бақастық, күншілдік кикілжің емес, алыс түкпірлі ниетті тіршіліктің 
қаны, өз нәсілі үшін қоныс кеңейту, жер алу мақсатынан шыққан 
арпалыс. Шындап келгенде, бұл ауыз бірліктің жоқтығынан өршитін 
таза қазақы рулық қақтығыс емес, жалпы адам баласының мәні бар, 
әулет пен әулетті, ұрпақ пен ұрпақты, халық пен халықты, ел мен елді, 
мемлекет пен мемлекетті соғыстыратын мәңгілік майдан. Сол үшін 
шекара күзетіледі, қару-жарақ жасалады, елшілік жүреді, ұйымдар 
құрылады. 
Мұхтар Әуезовтің қаламынан туған ру басылары, билер, мансап 
ұстаған адамдар кескін-келбеттерімен, мінез қалыптарымен, сөйлеген 
сөздері 
мен 
арғы-бергі 
замандардағы 
небір 
іргелі 
елдердің 
басшыларынан 
патшалардан, 
корольдерден, 
хандардан, 
дипломаттардан асып түспесе, кем соқпайды. Аспан, зәулім, биіктік, 
шыңырау тереңдік. Іштерінде алтын ертоқымды арғымақ жатса да 
титтей сыр бермейтін беріктікке бір ауыз әділ сөзге тоқтайтын 
мәрттікті, қажет жерінде руымен у ішетін ынтымақты қосыңыз. Қас-
қабақ, ым-жым, емеурін, жүріс-тұрыс, киім киіс, сөз саптау, билік-айту, 
ел басқару – мұның бәрінде мыңжылдық көшпелі мәдениет 
қалыптастырған тапжылмайтын, әбден орныққан берік салт-дәстүр 
бар. Дүниежүзінде болып жатқан ұлы әлеуметтік өзгерістер, 
отаршылық атты алапат қозғалыстар, Батыс пен Шығыстың мәңгілік 
шарпысуы, темір құрсанған болат тұяқ капитализмнің қанды шеңгелі 
сияқты ғаламат дүмпулер көшпелілер әлемін де іріте бастаған. 
Бұрынғы игілік, кәсіп амалдары, тіршілік қалпы, адамгершілік 
мұраттары енді басқа арнаға түсіп, өзгере бастаған. Жаңа өріс, соны 
нысана, өзгеше байлық тумақ. Мұны көшпелілердің ескі қауымы 
түсінбейді, келешекпен туыса табысатын жаңа төл енді келе жатыр. 
Мұхтар Әуезов осындай планеталық мән-мағынаға ие, қауымдар, 
мәдениеттер ауысуы тұсындағы сан-алуан отбасылық, әулеттік, ру-
тайпалық, халықтық қақтығыс, шайқас, тартыстар үстінде адамдық 
мінез қалыптарымен ашылатын ондаған әдебиетіне исі түркілік, 
шынайы қазақылық исі аңқыған әрі тың, әрі ғажап көркем 
қаһармандары бар тұтас сұлулық әлемін алып келді. Бұл жұлдызды 
аспанның қақ төрінде темірқазықтай болып, бойына халқының 
ғасырларда сұрыпталып екшелеген барлық асыл қасиеттерін жиған, 
әрі ақын, әрі дана, әрі қайраткер, әрі ойшыл Абай тұлғасы тұр. 
Абай бейнесін жасауда ақын өмірінің белгілі оқиғалары кеңінен 
суреттеледі, оның шығармаларындағы әуез-сарындар, мотивтер, 
идеялар пайдаланады. Бірақ жеке өлеңдерге иллюстрация, жалаңаш 
еліктеу, қайта баяндап беру дегеніңіз атымен жоқ, Абай сөздері, 
диалогтағы, монологтағы лебіздер түп-түгел ақын лексикасын, 
синтаксисті ескере отырып, тыңнан жасалған, Мұхтар тудырған. 


Ұлы ақын, ұлы күрескер шытырман, қат-қабат ғұмыры 
диалектикалық қайшылықта реалистік шыншылдықпен ашылады. Бір 
жағынан бұл қазақтың жаңа жазба әдебиетінің классигі, өмірдегі іздері 
халық санасында сайрап жатқан нақты, тарихи тұлға болса, екінші 
жағынан бұл ұлы жазушы қиялында балқып туған зор талант, мәні бар, 
мың сан қыры жарқыраған, образдық, символдық қуаты күшті, 
дүниежүзі өнеріндегі биік, көркем, ұмытылмас әдеби бейнелердің бірі. 
Адамдар рухының мың сан өзара шарпысуын кең көлемді, терең 
психологиялық талдау арқылы ашып берген күрделі романдағы ең 
үлкен сезім ағыстарының бірі – сан-салалы махаббаты алуан түрлі 
құлпырған көрік бояуымен, сәт кезеңдегі әуез-сарынымен, бұлқына 
жосыған күй-толқынымен бейнеленген, Көлденең көк аттыға елеусіз 
ғана көрінетін туған жердің тау-тасы, өзен-көлі, аймақ-даласы 
жазушының шабытты қаламында қайтадан жаратылғандай болып, 
құлпырып, жайнап, небір ғажап қалыпта көрінеді, қыс, көктем, жаз, 
күз – бәрі бар. Нөсерлетіп, жаңбыр жауады, ат құлағын көрсетпей 
боран соғады. 
Абайдың аналарына (Зере, Ұлжан), бауырларына (Оспан, Шәке, 
Кәкітай), достарына (Ербол, Базаралы, Дәркембай), балаларына (Әбіш, 
Мағауия) деген ыстық ықылас, қымбат пейілін биік адамгершілік 
тұрғысынан өмірдің сан қилы кезеңіне лайық қалыпта суреттеген 
жазушының ерекше ден қойып, зор шабытпен, ақындық ғаламат
қуатпен бейнелеген психологиялық сезімі – ғашықтық сырлар, 
махаббат әуездері. Бұл күй, бұл қалып ең алдымен Абай басына тән. 
Табиғатынан ерекше сезімтал, рухы таза, бала күнінен халық 
әдебиетінен сусындап, жадында тұтып, шығыс поэзиясынан ғашық 
жырларын оқып, тәрбие алған жас бозбаланың сұлулыққа, пәктікке, 
әсемдікке құлауы – Тоғжанмен тұңғыш танысуымен дөп келеді. Бұл бір 
ақынға, асқақ тұлғаға жарасып келіскен романтикалық, ғажайып 
махаббат. Екі жағы да өртеніп, жанып, лаулап тұр. Сол күйлерді 
жазушы бірде Абай, бірде Тоғжан толғау, монологтары, тебіренісі, 
лебіздері арқылы жас ғұмырдың салтанат жыры етіп төгілтеді. 
Астарлар, тоғысулар, ұласулар Ләйлі-Мәжнүн, Қозы-Баян, Татьяна-
Онегин болып жалғасады. 
Түптеп келгенде, Тоғжан тазалығы, сұлулығы, пәктігі Абайдың 
әсемдік мұратының биік нысанасы секілденіп кетеді, ол қанша ұсынса 
қолы жетпес алып тұғыр мәңгі тарқамас ұлы сағыныш, орны толмас 
арман секілді. Бұл күйлердің жалғасы, жаңа замандағы соны көрінісі 
болып Әмір-Үмітей, Әбіш-Мағыш, Дәрмен-Мәкен махаббат хиқаялары, 
сол сапардағы трагедиялық халдер, романтикалық серпіндер ішкі 
толқынды әлемді жайып салған, биік адамгершілік тұғырлардан 
шырқалған қымбат, асыл, жалынды ән болып төгіліп, мол сарынды 
симфониядай бойыңды балқытып, жан-жүйеңді елжіретеді. Бұл арнада 


батыр, бағылан Базаралы мен нұржүзді, науша Нұрғаным ара-
қатынасы, сыйластық, сүйіспеншілігі оқшау әсер етіп, естен кетпей, 
ойда қалып қояды. Шығармадағы диалектикалық қайшылық, тартыс, 
күрес сан-салалы, тарам-тарам, жүлге-жүлге. Әуелде зорлықпен 
оқудан қол үзген Абай темір ноқта кигендей болып, сүйгенінен 
айрылып, атастыру жөнімен үйленіп, опық жейді. Бірте-бірте өз 
әкесінің жуандығынан басталған әділетсіздік толқыны оны басқа 
жағаға, қорланғандар, қорғансыздар тобына қарай ығыстырады. 
Дұшпан жаттан да, жақынан да шығады. Бір әкенің екі баласы Абай бір 
қиырға, Тәкежан екінші қиырға тартады. Күндестік отын бықсытып 
жүрген Күнке, Мәніке, Қаражан, Ділдалар анау. Олардың жалғасы 
болып жауыздықтың жас жолбарысы Әзімбай өсіп келе жатыр. 
Бір жағынан жамандық қауласа, екінші жағынан жақсылық 
көктей бастайды. Исі Ырғызбай дұшпаны есепті Дәркембай, Базарлы 
бірте-бірте жақындай түсіп, ақыры Абай қасынан табылады. Өз 
бауырында жаралған қанаттары қандай: Әбіш, Мғауия, Дәрмен, 
Көкбай өле-өлгенше-ақ, адал пейілімен, таза достығынан айнымаған 
Ерболды айтсаңшы. 
Көшпелі мәдениетке тән этнографиялық, тұрмыс-салттық, сенім-
нанымдық, 
хұқықтық, 
әскери-саяси, 
адамгершілік-моральдық 
көріністердің барлық белгілерін толық та кең, терең де дәл қамтыған 
шығармада ерекше ықшамдылық, лаконизм бар. Қазақ елінің ежелгі 
бәр дәстүрі, арғы замандарда басталған, тіпті шариғаттың өзі де 
мұртын бұза алмаған белгілі адамға ас беру, жылы өткенше өліктің 
артын күту, азалы үй тігіп, ат тұлдап, қаралы көш жүргізу, дауыс 
айтып, көрісу дәстүрі Бөжей өлімі тұсында кеңінен бейнеленеді. Екінші 
қайтара мұндай ситуацияға оралу жоқ. 
Әншілік, серілік, аңшылық, саятшылық, құсбегілік өнерлерінің 
үлкен-үлкен бір-бір тарауларда арнайы түрде суреттелуінен осындай 
көркемдік шарттарын, қаламгерлік қатал позицияны аңғарамыз. Сол 
секілді мезгілді уақыты жеткен соң, өзіне тиесілі көркемдік-
эстетикалық міндетін атқарғаннан кейін қосалқы персонаждар ұлы 
оқиға арнасынан түсіп қалып, олардың орнын жаңа, басқа мақсат үшін 
көрсетілетін кейіпкерлер басып, соны ситуация, тың әрекет бел ала 
бастайды. 
Өмірдің небір тамаша нұрлы жақтары - әже мен ананың 
перзентке деген шексіз махаббаты (Зере, Ұлжан – Абай), аға мен іні 
арасындағы қаяусыз адалдық (Абай-Оспан) , өле-өлгенше сызат 
түспеген тамаша достық (Абай-Ербол), мәңгілік махаббат (Абай-
Тоғжан), азамат басын сыйлап жасалған қарымтасыз жақсылық (Абай-
Салтанат), ерегеспен кек алу (Тәкежан малын қуып әкету, Оразбай 
аулын шабу), жігіттіктің ләззаты түндері (Абай-Қуандық), серілік 
рахаты (салбурын аңшылық), ақындық шабыттың тәтті сәттері (өлең 


туған мезгілдер), биік әнмен қауышқан бақыт (Біржанның келуі, 
Әйгерімнің Татьяна әнін салуы), туған жердің ыстық құшағы (жайлау 
суреттері) секілді сан-алуан кез-кезеңдер романда айрықша бейнелі, 
кең тынысты, өрнекті, ырғақты бай тілмен, дәстүрлі прозаның 
реалистік әдістерімен, зор шабытпен суреттеледі. 
Іштей өзін-өзі ғажап, екіұдай болып арпалысып, ой ұшығына 
жете алмай, қате қадам басып, бармақ шайнап, от басынан опық жеп, 
ортасына сыймай, шідер үзіп кетіп, басты тауға, тасқа соғып, ұрт 
қимылға барып, содан таяқ жеп, қылмысты атанып, жазықсыз жаза 
шегіп, көп уақыттан кейін туған жерге оралып, саналы әрекетке 
көшкен Базаралының іші-сыртын жазушы тамашалай отырып, іш 
тартуын жасырмай, ашық пейілмен жарқырата көрсетеді. Бұл тұлға 
жазушы қаламынан ертеректе туған ірі қимыл иелері Бақтығұл, 
Ұзақтардың рухани туысы, дәлірек айтса, әлем әдебиетіндегі 
күрескерлер қатарына еркін аттап барып, тең қосылған, үздік 
қаһарман. 
Әуезовтің үлкен суреткерлік шеберлігінің терең ашылып көрінетін 
айқын тұсы – адам кескіндерін бейнелейтін шақ. Кейіпкер алғаш 
әрекет сахнасына шыққан бетте автор оның қолбетінің есте қаларлық 
сипат-белгілерін суреттеп береді. Адамның жалпы тұрпаты, бойы, дене 
бітімі, қимыл-қозғалысы, әсіресе, бас бітімі, бет пішіні, көзі, мұрны, 
ерні, тісі атамалап көрсетілмей, бір-бірімен байланыста, әрекет, қимыл 
үстінде, жанды – тірі қалыпта, сан алуан көңіл-күйімен толқыған, 
тебіренген, ренжіген, қуанған, жеккөрген сәтінде бой көрсетеді. 
Жазушының қырағы көзі әр түрлі нәсілді, сан алуан әулетті діл көріп, 
анық танып қапысыз танытады. Суретші қалам бір-біріне ұқсамайтын 
ондаған адамның реалистік портретін жасайды, олар тұтас көрмелерді 
толтыруға жетіп жатыр. Әуезов құдіретімен жаратылған әйелдер 
бейнелері бірінен-бірі өткендей сұлу, нұрлы, әсем: Тоғжан, Қуандық, 
Салтанат, Әйгерім, Үмітей, Керімбала, Нұрғаным, Мағыш, Мәкен. Атпал 
азаматтар, батыр жігіттер қандай: Базаралы, Балағыз, Оспан, Дәрмен, 
Әбіш, қыртысты билер, қат-қабат жуандар: Бөжей, Оразбай, Әзімбай. 
Осынау қалың шоғырдың бір тұғырында – Құнанбай, бір 
тұғырында – Абай. Екеуінің де үй-ішінде, көпшілік ортасында, далада, 
шұрай топ алдында, отырған, жүрген, ат үстінде, ойға батқан, ашуға 
мінген шақтардағы, әр кездердегі шешім қабылдап, билік айтқандағы 
кескін-келбеті барша бояуымен көз алдыңызға келеді. Бірі – 
қаттылықтың, зорлық-зомбылықтың, екіншісі адамгершіліктің, әділет-
мархаббатың бейнесіндей. 
Жазушы кейіпкер келбетін сомдау үшін авторлық баяндау, 
персонаждың өткен күндерін еске түсіру, өзіндік сөздік сипаттама, 
басқалардың берген бағасы, психологиялық саралау, ой ағымы, 
диалог, монолог, полилог секілді көркем көркемдік құралдарды 


мейлінше еркін қолданады. Қаһарман оңаша күйде, екеуара, топ 
ортасында, мәжіліс үстінде, әрекет-күрес басында, қолма-қол 
шайқаста, бір қуаныш, бір қайғыда, барлық болмысымен толық 
ашылып, оқырман назарына түседі. Әрбір кейіпкердің мойнына 
жүктелген көркемдік мақсат, идеялық салмақ бар. Романның басынан 
аяғына дейін көрініп, характерлік даралығымен толық ашылатын ұлы 
қаһармандар бір төбе болса, жеке оқиғаларға, эпизодтарға ғана 
қатысатын кейіпкерлер де бар. 
Өмір сахнасына бір буын келіп, өсіп, жетіліп, күресіп, шайқасып, 
жақсылы-жаманды тіршілік кешіп, мерзімді уақыт өткен соң, ажал 
тармағына ілінді. Көшті келесі ұрпақ жалғастырады. Тағы да қуаныш, 
тағы да қайғы. Тағы да талас, тағы да күрес. Сол мәңгілік майданның 
әлеуметтік психологиялық-философиялық роман беттеріне түскен 
ақиқаты, шындығы оқырманды эстетикалық ләззатқа бөлеп, сан тарау 
тебіреністе ойға жетелейді. 
Әлемде алғашқы екі кітап “Абай”, үшінші кітап – “Абай аға”, кейін 
төрт кітап “Абай жолы” аталуында мегзеулік мән бар. Жеке тарау 
аттарының символдық мағынасын алғаш көрсеткен Ғабит Мүсірепов 
болатын. Шығарманы орыс тіліне аудару кезінде тарау аттарын өзгерту 
ұсынысына автордың мүлде келіспейіндей үлкен негіз бар еді. 
Бір қарағанда, орасан зор көлемді болып көрінетін шығармаға 
жітірек 
назар 
салсаңыз, 
ықшамдылық, 
келісім, 
гармония 
заңдылықтарына ерекше мән берілгеніне көз жеткізесіз. 
Бірінші кітапты жеті тарау (Қайтқанда, Қат-қабатта, Жолда, 
Шытырманда, Бел-белесте, Өрде, Қияда), екінші кітапта жеті тарау 
(Тайғақта, Жайлауда, Еңісте, Оқапта, Асуда, Тарауда, Биікте), бір 
эпилог, үшінші кітапта алты тарау (Абай аға, Кек жолында, 
Қарашығын, Өкініште, Қақтығыста, Қоршауда), төртінші кітапта алты 
тарау (Түн-түнекте, Құз-қияда, Қапада, Қастықта, Шайқаста, Жұтта), 
бір эпилог – эпопеяда барлығы жиырма тараушаға бөлінген. Олар 
және жеке көрініс, ситуациялардан тұрады. 
Әрбір 
тараудың 
аты 
бөлімде 
өтетін 
басты 
оқиғаның, 
психологиялық қалпын дәл береді. Жинақтай келгенде, Абай өмірінің, 
жеке адам тағдырының бір шақтағы болмыс-бітімін анықтайтын 
оьраздық-символдық мәні күшті бейнелі сөз. Екі тарау аты, екі 
эпилогтан өзге жиырма төрт тарау аты түгелдей бір-бірімен ұйқасып, 
сабақтасып, жалғасып тұр. Нұрлы, бақытты, сәулелі сәттерден көрі, 
қайғылы, драмалы, трагедиялы күйлер көп. Мыңмен жалғыз алысқан 
данышпан, ақын ғұмырының мұңлы-зарлы шежіресі іспетті. Бірінші 
кітаптың соңында бейнеленетін шыңға шыққан жалғыз балғын шынар 
төртінші кітаптың аяғында зәулім болып өсіп барып, ақыры құлайды. 
Бұл символ. Айта берсе, романда мұндай жинақтаушылық мәнге ие 
болып кететін образ бейнелер көп, осы қатарда теңіз кейпіне 


айналатын дала, ондағы болашаққа тартқан кеме, тарих белестері 
іспеттес боп көрінетін таулар тізбегін де қосу керек. 
Әлем 
әдебиеті 
қазынасына 
ерекше 
қымбат 
көркемдік-
эстетикалық игілік болып қосылған “Абай жолы” эпопеясының 
шығармашылық тарихында, жазушының ұстаханалық баянында 
бірнеше оқшау белгілі қасиет-сапа бар. 
Қаламгердің болашақ, роман қаһармандары, олардың ұрпақ-
нәсілдері ортасында туып, алаңсыз сәбилік, бақытты балалық, 
бозбалалық, 
күдерін 
солар 
кешкен 
қат-қабат 
әлеуметтік-
психологиялық, 
тұрмыстық-этнографиялық 
табиғи-экологиялық 
қоршауда, қаймағы бұзылмаған көшпелілер мәдениеті құшағында 
өткізуі бір олжа болса, екінші сәттілік Құнанбай - Әуез, Абай – Омархан 
әулеті өзара қыз беріп, қыз алысқан, нағашылы-жиендік орайда 
туысып, ортақ қуаныш, ортақ қайғы бөліскен, сүйек-шатысты, жүз 
жылдық күйеулік, мыңжылдық құдалық рәсімін берік ұстанған жақын, 
бауыр 
адамдар 
екендігінде 
жатыр. 
Кезінде 
М.Әуезовтің 
өзі 
ескерткендей, бір ру, бір бұтақ болып, біте қайнасып кеткен. 
Мұның үстіне жазушы көптомдық шығарма тудыруға бел 
байлаған соң, өзі бейнелейтін дәуірдің басты кісілері, басты оқиғалары 
туралы тарихи құжаттарды, сол кезеңді көрген, білген адамдардың 
жадында қалған, ескі сөздерді арнайы теріп, жинап, екшеп 
пайдаланған.
Осыларға қоса әлемдік реалистік проза үлгілері, классикалық 
тарихи романдар тағылымы, қазақ қарасөзінің өз мүмкіндіктері жан-
жақты қарастырылып, терең зерттеліп, автордың эстетикалық 
мұраттарына бағындырылып, батыл шешіммен, соны шеберлікпен 
қаламгерлікпен нақты тәжірибеде ғажайып жемістерін берді. Сөйтіп, 
М.Әуезов өнер адамы мен халық тағдырын тұтас бірлікке көрсететін 
зор реалистік шығарма жазудың жаңа көркемдік мектебін ашты. 
Негізінен, өмірде өткен адамдардың басында болған оқиғалардың 
жалпы сорабын сақтай отырып, жазушы көркемдік логика, эстетикалық 
мұратты, реалистік шығарма жасау талап-шарттарын бірінші орынға 
қойған. Өз атымен, өзінің тіршіліктері нақты, дәмді әрекеттерімен 
бейнеленген кейіпкерлердің өзін сомдауда жазушы қиялға, авторлық 
фантазияға мол орын береді. Тыңнан, ойдан шығарылған оқиғалар, 
ситуациялар, бейнелер толып жатыр. Бұл ретте Әуезов шеберлігі 
шомбал шұбар тасты ойып, қашап, жан бітіріп, көркем тұлға, жауһар 
туынды жасайтын тынымсыз еңбекқор мүсіншінің азапты да рахат 
әрекеттерін еске түсіреді. 
Бір адамның, бір шаңырақтың, бір тайпаның, бір халықтың іштей 
жарылуы, осы іргеден туып, өрістейтін неше түрлі психологиялық 
хәлдер: түңілу мен үміт, қайратсыздық пен батырлық, надандық пен 
мәдениет, жақсылық пен жамандық, алауыздық пен бірлік дейсіз бе, 


әйтеуір қарама-қарсы полюстер, контраст бояулардың шарпысуын, 
ұстасулар, қақтығысулар кернеуін бейнелеудің хас шебері Мұхтар 
Әуезов түптеп келгенде, ең биік тұғыр - өмір мен өлімнің соңғы 
айқасының сан алуан түрлерін жан-жақты суреттейді. 
Жазушы алғашқы шығармаларында-ақ өмір мен өлімді қатар-егіз 
алып, екеуін де тең күйде бейнеледі. Жиырмасыншы жылдардағы жас 
Әуезов 
әңгіме, 
повестерінің 
көбі 
адамдардың 
ерікті-еріксіз 
ажалдарымен, өліммен аяқталады. Бұл енді тарих сахнасынан кетіп 
бара жатқан кешегі көшпелі өркениеттің мерт болуы деген идеямен 
сабақтас көркем ой. 
Осы сарынның тереңдеген тосқыны “Абай жолы” эпопеясының 
басынан аяғынан дейін ыңыранып ағып жатыр: Қодар мен Қамқаның 
зорлықпен жасалған қанды өлімі, намыстан күйіп кеткен Бөжейдің 
кекті өлімі, ауыр сырқаттан көктей қиылған Әбіштің аянышты өлімі, 
асарын асап, жасарын жасап, ұрпағын өсіріп болған Зеренің разы 
өлімі, қатігез, тас жүрек ру басыларының құрбандығына шалынған 
титтей Кәмшәттің ащы өлімі, кезінде қылышынан қан тамған 
Құнанбайдың шымылдық артындағы сопылық, мінажат өлімі, ең 
ақырында халқының ары мен ұяты, жаны мен сыры, өлеңі мен үні 
болған дана Абайдың трагедиялық өлімі бар. 
Ұлы жазушының бас шығармасында бейнеленген негізгі тартыс-
әділет пен зорлық, тұтастық пен алауыздық, білім мен надандық, 
махаббат пен ғадауат майданында түптің түбінде жарқын өмірдің, нұр 
сәуленің, береке-бірліктің жеңетінін мадақтаған, өзі құлай сүйіп, сол 
жолға барлық қайрат-жігерін, өр талантын, сапалы ғұмырын арнаған – 
қазақ халқының өрісті келешегі мәңгілік деген асқақ арманды үміттің 
оты маздап жанып тұр. 
Абайдың жұмбағы 
Р.Тоқтаров 
1935 жылы 13 қаңтарда Павлодар қаласында туған. Алматыдағы 
шет тілдер институтының француз тілі факультетін бітірген. Жарық 
көрген шығармалары: “Ертіс мұхитқа құяды” – роман (1962), “Бақыт” – 
роман (1965), “Терістіктің шұғыласы”- повестер мен әңгімелер (1976), 
“Тұлпардың сыны” – роман (1975), “Жердің үлгісі” – роман (1979), 
“Сусамыр” – роман (1985), “Таңбалы жарғақтың құпиясы” – роман 
(1991), “Абайдың жұмбағы” – роман-хамса, Алматы, “Әл-Фараби”, 
1999, 47 б.т. Орыс тіліне аударылғаны: “Иртыш впадает в океан” – 
роман в 2-х томах. І-том 1968, ІІ-том 1969. 


Жазушы Рамазан Тоқтаров өзінің Абай туралы жаңа шығармасын 
роман-хамса деп атапты. Бұл – жаңалық. Бізде роман сынды күрделі 
жанрдың неше түрлі үлгісі бар. Екі томдық дилогия, үш томдық 
трилогия, төрт томдық эпопея бізге бұрыннан таныс болатын. 
Тоқтаров енді бес кітаптан тұратын кесек туынды ұсынып отыр. Оған 
жоғарыда айтқанымыздай, роман-хамса деген айдар тағыпты. Екінші 
жаңалығы – бұл шығарма өзге емес, ұлы Абай туралы. Міне, осы тұста 
алдымен басын ашып алатын бір мәселе бар. 
Бізде Абай өмірінен жазылған ұлы классигіміз Мұхтар Әуезовтің 
әлемге әйгілі эпопеясы бар. Сол еңбегі арқылы М.Әуезов өзін де, 
Абайды да бүкіл дүние жүзіне танытты. Осы шығарма арқылы біздің 
бәріміздің жадымызда қалыптасқан ұлы ақынның бедерлі бейнесі 
қалды.
Ендеше бұл хамсаның өмірге жолдама алуға хақысы бар ма? 
Бақсақ, әбден бар екен. Ол турасында шығарманың прологындағы 
автордың бірсыпыра дәйекті дәлелдерінің біреуін ғана келтірейік. 
“Әр дәуір, заман талабы оның ғарышты кезген өз уақытының 
мерейі үстем Абайын сомдай береріне шүбә келтіріп болмас”, - дейді 
ол. 
Енді осы тұжырымды біз де өзімізше таратып көрейік. 
Абай біз үшін ұлы ұстаз, кемеңгер ақын, данышпан ойшыл. 
Халқымыздың рухани көсемі. Оның өзі де, сөзі де, өсиеті де мәңгілік. 
Қазақ қазақ болып тұрғанда, Абай аты өшпейді. Абай сөзі өлмейді.
Бірақ заман өзгереді ғой. Оның ғылым-білімі, ой-санасы, өмір 
салты өседі. Жаңа сапаға көшеді, жаңа сатыға көтеріледі. Сонда, 
жаңағы Тоқтаровша айтқанда, әрдайым мерейі үстем болып қала 
беретін Абайы да өзгеруі керек қой.
Тіпті Абайдың өзі мен сөзі өзгермесе де, өскен, өзгерген қазақтың 
оны ұғынуы, түсінуі жаңаша болмай ма? Демек, Абай оларға әрдайым 
жаңа бір қырларынан ашылуы біздің Абайымыз, мәңгілік Абайымыз, әр 
заманда оның өзіндік төл Абайы болады дейтініміз де сондықтан болса 
керек. 
Роман-хамсада Әуезовпен бәсекелесу де, оны қайталау да, 
әсіресе Әуезовті қайта қарау әрекеттері де атымен жоқ. Мұнда үлкен 
өмірдің біз білетін-білмейтін өзгеше бір қырларын ашу, өзгеше бір 
деректерін діттеу, өзгеше бір оқиғаларын баяндау, соларды келістіре 
суреттеу арқылы бұрын білетін Абайдың бұған дейін білмей келген 
жаңа бір бейнесін мүсіндеп шыққан көркем хикая бар. Соның барлық 
өткелегінен өтіп келгенде, біз жарық дүниеге шыр етіп келген сәби 
күнінен бастап бақиға аттанған қайғылы сағатына дейінгі 59 жыл 
өміріне түп-түгел куә болып, көз алдымызға таныс Абайдың бұрын 
өзіміз көрмеген бейтаныс әулие бейнесін елестетеміз.


Роман-хамса әрқайсысы өз өрісімен дамып, өзгеше тынысын 
тауып 
отыратын 
бес 
бөлімнен, 
яғни 
бес 
кітаптан 
тұрады. 
Әрқайсысының дем-тынысы өзінде, бас-аяғы бүтін дербес хикая. 
Олардағы оқиға өзегін ұстап тұрған негізгі кейіпкерлері кітап 
тақырыбының астында жақшаға алып көрсетілген: 
1. Толғақ (Кенесары – Құнанбай – Қодар). 
2. Жұлдыз құрбандық (Шоқан, Достоевский, Құдайберді). 
3. Қызғаныш (Халиолла, Михаэлис, Шәкәрім). 
4. Хақиқат мекені (Саққұлақ шешен, Мұса мырза, Дологополов). 
5. Нұрсипат (Мәшһүр Жүсіп, Әлихан Бөкейханов, Мағауия). 
Осы бес кітаптағы баяндалатын оқиғалардың барлығына ортақ 
өзек те, ондағы адамдардың бірімен-бірін байланыстырып отыратын 
дәнекер де, оларды бір кітаптан екінші кітапқа ауыстырып отыратын 
өткел де – Абай, соның өмірі.
Жақша ішінде аты аталған адамдардың бәрі де тарихи тұлғалар. 
Олардың бірсыпырасы, өздеріңізге мәлім, Абайдан бұрынырақ өмір 
сүрген, яғни өмірге одан ертерек келген. Бірақ, ескінің көзіндей болып 
Абай заманына дейін жеткен солардың әрқайсысында, олардың ісі мен 
сөзінде алдыңғы заманның, яғни ғасырдың алғашқы жартысындағы
оқиғалардың жаңғырығы бар. Ал, қалғандары болса Абайдың өз 
тұстастары, ғасырдың екінші жартысында жасаған, сол кезеңнің өз 
өкілдері. Сөйтіп, бұл роман-хамсада Абайдың өзі өмір кешкен соңғы 
елу жыл ғана емес, бүкіл ХІХ ғасырдың дем-тынысы бар. 
Әрине, осынау шағын мақаланың аясында кітаптағы Абай өмірін 
толығынан таратып айтып шығу еш мүмкін емес. 
Сондықтан да біздің бір ғана жайтқа, Шоқан мен Абайдың 
кездесуіне ғана тоқталып өткеніміз жөн шығар. Өткен ғасырдағы үш 
алыбымыз, үш арысымыз Ыбырай, Шоқан, Абай үшеуінің жас шамасы 
деңгейлес бола тұрып, олардың қазақ даласының бір өңірінде туып, 
бірін-бірі көрмей-білмей кеткені біз үшін орны толмайтын өкініш еді. 
Бұл жай ғана өкініш емес, тағдырдың өзі маңдайымызға жазып тұрып, 
таңдайымызға татырмаған, құдайдың өзі беріп тұрып, пешенемізге 
бұйырмай кеткен сыбағамыз. Әсіресе, қазіргі Қостанай облысының 
жерінде, бір ғана Тобыл мен Обаған өзендерінің арасында туып, 
бірімен-бірі кездесе алмаған Ыбырай мен Шоқан, немесе Семейдің 
топырағын қатар басып жүріп, бірін-бірі сырттай ести жүріп жүздесе 
алмаған Шоқан мен Абай араларында айтылмай кеткен сөздер біздің 
аузымыздан жырылып түскен несібеміз еді. 
Рамазан Тоқтаров өзінің осы романында әлгі оқпандай 
олқылықтың бір қуысын толтыруға әрекет жасапты. 
Ол Абай мен Шоқанды кездестіреді. Бір емес, үш мәрте. 
Алғашында кадет корпусын бітірген жас офицер Шоқан әкесімен бірге 
Құнанбай ауылына келеді. Сонда алғыр дарыны мен зерек зейінін 


аңғарған он жасар Абайды ұнатып қалып, келесі жылы Семей 
медресесіне әдейі іздеп барады. Қасында досы Достоевский бар. 
Үшінші жолы Шоқан Атбасарда болыс сайлауына түсіп жатқанда Абай 
әкесіне еріп барып жүздеседі. Осының үшеуінде де Шоқанның Абайға 
аңқылдаған ақ көңілден айтқан ағалық ақылы мен ақ тілегі: оқы, 
ғылымға тереңдеп сүңгі, сонда өмірге көзің ашылады. Ақындық 
өнеріңді дамыта бер, әбден ойланып барып, қағазға түсіріп жаз, сонда 
өлмейтін өнерің ұрпақтарға қалады. 
Осы ақыл Абайдың бүкіл өмір бойына көкейінде мәңгілік орнап 
қалған өсиет сөздері болады да, Шоқанның жарқын бейнесі мұның көз 
алдында асқан адамгершіліктің үлгісі ретінде үнемі елес беріп жүреді. 
Өмірде кездеспесе де кездесуі әбден мүмкін адамдардың бір-
біріне ыстық ықыласын осылай шындыққа айналдырған жазушы қиялы 
барынша құрметтеуге лайық деп ойлаймын. 
Жас Абайға осы үшеуінен кейін қатты әсер еткен бір адам – ел 
ішінде Шайхы атанып кеткен Дәулетбай қажы. Ол мұсылманша терең 
білімді, Шығыс ғұламалары мен ақындарының мұрасына жетік және 
сол білгенін халықтың игілігіне қалтқысыз жұмсап жүрген бір елгезек, 
жанкешті кісі. 
Сол Шайхы ата Абайдың медреседе оқып жүргенде Шығыстың 
жеті жұлдызын өзіне пір санап, солардан медет тілеп жазған бір шумақ 
өлеңінен Шәмсиді ерекше бөліп алып, сол жайында Абайға көп-көп 
әңгіме айтады. 
Толық ныспысы Шәмсиден Гебризи атанған бұл ғұлама кезінде 
Жәлелдин Ұрыми сынды әйгілі ақынды тәрбиелеп шығарғанын жырдай 
қылып баяндайды. Өлер алдында өзі Абайға дәл сондай ұстаз табуды, 
ондай адам кездесе қалса, ұлтына, нәсіліне, тіліне, дініне қарамай, 
шынайы жебеушім деп қабыл алуды өсиет етеді. Көп ұзамай, дәл 
сондай ғұлама ұстаз бұған нәсіп болатынын болжап айтады. 
Айтқандай-ақ, Абайға ондай ұстаз кездеседі. Ол – кәдімгі өзіміз 
білетін қадірменді Евгений Михаэлис. 
“Дүниеге көзімді ашқан Михаэлис” деп Абайдың өзі мойындаған 
бұл кісінің ақынға деген шынайы достық ықыласы мен білімдарлық 
ыждаһаты романда мейлінше сыпайы ізеттілікпен өте тартымды 
суреттеледі. Жалғыз Михаэлис емес, одан бұрын-соңды таныс-біліс 
болған орыстың зиялы адамдары атап айтқанда, сол Михаэлиспен 
рухани туыс Долгополов, Гросс, Коншиндерден бастап, әртүрлі 
лауазымдағы интеллигент шенеуніктер: заңгер Лосовский, ояз бастығы 
Измаилов, генералдар Цеклинский, Колпаковский, белгілі ғалым 
Потаниндерге дейін әрқайсысы өз кезегімен Абайға иіліп ілтипат 
білдіреді. Соған орай, олармен араласа жүре, ой-пікір алыса жүре, 
Абай да өзінің табиғи даналығын, білім деңгейінің өскендігін көз 


алдарында танытып отырады. Солардың ерекше сый-құрметіне 
бөленеді. 
Романда Абайдың азаматтық, адамгершілік бейнесінің ерекше 
жарқырап, жайнай көрінетін данышпандық тұлғасының, ақындық 
дарынының ерекше кемелденген тұстары көп-ақ. Оның Михаэлиске 
еріп, Ұлытауға баруы, сол жерде қазақ тарихынан терең тебірене сөз 
сөйлеуі, сол үшін әкімшілік орындарына сезікті көрініп, Омбыға 
апарылуы, онда губерниялық сот мәжілісінде не бір маңғазданған 
қасқалар мен жайсаңдар алдында көсіле сөйлеп, бәрінен мойын 
оздыруы, сөйтіп, өзін ақтап шығу үстіне билік орнындағы әкімдерден 
құрметке бөленуі, Әз Тәукенің “Жеті жарғысы” мен Шоқанның сот 
реформасы негізінде қазақ даласын басқарудың тұтас бір жүйесін 
жасап беруі, т.б. оқиғалар – ел алдында, жоғары әкімшілік орындары 
алдында Абай беделінің асқақтап көтерілуіне айқын айғақтар болып 
көрінеді. 
Жинақтап айтқанда, Рамазан Тоқтаровтың бұл туындысы қазіргі 
қазақ әдебиетіне қосылған сүбелі үлес. Көркемдік дәрежесі жоғары, 
мазмұны бай, ұлы Абай бейнесін өз заманының мәнді оқиғаларымен, 
көкейкесті проблемаларымен табиғи байланыстыра отырып, шынайы 
суреткер шеберлігімен сомдаған бағалы туынды. Әсіресе, Рамазанның 
тіл байлығы, суреттеу шеберлігі, кейіпкер бейнесін сомдау машығы 
оқырманды ерекше тәнті етеді. Сондықтан бұл ірі шығармаға Абай 
атындағы мемлекеттік сыйлықтың берілуі өте орынды болды. 
Абайдан соң 
К.Оразалинов 
Камен Оразалыұлы 16 маусым 1920 жылы қазіргі Шығыс 
Қазақстан облысы, Абай ауданы, Құндыз ауылының Қылышбек 
жайлауында дүниеге келген. Каменнің аталары Тайсеміз бен Төрегелді 
Абай Қоңыр Көкшеге болыс болған кезінде өте сыйлас адамдарынан 
саналған. Сол себептен Оразалының өзі де жас күнінен Абайды көріп, 
біле жүріп, беріректе оның ақыл кеңесінен көпті үйренген. 
Қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезов 17 қазан 1943 жылы 
“Социалистік Қазақстан” газетінде жарияланған “Абай ауылында” 
деген очеркінде былай дейді: 
“Өр көңілдің өжетін, ез көңілдің керенауын, бой күйезін айтам 
десе, онда да Абай тап басып, таңба соғып, айтып кеткен болады. 
“Жүрек адырдағы” қарт колхозшы Оразалы. Ол кісіден көп сөз естіп, 
көп тоқыған баласы Камен. Мұның өзі оқыған, өзі жазушы. Отан 


соғысынан жаралы болып қайтқан жас жігіт әкесі білген әңгіменің 
көбін зор ынтамен айтады...” 
Камен алғашқы сауатын Құндызды аылындағы Ақтас бастауыш 
мектебінде ашып, кейіннен осы күнгі Абай атындағы орта мектепте 
оқыған. Содан Семейдегі № 11 орта мектепке түсіп, оны 1939 жылы 
бітіріп шығады. 1938 жылы Семейдің облыстық “Екпінді” газетінде 
“Күзетте” деген алғашқы өлеңі жарияланады. 1939 жылы орта мектепті 
бітірісімен Қызыл армия қатарына алынып, кіші командирлер мектебін 
бітіреді. 
Ұлы Отан соғысының алғашқы күнінен бастап, қиян-кескі 
ұрыстарға қатысып үш рет ауыр жараланады. 
Камен Оразалы Семейдің педагогикалық институтының қазақ тілі 
мен әдебиеті факультетіне 1944 жылы түсіп, оны 1947 жылы бітіріп 
шығады. 1948 жылдан 1987 жылға дейін Абай ауданындағы Абай 
атындағы 
орта 
мектепте 
мұғалімдік 
қызмет 
атқарып, 
содан 
зейнеткерлік демалысына шығады. Абай атындағы орта мектеп 
жанынан жылына үзбей шығып келген “Абай ұрпақтары” қолжазба 
журналының 40 жыл бойы редакторы болып, ауданның өнерлі 
жастарын тәрбиелеуге еңбек етті. 
Камен Оразалының қаламынан ондаған көркем очерктер, 
мақалалар, “Жексен”, “Ақ жазық”, “Көктем салқыны”, “Абай ауылына 
саяхат”, “Абайдан соң” (4 кітап), “Абайдан соңғы арыстар” (3 кітап) 
атты романдар туған. 
Ол “Қазақстанның еңбек сіңірген мектеп мұғалімі” (1965 ж.), 
“Абай ауданының құрметті азаматы”, “Қарауыл ауылының құрметті 
тұрғыны” атты құрметті атақтармен қоса “Октябрь Революциясы” (1978 
ж.), “І дәрежелі Отан соғысы” (1941 ж.), “3 дәрежелі Даңқ ордені” 
(1941 ж.), “Парасат” (2000 ж.) ордендерімен және 13 медаль, Қазақ 
ССР-ы Жоғары Кеңесінің 4 Құрмет Грамотасымен марапатталды. 
Оның халыққа таралған ең сүбелі туындысы Мұхтар Әуезовтің 
жастық шағын бейнелеген төрт кітаптан тұратын “Абайдан соң” атты 
романдары. 
Роман Абайдың бұл дүниеден өтуімен басталады. Мұхтар жеті 
жасар болғанымен ақылды. Зерек бала өз ауылымен қатар 
жайлаудағы басқа көршілерінің де қарбалас, абың-күбің көріністері 
жалпақ елді дүрліктіргенін көреді. Бір ауыл көшіп жатса, екіншілері 
қонып жатыр. Қалың-қалың көштер мен айдалып келіп, жаңа қонысқа 
тоқтамай шұбыра 
шапқыласқан 
жылқыларда 
есеп 
жоқ. 
Шаңырақтары 
көтеріліп 
жатқан 
ауылдардың 
маңында 
семіз 
жылқыларды бұғалықтап тақымға басқан азаматтар да бірлі-жарым 
емес, қазылып жатқан жер ошақтардан ұшқан түтіндер. Бала-шақбақ 
өңірін тұншықтыра басып, тақырлау төбелердің басына үйездеген 
жылқылар құйрықтарымен аңызақ шақырады. Жайлаудың осы 


көрінісін қақ жарып “ой, бауырым!” салған аянышты жылаулар, 
адамдардың дауыстары бір сәтке де толастамай қазақ даласын 
күңірентіп жатты. 
Абай қазасы кезінде ұлы жанның ата дұшпаны Аташбайдың 
(Оразбайдың) өз адамдарын алты жүз боз аттарға мінгізіп және 
киімдерін де ақшыл түстен жарақтауы жалпақ елге аңыз боп тарайды. 
Абай дүниеден өткенмен ескі өшпенділік басылып қалмайды. Шыңғыс 
болысы Шөпішті Омархан мен Нұрмағанбеттің өз үйінен байлап әкетуі 
бұрын естілмеген сұмдық боп, ел арасын ушықтырады. 
Дәл осы бір уақытта Абайдың балалары әкелерінің кітабын 
Петербордан басқыздырып, қазақ даласына ұлы оқиғаның жарық 
дүниеге келе жатқанын паш етеді. Қарақшылар бұл кезде де қарап 
жатпай, 
кітап 
басқызуға 
апара 
жатқан 
малдарды 
базарға 
сатқыздыртпай жолдан талап әкетуі де баяндалады. Шөпіш өзінің 
туған інісі Ұлықпанға оязға арыз жазғызу арқылы оны өлімге 
ұрындырады да Әзімбай мен Абай балаларының арасындағы 
өшпенділік ұлғая түседі.
Әуез баласы Қасымбек Камелетдин медресесінен өзі де шығып 
кетіп атасының дегеніне көнбей інісі Мұхтарды да 5 кластық қалалық 
училищеге түсіреді. Абайдың өлеңдерінің баспа бетін көруі, Абай 
ауылы жастарының түн қараңғылығын жамылып кеп ояз кеңсесіне 
шабуыл жасауы Семейдегі қазақ оқыған жастарының алғашқы бас 
көтеруі болып табылады. 
Абайдың тірі кезінде достасқан орыс достары енді ақынның 
балаларымен бір тілекте болады. Ақынның Петербордан алғашқы 
кітабының жарық көру де еліміздің тарихындағы ұлы құбылыс екендігі 
жан-жақты суреттелінеді. Романның бұл кітабында Мүрсейіттің
Мұхтарға алғашқы сабақ беруі, әжесі Дінасыл мен анасы Нұржамал, 
әкесі Омарханның да оқиғаға араласуы заңды шешімін тауып отырады. 
Осы алғашқы кітаптағы оқиғалар желісін үзбей дамытып, Абай 
өскен ортаның тарихи шындықтарын ұрпақ алдына кеңінен суреттеп 
жеткізеді. Бұл кітапта ел арасының бірлігін бұзбау мақсатында 
Әйгерімнің төркін жұрты Матайлармен қайтадан құда болысып, 
Наймантай баласы Әйкежанды Мұхтарға айттырады. 
Абай бұл дүниеден өткеннен кейін, ел арасындағы ру жігінің 
бұрынғы тартысы басылудың орнына ерекше дәуірлеп, топ жинаудың 
жаңа түріне көшіп, адалдықтан қаныпезерлікті іздеп, өртті өшіруге бой 
бермейді. 
Отарлық саясатын нық ұстаған патшаның ченеуніктері ел ішіндегі 
бұл тартысты ушықтыра түсуге әрекеттенеді. 
Шыңғыс болысы – Шөпіш, Матай руының атақты байы және 
сотқар болысы Мұсабай, Мәмбетей руының болысы әрі Семейдің 
атақты байы, Қаражанның құдасы Ике Әділ балаларының ұйымдасқан, 


қолкүші мығым тобы жаңалыққа ұмтылған Абайдың кейінгі ұрпағына 
жаулықтың барлық түрін жасайды. Семей ұлықтарымен достасқан олар 
Жидебайдан келімсектерге қалашық салдырады. Бұл Абайдың 
балалары мен туыстарына жасаған қастандығы еді. 
Жидебайдың орыс переселендері орналаспаған жерлерінің бәріне 
Шөпіш Бәйтікке өрт қойғызады. Ушыққан осындай қастандықтан келіп, 
Шөпіш болысты Омархан мен Нұрмағанбет ат артына өңгеріп, Әуез 
ауылына әкеледі. 
Қасымбек сырқат. Оның дертін асқындыру үшін, Ағзамды 
старшын сайлатып, Абай ауылдарымен жауластыруға әрекеттенеді. 
Переселен Соколов Абай балалары жаққа шығып ірі тартыстар 
басталады. Бұрын Ике мен болыстар итжеккенге айдатқан Тәуке батыр 
айдаудан оралады. Досы Жекебай оны қорғаушы. Абайдың жары 
Күнжан Абай елінің оқып жүрген Семейдегі жастарына Абай өсиетін 
насихаттайды. 
Мұхтар 
осында 
“Біржан 
мен 
Сара” 
ойынын 
ұйымдастырып, театр ұғымын жастарға көрсетеді. Қасымбек пен 
Мұхтарлар Нұрмағанбет пен Боранбайдың еліне қонаққа барып, 
сарымсақты өңірде қырғыз Бақтыбай батырмен табысады, оған Мұса 
Шортанұлы деп қайтадан ат қояды. Бұл өзінің бүкіл өмірінде Абай 
елінің бір баласы боп кетеді. 
Ел арасының өшпенділік тартысы бір сәтке де толастамай, қала 
мен даланы бірдей шарпыған зұлымдық күннен күнге өрши түседі. 
Матай руындағы Наймантайдың қызы (Әйгерімнің сіңлісі) 
Әйкежанды Мұхтарға айттырған еді. 
Мұсабай болыс Наймантай мен оның әйелі Тотиды өзіне қаратып 
алады да итжеккеннен қашып кеп, тауда тығылып жүрген Серікқұл 
дейтін қашқынға қызды ұрып жығып, өңгертіп жібереді. 
Алуан түрлі қастандықтар өрби түсіп, жас Мұхтардың дүние 
танымын өсіріп, қиянкескі оқиғалардың куәсі етеді. 
Болыс Мұсабайдың қолынан Ағзамды құтқарған Соколов, 
Нұрмағанбет, 
Мұхтар, 
Боранбайлардың 
әрекетін 
“поштаны 
тонаушылар” деп солдат шығартады. Абайдың шығармаларын 
Петербордан басқызып шығаруға базарға сатбақ жылқыларды 
Күшікбайда қаланың ұры-қарыларына тонаттырып, ел арасының 
жаулықтарын 
Уақтың 
қаладағы 
беделді 
болысы 
Ертемен
ұштастырады. Қала чиновниктерін де жан-жақтан әкеліп, осы 
шайқастарға қатыстырады. Абайдың іні-балалары Кәрім мен Кәкітай, 
Мекайлдер оқиғалардың негізгі діңгегі боп отырады.
Бұл 
романдағы 
ірі 
оқиғаның 
бірі 
Қаражанның 
ағасы 
Аймағанбеттің Жүзтайлаққа құда түсуі. Көксеңгір мен Зайсанда 
жасалған байлардың тойындағы іс-әрекеттер, Мұхтарды сүйсіндірген 
өнерлі жастар да оқиғаларды қызғылықты ете түседі. 


Мұхтар үш жыл бойы жазғы демалыстың кезінде де елге қайтпай 
қала кітапханаларында білім іздеумен болады. Елге оралғаннан кейін, 
күніне бір мезет жайлау өңірін аралап серуендеуді әдетіне 
айналдырады. 
Бүгін ұзаңқырап кетіп қайта оралған еді, ағасы Қасымбектің іздеп 
жатқанын естіп, ағаш ішінен оның өзіне жасап берген саяжайына 
келді. Семинарияны бітірген Қасымбек енді Ресей қаласының бірінен 
жоғарғы білім алуға ұмтылады. Бірақ оның денсаулығы күн санап 
төмендеп, ол еркіне жібермейтін сияқты. Сондықтан да ол үміт етіп 
жүрген інісі Мұхтардың ілгерілеп білім алуын қадағалайды. Бұлардың 
әңгімесінде 
орыс 
халқы 
мен 
Еуропа 
жазушыларының 
ұлы 
классиктерінің еңбектері туралы әңгіме қозғалады. 
Абайға жаулық жасалған Көшбике де Мұхтарға үлкен әсер етеді. 
Тәуке мен Жекебайдың оқиғаға араласуы романды ширықтыра түседі. 
Мұхтарға айттырылған қалыңдық Әйкежанды қашқын Серікқұлға 
өңгертіп жіберген Мұсабайдың қастандығы әшкереленеді. 
Көксеңгірде Жүзтайлаққа Қаражанның той жасауы жалпақ елді 
дүбірлетеді. Тойда Тәуке, Ағашаяқтар ерекше көзге түседі. Мұсаның 
ерлік көріністері де осы тойда бой көрсетеді. 
Оқыған жастарды жинап алып, Сәлкен төренің Тәшеннің қызы 
Жамалға Мұхтарды үйлендіргісі келуі де осында сөз болады. Тойдың 
соңы Қоянды жәрмеңкесін қазақ байларының бірлесіп, орыс 
капиталистерінен тартып алуы әңгіме етіледі. Осы кезде Абайдың өлең 
кітабын шығару мәселесі де қолға алынады. 
Мұнымен бірге “Еңлік-Кебек” пьесасын Мұхтардың өзі жазып, 
Ойқұдықта қоюы да суреттеледі. Пьеса Абайдың өз үйінде қойылады. 
Бүкіл сахара елін ұйқысынан оятқандай болған “Еңлік-Кебек” 
оқиғасының атақ-абыройы елге тез тарайды. Абай ауылынан басталған 
бұл жаңалық бірден бірге тез тарап, үлгі-өнегесін шаша бастайды. 
Романда Мұхтардың 1916 жылы Шаған елінде мектеп ашуы да 
кеңінен суреттелген. 
Мұхтардың Мағауия қызы Кәмешпен көңілдестік, достығы да 
осында суреттеледі. Мұсабай өзінің кегін қайыру мақсатында Мұхтар 
мен Кәмешті айырып, Кәмешке құда түседі. Абай ауылының құда 
болуға наразылығы болғанмен қарсы тұра алмайды. Осыдан келіп, 
Әуез ақсақал Мұхтарды Торғай руының Кәкен деген адамының Райхан 
деген қызына үйлендіреді. Зорлықпен үйленген Мұхтар мен Райханның 
арасында келіспеушілік ұлғая бастайды. Кәкеннің ойы Мұхтар болыс 
боп, ел билесе, оқымай-ақ болыс болса деп ойлайды. Осы үшін 
Кәкеннің ағайындары да кісілік тізгінін қолдарына алуларын 
армандайды. Сәлкен төре “Алаш орда” туралы тиіп-қашып сөз етеді. 
Оның негізгі мақсаты оқыған жастарды тек өз маңында ғана арқандап 
ұстауды көздейді. Сәлкен төре алашшыларды сөз еткен боп, өзінің 


үстемдігін 
орнатып, 
әкім 
болуды 
армандайды. 
Мұхтардың 
білімдарлығына қызыққан ол оны өзінің көмекшісі етіп алуға 
жанталасады. 
Бақанас жайлауындағы Көкбай үйінде Меккайіл мен Мұхтар бар. 
Абайдың ақын шәкірті Ойқұдықта қойылған “Еңлік-Кебек” пьесасы 
туралы көсіле сөйлеп, өз пікірін жария етеді. 
Абай ауылынан басталған жаңалық Абайдың көзі тірі кезінде 
басталған ру тартысын өршіте түседі. Оған басты себеп, пьесада ел 
аруағына сиынатын Кеңгірбай биді Еңлік пен Кебекті өлтіруші етіп 
көрсетті деп кінә артады. Бөкенші мен Жігітек руларының ішінен ұрлық 
жасағандары үшін Сібірге айдалған адамдарының кегін алуды 
көздеушілер көп болатын. Олар ел арасы жақын келгендіктен, бүкіл 
найман елін кісі өлтіруші етіп көрсетті деп жазғырады. Осылайша 
қалың ел арасында наразылықтар өршиді. Ел арасының осы 
наразылық тартысын басу мақсатында Тастүлекте пьеса қайта 
қойылды, Көкбай жаңалық дүниесін көру үшін, ел арасындағы өнерлі 
жігіттеріне тегіс хабар тараттырады. Ағашаяқ, Қалибек, Әмірелер ел 
алдына шығады. Осы кезде Шаған болысының ел билеушілері ұры 
атандырып, айдатып жіберген Тәуке оралады. Тәуке Қарақұмнан 
қашып шығып, Абай еліне керейдің Жекебай батырын ерте келеді. Аз 
уақыт өтпей жатып жетісулық Жүрсінбек байдың Айсұлу атты қызын 
Тәуке елсізде ұстап алып, қолында сақтағандығы көптеген пәлелерді 
Тәукеге жауып, Тоқбықтылар Тәукедей ұрыны ұстап отыр, оны заңға 
ұстап бермейді деп ақыры сотты Ташкенттен алады. Тобықты елінің 
Шәкәрім, Көкбай, Меккайіл бастаған алпыс адамын ұстатып 
Сергиополь түрмесіне жабуға алдырады. Бұл жағдайды естіген Тәуке 
60 кісіні абақтының жауабынан босаттырып, өзі кеп абақтыға жатады. 
Кейіннен қыз бенен Тәуке беттескенде Айсұлу батырды түрмеден 
шығарып жібереді. Ел арасының наразылығы ұлғайып Ойқұдықта 4 
арыстың басшылары жиналып, Мұхтарды жазалауды тілейді. Бірақ 
Абай ауылы ақсақалдық биліктің бұл шешіміне көнбейді. 
Бұл кезде Орынборда қазақтардың алғашқы съезі өтіп, ол жедел 
ІІ съезді өткізуге қаулы алады. 
Өз билігін ғана ойлап жүрген Сәлкен төренің ол туралы да түсінігі 
шамалы еді. Абай ауылының басшылары Алашшылардың ұйымына 
мүше болмайды. Осы тұста Мұхтардың “Адамшылықтың негізі - әйел” 
атты алғашқы мақаласы “Арқа” газетінде басылады. “Абай” журналын 
шығару туралы келісімге қол жеткізіледі. 
Шәкәрімнің Саят қорысындағы кездесуі, тарауында елмен 
Шәкәрімнің жан-жақты байланысы сөз болады. Ол Әзімхан, Мұсабай. 
Шөпіштердің Абай ауылдарына біріккен шабуылынан басталады. Бұл 
жанжалға темір жолда жұмыс істеп жүрген орыстар да араласады. 


1916-жылғы әскерге шақырылуға Ағзам да ілігеді. Ең ауыр 
жағдай - Қасымбектің дүниеден кетуі. Райханнан дүниеге келген 
Мұғамиланың шілдеханасында Мұхтар – Сұлтанмахмұт, Иса, Жүсіпбек, 
Жұмат, Жанбикелермен кездеседі. Бұлар Қамбар мен Назымды 
сахналайды. Кітапта Мұхтардың Алашшыларға көзқарасы және жаңа 
дүние жаршыларымен оның байланысы кеңінен суреттелінеді. Әуез 
ақсақалдың дүниеден қайтуы, Мұхтардың Семей коммунистері Шугаев, 
Никитиндермен пікірлес болуы, жаңа дүние жаршысы бола бастаған 
Мұхтардың Алашшылардың Семейге қоныс аударуына да пікірлестігі 
көрініс береді. Бірақ, ол атаған партияға мүше болмайды. 
Мұхтардың туған халқы үшін бар білімін жұмсауға, тартынбай 
жаңалық атаулыға ұмтылысы айшықты тілмен таратыла суреттелінеді. 
Азамат Азаматыч 
Б.Майлин 
Б.Майлиннің проза саласындағы ең көлемдісі – “Азамат 
Азаматыч” романы. Ол – дәуір шындығын кең қамтыған, көп планды 
шығарма. 
Романның тақырыбы – қазақ кедейлері қатарынан оқыған, 
интеллигенция өкілдерінің дайындалып шығу жолы. Кітапта бұл Азамат 
Азаматычтың образы арқылы беріледі. Жалшы Күркілдектің баласы 
Қожалақтың балалар үйінде тәрбиеленіп. “Азамат” деген ат алып 
шығуы – оның жаңа қоғамның қатардағы азаматы болып, заман жүгін 
көтеруге жарағанының белгісі.
Роман уақиғасы оқу бітірген Азаматтың Қарасай қаласына келіп, 
мекемеге жаңа жұмысқа орналасуынан басталады. Ескішіл жат топтар 
оны өз қолдарына қондырып, сол арқылы өрісін кеңейте түсуді 
ойлайды. Бұрын ақ армиясында офицер болып, большевиктерді 
қырған, бүгін жасырынып жүрген тап жауы Рақым Шегіров оны өзінің 
балдызы Мариямға үйлендіреді. Рақым маңындағы жат типтер 
Кәдірбаев, Қайдар, Жүніс т.б. әртүрлі жолдармен Азаматты жолынан 
тайдыруға қызмет етеді. Солардың ықпалымен таптық қырағылығы 
әлсіреп, күресте босаңси бастаған Азаматты мекемесінің қызметкерлері 
Алексеев, Медеу, Қайша, Шәймерден т.б. қамқорлыққа алады. 
Романда Азамат үшін тартыс өрістейді. Осы жолда бас герой саяси 
қоғамдық жұмыстардың, семьялық өмірдің, адал азаматтар мен 
жасырынған тап дұшпандарының арасындағы қарым-қатынастың неше 
түрлі сынынан өтеді. Осы талас-тартыста өз мінез-құлқын да 
характерін де қалыптастырады. Ақыры жаулар әрекеті әшкереленіп, 
Азамат халық жағында қалады. 


Жиырмасыншы жылдар ішінде кедейлер ортасынан шыққан жаңа 
басшы кадрлардың тәрбиеленуі – үлкен қиын жол болатын. Оларға 
ескі күштер көп кедергі жасап бақты – сүріндірді, қателестірді. 
Бейімбет үлкен суреткер есебінде Азаматтар басынан кешкен осы қиын 
жолды ешбір оңайлатпастан табиғи да шын қалпында оқушы көз 
алдына жайып салады. 
Азаматтың өз дәуірінің негізгі қайраткері болып қалыптасуының 
өзіндік жолы бар. Герой бойындағы ұяңдық пен жұмсақтық көп 
жағдайда оның тап жауларымен қарым-қатынаста босаңдық көрсетуіне 
әкеліп соғады. Ол Мариямның қолына оңай түсіп, оның айтуымен 
Мариямның бөлесі маскүнем Жүніске арашашы болады. Қайдар деген 
өзінің Мариямға жиен екенін айтып, жақындыққа тартады. Осылардың 
бәрін Азамат көп уақыт аңдамайды. Тек шын достарының араласуымен 
ұғына бастайды. 
Романның ұнамды кейіпкері Алексеев, Медеу, Шәймерден, 
Қайшалар – жаңа заманның рухани тазалығын, жігер-қайратын бойына 
сіңірген адамдар. Мариям үйінде бұрын жалшы болған, бүгінгі 
Азаматтың ат айдаушысы Медеу Азаматты қоршаған топтың зұлымдық 
істерін байқап, Азаматты сақтандырады. Алексеев Азаматты жат 
топтан бөлу үшін жиі-жиі командировкаға жіберетін болады. Сөйтіп 
Азамат Мариямдар ортасынан біртіндеп бөліне бастайды. Ең алғаш ол 
Қайдар үйіне қонаққа бара алмай қалады. Кейін колхозға біріге 
бастаған ауылды Қайдарлардың қаншама ірікті салып отырғанын 
көреді. Ауылдағы шараларды іске асыруға қатысқан Азамат Қайдар 
мен Рақымдардың дегенін істемей, адал жолын ұстайды. 
Романдағы ұнамсыз типтер күшті жасалған. Олар – ескі заманның 
беделді қайраткерлері. Бүгін тонын теріс айналдырып киіп, құбылып, 
жаңа дүниеге де ықпалын жүргізу қамында жүр. “Соңғы жылдың 
ішінде осы губернияға тиісті жұмыстың қандайына болса да, Рақымның 
ақылы қатыспай қалған емес, - деп жазады Бейімбет. – Қатынасқаны 
сол – барлық жұмыс осы Рақымның сілтеуімен орындалып отырды десе 
де болады. Ең арғысы бірер кеңсеге қызметке қойылатын адам да 
Рақымның 
ұйғаруымен 
қойылатын. 
Рақым 
мұны 
Кәдірбаев, 
Борсықбаев, Бұқабаевтар арқылы орындап отырды”. Осы үзіндіден 
Рақым Шегіровтың ықпалы күшті адам екені көрінеді. Жаңа келген 
қызметкер Азаматты танып, оған Мариямды жұмсаған, сөйтіп астыртын 
екеуін үйлендіруге қатысқан, Азаматты қыз үйіне кіргізіп алған да осы 
Рақым. Кейін Азамат бұлардың ынтымағынан алыстай бастаған 
кездерде де Мариямды қайрап, тіпті командировкаға кеткен адамның 
артынан жіберуге дейін барады. 
Мариям – үстем таптың әлсіреген кезде өз мүддесін сақтау үшін 
қолына ұстаған қуыршағы. Сиқыр амалды, бірақ сыры танылып, 
қоғамнан аластала бастаған тип. 


Тап жауларын суреттеуде жазушы біраз сатиралық образдар 
жасауға барады. Бір кезде басшы қызметтерде болып, төмендеп 
Қарасай қаласына келген Кәдірбаев – қазіргі кезде істен гөрі сөздің 
адамы болуға көшкенін көреміз. Оның маңында Бұқабаев, Борсықбаев 
сияқты қулар бар. Олар рухани тозып, өмірден сырыла бастағандар. 
Кәсібі – арақ ішу, карта ойнау, топ-топ болып жиналып қонақтау. 
“Азамат Азаматыч” романы – реалистік прозаның елеулі табысы. 
Оның идеялық түйіні – Азаматтардың шын мәніндегі азамат болуға бет 
бұруы мен оны тәлкек етпек болғандардың өмір соққысына ұшырауы. 
Автор оны зор табыспен орындап шыққан. 
Роман тілі көркем, кестелі. Онда байсалды шыншылдықпен қатар, 
ескіге деген зілді сықақ молырақ ұшырайды. 
Б.Майлин – қазақтың көркем прозасын бастаушылардың және 
онда 
реалистік 
үлгілерді 
дамытушылардың 
бірі. 
Жазушы 
шығармаларының басты қасиеті ретінде оның өзі өмір сүрген дәуірдің 
басты мәселелерін өткір де батыл көтеріп, халық тіршілігін реалистік 
планда кең суреттей алғанын айтуға болады. Ол қарапайым көп өкілін 
әдебиеттің басты кейіпкеріне айналдыра отырып, дәуірдің іргелі 
мәселелерін соның өсу, ояну, жаңару жолымен байланыстыра көрсетті. 
Қандай тақырыпты алып жырласа да Бейімбет жаңа заманның 
жасампаз күшіне үн қоса, адамдар бойына күш, рух дарытып жатқан 
өзгерістер әсерін мойындай, кейіпкерлеріне мойындата жазады. 
Бейімбет шығармаларына өзек болған уақиғалардың бірқатары – 
нақты өмірде болған жайлар. Оларды бастан кешкен адамдар да 
жазушы жерлестері. Өзіне таныс уақиғалар мен адамдар тіршілігін 
суреттегенде жазушы сол күйінде ала салмай, әлеуметтік өмір
талаптарына сәйкес өткірлендіре, кейіпкерлерін “таныс бейтанысқа” 
айналдыра 
жазады. 
Оның 
шығармаларын 
оқу 
үстінде 
өмір 
көріністерінің жанды бейнесі елестейтіні де сондықтан. 
Б.Майлин қазақ ауылы өмірінің сан-салалы, қиын да жұпыны 
шындығын әсерлемей, сол қалпында бейнелеуді ұнатады. Бұл – оның 
жазушылық стилінің басты ерекшелігі. Әбден үңіле қарасақ, сол бір 
қарапайым шындықта терең астар барын, қоғамдық дамудың жаңаша 
бір арнаға түсе бастағанын аңғарғандай боласың. 
Жазушы шығармаларын көбінесе нақты бір жеке адамның 
тағдырына құрады. Уақиға да соның тіршілік, талабы арқылы өрістейді, 
сондықтан шашырамайды, жинақы келеді. Сөйтіп, сол жеке адамның 
басындағы тартыс, күрес арқылы заман талабына лайық жаңа 
геройдың тууын бейнелейді. “Раушан-коммунист”, “Шұғаның белгісі”, 
“Азамат Азаматыч” сияқты шығармалардың өзі бұған дәлел 


Ай қанатты арғымақ 
Р.Нұрғали 
“Ай қанатты арғымақ” романы нақақтан жала жабылып “халық 
жауы” атанған арда азамат, қазақ театрының тұңғыш режиссері Жұмат 
Шанин тағдыры мен ол өмір сүрген қоғамды, зымиян заманды, соған 
сай Сәлімрахман секілді сиықсыздарды суреттейді. 
Жеке басының жемсауы үшін халқы тұрмақ қарындасын да қанға 
қиюға бар қазақ оқығаны Бақтияр мен өз мүддесі үшін Отанын да оққа 
байлайтын ойсыз Сәлімрахмандардың сатқындығынан қазақ халқының 
қан жұтып, жапа шеккені, шым-шымдап иіріміне үйіреді. 
Жазушы сталиндік зұлмат заманның зардабын осылардай іштен 
шалатын шалағай індеттерден іздейді. Және оның жауабын да нақты 
кейіпкерлердің іс-әрекеттері арқылы айқындайды. Оны колхозға 
“бірігуден бас тартып, шоқпар көтеріп, мылтық атқандарға қосылып, 
шекрадан арғы бетке өтіп кетпек болып, қашып бара жатқанда” 
шайқаста мерт болған үлкен әкесі сексендегі Дәулет қажы мен, өз 
әкесі алпыстағы Несіпбайға көңіл айта барған Жұматқа жастайынан 
бірге өскен досы Бақтиярдың “екі көзі шатынап”: - Иман? Қайдағы 
иман оларға. Топырақ? Бұйырған жоқ топырақ оларға”, - деген зілді, 
суық та сұмдық көзқарасынан да байымдауға болады. 
Алақанына салып аялап өсірген атасы мен туған әкесінен 
мансабын биік бағалайтын Бақтиярлардың әр замандарда да 
болатынын, бұлардан бауырмалдық, рахымшылық күтудің артықтығы 
астарланады. 
Романның бас кейіпкерлерінің бірі – Бақтиярдың бұл мінезін сол 
кездегі уақыт, заман салымына сайсақ та, оның бала шағынан бірге 
өскен досы Жұматқа бұлай жауап қайыруы, ішкі әлемін, түпкі таным-
табиғатын таразылайды. 
Жазушыға жанрдың жапырағын жайқалтып, кеңістігін кеңейтуге, 
кейіпкерлердің ішкі әлемін байытып, кескінін көркейтуге, өмір 
шындығының шынайы сипат алуына тағы да Жұмат Шанин жайлы 
зерттеу еңбегінің ерекше септігі сезіледі. Жұматтың өмірдегі, өнердегі 
ой арманы, араласқан адамдары, басынан кешкен тағдыр тауқыметі 
көркем шығармаға да көшіп қонғандай... 
Ең бастысы – автор негізгі қаһарманына қатысты кітаптың кілтін 
тапқан. Жұматтың балалық шағынан бастап, өскен ортасы, солдат 
болып сандалып, қара жұмысқа жегіліп, қан жұтуы, қайтып келіп 
жауапты қызметтер атқаруы, соңыра қазақ өнерінің қара шаңырағын 
құрып, театр өнерін өркендетуі нақты деректер негізінде роман рухына 
қан құяды. 
Әрбір оқиғаға, кейіпкерге, уақыт, қоғам қағидаларына қанық 
жазушы шығармасына шырай үстеуге шебер. “Адасқан күшік секілді 


ұлып жұртқа қайтқан ойды” ғалым Нұрғали зерттеу дүниелерінде 
қалай тоқытса, жазушы Рымғали да көркем туындысында солай 
сыйдыра алады. Және өзіне өміріндей ыстық, етене кейіпкерлерінің 
қадыр-қасиетін, қай жерде қалай сөйлеп, қимыл әрекеттерге 
баратынын әбден біледі. Сондықтан да қарапайым тіршілік қанға 
тарап, туынды табиғаты тонның ішкі бауындай жарасып, жанды 
баурайды. 
Орыс патшасына солдатқа алынып, қара жұмыстың қамытын 
киген қамырықты қиын күндерін “көрлақатта” бірге өткерген Жұмат, 
Тастан, Сәлімрахман өмірден көк жөтелдің қысымымен қыршын кеткен 
Ғазиз бейнелері оқырманды бейтарап қалдырмайды. 
Қай-қайсысының да өз табиғатына тән ішкі ой, арманы, болмысы 
бар. Әсіресе, Ғазиз өмірі өкінішті... Небәрі он алты жастағы өнерпаз 
жігіттің аянышты өлімінен орыс патшалығының оспадарлығы туралы ой 
қылаңытады. “Қайран өнері өзімен бірге өлді. Ұрпағың бордай тозып, 
күл боп ұшқыр қу патша лағнат саған, лағнат”, - дейді кітап 
кейіпкерінің бірі. 
Жұматқа томпайған жас қабірден атып шығып, Ғазиз айқайлап 
тұрғандай көрінді: “Ағатай-ау, мені тастап кеткенің бе? Тым болмаса 
домбырамды тастамашы. Домбырамды...”. Өзіміз өлсек те өнеріміз 
өшпесінші дегендей тілек толқиды. Осы ой роман рухының тіршілік 
тамыры тәрізді. Жұмат жүрегімен тел тыныстайды. 
Жалпы кейіпкер кеспірі арқылы қоғамның, ұлттың, уақыттың 
аясын астарлау, романның жемісті желілерінің бірі. Мұны орыс 
патшасының қолшоқпар құлы Холоповқа, “сырықтай ұзын офицерге”, 
латыш азаматы Балташас, Арманд Вилисовичке байланысты байытуға 
болады. 
Холопов... – Тарғақбет. “Бетінің әр жерін біреу қаламмен ойнап 
отырып түртіп-түртіп жібергендей, қаптаған ноқаттары бар. Жігіттер 
алғаш көргенде-ақ оның шенін де, атын да, фамилиясын да лақтырып 
тастап, Тарғақбет қойып алған. Бөгде жұрттар саналып, окоп, 
траншея, түрлі қорғаныс, бөгет салу жұмыстарына жегілген” қазақ 
жігіттеріне қаны қас. 
Сырықтай ұзын офицердің де сықпыты сондай: “Сен бұралқы 
неме мазақ қылмақсың ғой? Табанда атып тастайын ба? Кім сұрар екен 
сенің құныңды! Жабайы қырғыз. Қара мұны, орыс армиясы үшін окоп 
қазғаныңды сен неге бақыт санамайсың өзіңе! Даланың босқыны! – 
дейді Жұматқа. 
Ал, латыш жігіті Балташас болса қазақ жігіттерінің ауыр 
жағдайына аянышпен қарайды. Аспазшы жігіт қолдан келген көмегін 
аямауға әзір. Қазақтармен қоян-қолтық араласып, ағайындасып кетеді. 
Әсіресе Жұматқа жаны мейір. Сөйлесе, сырласа келе байырдан білетін 
жандай бауыр басып алады. 


“Бізге жақсылықтан басқа ойлайтыны жоқ бұл азаматтың” – дейді 
Жұмат. Аты-жөнін естігендер: “Ойбай-ау, өзіміздің жігіт екен ғой. 
Балташы – ұлы әкесі, Біліс - өз әкесі, аты Арман, сонда бұл 
ұзынтұраның қазақ болмағанда несі қалды, Жұмеке, руын айтып 
жіберсеңіз енді” – деп жымиып, жылы қабылдаған жігіттер мен латыш 
азаматының бұдан кейінгі өмір тағдыры бір қазанда қайнайды. 
Қазақтардан құшақ жазбаған Балташас та басын бәйгеге тігіп, 
қиындық пен қорлықты бірге бөліседі. 
Бұл арқылы да көркем шығарманың шым-шымдап санаға салар 
салмағы, айтары, алға тартары аңғарылады. Ұр да жық, ожар орыс 
офицері мен құл мінез, қара ниет Холопов – Тарғақбеттің топас түйсігі 
қазақ халқына деген орыс патшалығының қарау көзқарасы. Мұндай 
мұндарлықтан кейбір шовинистік пиғылдағы парықсыздардың әлі де 
арыла қоймағаны анық. Оны жасырып, өтірік көлгірсуден көсегіміз 
көгере қоймас. 
Бұған дейін де қазақ әдебиетінде жазылған жуан қарын 
романдарда орыс кейіпкерлеріне жөнді-жосықсыз жастық төселіп, 
жасанды қаһармандардың қатары көбейгені мәлім. Рас, олардың 
ішінде де аракідік адал азаматтардың болғанын, базбір туындылардан 
табиғи түзілім тапқанын айту парыз. Дегенмен көп шығармаларда 
шалағай кейіпте, мақсатты түрде балапандай балағандары да жасырын 
емес. Мұны кеңестік дәуірдің саясаты мен салтанатына сайсақ, 
Рымғали Нұрғалиұлының бұл романы да сол “жылымық” жылдардың 
жемісі. Бірақ білікті жазушы жасандылыққа жол бермейді, жалтақтыққа 
да жүген салдырмайды. 
Бұл сипат жетпіске келсе де жігері қайтпаған көзі қарақты 
ақылды, ақынжанды Дәрібай мен іші қанжылап, ата-мекенін қимай 
арғы бетке ауып бара жатқан жалғыз ұлы Арыстанға қатысты тұстарда 
тереңдеп, мол мағыналы мазмұнға иек артады. Жазушының да жаны 
толқып, бауыры жазылып, кейіпкерлерінің көз жасындай қимас 
сезімдерін тебірене толғайды. 
Көптеген 
көркем 
шығармаларда 
кеңес 
өкіметі 
орнап, 
большевиктердің билік басына келуіне байланысты олардың кейбір 
өктем, содыр саясатына көңлі толмаған, орынсыз, зәбір, жапа көрген 
жандардың қарсылығын басбұзарлыққа, бұзықтыққа балап, қашқын, 
сатқын ретінде сүмірейте суреттелгені мәлім. Тіпті науқандық нәубет 
тәрізді біржақты, топырлата, тоғыта жазылып жазғырғаны да жасырын 
емес. Бірақ, шындығында солай ма еді? 
Міне, “Ай қанатты арғымақ” романы бұл сауалға да жауап іздейді. 
Талтүсте туған жерге, туған тілге, тума ділге тарпа бас салған 
бассыздықтарға жаны төзбей, амалсыз арғы бетке өтуге бел байлаған 
Арыстанды кеңес өкіметінің өлшеміндегі “қанды қол қарақшыға, 
қашқынға” қимайсыз. Қайта тілектестік, ниеттестік бейіл билейді. Бұл 


да орайын тауып, орнымен, себебіне сендіре отырып, нәзік астармен 
абайлап, айта білген қаламгер білігінің бір белгісі. Автор ұрымтал 
тұсты ұтымды айтудың, айыпқа алдырмайтындай амалын тапқан. 
Ол әке мен бала арасындағы теке-тірес. Бірі - әкесі ата мекенді, 
жаңа өкіметті жаны езіле жақсы көрмесе де, жақтайды. Көпті көрген 
көзі ашық Дәрібай ұлының ішкі жан толқынысын түсінсе де, кеңес 
өкіметінің ұзын құрығынан қаймығады. Жалғызын жоғалтқысы 
келмейді. Әліптің артын бағуды байқастайды.
Мұнда 
өзге 
шығармаларда 
суреттелетіндей 
бай-құлақ 
құйыршықтары да көп көрініс бермейді. Және олардан жасқанып, 
жаны үшін амалсыз кетіп бара жатқан Арыстан жоқ. Арыстан арманы 
асқақ. Жағымсыз кейіпкер ретінде аталатын Жадай тобына қосылуы да 
оның қоянжүректігінен емес, “Құлақ кескен құл” болып жүргенше, 
айдалада тентіреп жүрген ұл болуды” қолайлы көреді. 
Сендерді желіктіріп, құтыртып, атқа қондырып жүрген кім? Қай 
түрлен түртті”, - деген әке сауалына: “Зорлыққа шыдамай атқа міндік. 
Кешегі ата-бабамның қыстауына басқаның келгенін, кешегі өз 
жайлауыма бөтеннің қонғанын көріп отыра алмаймын. Ішім өртеніп, 
жаным күйіп бара жатыр. Шыдай алмай бұлқындым. Іштегі дерт 
өлтірер болды. Қосылдым содан кейін қашқан босқындарға. Арғы 
бетке кетеміз”, - дейді асыл ұл. 
Бұл тұста қаламгерді құрдымнан құтқарып тұрған бір бейне бар. 
Ол Дәрібай. Өйткені жазушы оны: “Қазіргі ұран теңдіктің, 
бостандықтың ұраны. Әділет, тазалық, пәктік, байрағы желбіресін деп 
жатыр. Бай мен кедей, жақсы мен жаман теңелмек, міне, балам ертеңгі 
келешек, - деп тебірентеді. “Сәбетке” сенімді көрсетеді. 
Сөйтеді де: “Пәлі аға. Қарашы жан-жағыңа. Қасқыр мен түлкі, 
арыстан мен қоян, бәйтерек пен итсигек – олар да табиғатта тең 
тұрған жоқ. Бәрінің тегі бөлек, жөні басқа, тіршілігі әрқилы” – деп 
Арыстан пайымы арқылы ақиқатқа астар салады. 
Бұл да жазушы Рағамның жаңа қыры. Кейіпкер толғанысы 
арқылы толғақты, ащы шындықты айта білу артықшылығы. Ал, 
жазушы үшін жалын сипата бермейтін бұл сипат Рымғали Нұрғалидың 
прозалық дүниелерінен осылай сиымды сөз береді. Әрине көркем 
туындының 
табиғаты 
тек 
кейіпкер 
шынайылықтарымен 
ғана 
шектелмейтіні шындық. Оның керегесін кеңейтіп, кемелін өркендететін 
өзге де бай болмыстары бар. Роман рухын көтеретін көркемдік 
кестелердің тылсымы – оның тұтас тағдырымен табиғи жұлындасып 
жатады. Әрине мұның бәрі де ең алдымен жазушының өмірді, өнерді 
тану талантымен тағдырлас. 
“Ай қанатты арғымақ” романындағы осындай оқшау игіліктің бірі 
– шығарманың аты мен затына сай сұлу суреттелуі. Арғымақ ат пен 
адам арасындағы ара-салмақтың сараланып, ой көздеріне оқпан болуы 


– көркем дүниенің көркін үстеген. Жазушының жылқы әлемін жетік 
білуі, тұлпарлар тағдырын танып, шебер де шынайы бейнеленуі – 
шығармаға болмысты бояу сыйлайды. 
Қазір қала тұрмақ, дала өңірінің өзінде жоқтың қасылық жағдайға 
душар болған жылқы жағдайы, атбегілік өнер, шашасына шаң 
жұқпайтын жүйріктерге алдын-ала сәуегейлік айтып, құмалақ тартып, 
баға беретін білікті сыншылар, бапкерлер, бәйге, атшабыстар “ай 
қанатты арғымақ” романының тағы бір тың табысы десек артық 
бағалау болмас. Ұлтымыздың ұмыт қала бастаған дәстүрлік 
қағидалары да қанат жайып, “Табаны қызса тай озар, арқасы қызса ат 
озар, тегіне тартса, тұлпар озар тәрізді” байламдар билік құрып, 
“Төртеулеп жүріп, Көкқасқаға тамыр шөп жегізіп, ақ биенің сүтін 
ішкізіп, тас бұлауға түсіріп жаратты”, “Қаншырдай қатқан, мейіздей 
кепкен жүйріктер оқ жыландай сусылдап ойқастап жүр” секілді сәулелі 
сипаттар сыр тиегін ағытып, суретті бейнелердің бесігі тербеледі. 
Бала шағынан жылқы арасында, желідегі құлынмен жараса өсіп, 
жүйрік мініп, желдей ескен, арғымақ танып алысты аңсаған болашақ 
қаламгердің аттың ащы теріне телілік жасамай, алашапқын екпініне 
еліріп, есі кетпей, жүйрік пен жабының екі дай ерекшелігін екшеп, 
атадан көрген атбегілік көрегендігін көкірек-көзіне ұйытып, жан 
дүниесіне жинай білген жастың жазушылық қаламы жылқы, жүйрік 
жайын суреттегенде суырыла шауып, шабыттың шалқұйрығы бірден 
бауырын жазып, көмбеге көсіле тартады. 
Мұндай 
мазмұн 
әсіресе 
Көкқасқаға 
қатысты 
толғаныста 
шығарманың ширауын шешімдеп, болмысын байытады. Автордың оны 
Көкқасқамен үзеңгі қағысып, аламан шабыста итжығыс келе жатқан 
Сүйрікқара сезімі арқылы суреттеуі де табылған тәсіл. 
Шіркін-ай қазіргі шалымы мынау, менің жасымда қалай сілтеді 
екен. Сүйрікқараның өзі онға келген, оймақтай жері қалмай толған. 
Құлынында лақша секіріп жүрді, басқалардай тамағының асты іріңдеп, 
сақау шыққан жоқ. Байқап келеді, Көкқасқа мұның ғұмырын екі рет 
жасаған, кем салғанда жиырмада. Тектісін-ай сабаздың, өзгелер бұл 
тұста тарлан тартып, бозарып жүнжіп кетеді, тізеден-тізе қалмай 
мүжіліп, сарқайраққа айналады, көзі былшықтанып көрмейді. Ботакөз 
жылқының бәрі” жүйрік, қырғый көз жылқының бірі жүйрік деуші еді. 
Сол “мыңнан бір шығатын қырғый көз осы болмасын”. 
Бұл бәйгенің бел қапталында келе жатқан Сүйрікқараның 
Көкқасқаға көңіл аударуы. Айтулы жүйріктің жан алаңы арқылы автор 
Көкқасқа жүйріктің биігін белгілейді. Халықтық тіл құнары қарапайым 
да, қымбат, бай болмысымен баурап, жазушының жіті, жинақы 
желідегі ой ағыны әсерлі әлдиге бөлейді. Басы артық, аспа-төкпе, 
артық бояулардан бойын аулақ ұстайтын ұстамды суреткердің 
шығармасы шынайы, кейіпкерлері де кесек, жаныңа жақын тұрады. 


Жарын мезгілсіз жоғалтып, жанын мұң меңдесе де, күйеуінің 
аруағына арнап ас тартып, қымыз құйып, ақ дастарханын жайған 
Ақтамақ, қолы ашық, көңілі пәк, жұртқа тек жақсылығын ғана жалау 
еткен шежіреші, шынайы жүрек Құдайберген, Жұматпен тағдырдың 
тас шеңгелінде, көрлақатта, оспадар орыс патшалығының боданында, 
қайла ұстап, қара жұмыста ең қымбат та қимас күндерін бірге өткізген 
адал, ақкөңіл Тастан, қатарынан үш бірдей құлынынан қол үзіп, қайғы 
жұтып, қара жамылса да, жары Жұматтың жанын ұғатын, ішкі 
әлеуметтік жағдайды барлап, бағалай білетін Жанбике романның 
рухын ұстап тұрған ұтымды бейнелер. 
Ал, бұған қазақ өнерінің қайта оралмас біртуар тұлғаларын 
қоссақ, нақты өмір шындығынан туған туындының абыройы аспандай 
түсері анық. Сұлу өнерлеріне сырттай қанық оқырман, олардың 
өмірімен қоян-қолтық қауышып, тірідегі ірі іс-әрекеттеріне қызық та 
қиын, әрі күрделі тағдырларына куә болады. 
Қазақ театр өнерінің қарлығаштары, аттары аңызға айналған 
Әміре Қашаубаев, Иса Байзақов, Серке Қожамқұлов, Қалибек 
Қуанышбаев, Құрманбек Жандарбеков, Елубай Өмірзақов тәрізді 
біртуар таланттардың тар жол, тайғақ кешулі өмір-өнерлері романда 
нақты өмірлік сипатта суреттеледі. 
Бұл тұста да жазушының зерттеушілік танымдылығы мен 
табандылығы тағы да көмекке келіп, көркем дүниенің жапырағын 
жайқалтып, құнарын молайтады. Тағдырлы кейіпкерлердің әрқайсысы 
бір-бір театрға тұрарлық табиғаты талантты туынды арқылы 
оқырманға ой салады. Жазушы олардың күнделікті ішкі қыр-сырын, 
дара туған тумысын таратып, тәптіштеп жатпайды. Таланттар 
табиғатындағы құлыпты құпиялардың кілтін мегзейді. Найзағайдай 
жарқ етіп жоқ болатын жалқы сәттік сәуледен із көрерлік ишарат 
жасайды. 
Мұның бәрін жазушы текті таланттардың кұнделікті қарапайым 
өмірінен өріп, репетиция, гастрольдік сапарлар сәттерінен саралап, 
сәулелендіріп отырады. 
Жазушының тілі шұрайлы, халықтық бояуларға қанық. Өмірді 
көре білуі, тіршілікті тануы табиғи. Оны Алтай өңірі мен Семейдің сұлу 
даласын суреттеу айшықтары анық аңғартады. Әсіресе жазушы 
Қоянды жәрмеңкесінен қол беріп тұрғандай көрінеді. Уақыт, дәуір сол 
қалпында, айна-қатесіз кітапқа көшіп-қонған. Бұл да Рымғали 
Нұрғалидің өмір шындығын өнер шындығына айналдыра алған роман 
жанрындағы жемісі. 


Ақан сері 
С.Жүнісов 
“Ақан сері” романында Ақан Абай сияқты өмірге көзқарасы жаңа 
қалыптаса бастаған кезден емес, аз да болса, өмірдегі теңсіздік 
мәселесін аңғарып қалған күйде жүздеседі оқырманға. Әрине, екінші 
кітаптағыдай басына түскен ауыртпалықтан қысым көрген Ақан есейіп, 
өмірге көзқарасы байып, үлкен күреске әлі шыға қойған жоқ. Патша 
мұрагері – Цариевичке қазақ халқы атынан үлкен шағым айтатын 
дәрежеге ол әлі жеткен жоқ. Ақан - әдемілікке, әсемдікке ғашық, 
өмірдегі сұлулыққа, өнердегі пәк тазалыққа ғашық. Халқы оны сері 
атандырған. 
Жалпы алғанда, шығармашылық адамдарында өзгеше бір 
ерекшелік бар: олар да өзге пенде сияқты кәдімгідей өмір сүреді, ал 
қиялдарында олар бейне екінші, басқа бір әлемнің адамдары сияқты 
күн кешеді. Ақын - өнер адамы. Ол өзін күнделікті күйкі тұрмыс-
тіршіліктен аулақ, кербез, сырдаң ұстайды, өмірден сұлулық іздейді, 
әдемі өрнек, сымбаттылық көрсе, өмірдегі жоғалтқан жоғын тапқандай, 
балаша қуанады. 
“Ақан сері” романында да демократтық көзқарастағы, жаны 
сұлулыққа ғашық, ізгі жүректі орыс әйелі Анна Ивановна – уезд 
начальнигі Измайловтың әйелі. Орыс жұртынан ең алғашқы боп, 
Ақандай ардагер ақынның өнеріне табынып, жалпы, қазақ өнеріне 
(әншілік өнеріне) тәнті болған да осы Анна Ивановна. Осынау орыс 
әйелінің мына бір сөзінен Ақанның жан дүниесіне үңіліп, оның қандай 
адам екенін болжауға болады. Анна Ивановнаның Ақанмен Сағынай 
асы кезіндегі серуен тұсында әңгімелесуі бас қаһарманның образын 
айқын ашып тұр. 
“Өз басым композитор, ақын атаулы мұңсыз болады деп 
ойлаймын. Жаны нәзік жанның сезімі өрмекшінің өрмегіндей болмашы 
желдің өзін тез аңғарғыш қой. Мен де сіздің жаныңызды тереңірек 
түсінсем бе деймін” (“Ақан сері”, 313-б.). 
Тарихтан білеміз, халық сөзін сөйлеген, халыққа бір табан жақын 
тұратын Ақан, Жаяу Мұса, Мәди сияқты өнер адамдары зұлмат 
заманда өктем күш иелерінен озбырлық көрді. Олай болуы заңды да 
еді. “Имеген иттерге бас сері, дархан” деп ақын жырлағандай, олар 
болыс-би, атқамінер байлардың шашбауын көтеріп өлең айтқан жоқ. 
Керісінше, сол озбырлардың халыққа істеп отырған қылығын аяусыз 
беттеріне басты. 
Ақанда сұлу сөз, сырлы да әсем ән көп. “От тілді, орақ ауызды” 
ақын зұлмат заманның шүйделі мықтыларына өткір сөзі, удай ащы 
тілімен тойтарыс беріп, бүкіл жұртты аузына қаратады. Ал Мәдиде 


сөзден гөрі іс басым, әрекет басым. Туған өлкесінің халқы аштыққа 
ұшырап, қырылу қаупі туғанда Мәди еш ойланбастан халқын аштықтан 
құтқару қамына кірісіп кетеді. Жас кезінде сүйгенінен айырып, жас 
жүрегіне жазылмас қаяу салған Түнекбай, Төкеш шонжарлардың 
жылқысын шауып алып, Шомбал сияқты алпауыттан кек алады. Сонау 
жас кезінде жүрегіне түскен әділетсіздік жарасы Мәдиді үлкен 
күрестерге аттандырады.
“Ақан серінің” бірінші кітабында айтылғандай, Сырымбет 
саласындағы, Қаратал қойнауындағы, Ереймен баурайындағы сері 
басына түскен үш соққы жеңіл теперіш емес. Жаны нәзік, табиғатынан 
сезімтал, кірпияз, сұлу жанды Ақанға тағдыр Сырымбет саласында 
аяулы да адал махаббаты Ақтоқтыдан айырылу сыйын әзірледі.
Әлібектің Қарабедеуімен Ақтоқтысын алып қашқан Ақан қолға түскен. 
Кеше ғана атын сырттай естіп, жүзін бір көруге іңкәр болған жастар 
енді Жалмұқанның атшабарлары болып, аяулы серіні қолға түсіріп, 
үнсіз қоршап тұр. Осы тұста Ақтоқты характері бар болмыс-бітімімен 
дараланып, оқырман алдында анық айқындала түседі. Ол қапылыста 
қаза табар Ақанның тағдырын ойлап, мына қара нөпірдің, қара күштің 
алдында амалсыз жуасып, бас иді. Жалмұқан соңына ергендер – 
“ертең өкіне білсе де, бүгінін ойлай білмейтін шел көздер тарпа бас 
салып, өз әнін, өз сәнін, қасқырша таламаққа даяр. Олар қазір өз 
жүрегі қалаған ғашығы үшін күйген Ақан сері дегенді ұмытқан. Ру, ата 
намысын лайлаған жау тұр деп қана түсінеді. Бөлтірікше баулынған 
жау жүректер қазір қыл арқанды жазықсыз жандардың мойнына 
бұғалық етіп тастап, қарауыл қотанында әулекіленіп, дырылдата 
сүйретуі де ықтимал” (“Ақан сері”, 136-б.). 
Ақтоқты: 
“- Ақан аға, кездігіңді маған беріңізші, - деді... 
- Ақан аға, хақ тағала сіз екеуімізді қосылуға жазбаған екен. 
Мен үшін жүдеп, ессіздердің алдында қор болмаңыз. Ақтоқтылар көп. 
Ақан сері біреу қарауылда. Мен сізге татымайтын сол көп 
Ақтоқтылардан аса алмаған бір бейбақ екенмін. Сізбен бірге болу 
қолымнан келмеді. Бұғалыққа мойын ұсынар көп жасық қыздардың бірі 
ғанамын. Өмір бойы енді сіздің адал жүрегіңіздің, махаббат 
періштесінің қарғысы атсын мені. Мен енді сізбен еркін серуен құрар 
азат Тоқты емеспін, көгендегі басы байлы қара тоқтымын” (“Ақан сері”, 
136-б.). Ақтоқты бұл жерде әйел теңсіздігі сияқты шынжыр-бұғаудан 
құтыла алмай, басқа түскеніне көніп, шерменде болғанның көз жасын 
көлдете мойындап та тұр. Ескі заманда қазақ қыздары мен әйелдерінің 
бәрі бірдей ескі салтқа мойын ұсына бермейді. Сондай-ақ ескі салт-
дәстүрге еш қарсылықсыз мойын ұсынып кете бергендердің қатарына 
“Абай жолындағы” Тоғжан, Ділдә т.б. жатқызсақ, эпопеядағы 
Керімбала, Салтанат, Нұрғанымдар аз да болса бостандық, махаббат 


еркіндігі үшін қарсылық жасайды. Ал Үмітай мен Салихалар батыл 
күреске түседі. Әуезов романда әйелдердің әрекетсіздіктен қарсылық, 
наразылық білдіруге дейін барып және жай наразылықтан әрекет, 
қимылға көшкенін, сөйтіп, бостандық, еркіндік үшін күрестің 
эволюциялық дамуын көрсеткен, әйелдердің ертеңгі күні бостандық 
алатынына оқушының сенімін тудырған. Ақтоқты да Тоғжан мен Ділді 
сияқты ескі заңға мойын ұсынған, бағынған көп қазақ қызының бірі. 
Дәл осы тұста бір айтар жайт, осынау Жалмұқан тобының алдында 
Ақан неге үнсіз? Басынан сөз асырмайтын адуынды Ақан көп 
шәуілдектің ортасында неге үнсіз қалды? Ақан сынды ақынның 
болмыс-бітімін даралайтын тартыс осы жерде өзінен-өзі туып тұрған 
жоқ па? Автор өз кейіпкерін бұл жерде лайықты көрсете алмаған. 
Өнер адамының басынан өткен кез келген кездейсоқ биографиялық 
ұсақ-түйектерді жиып-теріп көрсетудің керегі аз.
Жүнісов те өз кейіпкерін әр оқиға сайын өсіріп, әр қырынан 
көрсете білуге ұмтылып, оның патша мұрагері атаман Николай 
Алексеевич алдында бүкіл қазақ халқы атынан халық мұңын, ел тілегін 
айтуы – жазушының ғана тамаша шеберлігі емес, роман қаһарманы 
Ақан тартысының ең шырқау биігі, ең шырқау шыңы. Ылғи шен-шекпен 
киген ел жуандары мен патша ұлықтары қоршаған мұрагер. Өріп 
жүрген әкімдер... Осындай тұста патша ұлына қарсы сөз сөйлеу үшін 
қандай жүрек, қандай батылдық керек десеңізші! Тек жүректілік қана 
емес, елім деп, халқым деп соғар ұлы жүрек керек қой ақын кеудесіне. 
Ақан осынау қатерлі іске неліктен барды? Автор өз қаһарманын 
үнемі даму үстінде көрсетіп, ақыры, осынау үлкен күреске қосып тұр, 
және нақты дәлелдеме, психологиялық мотивировка арқылы. 
Халқының көзіндегі жасты, көкірегіндегі мұңды сезімтал ақын жан 
жүрегімен көре білді. Хадиша, Ақтоқтылар трагедиясы, серінің өз 
басына түскен Сырымбет саласы, Қаратал қойнауы мен Ереймен 
тауларындағы үш ауыр тағдыр соққысы, жылқысы барымталанған 
керей жуандарының момын елден жалғыз қарасын сыпырып алғандағы 
халық көзіндегі шерлі жас, Нұртаза, Науан, Нұрмағамбет, ояздардың 
қалың бұқараға жасап отырған әділетсіздігі, үстемдік қанауы – осының 
бәрі-бәрі Ақанды үлкен күреске шығарды. Осынау оқиғалар әділетсіздік 
атаулыға қарсы күреске Ақан бейнесін тұлғаландырып қана тұрған 
жоқ, сонымен қатар сол замандағы дәуір тынысын, заман лебін бар 
болмыс-бітімімен көрсетіп тұр десек – артық айтпағанымыз. Беу, 
дүние-ай десеңізші! Кешегі серілік құрып, халқына ардақты боп, елінің 
айызын сұлу әнімен қандыратын тамаша күндер қайда? Серісін ортаға 
алып, жүздері бал-бұл жанған думанды серіктері қайда? Қиыла, ұяла 
қараған бойжеткендер, әннің жетегінде түн ұйқысын қиып таң атқанын 
білмей қалатын қалың бұқара, еңбекші халқы қайда? Оралмасқа 
кеткені ме, шынымен? Ақан осылай мұңайып, осылай толғанды ғой, 


әрине, дау жоқ. Нұртазаның зымияндығына алданған көзсіз ер 
жігіттердің ісін қумақ болып Ақмолаға барғанында Жайынбек үйіндегі 
советник Тұрлыбек Күшенұлына ақын ашынған жүрекпен соқтыққанда 
дүниедегі 
әділеттік 
атаулының 
жоқтығына 
қынжылып, 
бар 
болмысымен қиналып, ашына сөйлейді ғой. Сол үйдегі отырған қауым 
алдына күрес құралы – ақындық өнерімен Күлнәзиядай қаріп жанның 
трагедиясын, үстері алым-жұлым, он екі мүшесінде сау-тамтық жоқ, 
дала бөрісіне де, ауыл төбеттеріне де таланған мүсәпірлер жайын айта 
келіп, олардың Тұрлыбекті іздеп жүргенін, ертеңгі ұрпақтың алдында 
осы Тұрлыбек, Жайынбектердің жауапты екенін қалай ғана 
тамылжытып айтып берді десеңізші! 
Романда 
Құлагер 
қазасына 
байланысты 
Саққұлақ 
бидің 
айтқанымен Мәмбетәлі пікірінің өте ұқсас шығуы – “Құлагер” жырын 
бүгінгі ұрпаққа жеткізер жаңа буын қалыптасқанын дәлелдейтін 
ұтымды штрихтар. Сондай-ақ соңғы уақыттарда саяси тұтқындардың 
аузынан шығатын сөз бен Ақан сөзінің ұқсас шығуы да – автордың әр 
оқиға сайын өз кейіпкерін өсіріп, жаңа қырынан көрсетудің ұтымды 
тәсілі. 
“- Е, оны өлтіргеннен тағы бір Ковзолов, тағы бір зұлым бас 
көтермей ме?.. Біреуінің басын құртқанмен жылан ордасы бұзылмайды 
ғой!..” (“Ақан сері”, 242-б.). 
Патша мұрагерінің алдында сөйлеген сөзі – Ақан күресінің ең 
шырқау шыңы десек, елді сорып, өлшеусіз қиянат жасап отырған 
Нұртазаға қарсы күресі – қалың елді соңынан ертіп, Нұртазадан кек 
алмақ болып ұмтылуы – романның үлкен жетістігі. Ақанның Цесаревич 
алдындағы күресіндей болмаса да, ірі күрескерлік рухын танытып тұр. 
Абай да оязға өшігіп, қалың бұқараға жұртты соңынан ертіп, ояз үйін 
сойыл астына алып, Базаралыны босатып алуы бар еді ғой. Серінің 
қалың жұрт алдында халықты Нұртаза сияқтыларға қарсы бастап, сөз 
сөйлеуі өте ұтымды шебер шыққан. 
Ақандай ел еркесінің күшті топ өкілдеріне отты тілін қару етіп, 
генерал Лосевскиймен көл жағалап жүргенде патша урядниктерін 
ителгіге, болыстарды көл үстінен күн көрер тұйғынға, билерді 
тышқаншылаған 
күйкентайға, 
ояз, 
генералдың 
өзін 
былапыт 
құладынға, ал ақ патшаны екі басты, бүкіл құстың, аң атаулының көз 
жасынан жиналған нөсермен ойнайтын жыртқыш – Самұрық құсқа 
теңеуі – бас кейіпкердің тұлғасын күрес үстінде даралап тұр. 
Асылы, тарихи адамдар жайлы жазылған туындыларды сөз 
қылғанда: сол тарихи адам өмірде қандай, әдебиетте қандай боп 
шыққан, көркем шындық тарихи дәлдіктен ауытқымаған ба? – деген 
проблемаларға баса назар аудару орынды нәрсе. Және осы 
романдарды сөз ете отырып, дәстүр мен жаңашылдық проблемасын да 
естен шығармаған жөн. Прозаик Жүнісов өмірдегі Ақанның жүрген 


жолын, өмір сүрген ортасын ол туралы материал тапшы болса да, 
ерінбей ізденіп, қыруар нақты материал тауып, өмірдегі Ақанның 
әдебиеттегі Ақандай тамаша образын жасап шығарды. Тарихи 
дәлдіктен ауытқымай, әрбір оқиға, Ақан басындағы жәйтті өз 
мақсатына – серінің күрескерлік рухын танытуға жұмсаған. 
Ақ боз ат 
Т.Әлімқұлов 
Қазақ прозасының көрнекті өкілдерінің бірі, дарынды прозашы, 
суреткер қаламгер Тәкен (Тәңірберген) Әлімқұлов 1916 жылы Оңтүстік 
Қазақстан облысы, Созақ ауданы, Бабата атты тарихи елді мекенде 
дүниеге келген. 1987 жылы 13 сәуір күні Алматы қаласында дүниеден 
озды. 
“Ақбоз ат” романы тұңғыш рет 1961 жылы “Жұлдыз” журналында 
“Қаратау перзенттері” деген атпен жарияланған. Бір жылдан кейін, 
1962 жылы, романның бірнеше тарауы қайта жазылып, өзгерістерге 
ұшырап, толықтырылып, тереңдетіліп, қазақ тілінде, Алматыда, 
Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасынан қайта жарыққа 
шықты. Көлемі – 365 бет. 
Орыс тілінде “Белый конь” деген атпен 1968 жылы “Жазушы” 
баспасынан жарық көрді. Қазақшадан орысшаға аударған белгілі орыс 
қаламгері Н.Кузьмина. 
“Ақбоз ат” романы Тәкеннің проза жанрындағы ең көлемді, әрі ең 
маңызды шығармаларының бірі. Романның негізгі тақырыптық арқауы 
60-70 жылдар шындығымен сабақтасады. Мұнда бірнеше сюжеттік 
арналар қатар жарысып келіп бір мәселе төңірегінде тоқайласады. Ол 
– ауыл өмірі, ауылдан шыққан қазақ жастарының өмірі. 
Ауыл мектептерінде сауат ашып, білім алып, кейінгі жылдарында 
алып қалалар Мәскеу, Петербор сияқты әлемдік ғылым мен білімнің, 
мәдениет пен өнердің кіндігі саналатын оқу ордаларында студенттік 
өмірлерін жалғастырған қазақ жастарының өмір-тағдыры қызғылықты 
баяндалады Көзі ашық, көңілі сергек, білім мен ғылымның биік шыңына 
қарай ұмтылған осынау жастардың әр сәттегі көңіл-күйіне, олардың 
жан сезімін, көзқарас ерекшеліктерін қаламгер асықпай, байыппен, 
барынша жан-жақты, барлық қырынан ашып көрсетуді мақсат етеді. 
Алғашқы махаббат сезімі, қызғаныш, күйініш, түңілу, бір сөзбен 
айтқанда өрімдей жастарға етене жақын ішкі сезім толқындарының 
барлығы өз арнасында терең көрініс табады. Оқиғалар арнасы да осы 
жастар төңірегінде өрбіп, кейіннен олар әр түрлі, әркелкі бағыттағы 


авторлық мақсатқа сай тарамдалып кете барады. Қаламгердің 
тартымды, келісімді тілмен, қызықты оқиғалармен кестелеп, астарлап 
отырып жеткізетін өмір шындығы, яғни жастар өмірі оқырманын 
жалықтырмайды. 
Романның алғашқы тарауларында поезбен елге қарай сапар 
шеккен екі жігіттің алып ұшқан көңіл-күйі, ой-толғамдарын суреттей 
отырып автор бізді бірден ауыл тіршілігінің қайнаған ортасына алып 
барады. Осы жерде романның бас кейіпкерлері Елеусізбен, Қарашпен, 
Гүлнәшпен, Біркімбаймен танысамыз. Бір-бірін қайталамайтын бұл 
кейіпкерлердің негізгі мінез ерекшеліктерін де қаламгер созбаламай, 
шырғалаңға салмай, әу дегеннен бірден аңғартады. 
Романда суреттелетін барлық оқиғалардың бел ортасында Елеусіз 
тұлғасы оқшау көрінеді. Елеусіз көзімен, Елеусіз ойымен, кей тұстарда 
соның естелігі пішінінде берілетін оқиғалар арнасы, оның басынан 
кешкен әрқилы кезеңдердің қызығы мен шыжығын, үміті мен өкінішін, 
қуанышы мен ренішін, бір сөзбен айтқанда бір азаматтың басынан 
өткен өмір өткелдері бар бояуымен тізбектеліп өтіп жатады. 
Жазушы 
Елеусіз 
тұлғасын 
бірегей 
сомдау 
мақсатында 
психологиялық талдау әдісін өте ұтымды меңгерген. Осы арқылы 
кейіпкердің ішкі әлеміне терең бойлайды. Профессор Т.Сыдықов: 
“Психоанализ – көркем әдебиеттің зерттеу әдістемесі. Өйткені, ол 
адамның жан-жүрегіне үңіледі. Адам жанының иірімдері, тылсым 
тұңғиығы, нәзік тебіреністері, томаға тұйық сырлары адамның ішкі 
әлемінде бүгулі, бүркеулі жатады. Сол басқаның көзінен қалтарыстағы 
сана мен сезім ағысын тек қуатты қалам иесі ғана көрмек, кестелемек”, 
- деп өте дәл айтқан. (Т.Сыдықов. Қазақ тарихи романы. А., Ер-Дәулет, 
1996, 178 бет). Яғни қаламгердің әу баста алдына қойған мақсаты – 
Елеусіз тұлғасын орталық кейіпкер ретінде ұсыну болса, сол жолда 
жазушы бейнелеудің барлық құралдарын қатар қолданып отырған. 
Елеусіздің кім екендігін, қандай жан екендігін романның өне 
бойында жазушы тиіп-қашып, сипай қамшылап таныстырып отырады. 
Асылы, адамның іші – сиқырлы әлем тәрізді. Тіршілікте не көрдің, не 
түйсіндің, неден дәмелендің, неден түңілдің – бәрі-бәрі көкірегіңде 
аян. Көлденең жұрттың көзіне төрт құбыласы түгел жігіттей көрінетін 
Елеусіздің көңілінде қаншама қаяу, сағыныш, мұң жатыр! 
Әрнәрсені салыстыра бағалап дағдыланған Елеусіз Досов өз 
құралпастарының көбінен кейіншектеп қалғанын жақсы-ақ сезінеді. 
Сондықтан да өз тірлігіне ризалығы жоқ... 
“Сары Арқаның білімдар, бауырмал баласы тұңғыш душар болған 
теріскейліктердің жоғын жоқтап, жырын жырлаймын”, - деп, жел 
қақты боп қабарып жүргенінде оның “инеліктей ілмиген форымын”, 
“ботатірсек – босбелбеу жүріс-тұрысын”, “сеңгірігін бүрген көзілдірігін” 
неше саққа жүгіртіп келекелеушілер болды. Осымен қатар, зиялы 


жігіттің қай-қайдағы қалың ойға шомып жүретін жат мінезін, 
сұрауларының шымбайға батып кететін шымырлығын, өзінің шікіреюді 
білмейтін кішіктігін, тамақ талғамас қарапайымдылығын аңғарып, 
іштартушылар да бар еді. Осылай көрінетін Елеусіздің кейінгі 
тарауларда өмірлік тұғыры берік, қаламы жүйрік, айтқанынан 
қайтпайтын, жүрегі ел деп, жер деп соғатын азаматтық тұлғасының да 
қатар көріне бастауы бұл бейненің көтеретін көркемдік жүгін салмақты 
ете түседі. 
Әсіресе, Елеусіздің ел, ұлт қамын көбірек ойлайтындығы оның 
журналист ретінде дүниеге әкелген, газет беттерінде бастырған 
көркем очерктері арқылы терең баяндалып отырады. Оңтүстік 
Қазақстан өңірі, оның ішінде Сейдін ауданының бүгінгі тыныс-тіршілігі 
туралы, ондағы малшылар қауымының ауыр да азапты, бірақ берекелі 
еңбегін, от басы ошақ қасының қызығын, бала-шаға қамын, тұрмыс 
тауқыметтерін тәптіштеп, түбегейлі ақтарып көрсетуге ұмтылатын 
журналист қаламынан көп сыр ақтарылады. Ел өмірінің шым-шымдап 
тереңнен тартқан көрінісі негізінен Елеусіз қаламы арқылы өтіп 
отырады. Жазушы осылай журналист көзімен көп сырдың тиегін 
ағытады. 
Жүйткіп кетіп бара жатқан поезд образы жазушы шығармасында 
көп айтылады. Бұл поезд бір тұста зымырап өтіп бара жатқан адам 
өмірін де мегзегендей. Студент, жігіт ағасы, төселген журналист – 
қаламгер болып тіл қататын Елеусіз өмірі де осы тоқтау бермес 
поезбен сабақтас, тамырлас танылады. Мұнда үлкен мән бар, бұл 
жерде өмір философиясы айтылады. Жалғыз Елеусіз емес, барлық 
кейіпкерлер тағдыры да осы заулап бара жатқан жүрдек поезд - өмір 
көлігіндегі әрқилы жандардың әр қиядағы өтіп жатқан өмір 
тағдырынан сыр тартамыз. 
Біркімбай образының жоғарыда сөз болған Ақбоз атқа қатысты 
ашылатын көркемдік қырларынан басқа тағы да бірнеше тұлғалық 
ерекшеліктері қатар көрінеді. Ол ең алдымен – тамырын тереңге 
жіберген ауыл ақсақалының бар болмыс-бітімі мен қайшылықты 
тағдырын алдымызға жайып салады. Сондықтан да Біркімбай тұлғасы – 
көп қатпарлы, күрделі тұлға. 
Артық-кемімен көрінетін Біркімбайдың бейнесі оқырманға әрқилы 
сезім қалдырады. Ең бастысы оның бір қалыптан шыққан, жаттанды, 
ұнамды бейнеден ауылы алыс. Өзінің өмірден түйгені мол, қыртысты 
шал оңайлықпен айтқанға көніп, айдағанға жүре беретін жан емес. 
Осы бейне арқылы, оның өмір жолы, тауқыметті тағдыры арқылы 
Тәкен ауыл өміріндегі тағы бір мәнді мәселе – мал шарушашылығы, 
оның ішінде жылқы шаруашылығы мәселесін тереңнен қопарып 
көрсету арқылы ұлттық болмысымызға терең бойлайды. 


Ақбоз ат, оның шыққан тегі, ұрпағы, өткені мен болашағы туралы 
айтылатын ой-толғамдар түптеп келгенде қазақ қоғамының, қазақ 
жұртының ұлттық рухқа бойлаған көкейкесті мәселесіне келіп тіреледі. 
Малсыз қазақтың күні жоқ. Оның ішінде төрт түліктің асылы, 
ардақтысы жылқы туралы әңгіме қазақ рухына, қазақ жүрегіне етене 
жақын. Осы өзекті мәселені, яғни жылқы тағдырын, оның бүгіні мен 
ертеңін қаламгер адам тағдыры арқылы астастыра, сабақтастыра 
танытудың ұлт өмірімен тамырлас екенін жақсы білген. 
Тұлпарлар тағдыры ел, жер тағдырымен қабысады, халықтық 
мәні бар, ұлттық мүддені көтеретін мәселеге ұласады. Тұқымы асыл 
жылқы 
үшін 
жаға 
жыртысқан, 
талас-тартысқа 
түскен 
ауыл 
адамдарының 
психологиясын 
Тәкен 
тартымды 
оқиғалармен 
сабақтастыра отырып саралайды. 
Дегенмен 
де, 
романның 
жетекші 
кейіпкерлерінің 
бірі 
Шіркімбайдың аузымен айтылатын, осы кейіпкердің ой-толғаныстары 
арқылы шым-шымдап оқырманға жететін негізгі оқиғалық желі – 
Гүлнәш – Біркімбай тарихы, осылардың тағдыр соқпағы тарам-тарам 
әңгіменің өзегін құрайды. Осы әңгіме романның басты тақырыптық-
идеялық ауанын анықтайтын жолды да белгілейді. Бұл арнаның басты 
құндылығы неде? Басты құндылығы осы арнада негізгі, жетекші 
кейіпкерлердің өмір-тағдырының шынайы көрсетілуі. Негізгі авторлық 
мақсаттың жүзеге асуы. Жазушы “Шіркімбай екі болыс елді 
дүрліктірген Ақбоз аттың әңгімесін шертіп келе жатыр. Ұстамды Елеусіз 
сырмінез болмаған сапарласының көңілген қонған сөздерін ғана қабыл 
алады”, - деп келеді де, ары қарай енді тікелей осы Ақбоз ат 
тағдырының 
қия-қалтарыстарына 
назар 
аударып, 
оны 
адам 
тағдырымен астастыра, сабақтастыра баяндай бастайды. Сонда бір 
ғана тұлпардың төңірегіндегі оқиғалар тереңдей келе қомақты 
қоғамдық, әлеуметтік мәселелердің көтерілуіне мұрындық болады. 
Біркімбайдың туған інісі Шіркімбайдың аузымен айтылатын сөзде 
Гүлнәштің Ақбоз атқа қалай айырбасталып кете барғандығы туралы 
сырдың ұшығы байқалады. Ол: “Біздің де ат жалын ұстап міңгіміз, аз 
күнгі тіршіліктің қоңырқай қызығын кешкіміз келеді. Ал, ағаның арманы 
(туған ағасы Біркімбайды меңзеп отыр) одан да әрі болатын. Ол 
жалғыз қызы Гүлнәшті сіргелінің ең ірі шонжары Шоңбайдың баласына 
атастырғанда Ақбоз ат арқылы атағын жалпақ елге жаймақ болған”, - 
деп келеді де, ары қарай Шоңбай мен Біркімбайдың құда болу 
тарихынан қызғылықты, қалтарысы қалың, ең бастысы тұлпарлар 
тағдырына көбірек соғатын ұзын сонар әңгіменің тиегін ағытады. 
Шоңбайдың бірнеше жыл бойы бәйгенің алдын бермейтін екі 
тұлпары: Торыалаяғы мен Ақбозының төңірегінде жалпақ елге 
жайылған атақ-даңқтың, алып-қашпа сөздің ұзын ырғасы келіп 
Біркімбайдың Ақбоз атқа құлай құмартуына ұласады. Ақбоз аттың 


тізгінін уысына түсіруді армандаған Біркімбай ел құлағын елең еткізген 
іс-әрекетін жүзеге асырады. Туған перзенті, жар дегенде жалғыз қызы 
Гүлнәшты Ақбоз аттың бір құны үшін Шоңбайдың балалы-шағалы ұлы 
Асылбекке әйел үстіне күйеуге шығуға қияды. Осылай тұлпар 
тағдырына енді Гүлнәш тағдыры сабақтасады. 
Асыл тұлпардың тұяғына туған қызының тағдырын қиып жіберген 
Біркімбайдың әрекетінде не сыр жатыр? Тұлпар дегенде ішкен асын 
жерге қоятын, жалғыз жүрегін суырып беруге дайын тұратын қазақ 
мінезі ме? 
Жас баласын “құлыным” деп ардақтайтын, аялайтын қазақ 
санасы малын да перзентіне балаған ғой. Біркімбайдың да бір мінезін 
осы тұрғыдан бағамдасақ, бұл іс-әрекет өмірлік шындыққа сияды. 
Ақбоз аттың тағдыры осы тұста келеді де, енді Біркімбай тағдырымен 
астасады. Қазақ үшін төрт түліктің ең асылы, ең қимасы саналатын 
жылқы малының ең өміріндегі мәні мен маңызын қаламгер тереңдей 
тартып келеді де өзінің көңілінде түйгенін, тіршіліктің сырынан көрген, 
ұққан жайларды арна-арнамен баяндап береді. 
Ел өміріндегі сан-сала көріністер, колхоз, совхоз тірлігі, 
малшылар тұрмысы, барлығы енді Біркімбай, Гүлнәш төңірегінде 
өрбиді. Бір тұлпардың тізгінінде тағдыры байланып, өмір соқпағына 
түскен балауса Гүлнәш кейіннен, өмір өткелдерін артқа тастап, енді 
буыны бекіген, оңы мен солын таныған, ысылған, өзі де бір қауым 
елге бас-көз болуға жарап қалған қалпын танытады. Кейіпкердің өсу 
жолын қаламгер шынайы танытады. Гүлнәштің өмір жолы қыр-
сырымен көз алдыңнан өтіп жатады. Қыз Гүлнәштің ана, жар Гүлнәшқа 
айналуы табиғи түрде, арналы, ағысты көрінеді. 
Қаламгер романның келесі тарауларында тұлпар тағдырынан 
бірте-бірте алыстап, енді әке мен бала, ел мен жер тағдырына қарай 
ойысады. Өмір, тіршілік сыры туралы терең толғамдар, оралымды 
ойлар осы желіде үнемі алдымыздан шығып отырады. Біркімбай мен 
Гүлнәштың өмір-тағдыры төңірегіндегі тума-туыс, көрші-қолаң, ел 
адамдары, бір сөзбен айтқанда тіршілік қазанында тоқайласып өмір 
кешіп жатқан тұтас бір қазақ қауымының бейнесі бой көтереді, бар 
болмыс-бітімімен көз алдымызға келеді. 
Тәкен Әлімқұлов нақты бір тарихи кезеңнің шындығын ел ішіндегі 
ең бір көзге түсе бермейтін, мен мұндалап айқайлап тұрмайтын терең 
иірімдерді бейнелеуге ат басын тіреген. Қазақ халқының ғасырлар 
бойғы бірден-бір тіршілік тірегі болып келген мал шарушылығы, оның 
ішінде жылқы малының ел тағдырында, адам тағдырында алатын 
орнын өзіндік қолтаңбамен өрнектеп бере алған. 
Роман тұтаса келе күллі қазақ ауылының тарих көшінің бір 
тұсындағы, бір белесіндегі жиынтық бейнесін алдымызға тартады. 
Адамдар тағдыры, тұлпарлар тағдыры арқылы көрінетін бұл жиынтық 


бейне түптеп келгенде тарихи-әлеуметтік, қоғамдық шындықтың бетін 
ашады. Адам мен қоғам, қоғам мен ел, жер арасындағы мәңгілік 
байланыс, тынымсыз қарым-қатынас қаламгер мақсатына, яғни 
көркемдік мақсатқа мінсіз бағындырылған. Жазушы осы мақсат 
жолында өзіндік суреттеу тәсілдеріне, өзіндік көркемдік әдістеріне қол 
тартқан, арқа сүйеген. 
Жалпы жазушы шығармашылығын тереңдей, зерделеп қарасақ, 
Тәкен осы аталған романында болсын, немесе басқа туындыларында 
да бір сөзді, бір сөйлемді де жорамалға сүйеніп жазбаған. Дәлелсіз, 
дәйексіз дүниенің орға жығатынын білген. Осы сияқты қызықты, 
қазыналы деректерді қаламгер “Қош бол, Абсент!” шығармасында да 
тартымды желілерге байлайды. 
“Төрт түліктің ең ақылдысы жылқы болса, жылқының ең 
ақылдысы – бишісі”. – деп келеді де, жазушы, адамнан музыканы 
артық түйсінетін жылқылар бар екенін айтады. Тәттімбеттің ақбоз аты 
домбыраның сазына орай билеген, Балуан Шолақтың аты қаңтарусыз 
тұрса, Ақан серінің қосалқы аты (Мақпалқара) соңынан қалмай еріп 
жүрген. Осы тарихи деректердің барлығын қаламгер халықтың өзінен 
алған, жинаған, ұзақ жылдар саралаған. Көп деректер жиналғанда бір 
түйінге тоқтатқан. 
Тың, жарау, асау кезінде Абсент те мақпалдай қара болған. 
Азған, арыған, ашынған тұсында, бір кезе желмен жарысқан Абсент, 
Бұл күнде қаракер тартқан. Бұл туындыда да жазушы Абсенттің 
құлынында қызыл болғанын, одан қызыл-күрең, одан алқара көк 
тартып, мақпал қараға айналғанын суреттейді. Бұл тұяқ туғаннан 
бәйгеге жарамай бишілікке жаралғанын тарам-тарам, терең оқиғалар, 
баяндаулар, суреттеулер арқылы сезімді тербеп, мұңмен аяқтайды. 
Осылайша, жазушы жүйріктің мүсініне, тегін, түсіне, мінезіне осы 
салада арнайы маманданған кәсіпкерден артық баға береді. 
Жылқының, жүйріктің қасиеттері туралы осы сарындас ойлар 
жазушының “Ақбоз ат” романынан бастап, тұлпарлар тағдыры туралы 
кейінгі шығармаларының бәрінде көрініс табады. Эсселерінде, 
публицистикалық толғаныстарында баяндалған жылқыға, жүйріктің 
қасиеттеріне, тегіне, түр-түсіне, мінезіне қатысты білгендерін, 
көргендері мен көңілге түйгендерін жазушы көркем шығармаларында 
молынан шығармашылық үлкен шеберлікпен пайдаланады. Бұл 
айтылған жайларға қоса автордың бәйгенің қашықтығы, жердің 
табиғаты, ат суытудың жолдары мен тәсілдері, жүйрік аттың сыны мен 
бабы, оған қатысты халықтың ырымы мен әдеті жайындағы 
байыптауларын да есте ұстаған абзал. 
Автордың шығармаларында бұл секілді құбылыстар, халықтың 
дәстүрлі мәдениеті мен кәсібіне байланысты қалыптасқан нанымдары 
мен салттары, әдеп-ғұрыптары да көркем шығарма жүйесінде 


айтарлықтай эстетикалық, танымдық қызмет атқарады. Солардың 
ішінде автордың ерекше көңіл бөліп, айрықша ден қоятыны – 
шығармасының ұлттық сапасы, ұлттық бояуының мейлінше қанық 
және шынайы болып шығуын мақсат еткенін аңғарамыз. 
Ақ боз үй 
С.Елубаев 
Қазақ прозасында ХХ ғасырдың 20-жылдарының аяғы, 30-
жылдардың бас кезіндегі халық басынан кешкен ауыр ахуал, жаппай 
аштыққа ұшыраған кезең біршама қамтылды. С.Елубаевтың бұл 
романының желісіне арқау болған осы тарихи кезеңнің шындығы.
Шындығында роман ауқымы кең. Ең алдымен үлкен жаңалық 
екенін анықтап айтқымыз келеді. Ал, авторын жаңа қалам, жаңаша 
қаламның иесі дер едік. Бұрын не жазғанын білмейміз, ал осы роман 
даусыз жаңа бастау. Сөз төркініне қаныға бастаған сайын, жаңа, 
жақсы нышан екен деп, іштей жадырадық. Мұндай сәтімен біткен 
дүниеге неге “бәрекелді” демеске. 
Романның соңғы бетін жапқанда: баяғы ақ боз үйі көзіне елестеп 
сағым қуған Пахраддин мен оның бәйбішесі Сырғаны көреміз. 
Аштықтан, ұзақ жолдан титықтап, сүлде бітіп, “құм басында қалған 
екеу осылай өтті дүниеден”. Шығарманың шүу басында қаракерін 
сылаңдатып, ауыл айналып жүрген жас Хансұлудың әкесі мен анасы 
еді бұлар. Бір кездегі “ауыл ортасында айдыны шығып тұрған үлкен ақ 
боз үй Хансұлудың үйі, сыртта қазықта қаңтарулы Қаракер құнан 
Хансұлудың құнаны” еді, енді міне ақ боз үй адамдарының тағдыры 
бұлай шешілген. Хансұлу кешкен өмір, оның төңірегі, үлкенді-кішілі 
әрқилы жандар, олардың ісі, әрекеті туынды шертетін шежіренің 
мазмұны. 
Шығарма қай тақырыпты, қайсыбір мәселені қозғаса да, әңгіме 
оның көркем жазылып нанымды шығуында ғой. Көркемдіктің ар 
жағында оқырманды иландырарлықтай пәрменді ой, мақсат, дәрменді 
сөз жатуы керек-ақ. Онсыз шығарма көркем туынды бола алмас. 
Сол қатарда алсақ, біз атап отырған роман – жаңа нышан. Әңгіме 
не жайында, кім жайында? Біріншіден, бұрын болмаған, айтылмаған, 
көрінбеген кейіпкерлерге жолықтық, екіншіден, бұрын мүлде атаусыз 
келген қараспан заман, қатал кезең – 20-30 жылдар трагедиясын 
көрдік. “Кәмпескелеу”, колхозға ұйымдастыру, қанадан тыс алым-
салық, асыра сілтеу, белсенділік, ақырында халық басында келген 
нәубат – ашаршылық. Малды, ауқатты Пахраддиндердің көргені 
жоғарыдағыдай болса, басқалардың күні не болмақ? 30-жылдардың 
басындағы ұйқы-тұйқы, қуғын-сүргін хал романда шынайы суретін 


тапқан. Әлеуметтік жағдайы жағынан да, мінез-құлқы, ой-өрісі 
жағынан да кең талдауын тауып, үлкен-кіші, әйел-ер деген сияқты 
ұйытқыдай ұйып, тіршілік етіп отырған бір тайпа елдің тағдыры әр 
қырынан, әр сырынан баян етіледі. Екі теңіз аралығы. Үстірт елінің 
өмірі. Мұның өзі батыс болсын, шығыс болсын бар қазақ жеріне тән 
тағдыр болғаны әбден айқын. Жазда қыр асып, қыста ық жағалай 
көшумен, қоныс аударумен, мал бағып күн көріп отырған жұрттың ескі 
қазақ ауылына тән жай-күйі аса бір құнтпен зерттеліп, зерделі 
қаламмен жазылған. Түйелі, малды сол өңір елінің өмір-тұрмысы, салт-
санасы, мінез, сөз, сөйлеу мәнері әдемі таңбаланған. Кейіпкерлер түрі, 
сыпайы, ішкі-сыртқы пішіні жазушы ден қойған, дәл тапқан бейнелер. 
“Малдың шуы мен кісі айқайлары ию-қиюы араласып жатқан” 
ауылдарда, “кедей-кембағал, жарлы-жалқыбай, жетім-жесірге теңдік 
әперем деп, қалың бұқара халыққа дем берген жаңа өкіметтің 
саясатын” жұрт түсіне бастаған. Ауылдың кеңес бастығы болып 
сайланған етікші Шәріп те істің “таптық астарына ой жүгіртіп, бір тұтам 
сақалын саумалап” мән-жайды аңғарған кезі. “Кәмпеске” басталған соң 
ел іші әбден бүлінді, алауыздық та, алакөздік те етек алды; оның 
үстіне: “елдің қолында тышқақ лақ қалдырмайды екен, инежіп, қазан-
табақ бәрі кәмпеске болып орталыққа түседі екен, бір көрпенің 
астында жатып, бүкіл халық бір қазаннан тамақ ішеді екен, тіпті қатын 
да ортақ меншікке айналып, “маятыбая, тыбая – мая” болады екен 
деген қауесет қаптап”, қараңғы халықты есінен тандырды. Шығармада 
әрі қарай енді орнай бастаған жаңа әлеуметтік тұрмыстың дұрысы мен 
бұрысы аралас жайы, жалпы қауымның құлағы үйренбеген тосын 
бұйрық-жарлықтар, жақсы-жаман адамдардың іс-қылығы, әсіресе, 
асыра сілтеу, белсенділік, шаш ал десе, бас алатын топастық, 
мылқаулық, онан барып үдере көшу, босу, мал азайып, адамның да, 
жердің де тозуы жанға батып, жүректі ауыртар хикаяға айналады. 
Ауыл жастары Хансұлу, Шеге, Ждақай, Қозбағар, Бұқарбай, Сұр 
Жекей, бұлардан ересек Бұлыш, Балқия; Мажан балалары Мотан, 
Шотан, Қапан – бұлардың қасында Әзберген (Пахраддиннің баукеспе 
болып кеткен інісі); Шәріп, Қауқаш; Мажан бай мен Пахраддин бай 
(бұл орташа болып есептеледі); Асан, Апанас, (Афанасий Васильевич), 
Калашников – большевиктер, партия қызметкерлері; ескілікті көп 
білетін, көпті көрген Дәу-апа (Бұлыштың шешесі), ауыл-үй арасының 
сөзшең кемпірі Торқа (Қозбағардың шешесі) – бәрі де бүгін мен келер 
күнді бірге атқарысып жатқан, бірақ ойы да, ісі де әрқилы, қарама-
қарсы мінез-пиғылдың адамдары. Осы кейіпкерлер шыққан тегіне, 
өскен ортасына қарамай, өмірді түсінуі, ұғуы жағынан ойда жоқта 
топтасып, жұптасып, ойда жоқ тұстан дара кетіп, адасқанның алды 
жөн, арты соқпақ жайларды бастарынан кешіреді. 


Автордың бізге әкелген олжасы – осы аласапыран жайларды аса 
бір жан тебірентер хикаялық тілмен жеткізіп отыруы. Бір-біріне ұқсас 
кештер, қалаға азық-түлік қамымен кеткен кірекештер, ошарыла 
көшкен ауыл, босқан ел, аштық, жоқтық қысқан жандардың үрей жайы 
әрдайым өзіне лайық суретпен, өзіне тін сезім, әсермен баяндалады 
да, жалпы мал баққан қазақ ауылының адам айтқысыз мүшкіл халін 
көз алдыңа әкеледі. Сол жылдар трагедиясын бұлай жалаңаштап 
көрсету бұрын болмаған. 
Қарынның ашығуы көңілдің торығуынан басталды. Сталиндік 
қатаң тәртіптің салдарынан, асыра сілтеуінен егін екпейтін елге қайта-
қайта салық түсіп жатады. Большевиктік тәртіпке құдайдай сеніп, шәк 
келтірмейтін етікші кедей Шәріптің өзі, тағы да бес пұттан астық 
тапсырмасаңдар дегенде: “Бес пұты несі? Әй, бұл қыратын шығар 
елді? Бес пұт дей ме? Уа, атаңның...” деп, қылғынып қалады. Мұның 
аржағында ел аралаған өкілдер: “құлақты жою керек, жүз процент 
коллектив болу керек” дескен-ді. Голощекиннің “аша тұяқ қалмасын” 
деген ұраны да келіп жеткен. Оның жергілікті өкілі Калашников: “Бұл 
аймақта мен бірде-бір пролетариат көре алмадым... Бұл дала толған 
кулак. Кулакқа малды ортақтандыру - өлім. Сондықтан жеке 
шаруаның ең алдымен малын құрту керек”, дейді. Қазақ жерін 
бұрыннан жақсы білетін Апанастың тілін ол алмайды. Міне осындай 
науқан, бұйрық, қорқыту, үркіту заманында ауыл-ауыл бет-бетіне 
көшіп, малын сатып, не сойып жеп ада еткен қауым ашаршылыққа 
ұшырамай қайтпек? Автор бұл жайында көптеген келеңсіз жайларды, 
психологиялық қарама-қайшылықтарды келтіріп, қатал науқанның 
арты қайда апарып соғарын тұспалдайды, дәлелдейді. 
Романда әр топ, әртүрлі әлеуметтік, не тұрмыстық жағдайдағы 
жандардың бір-бірден антиподы, қарама-қарсы жағы бар. Қазақша 
сөйлейтін, ел, ауыл жағдайын жақсы білетін партия қызметкері Апанас 
бір бөлек те, аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы 
Калашников бір бөлек. Мұны әлгіде айттық. Өзберген мен Бұлыш жайы 
да солай. Ал Пахраддин ше? Ол да Мажан бай емес, басқаша. Мажан 
қожайын болуды, мансапты жақсы көретін, ит басына іркіт төгілсе де, 
жібімейтін, біреуге қол ұшын бермейтін кәдуілгі танымал бай. Оның 
балалары да шетінен бөрі. Жалшылары Рысбек, оның ата-анасы 
“Мажан үйінің басыбайлы құлындай малмен бірге жатып, малмен бірге 
өсіп жүретін”. Ал, Пахраддин болса – жөн-жосығы бөлек адам, ағымды 
да, саясатты да, адам жайын да ұға алатын, сабырдың, ақылдың 
адамы. Расында да бай біткеннің бәрі қатгез, сараң бола бермеген ғой. 
Әсіресе надан болмаған. 
Өмірдің ақ-қарасымен жұмысы жоқ, бір кезде бай есігінің 
алдында жалшы болған, қой баққан Сұр жекей бұл кезде шошайтып 
мылтық асынған, “мелиса” болған. Сол қараңғы белсенді, “Голощекин 


заңына қарсы тұру болмасын” дейтін қолшоқпар енді наганын суырып, 
дедектетіп Пахраддинді ауданға айдап келеді. Аттың омырауымен 
қағып құлатады. Түрегеле берген Пахраддин, “інім мені қорлап 
қайтесің, түбі бір өлім ғой, ат та осы жерге тастап кет, қарағым”, - 
дейді. Бұл сцена таптық өшпенділіктің ғана көрінісі емес, топас, 
надандықтың парасатқа шабуылы. Кедей болса бәрі дұрыс, бай болса 
бәрі бұрыс деген теңгермелік тәртіптің салдары. Бір таңғаларлық жәй 
– дүние-мүлік теңелген соң, ақыл да теңелді деген сол заманның 
ұғымы еді ғой (ол осы күнге дейін келді). Бардың ақылын жою қолдан 
келді: ұрып-соғып, айдап, естен тандырып дегендей. Бірақ ол ақыл 
жоққа қонбады – жаратылысы қалай болса, солай қалды. Надан 
кедейден маман бай артық екеніне көз жіберілмеді, мәселен, тым 
болмаса, аштыққа ұрынбау үшін. Айналдырған он жыл ішінде екі 
бірдей қырғын аштық болу не сұмдық. В.И.Лениннің бірінші аштықтан 
алған тәжірибесі де (НЭП) еске алынбады. Автор адамдардың осы ара 
қатынасын дұрыс тапқан. Қауым ел ренжімесін деп, маңдайындағы 
жалғызы Хансұлуды есік алдындағы қойшысы Қозбағарға беріп, малын 
да бөлген Пахраддинге тимес болар еді. Кедейден шықса да, Сұр 
жекей, Бұхарбайлар оңбады. Жастардың бір тобы Шеге, Ждақай, 
Рысбектер тәуір болып шықты: тап ұғымымен қатар адамгершіліктен 
ныспы емес. Лабақ ахун, Пахраддин; тіпті шыжақай Шәріп те, Дәу-апа 
мен Торқа кемпір халық дәстүрлерін бойларына жинаған сол ауыл 
жандарының естияр жағын аңғартады. Бұлыш пен Балқия жайы 
романның ықылас қоя оқитын беттері. Шығармада осылай әртүрлі 
мінез-құлықтар арқылы жаңа орнап жатқан тәртіптің беталысы, 
құлдырап құдыққа құлап бара жатқан жайы аса бір шындық 
суреткерлікпен берілген. 
Хансұлу мен Шеге туралы айтсақ, дәстүрлі романдардағыдай екі 
ғашықтың махаббатын айтқан болмаймыз. Автор ондай мақсат 
қоймаған да сияқты. Өйтпесе болмашыдан от шығып, жәбір көрген 
Қозбағарға апарып Хансұлуды қоса салмау керек еді. Әйтеуір оңы 
түсіп, Хансұлу қасына жолай алмаған Қозбағар жайына қалды да, кейін 
Шеге алып қашты. Бұлардың үй-жай болуы, тұрмыс құруы нанымды-ақ 
суреттелген. Бірақ роман басында қаракерінен түспей, үкі тағып, тәуір 
камзол киіп, бой түзеп жүрген қыз үлкен махаббатқа, не бір драмаға 
душар болатындай көрінген. Әлгі бір топ бозбалалар ішінен оған лайық 
ешкім жоқ сияқты еді. Дызылдауық Шәріптің баласы Шеге де әлжуаз. 
Сырттай қызыққаны болмаса, әлі жетілмеген сары тұмсық, үрпек бас 
бала. Өздігінен іс бастап, бұлқынып тұрған жоқ. Кейін партияға еніп, 
артынан істі болуы оны біраз пысытты. Қайткен күнде де осы жас отау, 
тағы басқа жеткіншектер сол құрала бастаған қоғамның болашағы 
екені байқалады. Автордың ойлағаны да осы болу керек. 


Ал шынайы махаббат жайын әңгіме етсек, ол – Бұлыш пен Балқия 
сүйіспендігі. Автордың аса ден қойып сыйпаттаған жандары. Олардың 
бір-біріне ынтызарлығы да, адалдығы да, жалтақтық жоқ, қарайлау 
жоқ, өздеріне сенген беріктігі оқырманды иландырады, риза етеді. 
Көрген қиыншылық, азаптары бір адамға жетерлік. Әттең осы таза 
махаббаттан, лаулап жанған оттан тек жел суырған құм ғана қалды. 
Есіз қалған ауылда көлеңке сүлде Балқия қалды. Қазақ даласына 
келген нәубеттің бұл да бір трагедиялық көрінісі, аянышты-ақ. 
Асан большевик жайы анық емес, қысқа қайырылған, өлімі де 
кездейсоқ. Апанас жақсы адам болғанымен, жарытып ештеңе 
істемейді. “Қызыл отау”, “Комсомол”, “Митинг” дегендер тек дәуір 
штрихын аңғартуға алынғандай. Шегеге ақыл үйрететін қыдыңдаған 
аудандық комсомол қыз Нұрила бейнесі сол штрихқа лайық, дұрыс 
табылған. 
Роман көркемдігінің басты кілті тілінде. Соны тілге кез болдық. 
Әңгіме етіп отырған аймақтың жері мен желінен, адамдар тіршілігінен 
пайда болған тіл шығармада өз орнын тапқан. Мойындау керек, біз бұл 
кезде қызық заманды бастан кешіріп жатырмыз ғой: тіл жоқ, бірақ сөз 
бар, тіл жоқ, бірақ шығарма бар. Осының салдарынан көмескі сурет, 
хабарлама оқиға, дәмсіз сөз шығарма бетін қаптайды. Романдағы көш 
суреті, дала кейпі, аштық айдаған жолаушылар жайы, махаббат күйі 
болсын – бар бәрі де тартымды, тың тіл қуатымен жанданған. Адам 
мінездерін жасағанда да сол тіл дәрмені олардың ажарын ашып тұр. 
Жергілікті сөйлеу тілі мол қамтылған. Бұл өте құптарлық жай. Тек 
“шайпауыз” (шайпау), “шалт” (шолт), “ірікті” (көз туралы), “құтаймас” 
(таусылмас, бітпес деген мағынада алыпты) деген сияқты бірлі-
жарымды сөздер болмаса, бұл қалай деп таңырқанатындай тіркестер 
көрмедік. Шәріптің, Торқа кемпірдің тілдері күлдіреді-ақ. Тіл 
тапқырлығы, тіл ұстарту романның құнды жақтары. 
Смағұл Елубаев бұл романымен есті, өзіндік қаламын танытты. 
Нық тұрып, өз қарасын жұртқа таныта алатын жайы барын байқатты. 
Осы қарумен, осы бекемдікпен алға баса берсе, шығар тауының да биік 
болары сөзсіз. “Ақ боз үй” романы бұған айғақ. 
Ақбілек 
Ж.Аймауытов 
Жан-жақты өнер иесі, сегіз қырлы, бір сырлы дарын, романшы, 
драмашы, ақын, аудармашы, зерттеуші Жүсіпбек Аймауытов 1889 
жылы (кей деректе 1890) қазіргі Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, 
Қызылтау атырабында туған. Әкесі Аймауыт кедей болғанмен, арғы 
аталары Дәндебай, Қуандар текті, дәулет, абырой біткен, ел 


арасындағы білікті кісілер. Жас күнінен Жүсіпбек бірге туған 
бауырлары Ахмет, Жақыпбектер секілді арабша хат тану, оқу үстіне, 
ағаш шеберлігі, темір ұсталығы өнерлерін қатар үйренеді. Он бес-он 
алты жасында өзі ұмтылып, үй ішінің рұқсатынсыз Павлодарға қашып 
барып, орысша-қазақша екі класты мектепке кіреді, бір жағынан бала 
оқытып, қаражат таба жүріп, оқуын 1914 жылы бітіреді де, Семейдегі 
оқытушылар семинариясына түседі, оны 1918 жылы аяқтаған. 1918-
1919 жылдар аралығында Алаш идеясын қолдаған жас оқыған кеңес 
өкіметі жағына шығады. 1920 жылы РКП (б) қатарына өту, Қазақстан 
кеңестерінің құрылтайына делегат, Халық ағарту комиссариатының 
коллегия мүшесі болу, “Қазақ тілі” газетін редакциялау, “Ақ жол” 
газетінде істеу, Шымкенттегі педагогика техникумының директорлығы 
– мұның бәрі Жүсіпбек Аймауытовтың азамат болып қалыптасу 
жолындағы күрес іздерін, өмір белестерін көрсетеді. 1929 жылы 
басталған зобалаң кезінде қармаққа ілінген Жүсіпбек Аймауытов 1931 
жылы атылған. 
Астаң-кестең ауыр, бірақ ерекше қуатты да қызық, әлеуметтік 
төңкерістер, ұлы революциялар заманында өмір сүрген Жүсіпбек 
Аймауытов ерте қиылған, қысқа ғұмырында артына аса бай, бағалы 
әдеби, ғылыми мұра қалдырып үлгерді. 
Жүсіпбек Аймауытов қаламынан туған ең көлемді прозалық 
шығарма – “Ақбілек” романы былай басталады: “Өскеменнің 
аржағында, Бұқтырманың оң жағында әлемге аян Алтай бар. Сол 
Алтайдың күнгейінен құбыла жаққа құлай аққан, құлай ағып Ертіс 
түскен, күз күзеткен Күршім бар. Алтай, Күршім не заманнан қалың 
найман мекені. Сол Алтаймен, сол Күршімнің қысқы қыспақ, жазы 
самал. Күн жылт етсе, төрт түлік мал қарағайлы қарт Алтайдың, Алтай 
сынды анасының көкірегін аймаласып, тырандасып, мәйек басып, 
мамырласып жатқаны”. 
Қазақ әдебиетінде реалистік роман принциптерін 
алғаш 
меңгерген қаламгерлердің бірі – Жүсіпбек прозадағы ырғақ, стиль, 
композиция, көркемдік құралдарға ерекше көңіл бөлді, әсіресе халық 
тілінің сан алуан байлығын еркін қолдана отырып, Еуропа, орыс 
әдебиетіндегі бейне жасау, мінездерді даралау, сезім бұрқағын, ой 
толғауларды көрсету дәстүрлерін еркін пайдаланды. Жазушының 
талант мүмкіндіктері, әсіресе “Ақбілек” романында айқын көрінеді. 
Қаламгер 
әлеуметтік 
тартыстар, 
тарихи 
оқиғалар, 
тап 
күрестерінің ерекше шиеленісіп тоғысқан, ел мойнына салмақ түсіп, 
жеке адамдар тағдырының ширыққан буынын дәл басады: бұрын 
айтылған, сарыжұртқа айналған тақырып емес, соны, мүлде тың, тіпті 
сирек оқиғаларды романға арқау еткен. 
Оқырман бірден шытырман әркеттер үстінен түседі: алыстағы 
Алтай таулары, ақ қашып, қызыл қуып, аласапыран күрестер жүріп 


жатқан Азамат соғысының сұрапылы қазақ ауылдарында да жеткен, 
өрт шалмаған шаңырақ жоқ. Марқакөл жағасында, Терең шатты 
мекендеген момын шаруа Мамырбай ауылын банда шауып, әйелін 
өлтіріп, бойжетіп, оң жақта отырған қызы Ақбілекті солдаттар алып 
қашып кетеді. Сұмдық осыдан кейін басталады. Бірауыз орысша тіл 
білмейтін соры қайнаған жас қыздың азап-қорлыққа толы, өлім мен 
өмір, өң мен түс арасында былғанышты, жиіркенішті күндері 
басталады. Бұрын етегін жел көтермеген, еркек бетіне тіктеп 
қарамаған ақ періште, енді табиғаттан алған асыл қазынасын рәсуа 
етіп, еріксізден еріксіз, ұяттан күйіп, ар-иманы өртеніп, қайдағы бір 
қашқын, банда, тіпті атын да білмейтін ақ әскерінің офицері – қара 
мұртқа ермек болады. 
Қысталаң жағдай, шекаралық ситуация, өлім мен өмірдің 
тайталасқан бір сәтіндегі адам психологиясына жазушы терең бойлап, 
жан-жақты күй шертеді. Он екіде бір гүлі ашылмаған бойжеткен 
қыздың шеккен қорлығы, тапталған сезімі, жер болған намысы, 
былғанған ары – осының бәрі реалистік дәлдікпен, бейнелі, суретті, 
сенімді көрсетіледі. Оқырман бауыры езіліп, жүрегі тілініп, Ақбілекпен 
бірге жылайды. Тұтқынға түскен сорлы қыздың не тілін, не дінін 
білмейтін, өмірінде бұрын көрмеген, жүріс-тұрысы, киім-киісі, тамақ 
ішісі бөлек, әдет-ғұрып, салт-санасы басқа – қарамұрт орыс офицеріне 
еріксіз қатын болу хикаясы айқын психологиялық саралаумен берілген. 
Өмір тепкісіне қарсы тұрар күш жоқ, көп иттің мазағына 
айналмай, қарамұрт қармауында қалғанының өзінен жынданып кете 
жаздап, қорлық күйігінен өліп қалардай күйге жеткен Ақбілектің енді 
кіре бастаған ес-санасы бірте-бірте маңайында не болып, не қойып 
жатқанын аңғарып, әр нәрсені сезіп, ой түйе бастайды. 
Осындай екі ұдай, естен танғандай күйдегі Ақбілек санасы 
алдымен қарамұрт офицердің өзіне жасаған қорлығына ғана емес, 
мүсіркеуін, еркелетуін сезінді; мұның үстіне тау-таста ақпен ақ болып, 
қашып-пысып, елден-жұрттан безіп, түн қатып, бел шешпей ұйықтап, 
ылғи ат үстінде күн кешіп келе жатқан түсі суық, сыры белгісіз, 
мақсаты тұманды топтың да аужайын аңғарады. 
Екінші жағынан жазушы қарамұрт офицердің өз аузымен өмір 
тарихын айтқызады, мұндай халге қалай түсті, ата-бабасы, шыққан тегі 
кім, кеңес өкіметіне неге қарсы күреседі, қырдың енді қылтиып шыққан 
қызғалдағын жұлып алып, табанға басқанына қиналмай ма, ары-ұяты 
қайда – мұндай сауалдардың баршасына психологиялық тұрғыдан 
нанымды жауаптар берілген. Екі халық өкілі, бәрі жазықсыз, оң жақта 
солқылдап отырған бойжеткен, екіншісі Кеңес өкіметіне қарсы қару 
көтеріп, атысып-шабысып, ақыры басқа айла қалмаған соң, Қытай 
асып бара жатқан офицер – бұларды бір көрпенің астында 
тоғыстырған қатал уақыт бұйрығы, зорлық, қиянат шоқпары; қарамұрт 


әрекеті әлі келгенше тіршіліктің жылы-жұмсақ, дәмді-тәттісінен бір 
қарпып қалу, сорлы қыз қасқыр тартқан құлындай боп зар еңіреп ол 
отыр. 
Арттан қуып жеткен қызыл әскерлер дүмпуімен безе қашқан 
ақтар өз бастарын қайда тығарын білмей, жан-жаққа бытырай зытып 
жөнелген кезде, Ақбілек бандылардың ескі жұртында керексіз бір 
заттай болып қалып қояды. Бұдан кейін сорлы жанның қоршаған орта, 
тау-таспен 
зареңіреп 
сыңсуы, 
балалық, 
асыл 
қасиеттерінен 
айрылғанын 
жоқтап, 
терең 
қайғы 
шыңырауына 
батуын 
зор 
шеберлікпен бейнелейді. 
Қасқырға жем болып қала жаздап, арып-ашып, ажал тырнағынан 
әрең дегенде құтылып шығып, өліп-талып туған ауылына жеткен 
Ақбілекті бұрынғыдан да сорақы азап, мазақ, қорлық күтіп тұрған. 
Банды қолындағы зұлымдық зұлымдық па, нағыз тозақ енді басталған, 
өрттей қулаған өсек-аяң тірі адам бетіне қаратпай, жандырып-күйдіріп 
барады. Бұрын ғашық болған, сөз салып жүрген Бекболаттың өзі де 
тоят алған соң, сұмдық оқиғаның мәнісіне көзі жеткеннен кейін, түк 
көрмегендей болып, теріс айналып кете барады. 
Мамырбайдың төсек жаңғыртуы, Өрік тоқалдың қатігез мінездері, 
Ұрқия жеңгенің адамгершілігі, қарамұрт офицерден біткен жазықсыз 
сәби – Ескендірдің өмірге келуі – мұның бәрі сала-сала реалистік 
оқиғалар болып берілген. 
Алдымен есіркеп, мүсіркеу, аяу, артынан қорлық, мазақ, табалау 
атаулының тозақ отына өртенген Ақбілек бәрібір тірі қалады: заман 
ағысы, өмір толқыны бірте-бірте ескі жараны емдеп, тіршіліктің жаңа 
жапырақтары қылтиып – көгеріп өсе бастайды. Ағасы Төлегеннің 
соңынан іздеп барып оқуға түседі, Семей, Омбы қалаларын көреді, 
қырық шырақты әйел емес пе, келер күндерден үміт күтіп әрекет 
жасайды. 
Романда кейіпкер, оқиға көп емес, ықшамдылық, жинақылық, 
әсіресе драматизм принциптері ерекше ескерілген. Бір кәрекетке 
қатысып, үзіліп қалатын кейіпкерлердің өзін жазушы даралап, есте 
қалатындай етіп сомдап соғып береді. Кескін, сөз мақамы, қимыл-
қозғалыс – бәрі образ жасауға аса қажет көркемдік құралдар, 
персонаждардың 
өзін-өзі 
сипаттауы 
Жүсіпбек 
Аймауытов 
жиі 
қолданатын әдеби тәсілдердің бірі. Оқиық: “Мен таңқы мұрын, 
бадырақ көз, шұнақ құлақтау, жарқабақтау, кірпі шаш, қарыс маңдай, 
қара сұр жігітпін. Жасым отыз бесте. Әкем Тойбағар, өзім Мұқаш 
болғалы аузым асқа, ауым атқа жарыған емес”. Кедейден шыққан осы 
Мұқаш тап тартысының мәнін, табиғатын анық түсініп болған кісі емес, 
қолынан келсін-келмесін мансапқа ұмтылады, біреуге өшіксе, аянбай 
жауласады, сорлы қыз Ақбілекті қасқырлардың аузына тастап жіберген 
себебі – Мамырбаймен ескі араздығы. 


Екінші бір қу мүйіз, пәлеқор – Жылтыр деген көксоққан, 
естімейтін өсегі, білмейтін пәлесі жоқ. Кейін, ашаршылық, репрессия 
тұстарында осындай тас жүректер мыңдаған жазықсыз боздақтарды 
қан қақсатып, қынадай қыратын болады. Жазушы сорақы әлеуметтік 
құбылысты күн ілгері танып, нақты образдар арқылы таңбалап берген. 
Негізгі сюжет желісі Ақбілек тағдырын қуалап отырғанмен, автор 
ретті тұстарда уақыт сарынын таныту үшін әр түрлі ортаның өкілдерін 
көрсетіп кетеді. Ақбала, Балташ, Доға, Жорғабек, Төлеген бұлардың 
бас қосқан кезі, сол тұстағы мінез-құлық ерекшеліктері, кеңес 
өкіметінің алғашқы жылдарындағы әлеуметтік ой ағымы, зиялылар 
ортасындағы сан алуан дағды-салт – бұлардың баршасын жеріне 
жеткізбей шолу, көркем түрінде ат үсті бейнелегенмен, ықшам, дәлді 
суреттер, мағынасы терең монолог, диалогтар, көп көмбені ашатын 
кең толғаулар көп сырдан хабардар етеді. 
Романның алғашқы үш бөлімі тиянақты, шебер көмкерілген, үзіліп 
қалатын, аяғына жетпеген ситуация сирек, негізінен, Ақбілек 
басындағы психологиялық күйлер реалистік қуатпен сенімді, дәлді 
беріледі де, төртінші, соңғы бөлімде публицистикалық, очерктік сипат 
бел алған. Ақбілек – Кәмила арасындағы ұзақ сыр, оқудағы жәйттер, 
зиялылар хикаясы, Балташ – Ақбілек арнасы – бәрі де жалпылама 
көрсетіледі. Стильдегі көтеріңкі леп, оқырманға тікелей тіл қату 
романның көркемдік қуатына салқынын тигізген. Жас ғұмырында ақ 
жүрегіне балта тиген Ақбілек сынды әйелдің Балташ қатарлас азамат, 
өмірлік жар тауып, азаптан туған перзенті – Ескендірін қайта сүйіп 
жазушы басқа өмірдің бір белгісі, мезгіл мінезінің сипаты деген көркем 
ой тастайды. 
Ақ Жайық 
Х.Есенжанов 
Орал өңірі, жаңа өмірдің іргесін қалаған адамдардың ауыр да 
азапты тағдыры, олардың осы революцияға келу жолы жан-жақты 
бейнеленген ХЕсенжановтың “Ақ Жайық” трилогиясы сонау Азамат 
соғысының Батыс Қазақстандағы сұсты, сұрапыл жылдарының 
шындығын жеткізеді. 
Жазушыға 1967 жылы Абай атындағы Қазақ ССР-інің Мемлекеттік 
сыйлығын алып берген бұл шығарма жаңа заманға бетбұрыс жасаған 
қиын-қыстау кезеңнің қатерлі бір оқиғасынан басталатын. Ызғырақ 
табы тарамаған көктемнің көңілсіз бір түні, 1918 жылдың 29 наурызы, 
ақ қазақтар мен арандатушылардың Оралдағы контреволюциялық 
бүлігі жаңа орнаған Совет үкіметін құлатып, революция жастарын, 
большевиктерді қанға бояйтын қаралы оқиғадан бастап, біз кітап 


бетінен еркіндік жорығындағы ерлердің елімен, жерімен, халық 
тағдырымен сабақтас біртұтас күресін көреміз. 
Белгілі 
революционерлер 
Әбдірахман 
Әйтиев, 
Дмитриев, 
Меңдігерей Ипмағамбетов т.б. күрес туы қара қауымның көзін ашқан 
астыртын әркеттер халықтық характерлер құдіретімен үзеңгілес 
бейнеленіп трилогияда күні өтіп бара жатқан өмір мен жаңа дүниенің 
айшықты суреті берілген. 
Войско қаруына, ақ қазақтар мен атамандардың қолдауына 
сүйенген “ұлтшылдық” Жымпиты үкіметінің ел ішіндегі зорлық-
зомбылығы, бүкіл халықты ірі бір сілкіністерге дайындаған тарихи 
жағдай, дәуір шындығы шығармада мейлінше табиғи. 
Трилогияның екінші кітабы сол 1918 жылдың желтоқсанында 
жергілікті халықпен тізе біріктіре қимылдап, Қызыл Армияның Орал 
өңірінің азат ету жорығына келіп тіркеледі.
Жазушы 
осы 
алғашқы 
кітаптарында 
(“Төңкеріс 
үстінде”, 
“Шыңдалу”) негізінен ауыл тіршілігін, ел ішіндегі астыртын әрекеттерді, 
дала қазақтарының ащылы-тұщылы тұрмысын бейнелейтін. Ал, “Тар 
кезең” романында Войско үкіметінің мықты тірегі, ұлтшылдық ұранның 
ұясы, қырық құранды хан жасақшыларының басындағы шындықты 
көрсетіп отыр. Бір ортадан екінші ортаға көшкені болмаса, бұлар – бір-
бірінен кереғар, алшақ дүние, алшақ тірлік емес, өзара сабақтас өрбіп 
жатқан, ізгілік пен зұлымдық атмосфера қоян-қолтық көрінетін 
біртұтас өмір. 
“Ақ Жайық” трилогиясында әлеуметтік таптар тастысы әр қилы 
мінез, көзқарас тартысы бірте-бірте қомданып, шығармаға бойлап 
енген сайын қоюлана береді. Жазушының бейнелеу жүйесінен өз 
мәнерін, қолтаңбасын айдай анық танытар талай-талай шеберлік 
үлгілерін аңғарамыз. 
Тартыс таразысында – бір-бірімен кереғар екі өмір: Совет 
үкіметінің жолында қасық қанын қиюға дайын революционерлер 
(Әйтиев, Ипмағамбетов), жаңа өмірге бетбұрыс жасаған халық, қалың 
бұқара (Мәмбет, Қажымұхан), әділет жақтастары (Жүніс қажы) және 
олардың жолына тосқауыл, ескілік сойылын соғушы ақ қазақтар, 
генерал Михеев, революцияның қас жауларының бірі, қайырымсыз, 
қатігез Шұғыл бай. 
Контрореволюциялық бүліктен кейін жасырын атпен, құпия ел 
аралай жүріп дала қазақтарына ауылдағы тап тартысының сырын 
түсіндіретін, адамдар санасында әлеуметтік үлкен өзгерістерді 
дайындаған Әбдірахман Әйтиевтің астыртын істері мен Шұғыл 
тұқымының озбырлығына қарсы бас көтеріп, әділет жолын құптайтын 
ақылды, ойлы Жүніс қажы, дүние жайлы түсінігі бірте-бірте 
қалыптасып, кейін революцияның мықты бір тірек, сүйенішіне айналып 


кететін Хакім Жүнісов характерлері арқылы жазушы адам мен қоғам 
қатынасының кейбір құбылыстарын оқушыға қаз қалпында жеткізген. 
Қажы молын мүлтіксіз өткергенімен, өмірге көзқарасы, принципі, 
әрекет-қимылы жағынан Жүніс – кереғар характер. Күндерінің күнінде 
ата дәстүрінен аттап, дін ұясының өзінде, мешіт ішінде де Шұғыл 
баймен сілкілесіп қалады. Оның табынатын бір-ақ “тәңірі” бар: Ол - 
әділет жолы. 
Автор Жүніс қажының көркемдік шешімін аяғына жеткізе алмай 
биологиялық, кәрілік заңы, табиғат заңымен ғана өз ажалынан өлтіріп 
асығыс қоштасқанымен, осынау тамаша халықтық характердің бар 
бітімімен бір жайсаң самал еседі. Ол ғылымның, білімнің болашағын 
таныған. Ата салтын сақтай отырып, бірақ баласы Хакімді орысша 
оқытады. Қален мұғаліммен бауыр етіндей біте қайнасып кеткен. 
Жүністің төрт тіреу – төрт ұлы (Хакім, Нұрым Әлібек, Әділбек). 
Адамгершілік, адалдық үлгісі – атадан балаға жалғасып кете береді. 
Жүніс қажының антиподы – Шұғыл болыс. Ол ескі тірлік, қара 
ниет қатыгездік қонысы, ізгілікке қарсы көтерілген сойылдың 
қолдаушысы, қорғанышы, ақ гвардиялар мен “ұлтшылдардың” ел 
ішіндегі таянышы. Өз ұрпағы - өз ұлы Ехлас докторға мұра қылып 
тартатын үлгісі де оның адамдарға деген қарау пиғылынан өрбіп 
жатыр. 
Шаңырағы шайқалып, ошағы ортасына түскен бақытсыз семья – 
сыбызғышы Қайыпқожа, жазықсыз жетім Қали, зұлымдық есептің 
құрбаны аңқау, аңғал Кәрімғали – бәрі-бәрі өмірдің ащы сорын осы 
Шұғыл шөмішінен жұтқан. 
Жарамсақ Жолды Шұғылдың старшина сайлауы тегін емес. 
Өйткені оған көңілін қалт жібермей бағып отыратын, Шұғыл мұратын 
қалтқысыз іске асыратын қолшоқпар керек. 
Жол – сол ортаның туындысы. Ізгіліктің қатерлі бір жауы осы 
Жол тәрізді өз “мансабы” үшін ар-ұятын талақ қылып жүре беруге бар 
қосалқы тірі пенделерден шығады. 
“Ақ Жайық” трилогиясы арқылы біз әр қилы көзқарастағы талай 
ондаған адамдар тағдырымен табысамыз: Бақытжан Қаратаев, Сұлтан 
Қаратаев, генерал Мартынов, Ғұбайдолла, жасақшы Мәмбет, Нұрым, 
Жолмұқан, офицер Абылаев, шабарман Маймақов т.б. 
“Ақ Жайық” трилогиясында ізгілік атаулының әрдайым тілегіне 
болып, дегендері орындалып жатқан жоқ-ты. Шығармадан талай ауыр, 
қиыншылық суретін көргенбіз. Бір бет өліп-тіріліп, ақыры Абылаев 
айуандықпен айдалада атып кеткен, бетін бүркер бір уыс топырақ 
бұйырмаған Меңдігерейдің қайғылы қазасы, опасыздықпен сол суық 
қолдан қыршын қиылған Сәлмен мен Жанғожаның ажалы ұнамды 
кейіпкерлер алдынан ешқандай тосқауылдың кездеспегені емес-ті. 
Үкім орындалатын түні камерада у ішіп өлетін Дмитриев те тілегенім 


осы дей алмас еді. Тас қамауда Бақытжан Қаратаев бар еді, топ 
революционерлер “алланың” рақымымен кіріптарлық жұмыр қойқаның 
жиегін жастанбаған. 
Адамдарды мінезі іс-әрекеті, арман-үміті, пиғыл-ниетіне қарай 
жіктеген меже уақыт. Халық санасындағы өзгерісті, халық мінезіндегі 
бар құбылысты қадағалағанда да біз осы заман тынысынан 
бағдарлаймыз. 
Қоғамдық сілкініс тұсында, тарихтың сын сағатында бір-бірімен 
жарыса өрбитін қос желінің – жаңа туып келе жатқан азын-аулақ қазақ 
интеллигенті мен негізі халық өкілдерінің тоғысқан арнасынан 
Х.Есенжанов шығармаларының идеялық мәні ашылады. Бұл – мүдде 
мен мүдденің табысуы. 
Өмір қозғалысы, өмірдің даму спиралы, тарихи өзгеріс “Ақ 
Жайық” трилогиясында кең көрінген. Көркем келісім келбеті, характер 
құбылысы – халқымыз тарихының асқар бір белесін әр қырынан көз 
алдымызға алып келеді. 
“Төңкеріс үстінде”, “Шыңдалу”, “Тар кезең”, “Көп жыл өткен соң” 
романдарының табиғатын тану, ең алдымен, ондағы халықтық 
характерлер құбылысын саралап ел, жер, заман өзгерісінің адамдар 
санына әсерін жете түсінуден басталады. Біз халқымыздың әр қилы 
халықтық характерлердің даму логикасын “Ақ Жайық” романына 
көркемдік талдау арқылы ұғынуымыз керек. 
Жасы үлкенді сыйлау, қонағының қасы-қабағын бағып, құрметі 
асқанды қадір тұту – шығыс салтында инабаттылық өлшемінің бірі.
Бірақ ол әрдайым бұлжымас әдептілік шарты бола бермес-ті. Атадан 
балаға жетіп отырған сыпайыгершілік дәстүрі кейде сыйлы абыройдың 
алдында ғана ізеттілік етіп, қатардағы қарапайым ғажайып қасиетті 
аңдамай өтіп кететін кездер де аз емес. 
“Ақ Жайық” романдарынан кемшілік-жетістікті жұрт назары 
көбіне әйгілі революционерлер төңірегінен іздеу де осыдан болуы 
керек. 
“Соғыс пен бейбітшілік” тек Кутузов жайлы шығарма емес. Тарихи 
романдарда заман шындығын тек тарихи жеке тұлғалар ғана 
танытпайды. Өнер туындысы үшін адамдар алалығы жоқ. Бәрін тек 
зерттейді. Әрқайсысын өз тірлік-тынысымен, өз ортасымен, қайшылық-
құбылысымен, іс-әрекетімен, арман-үмітімен заман биігінен қарамақ. 
Өмір өзгерісінде алатын әркімнің өз орнын, әлеуметтік шындығын 
салмақтап беретін көркемдік өлшем дейтініміз осы. 
“Ақ Жайық” романдарында біздің көп әдебиетшілеріміз көрмей, 
ал көргендері онша мән бермей, сыншылдық пікірден қағыс қалған бір 
қызық характер бар. Қажымұхан! Қажымұхан құлағы естіп, көзімен 
бәрін зердесіне түйіп алуға бар. Өйткені, артында ертең елге 
оралғанда 
аузына 
қарайтын 
дүйім 
жұрты 
бар. 
Сапарының 


жауаптылығын сезеді Қажекең. Осыншама халықты біріктірген беделді 
маслихаттың төрағалары кімдер, көзін тізіп айтып шықшы деп 
қасындағы Хакім мен Оразды қолқалап қоймайды. 
Аңқау адамның көңіл-күйін бергенде жазушының иі де жұмсақ. 
Жылы бір әзілқой әуенмен оның бар ықыласын жадыратып жеткізген. 
Өмір бақи Қажымұханның көріп келе жатқаны – кімнің қолында 
билік болса сол білгенін істейді. Тұрмыс тәжірибеге немқұрайлы 
қарауға бола ма? Арқа сүйер өз хұқіметі тұрғанда Қажымұхан да өзіне 
тиесілі “құдайға” да, адамға да аян әділет правосын біржола басын 
ашып, қаттап қайтарып алғысы келеді. Жауы біреулерге қиянат жасау 
үшін заңға жүгірсе, Қажымұхан ел игілігін қиянаттан қорғау үшін заңға 
жүгінеді. 
Бұл жерде сауаты жоғары болғанмен басы жас Ораздың өзіне 
ақыл үйретіп жібереді Қажымұхан. Шаруаның практикалық жағын 
ойлайды. Көрген қорлықтың, бастан кешкен азаптың сұсты ызғары 
көлденең тартып отыр. 
“Қарағым, сен қызықсың, қызық болмасаң осыны ойламайсың ба? 
Егерде менің қолымда сол Макаровтың дәкіментіндей қағазым болса, 
Шалқардың үстінен көлденең құсты да ұшырмаймын, ау салу былай 
тұрсын”, - дейді қайратқа мініп. Шынында да оған жетпей тұрған бір 
қуат осы. 
Қиыншылықты көп көрген қайыс қара сақтық жасап тұр. 
Қожайындар қапысын тауып қайтіп келіп, жарлы-жақыбайды тағы да 
қысып телмірте ме деп хауіптенеді. 
Ел қамын ойлап Қажымұхан ата жауымен ғана емес, дос 
адамымен де айтысуға бар. Бірден өз ыңғайына көше қоймаған Орзаға 
да өкпелеп, тіксініп қалды. Қадалған жерінен қан алатын, айтқанын 
істетпей тынбайын, қолынан ұстап, тамырын баспаса, несие сөзге 
сенбейтін қазекеңнің қайсар мінезіне бой ұсынып, дегеніне көнбеске 
болмады. 
Мөр де басылды, қол да қойылды. “Жер де, су да өзіміздікі” 
Шалқарыңды қайырып алғаныңды құттықтаймын. Енді ешкімге берме” 
– деді Парамонов Қажымұханның қолын қысып. Қарапайым диалогта 
қандай сыр жатыр. Өз жеріне, өз суына шаруа адамы осылай ие болса. 
Достық жүрек, жылы ықыласты түсіну үшін тілмаштың қажеті жоқ 
екен. “Қонаққа кел! Жайын құйрығын жегіземін” деді Қажымұханға 
ниетін ұсынып. 
Қажымұхан Тереңсай түбегіне бет алғанда, жол басшысы жалғыз 
Бәйес қана емес, оның жанында өрімдей жас жігіт сыр алысып бірге 
келген. Қара шаруадан білім, парасаты озық жатқанымен, қоғамдық 
ұлы өзгерістің сыр-сипатын түсінуі тұрғысынан көп ұзап кете қоймаған, 
аршылмаған қазынадай, әлі де тұп-тұнық жүзіктей көзі – Жүніс 
қажының баласы Хакім еді бұл. 


“Өзен бұлты” жайлы ойлану оған қандай таңсық болса, төте 
жүрегін жолдың өзін орап өтіп, із тастап, кездестірмек құпия қазағы 
жайында да алдын ала сыр алдырмайтын Петро сондай таңсық. Қиын-
қыстау кездің астыртын жүріс-тұрысы, сақтық әрекет-қимылы – 
басынан кешіп көрмеген адамға осылай тосын көрінуі заңды. Бұл – 
Хакімнің қайта азды-кем өмір өткелін кешіп, ой өрісі енді-енді етек 
жайып келе жатқан шағы еді. 
Оқушы ел ішіндегі революциялық оқиғаларға алғаш еш араласы 
жоқ, жастық қызуы, ғашықтық самалынан тыныс алып жүрген бейқам 
бозбаламен “Ақ Жайық” трилогиясының бірінші кітабында танысқан. 
Хакім сырының шоқтығы – алдындағы оқуы мен сұлу Мүкәрәмға 
тірелетін. Туған дала төсінде жанымен жарылар бар жылуы осы ғана. 
Сапырылыс 
кезеңінде 
көп 
дүрмекпен 
қосақталып, 
абақты 
табалдырығын кездейсоқ бір аттап қалғаны бар. Жазықсыз жанның ол 
жерде онша керегі болмап еді. Бірақ түрмеден құтылғанда құдайдың 
құрығынан 
құтылғандай 
қуанғанымен, 
заман 
ағымы 
әлеумет 
мәселесінен алшақ жігіті бірте-бірте бауырына тарта берді. 
Хакімнің “қулығы” Ахметшенің алдында түкке татымды. Ахметше 
көп ойланбай-ақ оқыған, ел адамы Әлібеков Хамидолланың бір әзілін 
тілінің ұшына суыртпақтап тартып жатыр: “менің бұл дүниеде құдайға 
күпіршілік келтіретін бұл күнәм бар, ол: адамның не ойлап тұрғанын 
ішіндегісін білетіндігім. Іштегіні білу – құдайдың ғана жұмысы. Міне, 
сол құдекеңнің үлесіне қол сұғамын деп ауыр күнәға батып жүргенім. 
Сондықтан ертеңді-кеш тілейтінім: я құдай, сенің білгеніңді білемін деп 
күнәгер болдым. Осынымды кешіре гөр деп сиынамын” дейді. Сол 
Хамидолланың күнәсі қазір жұрттың көбіне бар. Хакімжан, мұндай күнә 
әзір сенде жоқ па?.. 
“Өзің Жүніс қажының баласы бола тұрып, әй қайдам, сенің бұлай 
жұрттан ақыл сұрап тәубаға келетіндей не жөнің бар, әр жағында 
кімде-кімдермен”. 
“Ақ Жайық” романында сәтті көркем бейнелердің ірісі де осы 
Хакім образы. Хамза Есенжанов оның сыртқы келбетін, түр-тұрпатынан 
бастап, ішкі жан дүниесінің ағым сырларына дейін суреттеп отырады. 
Сондықтан да бұл қаламгердің ірі табысы ретінде сыншылар мен 
зерттеуші ғалымдар тарапынан үнемі аталып келеді. 
Ақсу – жер жаннаты 
Қ.Ысқақов 
60-80-інші жылдардағы қазақ әдебиетінің талантты өкілдерінің 
бірі – Қалихан Ысқақов. Жазушының қаламынан туған “Ақсу – жер 


жаннаты” (“Қара орманның” жаңа нұсқасы) романы қазақ әдебиетіне 
қосылған елеулі туындылар болып табылады. 
“Ақсу – жер жаннатының” жазушы өмірден таңдап алған 
құбылысы – тақырыптан, алдына қойған мақсаты, айтпақ ойы – 
идеядан туындаған сюжеттік-композициялық құрылымы аса мықты 
характерлерді ашуға қызмет етіп тұр.
Жазушы Қ.Ысқақовтың “Ақсу – жер жаннаты” романындағы Бекет 
дүниені, өмірді, адамды танып-білсем екен деп талпынған азамат. 
Алуан түрлі кейіпкерлер, олардың тіршілігі, қым-қуыт тағдырлары және 
романның проблема етіп көтеріп тұрған мәселесінің маңыздылығы – 
бәрі-бәрі шығармаға кең тыныстылық қана беріп тұрған жоқ, сонымен 
қатар әлі де жалғасын табар, әлі де жазылар сұлбасын танытқандай. 
Оқырманның жазушы шеберлігіне тәнті болып, одан әлі де болса 
туынды күтері сөзсіз. Бұл жайды сыншы Т.Тоқбергенов өте ұтымды 
жеткізген. “Романның соңғы нұсқасы жазылып бітті, көптен ойда 
жүрген үлкен тірлік талай толқыманы өткеріп, әу баста діттеген жеріне 
жетті дер болса, онда роман осымен тәмам. Алайда, шығарма, 
біздіңше, тағы жалғасатын тәрізді. Неге екенін қайдам, Сиғаттың 
орнын басқан Бекет тағдыры енді ашылатындай. Соған байланысты 
кейіпкерлер әулиетінің сексенінші жылдардағы ұрпағы өз-өзінен жаңа 
романға сұранып тұрған сыңайы бар. Бекетпен басталып, Бекетпен 
аяқталған романның ендігі жалғасы да сол Бекет болатын нобайы 
көрініп тұрғандай” деп жазады сыншы Т.Тоқбергенов. 
Бекет өзін-өзі танып бітті ме? Өзгелерді ше? Әлі ешкім де 
толықтай танып, біліп, түбіне жетпеген әлемді, дүниені, ондағы 
адамдарды, сол адамдардың өмір сүрудегі мақсатын, мүддесін таным 
зердесінен өткізе алды ма? 
60-80-інші жылдары дүниеге келген қазақ романдары осынау 
проблемаларға тереңірек үңілді, соның нәтижесінде шығармаларында 
философиялық сипат пайда болды, ал бұның өзі сол кезеңдегі ерекше 
бір әдеби ағымды аңғартады дегенді жоғарыда айтып өткенбіз. 
Сондықтан да “Ақсу – жер жаннаты” романы, мәселеге осы тұрғыдан 
келсек, әлі де айтары бар, мейлі Бекет болар, мейлі Бекеттің қазіргі 
кезеңдегі ізбасары болар, әйтеуір жалғасы бар шығарма болып 
көрінеді де тұрады. Мына бір пікірді келтіре кеткеніміз орынды.
Адам өзі өмір сүріп отырған қоғамнан тыс тұра алмайды. Мәселе 
адамның сол қоғамның заңдылығын үнсіз мақұлдап, ессіз орындауында 
немесе қоғамдағы қарама-қайшылықтарды терең түсініп, оның өміріне 
үнсіз бас шұлғудың орнына, өз пікірін, өз ойын іркілмей айтып, 
қайыспай қарсы тұруында болса керек. Тереңірек үңілсек, Қ.Ысқақов 
романының мазмұны – сұлу Алтайдың әсем табиғатын қалайда 
болашақ ұрпаққа бүлдірмей, мұра-мирас етіп қалдырамыз деген 
ниеттен туындап, пішініне адамның түрлі драмалық жағдайлары, 


тебіреніс, толғанысын бейнелейтін психологиялық, философиялық 
сипаттар арқау болған.
Романда бірінші бөлімнің бірінші тарауындағы мына сурет 
жазушының өзіндік жазу машығын ғана әйгілеп тұрған жоқ, сонымен 
бірге Бекеттің болсын, басқа да қаһармандардың болсын, күрделі өмір 
жолын көрсетеді, сол арқылы жер басып жүрген барша адамзаттың 
ғұмырын, тағдыр-талайындағы күнгейі мен көлеңкесі, күндізі мен түні, 
ақ-қарасы, қуанышы мен реніші толы сапарын да байқатады. 
“Мұз астында тып-тыныш қыстап шыққан Күлмес өзені әр 
жерінен үзік-үзік тесіле бастаған екен, жар жағасындағы жалғыз 
көшенің біркелкі ағаш үйлері бір түннің ішінде шатыры мыжырайып, 
ескіріп қалыпты. Қыштан соққан екі қабат қос орда қоймен бірге 
жайылған бозқасқа есектей одырайып көрінген, олардың ауданның 
ақсүйек мекемелері екенін Бекет штукатурлы кәрі келіншектей сәңқой 
сырт пошымынан-ақ танып отыр. Ел-жұрттан екі-үш шақырым қашып 
шығып, ұлтарақтай жазықтың дәл ортасына жалпая кеп қонған 
аэропорттың қортық тамы да жым-жырт жусап тұр. Енді қайтып 
ешкімді шығарып салмайтындай, енді қайтып ешкімді қарсы 
алмайтындай екі арадағы суыртпақ жол уәһәм дүниеден күдерін үзіп 
бос жатыр. Өзек талдырып, өмір өксіткен уәйімшіл бір тыныштық бар 
қуатыңды құмарлығымен қоса қақтай сауып тауысқан нәумез шақ. Сен 
жұртқа, жұрт саған жексұрын көрінетін сияқты”. 
Шығармада Бекет араласқан, Бекет қарым-қатынас жасаған 
барша кейіпкерлердің әрқайсысы бас қаһарман үшін өмірді танытқыш 
мектеп десе болғандай. Романдағы барлық сюжеттік желі осынау 
адамдардың мінездерінен, бір қарағанда оғаш, ожар сөздері мен іс-
әрекет, пиғыл-пейілдерінен бастау алған. Жанжігіт қарт, Асхат, Сиғат, 
Жақып, Мешел, Бескемпір т.б. романдағы тұлғалар жеке, дара, дербес 
сюжеттік желілерге арқау болғандай әсер қалдырады. 
Роман сюжетіндегі барлық образдар бет пердесін сыпырып 
тастап, шынайы пиғылымен көрініп тұрғандай. Боқтау сөз айтсын, 
ожар қылық көрсетсін, бір қарағанда, оспадар жандардай әсер 
қалдыратын осынау қаһармандар сюжеттік-композициялық құрылымға 
ширақтық, өткірлік берген. Көптеген қаһармандардың өткен ғұмырын, 
әсіресе, жастық шағын елжірей еске алуы, сол бір балауса, кіршіксіз 
таза кезіндегі сырлы сезіміне бүгінгі уақыттың биігінен көз салуы 
композицияға айрықша үйлесімділік дарытқан. 
Балалық балғын шақ, бәрінен бұрын, адамның табиғат – анамен 
байланысының ең бір берік кезеңі, ол кезең шындық пен қиял арасына 
қойылатын шекараның бәлендей байқалмайтын сәтімен ерекшеленеді. 
Сондықтан да сюжеттік желідегі әр қаһарманның сонау алыста қалған 
сол бір қимас кезеңіне үн қатуы, сонымен жүздесуі, қиял дүниесіне 


енуі лирикалық шегіністермен ұтымды берілген. Ал мұның өзі 
романның пішініне лирикалық сарын енгізген. 
Ожар, оспадар, дөрекі көрінетін қаһармандар роман сюжетінде 
біртін-біртін бар болмысымен көрініп, характерлері ашыла түседі. 
Сюжетке қатысты нәрсе – тартыс десек, сол тартыс адам-табиғат-
қоғам деген ұғымдардың төңірегінен табылады екен. Сондықтан да көп 
кейіпкердің өмірдегі өз орнын табуға талпынуын оқиға желілерінен 
қапысыз аңғарасыз. 
“Ақсу – жер жаннатындағы” қаһармандарды да бірін Алтай 
табиғатының жанашырлары деп, бірін табиғатты таптап, ақшаның, 
табыстың көзіне айналдырғысы келгендер деп қарау керек. Осы 
жайттан бастау алған тартыс сюжеттік желіге арқау болған. 
Қ.Ысқақов романындағы “Бекеттің құлағында: “тігерге тұяқ 
қалдырмай қырып салды” деген жалғыз сөз ғана. Қадап айтқан жалғыз 
сөз миына мірдің оғындай қадалып, жар басындағы көгендеулі көп 
шамнан жаны түршікті де, Жанжігіттен көзін жасырар кең дүниеден 
алданыш таппады. Қасына жақындай баруға қаймыққан. Он 
тоғызыншы ғасырдың мұрасынан қалған тірі экспонаттың жалғыз 
нұсқасының жүзіне қарауға тіксініп еді”, - деген жолдар бүкіл сюжеттік 
желіге арқау болып тұр. Өзгені білсем екен, өзімді-өзім танысам екен 
деген жігіт алдымен өзі дүниеге келген жылы ұясын, жақындарын 
танып білді ме? Осы жайттар үлкен мақсат жолында жүрген бас 
қаһарманның тартыс сахнасына, күрес жолына шығуына себепкер 
болып, роман сюжеті барынша өткірлене түскен. 
Романның соңындағы “...Төркіндеп келген кәрі кемпірдей 
ырғалып-жырғалып ақсирақ қоян жылы Алтай өңірінен әлі де қайтқан 
жоқ еді...” деген сөйлем шығарманың соңғы түйіні, эпилогы сияқты 
әсер қалдырғанымен, өмірдің ешуақытта тоқтауды білмейтінін, 
уақыттың кідіруді көтермейтінін, адам бар жерде тіршілік бар, тіршілік 
бар жерде адамдардың көші бар, күрес бар, тартыс бар деген өмірдің 
ұлы заңын, ұлы философиясын алға тартқандай болып көрінеді. 
Ақ шағыл 
Ж.Нәжімеденов 
Қазақ поэзиясына жүрек жылытар сырлы да сазды, ойлы 
лирикалық өлеңдерімен келіп қосылған ақын Жұмекен Нәжімеденов 
“Ақ шағыл” атты роман жазып, өз ізденістері мен талантының жаңа бір 
қырын танытты. Бұл – оның проза саласында жасаған алғашқы 
қадамы. 
Ақын Исаковскийдің айтуынша, адам баласында ерте ме, кеш пе, 
әйтеуір, поэзияға бір сәт бой ұрып, әуестенбейтін пенде кемде-кем 


көрінеді. Бірақ әуесқойдың бәрі ақын бола берсе, поэзиядағы әсемдікте 
қасиет те қалмас еді. Алайда Жұмекен поэзияға әуесқойлықпен ғана 
келген, ештеңе тындырмаған ақын емес, бет-бағдарын, қол таңбасын 
айқын танытқан, табысты еңбек еткен белгілі ақын. Жұмекен жырлары 
жұртшылықтың, әсіресе жыр сүйер қауымның ыстық ықыласына 
бөленді, әдеби сыннан лайықты бағасын алды. Оның шымыр да
жұмыр жыр жолдары ақынға республика комсомолы сыйлығының 
лауреаты деген абыройлы атақ алып берді. Сол ақын прозалық тұңғыш 
туындысын оқырмандардың талғам таразысына тартып кетті. 
Шығарма оқиғасында аспаннан аяғы салбырап түскендей көзге 
ұрып тұрған дәнеңе жоқ, соғыстың соңғы жылдарында бозбалалықтың 
дәмін алғаш татып, нәпсінің тәтті дәмін тұшынған жасөспірім Еділхан 
мен ат жалына жабыса мініп, бәйгеге шабу сияқты шабандоздыққа 
жарап қалған “шөтке шаш қара бала” қатарлы буынның бәрі де күні 
кеше көзбен көріп, бастан кешіріп, куәсі болған белгілі оқиға, таныс 
тірлік. Бір қарағанда мұның өзі оқиға ұсақтығын, жұпынылық жайын 
аңғартатын боп көрінуі де ықтимал. Бірақ, зер салып үңіле қараған 
көзге тіпті де олай емес. Шығарма оқиғасының арқауы қашанда 
шынайы тірлік, өмір құбылыстары екені даусыз. 
Роман оқиғасы бас кейіпкер Сейсіметтің 1944 жылдың күзінде 
армияға алынып, майданға жүрер алдында нағашысы Әжімгерей 
қартқа сәлемдесіп, қоштасып кетуге келген сапарынан басталады. 
Есіктен кіре “Құйыдым ғой” деп еңіреп қоя берген сақау жігіттің олақ 
тілі мен киген киімі сияқты икемсіз, олпы-солпы сырт пішінінің өзі 
оқушының әрі күлкісін келтіреді, әрі аяушылық сезімін тудырады. 
Тоқтау айтып, ақылға шақырып көз жасын тыйғызған Әжімгерей 
қартқа Сейсімет енді бір сәт ата-бабасының, әкесінің батырлығын, 
ерлігін, күшін айтып мақтанып, есіп кетеді. Табиғатында адал, пенде 
баласына залалы жоқ, қулық-сұмдықтың иіс мұрнына бармайтын 
аңқылдақ аңқау Сейсіметтің не сөзінде пәтуа, не ісінде береке 
болмайды. Ол құдық қазғанда, пішен шапқанда, асау үйреткенде тіпті 
табиғаттың бойға берген қара күшінің өзін ысырап етіп жұмсайды. 
Және онысына әсте бір ойланып, қынжылып көрген емес. Қай шаруасы 
орнына келмей жатса да, “Тойы айғый, тоқпақ жалды тоғайда бай, 
қыздайдың ең жақсысы ноғайда бай” – деген жаттанды әуеніне басып, 
қаперіне түк те кіріп шықпаған парықсыз қалпында жүре береді. Сол 
қылығының өзінен ол оқырман көңілінде адамға тән дүнияһи 
пендешіліктен “құдай сақтап” мақұрым қалған табиғаттың бір кіршіксіз, 
пәк перзенті сияқты әсер қалдырады. Әрі күлесің, әрі аяйсың. 
Жазушының суреттеуінде ол әрбір істелетін жұмыстың ыңғайы бар-ау, 
жоқ-ау деп ойламайды, ағаш жонса, қолына еменнің иір бұтағы түссе 
де, ығын іздеп, оңайын көздеп жатпай, пышақты қарсы салатын 
орашолақ жан. Тіпті Мәруа сияқты сұлу қызды Сейсіметтің туған 


ағалары алып қашып, әкеп бермегенде, оның батылы жетіп, өз 
жөнімен үйленуі де неғайбыл еді. Жеңгесі шығарып беріп тұрған қызды 
(болашақ әйелін) алып қаш дегенде, ол “төмен етек, қысқа аяқты” 
адамға қиянат жасау қылмыс деп түсінгендіктен емес, адамгершілікке 
жат деп таныған адал көңілімен бас тартады. Ал осылайша өзін сүймей 
қосылған жары Мәруәнің бойында пендешілік бар-ау деген де оның 
ойына кіріп-шыққан емес. Майданда жүргенде ол ел қатарлы ерлік те 
жасап, кеудесіне бірнеше медаль тағып қайтады. 
Қорыта айтқанда, Сейсімет образы – жазушының сәтті жасаған 
табысы, қосымшасыз, боямасыз, бар болмысымен берілген тұтас тұлға. 
Романда көзге көрнекті, бедерлі жасалған тұлға Темірәлі бейнесі. 
Әу баста ол балықшы, теңіз жағалауынан келіп, колхозға бастық 
болады. Мал баққан қыр елінің тірлігін жете білмейтін жігіт қай малға 
қандай шөптің жұғымы болатынын ескермей, алғашқы бетте біраз мал 
шығыны болады. Ойпаң немесе тегіс жерге үйген пішеннің түбіне су 
кетіп шірітеді деген сылтаумен, шөпті шоқалдардың үстіне үйгізіп, 
мемлекетке 
жалған 
ақпар 
бергізіп 
жүрген 
пішеншілер 
мен 
бригадирлердің көзбояушылық әрекеті де бұл отқа май құя түседі. 
Осының бәрін көзбен көріп, қолмен істеп, біліп отырған ферма бастығы 
Сағынай Темірәліге кеңес беріп, ақыл қосудың орнына, оны орға 
жығуға әрекет жасап, ақыры аудандық газетке колхоз партия 
ұйымының секретары ретінде мақала жазып, дегеніне жетіп, пасық 
ойын жүзеге асырып тынады. Өйткені оған Темірәлінің орны қажет. 
Әрқашан “Темақа-Темақа!” – деп жалпылдап, сыпайы сызылып, 
оқырманға сыр бермей келген Сағынай, енді картаны ашуға болады 
деген соңғы сәтте ғана шын ниетін, ішкі пасық есебін танытты. 
Жазушының суреттеуіне қарап, “дос болып қас қылғаннан сақта, 
тәңірім” – деген халық өлеңі дәл осы Сағынайларға айтылған ба деп 
қаласың. 
Романда назар аударатын Әжімгерей мен Сандыбай образдары. 
Бұлар жас жағынан бір-біріне қарайлас қарт адамдар, ал характер 
ретінде мүлде қарама-қарсы тұлғалар. Әжімгерей қарт өзінің жұртқа 
жасаған жақсылығы мен әділін айтатын ақыл-парасатымен көп 
құрметіне бөленген ауыл ақсақалы. Аға сыйлап өскен қазақ сияқты 
елдің әр ауылында-ақ осы кісі не айтар екен деп, жұртты аузына 
қаратып, сөзін тостыратын, басалқалық айтатын байсалды ақыл иесі 
қариялар бар. Әжімгерей солардың бірі және сәтті жасалған бірегей. 
Суреттеулер мен баяндауларда Жұмекен юморының жұртты 
жалықтырмайтын жылылық лебі айқын аңғарылады. Ал романдағы 
жасөспірім бозбала жігіт Есімханның “Ұят” деп аталатын ұғымды 
игеруі, жер ошақ басында сүйекке таласқан иттердің әрекеттерін 
жалаң баяндамай, өмір құбылыстарымен психологиялық параллель 


жасай отырып суреттеуі – осылардың бәрі де жазушының жаңа 
жанрдағы сәтті қадамын танытады.
Ақиқат пен аңыз 
Ә.Нұршайықов
Шынында да солай, әрине, бұл ақындық қиялдан туған үлкен 
мұрат. Ерлік дастаны - өмірлік дастан, ол ұрпақтан ұрпаққа кете 
бермек, жаңғыра бермек, жаңара бермек.
Әзілхан Нұршайықов осы бір жайды терең барлап, өз 
шығармасын “Ақиқат пен аңыз” деп дұрыс атаған. Бауыржан 
Момышұлы жөнінде тараған аңыз-әңгімелердің түпкі түйіні өмір 
шындығында, сол шындықтың куәсі болған бас геройдың характерінде 
жатқандығы анық та ақиқат. 
Бауыржанның даңқын алғаш кең таратып жіберген Александр 
Бектің “Волоколам тас жолы” атты романы болатын. Романның 
алғашқы бетін ашқанда-ақ, майдан картасын алдына жайып салып 
офицерлерге бұйрық беріп отырған Бауыржан бірден алдыңнан 
шығатын. Соғыс тағдырын, соғыс құпиясын жете түсініп, жүрекпен 
сезінбей тұрып шығарма жазам деушілік әурешілік деп, бірден тік 
кететін Бауыржан Момышұлы оқырмандарға сол бір мінезімен ұнаған-
ды. 
“Ақиқат пен аңызда” Бауыржанның осы мінезі әр қырынан 
көрініп, соғыс майданында, жауынгерлер алдында үлкен істерді 
батылдықпен шешуге көмектеседі. Тапқыр да алғыр, сезімтал да 
секемшіл, қажырлы да қайратты офицердің характері осы бір 
белгілерімен дараланған. 
Майдан шебінде абырой, атаққа ие болған геройдың характерін 
айқын ашу үшін жазушы Момышұлына дүркін-дүркін сұрақтар қойып, 
өзара сырласып, өзара пікір таластырып отырады да, аңыз бен 
ақиқаттың ара жігін ашады. “Ұшқан ұя” мен “Москва үшін шайқаста” 
әңгімеленетін оқиға тізбегінен жазушы жаңа жол тауып, роман-
диалогта геройдың психологиялық толғаныстары мен дүние танымына 
айрықша зер салған. 
Бұл салада жазушы ілгерінді-кейінді баспа беттерінде жарық 
көрген көптеген өлең-жырлар мен очерк, мақалаларды, ел арасына 
кең тарап кеткен аңыз, әңгімелерді молынан пайдаланады да, орталық 
қаһарманның өзіне сөз береді. Сол арқылы негізгі геройдың жан 
дүниесіне үңіліп, оның бір беткей мінезіндегі терең сырды ашады. 
“Сізді біреулер теріс азу, тентек атағысы келген бе, қалай өзі, Бауке?” 
– деп сұрақ қоюдың өзінде де көп мән бар. Табиғатында шындықты 


сүйетін жазушы осы бір оқыс сұрақтарды қоя отырып өз геройының 
бойындағы шытқыл, тік мінезділіктің төркінін танытпақ болған. 
Әр түрлі ұлттар өкілдерін сапқа тұрғызып, жеңіске үндеген 
командирдің берген бұйрығы, қойған талабы қатал да айқын. Герой 
характеріндегі осындай өзгешелікті әрбір іс, әрбір эпизодта мегзеп 
отыратын автор шығарманың бояуын қалыңдатып жібермей, шынайы 
суреттеген. Осыған орай жазушы Бауыржан Момышұлының жастық 
шағына барлау жасап, тік мінез, бір беткейліктің алғашқы ұшқынын 
сол бір балалық кезден іздейді. Үлкендердің алдына шығып, бетіне тік 
келгеніне қатты өкініп, өз қатесін мойнына ала білген өр мінезді 
жастың турашылдығы табиғи болып келеді де, осы бір өр мінезділік 
соғыс кезінде өрелі, пайдалы істерді батыл шешуге тікелей 
көмектескен. 
Жауынгерлер алдында әділетті принциптілігімен танылатын 
Бауыржан соғыс кезінде батальон, полк командирінен дивизияны 
басқаруға дейін көтерілген. “Нацистерге қарсы 207 рет ұрысқа 
қатысып, бес рет өлімнің құрсауында қалған, екі рет өлімші болып 
жараланған” Момышұлының ерлік істері ауыз толтыра айтарлықтай. 
Роман-диалогтың осы тәрізді ұтымды жақтарымен бірге қайсыбір 
жағдайда оқиға ізімен кетіп, бояуы қуқыл тартып, публицистикалық өң 
алып кететін кездері де бар. Осыған орай бас геройдың өзіне тән 
ерекшелікті тым көтере, әсірелеп көрсетушіліктен де роман құр емес. 
Ол өзара диалог үстінде де аңғарылып қалады. Жазушы сұрақ 
қоярдың алдында Бауыржанның қас-қабағына көбірек қарап, шырт 
етпе мінезіне кездесіп қалмауды көздейді. Соның өзінде герой 
тарапынан тік мінез, өктем сөздер елес беріп отыратындық та бар, ол 
отырған жерде төрге шыққандарға зекіре сөйлеп, өктем мінездер 
көрсетуі де басы артық дүниелер. 
Герой характеріндегі осындай өзгеше белгілерді жазушы романда 
бүкпей, жасырмай, жаба сіркелемей ашқан. Ата-ана, туған-
туысқандары жөнінде көбірек әңгімелейтін Бауыржан Момышұлының 
өз 
шығармаларындағы 
эпизодтарға 
жазушының 
ден 
қойып 
отыратындығы да осыдан. 
“Ақиқат пен аңызда” Бауыржан әр қырынан көрінген. Бүкіл 
дивизияны басқарып, жауға аттанған командирдің тапқырлығы мен 
алғырлығы үлкен шайқас, кескілескен ұрыстардың үстінде айқын 
көрінеді. “Дүние тарс-тұрс, гүрс-гүрс болды да кетті. Біз алғашқыда 
кейін серпілген жігіттерді қуып, екпіндеп келіп қалған бір топ неміспен 
қоян-қолтық келіп, найзаласа жұлқысып кеп кеттік. Менің дәл қарсы 
алдыма бір арғымақтай офицер жетіп келіп қалған екен. Баяғы 
Сибирьде жүргенде үйренген ат үстінен шыбық шабатын әдісіме салып, 
қыл мойынды қиғаштай тартып кеп жіберіп едім, офицер жұлындай 
ұшып түсті”. 


Міне мұнда Қиыр Шығыс, Сибирьде жүргенде жатығып үйренген 
соғыс өнері тікелей көмектескен. Сонау, Суворов, Кутузов кездерінен 
бастап нелер сыннан өткен соғыс тәсілінің бір түрі осы тұста бір кәдеге 
асқан, бетпе-бет айқаста командирі өзі күшін, өз өнерін танытқан.
Генерал Панфиловты сүйе де, құрметтей де білетін Бауыржан 
оның қолбасшылығындағы әскери өнерді қадағалап, ұқыптылықпен өз 
тәжірибесінде пайдаланды. Бұл тұста жазушы Әзілхан Нұршайықов бас 
қаһарманның күрес тәсіліне, ұстаздық, қамқорлық, тапқырлығына 
көбірек сүйеніп майдан кезіндегі жауынгерлердің ерлік қимылына 
айрықша назар аударып, бүкіл халықтық күрестің сәулесін түсірген. 
“Алға! Қырандарым!” деп, тағы да қарлыға айқайлап, ілгері 
жүгірдім. Қырандарым таудан төңкерілген судай ағындап, менен озып, 
айналамнан алға қарай ағытылып жатты”. 
Тоғызыншы гвардиялық дивизияның командирі Момышұлының 
осы тәрізді кескілескен шайқаста жеңіске жетуінің негізгі тетігі әскери 
өнерге жетіп, нағыз ұстаз жетекші екендігі шығармада осылай 
дәлелденген. “Ерліктің негізі – сүйіспеншілік. Кісі сүйгенінің құлы да, 
құрбаны да болады. Отанын сүйген солдат ол үшін отқа да, суға да 
түседі. Сөйтіп, саналы түрде ерлік жасайды”. 
“Ақиқат пен аңыздың” көркемдік шешімі де, алға тартары да, 
эстетикалық ұғым, талғамы да, философиялық түйіні де, міне, осында. 
Командирінің 
Отан 
алдындағы 
міндетін 
бүкіл 
армия 
болып 
қабылдауында. 
Романда осы бір жай ашық бояуын тапқан да, тарихи тұлғаның 
характері Армияның қажымас ерлігін, қаһармандық күресін суреттеу 
үстінде айқындала, даралана түсіп, бас геройдың қатысуымен бүкіл 
майдан өмірін танытуға жазушы мол мүмкіндік алған. 
Романда және бір көзге түсетін жаңалық – күні кеше Шымкентте 
тентектікке бой ұрып жүрген өжет жас, сол қайсарлық, сол өткірлігімен 
қиындықтың барлығына да қарсы тұрып, әскери өнерді қызыға қалап, 
еркін меңгеріп алған. 
“Ақиқат пен аңыздың” және бір өзгешелігі – Бауыржан 
Момышұлының бейбітшілік өмірде қарудың орнына қолына қаламын 
алып идеология майданында жазушылық өнерімен танылуы. 
Бұл салада жазушы Әзілхан Нұршайықов өзі көріп, өзі де 
араласқан үлкен өмірді көркемдік шындыққа көтере суреттеп, 
Бауыржан Момышұлының характерін айқын танытқан. 
Сонымен бұл романда Ұлы Отан соғысы кезіндегі ерлік пен 
батылдық, алғырлық пен тапқырлық, жауға деген ыза-кек қат-қабат 
суреттеліп, патриотизм үлкен жеңістің рухани күшіне айналған. Отан 
соғысы кезінде небір қиын-қыстау кезеңдерді басынан кешірген тарихи 
тұлғаның айқын көрінісін Бауыржан характерінен тапқан. Соғыс 
эпизодтарын, майдан өмірін жалпылама шолудан бойын аулақ салған 


жазушы характерді ашу үстінде деректі материалдарға көбірек 
жүгінеді де, сол арқылы Ұлы Отан соғысындағы қаһармандық, ерлік 
күресті әр алуан жақтарынан ашып, шығарманың халықтық сипатын 
көтерген. 
Аласапыран 
М.Мағауин 
Мұхтар Мұқанұлы Мағауин 1940 жылы 2 ақпанда бұрынғы Семей 
облысының Шұбартау ауданында туған. 1962 жылы С.М.Киров 
атындағы Қазақ мемлекеттік университетін, 1965 жылы осы 
университеттегі қазақ әдебиеті кафедрасы бойынша аспирантураны 
бітірген. М.Мағауин – ХҮ-ХҮІІІ ғасырлардағы қазақ поэзиясын алғаш 
кең көлемде арнайы зерттеп, ғылыми айналымға енгізген білімді 
оқымысты, филология ғылымдарының кандидаты. Әр жылдары “Қазақ 
әдебиеті” газетінде бөлім меңгерушісі, “Жазушы” баспасында бас 
редактордың орынбасары, бас редактор, бұрынғы Қазақ КСР Ғылым 
академиясы М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында 
аға 
ғылыми 
қызметкер, 
Абай 
атындағы 
Қазақ 
мемлекеттік 
педагогикалық институтында доцент қызметтерін атқарды. Қазір – 
республикалық 
әдеби, 
әлеуметтік 
“Жұлдыз” 
журналының 
бас 
редакторы. М.Мағауин – Қазақстан республикасы Мемлекеттік 
сыйлығының иегері, халық жазушысы. 
“Аласапыран” роман-дилогиясы 1980-1982 жылдары жарияланды. 
Шығарма архитектоникасы бір адам, нақты тарихи тұлға бас қаһарман 
Ораз-Мұхамед сұлтанның өмір жолы, бастан кешкен сергелдеңді 
тағдырына негізделген. Алайда Ораз-Мұхамед куә болған, қатысқан, 
ұғынған дүние шындығынан ХҮІ-ХҮІІ ғасырлардағы орыс, қазақ 
қоғамында орын алған қым-қуыт өзгерістер, күрт бұрылыстар сырын 
кең де айқын топшылау қиын емес. 
Роман-дилогияның 
орталық 
тұлғасына 
Дәшті-Қыпшақтың 
падишаһы Тәуеккел ханның қалғаны (орнын басушы адам), Ұзын оқты 
Ондан сұлтанның баласы Ораз-Мұхамедтің алынуы орынды. Ораз-
Мұхамед қазақ өлкесі мен Ресей жерін жалғастырушы буын, рухани, 
дипломатиялық жақындықтың жанды көрінісі. Бар саналы ғұмырын 
Россия патшалығында өткізгендіктен ол туралы ғылыми еңбектердегі 
нақты мәліметтер де сенімді. 
Автор екі халық арасындағы тарихи достық, серттестік күйлерін 
жалған сүйіспеншілік, көлгір сый-сияпат, алдамшы күлкі арқылы 
аңғарылатын қалың ресми қатынастар немесе әй-шәйсіз ауыз жаласа 
кету сияқты кісі иланғысыз жағдайлар ауқымында шешіп, оңай “олжа” 


табуға тырыспайды. Көршілес жұрттар, бір халық, бір ру, бір ата 
тұрған, жекелеген адамдар арасындағы бірлік, ынтымақ жолдарының 
шынайы күрделілігі бұл тәрізді аса маңызды саяси-әлеуметтік мәселеге 
байланысты нағыз диалектикалық, барынша шыншыл суреткер 
көзқарасын талап етеді. 
М.Мағауиннің ішкі дүниесіне бар назарын сала тұрып, сыртқы 
орта, әлем қайшылықтарына ең алдымен көңіл бөледі, ал Ораз-
Мұхамед сезіміндегі, ой орманындағы тылсым пернелер шектеулі 
мөлшердегі интроспекция тәсілімен ашылады. Қаламгер атақты 
Г.Флобер, О.Бальзак, Ф. Достоевский үлгісіндегі аналитикалық 
психологизм дәстүрі емес, өзі аса жоғары бағалайтыны анық 
байқалатын Г.Мопассан, А.Чехов, Э.Хемингуэй тәріздес дара сипатты 
классиктерге ортақ қасиет – ықшам суреттеме, бір тұсқа көп 
айналсоқтай бермейтін жүрдек сезгірлік, түйіп айтар өткір түйсік 
айшықтарына бейім динамикалық, яки синтетикалық психологизм 
принциптерін ұтымды санаған. Бұл аз сөйлеп, көп ұқтыратын, әр алуан
қалтарыс-қатпарларды бірдей ақтарып салмай, жұмбақтың шешімін 
көрер көз, естір құлаққа қалдыратын суреттеу амалдарын молырақ 
пайдалануға тиіс стильдік аңсар. Мәселен, “Аласапыранның” бірінші 
кітабында жан-дүние тартысын түбірлей бедерлеу екіншісімен 
салыстырғанда аз. Тұтас алғанда ол кейінгі Ораз-Мұхамедтің 
дүниетанымы, көңіл әуеніндегі қарама-қарсы мезеттерді дайындаушы 
алғышартың, кең тынысты эпикалық прологтың ролін атқарған. 
Дәшті-Қыпшақтың 
1588 
жылы 
Созақ 
қаласында 
өткен 
Құрылтайынан басталатын бұл алғашқы үш бөлімде (“Қазақ даласы”, 
“Ібір-Сібір жұрты”, “Орыс елі”) негізінен сахара жұртындағы ұлттық 
дәстүр, тіршілік-ғұрып дағдылары, ел билеу рәсімі, аңшылық, 
саятшылық өнері, жауынгерлік ереже-салт, соғыс көріністері іспетті 
тұрмыстық-этнографиялық детальдар тарихи-көркем деректілікпен 
суреттеледі. Қалға сайлау, уәзір, би, бектерді тағайындау салтанатын, 
қыр өміріндегі ерекше дипломатия, айтыс, буынсыз тіл, ұшқыр сезім, 
ұтқыр ой сайысына айғақ құбылыстардың тамырын тап баса өрнектеу 
бар. Тәуекелдің хандық өлшемдегі әділеттігі мен парасаты, Томан, 
Сүтемген билердің жорамалға жүйрік сұңғыла жүрек, дәлескер 
ділмәрлігі, Қадырғали бектің салқын ақылы, Абалақ сұлтанның өршіл, 
тентек мінезі, кесек қылығы, тақтан үміткер бауырлардың мансап 
буына құныға тұрып, халық үні, хан үкімінен аса алмай, кішірейер әдеті 
сол кезеңде одақтасып, Бұхарадағы Абдолла ханның бүлікшіл 
ордасына қарсы бірге аттанбақ ниеттегі қазақ-қалмақ қауымының 
мәртебесі биік, мерейі үстем шағынан елес тастайды. 
Жау іздеп, өлкемен қабынғандықтан емес, өз ұлысының 
дербестігін сақтау жолындағы аттаныс, баяғы ата-баба жерін қайтару, 
есе алу, кек қайыру арқылы еркіндікке, жомарттыққа, дәулет-баққа 


жету мұраты жас Ораз-Мұхамедтің де көңілін тербеген. Ол Ораз-
Мұхамед ойлап тапқан заң емес, қадым замандар қағидасы, тіршілік 
дәстүрі, қоғамдық қажеттілік. Ол қанаудағы қараңғы халық өкілі, сол 
төменшік жұрттың жоқтаушысы немесе ұлт-азаттық шаруалар 
көтерілісінің басшысы болған жоқ. ХҮІ-ХҮІІ ғасырлардағы қазақ 
хандығында жеке бір мемлекет құру, жаңа этникалық, әскери-
азаматтық бірлікті күшейтуден артық мүдде болмағаны хақ. Қалың 
еңбекқор, жауынгер халық тағдырдан ерекше жомарт талай күткен 
жоқ, кейінгі лықсыған бай-шоралар емес, қалыптасқан наным бойынша 
өзгеше туысы, генеалогиялық рәсімі соған сай ержүрек, ақылгөй 
жаратылысы арқылы өктем орынға иеленген қолбасшы, әкім, бек 
атаулыға ашық наразылық білдіре қоймаған. Осындай заманда Ораз-
Мұхамед сияқты табиғи тәкаппарлығына батырлығы, зерек ұғымына 
әділдігі, турашыл, сенгіш, адал мінезі жарасқан сұлтанның қарапайым 
бұқара үшін де белгілі дәрежеде мұрат тұтып, жұмаққа жеткізер деп 
сенетін, жақсылыққа үміт артар жолбасшы кейпінде тарих сахнасына 
шығуы заңды еді. Тосын қайырым, дархан, батыл көңілімен жарқ етіп 
көрінген жас қалғаның кенет ғайып болуы қандай өкініш, арман болса, 
жат елде билікке қолы жетіп, жеңісті ұрыстарда өркениеттеніп, жарым 
патшалық құруы – соншалықты таңғаларлық ғажайып оқиға, аңызға 
бергісіз шындық. Ораз-Мұхамед Ресей жеріне өзі ғана кеткен жоқ, 
бүкіл ел аманатын, дос пейілін, бейбіт ықыласын ала кеткендей. Қазақ 
санасында Ораз-Мұхамед жайлы әр қилы жағымды естелік қиялдай 
әдемі, қиссадай мұңды сырдың ұзақ сақталуы да жоғарыдағыдай 
құбылыстың ұлттық шеңберден асып, жалпыхалықтық деңгейге 
ұласуына айғақ мән-мазмұнынан танылса керек. Сондықтан жазушы 
Ораз-Мұхамед бейнесін ұлттық қаһарман, орыс-қазақ халықтарының 
достық символы, екі ел көлеміндегі дипломатиялық алыс-берістің
тұңғыш қарлығашы ретінде сомдауды көздеген. Алайда қаншалықты 
ізгі мақсат, ақыл, парасатына жеткен мансап, жеке тіршілікте көрген 
қуаныш, шаттығына қарамастан, ол – трагедиялық тұлға. Оның 
трагедиясы туған жерден алыстағы әйтпесе тіпті алмағайып кезеңдегі 
түңілу шақтарында ойға жиі келетін отансыздық туралы біршама рас, 
біршама жалған сенімі, күдіктену, күйреу сәттері. Бұған да кейіпкер 
кінәлі емес, аласапыран уақыт, қатігез замананың аумалы-төкпелі 
ахуалы. 
Әрине, Ораз-Мұхамедтің өзі хандық құрған Хан-Кермен жұртын, 
тұтас Ресейді Отаны, туған ошағы санайтын мезеттері қаламгер 
тарапынан тапқыр психологиялық тарихтар нәтижесінде көрсетілген. 
Батырдың өлімі тұтқиылдан, жүзіқара жендеттен келуі де аянышты. Бір 
емес, екі рет ел-жұртынан, жар-жолдас, туыс-бауыр, бала-базардан 
айырылумен де ол адам ретінде өксікті, өкінішті шындыққа кепіл. Бірақ 
М.Мағауин тұғырнамасында Ораз-Мұхамед трагедиясы бүтін бір қазақ 


халқының 
қасіреті 
емес, 
орыс 
патшалығындағы 
аласапыран 
дүрбелеңнің салдары, Ресей зарымен сабақтас жағдай орайында 
суреттеледі. Шығарма оғзасынан айқын байқалатын ішкі драмалық 
кернеу, психологизм бастауы – Ораз-Мұхамедтің өткен күндеріне, 
қызықты, алаңсыз, сәнді, мағыналы тіршілігіне деген сағынышы. 
Барлық пен байлық, атақ, лауазымнан пенде емес Қасимов ханы, іргелі 
қолбасы, ақсүйек дворен атанған, әйтсе де қамаудағы орыс, күдікті
саналатын кейінгі өміріне, бұлғақты жылдар талқысына наразылығы 
шынайы рухани атмосфера драматизмін кестелемек. 
Өзі Тобыл воеводасы Данило Чулковтың айла-шарғысына оңай 
түсіп, орыс еліне еріксіз бодан болған, соңынан Россия патшасы Федор 
мен ақта?? Бояр Борис Годуновтың мол қамқорлығын көрген шағынан 
бастап Ораз-Мұхамед туған қазақ халқын достық пен одақтастық 
жағдайға қарай бейімдеуге күш салады. Оған кепіл – Тәуекел ханның 
атынан ресми түрде елшілікке келетін Құл-Мұхаммед бидің әрекеттері. 
Келіссөз біршама нақты нәтижеге жетеді. Дәшті-Қыпшақ өлкесі 
Россия мемлекетімен анттас анда болуға уәделеседі. 
Хан-Кермен (Қасимов хандығы) мен Ораз-Мұхамед тағдыры 
бірінші, екінші жалған. Дмитрийлердің, алаяқ князь Василий 
Шуйскийдің таққа таласқан күндерінде сансыз сергелдеңге түседі. 
Ораз-Мұхамед белгілі бір уақытта халық көтерілісіне ұйытқы болған 
Болатниковпен тізе қосып, Шуйский әскеріне қарсы соғысқа да 
барады. Әрине, Болатников пен Ораз-Мұхамедтің көзқарасы толық 
үйлесімге келуі қиын. 
Ораз-Мұхамедтің өз басы сансыз дағдарысқа ұшырап, адалдығы 
опасыздыққа, құлығы зиянға, жігері құмға айналатындай дәркүмән 
күйде жүріп, Айданақ атты кішкене қызынан өзге жақын-туыстан, 
екінші отаны – Хан-Керменнен айрылған, тағы да рухани жетімдік 
жағдайға түскен кезінде балалық дәурені өткен ата-баба даласын 
аңсауы сенімді. Рахатынан азабы көп, соқтықпалы-соқпақсыз 39 жыл 
ғұмыр кешкен Ораз-Мұхамед Екінші жалған Дмитрий-Кәззаптың 
жендеттерінен қапыда қаза табады. Айнымас досы, мәрт мінезді князь 
Петр Урусов кегін қайырса да, соңындағы елі үшін қамырық жеген 
азамат арманы көкейде кеткендей. 
Кездейсоқтық дауылына ұшыраған Россияның басы дауда қалған. 
Ораз-Мұхамед те аласапыран дауыл ұшырған тағдыр жаңқаларының 
бірі. 
Романда ерлігі ересен жанкешті Қабан, Манақ батырлар, 
парасаты кең Қадырғали бек, өркеуде, өзімшіл, кекшіл, намысқой 
Есеней, адал сарбаз, қадірлі би Нұрұзақ, артын бағар айлакер Төбей 
мен Шәм сияқты қаһармандардың дара сипаттары бас кейіпкермен 
қақтығыс не келісім үстінде соның айқын бағасын ашық топшыламай, 
қиялай пайымдау сарынын бейнелейді. 


Орыс 
қалаларының 
архитектуралық 
пішіні, 
жасақтар, 
ақсүйектердің киім, сәні, салт-жаралғысы, жауынгерлік эпизодтар 
соншалық нақты тарихи этнографиялық штрихтармен айшықталған. 
Ораз-Мұхамед 
образындағы 
осы 
заманалық 
мән-маңыз, 
тартымдылық қасиет кейіпкердің тұтас халық өкілі, отан ұлы, рухани 
бостандық іздеуші қайраткер санатына өсуінде жатса керек. 
Алатау 
Б.Қыдырбекұлы 
Б.Қыдырбекұлының “Алатау” романының негізінде жатқан 
идеяны – гуманизм идеясы деп белгілеуге болады. Романның бірінші 
бетінен ең соңына дейін автордың позициясын толайым адамгершілік 
және адамға деген сүйіспеншілік деп түсіне білу керек. 
“Алатау” романын бүгінгі күннің деңгейінен қарап, коммунистік 
идея туын көтеруші деп айыптау жеңіл болар. Бірақ ол олай ма? Ел 
деп еңіреп туған, Отан үшін шыбын жанын шүберекке түйіп, қазақ 
жауға найзағайша атылған талай батырлардың, отты жылдардың 
көрігінде болаттай шыныққан достықтың, адамгершіліктің, адалдықтың 
нелер ғаламат үлгілерін баяндайтын бұл шығарманы тек қана 
коммунизмге бейімделген деу олқылық болар. Бұл романда нақтылы 
көрсетілген өмір атаулының қайшылықты, күрделі процесс екенін де 
айтып өту қажет. Бұл роман өмірдің үлкен шындығын өзінің халқына, 
кейінгі буын жас ұрпаққа баян ететіні сөзсіз. Шығарманың басты бір 
сипаты – болған оқиғаларға, деректерге негізделініп келетіндігі. Сол 
документтілікті қаламгер көркем бейнелеумен шебер ұштастырып 
отырады. 
Романда 
отызыншы 
жылдардағы 
колхоздастыру 
кезінде 
жіберілген асыра сілтеулер, соның салдарынан республикамызда 
жайлаған ашаршылық, одан жаңа есін жия бастаған, бір нәубеттен 
құтылған елдің басына түскен екінші зобалаң – 1937-1938 жылдардағы 
жаппай жазалау, қуғындау науқаны сияқты халықтық трагедияға 
айналған әрекеттер суреттелген. Ал бұл тақырыптардың коммунистік 
пиғылдармен сәйкес келмегендіктен жабық болғаны бәрімізге де 
мәлім. Сонда жарқын да, жарық келген оптимистік идеяның бәрі 
коммунистік болып, мұңлы-қайғылы,пессимизмге толы жағдай ол 
жабық-жасырынды коммунизмге қайшы-қарсы келген идея екен. 
“Алатау” романында екеуі де бар. Сондықтан тұжырымдай келіп былай 
деу керек: коммунистік талпыныс та, оған қайшы келген қазақ ақиқаты 
да автордың көзқарасымен қарағанда бір-ақ идея, бір-ақ үлкен іс. Ол – 
гуманизм идеясы. 


Романда бұл идеяның шашбауын көтеруші деп басты кейіпкер 
Абақ Үйсінбаевты білеміз. Шығарма бір адам атынан баяндалғандықтан
оқушы жалпы романның мазмұнын да, негізгі идеяны да, бәрін де 
Абаққа тән көзқарас арқылы қабылдайды, Абақпен бірге уайым-қайғы 
кешіп, Абақпен бірге қуаныш-шаттыққа бөленеді. 
Қазақ, негізінде, даласындай пейілі кең, көңілі шалқыған халық. 
ХХ ғасыр басындағы қазақ қоғамы қақ бөлініп, таптық сезіну орын ала 
бастаған шақтың өзінде де қазақ жесірін қаңғыртпай, жетімдерін 
баурына баса білген. Бұл ұлттық дәстүрлі гуманизм түрі. Тек қазаққа 
ғана тән гуманизм түрі. Абақ кішкентай күнінен жетім қалып, бай 
қозысын бағып тамақ асырады. “Сегіз жасар баланың қозы баққаны 
қандай адамгершілікке жатады?” деген сұрақ тууы ықтимал. Абақ 
кедейшілікке батып жатса да өз үйінде тұрды, қозы бақса да тамағы 
тоқ болды. Оған себеп болған қазақ қоғамының ата-бабамыздан мұра 
болып келген гуманистік пиғылы. Кейін Абақ, жолаушы журналистке 
айтқан әңгімесінде, Жаубай байды қандай ұнатпаса да, оның 
дастарқанының мол болғанын, жан-жағындағы кедей-кепшіктерге 
бағуға беріп қойған малын еркін өз малындай пайдалануға мүмкіндік 
жасағынын жоққа шығара алмайды: “Бай үйінің асы-суы, айран-сүті бір 
қараша үйде, кедей-кепшіктің үйінде болатын. Оның қаншасын ішу, 
қаншасын жеу көбіне-ақ кедейдің өз қолында еді. Моральдік жағынан, 
киімнен жүдемесе кедей тамақтан тарықты деу көпе-көрінеу жала 
болады”. 
Абақты балалық-бозбалалық кезінде қоршап жүрген көп адамның 
бірі – Сәлиман. Адамгершілігі мол, кеңпейілді Сәлиман жалғыз Абаққа 
қана қамқорлық жасаумен қоймайды. Өзін жетім, көңілін жетім 
санағандардың бәрі сол кісіден қолдау іздеген. Ал Сәлиман болса жеке 
басының бостандығын сақтап қана қалмай, алды-артындағы ел-
жұрттың бәрін жеке тұлға ретінде түсіне сыйлай білген. “Аққатын” 
аталып кеткен бай тоқалын туғанында қойылған өз есімі Інжір деп 
атаған. Байға бесінші қатын болғысы келмей, әмеңгерліктен бас 
тартып, “Жаубай ауылының бар еркегін желкектей көрмей, жерге 
қаратып, жалғыз басты, салт атты, сабау қамшылы кедеймен” қашып 
кеткен Нұрия да Сәлиманның батасын алған. Ұлбай бәйбішенің құпия 
сырына ортақ болып, Ұлтуғанның тууына да себеп болған осы 
Сәлиман. 
Бірақ бұл кейіпкер романда жергілікті рөл атқарумен ғана 
шектелген. Шығарма көлемді келген. Сондықтан мұндай кейіпкерлер 
көп. Олар Ұлтарақ, Інжір, Талғар, бірқатар революционерлер бейнесі, 
Ольга. Олардың барлығы романның негізгі идеясының тұрақталып, 
дамуына атсалысып, өз үлесін қосқан. Ол үлес олардың білім-сауаты, 
қоғамдағы орнына байланысты, алдына қойған мақсатымен, ізгі 
ниетімен шектелген. Бірақ бәріне де ортақ қасиет ол адам баласына, 


жақындарына, жан-жағындағыларға сүйіспеншілікпен, махаббатпен 
қарап, іс-тұрмысын, өмірін соған бағындырып бағыттау. 
Інжір мен Ольга үшін ең басты мақсат – ол үй-іші, отбасының 
аман болуы. Осы тұрғыда олар сүйген жарының нағыз сүйеніші болып, 
оқырманды әйел атауына тән нәзіктік, сенімдік, адалдығымен 
сүйсіндірмей тұрмайды. Бұл қолданбалы мағынасы бар гуманизм. 
Жас Талғар үшін ағалар айтқан сөзден артық ештеңе жоқ. Аға 
көрсеткен жол – ол оңды жол ғана болады деп санайды бұл кейіпкер. 
Сондықтан да екі ой болмай, ол Жандосов айтқанан кейін 
“доброволец” ретінде Ферғана даласына басмашылармен соғысуға 
аттанып кетеді. Үлкендерге деген сый-құрмет – бұл да гуманизмді 
қазақша түсінудің бір жағы. Алдындағы ағаның адалдығына шын 
мәнінде сену белгісі. 
Ұлтарақ көзқарасы кеңірек. Ол шығарманың ер тұлғалы, 
ұмытылмайтындай алып кейіпкерінің бірі. Ұлтарақ революциялық 
оқиғаларға қатысқанымен оның маңызын терең түсіне білмеген. 
Ұлтарақ жалпы қазақ ұғымымен жүрген адам. Ол үшін жақсылық, 
шындық, ақиқат қазақ деген сөздің синонимі. Қозғалыстың алғы 
шебінде жүргенде ол қазақ қоғамы үшін шайқасып жүр, тек қазаққа 
игілік іздеп жүр. 
Ботбай көтерілісі кезінде Ұлтарақ үлкен ерліктің иесі болды. Ол 
жау арасынан Жарылғап батырдың өлген денесін алып шықты. Дулат 
тайпасының түлегі Ұлтарақ шапыраштылар ұраны “Қарасайлап” 
шапқан. “Өлімнің бетіне тура шапқан Ұлтарақты жамандаушылар да 
табылады. Өз атасы тұрып Шапыраштының ұранын шақырғаны несі, 
әлде мұның туысының бір шикілігі бар ма екен десіп гуілдесті. Әрине 
ондай әңгіме кейін күбіді. Дегенмен Ұлтарақтың ерлігіндей іс екінің 
бірінің қолынан келмес еді. Кейін қалжыңдап Ұлтарақтан “Жаубайлап” 
шаппай “Қарасайлағаның” не дегенімізде “Үйсінде Қарасайдан басқа 
атаны ұрандап жау түсірген кісіні естіген емеспін”, - деп қысқа 
қайырды. 
Өз ұранын айтпай, ең қаһарман қазақтың атын ұран тастағаны да 
Ұлтарақтың қазақ деп еңіреген ер екенінің куәсі. Адамгершілік идеясын 
автор бұл кейіпкер бейнесі арқылы қазақ идеясы етіп береді. 
Абақ Үйсінбаев бейнесін автордың шығармашылық-көркемдік 
қиялының нәтижесі ғана деуге болмайды. Абақ бейнесі шындыққа, тірі 
адам бейнесіне сәйкес. Бейненің реалистік қасиеттері күмән 
туғызбайды. Оған себеп болар жағдай: ол бір-біріне қайшы келер ой 
иесі. Мысалы, интернационализмді бағыт қылып ұстаған Абақ, талай-
талай ұлтшылдық пікір білдіреді, қазақ ұлтының ерекшелігін 
мадақтайды. Көше сыпырып жүрген “жаман татар шалына” деген 
наразылықты бүкіл татар халқының бетіне басады. Бір ішкіш орыстың 
қателерін бүкіл орыс әлеміне тән етіп санайды. 


Абақ бір үлкен қиын да, қатал да заманның өкілі. Оқырман 
танысқан кезде (1953 жыл) заман талқысы оны қоғамдық өмірдің ең 
төменгі сатысына түсіріп жіберген. Бірақ соған қарамастан ол мықты 
адам. Өзінің жарқын болашаққа деген сенімімен, оптимизмге толы 
ойларымен, талай қиын кезеңдерден сынбай өткен төзімділігімен 
мықты адам. Бүнгінгі күнгі оқырман оның коммунизмге, өзін мыжып 
жіберген партия мен кеңес өкіметіне деген сенімін түсіне алмас. Түсінуі 
де қиын. Бірақ Абақ – сол қатерлі заман адамдарының жинақы бейнесі. 
Ал ол адамдардың мызғымас сенімі олардың бір жағынан шыныққан 
күш-жігерінің белгісі болса, екінші жағынан олардың соры болып 
келеді. 
“Мен болашаққа сенемін. Өйткені бүгін болмаса шындық ертең 
қап түбінде жатпайтын асыл кездіктей тесіп шығар деймін. 
Коммунистік идея бәрін жеңер деймін, шындықтың жеңгенін көргім 
келеді, бірақ мен күткен күн ұзап бара жатқаны есіме түскенде құйқам 
құрысып, кейде ұрысып, тарынып кетемін”. Абақтың бұл айтуынан ол 
үшін коммунизм, жарқын болашақ ақиқат деген сөздер синоним екені 
айқынды. Тіпті коммунизм сөзіне шаң жуытқысы келмейді. 
Бірақ көрген зорлық-зомбылық, бастан өткен қиыншылық өз 
мөрін басып та қойған. Ашаршылық туралы әңгімелеп отырған Абақ 
“көзінен жасы ағып, екі қолының сыртымен көзінің жасын ықтырды. 
Іштей солықтап қалды, сыртына шығара алмады. Булығып отыр, 
шамасы. Адамзат баласы қашанда өмірінің қапылатты шағын осылай 
қамыға еске алады”. 
Осы тұрғыда айтатын жай: Б.Қыдырбекұлы “Алатау” романында 
бірінші болып бұрын жабық-жасырынды ашаршылық тақырыбының 
бетін ашты. 150 бетке жуық кітап тарауын қан жұтып отырып оқисың. 
Жеке оқиғалардан осы ашаршылық туралы жазылған тараудың 
тұжырымдамасына жеткенше төбе шашың тік тұрады: “Әуелі біз 
ашаршылық осы Жетісуда ғана болып жатқандай сезіндік. Сөйтсек 
Голощекиннің құрты бүкіл қазақ елін жайлап алған екен”. 
Ашаршылық зардабынан қажыған Абақ 1937-38 жылғы зобалаң 
күндері де белден кешеді. НКВД түрмесінде, оның сыртында кейіпкер 
көрген адамгершілікке қарама-қарсы әрекеттерді тізіп жату бір 
мақаланың ішінде мүмкін емес. Керегі де жоқ. Бірақ Абақ Үйсінбаев 
өмірінің қиын-қисықтығына қарамастан адамдық келбетін жоғалтпаған, 
жақсылықтан үміт үзбеген. Істеген ісінің адалдығына сеніп, жалпы 
адам атауына деген сүйіспеншіліктен айрылмаған бұл кісі, әлі де 
дәулет-баққа ие болып, бойындағы, ойындағы гуманистік идеяларын 
іске асыра алатын кезге жетсін деп шын жүректен тілейді оқырман. 
Романның шағын, жарты бет эпилогында елде әділеттік орнығып, 
Абақ Үйсінбаев сол оқырман тілегіне жеткені қатты қуантады. 


Алтай ақиықтары 
М.Разданұлы 
Мағаз Разданұлы 1924-ші жылы ҚХР, СУАР, Алтай аймағының, 
Буыршын ауданындағы Дулайты ауылында дүниеге келген. 1940-1944-
ші жылдары өз жері “Жеңісті” мектебінде оқытушы болған, 1947-1957-
ші жылға дейін Қытай жазушылар қоғамы Шін Жаң бөлімшесінде 
істеген. Арада 20 жылдай Қытайдың солақай саясатының кесірінен 
соққыға ұшырайды. 1979-1981-ші жылдары Буыршын аудандық 
мәдениет мекемесінде жалғасты қызмет атқарады. 1981-1982-ші жылға 
дейін өз ауданының саяси мәслихат кеңесінің орынбасар төрағасы 
болып істей жүріп, осы жылдың қазан айынан бастап зейнеткер 
болады. 
Мағаз Разданұлы сонау 1930-шы жылдардан бастап Абай, 
Шәкәрім сынды ұлы даналардың шығармаларынан сусындай жүріп, 
өмірге терең бойлап, әдебиет әлеміне қадам тастайды. Осылайша ұзақ 
жылдар бойы тынымсыз еңбектенген Мұқаң қаламын ұштай түседі. 
Оның өлеңдері “Шін Жаң газеті”, “Ерікті Алтай”, “Таң шолпан”, 
“Бірлік”қатарлы газет-журналдарда артынан жарық көрді. 1982 жылы 
“Асулар толғауы” атты алғашқы өлеңдер жинағы Іле халық баспасынан 
(Күйтың); 1984 жылы “Уақытқа жауап” атты екінші жинағы Ұлттар 
баспасынан (Пекин); 1986 жылы “Сары бел” атты өлеңмен жазылған 
романы халық баспасынан (Үрімжі); 1994 жылы “Ата заман сөйлейді” 
атты әңгіме-повестер топтамасы жастар-өрендер баспасынан (Үрімжі) 
басылып, жеке-жеке кітап болып шығады. 
Автордың отыздай өлеңі, бірнеше әңгімесі мен повестері Қытай 
тіліне аударылған. Сонымен қатар, жеті шығармасы өлкелік және 
мемлекеттік жүлделерді қанжығасына байлаған. Бұлардан сырт, Мұқаң 
аймақтық, облыстық, өлкелік әдебиет-көркемөнершілер қоғамы 
жағынан бірнеше рет “Әйгілі ақын-жазушы”, “Қарт майталман” 
қатарлы даңқ сыйлықтарының иегері болған. 
“Алтай ақиықтары” тарихи роман. Шін Жаң жастар-өрендер 
баспасында “Үрімжі” 1998 жылы бірінші рет басылған. 
Кейіпкерлері: Жәнібек батыр, Көкен би, Күнгіл Жалсын (Тібеттік 
Шаған кеген), Музың Тұңжы (Ман Чің ханы), Жин Шурын (Іле 
губернаторы), Дүзбембет тәйжі, Чи Хың (Қытай мансаптысы), Жақып, 
Мәми, Өміртай (Биқажы), Қара Оспан (Кәрі Амбы және Аға деп те 
аталған), Бейсембі би, Бықыш шешен, Ораз Мұхамет қажы, Қамшыбай 
қажы, Замбы, Ізбайыр, Тілеубай дүңше, Жеңісқан гүң, Жанабыл 
дүңше, Далай батыр, Дәркен батыр, Бақ би, Бұтабай ақын, Кәкіжан, 
Қоғабай, Сабылдық, Салыбай шабарман, Қалыбек (Өміртайдың атасы), 


Ханымай (Өміртайдың апасы), Қожамжар, Қалдыбай, Ақтай, Бозтай, 
Жылқышы (Сәкесі), Самырқан, Иманбай, Жәйірбай, Сүгірбай, Дәлелқан 
(Сүгірбайдың ұлы), Қойлыбай балуан, Тұратау зәңгі, Мардан, Дәриға 
(Қара Оспанның қызы), Қуқабай үкірдай, Әйе апаң (Қара Оспанның 
бәйбішесі), Ережеп болыс, Сымағұл, Дәуітбай, Зағыфи, Жәбиболла 
әбзи, Тәукебай, Бүлеке бақсы, Қылыш (Қара Оспанның баласы), 
Махмұт (Қара Оспанның немересі), Зақария, Баймолла, Шәріпқан, 
Сақи, Сейіт (Қопа), Хадиша, Хайдар ғұлами, Емілбай, Әз, Шегетай би, 
Ажы төре, Мирак Бари әпенді, Әбілмәжин, Жәйірбай, Мәрия (Қара 
Оспанның тоқалы), Нұрилә (Дәлелқанның шешесі), Дәулет, Мыңғыт, 
Қырықбай, Сапарғали, Ма Бупаң, Ма Жұңиін, Қара пайжаң (Дүңген 
сардарлар), Ғанифа... 
“Алтай ақиықтарында” автор 1860-1930 жылдар аралығында 
болған Алтайдағы аққаптал шежірелерді шерте отырып, ақтайлақтың 
бауырын арқан кесіп ауа көшкен елдің ежелгі тарихына қалам тірейді. 
“Қызыл аяқтар қырғыны” деп аталған Күнгіл Жалсынның тобықтарына 
қызыл маталар оранып алып, қазақтарды қынадай қырған қанды 
оқиғасынан басталады. Елдің екі тізгін, бір шылбырын қолына алған 
Шаған кеген Ман Чіңның Музың Тұңжы ханынан Алтайдың бір жерінен 
бұдхана салуға рұқсат қағаз алады. Бұдхана шығынын бөлісуге 
атырабындағы алаштың азулыларын шақырады, оның ірге тасын 
керейдің ата-бабалары көң төккен көне жұрттарына қалайды. Көп 
өтпей, шалғайы кең жұртты шулатқан бұдхана Абақтың қойының 
құйрығымен салынып бітеді де Гуаң Шұй патша өз қолымен “Сары 
күре-Сары сүмбе” деген маңдайшалық жазып береді. Осы кез көрші 
орыспен келісе алмаған көп даудың құлағы қалқиып тұрған бір 
беймаза тұс болатын. Сол себептен желдің өтінде, жаудың шетіндегі 
Іле губернаторы Жин Шурынды хан ордасы әукесін қасып, арқадан 
қағып, мәртебесін өсіруге сарайға шақырады. Бұл сапарға аттанбас 
бұрын ол жол-жөнекей Алтайға ат басын бұрады, халық болып қоғадай 
жапырылып күтеді. Қойын-қоншын алтын-күміспен толтырған ұлық 
аттанарында елдің игі-жақсыларының патшаға айтар бұйымтай-
шаруаларын сұрайды. Сондағы тоқсан ауыздан толғанып шыққан 
тобықтай түйін: Алтай бұдан кейін де хан ордасы – Пекинге тіке 
қарайтын ерекше аудан болып қала берсін болады. Оны қағазға
жазып мөрі барлары мөрін, жоқтары бармақтарын басып ұлыққа 
ұсынады. Ол да кісілігінде тұрып, дәм-тұзды ұмытпай ордаға барған 
соң ханға қол екі тапсырады. Бұл тілекке патшаның әукесі түсіп, 
қабылдағандығын жарлықпен жеткізеді. Сонымен, күріштің арқасында 
күрмек боп су ішкен Чи Хыңның тұғыры биіктеп Чыңшай мәртебесіне 
көтеріліп, арнаулы мәпемен жүретін болады. Оның лауазымына құтты 
болсын айтуға құзырындағы елдің сорпа бетіне шығарлары тарту-
таралғымен жамбылдың табалдырығын тоздырады. Чыңшайдың “көк 


кітабындағы” сауға әкелген билердің тізімдігі күннен-күнге көбейіп, 
қара қамба да қабырғасын керді. Ұлық ілгертінде Қобдада тұрған 
кезінде сақтық ойлап қолына әр ұлттан шеріктер ұстаған, кейін оларды 
өзімен бірге ала келген. Қазір құралды адамдардың қажеті 
азайғандықтан, көбін күнкөріс кәсіптерге орналастырған. Жырынды 
жылпостары саудамен айналысып, аңқау қара халықты сүліктей сорып, 
байыған үстіне байи түскен. 
Өткендегі мерекеге жиналған билер қатар тігілген қалың ақ 
үйлерінен тек жайлауға көшпей Қара Оспанның “көк үйі” ғана қалған. 
Оның жанында “көк үйдің” көңілі үшін билер қалдырған санаты селдір 
аз ауыл тұрған. Қара Оспанның құтты шаңырағына қарлығаш ұя 
салғандықтан, сары езу балапандары топшысы қатайып қанаттанып 
ұшқанша, шырқын бұзбаймын деп түңлік бауын шешпей отырған. 
Қазірше “қанжығада көрісейік” – дейтіндей жау шапты үрей де жоқ 
болатын. Оның үстіне, Ошыңның төңірегінде топталғандардың барыны 
барған сайын молайып, қысыр кеңестің де қан баразы қайнаған. 
Жайлаудың қуаты күшті қымызы да күн құрғатпай келіп тұратын 
болған. Осылайша, қызықты кез көңілді дуалап, білінбей өте берген. 
Бір күні қос қарлығаш “көк үйдің” аспанын айнала шырылдай ұшып, 
арып таласты. Тіпті адамдардың қойнына кіріп кете жаздады. Бір 
сұмдықтың болғанынан сезіктенген Қара Оспан тысқа қарғи шықты, 
отты көзіне үй белдеуіне өрмелеп бара жатқан білектей қарасұр жылан 
шоқтай басылды. Әрі-сәрі болмастан құйрығынан шап берді де жерге 
сілкіп-сілкіп қалғанда өті аузына құйылған жылан тырып етпеді. 
Күндер өте қыл матаудағы балапандар тұсауын үзіп, жылы ұяларынан 
қанаттанды. Ошың да “көк үйін” жықтырып, сағынған сары жайлауына 
көшті. 
Жайлау үсті, үлкен ақ үйдің ортасында Иманбай отыр. Ақ 
жейдесінің екі білегін сыбанып алып, бар өнерін талдан ойып, сыртын 
ішекпен қаптаған, төрт шеріктей ғана, тынысы кең аспапқа салады. 
Алдына ыдысқа құйып су қойған, ол топ жарып күй бастарда сыбызғы 
көмейін қашанда “Көкбөрі” күйімен ашады. Сыбызғышы көк бөрімен 
кездесоқ кезіккенін, содан бастап оны өзіне кие тұтып, жебеуші 
ететінін әңгімеге арқау етеді. Ендігі кезек “Өрікті көлге” келді. Құба 
қалмақ заманында моңғол жеріндегі “Өрікті көл” жағасында қызыл 
қырғын болып, сондағы елдің зары көлдің атымен аталып, үңірейген 
сыбызғының өңешінде осылай қалыпты. Сыбызғышы сырғи-сырғи 
“Соғыс төбеге” келді. Бұл да сол моңғол жеріндегі бір миқы адырда 
керейдің екі руы Жәдік пен Шерушінің билікке таласып соғысқан 
төбеге бола қойылған күй аты. Сыбызғысын суғарып алған Иманбай 
“Жыландыға” жылжып тағы аңыратты. Кіндіктене келе керей 
баласында дау-дамай молайып, рулар ара жігі қабыспаған қақтығыстар 
көбейеді. Соның бірі, Марданның ата дәулетіне буланып, жастықтың 


желігімен шарбысы шатына симай ел кезіп, сал-серілік құруы, оны 
Сүгірбайдың бір бақай қулықпен қолдауы, Марданның Қара Оспанның 
қызы Дәриғамен танысып ұнатуы, араға Дәулеттің әзезілдік салуы, 
Сүгірбайдың сілтеуімен Дәуітбай шабарманның қыз ұзату көшін орта 
жолдан тоқтатуы, жас келіннің жалғыз басымен құтты орнына қонуы, 
ер көңілді Жәдік қызы айласын асырып, Шеруші шалды жүйеге жығып, 
Бықыш шешеннің: “бұл даудың тесігі аналықтың даналығы жеңген күні 
бітеді” – деген көреген де алымды сөзін айғақтаумен “Жыланды” күйі 
боздауын тоқтайды. Осылай ұзақ отырған сыбызғышы Иманбай талай 
тарихты жамбасынан аунатып, тыңдаушыларының құлақ құрышын 
қандырады. 
Сол Иманбай міне қалпе болып, Зағыфиға ұшық салмақшы. От 
басында саптаулы балта мен қара бақыр жатыр. Қалпе тірсек жең 
мешпетін шешіп, көйлегінің жағасын ағытты, домбырасының құлағын 
теріс бұрауға келтірді де барша әулие-әнбиелерге, сахабаларға 
сыйынып алып, өлеңмен жындарын шақыра бастады. Бураша жараған 
қалпең отқа қойған қып-қызыл бақырды жалап-жалап жіберіп, 
тостағандағы суды ұрттап, науқасқа бүркеді. Кенет есіктен шыға 
жөнелді, үркердей ұйлыққан жұрт оның енді күлдіреуіште отырғанын 
көріп көздері атыздай болды. Осы кезде көптің қатарында құдайы 
қонақ болған Бүлеке бақсының да арқасы қозып, қобызбен жынын 
шақырып бурадай буырқанды. Сөйтіп, аяқ астынан екеуі арбаса қалды. 
Біріне-бірі жеңістік бермей, сүт пісірім салғыласты. Ақыры қалпе 
ырықтылыққа шығып, Бүлеке бүк түсті де табанда тіл тартпай о 
дүниеге аттанды. Қазақ жолында қос бақсы қатар келсе, бұрынғысы 
соңғысына, үлкені кішісіне жол беретін үрдіс болған. Бүлекенің ажалы 
бұл жарғыға томпақ келуінен болса керек. Иманбай Мұхаметтің 
жуырда келетінін айтып Биқажыны қуантты, ал ауру әйелді теріге 
салып, жалбызбен булайтын болып үйден шықты. 
Өміртай жасы ұлғайған сайын ой омбысына түсіп, қиял 
шылбырын шумақтай алмайтын әдетті тапқан. Ұзақ ғұмырында 
басынан кешкен ыстық-суықты безбенге салып сараптап, көп 
отыратын. Міне соның бір ұшқыны деп өзінің алғаш басқан қате 
қадамын айтып, жұртты елең еткізді. Аяқты шалыс бастыратын кердең 
жас кезі екен, қу кеңірдектің қамын күйттеп бір жегжаты бағызор 
Бықыш шешенді өкпелеткен, оған ара түспек боп Өміртай шоқ басқан. 
Бұл түймедей дау кейін келе түйедей болып ұшыққан, өртке жел 
тимесін деген кәрі Амбы екеуін оңаша шақыртқан. Биқажы барса 
Бықыш: “Ағаға бес жүз жылқы бітсе де бір тай мініп қыдырмадық. Әйе 
апаң жылына бес ту бие сойса да бір тал қабырға сыдырмадық” – деп 
отыр екен. Естіген жерден Өміртай да: “Е, Бықыш! Ағаға шағынып 
отыр екен десем, бір тайдың терін сұрап жалынып отыр екен ғой” – 
деп омыраулайды. Оған көзінің астымен сүзе қараған шешен: “Сен 


әкеліп берсең алмаймын дедім бе? Шақырып келсең бармаймын дедім 
бе” – деп аузын аштырмайды. Ішіне дық түсіп, сызданған беті Биқажы 
аттанады. Шарбақ өткелдің мұз өткеліне таяғанда арттарынан 
Бықыштың атшысы жеткен. “Неге келдің?” дегенде атшы: “Әлгінің аты 
тағасыз көрініп еді, оқыс болып жүрмесін, артынан баршы!” – деп 
Бықыш жібергенін айтады. Әй, албырт жастық-ай! Сол қормал атасын 
бір сүріндірмек боп Биқажы кейін шешесіне айтпай қимылға көшкен, 
даусырап отырған би-төрелер: “қазан аузы жоғары, түрт шайтан, түрт” 
– деп алақандарына түкіріп, жани түскен. Осы ылаң Ізбайырдың 
құлағына шалынған, алыстан ат өксітіп келіп, Өміртайды шақырып 
алып, арғы-бергіні індете айтып, білместігін бетіне қарып, бидайдай 
қуырады. Жерден үн шықсын, Өміртайдан үн шықсын. Ақыры 
Бықыштың алдына ертіп апарып, екеуінің тымағын бір-бірінің 
аяқтарына тастатып татуластырады. 
Алтай керейіне іслам дінінің жүйелі түрде тарала бастауы ХІХ 
ғасырдың бас шенінен басталса керек. Өміртайдың 14-15 жасында 
Алтайда алғаш мешіт, медресселер ашылған. Өміртайдың апасы 
Ханымай осы үмітті немересін Мұхамет Мұмин ашқан медресеге 
түсірген, оның қанына имандылықтың сәулесі сол кезден сіңіскен. 
“Әттең! Қара халыққа ақ-қараны танытатын өзінің мешіті, медресесі 
бар Өміртай қашан болар екемін” – дейтін бір арман содан бастап 
ішіне ұялаған. Сол көкейді тескен тілек араға аттай жылдарды салып 
енді орындалды. Мәми үлгісіндегі мешіт салынды, имамы жоқ, болашақ 
молласы Қамшыбай әлі оқып жатыр. Дегбірі таусылған Биқажы ел 
аралаған тегі белгісіз Мирак Бари деген тебінгідей сақалы бар, қызыл 
тұмсыз кісіні уақыттық имам етеді. Ол түбі шикі болып, тексіздік 
еткендіктен алланың ақ үйінен өздігінен безіп береді. Ауылдың сүбелі 
адамдары жиналып, түтін түтеткен жерін көрсе апиын, наша сынды 
есірткілер табылыпты. Бұларды орнымен өртеп, бұрынғы сары мешітті 
қайта қалпына келтіреді. Көп өтпей Қамшыбай имам, Әлімжан азаншы 
болып қатары молығып, айналасындағылардың алқауына бөленеді. 
Ісламдыққа біртіндеп бауыр басып келе жатқан даланың асау елін 
кезбе дүңгендер түбіміз бір мұсылман үмбетіміз деп қу тілдерімен 
майдалап, қойындарына кіре келе араға ірткі салып, арандатушылық 
тудырған. Ісламдыққа жат жауыз қылықтарды көрсетіп, онсызда 
бауыры бүтінделмей жырымдалып жүрген жұртты аш арландай 
талаған. Ма Бупаң, Ма Жұңиін сынды атамандарының қанды құрығы 
тимеген қазақ даласы кемде-кем болар, кәпірлерді қырамыз деп жүріп, 
бейкүнә халыққа бүйідей тиген. Ақыры асқанға тосқан болып, өздері 
де қолдан жер қауып тынды. Бұлардан сырт, іргедегі ақ пен қызылдың 
ит жығысыда жүдеген жұртты аз жәбірлеген жоқ. Олардың шаш бауын 
көтеріп, сойылын соққандар екі оттың ортасында күйіп, қайсысында 
баянды ақиқат бар екендігін байқай алмай, елдің есін шығарған. 


Сонау ит арқасы қиянға Қытай патшасының кезекті сайламына 
бармақ болып Закария бастап, Баймолла қостап бір шоғыр топ бетінен 
шаңы шығып, табанынан тозып ордаға барады. Қазақтар “жуаншақай” 
дейтін Иаң Зыңшіңның жетпеген өкіл даусын даланың серілері 
толтырып, хан тұғырына көтереді. Патша оларға шен беріп, шекпен 
жауып елдеріне ризашылықпен қайтарады. Бұйымтайларын сұрағанда 
Баймолла қазақ балаларын оқыту талабын қояды. Сонымен, өлкеде 
қазақ-моңғол балаларының мектебі ашылады, оның алғашқы түлектері 
болып Шәріпқандар оқыған, кейін оқуға қабылдау ісіне де араласқан. 
Биағаның немересі Махмұттың көзін ашқан оқу орны да осы болып, 
бара-бара керегесін кеңейтіп, қанатын алысқа сермеген. Оқушылардың 
саны да күн санап артқан. 
Желіп өткен дүние-ай! Ұялы бәйтеректей қалың елге қорған 
болып, не бір азулы жаулардың аузына түсірмей, айламен аман алып 
жүрген ақылы дәрия, қормал кәрия табиғаттың қатал заңына бой 
алдырып, қарттыққа мойын ұсынады. Билік тізгінін үмітімді ақтайды-ау 
деген арыстан жүрек азаматтарға береді. Өзі “тәркі дүние” болып, ақ 
шымылдықтың ішінде жатып, соңғы өміріне алаңсыз аттанбақ болады. 
Бірақ, тақымы қатаймаған атқа мінерлер сүбелі қалың дауға тістері 
батпай, милары атала болып, тұйыққа тірелгенде тағы кәрі бидің 
құзырына 
жүгінетін 
болған. 
Халық 
алды 
кең 
үйреншікті 
қамқоршысынан әлі қол үзбей келген, осы үрдіс жерден ақыл сұрап 
жатқан Биағаның соңғы демінің үзілеріне дейін жалғасады. Қарқарадай 
қарттың халы күн өткен сайын ауырлай береді, ауыл-аймағы да 
алыстап қона алмай, ұйысып отырған. Арқалы абыз дәм-тұзының 
таусылғанын сезіп, айналасындағыларға бақылдаса бастаған: “Аллаға 
разымын, халқыма разымын! Менің уақытым таяды. Ұйыған 
бірліктеріңді іртпеңдер... Азан даусын естіп жатайын, ескі мешітке 
таяу жерлеңдер. Басыма жүрген жолаушылар құран оқитындай етіп 
күнбез орнатыңдар. Ат шаптырып, ас бермеңдер...” деп өсиеттерін үзіп 
айтып, ақтық тынысын тоқтатқан. Осылайша, қазақтың бір жарық 
жұлдызы сөнеді, бір алып тауы құлайды, бір саялы бәйтерегі 
опырылып түседі. Сөйтіп, “Алтайдың ақиықтары” да атының ерін алып, 
белін суытады. 
Аң шадырын оқ табар 
О.Айтанұлы 
Қазіргі Қытайға қарасты Шығыс Түркістан өлкесі, Тарбағатай 
аймағының, Толы ауданында 1932 жылы қазақтың маңдайына біткен 
бір туар, қайталанбас дарын иесі Омарғазы Айтанұлы дүниеге келеді. 
Қаршадайынан қағылез ол білімге деген сусынын ауыл мектебінен 


қандыра алмай, тоятын алыстан іздеп, туған елінен жырақтап, жоғары 
оқу орнына түседі. Оны үздік тәмамдағаннан кейін, өлкелік “Шұғыла” 
журналына редактор болып істей жүріп, жазушылықпен айналысады. 
Осы барыста заңғар жазушы, қызыл тілінен қыран ұшырған ақиық 
ғұлама ақын, керемет драматург, сұңғыла сыншы Омарғазы құдай 
берген қуатымен қыруар толғағы ашты тартымды туындылар жазады. 
Шоқтықты шығармалары ұйғыр, қытай тілдеріне аударылады әрі 
мемлекеттік, өлкелік әдеби сараптауларда өз бағасын алып, 
жүлделерге ие болады. Қас қаламгер кемеліне келіп қайратының 
тасыған шағында құрыш қаламын бір мезгіл қаңтарады. Ол ұшық 1966-
1976 жылдар аралығында өткен қытайдың аты шулы “Мәдениет зор 
төңкерісі” сынды солақай саясатының соққысынан еді. Соның 
салдарынан автордың алтындай уақытының аттай он жылы абақтыда 
өтеді. 
“Аң шадырын оқ табар”, “Тараз” сынды романдары, “Жыл 
сораптары” атты повесі, “Құс жолы”, “Тырналар”, “Түйе”, “Сәукеле” 
қатарлы өлең-дастандар жинағы шығады. 
“Аң шадырын оқ табар” романы Шін Жаң халық баспасында 
(Үрімжі) 1986 жылы бірінші рет басылған.
Кейіпкерлері: Ақтағыс, Сәтбек, Мәкес (Ақтағыстың қызы), Қазым 
(Ақтағыстың ұлы), Нұрғиза (Қазымның әйелі), Қоңқай, Жәзи, Қаратай 
молла, Өтеген, Шағыбан, Ақтан, Тұрағұл, Тулен, Ағайша, Зауқия 
(Қаратайдың бәйбішесі) және Аққоян (ит). 
“Аң шадырын оқ табар” атты бұл еңбек 1958 жылдың қазақ 
даласындағы бір жетілік бейнесі арқылы сол заманды иіре суреттеген 
тегеурінді туынды. Роман қолтоқпақтай, тобан аяқ Ақтағыс ақсақалдың 
төңірегін толық көретін қожыр тастың үстінде отырып, айналасына 
қиялдай көз жүгіртіп, күнде құмырысқаның илеуіндей қарбаласып 
жататын тау етегіндегілердің аяқ астынан аяқтары тиылып, өліктей 
тып-тыныш жатқанын ой түрткі етуінен басталады. Тау ешкінің жас 
қуырдағын жеп, айран ішіп, келіп-кетіп жүретін әңгімешіл көп жігіттер 
болушы еді, міне олар жел ұшырғандай жоқ болған. Ұзақ отырып 
ешбір қыбыр-қимыл байқамаған Ақаң бұған қайран қалды, “Не болған 
оларға?... Бір жаққа ауып кеткен бе?... Баяғыда сары сүзек келгенде 
елдің түндігі жабулы-жабулы қалған еді...” Ағынның аржақ иініндегі үш 
киіз үйдің түндігі ашылмаған, екі шатыр да сондай жым-жырт. Әдетте 
бөрене сүйретіп ағылып жататын қызыл тракторлар мен қарбалас 
адамдар бір-ақ күнде сап болған. Сіріңке қорапқа салған шырпыдай бір 
келкі кесілген қарағай бөренелер жол бойында рет-ретімен жаюлы 
тұр. “Осынша қауырт жұмыстарын тастап олар қайда кетті екен?... 
Маған келген селебе оларға да келгеніме әлде?... Дүние не болып 
барады?!...” Шал ойға қарағысы келіп қарай алмады, қат-қабат күз 
жаңқа тастар бетін қайтарып тұрғандай. “Оның аржағында не болып 


жатыр?...” Жерден ауыр тыныштыққа тұншыққан тобан аяқ шал 
тырмысып жүріп өз кеудесіндей, тіпті өзіне ұқсап кетерліктей божбиған 
бір үлкен қара тасты аударып, домалатып, иен тау, қараң қалған 
шатқалдың адамды мезі қылып, тынысты тарылтқан мына меңіреу 
үнсіз, жым-жырттығын бұзып, тас болса да тілдесуге дыбыс шығарғысы 
келді ме кім білсін?! Тас домалап барады. Алғашында баяу домалап, 
енді секіруге ауысты, бір тәуірі тұяққа қағар бөгіде кедергіден ештеме 
байқалмайды. Күреңселі, құйқалы теріскей оның тепкісіне көніп, өзіне 
біткен сабырлығын сақтап-ақ қалды. Тек арқы жағадағы тасқа 
ұрылғанда барып, әлгі тастың быж-тыжы шығып, ұсақ сынықтарын 
асау ағысқа тапсырып, тұп-тұнық кеңістікте бір сәттік жаңғырығы ғана 
қалды. “Өлген” тастың көр талқысын жүргізіп отырғандай тізерлеген 
бойы аузы аңқиып, қозғалмай қалған Ақтағыс өзінің осы тасты не үшін 
домалатқанын да ұмытқан. Аттай желіп жүрген кезінде санап ататын 
аңдары енді сынық көңіл қарт аңшыны келекелегендей сойыл тастам 
жерден тобымен жанап өтіп жатты. Мүйізі қарағайдай екі текесі жекпе-
жекке түсіп, өз үйіріне сапалы тұқым қалдыру құқығын алу үшін тауды 
жаңғыртып майдандасқан. Ақыры әлеуеттісі жеңістік алып, ырыққа 
шыққан. Аңкөс шал олардың қызарған көздеріне дейін көріп отырған... 
1958 жылдың сақадай сай күндерінің бірінде қаншама көкіректі 
желпіндіріп, қаншама жұмыр басты пенденің екі танауын желпілдеткен 
болат қорыту науқанының ұлы үндеуі осы өңірді де шарпып тігерге 
тұяқ қылдармай, бәрін атқа қондырған. Ырымға қара етіп жалтаңкөз, 
кірме жас биолог Сәтбекті ғана қарауылдыққа қалдырған. “Бір жөні 
болар” – деп ойлады ол, ап-сап басылып, иен жұрттағы өз шатырының 
қасындағы қарағай дөңбекке отырып жатып, дегенмен, жалғызсырап 
құлазу сияқты бір күңгірт сезім оянғандай болған. Осылайша арғы-
бергі, өткен-кеткенді еске түсіріп орнынан тапжылмай ұзақ отырған. 
Түрткіл дүниені басына көшіріп соғылған тасты Сәкең де естіген. Көп 
өтпей таудың жүйрік басынан тымағын шексіз кеңестікке қайта-қайта 
шыр айналдырып, кімді шақырып тұрғаны белгісіз кішкентай адамды 
көрген. Бұл бір күн өтпей жатып адамсыраған Сәтбекке үлкен медеу 
болған. Енді үкідей ұшып солай қарай беттеген... 
Таулықтарға оқу-тәрбие жұмысымен келе жатқан Мәкес сартап 
сағынышын баспақ болып, ауылына ат басын бұрады. Жолшыбай 
көзіне ыстық өзі өскен өңірді көріп, тамылжыған табиғатын тамашалап, 
көңілі көтеріледі. Жат жұрттық болмаған, әлдилеп бала сүймеген 
қыздың әлі де балапан құстай түлеп ұшқан ұясына қайта-қайта 
оралғысы келе беретін. Анау тас мойнаққа иек артқан соң, мұны 
көрген Аққоян сағымдай бұлдырап жетеді, құлағын жымырып, 
құйрығын бұлаңдатып бұла еркеліктің бәрін істеп бәйек болады. Үй 
маңынан өріске дейін жыбырлаған түліктер, түтіні тік ұшқан қасиетті 
қарабайыр шаңырақ, құтты табалдырықтан кіріп-шығып жүрген жаны 


мамық жандар жанарға нұр құйып жарық етпек. Осындай алуан ойлар 
Мәкестің миында өрекпіп, көзеулі кезеңіне де келіп жетті. Бірақ, ол 
қайнаған тірлігі тоқтаған, жұт жайлағандай жүдеу жұртты көреді. Нәзік 
жанын қарыған қасіретті көріністен а деп аузына түскені “Әке! 
әкелеген” ащы айғай болып, аяқ жеткен айналасын арылта іздеп, 
арқандаулы бұзаулардан басқа еш жан иесін таппаған. Арқаларында 
енелерінің жалпақ тілдерімен жалаған сойдақ іздерін сипай отырып, 
ойға ерік берген. Кенет олардың мөңірей қараған жағына жалт 
бұрылғанда қырат басында арқасында көтерген “баласы” бар 
еңгезердей қараны көзі шалады. Үйге кіріп әкесінің мылтығы мен 
оқшантайын ала салып, қораның артындағы тастың жықпылына 
жасырынады. Оның иманын бойынан қырық кез ұшырып келе 
жатқандар әлгінде мұның дауысын естіп, Ақтағысты арқалаған Сәтбек 
болатын. “Атты кісі, тебіні қатты кісі” – дегендей, тобан аяқ шалдың 
еңсесі көтеріңкі айтылған шақыруынан Мәкес жатқан жерінен қарғып 
тұрып желдей есіп жеткен. Әкелі-бала емірене қауышқан. Олар 
алабұртқан көңілдерін басып, сабасына түскеннен кейін, сыйлы жігітке 
сый көрсетіп, қазан шегелеген. Талай әңгіменің арқауын ширатқан. 
Сиырдың күздігүнгі қою айранына тойып алған Сәтбек әдетте Ақтағыс 
еңбектеп-ақ шығып жүрген балта сабы кезеңге мең-зең болып әрең 
шыққан. Бүйірі шығып, буыны босаған ол сол жерінде жантая кеткен. 
Әлде бір ұшқыр сезімнен көкірегі толып, көңілі масайып барып, 
даланың жұпар иісті кең құшағында маужырап өлі ұйқыға бас қойған. 
Күндізгі тәйтиген, мұжық шалмен болған қысыр кеңесі керуендей 
тізіліп ұзақ ойға батырған. Көпті көріп, көнек түбін тескен кәрия бірде: 
табан ет, маңдай терімен жиған малын ортақтастырамыз деп колхозға 
әкеткенін ашына айтса; бірде: философиялық ойға тартып “Иттің иесі 
болса, бөрінің тәңірісі”. Құдай жаратқан он сегіз мың ғаламның бәрінде 
ие бар. Тау, орман, су, жер... құдай бізді онан ырыздығыңды теріп же 
деп жаратқан. Оны қорлауыңа, қиратып бүлдіруіңе, аң болса 
қырғындауыңа, орман болса өртеп немесе кесіп, жоқ қылып түгетуге 
асығып құртуға бола ма? Үкімет дейсіңдер, ол патша ғой. Патшаның 
жазасы көзге көрініп келеді, құдай асықпайды. Обал бар жерде сауап 
бар екенін білсе бұл жұрт. Тағы бірде: әр адамның бұл дүниедегі 
жақсылық-жамандығының бірдей болмайтындығынан, олардың өлім 
азабы да бірдей болмайды. Бай адамдардың өлім азабы кедейлерден 
ауыр болады. Мұны “ел оның мал, дүние байлығын қимай жатқандығы” 
– дейді. Жан алқымға келгенде мал-дүние, тіпті алтын болса да оған 
не пайда... Мен жартылай өлген адаммын, алланың мұнысына да 
шүкіршілік. Күпірлікке жазбасын! Міне, мынау бір уыс топырақ, тірі 
пенде оған өзін теңестірмейді. Аяғының астында жатқан топырақ, 
өлгенде өз үстіне шығатынын ұмытады. Балам, дүниедегі ең ұлы нәрсе 
топырақ қой, топырақ! Алыста жүрсең де өзіңе жер иісі сіңген туған 


топырағыңды аңсайсың, бұл жандыларға ортақ қасиет. Ал өмір деген 
күрес! Әрбір тірі мақұлық көз ашып дүниеге келгеннен көз жұмыр 
көрге енгенше өздерінің күндес жауларының қысымынан, олардың 
қайтпайтын қатты сынынан еш уақыт құтылып, бейғам бола алмайды. 
Мұның түп-төркіні қу кеңірдектің құлдығынан да құтыла алмау болса 
керек. Бәрімізге пана болған тақуа табиғат бір жағынан жалпақ шешей 
болып мырзаланса, енді бір жағынан сыған болып, сараңданады... Өмір 
базарынан қайтуға бет алған, оқымаған мүгедек қарттың осыншама 
ғақылия сөздерімен алысып, “Тауықтың түсіне тары кіреді” дегендей, 
қай-қайдағы қысырақ ойлар жамбасынан сыз өткен Сәкеңді меңзіғыр 
етіп оятқан. Өзінің қайда жатқанын пайымдап, есін жиған ол сондайда 
алғашқы таң нұрына малынып, мойнында мылтығы бар алауланып 
тұрған алтын адамды көрген... 
Ақтағыс пен қызы Сәтбекті шығарып салып, өздерінің отбасылық
шүңкіліне көшкен. Бірі көненің, бірі жаңаның көзқарастарын қозғап, 
таразы басын теңестіре алмай, үркерді жамбасқа аунатты. Көңіліне 
дық алған Ақаңның ұйтқымалы заманның мінезіне болған міні де аз 
болған жоқ. Оны ақтауға тырысқан Мәкестен де маза кетті. Бұлш 
түпсіздіктен туысы бір түтін басына қайта ауысты. Әкесінің айтуынша, 
төркініне барып келгеннен кейін, Нұрғиза қыңырайып, беталды 
сөйлейтін болған. Кіріп-шығып жүріп қазан болса қазанға, сиыр болса 
сиырға, табадағы нанға, түтінге, шаңыраққа, шыны-аяққа, ит екеш 
итке де сөйлеген. Сиыр саумай, бұзауын бірге қоя беріп, ұзақты күн 
кішкене қызыл тысты кітапты оқумен болған. Кезіндегі келіннің қайсы 
десе мынау дейтіндей момақан келін емес, бойына бір желік кірген. 
Оны Қоңқай да айтқан: “Келініңізде желік ауруы бар ма? Сау емес-ау! 
Біреуді құдай желіктіреді, біреуді адам желіктіреді, біреу өзінен-өзі 
желігеді” – деп Нұрғизаның сайқал саясаттың желбуаз жоспарымен 
желіккені рас еді. Тіпті “Құл болып, күлдікөмеш болып үйде 
отырмаймын. Кетемін, елдің бәрі күмше (колхоз) боп жатыр, күмшеге 
барамын” – дейді. Саясаттың сан құбылысын сараптай алмайтын жас 
келін ет қызуымен қазанын да алмастан Күмшесіне кетіп тынған. Ас 
қамына әзірленген қызына қамыға қараған қарт: “Үйім деп шаршап-
шалдығып, қызылсырап келгенде тым құрыса, екі аяғым сау болса еді, 
алланың ырыздығы ғой, қақпан құрып болса да қазан-аяғымды 
қаңсытпас едім. Зәруат, кешірер еді, біз сияқты мүсәпірлерін...” Тобан 
аяқ шал осылай дымы құрып сарқыла сөйлеп, талығып барып 
жантайған. Ертесі әкесінің мұратына мұрагерлік етіп, таң бозынан 
құралын асынып, аңға шыққан Мәкестің нұрға шомған бейнесі сол 
болатын. Оқып жүргенде нағашы ағасы Жази кәрі жездесі Ақтағыстың 
“Аң шадырын оқ табар” – деген мақалын есеп жолдарымен сызбалап 
дәлелдеген. Аңды өкпе тұсынан атса, оқпен бірге жығылады. Егер 
аңның өкпесін шеңберге ұқсатып, оның дәл ортасын “О” нүктесі десек, 


шадыр тұрған аңның өкпесінің “О” нүктесін тауын ату оңай емес, 
мергені келіссе ондай шадырлықты оның оғы таба алады. Әкеңнің 
жолын қусаң, сызықтар өнеріне көп жаттық дейтін ол. Міне Мәкестің 
миығынан күліп келе жатқаны сол сөздер болатын. Алдынан Сәтбектің 
тосын жолыққанынан қапелдемде тосырқап қалды. 
Киелі тесік тастың етегіндегі бір жартастың түбінде Мәкес пен 
Сәтбек әңгімелесіп отырған. “Әкемді аяймын” деп бастаған қыз сөзін 
“Ол ғана емес, тау-тастың қуысында, бір тастың түбінде тығылып ап, 
дүниеден бейхабар өтуді өз түсініктері бойынша ең зор бақыт 
санайтындардың саны да аз емес. Ойға көшейік десек, өлсем ата-
бабам бұл төккен осы тастың түбінде өлем, сүйегім осында марқұм 
апаларыңның қасында қалсын деп табандап тұрып алады. Қаланың 
қайнаған тіршілігі оның басын ауыртады. Коммунизмді түсінбесе де 
соған ұқсас өзінің арманы бар. Керуеншінің тоғанақтап артқан жүгі 
секілді әркімнің өз жүгі болады ғой, екеуіміздің заманымыз екі басқа 
екен. Әкем жөбішеңкіге ашуланбаушы еді, бірақ, құда баласы кеп, 
адал малын конпоскалағандға ересен ыза болды. Құдайдың қоңыр 
аңының киесі атты ма, кім білсін кейін әкем топ болып қалды. 
“Өлгенге, өлтіргенге қуанба, тірілгенге, тірілткенге қуан” – дейтін 
қайраты қайтқан шағында...” Ол осыларды айтып отырғанда Сәтбек 
тұңғиық бір ойдың түбіне кеткен. Қызыл науқанның қайнаған кезінде 
Тұрағұлды күреске тартады, Ақтан болса ақырған төңкерісшіл 
белсенді. Өзін де жарға итеріп, сонау алыстағы тау түбіне еңбекпен 
өзгертуге жіберген сол болатын. Неге егер болғанына жіп таға 
алмаған, болмаса бәрі де бір терінің пұшпағын илеп, бір оқу орнында 
істеген. 
Жас социализмнің “оңшыл”, “солшылдары” тұздық болған қызу 
қозғалыс қу қопаға өрт кеткендей үдеп, коммунизмнің нұрлы 
болашағына жедел жетудің жарқын жолы тек коллективтендірудің 
қадамын тездету деп аңқау елді арамза молдалар билеп, дүниенің 
астан-кестеңін шығарған. Баланың ісі, бақсының жыны көбейіп, ненің 
ақ, ненің қара екенін айыра алмай, қарабайыр халықтың қара бастары 
қазандай болған. Сөйтіп, көлеңкесінен қорқатын қоян жүректер, от пен 
судай тап жаулары, бұқпа тыңшылар, ұрда-жық әпербақандар 
молайып, алтын бесік елдің атқа мінерлері есерлердің ермегі болған 
бір шу басталған. Мәкес Сәтбектің ішкі арпалысынан өзгерген өңіне 
қарап, отбасынан оза алмай жатқан ой шудасын жимасқа амалы 
қалмаған. Олар буындарын сытырлатып орындарынан тұрып, бет-
бетіне кетіскен. Көп өтпей тобан аяқ шалдың қызы Сәтбектің қосына 
кәресін алуға қайта жолға шыққан. Сілесі қатып шаршаған Аққоянмен 
жолыққан. Мәкеспен қоштасып келе жатқан жалқы жігіт жолшыбай 
ойға қоныс аударған қалың көштің үстінен түскен. Түленмен танысқан, 
оның ықыласты пейілімен Ағайшаға жолыққан. Ол қосына кеткен соң, 


Түлен бастаған бір топ ауылдың қызғалдықтай қыздары Сәтбекке 
сәлемдесе келген. Осы жиналған жұрттың үстіне айқұлақтана ақырып 
Ақтан жеткен. Ол өшіккен ит ізін талайдының кебін киіп, Сәтбектің 
сары ізіне шөп салуын әлі қоймаған. Нұрғиза мен Қазым Ақтағысты 
көшіріп алуға белді бекем байлаған. Олар Мәкес, Сәтбек, Түлен болып, 
араларына ақтағысты алып Ақтанның кішкене машинасына мінген. 
Табиғатпен тұлғаласқан, жер исі сіңген таудың кәрі тарланын болат 
қортудың батырлары күшке салып иіп, туып өскен топырағынан 
айырып, мұң тұнған нұры тайған жанарын жасқа шылап, жат ортаға 
көген көздендіріп, қарт кеудесін қайғыға толтырып, күні ертең не 
боларын жаратқан иесіне тапсырып, Ақтағыстың “Аң шадырын оқ 
табар, бір жөні болар!” – деуімен роман соңғы нүктесін қояды. 
Асау арна 
Ғ.Сланов 
Қазақ прозасының біраз үлгілерін оқу үстінде әлдекім еріксіз 
есіңе орала береді. Жазушы Ғ.Слановтың “Асау арна” романындағы 
Жақашты білуіңіз керек. Мұның бір сыры бар. Жарқырап көрініп, жалт 
беріп көзден ғайып болатын жартыкеш, бірақ сонысына қарамай есте 
қалатын, дәл осы төңіректе ойлантатын кейіпкерлердің бірі. 
Адам өз тіршілік болмысының табиғатына қарай өмір рахатын 
әрқилы табады. Акакий Акакиевич қолы бос уақытында көңіліне 
талшық қылатын қызығы – тәптіштеп қағаз көшіріп жазудан басқа бұл 
жалғанда түк рахат көре алмай кетті. Ол үшін мұның өзі іші жылып, 
ләззат алатын таңғажайып әлем. Еңсесін көтеріп, тік қарап, төңірегіне 
бір көз салған да жан емес. Бүкіл ғұмыры бойғы тырнақтап жиған 
“қазынасын” сарп қылып, жаңа ғана қол жеткен жалғыз шинельдің 
қасіреті оның тек тынысын қиған жоқ, оның бар үмітін кесті. 
Жақаш – көне орыс ертегісінде король қызметшісінің керемет бір 
үлгісі боп қалған қайырымды Личарда бола алмайды. Ол Акакий 
Акакиевич те емес. Өйткені мұның үміті, мұның қызығы басқашарақ. 
Бірақ Акакий Акакиевичтің бойын бір тұтам қылған обломовтар 
дәуірінің моралі Жақаш өмір сүрген тіршілік ауқымының әр 
талшығынан да аңқып тұр. Өмір ләззаты шіреніп жатып тыңдаған
күйме қоңырауының сыңғыры тәрізді. Қожасының басына қонған 
мәңгілік “бақтай”, ол отырған орынға отырып, бірер сәт өзінен басқа 
тірі пендені білмей, қиялдағы хор қызының саусағынан бал татып көру 
– Жақаш үшін бір сиқыр дүние. 
Ол өзін мазақ қылған, күні кешеге дейін құл қылған Күдері 
байдың жарлы-жақыбайына қала байының құдіретті күймесімен баса-
көктеп кіріп, қыр көрсетпек. Қарғалы өзенінің бойынан шұға тоқитын 


өндіріс орнын қарастырып, салт атпен кеткен Сергейлер тобы бай 
аулына күймені Жақаш өзі жалғыз айдап барсын деп тапсыруы-ақ мұң 
екен. Жақаштың кішкене сығыр көздері қыпылықтап, қияқ мұрты 
жыбырлап, тығыршықтай аласа бойы тәлтие, екі бүйірін кезек таянып 
кідіріп тұрып қалды. Қожасының оң көзі Ғимадиға да қимаған сылаң 
торыны күймеге өзі дара жекті де, өз буына өзі мас, қиялға бөгіп кетті. 
Жарлы бейбақтың көңілі өсіп, алабұртып тұр. Сылаң торының біресе 
бұ жағынан, біресе о жағынан шығып, іштей бір мақтан сезім көкірегін 
кернеп барады: “Бай көпестің күймесімен келген кім екен?” деседі-ау 
жұрт!.. Паһ-Паһ!.. “Жақаш келіпті! Салтанатпен кепті... Қыз айттыра 
жүрген жоқ па екен-ей?” 
Жақаш тұғырына қонып, “бағы жанып” тұрған осынау бір 
алабұртаң сәтте оның көкірегінде ауылдастан көрген запы-мазағы да 
сайрап қоя береді. Бір кек жалындап бара жатыр. Өкпе-реніш: 
“Күдеріңнің малын сауып, отынын тасып, суын әкеліп қанша жыл 
жүргенде қотыр тоқты бітіп пе еді! “Жақаш” деген атымды да атамай, 
бірі “қортық”, бірі “шартық” атап, ата-бабамнан бермен сыбап, қит 
еткені түйіп қалып “құрығандап” есімді шығармайтын ба еді... Сонша 
басынып 
алым 
көрген 
Жақашыңды 
енді 
көр, 
түге, 
қанжауғырлар!..Табалаған дұшпаным, қара күйменің шаңы астында 
жатсын солай, тұншығып!.. 
Жақаш өзін осылай іштей бір ширатып, бабына келтіріп алды да, 
өз намысын қорғауға, өз үстемдігінің бір мысқал салтанатын барша 
қауымға жария қылуға – “карфагенді” алуға лап қояды. 
Жол-жөнекей Жақаштың ауыл жігіті Сабдықпен кездесуі де 
қызық. Өте маңғаз. Ақ сақалды, салдарлы адам қалпында мұрнын бір 
шүйіріп тоқтай қалады да, амандық алысқан бірер ілік-қағыс сөздерден 
кейін іле-шала:
“Шахбұрстов мырзамен бірге қаладан шығып ем. Өзіміздің 
ауылға бір соғып кетейін деп, сылаң торымен салдыртып келе жатыр 
едім. Қалай, Күдері болыс ауылда ма екен? Білесің бе, бала?” – дейді. 
Сабдықтың күймілжің жауабына көңілі толмай: “Е, неге білмейсің өз 
болысыңды? – деп сөгіп тастайды. - ... Майбұлақ ауылы осы арадан 
қанша жер өзі? Жол жақсы ма?” 
Сабдық аң-таң. Көктен күткен құдайы тап алдында тұрғандай: 
“Ағасы-ау, өз аулыңыз емес пе, қанша жер екендігін менен гөрі жақсы 
білмейтін бе едіңіз?” 
Бұған тосылып жатқан Жақаш жоқ. Педальді онан сайын баса 
түседі. “Анау кеткен кімдер” деп бай-қожалар жөн-жосығын сұраған 
Сабдық қолқасына да қайтарар жауабы нық: 
“Мырзалар ғой олар. Қаладан бәріміз бірге шыққанбыз... ішіндегі 
қазағы мен ғана. Біздің қазекең тыныштықты жақсы көреді ғой. Олар 
салт қыдырып кетті. Осынымның өзі тыныш маған деп мен күймелетіп 


кетіп барам. Майбұлақтан табысып, Күдерінің бір тоқтысын жеп, онан 
соң өзге болыстарға шығармыз, сірә”. 
Сөйткен Жақаш, Сабдықтан оңдап жөн сұрасуға да асқақ еңсесі 
илікпеген, өз буына өзі бөгіп, бабымен ысқыртып ала жөнелген Жақаш 
Күдері байдың көк желкесі мен Жамағаттың жылпың жүзін көргенде 
бетегеден биік, жусаннан аласа болды да қалды. “Ой сорлы-ай, орыс 
байының күймесін айдағанда оның қандай шаруамен жүргенін 
білмейтінің бар, несіне кісімсисің” деген Жамағаттың бір-ақ қағытуы 
сылаң торының алдында осы жаңа ғана кеңінен көсілген Жақаштың 
желденген көкірегін су сепкендей басты. Аузына құм құйылып, мысы 
құрып, жерге сіңіп барады.
Енді бір қалтарыста буы басылып, жүрегі орнына түсе бастаған 
Жақаш қожасының бар билігі өзінде тұрғандай, бір шаруасы болмаса, 
сылаң торыны күймелетіп мен осында келер ме едім деп қайта бір бой 
түзеп бара жатыр еді, Жамағат қу оның ойран-топырын шығарып, 
әбден масқара қылды: 
“Пай-пай, сабазым-ай! “Мен осында келер ме едім” дейді. Бұ 
шіркін, шамасы Шақбұрысқа жолбасшыдай, өзі бастап осында келген 
екен ғой! Аналар ғой көш артынан ерген күшіктей Жақаштың күймесін 
өздері іздеп, қуа келмек-ау? Затыңа болайын, сабаз! Е-е, тағы да 
қандай өнерің бар? Айта отыр...” 
Жақаш – Шукарь атай да, Санчо-Панса да емес. Бәрі де 
қарапайым халықтан шыққанымен, бұл оларға бүтіндей антипод. Бай 
күймесін айдауды тағдырдың өзіне мәңгілік аманатындай сезінген, бар 
арман-үміті иегінің астында ғана, көзге түсе алмай қор болған, 
мысқалдай биліктен жарты өмір рахат табатын адамдардың бір сілемі. 
В.Белинскийдің “1847 жылғы орыс әдебиетіне көзқарас” дейтін 
әйгілі мақаласында мынадай бір жолдар бар еді: “Біреуден алған 
киіммен ажарланып, менменсіген қарға туралы не айтуға болады? 
Ондай менмендік ақылға әрдайым жат және көбінесе тексіздердің 
бойындағы кемшілік... Байқасаңыздар, помещиктің малайы мұжықты 
мейлінше қорлайды, ал іс жүзінде мұжық одан әлдеқайда жақсы, 
мейірімді, адам дәстүрлі! Малайға бұл менмендік қайдан келді? – Оған 
қожасының жаман мінезі жұқты, сондықтан да ол мұжықтан әлдеқайда 
білімдімін деп ойлайды. Топас адам әрқашан сыртқы сәулетті білім деп 
санайды”. 
Бұл жолдардың Жақашқа, әрине, жарым-жартылай болса да 
қатысы бар. Жақаш менмен емес, бірақ қолына бір билік тисінші, 
көкірегінде оның да желі бар. Жақаш ешкімді қорламайды, бірақ реті 
келген жерінде өзінің құдіретін көрсетіп қалуға құмар. Жақаш өзін-өзі 
асып бара жатқан білімдімін деп те ойламайды, бірақ осы сыртқы 
сәулетке ет жүрегі елжірей қарайды, жүзіне нұр жүгіреді. 


Жақаштың өріссіз, бір тұтам аңғал, балаң қылығына күлмейсің, 
қорланасың. Бұл – оның мінезі, тіршілігі, жеткен жері, жетер биігі. 
Ғ.Сланов әзілмен болса да осында жатқан ащы шындықты дәл берген. 
Бірақ, қысқа жіп күрмеуге келмей қалды. Өзінің табиғи бір 
болмысымен жарқырап бір көрінген осынау қызық характер “Асау 
арна” романында сом тұлғаға ұласа алмады. Жақаштың көркем 
шығарманың кейіпкері ретіндегі тағдырын жазушы қас-қағымдық бір 
уақиғаға айналдырып жіберді. 
Осы заман тақырыбына жазылған қазіргі қазақ романдарындағы 
бірақ кейіпкерлердің мінезі де міне дәл осы Жақаш мінезі іспеттес: 
барар жері, басар тауы – иек асты, арман-үміті бір тұтам. Мықтағанда, 
сәтті характер дегендеріңіздің көпшілігі де осынау Жақаштай көркемдік 
тағдыры шарт кесілген тұқыл тұлғалар боп келеді. 
Ал бүгінгі заман тіршілігіне арналған романдардың қайсыбірін, 
тұтас алғанда, адамдар тағдыры терең, жан-жақты ашылған кесек 
характерлі, дара кейіпкерлі романнан гөрі, көбіне жалпы өмір 
көрінісіне құрылған тақырыптық роман деп бағалау орынды. Заман 
тынысын, өмір шындығын аңғартар кейбір жеке-жеке уақиғалар 
тізбегінде бір-жар қырымен көзге түсіп, көкірегіңде ізгіліктің жылт 
еткен бір ұшқынын қалдырар, немесе өшпенділік пен ызаның сұп-суық 
ызбар табын басатын жақсылы-жаманды кішігірім мінез көріністерін 
ғана көңілге медеу тұтып жүрміз. Әйтпесе, негізінен алғанда қазіргі 
қазақ романдарында характер деп жүргеніміздің образы кейде тіпті 
характер емес, жік-саяғы бөлінбеген, өзіндік, ерлік, адамдық мінез 
тұтастығы жоқ, еңсесін көтере алмай езіліп, жанбай жатып өшкен 
жансыз бейнелер. 
Асулар 
А.Алақанұлы 
Ақын Алақанұлының “Асулар” романы қырқыншы жылдардағы 
саяси-әлеуметтік жағдайдың күрделілігін уақыт тынысындағы қат-
қабат өмір шындықтары мен қилы-қилы тағдырлар тартысын өзек 
еткен шығарма. Автор үш тақырыптың басын біріктіре отырып арналы 
бір идеяға тоғыстыра алған. Осы орайда мазмұнды аша түскен 
идеялық шешімнің параллель алынғандығы ұтымды болған. Айталық, 
күні кешеге дейін Жақыптар жүріп келген сүрлеу бүгінгі Жантастар 
салған соны соқпақпен үйлесім тапқан. Романдағы оқиға желісі өмірлік 
шындық – 1940-49 жылдар арасындағы шындықты беруге өзіндік 
талпыныс жасаған. Сол уақытқа сай әлі де болса үзілмей келе жатқан 
таптық сипаттағы қарама-қарсы көзқарастар мен ұғымдар тайталасы 
олардың өмірлік көрінісі, жаңа заман рухындағы адамдардың 


өміршеңдігі, таптық позициясы солардың қиын да қызық тағдырлары 
аталмыш шығарманың композициялық құрылымы мен сюжеттік тартыс 
жүлгесін құрайды. Халық революциясы жеңгелі біраз жылдың жүзі 
болғанымен ел ішіндегі әлеуметтік қарым-қатынас бұрынғыдай жалғаса 
береді. 
Бірлестіктендіру 
шараларының 
әлі 
қолға 
алынбауы, 
ағартушылықтың іске аспауы бай мен кедей арасындағы қожайын мен 
жалшылықтың әлі де тамыры үзілмеуі осының айғағы.
1940 жылдың күзі ел өміріне елеулі өзгеріс ала келеді. Ол – 
Советтік Қазақстаннан келген мұғалім Еламанның бастауыш мектеп 
ашуы еді. Яғни ағартушылық саласына мойын бұрылып, жаппай сауат 
ашу процесі жүріле бастайды. Сонымен қатар бірлестіктендіру 
шаралары да осы жылдары қолға алынады. Міне, әлеуметтік қоғамдық 
тыныс елеулі өзгерістермен астасып, романның композициясын 
көріктендіре түседі. Еламан ел өміріне мәдениеттің шуағын шаша 
келеді. Роман шағын ауылдағы осы бір формациялық өзгерістердің 
бірсыдырғы көріністерін үзбей сабақтастырады. Оқиғаға бірден еніп, 
оны дамытып, шиеленістіре біледі. Кейіпкерлер арасындағы қатынас та 
нәзік байланыстар арқылы жымдасады.
“Асулар” романындағы көркемдік-идеялық ізденістің бір арнасы – 
тақырыпқа тереңдеу, оның философиялық астарларына үңілу. 
Тақырып терең ашылған сайын оның философиялық астары 
айқындала түседі. Шеберлікпен суреттелетін пейзаж, кейіпкер 
портреттері, түрлі мінездер психологиясы іс-әрекеттер суретімен 
аралас 
келіп 
отырады. 
Романның 
сюжеттік- 
композициялық 
құрылымын сөз еткенде автордың оқиғаны баяндаудағы дәстүрлі 
хроникалық тізбектеуге ұрына бермей кейіпкердің ой ағымындағы 
лирикалық шегіністерді пайдалана білгенін баса айтамыз. Әйтсе де 
әңгіме негізін алдымен шолып айтып артынан таратып жататын 
авторлық баяндаулар да жиі кездеседі. Негізгі тақырыптан және 
оқиғадан ауа жайылып екінші бір мәселеге кетушілік де кездеседі. 
Осының кесірінен шығарманың композициялық тұтастығы бұзылып, 
қосымша оқиға эпизодтардың қатары молайған. 
Жазушы сыртқы болмысты баяндауға құштар да, ішкі мазмұнды 
көрсетуден қашқақтай береді. Кейіпкерлердің сыртқы динамикалық 
өсуі бар да ішкі жан-дүниесі көмескі көрсетілген. Олардың 
психологиялық жай-күйіне, қуаныш-ренішіне, қабағындағы кірбің мен 
жанарындағы жылылыққа, мінез өзгешелігіне тікелей ене алмайды да, 
сырттай баяндаумен тоқтайды. Кейіпкердің бір сәттік мінез-құлқын, 
психологиялық 
өзгерісін 
беруде 
авторлық 
баяндаумен 
қатар, 
кейіпкердің ой-ағымдарын пайдаланған ұтымды тұстары да бар. 
Монолог біткенде “шіркін-ай”, “япыр-ай”, “ұят-ай”, “ойбу”, “ойбай-
ай” тәрізді одағай сөздер мен қыстырма сөздердің өте көп 
қолданысынан болып, кейіпкер ойының біртектілік сипаты белең 


алған. Сонымен бірге, психологиялық мінез-құлықтың тайталас екі 
ұштылығы 
кейіпкер 
сайын 
кездеседі 
де 
көбінде 
бірыңғай 
сөйлемдермен, ой оралымдарымен беріліп отырады. 
Толқу, тебірену... айтқандайын осы бір ғажайып сөз, сөз емес-ау, 
сыр - әдебиет сыны байыбына бара алмай жүрген соншалықты 
салдарлы ұғым. Толқыту, яғни оқырман көңілін баурап, кейіпкерлер 
тағдырына ортақтас қылу, ынтықтырып кітаптан бас көтертпеу – 
қашан да қаламгердің қабілетіне, шығарманың ішкі қуатына тікелей 
қатысты, өкінішке қарай бүгінгі әдебиетімізде жыл құсындай сирек 
ұшырасатын құбылыс. Осыдан барып, әрбір кейіпкердің ой-сана, мінез-
құлқындағы өзгешелік, дара мінездікті үстейтін жеке характер 
ашылмаған. Бәрінің ойлауы да, сөйлеуі де өте ұқсас. Әр кейіпкердің 
болмысын танытатын өзіндік сөзі болуы керектігі ескерілмеген. Тек 
сырттай үздігу, жалған қиналу мен өтірік ұялу сияқты жасанды 
психологиялық бет-бейне, оқырманға берер әсері солғын, жан-
жүрегіңді тебірентпейтін әрсіз сезім шегі мен ой пернесінің 
үйлесімсіздігі ап-айқын көрініп-ақ тұрады. “Арысым”, “арыстаным”, 
“қызыл гүлім”, “аяулым”, “қол жетпес бақ құсым” деп үздігетін сезім 
иелерінің сөздері әрі жаттанды, әрі поэтикалық әсері солғын, жасанды. 
Жан дүниесі өзгеріске түскен қай кейіпкерді де алып қарасаңыз да 
түгелге дерлік жүректері лүпілдеп, дауыстары дірілдеп, екі беті 
нарттай жанып, сөз таба алмай күмілжіп қала береді. Іштегі ой-сезім 
шарпылысын былай қойғанның өзінде, сыртқы түйсік әсерлері дағдылы 
суреттеулер мен сөз қолданыстардан аса алмаған. Мысалы, жып-жылы 
ақ саусақтардан жаралы башпай арқылы тұла бойға тараған ыстық 
лептен сол сәт жігіт жалын шалып өткендей сезінген, ... алақаны 
Айкүмістің жып-жылы жұмсақ саусақтарының сыртына басыла кетті. 
Сол сәт Тасболаттың тұла бойы күйіп-жанып бара жатқандай сезінді 
т.б. Сезім иірімдеріне, сыр қалтарыстарына үңілудегі мұндай 
жетімсіздік Тасболат – Айкүміс, Тасболат – Тоты желісінде де көрінеді. 
Автор жағымды кейіпкерлерден гөрі жағымсыз кейіпкерлерге 
көбірек ден қойып, қол артқан. Елубай, Сақаба, Марқай бейнелерінің 
басқалардан сәл табиғилығы осыдан. Тасболат бейнесін сомдауда 
сыңаржақтылыққа ұрынбай, оның адамгершілік қасиеттерімен бірге 
пенделігін де ашып көрсеткен. Мәселен, басқа адаммен тұрмыс құрып 
кеткен Айкүміспен оңаша кездесуі осының айғағы. Ал, Айкүмістің 
Тасболатпен бірге қашуға келісіп қойып, ата-анасының ақ батасын 
аттап кете алмауы, тіпті кетуге бел буып орнынан тұрып, әрекеттенуі 
де айшықты суреттелген.
Ал романдағы Жақып байдың тұлғасы – аса күрделі. Шығарма 
басында Жақып аса надан байлардың бірінен көрінеді. Оны автор 
Жақыптың Тасболатты болмашыға бола сабап, таяққа жығуы арқылы 
көрсеткен. Бірақ, Жақыптың бұдан былайғы әрекеттерінен мұндай 


жеңіл ашуға беріліп, ойланбай іс жасағанын байқамайсың. Жалпы, 
Баян-Өлгейлік қаламгерлердің көбі таптық сипаттағы бай адамның 
бейнесін – сыртқы пошымы, жайсыз қимыл-әрекеті, ұрдажық, малшы-
құсшыны болмашыға бола сабап салуға дайын тұратын етіп 
бейнелейді. Әуелінде Тасболаттың жеке басында Айкүміске деген 
ыстық балаң сезім мен қыз әкесі Жақыпқа деген суық кекшілдіктен 
туындайтын драмалық тартыс бар еді. Жазушы оны да ширықтыра 
алмаған. 
Романдағы негізгі әлеуметтік топ – жаңаны қарсы алушы жастар 
мен күні өтіп бара жатқан байлар. Бұлардың арасындағы жаулық 
бірден ашық көзге түсе бермейді. Жақып байдың жымысқы саясаты, 
оның кейбір іс-әрекеті арқылы ғана белгілі болып отырады. Жазушы 
кейбір шолақ белсенділердің ұрдажық қылығы арқылы ғана жаңаның 
жауларының масайрауын орынды шенеп отырған. Бірақ, байлардың 
ішмерез қулығы іске аспай, үнемі жақсылық салтанат құрады. 
Жантасты мектептен қашып шыққан балалардың өлім аузынан 
құтқарылуы бір-бірімен қабыспайтын алшақ оқиға болғанымен, мұның 
астарында да нәзік байланыс бар. Ол - әкенің тәлімін көрген ұлдың, 
әкенің әрекетін қайталауы. Романның бір тарауы жүйелі түрдегі 
суретке көшірілсе, енді бір тарауы мүлдем жалаң баяндалады. 
Мәселен, Тасболаттың идеялық өсуі, жүріп өткен соқпағы тым үстірт 
баяндалса, Жантас бойындағы әрбір өзгерістер психологизмге 
құрылып, әлеуметтік көзқарастар ашылады. 
Шығармада дәстүрлі прозадан ауытқыған бір эпизод бар. Ол – 
шығарма 
құндылығын 
арттыра 
түспесе, 
көркемдігіне 
нұқсан 
келтірмейді. Айталық, көп шығармаларда байдың қызы мен кедей жігіті 
уәделесіп ақ бата, ақ некені бұзып, қашуға бел байлайды. Әрі көбінен 
бұл қадамдары іске асып, жаңа қоғам арашашы боп жататын болса, 
бұл жолы Айкүміс ақ батаны аттап, ақ некені бұзудан қорықты. 
Әсіресе, түнде тұруға әрекеттенгені, әрбір іс-қимылы дәлелді 
штрихтармен оның сезім иіріміндегі өзгерісті аша түседі. Романның 
құрылымдық көркемдік жүйесіне үңіле қараған зерттеуші оның 
бітіміндегі ерекшеліктер себебінің қазақ қоғамдық санасы дамуының 
өзіндік жолындағы өзге дара процесті көреді. 
Роман авторының көркемдік шындықты шырайландыра түсу үшін 
қолданған көркемдегіш құралдары да біршама сәтті. 
Атылған қыз туралы аңыз 
С.Адамбеков 
Адамбеков Садықбек 1922 жылы 15-ші қарашада Оңтүстік 
Қазақстан облысы, Арыс ауданы, Қара аспан ауылында дүниеге 


келген. Алғашқыда Қызылорда педагогикалық училищесін, кейін 
сондағы педагогика институтын бітірген. Жазушылық қызметін 
журналистіктен бастаған. Жалпы шығармаларында ел-тұрмысының, 
адам мінезінің көлеңкелі жәйттерін күлкі етеді, етектен тартар 
ескіліктің сарқыншақтарын батыл әшкерелейді. Тұңғыш өлеңдер 
жинағы - «Өмір тойы» 1949 жылы шыққан. Содан бері көптеген сықақ
әңгімелерінің жинақтары жарық көрген. «Күн мен көлеңке», «Біздің 
үйдің жұлдыздары», «Қоршаудағы адам», т.б. пьесалары облыстық, 
республикалық сахналарда қойылып келеді. 1959 жылы «Қожанасыр 
қақпасы», 1961 жылы «Көсенің көзі» жинақтары жарық көрген.
С.Адамбековтің «Атылған қыз туралы аңыз» сатиралық тұңғыш 
романы 1969 жылы жарық көріп, көпшілік көңілінен шыққан 
шығармалар қатарына жатады.
Жазушының бұл сатиралық романы қоғамдағы жағымсыз болмыс- 
құбылыстарды, адам бойындағы ұнамсыз мінез-құлықтарды, әдеп-
тәртіптерді әшкерелеп, күлкіге жығу, келемеж ету ниетімен 
жазылатыны жөнінде әдебиет зерттеушілерінің пікірлері бір арнаға 
саяды. Осы орайда орыс сатириктерінің мұрасы қазақ жазушылары 
үшін үлкен мектеп, нысана болғаны да даусыз.
С.Адамбековтің «Атылған қыз туралы аңыз» романының басты 
кейіпкерлері Сыбан молда, парторг Шынтас, оның шопыры Майлыбас, 
Жаманқара, әйелі – Кәкеш, Айбалта, әйелі – Аня, атасы – Сайрамбай, 
Тасбике, Кәрім, Орман қарт, оның қызы – Айнаш, тергеуші – Тәнкей, 
т.б.
Романның қысқаша мазмұны мынадай: Сыбан молда үйінде 
Тасбикені емдеп жатқанда үстінен Майлыбас түседі. Молданың тізесіне 
жағатын спиртін, бір коньягін бөліп ішіп, Жаманқараның түрмеде 
асылып өлгенін естиді. Бәрі бірігіп қайғырады. Ауыл ақсақалы
Сайрамбайдың 
үйіне 
барып 
Жаманқараның 
өлімін 
естіртеді. 
Жаманқараның туысқаны Сайрамбайдың баласы Айбалта бір ай бұрын 
хат алып, аман-есендігін білген.
Жаманқара Жабағин – соғыс басталғанда жүн-жұрқа жинап 
байыған. Жаманқараның қолқанаты болған Майлыбас пен Кәрім жүн-
жұрқа, 
темір-терсек 
жинасып, 
бірге 
істеседі. 
Алғашқыда 
Жаманқараның үйінде колхоз бастықтары, ауылсовет төрағасы қонақ 
болса, кейіннен облыстық тұтынушылар одағы, облыстық атқару 
комитетінен қонақтар келетін жағдайға жеткен.
Жаманқара 1957 жылы колхоздар совхоздарға біріктірілгенде 
жұмыссыз қалады. Кейіннен ферма меңгерушісі болып тағайындалады. 
Жәкеңнің жағдайы жақсарғаннан кейін Ереван, Тбилиси, Ташкент 
жақтан шеберлер шақыртып, бұрынғы үйін қайта әшекейлейді.
Жаманқара басына бұлт төнген күн облыстан бастықтардың 
қонаққа келгенінен басталады. Вертолетпен келген қонақтар ойына 


келгенін істейді. Қонақтармен бірге келген ақ келіншек жоғалып, 
тыныш ұйқыдағы «Көкөзек» селосы бүйі тигендей дүрлігеді. Ол 
келіншек Кәріммен бірге кеткен болып шығады. Көктен түскен үлкен 
қонақ, қойнындағы келіншектен айырылып, қайта ұшып кеткен соң , 
көк қақпалы кең аула бос қалады. Бір жеті өтпей-ақ «Охота на 
вертолете» фельетоны шығып, обком бюросында бұл жағдайды қарап, 
Жаманқараға 
қатаң 
сөгіс 
беріледі. 
Кейінірек 
Жаманқараның 
былықтары шығып, түрмеге жабылады.
Сыбан молда Орман қарттың домбырашы қызы Айнашты көріп, 
көңілінде желік пайда болады. Орманның әйелінің жақын сіңлісі 
Тасбикені айналдыруы қызға қарай көпір салудың жолы деп санайды. 
Бұл молда алпыстан асса да, жас қызды алуды көксеп, әйелін төркініне 
апарып тастайды.
Аня Айбалтаның әйелі, ұлының аты - Шоқан. Аняны 
Владивостоктан алып келген, мамандығы - дәрігер. Ел-жұрт жиналып, 
ақылдаса келе, Жаманқараға мола соғып, ескі-жаңа киімдерін қоса 
көмуді ұйғарады. Мола соққан екі өзбектің ұстасы аңқау халықты
алдап, айла-амалдарымен ақша жинап алады.
Жаманқараның киімдерін көміп жаназа шығарғалы жатқанда, 
мазар сыртындағы қалың жыңғыл ішінен, көк жиделердің арасынан 
Жаманқараны қолтықтаған Майлыбас шыға келеді. Екеуі де мас, ел аң-
таң болып қалады. Жаманқара жаназасына жиналған малды бағып 
жүрген «Мылқау дуана» өзі болып шығады. Молданың ұйғарымымен 
жаназаға түскен мал қайтып иелеріне қайтарылмайды.
Екінші кітаптағы оқиға Айнаш пен Шынтас арасындағы 
әңгімелерден өрбиді. Тасбике біреулерге Айнаштың суретінің 
сыртына: «Естелік ретінде сүйіктім Шынтасқа» деп жаздыртады. Сүйтіп 
оны Шынтастың әйеліне көрсетеді. Ауылына тараған өсекке шыдай 
алмаған Айнаш туралы атылып өлді деген сөз тарап кетеді. Осы істі 
тергеуге ауданнан Тәңкей келеді. Негізінде Айнаш ауыл өсегіне шыдай 
алмай Сыбан молдаға күйеуге шығуға уәде беріп, тойды жасатады. 
Бірақ арты қыздың атылуымен бітіп, молда қашуға ыңғайланады.
Жаманқараның жиған бір сандық алтынын молда алып қашпақ 
болып, Айбалта мен Кәрім оған жол бермейді. Роман соңында
Айнаштың Алматыға оқуға кеткені, демалысқа ауылға келгені 
тәптіштеп баяндалады. Романның мазмұнынан байқалатын жәйт жаны 
ізгі, ары таза жандардың кейбір озбыр әділетсіз жағымпаздармен 
табанды күресі кеңінен суреттеледі. 
Бұл сатиралық романдағы негізгі обьект Сыбан молда бейнесі. 
Молданың іс-әрекеті, жан-дүниесі түгелдей жоққа шығып, мүлде 
мансұқ етіледі. Бұл орынды да. Молданың өзін-өзі мақтаған тұсы адам 
баласындағы жағымсыз болмыс, қоғамға зиянды құбылыс екенін 
дәлелдейді.


«- Е, Майлыеке, мен Бұхарада, жер астында жеті жыл, 
Стамбулда, көк үстінде сегіз жыл оқыдым. Бұл бүкіл Сырдария 
гүбірнесі, Әулиеата оязында мендей ғұлама молда жоқ. Амал қанша, 
пешенеге жазғанды көріп жүрміз ғой. Ақырында, жаңағы жаман қатын 
да бұтын көтерді маған. Сол отырған жерінде, есек қып ақыртып, ит 
қып үргізіп жіберер едім, амал қанша, заманның ауанынан қорқамын, - 
деп Майлыбасқа ойлы көзбен қарап, байсалды сөйледі». Осы тұста 
романшы моральға үйлеспейтін ұнамсыз құбылыстың зияндылығын 
жете көрсетіп, оған төзуге еш болмайтынына оқушы көзін жеткізеді. 
Автор талқаны таусылып бара жатқан Сыбан молданың басындағы 
кемшіліктердің әлеуметтік мәніне дұрыс баға бере білген.
Осы роман кейіпкерлері мен Гогольдің сатиралық образ 
жасаудағы
Тіл – стиліндегі үйреністері туралы Р.Алтынбекованың пікіріне 
қосылуға болады. 
«С.Адамбековтің «Атылған қыз туралы аңыз» атты романында 
Гоголь кейіпкерлерінің елесі, жүріс-жорығы жүр. Қоғамымыздағы 
жекеленген жағымсыз жандардың бет - әлпетін, ұсқын – сипатын 
сомдап, топтап, типтендіруде С.Адамбеков Гогольден біраз жәйтті 
үйренген. Романдағы Жаманқараның өмірі гүлдену және құлдырау 
сияқты екі кезеңмен берілген. Оның дәурендеу кезеңі Ноздревтің 
тіршілігін ... елестетсе, сорлаған тұсы Плюшкинді еске түсіреді». 
Әдебиет зерттеушісі Т.Қожакеев Плюшкиннің бағы тайып, «иті 
оттаудан», тасы өрге домалаудан қалып, салы суға кете бастағанын 
Гогольдегі қора – қопсысы суреттеген жерін С.Адамбековтің 
Жаманқара Жабағинінің істі болып айдалып кеткенін, түкірігі жерге 
түспей тұрғанда салғызған көк қақпалы, көк сарайының кейінгі сиқын 
салыстыра отырып, бұл сатиралық кейіпкерлердің тағдыры, хал – 
ахуалы, шаруашылық сыңайы бір әдіс, ұқсас суреттеумен берілгенін 
дөп тауып айтқан.
Бұл роман бастан-аяқ күлкілі ситуацияға негізделіп, сықақтық тіл-
стильмен жазылған. Мысалы:«Міндетті әскери қызметін өтеп келген үш 
жылды қоспағанда, бар өмірі ел ортасында өткен Мақан ауылдағы 
«өгіз бұзаулады» дегенге сенетін аңқаулардың бірі еді. Ол ойына 
келгенді ертеңге қалдырмай айтып салатын мінезі болмаса, біреуге 
жамандық ойламайтын. Бүгін қараптан – қарап отырып, қырағы,
сақшы боп шыға келді», - деген тұсы Майлыбастың толық портретін 
көз алдыңа елестетеді. Бұл Майлыбасқа берілген мінездемеде 
кейіпкердің алуан түрлі сезімдері мен қабілет-қасиеттері, әлеуметтік 
тұрмыс-күйі, қоғамдық ортасы тікелей байланысты суреттеледі.
Мақанның Майлыбас атануының өзі қызықты баяндалады. Қалың 
бұйра шашына шаң-тозаң тоқтап, қол батпайтындай ұйысып 
жүргендіктен Майлыбас аталып кеткен екен.


Роман соңында түскен арызды тексеруге келген өкіл Тәңкейді 
келемеж етеді. Арыздағы фактілерді тексеріп, анық-қанығына жетудің 
орнына, әр адамға сеніп, өз ойындағы жоспарын жүзеге асыруға 
көшуін суреттеген тұстары тапқырлықпен салынған сурет деуге 
болады.
«Ферма кеңсесінде Тәңкей оңаша қалған соң өзінен өзі үрейлене 
бастады, аудан орталығынан сот, эксперт, милиция адамдарын түгел 
ала шықпағаны бір қате, өлікті көміп қойғаны екі қате, мына екі 
қарсылық бәрінен де жаман қате. Қазір, бұрынғы екі-үш аудан бір 
өндірістік басқармаға айналғанда, наны көтерілген осы Тәңкейдің 
жиені бастық болып топ ете қалды. Осы сәтті пайдаланып, оңтүстіктегі 
аудандардың бірінде адвокат болып жүрген Тәңкей қайтадан Шудан 
шықты». 
Бұл жазушының елес берудегі, сөзбен сурет салудағы шеберлігі. 
Автор тұңғыш сатиралық романда қазақ ауылындағы келеңсіз 
жағдайларды қатаң сынап, оның зиянды зардаптарын ашына 
суреттейді. Романда кеселді зардаптарды әшкерелей отырып, нағыз 
шындықтың бетін ашып, әлеуметтік мәні бар мәселелерді қозғайды. Бір 
сөзбен айтқанда жазушы ел тынысын көз жазбай қадағалап, оның 
келеңсіз жақтарын тап басып, дәл көрсетеді. 


Ә 
Әділ мен Мария 
Ш.Құдайбердіұлы 
Ш.Құдайбердіұлы (1858-1931) аса көрнекті қазақ қаламгерлерінің 
бірі, ұлы Абайдың немере інісі, талантты шәкірті, оның асыл мұраты 
мен 
сәулелі 
идеяларын 
жалғастырушылардың 
ірісі. 
Қаламгер 
шығармашылығының 
басты 
арнасы 
гуманистік, 
демократтық 
идеяларымен өрнектеледі. 
Ш.Құдайбердіұлы “Әділ мен Мария” романын 1925 жылы жазған. 
Бұл көрнекті қаламгердің кемеліне келген, көлемді, күрделі 
шығармалар жазуда мол тәжірибе жиған шағы. Алайда, түрлі 
қоғамдық, әлеуметтік және шығармашылық мәселелерге байланысты 
бұл романның қолжазбасымен қаламгер алаңсыз айналыса алған жоқ. 
Шығарманың тұңғыш рет жарық көруі 1988 жыл. 
“Әділ мен Мария” – ХХ ғасыр басындағы көркемдік ізденістерді 
көрсете алатын қазақ романдарының бірі. Автордың “Қайғылы роман” 
деуіне қарағанда романдағы сентименталды пафосты қаламгердің 
айрықша көрсеткісі келген тәрізді. 
Романда болған уақиғаның уақыты мен орны, қатысқан адамдар 
аталады. Қаламгердің уақиға желісін сақтай жазуға ұмтылғаны да 
аңғарылады, 
алайда, 
замана, 
уақыт 
тілін 
түсіне 
алғаш 
Ш.Құдайбердіұлының өз толғамдары мен ой әуендері де аз емес. 
ХХ ғасыр басындағы қазақ романдарындағы көркемдік-идеялық 
ізденістің бір ірі арнасы Ш.Құдайбердиевтың “Әділ мен Мария” 
романында тақырыпқа тереңдеу, оның философиялық астарларын 
ақтара қарауға ұмтылу байқалады. 
Ш.Құдайбердиевтың 
өмірді 
бейнелеу 
принципі 
ағартушы-
демократтық эстетикадан өзгелеу, тереңірек. “Әділ мен Мария” 
романын 
жазған 
уақытта 
социологиялық 
реализмінің 
таптық, 
партиялық принциптері Ш.Құдайбердиевке мәлім. Өнердің аяғына 
тұсау, 
мойнына 
құрық 
түсе 
қоймаса 
да, 
қақпайлаулардың, 
“құрқұрлаулардың” күшеюі аңғарылатын. Көргені көп, түйгені мол 
қаламгер үміт күткен жаңа үкімет өктемдігінен тіксіне бастаған. 
Сондықтан да Шәкәрім саяси күрес шиеленісе бастаған Семей түгіл, 
бітпейтін дау жанжалы мол ағайын арасы, ауылдан да алыста. 
Шыңғыстау қойнауында өзімен өзі оңашада. Қаламгердің тақырыпқа, 
роман өзегіне айналар фабулаға өзге көзбен, оймен қарағаны 
байқалады. 


“Кәрі Шыңғыстау! Адам жерге ие болғаннан бері қарай сенің 
көрмегенің 
жоқ. 
Шыңғыс, 
Темір 
сияқты 
талай-талай 
сайыпқырандарыңды қолыңнан жөнелттің. Сенде талай адамның 
құмары қанып, қуанғаны да болды, жүрегі жанып, суалғаны да болды. 
Талай-талай талпынған жас жүрек мұратына да жетті. Талай 
бақытсыздықтың жарық күндей үміті үзіліп те кетті. Сенде неше түрлі 
ел дәурен сүріп, аң аулап, мал да бақты. Сенде талай-талай сабаздың 
қаны судай ақты. Ай мен күндей ажарлы сұлу, қыршын жастарды да, 
арыстан жүректі айнымас батырларды да, әлемнен озған алаяқ, 
аузынан бал тамған шешен билерді де жерошақтай жер қазып, 
үңірейтіп бауырыңа көміп жатсаң да, бақайыңнан келмей түк 
көрмегендей-ақ маңқиып тұра берсең-ау! Онымен де қоймай қысқа 
күнгі күн шығыстан ұзақ күнгі күн батысқа қарай керегедей жайылған 
кең қолтығыңды ашып үңірейтіп: “Кел-кел! Тағы менің қолтығыма 
кіріп, біресе рахат, біресе бейнет көріп, аз күн арпалысып өтетінің 
келіңдер!” – деп үнсіз даусыңмен шақырып тұратыныңды қайтемін!”. 
Бұл экспозиция – бастаудың өзі қыз-жігіт арасындағы уақиғадан 
өзге өлшемдерді көрсетеді, хронотоп өзге. 
“Әділ мен Мария” романын жазудағы мақсат қолында билік, байлық 
бар күштілер мен бір ғана ат-шапан үшін біреудің тағдырын трагедияға 
ұшыратар алаяқ қулар құлқынын жинақтап көркем бейнелеу емес. Сол 
тәрізді, қазақ әдет-ғұрпы бойынша әкелері құда болып баталасқан, 
бірін бірі сүйген жастар өмірінің ерлі-зайыпты болған кезінде де тағдыр 
тәлкегіне душар болу тарихын баяндау да емес. Қаламгер мақсаты, ой-
идеясы тереңде. Автор Шыңғыстау қойнауында өткен, өтіп жатқан, өте 
беретін сансыз уақиғалардың бірін ғана алып, соған мәңгілік өмір, 
Шыңғыстау, адамзат философиясы тұрғысынан қарайды. Сезімге 
оранған ой ағысын, тебіренісін көркем образға көшіреді. Шыңғыстауға 
бағытталған монолог, диалог, лирикалық шегіністер мен ой 
толғамдарында 
философиялық 
ойлар, 
образға 
бөлер 
түрлі 
психологиялық, пейзаждық параллельдер, шешендік арнау, толғау, 
сұрау көп кездеседі. Ой-толғамдары көлемді бейнеге айналады. 
Шәкәрімнің көркем прозасында шығыс әдебиеті әсері, шығыстық 
сарындар сайрап жатыр. Мысалы, Ш.Құдайбердиевтің “Бақыт 
бақшасы” деген топтамасында кездесетін әңгімелер көркемдік-
мағыналық бағытында Санайдың “Шындық бақшысы” (діни-
дидактикалық шығармалар), Сағдидің “Бустон” (“Жемісті бақша”), 
“Гулистан (“Гүл бақшасы”) тәрізді өсиет, насихатқа негізделген 
афористік сипаты мол мөлтек әңгімелермен үндеседі. 
Шәкәрім әңгімелерінде шығыстық әуендер ғана емес, Шығыс 
әдебиетіне тән стильдік белгілер де бар. Мысалы, “Жиі тоқылған жібек 
бұйымдай құлаққа жұмсақ, тәтті пісірілген сіңімді тамақтай жүрекке 
жылы тиетін, жақсы үнді, сұлу сөзді ақындар май айының қызыл 


гүліндей, қыршын жастардың қызықты, қымбат өмірлерінің қиын 
сырын сипаттаса, кейде қыс айының декабріндей жайлаған жасыл 
гүлді қуартатұғын талай-талай жүректердің тамырын жүзінің нұрымен 
билеп соқтыратын сұлуларды солған жемістей суалтатын баянсыз 
өмірдің бақытсыздық мұндарын сипаттаса, ол айтылған сөз, салған ән 
қуаныштың да, қайғының да өзіне лайықты сөз ұнаулы үнімен айтылса, 
дүниеде осыдан жақсы жанға жайлы әдемілік, жарасымдық бар ма 
екен? Бет сұлулығы – сыйы болса, дауыс пен сөз сұлулығы жан сыйы 
ғой, әрине, тән сыйынан жан сыйы артық екеніне дау жоқ, бірақ бет 
сұлулығын әркім-ақ таниды. Сөз бен ән сұлулығын танушы аз”. 
Сөйлем құрылымы шығыстың классикалық прозасына тән, әдейі 
әдеміленген. Теңеу, эпитет, метафораларға толы, бояуларға да қанық. 
“Әділ мен Мария” романында синкретті сипат мол. Лиризмге, 
философияға толы, авторлық монологтар уақиғаны баяндаудың түрлі 
деңгейдегі үлгілерімен қабаттасып келсе, диалогті бейнелеудің 
дәстүрлі, драмалық, классикалық түрлері қатар қолданылады. 
Шеберлікпен суреттелетін пейзаж, адам портреттері, түрлі мінездер 
психологиясы, іс-әрекеттер суретімен аралас келіп отырады. Баяндау 
ырғағы да үнемі өзгерісте. Романның бір бөлімдері жүйелі түрдегі 
суретке көшіріле жан-жақты жазылса, екінші бір бөліктері мүлде жалаң 
баяндалады. Әсіресе, романның соңғы бөліктері. 
Қазақ ауылының тірлігін суреттеуде Ш.Құдайбердиев өзге тәсіл 
қолданады. “Ауылдан шыққан жалаңаш балалар да құлағына қолын 
басып-басып алып қозының, қойдың шулаған дауысын біресе ашық, 
біресе күңгірт естіп, у-у дегізіп, санға өзін өзі шапалақтап, бір салып 
қозының алдына қарай жөнеледі. 
Шеткі қоңыр үйден шыққан қартаң адам таяғын алып дөңге шығып, 
жамырап жайылған қойдың алдынан “шайт-шайт” деп тұр. 
Міне, дәл осы кезде сен, кәрі Шыңғыстау, бауырыңа жапқан қара 
шымылдық сияқты көлеңкеңді төстегі елге түсіріп, сенің соныңды 
білгендей-ақ қымызға тойып алған тапалдау қара қойшы шидемнің бір 
жеңін белсеніп алып, үйден шыға келіп, қойдың алдына келіп тымағын 
лақтырып, қойды көген басына иіре бастады... 
“Міне осы көп дыбыстың бәрі қосылғанда қандай болды? Бұл дыбыс 
зор қаладағы әскер ойнатқан барабанға да қосылып тартқан музыкаға 
да, сызылтып салған әнге де, мұңландырып салған жоқтауға да 
ұқсамайтын, анық табиғаттың өз әні!”. 
Өмірді, дүниені көп көрген Шәкәрім ешқандай өзге ел тірлігіне 
ұқсамайтын, табиғаттың өз әніндей оның құшағында бейғам, өзінше 
өтіп жатқан өмір мәні туралы ойларын да қазақы тірлікке орай 
баяндайды. Ш.Құдайбердиев осы қазақы шындыққа бойлайды, өзінің 
оған деген толғамын белгілейді, өтіп жатқан уақиғалар мен тіршіліктің 
ішкі мәнін саналайды. Оқырманды да осыған шақырады. Мұнда да 


Ш.Құдайбердиев ойларының арнасынан шықпайды. Өмірде өткен 
уақиға өзгенінен шиеленіскен тап тартысын іздеу, болмаса, әдейі 
жасалған зұлымдықтан үстем тап санасындағы астамшылықты көрсету 
романда алғашқы лекте тұрған жоқ. Алайда, шығармада өскен орта 
мен адамдар арасындағы қарым-қатынастар сипатын, уақиға арқауын 
бейнелеуге ұмтылу аңғарылады. Сондықтан да әлеуметтік уақиғаларда 
тиісті деңгейде суреттеледі. Алайда, бұл проблематика да отызыншы 
жылдардан кейінгі романдардағыдай контрасты түрде емес, табиғи 
қалыпта. Мәселе, айтқаны болмай қалмайтын Еркімбекте ғана емес, 
оны қайта-қайта айдап салып отырған Шешенбайда, жөнсіз зорлыққа 
мүмкіндік беріп отырған әкесі, болыс Төребекте. 
Еркімбектер үшін Мария рухани дүниесі, өмір туралы көзқарасы, 
талғамы, тілегі бар адам емес. Ендеше Марияға ие болу тізгіні қызда 
емес, үлкендерде, аға-жеңгенің, әке-шешенің ризашылығында. Мұндай 
көзқарас осы тақырыптағы романдарда жиі кездеседі. Бұл – қоғамдық 
санада ұзақ сақталған, әрі барша халықтарда да кездесетін көзқарас. 
Уақиға ХХ ғасыр басында, 1910-1911 жылдары болса да Еркімбек, 
Шешенбайлардың салт-санасында әйел, қызға деген көзқарас “Еңлік-
Кебек”, “Қалқаман-Мамыр” кезіндегі қалыптан ұзамаған. Бұл надандық 
па, әлде замана жаңалығын ұқпау ма? Шығармада оған жауапқа 
апаратын жол бар. Ресей заңдарын ел билеуде, зорлық жасауда, 
ұтымды пайдаланып отырған қазақтарды, замана жаңалығын ұқпайда 
деп айта қою қиын. Оның артында заман тілін ұқпау да, надандық та 
емес, озбырлық, өзімшілдік тілек бар. Ресей чиновниктеріне арқа 
сүйеген, тілін тапқан болыс, атқамінерлерге енді ел пікірі қажет емес, 
өйткені оны болыстыққа, билікке сайлаған ел емес, параға арын сатуға 
бар, құныққан патша чиновниктері. Олармен арадағы қарым-қатынас 
кілті табылған, ол – ақша. Осы қатынас тілін жете меңгерген 
Еркімбектердің елге қысылмай-ақ білгенін істеуі сондықтан. Бұл – жаңа 
көзқарас. Адам – жаңа адам. Ш.Құдайбердиев романында осы 
құбылысты, қатынастарды аша бейнелейді. 
Жастардың сүйгенімен қашып, артының үлкен айқай-шуға, дауға 
ұласуы, уақиғаның көбіне трагедияға айналуы қазақ әдебиетіндегі 
дәстүрлі тақырып. Ал дәулетті әкелері атастырып, бірін бірі сүйіп 
қосылған жастардың, ерлі-зайыптылардың арасын, отбасын бұзу - 
әдебиетіміздің тарихында сирек кездесетін нәрсе. Әдетте, мұндай 
әрекет шығарма мазмұны арқылы да, авторлық (кең мәнінде) көзқарас 
тұрғысынан да айыпталады, Ш.Құдайбердиев те осы дәстүрді 
қолданады. 
“Әділ мен Мария” романында біреудің некелі әйелін зорлықпен 
тартып алмақ болу, жаңа қоғамдық қатынастарға байланысты ғана 
мүмкін болып отырғаны жүйелі түрде суреттеледі. Осыны жақсы 
білетін Еркімбек ешнәрседен тайынбаса, әкесі амал іздейді. Пәленің 


бәрін заңдастыруды ойластырады. Сол заңдардың арқасында Әділ 
отбасын трагедияға ұшыратып, екі бірдей адамды жазықсыз құрбан 
қылып, теңдік бермей кетіп отыр. 
Жазықсыз жер аударылған, қашып келіп некелі әйеліне жолығып 
жүрген Әділ-ресми үкімет алдында қашқын. Оны өлтірген Еркімбек өзін 
үкіметке қашқынды ұстаушы тәрізді көрсетеді. Жаңалықтарды өзінше 
пайдаланған билік басындағылар, зорлықтары қаншалықты ірі болса 
да теңдік бермей құтылып кетеді. Автор мақсаты Еркімбектердің 
жазаға ұшырағанын көрсету, дәстүрлі қазақ әдебиетіндегідей ақтық 
финалды 
суреттеу, 
әңгімені 
түйіндеу 
емес. 
Мақсат 
өзгеде. 
Шығарманың идеялық бағыты, тақырыптық мазмұны, тек қана әйел 
теңсіздігіне, махаббатқа арналып отырған жоқ. Мәселе, қазақ әйелінің, 
қызының рухани әлемі, мақсаты, сүйгені, махаббаты бар деген 
түсінікке келе алмаған қазақты ескі салт-сананың жаңа заманда да 
қандай сұмдық трагедияға бара алатынын көрсетуде. 
Әділ мен Марияның артынан қалмай, ақыры оларды трагедияға 
ұшыратын тынатын Еркімбек әрекетінің түрткілері қайда? Сірә, 
айтқаны болып, атқаны тиетін жанның өзіне қарсы шыққан, 
мойындамаған адамдарға деген өшпендігіне ме? Қаламгер ойлануға 
шақырады. 
Роман май айының мамыражай кешін суреттеумен басталады. “Май-
Май! Әттең, май жұлдызы-ай! Сен жан-жануардың қайғысын 
ұмытқызып, бейіш ауасын жұтқызып, қабағын ашқызып, үмітін ілгері 
басқызып, тозбас өмір, таймас бақ бергендей алдайтының-ай! 
Жан-жануардың, 
адамзаттың 
да 
артын 
ұмыттырып, 
алдын 
ойлатпайсың-ау!”... Бұл-тамылжыған табиғат құшағындағы әдемі 
кештің ғана суреті емес, астары бар көрініс. 
Осы кеште болыстың бұлаң баласы Еркімбек қасындағы бозбалалар 
қымызға бөккен, қызыққа батқан. Өмірде өзге қызық, мақсат бар деп 
ойламайтындай бір сәт. Осы ортаға Шешенбай келеді. Жылпос жігіт 
жай келмейді, лепіріп отырған топқа от ала келеді. Ерігіп отырған 
Еркімбекке ермек табылады. 
Шешенбай мен Еркімбек арасындағы диалог талантты жазылған. 
Болыс баласын түрткілеп қыздырып, тартысқа айдап салып отырған 
Шешенбай да, тойымсыз нәпсі құлына айналған, болмайдыны 
білмейтін Еркімбек те осы диалог үстінде жан-жақты ашылады. 
“Еркімбек: - Шешенбай, сен менің қалжыңыма ыза болмай, 
шыныңды айтшы? Шын маған лайық сұлу көрдің бе? 
Шешенбай: - Мен көруін көрдім-ау, бірақ сен оның маңына да бара 
алмайсың, ол кімнің қызы деп менен сұрамай-ақ қой! Құр ішқұса болып 
өлерсің! Егер мен Төребек болыстың баласы болсам, осы кешке-ақ сол 
қызбен жақын болудың бабын табар едім”... 


Талайды көрген Шешенбай даңғойлау болыстың баласын қалай 
қайрап салады. 
“Еркімбек: - Ол қыз айтқаныңдай болмаса қайтесің? 
Шешенбай: - Айтқанымдай сұлу болмаса, мына астымдағы бәйге 
ақтабан сенікі. Егер айтқанымдай болып, сол қызға өзің маңайлай 
алмасаң қайтесің? 
Еркімбек: - Атыңның бағасын берейін. 
Шешенбай: - Атымның бағасы бес құлынды бие! Маған екі-ақ 
құлынды бие беремісің? Өзгесін кештім. 
Еркімбек: - Болады, берейін! Әкел қолыңды! 
Шешенбай: - Әкелсең әкел! Екеуі қол алысты да Еркімбек қолын 
жазбай тұрып бозбалаларға қарап: 

Жігіттер, бұл шын серт! Бұған куә болыңдар!” Трагедия 
бастауы 
осы. 
Мұнда 
анық 
таптық, 
әлеуметтік 
сипат 
жоқ. 
Ш.Құдайбердиев талпынғанын алған бай баласының кезекті сұлуға 
аяқ асты құмартуы мен болмайтындай пәлелі іске болыс баласын 
айдап салып отырған пысықай жігіт арасындағы бәстесуді ғана 
суреттеп отыр. Қайғылы хал романы осылай басталады. 
Әкелері атастырған қалыңдық пен күйеуі қалыңдық ойынға 
дайындалуда. Бір қарағанда бейтаныс жандар тәрізді. Бұрын бірін бірі 
көрсе де көңілдері толған. Енді оңашада қалыңдық – күйеуі болып 
алғаш рет кездеспек. Әділ мен Серікбай күнге қарап “Жарықтық, 
қашан батады” деп жаздың ұзақты күнін батыра алмай отырса, Әділдің 
келетін хабарын жеңгесінен тосын естіген Мария дауысы дірілдеп: 
“Жеңешетай-ау! Жүрегім лүпілдеп, тұла бойым ұйығандай салқындап 
кеткені несі? Мен сенің айтқаныңнан шықпаймын ғой, бірақ жат кісінің 
қасына жатып...” – деп ол сөзінің аяғын аяқтамай алмай, кідіріп”... 
Жастардың кездесуін туған толық ай да, Шыңғыстау да авторға 
өзгеше хабарлайтындай. Міне, осы романтикалық кеште бұлардың 
жолына қақпан, басына тор құрылуда. Автор махаббат пен 
жауыздықты беймарал, бейтарап табиғат аясында суреттеу арқылы 
оқырман жүрегіне күдік ұялатады, оқырман үрейленеді. 
Осыдан бастап Еркімбектің Әділ мен Мария артына түсуі, ақыры 
оларды өлтіріп тынуының тарихы романда шымыр баяндалады. 
Ш.Құдайбердиев шығарма сюжетінде сұранып тұрған бір уақиғаларды 
созбаламай, баяндаумен шектелсе, екінші бір тұстарда көлемді 
көріністерге орын береді. Шыңғыстауға қатысты монолог, диалогтар 
болмаса кейбір уақиғалар уақыт, кеңістік өлшемдеріне арнайы 
көшіріле, көлемді де жазылады. Мысалы, Мария мен Әділ кездесетін 
кештер, Әділдің толғатқан Мариядан хабар күтіп, Серікбайды тосып 
отырғандағы толқуы т.б. 
Шәкәрім Әділ мен Мария трагедиясына себеп болған жайларды, 
ашып көрсетуге тырысады. Беті қайтпаған Еркімбек психологиясын 


кейде баяндаса, кейде бейнелеуге көшіреді. Сондай заңсыздықтарға 
жол беріп отырған қоғамдық қатынастарды көрсетеді. 
Романда характерлер тағдыры жалған өмір, өткінші жастық тағы 
басқалар туралы автордың философиялық толғаныстармен 
параллель алынады. 
“Ұшқаны білінбейтін ұшқыр заманның зырқырап өтіп бара жатқанын 
Әділ мен Мария сияқты жас асықтар сезе ме?”. 
“Әрине, әлем айналғанын қоя ма? Оқтан жүйрік уақыт сыдыртып, 
қақаған аяз, қатты боранды ақпанды да туғызады”. 
“Әділ өлген екен деп, айналған уақыт тоқтай ма? Қазақтың 
“Ұлыстың ұлы күні” дейтін күн мен түн теңелген наурыз да жетті” т.б. 
Шығармадағы талғамдар, монологтар мен диалогтар, лирикалық 
шегіністер өтіп жатқан өмір, жастық туралы ойға бастап қана 
қоймайды, роман әлеміне жақындатады, оқырман өзін осы аяда 
сезінеді. 
Әділ мен Мария уақиғасы Кәрі Шыңғыстау қойнауында өтіп жатқан 
көп уақиғалардың бірі ғана. Онда бақытты жандар тағдыры да, 
бақытсыз сорлылар трагедиясы да қабаттаса өтіп келеді. Шыңғыстау, 
табиғат үшін бәрі бір, оның кең қойнауы бақытты тағдырға да, сұмдық 
трагедияға да, рахат пен бейнетке де куә, сансыз уақиғаларға толы. 
Шыңғыстауға, айға, май айына бағытталатын толғамдарда автор тілі 
дәстүрлі шығыс әдебиеті поэтикасына өте жақындайды. Уақиға, 
құбылыстарды сезімдік-эмоционалды, философиялық мәнге орай өсіре, 
бояй баяндауға көшкенде авторлық көркемдік-идеялық ізденістер 
айқын көрінеді. Өмірдегі уақиғалардың өтпелі екенін, ал табиғат 
әлемінің баянды сипатына бойлаңқырау бар. 
Ш.Құдайбердиев романын сюжет, уақиға қуа оқу жеткіліксіз, ол 
үшін оқырманға ойлы көзқарас керек. Роман уақиғасына ғана емес, 
оның мағыналық, көркем мазмұндық астарындағы ой толғаныстарға 
үңілу қажет. 
“Әділ мен Мария” романы туралы мақалаларда көбіне осы романда 
бейнеленетін тағдырлар тарихы туралы айтылады. Әйел теңдігі 
тақырыбындағы шығарма, онда қоғам қайшылығы, таптар тартысы 
аңғарылады деген пікірлер келтіріледі. Негізінде бұл роман – 
берекетсіз тірлік кешкен бозбалалардың, бос қалжыңынан басталған 
бәсекенің адам трагедиясына ұқсау тарихы туралы қаламгерлік толғам. 
Кездейсоқтыққа толы тіршілік қоламтасынан қандай қауіпті өрттердің 
тұтанатынын ескерту. Онда оқушыға ұсынылар дайын жауап жоқ, 
дидактика аз. Романда қалың ел ортасында өткен сұмдық бір уақиғаға 
философия, көзқарас, ой бар. Автор осыны жеткізуге ғана ұмтылған. 
Ш.Құдайбердиев 
романында 
табиғат 
аясындағы 
қазақ 
елі 
тіршілігінің жан-жақты, шынайы суреті өтіп жатқан өмір шындығына 


деген атворлық сезім, баға, философиялық оймен үндеседі. Тіршілік 
пен өмірге телеологиялық көзқарас та байқалады. 
Адам табиғатының, тағдырының жаратылыс, әлеммен жақындығын, 
үндестігін бейнелеу Ш.Айтматов шығармашылығының ірі мотивтерінің 
бірі екені белгілі. Г.Маркес, Э.Хемингуэй, О.Бөкей шығармаларында да 
осы перзенттік байланыстың түрлі қырлары, жұмбақтары талданады. 
Бұл мотив этимологиясы бізді үнді, араб, шығыс поэтикасындағы 
күрделі өрнектерге алып барады. Шығыс поэтикасында осы әдістің 
қолданылу орны мен қызметі шектелуі ғана. Мекеншақтық (хронотоп) 
өлшемдерге әдетте көшпейді, бұл мотивтер элементтері бір сәттік
жалқы ой, бірер сөз, сөйлем, қасқағымдық, нүктелік қана өлшем 
деңгейінде. Ш.Құдайбердиев қолдануында ол жүйелі, ырғақты, тәсілдік 
тұрғыда қайталанып әдемі өрнекке ұласады. Мысалы, шығарма 
құрылымы, сюжеттік желіде орналасқан эпизодттарды тау, ай, 
табиғатпен авторлық диалогқа, монологқа қабаттастыру, болмаса, 
трагедиясының бастауын тіршілік атаулы рахатқа батып мамырлаған 
май айындағы жастар желігінен көру т.б.
“Әділ мен Мария” романын талдау үстінде онда байқалатын 
архитектоникалық, композициялық пішіндік т.б. бейтаныс өрнектерді 
көзтаныс 
классикалық 
романдар 
поэтикасымен 
салыстырып 
Ш.Құдайбердиев романынан кемшілік ізденудің де берері аз. Біз үшін 
маңыздысы “Әділ мен Мария” романының көркемдік-идеялық жүйесінің 
өзге, дара сипаты мен авторлық ізденістер бағытын байымдау ғана. 
“Әділ мен Мария” романы дүниеге келген жылдарда қазақ елінің 
саяси-әлеуметтік жағдайы әлі таптық негізде шиеленісе қоймаған еді. 
Коммунистік идеология еркін ойды әлі тұсай алмаған-ды. Алайда 
әлеуметтік ортаны бай, кедейге бөлу айтыла бастаған. Идеологиялық 
жағдайды 
философ 
Шәкәрім 
жақсы 
түсінді. 
Мұндай 
терең 
философиялық шығармаларға кейін, отызыншы жылдар ішінде жол 
берілмейді. Шәкәрім романының қолжазба күйінде қалу сырының бірі 
де осында. Ал оның өзегіндегі ірі ойларды қаламгер қалай дамытты, 
бейнелейді, ол өзге мәселе. Оны айқындау үшін роман көркем 
жүйесіндегі образ тіліне ғана емес, сөйлемге диалогқа көңіл аудару 
керек. Көркемдік-идеялық бағыттағы Ш.Құдайбердиев ізденістері осы 
көркем жүйеде айқын аңғарылады. 
Әсет 
Қ.Толыбаев 
Құрманбай Толыбаев 1926 жылы 14 наурызда Алматы облысы, 
Шелек ауданында туған. Балалық және жастық шағын Құлжа 
қаласында өткізген. 1948 жылдан газет жұмысына араласып, 1955 


жылға дейін Құлжа қаласында қазақ тілінде шығып тұрған газеттер 
мен журналдарда жұмыс істеген. Сол кездің өзінде өлең, әңгіме, 
очерктер мен мақалалары арқылы таныла бастаған. 
1955 жылы туған жеріне оралған соң баспа орындарында жұмыс 
істеген. 1963 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік 
университетінің журналистика факультетін тамамдаған. “Қазақстан 
пионері” , “Балдырған” газет-журналдарында ұзақ жылдар тұрақты 
қызмет істеген. Қ.Толыбаев туысқан халықтар жазушылары мен 
ақындарының шығармаларын қазақ тіліне аударуға да белсене 
араласқан. К.Паустовский, А.Барто, А.Алексин, С.Алексеев, М.Зверев, 
Ж. Мұсаның шығармаларын қазақ тіліне аударған. 
Ең алғаш 1969 жылы “Ай күледі” өлеңдер жинағы, 1970 жылы
“Қайдасың досым?” повесі , 1974 жылы “Шырын” өлеңдер жинағы, 
1984 жылы “Шапақ” бір томдық шығармалар жинағы жарық көрген. 
Қ.Толыбаевтың “Әсет” атты романы 1995 жылы “Жалын”
баспасынан шыққан. Бұл роман бірнеше бөлімнен тұрады. Романда 
Әсет Найманбаев туғаннан қайтыс болғанға дейінгі кезеңі түгел 
қамтылмайды. Бірінші “Жалғыз ағаш” бөлімінде елге атағы мен аты 
танылған Әсет өмірінің бір кезеңін ғана суреттеуден басталады. 
Әсеттің әдейлеп іздеп келіп, ат басын тіреген үйі Тұрысбектің отауы 
болады. Тұрысбектің жары Зияш та зор ілтипатпен қарсы алады. 
Бұл бөлімде бүкіл Қытайды қуырып, үш жүз жылға жуық билеп-
төстеген Манжу империясының шет өлкедегі әкімдерінің тежеусіз 
кеткені соншалық, қазаққа тізгін қақтырмай қоқиланып, қорлауға 
көшкені, сол елдің азаматы Демежанның дарға асылуы әңгіме болады.
“Пәле-жала” бөлімінде Әсетті жол үстінде Манжудың әкімі атын тартып 
алып, түрмеге жабуды бұйырады. “Адамдардың мұңы бір” бөлімінде 
Әсеттің түрмеден тамыздың соңғы күндерінде Қайдар деген қазақ 
жігітімен танысып, тар қапастан шығуына осы Қайдар себепкер 
болады. Түрмеден шығып келе жатқанда Елебек деген бозбалаға 
кезігіп, Дорбілжінге жеткізіп салады. Кішкене қалашықтағы
Наубайшының үйіне түседі. Наубайшының аты – Тоқтыдан жұмыс 
тауып беруін өтінеді. Сануазы деген орта қазанды дүнген шаруасының 
қолына кіріп, көктемге дейін жалданып, жабағы жүні әлі түсіп бітпеген 
құнанды мініп, еліне қайтуды армандаған Әсет жолға шығады.
“Жолаушы” бөлімінде Әсеттің елге қайтып келе жатқандағы басынан 
кешкен оқиғалары тізбектеледі. Жолда келе жатып өткен күндерін 
есіне түсіріп, қиялға шомып, жүрегі алқымына тығылған тұсын 
қаламгер шебер суреттеген: “... Қоянды жәрмеңкесінде орақ тілді, 
арқалы ақын, талғамы терең, тапқыр қыз Ырысжанмен айтысып, топты 
жарған Әсеттің де оң мен солға атағы жайылған. Өлеңге әуес елдің 
құрметіне бөленген. Содан кейін өлеңге біржола беріліп, ауыл – 
аймағын шаттандырды. Той- думанның төріне шықты. Аузынан өзгеше 


сарындардың әуені өрбіді. Даусы да құстай әуеледі. Өрісі де кеңейе 
бастады. Бір жолы Семейге бара қалып еді, ақындар мен әнші – 
күйшілердің ортасына түсті де кетті”, - деген жолдардан өткен күннің 
жылы шуағы мен сол сәттегі ақын бойындағы суық сезім суреттері 
қатарласа алынған. 
«Әсет пен Ырысжанның айтысы - әлеуметтік мазмұнды жұмбақ 
айтыстардың көркем үлгілерінің бірі. Шамамен 1885 жылы Қоянды 
жәрмеңкесінде өткен. Мұнда халықтың азапты өмірі мен ел 
билеушілердің бұқараға жасаған зорлық – зомбылығы әсерлі 
сипатталады. Жұмбақты бастан – аяқ Ырысжан айтады да, Әсет қолма 
– қол шешіп отырады». Осы тарихи деректерді жазушы асқақ 
философиялық сыр айтуға ұтымды пайдаланған. 
«Ауыл таңы» бөлімінде түрмеден шыққан Әсет Мұқатай үйіне 
қонып, ауылды сағына аңсап келген беті, ақын - әншінің ішкі жан- 
дүниесі, дүниетанымына сәйкес мәнері ерекше сақталған. Атағына бас 
ұрған , дидарын көруді аңсаған елге Әсет өзі екенін жайып салғандағы 
Мұқатайдың ықыласы мен кең құшағы Әсетті қатты тебірентеді. Ақын 
бұл ауылдың өрелі жасы Мұқатаймен, оның әкесі Дәулеткелдінің інісі 
Қабимен танысып, қонақасына мал бауыздар алдында Әсеттен бата 
сұраған Мұқатайға өз ниетін ашық жариялап тақпақтай жөнелген тұсы 
романда сенімді баяндалады. Бұл жерде автор Әсет Найманбаев 
шығармашылығы 
суырып 
салмалық 
өнер 
табиғатының 
заңдылықтарына сәйкес туып отырғандығын ескергені көрініп тұр. Осы 
үйде «Кертолғау» деген құлақ күйін нақышына келтіре орындап, 
халықтың құлақ құрышын қандырады.
«Шалқыған ән» бөлімінде де Қаби ақсақал мен Әсет жұбын 
жазбай, Әсет жан азабынан арылып, көңілі қалпына түскен кезеңін 
суреттейді. «Құтты қонақ қонса, қойың егізден табады» дегендей Қаби 
ақсақалдың келіні ұл тапқанын жақсы ырымға балаған шал немересінің 
атын Әсет қойып, Әсетке шілдехананың туын өзің көтер деп 
қолқалайды. Бұл бөлімде Қайыр мен Қамиланың махаббаты мен 
азаматтықтары туралы да әңгіме болады. Осы бөлімде Әсеттің атақты 
әні « Інжу – маржан» өз сәнімен орындалады. « Інжу- маржан »- ән 
өнерінің үздік үлгісі екенінде дау жоқ. Осы ән туралы А. Жұбанов: «... 
Оның халық арасына көп тараған, балаға дейін білетін «Әсет» атанып 
кеткен әні Әсет шығармашылығының шыңы десе болады» - деп 
жоғары баға берілді.
«Қасірет түбі – сергелдең» бөлімінде Әсет Қаби ауылымен 
қоштасып, жолға шығады. Жолда Меркіт еліне тоқтап, сыйлы қариясы 
Шерубаймен танысады. Әсет Лепсіде ұзақ жатпай, Алакөлге асығады. 
Өзін жолға шығарып салған Жәмішке қайтып оралуға уәде берген. 
Көңілі жақын жігіттермен басын қосып, арнайы кеңесіп, жолға шығып 
келе жатқанда, жолаушылардан Күзембайдың қызы Жәміш тойынан 


келе жатқанын естиді. Ақыннан еш хабар- ошар болмаған соң қыз 
Танабай баласына кете барады. Осы бөлімде «Қаракөзді» айтады. 
«Жаңғырық» 
бөлімінде 
негізгі 
қаһарманның 
қиын 
тағдырын 
табиғаттың күштерімен тоғыстыра суреттейді. Бұл романда бір 
байқалатын жайт – табиғат қаһарман көңіл-күйі, адам жанындағы 
өзгерістерге сай қабысып отырады. Осы бөлімде Қайыр мен Қамила 
қосылып, Үрімшіге қашады. Әсет «Салиха – Сәмен» дастанын оқып, аз 
күннің өзінде қолдан – қолға көшіп, жатталып кетеді. 
«Қайтар жолда» басына қиындық түскенде қол ұшын берген 
Тоқты мен Сунуазыға Әсет арнайы барып, ақ тілек жаудырып 
қоштасады. «Ой, дүние-ай» бөлімінде Әсет Сауыр елін аралап, Еміл 
өңіріне қайтып оралғанда елінің босқынға ұшырағанын білді. Содан 
ауыл ақсақалы Қауменге жолығып, келесі күні жолға шығады. Жолдан 
Әріп ақынды ертіп, Арасан өңіріне елді аралауға аттанады. Өзінің бала 
күннен бірге өскен досы Омардың үйіне қонады. Осы бөлімде «Қоңыр 
қаз» әніне басып, сағынышы бал боп тамған Әсет әлі де елге бергенін 
азырқанып, бар дүниесіне қанағат тұтпайтынын сезінеді. «Құлжадағы 
көріністер» бөлімінде Әсет жол-жөнекей ауылдарға соғып, Дөшеттің 
үйінде болып, Әбіш деген өнерлі соқыр баламен танысып, Шөже 
ақынның жайын әңгімелеп береді. «Сеңгір таулар», «Хантәңірден 
ескен 
самал», 
«Соқпақтар» 
бөлімдерінде 
де 
жазушы 
Ә. 
Найманбаевтың Біржан сал, Ақан серіден кейін Арқа әндерінің дәстүрін 
жалғастырып, дамытқан ақын-әнші екенін нақты дәлелдер келтіріп, 
«Мақпал», «Қоңыр қаз», «Қисмет», «Майда қоңыр», «Гауһар қыз»,
«Әпитөк» әндерін орындату үстінде өнеге- нышан тұтатын адамдардың 
сипатын дәріптей ашып, оза шабатын тарландығына таңдана 
тамсантады. 
«Көрген түстей сәттер-ай» бөлімінде Әсеттің мазасын бір дімкәстік 
ала беретінін сезінеді. Қадырихан Әсет аузынан біраз өлеңдерін жазып 
алып қалады. Үйсіз-күйсіз аяулы азаматын ардақтап, ақтық сапарына 
шығарып салуды қалың ел өз борышы санап, жаназасын айт 
намазымен бірге оқиды.
«Әсет» романында жазушы Қ. Толыбаев Әсет лирикасына тән 
қасиеттерді шынайы аша білген. Ақын замана шындығын шынайы 
суреттеу, айналасында болып жатқан оқиғалар мен құбылыстарды 
айқын да көркем жеткізе білгендігін жан-жақты қамтыған. Романның 
өн бойынан байқалатын құндылық – ақын өз ортасының ащы 
шындығын бейнелеп, халқының басындағы ауыр тағдырға күйзеле 
отырып, өзінің ақындық шеберлігін, азаматтық үнін көрсетуді мақсат 
тұтқан. 
Әсет Арқаның әндерін бүкіл Жетісу, Тарбағатай, Алтайға жайған 
жалынды насихатшысы бола білгендігін жазушы айрықша көрсетуге 
тырысқан. Бірақ Әсеттің ақындық, әншілік, композиторлық өнерінің 


одан әрі дамуына кейбір әлеуметтік жағдайлар кері әсерін тигізгенін 
тарихтан білеміз. 
Романның соңында Әсеттің елге жетуді ұлы мақсат еткенін тілге 
тиек етеді. 1922 жылы Қытайдың Құлжа қаласында 22 – ші наурызда 
қайтыс болған Әсет Найманбаев ерте жетім қалып, жоқшылықтың 
зардабын көп тартады. Байлық өнер мен білімде деп таныған Әсет көп 
ақынға ой тереңдігімен, дүниетанымымен дес бермеген. 1916 жылы 
патша жарлығына байланысты дүрліккен елмен бірге Әсет те Қытайға 
өтіп кетеді де, қайта оралуды қанша армандағанымен, қайта алмайды. 
Қ. Толыбаевтың «Әсет» романы Әсет Найманбаевтың бейнесін 
қоғам, уақыт шындығымен байланыстыра бейнелеген шығарма. 
Романның басты қаһарманы Әсетті жан тазалығы, ой – қиял 
асқақтығы, қайтпас сенім жалыны бар өнер тарланы ретінде сомдаған 
деуге болады. Сонымен бірге бұл ХХ ғасырдың басындағы қазақ 
ауылдарындағы тіршілік тынысын да жап- жақсы көрсеткен туынды. 


Б 
Бақытсыз Жамал 
М.Дулатов 
Қазақ әдебиетінің тарихында тұңғыш рет роман деген жанрлық 
анықтама қойылып, жарияланған прозалық көлемді туынды – 
“Бақытсыз Жамал”. Кітап басында ескертпе ретінде берілген: 
Қазақтан шыққан талапкер, 
Бұл кітапты қарап көр. 
Таратуға халыққа оқып, 
Боларсыздар себепкер, - 
деген жолдардың жалғасы 14 шумақтан тұратын “Сөз басында” 
таратылып айтылады. Салған жерден автор қазақ халқының 
құрылымы, тұрмыс-салты, мінез ерекшеліктері, кемшілік, олқылықтары 
туралы толғана келіп, роман жазудағы өз мақсатын баяндайды. 
Міржақып – төмендердің аласасы, 
Сезімнің бар ма, жоқ па тамашасы. 
Жылтырап тесік моншақ жерде қалмас, 
Қазақша бір роман жаза салшы,- 
деген авторлық әзіл халық арасына кең тарап кеткен. 
Шығармаға арқау болған уақиғалар ХХ ғасыр басында қазақтың 
кез келген атырабында, кез келген ауылында, кез келген 
шаңырағында өтуге мүмкін, әркімге таныс, түсінікті, ортақ, етене 
сипаттары бар, жалпылық мәнді жәйттер. Автор өз тұсындағы 
әлеуметтік-қоғамдық өмірдің маңызды арналарын адам тағдыры, нақты 
әрекет, тартыс арқылы көрсетуді мақсат етіп, ой, идеяны ашық 
публицистикалық түрде емес, бейнелер, образдар арқылы, көркемдік 
тәсілдермен береді. Бір сөзбен айтқанда, жазушы таза прозалық 
шығарма, жанр шарттарын толық қанағаттандыратын туынды жасау 
талабын ерекше ескерген. 
Абайдың қарасөздері, Ыбырайдың шағын новеллалары “Дала 
уалаяты”, “Айқап” беттерінде жарияланған бірен-саран әңгіме үлгілері 
қазақ топырағында кең көлемді проза дәстүрлерін жасай алмағанын 
ескерсек, Міржақып – жаңа жанрдың төлбасы. 
“Бақытсыз Жамал” романы туралы алғаш пікір айтқан Ахмет 
Байтұрсынов: 
“Қазақта бұрын роман жоқ еді. Біздің арамызда қазақша бірінші 
роман жазып шығарған Міржақып Дулатов болды. Оның “Бақытсыз 
Жамал” деген романы 1910 жылы басылып жарыққа шықты”, - деді. 


Негізгі сюжет желісі басты кейіпкер Жамал тағдырымен сабақтас 
өрбіп отырады. Шығарма оның туғанынан өлгеніне дейінгі аралықтағы 
негізгі белестерін қамтиды. Әкесі Сәрсенбайдың мойнына бұршақ 
салып, құдайдан жалбарынып сұрап алған баласы. Шешесі Шолпан 
әкесінің бір перзентке зар болып жүріп үйленген екінші әйелі. Қиын-
қыстау кезеңде қызы үшін шырылдап отқа түсетін осы байғұс ана. 
Заман өзгерістері қазақ ауылына да жаңалық әкелген. Соның бірі 
қолға молда ұстап, балаларға хат таныту, кітап оқыту. Осындай 
әрекетке кіріскен адамның бірі – Сәрсенбай. Алақанға салып еркелетіп, 
тіпті ұл балаша киіндіріп қойған Жамал молдадан бес-ақ ай оқыса да, 
тез сауаттанып, қара тану үстіне, қисса-жырларды заулатып оқып, 
ауыл-аймақты аузына қаратады. “Сал-сал”, “Қыз Жібек”, “Зарқұм”, 
“Қисса уақиға Кербала”, “Біржан сал мен Сара қыздың айтысқаны”, 
“Ноғай мен қазақтың айтысқаны”, “Ақсұлу”, “Айман-Шолпан”, 
“Бозжігіт”, “Шәкір-Шәкірат”, Ақмолда, Нұржан, Әбубәкір өлеңдері – 
бұларды оқу, жаттап алу, жұрт алдында айтып беру арқылы Жамал 
өзінше бір әдемі, сұлулық, көркемдік мектебінен өтеді. Ата-ана, ауыл-
аймақ, дәстүрлі салт-сана әсеріне қоса, кітаби тәрбие жаңа буынның 
өкілі болып жетіле бастайды. Өзі де жанынан өлең шығаратын 
дарынды бойжеткен болып көзге түседі, зеректігімен, ақыл-көркімен, 
шешендігімен ауызға ілінеді. 
Сөйткен Жамалдың мойнына қыл тұзақтай болып, әкесі 
Сәрсенбаймен Байжан арасындағы құдалық келісімі оралсын. Бұрынғы 
жақсы күндер көрген түстей ғайып болды. Қайғылы, азалы, мұңлы 
шақ. Сорлы анасы Шолпаннан өзге қол ұшын берер ешкім жоқ. Билік 
арманы ес ақылын билеп алған әкесі Сәрсенбайды тоқтатар күш жоқ 
сияқты. Сөйтіп, жұтып, запыран құсып, дерттеніп: 
Мен қайран атам малға сатқанына, 
Бір тазды жалпақ елден тапқанына. 
Аты өшіп, тумай кеткір Жұман деген 
Мал беріп мені өзімсіп жатқанына, - 
деп көздің жасын көлдетіп жүргенінде, бір тойда жас, оқыған, сыпайы, 
сұлу жігіт Ғалимен танысады. 
Бұл көріністе жазушы өлең текстерін еркін пайдаланады. Дәстүрлі 
үлгідегі қыз бен жігіт айтысының формасын қолдана отырып, жастың 
сырын ақтарады. Әуелі сөз алған Ғали алыстан орағыта отырып, өзінің 
шетте өскенін айта келіп, көпшілік өтінген соң, ұзақ толғауға ойысады. 
Жақсы қыз баға жетпес бір гауһар тас, 
Он алты, он жетіге жеткенде жас. 
Жанаттың пісіп тұрған алмасындай, 
Қол жетсе, қандай жігіт ләззат алмас, - 
деп бастап қазақы ұғымдардағы сұлу қыздың портретін жасауға 
тізілген меруеттей отыз тіс, нұрлы жүз, жайнаған көз, қиылған қас, 


кәмшат бөрік, алтын шолпы, шәрбат, ғашықтық, ақ білек, ақ тамақ, 
тоты құс тәріздес сөз, ұғымдарды еркін қолданады. 
Келесі кезекті алған Жамал: 
Сөйле, тілім, шешіліп осындайда, 
Құрбыларымен бір жерге қосылғанда. 
Отырмассың үнемі төрде бүйтіп, 
Еріксіз-ақ қоярсың тосылғанда, - 
деп бірден өз жағдайынан хабар беруден бастап, қолға түскен 
сандуғаштай торға түсетін, малға сатылып, теңіне бара алмай, күң 
болатын қыз тағдырын тебірене жыр етеді. 
Осылай бір-бірімен той үстінде өлең арқылы танысқан екі жас 
ғашық боп, тез тіл табысып, араға көп уақыт салмай, алма-кезек хат 
жазысып: 
Бір сенсің ғашық отын сөндіретін, 
Кім бізді ықтиярсыз көндіретін. 
Өлсек шұқыр бір болсын, шықсақ төбе, 
Айырмалық болса да өлтіретін. 
Бір алла жалғыз өзі болсын айғақ, 
Тұралық уағданы бекем байлап, 
Сен үшін бір басымды еттім құрбан, 
Шынжырлап жіберсе де Сібірге айдап, - 
деген Жамал сөздері келіскен тұжырымдай болады. 
Сөйтіп, Жүніс, Нұрмаш екі досы көмек етіп, Ғали Жамалды алып 
қашып, қаладағы саудалас, ниеттес досы татар байы Фатихолланың 
үйін паналайды. Азды күнгі рахат, бақыт, ләззат дәмін татқан екі 
жастың қызықты ғұмыры ұзаққа созылмайды. Байжанның қоқан-
лоққы, тепкі дүмпуі бұлардың жатқан ұясын шайқар болған соң, 
жылжып Ғалидың нағашыларын жағалайды. Аяқ астынан ауырған Ғали 
он үш күн төсек тартып, кенеттен дүние салды. Әрине, бұл кейіпкер 
күрес үстінде, әділет үшін, махаббат үшін шайқаста жауларының 
қолынан мерт болғанда, көркемдік шешім салмақтырақ шығатын еді. 
Жамалдың жалғыз қалуы, еріксіз Байжан босағасына барып, 
Жұманнан зорлық көруі, қайғылы махаббат уын ішуі – оны боранды 
түнде адасып өлуге заңды түрде алып барған себептер ретінде сенімді 
суреттеледі: 
Тоты құс едім бақшада, 
Қарақұсқа жем еттің. 
Хан қызындай басымды, 
Бір жаманға тең еттің. 
Ботасыз нардай боздатып, 
Мінеки, мені еңіреттің. 
Қаһарыңды жіберіп, 
Тең құрбымнан кем еттің. 


Мұндай зарлы қылғандай, 
Мен бейшара не еттім? 
Жыладым зарлап, Ғали жоқ, 
Ісіне көндім құдіреттің. 
Шығармада әр түрлі әлеуметтік ортаның өкілдері, түрлі мінездер 
қалыбы төбе көрсетеді. Әрине, көлемі шағын туындыда да 
характерлер, сом тұлғалар жасау мүмкіндігі де аз. Дегенмен, 
әдебиетіміздегі алғашқы күрделі прозалық үлгіде бірталай көркемдік 
ізденістер, тұлғалар жасауға ұмтылу талабы барлығын көрсету дұрыс 
болмақ. 
Алдында 100 жылқы, 200-300 қойы бар дөңгелек дәулет иесі 
Жамалдың әкесі – Сәрсенбай туысында жыртқыш, озбыр емес, негізгі 
жұмсақ, момын адам, Жамалды бетінен қақпай өсіруі, тіпті еркек 
балаша киіндіріп тәрбиелеуі, Уфадан келген Ғазиз мұғалімнен жаңа 
жолмен оқытуы айналасына кеңдігі – оны жақсы жағынан сипаттайды. 
Байлықтың буы Сәрсенбайдың 
басын айналдырып және 
қыздырманың тіліне еріп, шарға түсіп, билікке таласады, көп шығын 
рәсуа болады, 300 теңгесі босқа кетеді; бәрібір сайланбай қалады. 
Осыдан опық жеп, намысы күйген, жұрт көзінде жерленгендей күйге 
түскен Сәрсенбай қайтсе де, есе қайтармақ, қанша байлық шашса да, 
бәрібір тағы да шарға түспек. Осы сапарда өзіне тілектес іздейді, осы 
сапарда қандай құрбандыққа да бармақ. Сөйтіп, бұрын момын, жуас, 
қақсоқпен шаруасы жоқ қоңыртөбел жан енді билік үшін, дәреже үшін 
неге болса да белін буады және жаңа әрекетке де. 
Жазушы Сәрсенбай санасындағы жаңа өзгерісті сенімді көрсетеді. 
Өзіне жақтас іздеген мансапқордың тапқаны болыстың құдасы – 
сөзінен де, ісінен де, жолынан да, қолынан да келетін, артына ерткен 
тобы бар – Байжан, соның қолдауымен билікке жетуді іш есеп қылады. 
Сондықтан Байжанның өзі таза, өзі ақылсыз Жұман деген баласына 
Жамалға құда түсуіне қарсы болмайды. Бәйбіше мақұлдайды, туған 
шеше Шолпан наразы. Бірақ Сәрсенбайдың келіскені – келіскен.
“Бақытсыз Жамал” стилінде таза реалистік проза тіліне лайық 
салмақты, орнықтылық бар. Жазушы ұйқасты, ырғақты, өлеңдетіп 
отыратын өрнектеген бойын мүлде аулақ салған. Тіпті кейінгі 
дәуірлердегі туындылардың өзінде кездесе беретін әсірелікке, 
сөйлемдегі сөздердің табиғи орын ауыстырып жасайтын инверсияға да 
бармайды. Лексикалық тұрғыдан таза қазақ тілінің байлығы еркін 
қолданылған, Міржақыптың поэзиялық шығармаларда жиі кездесетін 
араб, парсы, татар сөздері “Бақытсыз Жамалда” өте сирек, жоққа тән, 
оның есесіне (съезд, минут, фальш, план, учитель, расход, выборной 
тәрізді) кейбір орыс сөздерін өз қалпында алып жібереді. Жамал мен 
Ғали арасындағы ғашықтық сырларды көрсету үшін алынған өлең 
текстері айтыс үлгісінде, хат формасында берілген. 


Шығарма сюжеті Сәрсенбайдың балаға зар болуы, Шолпанға 
үйленуі, 
одан 
Жамалдың 
тууы, 
Жамалдың 
молдадан 
оқып 
тәрбиеленеуі, әдемі бойжетуі, Сәрсенбайдың билік үшін көмектеседі 
деген іш есеппен Байжанмен құда болуы, бұған Шолпанның 
қарсылығы, Ғали мен Шолпанның танысуы, ғашық болуы, өзара тіл 
табысып, қашып кетуі, Байжанның келінінің кетіп қалуына орай 
жасаған аярлық әрекеттері, өтірік қағаз жасатуы, Ғалидың аяқ астынан 
ауырып дүние салуы, Жамалдың еріксіз Байжан босағасына келуі, 
Жұманнан көрген қорлық-зорлық, ақыры боранда адасып өлуімен 
аяқталған оқиғалардың бір-бірімен байланысқан, желісі үзілмейтін 
тізбегінен құралған. 
Сөйтіп, өз мезгілінің күрделі әлеуметтік-қоғамдық мәселесін 
көтерген, махаббат бостандығын жыр еткен, жанрлық тұрғыдан қазақ 
әдебиеті үшін жаңалық болған “Бақытсыз Жамал” прозалық туындысы 
жиырма бес жастағы Міржақып Дулатов ұлттық рухани тарихында 
терең із қалдырды, бірінші романшы атанды. 
Беласқан 
К.Сегізбай 
Танымал жазушы Кәдірбек Сегізбайдың “Беласқан” романы
көлемді, бөлек-бөлек аталған бірнеше бөлімнен (тараудан) тұрады. 
Оқиға желісі мен кейіпкерлері ортақ бұл бөлімдерге қойылған аттардан 
шығарманың 
сюжетіндегі 
оқиғалар 
желісі 
жақсы 
көрсетілген: 
“Беймезгіл жүргінші” деген атпен жазылған тарауда қазақ даласының 
қиыр шығысындағы Қамбар төренің ауылын іздеп, көрші қалмақ 
жұртынан келген қазақ жігітінің неше жылдық басынан кешірген 
оқиғасы, өмірі суреттеліп, роман осыдан басталса, “Қараша қаздар 
қайтқанда” деген соңғы тарауы мен екі аралығында осы жігіттің 
інісімен екеуінің сайын даланың қиыр батысындағы өз еліне оралғанға 
дейінгі 
шым-шытырық 
оқиғасы, 
сан 
адамның 
тағдыр-талайы 
суреттеледі. 
Қалмақ, 
моңғол 
хандықтарымен 
іргелес 
жатқан 
Алтай, 
Тарбағатай өңіріндегі найман, керей тайпаларының ішінде қазақ 
жерінің екінші бір шалғайы – Еділ бойындағы Кіші жүздің тама руының 
ауылдары қайдан жүр дегенге жауап беретін оқиғалар баяндалады. 
Және мұндағы әңгіме желісі жазушы өз жанынан шығарып, таңдап 
алған сюжетке емес, тарихта болған оқиғаларға құрылыпты. Мұны 
жазушы романның эпилогы ретіндегі ең соңғы бетте күтпеген жерден 
оқыс білдіреді: Шоқанның қағаздары мен құжаттарының арасынан 
табылған Н.И.Любимов дегеннің 1845 жылы шығысқа сапары кезіндегі 
жол журналында жазылған мәліметтерін келтіреді. 


Бір қарағанда, романды қызықты оқиғаға құрылған шығарма деп 
қалуға болады. Бірақ жазушының мақсаты – оқиғаларды тек (мейлі 
тарихи болсын) баяндау ғана емес, мүлде басқа дүние. Шығарманың 
негізгі идеясы – кісілікті, ізгілікті, имандылықты көрсету, “адамның 
басы – алланың добы” деген өмір қағидасын дәлелдеу, адамдар 
тағдыры – қарым-қатынастар жазушы екенін айту. Суреттелер қым-
қуыт оқиғалар – осы идеяның құндағы ғана. Ал сол құндақтың өзін 
құруда жазушы үлкен шеберлік танытады: сюжет желісі үзілмейді, 
авторлық ой-толғамдары жай лирикалық шегіністер емес, әңгіме жібін 
ширата түсетін стильдік амал болып танылады. 
Бұл шығармадан жай оқырман болып түйгеніміз – кейіпкерлерді 
сомдағанда автор сан жылдар санамызды жайлап алған стереотип 
танымымызды бұзыпты: бұрын әдетте хан, төре болса, тым озбыр, тым 
өзімшіл, өктем, қалмақ ханы болса, тек жау болуы керек деп білуші 
едік, ал мұнда Қамбар төре - өз пайдасы үшін жүргізсе де, әр әрекетін 
ақылмен жасайтын, айналасына тек бағынышты жандар деп емес, ер 
жүректісін батырым деп, жақтаушысын қолғанатым деп, оны сөзімен 
де, ісімен де көрсететін жан дүниесі дұрыс пенде. Әрине, бір тайпа 
елді билеп отырған төренің ішкі пайдасы өзін де, тіпті, ағайынды 
Байшуақ пен Баратты біреуін қолғанатым деп бауырына тартқанда да, 
екіншісін бажа етіп, оған балдызын айттырғанда да оның өз есебі 
түгел, қазақтың ата жауы қалмақтың ханымен тату көрші болып, оның 
ауылына аттанып бара жатқан себебін: “Атадан балаға қалған 
жаулықты қай құдай маңдайымызға жазып қойыпты. Тым болмаса 
үрген итінің даусы естілер торғауытпен өз жұртымның арасында 
рахайлы тірлік орнатып, барымтада емес, бәйгеде шапсақ, жаугершілік 
емес, саугершілік орнатсақ, күбір-сыбыры көп елім қандай зиян 
көрмекші?... Енді Ошыржап шақырған қонағына да барып, бұйымтай 
ғып екі жігіттің азаттығын қолқалаудың да сәті келді білем” – деп 
дәлелдейді. Бұл жерде Қамбар төрені жазушы құдай іргелес етіп 
орналастырған қазақ пен қалмақтың ұрыс-шабыссыз бейбіт күн кешуін 
ақылға салған ойшыл саясаткер етіп көрсетсе, сонымен қоса 
қандастарының қамын жеген ел басы етіп суреттейді. Ақылдылық пен 
адамдық ел тізгінін ұстаған басшыларға қай заманда да қажет қарекет 
екенін оқырмандардың да, бүгінгі билік тізгіні қолындағылардың да 
есіне салады, бабалардан келе жатқан үлгі-өнеге етіп көрсетеді.
Бұл шығарманың желісіне халқымыздың бойындағы тұнып тұрған 
қасиеттердің үлгісі тартылған деуге болады: барымтада қапыда кісі 
өлтіріп жас өрім інісін “қанға қан” сұраған қарсы жатқан ала қашқан 
ағасының кісілігі қандай, ата жауым деп қарамай, оларды паналатқан 
қалмақ қаны Ошыржаптың жақсылығы қандай, елінен шалғай шыққан 
қос жігітке өкіл әке-шеше болып, құлдық ұрған баласыз қарт 
жұбайлардың ықлас-пейілі қандай, қазақ балуандарының бір-біріне 


үлгі көрсеткен, қалтқысыз әрекеттері қандай! Тіпті, сан жылдардан 
кейін еліне оралған екі жігіттің үш жыл өткен соң, сонау Еділ бойынан 
жиырма шақты түтінді ертіп Тарбағатай етегіне қайтадан келуі де 
имандылықтың жан сүйінер көрінісі: баласыз қос мұңлық өкіл әке, өкіл 
шешелеріне табысу қуанышын сыйлағылары келді ме, бірі қалмақ, бірі 
қазақ 
екі 
келіншекті 
туған-туыстарымен 
қауыштырып, 
туған 
топырақтарына тағы бір аунатуды парыз санады ма – қысқасы, 
осылардың баршасында үлкен кісілік қасиеттің ізі жатыр.
Бұл шығарманың және бір құнды жері этнографиялық сипатында, 
яғни бұдан 200-300 жыл бұрын ғұмыр кешкен бабаларымыздың 
тұрмыс-салты, киген киімдері, асынған қарулары, жөн-жоралғылары, 
той-томалақтары сол заманға сай суреттелген. Көркем дүние болса да, 
бұл романды оқыған этнограф немесе мәдениеттанушы мамандар көп 
деректер ала алады. Бұл жерде біз жазушының ізденгіштігі мен 
ұқыптылығына тәнті боламыз.
Романның жүрекке жылы тиген тағы бір сыры – оның жанрлық 
шеберлік үнінің нағыз қазақылығында. Әрбір тараудың эпиграфы 
(“біссімілләсі”) етіп халық өлеңдерінің бір-бір шумағын келтіріп 
отырғанның өзі – жазушының стильдік табысы: қарапайым әләуләй 
сияқты болып көрінетін сол шумақтар шығарма тармақтарының 
мазмұнын түйіндеп тұрады. Оқиғалар өмірдің көрінісі болса, 
эпиграфтарға алынған қарапайым өлең жолдары қазақ халқының сол 
өмір үзігін пайымдаған философиясын танытады. 
Романның нағыз қазақы үні, яғни тоны, стильдік бояуы оның 
тілінде жатыр. Бұдан жүз жылдар бұрын өткен өмір шындығын 
көрсетуде жазушы тағы да суреткерлік талантын танытқан десек 
болар. Мысалы, төре, би сияқты сол кезеңдердің “лауазымды” 
адамдары қатардағы қалың жұрттан ақыл-парасаты, жүріс-тұрысы, 
сөйлеу үрдісі жағынан бөлектеу, жоғарырақ тұруға тиіс болғаны 
даусыз, әйтпесе ел билеуші төре, хан, ақыл-үкім айтушы би бола ала 
ма? Сондықтан Қамбар төре де, тіпті, қалмақ ханы Ошыржап та, 
төремен үзеңгілесе жүрген Қасқақ батыр да, ауылдың биі Нұралы да 
шешен сөйлейді. 
Әрине, шешендік дегеніміз сөздің тек сыртқы жылтырақтығы 
емес, алдымен, айтылған ой логикасының мықтылығында, ауыздан 
шыққан сөздің анық, тыңдаушыға әсерлі болуында. Сөз әсерлі болу 
үшін ұйқасты не қосақты (параллель түзген) сөздер, мақал-мәтелдер, 
экспрессиялық бояуы қалың элементтер, көрікті эпитеттер мен орынды 
теңеулер, метафоралар, ассонанс, аллитерация сияқты дыбыстар 
үйлесімі т.б. сан алуан көріктеуіш амалдары жұмсалады. Мысалы, өзі 
паналатқан екі қазақ жігітін қандастарына қайтаруға келіскен қалмақ 
ханы Ошыржап, оларды қимай, толқып: “Қия алмайтын, қиналатын 
бір-ақ жерім бар. Ол жалғыз мен емес, бүкіл үй-ішімізбен, ауыл-


аймағымызбен екеуіне бауыр басып кеткеніміз. Туыспаған туысым, 
қиыспаған қиысым болды. Жалшым емес, жанашырым деп қарадым, 
малшым емес, малқорым деп санадым. Сенімімді серттей ғып 
орындайтын семсерімнің қос жүзі еді. Қиналам, соған ғана қиналамын, 
төре!” дейді. Әрине, қалмақ ханы осылайша әсерлі, әсем етіп айтуға 
тиіс. 
Мұндағы би, төре, батыр, хандар ғана емес, кейіпкерлердің 
барлығы да сөздерін шешендерше қиыстырмағанмен, дұрыс айтады, 
демек мұнда ауызекі сөйлеу тілінің күні кешегі ата-бабаларымыз 
қолданған үлгісі көрінген. “Өнер алды – қызыл тіл” деп бекер айтпаған 
бабаларымыз тілге, оның әсерлі, әдемі қасиеттеріне мейлінше көңіл 
бөлген. Мұны ХХ ғасырда қазақ даласында болып, сөздерін 
құлақтарымен естіген өзге халықтардың ғалымдары мен зиялылары 
ашық айтып кеткен еді. Атақты түркітанушы ғалымдар В.В.Радлов, 
П.М.Мелиоранскийлер қазақ тілін ең бай, ең таза түркі тілдерінің бірі 
деп 
таниды. 
Академик 
В.В.Радлов: 
“Қазақтардың 
басқа 
бауырластарына 
(өзге 
түркі 
халықтарына) 
қарағанда, 
сөзге 
тапқырлығы мен шешендігі де маған қатты әсер етті” деп жазды. Ал 
ХІХ ғасырдың орта тұсында қазақ жеріне жер аударылған поляк 
зиялысы Адольф Янушкевич інісіне жазған бір хатында: “Ежелгі 
Грецияда немесе Римде болса, старшын Тоқымбай мен Бейсекенің өзі 
лаврдың астында қалған болар еді” десе, Г.Зелинскийге жазған 
хатында: “Бұдан бірнеше күн бұрын өзара жауласқан екі партияның 
арасындағы қақтығыстың куәсі болған едім. Сонда Демосфен мен 
Цицерон туралы ғұмыры естімеген шешендерге таң қалып, қол 
соққанмын” дейді. 
Кәдірбек Сегізбайдың кейіпкерлері де – сол кезеңнің адамдары. 
Олар осы шындықтың ақиқат екенін дәлелдейді. Сол бабларымыздың 
осы үрдісі қайда бұл күнде. Шаршы топ алдында сөйлеуге келгенде 
ана тілімізде ойын еркін, әдемі, шешен түрде айтып бере алатындар 
неге өте аз? Тілді құдіретті деп сезіну жоғалды ма, үлгі-өнеге жетіспей 
ме, бала күннен ауызданбай қалдық па, қапталдасып жүрген өзге 
тілдің ықпалы ерік бермеді ме, жақсы айтылған, шешен сөздерді ден 
қойып тыңдауға жоқпыз ба, кейіпкерлері таза, жақсы сөйлейтін 
кітаптарды оқып тұшынып отырудан қалдық па? Сірә, бәрі де, оның 
ішінде соңғы екі фактор бел алып бара жатыр-ақ дейміз. Сол себептен 
де әңгіме арқауы болып отырған “Беласқан” сияқты көркем 
туындыларды насихаттай түссек, кеңірек әңгіме етсек, тіл көркемдігін 
талдап бере берсек дейміз ғой.


Ботакөз 
С.Мұқанов 
Сәбит Мұқанұлы Мұқанов 1902 жылы 22 сәуірде қазіргі Солтүстік 
Қазақстан облысы, Жамбыл ауданында дүниеге келген. Ол бала 
кезінен өлең-жырға құмар әрі бейім болған. 1919-1922 жылдары 
болашақ жазушы әр түрлі әлеуметтік жұмыстарға ат салысты. Кеңес 
өкіметінің қалыптасу жолына еңбек сіңіргенін жасыру қажет емес. 
1922-1926 жылдары Орынбор рабфагында, 1928 жылы Ленинград 
университетінің филология факультетінде, 1933-1935 жылдары 
Москвадағы Қызыл профессура институтында оқиды. Әр кездері 
“Қазақ әдебиеті” газетінің редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының 
председателі, Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтында
профессор болған. С.Мұқанов – “Сұлушаш” дастанының, “Адасқандар” 
(“Мөлдір махаббат”), “Жұмбақ жалау” (“Ботагөз”), “Сырдария”, “Өмір 
мектебі” (трилогия), “Аққан жұлдыз” (трилогия) романдарының, 
“Балуан Шолақ” повесінің, “Шоқан Уәлиханов” драмасының, “Жарқын 
жұлдыздар”, “Қазақ қауымы” атты зерттеулердің, “Ақ аю” поэмасының, 
неше жүздеген өлең және мақалалардың авторы, ең өнімді 
қаламгерлердің бірі. Жазушы өзі өмір сүрген замана сыры мен тарихи 
шындық қатарларын бірдей ынта, жігермен шынайы бейнелей алды. 
С.Мұқанов 1973 жылы қайтыс болды. 
“Ботакөз” романы сахара өңіріндегі алапат саяси қозғалыс 
қарсаңындағы халық өмірін өрнектеумен басталып, жалпы республика 
көлемінде Кеңестер билігінің орнығу мерзімін баяндаумен аяқталады. 
Романовтар әулетінің үш жүз жылдық династиясын тойлау алдындағы 
1912-1913 жылдар “Тұңғиықта” атты бөлімнің сюжеттік арқауын 
тартады. Шығармадағы кеңістік аумағы оқиға барысының Итбай 
ауылы, Бурабай қаласы, Омбы, Петербург төңірегінде, одан кейін
алтын өндіретін жердегі поселок, Ержан, Байтөбет ауылдары, 
Қызылжар, Минск, Н. Қалаларының, Меңіреу атты ну орманның 
қосылуы нәтижесінде мол мекендік өлшемде өтуі мезгіл рухын 
эпикалық тыныс, психологиялық нанымдылықпен сомдауға жол ашқан. 
Романдағы көркемдік уақыт Асқар, Ботакөз, Амантай, Кузнецов, 
Бүркітбай, Итбай, Кулаков, Мадияр сынды діңгек кейіпкерлердің 
характер қырларын, дүниетанымдық ізденістерін әрекеттік аяда 
мейлінше сенімді ашып көрсетуге жағдай тудырады. Заман әсері 
адамдардың мінез-құлық, ынта-аңсарын толық билеп, қоғамның 
әлеуметтік, моральдық-этикалық келбетін кескіндейді. 
Негізгі фабуладан тыс элементтердің бірі – авторлық шегіністе 
Итбай болыстың мираскерлік тарихын: бабаларының патша айналасы, 
губернатормен жақын таныстығы, артық сый, пара арқылы біршама 


еркіндікке жету фактілерін келтіру үстем топ өкілінің мінездік 
этимологиясын 
дайындауға 
мүмкіндік 
жасаған. 
Кейбір 
уездік 
әкімдерден қорықпайтын, көршілес казак байлары арасында достары 
көп, ел билеушілеріне айбарлы Итбайдың уыздай және Ботакөзді екі 
әйелі үстіне алу ниеті сол уақыттағы қазақ тұрмысы, дәстүрі 
тұрғысынан, атқамінерлердің түсінігі бойынша ерсі қылық емес.
“Ботакөз” – С.Мұқанов қана емес, ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің 
зор табысына кепіл. Шығармадағы символикалық мағынасы бар үш 
бөлім (“Тұңғиықта”, “Таң атарда”, “Күн күлімдегенде”) табиғи 
хронологияны сақтай отырып, даладағы зор өзгеріске дайындық пен 
әлеуметтік катаклизмнің ішкі себептерін көркем образдарға тән 
нанымды жағдайлар арқылы бейнелейді. Бүкіл әлемді толқытқан ғасыр 
оқиғасы сар селеу басқан қазақ жеріне де күтпеген жойқын 
жаңалықтар алып келеді. Оны әркім әр түрлі қарсы алады. Қуанғандар 
да, кейігендер де, қасірет кешіп, дағдарғандар да бар. Қыр халқы үшін, 
әрине, революция стихиялық құбылыс болатын. Романда замана 
айдынынан бір-ақ шыққан жандардың дауылмен бірге қозғалған 
жанкешті әрекеттері характер, дүниетаным табиғатын аша түсетін 
айшықты нәрімен бедер табады. Оған жазушының ойлау қуаты мен 
асау қиялы да, кестелі тілі де еркін жетеді. 
Біз қазақ қызы Ботакөздің от басындағы күйкі тіршілік 
құрсауында қалып қоймай, замана қыспағымен ашық күреске шығуы, 
жеке тағдырындағы қиын түйіндердің күрмеуін өзі шешіп, әлеуметтік 
өмірдегі биік белестерге көтерілуін рухани ерлік, ұлттық ділімізде бар 
табиғи қасиеттердің өзгеше жаңғыруы деп санаймыз. 
Көркемдік-эстетикалық деңгейі жоғары туындыдағы сюжеттік 
тартыс жүйелері көп салалы. Өзіне тән стильдік өрнекке әрқашан
адал жазушы оқиға, әрекет ырғағын селкеу шығармай, тұтас арнамен 
дамытып отырған. Итбай болыс пен мұғалім Асқар Досанов, ұлт-
азаттық көтерілісінің батыр көсеміне айналатын Амантай, урядник 
Кошкин, тілмаш Горбунов, социал-демократ Мадияр, алашорда 
басшысы Базархан Меделханов, қара шаруалар Балтабек, Кенжетай, 
Бүркітбай, революционерлер Кузнецов, Булатов, монархияшыл 
Алексей Кулаков сияқты әр түрлі мүдде, ынта, құштар көңіл мен саяси 
мақсаттар үшін сайысқа түсетін дара болмысы анық тұлғалар 
шығарманың образдар әлеміндегі сұлулық, романтика, натуралистік 
тілек көріністері іспетті сезімдер палитрасын терең қамтып, дәуірдің 
неғұрлым шынайы, толымды кескінін мүсіндейді. Роман қаһармандары 
уақытпен бірге өзгеру үстінде көрінеді. Пейзаж суреттері, 
психологиялық параллелизм, диалогтар нанымдылығы, метафоралық 
сөз өрнектері Сәбит Мұқанов талантының өрлеу барысындағы кесек 
сипатын танытады. 


Тегінде фольклор жанрларын классификациялау едәуір жүзеге 
асқанмен, әр қайсысы бір-бір мұхит сияқты роман әлемін алақанға 
жайғандай өлшеп-пішіп шығу – шарттылығы мол, адастырар жері 
жеткілікті міндет. Біз “Ботакөзді” әлеуметтік роман деп, онда 
көтерілетін басты оқиғалар мазмұны мен жазушы дүниетанымының 
негізгі айшығын ескеріп сөйлейміз. Әйтпесе бұл туындыда қазір 
қолданып жүрген терминологияның жанрға қатысты бірталай бөлігіне 
жауап беретін қасиеттер баршылық. 
Айналып келгенде барлық көркем дүниеден әлеуметтік сыр 
түйірін табуға болады. Тіпті саясат, орта, адамдарға көңіл аудармай, 
ой, сезім, түйсіктер әлемін қуалайтын шығармаларда да осы мақсаттың 
өзінен қоғамдық психологияға тән ұғым қыртыстарын көру қиын емес. 
Ал “Жұмбақ жалау” өмірге келген тұста Еуразия кеңістігі бойынша 
тарихи-әлеуметтік уақыт факторын айналып өту мүмкіндігі жоқ еді. 
Демек, біз “Ботакөзді” әлеуметтік роман дегенде, ондағы суреттеу 
нысаны, заманның түрлі адамдарға тән көзқарастар бағдарына 
шаққандағы объективті кейіп-кескіні, автор аңсары, кейіпкерлер 
болмысы мен тағдыры, сан алуан оқиға, құбылыстардың сыртқы және 
ішкі себептермен астарластығы, нақты мезгілдің абсолютті уақытқа, 
нақты мекендік межелердің ғарыштық өлшемге қарым-қатынасы 
іспетті мәселелерді ойға аламыз. 
Бұл тұрғыда алдымен назар аударатын нәрсе – “Ботакөзде” 1917 
жылғы Қазан төңкерісі негізгі идеялық концепт құрайтын орталық 
құбылыс екендігі. Оқиға 1912 жылдан басталады да, эпилог кеңестік 
дәуір орнаған кезеңнің елесін символикалық түрде қамти суреттейді. 
Романда контрастылық ойлау жүйесі басым. Оқырман кез келген 
жаңа дерек, әрекет, сөз, қиял, шешім астарынан бұдан бұрынғы заман 
сұлбасын сезіп, іштей екі мезгіл, бөлек сипатты мінез, жағдай 
өзгешеліктерін салыстырумен болады. Мәтінді қабылдаудағы іліктестік 
(ассоциация) заңдылықтары аяққа шырмалып отырады. Өткен мен 
қазіргі сәттің, белгісіз, бірақ топшыланатын болашақтың көзге көрінбес 
байланыстары, 
біршама 
қарама-қайшылықтары 
шығармадағы 
драматизм құрылымын айқындайды. Ол, сөз жоқ, туындының оқуға 
тартымдылығын арттырады. Мұндай объективті сипат романдағы 
негізгі қаһармандардың бәрінің басынан байқалады. Әсіресе, Итбай, 
Амантай, Ботакөз, Темірбек, Кулаков бейнелері арқылы құбылыстың 
образдық моделі түзілген. Кузнецов революция үшін өмірін арнаса, 
Алексей Кулаков монархия жолында жан бермек. Екеуі ашық 
жүздеспейді. Бірақ көркем туындыдағы кереғар дүниетанымдық күрес 
басқа тұлғалардың арман-тілегі, әр алуан тағдырлары, ашық сөз эфирі, 
іс-қимыл нобайлары арқылы тұжырымдамалық шешіміне жетеді. 
Мадияр, Сарыбас, Меделханов кейпіндегі алашордалық идея 
шығарманың мазмұн аясын өсіреді. Ушаков, Кошкин, Горбунов, 


харизматикалық әсері зор патша ағзам – екінші бір саяси-әлеуметтік 
жүйенің, яғни Ресей самодержавиесінің байырғы тұрақтылығына 
кепілдік берушілер. Лиза, Бүркітбай – мейлінше либералдық сипаттағы 
кейіпкерлер. Амантай адам мінез-құлқына саяси орта әсерін 
дәлелдейтін, амалсыздықтан, жалтақса да жаңа жағдайға ішкі 
түйсікпен ұмтылатын, алайда үлкен харакеттік, “биоэнергетикалық” 
мүмкіндігі мол жан. Асқар – о бастан ауытқымас сана жемісі, догма. 
Ботакөз – ұлттық намыс пен жалпыәлемдік зорлықтың тайталасында 
дүниеге келген соны шешім, революцияның жалынан ұстаған қазақ 
қызы. Әдеттегі қалыпқа сыймайтын ұғым болғандықтан, кентавр 
сияқты таңырқатар эмоциясы мол, сонымен де – жаңашыл бейне 
немесе нақты хронотоп, яғни мекеншақ аясындағы диалектикалық 
кернеу. Диалектикалық парадигма Итбай, Итбайдың әкесі – Байсақал 
мен Бүркітбай болмысына қатысты да аңғарылады. Өткені сол заманда 
төсек жаңғырту арманы барша қазақ байларына хас мінез болатын. 
Итбай соншалық кәрі емес және соншалық зұлымдыққа да бармайды. 
Өзі керемет ырымшыл. Ондай адам обал-сауапқа қарай алады. Оның 
үстіне қорқақ әрі аңғал. Ботакөз батылдығына тұсау болмайтын – осы 
жағдайлар. Ал Итбайдың әкесі Байсақал – баласы мен мұғалім, оқыған 
жігіт Асқар Досанов арасында татулық орнауын тілеумен болатын жуас 
қария. Үстем таптың жуандығынан гөрі көңіліндегі тілек, сөзге ілесу 
басым. Бүркітбай кедей болса да, әншейіндегі, ел арасындағы қызық-
думанның ойсыз перісі. Оған ақ та, қызыл да бәрібір. Бұл да тарихи 
шындық болатын. 
Дегенмен, қантөгістер жүзеге асады. Дүние қопарылып түседі. 
Адамдар 
жауығады, 
атысады, 
бірін-бірі 
аямайды. 
Төңкерістер 
заңдылығы сол. Бұл шартты ақиқат шығармада шынайы көрініс 
табады. Оның символдық нышаны – Темірбек өлімі, бауыры үшін 
Ботакөздің ескі әлемге өшпендігілі артуы. Қоғамдық ахуалдар стихиясы 
жеке тұлғалардың жан түкпіріндегі терең рухани, дәйекті мән-
мағыналармен тамырласып жатыр. 
Қазіргі заман “Ботакөз” романын да қайталай оқып, жаңаша 
пайымдауға бастайды. Осы тұрғыдан алғанда Петербургтегі алаш 
көсемі Базархан Меделхановтың насыбай атқандағы сөзді бұрмалап 
сөйлегені, өз түсінігін алға ашық жайғаны болмаса, ересен жаманаты 
суреттелмеген. Соған қарап Асқарды теріс бағалау қажет емес. Ол да – 
тарихи қажеттілік тудырған бейне. Өткені теңдік, бауырластық, 
адамгершілік ұрандары, ізгілікті жан иелерінің шынайы мүддесіне 
қайшы соқпайтын қазіргі демократиялық идеялардың көрінісі сол 
дәуірде аса зор саяси қақтығыстар түрінде өмір сүрді. Уақыт толғағы 
Ақпан, Қазақ төңкерістерін дүниеге әкелді. Жер беті шыр айналып қоя 
берді. Біздің ұлттық ой-санамыз пролетарлық интернационализмнің 
қалың орманына сіңісіп кетуге мәжбүр күй кешті. Күрес аренасындағы 


жеңімпаз күштер қатарына Ботакөз, Асқар, Амантайлардың қосылуы-
заңдылық. Тарихты кері шегере алмайсыз. Күйінсеңіз де, қуансаңыз 
да, мейлі. Бәрібір сіз өз қандастарыңызды жабайы санаған Алексей 
Кулаковты қуаттай алмайсыз. Өйткені ол монархияны, орыс 
империясының шексіз үстемдігін көксейді. Ал Кузнецов, Булатов, 
Смирновтар, Досановтар заманының келешегі белгісіз. Алдымен 
олардың өзі мерт кетуі мүмкін. 
Жазушы кейінгі сұрапылдарға бармайды. Романдағы уақыт та, 
суреткер уақыты да алға жүгіруге мүдделі болмаған. 
Сәбит Мұқанов шығармасындағы әлеуметтік сарындардың 
авторлық тұғырнамасы осы ыңғайда еді. Замана өзгеруде. Керуен 
көшуде. Бірақ қазіргі күні қинала, ойлана бағамдайтын ауыр кезең 
туралы жазылған “Ботакөз” романы ескірген жоқ. Ғажап емес пе? 
Біздіңше бұл құбылыстың сыры: біріншіден, қаламгердің өзі 
суреттеген уақыт мазмұнын жанының нұрымен адал пайымдауында, 
саяси дақпырт пен ойнақылыққа бой алдырмауында; екіншіден, 
жазушының тартыс таңдау, оқиға құру, сөз жүйесін игеру саласындағы 
табиғи талантында; сезім шырғалаңдарының жадағай схема емес, 
шынайы ұлттық дүниетаным биігінен, қазақ қауымына тән ұғым-түсінік, 
ой ырғағымен, зергердің қолындай шеберлікпен бейнелеуінде. Ал 
ұлттық менталитет тез өзгере қоятын оңғақ әшекей емес. Яғни, бұл 
суреткер Сәбит Мұқанов қаламының күшімен өмірдің айдынында ақжал 
толқындар салып жүзіп берген белгілі “Ботакөз” әлі де сол “Ботакөз” 
деген сөз. 
Біздің заманның Аязбиі 
Ж.Шаштайұлы 
1950 жылы 10 қазанда Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Жамбыл 
ауылында дүниеге келген. Жазушы 1979 жылы Әл-Фараби атындағы 
Қазақтың мемлекеттік ұлттық университетінің филология факультетін 
бітірген. 1972-1973 жылдары Жамбыл аудандық “Екпінді еңбек” 
газетінде корректор, 1973-1974 жылдары туған ауылында шопан 
болып еңбек етті. 1975 жылдардан бастап Жамбыл облысы, Красногор 
ауданынан шығатын “Коммунизм жолы” газетінде әуелі бөлім 
меңгерушісі, ұзамай редактордың орынбасары (1980) қызметтерін 
атқарды. 1980-1983 жылдар аралығында “Лениншіл жас” (қазіргі “Жас 
алаш”) газетінде, 1983-1987 жылдары “Социалистік Қазақстан” (қазіргі 
“Егемен Қазақстан”) газетінде әдеби қызметкер, 1987-1990 жылдар 
арасында “Жалын” журналының бөлім меңгерушісі, 1990-1992 
жылдары Алматы облыстық “Қазақ тілі” қоғамының төрағасының 


орынбасары, 1992-1994 жылдары “Жас алаш” (бұрынғы “Лениншіл 
жас”), 1994-1996 жылдары “Қазақ әдебиеті” газетінде бөлім 
меңгерушісі болып жұмыс жасайды. 1986 жылдан бастап еларалық 
“ZAMAN – Қазақстан” газетінің бас редакторы мынадай еңбектердің 
авторы: “Қызыл қар” (1984), “Жала мен нала” (1996), “Жыр жолбарыс” 
(1997), “Біздің заманның Аяз биі” жинақтарының авторы. 
Жазушының “Қызыл қар” повесі туралы кезінде партиялық сын 
болды.
1982 жылы “Литературная газетада” және басқа бірсыпыра баспа 
орындарында шығармашылық әдістің былайғы даму жолдары хақында 
айтыс басталып кетті. Бара-бара бұл айтыс шығармашылық еркіндікке 
барып тірелді. Осы тұста социалистік реализмнің осал тұсы сезіліп 
қалды.
Шындықты жазатын шығармаға дүрсе қоя берушілік әдетке 
айналды. 1986 жылы Қазақстан Компартиясының ХҮІ съезінде жазушы 
Жұмабай Шаштайұлының “Қызыл қар” повесі қатты сынға алынды. Бұл 
повесте көзбояушылық салдарынан жұтқа ұшыраған, ферма қойын 
құтқару үшін жаппай-тұрмай күрескен шопандардың ерлік еңбегі 
суреттелген болатын. Бірақ сол кездегі бірінші басшы мұны шопандар 
еңбегін қаралағандық деп ұғынды. Съезде баспа орындарына 
алашордашыл ұлтшылдарды насихаттап отыр деген саяси айып 
тағылды. Бұл сол кездегі әкімшілдік-бюрократтық система стилінің 
көрінісі болатын. 
Ал “Біздің заманның Аязбиі” романында жазушы осы идеяны ары 
қарай 
жалғастырып, 
өмірдегі 
шындықты, 
әділетсіздік 
пен 
көзбояушылықты сөз етеді.
“Біздің заманның Аязбиі” романы бұрынғы аудандық партия 
комитетінің бірінші хатшысы Миятбек Ақпейілұлы Нұржановтың партия 
қатарынан шығарылып, жұмыстан босап қалған кезінен басталады. 
Бұрынғы хатшы бірнеше жылдар бойы әкесінің қарындасына баруға, 
хабарласуға да қолы босамай жүріп, енді сол әкесіне барып келе 
жатып, поезда отырып өткен өміріне көз жібереді. Бірінші есіне анасы 
және өзінің балалық шағының бір көрінісі романның өн бойында жиі-
жиі еске алынады. Жиырмадан аса жесір қалған шешесі жалғыз баласы 
Миятбекті асыраймын деп, көп қиындық таңды басынан өткізеді. Соғыс 
жылдарындағы әйелдердің еңбегі, колхоз бастығы болған соқыр 
Жолбосынның шешесін қамшымен ұрған кездегі қиналысы, бала да 
болса сол соқырға қарсы “Әкеңнің... соқыр, өлтірем!” деп тұра 
ұмтылуы әр уақытта жадынан шықпайды. Сол кезде әкесінің 
қарындасының қорықпай колхоз бастығына қарсы шығуы, кейін 
Жолбосынның қыр соңына жүріп, әпкесін алыс темір жол бойына 
жұмысқа жіберуі, Дүрия әпкесінің сол кеткеннен мол кетіп, кейін Бел 
станциясындағы бір адамға күйеуге шығып, сонда қалып қойып, 


туыстардың араға отыз жылдай уақыт салып, бір-бірімен көрісуі 
суреттелінеді. Әпкесі інісіне бастық болып, көкірек пайда болған 
шығар, сондықтан іздеп келуге де шамаң жетпеді деп басына айтуы 
орынды. 
Миятбек Нұржановтың балалығы кетпеген қазы Назерке мен 
томаға тұйық, үнемі қабағы ашылмай жүретін ұлы Таңат, үстіне елде 
жоқ киімді киіп, бет аузын әрлеп, опа-далап жағып, күтініп жүретін 
әйелі Сара ол қызметтен түскеннен кейін де баяғы молшылық дүниені 
аңсауы. Миятбек қиналған кезде ылғи шешесінің айтқан сөздерін есіне 
алады: “Сен жас емессің, бақандай қырыққа келдің. Қойныңда жатқан 
қатыныңның, бауырыңда жүрген балаларыңның ниеттері таза берілген 
бе, берілмеген бе, соны бір уақ ойлап қоймайсың, келімді-кетімді кісің 
қонақ қана. Жаның қысылғанда жақыныңды бәрі бір табасың. 
Қызметтің буына мастанып кетпе, балам”. 
Бірінші хатшының ел басқарған уақытында айналасында ылғи 
жарамсақтар жүріпті. Соның бірі баяғы Жолбосынның баласы Арқабек 
пен оның әйелі жерлестігін пайдаланып Миятбектің бауырына кіріп 
алған. Миятбек оны қанша жақтырмаса да, Сара арқылы көңілін 
тапқан Арқабек партия қатарына өтіп, қызметін өсіріп алған, үнемі 
Сараның үйінде, аяқ-табағына көмектесіп, сол үйдің бір адамындай 
болып кеткен. Шофері Өмірсерік ауыр мінезді, артық сөзі жоқ, өз ісіне 
тыңғылықты. Романда кездесетін ауыл ақсақалы, өз туысы Байсерке. 
Ауыл 
адамының 
нағыз 
бейнесі 
Байсерке 
арқылы 
көрінеді. 
Нұржановтың шешесі қайтыс болар алдындағы Байсеркені іздеуі, сол 
келгеннен соң шешесінің өмірмен қоштасуы, Байсеркенің үйде жатқан 
шешесін күзетіп отыруы үлкен адамгершіліктің белгісі. Шешесі ауырып 
ауруханаға түскенде әйелі Сараның, енді балаларға қарайтын ешкім 
жоқ, балаларға қиын болды деп ойлауы, оның адамгершілік қасиетінің 
төмен екенін көрсетеді. Анасының қайтпас сапарға шығарып салу 
сәтіндегі оқиғалар романда жүйелей, толық суреттелген. Өлікке келген 
адамдардың мол дастарқан басында отырып, арақ ішуі, тос көтеруі осы 
кезеңді пайдаланып, бірінші хатшыға жағынып, пара берушілердің 
молдығы, дүниенің асып-төгіліп Сараның қолына түсуі – сол кездегі 
шындық еді. Партия қызметкері әрқашанда жұмысты ойлау керек 
деген ұйым әбден қалыптасқан Миятбек анасын жөнелту үстінде де 
жұмыс жайын ойлап тұрады. Қарамағындағы совхоздың директоры 
Тұрғынбеков 77 совхоз жылқысын жеп қойған, оны орнынан алып 
тастайын десе, оның тіреуші облыстық партия комитетінің бірінші 
хатшысы Әнекең. Ал Тұрғынбеков жайын бюрода қарамайын десе, 
жоғары жаққа жеткен арыз бар, комиссияның тексеру нәтижесі бар. 
Екі оттың арасына қалған Нұржанов не істерін білмей жүргенде шешесі 
қайтыс болады, сол екі арада облыс хатшысы Әнекең басқа облысқа 
хатшы болып кетеді де, оның орнына Байқадиев келеді. Бұл екі арада 


бірнеше эпизодтың кейіпкерлер де кездесіп қалады. Олар: аудандық 
тұтушылар одағының бастығы, дұңған Нұрділда Қауызов. Сара оны 
пайдаланып үнді шайы ма, лама пальто ма керекті заттарды тапқызып 
алады. Николай Павлович Гуржий – аудандық партия комитетінің 
екінші хатшысы, кейін өзінің орнына қызметке тұрғанда жүрегі ауырып 
ауруханаға түскен Нұржановқа барып, жағдайын сұрамақ түгіл, туысы 
Арқабек екеуі Миятбекті көре тұра амандаспай кетеді.
Романда кездесетін облыстық, аудандық пария ұйымының басшы 
қызметкерлері Садықбеков, Поцелуев, Гуржий, Силаев, Қауызов, 
Көкенов, 
Бейсенбаев, 
Келгенбаев, 
Саяткереев, 
Филимонов, 
Айтмұхамбетов секілді кейіпкерлер арқылы халық құдайдай сеніп 
жүрген партия қызметкерлерінің бет бейнелері көрінеді.
Романда оқиғалар тарихи шындыққа негізделген. Сол кездегі 
өкімет басшысы Д.А.Қонаев пен облыс басшыларының іс-қимыл, 
әрекеттері суреттелінеді.
Романдағы оқиғалар сол кездегі социалистік өмірдің ащы 
шындығына құрылған да 1986 жылғы желтоқсан оқиғасымен 
аяқталады. Желтоқсан оқиғасына себеп болған жағдайлар ұлттық 
табыстың барлығы орталыққа кетіп, тауар өндіру, машина жасау, 
зауыт, фабрикалар салуға көңіл бөлмегендіктен еді. Одақтық үкімет 
Қазақстанның ішкі қажеттілік мақсаттарының өркендеуіне үнемі тежеу 
салды. Қазақтарға: “Мал бағыңдар, егін салыңдар” деумен болды. 
Қазақстанның көмірін, түсті металын, мұнай-газ өнімдерін ішкі 
қажеттілікке пайдалану қолға алынбады, өнеркәсіп өркендемеген соң 
ірі қалаларда өндірісте жұмыс істейтін қазақ саны өседі. Қазақстанда 
тың жерлерді игеріп егін егу мен қой санын 50 миллионға жеткізу 
жөнінде тапсырманы орындау өте қиын болды, сондықтан өтірік ақпар 
беру орын алды. Осы жағдайлардың барлығы осы романда айтылады.
Роман көркем тілмен жазылған, социалистік өмірді суреттеген, 
партия қызметкерлері мен желтоқсан оқиғасына дейінгі қазақ 
халқының бір ауданында болған шындық суреттелінеді. 
Бұлтқа салған ұясын
Ә.Тарази 
Ә.Таразидің “Бұлтқа салған ұясын” (“Тас жарған”) романындағы 
Омар ойының алғырлығы, дүниетанымының кеңдігі Кеңістікті еске 
түсіреді. “Мұхитта кейде бір қызық құбылыстар болады екен: судың 
беті тып-тыныш, жыбырлап қана момақан жатады, ал терең тұңғиықта 
жүздеген шақырымға созылған ағыстар ондаған айдаһар бір арада 
кездесіп 
майдан 
ашқандай 
айқасып, 
бұлқынысып, 
бірін-бірі 
буындырып, тозақ биін билеп жатады. Соңғы кезде тапқан Омардың 


жайдары, жадыраңқы қалпының тереңі де сондай еді: Ұлмекен”, - деп 
жазады Ш.Мұртаза. 
Адам өлерінің алдында немесе басына қиын-қыстау күн туғанда, 
тіршіліктің қым-қуат қарекетімен сабылып жүрген замандастарындай 
емес, өзінің ең бір қимас асылын немесе балалық шақтағы сәбилік, 
күнәдан пәк, періштеден таза кезін, болмаса адамның санасына сәби 
кезінде сіңіп, мәңгі-бақи орын тепкен оқиғаларды, мифтерді немесе 
естіген ертегісін еске алатыны анық. Жазушы Тарази осы жайтты 
шебер меңгеріп, Уақыт пен Кеңістік проблемасына өзгеше үңіле білген. 
Романдағы Райгүлдің еске алатын ертегісі – “Ашыл тас”. Ертегі 
қаһармандары да, оқиға өтетін жер де, яғни, мезгіл мен мекен 
қамтыған мәселе – бәрі де кешегі уақытта өткен. 
Ашыл тасым, ашыл-ай, 
Мен қарағымды көрейін, 
Дидарына тояйын-ай... 
(45, 437-б.). 
Кешегі ертегі бүгінгі өзін-өзі өлімге қиып тұрған Райгүл қиялында 
сәл өзгеріске ұшыраған: 
Ашыл тасым, ашыл-ай, 
Мен Дадамды көрейін, 
Нахақ жарығымның 
Дидарына тояйын! 
Дада-Аспанбай – көңілі таза, өзгеше жан. Жазушы оған ғарыш 
(космос) адамының сипатын дарытқан. Кешегі Уақыттың ертегісінде 
ағасы қарындасын, лаққа айналып кеткен мұңлық қызды іздеп, 
зарласа, бүгінгі Уақыттың ағымындағы Райгүл Аспанбайды сағынады, 
ет-жүрегі елжіреп, онымен қоштасады. 
Романдағы көптеген кейіпкерлердің іс-әрекетіне, сөзіне, ойына 
философиялық тұрғыдан келген Әкім Тарази Омардай күрделі тұлғаға 
да өткенді еске алу, онда да жан әлемінде, санасында ірі өзгерістер 
тудыратын жайттарды сіңіре отырып, Уақыт пен Кеңістікке бүгінгі 
мезгіл мінбесінен үңілуге тырысады. 
Неге ғана кешегі Уақыттағы бір сурет бүгінгі жігіт ағасы болып 
қалған Омардың мәңгі-бақи есінен кетпейді? 
“Иә, құдай! Тірі болса Балапанның өзі разы болсын, өлген болса – 
аруағы разы болсын, қидым жас жанымды, мына жетімекті аман 
қалдыр, алар болсаң – ал мені, мені ал, мені ал! Қидым жанымды, 
қидым! Ал енді, айналдым, айналдым! Қидым жас өмірімді! 
Сөйдеді де шашы жалбырап, ақырын жылжып, Омарды үш рет 
айналып шықты”. 
Бір облыстың бірінші басшысы, тағдыр тауқыметін аз ғана 
уақыттың ішінде біршама бастан кешіп үлгерген Омардың мәңгі-бақи 
есінде қалғаны – шашы жалбырап, өзін айналып жүрген анасы. 
Жанындағы қыруар адамды таң қалдырып, вертолетті де сол кешегі 


Уақыттағы оқиға өткен жерге қондыруы – санада мәңгі-бақи сақталып 
қалған кешегі суреттің әсері. Кешегі сурет, кешегі Уақыт Омардың өле-
өлгенше санасынан өшпек емес. Уақыт та, Кеңістік те шексіз 
болғанымен, Уақыт та еш уақытта тоқтауды білмегенімен Омар 
санасындағы сол сурет, сол оқиға бүгінгі Уақыттың өлшемі сияқты. 
Даналық пен надандықты, ізгілік пен зұлымдықты, жақсылық пен 
жамандықты, әсемдік пен көріксіздікті Уақыт пен Кеңістік сияқты аса 
күрделі философиялық категориялардан іздестірсек, солармен тығыз 
бірлікте, 
байланыста 
алып 
зерделесек, 
жоғарыдағы 
қарама-
қарсылықтар бірінсіз-бірі өмір сүрмейтінін Гераклит осыдан, шамамен, 
екі жарым мың жылдай бұрын дәлелдеп кеткен. Жақсылықтың қарама-
қарсы баламасы – Жамандық. Бұл қарама-қарсылықтардың, бірі 
жойылса, екіншісінің қажеті бола қояр ма екен?... Сірә, қандай 
құбылыс болсын, оны біртұтас бірлікте көрудің мән-маңызы айрықша 
болса керек. 
“Тас жарғанның” бас қаһарманы Омар “қаршадай баланы атып 
өлтірді” деген жаланың тұсында жүнжіп, күйремейді. Керісінше, 
“қызмет”, “жұмыс” деп жүрген күнделікті тауқыметінен аз да болса 
босағандай, ендігі бос уақытын өзін-өзі сынауға, басқа уақытта уақыт 
жетпегендіктен түп-тамырына жете алмай жүрген қыруар сұрақтарына 
жауап іздеуге жұмсайды, өз мүмкіндіктерін, өзінің күш-жігерін барлауға 
бағыштайды. Омар – күрделі тұлға, депутат, басшы, жан-жақты 
жетілген, білімдар инженер, түр-тұлғасы да аса сымбатты азамат. 
Оның көп қылықтары коммунистік мораль, идеология рухында 
тәрбиеленген оқырман үшін оғаш көрінеді. Ұлмекенмен байланысы, 
купеде бейбас бұзақылармен төбелесуі, милиционер жігіттің зәресін 
алып, адамды ойланбай жұтатын өзен оппасына сүңгіп кетуі, 
аңшылықтың нәтижесінде опық жесе де, жақсы мылтыққа құмар болуы 
т.б. қылықтары бір түрлі әсер тудырады.
Ә.Таразидің стилі туралы сөз еткенде, “Тас жарғандағы” 
Аспанбай образының тиімді алынғанын айттық. Жер бетінде тіршілік 
етіп жатқан миллиондаған, миллиардтаған адамдар өз қылығына 
өздері есеп беріп жата ма? Адам деген жаратынды алдында не нәрсе 
күтіп тұрғанын біле ме? Немесе сол адам бақыт деген ұғымның өзін 
толықтай танып біле ме? Адам өмірінің мән-маңызы неде? Мүмкін, 
оның бұлтартпас қағидасы, заңдылығы, ережесі бар шығар? Адам сол 
қағидаларды орындамағандықтан бақытсыздыққа душар болып жүрген 
шығар? 
Міне, Аспанбайдың ой-түсінігі, толғам-талпынысы – бәрі-бәрі жер 
бетіндегі адамдардан өзгешелеу көрінгендіктен бе, автордың стилі 
оның идеясымен шебер ұштасқан. Аспанбай бейнесі ғарыштық, басқа 
планетаның адамдарына көбірек келіңкірейді. 


Жалпы, қыбырлап, жер басып жүрген адамдарға сын көзімен 
қарау, олар білмейтін, сезбейтін жайттарды алдын-ала біліп отыратын 
образды жасау, сондықтан да ғарыштық адамға, ғарыштың өзіне қол 
созу - Ә.Тарази стиліне тән қасиеттер. 
Ұлмекеннің терең тербеністен, ұзақ толғаныстан соң туған мына 
сөздері және авторлық баяндау – осы ойларымыздың нақты дәлелі. 
“... Ай өтер, жыл өтер, кәдімгі ет пен сүйектен жаралған қатын 
екеніме көзің жетер, жылатып кеткен жарыңды, зарлатып кеткен 
перзентіңді сонда ойларсың. Аһ ұрып ойларсың. Айтпасаң да ішіңде 
жатар. Ол өмір бола ма? Омаржан бүгінгі түніміз ақтық түн, ақырғы 
түн. Мен сенімен қоштасуға келдім. Сен де менімен қоштас. Қайда 
жүрсең де тілектесің боламын. Тек – тілектесің. Көмекшің болмаймын, 
бола алмаймын. Сүйемін, сүйемін, сүйемін. Сүйгендіктен енді сенімен 
қоштасамын. Мені енді жайыма қалдыр. Тірі мүгедек күйеуімді ая... от 
пен мұздың арасында енді мені күйдірме, азаптама, қалдыр, қалдырып, 
өз жөніңе кет, өтінемін. Жалынамын”. Бұл – Ұлмекеннің сөзі. 
“... Енді мен көретін қызық қалмады дегендей Ғарыш та 
сығырайған жалғыз көзін жұмыпты”. 
Бұл – авторлық баяндау, автор сөзі. 
Асылы, шетінен романтик, бірдеңені іздеп жүретін, көп нәрсені 
білгісі кеп жүретін кейіпкерлерін бейнелегенде автор стилінде 
байқалатын ойнақылық, шымырлық, сол қаһармандардың “от пен 
мұздың 
арасында” 
тұрғанын 
суреттеу 
барысында, 
солардың 
толғанысын, тебіренісін, жүрек сөзін, сырын беру барысында үлкен 
салмаққа, ойлылыққа ие болады. Осынау екі сипат жазушыға өз 
кейіпкерлерінің ішкі әлеміне, жан дүниесіне үңілуде, “әр адамның 
жанында ашылмай жатқан кенді” жарқыратып көрсетуде ұтымды 
үйлесім тапқан. 


Д 
Даладағы дабыл 
М.Қаратаев
М.Қаратаевтың 
“Даладағы дабыл” романы – 
құжаттарға 
негізделген 
тарихи-публицистикалық 
роман. 
Оның 
жалпы 
композициялық құрылысы мен адам характерлерінің ашылу, кемелдену 
жүйесі 
кәдімгі 
көз 
үйренген 
тарихи 
яки 
әлеуметтік-тұрмыс 
романдарынан басқашарақ. Мұнда бірінен-бірі туындап бастан-аяқ 
қабындап жатқан қым-қиғаш оқиғалар мен сүйіскен екі жастың 
міндетті түрде басынан кешіретін сан қилы махаббат машақаттары бір 
желіге өріліп жатпайды. Біз оқып жүрген көп романдарда композиция 
мен сюжет характердің тарихын құрап, адам образдары оқиға 
төңірегінен дамып отырса, бұл кітапта сюжет пен оқиға адам 
образдарының айналасында шешіліп, геройлардың іс-әрекеттеріне 
толық бағындырылған. 
Романдағы барлық оқиғалардың таусылмас қайнар көзі, бастау 
секілді бір үлкен түйінді тақырып бар. Ол – ұлы орыс халқы мен қазақ 
еңбекшілерінің арасындағы тарихи қалыптасқан ізгі ынтымақ, достық 
мәселесі. Бұл достық езілген екі халықтың азаттық, бостандық алу 
жолындағы бірлескен қажырлы күрестері үстінде шыңдалып нығая 
түседі. Бүкіл әлемді таң қалдырған ғажап жетістіктердің мықты кілті – 
халықтар достығында екенін автор толып жатқан дәл, анық, нақты 
картиналармен суреттеген, көптеген көркем фактілермен дәлелдей 
алған. 
Романда орыс халқының, орыс жұмысшы табының өкілі ретінде 
көрсетілген басты кейіпкер – Иван Васильевич Деев. Ол патша 
үкіметіне қарсы үгіт жүргізгені үшін айыпталып, 1913 жылы Қарсақпай, 
Байқоңыр даласына жер аударылған табанды революционер. Міне, сол 
жиырма тоғыз жастағы өмірдей жас жігіт Жосалы приставының 
рұқсатымен ағылшын акционерлік қоғамына фельдшер болып 
жалданып, құлақ естіп көз көрмеген қазақ сахарасына түйемен сапар 
шегіп келеді. Ұшы-қиыры жоқ меңіреу далада қаңтардың қақаған 
үскірігі мен аласапыран дүлей боранына кезіккен Деев пен оның 
жолбасшысы Жұмабай қанды ауыз аш бөрілердің қамауында қалады, 
бір түйесінен айырылып, ажал тұзағынан әрең дегенде құтылады. 
Деевті ажал аузынан, дала қорқауларының қанды шеңгелінен 
құтқарып қалушы қарапайым қазақ жігіті Жүсіп Жанбосынов болатын. 
Ұяла езу тартып, сенімді шыраймен сәлемдескен қазақтың қолын 
қатты қысып тұрып Деев оның жүзінен ізет – бауырластықтың, 


кіршіксіз достықтың нышанын таниды. Жүсіптің лашық үйіне келген 
Деевті ауылдың меймандос кәрі-жасы таза көңіл, жылы шыраймен 
қарсы алады. Сөйтіп, орыс пролетариатының өкілі Иван Васильевич 
пен қазақ еңбекшілерінің достасуы дәл осылай, романның алғашқы 
беттерінен-ақ басталады. 
Деевтің Қарсақпайдағы ағылшын концессионер қоғамында 
қызмет істейтін большевик Прохор Иванович Холмецкиймен танысуы 
оның біріншіден революциялық қызметін әрі қарай жалғастыруына 
мүмкіндік берсе, екіншіден Қарсақпай, Байқоңыр кеніндегі астыртын 
ұйымның негізін қалауға, сондай-ақ оған қазақ шахетрлері Жүсіп 
Жанбосынов, Нұрмағамбет Саусақов, Қапланбек Бәтешев секілді 
кешегі жалшы жігіттерді тарту арқылы қазақ даласындағы тап күресіне 
де араласып, идеялық басшылық етуіне толық жағдай жасайды. 
Романда Деев басқаратын большевиктік топ пен қазақтың 
ардақты азаматтары революционер Әліби Жанкелдин, Аманкелді 
Иманов, Сабыр Шарипов, Әділбек Майкөтовтардың тығыз байланыс 
жасап, оған саяси пікірлес болып отырғаны жарқын сипатталған. 
Қазақ даласын дүр сілкіндірген 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі 
де кітапта жаңа бір қызық қырларын тауыпты. Автор сол 1916 жылғы 
көтеріліс оқиғасын негізге ала отырып, Орталық Қазақстандағы 
Аманкелді Иманов басқарған халық-азаттық көтерілісіне Байқоңыр 
большевиктері мен жалпы орыс пролетариатының саяси ықпалын, 
жәрдем-көмегін тарихи шындық шеңберінде шебер суреттепті. 
Шығармада бірін-бірі беріле сүйген Жүсіп пен Құралай оқиғасы 
қызық шешілген. Бұл жерде мәселенің түйіні Жүсіптің Есіркептей азуы 
алты қарыс байдың баласы – Ысмайылға атастырылған Құралайды бір 
түнде алып қашып, Байқоңыр жұмысшыларының көмегімен қарулы 
қуғыншылардан оп-оңай құтылуында емес, оның адамгершілік зор 
идеясында жатыр. Орыс, қазақ шахтерлері екі жасты құтқарумен 
қатар, орталарынан ақша жинап, Ысмайылдан өткен қалың малдың 
есесін де түгел қайырады, бәрі бірігіп олардың үйлену тойын жасап, 
шахтерлер коллективінің үлкен семьясына мүше етіп алады. Әрине, 
бұл – Ұлы Октябрь революциясы әлі орнамай тұрған кезеңнің өзінде-ақ 
жұмысшы табының бірлік-күшін, болашағын танытқан қимылы 
болатын. 
Осыдан былай қарай Жүсіп Жанбосыновтың бүкіл өмірі мен күрес 
жолы жаңа бағыт алады.
“Даладағы дабыл” романында өзіне назар аударатын күрделі 
образдардың бірі – Шахмет. Ол жұрт аузында дін иесі – ишан деп 
аталған өзінің өмір тәжірибесінде қара қылды қақ жарған әділ, 
парасатты адам боп көрінеді. Сондықтан ол, заман ағымын, тарихтың 
бет-бағдарын өз қатарынан бұрын аңғарған көреген, сезімтал, адал 
кісі.


Әдебиетімізде осы бүгінге дейін үстем тап өкілдерінің бірыңғай 
жағымсыз тұлға ретінде бір ғана қара бояумен суреттеліп келгені 
мәлім. Ал, біз әңгімелеп отырған кітапта билеуші таптың кейбір 
өкілдерінің ұнамды тұлға болып көрінуі – тың құбылыс. Шахмет образы 
М.Горькийдің Фома Гордеевін еске түсіретін, өз ортасынан оқшау, дара 
тұлға. Мұндай күрделі образ тарихи шындыққа диалектикалық 
көзқараспен 
қарап 
өмір 
қиыншылықтарын 
шындықпен 
ашып 
бейнелеудің соны көрінісі. 
Осы маңызды шараларды шешу үшін партия нұсқауымен 
Қарсақпай комбинатына директор болып бекітілген Деев сондағы жас 
маман, қазақтың талантты инженері Қаныш Сәтбаевпен тұңғыш рет 
танысып достасады. Екеуі Үлкен Жезқазған үшін ұзақ жылдар бойы 
қажымай-талмай күрес жүргізеді. 
Сонымен қорыта келгенде, “Даладағы дабыл” романынан қазақ 
халқының өмір, күрес жолын Октябрь революциясына дейінгі шеккен 
азабы мен бүгінгі гүлденген бақытты өмірінің негізгі-негізгі кезеңдерін 
аңғаруға болады. 
Данышпандық формуласы 
Ш.Әлімбаев 
Шоқан Әлімбаев Жамбыл облысы Аса елді мекенінде 1941 жылы 
дүниеге келіп, жастық шағы Дунгановка деген ауылда өткен. Әке-
шешесі ауыл мұғалімдері, мұғалімнен гөрі ауыл зиялылары дегеніміз 
шындыққа бір табан жақын болар. Өйткені әке-шешесі көп оқыған 
адамдар, әсіресе әкесі кітапқұмар жан болған. Демек, Шоқан Әлімбаев 
көз ашқаннан-ақ дүниежүзі классикасы толық жиналған үй-ішінің бай 
кітапханасынан сусындап өсті. 
Мектепте өте жақсы оқығанмен, жоғары оқу орнына бірден түсе 
алмай, өзінің туған ауылында бір жыл жұмыс істейді. 1960 жылы ғана 
С.М.Киров 
атындағы 
ҚазМУ-дың 
филология 
факультетінің 
журналистика бөліміне түседі. 
Шоқан Әлімбаев сол жылы оқуға түскен студенттердің 
арасындағы ең білімдісі еді десек, артық айтқандық емес. Ол 
университет қабырғасына әлем әдебиетінің інжу-маржандарын толық 
игеріп келіп түсті. Ол орыс, шетел әдебиеті лекцияларынан босатылып, 
өз бетінше оқуға мүмкіндік алды. 
Міне, Шоқан Әлімбаев әдеби білімі, әдеби дайындығы жөнінен өз 
қатарларынан ілгері тұрды. Оны ұстаздар да мойындап әлгіндей 
жеңілдіктер жасаған. 
Бірақ ол қанша білімді болғанмен, өмір сүруге мейілінше шорқақ 
адам еді. Жазушы болу үшін өмірді білу керек, ал ол таза кітаби жан 


болатын. Осы ретте ол құрдастарымен, яки орыс журналистика 
бөліміндегі әріптестерімен тіл табыса алмай, оқуын орысша оқығанмен, 
күнделікті 
өмірін 
филология 
факультетінің 
қазақ 
бөлімінің 
студенттерімен, атап айтсақ, Дүйсенбек Қанатбаев, Төлен Әбдіков, 
Қажығали Мұхамбетқалиев, Әнес Сарайлармен өткізді. Ол осы кезде 
қазақ әдебиетімен танысып, қазақ тілін әжептәуір меңгереді. Мұнысы 
оның кейінгі аудармашылық мамандығына елеулі әсерін тигізеді. 
Шоқан Әлімбаев студент кезінен бастап, көркем әңгіме жазумен 
айналысады. Оның алғашқы әңгімесі америка кәсіби боксерлар 
өмірінен жазылған “Қара маржан” атты әңгіме. Бұл шығарма 
университеттің әдеби үйірмесінде талқыланып жоғары баға алғанмен, 
көп уақыт баспа бетін көрген жоқ. Ол кезде бізде кәсіби спорт 
дәріптелмейтін еді ғой. 
Шоқан Әлімбаев төртінші-бесінші курстардан бастап генетика 
тақырыбымен, әсіресе данышпандық сыры мәселелерімен түбегейлі 
шұғылданды. Бұл да тың тақырып еді. Ондай мәселелер қазақ әдебиеті 
былай тұрсын, тіпті орыс әдебиетінде де сөз болған емес. Осы 
ізденістегі алғашқы жетістігі “Данышпандық субстанциясы” атты 
әңгімеден көрініс тапты. Ол кезде бұл әңгімені түсінген де, мән беріп 
мойындаған да жан баласы болмады. Дертті көңілдің сандырағы деп 
қабылдады. 
Шоқан Әлімбаев бұл көзқарасқа онша мұқала қойған жоқ, 
данышпандық 
тақырыбын 
жалғастыра 
түсіп, 
1966 
жылы 
“Данышпандық альфасы” атты повесть жазды. “Данышпандық 
субстанциясы”, “Қара маржан”, “Данышпандық альфасы” 1967 жылы 
“Жазушы” баспасынан жеке кітап болып шықты. 
Шоқан Әлімбаевтың қазақ әдебиетіне аты ауызға ілігуі – осы 
еңбегіне 
тікелей 
байланысты 
болды. 
Оны 
бірден-ақ 
қазақ 
фантастикасын бастаушы деп таныды. Бұған дейін де фантастика 
жанрында қалам тартушылар жоқ емес-ті. Бірақ Шоқан Әлімбаевтың 
қарымы бөлек еді. Ол қазақ фантастикасын бірден-ақ әлемдік өлшем 
деңгейіне көтерді. Жас қаламгердің жаңа туындысы Мәскеу мерзімдік 
баспасөзінде жоғары бағаланды. 
Шоқан Әлімбаев данышпандық тақырыбын жалғастыра отырып 
“Данышпандық формуласы” атты роман жазды. Онысы 1982 жылы 
“Жазушы” баспасынан кітап болып шықты. Сүйікті, данышпандық 
тақырыбына арналған триптихтың соңғы нүктесі қойылды. 
Шоқанның соңғы романы “Даналық формуласын” қатты науқас 
үстінде отырып, өзінің өмірі ұзақ еместігін білсе де, өмірлік тақырыбын 
соңғы нүктесіне жеткізуге тырысып бақты. Дегеніне жетті де. Бірақ 
романының қуаныш-қызығын көре алмады. Дей тұрғанмен, “Даналық 
формуласы” қазақ әдебиетінде өзінің лайықты бағасын алды. 


Жарылқасын 
Нұсқабаев 
Шоқанның 
бар 
жазып-сызғанын 
жинақтап, қазақшаға аударып, бір томдық кітап етіп шығарып, үлкен 
азаматтық іс тындырды. Шоқан Әлімбаевтың шығармашылық мұрасы 
дегенде осы кітапты құрметпен ауызға аламыз. 
Дауылдан кейін 
Ғ.Мұстафин 
Халық шаруашылығын қалпына келтіру кезінде жүргізілген жаңа 
экономика саясаты тұсындағы қилы-қилы оқиғалар мен әр алуан 
күрес-тартыстар, шын мәнінде, “Дауылдан кейін” романында көркемдік 
шешімін тауып, жазушы тарихи бір кезеңнің картинасын алға тартты. 
Көптеген әңгіме, очерк, бірлі-екілі роман, повесть бой көрсеткенімен 
жаңа экономика саясаты тұсындағы ел өмірі, көркем шығармада ашық 
алаң тәрізді болып көрінетін еді. Ғабиден Мұстафин “Дауылдан кейін” 
романында осы бір оқиғаны әр тараптан қамтыған да, революциядан 
кейінгі кезде болған күрес-тартыс, ұлы өзгеріс, зор жаңалықтар бір-
бірімен жалғаса суреттеліп, тарих шежіресінен көркемдік түйіндеу 
жасаған. 
Романдағы Жұмабек Ералин, Алексей Федорович осы бір игі істі 
өз қолдарына алған. Бұл жолда көлденең тұрған кедергі де, ер төзімін 
сынға саларлық небір қиыншылықтар да аз кездеспеген-ді. Ұлан-
байтақ кең сахараны билеп, төстеп келген би, болыс, бай-феодалдар 
бас көтеріп, ырық бермеуге айналған. Міне, осыны жазушы Мақыш, 
Малқар, Шәкен төңірегінен көріп, сол бір кездің шындығын типтендіре 
суреттейді. 
Осыған орай, романның сюжеттік желісі таптар тартысына 
құрылады да, ұнамды герой күрес, тартыс үстінде танылады. 
Шығармада екі-ұдай, екі жар болып келетін, таптар тартысы 
типтік жағдайдың аясында алынады да, бір-біріне бетпе-бет келген 
шақтарда характерлер өзіндік өзгешелігі, өзіндік даралығымен 
айқындала түскен. 
Осы салада романның оқиғасын қоюлап, бір эпизодтан екінші 
эпизод туындап отырады да, қаһармандар қақтығысы жиілеп, ұнамды, 
ұнамсыз бейнелер топ-топқа бөлініп, жеме-жемге келгенде бірін-бірі 
іздеп табады. Бұл бағдарда жазушының ұстаған позициясы ашық 
бояуын тауып, мүдде-мақсаттары жағынан қаһармандар әлеуметтік-
таптық қайшылықтың ішкі сырын түйген. 
Осы бір жайды терең бағдарлайтын суреткер ауыл ішінде қым-
қуыт, қиян-кескі талас-тартыстарды өрбітіп, ушықтырып отыратын. 
Малқар мен Шәкендердің бір пердесін ашып, бірді-бірге соғып, ел 


тыныштығын бұзып жүретін Жақып пен Шөген әрекеттерін жіліктеп 
шағып, сендіре суреттейді. 
Романның түйіні шындық. Кең сахараның қиян бір түкпірінде 
болып жатқан талас-тартыстан үлкен оқиға өрбіген. Малқар болыстың 
ел ішіне салған лаңы бүкіл ауылды қамтыған. Қос тазысын ертіп, ақбоз 
атпен таң сәріден аңға шығып өзімен өзі болып жүрген Аман да осы 
лаң-жанжалдан тысқары қалмайды. 
Роман оқиғасының өзекті арқауы болып, басынан аяғына дейін 
қатысатын бас герой – Аман. Алғаш ол ел ішіндегі дау, жанжалдан 
бойын аулақ салып, аң аулаудың қызығымен ғана жүретін. 
Аман аң аулаудың қызығына батып жүрген кездерде талай 
дүние өзгеріп, талай дүние жаңарып, ауыл кедейлікті қолға алып та 
үлгерген-ді. Аман, міне, осылардың бәрінен тыс, өз қызығы өзімен 
болып, жүріп жатқан бір жан. 
Осы бір көріністерге байланысты сыншылар тарапынан Аман 
және оның қарсыластарының төңірегінде әр қилы пікірлер де болды. 
Оның бірінде Аман шықпаған образ десе, енді бірінде, осы романның 
басты геройы бар ма, бар болса ол кім деген сұрақтар да қойылды. 
Әрине, бұл ойланатын да, ойландыратын да жайлар. 
Әдетте бас геройдың іс-әрекеті қоғамдық орта, әлеуметтік 
мәселелердің төңірегінен алынып, болып жатқан оқиғаға бірден қоян-
қолтық араласса, ол сияқты геройдың тағдыры да күрес, тартысы да 
қауырт басталып кетеді де, өзінен көз жаздырмайды. “Дауылдан 
кейінде” Аман ондай емес, ұзақ уақыт ойланып, толғанумен жүреді де, 
өмір өзгерістерін жіті барлай алмайды. Өз геройын байтақ қазақ 
даласының аса бір алыс түкпіріндегі ауыл өмірінен алып суреттейтін 
жазушы шындықтан тыс кетпей, Аман характерінің қалыптасу 
заңдылықтарын эволюциялық жақтарынан алып дәлелдеп, біртіндеп 
жетілдірген. 
Аман сыры тым тұңғиық, сол себепті де ауыл ортасында ол 
жөнінде әр түрлі болжам, әр қилы пікірлер тараған. Біреулер Аманды 
“жуас”, “момын” десе, енді біреулері “момын” дегенше жаман десейші 
деп өзара таласып жатады. Соның барлығы да Аманның жүріс-
тұрысына риза емес. Ел болып, жұрт болып, жаңалыққа бет қойып, 
ендігі өмір тек біздікі ғана емес пе деп, белдерін бекем буып жатқанда 
Аман бәрінен де бейхабар тәрізді. 
Романның алғашқы жартысында оқиға өте қою. Бір эпизодтан 
екінші эпизод өрбіп жатады да, характерлер қақтығысы ғұрып-дәстүр, 
тұрмыс, тіршілік таластарынан өрістеп, әлеуметтік үлкен күреске 
апарады. Бұл салада жазушы романның сюжеттік арқауын ширықтыра
түскен де, композициялық құрылысы шашырап кетпей, характерлер 
тағдырына түйінделген. 


Бетпе-бет келген ашық күрес, өзара қайшылық қат-қабаттанып, 
көркемдік компоненттер шебер қиюласқан. 
Екі жақ та қауырт іске кіріскен. Аман ауылда жастар ұйымын 
құрып, тізімін Ералинге жіберіп те үлгерген. Малқар белгілі әдетіне 
басып, Аманды қаматқан. Істің артын баққан Шәкен осы тұста 
Малқардың еңсесін басуға күш салып, Аманды өз жағына қаратпақ. 
Міне осылардың барлығы шығарма сюжетінде тарам-тарам болып 
жатады да, әрбір деталь, штрих, мотивировка өз орнын тауып, 
кейіпкерлер қатары молыға түседі. 
Осындай үлкен мұрат, озық идеяны алға тартатын бұл шығарма 
дәуір сипатын көркемдік шындыққа көтере отырып, әрбір кейіпкердің 
жан дүниесін, ой-сана, дүниетанымын шым бояулармен жарқырата 
ашып, өмірдің ақиқат шындығын небір шынайы көркем тіл 
өрнектерімен кестелеп, картинаға айқын түсірген. 
Дәмелі 
Ө.Қанахин
Өтебай Қанахин 1923 жылы 17 желтоқсанда Ақтөбе облысы 
Ырғыз ауданына қарасты Тәуіл дейтін жерде туған. 
Жастайынан жетім қалған оны туыстары 1932 жылы балалар 
үйіне тапсырған. 1940 жылдары Ақтөбедегі педагогтік курсты бітірген 
соң, сондағы оқытушылар институтының қазақ тілі мен әдебиеті 
факультетіне сырттай оқуға түсіп, біраз туып-өскен ауданында 
ұстаздық еткен. 
Өтебай Қанахин соғыс жылдарында майдан газеттеріне мақала, 
суреттеме жазып тұрған. 
1954-1956 жылдары «Социалистік Қазақстан» газетінде әдеби 
қызметкер, жауапты хатшының орынбасары, 1955-1956 жылдары 
«Ара» («Шмель») журналында бөлім меңгерушісі болып істеген. 1963-
1966 жылдары «Жазушы» баспасында бас редактор, 1969-1970 
жылдары жаңа шыға бастаған «Жалын» альманағының Бас редакторы 
болған. Мұнан соң «Мәдениет және тұрмыс» журналының әдебиет пен 
өнер бөлімінің меңгерушісі болып істеген. 1957-1969 жылдар 
аралығында бірнеше повестер мен әңгімелер жинағы шыққан. 1961 
жылы тұңғыш романы «Дәмелі», 1973 жылы «Жүрек қалауы», 1979 
жылы «Құдірет» романдарын оқырман қауым жылы қабылдады. 
Өтебай Қанахиннің “Дәмелі” романының алғашқы тарауынан 
бастап көрінетін Дәмелі, Медіғали, Кузнецова Вера Васильевна, Жүніс, 
Дәмір, Бағдагүл, Дүйсенбек, Рабиға Шынтасова, Асылбектер шығарма 
оқиғасынан бірде-бір тыс қалмайды. 


Романдағы Дәмелі Сәрсенбина тағдыры Ұлы Отан соғысы кезінде 
қазақ елінде болған бірқатар жайларды аңғартып, сол кездегі әйелдер 
басындағы жайттарға оқырман назарын аударып, аяныш сезімін тұтата 
суреттегенін көреміз. Дәмелі бейнесі арқылы жазушы әйелдер 
тағдырының әлеуметтік ішкі қайшылықтарын тереңірек ашуға 
мүмкіндік алған. Романдағы Дәмеліден басқа Вера Васильевна, 
Бағдагүл, Рабиға, Шүйке қыз, Томпақ тәрізді кейіпкерлердің соғыс 
кезіндегі әлеуметтік орны мен тағдыр-тартыстарын шығарманың өзекті 
арқауына айналдырып отырушылық басым. Бұл әйелдердің қоғамдағы 
орны әрқалай көріне отырып, бірі отбасы, ошақ қасында көрінсе, бірі 
ел басқару ісіне де белсене араласып жүргенін көреміз. Жоғарыдағы 
барлық әйелдер өз ерекшеліктерімен көзге көрінсе де, олардың өмірі, 
ортасы Дәмелі Дүйсенбинамен сабақтасып суреттеледі.
Дәмелі он бес жасына дейін жетімдер үйінде, кейіннен 
туыстарының үйінде жүріп, қалың малға күйеуге бермек болған 
туыстарымен келіспей, комсомол уәкілі Медіғалимен аудан орталығына 
қашып кетеді. Соғыс басталып, күйеуін әскерге аттандырған Дәмелі 
ұлы Еркінмен тіршілік қамымен жазмышқа біржола мойын ұсынған 
қазақ әйелінің басынан кешірген қиындықтарын елестетерліктей 
шыншыл бейнеленеді.
Романда Дәмелінің қиын кезең, сын сағаттарда сүрінбей ой-
парасат, адамгершілік қасиеттерімен көрінетін тұстар көп-ақ. Өз 
күйеуімен бірге соғысқа аттанған Асылбектің кәрі шешесін, Балғаным 
қарияны үйіне кіргізіп алып, бас-көз болуы қазақ әйелдерінің 
психологиясына сіңісті болып қалған ұғым дәстүрін терең ашқан. 
Романда көбіне үйде де, түзде де кейіпкерлер сөйлеген сөзінен, 
іс-әрекет пен ұғымдарынан өзіндік бағамын танытып отырады. 
Шығармадағы Әлімгерей бейнесі мен жазушы елдің байлығын 
сорып, ауыл-аймақты уысынан шығармай отырған жемқордың 
былықтарын ашу арқылы жеке штрих, детальдар пайдалана отырып 
тартымды бейнелеген. 
Өмірден қағажу көріп, жоқшылықтың тақсіретін тартқан 
Барлыбай бай болуды ғана армандап, Шүйке қыздың байлығына бола 
үйленіп, өз мақсатына жеткені де сенімді сомдалады. Соғысты сылтау 
етіп бар мүмкіншілікті өз жағына аударып, менмендікке салынған 
Әкімгерей, Барлыбайлардың зиянды іс-әрекеттері жан-жақты ашылған 
деуге болады. 
Дәмелі заводқа алғаш келгенде браковщица болып өзін 
көпшілікке бірден танытып, шойын цехын қайта қалпына келтіруге 
атсалысып, жаңа бастамалардың басы-қасынан көріне біледі.
Шығармадағы әйелдермен қатар Әлімгерей, Барлыбай, Дәмір, 
Баранов сияқтылар да өндіріске өз үлестерін қосып, сол кездегі ақиқат 
шындығын танытатын бейнелер. 


Романдағы 
“Орнығу”, 
“Бетбұрыс”, 
“Өрлеу”, 
“Медет” 
бөлімдеріндегі майдан мен тылда көрінетін жастар бейнесін суреттеуде
жазушы, өзі жазған тақырыбын түбегейлі меңгергендігін көреміз.
Доктор Дарханов 
З.Шашкин 
1962 жылы Зейін Шашкиннің “Доктор Дарханов” атты романы 
жарық көрді. Бұл роман өзінің мазмұны жөнінде ғана емес, жазылу 
формасы жағынан да қазақ совет әдебиетінде оқшау туынды. Оқшау 
болатын себебі ол қазақ әдебиетінің тарихында дәрігерлер өміріне 
арналған тұңғыш роман еді. Алайда бұл тек дәрігерлер өмірі 
жайындағы шығарма емес, шындығына келгенде ол қазіргі заман 
тақырыбын қозғайтын, бүгінгі замандастар өмірінің алуан салаларын 
қамтитын кең тынысты шығарма. Географиялық жағынан алғанда, 
оқиға Көкшетау облысындағы “Бармашы” санаториінде болады. Бірақ, 
роман арнасы санаторий өмірімен ғана шектелмейді, сол өңірдегі 
жапсарлас жатқан колхозды ауыл алқабында да шығады, бірде 
Павлодар өңірінде бірде Москваға, бірде Қырымға, енді бірде Алматыға 
апарады. Оқушы роман кейіпкерлерімен бірге аталған жерлердің 
тіршілік тынысынан хабар алып қана қоймайды. Сол өңірлердің табиғат 
ерекшеліктерімен де танысады. 
Жазушы бұл шығармасында дәрігерлер өмірін арқау етіп ала 
отырып, бүгінгі өміріміздің алуан-алуан салаларына үңіледі, бүгінгі 
күннің бірсыпыра көкейкесті проблемаларын қозғайды. Ғылым-білімді 
насихаттау, 
адамдар 
санасындағы 
және 
тұрмыстағы 
ескілік 
қалдықтарына қарсы күрес, жаңа, озық дәстүрлерді тарату жөнінде 
интеллигенцияның ролі, дәрігердің қоғам алдындағы парызы, басшы 
қызметкердің адамдар арасында дұрыс қарым-қатынасты, өзара сенім 
достық, коллектившілдік рухын қалыптастырудағы жетекшілік өнегесі, 
әйелге көзқарасы, әйелдің семьядағы орны және басқа көптеген 
мәселелер – “Доктор Дарханов” романының өзекті идеялық арқауы 
болып табылады. 
Романның басты қаһарманы – дәрігер Нияз Дарханов. Барлық 
оқиға сол Дарханов төңірегінде құрылған. Ол Бурабайдағы “Бармашы” 
санаториінде дәрігер болып қызмет істейді. 
Доктор Дархановты жазушы Шортанды көлінің жағасында оңаша 
ойға шомып отырған күйінде таныстырады. Айнала мүлгіген табиғат. 
Ымырт жабылған шақ. Осындай бейуақта адам жападан-жалғыз көл 
жағасында, ну орман ішінде жәйдан-жәй отырмайтыны белгілі. Әлде 
бір тебіреніс, толғаныс күйі жетелеп әкелуі хақ. Бірақ, жазушы 
кейіпкерінің осы бір бөгде халін түсіндіріп жатпайды. “Түп-тұнық айна 


көл, көлді қапсыра құшаққа алған көкшіл тау, мүлгіген жасыл орман – 
бірі көзіне ілінбейді”, деп жәй ғана, сараң сөздермен өте шығады. 
Бірақ, осы көріністің өзінен-ақ, кейіпкер бойында әлде бір оғаш халдің 
бар екеніне шүбә қалмайды. 
Романдағы басты образ да, сәтті образ да дәрігер Нияз Дарханов 
образы. Ең алдымен ол өз мамандығын сүйген, өз мамандығын жетік 
білетін, қоғам, халық алдындағы парызын сезіне білген дәрігер. Оның 
өмір жолы шырғалаң, бұралаңы мол соқпақты жол. Әкесінен ол 
жасында айрылған Кеңес өкіметінің қамқорлық аясында кемтарлық 
көрмей қатарға қосылды. Институтқа түскен жылы шешесі қайтыс 
болды да, жетім қалды. Медицина институтын бітіргесін, Қиыр 
Шығыста солдаттар арасында дәрігер болып, әскери қызметін өтейді. 
Даяр тамақ, даяр төсекке үйреніп, бейқам өскендіктен бе, әлде 
қасында ақыл-кеңес айтар әке мен шешенің, не болмаса етбауыр 
ағаның жоқтығы ма – алғаш семья құрарда жеңілтектік жасаған кезі де 
болды. Махаббат, әйел мәселесіне жеңілдеу қарайтын осалдығы да 
бұған себепші болмай қойған жоқ. Сағиламен ғана емес, Сусанна 
Михайловна, 
Генриэтталармен 
таныстық 
байланыстарында 
да 
кездейсоқтық табы жатыр. Нияздың әкесі Ертіс пароходствосының 
жұмыскері 
еді, 
революцияның 
алғашқы 
жылдары 
коммунист 
партиясына мүше болғанда, кешегі өзіне қорлық көрсеткен байлармен 
күрескен, округтік партия комитетінде істеп жүрген кезінде тап 
жауларының қолынан қаза болған коммунист. 
Романдағы өндірістік тартыс өмірден алынған шындық, медицина 
үшін үлкен проблемалық мәні бар тартыс. Жазушы өндірістік тартыс 
пен махаббат желісін шебер қиюластырған. Екі желі жымдаса, қабар 
өріліп, роман сюжетінің шиеленісе дамуына жағдай туғызған. 
Зейін Шашкиннің жазушы есебінде бір ерекшелігі ұнамды деген 
қаһарманның өзін кемшіліктен ада, күнәдан пәк адам етіп көрсетуден 
аулақ. 
Романда Асқар образы аз көрінгенмен тәуір әсер қалдырады. 
Дәмеш қыздың ағасы, дәлірек айтқанда, әкесінің інісі Асқар Сағатовпен 
“Теміртау” романы арқылы танысқан оқушы, мұнда Асқар образы жаңа 
бір қырынан ашыла түскенін аңғарады. Асқар қазір әлеуметтік мәні бар 
мәселелер, туған халқының бақыты, болашағы жайында ой толғайтын, 
дәрігердің халық алдындағы, Отан алдындағы борышы жайында сара 
пікірлері бар зерделі азамат есебінде көрінеді. Бұл жағынан алғанда ол 
Дарханов образын толықтыра түседі, Дархановтың рухани өсіп, 
дәрігерлік парызын жете түсінуіне игі ықпал еткен тұлға деуге болады. 
Зерделі дәрігер, биік парасатты азамат болумен бірге, Асқар абзал 
адамгершілікті мейірбан аға есебінде танылады. Үйлену тойы ертең 
деп тұрғанда Дәмеш қатты сырқатқа шалдыққан кезде, Қайыр қалай 
ұстады өзін, Асқар қалай көрінді? Тек осы бір сын мезеттің үстіндегі екі 


азаматтың іс-әрекеттерін салыстырып қарағанның өзінде, Асқардың 
қай жағынан болса да анағұрлым биік тұрғанын аңғару қиынға 
түспейді. Жазушы Асқар образын осы кезеңде, сондай-ақ Дәмеш пен 
Асқар, Асқар мен Нияз арасындағы қарым-қатынастар үстінде аршып 
көрсете білген. “Теміртау” романындағы Асқар мен “Доктор Дарханов” 
романындағы 
Асқарды 
қосып 
алатын 
болсақ, 
жазушы 
қаһарманынының анағұрлым толыса, кемелдене түскенін байқаймыз. 
Ал, Дәмеш, образы жөнінде мұндай пікір айтуға бола қоймайды. 
Мұнда да Дәмеш бар болмысымен заман рухына сай, мәдениетті, ойлы, 
зерделі азамат. Мұнда да Дәмеш ісімен, қимылымен, сөзімен анық-
қанық көрінетін жанды бейне. Бірақ, мұндағы Дәмеш ақылы, мінезі, 
қылығы, ісі жағынан бұрынғыдан да өсе түскен, сүйкімді, баршаға 
ұнамды Дәмеш деуге келмейді. Неге? Себебі, мұнда жазушы Дәмеш 
образын “Теміртау” романындағы Дәмеш характеріне сай арнамен 
дамытпаған. “Теміртау” романынан Дәмешті оқушы мінезі де, ісі де 
орнықты білікті маман, әсіресе, махаббат мәселесіне жеңіл-желпі 
қарамайтын ақылды, Дәмеш дәл осындай биіктен көріне алмайды. 
Бұрын алды-артын терең ойлайтын, өмірдің барлық тарамдарына 
сергек те зерек қарайтын қыз, мұнда басқа дүниені түгелдей дерлік 
оп-оңай ұмыта қойып, көз алдындағыдан өзгені көрмеуге бейіл. Талай 
жылдар сынасып, сыр алыса сүйісіп барып табысқан жары Қайыр, 
қаршадайынан алақанына салып, аялап өсірген, әке орнына әке 
болған Құрышпай, құлын-тайдай бірге өскен, балғын махаббатты 
бөліскен Ораз, шахтадағы бірге істейтін достар, тіпті бірге туып, бірге 
өспесе де туғаннан артық ағасы Асқар, - бірде-бірі оның жанын 
тебіренте қоймайды. 
Дулыға 
Т.Жұртбай 
Бодандықтың кезінде қазақ тарихындағы әрбір тұлға үшін, әрбір 
ғасыр үшін күрес жүрді. Әрісін айтпағанда, Сұлтанмахмұтты, Абайды 
тарихқа қалдыру жолында мылтықсыз майдан жүргені аян. 50-
жылдардағы кеңестік идеологиядағы сәл ғана тоң жібуін пайдалана 
қалып, қазақ қамын жеген азаматтар дереу тарих қойнауындағы 
тағлымды сыр сандықтарды жарыққа шығаруға талап қыла бастады. 
Еріксіз кеңес заманын аңсаған қалып көрсетуге тырысты, тәуелсіздік 
үшін күресті төңкеріс идеясына жұғыстырды, әйтеуір ел санасын оятуға 
қызмет етті. Елімізді рухани жағынан бүгінгі тәуелсіздігімізге дайындап 
әкелуде өлшеусіз үлес қосты. Әсіресе әдебиеттің көне дәуірін 
тірілтудегі Бейсембай Кенжебаевтың, Әлкей Марғұланның, Әуелбек 


Қоңыратбаевтың еңбектері тарих көрігі болды. Осы адамдардың ішкі 
жан дүниесінің қопарылысынан тарих вулканы оянды. 
Осындай ояну әдебиетімізге бүгін де керек, бірақ ол бұрынғыдан 
да гөрі сапалы ояну болса. 
Осы ретте жазушы, әдебиетші ғалым Тұрсын Жұртбаевтың 
“Дулығасы” тарих пен әдебиет арналарының тоғысқан тұсынан шыққан 
салмақты дүние дер едік. “Дулығаның” екі кітабында айтылған 
дүниелер талай-талай ғылыми жұмыстарға жүк болуға лайық. 
Осыншалық тарихты қопару, оның ұңғыл-шұңғылын қарап, тер төгу 
тек өз елін шексіз сүйген адамның ғана қолынан келер іс болса керек. 
Кітаптың әр жолы жазушының өз ойымен қайнап піскен, толып жатқан 
тарихи 
фактылар 
өз 
салыстыруынан 
өткен, 
өзіндік 
ойымен 
салмақтанған. Мұндағы туындыгердің “мені” өте айқын да сенімді. 
Кітап атының “Дулыға” деп қойылуы да орынды. “Дулыға” – 
“түрік” сөзінің баламасы, “ерлік”, “мықтылық” ұғымын береді. Кітапты 
ашып қараған адамның рухын көтеретін сөз. Туындыгер одан әрі қарай 
түрік батырлары туралы тарихи әпсаналарды тірілте отырып, оны 
тарихтың сан тарамдарымен, көптеген құжаттар, шежіре, ғылыми 
зерттеулермен салыстырады. Бұл тұста – тарихтың шым-шытырық 
іздерін 
әсерлі 
жеткізу 
үшін 
жазушының 
машықты 
қаламы 
таптырмайтын құрал. Тарих оқиғаларын әсерлі баяндап, жүрекке 
жеткізе толғау, талдай отырып бүтіндеу - әдебиетімізде Мұхтар 
Мағауиннің “Қобыз сарынынан” бастау алып, “Қазақ тарихының 
әліппесіне” (1994) айналған кітаптарынан аса сәтті көрініп еді. Бұл өзі 
– бір кездегі Радищевтің тарихи жазбалары, Абайдың, Шәкәрімнің ұлт 
тарихын пайымдау жолындағы шежірелері, Олжас Сүлейменовтің 
“Ақын мен Әлібі” сияқты, бүгінгі таңдағы бір соны сүрлеу. “Дулыға” 
жазушы Т.Жұртбаев пен зерттеуші Т.Жұртбаевтың бірігіп жасаған 
азаматтық үлкен еңбегі деп қабылдадық. “Осы еңбегім арқылы Гердер 
мен Миллерге, Рыбаковқа, тағы сол сияқты ғылымдағы “Кузьминнің 
балалары” – “кесірлі ғұламаларға” жауап бергім келеді”, - дейді. 
Батылдық білімдіге жарасқан. 
Кітаптың І-томы скиф-ишкуз және ғұн дәуіріндегі түрік 
батырлары туралы болса, екіншісі түрік және оғыз-қыпшақ дәуіріндегі 
тарихи аңыздарға әкеледі. Бұлардың барлығы да әдебиетімізде дәл 
осылай жүйеге түспеген, терең таланбаған мәселелер. 
Шындығында, түріктер туралы біздің жыл қайыруымызға дейінгі 
ҮІ ғасырда жазылған Авеста кітабында (Онда “Тұр” елі, “Тұран” – “Тұр 
елі” 
деген 
сөз), 
Фирдоусидің 
“Шаһнамасында”, 
Қытай 
жылнамаларында да жазылып қалған. Тіпті б.з.д. скифтерді көзімен 
көрген жалғыз тарихшы Геродоттың “Тарихында” айтылатын искиттер, 
парсылардың – сақ, масагеті (ма-сақ) – бәрі-бәрі қазақ, түрік 
тарихының іздері еді. “Геродотты толықтырудың қажеті жоқ, түсініп 


оқысақ болғаны”, - дегендей, Геродоттағы тайқазан асып, арбаның 
үстіне киіз үй тігіп, көшіп жүрген аталарымыздың қазақ болып өз 
алдына дербес мемлекетке бөлінгенге дейінгі тарихында әлі анықтала 
түсетін жайлар баршылық. Сократ айтқан ғой: “Менің білетінім – түк 
білмейтінім”, - деп. Осы ретте Т.Жұртбаев скифтер туралы мынадай 
қорытындыға келеді: “Скифтер де, сақтар да, ғұндар да – шығыстан 
батысқа қарай жыл қайыруымыздан бұрынғы ІІ мыңыншы жылдары 
қоныс аударған түрік тайпалары, белгілі дәрежеде біздің бойымызда 
солардың қаны бар деген тұжырымды ұстанамын”, - дейді. Сондай-ақ, 
М.А.Артамоновтың “Хазарлар тарихы”, А.К.Тереножкиннің еңбектерін 
талдай отырып, кемерліктер тарихымен жалғастырады. Мидиялықтар, 
Римге дейін барған ғұндар туралы да көңілге қонымды пікірлер 
айтады. 
Тарихтың қойнауын ашқан сайын түрлі-түрлі оқиғалардың бір-
бірімен байланысын табу қиындығы тұрары сөзсіз. Әдебиетте Әлкей 
Марғұлан, Әуелбек Қоңыратбаев еңбектерінде аттары жазылған 
көптеген есімдерді тарихи тұлға ретінде “Дулыға” кітабынан тереңірек 
танимыз. Бұл салада туындыгер көп ізденіп, еңбектенген. Мысалы, 
Ишпақай, Мәди, Анақарыс, Идамбарыс, Сыпатай, Сатир, т.б. туралы 
оқушы көп мағлұмат алады. 
“Дулығада” ежелгі түрік көсемі Афрасияб туралы қызықты 
пікірлер айтылады. Өйткені түрік (түркі) тарихында Афрасиябтың дәл 
қай ғасырда өмір сүргені анықталған жоқ. Түркия әдебиетінің 
тарихында біздің жыл санауымызға дейінгі ҮІІ ғасырдан – біздің 
заманымыздың бас кезіне дейінгі аралықта өмір сүрген түрік көсемі деп 
белгіленген. Оның себебі, Геродотқа сүйенсе керек. ХІІІ ғасырда өмір 
сүрген, түріктерден шыққан алғашқы зерттеуші ғалым Махмұд 
Қашқари мәліметі бойынша, Фирдоуси “Шаһнамасында” айтылатын 
Тоңа Алып Ер – Афрасиябтың өзі. Афрасиябтың ұлының аты – 
Барысхан, қызы – Қаз. Қаздың екі шаһары: Қаз ойын, Қаз суы – Іленің 
бойы, Қазақстан жеріндегі қалалар. 
Махмұд Қашқари Афрасиябтың өмір сүрген уақытын анық 
көрсетпейді. “Шаһнама” оқиғаларына сүйеніп: “Таһмұрастан үш жүз 
жыл кейін Мару (Мерв) шаһарын салдырған. Кейбіреулер бүкіл 
Мәуреннаһрды Түрік елі деп те есептейді. Ол Янкенттен басталады... 
Қазір бүкіл Түрік елінің шекарасы Абискүн (Каспий) теңізінен айналып, 
Рүм елі мен Өзкенттен – Шынға дейін созылады”, - дейді (“Түбі бір 
түрік тілі”). 
Афрасияб жөнінде Фирдоусиден де бұрын ІХ ғасырда өмір сүрген 
Табари: “Фрасияб Фашандж ұлы, оның әкесі – Рүстем, оның әкесі – 
Түрік”, - деп көрсетеді. Хұсейн ибн Халиф Табризи деген кісі “Түркістан 
патшасы” деген. 


“Шаһнамада” Оғыз қағанның әкесі Қарахан – Афрасиябтың 
төртінші ұлы. Егер Оғыз қағанды ІХ ғасырдағы Оғыз бірлестігінің көсемі 
десек, Афрасияб заманына сәйкес келмес еді, ал Мөде дәуіріне 
апарсақ, Афрасияб пен Оғыз дәуірінің жақын келетінін Қ.Өмірәлиев те 
жазған еді. Қазіргі ғылымның дамуына сәйкес, бұл пікір де көңілге 
қона қоймайтыны анықталып келеді. 
Қазақ мифтерінің терең қайнарларының бірі болған Авеста 
кітабында Афрасияб – Франграсйан болып берілген. “Шаһнамадағы” 
Афрасияб Авеста шыққан заманның өзінде мифке айналып үлгірген 
бейне. Ендеше, оның өмір сүрген дәуірі Авеста туған, тіпті, 
зороастризм діні пайда болған (біздің заманымызға дейінгі 15 ғасыр) 
уақыттан да тым әрі болуы керек. ХІІІ ғасырда жазылған “Заратушт 
нама” атты кітапта (аударған Х.Розенберг) Заратуштра дін жолымен өз 
отанынан 
Иранға 
барады. 
“Өз 
отаны 
– 
Ираннан 
солтүстік 
шығысындағы өзеннен, одан соң Даитья өзенінен өтеді. Даитья – 
қазіргі Әмудария мен Сырдарияның бойы. 
Тағы бір ретте Авеста мифтерінің оңтүстік Месопотамиядағы 
шумер мәдениетімен (б.з.д. үш мың жылдықтар) байланысын еске 
алсақ, оның айғақты белгісі – Авестаның өзінен бұрын туған шумер 
жыры “Гильгамешпен” түптес-тамырлас екенін Афрасияб мифтерінен 
де көруге болады. Афрасияб мифтерінде ол өліммен күреседі. 
Гильгамеш те өзінің жақын досы Энкидуден айырылғаннан кейін 
өлмеудің жолын іздейтін. Қазақ пен жалпы түрік жұртына ортақ 
Қорқыт ата өлмеудің жолын өнерден, артына өлмейтін іс қалдырудан 
тапты. Абай оны өлеңмен түйіндеді. “Гильгамеште” өлмеудің жолы - 
өмірде бір нақты іс қалдыру” деп түсіндірді. Афрасияб болса, өлім қаупі 
жақындаған кезде, кісі бойынан неше есе артық болат қорған орнатып, 
есік-тесігін қалдырмай бекітеді. Алтын, күміс, інжуден ай, күн, жұлдыз 
орнатады, ішінде сыртқа шықпай, қамсыз өмір сүреді. Бірақ ажал 
алмай қоймайды. Бір күні бағында серуендеп жүргенде, ағаш 
тасасында тығылған суық өңді біреуді көреді. Ол Әзірейіл болатын. 
Афрасияб мифінің бұл тұстары Афрасиябтың соғыс кезінде 
жауынан ығыса келіп, үңгірге тығылуын бейнелеуі де мүмкін. 
(Х.Короглы). Қалай болғанда да Афрасияб Авестадан да ерте заманда 
болған болса, ол туралы сақ-скифтер білсе, оған Қашқари жазып 
кеткендей, түрік жұрты жоқтау шығарса, өзі Тұран көсемі болса, 
Афрасиябтың жиынтық бейне екенін көрсетпей ме? 
Бұл 
жөнінде 
Тұрсын 
Жұртбаевтың: 
“Тұрдың 
немересі 
Афрасиябтың тұсында Иранның жеті мұрагері тақтан ауысқан. Сонда 
Афрасияб қанша ғасыр жасаған!” – дей келіп: “Афрасияб – Алып Ер 
Тұңғ – жалпы түркі жұртының хандарының жиынтық тұлғасы”, - деген 
пікіріне толығымен қосыламыз. Сол сияқты Оғыз қаған да жиынтық 
бейне деген ойдамыз. Ал туындыгердің Афрасиябты “Ишпақай немесе 


оның немересі – Мәди патша” деген ойын ғылым өз дәлелімен 
толықтыра берер. 
Сондай-ақ кітапта қазақ тарихына қай тұрғыдан қатысты екені 
нақты анықталмай келген Тарғытай, Тұмар, Ширақ, Зарина оқиғалары 
дәлелді пайымдаулармен ел тарихына сыналай кіріккен. Мөде, 
Көкбөрі, Елжау бейнелері, басқа да әдебиетіміздің қалтарыс тұстары 
осы кітап арқылы айқындалып шыға келген. Бұрынғы ғылыми 
қолданыста көріне бермейтін Сыма-Цянь мен Бань-Гудың “Жылнама”, 
“Ханнама” еңбектері тартылған. Көне тарихшылардың еңбектеріне 
сүйене отырып, скиф-сақтардың қазақ тарихына қаншалықты қатысы 
бар екенін тереңнен тартып талдайды. 
Қорыта айтарымыз, “Дулыға” – көне түрік батырлары туралы 
ежелгі саналарды тірілтіп, қазақтың ежелгі тарихына жазушы көзімен 
барлау жасауға, оның жазушының әсерлі тілімен оқушыға жеткізуге 
арналған кітап. Туындыгер өз ойын ешкімнің зердесіне таңып 
бермейді. Абай айтқандай, “Кім де кім ішінен керекті сөз тапса, жазып 
алсын, не оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзі - өзінікі”. Бірақ кеудесінде 
сәулесі бар әрбір адамның рахаттана, тебірене оқитын, өз халқы үшін 
мақтаныш сезімін оятатын кітап екені даусыз. Халқының рухын көтере 
алудан артық міндет бола ма? Осы міндетті жазушы Тұрсын Жұртбаев 
абыроймен алып шыққан.


Е 
Егес 
А.Жақсыбаев 

Ол жақтан неге кеттің? Жазушы Ахат Жақсыбаевтың “Егес” 
романы осындай сұраулы сөйлеммен басталады. Сонымен, әлгі 
сөйлемдегі “ол жағы” – Қарағанды. Алдымен “кеткені” емес, келгені 
туралы айтайық. “Қайда?” дерсіз. Қаратасқа. “Неге” автордың өзі 
жауап береді: “Қаратас – оның алғаш еңбекке араласып, жұмыс істеген 
жері. Онынышы бітірген соң осы қалаға келіп, екі жыл шахтада істеп, 
сосын барып Алматының тау-кен институтына түскен. Сол себепті оның 
көңілінде Қаратас жайлы жақсы әсер қалған. Осында жүргенде ол 
жұмысшы ортасының тәрбиесін көрді”. 
Енді Қарағндыдан Қаратасқа келген кім екенін білуімізге болады. 
Ол – Батырбек. Оны біз автордың бұдан бұрынғы “Бозарал” повесінен 
бас кейіпкері ретінде жақсы білетінбіз. Повесте есейген, тоқтаған 
азаматтың естелігі ретінде баяндалатын бала, жеткіншек Батырбекті, 
соғыстың зардабынан әкесінен айрылған, шешесінен тірідей жетім 
қалған, жалғыз әжесінің бауырында тәрбиеленіп жатқан, кейін ол 
панасынан да айрылып қалып, қилы-қилы тағдыр тәлкегін басынан 
өткерген Батырбекті танып-білген едік. Повестегі Батырбек өзімен 
кластас Торғынды адал қастерлеп, шынайы сезімнің иесі ретінде 
көрінетін. Ал романда од – ілгеріде айтылғандай, инженер және семья 
басы: Салтанаттың ері, екі баланың әкесі. 
Батырбек бейнесінен өзіміз күнде көріп, сұхбаттасып, сөйлесіп 
жүрген замандастарымыздың үлгі боларлық талай нышандарын 
байқаймыз. Ең алдымен, ол - өзіндік мақсаты бар, өзіндік шешімі бар, 
соған жетуді, байсалды ойын орындауды жүзеге асырмай қоймайтын 
жан. Қарағандыдан кетіп қалуы тегіннен-тегін емес. Оның себебі 
ілгеріде келтірілген авторлық баяндауда там-тұмдап айтылғанмен, 
негізгісі тереңде жатыр. Дәлірек айтқанда, оның ойға алған басты 
нысанасы – Қаратас болар, немесе басқа жер болар, әйтеуір, бар 
мүмкіндігінше алған теориялық білімін іс жүзіне асырып, өзінің қажетті 
жеріне жұмсауға күш салу. Бұл жолда енді-енді ғана қолы жетіп келе 
жатқан тұрмыстың рахатын да, семьядағы жарасымды тіршілікті де 
екінші кезектегі мәселе деп қарайды. Демек, өз басының мүддесінен 
қоғамдық мүддені ілгері қоюы – Батырбек бойындағы өнегелі қасиет. 
Батырбектің жан дүниесін, психологиялық иірімдерін беруде де 
автор бірталай ысылып қалғандығын көрсетеді. Басты қаһарман 
қандай жан күйзелісінде жүрсе де, құрғақ қиял қуып, сары уайымға 


салынбайды, сондай-ақ пікірі өзгелерден қолдау тапқанда да орынсыз 
кеуде қақпайды. Әрқашан салмақты, сабырлы. Байтаспен Қаратаста 
жаңа танысқан Алтайдың көңілін түңілтер қылықтарын көргенде де 
ақыл айтып, кісілік танытып жатпайды. Қайсыбір оқырман осы тұста 
жазушыны 
кінәлауы 
да 
ықтимал. 
Айталық, 
айналасындағы 
кемшіліктерді, адамдардың арасындағы қарым-қатынастарда бой 
көрсетіп қалатын ұнамсыз жайларды көре тұрып, Батырбек неге 
соларға қарсы шықпайды, сынға алмайды деуі мүмкін. Біздіңше, 
авторға мұндай міндет арту артықшылық болар еді. Өйткені, жазушы 
ниеті өзінің жақсы көріп отырған кейіпкерін ешбір мінсіз, кемшіліксіз 
“судан таза, сүттен ақ” етіп бейнелеу емес. Оның да қателесер жері, 
сүрініп кетуі мүмкін ғой... 
Жазушы өз кейіпкерлерін әртүрлі адамдармен қызмет бабында 
болсын, тұрмыста болсын сұхбаттастыра отырып, әр қырынан ашқан. 
Бұл арада айтпағымыз – Батырбектің ары таза адам екеніне де 
оқырманның көзі жетеді. Оның Зағирашпен алғаш танысуы, жеке 
кездесуінен жігіт пен қыздың арасындағы таза сыйластықты 
аңғарамыз. 
Батырбектің бойындағы ең ұнамды ерекшелік – оның барынша 
әділ болуға тырысатындығы, сол жолда (әрине, өз ойының 
дұрыстығына сенгендіктен) айтқанынан таймауы. Азамат көркін, 
адамгершілігін ажарландыра түсетін мұндай қасиет, романның атымен 
айтқанда, шын егесте, тартыста, қақтығыста анық байқалады. 
Инженер Батырбек екі үлкен егесті басынан кешірді: бірі Қарағандыда 
болса, екіншісі Қаратаста белең берді. Алғашқыдан, өндірісте әзірге 
көп ширыға қоймағандығының әсері ме екен, оншалықты айқасқа 
түспей, үнсіз құтылып еді; екінші жағдайда басқаша қырынан танылды. 
Былайша айтқанда, Батырбек бар тұлғасымен Қаратаста қалыптасты. 
Ендеше, алғашқы айқастың шегініс ретінде баяндалып, автордың алға 
тартар ойы Қаратастағы Батырбек маңына топтастырылғанын 
құптауымыз керек. Сондықтан да Батырбек – Есентай арасындағы 
тартыс иланымды көрінеді. 
Сөйтіп, Батырбек бейнесі өскелең өндіріс командирінің, техника 
мен адам тағдырын байланыстыра ойлайтын ақылды азаматтың 
бейнесі болып шыққан. 
Жазушы 
төтеннен 
ұңғыл-шұңғылы 
көп, 
түсінікке 
қиын 
детальдарды орынды-орынсыз кірістіре беруден аулақ. Солай 
болғандықтан, негізгі оқиға қосалқы штрихтармен сабақтаса дамып, әр 
кейіпкердің ішкі сезімі, сөйлеген сөздері айқындалып, дараланып 
отырады. Мәселен, ардагер шахтер Тұрсынбай қарттың сөзі мен 
мінезінде ақ көңілділік пен қонақжайлылық та, жұмысшы өкіліне тән 
қатаңдық пен турашылдық та бар. Байтастың әйелі Гүлжаһан 
бейнесінен тұрмысындағы мол жиһаздан гөрі, кедей де болса шынайы 


сырласып, жарасты өмір кешетін, адал жарға серік болуға лайық 
келіншекті көреміз. Зағираштың да романда өзіндік орны бар. Керек 
десеңіз, сол келіншектің ойлы сөздері, байсалды пікірі Батырбектің 
сырттай жүріп, өз семьясының тағдырын, өзі сүйіп қосылған жары мен 
сүйкімді балаларына деген ыстық сезімін арттыруға біршама себепкер 
болды деп те айта аламыз. 
Оқып болып ойланғанда, осы секілді талай адамдар тағдырын көз 
алдымызға анық елестеткен жақсы шығармаға қатысты ескертпемізді 
де жасыра алмаймыз. Автор романды тартымды бастап, еліктіріп кетеді 
де, Батырбектің жаңа ортамен танысып білісу мезгілін ұзартып, 
созыңқырап жібереді. Батырбек көпке дейін сылбыр адамдай әсер 
қалдырады. Тек бұрын қадірлі шахтерлер болған, қазіргі пенсионерлер 
Гаркушин мен Тұрсынбайдың ақыл-кеңестерінен соң ширай түседі. 
Жазушы кейіпкерінің өсу эвоюциясын айқынырақ көрсетуге тырысқан 
шығар. Дегенмен, алғаш Қаратасқа келіп, шын тартыстың туғанына 
дейінгі аралықта созалаңдық сезіледі. 
Романның кейінгі беттерінде коммунистердің белсенділігінен 
хабардар боламыз. Бірақ, адам тағдыры, өнім сапасы жайлы мәселе 
күн тәртібінде тұрғанда, ондай белсенділік бұдан да гөрі батылырақ 
болса керек еді деген ой келеді. 
“Егестің” сюжет желісіне қарағанда, әлі толық аяқталмаған 
дүниедей де көрініп тұр. Әрине, автордың алдағы уақыттағы 
жұмысына долбар жасап, пәлен ет дей алмаймыз. 
Тоқ етерін айтқанда, қазіргі қазақ әдебиетінің жұмысшы өмірін 
өрнектеуге арналған көркем проза кітапханасына тағы бір татымды 
үлес қосылғаны анық. 
Еділ-Жайық 
Ә.Сарай 
Әнес Төлендіұлы Сарай 1937 жылы 21 қарашада РФ-ның 
Астрахан облысы, Володар ауданы, Құрманғазы атындағы колхозда 
дүниеге келген. Әкесі – кәсіби теңізші, шешесі – колхозшы. Әуелі Көрін 
жетіжылдық, кейін Сизой-бугор орта мектебін тәмамдап, 1956 жылы 
онжылдықты бітіреді. Сол жылы Атырау педагогтік институтының 
физика-математика факультетіне түскен, бірақ бірінші курстан кейін 
оны тастап кетеді. Астрахан қаласына қайта оралып, теңізші 
мамандығын беретін училищелерде дайындық курстарына кірген. 1957 
жылы әскер қатарына алынып, оны 1960 жылы тәмамдап, Алматының 
С.М.Киров 
атындағы 
университетінің 
филология 
факультеті 
журналистика бөліміне оқуға түседі. 


Университетте оқып жүріп, “Социалистік Қазақстан”, “Лениншіл 
жас” газеттерінде жұмыс істейді. Еңбек кітапшасы “Лениншіл жас” 
газетінің әдеби қызметкері ретімен 1963 жылы қазан айында ашылған. 
1965 жылы университетті бітірген соң, жастар газетінде қалып, 1970 
жылдың ақыр соңына дейін, батыс облыстары бойынша меншікті тілші, 
бөлім меңгерушісі міндеттерін атқарады. 1970 жылдан 1995 жылдар 
аралығында “Жазушы” баспасында жұмыс істеп, редактор, бөлім 
меңгерушісі, бас редактордың орынбасары, бас редактор қызметтерін 
атқарады. 
Әнес Сарайдың суреттеме, өлең, мақалалары 1957-1960 жылдар 
аралығында Астрахан облысы, Володар ауданының “Балықшы” 
газетінде жиі басылып тұрады. Ал кәсіби үлкен әдебиетке келуі 1963 
жылы “Лениншіл жас” газетінде басылған “Дауылда” атты әңгімесінен 
басталды деуге болады. Бұдан соң жас қаламгерге республикалық 
газет-журналдардың 
есігі 
ашыла 
бастайды. 
Жас 
қаламгердің 
тырнақалды туындылары “Лениншіл жас”, “Мәдениет және тұрмыс”, 
“Жұлдыз” журналдарында жарық көреді. Ал Әнес Сарайдың өміріндегі 
белесті оқиға, әлі де журналистика қызығында жүрген қаламгердің 
үлкен әдебиетке бет бұруы деп, 1966 жылы өткен Қазақстан 
Жазушылар Одағының кезекті съезін атаса артық емес. Съезде белгілі 
қаламгер Тахауи Ахтанов жастар шығармашылығы туралы қосымша 
баяндама жасап, қазір қазақ әдебиетінің қарағай мүйіздеріне айналған 
жастардың біразын атай келіп, Әнес Сарайдың “Домбыра” атты 
әңгімесіне жоғары баға берді. 
Қаламгердің “Мұнаралар шақырады” атты тұңғыш әңгімелер 
жинағы 1969 жылы жарық көрді. Қаламгер “Лениншіл жастың” 
меншікті тілшісі бола жүріп, жаңа ғана игеріліп жатқан Маңғыстауды 
көп шарлап еді, сол сапарларда көрген-білгені көркем әңгімелерге 
айналып, жинақтың сүйегін құрады. Бұдан кейінгі жылдары “Қараша 
өткен соң” (1971), “Бозқырау” (1973), “Тосқауыл” романы (1976), 
“Алтын арал” романы (1984), “Ақ тымық түн” повесть-әңгімелер 
жинағы 
(1990), 
“Когда 
приходит 
ноябрь” 
повесть-әңгімелер 
жинағының орысша аудармасы (1988), “Еділ-Жайық” романы (1992), 
“Асылдың сынығы” тарихи зерттеулер (1996), “Исатай мен Махамбет” 
(1997), “Мұхаммед пайғамбардың өмірі” (1994) сияқты көркем 
туындылары жарық көрді. 
Қаламгердің прозалық шығармалары орыс тіліндегі әр түрлі 
жинақтарға (1970-90 ж.ж.), ұйғыр (1986), қытай (1988), татар (1986), 
марий (1989), әзірбайжан (1976) тілдеріне аударылды. 
Ә.Сарай драматургия саласына да қалам тербеді. Ол “Тотиып 
қалды” (1978), “Қу тазша” (1979), “Ару Алматы” (1984), “Мұңым менің” 
(1984), “Аңсау” (1997), “Балуан Шолақ” (2000) пьесалары Алматы, 
Астана, Қызылорда, Қарағанды театрларында қойылды. Қаламгердің 


кинодраматургия 
саласындағы 
еңбектерінен 
Қазақстанның 
60 
жылдығына арналып түсірілген төрт сериялы “Төтенше тапсырма”. 
Москва орталық телевизия тапсырысымен түсірілген “Біз - жастармыз” 
(режиссері В.Пусырманов), өндіріске қабылданғанымен, кинофильм 
болып шықпаған төрт сериялы “Атаман Анненковтың ақыры” 
сценарийін де айтуға болады. 
Әнес Сарай соңғы жылдары қазақ тарихының көмескі беттері мен 
қазақ топырағының көнеліктері туралы зерттеу мақалаларын жазумен 
көзге түсті. Бұл орайдағы “Жылан Бапы патшалығы”, “Ер Еділ”, 
“Қарақыпшақ Қобыланды”, “Арғындардың тайпалық жыры”, “Тарих 
және шежіре”, “Жалайырлар”, “Адайлар”, “Алшындар”, “Қоңыраттар”, 
“Үйсіндер”, “Қыпшақтар” сынды еңбектері байыптылығымен көзге 
түседі. Қаламгердің тарихи тақырыптағы ізденістері “Исатай мен 
Махамбет” (1997), “Асылдың сынығы” (1996) кітаптарын құрады. 
Ә.Сарайдың жүзге тарта очерктері мен әр түрлі тақырыптағы 
мақалаларды құрайтын журналистік еңбектерімен қатар көркем-
әдебиет аудармасы саласында да еңбек тындырды. “Моңғол 
әңгімелері” (1976), “Азия Африка” жазушыларының әңгіме-повестері 
жеке кітап болып шықты. 
Әнес Сарайдың “Еділ-Жайық” романы 1991 жылы “Жұлдыз” 
журналында басылып, 1992 жылы “Жалын” баспасынан жеке кітап 
болып басылып шықты. 1994 жылы аталмыш шығармаға Қазақ 
Республикасының Мемлекеттік сыйлығы берілді. Газет-журналдардың 
жағдайы нашарлаған, әдебиетке қамқорлық кеміп, әдеби сын құрыған 
кезге тап келіп, роман жан-жақты салдарды талдаудың нысанасы бола 
алмады. 
Ал ондай талдаулар болуға тиіс еді. Өйткені романда төңкеріс 
оқиғасына тың көзқарас бар еді, сонымен бірге “Алашорда” қозғалысы 
ұлт мүддесіне сай саяси күш ретінде суреттелді. Романның жазылу 
жылдарын еске алсақ, бәлкім, соңғы тақырып өткір көрінбеуі мүмкін, 
бірақ сүйіспеншілікпен шыншыл суреттелген. Екінші бір мәнді мәселе, 
автор кеңестер дәуірінің өтетінін білгендей, төңкеріс тақырыбы болды-
болмады әңгімеге айналатынын сезгендей, романды басы ашық нақты 
сенімді деректерге құрған. Шығарманың тұс-тұсында тарихи экскурс 
міндетін 
атқаратын 
құжаттар 
келтіріліп 
отырған. 
Сондай-ақ, 
шығарманың бас кейіпкерлері Ізбасар Жәнекенов, Ахтан Мұхамедиев, 
Қажығали Жарқынбаевтар қияли кейіпкерлер емес, өмірде болған 
қаһармандар. Қазақтың бұл үш азаматының есімі Астрахан 
ревкомының 
төрағасы 
С.М.Кировтың 
Ленинге 
жолдаған 
жеделхаттарынан табылды. Шығарманы қиял көмегімен еркін толғау 
мен құжаттарға кіріптарлық көркем дүниеге оң, теріс әсер етіп, із 
қалдырады. “Еділ-Жайықты” осы қырынан зерттеу де әдеби таным 
тұрғысынан қызықты болмақ. 


Роман оқиғасы 1918 жылдың күзінен басталып, 1919 жылдың 
ақыр соңымен бітеді. Уақыт жағынан бір жылдық мерзімді қамтиды. Ал 
кеңістік жағына келсек – оқиға желісі Астраханнан басталып, Атырау, 
Маңғыстау, Орал облыстарын қамтиды. Ресейдің оңтүстігіндегі 
Астрахан “революцияның бесігі” еді. Ол талай бүлікті, қыспақты 
басынан кешіріп, орталықтан бөлініп қалғанмен, большевизмнің туын 
қолынан түсірмеді. Өйткені ондағы билік тізгіні қабілетті адамдардың 
қолында болды: Киров, Атарбеков, Нариманов, белгілі “Оптимистік 
трагедия” пьесасының кейіпкері Лариса Райснер. Революцияның 
тағдыры сынға түскен 1918 жылдың күзінде В.И.Лениннің барлық 
нацмендерге өзін-өзі билеуге еркіндік жариялаған үндеуі – көпұлтты 
Астараханды 
күреске 
жұмылдырған. 
“Еділ-Жайықтың” 
басты 
кейіпкерлерінің Астраханнан табылуында осындай сырлар бар. 
Жан-жақтан анталаған Антанта, оған арқа таңған ақ гвардияшыл 
бүлікшіл генералдардың орталыққа жорығы емес, “тек қана жалғыз 
отын тапшылығының” өзі-ақ революцияны тұншықтыратын түрі бар 
деген мағынадағы В.И.Лениннің хатын Астрахан ревкомының төрағасы 
С.М.Киров 1919 жылы сәуір айында алды. Онда Атыраудың 
Жылыойдың өңіріндегі мұнай қоймасы ракушаны басып алуға ұсыныс 
жасалған. С.М.Киров оларға астыртын барлау жасауды қолға алады. 
“Еділ-Жайық” романының кейіпкерлері сөйтіп тарих бетіне қалқып 
шығып, ұлы оқиғалардың бел ортасында болады. 
Бұл кезде Еділ-Жайық өңірінде әр түрлі бағыттағы бірнеше саяси
күштер әрекет етті: Қызыл Астрахан, большевиктік Бөкей ордасы, 
монархистік жолды ұстанған – Жайық – казак атамандығының штабы 
Атырау, бір күні қызыл, бір күні ақ болып, қолдан-қолға өтіп тұрған 
Орал қаласы, Алашордалық Жымпиты, Қызылқоға, Ойыл, Темір, 
уақытша үкімет өкілі полковник Оспан Көбеев пен жанкелдиншіл 
Тобанияз “тіл табысып”, бірлесе әрекеттескен түсініксіз Маңғыстау, 
Астрахан мен Атырау арасындағы Забурынға орныққан ақты да, 
қызылды да мойындамайтын балықшылар атаманы Қарабас қауымы. 
Оқиғаның басты өзегі – осы қауымның төңірегінен шырмалып 
шықпайды. Оларды өз жағына қызылдар да, ақтар да, алашордашылар 
да тартады. Қарабас олармен бірде табысып, бірде кетіседі. Ақыр 
соңында оларды ақтар да, қызылдар да аямай қанға былғайды. 
Романда Жанша, Халел Досмұхамедов, Алашорда жасағының 
бастығы Тоқа Жарқынбаевтардың, Қарабас балықшылары арасындағы 
алашорда өкілі Ысмайылдың іс-әрекеттері романда өз алдына бір желі 
болып құрылған. Алашорда кіндігі Жымпитыны қорғау, Алашорданың 
Ойылдағы 
әскери 
мектебіндегі 
большевиктер 
салған 
ылаң, 
Алашорданың 
Қызылқоғадағы 
милиция 
мектебінің 
жауынгерлік 
тірліктері суреттеледі. Ең ақырында Батыс Алашорда уәлаятының 


капитуляция алдында, Елек орманында Халел мен Фрунзенің кездесуі 
әңгімеленеді. 
Романның кейіпкерлері Ракуша аралында 12 миллион тонна 
мұнай барын Астраханға хабарлайды, Астрахан Мәскеуге хабарлайды. 
Ембі мұнайын қолға алу үшін қиян-кескі соғыс басталады. Чапаевтың 
25 дивизиясы Самарадан Жайық бойына келеді. В.Лениннің тікелей 
нұсқауымен Александров-Гай – Ембі теміржолының құрылысы 
басталады. “Еділ-Жайық” романының кейіпкерлеріне Ракуша мұнай 
қоймасын шегінген Толстов әскерінің өртеп-бүлдіруінен сақтау 
тапсырылады.
Романда төңкеріс жылдарындағы Еділ-Жайық, Атырау теңізі 
аймағындағы халық тұрмысы, саяси күштердің шарпысуының кең 
понорамалық суреті берілген. Шығарма бір ғана саяси оқиғалар 
жетегінде кетпей, ел тірлігінің, әсіресе, Атырау теңізі үстіндегі 
балықшылар қауымының қайталанбас ғажап суреттерін салуға қалам 
қуатын аямаған. Шығарманың қайсыбір тұстарында детективтік
жағдайлар кездеседі. Бірақ ол әдейі сюжетті шымырлау үшін ойдан 
шығарылған емес, өмірде орын алған осынау кең ауқымды тарихи 
оқиғаның құрамдас бір бөлігі болғаны шындық. 
Жоғарыда әңгіме болған ауқымды оқиғалар бір романға қалай 
сыйған деген сауал тууы ғажап емес. Шынында да, бір кітапқа сыйғызу 
мүмкін емес. Автор “Еділ-Жайыққа” дейін “Алтын арал” романын 
жазған. Тақырыбы да, кейіпкерлері де бар. “Алтын арал” жеке 
шығарма ретінде өз алдына өмір сүрді. Әлі де өмір сүре береді. Уақиға 
желісі осылай құрылған. Бұл екі романды қосып шығарса, Еділ-Жайық 
оқиғасы тұтастық мағынаға ие болар еді. 
“Еділ-Жайық” – бүгіндері тарих еншісіне айналып бара жатқан 
өткен ғасырдың басындағы ұлы дүрбелең кезіндегі Атырау өңірінің 
тыныс-тірлігіне арналған кезеңдік шығарма. Ол қазан төңкерісін 
мақтамайды да, даттамайды, халық басынан өткен бір күрделі оқиға 
ретінде баяндап қана қояды. Батыс идеологтары эволюциялық жолды 
қанша дәріптегенмен, қоғам іштей іріп-шірігенде, тазалану үшін 
революциялық төңкерістердің керек кездері болады. Бірақ ол сол 
қоғамның ішінде пісіп-жетілуі керек. Автор қазақ қауымында ұлттық 
қозғалыстың 
пісіп-жетілгенімен, 
таптық 
қозғалыстың 
пісіп-
жетілмегенін, сол себепті басты кейіпкерлер төңкеріс мақсаттарын 
шала ұғып, күмәнді ойларға жиі-жиі берілетіндері арқылы – бұл 
әлемдік оқиғаға өзінің авторлық көзқарасын аңдатады. 
“Еділ-Жайық” – бажайлап оқыған зерделі оқырманға айтар 
астарлы сырлары көп, зерттеушісі келіссе, әдеби құндылықтары да 
бар, әрқашан өз оқырманын табатын шығарма. 


Екінші өмір 
С.Досанов 
Досанов Сәбит Аймаханұлы 1940 жылдың 12 қаңтарында қазіргі 
Қостанай облысы Амангелді ауданы Байғабыл ауылында дүниеге 
келген. Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дің журналистика факультетін 
бітірген. Қазақ теледидарында, “Қазақ әдебиеті” газетінде, Қазақстан 
Жазушылар Одағында қызмет еткен. 
Жазушының тырнақалды туындысы 1958 жылы “Шабындықта” 
деген атпен жарық көрді. 
С.Досановтың “Дауыл”, “Ертең бюро” атты пьесалары театр 
көрермендеріне жақсы таныс. Шығармалары шет ел тілдеріне 
аударылған. 
“Тау жолы”, “Екінші өмір”, “Жиырмасыншы ғасыр” романдары мен 
повестер, очерктер жинағы оқырман қауымға белгілі. 
Екінші өмір (роман). Роман 1982 жылы “Жазушы” баспасынан 
жарық көрді. “Дауыл”, “Жас дәурен”, “От кешу”, “Қиын асу” деп 
аталатын төрт бөлімнен тұрады. 
Шығармаға қазақ поэзиясының даңқты өкілі, дауылпаз ақын 
Қасым Аманжоловтың өмір жолы, ақындық, азаматтың болмысы арқау 
болады. 
Жазушы С.Досановтың “Екінші өмір” атты романының басты 
кейіпкері – қазақтың дауылпаз ақыны Қ.Аманжолов. Романның оқиға 
желісі басты кейіпкердің балалық шағынан, жігіт ағасы болғанға дейінгі 
өмірбаянына құрылған. Жазушы ақынның өскен ортасы мен дәуірін 
бейнелей отырып, ел өміріндегі елеулі кезеңдерді суреттеген. 
Роман төрт бөлімнен тұрады (“Дауыл”, “Жас дәурен”, “От кешу”, 
“Қиын асу”). 
І бөлімде Қазан төңкерісі қарсаңындағы қазақ даласындағы 
тарихи-әлеуметтік жағдай, күрделі кезеңдегі адамдар тағдыры 
суреттеледі. Қасымның әкесі Рақымжан қырықтан жаңа асқан шағында 
кісі қасынан қаза табады. Артында аңырап үш баласы жетім, сұлу 
жары жесір қалды. Осынау ауыр қаза жас Қасымның сәби жүрегін 
тілім-тілім етеді. Анасы Айғаншаның ағасы Айтбек мырза қарындасын 
Өтепбергенге бір ат пен бір қап бидайға сатып жіберіп, жиені Қасымды 
қой соңына салып қояды. 
Әкеден өлідей, анадан тірідей айырылған ойын баласы табанын 
тасқа тілдіріп қой соңына түссе де, қабырғасы қайысып отын тасыса да 
қанына біткен қайсарлықпен бәріне қасарысып көніп бағады. Тіпті 
анасын аңсап аласұрған жұдырықтай жүрегінің сағыныш өртіне де 


шыдаған Қасым тек арқасына Атайбектің қамшысы тигенде ғана 
қорлыққа шыдамай қашып кетеді. 
Дала кезіп жүрген Қасымға әкесінің көзін көрген Мыңжасардың 
бәйбішесі кездесіп, ажалдан құтқарып қалады. Арбасына мұны да 
мінгізіп алады. Жасынан өжет, алғыр бала жаңа өкіметтің арқасында 
қараңғы ойларды қақ жарып, сонау көкжиектен жарқ ете қалған 
жарық сәулеге жетуге асығады. 
ІІ бөлімде жаңа заманның жаршысы ретінде таныла бастаған 
жалындаған жасты көреміз. Бұл кезде Қасымның ақындыққа бет түзеп 
жастық тамашаларын, ғашықтық сезім-күйді жырлай бастаған шағы.
Балалық махаббаттың мәңгі белгісіндей болған Алтынай мен 
қанаттас серігі Жарқынның тойында өзінің шәкірті, жалынды жас 
Абдолла Қасымның өлеңін оқып, ақынның жігерін көтереді. Өзінің 
Абдолладай озық ойлы, талантты шәкірт-ізбасарының барына қуанған 
ақын болашаққа деген үміт отын маздатады. Осыдан кейін ақын 
бойында ақындық қуат пен азаматтық рух асқақтайды. 
ІІІ бөлімде жазушы соғыс жылдарының сұмдығын, қаламы мен 
қаруын серік еткен жас ақынның жорықты жылдар қаһарманына 
айналған тұлғасын ашуға талпынады. Жаңа өмірдің жарық таңы енді 
атты ма дегенде, жауыз фашистер қымбат өмірді талқандап, дүниеге 
түнек орнатқысы келеді. Мұндай қорлықты, бақытсыз күнді көргенше 
қан майданда қаза табу Қасымдай қайратты жастарға әлдеқайда 
жеңіл. Қасым қасық қаны қалғанша туған Отанын қорғауға серт етеді. 
Сұрапыл соғыс оғы балтырын тессе де, батырдың аузындағы жалынды 
жырларын ала алмайды. 
Майдан даласында жүріп жауынгерлерге жалынды жыр мен еліне 
сағыныш жырын арнаған ақын қайсыбір қатаң тиымға қарсы тұрып, 
жанына жақын жолдастарын сүйеніш етіп, жалынды жырдың құлақ 
күйін келтіре толғайды. Жеңістің жаршысы болған ақын еліне аман-
есен оралады. 
ІҮ бөлімде соғыстан жаңа оралған жауынгерге пәтер мәселесі 
үлкен қиыншылық әкеледі. Қасым отты жырының арқасында жаңа 
пәтердің иесі болады. 
Алдыңғы толқын ағаларын көріп арқаланған ақынның жасындай 
жырлары жарқырай түседі. 
Романдағы Сақыпжамал, Алтынай, Қамажай бейнелері Қасым 
тағдырын, азамат бейнесін, ақын тұлғасын өзінше нақыш, өрнекпен 
толықтыра түсетін бейнелер. Өйткені бұлар балалық кез, жастық 
шақтың, 
кіршіксіз 
махаббаттың 
куәлары. 
Ақын 
жырының 
жанашырлары. 
Романдағы Айтбек, Өтепберген, Орман, Жапарханов, Монтай, 
Сүйімбике, Вольчук, Құрбақанов, Төленовтер – даңқың өрлесе аяқтан 
тартып, құлдырап құласаң құлағыңда ойнайтын пәс көңіл, тар пиғылды 


тартымсыз жандар. Керісінше, шығармадағы Бәдәуи, Айғанша,
Рақымжан, Абдолла, Мыңсары, Жарқын, Нұрлан, Таня, Нұрбала, 
Төрежан Шайменович, Айгүл Шаймановалар Қасымның жырларының 
дүниеге жасқанбай келуіне сүйеу болған, қамқор көңілін аямаған, 
жақсылығы мол жомарт жандар, жақсылықтың, жаңа өмірдің 
жаршылары.
Елім-ай 
С.Сматаев 
С.Сматаевтың “Елім-ай” романында Аякөзде болған ұрыстың 
ұзын-ырғасы суреттелмей, ол туралы жұртшылық санасындағы ұғым-
түсінік, тарихи баға алға тартылады. Бұхар жырау романында қалың 
жұрттың, өзі өмір сүріп отырған ортаның саяси бетін сол баға, халық 
санасына сіңіп қалған сол ұғымға сүйеніп анықтайды, өзгені де соған 
иландырады. Бұл ретте тарихи оқиға адамның немесе белгілі бір 
қоғамдық ортаның ой елегінен өтіп, сұрыптала келе танылған, 
бағаланған тарихи ақиқатқа, сапалық мәнге иеленген тарихи фактіге 
айналды. Танылған, бағаланған, соның нәтижесінде сапалық мәнге 
иеленген тарихи ақиқат факт адамдардың өзара қарым-қатынасында, 
қоғамдық ортада жаңа тарихи оқиғаларды танып-білуге, олардың 
әлеуметтік мәні мен маңызын анықтауға қызмет етеді. 
С.Сматаевтың “Елім-ай” дилогиясының бірінші кітабында селдей 
қаптап келе жатқан жаудан ығысып, көше жөнелген Ошаған бидің 
ауылының жалпы көрінісі суреттелетін эпизод бар. Ауылын, туған-
туыстарын түгел көшірген Ошаған би жалғыз өзі жұртта қалуға 
бекінеді. Әкесін тірідей жау қолына қалай қалдырып кетерін білмей 
жаны қиналған ұлына Ошаған би мынаны айтады: 
“…Мені жазғырмас. Қашып кетсем, жазғырар көп. Тауым да, 
өзенім де, жерошағым да, тіпті отымның орнындағы күлім де 
жоқтайды. Мен кетсем, кәрі сүйегімді қайта әкеле алмаймын. Онан да 
алланың ақ бұйрығын осы арадан күтейін. Еңкейші, Дәуленім, – деп, 
сөзінің аяғын сыбырлап бітірді. Әлсіз ерін ұлының маңдайына болар-
болмас тиді де, енді қайтып ашылмай бүрілді де қалды” (1, 283-б.). 
Көшкен ауылдың жұртында төбе басында жалғыз қалған Ошаған 
би жаумен айқаста қаза табады. 
Үзіндіден Ошаған бидің көшкен аулына ермей, жұртындағы төбе 
басында жападан жалғыз қалып қоя беруінің бірімен-бірі тығыз 
байланысты екі себебі байқалады: оның бірі – туған жерін, өскен 
ортасын тастап кетуге бидің дәті жетпейді. Екіншіден, қарт би кәрі 
сүйегі жат жерде емес, кіндік қаны тамған туған топырақта қалуын 
қалайды. Туған жер туралы берік қалыптасып қалған қасиетті ұғым, 


туған жерге деген перзенттік сүйіспеншілік Ошаған биді осындай 
шешімге алып келеді.
С.Сматаев “Елім-ай” дилогиясында Ошаған бидің көшкен 
ауылдың жұртындағы төбе басында қалуының сыртқы емес, ішкі 
себеп-негізі, кейіпкердің қартайған шағында кәрі сүйегін саудыратып 
бейтаныс жерге тастамай, өз жерінде, кіндік қаны тамған туған 
топырағында қалдыруға бекіген берік тілегі көрсетіледі. Мұның өзі 
роман-дилогияның болмыс-бітіміне, кейіпкердің мінезіне айрықша 
мәнді, маңызды ұлттық реңк дарытатын үлкен суреткерлік шешім еді.
Ошаған би мен І.Есенберлиннің “Көшпенділер” трилогиясындағы 
Әнет бидің әрекеттерінің негізгі себеп-мотивтері ортақ, өзара үндес. 
Сол мотивтердің ішінен С.Сматаев ең басты, мән-мағынасында 
халықтық, ұлттық сипат басым деген ажарлысын ғана таңдап алады. 
Бұл ретте автор халықтың дәстүрлі рухани мәдениетінің өлшемдеріне, 
Отан, туған жер туралы танымдарына сүйенеді. Соның нәтижесінде 
І.Есенберлиннің трилогиясындағы Әнет бабаның жұртта қалуын 
баяндаған эпизодтан гөрі С.Сматаевтың “Елім-ай” дилогиясындағы 
Ошаған бидің жұртта қалуы суреттелетін эпизод көркемдік-идеялық 
және танымдық тұрғыда әлдеқайда мәнді, мағыналы болып шыққан.
Жанатай батырдың басынан өткен оқиға Әнет би мен Ошаған би 
әрекеттерін жаңа бір қырынан тануға мүмкіндік береді. Жанатай 
батырдың басындағы оқиға мынандай: а) Бірнеше адам жау 
қоршауында. Қоршаудан шыққандар құтылады, қоршаудан шыға 
алмағандар бәрі де өлім табады. ә) Жау қоршауынан алып шығар 
жалғыз үміт – Жанатайдың астындағы тұлпар. Бірақ тұлпар бір ғана 
жауынгерді құтқара алады.
Жағдай Жанатай батырдан кімнің елге жетіп, кімнің жау 
қылышынан қаза табуы керектігін таңдап, анықтауды талап етеді. 
Жанатай батыр өз таңдауын халықтың дәстүрлі дүниетанымына сәйкес 
анықтайды. Бар өмірі алдында, болашағы үлкен жасты, өз ұлы 
Қоқыштың аман қалуын дұрыс көреді. Өмір, ұрпақ жалғастығын осы 
жолмен сақтап қалғысы келеді. Өзінің орындай алмай кетіп бара 
жатқан арман-тілектерін баласына аманат етеді. Бала, ұрпақ, ел 
алдындағы ақырғы парызын Жанатай батыр осылай орындайды. 
Қазақ жазушыларының шығармаларында халық ауыз әдебиетінің 
үлгілері суреттелініп отырған дәуір туралы басты материал қызметін 
атқарады.
С.Сматаевтың “Елім-ай” тарихи дилогиясының өн бойында халық 
өлеңі “Елім-айдың” мазмұндық, идеялық тыныс-лебі жатыр. Сонымен 
қатар дилогияның басты сюжеттік желілері де халық шығармашылығы 
үлгілеріне негізделеді. Романдағы мына эпизодқа назар аударайық: 
“Үлкентөре мен Кішітөренің сонау қозыкөш жерден шатқаяқтана 
басталып, сыңар езулене бақаса жарыса жетіп, қысылтаяң жерде теке-


тірес сүзісе қалатыны бар. Осы жерден жыландай жылжып жалғыз аяқ 
сүрлеу өтеді. Өтеді де Үлкентөренің тіп-тік найзадай шаншылған 
шығыс жағындағы іргесінен шымырлап қайнап шығатын бастау 
бұлақтың оң жағасын құлдилап желіп кетеді. 
Дәл осы ақ бұлақтың арнасының тым кеңейіп, жайылып ағатын 
тұсын бүйірлеп Жомарт батырдың аулы отыр” (1, 245-б.). 
Жомарттың өзі туралы жазушы: “Бұл қария – найманның 
Садырының атақты батыры, тоғыз көкжал бөрісі бар, тоғыз көк перен 
ұлы бар – Жомарт ақсақал” (1, 246-б.), - деп жазады.
Бейбіт, бейқам отырған ауыл жоңғар шапқыншылығы үстінде 
(1723 жыл) жойылып кетеді. Жауға қарсы ұрыста Жомарттың өзі де, 
тоғыз батыр ұлы да түгел қаза табады. Бүтін бір ауылдан жаңадан 
туған жас бала мен оның шешесі Баршагүл ғана аман қалады. 
Жоңғар 
шапқыншылығының 
бар 
ауыртпалығы, 
жауыздық 
сипатының басты бір қыры “Елім-ай” романында Жомарт батыр 
ауылының осындай трагедиялы тағдырының көрінісі арқылы ашылады.
Романда Жомарт батырдың қоныс-жайы да, үй-іші, ауыл-
аймағына қатысты көріністер де тарихи дерекке негізделген. Батырдың 
жетінші буындағы ұрпағының айтуы бойынша, Жомарт Үлкен-тура мен 
Кіші-тура тауларының маңында Боралдай өзенінің сол жақ бетінде 
қыстап жүреді. 1723 жылы Жомарт Үлкен-тура мен Кіші-тура 
тауларының ортасында Теректі өзеніне келіп құятын бұлақ басында 
қыстап шығады. Ол бұлақ кейін “Садыр қамалған бұлақ” деп аталған. 
Келе жатқан жау туралы хабар жеткізіп, қоныс аудару қажеттігін 
айтқан туысқандарының сөзіне Жомарт: “Қалмақтар қашанда ашық 
ұрысқа қорқақ болатын, келер болса тоғыз ұлыммен бірге соғысуға 
дайынмын” – деп, сөзінің соңында табынында жуықта ғана тартылған 
пішпелердің көптігін, олардың айдауға жарамайтындығын айтады. 
Сөйтіп, басқалар қоныс аударып, көшіп кеткенде, Жомарт сол отырған 
жерінде қалып қояды… 
Жомарт батыр балаларының бірінің әйелі туғанына 25 күн ғана 
болған баласын үйде, қазан астына жауып қалдырып өзі қалың шөп, 
қамыс арасына жасырынып жанын сақтайды. Бір ауылдан тірі қалған 
бұл екеуін Жомарттың туысқандарының бірі Қуат батыр сол күні алып 
кетеді. Хабардың авторы өзін 25 күндік баланың – Тасболаттың бесінші 
буын ұрпағы екендігін жазады. Кейін Қуат батыр әлгі келіншекке 
үйленеді. 
Жазушы осы шағын деректерге сүйене отырып, бір үйлі жанның 
тарихына байланыстырып, ХҮІІІ ғасырдың бірінші ширегіндегі қазақ 
даласындағы өмір-тірлік көріністерін дәл беруге күш салады. Жазушы 
аңыздағы басты тұлғалар Жомарт пен Қуатты суреттелініп отырған 
дәуірдің шындығын жан-жақты тануға әрі бұлардың характерін 
даралауға септігін тигізетін біршама оқиғаларға қатыстырады. 


Олардың ішінде жер дауы мен жесір дауы да, хан кеңесі мен үй іші, от 
басы әңгімелер де бар. Бұлардың көпшілігін жазушы ойдан қосады. 
Осындай ойдан қосылған оқиғалармен аңыздағы Жомарт туралы, оның 
айналасы туралы шағын мағлұматты байытып, дамытып суреттейді. 
Әсіресе тоғыз ұлымен бірге ауылын жауға қарсы көтерген Жомарттың 
батырлық істері, тоғыз берен ұлдың ерліктері бейнеленген тұстарда 
жазушы қиялы айрықша шығармашылық белсенділік танытады. Бүкіл 
ауыл аймағының, тоғыз батыр ұлының өзінің көз алдында күші басым 
жаудың қолынан опат болғанын көрген Жомарттың жан күйзелісі, 
оның жаумен барша батырлық ұрысына трагедиялық реңк береді. 
Соғыс соңында бір ауылдан бір өзі ғана қалған Жомарт жаудың бір 
шерігімен жеке шайқасқа түседі: 
“Сарт-сұрт семсер айқасты. Сар-сар айқай-шу үдеді. Батырда үн 
жоқ. Көзіне қан толып, семсерден басқа ештеңені көрер емес.
Шаршаған кәрі дененің қимылы баяу. Қол жітілігі ғана 
бұрынғыдай. “Ең болмаса осы жауымның қанын ұрттасам екен!..” 
Жомарт ақырып қап семсерді құлаштай ұрды. Ананың қаруы 
ұшып түсті. Сол кезде батырдың бар ыза, бар кек, бар зауалы 
жауының басында ақырғы рет жалт-жұлт ойнады. 
Шуна-Дуба иек қақты. 
Тұс-тұстан шашылған қылқұйрықты көп найза Жомартты тік 
көтеріп әкетті. Сауытсыз, беренсіз жалаңаш денеге көк сүңгілер кірш-
кірш қадалды.
- Қалай екен, батыр? Көзіңе не көрінеді? – деді Шуна-Дуба. 
- Даламды, тауымды, елімді көремін. Әлі де болса сенен биіктеу 
тұрмын ғой-й… 
Найзалар сылқ түсті” (1, 270-271-б.). 
Аңыз беретін деректе Жомарттың өзінің де, тоғыз ұлының да 
нақты ерлігі көрініс таппаған. Жазушы аңыз жүйесіндегі әр хабар, әр 
мәліметті толықтырып, жандандырып, болған істің жан түршіккендей 
азалы, трагедиялы әрі геройлық сипатын көзге елестетіп, ойды, сезімді 
толқытады. Кейіпкерлерінің нақты түр-тұлғасын көрсетіп, іс-әрекетін 
бейнелеумен 
бірге, 
автор 
олардың 
жанының 
шындығын 
да 
шырылдаған қалпында, шынайы суреттейді. 
Халықтың тарихи жырларында кең суреттелетін көптеген 
ержүрек ер ұландары да “Елім-ай” романында басты кейіпкерлер 
қатарында көрсетіледі. Осындай батырлардың бірі Сіргелі Елшібек 
Ш.Уәлиханов жазып қалдырған аңызда Абылай тобындағы батыр 
болса, С.Сматаевтың романында Әбілқайыр ханның бұйрығы, 
тапсырмасы бойынша әрекет етеді. Ал Абылай бұл кезде Әділ деген 
бүркеншік атпен жүреді. Оның жауға “Абылайлап” ат қоюы Елшібектің 
осы ісінен кейін көрсетіледі. Дерек пен жазушы суреттеуінде басқалай 
ауытқушылық жоқ. 


Романда Елшібек батырдың бұл әрекеті дербес, кездейсоқ күйде 
емес, жауға тойтарыс берудің күрделі жоспарымен бірлікте алынады. 
Жау мергенін жою, зеңбіректерді қолға түсіру қазақ қолының жаппай 
шабуылға көтерілуіне жол ашады. Деректі осы мақсатқа бағындырып 
игеру Елшібек әрекетінің мазмұнын едәуір толықтырып, әсері мен 
мағыналылығын арттыра түседі. 
Жазушы үшін тарихи құжаттар да, этнографиялық деректер де, 
халық ауыз әдебиеті үлгілері мен белгілі құбылыстарды жан-жақты 
суреттеуде таптырмас өмірлік материал қызметін атқарады. Тарихи 
құжаттар, этнографиялық деректер мен халық ауыз әдебиеті үлгілері 
әдеби шығарманың сюжеттік негізін құрап, суреттелініп отырған 
құбылысқа нақты, шынайы сипат берумен қатар, кейіпкердің мінезін, 
ойлау ерекшеліктерін, таным деңгейі мен наным-сенімдерін анық 
аңғартады. Сондай-ақ, олар бас кейіпкер болып отырған тарихи 
тұлғаның, творчество адамының туындылары әдеби шығарма 
құрылымында қаламгер шеберханасының құпия сырларын, ақындық 
психологиясын танытудың да таптырмас құралы болып табылады. 
С.Сматаевтың “Елім-ай” романында (1-кіт.) Жеті хошун Халқаның 
әміршісі Әлібек хан өзінің кеңесшісі Хутқай Туфа екеуі аң аулауға 
шығады. Аппақ қарды қызыл қанға бояп, сұлап жатқан түлкіге төніп 
келген хан қасындағы серігіне: “Аппақ қанға тамған қып-қызыл қаннан 
сұлу бар ма екен, сірә!” – деп, таң болып қарағанда, Хутқай Туфа хан 
баласының әйелі Үлзейту ханымның аппақ тәні, алма беттегі қып-
қызыл қаны бұдан да артық” (1, 14-15-б) екендігін мәлімдейді. Бұл 
оқиғалардың тарихи-әдеби негізі бар. 
Жазушы 
тарихи 
оқиғаның 
көлемін 
тарылтып, 
мазмұнын 
қысқартып, әрі өзгертіп пайдаланған. Әдеби шығарма бұл жерде 
Үлзейтудің ақындық болмысын емес, адамдық болмысын, образбен 
емес, нақты логикалық заңдылықтар аясында нақты ойлайтын ер 
мінезді әйелдің жан жүйесін, мінез ерекшеліктерін, психологиясын 
танытуға қызмет етеді.
Елімайлап өткен өмір 
Х.Оралтай 
Шетелдегі қазақ диаспорасының көрнекті өкілдерінің бірі, қоғам 
қайраткері, журналист, қаламгер Хасан Оралтайдың “Елімайлап өткен 
өмір” шығармасын жанр жағынан алғанда, өмірбаяндық роман деуге 
болады. 1999 жылы Стамбул қаласында жарық көрген сегіз жүз бетке 
жуық туынды С.Сейфуллиннің “Тар жол, тайғақ кешу”, С.Мұқановтың 
“Өмір мектебі” романдары сияқты автордың басынан кешкен өмір 


жолынан мол мағлұматтар береді. Мұндай романдар 
қазіргі 
әдебиетімізде де бар. Мысалы соңғы онжылдықта жарық көрген 
Б.Тілегеновтің 
“Тұйық 
өмірдің 
құпиясы”, 
Ә.Нұршайықовтың 
“Өткелдер”, Р.Тоқтаровтың “Бітеу жара”, Қ.Жұмаділовтің “Таңғажайып 
дүние”, М.Мағауиннің “Мен” романдарын айтуға болады.
Шығарма он бір тараудан тұрады. Бұл тараулар белгілі бір 
уақыттық кеңістікке қарай, яғни хронология бойынша бөлінген. Бірінші 
тарауда жазушы өзінің ата-тегі, балалық шағы, қазақтардың Шығыс 
Түркістандағы өмірі туралы айтылады. Әсіресе, тарауда Қытайдың 
басқа ұлттарды қанау саясатына қарсы бағытталған көтерілістер 
жөнінде жан-жақты жазылған. Екінші, үшінші тараулар қазақтардың 
Шығыс Түркістаннан Үндістан, Пакистан, Ирак арқылы Түркияға көшуі 
туралы сөз болады. Сонымен бірге, шығарманың бұл бөлігінде аталған 
елдерде өмір сүріп жатқан қазақтардың тұрмысы, тағдыры, тарихы 
туралы да құнды мәліметтер көп. Автордың ат жалынын ұстап азамат 
болуы, саяси-қоғамдық істерге белсенді түрде араласа бастауы, Түркия 
үкіметінің көшіп барған қазақтарға жасаған жақсылықтары туралы 
қаламгер кең тоқталған. Сондай-ақ, автордың Германияға қоныс 
аударып, “Азаттық” радиосында жұмыс істеген жылдары туралы 
романның бесінші, алтыншы тарауларында айтылады. “Азаттық” 
радиосының шетелдердегі қазақтардың ұлттық бірлігіне қосқан үлесі, 
Кеңес Одағының ұлттарға қолданылып отырған теріс саясатын сынауы 
жөнінде автор соларға куә болған азамат ретінде жан-жақты 
тоқталған. “Жалпы батыстық елдер, американдықтар, тіпті, өзіміздің 
туысқан Түркияның, ондағы әлгі ұлтшылдар ғана емес, түрікшіл 
түріктердің өзі қазақты, Қазақстанды, оның тарихын, басынан өткен 
және сол бір кезеңде душарласып отырған ауыр жағдайын жете 
түсінбейтін” деп жазады да, автор ұлтты, Қазақстанды таныту 
жолындағы “Азаттық” радиосының мән-маңызына ерекше көңіл бөледі. 
Шығарманың бастапқы тарауларында елінен амалсыз жырақ кеткен 
қазақтардың мұқалмас жігері, қайтпас қайраты, ержүректігі мен 
отаншылдық сезімдері туралы қаламгер тебірене толғанады.
Кітап көлемінің жартысынан астамы Қазақстан тәуелсіздік алған 
алғашқы сегіз-тоғыз жылдай уақытты қамтиды. Бұл тарауларда 
қазақтың белгілі азаматтарымен кездесуі, пікірлесуі, Қазақстанға 
келген сапарлары туралы кеңінен айтылады. Қаламгердің Шерхан 
Мұртазамен, Әнуар Әлімжановпен, Олжас Сүлейменовпен, Қабдеш 
Жұмаділовпен, Рымғали Нұрғалимен, Мұхтар Шахановпен, Сәбетқазы 
Ақатаймен тағы басқа да мәдениет, әдебиет, ғылым өкілдерімен 
кездесулері, онда көтерілген ұлтымыздың көкейкесті мәселелері 
туралы жан-жақты сөз етіледі. Осындай тұстардан Х.Оралтайдың саяси 
көзқарастары, ұлтжанды азаматтың бейнесі айқын аңғарылып жатады. 
Автор кей тұстарда кейбір танымал азаматтарға көңілі толмағандығын 


да 
жасырмайды. 
Мұнда 
ол 
адамның 
жеке 
мінезін 
немесе 
шығармашылық еңбектерін емес, ең алдымен басшылыққа сол 
азаматтың ұлт тағдырына деген қатынасын, туған халқына істеген
қызметін алып отыратыны байқалады.
Жекеленген тұлғаларға арналған “Есте қалған есімдер немесе 
жеке тұлғалар” аталатын кітаптың оныншы тарауында автор 
жиырмасыншы ғасырда түрік, қазақ руханиятына үлес қосқан 
бірнеше азаматтардың өмір жолдары мен қайраткерлік еңбектеріне 
баға береді.
Шығарманың соңғы он бірінші бөлімі қосымша іспетті, себебі 
мұнда автор туралы баспасөз материалдары, құжаттар, фото суреттер 
жинақталып берілген.
Жалпы алғанда, Хасан Оралтайдың “Елімайлап өткен өмір” атты 
аса көлемді еңбегі саясат құрбаны болып, өз отанынан кетуге мәжбүр 
болған мыңдаған адамдардың тағдырынан мол мәлімет беретін 
шығарма. Сонымен бірге бұл шығарманың бағалылығы – тәуелсіз 
Қазақстан, оның зиялылары сыртта өмір сүретін, Батыс демократиялық 
елдерінің тұрмысында тәрбиеленген азаматтың көзқарастары арқылы 
беріледі. Кітап нақты деректерге, автордың шыншыл пікірлеріне 
құрылған деуге толық болады. Мол материалды қамтып көрсететін 
кітапты мемуарлық романның жүгін көтерген дүние деп бағалаған 
орынды сияқты.
Ескексіз қайық 
М.Сүндетов 
Қазіргі жастар өмірінен бірқатар повесть, әңгімелер жазып, 
оқушыларымен жақсы табысқан Мағзом Сүндетов “Ескексіз қайық” 
романын жарыққа шығарды. Ауыл адамдарының соғыс кезіндегі
тіршілігі, елдегі еңбегі, ізгілік мүддесі жолында сұғанақ пиғылдарға 
қарсы біртұтас қимылы, бауырмал қатынасы әсерлі бейнеленген осы 
бір шығарма – жас жазушының көркемдік талғамының, мәдениетінің 
жаңа мүмкіндіктерін танытқан кейінгі кездегі сәтті туындылардың бірі. 
Біреу жеңіс мүддесі үшін түн қатып, кірпік ілмей, ауыр еңбектің 
азабын тартып жүргенде, халық игілігіне астыртын қол сұққан 
сыбайлас екі адам – Исахмет пен Бақан өз құлқынын күйттеп жүр. 
Алаяқтық амал-айласымен ебін тауып шаңырағына кіргізіп алған 
жас келіншегі Ырашты қалай қорлап, қалай талдаңдаймын десе де 
Исахметтің еркі. Бағы басып, ойлағаны алдынан шығып жатыр. 
Мағзом Сүндетовтің Исахметі мен Бақанының тәлкегіне түскен 
бақытсыз Ырашты көргенде бейнелеу өнерінің классикалық біраз 
үлгілеріне тақырып болған әйгілі Сусанна мен қарттар сарыны еріксіз 


есіңе орала береді. Сусанна сияқты Ырашты арашалап алатын 
құдіретті қол бұл жерде табыла қойған жоқ. Ыраш осы екі қарттың 
екеуінің де тұзағына түсті. 
Тірлігі тамырлас, бірақ іштей аңдысқан қос алаяқ ақыры басына 
тықыр таянған қысалаң кезде бірін-бірі сатып кетті. Ақылы мен 
арамдығы тереңірек жатқан Исахмет Бақанды ұстап берді. Бақанның 
қысқа адым топас пейілі осы ірі мәселелердің төңірегінде қапыда мерт 
болғанымен, Исахметтің төрінде қонақасы дәмін татып отырып, 
Исахметтің жас келіншегін көңілімен арбайтын мәймөңке үміті бір 
мұратына жеткен. “Сен осы не ойлайсың? Мынау сүмелектен гөрі мен 
тәуір емеспін бе? Е, бала-ай... Шалдың да жөнін тауып тимеген 
екенсің?” деп іштей күрсінген Бақан Ырашты өз нәпсісінің құлы ететін. 
Қасірет табалдырығынан аттап, бірте-бірте ауыл тірлігіне, 
еңбекке араласқан Ыраш тағдыры мен Жазираның жан сезіміне, 
Ықсанды есейткен өмір сынына қалтқысыз сенесіз. 
Романда негізгі оқиға жүйесіне арқау болған Жазира – Наурыз 
желісі бізге әрқилы әсер қалдырады. Ауылдағы ауыр еңбектің біраз 
дәмін татып, ай қарағандай алыс сапардағы жарын күткен жас 
келіншекті ағыл-тегіл қуанышқа бөлей, майдан шебінен бір хат келді. 
Әлдебір бейтаныс адамның қолымен жазылған жұмбақ хат күйеуі 
Наурыздың қол-аяғынан айырылып, біржола мүгедек боп қалған 
мүшкіл халін баяндапты. Елге келерін де, келмесін де білмей, ақырғы 
мұңын төккен Наурыздың ендігі тағдыры не болар? 
Бұл суық хабарды алған Жазирамен бірге толғанып, К.Тренев, 
А.Толстой әңгімелерінде бейнеленген қасіретті оқиғалар алуандас 
жағдай Мағзом шығармасында қалай шешілер екен деп оқушының бір 
ауыр ойға берілетіні сөзсіз. 
Жарын күтіп сарғайып, кеудесінде шыбын жаны қалғаны 
шүкіршілік еткен сүйген жүрек айлап, апталап ұзын жолға қарай-қарай 
көз майын тауысқан. Бірақ ойламаған жерден, әлпештеп, алақанымен 
тосып алуға бүкіл елімен, жұртымен жиналып күйеуінің алдынан 
шыққан келіншектің төбесіне жай түскендей болды. Машинадан аяқ-
қолы балғадай, жұрттың бәрін жерге қаратып, бір тоқпейіл жігіт түсті. 
Әлдебіреумен ерегісіп, әйелінің өзіне адалдығын сынап көру үшін 
әдейі бүкіл ауылды босқа дүрліктіріп, аяғынан тік тұрғызған өзімшіл 
ақымақ жігіттің ыржақай қалжыңы Жазираны қатты қапаландырады. 
Өзінің алданған сезімінен қорланып, әрі күйеуінің тағы бір әйелмен 
тұрмыс құрып, кейін ажырасып кеткен бар кінәсінің бірін де кешпей, 
ақыры өз шаңырағын тастап, төркініне қайтып бара жатқан Жазираны 
көреміз. 
Жазира Наурызын сүйген, сол “тәңірідей” табынған Наурызының 
алдамшы, арзан, ұсақ істерін көргеннен кейін оның енді түңілуге де 
еркі бар. Күйеуін шын сүйе тұрып, күйеуінен шын түңілген адам ғана 


осылай істей алады. Бұл арзан мінез, жеңілтек қылық емес. Бұндай 
батыл қадам тек батыл әйелдің ғана қолынан келеді. 
Өзін жерге қаратып, енді сүймейтін адамымен тұру – екіжүзділік. 
Мұның аты – алдау. Ал Жазира мұндай қылмысқа бара алмайды. 
Біреуден жиреніп отырып, бауырына оны тарта алмайды. 
Бұл арада біз жазушының осы Жазира – Наурыз желісіне 
байланысты қаламгерлік нысанасын негізінен қолдап отырсақ та, 
шығарманың осы өңіріндегі жеңіл көріністерге, сезім құбылысын әлі де 
терең ашпайтын, көркемдік бояуы жұпыны, желдірме баяндауларға 
қол соға қоймаймыз. 
Күйеуін күткен Жазираның Наурыз келместен бұрын, алдамшы 
сыр ашылмас бұрын, “Наурызға сүйіп тигем, Қарып болғанда бас 
тартуды ар көрдім. Хайуандық деп білдім. “Кел” дегенім де сонан” деп 
іштей бір алдын-ала толғанатын сәттері махаббаттан гөрі мүсіркеуі 
басым, жәй аяушылық сезімдей әсер қалдырады. 
Тірлікте ішіп-жеп, шайқап өтетін едім, соғыс кесел болды деп, 
сауда орнынан түсірген шашетек пайдасын Исахмет те іркілмей, ашық 
айта алады. Өмір сүрудың ебін тапқан адамдар, асылы, мұндай арзан 
айқайға онша батып бара бермес-ті. 
Арыстан күшігін асыраған мысық ертегісінің шығармаға кірігуі 
Исахмет – Бақан желісінің сырын ашуға біраз жетекші болған. 
Исахмет - әрі ақылды, әрі қара жүрек адам. Ықсанның ойымен 
беріліп, оның тура келген қанжарлы қарақшыдан да қауіпті жаулық 
мерезін айқындау – Исахметтің бет-пердесін аша түседі. 
Бұл – сөз жоқ, шығармада өз табиғатымен көрінген кесек 
характер. 
Автор “негізгі қаһарман, ұнамды образдарды оқырманға кеңірек 
таныстыру орнына, Исахмет, Бақан сияқты жексұрындардың қулық-
сұмдықтарын көбінесе бажайлап баяндай береді” деп, осы бір тартыс 
таразысының шиыршық атып көрінетін тұстарын тым жеңіл, 
бұлдыратып жіберген Әбілғазының пікірлерімен бұл арада да келісу 
қиын. Соғыс кезіндегі бір тұрмыс қиыншылығы Исахмет, Бақан 
сияқтылардың қулық-сұмдығына қарсы арпалыс үстінде көрінген. 
Осы адамдар алалығын қаз қалпында бейнелеуден – Мағзомның 
өзіндік қалам ізі аңғарылады. Біздің түсінігімізде, романның негізгі 
салмағы, ең алдымен, Исахмет, Бақан, Ыраш, Ықсан басындағы өмір 
шындығында жатыр. 


283 
Ж 
Жалын 
З.Қабдолов 
Зейнолла Қабдоловтың “Жалын” романында санадағы тартыстың
дамуы арқылы қаһарманның рухани шыңдалуы, азаматтық сезімінің 
тереңдеуі жақсы көрсетілген. Романның басты қаһарманы – жоғары 
білімді жас маман Қабен Оразов Ембі мұнай өнеркәсібі жөнінде 
кандидаттық диссертация қорғамақ болады. Зерттеу тақырыбына 
байланысты жинаған көп сала ғылыми дерегі, мол мағлұматы бар. 
Еңбегі жазылып біткен. 
Қабен оңай даңқ іздеген атаққұмар жігіт емес, диссертация 
қорғауды жалаң мақсат тұтпаған, ісін есепке құрмаған. Тындырған 
жұмысым қоғамның кәдесіне асса екен деп қана тілеген жақсы арманы 
бар. Міне енді сол арманы жүзеге асқалы қалды. Қабеннің 
диссертациясы оқыған оппоненттері, оның еңбегін мадақтай бастады. 
Ғылым жолына адал берілген жігіттің жастығына, тәжірибесіздігіне 
байланысты, әуелгі беттегі жүрексінуі, қобалжуы бәсеңдеп, көңіліне бір 
сенім ұялай бастаған еді. Өзіне өзінің сенімі арта түскендей болған. 
Кенет бір күдік кеп килікті де, көңілді нілдей бұзды, ойнап қорғасындай 
ауырлатып жіберді. Бейтаныс біреу мұның пәтеріне телефон соғып, - 
өзің Ембіде болып па ең? Мұндай кәсіпшілігінде жұмыс істеп пе ең? – 
деп оқыс сауал берді де, Қабеннің диссертациясының өзгелер мақтап 
жатқан жақсылығына шүбәланғандай болды. Бірақ кім екенін, аты-
жөнін айтқан жоқ. 
Бұл – біреудің қоқан лоқысы ма? Әлде жасаған бопсасы ма? 
Сырт көзге солай көрінуі мүмкін ғой. Ал, Қабеннің басына мұндай ой 
жоламады. Телефон соққан адам есер кісі болмауы керек, Қабенді 
шошытайын деген ниеті де жоқ шығар; қойған сауалы орынды; кім де 
болса, іске жаны ашыған азамат болар. Қабен, міне, тек осылай 
ойлады. 
Өндіріс саласына байланысты ғылыми еңбек жасау үшін өндірістің 
өзіне барып, ондағы жұмыстарға тікелей араласып, бүге-шігесін 
қалдырмай мұқият зерттеу керек. Ғылыми еңбек сонда ғана, шын 
мәнісінде, сыннан өтіп, суарылып шығады. Бұл – белгілі ақиқат. Қабен 
мұны біледі. Ол Ембінің мұндай өндірісіне келіп жұмыс істеген жоқ, 
бірақ, диссертация тақырыбына байланысты Ембіге бір-екі рет 
командировкаға барып қайтқан. Әрине, мұның аздық ететіні рас. 
Қабен бұны да біледі. Және оның жинап әкелген материалдарының 
негізінде диссертациясын жазып бітіргенше біраз уақыт өтті. Ал қазіргі 


284 
техникалық өрлеу заманында жаңалықтар күнбе-күн туып жатады. 
Бүгін ғана ұсынған жаңа үлгіңіз ертеңіне-ақ ескіріп қала береді. Қабен 
өз диссертациясында тың ұсыныстар айтады. Бірақ сол ұсыныстары 
уақытына кешігіп қалмас па екен? Қабен мұны да ойлап қоятын. Енді 
мына бейтаныс адамның телефон соғып, тұтқиылдан қойған сұрауы 
Қабеннің сол ойын көсеп жіберіп, қоздатып кетті. 
Қабен дүдәмалданады. Жан дүние әлемінде сезімдер тартысы 
басталады. Сол тартыс Қабенді біресе оң жағына қарай, біресе сол 
жағына қарай аудара жаздап, шайқалтады, бірақ, Қабен ілгері қозғала 
береді. Көңіліне күдік кіргенмен, бұрынғы сенімі мұны қолынан ұстап, 
алға қарай жетелейді. 
Диссертация қорғалатын күні, ғылыми кеңес мәжілісінде Қабенді 
сол сенім мінбеге жетелеп шығады. Қабен тиісті өзін мүдірмей айтып 
шықты. 
Одан 
соң 
ғылыми 
жетекшісі, 
оппоненттері 
мұның 
диссертациясын мақтап сөйлеп жатты. Бірақ Қабеннің ойына кірген 
күдігі тарқамады, көңілді қобалжытты да тұрды. Бейтаныс адамның 
телефонмен қойған сұрағы есінен шықпады. Расында да Ембінің мұнай 
өндірісінде жұмыс істемеген Қабен, сол өндірісті бес саусағындай 
білемін деп айта ала ма? Жоқ, айта алмайды. Ендеше осы өндіріс 
жөнінде диссертация жазуы қалай? Қабенді қинай берген ой осы 
болды. 
Бұған телефон соққан бейтаныс адамның кім екені де анықталды. 
Ол – атақты мұнайшы Сардар Сұлтанов боп шықты, Ембінің еңбек ері, 
әйгілі кісі. Ғылыми кеңестің мәжілісінде сөз сөйледі. Ол Қабеннің 
диссертациясын сынаған жоқ, Ембі мұнай өндірісінің бүгінгі жетістігін, 
еңбек технологиясындағы жаңалықтарды айтты да, өз көкейінде 
қорытылған пікірлерін алға тартып, ғалымдардың талқысына ұсынды. 
Қабеннің күдігі де өзіне дәл осы арада айқындалды. Ол енді 
толқыған ойын азаматтық сезімнің еркіне бағындырды да, шұғыл 
шешім жасады. Ғылыми кеңес кешірім өтініп, диссертациясын қорғауды 
тоқтату жөнінде ұсыныс қылды. Оның бұл қылығына таңырқаған 
ғылыми жетекшісінің де, жақын достарының да сөзіне көнбеді, 
диссертациясын мәжілістің күн тәртібінен алдыртып тастады. 
Ол мұны қорқып жасады ма? Жоқ, оның диссертация қорғауына 
жұрттың бәрі де тілектес боп отырған. Диссертациясы бекімейді деп 
қауіптенді ме? Жоқ, мұның диссертациясын ғылыми кеңес құптаған, 
қарсы айтылған пікір болмаған. Ол диссертацияны ойдағыдай қорғап 
та шығатын еді, мәртебесі де зораятын еді, кандидаттық дипломды 
алған соң, жалақысы да өсетін еді. Қабен осының бәрін де кейін 
ысырып тастады. Сардар Сұлтановтың сөзінен кейін диссертациясына 
көңілі толмады, олқылықтарын сезді. Еңбегін толықтырып, қайта 
жазуға бекінеді. Және бұл істі Ембінің өзіне барып, мұнай өндірісінің 


285 
қайнаған ортасында жүріп жазуға аңсары ауады. Қабеннің осы 
шешімінен оның азаматтық сезімінің тереңдігі танылады. 
Жаман Жәутік 
Е.Домбаев 
Есенжол Домбаев 1938 жылы 2 мамырда Гурьев облысы Индер 
ауданы Шолақ Шағыл деген жерде дүниеге келген. 1961 жылы
Құрманғазы 
атындағы 
мемлекеттік 
консерваторияны 
бітірген. 
Республикалық қуыршақ театры директорының орынбасары, «Ара- 
Шмель» журналының фельетонисі, ”Қазахфильм” киностудиясында 
аға редактор қызметтерін атқарған. Жұмыс жасай жүріп, Қазақ 
мемлекеттік университетінің журналистика факультетінде, Алматы 
ауылшаруашылық институтының агрономдық факультетінде сырттай 
оқыған. Е.Домбаевтың шығармашылық жолы 1950-ші жылдардың аяқ 
шенінен басталады. 1957 жылы Әліби Жангелдиннің қызметі туралы
«Алғашқы сабақ» атты бір актылы драмасы қойылады. Оннан астам бір 
актылы пьесалары, скечтері облыстық, республикалық театрларда 
қойылған. 
Н.Гогольдің 
«Мұрын»повесін, 
М.Салтыков-Щедриннің 
«Бір 
қаланың тарихы» романын, түрік сықақшысы Әзиз Несиннің 
әңгімелерін қазақ оқырмандары Е.Домбаев аудармасында оқыды. 
1965 жылы «Болмаған оқиға» сатиралық повесі, 1967 жылы «Ол 
осындай адам» әзіл әңгімелер жинағы, 1967 жылы «Ғашықтық туралы 
мың бірінші баллада» сатиралық повесі, 1977 жылы «Менің 
бауырларым» повестер мен әңгімелер жинағы, 1980 жылы «Жаман 
Жәутік» романы жарыққа шығып, оқырман көңлінен шыққан. Автор 
бұл тұңғыш романында қалың елден шалғай жатқан құм қазақтарының 
Қазан революциясы қарсаңындағы бейқам, марғау тіршілігін кеңінен 
суреттеген. Сол жадағай тіршілікке күн сәулесіндей сызаттап еніп, 
жалшы Жәутіктердің көңілін елеңдетіп, еңсесін көтеріп келе жатқан 
үлкен дүрбелеңнің дүмпу лебі бұл романда елес береді. Роман кісіні 
езу тартқызып отырады. Сонымен қатар бұл шығарма юморлы жатық 
тілмен тартымды жазылған деуге болады. 
«Жаман Жәутік» романының басты кейіпкерлері: Жәутік, Паңгерей, 
Нұралы бай, бәйбішесі-Күміс, Смағұл, әйелі-Зағида, Зағиданың әкесі-
Мұса, Паңгерей мен Смағұлдың әкесі – Жантуар, Аққисым, әйелі-
Күнсая, тоқалы – Балымзия, Қатира Жәутіктің көңілдесі, ол он баламен 
жесір қалған Дүйсенбайдың ағайындарының әйелі. 
Бұл романның негізгі оқиғасы ХХ ғасыр басындағы шалғайдағы 
қазақ аулының әлеуметтік ортасы, сол кезеңдегі адамдардың түсінік-


286 
нанымы мен мінез-дағдыларын шебер кестелеген. Құмдағы қазақ 
аулының малшысы «большевик»деген сөзді естігенде, көңілінде желік 
пайда болып, қу жақ билерше суырылып ала жөнелетіні , әуелі бір-екі 
рет тамағын кенеп алатын әдеті ирония аралас юмормен қызықты 
суреттеледі. Мысалы, Паңгерей мен Жәутік арасындағы мына бір 
диалогтың тілі жатық, шындықты обьективті тұрғыдан пайымдау 
міндетін атқарып тұр деуге болады: 
« - Анада осында қазақтың «қан жауғыр» деген мақалы расқа 
шығып, аспаннан қан жауды ғой. Соған Әйіп қажы ас беріп жатыр. 
-А?!
Паңгерей орнынан қалай тұрғанын өзі де білмей қалды. Жәутік 
үндемеді.
-Аспаннан қан жауды? Әй,мүмкін, аспаннан тағы бірдеңелер жауған 
болар?
-Ақша жауды.
-Ақша?
-Жәутік тағы үндемеді.
-Сосын не жауды?
-Тасбақа жауды.
-Сосын не жауды?!
-Ылғи су жаңа калоштар жауды.
-Мүмкін,сенің аталарыңның бастары да жауған шығар?!
-Олар жауған жоқ .
Бұл үзіндідегі диалогта автор характерлерді ашуға үлкен мән 
берген сияқты. 
Паңгерей Жәутікке сұрақ қоя отырып, оның кез-келген өтірігіне 
сеніп жүрген аңқау ел сияқты өзі де осы малшының сөзіне нанады. 
Осы диалог заман көрінісінен хабар береді. «Қарашекпен» деген сөз 
шықса Жәутік қу жақ билерше суырылып ала жөнеледі. Қарашекпен 
деген ханның Бәлшебек және Меншебек деген балаларының қалай 
екіге бөлінгенін ертегідей қылып айта келіп, Бәлшебектің ниеті жақсы, 
қара халықтың қамын ойлайтын, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған
заман туғызады екен деп бірақ тоқтайды. Осы тұстан тағы бір 
байқалатын құбылыс қарапайым ауылдағы халықтың ірі жаңалыққа 
талпыныс сыры және сол жаңалықты анық түсінбей отырғандығы 
ирониялық сарынмен беріледі.
«Жаман Жәутік» романындағы Паңгерей бейнесінің мінездемесін 
суреттегенде көпқырлы қасиеттерімен қатар сол заман адамдарының 
бейқамдығын, қалың елдің әлі де ұйқыда отырғандығын, кейіпкердің 
кейбір олқы мінездеріне амалсыз күлуге тура келеді. Қырықтың 
қырқасына аяқ салуына екі-үш жыл қалған Паңгерейдің өмір сүру 
принципін былай суреттейді:


287 
«Паңгерей ел аралайды, қыдырады, болса көзір ойнайды, болмаса 
Зеленый, Өрлік, Андрей, Кірілшік, Аққала сияқты селоларға кетіп, 
айлап жоғалады. Бірде алады, бірде береді. Бірде қорасымен айдап 
келеді, бірде қорасымен айдап береді. Жалғыз өзгеріс: екі самайы ерте 
ағарып, ашушаң болып бара жатты. Қаралығы болмаса, қайратына 
сымбаты сай, қайыс қара Паңгерей ауылына айында, аптасында бір 
соғып жүре береді. Бұл бүйтіп жүргенде, құрдастары ғана емес, өзінен 
кішілер де үйлі-боранды болып жатты». Паңгерейдің бар іс-қылығы 
түсініксіз пенде болмаса да, ақылы мен айласы әрқашан теңдесе 
бермейтін, билік тізгінін де еркін ұстай аламайтын, табиғатынан зерек 
болғанымен қылмысын жақсылыққа балап көпшілікке көрсете 
алмайтын бейне ретінде суреттеледі. Жазушы Паңгерейді әрбір 
әрекетімен сол заман талабынан туған әлеуметтік тұлға ретінде 
көрсете білген деуге болады.
«Ай сүттей жарық еді. Ауық- ауық жаздың салқын самалы соғады. 
Әдетте қайбір кез самал боп ыстық леп есетін. Мынау самалдың ар 
жағында ызғар бардай. Аққисым: «Таразыда таң суиды, сүмбіледе су 
суиды деген осы екен-ау,- деп ойлады. Құс жолы да шалғайда.
Жұлдыздар да сирек. Кенет есіне Күнсая түсті. Кемпірін де сағынып 
қалғандай көрінді. Оған әлі бес- алты күнсіз жету жоқ-ау,- деп бір 
қойды. Басын көтеріп анадай жерде бөлек төселген ақ текеметте 
жатқан Балымзияға қарап еді, ұйықтап кеткен екен. Жә, енді 
бастайын, көніп жатса Күнсаяның қиқуы үйреншікті қиқу ғой, -деп 
тамағын кенеп қалды». Бұл пейзажда ұлттық ойлау үлгісі зор 
нанымдылықпен суреттелген. Табиғаттың адам жанына әсері, 
қаһарманның тілек – мұратымен астарласа берілуі сенімді. Аққисым 
Балымзияға қатты жаны ашығансып отырып, ен далада иесіз 
қыстаулар ішінде қалған жалғыз әйелді алдамсыратып, соңында екі 
жарты бір бүтін болуды ұсынады. Ертесіне тек Балымзиядан ғана емес, 
ақ сиырдан да ерік кеткені байқалады. Үш- төрт күнде Аққисым үйіне 
жақындаған кездегі көңіл-күйін жазушы шебер суреттеген, әсіресе , 
Күнсаяның жүрегіндегі тентек бұлқыныстар езу тартқызса, бір жағынан 
Аққисымның пендешілігіне іштей қынжыласың.
Аққисымның пенделік санасыздығына, дүниеқоңыздығы мен 
есерлігі, күйгелектігі, пәле-жала таянғанда тайқып шыға келетін 
сырғанақтығы нақты іс-әрекеттер үстінде көрсетіліп оқушыны сендіре 
баяндалады. 
«Жаман Жәутік» романының қысқаша мазмұны мынадай: 
Нұралы байдың аталасы- Жантуардың екі ұлы- Паңгерей қырық 
жасқа дейін үйленбеген сүр бойдақ, Смағұлы- молдалық оқу оқып 
жүрген баласы. 
Әйіп қажы аспаннан қан жауғанына садақа беріп, бүкіл ел 
жиналады. Тек Жәутік қана қой соңынан босай алмай бармайды. 


288 
Жәутіктің Бәлшебек пен Меншебек туралы ертегісі бүкіл елге тарап, 
жұрттың көңілін елеңдетіп, бір өзгеріс болатынына қарапайым 
халықты иландыра бастайды.
Паңгерей жасынан Сарымсақ болыстың жанына еріп жүріп, бір 
күні Сарымсақтың кіші әйелін картадан ұтып, үйіне ертіп келеді. Мұны 
естіген Жантуар Паңгерейді жазғырып, мырзаның кіші әйелін қайтарып 
бергізеді.
Паңгерей Жаманқала түбіндегі Топайылда екі кластық орыс 
мектебінде 
оқып 
жүргенде 
Саша 
деген 
орыс 
баласымен 
төбелесіп,артынан дос болады. Карта ойнауды осы орыстардан 
үйренген Паңгерей Саша екеуі жас орыстың көпесін карта ойнатып, 
біраз ақшасын ұтып алып, түрмеде үш күн жатып шығады. Паңгерейдің 
әйел алмайтынына көзі жеткен әкесі еншісін беріп, бөлек шығарады. 
Оған қалың ел күледі. 
Көрші ауылдағы Мұсаның қызы Зағиданы кіші ұлы Смағұлға 
Жантуар алып беріп, келінді болады. 
Жәутік кішкентай ауылға «Бәлшебек кәртөжнік» деген сөз 
таратып Паңгерей Бәлшебекті іздеп шығады. Көрші ауылдың малын 
ұрлап қайтып келе жатқанда Отто Брессер деген неміс кездеседі. 
Оттоның мінген атын түнде қасқыр жеп, өзі жаяу қалған екен. 
Паңкерей бірінші рет большевиктің партия аты екенін осы Оттодан 
естиді. Партия дегеннің не екенін де осы Оттодан қанығады. 
Астындағы атын неміске беріп, ұрланған сиырларды айдап келе 
жатқанда алдынан Егор мен тағы бір казак шығып, олар осы жоғалған 
малды іздеп келе жатқанын айтады. Паңгерей Жәутік сөзіне сеніп, 
большевикті іздегеніне іштей намыстанады. Отто Олег Борисовичтің 
большевик екенін Егор досынан біледі. 
Жәутік сөзіне сенген арызқой Аққисым да он тоғыз күн жол жүріп 
Бәлшебекті іздейді. Бәлшебектің жарлы жағында екенін Бесоба елінен 
біледі. Бірақ жолда саппен келе жатқан әскерге тап болып, ішіндегі 
генерал сапты тоқтатып, Аққисыммен сөйлесіп, оның большевик 
туралы хабарын естіп, Аққисымды солдаттар соққыға жығып, 
астындағы өгізін өлтіріп кетеді. Тірі қалған ол мола басына түнеп, 
Серікбай көкесіне жолығып, аулына қарай бет алып, жолда «Тана 
тумақ» деген ауылдағы жалғыз үйге тоқтайды. Онда күйеуінің 
өлгеніне үш жыл болған Балымзия Аққисымды емдеп, оны тоқалдыққа 
алып аулына қайтады. 
Смағұл үйіне шай ішуге келген Жәутікке қатын алғанның жақсы 
екенін түсіндіріп, Қатира жеңгесімен табыстыруға уәде береді. Жәутік 
Смағұл зорлауымен Қатираның қойнына барғаны үшін көк тұсағын 
Смағұлға беруге мәжбүр болады. Смағұл шешесі Бағила кемпір 
қайтарып жібереді. Жәутік Дүйсенбай мырзадан Қатираға бір қой 


289 
бергені үшін де таяқ жейді. Бірақ оны ”Бәлшебек сабап кетті” деген 
өсек таратады.
Нұралы Керімбет байдың күйеу баласы. Қызы Күмісті ағайының 
төрт көзі түгелде той жасап, Нұралыға күйеуге беріп, бөлек отау етіп
шығарады. Екеуінде перзент болмағасын, Күміс тоқал алып беруді 
ұйғарды. Көп уақыт өткеннен кейін Күміс Дүйсембай деген ұлын, 
емшек сүтімен Балзияны көтерді. 
Сол кездегі Ресейдегі қос өкімет қазақтың қырдағы ауылдарына 
да өз әсерін тигізгенін романнан кеңінен көрінеді. Нұралы бай ауылына 
инициативная группа келіп, байды орнынан түсіріп, Саналиевті сабаған 
осы Нұралы болысының оқиғасы екенін айтады. Ал Нұралы болса бар 
малын келесі болыстың ауылына айдап жіберуді ұйғарады. 
Паңгерей соңғы кездері көзіршілерді өз отауына әкеліп, карта 
ойнайтын болады. Осыдан кейін Жантуардың үйінде екі қойшы 
ұсталып, үш-төрт пішенші жалданатын болады. 
Зағиданың бірге өскен құрбысы Хұснихатты көріп, Паңгерейге 
алып беруді ұйғарады. Екеуі соңында үйленеді. 
Аққисым Бәлшебек іздеп шыққанда алып келген тоқалы 
Балымзияға Күнсая күн бермей, Серікбай ақсақалды шақырып, 
ажырасатынын айтады. Серікбай ақсақал үзеңгілес жолдастарымен 
ақылдасып, Балымзияны қосып қасына көшіріп алады. 
Романның соңғы тарауында қырдағы ауылға совдеп өкілдері 
келіп, жер байлығы, су байлығы, мал байлығы бәрімізге ортақ деген 
ұран тастап, кедей-кепшікті жината бастайды. Сол маңайдағы Нұралы, 
Сарымсақ, Мәметәлі, Қошқарғали, Қара Есжан, Ізбас, Әбілен сияқты 
алпауыттардан кедей шаруаның еңбектерінен сорып тапқан малын, 
дүниесін тартып алу керектігін, келген өкілдер халыққа түсіндіреді. 
Сонда большевиктердің аузына түскен адамның аты – Жәутік болады. 
Ұлы мәжіліске Жәутік арнайы алынады. Роман Жәутіктің «Бәлшебегін» 
көруге асығып келе жатқан сәтімен аяқталады. 
Автор бұл романда құмдағы қазақ аулына қоғамда болып жатқан 
өзгерістердің жету жолын, ауылдағы ғұрып-салттың өрнектерін, 
замана лебі туралы ой-толғамдарын басты кейіпкер – Жәутіктің ұғымы, 
жан дүниесі, тұрмысы төңірегіне сайып, шебер суреттей білген деуге 
болады. Жәутік бейнесі юморлық астармен беріле отырып, өмірдегі 
табиғи мінезін аша түскен. Романда Жәутік пен Қатира арасындағы 
қарым-қатынас, сезім мен сыйластық, он баламен жесір қалған әйелдің 
өз ажарына лайық әдебі, эмоционалдық толқу мезеттерін суреттеуге 
де мол орын берілген. 
«Жаман Жәутік» романында сол замандағы қазақ халқының өмірін 
суреттеуде елдің наным-сенім, көңіл-күй пернелеріне аса мән берілген. 
Әрбір үйдегі тіршілік дағдыларын, әрбір кейіпкердің рухани өміріне 
терең бойлау арқылы бере білген. Мысалы: Жантуар отауындағы 


290 
Паңгерей, Смағұл, Бағила, Зағида, Нұралы әулетіндегі Күміс, Дүйсебай, 
Балзиялар, кедей қойшы Жәутік, жесір, он балалы Қатираларға дейін 
жіті назар сала, арнайы тоқталып, әрбір әрекет үстіндегі істерінің түп-
тамырын табуға, осы образдардың толыққанды сипатын ашуға күш 
салған деуге болады. 
Жаяу Мұса 
З.Ақышев 
Жазушы Зейтін Ақышевтің “Жаяу Мұса” романы заманында 
дарынды ақын, аспандағы аққуға үн қосқан әнші, қобыз бен домбыра, 
сырнай мен сыбызғының тілін білген композитор Жаяу Мұсаның бүкіл 
өмірін арқау етеді. Жалғанда 94 жыл жасаған жанның тұтастай өмірін 
бір кітапқа түсіру мүмкін емес. Оның өміріндегі асуы биік, түсуі құз 
кезеңдерін алып, жазушы оның шыр етіп дүние есігін ашқаннан 
бастап, өмірінің соңына дейінгі кезеңдерін жеке-жеке тарау түрінде 
берген. Бұл тараулар, бір-бірінің жалғасы іспеттес құрылып, Жаяу 
Мұсаның өмірін суреттейтін кітап болды. Кітап “Шала туған”, “Қашқын 
бала”, “Жақсыдан шарапат”, “Шен мен шекпен”, “Қиянат пен 
сергелдең” тағы басқа тараулардан тұрады. 
Ана құрсағынан шала туған бала Орман ауылы Жасыбайдың 
сағасындағы қыстауынан Қарасу бойына қоныс теппек көште Тайжан 
мен Сәтбаланың келіні Нағыш өмірге ұл әкеледі. Бұл жеті айлық 
шарана Нағыштың күйеуі Байжанның өз баласы емес еді. Шала туған 
баланың 7 күн дегенде ауылдың қатын-қалашы жиналып бесікке 
салады. Тайжан молда азан айтып оған Мұса деп ат қояды. Мұса 
деуінің де себебі бар еді.
“Қай заманда да кедей-бай болам, бай-құдай болам деген емес 
пе? Соған жетпесе де, есіміне ортақ болуды зор дәреже көретін халық. 
Дәл осы жылы Шорман бидің елде мұсылманшаны тауысып, Омбыдан 
орысша оқып келген он алты жасар Мұсасы Қаржас-Ақкелін елінің 
болыстық старшыны боп тағайындалған. Шала туған бала Шорманның 
Мұсасындай болар ма екен деген үмітпен атын атастырып қояды. 
Байжанның тоқалынан туған баланың атын Шорман бидің Мұсадан 
кейінгі Мұстафасының атын Тайжан молда тағы да азан айтып, 
ұқсамаса да аттас болсын дейді”.
Сонымен Мұса ер жетеді, анасы қайтыс болғасын өгей шешенің 
езгісі мен тепкісіне шыдай алмай Тайжан мен Сәтбаланың қолында 
өседі. Өз үйінен қашып шығып ноғай саудагері Кәрімнің үйінің малайы 
да болады. Осы жолда Шоқанмен танысып, оның тікелей көмегінің 
нәтижесінде Омбыдағы төрт жылдық шіркеу мектебін бітіріп шығады. 


291 
Бала Мұсаның зеректігі мен алғырлығының нәтижесінде орыс тіліне де 
жетіктігі романда айтылады. Одан кейін азан шақырып қойған атынан 
да айырылады. Қазақта мақал бар емес пе “тіл тас жарады, тас 
жармаса бас жарады”, “басқа пәле тілден” деген. Қараңғылық кернеп, 
дүмше қазақ даласындағы көзі ашық, көкірегі ояу жанның өзі анау ел 
билеген ақсүйектерге жат көрінген заман. Ауыл сыртынан аттан түспей 
әндетіп өткені үшін сабап, үш күнге байлап қойғанда да Мұса тілін 
тартпайды. Осы кезде “Ақсиса” әні туады. Тіпті ауылынан екінші рет 
қашып кетіп баяғы ноғай саудагерінің үйінде отырған жерінен Мұсаны 
ұстап алып, айдауға жіберілгенде де тілін тартпай, Мұстафаның 
сүйегіне дақ түсіріп кетеді. Тобылға он екі жылға айдалып, орыс 
адвокаттың үйінің малайы боп жүре осы Рубановтың көмегімен бір 
жарым жылдан соң түрмеден шығады. Баяғы Шоқанның көмегінің 
арқасында алған білімінің нәтижесінде патша ағзамның Санкт-
Петербургқа шақыруымен Черняев отрядында қызмет істейді. 
Бұлардың мақсаты – бүкіл далаға экспедиция жүргізу еді. Осы жолда 
Айтжанмен танысып отау құрады. Одан үш нәресте көреді. Бірақ құдай 
тағала рақат тіршілікті Жаяудың маңдайына жазбапты. Қосылған жары 
үшінші ұлы Саттарды өмірге әкелгесін көз жұмады. Романның соңында 
ел билеген Мұстафа да, Мұса да қайтыс болады. Жаяудың қанша 
қысым көріп, қиыншылықты осы ел билеушілерден жазасын алса да, 
мейірімді әрі кешірімді жүрегін өлгеннен кейінгі естірту айтып 
келгендерге айтқан сөзінен байқауға болады. Ол : “Ата жауым еді, 
жатқанынан тұрмасын, мүрдем кетсін” деген жоқ, “алысуға да, 
арпалысуға да тұратын, аузы алты қарыс арыстан еді, алыссаң 
сондаймен алыс, өзіңнің де кім екенің көрінеді. Иманы саламат 
болсын”, - дейді. Өзі қатықсыз қара су ішіп отырса да Мұстафаның 
ұрпақтарының “аталарымыздың сізге істеген қиянаты үшін” деп айдап 
әкелген үш құлынды биесінде қайтарып жібергені Жаяудың ерлігі емес 
пе? Бала болып әке-шешенің мейір-шапағатын көрмеген Жаяу баяғы 
жоқшылықтың кесірінен өз балаларын да бауырына баса алмай, 
інілеріне бөліп береді. Өмірде қаншама қиыншылықты көрсе де, 
“мынауым басшыларға жақпайды екен” деген жоқ, серілік құрып 
Біржанның, Ақанның ауылында болады. Әрине, “Ақ сисадай” ән төресі 
шартарапқа тарайды. Тоқсан төрт жасқа келіп өзінің күнделікті Борқы 
биігінің басына шығып отыратын шағында да, ауыл балаларының 
аузынан:
“Ақ сиса, қызыл сиса, сиса-сиса, 
Қалмайды кімдер жаяу зорлық қылса. 
Шорманның Мұстафасы атымды алып, 
Атандым сол себептен Жаяу Мұса”, - деген 
өлеңін естиді. 


292 
“Бір елге екі Мұса көп. Шорманның Мұсасы тұрғанда басқа қазақ 
баласы Мұса бола алмайды. Қояндыдан қой айдап қайтқан ноғай 
саудагерінің қойының соңынан Қызылжарға жаяу кетті деп естігем. Сен 
мұнан былай “Жаяу” атанасың”, - деген Шорманның Мұстафасының 
келісімі қандай ақылға сыяды? 
Әділетсіздікке қарсы жанын шүберекке түйіп, қорлыққа қарсы тілі 
мен үнін құрал ғып шайқасып өткен адамның тұтастай өмірінің бүге-
шігесін жазушы романда нанымды суреттеген. Жаяудың қалай қайтыс 
болғандығы жөнінде айтылмайды, баяғы әдетімен Борқы биігінің 
басында отырған кезімен роман аяқталады. Романнан ХІХ ғасырдың 
екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бірінші ширегіндегі қазақ даласының, 
саяси-әлеуметтік, экономикалық ахуалын терең түсінеміз.
Жоғалған қыз 
Е.Мұқамәдиұлы 
Елеусіз Мұқамәдиұлы – 1938 жылы туған. Ең сүбелі шығармасы – 
“Қобда қойнында” романы 1976 жылы жазылған. Бұл Моңғолия 
қазақтарының тарихында тұңғыш роман. 1982-1986 жылдары 
“Жоғалған қыз” дилогиясы жарық көрген. Сонымен қатар “Жердегі 
жұлдыздар”, “Өрікті көл” повестері әңгімелер жинағының авторы. 
Шығармаларының шоқтығы ретінде “Жоғалған қыз” дилогиясын атауға 
болады. “Жоғалған қыз” романы Моңғолияда жұмысшы табының 
қалыптасу процесін сай көрсеткен шығарма. Тілі жеңіл, оқиғасы 
қызықты. Роман оқиғасы біртіндеп шиеленісіп сюжетті желі құрады да 
сол желі төңірегінде өрбиді. Романға өзек болған оқиға – Моңғолия 
қазақтарының тұңғыш рет астана Уланбатырға жол тартуы, шоферлікті 
үйрену жолындағы тынымсыз еңбегі – жұмысшы адамның қалыптасу 
жайы. 
Ең қызықтысы сол – төрт жасында жоғалған Бағиласын іздеген 
әке сағынышы сарыла шығарма оқиғасының шиеленісуіне түрткі 
боларлық кездейсоқтықтарға жетелейді. Әкесі мен баласының жиі 
кездесе беруі сөйте тұра ондаған жылдар бойы бірін-бірі білмеуі 
оқырманды баурап, қызықтыра түседі. Автор сюжетті картиналар 
жасауға зейін қойып ықшамдылықты мұрат тұтқан. Кейіпкерлерінің өз 
арқалаған жүгі бар. Олардың психологиялық тартысында табиғилық 
байқалады. 
Басты кейіпкерлері – Ертай мен Очирбаттың бейнелері тартымды 
да шебер суреттелген. Ертайдың қайынатасы Құттыбайдың Очирбат 
пен Тогтохқа кезінде пана болып бас сағалауларына көмектесуі, 
кейіннен 
шоферлікті 
Очирбаттың 
Ертайға 
үйретуі 
де 
оқиға 


293 
сабақтастығын дамыта түседі. Романдағы Ертай образы біршама 
жанды. Ол – адал жанды, жақынына мейірімді, досына қайырымды 
жігіт. Баласынан тірідей, сүйген жарынан өлідей айырылса да жаны 
жасып жігері қайырылмайды. Оның айналасындағы ақкөңіл жандар – 
Буянжав шешейдің аналық меірімі, Тогтох Мэндээ Ганжуур сияқты адал 
достарының кіршіксіз көңілмен қолдап-қолпаштауы жаралы жанына 
қам көңіліне рухани жігер беріп шарапатты шұғыласын төгеді. 
Сонымен қатар Ертайды болашаққа зор сенім-үміт жетелейді. Ол – 
жоғалған қыз – Бағила – Байгалмаамен әйтеуір бір кездесу үміті. Оның 
әкелік махаббаты әсте суымайды. Қайда жүрсе де көңілінде 
көлеңкедей еріп қызының бейнесі жүреді. Ол қызын балған күнінде 
талай жолықтырып танымай кетсе бойжеткен тұлғасын көріп сүйген 
жары Нұрғайыпты көз алдына елестетеді. Сол арқылы қызының 
соңына түседі. Алайда үлкен қаланың қалтарысы мол. Бағила әкесін 
жер соқтырып кете береді. Ал, Бағиланы бағып-қаққан қарт Минчиннің 
Ертайды жолықтырған сайын үрейленіп еркінен тыс қылықтарға баруы 
да Минчиннің ішкі жан дүниесін аша түседі. Қарттардың балаға деген 
мейірім шапағаты, одан айырылып қалу қаупі аса нанымды 
суреттелген. Дүниемен қоштасып көз жұмар алдында қызына 
шындықты айтып өлуді өздеріне парыз санайды. Алайда Дашиймаа 
ананың жүрегі бұған шыдай алмай жан тәсілім етеді. 
Романның негізгі мақсаты – кейіпкерлер тарихын жететін жеріне 
дейін жетелеп отыру. Елеусіз Мұқамәдиұлының “Жоғалған қыз” 
романында бұл мақсат айқын. Оның құрылымдық ерекшеліктері мен 
көркемдік бейнелеу құралдары тақырыптық-идеялық мазмұнымен 
қабысып тұтаса түседі. Баянөлгийлік қаламгерлердің романдарының 
ішінде “Жоғалған қызды” баса айтатынымыз оның идеясының 
тосындығына байланысты. 
Шығарма тақырыбының өзгешелігі оның басты кейіпкерлерінің 
сомдалуына да әсер еткен. Бұл қаламгердің роман жазу жолындағы 
ізденісінің көркемдік идеяны айқындауда тың құбылыстарды таңдауға 
құлаш ұрандығының дәлелі. Автордың романға тосын оқиғаны таңдауы 
қуантады. Ол – Астанада адасып, әке-шешесінен көз жазып қалған – 
Бағила. Көркемдік шиеленістің өзі Бағиласын іздеп сарылған әке – 
Ертайдың басындағы халімен жақсы шешімін тауып отырған. Біз 
автордың идеясын кейіпкерлер мен оқиғалар арасындағы байланыс 
арқылы байқаймыз. Мәселен жағымды кейіпкерлер қатарына жататын 
Ертай Тогтох Бағила Емей Буянжав шешей Минчин қарттардың жаңа 
қоғам жасаудағы жасампаздығы, Малтабар Зейнеп Ринчин сияқты бұл 
жолға оралғы болған арамшөптердің тамырына балта шабу идеясы 
айқын аңғарылады. Жасампаз өмір құруға шын ниеттерімен сенген 
еңбекші қауымның келешекке деген үміті әрбір жақсы жаңалықтар 
арқылы ақталғандай. Сондықтан да жұмысшы табының еселі еңбек 


294 
етуде зор табыстарға қол жеткізетіні нанымды. Тіпті ат өртеңнің автор 
өртеңмен ауыстырылуы аймақ өміріндегі ірі жаңалық. Мұнда Ертай 
Малтабар ағасы мен Зейнеп жеңгесінің соққысын көтере беретін көнбіс 
қарасирақ қалпында емес, есейген, егделеген шағында оралады. 
Есейіп егделеп қана қоймайды саяси жағынан да, адамгершілік 
тұрғысынан да тұлғаланып өсіп келеді. Жан жары Нұрғайыптан 
айырылғанымен 
талай 
жылғы 
сағынышы 
болған 
Бағиласын 
жолықтырып масайрай келеді. 
Ал “Жоғалған қыздағы” кейіпкерлердің толғанысын ішкі ой-
иірімдерін автор сезім арпалыстары арқылы беруге талпынған. Жеке 
кейіпкерлер психологиясын да бас характерлер психологиясын да 
талдай жазу Баянөлгейлік қаламгерлердің шығармаларында кездеседі. 
Бұл олардың көркемдік идеялық ізденісіндегі жетістіктері еді. 
Шығармаға қажетті жетекші идея кейіпкерлердің шынайы характерлері 
мен типтік жағдайларының сырын ашуға керекті тартыстар ұтымды 
детальдар өмірден алынады. Көркем шығармада шынайы көріністерсіз 
харакетсіз тартымды штрихтарсыз адам образын жасауға болмайды. 
Әдетте әдеби тип белгілі бір ортадағы бір топ адамның басындағы 
қасиеттерді бір адамның басына жинақтау деп ұғылады. Әдеби типтегі 
кейіпкердің өмірдегі моделін өзгерте құбылта-құлпырта келгенде 
суреткердің шығармасындағы әр кейіпкердің болмыс-бітімінде бір 
адамның емес көптеген адамның сыр-сипаты жатады. “Жоғалған қыз” 
романындағы кейіпкерлердің бойындағы әдеби типке қатысты осы бір 
қасиеттер айқын көрініс тапқан. 
Романның өн бойынан әлеуметтік мазмұнды табу қиынға 
соқпайды. Шығарманың басты идеясы да жұмысшы табының 
қалыптасуы сол кездегі қоғамдық-әлеуметтік жағдайды қамтуға саяды. 
Замана лебі жаңалыққа ұмтылушылар мақсатына қарсы тұрған күштер 
түрлі әлеуметтік топтар мен типтер әрекеті жан-жақты суреттеледі. 
Көркем мазмұнында әлеуметтік қайшылық басты орынға ие болады. 
Өйткені жаңаны жасаушы мен оған қарсы күштер арасында бітіспес 
идеялық 
күрес 
жатады. 
Сонымен 
роман 
қарапайым 
еңбек 
адамдарының шынайы бақытын, жаңа қоғамның қолайлы көріністерін 
суреттеумен аяқталады. 
Жолдастар 
І.Жансүгіров 
Қазақ тілінің лексикалық байлығын терең игеру, сатиралық 
күлкілі жігіттерді көре білу, адам мінездерін ашатын реалистік 
диалогтарға икемділік секілді ерекшеліктер Ілиястың прозалық 


295 
шығармаларының, әсіресе оның “Жол аузында”, “Құқ” кітаптарына 
енген әңгіме, фельетондарының басты қасиеттері. Қазақ аулындағы 
әлеуметтік-таптық өзгерістерді, жаңа психологияны, өндіріс, мәдениет, 
техникаға бой ұрған адамдарды бейнелеу талабындағы әңгімелер, 
нақты-нақты деректерге сүйеніп жазылған репортаж, очерктер 
тәжірибесі арқылы өскен қаламгер халық өмірінің кең панорамасын 
жасауды мақсат еткен қалың оқиғалы, қою тартысты, көп кейіпкерлі 
“Жолдастар” романын тудырды. Шаһар тіршілігі, қала тынысы, он 
алтыншы жылғы аласапырандағы қазақ жігіттерінің қасіретті азабы, 
жұмысшылар ортасы, кемешілер әрекеті, оқыс, шырғалаң, қызықты 
сюжеттерді ала отырып, жазушы бостандық, теңдік азаттық үшін 
күрескен халық өкілдерінің сан алуан образдарын жасау арқылы өмір 
шындығын айтпақ болған. Сатан, Мәмбет, Мардан секілді жігіттер 
тағдыр талқысына түсіп, қорлық көріп, тапталса да мойымайды, 
қайралған қанжар іспеттес қайта жарқырап күреске түседі, әуелі 
барымта, ұрлықпен жуандардан өш алса, кейін әлеуметтік жағдайды, 
таптық тартысты түсініп, саяси айқасқа шығатын деңгейге көтеріледі. 
Әрине, романдағы көптеген персонаждарды тұлға дәрежесіне көтерліді 
деп айту қиын. Қазақтың ауызекі әңгіме айту дәстүріндегі шеберлікті 
еркін игерген Ілияс жеке бөлімдердің байланысы, композициялық 
тұтастық, типтендіру принциптеріне келгенде европалық үлгілерді 
терең меңгермегендігін, проза саласындағы, әсіресе роман жазуда 
тәжірибесіздігін аңғартып қояды. Табиғат суреттері, адам портреттері, 
мінез қалыптарын ашуда жазушы реалистік биікке көтерілді. Юморлық, 
сатиралық кейіпкерлерде көркемдік қуат бар. Жазушының суреткерлік 
қуаты барымта, жұт сценаларын, билер дауы, молдалар айтысын, 
жұмысшылар ортасын бейнелеуден жақсы көрінеді. Бір мысал. 
“Жан-жақты қап-қара түтін басты. Түтін астындағы қараған, 
тобылғы, боркөздердің бадалы патырлап жанып, аспанға лаулады. Күн 
шілдесі жаздай қақтап, шақпақтың қуындай тұтанғалы тұрған қуқыл 
бетеге аз ғана желдің лебімен отты жан-жаққа әлдеқашан алып 
кетіпті. Қаулаған өрт, заулаған от көптен жауын тамбаған қу далаға 
ойнақты салып берді. Қарағандар бытырлап, тобылғылар шытырлап, 
шөптер от шалғысына шабылып, жылан-шаян шырылдап, бақа-қоңыз 
құрылдап, тау-тасты өрт алды”. 
Стихиялы күш, тілсіз жау қаптаған өртті жазушы осылайша 
динамикалық қалыпта, жаны бар, ертегінің жалмауызы, аяу білмес 
қаһарлы дүлей ретінде бейнелейді. 
Романның деректі негізін, өмірлік материалын Ілияс зерттеп, 
жинақтап, іріктеп алған, қаламгерлік қиялмен өзгерткен, сұрыптаған, 
дегенмен Мұқаметқали Тәтімов, Көлбай Төгісов секілді тарихи 
адамдардың тағдырымен Мәмбет, Сүбай бейнелерінің ұқсастығын көру 
қиынға соқпайды. 


296 
“Жолдастар” – қазақ әдебиетіндегі әлеуметтік-психологиялық 
роман жазу барысындағы алғашқы сәтті тәжірибелердің бірі, өмірлік 
мазмұны терең, эстетикалық әсері күшті сапалы шығарма. 
Жібек жолы 
Д.Досжан 
Дүкенбай 
Досжан 
(09.09.1942) 
– 
жазушы, 
Мемлекеттік 
сыйлықтың (1996), Әуезов атындағы Ұлттық сыйлықтың лауреаты 
(1987). 
Алғашқы өлеңі 15 жасында жарық көрді. Содан бері 8 роман, 18 
хикаят, 100-дің үстінде әңгіме жазды. Күн сайын қаламға жүгіну 
мінезіне, сөзбен сурет салу кәсіби шеберлігіне айналған. Д.Досжан 
“Отырар”, “Фараби”, “Жібек жолы” шығармалары арқылы “тарихи 
тақырыптың пионері” (М.Шаханов) аталды. Ұлттық қауіпсіздік 
комитетінің алпыс жылдай жабулы архивіне алғаш енген Дүкенбай 
Досжан нәтижесінде сот құжаттары желісімен “Абақты” (1992) және 
желтоқсан қырғынының қанды ізімен “Алаң” (1993) дерекнама 
кітаптарын жазды. 
Зерттеушілер Д.Досжан шығармашылығын үш салаға бөліп 
талдап жүр. Бірінші: көне ғасыр қойнауынан ер түрік аруағын көтерген 
60-шы жылдар басындағы тарихи кітаптары. Бұған “Жібек жолы”, 
“Отырар”, “Фараби” шығармалары жатады. Екінші: бодандық бұғау мен 
шенеуніктер езгісі зардабынан мінез экологиясына ұшыраған өмірі зая 
ұрпақтар образдарының галереясы “Зауал”, “Дария”, “Табалдырығыңа 
табын”, “Жолбарыстың сүрлеуі”, “Кісі ақысы” кітабынан табылады. 
Үшінші: ғажайып адамдар өмірін көркем тілмен сөйлеткен сериялар 
тобына “Мұхтар жолы” (1988), “Абай айнасы” (1994), “Алыптың азабы” 
(1997) атты кітаптары енеді. Дүкенбай Досжан дүниесі суретпен, 
ешкімге ұқсамас өзіндік бояу-белгімен көреді; оқиғаны ой ағыны, 
кейіпкердің жан толғанысы, сезім шырғалаңы арқылы суреттеуге 
машық. 
Әдебиетшілердің әр жылдарда жазушыға қаратып айтқан: “Қазақ 
әдебиетінің шежіреші Бальзагі” , “адам жанының қилы қатпарына еркін 
бойлап бара алатын, көзіне шалынған түймедейден түйедей ой түюге 
кәнігі автор бір шығармадар келесі шығармаға үнемі баспалдақтап 
өсумен келеді”, “архивпен жұмыс істеуге, ғажайып адамдар ғұмырын 
зерттеуге 
көз 
майын 
сарқып, 
сұқ 
саусағы 
сүйелденген 
ізденімпаздығына тәнтіміз” деген пікірлері кітапсүйер қауымға кеңінен 
мәлім. 
Д.Досжан 1974 жылы “Трудный шаг” кітабы үшін “Молодая 
гвардия” баспасының “осы заманғы жақсы роман” сыйлығын иеленді. 


297 
1988 жылы Украинаның “Днепро” баспасының “Жібек жолы” романы 
үшін “тарихи тақырыптағы жақсы кітап” сыйлығын алды. Суреткердің 
есімі АҚШ-тың “Әдебиет және өнер адамдары” энциклопедиясының 2-
ші томына, қазақ энциклопедиясының (бірінші басылымы) 4-ші томына, 
Абай энциклопедиясына енген. 
“Екі дүние есігі” – Юнеско құзырына іліккен Түркістан қаласының 
тарихын, сондағы Қожа Ахмет Ясауи ғимаратының салыну жай-
жапсарын мейлінше мол қамтыған тұңғыш дерекнама. Бес ғасыр 
көлемінде сәулет ғажайыбы туралы қалам тербеген Шереф ед-Дин әл-
Әзди, Ғийасаддин Әлиден бастап Диваев, Марғұланға дейінгі 
жиырмадай автордың еңбектері салыстырыла сөйленеді. Ғимараттың 
біздің заманға тозбай жетуін межелеп қалдырған Әмір Темірдің “Иелік 
қағазы” толымды зерттеледі. 
Д.Досжан аса бай архивтің иесі. Абай, Әуезов, Есенберлин 
туралы 
ғұмырнамалық 
шығармаларын 
жазған 
кезінде 
бұрын 
зерттеушілер назарына ілікпеген, баспа бетін көрмеген Омбы, Қазан, 
Ташкент архивтерінің қызықты, ауқымды деректері алғаш рет 
пайдаланылды. Мұның үстіне Сағынай би, Тұрмағамбет Ізтілеуұлы, 
Науан хазірет, Паң Нұрмағамбет секілді тұлғалардың соңында қалған 
қолжазба 
шежірелері 
– 
алтын 
қазынасына 
парапар. 
Әйгілі 
қаламдастардың өзіне тіреп жазған хаттары сақталған. Бес жүзге жуық 
замандастарының мінез қыры, тағдыр талайы түсірілген картотека 
жинақталған. 
АҚШ-тың Герберт Гувер архив қоры, Ясная Полянадағы Толстой 
мұрағаттар иесі, шетел баспагерлері, әдебиетшілерімен үзбей хат 
жазысып тұрады. 
Президентіміз Н.Назарбаев 1996 жылы 30 желтоқсанда Қазақстан 
Мемлекеттік сыйлығын тапсырып тұріп: “Әдебиетке және өнерге өз 
үлесін мол қосып, кәсіби, қоғамдық деңгейде көпшілікті мойындатып 
қана қоймай, шет елге де есімі танылған таланттар, яғни табиғи 
дарынымен 
қоса 
жоғары 
кәсіби 
табыстарға 
жетіп 
үлгерген 
композиторлар, жазушылар, әртістер – қоғамымыздың асыл байлығы” 
(“Егемен Қазақстан” , 1996 жыл 31 желтоқсан) деп атап көрсеткен 
мәртебелі тізімде Д.Досжанның есімі болды. Суреткер әлденеше 
марапаттың иегері. 
Кітап Палатасының мәліметі бойынша Д.Досжан кітаптары осы 
күнге дейін 3 миллион 3 жүз мың таралыммен басылған, әлемнің 19 
тілінде жеке жинақтары шыққан. 2 томдық таңдамалы шығармалары 
О.Сүлейменовтің алғысөзімен “Жазушы” баспасынан 1990 жылы жарық 
көрді. 
Дүкенбай Досжан өзінің тарихи “Жібек жолы” романына 
шығармашылық үлкен ізденістер арқылы қиын әрі ұзақ жолмен жетті. 
Мұның басты себебі қаламгер бала кезінен қираған қала орнын 


298 
жалаңаяқ кезіп, сол топырақтың ыстығы мен суығын жастайынан 
сезініп өсті, өлмейтін аңыз ертегілерін санасына мол сіңірді. Көне 
кітаптар куәлік бергеніндей, батысында Дунайға дейін, шығысында 
Балқаш көліне дейін, Қырымнан Еділдегі Бұлғарға дейін созылған кең 
алапты иеленген Дешті Қыпшақ ұлысы, оның гүлденуі мен құлдырауы 
жазушыны қаламгерлік жолайрықта әлдеқашан толғантқаны мәлім. 
“Фараби”, “Отырар” (1965) хикаяттары, “Құм жұтқан қалалар” (1967) 
атты кітапқа топтасқан тарихи очерктер тізбегі жазылды, автор 
бұларға іштей қанағттанбады, көне шежіре сүрлеуіне қолына шам 
алып түсті, архивтерді сүзді, 60-шы жылдар басындағы Отырар, 
Сығанақ қалаларының қазба жұмыстарына белсене қатынасты, 
байырғы қыпшақ қалаларының құлаған қорғандарын ерсілі-қарсылы 
аралап өтті, көнекөз қариялармен жүздесіп, аңыз бен әңгімелерді 
жазып алды. Деректі дүниелерді молынан жинақтап алғаннан кейін, 
бәр-бәрін ойша топшылаған ол өзінің шығармашылық ғұмырындағы ең 
негізгі кітаптарының бірін жазуға отырды да – оған он жыл тер төгіп 
еңбектенді. 
“Жібек жолы” романын шындығында шартты түрде ғана тарихи 
шығарма деп атаған болар едік. Өйткені негізгі екі-үш кейіпкерден 
басқасы автордың қиялынан туған, әрі роман сұлбасы көбіне ойдан
шығарылған қияли – философиялық желіге құрылған. Романның тұтас 
бітім-болмысы ұлтымыздың тарихи трагедиясының, дәлірек айтқанда 
қазіргі қазақтардың тағдыр көлеңкесіне айналған қайғысы - өмірі 
бітпейтін билік таласы, ру, жер дауы, жесір дауы, тағысын тағылар деп 
есептейтін авторлық тұжырымға табан тіреген. 
Оқырманның көз алдына алғашқы беттен-ақ қыпшақтың шалқар 
даласындай кең көрініс, кезеңді оқиға ашылады. Таңғы намазға 
шақырған азаншының үніне ұйыған Отырар қаласы. Алтын мен
жібекее малынған хан сарайында жас ақын Хисамеддин Отырардың 
әкімі Иланшы Қадырханға ширатпа шежіредегі шабытты жырларды 
дестелей оқиды. Жібек жолмен шығыстан батысқа, батыстан шығысқа 
үзбей шұбап жатқан көпестердің, кезбелердің, елшілердің, жансыздар 
мен шабарманның тізбегі үзіліп бітер емес. Құт-береке дарыған өңірді 
өңдеп жатқан еңбекқор диқан. Інжу жағасында саз балшықты илеп, 
ғаламат берік қыш құйып оны отқа өртеп жатқан сунақтар, есімі 
беймағлұм сәулетші уақытқа бас имейтін, күнге күймейтін, желге 
мүжілмейтін ғажайып кесенелер мен сарайларды қыштан қалап 
тұрғызумен әуре. 
Жасыл белес көсегенің баурайында әскери жаттығу жасап 
жатқан батырлар, Әл-Фарабидің тастан соғылған кітапханасында шау 
тартқан шежіреші қарт Әнет баба даусы күңгірлей естіліп, жер жүзінің 
шартарабынан жиналған кітап пен шежірелер тізілген ширатпа 


299 
қолжазбаны күңірене оқиды. Дана билеушінің айрықша мақтанып, 
қызғыштай қоритыны да осы қолжазбалар еді. 
Мәңгі мазасыз, ұлаңғайыр әлемде тыныштық орнады. Бірақ, бұл 
алдамшы тыныштық, қасіретке толы зар заман алда. Бір-біріне деген 
адалдығымен тыныш өмірді сақтайтындарына ант-су ішіп, хан 
ордасында Отырар әмірінің оң көзі Исмаил ғалым шығыс қағанының 
елшісімен төс қағыстырады, бірақ осы кезде Атрабат даласында 
қапталы қанға бөккен, ердің алдыңғы қасына қос дабыл іліп бос қоя 
берген иесіз аттың қаңғып келе жатқаны аза бойыңды қаза 
тұрғызғандай. 
Айдалада 
арындаған 
сәйгүлік 
жаманшылық
хабаршысындай, халық қасіретінің символындай елес береді. 
Базарлап қайнап, Отырар, Сығанақ, Тараз, Испиджаб шаһарлары 
алуан тілде сөйлеген у-дудан жаңғырып тұрғанда соғыстың зұлым 
рухы – Тәңірі жіберген Сүлде осы өңірде айналшықтап жүргендей. Аса 
мол маңғол қолының табанына тапталған Керулен даласы дүрлігіп 
жатты, сұрапыл жойқын ұрыстардан, жекпе-жек шайқастан аспан асты 
жаңғырықты: алтын шатырда отырған мысық мұрт, қабылан көз
жиһангер: “Мен – шығыстың жаналғышымын!.. әлемнің әміршісімін!” 
деп гүр-гүр етеді. 
Роман оқиғасы өрбитін әуелгі желі осындай. Қыпшақ өркениетін 
күйреткен қайғылы хал әрі қарай жалғаса түседі.
“Жібек жолдың” беттерінде ежелден адам баласына тән күйініш-
сүйініш сезім құбылыстары барща әсерімен көрінеді, мұнда тарихта 
болғаны, жазушы қиялынан туғаны бар: отыздай кейіпкер қатысса да, 
автор сол трагедиялық зұлмат кезіндегі халық тағдырын жіті 
қадағалап, сол кезеңдегі қоғами-әлеуметтік және тұрмыстық салт-
сананы кең тыныспен қамти көрсетеді. 
Жазушы оқырманды қыпшақтардың тұрмыс-тіршілігімен, әдет-
ғұрып, ырым-жорасымен, өнерімен және кәсібімен ерінбей егжей-
тегжейлі таныстырады; автор бірде тұтқын қыздардың тұрағы жер 
асты құжыраларына жіпсіз жетелеп алып кетсе, біресе бейнеті мол
шетсіз-шексіз керуен жолымен сапар шеккізеді, енді бірде Үргеніште 
азғындай бастаған, байлықтан тасқан хандар мен бекзадалар халық 
тағдырын ойыншық етіп, ауыр тұрмыстан жапа шеккен бейшараларды 
мәңгі езгіге салып қою үшін зекет салықтың жаңа түрлерін ойлау 
тауып жатқан мемлекеттік кеңес – Дуан-арыз мәжілісінің куәсі болсаң; 
енді бірде өңкей жалған сөйлейтін жатжерлік жәдігөй елшілерді 
Отырар әкімінің қабылдағанына қайран қаламыз. Дарға асу, азаптау 
көріністерінен жанымыз түршіксе, ел еркелері: сыпа, сал, сері, 
масқарапаз, қомағайлардың іс-әрекеттеріне іштей риза болып, езу 
тартасыз; жауырынға қарап көріпкелдік болжам айтатын Жалаңаштың 
бейшаралағына, Бауыршық сұлтанның опасыздығына зығырданымыз 
қайнаса; сарбаз әйел Баршынның кіршіксіз махаббаты, көріпкел 


300 
Ғаббастың даналығы, қыпшақ әміршісі Иланшы Қадырханның өз елінің 
қамын жеген парасатты көрегендігі, қайсарлығы және рухани күш-
жігері оқырманды тебіренте түсері анық. 
Осыншама қыруар тарихи оқиғалар іріктеліп, сұрыпталып, үлкен 
нысанаға келісті көркем тұжырымға бағындырылған, сондықтан да, 
А.В.Луначарский: “бір жерге үйе салған болымыс тозаңы” тәрізді әсер 
қалдырмайды. М.Горький: “Өз бабаларын білген ұрпақ – жақсы 
қаруланған ұрпақ” дегендей “Жібек жолы” романының танымдық және 
тәрбиелік маңызы: өткенді айта отырып бүгінгіге өнегелі сөз жеткізу 
болмақшы. 
Жатжерлік басқыншылармен ұзақ уақыт беріспей шайқасқан 
Отырар шаһарының қасіретті тағдыры романның негізгі желісі дедік. 
Автор Отырар мен оның мәдениетінің құрып кеткен себебі тек 
қана Шыңғысхан түмендерінің шапқыншылығы демейді: бұл ойды 
тереңдете түсіп, оның түп себебі халықтың басы бірікпеуі, ел басында 
отырған адамдардың азғындығы, өз бастарынан артылмауы, биік 
мұраттарды мансұқ етушілік дегенге көзімізді жеткізеді. Романист 
мынадай айдай ақиқатты есімізге салып отыр: бейбіт, жасампаз өмірге 
тек мейірбаншылықпен, тату-тәтті көршілік қатынаспен, туған жерге 
деген махаббатпен, адал еңбекпен ғана қол жеткізуге болады дегенді 
шегелейді. 
Романдағы көптеген кейіпкерлерді Дүкенбай Досжан кесек 
қалпында, жанды бейне түрінде бере алған. Тарихи қазбагерлік, тілдік, 
этнографиялық экскурстар, суреттемелер, түйіндер нанымды әрі 
дәлелді көрінеді. Бұл жөнінде жазған тарихшы әдебиетшілер, 
сыншылар өз кезінде (А.Машанов, Б.Әлімжанов, Т.Тоқбергенов, 
К.Сыздықов, тағы басқалар) “Жібек жолы” романының көркемдік 
құндылығын бірауыздан мойындаған еді. 
Роман композициялық жағынан мүлде жаңаша: аңыздар мен 
әуездер “түйін” деп аталған және олар шебер тілді авторлық ой 
ағынымен берілген; қираған Отырарды, сорабы жоғалып кеткен Жібек 
жолын жан-тәнімен тебірене жоқтаған лирикалық-философиялық ой 
ағыны ғажайып бір жасыл әлемге енгендей әсер қалдыратыны анық. 
Мұның үстіне сол заманның тыныс-тіршілігін қаз-қалпында көзге 
елестету үшін автор тосын, соны сөздер ойлап табады. Мысалға, 
хансарайдың әшекейлі еденіне өрген “мозайканы” – зертас, қыш 
құйып, оны отқа өртеушілерді – қышкер, барабанның ірі түрін – дабыл, 
кешегі өткен асыл сүйекті бабалардың кісілік қалпын бас-басына 
суреттей келіп – сал, сері, сыпа, софы машайық дегендерді көзге 
елестетердей жеке дара мінездеме беріп толымды суреттейді. 
Тегінде жазушының оң жамбасына келіп, ғажайып бояумен 
шыншыл суреттейтін көркемдік әлемі – тарихи тақырып. “Жібек жолы” 
– таза тарихи тақырыпқа тұңғыш түскен – пионері деуге әбден келеді. 


301 
Бүгінгі таңда дүниеге есімі мәшһүр көптеген қазақ қаламгерлері 
өздерін толғандырған тарихи тақырыпты Д.Досжаннан көп кейін 
бастағаны мәлім. Түптеп келгенде мәселе шығарманы кімнің қашан 
бастағаны, қалай аяқтағаны да болмас, бар гәп сол келелі тақырыпта 
қандай көркем тәсіл, қандай сөздік құрал, бояу-белгілермен бере 
білгендігі басты нысана болмақ. Бұл ретте қазақ прозасында “Жібек 
жолы” романының өзіндік ойып алар орны ерекше демекпіз. 
Жігер 
Н.Ғабдуллин 
1927 жылы 26 желтоқсанда бұрынғы Көкшетау облысы, Рузаев 
ауданы, Шұқыркөл ауылында дүниеге келген. Жазушы, әдебиет 
зерттеушісі. 1964 жылы “Ғабит Мүсірепов драматургиясы” атты 
тақырыпта кандидаттық диссертация, 1973 жылы “Қазіргі қазақ 
әдебиетінде жаңа адамды бейнелеу проблемалары” атты докторлық 
диссертация қорғады. 1975 жылдан бастап профессор. 1950 жылы 
Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірген. 1950-1962 
жылдар арасында “Лениншіл жас” (қазіргі “Жас Алаш”) газетінде, 
“Қазақ әдебиеті” газетінде жұмыс істеді, “Жұлдыз” журналында бөлім 
меңгерушісі болды. 1962-1963 жылдары Алматы шет тілдері 
институтында аға оқытушы болып жұмыс атқарды. 1964-1970 жылдары 
“Қазақ әдебиеті” газеті бас редакторының орынбасары, бар редакторы 
болды. 1969 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Алматы мемлекеттік 
университетінде қызмет атқарады. 
1949 жылы “Социалистік Қазақстан” (қазіргі “Егемен Қазақстан”) 
газетінде 
“Алтын 
жұлдызды 
студент” 
атты 
алғашқы 
очеркі 
жарияланды. Нығмен Ғабдуллиннің “Менің достарым” (1951), “Жаңа 
таныстар” (1955), “Құрбылар” (1956), “Гүл” (1959), “Қызыл дәурен” 
(1965), “Өмір қымбатсың маған” (1966), “Сарғайған жапырақ” (1970), 
“Кейінгі толқын” (1976), “Өмірдің бұралаң жолдары” (1987), “Махаббат 
жыры” (1997) әңгіме, повестер жинақтары жарияланды. 1983 жылы 
Отан соғысы кезіндегі ауыл өмірі, қарапайым еңбек адамдарының 
еңбегі, биік адамгершілік қасиеттер суреттелген. “Жігер” романы қазақ 
интеллигенциясының жаңа сипатты жаңа өкілін суреттейтін “Біздің 
жігіт” романы 1990 жарыққа шықты. Э.Хемингуэйдің “Шал мен теңіз”, 
М.Шагинянның “Ульяновтар семьясы”, В.Быковтың “Альпі аңызы”, 
“Атар таңға аман жетсе” повестерін, Г.Марковтың “Жер құны” романын 
т.б. қазақ тіліне аударды. Өзінің жекелеген әңгімелері орыс, өзбек, 
тәжік, армян тілдеріне аударылды. Әдеби зерттеу ісімен де айналысып, 
көптеген әдеби сын мақалалар мен “Ғабит Мүсірепов – драматург” 
(1982), “Уақыт тынысы” (1981), “Замандас келбеті” (1972), “Шығарма 


302 
арнауы – шындық” (1968) сын-зерттеу, монографиялық еңбектердің 
авторы. 
Романдағы оқиға желісі: ауыл ақсақалы Жақып деген кісінің үш 
ұлы болады. 1941 жылы Жақып ақсақалдың екі ұлы қатарынан әскерге 
шақырылады да, кенже ұлы – он үш жасар Хайдар үйде әке-шешеге 
бас көз боп қалады. 
Үлкен ұлы Мәжен – ертерек үйленген, әйелі Сәруәр – мінезі 
биязы, көп сөйлемейтін, орынсыз күлмейтін, әзіл оспаққа үйірлігі жоқ, 
жиырма алтыдағы сауыншы келіншек. Қолынан келмейтіні жоқ, киімді 
өзі пішіп, тіге біледі. Екеуінің бір ұлы бар, ол – бес жасар Сәлім. Екінші 
ұлы Сейтақ үйленгеніне бір ай болғаннан кейін майданға аттанған, 
келіншегі жиырмаға жаңа толған Мәуия – сүйкімді, келбетті, мінезі 
ашық әрі жайдары, өжет, пысық, айтқанынан қайтпайтын, беттегінен 
таймайтын қайсар. Сұңғақтау келген дене бітімі бар, сөйлеген кезінде 
екі бетінің ұшына сәл қызғылт бояу тарайтын, көзі күлімсіреген, 
бойында үйлесімді нәзіктік бар. Романдағы оқиға Жақып ақсақалдың 
үйіндегі ортаншы келіні Мәуияның босанып, шілдехана жасап жатқан 
жерінен басталады. Нәрестенің әкесі Сейтақтың елге аман-есен 
оралуын тілеп, сәбидің есімін Аманжол қояды. Бірақ қуаныш ұзаққа 
бармайды, келесі күні Сеқтақтың кескілескен ұрыста ерлікпен қаза 
тапқанын жазған жолдастарынан хат келеді. Одан кейінгі оқиға шегініс 
арқылы беріліп, Мәуия мен Сейтақтың алғаш қалай кездескені, бір-
біріне деген сезімін қалай жеткізгені баяндалады. Кейін Жақып ақсақал 
Мәуияның ата-анасымен сөйлесіп, құда түсіп қайтады да, артынша 
бірнеше күннен кейін Мәуия келін болып түседі. Соғыс басталған жылы 
екеуі де шөп жинау жұмысында жүреді. Сейтақ – сырмашы, Мәуия 
сырма сүйрейтін өгіздерді жетелейтін. Соғыс туралы суық хабарды 
бригадир Қабен жеткізеді. Бір аптадан кейін әскерге шақыру қағазын 
Сейтақ та алады. Ауыл жігіттерімен бірге майданға аттанады. Сейтақ 
әскери жаттығуда жүргенде, өздерінің К. Қаласына келіп тоқтағанын, 
бұл жерде екі аптадай болатынын ескертіп хат жазады.
Мәуия жарын көріп қайтуға ата-енесінен рұқсат сұрап, қайнысы 
Хайдар екеуі қалаға келсе, Сейтақ үш күн бұрын майданға аттанып 
кетеді, бірақ аз уақыт ішінде араласып, туыстай болып кеткен 
Сейтақтың досы Жәнібекке жолығады. Жәнібек балалар үйінде 
тәрбиеленген, 
жаттығуда 
жүргенде 
соқыр 
ішекпен 
ауырып, 
госпитальға түсіп, өз тобынан қалып қойған жауынгер. Ол Мәуияларға 
үй тауып беріп, көмек көрсетеді. 
Ауылдың шетіндегі көк қоңылтыр шатырлы үйде тұратын 
Жағыпар деген кісі Мәуияға сыртынан ынтық. Ол колхоз қоймасының 
бастығы, қалтасында бір уыс кілт жүреді. Әйелі Қатшамен туған 
нағашысының ұлы үйленіп, соған барғанда танысып, отау тіккен. 
Сұңғақ бойлы, аққұбаша келген Қатша оған ұнап, бір-екі кездесуден 


303 
кейін үйленіп алған. Бірақ бұлардың отбасылық өмірі жарасымды 
қалыптаспады. Алғашқы айдан-ақ ол Қатшаның басынан үлкен мін 
тауып, Қатшаға үйленгеніне өкіне бастаған. Әйелінің көзі қыли екен, 
кезінде байқамаған. Қатша көзінің қылилығын байқатпау үшін, кісімен 
сөйлескенде басын бір жағына қарай қисайтып бұра береді. Екеуінің 
арасындағы салқындық ұлғайа берді, әрі үйленгендеріне жылдан асса 
да балалары болмады. Жағыпардың ойында “Қазір еркектің қадірі 
артып тұрған уақыт емес пе, басы бос қыз да көп, қатын да көп. 
Біреуіне сөз салсам жабыса кетпей ме етегіме... Таңдап тұрып 
алмаймын ба марқасқасын!”. Оның ойында Мәуия. Шіркін, Мәуияға 
қолым жетсе... 
“Айнакөл” колхозы деп аталатын бұл ауылда жүз қаралы үй бар. 
Ауылдың іргесінде дөп-дөңгелек үлкен шар айна секілді көл бар. 1929 
жылы жаңа ұжымдасқан колхоз осы көлдің шығыс жағынан қоныс 
салып, аты осы көлдің атымен аталады. Колхоз бригадирі Қабен 
әскери комиссариатқа барып келе салысымен колхоз жиылысын 
шақырып, өзінің әскерге кететінін хабарлап, орнына адам сайлауын 
колхозшылардан сұрайды. Колхозшылар Қабеннің өзіне сеніп, кімнің 
қолынан не келетінін өзің жақсы білесің, сол адамды өзің ата, біз 
қарсылық етпейміз дейді. Қабен көп ойланып отырып, бригадирлікке 
Мәуияның лайық екенін айтады. Келесі күні өзі майданға аттанып 
кетеді де, жұмыс тізгініне Мәуия ие болып қалады. 
Мәуия көктемгі егіс, шөп шабу, егін орағы сияқты негізгі 
жұмыстар мен шаруашылықтағы қосалқы жұмыстардың барлығын 
игеріп әкетеді, колхозшыларға рет-ретімен жұмыстар бөліп берді. 
Даладағы жұмысқа шыққысы келмейтін Мәуияның нағашы апасы 
........болды. Ол туыстығын бұлдап, әрі үш балалы әйелмін, осындай 
суықта далаға көшіп баратын жағдайым жоқ дейді, оған Мәуия, елдің 
басындағы жағдайдың қиын екенін айтып, егер жұмысқа шықпаса, 
туыстығына 
қарамай, 
жаза 
қолданатынын 
айтады. 
Осындай 
бригадирдің ауыр жұмысын атқарып, үйдегі оны-мұны шаруаларды 
реттеп, күнде кеш жатып, ерте оянады. Сондай күндердің бірінде, 
түнде терезе тырсылынан оянып кетеді. Терезеге барса әскери шинель 
киген, иығына асқан жол қапшығы бар әскери адамды көреді. Ол: 
“Сейтақтың үйі осы ма?” – деп сұрайды. Дауыс таныс секілді, есікті 
ашса баяғы Мәуия мен Хайдардың Сейтаққа жолығамыз деп К. 
Қаласына арнап барған сапарында екеуіне Сейтақтың жөнін айтқан 
Жәнібек екен. Жәнібек Сейтақтан қара қағаз келгенін білмейді, оған 
Жақып ақсақал естіртеді. Жәнібек ол үйде көп тұра алмайды да, ауыл 
шетінде тұратын жалғыз үйлі украин шалы Корней қарттың үйіне 
орналасады.
Мәуия қос басында жүргенде Маржанкүлдің кішкентай қызына 
суық тиіп ауырып қалады, Мәуия өзі мініп жүрген атын беріп, дәрігерге 


304 
жіберіп, ауруханаға жатуына көмектеседі. Өзі үйіне кеш жетіп келе 
жатып, баласын ойлады, аяғын тәй-тәй басып қашан жүреді, “тез өсші, 
тез ер жетші” деп ойланып келе жатқанда, жолдың жиегінен қараңдап 
қозғалған біреудің тұлғасын көреді, сөйтсе Жағыпар екен. Ол Мәуияға 
деген көңілін білдіреді. Мәуия оны атымен қаға, жауап бермей өте 
шығады. Мәуияның жауап бермегеніне дәмелі болып қалған Жағыпар 
түнде Мәуияның үйіне келеді, Мәуияның терезесінің шам жарығының 
өшуін күтеді, келіншектің өзімен кездесуге сыртқа шығады деп 
ойлайды. Тағаты таусылған ол үйдің терезесіне қарай жақындай 
бергенде, оң жақ бұрыштан ит ырылдап жібермейді. Ертесіне балалар 
ши түбінде өліп жатқан қара төбетті көреді.
Жәнібек пен Корней шалдың арасындағы қарым-қатынас 
достыққа, туыстыққа ұласады. Жәнібек колхоз бастығы Таутанға 
барып, өзіне жұмыс беруін сұрайды. Таутан оны өзіне орынбасар етіп 
алады. Жағыпар Таутанды қонаққа шақырып, көзіне түсіп, сол 
орыннан дәметіп жүретін. Екеуі ол Жәнібектің соңына түсіп, қаңғып 
келген жетімнің ініне су құю керек деп ойлайды, ол жай келген жоқ, 
Мәуияның соңынан келді деп тұжырымдайды, қызғаныш оты оянады. 
Мектептегі балаларды колхозға көмектесуге босатады. Хайдар 
жұмысты жақсы істейді. Ересек кісілердің орнына кеп жұмыс істеу, 
үлкендердің ауыр жүгін арқалау – жасөспірім балалардың топшысын 
ертерек қайтарумен қатар, ақыл-санасын да есейте береді. Жақып 
ақсақал оның жұмысты жақсы атқарғанына айырықша қуанады. 
Алдыңғы екі ұлы да әке абыройына дақ түсірмеген, Хайдарға көп 
алаңдайтын. Себебі бір рет педкеңеске шақырылып, ұялғаны бар. 
Ондағы кінәнің себебі: қазақ тілінен сабақ беретін мұғалім майданға 
аттанып, орнына жаңа адам келген. Ол бойы мықыр, арқасы құныс, 
кеудесі кемтар кісі. Хайдар қасында отырған балаға жазуы да өзі 
сияқты екен деп сыбырлап қалады. Ол күледі. Мұғалім ашуланады, 
анау сықылықтаған бойы сыныптан шыға жөнеледі. Екеуі қарқылдап 
күледі, оларға қосылып, бүкіл оқушы күледі. Келесі қылығы жаңағы 
мұғалімге Хайдар сықақтап өлең шығарады. Кейін мұғалім басқа 
мектепке ауысып кетеді. 
Жәнібек колхоз жұмысын жан-тәнімен атқарады. Корней 
ақсақалдың досы қайтыс болып, үйде екі жетім қызы қалады. Үлкені 
Хадиша жасық емес, бір үйді ұстап отырады. Жәнібек әкесі өлгенде бір 
пұт ұн, біраз ет бергізеді. Жағыпар оны өзіне түртіп алады. Жағыпар 
әскерден келген Мәженге өсек айтып, Жәнібектің Мәуиямен сөйлесіп 
тұрғанын жеткізіп, екеуінің арасында бірдеңе бар деп ескертеді. Сеніп 
қалған Мәжен Жәнібекке қатты-қатты сөздер айтады, Жағыпардың 
осыларды ұйымдастырып жүрген себебі, Жәнібек бір арба бидайды 
қоймадан ұрлап, үйіне апара жатқан үстінен түскенін, араға Хадиша 
түсіп, сотталып кетуден аман қалған болатын. Өмірдің жолы – 


305 
бұралаң, Жақыптың майданда жүрген үлкен ұлы Мәженнің әйелі 
Сәруар ауыл кеңесінің секретары Әубәкірден екі қабат болып қалып, 
ұл туады. Ел ол жігітті көккөз деп атаған. Жасы әлі де отызға тола 
қоймаған, бірақ ерте семірген, әскерге көзінде ақауы бар деп бармай 
қалған мақтанды сүйетін, көсемсіп сөйлейтін жігіт. Маржанкүл Мәуияға 
абысынының екіқабат адамға ұқсайтынын айтады. Мәуия сенгісі 
келмейді. Сәруар баланы түсіру үшін бірнеше амал жасайды, бірақ 
одан нәтиже болмайды, суық жаңбырлы күні шоқ ағаштың түбінде 
туып жатқан өзінің келіні Сәруарды Жақып ақсақал тауып алады. 
Сәруар өзін-өзі өлтіруге қайыңның түбіне арқан алып келген болатын, 
бірақ осы жерде туып қалады. Күйеуі Мәжен майданда қолынан 
жараланып, ол қолы илікпейтін, икемге келмейтін жағдайға жеткен соң 
әскерден босанып, үйіне келеді. Үйінде Сәруарды көреді, жылап 
көріседі, Сәруар ешнәрсе айта алмай құр жылай береді. Бір кезде 
нәрестенің жылағанын естиді. Баланы Сәруардың туғанын біліп, үйінен 
кетіп қалады да, әке-шешесімен бірге тұрып жүреді. Ұлы Сәлім әкесінің 
қасында болады, бірақ ол өзі үйіне барып, бірге тұрайық деп сұрайды. 
Мәжен үйіне бармайды. Сәруар шөп тасып жүргенде, шана аударылып, 
қайтыс болады. Мәжен өз ұлы Сәлім мен Сәруардың туып алған 
баласын асырап қалады.
Жәнібекке көңілі кеткен Хадиша, жігіттен қарсылық сөз 
естігеннен кейін Жағыпарға күйеуге шығады. Жағыпар Жәнібекке 
қарсы шығуын қоймайды. Жәнібек Мәуияға көңіл білдіреді. Бірақ Мәуия 
өзінің балалы әйел, ал оның үйленбеген жігіт екенін ескертіп, оған 
күйеуге шықпайтынын айтады. Жәнібек басқа колхозға ауысып кетеді. 


306 
З 
Заманақыр 
Қ.Сәрсекеев 
Сәрсекеев Қоғабай 1939 жылы Қостанай облысы, Амангелді 
ауданы бұрынғы Крупская атындағы кеңшарда дүниеге келген. 
Жазушы, драматург. 
1963 
жылы 
Әл-Фараби 
атындағы 
Қазақтың 
мемлекеттік 
университетін 
тәмамдаған 
соң 
“Ұлан”, 
“Егемен 
Қазақстан” 
газеттерінде, кейін “Қазақ әдебиеті” газетінде (бөлім меңгерушісі, 
жауапты хатшы) қызмет етті. 
1983-86 жылдары “Кітап жаршысы” газетінің редакторы, ал 
1986-90 жылдары “Жалын” баспасында бас редактор болды. 
1967 жылы “Кілт”, 1974 жылы “Қараша қаздар” деген атпен 
повестер мен әңгімелер жинағы жарық көрді. 1979 жылы “Шырғалаң”, 
1983 жылы “Тығырық” деген екі романы оқырман қолына тиді. 
Қаламгердің 
“Қол 
мерген”, 
“Кестелі 
орамал”, 
“Ыбырай 
Алтынсарин”, “Мұңлық-Зарлық”, “Фатима”, т.б. пьесалары республика 
театрлары сахнасында қойылған. 
Заманақыр (1-кітап) – тарихи роман. 
Жазушының халық батыры, 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың 
қаһарманы Амангелді Иманов өмірі мен күрес жолы жайлы жазылған 
“Қызыл жалау” деген көп томдық тарихи романның алғашқы кітабы 
1979 жылы “Шырғалаң” деген атпен жарық көрген. Ал екінші кітабы 
1983 жылы “Тығырық” деген атпен оқырман қолына тиді. 
Тарихи роман академик-жазушы Ғабит Мүсіреповтің алғы сөзімен 
қоса жарияланды. 
Автор кейінгі жылдары көпшілік оқырманның сұранысы мен 
пікірлеріне орай романды қайта өңдеп “Заманақыр” деген атпен 
жариялаған. 
Романға 
1880-1905 
жылдар 
аралығында 
Торғай 
даласында болған тарихи оқиғалар өзек болған. 
Роман “Жазушы” баспасынан 1990 жылы жарық көрді. 
“Ызғырық”, “Қақтығыс”, “Шер”, “Кек” деп аталатын төрт бөлімнен 
тұратын бұл романның басты қаһарманы – халық батыры, ұлт 
азаттығы үшін болған күрестің басшысы Амангелді Иманов. 
Қазақ даласы патша отарлауының құл-құрбанын болған айналған 
халықтың мекеніне айналған. Ел ішін жайлаған бақастық, әлділердің 
жасаған әділетсіз әрекеті бұқара халықтың титығына тиген. Бала 
Амангелді осындай ортада өсіп, жетіледі. 


307 
Жұттан тұралап шыққан Бегімбет руының жүдеу ауылы Торғай 
бойындағы 
Үрпекті 
бетке 
алып 
көшеді. 
Қараторғай 
болысы 
Баймұраттың шабарманы Құсбектің “Үрпекте биыл тек қана Шыли 
тұқымы қыстайды” деген болыс жарлығымен келіп, Үдербай көшін 
тоқтатпақ 
болады. 
Құсбек 
өңкей 
жандайшап, 
сойыл 
соғар 
нөкерлерімен өзіне қарсылық көрсеткен Үдербай бастаған топты 
соққыға жығып, шулатып кетуінен үлкен лаң басталады. Бала 
Амангелдінің жүрегінен орын алған осы оқиға, әкесі – Үдербайдың 
өлімі, көрген озбырлықтары кекті жолға түсуіне себепкер болады. 
Болыс жарлығын орындаушылардың бірі болған атақты қарақшы, 
сойыл соғар Қасқыртаңдай Үдербайдың өлімінен соң, жазықсыз елдің 
жапа шеккенін ұғып, өзінің өрескел ісіне өкініп, Бегімбет руынан, 
Үдербай жақындарынан кешірім сұрай келеді. Сол кезден-ақ оның 
бойында Баймұрат, Наурызбайларға деген кек, өшпенділік оянады. 
Бірақ бар кінәні Қасқыртаңдайға жауып, Үдербай өліміне себепкер 
ретінде ұстап бермекші болған болыс жуандары оны қолға түсіре 
алмағандықтан, жеңгесі жесір Бәтжанды “қайын інісін жасырды” деп 
жала жауып, абақтыға қаматады. Басын қорғап, ел кезген 
Қасқыртаңдай жеңгесінің абақтыға қамалғанынан хабарсыз еді. 
Озбырлық пен қараңғы қапастың азапты сәттерін басынан кешірген 
Бәтжан қашып шығамын деп ойыққа түсіп опат болады. Ақырында 
Қасқыртаңдай жеңгесінің кегін аламын деп, жүріп өзі де абақтыға 
түсіп тынады. Уезд начальнигі Романенко Бегімбет руынан Шотай мен 
Жұмашты болыстың жазған арызы бойынша абақтыға қаматады. 
Ағайындары Шотай мен Жұмаштың ісін анықтау мақсатымен бала 
Амангелді Өзен атасына еріп, Торғайға сапар шегеді. Осы сапар 
барысында ол қоғамды жайлаған әділетсіздікті көзімен көреді. 
Сөздеріне құлақ аспақ түгілі адам құрлы көрмей шығарып салған 
губернатор, ояз алдын торуылдаған, күнін есік күтумен өткізген 
шарасыз қараңғы халық, мұң-мұқтажын айтар жан таппай сабылған 
момын жандар – бәрі-бәрі бала Амангелдінің өзегін өртейді, 
ашындырады. Әділдік іздеген Амангелділер соңғы үмітке сүйеніп 
адвокат Омарға ат басын тірейді. Бірақ өз пайдасы үшін ғана қызмет 
ететін Омардан да қайран болмай, қажыған жолаушылар ауылға 
қайтады. 
Шығармадан қара халықты қолындағы қамырандай илеген 
ояздар ісін, оларға жағымпазданып, небір қилы қулық-сұмдықтарға 
барған болыс бейнелерін кездестіреміз. Жазықсыз жапа шеккен 
қараңғы халықтың тұрмыс-тіршілігі, наласы, дәрменсіздігі, міне, 
осының барлығы бала Амангелдіні ширатады, ерте есеюіне себепкер 
болады. 
Романда сол сияқты Ыбырай Алтынсариннің “жаңа оқуды” 
үйретер мектеп ашу жолындағы көрген қиыншылықтары, “шоқынған” 


308 
деп шошынған қажы – молдалар мен олардың қара халыққа таратқан 
қаңқу сөздері, зымияндық түрлі істері де сөз болады. Ыбырай 
Алтынсариннің үстінен түскен осындай бір арызды тексеруге келген 
комиссия 
мүшелері 
Н.И.Ильминский, 
Юзефович, 
Владимир 
Никифорович Плотников еді. Патша ұлықтарының тапсырысы 
бойынша 
комиссия 
“Орынбор 
листогында” 
жарық 
көрген 
Алтынсариннің қол қойған мақаласы негізінде іс жүргізеді. Мақалада 
халық басына түскен ауыртпалық, қазақ жеріне орыс селендерін әкеліп 
орнатпақ болған Воронецкий жасаған жобаға ашықтан ашық пікір 
айтылған. Комиссия мүшелері Ы.Алтынсариннің патша үкіметінің қазақ 
даласын отарлау, жергілікті халықтың шұрайлы жерлерін мемлекет 
меншігіне тартып алу жөніндегі заңына қарсы шығу себебін анықтау 
мақсатымен келген. Сол сияқты шығармада бала Амангелдінің білімге, 
оқуға 
ынтызарлығы 
баяндалады. 
Медреседегі 
молда 
оқуына 
қанағаттанбауы, Орынбор сияқты шаһарда білім алатын ауылдасы 
Базаркүл сияқты жаңа оқу оқып, Ыбырай сияқты ұстаздың шәкірті 
болуды қиялдауы оның өзі құралыптас балалардан өзгешелігін 
аңғартады. 
Оның 
оқуға 
деген 
құмарлығын 
арттырып, 
екі 
жылдық 
бастауыштық 
білім 
берген-ауылдасы 
Базарқұл. 
Амангелдінің 
зеректігіне сүйсінген Базарқұл жанына ерте жүріп, оған көрген-
білгендерін, оқығандарын баяндайды, ауыз әдебиетінің небір асыл 
үлгілерін бойына сіңіре береді. Ұстазы Ыбырай туралы, жаңа оқу жайы 
туралы сөз етеді. Міне, осы Базарқұлдың тікелей жәрдемімен 
Амангелдінің бойында білімге деген құштарлық өршіп, ұлғая береді, ол 
кейін аңсаған арман, алдағы мақсатқа айналады. Еңбекақысын 
төлеместен, малай етіп мал соңына салып қойған Рахметтен тезірек 
құтылу мақсатында Амангелді оқу, еңбек жолына белін бекем буады. 
1905 жылдың шілде айында Амангелдінің тәу жолына шығуымен 
шығарма аяқталады. 
Замана белестері 
С.Бегалин
С.Бегалин 1895 жылы 24 қарашада Семей облысы, Абай ауданы, 
Дегелең ауылында дүниеге келген. Қазақ жазушысы, балалар 
әдебиетінің 
негізін 
қалаушылардың 
бірі. 
1915 
жылы 
Семей 
қаласындағы орыс-қырғыз училищесін бітірген. 1916 жылы патшаның 
жарлығына ілініп, майданның қара жұмысына алынған. 1929-1935 
жылдары Дегелең болыстық атқару комитетінің председателі, 
Қарқаралы уездік атқару комитетінің мүшесі, бөлім меңгерушісінің 
орынбасары, аудандық халық судьясы болған. 1935-1956 жылдары 


309 
«Темір жолшы» газетінде, ҚазССР Ғылым академиясының Тіл және 
әдебиет институтында, Қазақстан Жазушылар одағында жұмыс істеген. 
С.Бегалин әдеби шығармашылығын өлең жазудан бастаған. Жастарды 
еңбекке, 
өнерге, 
білімге 
шақырған 
алғашқы 
өлеңі 
«Қазақ 
бозбалаларына» 1914 жылы «Айқап» журналында басылған. Кейінгі 
кездері 
бейнелі 
ой 
тереңдігімен, 
лирикалық-романтикалық 
толғаныстарымен қазақ өміріндегі ұлы өзгерістерді, Ұлы Отан 
соғысындағы қазақ жауынгерлерінің қаһарман тұлғасын, туған жердің 
сұлу көркін шабыттана жырлаған «Қыран кегі» (1943), «Цимлян теңізі» 
(1953), «Таңдамалы» (1956), «Сыр қайнар» (1963) т.б. өлеңдер мен 
поэмалар, жас ұрпақтың өмір тануына, табиғат сырын ұғынуына ықпал 
ететін, отан сүйгіштік рухта тәрбиелейтін «Көксегеннің көргендері» 
(1948), «Ермектің алмасы» (1955,1985), «Сәтжан» (1947,1973, 1978), 
«Жас бұтақ» (1953), «Жеткіншектер» (1960), «Мектеп түлектері» 
(1961), «Шоқан асулары» (1971), «Қыран туралы аңыз» (1976), «Екі 
томдық шығармалар» (1979) т.б. әңгімелер мен повесттер жинақтары 
халқымыздың өмірінде болып жатқан жаңа өзгерістер, жаңа тұрмыс 
халық сүйіп құрметтеген жеке тұлғалар өмірін суреттейді. 1975 жылы 
Сапарғали Бегалиннің «Замана белестері» атты жаңа романы жарық 
көрген. Сондай-ақ, қазақ халқының ауыз әдебиеті үлгілерін жинау, 
сақтау, бағалау жөнінде жемісті қызметтер жасаған. Автор әдеби-
ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысып, И.Байзақов, Д.Әлімбаев, 
Ш.Қошқарбаев, Қ.Терібаев, Т.Көлтіков сияқты халық ақындарының 
шығармаларын сұрыптап бастырып, олардың өмірбаяндарын алғаш 
жазған.
Ж.Жабаевтың өскен ортасы, ата-бабасы, алған тағлымы, мінез-
құлық ерекшеліктері туралы «Жамбылдың ата-тегі, өмірі» (1946) атты 
ғылыми монография жазады. Тәттімбет, Әміре, Естай, Майра, 
Қажымұқан, Әбікен, Қалыбек өнерін кейінгі ұрпаққа таныстыруда да 
мол 
еңбек 
сіңірген. 
Т.Шевченко, 
А.Пушкин, 
М.Лермонтовтың 
жекелеген 
өлеңдерін, 
Д.Мамин-Сибиряк, 
Л.Соловьевтің 
кейбір 
әңгімелер мен повестерін қазақ тіліне аударған. С.Бегалин «Қаракөз», 
«Көктем», «Бесік жыры», «Ақ көгершін», «Сағындым сені сәулем-ай» 
т.б. 50-ге тарта өлеңдеріне ән шығарылған.
С.Бегалиннің «Замана белестері» атты көлемді туындысы автор 
көзбен көрген, бастан кешкен жағдайларға құрылған өмірбаяндық 
шығарма. Бұл романда оқиға 1910 жылдан басталып, 1928 жылдың 
науқанды кезеңімен аяқталады. Романдағы оқиғалар нақтылы өмір 
шындықтарына негізделген, оқиға желісі тартымды баяндалады. Роман 
он төрт бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімі «Сұр аттың сүргіні» деп 
аталады. Оқиға 1907 жылы Тәтімнің жалғыз сұр атының ұрлануынан 
басталады. Сол жылы Тәтім ауыл арасында ұрлықпен аты шыққан 
Жақсыбайды көріп, ол Тәтімнің астындағы атына сұқтанып, сатуын 


310 
сұрайды. Қарсылық білдірген Тәтімнің аты бір күнде ішті-күйлі жоқ 
болып шығады.
Бұл романда Сапарғали Бегалин өз замандастарын, оның ішінде 
алуан түрлі қоғам, өнер қайраткерлерін көзден таса қалдырмай, өз 
шығармасына басты кейіпкер есебінде көріп, олардың жарқын бейнесін 
жасаған. Бұл романның негізгі мотиві – шын өмірдегі болған оқиғалар. 
ХХ ғасырдың басындағы ауыл тұрмысы, қала мен дала халқының 
адамгершілік межесіне жазушының көзқарасы таразыланып, шығарма 
бірінші жақтан баяндалады. Оқиға барысы автордың ішкі жан 
құбылыстарына орай, түйсіну, қорыту, бағалау әсерімен бейнеленген. 
Сондықтан да бұл шығармада сыршылдық ағым басым, нағыз 
халықтық мінездер мен ұнамды идеалдар терең сараймен суреттеледі.
Бұл романның барлық тарауларында ХХ ғасырдың алғашқы 
ширегіндегі 
оқиғалар, 
өзгерістер, 
жаңалықтар 
жан-жақты 
әңгімеленеді. Автор белгілі қоғам қайраткері Мұқаметқали Тәтімов пен 
өзінің есі кіре бастаған балалық шағынан отызыншы жылдарға дейінгі 
қазақ өмірінің аса маңызды кезеңдерін байланыстыра шежірелеген. 
Дәуірдің түрлі тартыстары, қоғамдағы өзгерістердің мәнін ашуы, сан 
түрлі адамдардың мінезін көрсетуі, халықтың салты мен санасы, 
тіршілігі, психолоиясындағы өзгерістеді жіті байқап, білгірлікпен 
баяндайды. 
«Замана белестері» романында қызықты оқиғалар мен оқырманға 
ғибрат беретін адамдар өмірін кеңінен суреттеген. Автор өзінің 
өмірінде таныған, араласқан адамдарының бәрін бірдей алмай, 
қоғамдағы орны бар, өмірі үлгі-өнеге болатын қаһармандарды таңдай 
білген.
Жазушының тай-құлындай тебісіп, жастайынан бірге өскен 
достары Жақия, Мұхаметқалилардың балалық шағынан бастап, ес 
жиып, күрес, еңбек, бақытқа жету үшін қажымай әрекеттенген 
қаһармандар дәрежесіне жеткізген. Жақия мен Мұқаметқалидың 
Тоқсанбай атының жалы мен құйрығының қылын кесіп алып, тұзақ 
жасауды ойластырып, ақыр-соңында екі ауыл қырғи-қабақ болып 
тынады. Оны жазушы былай әңгімелейді: 
«Балалар алған қылдарын қойны-қоныштарына тығып, малдарын 
кезең асырып жайылымға жетті. Ширатылған екі буда қалың құйрығы 
кесілген көк ат селдіреп қалған құйрығын сипақтата қозғап, 
жайылымға жөнелді». 
Автор романда өнер адамдарын ерекше сүйіспеншілікпен іш тарта 
суреттейді. «Өзіміздің елде Рахымбек деген аса бір өнерлі жігіт 
болатын. Сол Рахымбекті Дауыт өзіне басшы етіп ертіп келді, әрі әнші, 
сері, мінезі сондай сүйкімді, өзі сондай келісті сұлу Рахымбекті мен 
сондай жақсы көрем. Ол мені, өзінің ойындарын (асық ойыны, тағы 
бірнеше ұлт ойындарын) үйретті, өнерге баулыды», - дей келе, ең 


311 
алғаш Абай атын осы Рахымбектен естігенін қызғылықты баяндайды. 
Сол кездегі Семей өңіріне аты әйгілі Кішкіл Қойшыбаев туралы да 
жылы лебізбен жаза отырып, оның өлеңді ауызекі ағыты сайрататынын 
көргені ойында өшпестей із қалдырғанын ерекше ілтипатпен жазады. 
Бұл романның кей тұстарында ел өмірінің қиын жағдайы, бай, 
зиялы, саудагер өмірі кеңінен және нақты суреттелген. «...доңыз жұты 
бүкіл қазақ даласын ақсүйек еткен атақты жұт. Қайда барсаң жүген 
ұстап қалған, көгенін жинап алған, қосы жығылған ауыл. Жұт жеті 
ағайында дегендей, жұттан қалған қой-қозы ақсыз, төлін жарытпайды, 
ашаршылық. Малдан айрылған ауыл азаматтары пайда, кәсіп іздеуге 
Семей қаласына шұбыра бастады»,- дей келе, жұт артынан, шөп 
шүйгін болып, қалған ел аман-есен аузы аққа жеткенін нанымды 
баяндайды. Айналасына қамқорлықпен қарап, қайырымдылық көрсетіп 
жүрген Нұрғали мен Нәзипа Құлжановалардың өмірі туралы романда 
көп мәліметтер берілген. Екеуі туралы деректер сенімді, табиғи 
характерлерді сомдауға әсер еткен. Сапарғали Бегалин алғаш Семейге 
келгенде осы Құлжановтардың үйіне түсіп, Нұрғали ағасының қолында 
жүріп оқығанын үлкен құрметпен еске алады: «Менің осы мақтана 
айтып отырғанымның ерекше бір нәрі – Нұрекең мен Нәзипа жөніндегі 
үйінде тұрған бір жылдық өмірім еді. Өйткені, ол үйде Нұрекең мен 
Нәзипа жеңгейдің адамгершілік ерекше қасиеттерінің өзіме өнеге 
етсем, оның үстіне сол үйде тұрғанда жаңа заман сәулесіне ана тіліңді 
құрметтей оқитын газет-журнал болды», - деп бірінші рет Семей 
қаласында Құлжановтардың қазақтың ұлттық ойынын ұйымдастырғаны 
туралы да әңгімелейді.
Сондай-ақ, жазушы Қоянды жәрмеңкесіне барғаны, Рахымбек 
әншінің сүйгені Ыраштың соққыға жығылып өлгенін естігенін, ел ішін 
қайғыға қалдырған бұл оқиғадан Мұхаметқалидың да құлағдар 
болғаны айтылады. Бұл романда теңсіздік зардабын шеккен Ыраш 
бейнесі елеулі орын алған деуге болады. Автор әйелдің теңсіздігі 
қайғыға оқиғаларға апарып жүргенін терең, және әлеуметтік 
қайшылық бұтағын тарата түсіндіруге талпынған. Сүйгеніне жете 
алмаған Рахымбектің де апатқа ұшырағаны әңгімеленеді.
Шығарманың алтыншы тарауында Сапарғали училище бітіріп, 
семинарияға жолдама алады, қалыңдығы Сәлимаға үйленеді.
Атақты Қажымұқан Мұңайтпасов туралы тарауды да қызығып 
оқуға болады. Жазушы алғаш Қажымұқанды Семейде көреді. Оны 
былай суреттейді: «Нардай ерекше бітім, қалың қабақтан ойлана 
қарайтын қара көз, қалың ерін, жымырылған құлақ, барбиған балғын 
саусақтар бізге сондай бір тамаша көріністер». Балуанның өз аузынан 
Түркия мен Жапония еліндегі қажы атағанына ие болған палуан 
күрестері жайлы әңгімелетеді.


312 
Романның барлық бөлімдерінде көбірек көрінген Нұрғали 
Құлжанов. Автор Нұрғалидың адамдық, азаматтық келбетін ашып 
көрсетеді. Ақтардың өшпенділігі күшейіп, бір түнде Нұрғали 
Құлжановты атып кеткендігі туралы өкінішпен жазады. Қазақ халқы 
үшін, бақыты үшін жан аямай қайрат-жігер жұмсаған Н.Құлжановтың 
қазақ тарихында қайраткер болғанын романшы нанымды жеткізе 
білген. Жазушы халық ортасынан шыққан, сол кезең жайлы 
мемуарлық үлкен шығарма жазуға құқылы екеніндігіне роман бойында 
дәлелдер көп. Ел өмірінде әртүрлі өзгеріс, сол кезеңдегі зиялы, кедей 
орташаның іс-әрекеті анық суреттелгенімен құнды. Осы қалың 
оқиғалар авторды бей-жай қалдырмай өсуіне, ғибрат алуына мол 
септігін тигізгенге ұқсайды. Өзінің ақтармен күреске қатысқанын былай 
баяндайды: «Соғыс бұрынғыдан да күшейді. Ақтар чехтардан 
мадиярлардан екпінді отрядтар құрып, шабуылды күшейтті. Біздің 
тәртібіміз нағыз әскери жағдайға көшті. Соғыссыз уақытымыз, өте аз. 
1919 жылдың бас кезінде ақтарды ең мықты тобы Колчак басқарған 
Сібір өлкесіне ауысып, бізге үлкен-үлкен қысымдар туғызды», - дейді.
Бұл романның оныншы тарауында М.Әуезов туралы әңгіме 
қозғалады. Сол кездегі Мұхтар портретін жазушы көзімен былай 
суреттейді: «...кере қарыс, кең маңдайлы, ойлы үлкен көз, қараторы 
толықша жігітке назар тастап, сөз тосты. Ә, дегенде шешіле бастап 
кетпей, кібіртіктеп бастап, сөзін мәнерлі ырғақты үнмен ағытатын 
әдетін істеді». Романның әр тарауында кейіпкерлер өмірінің жаңа 
қадамдарын, бағдарын көреміз. Шын мәніндегі халық өмірінің шежіресі 
деуіміздің себебі, сол кездегі қазақ ауылындағы той, көкпар, қыз қуу, 
жерден теңге алу, ат үстіне тұрып ойын көрсету, жамбы ату ойындары 
кеңінен көрсетілген.
Романның алтыншы тарауында Әміре Қашаубаевты суреттеген 
тұстары тартымды әрі сенімді шыққан. Әміренің ел сағынып, жер 
сағынып, ағайын ортасына келгендегі сәттері Арқаның әсем бір 
кездерімен салыстырыла, сәнді бейнеленеді. 
Әмірені ерекше сүйіспеншілікпен суреттеген автор: «Әміренің
туған елі Дегелең болысына қараған Тарақты руы, оның ішінде 
«Атан», оның ішінде «Ала көз Шәку» деген атаның баласы екен. 
Әміренің әкесі Қашаубай Әміре туған кезде кедейлікпен сонау 
Қарқаралы маңында бір жекжатына барып, сонан Семей түсіпті. Әміре 
бұл сияқты өмірбаянын осы бір кездескен уақытта сұрап таныстым”,- 
дей келе, «Ағаш аяқ», «Екі жирен», «Қарға», т.б. Әндерін қызығып 
тыңдаған жұрттың ілтипатын, өзгеше өрнекпен жазады. Бұл тұстан 
әнші өмірінің кей кезеңдерімен елестер көз алдымызға елестейтіні 
сөзсіз. 
Қорыта айтқанда, жазушы Сапарғали Бегалиннің «Замана 
белестері» романы санқилы өмір көрінісін, оқиға, деректерді қаз 


313 
қалпында бере білген шығарма. 1910 жыл мен 1928 жылдар 
аралағындағы оқиғаларды беру арқылы қазақ халқының өмірі мен 
тағдыры, ескі және жаңа заманның қайшылықтары, автордың 
тебіреністері ашық берілгендігімен жазушының өмірге көзқарасы, 
толғамы, тұжырымы, іс-әрекеті арқылы ашылуы таныла отырып, 
«Замана белестері» салмақты стильде жазылған шығармалар сапына 
кіреді деуге болады.


314 
К 
Келешек кіріспесі 
Т.Тілеуханов 
Жазушы Төлек Тілеуханов “Келешек кіріспесі” атты романын 
қазіргі қазақ прозасында қалыптасқан әдеттегі үлгілерден өзгеше 
құрған. Мұнда автор жеке кейіпкерлердің күнделікті тұрмысы мен іс-
әрекеттерін басынан-аяғына қарай қумалап, тәптіштей суреттеуге бой 
алдырмайды. Романның негізгі сипаты болып танылатын – адам 
психологиясын талдауға бірден бойлай еніп, әр жастағы түрлі 
мамандық өкілдерінің жан-дүниесін ашуға ден қояды.
Қазіргі дамыған социалистік қоғамымызда адамдардың сезім-
сырлары да, ой-толғамы да, әлемді барлауы да бұрынғы кездегіден 
басқаша қалып алды. Олардың арасындағы тартыстардың өзі өзгеріп, 
адамгершіл ар, асқақ ой, асыл азаматтық тұрғы, адал жан сезім-
сырлары, биік моральдық ождан, т.б. осылар сияқты адам бойындағы 
саналық қасиеттердің тартысы күн тәртібіне батыл қойылып 
отырғанын жазушы жақсы аңғарған.
“Келешек кіріспесі” романындағы жазушының суреттеу объектісі – 
негізінен интеллектуалдық қауым. Ойы өзекті, білімі терең, сезімтал 
адамдармен оқушыны жүздестіру арқылы олардың арман-тілектеріне, 
жан-күйлеріне ортақтастырады. Әр кейіпкердің өзіне жасаған 
психологиялық талдауы арқылы сол кейіпкерді ғана танытып 
қоймайды, оқушының да өзіне-өзі талдау жасауына, өзінің де, 
басқаның да болмыс-табиғатын танып-білуіне түрткі болады. 
Адам бойындағы ізгі қасиеттерді, патриоттық 
сезімді, 
қоғамшылдық пен азаматтық борышты алға тарта отырып, автор 
бүгінгі замандастарымыздың ішіндегі озық, жағымды кейіпкердің 
жиынтық бейнесін жасауды мақсат еткен. Осындай жақсы қасиеттердің 
көрінісі бас кейіпкер Балбектің айналасынан ғана танылмайды, басқа 
да образдар арқылы тереңдей тиянақталып, жан-жақты суреттеледі. 
Мысалы, адалдық пен шынайылықты ту қылып ұстап, шындықтың 
жолы үшін өзінің бала кезден бірге өскен қимас досынан да ажырасқан 
Өмірбай ғалым; үлкенге де кішіге де ықыласты көмегін ала жүгіретін, 
еліне тек еңбегімен ғана емес, үлгілі тұрмыс-тіршілігі, өнегелі 
ақылымен де, пайда-көмек келтірсем деп жан ұшырып жүрген, сөз бен 
іске бірдей ұста Рызықберді: өзгенің бойындағы жақсы қасиеттерді 
сүйсіне дәріптеп, жамандық қылығы үшін кімді болса да аямай 
сынайтын, өзіне де, басқаға да сын көзімен қарайтын Әлімхан; ғылым 
мен еңбекті қатар ұштастырған, әзіл-оспақтың өзін де адамға бір 


315 
пайдасын тигізуге жұмсауға тырысатын Шаяхмет, адам бойында 
жақсылықтан өзге ештеңе болуға тиіс емес деп сенетін, ақылы мен 
нәзіктігі қабат үйлескен Қырмызы; өзгенің бақытты болуы үшін өз 
бақытынан бас тартуға даяр, сезімді ақылға жеңгізген Балауса; тағы 
осы сияқты образдар біріне-бірі жалғасып, тұтасуы арқылы бас 
кейіпкер Балбекті әр қырынан аша, толықтыра түседі. Ол сан қилы 
өмір көріністеріне, әлемдік құбылыстарға, адамның сыр-сипаты, мінез-
құлқы, іс-әрекетіне ой көзімен қарап, сананың сарабына салады. 
Өмірдегі де, адамдардың да шындыққа алдымен өзін тану арқылы 
жетуге бой ұрған Балбек өзіне де, өзгеге де үнемі психологиялық 
талдау жасап жүреді. 
Адам бойындағы сөз бен істің, шын тұлғаң мен сырт жұртқа 
көрінер бейнеңнің арасындағы айырма-қайшылықтардың алғашқы 
белгілерін Балбек өзінің достары Рысбек пен Мүсілімнен байқайды. 
Рысбек пен Мүсілімнің Балбекке белгілі кейпі мен сыртқа танылған 
тұлғалары екі басқа. Рысбектің “сөзі - періште, өзі - сайтан”. Мүсілім 
де одан қалыспайды. Қара бастарының қамы, атақ шығарудың амалы 
үшін қандай әрекеттен де тайынбайтын Рысбек пен Мүсілімнің іс-
қылықтарына Балбек талдау жасап қана қоймайды, күйзеле қиналады, 
бірақ көпке дейін тек ескертпеден, ой таласынан аса алмай жүреді. 
Тіпті солардың ауқымына түсіп кететін кездері де жоқ емес. Осы 
орайда Балбектің бойында жастық албырттықтың, пендеге тән 
осалдық пен қобалжулардың бар екенін автор орынды көрсеткен. 
Романда Балбек пен қырлы сезімнің, үлкен толғаныстың адамы 
ретінде танылады. Сол толғаныстардың үлкен бір саласы етіп автор 
жолдастық қарым-қатынасты, достық сезімді алады. Балбектің 
бойындағы 
достық-жолдастық 
сезімдер 
әрі 
жүрек 
қалауы 
– 
адамгершілік белгісі; әрі адам ойының моральдық, философиялық 
көрінісі. Рысбек пен Мүсілімнің қайшылықтары мен жағымсыз 
қылықтарын ол ерте-ақ таныған адам, сүйтсе де, олардан көпке дейін 
ара-қатынастарын үзе алмай жүруінде терең сырлар барын ұғамыз. 
Рысбек пен Мүсілімді Балбек балалық пәк шағының куәсі деп қана 
емес, сол ыстық күндердің өзі деп біледі. Балалық дәурендері, 
армандары, сырлары – бәрі бірге өткен. Олардың жүректің осындай 
бірге қалыптасқан нәзік қылын оп-оңай үзе алмай толғаныс-тартысқа 
түсулері заңды. Себебі оның жүрегінде әрі қимастық сезім бар, әрі 
достықтың парызы бар.
Екіншіден, романдағы Балбек бейнесі өз бойына жақсылық пен 
жамандықты қатар сыйғызбақшы емес. Адам есейген шағында, 
дүниетанымның кеңіп, адамдық парыздың өскен шағында тек балалық 
әсермен, қимастық көңілмен жүре алмайтыны Балбек ашық ұғады. 
Әрине, сана мен көзқарастағы айырмаға мән бермеу көнбістік жасау – 
оған жат. Сондай-ақ Балбек достықтан қашуға сылтау да іздемейді. 


316 
Қайта ол достықтарын нығайта түсуге... Мүсілім мен Рысбекке ықпал 
етуге тырысады. 
Рысбек пен Мүсілімнің жасанды қылықтарын, көрсеқызар 
сезімдерін әшкерелеп, беттеріне басады. “Өмірдегі күрес” деген 
ұғымның біреулердің жағасына жармасып, сыбағасына таласу, 
табысын қызғану емес екенін тәптіштеп бағады. Ақыры, олардың өз 
жолдарынан қайтпасын білген соң ғана амалсыз ара үзеді. 
Романдағы осындай достық сезім мен жолдастық қатынас 
балалық шағынан бірге өсіп, бірге жүрген, бұл күнде үлкен ғалымдар 
атанған Өмірбай мен Жолбосын арасындағы қарым-қатынасты 
параллель көрсету арқылы әлі терең сырлы, әрі астарлы суреттер, 
дара характерлер жасалады. 
Достықтың арасына ешқандай жалғандықтың да, шарттың да 
жүрмейтіндігін, достықтың белгісі бір-біріне деген ықыластан, 
бағалаудан 
басталатындығын, 
идеал 
биігінен 
табысуларымен 
жалғасатынын Балбек - Әлімхан – Шаяхмет әрекеттері арқылы автор 
өз ойын бекемдей, өрбіте түседі. 
Жазушы жасаған арманшыл адам жас бейнесі өзінің пәк сезімі 
дүниесімен де дараланады. Жалған жолға түсіп, жазықсыздың жанын 
жарламайды. Жастық сезімнің буына мастануға бойын билетпейді. 
Балбектің сүйіспеншілік пен махаббатқа деген көзқарастары биік 
моральға жауап берерлік, сана салмағына сай және тұрақты. Рас, оның 
бойында жастық желіктің көрініп қалатын тұсы байқалады. Автор 
Балбекті штампыға салып, періштеше бір жақты суреттей бермейді. 
Өмір жолы қалыптасу үстіндегі жас адамға тән азды-көпті 
қайшылықтар оның бойында да бар. Ажар деген қызға еліге қалуы, 
Бикен деген қыз алдындағы қобалжулары оның періште емес, адам 
екенін танытар табиғи құбылыстар. Ол қаһарман бойындағы нәзік 
сезімталдық пен жүрек қалауын іздеу жолындағы алас ұрған өмір 
көріністерінің елестері. Әр тұста оның арманшыл, жүрегі өзіне ғана 
арналған адам махаббатын іздейді.
Балбек 
образының 
үлгі 
берерліктей, 
ой-сезімге 
түрткі 
саларлықтай, өмірдің мән-мақсатына толғана қарарлықтай өнегесі қай 
қырынан алып қарасақ та баршылық. 
Біздің кемелденген қоғамымыздың қазіргі жастарына тән терең 
толғаныс, өмірдің шағын құбылыстарынан бастап, әлемдік оқиғаларға 
дейін өзіндік философиялық түйін қорыту, сол өз көкірегінде қорытқан 
жеке түйінін белгілі шындықтармен салғастырып барып түсіну; 
замандастарымыздың жеке басын ғана құнттамай, өз қоғамымыздағы, 
әлемнің қиыр шетіндегі жағымсыз көріністің бәрін жүрегіне жақын 
қабылдап, жаны ауыратындығы сияқты азаматтық тебіреністерді 
Балбек образы арқылы да, романдағы авторлық позиция арқылы да 
жақсы таныта білген. 


317 
Романдағы 
негізгі 
желі 
Балбек 
бейнесінің 
айналасында 
өрбігенімен, автор әр кейіпкердің төңірегінде жеке-жеке проблемалар 
көтереді. Мысалы, Өмірбай мен Жолбосынның іс-қылықтары арқылы 
талант пен талғампаздықтың, іздену мен тоқыраушылықтың ара 
салмағын таразыға тартады. Осы мәселелердің салмағы мен ара жігі 
Жолбосын мен Марғаскиннің арасындағы айтыс кезінде ашыла түседі. 
Өмірбай сияқты нағыз ғалым өзінің бұған дейінгі жетістігін 
қанағат тұта алмайды. Адамзат тарихын қайта ақтарып, басқаша 
тәсілмен қайда жазбақ. Тарих болғанда, адамзат өмірінің бізге белгілі 
тарихы белгілері мен қоғамдық құрылысын емес, өткен дәуір 
адамдарының бүкіл тіршілігінің барша қыр-сырын философиялық 
тұрғыдан бүгінгі ұрпаққа мүлде жаңа тұрғыда таныстыруды мақсат 
етеді. Тарих пен әдебиетті ұштастыру арқылы ертедегі дәуір 
адамдарынан бастап, бүгінгі күнге шейінгілерінің әрі тарихи, әрі көркем 
жанды бейнесін жасап, олардың жақсы қасиеттері мен істерін қазіргі 
қоғам керегіне, игілігіне жаратуға талпынады. 
Өмірбай – шынайы ғалым, білім парасаты жоғары тұлға. Ол – 
жастық қызуын, романтикалық ұшқыр қиял жалынын бойында 
сақтаған адам. Ойы мен бойы толысқан, мақсаты үшін күреске белін 
бекем буған, тынымсыз әрекеттің, жалықпас ізденістің, жіті жігердің 
адамы. Басқа ғалымдарға тән құрғақ, бір бет характер емес, жан 
дүниесі де бай, оның бойында жалпы гуманистік пен ішкі сезім дүниесі 
ұштасқандай. 
Автордың жағымды кейіпкердің өзгеше жаңа үлгісін көрсету 
мақсатын Әлімхан мен Шаяхмет бейнелері жақсы танытады. Олардың 
бірі – студент, екіншісі – жұмысшы.
Шаяхмет – жұмысшы табының жаңа өкілі. Еңбектің өнімділігін 
арттыру, сапасын шыңдау жолына жаңа әдістер іздейді. Адамдарды 
өзінше жаңаша ұйымдастыруға ұмтылады. Оның еңбекке де, еңбек 
адамына да көзқарасы келешек талабына сай ғылымға негізделген, 
жаңаша қалыптасқан. Оқуды, білімді құжат алу немесе қызметте 
жоғарылау үшін деп ойлайтындарға оның әрекеті мүлде қарсы. Білім-
келешек керегіне ұштасып, адам үшін қызмет етуі абзал. Оқу, өнер-
білім – адамды рухани өсіріп жетілдіретін, ақылын өсіріп, мамандығын 
арттыратын өмір қажеті, тіршілік қамы. 
Балбек пен Қырмызының арасындағы бір-бірін үнсіз ұғысқан ішкі 
сезімдер әрі нәзіктігімен, әрі тазалығымен оқушы жүрегін ерекше 
баурайды. Бұлардың арасындағы жүрек тебіреністері, әрқайсысының 
өзінің жүрегімен арпалыстары, “көзбен көріп, ішпен білістері” өте нәзік, 
жазушы суреттеуінде бұлардың ара қатысы прозамен жазылған 
тамаша лирика деуге лайық. 
Романдағы танылатын тағы бір ерекшелік - өмірді жай ғана 
суреттеу, адам табиғатын танытып, шындықты көрсету автор үшін аз 


318 
сияқты. Әрбір образбен, әр көрініспен ашық та, астарлап та біздің 
қоғамымызға тән жоғары моральдық мәселелерді орынды көтеріп, 
шығарманың тәрбиелік мәнін, образдар салмағын арттыра түседі. Бұл – 
қазіргі талаптарға сай көтерілген өте қажет бастама. Кеңес 
азаматтарына тән жаңа мораль белгілерін жинақтау, оны өмірге енгізу 
– күні жеткен ең қажет іс. 
Автордың портрет жасау, мінездеме беру тәсілінен де өзіндік 
ерекшелік байқалады. Жазушы кейіпкердің аты аталған бетте үйіп-
төгіп оның портретін бірден таныстырмайды. Көбіне сол кейіпкерге тән 
белгілі бір ерекшелігін ғана бөліп алып, кейіпкердің іс-әрекет, мінез-
құлқына орай орнымен ғана бірте-бірте суреттейді. Осыдан болса 
керек, шығарма сюжеті жинақы, артық-кем дерлік олпы-солпылық 
орын алмайды. 
Романдағы 
әрбір 
кейіпкер 
әрекеттері 
терең 
толғанысқа 
негізделеді. Олардың ой-бойларына сай, характер әрекеттеріне лайық 
сөздерімен де дараланады. Парасатты адамдардың терең ойлары 
шешен толғаныстар арқылы ашылған.
Қорыта келгенде, “Келешек кіріспесі” романы - өзіндік бітімі, 
өзіндік пішіні бар, тақырыбы жағынан да, образдары жағынан да 
сонылықтың нышанын танытатын шығарма.
Комендант 
Қ.Исабаев 
Жазушы Қалмұқан Исабайдың “Комендант” атты кітабы жанрлық 
сипаты жағынан шытырман оқиғалы роман түріне жатады. Бір қызығы, 
осы шырғалаң оқиғалы романның өзі талай шырғалаңға түсті... 
Кітап алғаш рет “Бетпе-бет” деген атпен, 9000 дана таралыммен 
1963 жылдың аяғында шықты. Арада бір ай өтер өтпесте баспа 
директорына шақырылып, роман тақырыбының социалистік қоғам 
талабына сай еместігі себепті қатты айыпталды. Сөйтіп, “Орган 
қызметін дұрыс бейнелемегені үшін сауда жүйесінен алынып, тиражы 
жойылсын және қайтып шығарылмасын” деген актіге қол қоюға 
мәжбүр болады.
Атап айтқанымыз жөн, Қалмұқан Исабайдың “Комендант” атты 
романы кешегі Отан соғысы және одан кейінгі бүлінген шаруашылықты 
қалпына келтіру кезеңдерінің үлкен бір шындығын суреттейді. 
Шындығы дегенде, жазушы біреу-міреулердің естігендерін, әлдебір 
құжаттарды жиып-тергенін не қиялмен ойлап тапқанын емес, өзі 
қазанында қайнап, жүрегінен өткізгенін, көзі көріп, қолымен ұстағанын 
жазды. Роман оқиғасы екінші дүние жүзілік соғыс кезіндегі Алманияда 
өтсе, бұл қаламгер онда жастық дәуренін өткізді. Роман қаһарманы 


319 
Шмальштадт қаласының коменданты болса, роман авторы Ильменау 
қаласының коменданты болды. Не қиямет қиындықтарды бастан 
өткерді. Соның бәрі қордалана келе Төлеген деген роман кейіпкерінің 
бейнесінде 
жинақталды. 
Төлеген 
тұлғасында 
сонымен 
бірге 
концлагерь тамұғынан азат етілген қайсыбір қазақ жауынгерлерінің 
тағдырынан да қалған белгі бар. 
Төлеген соғыстан бұрын суретші өнерін қуды. Арнайы училищеде 
оқып жүрген жерінен майданға аттанды. Жазушының осы бір көзі 
ашық, көкірегі ояу кейіпкерге тоқталуының, бас қаһарман дәрежесіне 
көтеруінің мәні бар. Төлегеннің романдағы әрекет ортасы – шет ел, 
жат жұрт. Сюжет желісінің бағдары айқындала, анықтала бастағанда 
Төлеген иығына түсетін жүк салмағы оңай болмады. Концлагерьде 
неміс, орыс, латыш, т.б. ұлттар өкілдерінен құрылған жасырын 
ұйымның белсенді мүшесі ретінде бір көрінсе, өркениетті ел қаласында 
комендант қызметін ойдағыдай атқарып және өзгелерден озығыңқы 
тұруы тиіс. Және осының бәрі иланымды, нанымды, шындыққа сәйкес 
суреттелуі керек. Роман бағдарламасының сәтті орындалғаны сондай, 
Төлеген бұрын көрмеген, білмеген Еуропада өзінің ел жайлауында 
жүргендей емін-еркін сезінеді. Кей реттерде ол Батыстың жеке 
зиялыларынан уақыт талабын тереңірек түсінуі жағынан басым 
түсетінін де аңғартады. Роман өрнегіне осы жайлар табиғи өрілген. 
Қаһарман Төлеген “Бәрекелді! Тусаң ту!” дегізіп, оқушысын сүйсіндіріп 
отырады. 
Романда жиі ұшырасатын және оның салмағын арттырып тұрған 
қаһармандардың бірі – профессор Клаус. Жаңа соғыс қаруын ойлап 
табуда алғырлығымен көзге түскен үздік ғалым. Шытырман оқиғалы 
романның қым-қиғаш оқиғаларының бір ұшығы осы оқымыстының 
төңірегінде жүргізілетін шет ел барлау орындарының тіміске 
әрекеттеріне тіреледі. Көрнекті неміс ғалымын өз жағына шығарып алу 
жолында Шмальштадт қаласының коменданты майор Төлеген Ақылов 
та бірқатар қам-харакет жасайды. 
Соғыстан кейінгі Алманияның жағдайы белгілі. Кәсіпорындар 
жұмыс істеуден қалғалы қашан. Комендант болып бар билікті қолға 
алған екенсің, халықтың ендігі жағдайына сен жауаптысың. Осының 
бәрін түсінген Төлеген ішкі, сыртқы жаулардың құйтырқы әрекеттеріне 
тойтарыс бере жүре, халық шаруашылығын қалпына келтіру ісіне 
жанын салады. Қолға алған шаруаңның оңға басуы немістердің 
өздеріне тікелей байланысты. Халықты жұмылдырмайынша, көздеген 
мақсатқа жете алмайсың. Соған қалай жетуге керек? Осы мәселеде 
Төлеген профессордан кеңес сұрайды, қала жұртымен сөйлесіп беруді 
өтінеді. Екеуара мынадай диалог жүреді. 
- “Менен көмек сұрағыңыз келе ме? 
- Әрине. 


320 
- Сіз маған бұйыра да аласыз ғой? 

Неміс халқы “біреудің үйіне ақыл айта барма” дейді ғой, - 
деді Төлеген, - елді қалпына келтіру үшін неміс халқымен тізе қосысып 
жұмыс істеуіміз керек. Егер халықтың өкілі болып саналатын сіздей 
адамдарға бұйыра сөйлесек, арамызға суық леп кіріп, жақындаса 
алмауымыз мүмкін ғой”. 
Қазақ әдебиетінде орыс ұлты өкілдерінің бейнесі көңілдегідей 
шықпайтыны жайында сыни мақалаларда жиі айтылады. Осы 
олқылықты жоюдың жолдары қайсы? Тіпті аса ірі жазушыларымыз да 
бұл сұраққа тиісті жауап таба алмай, сүрініп қалып жатады. Меніңше, 
байқаған кісіге Қалекең қоймаларында бірсыпыра назар аударарлық 
тәжірибе жинақталып қалған сияқты. “Комендант” романында, 
мәселен, орыс офицері Деденовтың характері сәтті сомдалған. Бұл – 
күрделі тұлға. Асыл қасиеттері де, абырой әпермейтін кемшіліктері де 
бір басына жетерлік. Міне, осы қайшылықтарымен-ақ капитан Деденов 
роман жүйесіне әдемі кірігіп, шығармаға тосын әр беріп тұр. Мейлінше 
адал, жүрегі жомарт Деденов бір жағы қызба, кей-кейде бұрқаған 
сезім жетегінде кетіп, теріс іс істеп қояды. Майор Төлеген Ақылов 
өзінің орынбасары, қай уақыт бас бермей кететін Деденовты ақылмен 
жолға салып отырады. Коменданттың бұйрығына қарамастан, Деденов 
солдаттарына немістерді жұмысқа күш қолданып шығара бастайды. 
- Мұныңыз не? Халыққа неге күш жұмсайсыз? – деді Төлеген 
қатқын үнмен. 
- Смоленскіде олар оқ жұмсаған... – деген кезде Деденовтің көзі 
үлкейе түсті. 
Төлеген Деденов көзінен кек ұшқынын көргендей болды. Әлде 
осы әсер етті ме, келесі сөзі ол майда үнмен айтқан еді.
- Смоленскіге фашистер барған, ал Шмальштадқа кім келіп 
отыр?! 
Деденов үндей алмай қалды. Аузына сөз түспей, көзін басқа 
жаққа аударып әкете берді”. 
Роман кейіпкерлері Деденов пен Төлеген осылай бірінің 
характерін 
бірі 
ашып 
отырады. 
Әсіресе 
Төлегеннің 
істегі 
байсалдылығы, сабырлылығы, орынбасарының жөнсіздіктерін жоғары 
жаққа шағынбай және бастығыңмын деп қоқаңдамай түзетуге 
тырысатындығы қазақ жігітінің бейнесін шуақтандыра , қомақтантыра 
түседі.
Шырғалаң оқиғалы роман жанры – қазақ әдебиетінде әзірге 
сирек кездесетін түр. “Комендант” романының ерекшелігі – шығарма 
тартысының 
айырықша 
сипатында, 
халықаралық 
деңгейге 
көтерілетіндігінде. Мұнда “Интелледженс сервис”, ФБР, бұрынғы 
Гестапо агенттері қайшыласады. Кейде бір-бірінің алқымынан алса, кей 
жағдайда Төлеген Ақылов басқарған неміс қаласының бей-берекетін 


321 
кетіруге әрекеттенеді. Яки Қ.Исабай романының материалының өзі 
жазушы қаламын шытырман шығарма жанры арнасына түсірген бе 
дерсің. Майор Төлеген Ақылов түрлі-түсті шпион, жансыздардың қилы-
қилы айла-әрекеттерін әшкерелеймін деп жүріп, Шерлок Холмс 
кәсібімен айналысуға мәжбүр. Болмашы деталь, жай көз елей 
бермейтін уақ-түйек белгілер арқылы айлалы жаудың нелер жымысқы 
қылмыстарын ашып, көзінің жітілігімен, қырағы, тапқыш зерделігімен 
оқушысын қайран қалдырып, шығарма сюжетінің желісіне “байлап”, 
“көгендеп” қояды.
Сталиндік террор кездерінде көп-көп лауазым иелері небір адал 
азаматтардың қанын мойындарына жүктеді, жоғарыдан түскен әмірді 
мүлтіксіз орындаймыз деп әділ қазылықты белінен басып, кешіргісіз 
күнәға батты. Жасап отырғандары көрінеу қиянат, обал екендігін біле 
тұра, солай істеді, заңсыздыққа қарсы тұруға бойларынан, ет жүректен 
жігер таба алмады. Дәл осы типтес бір кейіпкерді біз Қалмұқан Исабай 
романынан да кезіктіреміз. Ол - Әмір деген қазақ жігіті, КГБ шенеунігі. 
Бұл бейшара шет елде қызмет етіп жүрген отандастарының арасынан 
қалайда жау іздеп табу үшін әуре-сарсаңға түседі. Мансап құрты да 
жыбыр қағып тиыш жүргізбейді. Шпион тапсаң – жұлдызың көбейеді 
иығыңда, деп мазалайды. Сондықтан Әмір өзінің суқи әдістерін 
қолданып, Төлегеннің оның айналасындағылардың соңына түседі. 
Төлегеннің басқа ізін аңдиды, оның әйелін салпаңқұлақ етуге 
жанталасады. 
Құрметті оқушы! 
Сіз дұрыс аңғарып отырсыз. Қалмұқан Исабай романының 
тауқымет шегуі дәл осы Әмір Байтасовқа байланысты. Күллі әрекеттері 
тіпті кеңес заңдарының өзіне томпақ келетіндігін біле тұра, Алмания 
жеріндегі кеңес комендатурасына істеген КГБ қызметкерінің ойына 
келгенін істей беретінін романда жан-жақты және ашық жазылған. 
Автор кезінде “тұтас КГБ-ні қаралағаным жоқ, бір адамды ғана 
әшкерелеуге тырыстым” деп ақталғысы келгенімен, сол кездегі Көркем 
әдебиет баспасы бас редакторының “бір адам бейнесінде КГБ жүйесін 
әшкерелеп көрсеттің” дегені шындыққа әлдеқайда жанасымды. 
Бұдан қырық жыл бұрын баспадан шығып жалп етіп сөнген “Ажал 
құрсауында” (1961), “Бетпе-бет” (1963) романдарының шырағы қайта 
жанып, мына жаңа заманда “Комендант” (1998) деген атпен дилогия 
құраса – бұл фактінің әдебиетіміздің тарихы үшін үлкен маңызы бар. 
Мұның өзі, біріншіден, қазақ әдебиетіне абырой. Бұдан қырық жыл 
бұрын тоталитаризмнің оң көзіне тап беріп, еркіндік ауа үшін айқасқа 
түсу – бүгіндер ғана айтуға жеңіл. Екіншіден, Қалмұқан Исабайдың бұл 
романы 
суреттеп 
отырған 
заманының 
шындығын, 
арылмас 
қайшылықтарын бетке басып көрсету арқылы жаңа уақы зәруліктеріне 
қызмет етед диірменіне су құяды. 


322 
Қалмұқан Исабай – сақа жазушыларымыздың бірі. Биыл жетпістің 
бесеуін қайырып тастаған осы бір жағы суалыңқы, шүңірек көзділеу, 
жұқалтаң кісі әу дегенде қораштау көрінеді. Ал сөйлеп бергенде – шот 
майдайы жарқырап, мұрынды беті айбын беріп, көз алдыңда көрінеу 
зорайып бара жатады. Саңқылдаған аумақты даусы екі-үш мыңдық
аудиторияға микрофонсыз еркін жетіп тұрғандай. Және сөзі дәмді, 
нақтылы, жаңалықтарға суарылады. Обьтың бұдан алты миллион жыл 
бұрын қазақ жерінен батысқа аққанын, егер Сібір өзендерін Аралға 
бұрса, табиғатқа зияны тимейтіндігін, бір бөшкеден бір кружка су 
алудан аспайтынын мен осы кісіден есіттім. Мына романында да сөзі 
дәмді, екпінді, тұжырымды. Ол – қайбір дөй романдардың он бетінде 
айтылғанды қарапайым сөйлеммен бір жолға сыйғызатын, әр сөзіне 
қуат дарыта білетін жазушы. Кейіпкерлерінің портретін жасағанда 
аузы-мұрнын санап түгендеп отыруға уақыт шығындамайды. Сырт 
келбетін бергенде де кейіпкер мінезін ашуды көздейді. “Әмір келіншек 
тұлғасынан көз айырмай шығарып салды. Есік жабылғаннан кейін де 
оның көз алдында мөлдіреген қара көз, қайқы кірпік, мәйегі аузынан 
шыққандай қып-қызыл еріні, түп-түзу семіз балтыры қалған еді. Солай 
тұрған бетінде Әмір жұтынып қалды”. 
Бұл тәсіл екі қоянды бірден атып жығуға мүмкіндік береді. Әрі 
кейіпкер кескінін елестетеді, әрі келіншекке сұқтанған кісінің кейпі 
белгілі болып қалады. 
“Комендант” романын ізденімпаз жазушының айтарлықтай 
табысы деуіміз керек. Біз Еуропа сахнасында қайрат көрсетіп жүрген 
қазақ жігітіне бір қол соқсақ, соның бейнесін қалауын тауып сомдай 
білген Қалекеңе екі қол соғамыз. Қазақ өзін ешқандай ұлттан жоғары 
тұрмын деп есептемейді, бірақ ешкімнен кеммін, төменмін деп те 
санамайды. Шытырман оқиғалы роман үшін бұл үлкен қорытынды 
екенін мойындауымыз қажет. Ұлы Вольтерден қалған бір сөз бар: 
“Зеріктірмейтіннен өзге жанрдың бәрі жақсы” деген (“Все жанры 
хороши, кроме скучного”). Қазақ әдебиеті үшін сирек жанр есепті 
шытырман оқиғалы роман жазып, шығармагерлік жолында тағы да бір 
белеске көтерілген Қалмұқан Исабайдың “Комендант” романы 
Қазақстан 
Республикасы 
Мемлекеттік 
сыйлығына 
ұсынылған 
шығармалардың аламан бәйгесіне түсіп отыр. Соған “Иә, сәт” дейміз. 
Көк бөрілердің көз жасы 
Т.Зәкенұлы 
Тұрсынхан Зәкенұлы 1962 жылы Қытайға қарасты Шығыс 
Түркістанның Алтай аймағында туды. 1981-1986 жылдары Синьцзян 


323 
университетінің тарих факультетінде, 1986-1990 жылдары Пекин 
орталық ұлттар университетінің филология факультетінде оқыды. 1993 
жылы алғашқылардың бірі болып ата мекенге оралды. 1998 жылы Әл-
Фараби атындағы қазақ мемлекеттік ұлттық университетінде “ХХ 
ғасырдың 40-шы жылдарындағы Шығыс Түркістан қазақтарының ұлт-
азаттық қозғалысы” атты тақырыпта диссертация қорғап, тарих 
ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алды. Сондай-ақ, 1994-
1998 жылдары аталмыш университеттің шығыстану факультетінде 
сабақ берді. 2001 жылы ақпан айынан Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университетінің шығыстану кафедрасында жұмыс істеп келеді. 
Қытайдағы кездерінде тырнақ алды шығармасын 1983 жылы “Шұғыла” 
журналында жариялаған “Тян-шаньмен сырласу”, “Көшпенділер” атты 
өлең-поэмаларынан бастаған ол, кейін келе аталмыш журнал бетінде 
“Тәңірқұт”, “Сырда қалған сыбызғы”, “Гүлбаршын”, “Балқан тауға 
барғандар” атты әңгіме-хикаяттарын жариялады. Әсіресе, Ү ғасырдағы 
ғұн көсемі Аттила өмірінен жазған “Балқан тауға барғандар” атты 
хикаяты оның атын Шығыс Түркістан қазақтарына кең жайды. Сондай-
ақ, ол Қашқардағы Қызылсу қырғыздарының арасынан халқымыздың 
ұмыт болған ерлік дастаны “Жеті қағанды” жинап, реттеп, баспадан 
шығарды. “Х-ХІХ ғасырлардағы Ойрат, Қытай және Қазақ қарым-
қатынастары” атты көлемді монографиялық еңбек жазды, әрі Қытай 
ғалымы Су Бэйхайдың “Қазақ мәдениетінің тарихы” атты кітабын 
аударып бастырды. Қазақ даласының табиғаты мен тарихына деген 
құштарлық жас жазушыны оның өткені туралы көбірек ойландыратын. 
Халқымыздың сол бай тарихының елеулі бір кезеңін бүгінгі ұрпаққа 
көркем сөз құдіретімен жеткізу ойы да сол Пекинде оқып жүрген 
кездерінде туған еді. Сөйтіп, “Көк бөрілердің көз жасы” атты тарихи 
романның алғашқы тараулары 1991 жылы-ақ қағаз бетіне түсірілді.
Бірақ, кейін келе көші-қон және жаңа ортаға бейімделу сынды түрлі 
себептермен оның жалғасы 1999-2000 жылдары ғана жазылып бітті. 
2001 жылы Қазақстан республикасы мәдениет, ақпарат және қоғамдық 
келісім министрлігі тарапынан өткізілген тәуелсіздіктің он жылдығына 
арналған жабық әдеби конкурста аталмыш шығарма бас жүлдені жеңіп 
алды.
Романда жалпы 50-ден астам негізгі және қосымша кейіпкер бар. 
Олардың негізгілері: Таян хан, Бұйрық хан, Құба-текін, Күшлік, 
Кетбұға, Тұғрыл хан, Сангүн, Жақамбы, Қадақ, Шыңғыс хан, Жамұқа, 
Жалаңаш, Кербезі сұлу бегім, Майқы би, Құншақ, Мұқали, Жебе, 
Тоқтабек, Шылауын, Қолтуған, Көксау Сауырық, Жоқұнан, Сәуке қарт, 
Ұлтуғаш, Сарал, Гөрхан, Күнке, Сани-Баян, Абусағит, Алаудин 
Мұхамет, Жошы, Хорезм шах Мұхаммет, Түркен қатұн, Тухадж, 
Арсылан хан, Баршұқ, Ғұсмайыл; Қосымша кейіпкерлер: Құлан қатұн, 
Көлсуат, Тетіксал, Тататұнға, Алақұс-тегін, Махмұт тай, Тазша бала, 


324 
Теб-теңгір бақсы, Қасар, Сорқын Сары, Меңлік қарт, Айшық, Өсімті, 
Абашы, Ардемген, Дәру сал, Әрін сал, Түңке сал, Баян сал, Тағай, 
Шөгей, Омар Оғұл, Арыс Инал, Сұнақ-тегін, Сенгеле би т.б. 
Роман ХІІІ ғасырдың басында Шыңғыс басқыншылығына 
байланысты туындаған айтулы уақиғаларды тарихи артқы көрініс 
(фон) еткен. Сол арқылы автор ХІІ соңы мен ХІІІ ғасырдың басындағы 
20-30 жылдық кезеңдегі оқиғаларды көркем сөз құдіреті арқылы бүгінгі 
ұрпаққа жеткізуді мақсат тұтқан. Бұл жолда жазушы халқымыздың 
басынан өткен сол бір уақиғаларды тек қатып-семген академиялық 
зерттеулерден гөрі, жалпыға бірдей ұғынықты және көркем образдар 
жасау жолымен жеткізуді әлде қайда ұтымды деп санағаны байқалады. 
Бұл ең әуелі әлем әдебиетінде пайда болып, кейін келе туған 
әдебиетімізде қалыптасқан үрдіс. Сол жолда өзіндік қолтаңбасы бар 
жазушыларды үлгі тұтқан автор оқиғаларды әдейі тыңнан іздейді. 
Қазақ тарихи романдарының хронологиялық шеңберінен алып 
қарағанда бұл туған әдебиетімізде әлі де қалам тартылмаған соны 
тақырып болатын. Бұл ретте автордың көркем образдар жасауға 
өздігінен сұранып тұрған сол тарихи тұлғалар мен оқиғаларды дер 
кезінде байқап, қаламына іліктіре білгені, көркем образдарды сәтті 
сомдауы шығарманың оң бағалануына әсер етті. Бұл тақырыпты аттап 
өту-түбі қазақ әдебиетіндегі тарихи роман жанрының толық қанды 
тұлғалануына салқынын тигізер еді. Тарихта орыс, француз, қытай, 
т.б. ұлт әдебиеттерінде Шыңғыс хан мен оның ұрпақтары жайлы 
жазылған тарихи романдар легінің бар екенін ескерсек, бұл тақырыпта 
жазу қазаққа да жат емес-ті. Өйткені дүниені дүбірлеткен сол оқиғалар 
Қазақ жерінен басталған-ды. Соның бәрін көзбен көріп, Шыңғыс 
ханмен дос та, қас та болып қатар өмір сүрген тарихи тұлғалардың 
көбі дерлік қазақтың ата-бабасы болатын. Ендеше, олардың тікелей 
ұрпағы есептелетін бүгінгі буынның туған тарихы туралы тебіренбеуі, 
қолына қалам алмауы мүмкін емес еді. Сондықтан, романның бұдан 
алдын өзге тілдерде жазылып келген Шыңғыс хан тақырыбындағы 
шығармалардан бір өзгешелігі қазақ тарихына мейлінше жақындығы. 
Егер, әлем әдебиетінде аталмыш тақырыпта жазылған шығармалардың 
бәрі дерлік Шыңғыстың жеке басын және оның сырт елдерге жасаған 
шапқыншылығын, ұлдарының іс-әрекеттерін кең масштабта баяндауды 
мақсат етсе, мұнда Шыңғыс хан тек оқиғалардың тууындағы себепші 
фактор ғана. Оның есесіне сол кездің өзінде-ақ мемлекет дәрежесіне 
көтерілген қазақтың Найман, Керей, Меркіт, Уақ, Үйсін, Дулат, 
Қыпшақ, Қарлық ұлыстарының шапқыншылықтан бұрынғы және 
кейінгі кездегі саяси өмірі сөз болады. Бірақ, бұдан Шыңғысхан қазақ 
өмірінен мүлде оқшау қалады деген ұғым тумайды. Керісінше, 
Шыңғысқа қатысты тұстар қазақ өмірімен, сол кездің әлеуметтік-саяси 
бет-бейнесімен 
жымдастыра 
суреттеледі. 
Шыңғыстың 
саяси 


325 
белсенділігінің шапқыншылық сипатына қарамастан, ол кезде 
Қыдырхан тауларынан Еділ бойына дейінгі байтақ даланы мекендеген 
көшпелі халықтардың ұлттық менталитеті негізінен ұқсас болатын. 
Оларды тек айырым этникалық белгілері ғана парықтандырып 
тұратын. Осы белгілермен қоса саяси мүдделер оларды бір-бірінен 
тәуелсіз мемлекеттік құрылымға топтастырған-ды. Сондықтанда а 
дегенде бұл тайпалардың біразы Шыңғыс шапқыншылығына батыл 
қарысы тұрды (Найман, Меркіт). Кейбірі оның “достық” саясатының 
шапқыншылық сипатын сезбей қалды (Керей, Уақ, Қарлық). Ал. 
Монғол 
жорығы 
өз 
дегеніне 
жеткеннен 
кейін 
жоғарыдағы 
жақындықтардың әсерінде қазақ тайпалары бірінші болып Шыңғыс 
қоластына сәтті біріктірілді. Бұл ұлан-ғайыр даладағы қазақ 
ұлыстарының саяси-этникалық тұрғыдан одан сайын бірігуіне жол 
ашты. Шығармада мұның бәрі өз лайығында орын тепкен. Романда сөз 
болатын геотарихи аумақ Орқын мен Қарақұрым тауына дейін созылып 
жатқан байырғы Қазақ даласын тұтасымен қамтиды. Сол арқылы автор 
Шыңғыс шапқыншылығы салдарынан қолдан кеткен ата қоныс – 
Орқын бойын еске салады. Өйткені бұл өңір сонау түркі заманында-ақ 
қазақтың арғы ата-бабалары ту тіккен қордалы қоныс болатын. 
Заманымыздың ХІІІ ғасырына дейін сол көне қоныста әлем бірдей 
таныған Найман, Керей мемлекеттері өмір сүріп келіп еді. Жойқын 
шапқыншылық оларды тәуелсіздігінен ғана емес, мың жылдар бойы 
тарихын тасқа қашаған ата қоныстарынан да айырды. Шыңғыс 
шапқыншылығының қазақ тарихы үшін оңды ықпалы болды деп 
қараған күннің өзінде де бұл ұмыт қалуға тиіс емес. 
Романның “Көк бөрілердің көз жасы” деп аталуының өзі де содан 
дерек береді. Неліктен батырлықтың, тағылықтың символы болған 
дала көк жалы көзіне жас алуы керек? Оның басына не күн туды? 
Қадым заманнан қыр даланың иесі де, киесі де өзі болып емін-еркін 
жүргенде өзінен зорға кезігіп, мәңгі бауыр басқан ұйық жұртынан 
айырылса, бөлтіріктері жөргегінде тұншықса, күндіз-түні бір қалмай 
қыр соңынан салбуырын түссе, ол жыламағанда кім жылаушы еді. 
Демек, көк жал екеш көк жал да тұмсықтан қағылар, жаны жараланар 
күн болады екен. Ол бастағы дәуреннің тайғаны дерсіз. Ендеше, бөрілі 
байрақ көтеріп, Орқынды орталық еткен наймандарды көк бөрі 
киесімен өмір сүрген көне түріктердің өзі емес деп кім айтады. Демек, 
көк бөрілердің ауызын айға білеуі, көзіне мөлдірете жас алуы түркі 
баласының ендігі тағдырының алмағайып болатындығын меңзейді. 
Наймандардың Орқыннан аууы – түркі баласының бұл мекеннен соңғы 
рет кетуі еді. 
Романның оқиға желісі ХІІ ғасырдың 90-шы жылдарындағы 
Найман, Керей хандығындағы ішкі билік тартысынан басталады. 
Бұрыннан өзге елдерге күш-қуатымен, байлығымен аты шыққан бұл 


326 
мемлекеттердің ішкі алауыздығы сыртқы жаудың өктемдік жүргізуіне 
таптырмас орай болғаны тарихи шындық еді. Мысалы, Найман ханы 
Иманыш Білгі Бұқа хан өлгеннен кейін оның балалары Таян мен 
Бұйрықтың арасында болған тақ таласы, соның нәтижесінде бүкіл 
ұлыстың екіге бөлініп кетуі, Керей Оң ханның інісі Еркеқарамен болған 
күрестері түбінде бұл екі хандықтың жойылуына жол ашты. Бұл кезде 
Меркіт ұлысының қияттарымен болған өштігі де ұзақтан бар ата кекке 
айналып еді. Романда алдымен Шыңғысханның өз әкесі Ясукей кезінен 
қалған достық қарым-қатынастан тиімді пайдаланып, Керей Оң ханды 
өз жағына қалай тартқандығы, сөйтіп оны наймандарға қарысы қалай 
қайрап салғаны сөз болады. Бұл барыста Оң ханның әрі-сәрілігі, көңіл 
күйіндегі толқулары шебер суреттеледі. Бұл кезде найманның 
Бұйрыққа қарасты батыс бөлігі олардың тегеурінді шабуылына 
ұшырайды. Нәтижесінде Найманның мемлекет қуаты зор дәрежеде 
әлсірейді. Осы оқиғадан соң Бұйрық және Жамұқа бастаған 
монғолдарға қарсы одақтың шабуылы сәтсіз аяқталады. Есесіне 
Монғол күшейіп, өз одақтасы Оң ханды тақтан тайдырып, ұлысын 
тартып алады. Бұдан тіксінген Найманның таған ордасы Уақ ұлысымен 
бірлесіп шығыстан төнген қауіптің алдын алмақ болады. Бірақ 
Уақтардың қағаны Алақұс-тегін Таян ханның бұл ұсынысынан бас 
тартып, өз еркімен Шыңғысханға беріледі. Ендігі жерде тек өз 
күштеріне ғана сүйенген наймандар Таян хан мен Көксау Саурық 
батырдың басшылығында Шыңғыс қолына қарысы аттанады. Екі 
жақтың кескілескен шайқасы 1204 жылы көктемде Орқын өзенінің 
шығысындағы Қаңғархан тауында болады. Сол соғыста батыс бөліктегі 
наймандардың қолдауынсыз қалған Таян хан мерт болып, әскерінің 
басым бөлігінен айырылады. Талай жыл қол бастаған қарт батыр 
Көксау Саурық та сол соғыста қаза табады. Тек хан ұлы Күшлік ғана 
азғана әскерімен қоршауды бұзып шығып, Орқын мен Ханғай 
тауындағы бейбіт жұртты Алтайға қарай көшіреді. Ол Алтайға 
жетісімен ел-жұрттың бүтіндігі үшін хандық тақты әкесінің інісі 
Бұйрыққа өткізеді. Бұйрық та оның бұл әрекетіне іші жылып, Меркіт 
және бір бөлім Керей қолымен бірлесіп шапқыншылыққа қарсы 
күреседі. Алтайдағы соғыс бір жылға жалғасты. 1205 жылдың 
көктемінде Бұйрық соғыста қаза тапты. Ел тізгінін қайтадан қолына 
алған Күшлік қарсылық күрестерін Меркіт ханы Тоқтабекпен тізе қоса 
жүргізді. Ақыры монғолдардың тегеуірінді шабуылына шыдай алмаған 
олар Ертістен өтіп Тарбағатйға қарай шегінеді. Бұқтырма бойындағы 
үлкен шайқаста Тоқтабекке оқ тиіа, өлім аузында жатқанда балалары 
Шылауын мен Қолтуған әкесінің басын кесіп алып өздерімен бірге ала 
кетеді. Мақсат - әкесін жат жұртқа қорлатпау еді. Ертіс пен ата мекен 
Алтайды жау қолына тастап шыққан жұрт сол жылы қыста 
Тарбағатайды аса, Жоңғар құмын жағалай қыстайды. Олардың алды 


327 
Еренқабырға бойлап, Боғда тауына, Бұлыңғыр (Тұрпан) етегіне дейін 
барады. Бірақ Шыңғыс ханға әлдеқашан тізе бүккен Бұлыңғыр патшасы 
Баршұқ олардың адамдарын қамап, зорлық-зомбылық көрсете 
бастайды. Бұлардан қайыр болмаған жағдайда наймандар мен 
меркіттер енді Жетісуды жайлаған қауғырастармен (Қара Қидан 
мемлекетімен) одақ құрды. Осы одақтан сескенген Шыңғыс хан он үш 
жыл бойы Жетісуға аттап баса алмады. Бұл аралықта қауғырастар 
ханшасы Күнкемен көңіл қосқан Күшлік олардың патшасы Желегуден 
билікті тартып алған еді. Ендігі жерде Күшлік үшін Хорезм шах 
Мұхаммет пен және түстіктегі Алты шаһар мұсылмандарымен жақсы 
қарым-қатынас орнатуға тура келді. Бірақ бұл қатынасты өз 
пайдаларына асырғысы келген ол елдер ылғида қулық-сұмдықтан ары 
аспады. 
Болашақта 
монғолдардан 
болатын 
басты 
қауіп 
ол 
одақтастарын толғандырмады. Олармен болған қарым-қатынаста 
Күшлік те қаңқызбалыққа жол берді. Соның салдарынан оның 
Жетісудағы қазақ тайпаларын бастап, Шыңғыс шабуылына қарсы 
жүргізген күрестері ақыр аяғында сәтсіз аяқталды. Бірақ ол Шыңғыс 
қолын жиырма жыл бойында Арқастан ары тосқан айтулы қолбасшы 
ретінде тарихта қалды. Романның соңғы тарауында Шыңғыс 
басқыншылығынан кейінгі кездегі қазақ ұлыстарының қайталай бірігуі, 
Жошы мен Шағатайдың Қазақ даласына хан сайлануы, Шыңғыс 
ханның өлімі т.б. жайлар сөз болады. 
Құрылысы жағынан тұтас роман жиырма екі тараудан тұрады. 
Онда тарихта аты белгілі айтулы тұлғалармен қоса, шығарманың 
көркемдік шырайын арттыру үшін ойдан жасалған кейіпкерлер де 
кездеседі. Кейіпкер монологі, табиғат суреті, образдау, кейіптеу тектес 
көркемдік амалдар кең қолданылған. Бірақ жалпы оқиға желісі тарихи 
шындық аясында өрбиді. Сондықтан оны жазуға негіз болған сол 
дәуірге қатысты сенімді жазба деректер мен аңыз-әңгімелер, қария 
сөздері, батырлық жырлары, көнеден қалған жер-су аттары, түрлі 
кесенелер мен тас ескерткіштер еді. Оқиға желісінің қарапайым, 
шынайы әрі ұлттық бояуының қанық шығуы да автордың ұлттың 
тарихи дүние танымы мен бітім-болмысын, әдет-ғұрпын, тіл мәнерін 
терең зерттегендігінің нәтижесі. 
Сондықтан бұл шығарма қазақ әдебиетіндегі тарихи романдар 
легінен өз лайығында орын алып отыр.
Көктөбе 
Қ.Найманбаев 
Қалдарбек Найманбаев 1939 жылдың 16-шы жұлдызында 
Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы (бұрынғы Киров 
ауданы), Асық ата (бұрынғы Бағара) ауылында дүниеге келген. 


328 
1956 жылы орта мектепті бітірген соң Әл-Фараби атындағы қазақ 
ұлттық университеті филология факультетінің журналистика бөлімін 
1961 жылы тамамдап шыққан. 
Еңбек жолын 1960 жылы (оқып жүріп) “Лениншіл жас” (қазіргі 
“Жас Алаш”) газетінің редакциясында бастап, онда 1969 жылдың 
аяғына дейін қызмет атқарған: әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, 
жауапты 
хатшы, 
редактордың 
орынбасары. 
1970-76 
жылдар 
аралығында “Білім және еңбек” (бүгінгі “Зерде”) журналының бас 
редакторы. 1976-84 жылдары “Жалын” баспасының бас редакторы, 
директоры. 
1984-86 
жылдары 
Қазақстан 
Жазушылар 
Одағы 
басқармасының екінші хатшысы. Одан кейінгі екі жылда авторлардың 
құқын қорғау республикалық агенттігінің төрағасы, “Ара-Шмель” 
журналының бас редакторы. 1988 жылдан “Жазушы” баспасының 
директоры, 1990 жылы Қазақстан Жоғары Кеңесінің депутаты болып 
сайланған. 
1991-96 
жылдары 
Қазақстан 
Жазушылар 
Одағы 
басқармасының бірінші хатшысы, 1992 жылдан Дүниежүзі қазақтары 
қауымдастығы төралқасы төрағасының бірінші орынбасары.
Қырық жылғы шығармашылық жолында жиырма кітап жазған. 
Оның ішінде екі роман, ондаған повестер мен әңгімелер бар. Бірнеше 
пьесаның авторы. Шығармалары жиырмадан астам тілдерге - өзбек, 
түркмен, қырғыз, орыс, беларус, украин, молдаван, татар, якут, 
башқұрт, армян, азербайжан, грузин, эстон, литва, латыш, болғар, 
словак, чех, неміс, қытай тілдеріне аударылған.
Бұл романды жазу жазушыға қиынға соққан жоқ. Өйткені, өзі 
жақсы білетін ауыл, ауылдың адамдары. Ең бастысы, адамдары, әрине. 
Жазушы сонау кездің өзінде-ақ ауылдағы бүгінгі жағдайды 
жанамалап болса да болжап айтқан екен. Бұдан отыз-қырық жыл 
бұрын тәуелсіздік туралы ойлаудың өзі күпіршілік көрінетін күндерде 
ел, жер жайында ең алдымен, жазушы жұрттың күдіктене бастағанын 
көзі ашық кісі іштей сезетін. Сол күдікшілдердің бірі Қалдарбек 
Найманбаев болатын. 
Екі кітаптың өнбойында да алып бара жатқан аласапыран оқиға 
жоқ. Сырт көзге бәрі де тіпті қоңырқай тіршілік болып көрінуі мүмкін. 
Шынында да бұл - боямасыз өмір. Жетпісінші жылдардағы ауыл 
тынысы, ауыл адамының бойындағы психологиялық өзгеріс. Бұл - ескі 
мен жаңаның күресі емес, басқа бір өзгеріс. 
Романның басты кейіпкері – Тұрарбек батыр да емес, бай да 
емес, институт бітірген жас маман. Оқудағы соңғы жылы, үйленуі, 
кездейсоқ достарынан айрылуы, ауылға қайтуы – бәрі-бәрі оны өзінше 
бір сынақтан өткізгендей болған. Келгеннен кейін де жырғап кеткені 
шамалы. Тағы теперіш, тағы төңтеріс тірлік. “Сендейдің талайын 
көргенбіз, қайтер екенсің”, дейтіндей. “Білсең осы, білмесең, диірменге 
тартып ұнтақтап жібереміз...” 


329 
Үгіліп, ұн боп кету оңай. Ал, бас көтерсең, барар жер, басар 
тауың бар ма? Көлеңкесімен қорғайтын дөкей туысың... Әйтпесе, бәрін 
ақшаға сатып алатын алпауыт ағаң... Түк таппағанда, қайын-жұртың... 
Тіпті құрып кеткенде, бүгін көмектескен болып, ал, керек кезінде сені 
қолшоқпар ғып жұмсайтын достарың ше? 
Мұның бәрінен Тұрарбек жұрдай болатын. Бары – жауаптылық 
пен жанкештілік. Соңғысына келгенде ол алдына жан салмайтын. Амал 
жоқ, сол бойы қоңырқай ауыл тіршілігіне бас-көз демей қойып кетті... 
Екі кітаптың да сюжеттік желісін тәптіштеп жатудың қажеті бола 
қоймас. Себебі, оны оқыған оқырманға таныс болар. Одан да 
романның кейбір қыр-сырларына назар аударған жоқ секілді.
Ендеше, роман-дилогияның бүгінгі оқушыға әсері қалай? 
Біз алдымен, большевиктер одан, кейін коммунистер партиясы 
деп аталған партияның басшылығымен жетпіс жылдай өмір сүрдік. Бұл 
жетпіс жыл бекер өткен жоқ. Және оны тарихымыздан сызып тастай 
алмаймыз. Сызып тастауға болмайды. Айтты-айтпады, сол жетпіс 
жылдың шындығы қай шежіремізде болса да қалуы керек. 
Ал енді осы реттегі көркем ойымыздың өнегесі, тағылымы 
қандай? Ол кездің әдебиетін тек партияны марапаттаған, партияның 
қол шоқпары болған десек, бұл - бір жақты пікір. Рас, партиясыз күн 
жоқ, сондықтан оның сойылын соққандар көп. Сол арқылы атақ-
даңққа жеткендер, сол арқылы үлкенді-кішілі таққа отырғандар да 
жеткілікті. Бірақ, соған қарап, жұрттың бәрі қолына қызыл жалау алып, 
шапқылап жүрді деу, әрине, артық сөз. Өйткені, сондай қиын кездің 
өзінде де шындық дейтін қылыштың жүзінен қорықпағандар да болды. 
Ашық кетпегенмен, партияның “кемеңгерлік” саясатын алға тарта 
отырып, жаңбыр-жаңбырдың астымен өз ойын, өз көзқарасын 
емеурінмен жеткізген жазушы аз емес. 
Жалпы, өткен ғасырдың 50-80 жылдар арасы қазақ әдебиетінің 
құлашын кеңге жазған кезеңі болды. Небір айтулы туындылар дүниеге 
келді. Әдебиетіміздің бір талантты ұрпағы өсіп ер жетті. Кемеліне 
келді. Кемеліне келген соң тарихты да қопарды, тарихты қопара 
отырып, сол кезеңнің болмысынан шындық іздеді. 
Ол кезең – жақсы шығармаларды тасқа басып шығарудың ең бір 
қолайлы да, өнімді кезеңі болды. Әрине, сол жақсы шығармалармен 
талай шикілі-пісілі дүниелердің де араласып кеткені шындық. Бірақ, 
әңгіме ол қойыртпақтар туралы емес. 
Кезінде “Көктөбе” алпыс мың тиражбен де шықты. Және тез 
тарап, тез өтіп кетті. Ал, қазір алты мың тиражбен кітап шығару – қол 
жетпес арманға арналды. 
Мұның бәрін айтып отырғанымыз, өткеннің сағынышы емес, 
роман-дилогияның өмірге келген кезеңінен қысқа бір елес. 


330 
Жазушылар шығармаларын жарысып жазды. Бұл бәсеке – жақсы 
бәсеке болатын. Кісіні ылғи қамшылап отыратын. Соның арқасында 
өмірге небір татымды дүниелер келді. Шындығын айтсақ, жоғарыдағы 
кезең, яғни сол отыз жыл қазақ әдебиетін кеңінен танытқан кезең еді. 
Алтын ғасыр демей-ақ қояйық, ал, күміс белес болғаны анық. 
Жалпы, не нәрсені болса да шектеушілік, кісінің іштей 
қарсылығын туғызатыны сияқты, партиясыз ас батпайтын кезең, 
әсіресе, жазушы жұртты ізденіске итермеледі. Қиыннан қиыстырып 
жазуға жетеледі. Қаламгерлер қыспаққа түскенмен де жол тауып, тың 
ойларын жұртқа жеткізіп жатты.
Міне, тәуелсіздігімізде он жылдан асты. Бұл шындап келгенде 
біраз уақыт. Ал, осы уақытта жазушы жұрт қандай керемет 
шығармалар жазды? Ауыз толтырып айтарлық ештеңе жоқ-ау. Неге? 
Бостандық алдық. Шектеп жатқан, қолдан қағып жатқан ешкім жоқ. 
Сонда бастан кешіріп отырған заман туралы татымды туынды қашан 
шығады? Қанша сұрау салғанмен ондай шығарма жуық арада дүниеге 
келе қоймас. Өйткені, біз бұл заманды күні бүгінге дейін ұғып 
болғанымыз жоқ, електен өткізуге әлі ерте. Қазір шытырман оқиғалы 
бірдеңелер жазуға (детектив) болар. Ал, кеңінен көсілу қиын. Бұл 
жерде, әрине, тарихқа тереңдеп кеткендер туралы әңгіме жоқ. 
Тарихқа бұрын да көп жүгінгеміз. Енді шын зерттеушілердің күні туды.
Ендеше, біз әдебиетіміздің өткеніне әсіресе, ХХ ғасырдың екінші 
жартысындағы жетістігімізге ерекше назар аударуымыз қажет. Өйткені, 
бүгінгінің көп нышаны сол кешегі күннің шығармаларында бар. Тыңнан 
түрен салатын емес, өткеннің жақсы дәстүрлерін жалғастырса жөн 
болар. 
Роман-дилогияға қайта оралайық. Осы туындыны жазушы 
бірнеше әңгіме-повесть ретінде бөлек-бөлек жазған. Оның екі-үшеуі 
мерзімді баспасөзде жеке шығарма ретінде де жарық көрді. Әрине, 
сюжет бір, кейіпкерлер бір. Тек, әр тарау өзінше бөлек. Ал, бәрі 
қосыла келгенде, басқаша бір бүтін көркем дүние шыққан.
Қазір қарап тұрсаң, ауыл туралы күдік шынға айналып бара 
жатқан сияқты. Неге екенін, ауыл алыстап барады, бізден. Жер емген 
жұрт қалаға жосылып жатыр. Жалпы, әлемдік танымға да, тәжірибеге 
де қарасақ, дамыған, төрт жағы құбыла елдердің көбі осындай 
аласапыран дәуірді бастан өткізді. Еңсесі биік көрінетін Еуропаңызда 
талай қыстақтар бос қалған. Қайбір елдің болмасын өсу, өркендеу 
жолында мұндай кезең болған. Әлі де болып жатыр. 
Ал, Қазақстан да осыны бастан кешіріп отыр. Бұл шындық. Тек, 
біздің ұлттық болмысымыз бұл бұрылысқа төтеп бере ала ма? Өткен 
ғасырдың екінші жартысында әдебиетке келіп, талай-талай татымды 
шығармалар жазған ақын-жазушылардың түгелге жуығы ауылдан 


331 
келген болатын. Олардың туындыларындағы басты тұлға да сол - ауыл 
адамдары. Сонда біз туған жерді қалай ұмытамыз? 
Қазақи ұғымға келетін болсақ, ұлттық болмысымыз туралы сөз 
қозғайтын болсақ, ауылды айтпай отыра алмаймыз. Өйткені, қазақ 
үшін ауыл – қасиетті табалдырық. Әрбір қазақ үшін ауылдан ыстық 
жер жоқ бұл дүниеде.
Ал, қайталап, айтсақ қазір ауылдан күй кетті. Ауылды арақ 
жайлап барады. Ауылда немқұрайлылық, немкеттілік төрге шықты.
Әрине, көпке топырақ шашып отырғанымыз жоқ. Әйтседе, романдағы 
жан айқай әлі сол жан айқай. Ауылда Жұрынбайлар бұрынғыдан да 
көбейіп кетті. Бастықтың есігін теуіп ашатын алпауыттар бүгінгі 
байлығын маңдай терімен тапқан жоқ. Өтпелі кезеңде орайын 
тапқандар. Ауылдағы Жұрынбайлардың қазіргі қулығына найза 
бойламайды. Бұрынғы ортақ меншіктегі жер, мал, құрылыс, 
техникалық құрал-жабдықтар солардың қолына тегін тиді. Ал, осы 
талапайдан 
ұлтарақтай 
жер 
тиген 
кембағал 
ағайын 
қаржы 
болмағандықтан сол болмашының өзін игере алмай отыр. 
Ал, ел, жер деп еңіреген Тұрарбектер ше? Әлі еңіреп жүр. 
Ертерек “оңы-солын таныған” оның көп қатарлары Жұрынбайларға 
ілесіп кетті... Байып алып, басқа әнге көшті. Сонда мұны қалай 
түсінеміз? Ауыл азып бара жатқан жоқ па? Апырай, ауыл азса, қазақ 
қазақ болудан қалмай ма? Тамыры шіріген ағаш сияқты күндердің 
күнінде опырылып түспей ме? Жоқ, ол күндерді құдай бізге 
көрсетпесін. 
Мүмкін емес, ауылдың азуы мүмкін емес. Қазақ үшін ауыл – қара 
шаңырақ, алтын бесік! Ендеше, ауылдан айрылмауымыз керек! Қалай, 
қайтіп? Роман-дилогияның авторы ойландыратын - осы сұрақ. Кезінде 
қаламгерлер ауыл құриды деп жаза алмады. Жазса, су түбіне кетер 
едік. Сондықтан күдігін, жүректегі жарасын бүркемелеп айтты. Ертең 
ауылға ие болатын осылар деп Тұрарбектерге сенді. Көкейдегі күдікті 
жанамалап болса да солардың аузымен жеткізбеді. 
Бүгін осыны ойлағанда “апырай, жазғаны жақсы болған екен” деп 
шүкіршілік етесіз. Өйткені, қазақ қазақ болғалы қаланы некен-саяқ 
салса да, зәулім сарайларға сақтықпен қараса да, ұшы-қиырсыз 
даланы қолдан бермеген. Сол жолда қан төккен, тер төккен. Көп 
қазақтың күні бүгінге дейін қалада тынысы тарылатыны сияқты. Жас 
келіннің отауындай шаһар төрінде үлде мен бүлдеге оранып отырса да 
даланы аңсайтыны, ауылды сағынатыны да рас. Ендеше, өткен 
ғасырдың 70-ші жылдарындағы қазақ ауылының тыныс-тіршілігін 
толғаған роман-дилогия бүгін де қазақ әдебиеті дейтін дінаман лектің 
қатарында. 


332 
Көшпенділер 
І.Есенберлин 
Қазақ әдебиетінің тарихында бүгінге дейін ең көп роман (17) 
жазған жазушы Ілияс Есенберлин 1915 жылы Ақмола облысының 
Атбасар қаласында дүниеге келген. Ата-анасынан ерте айрылған Ілияс 
өзінен кейінгі інісі Раунақ екеуі балалар үйінде тәрбиеленеді. Қазақ 
кен-металлургия институтын бітірген. Еңбек жолын Жезқазған 
кенішінде бастайды, инженер, Бершүгір шахта басқармасының бастығы 
болады. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Қайта оралған соң Қазақстан 
Қомпартиясы Орталық Комитетінде нұсқаушы, Қазақ мемлекеттік 
филармониясының 
директоры, 
“Қазақфильм” 
киностудиясының 
сценарлық коллегиясының мүшесі, “Жазушы” баспасының директоры, 
Қазақстан Жазушылар одағының екінші хатшысы болып қызмет істеді. 
Ілияс Есенберлиннің алты кітаптан тұратын тарихи эпопеясы сөз 
өнерінің әлемдік нұсқасына қосылған тарихты көркемдік пайымдаудың 
үздік үлгілерінің бірі болып қала бермек. 
Ілияс Есенберлиннің ұлт тағдырына қатысты шетін сырлары мен 
идеялары кемел деңгейде көрінетін бұл эпопеяның алғашқы бөлігі 
“Көшпенділер” трилогиясы еді. 
“Көшпенділердің” ең алғаш жазылған бөлігі “Қаһар” 1969 жылы 
“Жазушы” баспасынан жарық көрді. Орыс тілінде тұңғыш рет “Простор” 
журналының 1970 жылғы, 5,6 сандарында “Хан Кене” деген атпен 
жарияланған. 
Трилогияның бірінші кітабы болып табылатын “Алмас қылыш” 
романы тұңғыш рет 1971 жылы “Жазушы” баспасынан қазақ тілінде 
жарық көрді. 1974 жылы Москваның “Молодая гвардия” баспасынан 
“Загаворенный меч” деген атпен орыс тілінде басылып шықты. 
Тарихи трилогияның екінші бөлімі “Жанталас” романы бірінші рет 
1974 жылы “Жазушы” баспасынан шықты. Роман орыс тілінде тұңғыш 
рет “Простор” журналының 1973 жылғы 7, 8, 10 сандарында 
“Отчаяние” деген атпен басылды. Москваның “Известия” баспасынан 
1974 жылы орыс тілінде шықты. Үш роман біріктіріліп “Көшпенділер” 
деген атпен алғаш рет 1976 жылы “Жазушы” баспасынан қазақ тілінде, 
Москваның 
“Советский 
писатель” 
баспасынан 
1978 
жылы, 
“Художественная литература” баспасынан орыс тілінде басылды. 
Трилогияны орыс тіліне аударған – Морис Симашко. Сондай-ақ 
“Көшпенділер” трилогиясы 1983 жылы Польшада 1986 жылы 
Венгрияда басылды. “Көшпенділер” трилогиясында бес ғасырлық 
оқиға, яғни, ХҮ-ХІХ ғасыр аралығындағы қазақ хандығы өмір сүрген 
кезең суреттеледі. Оқиға бүгінгі шекаралық аймақ тұрғысынан 
қарағанда Алтайдан Атырауға дейінгі шығыс пен батыс аралығы Батыс 


333 
Сібір ойпаты мен Самарқанд пен Сырдарияға дейінгі солтүстік пен 
оңтүстік аралығын қамтитын географиялық аймақта өтіп жатады. 
Шығарма кейіпкерлері ретінде негізінен тарихи тұлғалар, 
Шыңғысхан дәуірінен басталып Кенесарымен аяқталатын қазақ
мемлекетінің бастау көзі мен қиын-қыстаулы тағдыр-талайының 
басында тұрған хандар тізбегі, ел мұңы мен арман-тілегінің хабаршысы 
ақын-жыраулар, ел мен жер үшін, ұрпақ болашағы үшін жан аямай 
шайқасып, Отанын қорғай білген арыстан жүрек, атан жілік батырлар. 
Бұлар – ел есінде аттары жатталып, тарихта қалған, өмірде болған 
тұлғалар. 
“Көшпенділер” трилогиясы партиялық идеологияның қылышынан 
қан тамып тұрған уақытта дүниеге келген шығарма. Ол кезде мұндай 
шығарманы жазбақ тұрмақ, қазақ халқының ертеректе өмір сүрген 
артында мол мұра қалдырған, елім деп еңіреген, ел үшін, жер үшін 
мерт болған батырлардың, хандардың, шешендердің атын атаудың өзі, 
олар жөнінде әңгіме қозғаудың өзі қиын еді, қауіпті еді. Ал Ілияс 
Есенберлин осының бәрін біле тұрып қазақ халқының өткен тарихын 
бейнелейтін, тарихтан мол мағлұмат беретін бір кітап емес, бірнеше 
роман жазып, оқырманға ұсынуы жай ерлік қана емес, талантты 
жазушының саяси жеңісі еді. 
“Көшпенділер” қазақ халқының ұлттық тарихының бастау көзі
беріде емес, әріде жатқандығына жөн сілтеді. Бүкіл бір халықтың өмір-
тарихы ұмытылып бара жатқандығын еске сала отырып, оған кінәлі-
коммунистік саясат екендігін ашып айтпаса да, өмір ағысы басқа 
арнамен ағып бара жатқандығын, тарих беттері бұрмаланғандығын 
көркем тілмен бейнелеп берді. 
Есенберлиннің осы трилогиясынан нәр алып, көп нәрседен 
мағлұмат 
алған 
көпшілік 
оқырман 
ондаған 
жылдардан 
соң 
тоталитарлық жүйеге қарсылық білдіргенін дүние жүзі біледі. Бірақ 
қылышынан қан тамған Горбачевтік-Колбиндік баскесерлер әділдік 
іздеп, бой көрсеткен жастарды қалай қуғындап, қалай түрмеге 
жатқанына тарих куә. 
Архивтік деректер, халықтық аңыздар, этнографиялық сипаттар 
негіз болған тарихи эпопеяда автор оларды сол өткен дәуір елесін дәл 
бейнелеу үшін ғана емес, оған қоса түрлі қағида мен идеялардың, 
түрлі психология мен мақсат мүдделерінің қандай заман, қандай 
қоғамдық жүйеде болсын сабақтастық алып жатқан көрінісін беру үшін 
де пайдалану мақсатын тұтынған. 
Былайша айтқанда Ілияс Есенберлин халқының көне заманғы 
тарихынан өзі өмір сүрген дәуірдің де даму диалектикасын көрді. 
Уақыт сабақтастығын жіті тани білген жазушы тарих тұңғиығына 
бойлап, ұлт тағдырының, халық қасіретінің қилы кезеңін суреттеу 
арқылы бүгінгі күннің міндеттері мен ертеңгі күннің бағыттары туралы 


334 
ой сілеміне жетелейді. Ең әуелі қазақ әдебиетінің, онан соң әлемдік 
әдебиеттің тарихи тақырыпты игерудегі мол тәжірибесін, игі дәстүрін 
жинақтай отырып бір кездерде, революция жылдары Алексей Толстой 
“Бірінші Петрді” жазғаны, Ұлы Отан соғысы жүріп жатқан сұрапыл 
жылдарда Мұхтар Әуезов Абай туралы роман-эпопеясын жаза 
бастағаны сияқты, өзге кейбір әріптестері коммунистік партия туралы 
әсіре мадақ одаларын жазып жатқан шақта Ілияс Есенберлин хандық 
дәуір тарихына қалам тербеді. Халық зердесінің қалғи бастаған сәтін 
оятуға, ұрпақ санасына ұлттық патриотизм қалыптастыруға қызмет 
істейтін бағытта жанарын тарих тереңіне қадады. 
Әдебиетіміздің арғы-бергі тарихында ұлы сахарының бірде 
құландай тулап, бірде ұлардай шулап қалған алмағайып тағдырын 
Ілияс Есенберлиндей азаматтық қажырмен, суреткерлік қуатпен 
толғаған жазушы болған жоқ. Егер шындыққа жүгінсек жазушы 
ерлігіне берілген бағадан гөрі берілмек баға әлдеқайда салмақтырақ 
болуғы тиісті. Халық тарихындағы хронологиялық заңдылық дегеніміз 
жыл санауға ғана тәуелді емес, ол – Сананың ел рухымен үн қатысып, 
адами армандармен матасуына, сөйтіп кешеден келген бүгіннің 
“генетикалық” 
арқауына 
шындық 
пен 
әділдіктің, 
ерлік 
пен 
батырлықтың, ар мен ұяттың, бірлік пен бірегейліктің нұрлы шуағын 
себер сәттеріне байланысты. 
Ол жылдары тарих пәні тек оқу пәні ғана емес, кеңестік 
компартиясының қолындағы негізгі саяси құрал болды. Көптеген 
партия мемлекет қызметкерлері тарихшы мен тарих бойынша ғылыми 
атақ алуды өздерінің борышы деп есептеді. Бүкіл тарихи шежіре 
біріншіден соңғы бетіне дейін коммунистердің тиянақты әрі қырағы 
идеологиялық редакциясынан өтті. 
Сол кездегі тарихи жағдай, халықтық сұраныс жазушы жанын 
толқытып, “Қаһар” сияқты тарихи дәуір келбетін бейнелейтін романды 
жазуға итермелегені заңды еді. 
“Қаһар” – “Көшпенділер” трилогиясының 3-ші кітабы. Автордың 
алғашқы кітаптан бастамай, трилогияның соңғы бөлігі “Қаһардан” 
бастауында мынадай себептер бар секілді. Біріншіден, суреттеліп 
отырған кезең біздің дәуірімізге біртабан болса да жақын, тарих 
тасасына дидарын жасырып үлгермеген. Екіншіден, ел ішінде ізін 
суытпай аңызға айналып, халық жадында жатталып, жазылып қалған 
тарихи оқиға мен нақты адамдар тағдыры авторды қызықтырған. 
Сондықтан соны жазуды діттеген. Үшіншіден, Кенесары, Наурызбай 
қозғалысы туралы осы ғасырдың 30-50-жылдары біршама зерттеліп, 
ғылымда бағасын алған еді. Сонымен қатар ол жайында жазылған 
еңбектерді саяси орын түгел отқа жаға алған жоқ. Яғни қолына түсіп, 
жинақталған материалдар жазушыны шабыттандыра түскені шындық. 


335 
Бұдан соң автор көп ұзамай трилогияның бірінші кітабы “Алмас 
қылышты” (1971) жарыққа шығарды. Ортадағы дәуірді орағытып 
оқырман көңіліндегі дүдәмал сұрақтардың жауабын беретін қазақ 
хандығының отау тігіп, қалыптасу кезеңін бейнелейтін дәуірді ХҮ 
ғасырға аттап кетуі тегін емес. Бұл орайда оқырманды эстетикалық 
ләззатпен еліте отырып, оларға танымдық ғибрат беру автордың 
негізгі ойы еді. 
“Жантасал” 
романында 
“Алмас 
қылыш” 
пен 
“Қаһар” 
романдарында суреттелген тарихи кезеңді жалғастыратын аралық 
дәуір оқиғаларын шежіреленген. Сөйтіп, қазақ халқының бес ғасырға 
жуық тарихының (ХҮ-ХІХ) көркем хроникасын жасаған. Сол арқылы 
өзінің қаламгерлік үлкен арман-міндетін І.Есенберлин қазақ халқына 
өзін-өзі таныту, жас ұрпаққа өткен ата-бабалары жөнінде мағлұмат 
беру мақсатын орындап шықты. 
Автор хандық дәуірге лайық тақ таластарын әр қырынан ала 
отырып, шығармасын жалаң, жасанды тап тартысына құрудан бой 
тартады. Керісінше, қазақ халқы өміріне тән рулық тартыстың 
астарларын ашуға тырысады. Есенберлин трилогиясында Асан қайғы, 
Бұқар, Нысанбай сияқты атақты жыраулардың, Қазыбек, Төле, Әйтеке 
сынды тарихи тұлғалар, аттары бүкіл қазаққа мәлім билердің, ондаған 
өнер адамдарының жарқын бейнелері қатар түзейді. 
“Алам қылыш” пен “Жанталас” негізінен “Қаһарда” суреттелген 
кезеңге дейінгі тарихи оқиғалар баяндалған. 
Әлемді тітіреткен Дешті Қыпшақтың Әбілқайыр ханның (ХҮ 
ғасыр) кезінде ішкі сыртқы күштердің әсерінен әлсіреп, ыдырай 
бастаған кезі, оның іштей ыдырап жеке хандықтарға бөліне бастаған 
алмағайып шағы “Алмас қылышта” қым-қуыт оқиғалар тізбегі арқылы 
суреттелген. Алғаш Керей, Жәнібек хандар бас болып шаңырақ 
көтерген қазақ хандығы да оңай бой түзеп кете алған жоқ. Өздеріне 
ерген елдің іргесі бекіп, өрісі кеңеюі үшін Керей мен Жәнібек 
сұлтандарға талау азулы ел билеушілермен ырғасып, жаға жыртысуға 
тура келді. Орта Азияның ұланғайыр жерін тоқымдай тілгілеп жеке-
жеке иемденген шағын хандықтармен алысу, көшпелі алтындай біресе 
ол жағына, біресе бұл жағына ауысқан көне қалалар мен шұрайлы 
жерлер елді талай сынға салып, тезден өткізді. Сондықтан да “Алмас 
қылыштағы” оқиғалар желісі тым қою, сюжеттік желісі шытырманды, 
бұралаңы 
көп. 
Алма-кезек 
ауысқан 
хан-сұлтандар, 
олардың 
арасындағы қым-қуыт соғыстар қаншама. Тарихи зерттеу, архивтік 
мәлімет, жазба құжат, шежірелік деректермен салыстыра қарағанда, 
автордың көптеген оқиғаларды іріктеп, Әбілқайыр, Керей, Жәнібек, 
Бұрындық, Қасым сұлтандар айналасына топтастыра жинақтауға 
тырысқанын байқаймыз. Алайда, автордың деректік мағлұматтарды 


336 
тым көп кірістіру мақсатынан туындаған олқылықтарды жоққа 
шығаруға болмайды. 
“Жанталас” – Абылай кезеңіндегі қазақ хандығының Жоңғар, 
Орыс, Қытай елдері тарапынан үш жақтан бірдей қыспаққа алынып ел 
басына қысылтаяң күн туған шағындағы аса бір қиын кезеңді 
әңгімелейді. 
Роман “Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама” деген атаумен 
қалған ұлы қырғын – жоңғар шапқыншылығын сипаттаудан басталады. 
Халықтың осы азаттық үшін күресінде алғаш батырлығымен көзге 
түсіп, бірте-бірте көтеріліп ел көсемі болған Абылай ғұмыры халық, ел 
тағдырымен бірлікте баяндалады. Алайда, Абылайды идеал қаһарман 
ретінде көрсетуден іргесін аулақ сала отырып, жазушы ханның күрделі 
характерін аша отырып, халық тарихының көркем шежіресін жасауды 
мұрат тұтады. 
Өзі сияқты көшпенді халық Жоңғар озбырлығынан елін аман 
алып шығуға қол жеткізгенмен, Абылай үшін қиындық туғызған батыс 
пен шығыстағы екі көрші еді. Міне, Абылай осы екі алып көршінің түпкі 
ойын қалай жүзеге асырмаудың жөнін таба алмай “жанталасады”. Бұл 
орайда жазушы негізгі шешімді халыққа қабылдатады. Халықтың 
айнымас қамқоры Бұқар жырау осы қалауды Абылай ханның құлағына 
әр кез салып, ескертіп отырады. Ол – орыс еліне арқа сүйеу, орыс 
мәдениетіне қол созу. Осы тілекті ескергендіктен де халық құрметіне 
ие болады. Автор бұл дүниеден көшіп бара жатқан Абылайдың аузына 
да осы идеяны өсиет етіп салады. 
Тарихи трилогияда автор ғасырлармен бірге кеткен феодалдық 
қауымдастық сананың түп-тамырын ашып, оның өз кезінде бірігудің, 
тәртіптің қазақ халқын қорғап, сақтап қалудың себебі болғанын 
көрсетіп береді. 
Халықтың жеке ел болуындағы ең үлкен және соңғы қуатты 
тегеуріні қазақ халқының жоңғардың жойқын шабуылына төтеп беріп, 
елдігі мен жерін сақтап қалу болды. Бұл нағыз Ұлы Отан соғысы, сол 
Отан үшін шайқастағы тұтас халықтың ерлігі еді. Бұл сипат, Отан 
іргесін сақтап қалу үшін болған ұлы шайқас романда бар болмысымен 
жан-жақты көрінеді. Тарих оқулықтарында “өз еркімен қосылды” деп 
түсіндіріліп келген Россия империясына қазақ даласының бағындырылу 
процесінің қиын да күрделі сипаты “Жанталас” романында Әбілқайыр, 
Барақ, Абылай сияқты әр түрлі көзқарастағы ел билеушілердің іс-
әрекет, айла-шарғылары арқылы көрініс табады. Қай заманда болсын 
қатыгез жүйе, қате саясаттан зардап шегетін – халық. Қандай 
тығырықтан да халық өзін-өзі ғана шығарады. Трилогияның алтын 
желісі, негізгі өзегі – қазақ халқының саясат бұғауы, шовинизм 
құрсауымен 
беймәлім 
болып 
келген 
тарихын 
өзіне 
таныту. 
“Адамзаттың нағыз шын тарихын тарихшы емес, суреткер жазады”, - 


337 
дейді А.Горький. І.Есенберлин осы принципті ту етіп ұстап, ғылымда да 
осы уақытқа дейін терең сараланып бітпеген тарихтың қос қыртыс 
қатпарларына қазақ қаламгерлерінің ішінде тұңғыш рет қаламгер 
көзімен саяхат жасап, оқырман назарын көне тарихтың әлі ашыла 
қоймаған тың беттеріне аударады. 
Өткеніміз туралы кешеге дейін там-тұмдап қана дерек біліп 
келсек, 
“Көшпенділер” 
елдік 
дәстүріміз, 
ғасырларға 
созылған 
шытырманға толы тарихымыз бар екенін көркем әдебиет көлемінде 
тұңғыш рет таныстыра алды. Ол ол ма? Бұл шығарманың тіпті тарихи 
еңбектерде шешімін тауып болмаған немесе басы бірікпей шашыранды 
түрінде жатқан мағлұматтардың бір жүйеге түскен желісін көреміз. 
Соншама көп фактілерді жазушы жалаң тізбей, роман шарттарына 
лайықтап, қорытып, көркемдік қиялға бөлеп бере алуы шығарманың 
тартымдылық қасиетін арттыра түсті. Міне, осындай тарих пен 
аңыздың, қиял ауқымы мен шеберліктің бірлестік табуы трилогияның 
өзгеше бітімін белгілеген еді. Сонымен қатар әдебиеттегі белгілі 
жанрлардың шартына сай бағалау қиындығы да шығарманың 
материалы, жанры, көркемдік тәсілі мейлінше тың болғандығын 
көрсетіп тұр. 
“Көшпенділер” трилогиясы – хронологиялық жүйеге құрылған, 
қазақы шежірелік сипатты бойына жинақтаған тарихи шығарма. 
Ондағы баяндалатын оқиғалар негізінен тарихи жүйемен дамып, өрбіп 
отырады. Рас, трилогияда жазушының лирикалық шегіністерге, арғы-
бергі дәуірлерге ауысып отыратын тұстар да жеткілікті. Ондағы 
суреттелетін негізгі оқиғалар, басты қаһармандар тарихта болған, 
белгілі деректерде сақталған. 
Халықтың келбетін, күшін көрсету, қимылын, іс-әрекетін паш ету 
сипаты “Алмас қылыш” романында Бұрындық ханның әрекеттерін 
суреттейтін тұстарында айқын көрінеді. Бұл жайды жазушы оған деген 
халықтың қарым-қатынасын суреттеу арқылы айғақтай түседі. 
Мұхамед Шайбани мен Бұрындықтың құда болуына халық сырт 
айнала қарайды. 
Жеке оқиғалардың желісі, түп қазығы халықпен, қазақ халқының 
тағдырымен 
байланысып 
жатады. 
Мұның 
барлығы 
тарихи 
оқиғалардың, болған шындықтың, болмыстың негізінде айтылады. 
“Алмас қылыш” романында жеке адамдардың, кейіпкерлердің 
өміріндегі тартысы, өсіп жетілуі, оның халықпен сан-салалы 
байланысында көрсетіліп, эпикалық сипатта баяндалады. Мұндағы 
оқиғалардың өріс алуы, дамуы тек халық атынан, ел тұрғысынан алып 
қозғалады. Керек жерінде халық өзінің күшін, қаһарын, қимылын 
көрсетеді. Керек болса үкімін де шығарады. 
Осы романдағы Әбілқайыр ханның (ХҮ ғасыр) билік мұратының, 
өзге жұртты билеп төстеудің, империялық саясаттың қай заманда да 


338 
ұқсас сипаттарын ойыңа салады. Әбілқайыр ойлау деңгейі жағынан 
таяз емес. Ел билеуде оның ұстанған өз саясаты бар. Қол астындағы 
елі – алмас қылыш. Оларды қайрап қойып, әр руды бір-біріне айдап 
салып отырмаса, бірігіп кетсе, бой бермесін ол жақсы түсінеді. Өз 
мақсатына жету үшін ол нендей сұмдықтан да, зұлымдықтан да 
тартынбайды. Бірақ ол біреудің қолымен от көсеп, сол зұлымдығы мен 
сұмдығын біреу арқылы жүзеге асырады. Жәнібекті, Саянды, Рабиу-
Сұлтан-бегімді, Гүлбаһрамды, Орақты, Ақжолды өлтіруге жасаған 
әрекеттерінен соны айқын көреміз. Хан тұқымына, ел билеушіге кісі 
тағдыры ойыншық сияқты. Әбілқайыр заманындағы бұл құбылыс 
шығарма жазылған дәуірде де солай болды, бүгін де сол сипатта. 
Жазушы бұл жайды нақтылап та көрсетеді, Әбілқайыр ойы арқылы да 
сездіреді.
Өз алдына хандық құрып, таққа отығысы келген Жәнібек сұлтан 
да – терең ақыл, парасат иесі. Ол сол кездегі әлеуметтік шаруашылық 
жайды дақсы түсінген. Сондықтан да Әбілқайырдың қатесін өз 
мақсатына пайдалана отырып, ол үлкен іскерлікпен, ақылмен біраз 
рулардың басын құрып, ақыры қазақ халқының негізін құрады. 
Әбілқайырдың өлімі мен сол кездегі Орта Азия қалаларындағы 
жағдайлар Қазақ хандығының біраз күшеюіне мүмкіндік береді. Ал, 
Жәнібектің баласы Қасымның тұсында Қазақ хандығы тіпті күшейе 
түсті.
Халық аузында “Қасым салған қасқа жол” деген мәтел бар. 
Сыншы халық бұл сөзді басқа хандарға айтпай, Қасымға айтуы тегін 
болмаса керек.
Жазушы Қасымның түбі ел бастар мінезін жастайынан-ақ таныта 
береді. Жәнібек көбіне өз баласымен ақылдасатын. Қасым әр кез әр 
істің, алды-артын жақсы байқап, дұрыс байлам айтады. Оның 
ақылдылығы, ұстамдылығы романда орынды берілген. Оның уәдеге 
берік, мәнді мінезі де суреттеледі. 
“Жанталас” романының оқиғалық желісін ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырлардағы 
Қытай, Жоңғар феодалдық агрессияшыл мемлекеттерінің Қазақ 
хандығына, Қазақ еліне жасаған қысым-қыспағы, қанды жорықтары 
құраса, тарихи шығармалардың бас кейіпкерлері ретінде қазақ 
хандары Тәуке, Қайыпхан, Болат хан, Әбілқайыр хан, Сәмеке, Абылай 
хан т.б. жан-жақты сипатталған. Қытай, Жоңғар мемлекеттерінің 
Канси, Сыбан, Раптан, Қалден, Церен, Церен Доржи т.б. соғысқұмар 
билеушілерінің іс-әрекеттері, жүргізген саясаттары тарихи шындық пен 
көркемдік болжал ұштаса отырып суреттелген. Олардың қатыгез, 
қаражүрек істері көркемдікпен қисынды баяндалған. 
Қазақ елі тарихының салқар көшінде тағдыры күрделі тұлғаның 
бірі – ХҮІІІ ғасырда өмір сүріп хандық жүргізген Әбілқайыр. Осы 
Әбілқайырды да жазушы роман желісінде Әбілмансұрмен бір сәтте, бір 


339 
дастарқан басында отырған жағдайда таныстырады. Бір заманда өмір 
сүрген, бірі үлкен, бірі кіші, бір-бірінің жалғасындай болған, бағыт-
бағдары, ой-ниеті бірде ұқсас, бірде алшақ көрінетін, есімдері мен ел 
тағдырына қатысты іс-әрекеттері жайлы екі ұдай пікір қалыптасқан 
Әбілқайыр 
және 
Әбілмансұр-Абылаймен 
шығармада 
осылай 
кездесеміз. 
Әбілқайыр мен Абылай психологиялық жақтан ұштасып барып, 
екі тармаққа бұрылады. Жазушы Әбілқайыр тұлғасы жайлы талас 
пікірдің ұшығын тарихи себептермен орайластыра дұрыс шешім 
шығарады. Әбілқайыр да, Абылай да хандық билікті қолдан шығарғысы 
келмейді. Алайда Жоңғар мен Қытай шапқыншыларының бұғауынан 
құтылудың бір-ақ шешімі бар. Әбілқайырдың аузына: “Түбі еліміздің де, 
келешек ұрпақтардың да көзі жетер, әрекетімізді ақтар, бізге қалған 
жалғыз жол – ол Россияның қол астына ену” – деп сөз салуында сол 
объективті шындықтың бір жағы жатыр. Ал хандық билікті қолдан 
шығарғысы келмейтінін де автор оның жеке адамдық қасиетіне, 
психологиялық болмысына байланыстыра бейнелейді. 
Рас, Әбілқайыр мен Барақтың жаулығын күшейтудегі орыс 
чиновниктерінің әрекетін құжаттармен дәйектеу мүмкін емес. Бірақ 
автор Әбілқайырдың осындай хал кешуінің тарихи шындық екенін жан-
жақты ашқан. Әбілқайыр сол кезеңдік үлкен саясаттың құрбаны. Дей 
тұрғанмен, таққұмарлық пен жеке бас мүддесі алғашқы кезекте 
тұратын пендешілік психологиясы меңдеген Әбілқайыр болмысы 
арқылы көрінетін адасудың тұманына тап болған тағдырдың, азап 
тауқыметін өзі емес, өзгелер көбірек тартып, зардабын халық шегетін 
құбылысы кітап жазылған дәуірде де айыға қоймаған тұрпаты 
І.Есенберлин қалам қуаты арқылы өрнек тартқан. Тарих сабақтастығы, 
уақыт ұқсастығы, психологиялық сәйкестігі көрініс тапқан. Тарихи 
шындықтың көркемдік таным қуатымен жанды бейнеге айналған 
сипатына бойлаймыз. 
Мемлекеттік басқару құрылымында жеке мүдделік ой мен 
бақталастық жайлаған елдің болашағы қашанда тұманды болатынын 
ескертіп тұрғандай. Өткен заман шындығын жазушы өзі өмір сүріп 
отырған кезең болмысынан алып көркем бейне жасап отырған тәсіл. 
Тарихи өткен дәуір шындығын суреттегенде жазушы болған оқиғаны 
көркем баяндап, әдеби шығармаға айналдыруды ғана мақсат етіп қана 
қоймай, тарихи фон арқылы өз заманының мәселесін астарлап айтып 
беруді көздеген. І.Есенберлин эпопеясындағы образдар жүйесінің 
астары осы ойға меңзейді. Жазушылық таным құдыреті, тұңғиық ой 
жылымы сана бағдарын өзіне бұрып әкетеді. 
Қазақ халқының Россия қол астына бодан болмауға шарасы 
қалмаған сәттің бір ұшығы осы алауыздық пен бақталастықта 
жатқандығын 
ескертеді. 
Тарихи 
шындық 
тұрғысын 
зорлап 


340 
мойындататын кей сәттердің себеп-салдары, түп-төркіні жеке 
психологиялық 
ой-мақсаттардың 
арпалысы 
мен 
шарпысуында 
жататындығын меңзейді. Ойлап қараңыз. Ұлт бостандығын, жеке ұлт 
өркениетін халық теңдігін “дәріптеген” коммунистік жүйеде сол мақсат-
мүдделер толық жүзеге асу сипатына ие болды ма? Әрине, жоқ. Қайта 
күн өткен сайын жеке ұлт мүддесі қусырылып, ұлттық салт-дәстүр 
жұтылып, тілдің қолдану аясы барынша тарылып, жойылу қаупі 
дендегені, мұның бәрі шовинистік идея, империялық саясат 
құрсауымен жүзеге асып жатпады ма. Бұл отарлауды жаңа үлгіде 
жалғастыру екенін зиялы топ білді. Алайда, ашық айтуға дәрмен жоқ. 
Өз ішімізде де мұндай араздық пен таққұмарлық бар екенін көре білген 
жазушы осы бір дерттің зиянды сипатын тарихи өткен көрінісін 
бейнелеп беру арқылы ұрпақ зердесін оятуды, тарихтың кесапатты 
тағлымын айта отырып өз дәуірін танытуды көздеген. Ұлт ретінде 
жойылып кету қаупін ескертеді. Отар болу емес, одақтас боламыз 
деген сенімнің соңы тәуелді тағдырға ұласу сипатының төркінін еске 
салады. Шығармада тарихи шындық осылай бой көрсетеді. 
Осы бір азаттық-еркіндік үшін, тәуелсіздік үшін күрес Россия 
құрамына әбден бағынып, құзырына қаралғаннан кейін де тоқталған 
жоқ. Қазақ қоғамының 18-ғасыр бедерін суреттейтін “Жанталас” 
романында осы “жанталас” күрес көрініс береді. Тіпті бұл күрес күні 
бүгінге дейін тоқтаған жоқ. 
Бұл кезеңдегі қайраткерлердің ішінде оқшау тұрған тұлға Абылай 
болды. Қазақ халқының соңғы рет басын құрап, Жоңғар, Қытай 
басқыншыларына тойтарыс берген кезеңнің шежіресі және сол тарихи 
дәуір 
оқиғасының 
басында 
тұрған 
Абылайдың 
билік 
кезеңі 
“Жанталастың” үшінші бөлімінде суреттеледі. 
Халық аузында көп айтылып келген Абылай хан есімі кеңестік 
кезең тарихында қайшылықты тұлға ретінде бағаланып ел санасынан 
шығарылды. 
Міне, осындай қытымыр саясаттың қырағы бақылауында тұрған 
хан Абылайдың тарихи тұлғасын сұңғыла сана, тұңғиық ойдың 
икемімен елдің есіне түсіріп, коммунистік көзқарас, партиялық саясат 
құрсауы қамаулап тұрған заманның өзінде халыққа танытқан Ілияс 
Есенберлин болды. 
Шапқыншылық емес, негізгі мақсат басқыншылқтан қорғану боп 
келетін дәуір бейнесі жасалған “Жанталас” романында Абылай әр 
қырынан суреттеледі, сан түрлі мінез, қасиетімен көрініс табады. 
Романның “Жанталас” аталуы да сондықтан. Романның бас 
кейіпкері – осы жанталас кезеңінде елге бас болған Абылай. Рас, 
кешегі коммунистік идеологияның ызғарынан қаймығып, “қырағы 
көзінен” сақтанған әдебиетшілер басты тұлға “халық” деп келді. Халық 
зердесін қайта қалпына келтіріп, ұрпақ санасын оятуға қызмет істеуге 


341 
тиіс ұлы эпопеяны сақтап, қорғап қалудың бірден бір жолы еді 
бұлайша пайымдау.
Тыныштық пен тәуелсіздік үшін күрескен, қазақ халқын жоңғар 
басқыншыларынан азат етушілер қатарында есімі эпикалық биікке 
көтерілген ер тұлға тумысынан билікке шығу психологиясы бірге 
қалыптасқан, жеке басының абыройы мен мансабын қатар ойлаған 
жан ретінде Абылайдың пендешілік қасиеті қат-қабат өрілетін 
шығармадағы таным қуаты осындай. 
Абылай 
табанды 
күрескерлігінің, 
айтқанынан 
қайтпайтын 
батырлығының және халық талайы таразыға түскенде сын сағатта 
ешкіммен де ымыраға келмейтін қатал, қатыгездігінің арқасында қазақ 
елінің, жерінің бостандығын қорғап қалды. Әл үстінде ауырып жатқан, 
Абылай Бұқар жырауға айтқан: “...Менің кеңесіммен жүрер ұл-қыз 
болар ма екен? Сөйтсе де екі кеңесім бар. Бірі – қазақ аз ел ғой, азып-
тозып кетпес үшін, қолдарынан келсе солардың бірлігін сақтасын. 
Бірлігі бар елді басқару жеңіл. Екінші айтарым, мен елу жылдан астам 
соғыс жүргіздім. Жетпіске келген жасымда, мейлі айла құрайын, 
әйтеуір шығыс жағымнан келген жауға, әсіресе Қытайға қазақтың бір 
бөлшек жерін бергем жоқ” (І.Есенберлин. 10 томдық. 6-т., 592-бет.) 
деген жолдардан Левшин айтқан жоғарыдағы мінездеме сырын емес, 
көркем болжал арқылы өрілген жазушы түйіні мен тарихи таным 
сипатын көреміз. “... қазақ аз ел ғой азып-тозып кетпес үшін, 
қолдарынан келсе солардың бірлігін сақтасын” – деген Абылай сөзі 
мен “Алмас қылышта” суреттелетін “Жалғанда не қиын, қазақтың ру 
таласын шешу қиын. Бірақ оны шешудің қандай қажеті бар? ... – 
Шыңғыс тұқымының хан тағына осыншама ұзақ отыруының себебі де 
осында емес пе? Егер ру-ру боп бөлінген бар қазақ бірігіп кетсе не 
болар еді? Жоқ-жоқ бұл жұрт абайлап ұстамасаң қолыңды алып түсер 
қылшылдаған ұстара. Абайлап ұстаудың жалғыз жолы – біріне-бірін 
бақтырып қою. Сонда ғана бұл өткір ұстара қауіпсіз” (Сонда, 25-бет.) – 
дейтін он бесінші ғасырдағы Әбілқайыр ойының екі бөтен бағыты 
арқылы-ақ билік қағидасының жеке тұлғалар болмысымен тамырласып 
жататын сан тарау психологиялық сәтін тануға болады. Өткен тарих 
бейнесінен қазіргі заман келбеті көрінеді, сабақтастық сараланады, 
ұқсастық ұғылады. Халықты басқарудың жеңіл жолы Әбілқайыр үшін 
“біріне-бірін бақтырып қойып” азып-тоздыру арқылы болса, Абылай 
діттеген өмір сабағы бойынша “азып-тозып кетпеу үшін ел бірлігін 
сақтау екен”.
Қай-қай кезде де ел басында, мемлекет тұғырында жүрегіне 
ұлттық сезім ұялап, бойына ұлттық сана сіңген, ойын ұлттық 
патриотизм кернеген, жадында халық тарихы орын тепкен, бар күш-
жігерін, парасат-білімін, ақыл-зердесін шын таза гуманистік идеямен 
көмкере біліп, өзі басында отырған мемлекеттің болашағы үшін, сол 


342 
мемлекетті иленетін жер, суын ғасырлар бойы қан төгіп жүріп қорғап 
келген негізгі халықтың ұлттық тағдыры үшін арнайтын, шын күйінетін 
адам болмайынша зұлым саясат, сұрқия мінез, жеке бастың қамы үшін 
ғана күрес қайталана беретінін, жалғаса беретінін ескертіп тұрғандай. 
Ойлап қарайық, бүгінгі өркениет те (реформа барысы) біртіндеп 
оң бағытқа қарай жылжып келе жатқан тәрізді, алайда адамдардың 
адамгершілік өркениетінің төмендігі салдарынан өте баяу қозғалуда 
екені аян. Бүгінде саясаткерлер мен өкімет чиновниктерінің көбі 
олардың 
моральдық-этикалық 
құлдырауы 
салдарынан 
“күйіп 
отырғаны” да шындық. Ұятсыздық пен шен құмарлық – чиновниктер 
мен реформаторлардың негізгі ауруы. Бұл оларды коррупцияға алып 
барып жатқаны және бұл құбылыстардың біздің өркениетіміздің елеулі 
тежеуші күштерінің бірі болып отырғаны өтірік пе?! І.Есенберлин 
романы дәл осыны айтып отырғандай. Егер адамдардың адамгершілік 
санасы жетілмесе, қоғам өмірінің жалпы өркениеті тез ілгері баса
қоймайтынын ескертіп тұрғандай. Мұндайда, егер экономикалық-
математикалық, техникалық, биологиялық, саяси және басқа білімдар 
адам санасын түзу және терең дамытатын болса, онда биік 
адамгершілік шындықтар адамның алдынан өмірдің мәнін, оның 
жұмбақ сырларын және оның заңды механизмдерін аша отырып, адам 
санасын терең дамытады. 
Заман-заманнан адам өркениетінің негізгі мәні олардың осы бір 
өмірді құратын шындықты түсінуге жақындай беру құлшынысынан 
тұрады. 
Эпопеяның әр бетінде “Ханның алдауы – халықтың соры 
болатын” құбылыс екенін есіңе салып, ой жетегіне салатын сөйлемдер 
жазушы қиялының тұңғиық сырына бойлатады. 
Алмағайып заманның аласапыран айқасы, ел азаматтарының 
келер күндердің шуақты сәті үшін күресі, ақыл мен айланың алма-
кезек ауысуы, жан түршігерлік жауыздық үлгілері мен махаббат оты 
маздаған аяулы тағдырлар, сайын дала төсінің сан жылдық тарихы 
баяндалатын “Алтын Орда” болмысы осындай. Тарих тылсымына жан 
бітіріп, жеті ғасырлық ғұмыр әлемін санамен аралап, “қолымен жүріп” 
шыққан Ілияс Есенберлин тұлғасы да алып мұхит үстіндегі мұзжарғыш 
кемедей алыстан мен мұндалайды.
Күтумен кешкен ғұмыр 
Б.Нұржекеев 
Бексұлтан Нұржекеевтің “Күтумен кешкен ғұмыр” романы қазақ 
халқының өткен өмір шындығын, ХХ ғасыр басындағы қазақтың рухани 
тынысын өзек еткен туынды. Роман “Ойда жоқта ұшырасқан келіншек”, 


343 
“Тағы да ойда жоқта ұшырасқан басқа келіншек”, “Жайма базардағы 
жолығыс”, “Қыз алып қашу”, “Үзілмей келе жатқан үміт”, “Отыз тоғыз 
жыл өткенде” деген бөлімдерден тұрады. Романда өнер адамдарының 
өзара қарым-қатынасы, жастарды өнерге баулудағы ақын-әншілердің 
рөлі нанымды бейнеленеді.
Романның басты кейіпкері Әтіке жастайынан өнер қуған, ән 
айтқанда даусында зәредей міні жоқ әнші болып танылады. Жазушы 
Әтікедей әншінің қайталанбас, дара бейнесін жасаған дей аламыз. 
Қаһарманның әлеуметтік ортасы, басқа өнер адамдарымен байланысы 
туралы мағлұмат көп, әншінің шаттығы, қайғысы соншалықты әсерлі, 
көп хиқаялар айтылып, құрғақ әңгіме күйінде емес, сәйкес бояулармен 
суреттеуде қаламгер даралық танытады. 
“Күтумен кешкен ғұмырдың” авторы даланың қарапайым 
тіршілігін, сахараның өз заңдылықтарын жақсы біледі деуге болады. 
Бірақ бұл романда байқалған кемшін тұсы - өнер тақырыбында 
жазылған 
басқа 
шығармалардың 
көлеңкесінде 
қалып, 
тың 
қаһармандарға, оқиғаларға жаңаша көзқараспен баға беру жағы 
жетіспейтін сияқты. 
Дегенмен, шығарма ішінде кейіпкерлер ісі мен әрекеті оқушыны 
әсерлендіріп, қаһарманның дара мінезінің ашылуы, ішкі толғанысынан 
көрініп отырады. Жас әнші Әтікенің сый-сияпатының олқы, атағының 
ауыл үйден аспай жүргендігін білген Айсары болыс әншінің өз аулына 
көшіп 
келіп, 
өнерін 
жәрмеңкеде 
көрсетіп, 
жұрт 
жинауға 
көмектесетініне уәде алып, болыс сый-сияпатты аямай беріп, көндіреді. 
Айсарының айтқан сөздері алтынның буындай әсер еткенін жазушы 
былай суреттейді: “Қалай қарғып тұрғанын Әтіке өзі әлі түсінбейді. 
Әйтеуір, мұны Айсарының сөзі сиқырдай арбады. Шат сезім шалқыған 
өрттей лап қойып, ой-санасын қуаныш тасқынымен көміп тастады. 
Басы мен аяғын бірден болжай қою да қиын, әйткенмен өңі түгіл, 
түсіне де кірмеген үлкен бір бақ-дәулеттің басына қонғалы тұрғанын 
анық түсінді. Болыс екеуі төс қағыстырып, бір қауым тұрды. Жұрт 
дабыра болып, баталы сөздер борап кетті. Ғұмыры көрмеген 
қошеметтен Әтікенің басы айналды. Көз алдындағы сый-құрмет 
көңіліне сыймай, осының бәрі өңі екеніне сенер-сенбес дүдәмал халден 
көпке дейін айыға алмады.”,- осы сезімнен ата қонысы Аққайқыға 
жеткенде ғана көңілі ойран-ботқа болып бұзылып, атақтың буы 
ақылынан алжастырғанын әнші бірақ түсінеді. 
Романда Жайту деген кейіпкер бар. Оның іс-әрекеті бөлек, жан 
шошитын әрекеттер жасайды. Әтіке Қайныкешті алып қашып келе 
жатқанда, артынан қуып жетіп, тартып әкетеді. Қызды өз інісі Байтуға 
апарып беріп, жайбарақат ұйқыға кеткенде бір топ жігіт қызды тартып 
әкетеді. Жайтудың алты жасар баласы Төребек болған жайды 


344 
хабарлай келгенде кісі жаны түршігерлік оқиға болғаны былай 
суреттеледі:
“- Байту ағамның басын жарып, әкелген қызын тартып әкетті. 
Жайтуға баласының жүзі жадырап тұрғандай көрінді. 
- Жетесіз ит, шүйінші сұрап келдің бе менен? 
Байтудың барып ит терісін басына қаптағысы келді. Оған деген 
ызасы шегіне жетті. Жолында тұрған Төребекті жағасынан алып 
жұлқып лақтырып жіберді. Адымдай беріп арт жағында әлдененің 
бырш ете қалғанын естіді. Қарағысы келмей қасарысып, қырын ғана 
көз салды. Аяқ-қолын бауырына жия алмай, өңкиген қара тастың 
үстінде Төребек сұлқ жатыр екен. Жүгіріп барып бас сала жаздады. 
Жылап бара жатқан жүрегін зыр ете қалған суық ой сап тоқтатты. ... 
Ішіндегі удай өкінішті басу үшін де барынша ақырды: 
-Аттан! Өлтіріп кетті! Қанға қан! Қан!”.
Бұл оқиғаның тарихи негізі болмаса да автор қиялының жемісі 
нанымды шыққан деуге болады. Қиын-қыстау кезеңде өз баласын өзі 
өлтіріп алған Жайтудың тоңмойындығынан туындаған жантүршігерлік
әрекеттер бұдан кейін де романда өрби түседі. Әтікенің жоғалып кетуі, 
Сейітбатталдың кісі қолынан өлуі Жайтудың тікелей қатысуымен 
жүзеге асырылады. 
Бұл роман барысында автор табиғатты суреттеуде қаһарман жан-
дүниесіне үңіле отырып, дербес өмір суреті мен табиғат заңдарының 
сипатын орайластыра суреттейді. Туып-өскен жерін топ жылқыға 
айырбастаған Әтіке әнші үшін дүние тар қыспақ, тау да, ағынды су да 
тарылып кеткендей әсер етеді. 
“Еңсеңді басып келе жатқан екі бүйірдегі жақпар таулар кенет 
үркіп кеткендей, кеудесін кейін тартып ала қояды. Содан кейін-ақ 
ілгерілеген сайын таулар шалқая қашып, қашақтаған төбелері 
аласарып, айналаң ашылып сала береді. Бірте-бірте жол таудың 
сағасына қарай тырмысып, өрлей келе сай табаны жайдақтап, келе-
келе алдыңнан дөңгеленген кең жазық шығады”,- бұл тұста табиғат 
суреті мен кейіпкердің күйініші күрсініс деміндей әсер береді. 
Шығарманың тағы бір орталық кейіпкері – Қайныкеш. Оның 
тағдыры қым-қиғаш, тағдыр сынына шыныққан, өмір шындығынан 
ойып алынған бейне. Қайныкештің таза махаббаты, Әтікемен 
қашуының өзі саналы батылдығы деуге болады. Қайныкеш өмір бойы 
Әтікеге деген махаббатты, құштарлықты аңсаумен ғана өтеді. Өмірдің 
қызығы бала болса, сол баланы сүйгенінен емес, өзін зорлап қосылған 
адамнан сүйеді. Тағдыр тәлкегіне көнбіс әйел қартайғанда өмір 
дағдысын өзгертіп, қырық жыл бойы аңсаған адамды көруді 
армандауында анау айтқан ерсілік жоқ сияқты болып көрінеді: “Қырық 
жыл тірі деп күтіп өлі екеніне енді ғана көзі жеткеніне өкінді. Ағыл-
тегіл егіліп жыласам мына үнсіздіктен сол жеңіл болар деп ойлады. 


345 
Өйтіп жылауға ұяты жібермеді. Жұрттың оны ерсі көретінін түсінді. Көз 
жасын үнсіз ғана ұрлана сүртті. Мұнша жыл күтіп, мұнша жыл 
үміттеніп содан өзіне әл-қуат алып жүрген қария жүрек біресе жиілеп 
соғып, біресе тоқтап қала жаздап, жүрісінен жаңылған жорғадай 
шоқырақтап кетті”- деген түйіннен Қайныкеш тұлғасының жан-жақты 
ашылғанын көреміз. 
Тағы бір ескеретін жай романда Айсары болыс пен Үмбетей 
қажы портреттері сәтті шыққан деуге әбден болатын сияқты. Айсары 
романның 
ішінде 
қоғамға 
пайдасы 
бар, 
өнерді 
түсінетін, 
өнерпаздардың жанашыры ретінде көрінеді: “Әлденеге іштей түйіліп, 
екі беті бұртиыңқырап, шегір көздері сыр бүгіп кісінің бетіне сырғи 
қарайды. Онсыз да аласа бойы төртбақ тартып, кейпі тап бір бейқам 
торғайды бас салғалы жиырыла қалған әбжіл мысық тәрізді. Шегір 
көздері қараған кісісіне шегедей қадалады. Денесінің толықтығы мен 
бойының быртықтығын жүзінің өткірлігі басып, байқатпайды тіпті. 
Төңірегіндегілер бүкшие бұғып, еңкіш тартып оның аласалығын тым 
аңғарта бермеуге де тырысатын секілді”, - деген жолдардан елдің атын 
екінің бірі шығара бермейтінін түсінген Айсары болыс Әтікенің өз елін 
тастап көшіп келуін өтінуінде үлкен мән бар екені түсінікті жайт. 
“Күтумен кешкен ғұмыр” романында Қошқар руының бірден-бір 
белді, беделді адамы, біреуді қарпып, біреуді тарпып өмір сүріп келе 
жатқан Үмбетей қажы портреті сәтті жасалған. “Қажының қазіргі тұрқы 
төбенің үстіне қадап қойған қарақшы тастан аумайды: серейген күйі 
сіресіпті де қалапты. Үмбетей – денесі зор, еңселі кісі. Бет әлпетінің өзі 
кішігірім баланың төсіндей. Жақ сүйектері де жөушенді кісінің жауырын 
қақпағындай жап-жалпақ. Сынған тостағанның қақ жартысы құсап 
қабақтары үңірейіп шүңет көзін шым тереңде жатқандай қарауытып 
көрсетеді. Бүкіл бітім тұлғасының ірілігі көз алдыңа алқ-салқ еткен 
атан түйені елестетеді”,- деген жолдардан бедел салмағын өзі де 
білетін қажының бейнесін жасауда жазушы жасандылыққа бармай, 
қайсыбір кемшіліктері мен осал жақтарын да қалт жібермей, шүбә 
тудырмайтындай етіп кескіндеген деуге болады. 
Б.Нұржекеевтің 
“Күтумен 
кешкен 
ғұмыр” 
романы 
өнер 
тақырыбына арналған, екі адам арасындағы махаббат тақырыбын өзек 
еткен өмір бойы сүйгенін бір көруді армандап өткен әйелдің құнды 
моральдық-адамгершілік қасиетін сәтті суреттеген шығарма. 


346 
Қ 
Қазақтың Қанышы 
М.Сәрсеке 
Қазақ өзінің тарихын жеке тұлғалары арқылы парықтауды дәстүр 
еткен халық. Байырғы заманнан бастау алатын бұл дәстүр Жолды-
тегіннің тас қашау жазбаларында, “Құпия шежіреде”, сондай-ақ 
Бабырдың, 
Мұхаммед 
Хайдардың, 
Әбілғазы 
Баһадүр-ханның, 
Ұлықбектің, Қадырғали Қосымұлының, Өтеміс-қажының, Шәкәрім-
қажының, 
Құрбанғали 
Халидтің, 
тіптен 
берідегі 
Мұхаметжан 
Тынышбайдың еңбектерінде айқын көрініс тапқан. Әрі-беріден соң, 
қазақтың шежірешілдігі де тарихты жеке тұлғалар арқылы танудың, 
тарихты жеке тұлғалардың өнегелі өмірі арқылы парықтаудың 
орныққан дәстүрі болып табылады. Түптеп келгенде, бұл дәстүр әрісі 
Еуразия көшпелілері, берісі қазақ халқы тарихының философиясы 
екені ден қойдыруға тиіс. Қазақтың дәстүрлі философиялық 
пайымында өмірді өзгертуден бұрын, алдымен адам сапасын 
шыңдауды нысана етеді. Шежірешілдік дәстүрде де өмір туралы 
жалпылама деректен бұрын, алдымен адам туралы мағлұмат беру 
басты шарт. Яғни, қазақтың дәстүрлі тарихи танымы бойынша адам 
бар жерде ғана тарих бар. Адам тарихтың негзігі тұлғасы, ал адам 
сапасы тарихтың қозғаушы күші. Әрбір адам әкесі мен шешесінің ғана 
перзенті емес, сонымен бірге этностың да бір мүшесі. Қазақ үшін этнос 
тарихы жеке адамнан тыс қарастырылмайды, керісінше адам әулетінің 
өмірбаяны ретінде қарастырылады. Сонда, қазақтың тарихнамалық 
зердесі дегеніміз тек қана саясатқа, шаруашылық-мәдени ахуалға 
немесе қоғам дамуының заңдылықтарына қатысты жалпылама сөз 
емес, ең алдымен сол тарихтың субъектісі болып табылатын нақты 
адам туралы пайым болып шығады. Мұның өзі тарих ғылымында 
ертеден 
төбе 
көрсеткен, 
әсіресе 
соңғы 
кезде 
француз 
тарихшыларының арасында тұтас дәстүрге айналған “әлеуметтік 
тарих” немесе “тарихи антропология” деп аталатын үрдіспен үндес 
екенін атап өткен жөн. 
Осынау өміршең үрдіс жалпы қазақ өнерін де, соның аясында сөз 
өнерінде де өзінің тамырын тереңнен тартып, сабақтастығын үзбей 
жалғап келе жатқан орнықты дәстүр деуге болады. Тек көркем проза 
тілінде ғана сомдалған қазақтың тарихи тұлғалары бүгінгі таңда тұтас 
галереяға айналған. Этностың қордаланған тарихы бар мәдени-рухани 
жады дейтініміз осы. Міне, қазақтың осындай текті дәстүрінің соңғы 


347 
кезде өрісін ұзартқан тегеурінді туындыларының бірі жазушы Медеу 
Сәрсекенің “Қазақтың Қанышы” атты ғұмырнамалық роман-эссесі. 
Тарих еншісіне айналған ұлы тұлғалар, олардың ұлағатты өмірі 
жер басып жүрген тірілер үшін мерей-мәртебе ғана емес, ең бастысы
ұлттың мәдени-рухани деңгейінің тарихы көрсеткіші, халық өресінің 
бедерлі айғағы ретінде ден қойдыруға тиіс. Өйткені, ұлы тұлғалардың 
өзі тарих еншісіне айналғанымен, олардың өнегелі өмірі бүгін мен 
болашаққа қызмет етеді. Қазақ халқының бүгіні мен болашағының 
мақтанышы да, қызметшісі де болып тарих төрінен орын алған біртуар 
тұлғалардың бірегейі Қаныш Имантайұлы Сәтбаев. Оның адам 
ретіндегі қасиет-болмысы парасаттылық пен кемелдіктің үлгісіндей 
болып ұрпақ жадында сақталса, ол тындырған ұлан-ғайыр істер 
Қазақстанды тарихи дамудың жаңа сапалы белесіне шығарып, ғылымы 
мен экономикасының тұғырын бекемдеп берді. Тарихи тұлғаның осы 
қасиеттерін М.Сәрсеке өз романына тұжырымдамалық өзек етіп алған, 
айнымас темірқазық етіп ұстанған. 
Әрине, бұл бір айтарға ғана оңай сөз. Әйтпесе, Қаныш Сәтбаев 
сияқты қиямет заманның оты мен суын белшесінен кешіп, қияпат 
кезеңнің ызбары мен ызғарын басынан өткеріп, сол заманы мен кезеңі 
бетін берсе таспай, сыртын берсе саспай, қашанда халқының қамын 
өмірінің мағынасы деп білген тағдыры күрделі тұлғаның ғұмырнамалық 
диалектикасын ашып көрсету және терең біліктілікпен, тегеурінді 
қаламгерлікпен ашып көрсету қиыннан да қиын шаруа. М.Сәрсеке сол 
қиынның қиынымен беттесе отырып, замана көлденең тартатын мың 
сан құбылыстың тағдыр қалыптастырғыш тілін зерделеу арқылы 
“Заман – Қоғам - Адам” проблемасын тұжырымдамалық өреде көрсетіп 
бере алған. Яғни, заман мен қоғамның ең бір шиеленіске толы 
ширыққан кезеңінде ұдайы ұлы тұлғалардың сын тезіне түсіп 
отыратыны және ондай шақта ұлы тұлғалардың тегеурінді әрекет-
қарымы керісінше қоғамдық, қажет болса заманалық құбылыстарға 
ықпал ететіні шеберлікпен суреттелген. Түптеп келгенде, романның 
өзінде ғана емес, исі қазақ прозасына шырай беретін философиялық 
толымды идеясын осылай парықтауға болады. 
Романда Қаныш Сәтбаев бейнесі қазақ халқының ХХ ғасырда 
басынан өткерген барша жетістігі мен жеңісінің, қиындығы мен 
қасіретінің куәгері ретінде ғана суреттеліп қоймайды, сол күрделі 
кезеңнің бел ортасында жүрген қаһарманы тұрғысында сомдалған. 
Яғни, Қаныш сынды ұлы тұлғаның ғұмыр шежіресі арқылы тұтас бір 
тарихи кезеңнің әлеуметтік-саяси, мәдени-рухани болмысы ашылып 
көрсетілген. Автор тек суреткер ретінде ғана емес, инженер-металлург 
ретінде де Қ.Сәтбаевтың кәсіби және ғылыми өмір жолын саралай 
суреттеуге келгенде қаламгерлік қарымдылығына қоса, тақырыпты 
кәнігі біліктілікпен игерген тереңдік танытып отырады. Ғұмырнамалық 


348 
романды шынайы көркемдік биікке көтере алған себептердің бірі осы 
екені шәк келтірмейді. 
М.Сәрсеке романда бас кейіпкерді бірыңғай сыдыра мақтауға 
бармайды. Өмір шындығын өзек ете отырып, Қанаңның қателескен, 
сүрінген, шамырқанған, ширыққан тұстарын, сондай-ақ ізденген, 
күрескен, жеңіске жеткен кезеңдерін шығарманың алтын арқауына 
айаналдыра алған. Мұның өзі, авторлық қиялға көп ерік бере 
қоймайтын ғұмырнамалық романның көркемдік өресін биіктетуге кепіл 
болған. Былайша айтқанда, автор өмір драмасын өнерге айналдырған. 
Әсіресе, империяның кезекті репрессиялық әрекеті басталып, 
“ұлтшылдықты іздеу” науқаны қабындаған 50-ші жылдар зардабын, 
сол кездегі Қ.Сәтбаевтың қатерлі де, қаһарлы сыны мол кезеңді бастан 
кешуін романның ең бір кульминациялық шыңы деуге болады. Ет 
жүректі пенденің шыдау-шыдамауы неғайбыл ситуацияда Қанаң шын 
мәнінде 
парасаттылық 
пен 
даналықтың, 
азаматтық 
пен 
табандылықтың үлгісін көрсетеді. Мұның бәрі романда терең 
тебіреніспен, тегеурінді суреткерлікпен көрініс тапқан. 
Автор Қ.Сәтбаевтың ізімен жүруге, ол болған орындарды көзімен 
көруге айрықша мән бергені байқалады. Әсіресе, Қанаңның көзін 
көргендермен сырласып, ұлы тұлғаның өмір майданындағы болмысын 
тану үшін; дәлірек айтқанда, ұлы тұлға бейнесін сомдау үшін ұрымтал 
пайдалана білген. Бұл ретте, тарихи деректер, айғақтар, естеліктер, 
архив 
материалдары 
авторлық 
баяндауы 
жандандырып, 
бас 
қаһарманның 
өсіп-жетілу 
жолдарын, 
ғылыми-кәсіби 
шыңдалу 
кезеңдерін барша ақиқатымен аша түсуіне себепші болып отырады. 
Қ.Сәтбаев тұлғасын сомдау М.Сәрсекенің қаламгер ретіндегі ең 
өзекті мұратына айналғанын осындайда атап өтудің артықтығы жоқ. 
М.Сәрсекенің алғаш Қанаң туралы қалам тартуы мен соңғы роман-
эссесінің арасында аттай 36 жыл өтіпті. Осы уақыт ішінде Қанаң 
жайында үлкенді-кішілі 7 кітап жариялап, бұл кітаптары әлемнің 112 
еліне тарапты. Ұлы тұлғаны ұлықтауға қатысты еткен еңбек, төккен 
тер осындай-ақ болса игі. 
Сөз соңында, М.Сәрсеке роман-эссесінің идеологияшыл қыспаққа 
ұшырамай, 
жал-құйрығы 
күзелмей, 
авторлық 
ой-тұжырымдар 
тұншықтырылмай, толық нұсқасында жарық көруі және көз қуанып, 
көңіл сүйсінетіндей болып басылуы, ең алдымен тәуелсіздігіміздің 
шапағаты екеніне шәк жоқ. Сонымен бірге, “Атамұра” баспасының да 
елдік 
іске 
шынайы 
жанашырлықпен, 
кәсіби 
біліктілікпен, 
шығармашылық жауапкершілікпен қарап, кітапты биік талғам 
деңгейінде басып шығарғанын атап өткен жөн.


349 
Қалың мал 
С.Көбеев 
С.Көбеев 1878-1956 ХХ ғасыр басындағы қазақ прозасының 
көрнекті өкілдерінің бірі. Қаламгер жазушылық және ұстаздық 
қызметпен қатар айналысқан. Негізінде жазушылық қызметіне 
ұстаздық еңбегіне қажетті тәрбие құралы ретінде қараған. “Қалың 
мал” романына дейін жарық көрген “Үлгілі тәржіма”, “Үлгілі бала” 
кітаптары осы мақсаттан туындаған шығармалар еді. Бұл кітаптардың 
балалар әдебиетіне қосар үлесі мол. 
С.Көбеевтің 1913 жылы Қазанда жарық көретін “Қалың мал” 
романы көпшілікке жақсы таныс шығармалардың бірі. Ол орта, 
арнаулы, жоғары оқу орындарына арналған оқу құралдарының 
бәрінде жүйелі түрде сөз болады. Хрестоматияға енген. 
Алайда романға арналған талдаулардағы басты назар бай-кедей 
арасындағы таптық тартыстарда болғандықтан, негізінен осы 
романның 1934 жылы екінші рет түзетіліп басылған нұсқасы ғана сөз 
болған. Алғашқы нұсқа бірен-саран зерттеушілер еңбектерінде ғана 
кездеседі. Ал олардың арасында айтарлықтай айырма бар. 
Екінші басылымда С.Көбеев ресми идеология ыңғайына орай 
біраз түзетулер жасады. Алайда, романның көркем мазмұны сол 
қалпында сақталғандықтан соңғы түзетулер қаламгер күткен нәтиже 
берген жоқ, қайта көркем жүйедегі қайшылықтарды туғызды. Өйткені, 
роман жазылып, жарияланған 1911-1913 жылдар мен түзетілген 1933-
34 жылдардағы қоғамдық ахуалы өзге еді. 
С.Көбеевтің 
“Қалың 
мал” 
роман 
бізге 
қазақ 
романы 
құрылымындағы әлеуметтік мазмұн қызметін ашуға көмек береді.
Біріншіден, онда С.Көбеев тәрізді қазақтың ағартушылық-демократтық 
бағыттағы жазушыларының роман тәрізді көлемді прозалық шығарма 
келу жолы, мақсаты бар. Ол туралы қаламгер былай деп жазады: 
“Надандыққа, феодалдыққа ескішіл, өрескел сорақы салтқа 
қарсы күрес жүргізудің бірден бір жолы халықты ағарту, балаларды 
оқыту, халықты сауаттандыру деп, оны мәдениет сатысына аяқ 
бастыру деп ұғушылардың бірі мен едім. Бірақ сегіз-тоғыз жыл 
оқытушы болғаннан кейін феодалдық салтпен күресу үшін тек бір ғана 
балаларды оқыту жеткіліксіз екеніне әбден көзім жетті. Бұл күресте 
санаға күштірек әсер ететін басқа да құралдар керек сияқты көрінеді. 
Іздене келе, мен осы мақсатқа жету жолында ағартушыға ыңғайлы 
күрес құралының бірі – көркем әдебиет екен деген ой түйдім. 
... Мен осы ойымды жүзеге асыру мақсатымен 1911 жылдан 
бастап “Қалың мал” романын жазуға кірістім. Романды себеп болған 
негізгі ойдың бірі – роман сияқты қазақ тілінде елдің тұрмыс 


350 
жағдайынан алынып, көркем шығармалар жазылса, олар халық 
арасына неғұрлым көп тараса, ескіліктің, феодалдық әдет-ғұрыптың 
тамырына балта шабылар еді, еңбекші елдің санасы оянып,
мәдениетке талпынар еді деген қорытындыдан туды”. Қаламгер 
алдына қойған салмақты, келелі әлеуметтік осы мақсат шығарманың, 
мазмұны ғана емес, көркем құрылымына, поэтикасына әсер еткен. 
Романның 1913 жылы Қазанда басылған вариантына тоқталуына 
және оның алғашқы және кейінгі басылымдары арасындағы айырма 
көркем жүйедегі әлеуметтік мазмұн ролін анық көрсетеді. 
С.Көбеев революциядан бұрын жазылған романына 30-жылдары 
қайта оралғанда негізгі объектісіне жаңа көзқараспен келген. Сөйтіп, 
бүгінгі оқырманға жақсы таныс “Қалың мал” романындағы қақтығыс, 
елге тізесін батырып отырған озбыр бай – Тұрлығұл мен кедей тобы 
Медеу ауылы арасындағы таптық тартыс пайда болған. Контрасты 
стильде баяндалатын бұл қақтығыс 1913 жылғы “Қалың мал” 
романында өте солғын, онда бай-болыстармен, билердің момын елге 
істеп отырған қиянаттары ағартушылық-демократтық көзқараста ғана 
айтылады. 
Тұрлығұлға Ғайша жайын айтып, Байғазы мен Құрымбайлар 
келетін уақиғаны еске түсірейік: 
“Бұл келген, сол елдің: Байғазы, Құрымбай деген ақсақалдары 
еді, өздері және де бетіне жан келмейтін билер. 
Елден шыққалы бір жетідей болып еді, ауылнай жағына барып 
келеміз. Сиязден, халық ішінде бір-біріне ауысқан-түйіскен бар, тоқты-
тұрымдай жанжалдары бар сондайларды бітіріп, елде мұндай дау көп 
болар ма, халық бұзылып біткен ғой, Құрекеңнің пышағы май үстінде, 
қалтасы да толған шығар, деп Байғазы көзін қысып қалжыңдады. 
Құрымбай қасқырды қойға тимес деп ешкім айтпас деп қарқ-қарқ 
күлді”. 
Олар осы келгенде Ғайшаның ғана емес, Есмұраттың келінінің 
деп тағдырын саудаға салып, Оны Жиенбайға ақшаға алып бермек 
болып уәделеседі. 
Бұлардың осы қалжыңдары мен сөздеріне қарағанда айтқандары 
болмай қалмайтын тәрізді. Бірақ ел ішінде олардың жолсыздығына 
қарсылық көбейіп келеді. 1913 жылғы басылымда осы қарсылық 
көріністері өте әлсіз, солғын болса, кейінгі басылымда негізгі желіге 
айналған. 
Тұрлығұлдың үйінен Ғайшаны алып қашқаннан кейін оның 
артынан қуып барған Әбіш пен Байғазы пара беріп, сол елдің болыс 
билерін көндіргендей болса да, олар “қалың қараның” қарсылығынан 
жақсанып, Ғайшаны қайтара алмайды. 
“Бұл ыңғайды көргесін кіли қара халық Қожаш жағына шығып, 
Ғайшаны бермеуге айналды, - деп жазады С.Көбеев, - Біздің елдің де, 


351 
пәленше түгеншелердің де жесірлері кеткен деп, бұл қалыппен бес-
алты күн тартысып көріп, істің аяғы зорайып бара жатқансын, есек 
дәмелі болып жүрген би, болыстар ақылына түсіп оңашада мәслихат 
етістілер: қой, былтырғы астан жаңа бір аллалап есімізді жиып 
отырғанда, тағы да кісі өлімі болып, айдаладағы біреудің қатыны үшін 
он, бес сом аламыз деп басымыз кетер деп тоқтастылар”. 
Үзіндіде би-болыстарға автордың көзқарасы айқын. Олардың 
жаңа заманды, заңды сезуі, халықтан қорқа бастауы аңғарылады. 
Ел ішінде олардың жүгенсіздігі мен әділетсіздігіне, жастарды 
бақытсыздыққа ұшыратушы көне салтқа деген қарсылық пісіп, жетіліп 
келеді. Ал Қожаштың Тұрлығұлға теңдік бермей кетуі, осы әлеуметтік 
жағдайдың да жемісі. 
Бұған қосымша романдағы кейбір әлеуметтік жағдайды да есепке 
алу керек. Романның, әсіресе, 1913 жылғы нұсқасында Тұрлығұл елге-
зорлық жасап, қаталдық көрсететін ызғарлы байдан гөрі, бәйбішесінің 
өліміне қатты қайғырған дәрменсіз шал. Сондықтан да Ғайшаға жаны 
ашып, көмектесуші жастар Әлкен, Бірке, Жүніс, Серғазылар оның 
әрекетсіздігін біліп, Қожашқа Ғайшаны Көкшетауға алып қаш деп 
кеңес береді. “Сонау Көкшетауға артынан іздеп кім барар дейсің. Еліңе 
бір жеткесін заңмен, болмаса қолмен бұл (Ғайша. –З.Б.) елінде қалады. 
Тұрлығұл болса шал, Итбай болса, мынау”. 
“Итбай болса мынау” дегеннің өзінен автордың оған деген 
ирониясы, юморы байқалады. 
Сонымен қатар, Қожаштың ағайындары да Тұрлығұлдан қорқып 
отырған жоқ. “Жарайды, талабың қайырлы болсын, мұнда аман-есен 
бір жетсең, Есіл елі біздің Қыр елінен зорлағанда ғана мал алады, 
болмаса олда жоқ қой”. Қарап отырсақ, Тұрлығұлдан ешкім де қорқып 
отырған жоқ. Атқамінер, ақсақалдар мен би-болыстардан да үрейленіп 
отырған кісі көрінбейді. Бұл сол дәуірдегі халық көңілі мен 
санасындағы өзгерістердің бірін көрсететін факті ғана. 
ХХ ғасыр басында қазақ жастарының, әсіресе, қыздарының 
бостандық үшін күресінің соншалықты күшеюі де ғасырлар бойы тырп 
еткізбей келген салт-сананың, би-болыс, ауылнай, атқамінерлер 
тобының билігінің бұрыңғыдай шексіз болмай солқылдауында, олардың 
қаулап көтеріліп келе жатқан ел наразылығынан үрейленуінде, 
жоғары-төмен жалтақтауында. 
“Қалың мал” романының қай басылымен алсақ та, Тұрлығұл 
жастарға қарсы тегеурінді қимыл көрсететін басты бейне емес. Кейінгі 
жөндеулерінде автор қосымша детальдар мен эпизодтар арқылы оны 
алдыңғы лекке шығармақ болса да, мақсатына жете алмаған. 
Кейінгі 
басылымдарда 
Тұрлығұлға 
қосылған 
мінездемеге 
қараңыз: “Тұрлығұл ұзын бойлы, мес қарын, түксиген қалың қабақты, 


352 
көп сөйлемейтін, жалпақ мұрын, қарсы келген адам қаймыққандай 
елге зәбірлі, көршілеріне мазақ, қатты адам еді”. 
Ендеше осындай мінезді адамның жалшыларының еркін жүруін 
немен түсіндіруге болады. 
Көркем шындықтың өзі бірімен бірі байланысып, үндесіп жатқан 
бөлек әлем. Сондықтан да ондағы басты кейіпкерлердің кейбір 
әрекетін 
өзгерту, 
мысалы, 
күшейту 
арқылы 
оны 
жаңартуға 
болмайтыны белгілі. Ол үшін сол характер сомдалатын басқа да 
компонеттерге, әсіресе әлеуметтік мазмұнға қажетті түзеулер енгізу 
керек. 
С.Көбеев әлгіндей жаңа мінездеме жасаған Тұрлығұлдың 
әрекеттерін өзгертпей, сол алғашқы қалпында (1913 ж. романдағы) 
қалдырған. Роман басындағы шаруасын істейтін жалшылардың мал 
мен үйге қарауды біржола қойып “қонақ үйге су-су шұлғау, 
байпақтарын” жайып, байдың аса қадірлі аты, үлкен торыны (1913 ж. 
Рисак торы) мініп алып қақпан құрып, тышқан аулап, шілделікте жүруі 
қалай болар екен? Сол тәрізді, романда Тұрлығұл үнемі Әбіштен 
сұрайды. Ағайындарының оның малына қол сала бастауы қалай? 
Әлгіндей мінезді, әрекет адамына бұл тән емес. 
Тұрлығұл сонша қатал-әрекет адамы болса, күйеу баласы 
Шалқанға қамшы жегізіп, үйінен Ғайшаны алып кеткен Қожашқа қарсы 
қалай болғанда да бір әрекет жасар еді. Тіпті солай болғанда да 
Тұрлығұлдың кейінгі әрекеттері тым жеңілдеу, автордың мінездеуіне 
сай емес. 
С.Көбеев романының кейінгі басылымына енгізген осындай 
түзетулер көптеген уақиғаларға да көлеңке түсіріп тұр. Роман 
жазудағы негізгі мақсатының бірін автор былай баяндайды: “Романды 
жазудағы тағы да бір ең басты себеп болған нәрсе қазақ әйелінің қас 
жауы, қазақ әйелдерін теңсіздікте, қорлық зорлықта тұтып, малға 
теңеген феодалдық салтқа қарсы күрес жүргізу мақсаты еді”. 
“Қалың мал” романының алғашқы нұсқасында да автор осы 
мақсатын айқын жүзеге асырған. Романда түрлі әлеуметтік топ 
психологиясы жақсы бейнеледі. Роман басында Байғазы мен Құрымбай 
билер өз пайдалары үшін Есмұраттың келінін саудалап жатса, 60-тағы 
Тұрлығұл мал беріп өзінің қызындай Ғайшаны алмақ болады. 60-тағы 
Тұрлығұл мен Ғайшаның арасындағы жас алшақтығы олар үшін мүлде 
үйреншікті нәрсе, сондықтан да оны ойлап отырған ешкім жоқ, оларды 
ойландыратын басқа нәрсе. “Сіз ұнатпай ма деп Итбайға ештеңе демей 
кеттік”, - дейді, Байғазы мен Қурымбай демек, Ғайшаны Тұрлығұл 
ұната ма, жоқ па? Мәселе сонда. Арадағы жас алшақтығын Тұрлығұл 
да ойлап отырған жоқ. “Маған бермесе де малға береді” – деп, 
Ғайшаны малға алатынын біліп отыр. 


353 
Бұл Тұрлығұл маңындағылардың ойы дейік. Енді қыз әкесі Итбай 
мен Ғайша ауылына келейік. 
Әбіш келгеннен бастап Тұрлығұл жайын бірден сезген Итбайда ес 
қалмайды. “Қанша мал сұрасам екен? Әлде ақшалай алсам ба екен” – 
деп тыным таппаса, оның жақын ағайындары Амантай мен Жамантай, 
Қарақұлдардың пікірін қараңыз. “Бәрі бір дауыспен, жарайды, жат 
жұртыққа жаралған бала ғой, қайырлы болсын, беру керек, ол дағы 
бір орын ғой, әйел баланың орны табылған соң не керек, мал десе 
малы бар, бай десе бай”. 
60-тағы Тұрлығұлдың Ғайшаны айттыруы олар үшін де адам 
таңданатын уақиға емес, қалыпты жай. Бірақ, бұл салтқа қарсылық та 
бар. Қыз шешесі Айсұлу Тұрлығұлдың атын естіген бойда-ақ ыршып 
түседі. “Мен он қырық жеті болса да баламды шалға беруге риза 
емеспін”. 
Бірке, Әлкен, Жүністер Ғайша тілегін тілейді. Оны құтқарсаңшы 
деп Қожашқа тілек білдіреді. 
Ғайшаның шілдеханада айтқан өлеңін естіп, қыздар жылап алса, 
Серғазы да ойға қалады. “...Рас, Ғайша он бесте, Тұрлығұл алпыста, 
әлде одан да артық па, бір аппақ шалға барып бишара қалай адам 
болады. Обал! Обал!... Ешкімге жазығы жоқ қор қызық секілді 
байғұстың обалына бекер кіріскен еекм, енді реті келсе құтылуына 
себепкер болсам”. 
Серғазының Қожан Ғайшаға уақиғасына араласып, оларға тілекші 
болуының негізгі сыры осы. 
Сол тәрізді Итбайды білетін көпшілік те Ғайшаның жайын 
естігесін “бүйтіп алған малы құрысын” – дейді. 
Кейінгі басылымдарда Әлкен, Бірке, Жүніс бастаған топ Қожаш – 
Ғайшаға оқиғасын тізесін батырған Тұрлығұлдан кек алатын кез ретін, 
өздерінің таптық мүдделеріне қатысты қарайды. Ал 13-ші жылғыда 
олар құрбыларын аяйды. Реті болса оған көмекке баруға даяр екенін 
айтады. Бірі – Ғайшаны Қомашқа алып қашсаңшы десе, екіншісі 
Ғайшаны құтқаратын адамға 50 теңге беруге даяр екенін білдіреді. 
Бірақ ел адамдары қаншама Ғайшаны аяса да, көңіл білдіруден 
аса алмайды. Әрекетке көшетін пәрменді қарсылық жоқ. Әлеуметтік 
шындық осы. 
С.Көбеевтің “Қалың мал” романының 1934 жылғы Екінші 
басылымда шығарма көркемдік жүйесіндегі әлеуметтік мазмұн 
өзгертіледі. Тұрлығұл момын байдан елді ықтырған ірі феодалға
айналады. Сондықтан да оқырман роман мазмұндағы сәйкессіздікті 
бірден сезінеді.
Көркем шығарманы келесі басылымда өңдеуде көркемдік 
жүйедегі әлеуметтік мазмұн әуендеріне абай болу керек. Қоғамдық 
қатынастарда пайда болған жаңалық, жаңа сана, әрекет, мінез-құлқы, 


354 
түрлі әлеуметтік күштер көзқарасы, қарым-қатынасы тиісті деңгейге 
көркем мазмұнда көрініс табады. Бұл ескерілмеген немесе өзгертілген 
жағдайда роман көркем мазмұнындағы үндестік бұзылады. “Қалың 
мал” романындағы көркем шындық осыны көрсетіп отыр.
Қамар сұлу 
С.Торайғыров 
С.Торайғыров (1893-1920) ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің 
аса көрнекті тұлғаларының бірі.
“Қамар сұлу” романы – С.Торайғыров шығармашылығының жаңа 
сапаға 
өткелі 
тұрғанын, 
көркемдік-идеялық 
ізденістерін 
анық 
көрсететін шығарма. Онда қаламгердің қазақ қоғамы алдындағы 
кеселдерді әшкерелеумен қатар, оны жан-жақты бейнелеуге күш 
салғаны аңғарылады. Осы үшін ол жаңа формаға, күрделі жанрға 
барады. 
1913-1914 жылдар роман жанрының қоғамдық санадағы орны, 
қызметі туралы әңгімелердің қозғалған шағы. 
“Қамар 
сұлу” 
романына 
келгенде, 
көркем 
прозада 
С.Торайғыровтың біраз тәжірибесі бар. “Зарландым” (1912), “Ауырмай 
есімнен жаңылдым” (1913), “Қазақ ішінде оқыту жайы” (1913), “Қазақ 
тіліндегі өлең кітаптары жайынан” (1913), “Өлең мен айтушылары” 
(1913) т.б. шығармалар жазушы қаламының көркем прозада да 
қарымды екенін аңғартты. Қаламгер орыс прозасының небір үлгілерін, 
М.Дулатовтың “Бақытсыз Жамал” романын жақсы білген. 
“Қамар сұлу” С.Торайғыров шығармашылығындағы алғашқы 
көлемді шығармалардың бірі. Оның поэмалары кейін жазылған.
Сондықтан да күрделі жаңа жанрдағы бұл романның қаламгер 
шығармашылығындағы 
алатын 
орны 
да 
ерекше. 
Романнан 
С.Торайғыровтың таланты, дүниетанымы, саяси-әлеуметтік идеялары 
айқын көрінеді. 
Кейінгі күрделі шығармаларында “Адасқан өмір”, “Кедей” т.б. 
қаламгер үлкен идеяларды образға, жинақты бейнелерге көшіруге 
еркін барады. Ал 1915 жылы ел аузынан жазып алған “Сақып пен 
Жантұрсын”, “Жазықсыз тамған қан” аталатын шығармаларының 
үзінділерінде жазушының проза жанрындағы болашағы көрінеді. 
Бұл роман да өмірде болған уақиғалар негізінде жазылған. 
Шығарма фабуласын Алтай елінде болған кездерінде ел аузынан 
алған. 


355 
С.Торайғыров қазақ қоғамы ілгері дамуына кесел болып отырған 
кемшіліктердің ірісі ретінде тамақ үшін бәріне көніп, сұмдыққа көз 
жұмып отырған надан, көнбіс көпшілікті көрсетеді. 
“Бай деп, кісі деп Нұрымды айт. Кәріліктің алды, жігіттіктің соңы” 
деп, шіркін ерледі ғой. Қамар секілді қосағаның тұс келуі сонысына 
қарай ғой. Ой, өркенің өссін! Алғаныңмен қоса ағар!” дегендегі Нұрым 
олардың сөзіндегідей қатарынан артық артық туған жан емес, ел 
ортасында “халқыңды қан жылаттың Жорға Нұрым” атанған ақсақ 
Нұрым. Сұлтанмахмұт осы психологияны астарлай да, тура да 
баяндайды. 
Романда 
сатиралық 
өрнектер 
мен 
ирония, 
публицистикалық әуендер қабат келеді. Жазушы өзінің ашу-ызасын 
туғызған қазақы тірлік келеңсіздіктерін ашына жазады, жымысқы 
психологиясын сынға алады. Әшкерелейді, ашынады. 
Романда полилогтардың алатын орны өте зор. Әрі полилогтар 
пайдалану С.Торайғыров шығармаларында көркемдік-идеялық мәні бар 
үлкен тәсіл. Полилог арқылы қаламгер барша жолсыздықтарға жол 
беріп, көнбеске көніп, тамақ аңдыған надан топтың жиынтық бейнесін 
береді, әшкерелей жазады. Адамдық құқытарын, ар-намыстарын аяқ-
асты етіп отырған әлеуметтік топтар жолсыздығына селт етпеген 
жандарға, бәрін біліп, қорлық пен мазаққа төзген, көнбіс халыққа бұл 
әдет пен халінің сұмдық сиқын көрсетеді. Сондықтан да ол дүние 
қызығын малға сатып аламын, мақсатқа да мал арқылы жетемін 
дегендерді де, оларға жол беріп отырған тамақ аңдушыларды да сынға 
алады. Осы топ портретін, психологиясын шеберлікпен жазады. 
Романда Жорға Нұрым бейнесі талантты жазылған. “Бір олай, бір 
былай аунақшып, жарыла жаздап, булығып, анда-санда үйелеген өгіз 
секілді ыңырана түсуден басқаға шамасы келмей, ардақты күйеуіміз – 
Нұрым отырды”. “Ойбай!... не сұрайсың. Қайырлы болсын айта 
Нұрымға қарай ағылған лек-лек кісі! Бара салысымен “Ой, сабазың! 
Жарайсың! Сол керек еді... Қоса ағар” деп, қайырлы болсынды тұс-тұс 
жақтан жаудырысып-ақ жатыр, Нұрым да “омин-омин” деп, аузын 
толтырып, жалаң бас, есі жоқ, түсі жоқ, терлеп-тепшіп, екі езуі 
құлағында, алақандай шегір көзі ақайып, жирен сақалы қаудиып 
кеткен, әншейін-ақ күр-күр етеді”. 
Романның бас қаһарманы – қалыптасқан характерлер. Алайда 
уақиға өрбуіне, тағдыр тартысына қатысты олардың ой-сезімдері, 
әрекеттері өзгерістерге ұшырайды. Мәселен, Қамарға жазған соңғы 
хаты (қоштасу хаты) қолға түсіп, басы дауға қалған Ахмет ат-шапан 
айыбын төлеп, енді Қамарға жоламасқа уәде беріп, алысқа қашса да 
роман соңында қорлық пен зорлықтан азап шеккен Қамарды көріп, 
оны қорлаушыларға қару жұмсайды. 
Ахмет екеуінің арасы елге белгілі болғанда Қамар қатты күйінеді. 
Біржола күйрейтіндей күйге түседі. Мақтаулы қыздың ел аузындағы 


356 
жеңіл әңгімеге қалуы – қазақ қызының психологиясы үшін сұмдық. 
Алайда, уақиғаға Жорға Нұрым араласқаннан бастап Қамар адамдық 
хұқы үшін ашық күреске шығады. Жорға Нұрымды мазақтап өлең 
шығарады, некесін қиюға келген молдамен айтысқа шығып оны 
жеңеді, бақсы-балгерлермен тартысқа түсіп, айтқанына қайтпай осы 
жолда қаза болады. Осы айтыстарында қазақ қоғамы мен қазақ қызы, 
надандық, 
дін 
туралы 
пікірлер 
жан-жақты 
қозғалады. 
Бұл 
эпизодтардың жасандылығы, ағартушы-дидактикалық мақсат, идеялар 
бірден байқалады. Оны көркем мазмұн мен форма, бейнелеу 
құралдары арқылы жететін әуенге көшірейін деген автор талпынысы
аңғарылмайды. Соған қарағанда, қаламгер оқушысына кейбір ойларын 
тура жеткізуді мақсат қылған. 
“Қамар сұлу” романының идеясы махаббат тарихы трагедиясынан 
ғана туындамайды. Жазушы әйелдер тағдырын адамдық правосын 
ескермеген қоғамдығы түрлі әлеуметтік күштердің осы проблемаға 
қарым-қатынасын да бейнелеп көрсетеді. Түйінді мәселелерді болашақ 
өркениет проблемаларымен көтереді. Романдағы салт-сана дегенді де 
шартты түрде ұққан жөн. 
Роман қаһарманы – қалыңы төленген біреудің жесірі, болмаса 
жоқ-жітік кедейдің қызы емес, оқыған, текті атаның тұқымы. Әкесі 
Омар, Хасен – көзі ашық, оқыған, ойлы, дәулетті жандар. Роман 
басындағы Қамар портреті ретінде берілген өлең соңындағы қыстырма 
шумақта Омардың Қамарды бетін қақпай тәрбиелегені айтылса, теңіме 
бармаймын деген ой Қамардың басында мүлде жоқ. Ендеше, осы 
жарасты тірлікті астан-кестен қылатын қандай әрекет, оның өзегінде 
қандай мотив бар. Мотив – қадімгі қазақы күндестік. Балаларын 
оқытып жатқан Омар тірлігіне ағалары Оспан би мен Қалтан қажы, 
надан көпшілік қарсы. Қамарды бұлаңдатып өсіргеніне, ел мақтауына 
ілінгеніне қарсы. Оқыған баласы Ахмет арқасында “жаман Жәукенің” 
халық 
қатарына 
қосылғанына 
қарсы, 
Ахметтің 
өнерлігіне, 
сауаттылығына қарсы. Өздерін көзге ілмеген Қамардың Ахметті 
таңдағанына қарсы. Қолдарына әлдеқалай хат түскенде “өлгені тіріліп, 
өшкені жанғандай қуанып, шуылдасып қалатыны” сондықтан. Романда 
осы уақиғаға қатысы бар әр әлеуметтік топ өкілінің мүддесі көрінеді. 
Қолы жетпеген замандастары Қамардың сорлағанына қуанса, 
себебі-күндестік. Оспан биге Нұрымның атақ, абырой, билігі керек, 
Қалтан қажыға орысшыл інісін тоқтау қажет, басқа атқамінерлерге 
Оспан мен Қалтан қажының, Жорға Нұрымның ықыласы, құрметі, 
дастарқаны, көпшілікке-тамақ, той кәделері, әңгіме т.б. қызық. 
С.Торайғыров 
шығармашылығында 
астарлап 
сөйлеудің, 
символдық сипаты, семиотекикалық мазмұны бар образдың, типтердің 
орны өте мол. Мысалы, “Адасқан өмір”, “Кедей” т.б. шығармаларда 
қаламгер өмірдегі нақты уақиғаларды бейнелеуден, солар арқылы ой-


357 
дидактикаға барудан алыс. Ол шығармалардың көркем жүйесі 
астарында үлкен әлеуметтік проблемалар ғана емес, философиялық та 
мәні бар мәселелер көрінеді. Қаламгер нақты өмір уақиғаларына 
сүйенетін тәрізді образдар арқылы үлкен жинақтауларға, реалистік 
шарттылықтарға барады. “Қамар сұлу” романында да, кейінгі 
шығармаларында да нақты әдіске айналатын осы бағыттағы бейнелеу 
байқалады. 
Замана бағытын ұққан Омар мен оқыған ұлы Қасенде, Ахмсетте 
бұл әлеуметтік күштерге қарсы тұрарлық қайрат аз. Қазақ аулындағы 
дәстүрлі қарым-қатынастар мықты, жаңа күштер әлсіз. Роман 
соңындағы бақсыны өлтіріп, Жорға Нұрымды жаралаған Ахмет әрекеті 
шарасы қалмаған, не істерін білмеген адам тірлігі. 
“Қамар сұлу” романының көркем мазмұнында бадырайып көрініп 
тұрған дидактика, тәрбиелік мән жоқ. Сюжетті пайдалану тәсілдерінде 
де ерекшелік мол. Суреттеуге, әңгімеге, суретті диалогтерге барып 
отырғанмен мақсат фабуланы жеткізуде. Уақиға мен уақытты да 
мейлінше тығыздай баяндайды. Суреттеуден гөрі уақиға желісін, оның 
себеп салдарын көрсету басым. 
С.Торайғыров өз романдарының арқауы ретінде ақылды, сезімтал 
жандардың трагедиялық тағдырын алады. Оның бас қаһармандары 
тұлғалық деңгейге дейін даралана көрсетіледі. Ертеңін ойлаудан гөрі 
өткенді сақтауды тәуір көрген әлеуметтік топтардың бүр жара бастаған 
жаңалықтарымен қарым-қатынасы, қақтығысы, күрес жан-жақты 
суреттеледі. Мақсат мүдделері, ой, сезімдері көрсетіледі. Бірде 
жаңалықтарды жеңіп, жастарды трагедияға душар қылса, екіншісінде, 
өздерінің қаусаған сипаттарын сезеді, рухани жеңіліс табады. 
Әлеуметтік тұрмыс пен қоғамдық өмірге, салт-санаға ене 
бастаған жаңалық, күрес идеяларын талдау – С.Торайғыров үшін басты 
мақсат. Оның ұлттық ерекшеліктері де осы күрес үстінде ашылады. 
Мысалы, сүймеген адамына ұзатылып, зар жылаған қыздың тойындағы 
сый-сияпат пен ет аңдыған адамдар бейнесі – қаламгер 
шығармашылығында өзіндік бояуға ие. Олар үшін нақты жағдайда 
адам қайғысынан гөрі той сияпаты, қызығы қажеттірек. Жылау мен 
адам трагедиясы – олар үшін күнделікті уақиға. Оны көп көрген, 
тойған, көнеген. Солай болған, бола бекрмек деп ойлайды. Оны 
өзгерту керек-ау деп ойланып жатқан да олар жоқ, жолсыздық, 
заңсыздық-өмір заңы. С.Торайғыров осы пәлсапаға қарсы қадала 
жазады. Трагедияның содан екенін айтады, енжарлық пен көнбістіктің, 
надандықтың сұрықсыз сипатын бейнелейді. 
Қыз бала малды, дәулетті шалға тиюге, байға баруға тиісті. Ол 
жылайды да көнеді. Ата-бабамыз сөйткен. Одан өзге жол жоқ. 
Көпшілік психологиясы, пікірі осы. “Қамар сұлу” романында ата баба 
жолына көнбей күреске көтерілген қыз характері, тағдыры бейнелейді. 


358 
Қамар көптің бірі, надан, кедей қызы емес. Текті атаның бетінен 
қақпай өсірген ерке қызы, есті, әдепті қыз. Ата-ана алдына шығып, 
елдің салтын бұзсам деген ойында да жоқ. Осы жолда сүйгені Ахметке 
де тоқтау айтады. Қосылуға мүмкіндік болмаса - әуре болу, сөзге қалу, 
түсу мүлде қажет емес дейді. 
Алайда, тағдырына Жорға Нұрымның араласуы есті қыз жан 
дүниесіне, санасына төңкеріс әкеледі. Қамар өзінің хұқының жоқтығын 
көреді. Салт-сана, әдеп туралы сенімі шайқалады. Ашынады,
қарсылық білдіреді, күреске шығады. Бұл күрес бірте-бірте ұлғайып, 
өз басынан асып қазақ қыздары проблемасын қозғайды. Қаламгер осы 
көркем мазмұнға әкелетін сюжет, фабула таңдайды. 
ХХ ғасыр басындағы қазақ қоғамы қайшылықтарын дөп басу, 
танып білу, тереңдей талдау, жан-жақты көркем бейнелеу оңай шаруа 
емес. Бұл тез өсіп, қанаттанып келе жатқан талантты тұлға 
С.Торайғыров үшін ғана емес, қазақ әдебиеті үшін де жаңа әдеби үлгі, 
икемді форманың қажеттігін көрсетеді. Қаламгер романдарына, әсіресе 
“Кім жазықтыда”, оның қаншалықты романдық ойлау деңгейінде 
көтеріле алғаны айқын көрінеді. Оның таланттылығы прозамен 
жазылған романнан кейін, өлеңмен жазылған романға тәуекел етуінде, 
күрделі жанрдың түрлі үлгілерін де байқап көруінде. 
С.Торайғыров прозалық роман тәжірибесін белгілі деңгейде игере 
тұра, екінші романында өлеңге баруының нақты бір себептерінің 
барлығы анық. Ол қаламгердің ақындық талантында ғана емес күрделі 
мазмұнды көлемді дастанға, поэмаға айналдыруда көркем мазмұнда 
өрнектеуде қазақ әдебиетінде қалыптасқан дәстүрдің барлығын да 
ескеруде. Тез жазуды талап еткен төтенше шақта (бәйгеге арнап) 
дәстүрлі үлгіні пайдалануға ұмтылу таңданатын іс емес. Прозалық 
роман поэтикасының әбден кемелденбей тұрғанында өлеңмен 
жазылған романның әдемі көрінуі ғажап емес. Қоғамдық сана үшін де 
өлеңмен жазылған романның әдемі көрінуі мүмкін. 
Қан мен тер 
Ә.Нұрпейісов 
Көрнекті жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісов 1924 жылы 22 қазанда 
Қызылорда облысы, Арал ауданындағы Үшкөз ауылында туған. Ұлы 
Отан соғысына қатысып, майдан өмірін болашақ көркем дүниелеріне 
оқиға өзегі етіп алды. 
Ә.Нұрпейісов 1956 жылы Москвадағы М.Горький атындағы 
Әдебиет институтын тәмамдап, шығармашылық жолға түседі. 1962-


359 
1964 жылдары “Жұлдыз” журналының редакторы болды. Содан беріде 
таза жазу жұмысымен айналысып келді де, соңғы уақытта ПЕН-
Клубтың қазақ бөлімшесін, “Таң-Шолпан” журналын басқарып жүр. 
Тұңғыш романы “Курляндия” 1950 жылы жарияланып, кейіннен 
“Күткен күн” деген атпен (1958) өңделіп, екшеліп жарық көрді. Ол – 
“Сең”, “Соңғы парыз” роман-дилогиясының, “Толғау” атты сыни 
еңбектің, көптеген очерктер мен көркем аудармалардың авторы. 
Басты туындысы – “Қан мен тер” трилогиясы (1-кітап – “Ымырт”, 
1961; 2-кітап – “Сергелдең”, 1964; 3-кітап – “Күйреу”, 1970). 
Ә.Нұрпейісов – халық жазушысы, КСРО Мемлекеттік сыйлығының 
иегері. 
Тарихи-революциялық тақырыпқа жазылған қазақ романдарының 
ішінде жанрлық-композициялық, стильдік тұрғыдан “Қан мен тер” 
трилогиясының өзгешеліктері мол. Біріншіден, шығармада дәуір 
тынысын 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінен бастап, Колчак, 
Дулатов армияларының талқандалған шағына дейінгі мерзім кең 
қамтылып суреттеледі. Екіншіден, “Қан мен терде” басқа туындыларда 
аталып қана өтетін патшашыл ақ әскерінің тіршілік келбеті мейлінше 
толыққанды бейнеленеді. Үшіншіден, романдағы авторлық мақсат, 
сюжеттік арналар, көркемдік зерттеу нысаны жаңа. Төртіншіден, 
Ә.Нұрпейісов сан алуан қасиеттерімен қалыптасып болған әлеуметтік-
психологиялық талдау өнерінің қазақ топырағындағы жетілген өресін 
танытады. 
Ә.Нұрпейісовтің бас қаһарманы Еламан – еңбекші қауымның 
өзгеден алабөтен артықшылығы жоқ қатардағы өкілі. Оның шектен тыс 
жуастығы, сылбырлығы, шешуші сәттердегі екіұдайлығы бізге таныс 
революционерлер мінезінен алшақ жатыр. Тек қана адам ретінде 
сараптағанда кінәлауға да болмайтын дағдылар Еламан жан 
дүниесіндегі адамгершілік максимализм, турашылдық, намыс сарылып 
әділет іздеу іспетті ұждандық-этикалық сапалар аясында табиғи 
қалпымен нанымды. Саяси-әлеуметтік сауаты ашылмаған, қазақ 
даласындағы тұңғыш өнеркәсіп салаларының бір түрі – балықшылық 
кәсібімен күнелткен, мәдени-ағарту орталықтарынан алыс, табиғаты 
қатал Арал теңізі өңіріндегі жандардың ел тұтастығы мен егемендігі 
үшін күреске шығуы – тарихи заңды құбылыс. 
Фамилиясы да аталмайтын (әкесі – Науан) “қараңғы” Еламанның 
семьялық арнадағы тіршілік-тынысы – оның бүкіл адамдық тағдырын 
анықтаудағы, ар-ождандық ізденістерін, ашудағы негізгі тетіктердің 
бірі. “Қан мен тердің” тағы бір ерекшелігі халық бейнесін сомдауда 
елдің наным, сенім, көңіл-күй пернелеріне аса мән берілуі, жекелеген 
жандардың қоғамдық аренадағы орны мен тұрмыстық қалпын желілес 
суреттеу. Трилогиядағы психологиялық арна автордың әр от 
басындағы тіршілік дағдыларын кейіпкерлердің рухани өміріне 


360 
тереңдеп бейнелеуден байқалады. Еламан, Рай, Мөңке, Қален, Төлеу 
отбасы, Тәңірберген, Федоровтар әулеті, штабс-капитан Рошаль, орыс 
жұмысшылары, Сүйеу қарт, Судыр Ахмет ошағына дейін жіті назар 
сала, арнайы тоқталуды көреміз. Бұл әдіс роман қаһармандарына 
тиесілі әлеуметтік іс-әрекеттердің психологиялық түп-тамырын табуға, 
образдардың толыққанды сипатын ашуға тікелей жол бастаған. 
Бір реттен М.Шолоховтың “Тынық Донын” еске түсіретіндей хал 
“Қан мен терде” Еламан – Ақбала – Тәңірберген жүлгесімен көрініс 
береді. Еламан басындағы сергелдең мен Ақбала кешкен адасу 
соқпағы, Тәңірбергеннің азап пен ар талқысында талықсуы – күрделі 
көркемдік-эстетикалық шешім. 
Трилогияның сюжеттік-композициялық желілері де бір бағытта 
өрістегенімен, авторлық, лирикалық шегіністер роман оқиғаларын 
жаңа сапалармен толықтырады, қаһарманның есею үдерісін (процесс) 
ашатын, 
белгілі 
әрекеттердің 
психологиялық 
дәлелдемесін 
дайындаушы мәнді детальдар қызметінде жүреді. Бұл орайда “Қан мен 
тер”, “Ботакөз”, “Тоқаш Бокиндегі” тәрізді алма-кезектесіп отыратын 
фабулалық жүлгелерден гөрі “Ақ Жайықтағы” үзіліп, жалғасып 
отыратын, бір тартыстық арнаны екінші қақтығыстар арқауымен 
күрмей байлап, ілестіре дамытып отыратын күрделі композицияға 
құрылғаны аңғарылады. 
Негізгі қаһармандардың қиын тағдырлардың тоғыстыратын жер-
теңіз жағалауындағы кедей балықшылар ауылы. Мұндағы тіршілік 
қамымен орыс байы – Федоров (Тентек Шодыр) ауына жалданып, 
асымдық талға жау тауып, күн кешіп жүрген Мөңке, Дос, Еламан, Рай 
- әр кездері ағайынды Алдаберген софы, Құдайберген болыс 
(Қаратаз), Тәңірберген мырзалардың малын, жылқысын бағып, кейін 
намысқа тырысқанда, бөлек шыққан өркеуде кедейлердің ұйтқысы. 
Еламанның ыза-кегін оятқан тек Федоров қысымы емес. Бала 
жасынан тартқан жетімдік тақсіреті. Тәңірберген әкесінің қиянаты, жас 
мырзаның өз өктемдігі, жеке басынан асып, аз ғана қуанышы – жанұя 
бақытына түскен шіркеу – осының бәрін ерте есейген зерделі жігіт 
тағдырдың әділетсіздіген санайды. Еламанды ешкім күтпеген оқыс 
қадамға (Тентек Шодырды өлтіру) жетелеген себептер авторлық 
баяндауда кедеспейді. Ә.Нұрпейісов кесек әрекеттердің психологиялық 
астарын жанама синтетикалық жолмен суреттеген. 
Сібірге жер аударылған Еламанның ісін ел ішінде өр мінезді Кәлен 
жалғастырады. Бай ауылдың барымта-қарымтасымен жүрген дара 
бітім, оқшау істің адамы – Кәлен мен Абыралы әулетінің мүддесі де 
қайшылыққа келіп тіреледі. 
Тәңірберген – жазушы сомдап түйген характер. Оған М.Әуезов 
эпопеясындағы Құнанбай, Ғ.Мүсіреповтің “Оянған өлкесіндегі” Игілік 
бейнелерінің әсер-ықпалы көп. Тәңірбергенде дала көкжалы – 


361 
Құнанбайдың ірілі болмағанмен, айлакерлігі, Игіліктің дәуір, қоғам 
барысын топшылап, тез бейімделгіш елшілігі бар. Уақыт, орта, жағдай, 
мінез 
сипатына 
байланысты 
М.Әуезов 
қаһарманындағыдай 
асқақтығынан жымысқылығы басым, ал Ғ.Мүсірепов кейіпкеріне 
залымдығымен ұқсас. Олармен теңесетін – Тәңірбергеннің озбырлығы, 
менмендігі. Тәңірберген көзге сыпайы, кішіпейіл; ал іс-әрекеті, 
жасырын жоспраларымен, өктем, бұза жарып өтетін жанкештілігімен 
өзіндік характер ерекшелігін жасайды. Ә.Нұрпейісов күрделі жан, ой, 
ұғым иесін терең сарабдалдықпен, әр қырынан, байыпты арналарда 
суреттейді. Осынау жауыздыққа бейіл, қатары көп адамның 
романдағы 
мәңгілік 
философиялық 
ақиқатты 
жария 
қылатын 
мағыналы тұлғаға айналуы – қаламгердің жаңашыл шығармашылық 
тұғырнамасына дәлел. 
“Ботакөзде” 
Итбайды 
Кенжебай 
көтерілісшілермен 
бірге 
жазаласа, Кәлен мейманасы тасқан Құдаймендені жалғыз өзі 
тұншықтырады. Ақ көңіл, өнерлі, байыр жігіттің көп жағдайда 
Еламанға жетіспейтін қасиеттер: ерлік, шешімталдық, қызуқандылығы 
мен ақкөз ерлігі халықты соңынан ерте білетін көсемдікке лайық. 
Еламанмен бірге бастаған 1916-жылғы Арал өңірі кедейлерінің 
көтірілісі кезінде де Кәлен –соңғы айласы қалғанша ел алдындағы 
жауапкершілігін терең сезініп, қасындағы сарбасы үшін туған перзентін 
жау қолына тастап кететін дархан жаратылысы, оқшау жүректілігімен 
ерекшеленетін кесек тұлға. 
Кәлен де, Еламан да заман талқысы қысқан шақта еркіндік 
іздеген жарлы қауымға көшбасшылық ететін халге жеке көңіл 
қалауымен емес, көпшілік тілегі, объективті заңдылықтар жасымен 
жетеді. Сарбаздардың өзін хан сайлау туралы ұсынысына қайырған 
жауабында Кәленнің таң қаларлық қарапайымдығы мен халықтың 
тарихи, адамгершілік наным, сенімі арқылы әбден сіңісті болған сергек 
даналығы айқын көрініс береді. Еламан алғашқы сойқан қылығынан 
басқа жерде әрбір қадамын есепке алып, көп толғанып барып, бір 
амалға келетін сақ та байсалды. Кәлен – бар істі ашу-ыза үстінде 
тындырып салатын, кейінгіні ойлап, сары уайымға түспейтін, 
наркескендей өткір. 
Жазушы штабс-капитан Рошаль, генерал Черновтың ой-толғаныс, 
тіршілік характері арқылы іштей іріп-шіріген Колчак армиясын қызыға 
суреттеп кететін тарауларда негізгі тартыс арнасын Еламан, 
Тәңірбергеннің олармен кездесу оқиғалары нәтижесінде қоюланта 
түседі. 
Бас кейіпкердің түрік шекарасындағы соғыстан алған әсері қиын-
қыстау кезеңдерде рухани күш, моралбдық жігер беретін елестер 
түрінде еске алынып отырады. “Тар жол, тайғақ кешудегі” Петров, “Ақ 
Жайықтағы” Яковлевтің прообразы іспетті Мюльгаузеннің дарашыл 


362 
психологиясы, авантюристік әрекеттері де өмір шындығын әр түсті 
бояулармен нанымды өрнектеу өнеріне кепілдік берсе керек. 
Әр түрлі алдамшы типтердің, арамза одақтастардың шылауында 
кеткен жігерсіз Колчак армиясы халықтың ғасырлар бойы қанында 
тулаған ыза-кек толқынына бере алмайды. Ақтық шамасы қалғанша
тістесіп өткен ақ гвардияшылардың қазақ даласында істеген қиянат-
зорлығы елдің қатерлі жауға қарсы ынтымағын арттыра түседі. 
Еламан үшін дәуір сапырылысы айқын нәрсе болса, 
Тәңірбергенге 
ол 
жұмбақ. 
Қорқыныш, 
үрей 
ассоциациялары
таңданып, күдіктенуден, үміттенуден әлдеқайда басым. Тәңірберген 
тарихи-қоғамдық 
құбылысты 
діни-нанымдық 
фанатизм, 
сахара 
стихиясына ғана тән өмірлік қайшылықтар көлемінде бағалайды. 
Алайда әшейінде әдісқой, астыртын күрестің палуаны Тәңірбергеннің 
уақыт қаһарына қарсы шығар шарасы жоқ. 
Трилогияда кескіндік анықтамалар мен пейзаж көріністерінің рөлі 
зор. Портреттің психологиялық айтарлары мол. Мысалы, романда 
Ақбала өңі, оның киім киісі, әдемі көзі, қалың шашы тәрізді негізгі 
сұлулық нышандары әлденеше рет қайталану арқылы соны жағдайлар 
табиғатына үйлес өзгерістерімен қамтылады. 
Жазушы мезгілдік құбылыстарды көп жағдайда адамдардың ішкі 
сарайындағы толқындармен, тұрмыстық, мұраттық әуендермен желілес 
бейнелейді. “Қан мен тер” трилогиясымен Әбдіжәміл Нұрпейісов қазақ 
әдебиеті үшін бұрын жан-жақты бейнелеу өрнегінен өтпеген Арал өңірі 
табиғатын өзіндік топографиялық ерекшеліктерін ашып кестеледі. 
Үлкен эпикалық полотнода теңіз стихиясы барша қатал сұлулығымен 
адамдар тағдырын, олардың кәсіп-тіршілігінің сипатын, арман-
мұратын, сол жолдағы іс-әрекетін бедерлейтін көркемдік-эстетикалық 
фон ретінде шебер көрініс берді. Ә.Нұрпейісов шығармасындағы
ландшафт реңі кездейсоқ алына салмайды, олар әр кездегі 
қаһармандар ғұмыр кешетін ортаның тарихи-әлеуметтік болмысын 
танытатындай 
кейіпте, 
жан 
толқынымен 
бірлікте 
суреттеліп, 
жазушының заман, қоғам, өмір қайшылықтары жайлы астарлы 
философиялық ой-сезімдеріне рухани тірек болады. 
Уақыт тағы өзгерді екен деп романды түзетуге салудың қажеті 
болмас еді. Бұл уақыт - өткен мен бүгінді екшей бағалайтын, әр 
нәрсені байыбына қарап бағалайтын уақыт. Көп мәселе тарихи 
туындыларды парасатпен зерделеуге байланысты. Саналы көзбен 
қараған жанға “Қан мен терде” мол шынайылық, суреткерге тән 
машық бар. 


363 
Қара маржан 
Ш.Мұртазаев 
Шерхан Мұртазаевтың “Қара маржан” романы – 70 жылдардың 
жемісі. Жазушы осы романы үшін Республикамыздың Мемлекеттік 
сыйлығын алғаны да бәрімізге белгілі. 
Романның басты кейіпкерлері – Нариман Данаев пен Жарас 
Хамзин. Негізгі сюжеттік арқау, қосалқы оқиғалар желісі де осы екі 
кейіпкердің айналасында өрбиді. Жазушы шығармасында тікелей 
өндіріс мәселелерінен гөрі, осы өндірісте еңбек етіп жатқан инженер-
техниктердің, қарапайым еңбек адамдарының өмірлік, тұрмыстық 
жағдайларына 
көбірек 
ден 
қойғаны 
қуантады. 
Яғни 
өндіріс 
мәселелеріне байланысты немесе соның тікелей әсерінен туындайтын 
адамдар арасындағы моральдық-әдептік байланыстарға, солардың 
шығу 
себеп-салдарына, 
яғни 
әлеуметтік-рухани 
табиғатына 
зерттеушілік көзбен қарап, байыпты баға береді, байсалды талдау 
жасайды. Нариман Данаев – инженер, яғни білгір маман, сонымен 
бірге 
өндіріс 
ұйымдастырушысы. 
Оның 
Соколов-Сарыбай 
комбинатында еңбек еткен жылдарының мақсатсыз, мағынасыз 
өтпегеніне көзіміз жетеді. Сол бұрынғы істеген жерінде меңгерген, 
жинаған 
іс-тәжірибесі 
және 
өндіріс 
басшысы 
ретіндегі 
ұйымдастырушылық шеберлігін осы жаңа орында, жаңа қызметінде, 
яғни Нәртас кенішінде де іс жүзінде көрсетуге, іске асыруға қабілетті, 
қолынан да келеді. Нариман бойындағы жақсы қасиеттердің – 
адамгершілік, азаматтық парыз, қоғамдық мүддені дұрыс түсініп, соны 
саналы өмірінің тірегі ету, моральдық тазалық, әдептілік мінеки, 
осының барлығы Нариманды қоршаған әлеуметтік ортада, сондағы 
қоғамдық жағдайда әр қырынан танылып жатуы заңды жағдай. 
Ондай орта, ондай жағдай ретінде романда Нәртас кеніші, 
сондағы еңбек барысы, өндірістік мәселелер алынады. Ол – сонымен 
бірге жұмысшылардың да ортасы, аяғынан жаңа-жаңа тұрып келе 
жатқан өндіріс ортасы. Жаңа өндірістің шұғыл шешілуге тиіс 
мәселелері де көп, оның үстіне жоғары басшылық жақта басқан ізін 
аңдып отырған бақталасы, қарсыласы Жарас Хамзин отырғанда, 
Нариман үшін ойына алған ісін орындау, алдына қойған мақсатына 
жету оңайға түспейді. 
Нариман үшін әсіресе қиын болып тұрғаны – жаңа өндіріске 
жауапты 
жоспардың 
берілгендігі. 
Ол 
мемлекет 
орындарында 
бекітілген, оны орындамау қылмысқа тең. Егер ол жоспар 
орындалмайтын 
болса, 
онда 
Нариман 
Данаевты 
өндірістің 
басшылығына қоюдың қажеті қанша еді? Осы шындықты азаматтық 


364 
парызымен, адамдық арымен түсініп қабылдаған Нариман тар 
шеңберден, қысқан құрсаудан шығудың амалын іздейді. Көп ойланады, 
көп нәрсені қайта есептейді, қайта таразылайды. Сондағы тығырықтан 
шығар жол, табылған тиімді әдіс – карьердің жаппай жарылысы екен. 
Сонымен, “жаппай жарылыс” идеясы көп шындықтың бетін ашады, көп 
адамның бет-пердесін жұлып, кімнің кім екенін танытады. 
“Жаппай жарылыстың” ұзаққа созылмаған сәтсіздігінен кейін 
Нариман 
Данаевтың 
өмірлік 
позициясы, 
азаматтық 
келбеті 
айқындалады, оның рухы күшті адам екендігі, әлеуметтік белсенді 
тұлға екендігі біржолата анықталады. Осы оқиға сонымен бірге 
Хамзиннің, оның тобындағы Ақыраптың, Әділдің де шын кейіптерін 
танытып, олардың ішкі жан-дүниесін, бар болмысын, адамгершілік 
табиғатын айна-қатесіз ашып береді. 
Автордың 
роман 
кейіпкерлерінің 
моральдық-адамгершілік 
табиғатын ашу мақсатында пайдаланған осы логикалық-көркемдік 
дәлелін құптауға болады және де оның сәтті шыққанын айтуға тиіспіз. 
Жалпы автор қандай тақырыпты немесе қандай тартысты 
алмасын, оны қалай суреттемесін, бәрібір түптің түбінде басты назар, 
негізгі арна кейіпкер табиғатына, кейіпкер іс-әрекетіне тірелетіні 
белгілі. Сондықтан да, өндіріс мәселесіне шығарма жазғанда, сол 
өндіріс тетіктерін, сол өндірісте болып жатқан әр түрлі, сансыз қосалқы 
эпизодтарды болсын-болмасын, келсін-келмесін жіпке тізіп, сағызша
соза бергенше, қайта сол еңбек үстінде жүрген бір кейіпкердің болса 
да бірегей тұлғасын сомдауға, соның қайталанбас характерін ашуға 
тырысу керек. Яғни кейіпкердің ішкі жан дүниесіне тереңдей үңілу, 
олардың 
іс-әрекеттерінің, 
ой-сезімдерінің, 
мақсат-мұраттарының 
моральдық-әдептік негіздерін терең ашып көрсету қажет. Осы орайда 
“Қара маржан” романының жаңашыл, ерекше елеп айтар қасиеті оның 
кейіпкерлерінің 
қайталанбас 
кейбір 
көркемдік 
қасиеттеріне 
байланысты. Әсіресе, романның орталық кейіпкері Нариман – күрделі, 
тартымды образ. Ол бар болмысымен, бүкіл іс-әрекетімен өмірдегі 
күрделі мәселенің, яғни қоғамдық, рухани, әлеуметтік маңызы үлкен 
адамгершілік проблеманың бүгінгі өмірімізге сәйкес, соның рухына сай 
келетін әділ шешімін іздеу үстінде толғанады, өседі, күреседі, жеңеді. 
Образдың табиғи түрде өсуіне, дамуына, күрделенуіне автор баса 
назар аударған. Сондықтан да Нариман образын кейінгі жылдары 
өндіріс тақырыбы бойынша жарық көрген шығармалардың айта 
қаларлықтай табысы ретінде бағалауымызға болады. 
Сонымен бірге жазушы кейіпкер мінезін даралап, оның ішкі жан 
дүниесінің қалтарыстарын, иірімдерін тереңірек ашу мақсатында оқыс 
эпизодтар мен жанама оқиғаларды көркемдікпен, өте ұтымды 
пайдаланады. Осы стильдік ерекшелікті, біріншіден, жазушының 
шеберлігіне тән өзіндік қолтаңбасы десек, екіншіден, шығарманың 


365 
эстетикалық құнын көтеріп тұрған көркемдік компоненттердің бірі 
ретінде де қарауымызға болады. 
Мысалы, 
осындай 
ұтымды 
эпизодтардың 
бірі 
ретінде 
шығармадағы асыранды арқар туралы оқиға мен “Домалақ ана туралы” 
аңыздың айтылатын тұстарын алып, соған назар аударсақ, анық 
байқаймыз. Осындағы асыранды арқар, оның ойламаған жердегі 
өкінішті өлімі туралы оқиға Жарас Хамзин бейнесін толығырақ ашуға, 
әсіресе осы кейіпкердің ішкі жан-дүниесін, адамдық қасиеттерін, 
моральдық келбетін нақты және типтік жағдайда көрсетуде үлкен 
көркемдік қызмет атқарып тұр. Аң аулау кезіндегі немесе асыранды 
арқарды атып алғаннан кейінгі Ақырап пен Жарас арасындағы 
диалогке және осы кейіпкердің ой ағымы мен сезім-күйлеріне көңіл 
аударыңызшы. Немесе Жарас Хамзиннің арқар атып алар алдындағы – 
аң атуға дайындалып жатқан тұсындағы Ақыраптың айтатын 
сөздерінде терең астар бар. Ал осы уақытта екінші бір кейіпкер 
Нариманның не ойлап, неге толғанып отырғанын байыптап көрелікші. 
Ол (Нариман) табиғат сұлулығына сыймайтын іс-әрекетке бастайын 
деп отырғанын, қала берді одан зорғысына да барып, бейкүнә табиғат 
перзенттеріне үлкен қиянат жасап, марал атайын деп отырғанын есіне 
түсіреді. Ал осы өзі жасырынып отырған жердің бір кезде көне тарихи 
оқиғаларға куә болған киелі жер екендігін, осы жер аттарының өзі де 
бір түрлі қызық, бір түрлі оқыс сезім, ойламаған түсініктер 
тудыратынын ойлап отырады да, мынадай тұжырымға келеді. “Біз 
сонда Қанды асудың бас жағында отырмыз-ау. Бір заманда 
бабаларымыз дәл осы шатқалда осы тау үшін, осы жер үшін, мынау 
аспан асты үшін қас-жауымен арпалысып, қасық қанын төккен. Мына 
қына, мүмкін, сол соғыста шейіт болған бабаның жүрегінен тамған қан 
шығар? Ал, біз болсақ сондай киелі тастарға мылтық сүйеп қойып, 
тасыраңдап отырмыз. Арқар атпақшымыз. Арқар атуға тыйым 
салынған. Бірақ өкіметтің сол әділ заңын бұзбақшымыз. Аңғал-саңғал 
алып тауда бір-ақ қорықшы бар. Ол қай жағына жетеді? Адамдардың 
қомағай тесіктерінің қайсысына тығын болады? Заң бұзылмас үшін 
арқарға әркімнің ар-ожданы қарауыл болса керек”. 
Иә, аға ұрпақтың қан төгіс майданда қорғап, жеңіп алған әдеп 
заңын бұзбас үшін әрбір азаматтың ар-ожданы болуы керек екен. Ол 
қандай заң, жоғарыда кейіпкер аузымен айтылғандай тек қана арқар 
атпау заңы ма екен? Жоқ, ол ғана емес. Бұған біз ой көзімен, парасат 
биігінен қарасақ, ол заң деп отырғанымыз кең ұғым, тамыры тереңде 
жатқан ұғым. Ол заң ата-бабамыздан бермен қарай қалыптасып, 
жалғасып келе жатқан бүкіл адам баласының адамгершілік дәстүрі 
екен, ол – қала берді, өмір салты тәрбиелеп, қалыптастырған 
азаматтық парыз, қоғамдық мүдде, моральдық тазалық. Осының 
барлығының жиынтық атауы ар-ождан болып табылады. 


366 
Күрделі өндіріс, ірі кәсіпорын басшысына тән қасиет – жаңалыққа 
құштарлық, қоғам дамуын, уақыт ерекшелігін, мезгіл бедерін дәл 
танып, анық көре білу, қажет жағдайда шұғыл, әрі батыл шешімдер 
қабылдай алу қабілеттілігі, әрдайым істің көзін тауып, инициатива 
көтере білу және осы мақсатта көпшілікті үйіріп әкетер іскерлік пен 
белсенділік көрсету болып табылады. 
Осы қасиеттерді романның бас кейіпкері, Нәртас кенішінің бас 
инженері Нариман Данаев тұлғасынан табамыз. Оның өндіріс 
ұйымдастырушысы ретіндегі әлеуметтік белсенділігі, Нәртас кенішінің 
өндірістік көрсеткіштерін жоғарылату, бекітілген жоспарды ойдағыдай 
орындап шығу мақсатында, яғни руданы мол әрі, үздіксіз өндіру үшін 
жаңа технологиялық әдіс – жаппай жарылыс идеясын ойлап тауып, 
соның орындалуына білек түре, бел шеше кірісуі осының белгісі болса 
керек. Әрине, осы инженерлік әдістің, технологиялық үрдістің өндіріс 
өмірінде аса маңызды, өте прогресшіл ғылыми-техникалық жаңалық 
болмауы мүмкін, және руданы көп өндірудің табылған тиімді әдісіне де 
жатпас, мүмкін ол бұрыннан бар, бұл күндері ескі әдіске айналған 
құбылыс болуы да ғажап емес. Бірақ романдағы көтерілген негізгі 
мәселе мұнда емес. Жалпы көркем шығарма ешқашан өмірдің 
көшірмесіне айналмайды, олай болса романдағы осы оқиғаға 
байланысты эпизодтардың көтерер көркемдік салмағын, характер 
ашудағы көркемдік қызметін және жалпы шығарманың тақырыптық-
идеялық концепциясын айқындап тұрғанын айрықша атар едік. Олай 
болса, романға ана бір оқиғаны, мына бір эпизодты неге кіргізген, 
немесе кейіпкердің мына іс-әрекетінің қажеті қанша еді деудің орнына, 
соның қай-қайсысы болсын көркемдік қызмет атқарып тұр ма, әлде 
жоқ па, соған зер салған ләзім. 
Сонымен, түйіндей айтсақ, “Қара маржан” романындағы “жаппай 
жарылыс” желісін авторлық мақсат пен негізгі кейіпкерлердің 
характерлік даралығына, тұтастығына алып келген тиімді әдіс және 
ұтымды көркемдік шешім деп бағалаймыз. 
Қарға тамған қан 
С.Бақбергенов 
Соғыс уақыты. Қыс мезгілі. Роман гвардия лейтенанты Досов пен 
полк штабының бастығы гвардия майоры Ветков арасындағы 
әңгімемен басталады. 23-гвардиялық атқыштар полкінің майоры 
Ветков-кішкене көк көзді, орта бойлы, денесі тұтас, сом, әрі мығым, 
иманжүзді жан. Андрей Акимович Ветков гвардияда жақында болған 
полк лейтенанты Досов пен полк командирі Бугеевтің арасындағы 


367 
келеңсіз жағдайдың мән-жайын білуге келген еді. Досов пен Ветков 
взводтың қорғаныс шебінен екі жүз метрдей ұзап, қалың ағаштың 
арасына еніп, күзгі шабуыл кезінде снаряд түсіп құлатқан жуан 
қайыңның көлденең түсіп, сұлап жатқан діңгегіне отырып ұзақ 
әңгімелесті. Досов өзінің қиын тағдырын қысқаша баяндай келе, 
Бугеевпен неге келіспей қалғанын түсіндірмекші болды. Бугеев 
Высокое селосын жаудан босатқан шақта Досовтың жарлықты 
өздігінше орындағаны үшін наразы болды. Содан бері Досовқа ананы 
бір айтып, мынаны бір айтып жала жаба беретін болды. Сөйтіп келе 
Досовты дуэлге шақырады. Екеуі де жараланады. Ветков оқиғаны 
бастан аяқ тыңдаған соң ағаш-ағаштың арасындағы кішкене сүрлеу 
жолдың біріне түсіп, штабқа қарай кетті. Досов блиндаксға қайта 
оралып, нардың үстіне шығып, шалқасынан жатты да өткен жаздағы 
үлкен жорықтарды есіне түсіріп, қалың ойға шомды. Үш күндік 
жорықта алғындағы ақ жолақ етігінің басына қарап, көз алдына 
жалпақ бет, қысық көз, сүп-сүйкімді ақ сары қыздың келбетін 
елестетті. Олар орманның биіктеу жеріне келіп бекініс құрған. Керзі 
етіктің қоншына тығылған ақ қалайы қасықтарын алып, жапатарамағай 
ботқаны бөлісіп жеді. Сергей Донской деген жауынгер барлығын 
күлдірді. Соғыстың алғашқы терін бірге төгіп, жаудың алғашқы оғына 
кеудені бірге тосқан достарын есіне түсірді. Алматыдан бір топ солдат 
келіп ротаға қосылған еді. Солардың ішінде Ақбота мен Бәкен деген екі 
жас жігіт бар еді. Досов Бәкенді ойлады. Бәкен әлі комсомол қатарына 
өтпеген екен, ол “егер алда-жалда қайтыс болсам, мені комсомолға 
мүше етуіңізді сұраймын” деп штабқа хат жазған еді. Жауды бекіністен 
қуып тастауға келген кезде оққа жығылған Бәкен қаза болғаннан 
кейін, сыртында Ильичтің келбеті салынған, ішінде Еңбек Қызыл ту 
және қызыл жұлдыз ордендерінің суреті бар сұр билет берілген. 
Досовты Бугеевке қарсы шыққаны үшін 15 күнге түрмеге жапты. 
Досов түрмеден шыққан соң Бугеев онымен мүлде сөйлескен жоқ. 
Ветковтың көмегімен Досов байланысшы офицер етіп тағайындалды. 
Басқа қызметке ауысатынын естіген жауынгер Нәлқара Сатыбаев 
Досовқа сырын айтады. Ол өзінің Қырғызстандыкі емес екендігін, туған 
жерлері бір екенін айтты. Нәлқара әңгімесін аяқтай алмай қалды. 
Досов жаңа жауынгерлер ортасына тап болды. Досовтың ендігі 
жұмысы – құпия пакеттерді блиндаждарға жеткізу еді. Осындай 
тапсырма орындау барысында Досовтың мініп жүрген торы атына оқ 
тиеді. Қараңғы түнде ертоқымды қолына алып Досов жаяу бір 
блиндажға жетеді. Бұл блиндажда Нәлқараны кездестіреді. Жылқы 
етін сағынып жүрген болса керек, Нәлқара торы атты сүйреп әкеліп, 
соймақшы болады. Нәлқара өткен жолы аяқтай алмаған әңгімесін 
жалғастырады.Әңгіме оқ тиген торы ат жайында еді. Нәлқара зергер 
еді. Төре аулынан бір сұлуды алған Нәлқара әкесіне өмір бойы қарыз 


368 
болып қалғанын айтты. Қонысбек деген байдың тоқалына арнап жүзік, 
білезік, алқа, шолпы соғады. Еңбегіне бозтарланның үйірінен таңдап 
жүріп, құлынды бие алады. Биені өсіріп, баптайды. Досовтың әкесі 
бапкер еді. Нәлқара сол кісіге биесін апарып көрсетеді. Бәйгеге қосу 
үшін қандай жем беріп, қалай баптау керек екендігін айтады. 
Нәлқараның бозтарланы бәйгеден озып келеді. Қонысбек орнына 
бірнеше ат бермек болып бозтарланын қайта сұрайды. Бар байлығы – 
сүйікті жары Наршагүл мен бозтарланы болған Нәлқара оған 
келіспейді. “Қуаныш пен бақытым, үлкен мерейім болған бозтарлан
1930 ж. сорым болды” деп Нәлқара әңгімесін тоқтатты. Таң атты. 
Нәлқара жылқыны сойды. Штабына қайта оралған Досов майор 
Матвеевке түнде болған жайды баяндап берді де, ат сұрады. Досов 
штабқа әкелінген он аттың ішінен бір атты таңдап, оған артист Панка 
деген ат қояды. Көктем келді. Бір күні кезекті тапсырмамен жол жүріп 
келе жатып салт атты әйелді көзі шалады. Әйелді үрейлендірмек 
болып, қасына жедел шауып барады. Жете бергенде аты құлап, Досов 
та жерге құлайды. Әлгі әйел капитан екен. Бір күні Досовты штабқа 
шақыртады. Генерал әлгі әйелдің Досовқа шағымданғанын айтады. 
Досов асханаға келгенде қабырғада ілініп тұрған “Комсомольская 
правда” газетінің бетіндегі “Я хочу жить” деген мақаланы байқап 
қалады. Оның есіне интернатта жүрген шағындағы газет-журналдарды 
қызығып ұрлағаны есіне түсті. Досов ақыры осы мақаланы бәкісімен 
ойып алып кетеді. Блиндажға оралған соң қараса бұл Баубек 
Бұлқышевтің мақаласы екен. Мақаладағы ойлар өзінің көптен бері айта 
алмай жүрген сыры сияқты болды. Мақаланы бірнеше қайталап оқып, 
ішіндегі 4-5 сөйлемді жаттап та алады. Оның ойын “жолдас лейтенант, 
сізді штабқа шақырып жатыр” деген дауыс бөліп жібереді. Көк 
дөненіне мініп Досов тағы жолға шықты. “Мақаладағы Жанна деген 
қыз, менің сүйген қызым екен” деп түйді ол. Кезекті сапардан оралған 
соң блиндажына келді. Офицер капитан Марковтың орнында плащ-
палатканы 
жамылып 
біреу 
жатыр 
еді. 
Бұл 
жігіт 
түнімен 
Дробчинскиймен сырласты. Ол баласына жақында хат жазғанын 
айтты. Енді бұл жігітті штраф батальонына жіберіпті. Ақыры бұл жігіт 
өзінің ақ екенін дәлелдеп тынды. Досов кезекті бір тапсырманы 
орындап, қайтып келе жатқанда медицина қызметінің сержанты 
Эмилия Ивановна Калиновскаямен танысады. Бұл әйел Досовтың есіне 
ақылын айтатын жеңешесін түсірді. Көктемгі шуақ жауынгерлердің 
еңсесін көтергенімен, блиндаждың іші судың қансыған жаман иісі 
қолқаларын қапты. Жақында Алматыдан азық-түліктері мен арақ-
шараптарын әкеліп берген еді. Алексей Дробчинский мен Досов 
асханаға келді. Бұнда отырғандар генерал Черниковтан сөз естіген 
болу керек, көңілсіз. Майор Матвеев иығы қуышып бұрышта жалғыз 
отыр. Генерал Черников күнде біреуді сілкілеп-сілкілеп алмаса көңілі 


369 
көншімейтіндей еді. Бұл егер жігітке Бауыржан Момышұлынан басқа 
ешкім қарсы сөз айтпаған екен. Ол бірде генералға: “Арыстан боп 
ақырғанмен орманды билеп ала алмассың” депті. Осы сөз мақал боп 
тарап та кетіпті. Алексей екеуі асханада біраз отырды. Досов 
Алексейге Бугеев арасындағы болған жайды айтты. 
Майор Матвеев жорық кезінде бір селодан дивизия штабының 
оперативтік бөліміне бір сары қызды ертіп келген еді. Бидайдың 
сабағындай алтын түсті қою шашы бар, орыс орманының аясындағы 
тұнық көлдей көк мөлдір көзді сары қыз Досовқа ұнады. Осы қыз 
келгеннен бері жігіттер тәуір киініп, күн сайын қырынып, таза жүретін 
болды. Шура атты бұл қыздың бар жұмысы – машинка басып үйрену. 
Майор Матвеев “бұл қызды қарындастарыңдай көріңдер” деді 
жауынгерлерге. Генерал Чернигов келіп жауынгерлерді сілкіп алды. 
Шураны көрген Чернигов ашуын ұмытып, Шураға киім тіктіруді 
бұйырды, Досов Шураны мастерскойға әкеліп генералдың бұйрығын 
айтты. Шура екеуі штабқа қайтты. Шура жол-жөнекей өзінің өмірін 
айтты. Анасы бомбалау кезінде қайтыс болған, әкесі соғыс басталған 
күні-ақ майданға кеткен. Бір күні Шураны генерал шақыртты. 
Жауынгерлер төбеліренінен жай түскендей болды. Шура генералға 
барып, кешке оралды. Ешкімнің көзіне қарамастан ширмаға кіріп кетті. 
Прокофьев дивизия штабының бастығына алғы шепке жіберуін өтініп, 
рапорт жазды. Бұдан кейін оны ешкім көрген жоқ, 19-полкте Бауыржан 
Момышұлының қарауында жұмыс істеп жүр деп естіді. Дивизия саяси 
бөлімі мергендердің бір жетілік семинарын өткізді. Оған әр полк, 
батальон, ротадан ең тәуір деген атқыштар келді. Орман арасындағы 
кең далада мергендер жарысы өтті. Жауынгерлердің ішінен Нәлқара 
Сабалақов бәрін таң қалдырды. Жаудың алғы шебіне түнде барып 
орналаспақ боп, Нәлқара, Алексей, Досов үшеуі түн ортасы ауа алғы 
шепке жол тартты. Нәлқара мен Досов бірнеше жау солдатының көзін 
құртты. Алексей Сабалақовты Нәлқара деп атады. Нәлқараны әйелі 
осылай атайтын еді. Досов өткендегі аяқталмай қалған әңгіменің 
жалғасын сұрады. Нәлқара әңгімені жалғастырды: Атымды Шалабек 
жетектеп кетпекші еді. Мен мылтығыммен қорқытқан соң Шалабек 
кете барды. Кешке Шалабек екі милиция ертіп әкелді. Милицияның 
алдына түсіп жолға шықтық. Жолда 2 миллицияны желкелерінен ұрып, 
үйіне мылтығын алуға қайта оралдым. Бір жасқа толмаған ұлымды 
Шалабек сабап тастапты. Баласы мен әйелін де алып Ожардың 
басындағы терең сайда жарты ай жаттым. Шалабектен кегімді 
алмақшы болып, Үшбаста жаттым. Үшінші күні түнде төрт салт атты 
жортып келеді, бұлардың біреуі – Шалабек. Шалабекті қаңбақша 
көтеріп, іліп алдым да, өрге тартып, шауып келе жатқан ат үстінен 
көкпарша лақтырып тастадым. Үшеуі Шалабекке қарай бет алды. Мен 
қашып кеттім. Әйелім мен баламды ауылға апарып тастадым. 


370 
Қырғызстанда жүріп кейін соғысқа аттандым. Қуанышым болған 
бозтарлан сорым болды“. Олар штабқа қайта келді. Саша мен Досов 
кезекті тапсырмамен жолға аттанды. Коротшаново селосында бір үйге 
қонып шықты. Бұл үйдің иесі картамен Досовқа бал ашып, бәрі жақсы 
болатынын айтты. Досов әйелдің моншағын алып, құмалақ ашты. “Сіз 
келініңізді тығып қойыпсыз. Ұлыңыз бар екен. Одан ертең хабар 
келеді” деді Досовқа. Әйел жасырып қойған келіні Земаны алып 
шықты. Ертеңіне ұлынан хабар келді. Әйел Досовқа алғысын айтты. 
Тығыз пакетпен көрші дивизияға ескі досы Владимир Бараевты 
кездестірді. Қоштасар кезде Досовтың төс қалтасына Владимир 
бірдеңе салды. Шептен ұзаған соң Досов қалтасындағы затты алып 
қараса, ол – Ираклий Чхеидзенің алтын сақинасы екен. Көз алдына бұл 
сақинаның тарихы келе қалды. Жаңа жыл күні болатын. Калинин 
мінбеге шығып қаланы жаудан босатқандарды құттықтады. Ираклий 
Чхеидзе, Владимир Бараев, Досов үшеуі үстіңгі қабаты бұзылған үйдің 
астында түнеп шықты. Ең үлкені – Владимир Бараев чуваш ақыны. 
Ираклий жиырма бес жасар журналист. Үшеуі жорыққа аттанды. 
Жорықта Чхеидзе қайтыс болады. Қолындағы алтын сақинасын, 
партбилеті мен қаруын алып, Ираклийді жерге көмеді. Досов алтын 
сақинаны анасына тапсырмақ болған еді. Әркімге участок бөлінді. 
Досов өзінің жерлесі Аллаберген Белбозовпен танысты. Шабуыл 
кезінде ерлік танытқан кіші лейтенант Есмұқан Таймасов қайтыс 
болды. Досов аяулы досы, ержүрек Есмұқан жайлы ойлады. Досов 
штабқа қайта келгенде баяғы Нәлқараны кездестіреді. Нәлқара 
бұрынғы әңгімесін жалғастырды. Шалабек армияға алынбапты. 
Колхозға мүше болғысы келмеген кейбіреулер тауға кеп тығылып, 
“Нәлқараның жігіттеріміз” депті. Бірақ оларды Нәлқара танымайды. 
Артынан ұсталған кезде “Біз Нәлқараны өз қолымызбен өлтіріп, сүйегін 
өртеп жібердік” деген соң ешкім Нәлқараны іздемеген. Нәлқара 
Досовтан әйелі Наршагүлге хат жазып беруін сұрады. Нәлқара әкелік 
махаббаттан, әкелік жүректен шыққан сөздерін хатқа жазғызып, 
штабтағы почтаға берді. Шабуыл жиілей түсті. Досов қаңылтыр мен 
қапталған қойын дәптерін алып, бетіне ұзақ қарады. Есіне ағасы түсті. 
Бауыржан Момышұлын алты рет көргендегісін есіне түсірді. Андрей 
Акимович Ветковқа келгенде Бугеевті кездестірді. Осы жолы Бугеев 
пен Досов тіл табысып, бір-бірін кешірді. Екеуі күлісіп ажырасты. Досов 
Сорокинге асықты. Ол да мазасызданып күтуде еді. Генерал 
Черниговтың ауыр жаралы болғаны хабарланды. Ешбір жауынгер 
шошынған жоқ. Тек қана машинистка Шура жай ғана күрсінді. Алексей 
былай шыққан соң “жаралы болмақ түгіл өліп қалсын” деді. 
“Қайткенде де адам ғой, жек көрген адамыма өлім тілейтін қара 
ниеттігім жоқ” деді Досов. 


371 
23-полктен 30 адам Совет Одағының Батыры атағын алды. Бұл 
ешбір полктің тарихында болмаған. Гвардия полковнигі Сомов дивизия 
командирі болып белгіленді. Алда тұрған топтан бөлініп шығып, ту 
алдына жүгініп, ант берді. Бұл Отанға, партияға берген ант. Түс қайта 
шабуыл қайта басталды. 
Қарғын 
Д.Исабеков
“Қарғын” романы алғаш рет 1980 жылы “Жазушы” баспасынан 
жарық көрді. Кітап баспадан шыққан бойда жастардың сүйіп оқитын 
шығармасына айналды. 
Романның негізгі оқиғасы Алматы қаласында өтеді. Негізгі идеясы 
– адам бойындағы шынайы махаббат, адал сезім, биік парасатты жан-
жақты көрсету. Шығарманың басты кейіпкері – атышулы жас жазушы 
Жасын және жоғары оқу орнына енді ғана түскен стдудент қыз Бағила. 
Жасын Мәдиев – ойы алғыр, өмір шындығына жасқанбай тура 
қарайтын талантты жазушы. Оның Бағилаға деген шынайы сезімі де өз 
мінезі сияқты қайшылыққа толы, тіпті, ішкі жан-дүниесінің өзімен-өзі 
арпалысы кезінде байқаусыз жас қыздың арына тиетін де сөздер 
айтып қалады. 
Олардың алғаш танысуы поезд үстінде өтеді. Мектепті жаңа 
бітірген Бағиланы әкесі Алматыға оқуға алып келе жатады. Оның әкесі 
Қаратай – ауданның бірінші басшысы. Әлдеқалай себеппен Жасын 
солар мінетін купеге жайғасқан екен. Әкесі мен қызы екеуі енді 
жайғаса бергенде газет-журналдарды құшақтап сырттан Жасын кіріп 
келеді. Аудан басшысы және оның төңірегіндегілер оған жақтырмай 
қарайды. Басқа купеге ауысуын сұрайды. 
Жасын олардың дегеніне көнеді. Купеден шығып бара жатып, 
үлкен басшының жанындағы көптеген жандайшаптарға қарап: 
“Жарайды. Көндім. Сендерге жаным ашығандықтан келістім” дейді. 
Купеде жігіттің бір бет қағазы қалып қойыпты. Онда жазушының 
ойлары, өмірге көзқарасы, құдайдай табынып келген әлемдік 
әдебиетінің классиктері жайлы сын пікірлері, олардың көркемдік 
әлеміндегі концепцияларына қарсы өз ойлары жазылыпты. Бағила осы 
бір сәттен бастап өз тәрбиесі мен пайымдауларына, өмірлік 
тұжырымдарына мүлдем жаңа бетбұрыс енгендей, бұрын өзі ойлап 
көрмеген мүлдем жаңа дүниенің есігін ашқандай болады. 
Бағила университетке оқуға түседі. Бірақ ол бір жалт етіп жоқ 
болған қыран көз, сөзі мірдің оғындай өткір, өн бойынан батылдық пен 
қайсарлық, биік парасат шашып тұрған сол бір жігітті ұмыта алмайды. 


372 
Олар бір жыл өткен соң ғана таксидің ішінде қайта кездеседі. 
Жауын құйып тұрған соң Бағила кез келген машинаға қол көтеріп 
тұрған. Такси ішіндегі адамға көңіл бөлмей, ол баратын жерінің адресін 
айтады. Біраз ұзаған соң ол: 
- Сәламатсыз ба? – деген қоңыр дауыстан селт ете қалады. 
Бұл жігіт сонау кезде өздері купеден қуып шыққан жігіт екен. 
Жігіт купеде қалып қойған қағазын сұрайды. Жай сұрап қана 
қоймайды, “өзім ұнатпайтын адамдардың қолында ойларым жазылған 
қағаз ғана емес, ұлтарағымның қалғанын да қаламаймын” дейді. 
Бағила ашу-ызадан жарыла жаздайды. Өзін де, әкесін де 
жазғыра сөйлеген мына бейтаныс адамның алдында ол қорланып, 
машинадан түскенше асығады. 
Қанша 
ұнатпағанмен, 
олардың 
арасында 
байланыс 
жібі 
жалғасады. 
Келесі бір күні Бағила оның купеде қалып қойған бір бет қағазын 
әкеп береді. Олардың таныстығы осылай басталады. 
Бір кезде өзі ұнатпаған бұл жігіт атышулы екі кітаптың авторы, 
жастығына қарамай әйгілі боп үлгерген жазушы Жасын Мәдиев екен. 
Бағила Алматыдағы немере ағасы, университет профессор 
Сәргелдең үйінде тұрып оқиды. Ол – қызғаншақ, күдікшіл, мансапқор 
адам. Әйелі қайтыс болып, өзінен он екі жас кіші Мәликеге үйленген. 
Мәлике болса көрікті, сөз қадірін білетін, бірақ, өмірде жолы болмаған 
әйел. Жолы болмағандықтан да амалсыз осы Сәргелге тұрмысқа 
шыққан. Бағила оны Лике деп еркелетіп атайды. Лике болса Бағиланы 
“Сур” деп еркелетеді. Оны Мәликенің өзі: “Сен сурет секілді сұлусың, 
әрі Куприннің “Ольга Сур” деген әңгімесіндегі Сурға ұқсайсың” деп 
түсіндіреді. 
Ол екеуі ежелгі достардай сырлас боп кетеді. Мәлике – дүниеге 
көңіл көзімен қарай білетін, жан-дүниесі кең де таза адам. Ол 
Бағиланы туған сіңлісіндей жақсы көреді. Өмір жайлы, махаббат 
жайлы, қазіргі адамдардың қулығы мен айласы жайлы, адалдық пен 
аярлықтың қандай болары жайлы көп-көп әңгіме шертеді. Сәргел 
болса – қызғаншақ, күдікшіл, сәл нәрседен секем алғыш. Әйеліне, 
немесе немере қарындасына біреу-міреу көз тастай қалса да 
қызғанады. Оның бұрынғы әйелі де оның осы қызғаншақтығынан көп 
азап шеккен. Тіпті, өлер алдында ол: “Ал, мен кеттім. Қызғансаң о 
дүниеге кел” деп қағаз жазып қалдырған. 
Бағиланың әкесі – аудан басшысы. Алматыдағы көптеген 
басшыларды таниды. Сәргел болса оның беделін пайдаланып, 
докторлық диссертациясын жеделдетіп қорғамақ. Бағиланы үйінде 
тұрғызуында да осындай ішкі есебі бар. 
Бағила кейіннен білді. Жасынның әйелі, екі баласы бар екен. 
Бірақ, ерекше бір сезім оны Жасынмен кездесуге ылғи да жетелеп 


373 
тұратын секілді. Олар талай кездесті де. Бұрын ешқашан жігіт қасында 
отырып көрмеген Бағила Жасынмен тым жақын боп кетті. Бірақ, 
Жасынмен бірге жүру, онымен қатар отыру кей кезде жас қыз үшін 
азап сияқты боп көрінеді. Оның сөздері тікенектей өткір, үнінде кісі
зәбірлейтін леп есіп тұрады. “Бұл қандай адам?” Жақсы көргені ме, 
жек көргені ме?” Екінші онымен кездеспеспін деп талай шешім 
қабылдаса да, телефоннан Жасынның қоңыр да байсалды үні 
естілгенде кездесуге қалай келісім беріп қойғанын өзі де аңғара 
алмайды. 
Өзінің бұл ыстық сезімін тоқтата алмаған Бағила талай түнді 
ұйқысыз, қорланып атқарды. Бар сырласы – Мәлике. Ішкі сырын соған 
ақтарады. Мәлике болса: “Сезім деген солай, Сур. Ол өзіңе де 
бағынбайды. Махаббат деген – мойынға ілінген қамыт. Алтын қамыт. 
Әйел байғұстың көретін күні осы – азаптану, қорлану, жылау ақыры 
айналып кеп көну” деп өз өмірін жыр қып айтып кетеді. Жасынды ол 
да жақсы көреді. Өйткені, Жасын – биік интеллект, жоғары талғам 
иесі, қазақ арасында сирек кездесетін эрудит. Ол жан-жақты білімді. 
Тарихшылармен пікірлессе – білгір тарихшы, сазгерлермен пікір 
алмасса – білікті музыка маманы, суретшілер мен суретшілер арасында 
– аса білікті өнертанушы. Ол махаббат деген ең асыл сезімге де биік 
талғаммен қарайды. 
Жасын болса, жас қызды ұнатып қалғаны үшін іштей азап шегеді. 
Тым жақындасып кетуге жас қыздың болашағын ойлап тартынады. 
Және оған бой үйреніп кетер деп қорқады. Тым биік, тым таза санап 
келген сезімдері күндердің күні үйреншікті нәрсеге айналып, кетер ме 
екен деп қорқады. Бірін-бірі ерекше жақсы көретін адамдар үшін 
ерекше сезім мен әрекет ойлап таппағаны үшін Жаратушыны да 
жазғырады. 
Үш жыл ішінде ол Бағиланың тек үстіңгі ернінен бір-ақ рет сүйді.
Соның өзінде айтқаны: 
- Ерніңнен неміс помадасының дәмі сезіледі, - деген сөз болды. 
- Бар айтайын дегеніңіз осы ма? 
- Иә, - деді Жасын кенет әлденеге ызаланып. – Бар айтпағым 
осы. Басқа ешқандай сөзім жоқ! 
Бертін келе Бағила Жасынның өз ішкі дүниесімен арпалыс үстінде 
жүретінін, атышулы жазушы болғанмен, оның досы жоқ екенін, жалғыз 
екенін, өзгелерден оқ бойы озық болғандықтан сырласар тең таппай 
азап үстінде жүретінін аңғарды. Мұның жас қыз екенін ескермей, ауық-
ауық арына тиіп сөйлейтіні де сол ішкі арпалыстың шарпуы екенін 
аңғара бастады. Жасынды түсінетін жалғыз өзі ғана екенін де ұғынды. 
Оның бойындағы қайшылықты сезім әдемілікке, сұлулыққа, тазалыққа 
деген ұмтылыстан туатынын, оның ұшы Адамды сүю деген үлкен 
арнаға тірелетінін ұқты. Жасынды сүю – бақыт емес, азап екенін де 


374 
түсінді. Бірақ, оның ішкі ойы: “Несі бар, сол азап та мен үшін бақыт” 
деп, пенделік ойын парасатты ойы жеңіп келе жатқандай көрінді. 
Талай кештер, талай оқиғалар артта қалды. Сәргел докторлығын 
қорғады. Той өтті. Бағила есейді. Оған ғашық болмаған адам жоқ. 
Суретшілер оның портретін де салып, сыйлай бастады. Әкесінің 
көмекшісі болса, күнде хат жазады. Сербота деген ақын жауып тұрған 
жаңбыр мен қарға қарамай Бағиланың жолын тосып жүреді. Бірақ, 
Бағиланың жан-дүниесі Жасынға ұмтылады. Жасынмен бірге болу, 
онымен тілдесу, тіпті үнсіз отырудың өзі жас қыздың жан-дүниесін 
байытып, өзгеше бір әлемге жетелей беретін секілді. Тіпті, онымен 
ренжісіп, екі-үш ай тілдеспей кеткен уақыттың өзі бос өткен өмірдей 
боп көрінді. Мына өмірде Жасынның орны бөлек, ол ерекше жаралған, 
бәлкім, жалқы біткен ерекше тұлға. Онымен қандай азапты жолға 
болса да бірге аттануға дайын. 
Бірақ, Мәлике басқаша шешімге келді. Бұл сергелдеңнің аяғы 
болуы керек. Жанындай жақсы көретін Сур жүдеп барады. 
Сәргел оларға Ялтаға жолдама алып береді. Ұмыту керек. Бәрі-
бәрін де ұмытпаса болмайды. Бірақ, ол да шипа болмады. Ялтада 
жатып, Бағила бұрынғысынан да көп азапқа түсті. 
Мәлике Жасынға телефон соқты. Тез келуін өтінді. 
Жасын Ялтаға ұшып келеді. Сезім арпалысы мен сағыныш сазы 
бұл тұста мол суреттеледі. Сонау алыстан Бағиланың әкесі де, 
Бағиланың ықыласынан үміткер оның көмекшісі де кепті. 
Әр түрлі мақсат, әр түрлі сезім, әр түрлі тағдырлар осы жерде 
тоқайласады. 
Жасын мен Бағила оңаша. 
- Алматыға барған соң мен саған балмұздақ алып беремін, - 
дейді Жасын. 
Тәтті сөйлеуді жек көретін Жасынның аузынан шыққан мынадай
сөзге Бағила мырс етіп күліп жібереді. 
- Сіз?.. Балмұздақ? Сізге ол жараспайды... 
Ол Бағиланың ернінен өмірінде екінші рет қана сүйді. 
Өмірде мұндай тазалықты былайғы жұрт кеңкелес санайтын кеде, 
ондай адамның болатынын және сол адам өз өмірінен өле-өлгенше
орын алатын болғанына Бағила өзін әрі бақытты, әрі әлжуаз, дәрменсіз 
сезінгендей.
Бірнеше сағаттан соң Жасын Алматыға ұшты. Ол биікте, жасыл 
қипаристердің үстімен ұшып келеді. Төменде күйініш пен сүйінішке
толы жасыл орман.
Енді не болмақ? 
Жерге түскен соң Жасын өмірі қайда бет бұрмақ? 
Роман осындай күрделі сұрақтармен аяқталады. 


375 
Қасырет 
К.Ахметбеков 
Қазақ халқының басынан кешкен қилы езең, қиын тағдыры 
туралы тағы бір көркем шығарма дүниеге келді. Осы романның
“Қасірет” деген атының өзі айғақтап тұр... 
Роман 
авторы 
Кәрібай 
Ахметбеков 
– 
бүгінгі 
белді 
жазушыларымыздың үлкен ортасында жүрген қаламгер. Бұрын-соңды 
қазған шығармаларымен жұртшылыққа жақсы таныс оның әсіресе, “Ақ 
даласы” – айтулы туынды қатарына қосылып, баспасөз бетінде тәуір 
бағаланғанын да білеміз. Жазушы – роман-дилогиясында қазіргі қайта 
құру кезеңінің көкейкесті мәселелерінің бірі болып отырған ел мен 
жер тағдыры турасында батыл, жарқырата жазып, көкейде жүрген 
маңызды мәселелер төңірегінде ой тербеген болатын. Өз тақырыбын, 
өз жазу мәнерін, өз қолтаңбасын тапқан жазушының жаңа 
шығармасын оқу да, ол туралы ой қорыту да бір ғанибет қой. Міне, біз 
“Қасірет” романын осындай оймен қолға алған едік. 
Роман жанрының басты белгісі қомпиған көлемі емес, көтерген 
мәселесінің көкейкестілігі арқылы анықталса керек. Алдымен ашып 
айтарымыз “Қасіреттің” нақ осындай қасиетке лайық екендігі. 
Шығарманың өне бойында өзгені, яғни, оқырманды жіпсіз жетелеп, 
еріксіз еліктіріп отыратын ой ағысы, сюжет желісі бар. Оның сізге бас 
алдырмай оқытатын оқиғасының қызықтығы емес, көркемдік кестесі 
келіскен 
пайым-парасатының 
биіктігі. 
Автор 
шығармасының 
архитектоникасын, оқырман ықыласын біржолата билеп алудың 
оңтайлы жолын, жазу формасын дәл тапқан. Сондай-ақ ол Бүгінгі өмір 
мен Өткен тарихты сабақтастыра суреттеу және оның байланысын 
барынша жымдастыру арқылы әдемі әдеби әдіс қолданған. 
Жазушының шығармашылық шеберлігінің шеңбері де осы тұста айқын 
аңғарылады. Ахметбеков стилінің сыршылдық сипаты – романның 
риясыз табысы дерлік дерек. Бұл әлбетте қаламы төселген, 
творчествосы толысқан кәнігі қаламгерде ғана болатын қасиет. 
Сондай-ақ оның ойы терең, тәжірибесі толымды екендігіне де жақсы 
мысал. 
Романның бұл – бірінші кітабында аса көп көрінбесе де, ұзақ 
әңгімені бастап беріп, салған жерден сан алуан сауалдарымен,өмір-
тіршілік жөніндегі өзіндік түсінік-түйсіктерімен көрініп, бейнесі 
көкейінде бірден ұялап қалатын Ертағы, түптің түбінде ұзын саны – 2-3 
томнан тұрады-ау дейтін осы көлемді шығарманың орталық кейіпкері 
екендігіне күмәнсіз сенесіз. Ол бір дарияның бастау көзі сияқты.
Ертағы – жазушының жан жолдасы, жан сырын жасырмай жайып 


376 
салған жансерігі. Кәрібай осылайша шоқтықты шығармасына келісті 
кейіпкер тапқан. Романның оқиғасы да соның өміртарихымен қоса 
өріліп, өрбіп, шырқау биікке көтеріледі. Ол – Ертағы – орталық 
кейіпкер автордың аузындағы 
сөзін, көңіліндегі мұң-наласын, 
жүрегіндегі жарасын, ойындағы көкейкесті мәселелерді қағып алып, 
қағаз бетіне түсіріп, жұртшылыққа жеткізуге асығып жүрген абзал дос. 
Ертағы әп дегеннен-ақ көзге ыстық, көңілге жақын тартылып, онымен 
тез табысып кетудің себебі неде деген сауалдың туындауы кәміл. 
Ағымыздан жарылып, анығын айтсақ, Ертағы сіз бен біздің – қалың 
оқырман қауымның замандасы. Әрине, замандастың да замандасы бар. 
Біздің байқауымызша, Ертағы қысыр әңгімеге үйір; қыңыр мінезді 
әлдекім емес, дала мен қаланың өмірін жақсы білетін, қабырғалы 
халқының, туған елінің өткенін де, бүгінін де жетік меңгерген, 
болашағына алаңдайтын аяулы Азамат. Сәнді киім, сәулетті тұрмыс, 
тойып ішкен тамағына мәз, бар мақсаты мансабының өскені болып 
жүрген жаны жадағай, өресі тар, ойы саяз тоғышарлар тобына 
қосылмай, кеудесінен сана сәулесінің нұры шашыраған зиялы 
Замандаспен – тосын. Кейіпкермен кездескеніңе қуанасың. 
Кәрібайдың тұрмыстық суреттен басталған шығармасы бірте-бірте 
әлеуметтік әңгімелерге ауысады. Қала тіршілігінің кейбір көріністері: ит 
асырау (ал бала туу, бағу, тәрбиелеуге зауқы жоқ), сүт кезегі, 
әлдекімдердің жоқ жерден шатақ шығарып, таң атпай ұрыс-керістің 
өріс алуы (жүйке тоздыратын жөн-жосықсыз байламдар, адамдардың 
бекерден-бекер бір-біріне тіл тигізулері), кешегі қан майданнан аман 
келген ардагерлер, үй шаруасын әйелімен қатар атқарып жүрген 
қазіргі еркектер, балабақша, қиырдағы қазақ мектептеріне бозала 
таңнан тұрып, балаларын сүйретіп, сорлары қайнаған ерлі-
зайыптылардың көретін қорлықтары... Қиюын келтіріп, қисынын тауып 
жазған осы мәселелер жөніндегі Ертағының мына бір ойы: “Шаһарлы 
жердің тіршілігінде жүйкеге де, діңкеге де тиетін нәрсе онсыз да жетіп 
артылады” деген түйінге тірелген. Бұл өзі шынтуайтына келгенде 
көпшілігіміздің көкейімізде жүрген, шиеленіскен, шешімі толық 
таптырмай жүрген мәнді мәселе емес деп кім айтар екен?! Осынау 
ірілі-уақты өмір көріністерін көлденең тартып, жазушы ол жөніндегі өз 
ойларын ортаға салып, бізбен сырласып-ақ кетеді. 
Кәрібай Ертағының зайыбы Сүткенженің қарт әке-шешесі 
Ошақбай 
мен 
Қарашаш 
туралы 
сыр 
шерту 
арқылы, 
қазақ 
семьясындағы сыйластықты тілге тиек етіп, осы орайдағы ұлттық 
ғажайып әдет-ғұрыптарымызды суреттеген. Сүткенженің әке-шешесінің 
арасындағы қартайса да суыспаған сыйластық қандай керемет. Тәтті 
татулық, шынайы сезім, ыстық ықылас жүрегіңді жылытады. Әлгі айта 
беретін, қиссалардағы ақиреттік дос болу деген сөздің төркіні осында 
жатқан болар-ау деп топшылайсың. 


377 
Қазіргі кезде, демографтардың деректеріне қарасақ, қазақ 
халқының өсіп-өркендеуі көңілдегідей емес. Бұл ретте көбінесе кінәні 
қала келіншектеріне арта беруші едік, бүгінде ауылда да жағдай күрт 
өзгеріп кеткені белгілі. Осынау баладан қашқан кесірлі әйелдер 
аталмыш қаламгердің де жанын ауыртатын көрінеді. Себебі, 
Сүткенженің шешесі қалаға келіп жатқанда келіні Оңласынның 
босанғанын естіп, қош деместен ауылына тартып кетеді. Соған 
өкпелеген қызына анасының айтатын мына сөзі шындық қой: “Бұрын 
алла қысты дедік, енді адам қысса амалың бар ма?!”. Тағы да: 
“Сендердің ниеттеріңе салса, бұл үйде бала түгілі, бақаның үні 
шықпас”. Міне, бұл дүниеге бірнеше бала әкелсе де, аш-жалаңаш 
қиыншылық заманда бәрінен айрылып, жалғыз ұлдың (оның өзі аштық 
жылы айдаладан тауып алған Сақыпкерей) қас-қабағына қарап қалған 
ананың жан сыры. Ал бұл бүгінгі не ішем, не киемді білмейтін, тамағы 
тоқ, киімі көк еркетотай келіншектерге арналған ескертпе-сын. 
Табиғаттың ұлы сыйы – бойға біткен перзентті тумай жатып 
тұншықтырып, бар өмірін күнделікті уақыт қызығына арнауға бейім жас 
әйелдерді уытты тілмен аяусыз шенеу – ұлттың болашағын ойлаудан 
туындаған оңды шешім. 
Кәрібай келін мен ене арасындағы сыйластық, келісті жарастық 
мәселесін де жақсы көтерген. Немересін жанындай жақсы көретін, ол 
үшін шыбын жанын қиюға әзір әжелер жайлы жазушы толғанысы да 
жүрек толқытар әсерлі шыққан. Бұл сияқты ұлттық мінез, халықтық 
салт-дәстүрдің жоқшысы болу – жазушы парызы екенін қаламгер 
жақсы түсінген. 
Ахметбековтің бұдан бұрынғы “Ақдала” романында түбегейлі 
көтеріп, ашына жазған тақырыбына қайталап соққан жерлері ұтымды. 
Өмір, уақыт өзгерісін әдіпті өреді. Кәрібайдың туған жер жөніндегі 
толғанысы; жердің бей-берекет жыртылып, құнары қашқаны, 
мыңғырған мал өсіретін аймақтың амалсыздан “астықты алқапқа” 
айналғаны жайындағы жан күйзелісін ақаиқат емес деп кім айтар?! 
Романдағы орталық кейіпкердің бірі Жолымбет ақсақалдың 
жекеменшік малды бағудың аса қиындап кеткенін ойына алған тұстары 
да уақыт үні іспетті. Оның ойы көкейде жүрген көптің сөзі, көптің 
жүрек қыжылы. Жекеменшік малға өріс тарылған, жазға жайылым етіп 
отырған ауыл іргесіндегі өзен аңғарын да жыртқызып, пысықтар егін 
салдырған. Аз ғана жылдың аралығында осындай қыспақ көріп, 
тіршілігі тарылған ауыл адамдары жан-жаққа бытырай бастаған. 
Кешегі түтіні түзу ұшқан ауылдар қаңырап бос қалып, онда кір жуып, 
кіндік кескен атамекендерін қимаған, кәрі-құртаң кемпір-шалдар ғана 
отыр. Міне, бұл қазіргі кездің қасіреті емей, немене?! 
Кешегі колхоздарды ірілендіру, оның совхозға айналуы, сол 
тұстағы қыруар қазақ ауылдарының оты сөніп, аты өшіп, жоғалып 


378 
кетулері – біздің ұрпақтың көз алдында өткен жағдай. Аты түгіл, заты 
қалмаған сол бір сорбақ өңірлер тағдыры кезінде атқамінер – 
басшысымақтарды тіпті де толғандырмағаны да рас. Қазіргі қайта құру 
заманында ашық айтылып, қайта көтеріліп жатқан мәнді, ұлттық 
әлеуметтік мәселенің қаламгер назарына ілігуі әрине құптарлық 
жағдай. Бір ауыл тағдыры арқылы автор барлық қазақ ауылдарының 
көкейкесті мәселелерін көтерген.
Жазушыны ұлттық тұрмыс-салт, ауылдағы жақсы дәстүрлердің 
құрып, жойыла бастауы да қатты толғандырады. Бүгінгі ауыл 
адамдарының арақатынасының суысып кеткені, бұрынғы бауырмалдық 
сезімнің жоғала бастауы да қаламгер қабырғасын қайыстырмай 
қоймайды. Бұл, әрине, оқушыға ой салатын көріністер. 
Романның өне бойы толы өмірлік – қоғамдық-әлеуметтік маңызы 
бар мәселелер. Шығарманың оқиғалар түзілісі, сюжет желісі, 
композициялық құрылымы, кейіпкерлерінің өмірлік позициялары, 
адамгершілік мұраттары, қилы-қилы тарихи кезеңдердегі адамдар 
тағдыры – міне, осының бәрі қосылып, жазушының ел мен жер, халық 
тағдырын тереңнен толғап, өткеніне бүгінгі күннің көзімен қарап, 
тиісті бағасын беруге бағышталған.
Тәжірибелі қаламгер күні кешеге дейін жоғарыдан жоспарлаудың, 
шырғалаңына ұшыраған шаруашылықтағы болған керітартпалықтарды 
да орынды сын тезіне іліктіреді. Әуелі арпа-бидай, жүгері, сосын 
темекі, одан соң қызылша егуге көшкен колхоз тіршілігінен не үміт 
күтуге болады? Міне, осылайша, көпшілік өңірлерде не дақылын 
тапқан жер жоқ, не кәсібін тапқан ел жоқ, не түрен тісі тимеген елді 
мекен жоқ. Осының бәрі жазушы шымбайына қатты батады. 
Романның үшінші тарауынан бастап оқиға желісі өзге бір өзекті 
арнаға түседі. Автор орталық кейіпкерлердің жастық шағы, өткен 
өмірлеріне шегініс жасап, ел басына күн туған отыз екінші жылғы 
ашаршылық азабын, отыз жетідегі ойранды, күні кешеге дейін біле 
тұра жұмған аузымызды ашпай келген – халық көрген қорлықты, 
нағыз нәубетті суреттеуге ойысқан. Жеке адамдар – қатардағы 
қарапайым адамдар тағдырымен шебер шендестіре баяндалған сол бір 
келмеске кеткен қилы кезеңдер көрінісі оқушысын сан сұмдықтар, 
сорақылықтарға жүздестіріп, жан сезімдерін теңіздей толқытып, 
ашынтады, опынтады. Сондай-ақ соншама тағдыр тауқыметін тартса 
да сынбаған, өмір үшін өлімді жеңген, бүгінгі бақуат заман үшін 
күрескен қайсар да қайырымды, жігерлі де жасампаз, жайсаң да 
жомарт 
кейіпкерлерді 
кездестіріп, 
олардың 
адалдығы 
мен 
адамгершілігіне басыңды иесің. Өзіңнің де сол адамдарға бүйрегің 
бұрады, олармен бірге қуанып, бірге қиналасың. Міне бұл, сайып 
келгенде, біріншіден, шығарма шындығының әсері болса, екіншіден; 
жазушы шеберлігінің, яғни, өмір құбылысын өнерде суреттеп көрсетуге 


379 
қаламгер қаламының жүйріктігінің белгісі. Бұл ретте біз Ошақбай, 
Ескермес, Қарашаш, Қалдықыз, Жолымбет, Тәңірберген сынды 
кейіпкерлердің тағдырларына таңдана, таңдай қаға қараймыз, жақын 
тартып, жақсы көріп кетеміз. 
Романның соңғы – бесінші баяны басқа арнаға ауысқан. Онда 
әңгіме желісі өзгеріп, қайтадан бүгінгі күннің оқиғасына ауысыпты. 
Жастар – ерлі-зайыпты қойшылар Қайым мен Ағзия тағдырлары да 
қызықты, тәлімді. Осы жаңа арнаға түсу арқылы автор ел басынан 
кешкен қайғы-қасіреттің өзі пайымдаған сабақтарының сырына терең 
үңіліп, өз көңіліне түйген жағдаяттарды жаңа қырынан көрсетуге 
қадам басқан сыңай танытады. 
Бірінші кітап ел естімеген сұмдық бір оқиғаны баяндаумен 
аяқталған екен. Оқыған адам оқиға енді қалай жалғасар екен, 
кейіпкерлердің кейінгі тағдырлары не болар екен деп елеңдесіп, 
жалғасын асыға күтері хақ. 
Романның қайсыбір тұстары публицистикалық сарында жазылған. 
Бұл – қазір одақ, оның ішінде орыс әдебиетінде қалыптасқан жаңа 
дәстүр. Өмірлік, өткір көкейкесті мәселелер қозғаған сәтте жазушы 
көбінесе көркемдіктен гөрі публицистикаға көбірек қамшы басып 
жібереді. Дегенмен ондай жерлері онша көп емес. Бұл – біздіңше, 
Кәрібайдың “Ақдалада” көбірек орын алған кемшілігінен мейлінше 
арылғанын 
көрсететін, 
шығармашылық 
шеберлігінің 
кемелдене 
түскендігінің басты белгісі. 
Қаламгер тілге жүйрік, ойға бай. Сол себепті оқиғаны баяндаса 
да, суреттесе де жорғадай тайпалта жөнеледі. Әрі қоғам өмірінің 
маңызды, мәнді, мақсатты мәселелерін дер кезінде қозғап отыр. 
Өзге жұрттар жаппай сонау бір қилы замандар шындығын жазып, 
жариялап жатқан кезде қазақ қаламгерлері де қарап қалмасы хақ. 
Мына шығарма соның бір жарқын мысалы. Ахметбеков бұл тақырыпқа 
бүгінгі ұлы дүрмекке қосылуды көздеп емес, нағыз жанын жегідей жеп 
жүрген, енді айтпаса жүрегі жарылатындай шындықты айтуды аңсап 
барып қолына қалам алғанын аңғартады. 
Шығарманың өне бойында арнайы тоқталып айтатындай, қадала 
қазбалайтындай кемшілік байқалмаған соң, тырнақ астынан кір іздеуді 
мақсат тұтпадық. 
Біз ұзақ жылдар бойы тағдыр тақсыретін көп тартқан туған 
халқымыздың өткендегі өмірін көркем әдебиетте қанша жаздық десек 
те, нағық ақиқатты айта алған жоқпыз... Көрсек те көрмегенсіп, білсек 
те білмегенсіп, жалаң саясат, жайдақ идеологияның дегенін істеумен 
дымымыз құрып келді. Енді, міне, сол солақайлықтың, сол олқылықтың 
орнын толтырар сәт туды. Жазушы К.Ахметбековтің романы осы 
реттен алғанда айы оңынан туған туынды.


380 
Қаһарлы күндер 
Т.Ахтанов 
Т. Ахтановтың Ұлы Отан соғысы тақырыбына жазған көлемді 
көркем шығармаларының бірі “Қаһарлы күндер” романы. Ол қазақ 
прозасындағы Ұлы Отан соғысы тақырыбына арналған алғашқы 
романдардың бірі. Романда Москва түбінде болған шайқас, сол үлкен 
ұрыс кезіндегі генерал Панферов басқарған дивизияның Отан қорғау 
жолындағы жанқиярлық ерлігі реалистікпен баяндалған. 
Төрт тараудан тұратын үлкен романның негізгі идеясы сыртқы 
жаудан Отанды қорғау. Осы идея романдағы барлық кейіпкерлерді 
қимылға келтіріп, соғысқа араластырып отырады. Романның бірінші 
тарауында белгілі дайындықтан кейін Панферов дивизиясының майдан 
шебіне аттануы, екінші тарауда жау күшінің басым келіп соғыс күшінің 
кейін шегінуі, үшінші тарауда жау қоршауында қалып қойған Мұрат 
батальонының қоршауды бұзып шығуы, төртінші тарауда Москва 
түбінде болған шешуіші айқас, сол айқас кезіндегі Ержан взводының 
ерлігі баяндалады. Осы арқылы жазушы Ұлы Отан соғысы жылдары 
Отанын сыртқы жаудан қорғап қалған жауынгерлерінің өлмес образын 
жасайды. 
Романның алғашқы беттерін ашқанда-ақ туған жерді қимай 
Алматымен қоштасып соғысқа аттанып бара жатқан бір топ 
жауынгерлерін көреміз. Олардың ішінде әр түрлі адамдар бар. Өткен 
жылы ғана күнелтіс қуалап Алматыға келген Добрушкин мен Талғар 
МТС-інің атақты тракторисі Кәкібай, қарапайым да қатал мінезді 
Қартбай мен адал жүректі, алып денелі Бондаренко, жиырмадан жаңа 
ғана асқан взвод командирі Ержанмен бұрынғы военкомат қызметкері 
Мұрат, күні кешегі орта мектеп оқушысы Раушанмен жоғары мектеп 
оқытушысы Уәли, әскери атақ қуалап, өзін өзгелерден жоғары ұстап 
жүретін майор Купциановтар бар. Олардың алдында бір-ақ тілек тұр. 
Ол – қасиетті Отанды сыртқы жаудан қорғау тілегі. 
Жазушы осы адамдар образы арқылы Ұлы Отан соғысының 
алғашқы бір жылы ішіндегі дәуір тынысынан хабар берген. Романда 
жазушының 
айрықша 
мән 
беріп, 
шеберлікпен 
мүсіндеген 
жауынгерлердің бірі – Көжек Шежебаев образы. 
Ол бұрынғы шопан, жөнді сауаты да жоқ. Былайша көзге 
көрінгенмен адамгершілігі мол, адал жауынгер. Ол армияға кетер 
алдында семьясымен қоштасып тұрып, поездан қалып қояды. Жазушы 
осы тұстағы Көжек басындағы қиналысты: “Адам деген қызық қой. 
Жаңа ғана Көжек баласы мен әйелінің қасынан кеткісі келмей, 
солардың қасында бір минут артық тұра тұруға барын берер еді, енді 


381 
өз бөлімін қуып, осы арадан тезірек кетуге мал-жанын берердей халге 
түсті”, - деп береді. 
Өз бөлімінің соңынан қуып жеткен Көжек жігіттер қанша 
қалжыңдап жатса да қиналмайды. Өзімен бірге болған, армияға бірге 
аттанып келе жатқан жолдастарын көргенде қатты қуанып кетеді. 
Әсіресе, қатты сыйлайтын Ержан алдында өзін кінәлі санайды. 
Батальон 
командирі 
Мұратпен, 
дивизия 
командирі 
генерал 
Панферовпен кездескенде де осы ісі үшін қатты қысылып жүреді. 
Осындай момын, қарапайым адам жауға дегенде мейірімсіз де 
қатал. Ержан взводы қоршауда қалған кезде Қартбай екеуі жау күшін 
тоқтатып, үлкен ерлік көрсетеді. Жау машинасын мініп қашып, 
батальонға келіп қосылады. Әсіресе, Көжек ерлігі шешуші айқас 
кезінде айрықша көзге түседі. Оны жазушы Ержан мен Көжек 
арасындағы диалог арқылы береді. 
Романдағы бұрынғы Талғар МТС-ының атақты тракторисі, әнші 
жігіт Кәкібай образы өте сәтті шыққан. Романның алғашқы беттерінде 
өзінің өткен өмірі туралы взвод командирі Ержанға әңгімелеп тұрған 
қапсағай ірі жігіт Кәкібайды көреміз. Ол да ет пен сүйектен жаралған 
адам баласы. Оның үстіне әсем әнге берілген сезімтал жан. Онда да 
қуаныш пен қайғы қатар келіп, қабаттасып жататын сәттер жиі 
кездесіп отырады. Оның да күйрек сезімге беріліп, егіліп кететін 
кездері болады. Жазушы ақын жанды, ақкөңіл Кәкібай басындағы осы 
бір жайларды романның өн бойына шеберлікпен суреттей отырып, 
шешуші айқас кезіндегі Кәкібай образын романтикалық дәрежеге дейін 
көтеріп бейнелеген. Ол өзінің шешуші айқас кезінде оң иықтан 
жараланып, қансырап қалғанына қатты өкінеді. Қалайда жау танкісін 
өткізбей тосқауыл болғысы келеді. Оған жауға деген қарсылық 
манағыдай емес, әлсіреп, сөніп бара жатқан сияқты болып көрінеді. 
Кәкібай жан-жағына қарады. Маңында ешкім көрінбеді. Енді ол осыны 
өзі ғана тоқтатуға тиіс екенін, өзінің бар міндеті де сол екенін сезді. 
Өйтпесе бүгінгі төгілген мол қан, бар қайрат босқа кетеді. Танк өтпеуге 
тиіс. Кәкібай сол қолына ұстап тұрған гранатын окоптың ернеуіне 
қойды. Еріксіз қимылмен шұқырдағы бума гранатын алып шандыған 
жіптің шетінен тістеді. Окоптың ернеуіндегі гранатын қайтадан сол 
қолына ұстады. Енді бері қарай тура бет түзеген танкке қадала 
қарады. Бір сәт қап-қара шыңырау құздың дәл ернеуіне келіп 
қалғандай, шалқалай беріп, арқасы окопқа тірелді. Туған жер, жақын 
достар, Марияш, күллі қызық өмір күн шұғыласына малынып көз 
алдына келіп тұрып алды. Қап-қараңғы түпсіз түнек пен жайнаған 
жарық дүниенің ортасында тұр. Кәкібай жауырынымен окоптың артқы 
қабырғасын ойып жіберердей шегіне шіреніп, ыңыранып қалды. Танк 
бері қарай тұп-тура келе жатыр. “Өте алмайсың, сұмырай” Кәкібай 
дене мен жүректегі ең соңғы күшін сығып алып қап-қараңғы 


382 
шыңырауға қарай атылды. Ең соңғы рет арттағы айдын өмір бар 
шұғыласымен бір жарқ етті”. Осылайша бейнеленген Кәкібай образы 
көп жағынан Қ.Аманжоловтың “Ақын туралы аңыз” поэмасындағы 
Абдолла бейнесін еске түсіреді. 
Романда тек жауынгерлерінің ғана емес, сонымен қатар оларды 
тәрбиелеп өсірген, белгілі дайындықтан өткізген командирлерінің де 
бейнесі жасалған. Олардың ішінде алдымен көзге түсетіні взвод 
командирі Ержан бейнесі. Жиырмадан жаңа ғана асқан жас жігіттің 
өмір тәжірибесі өте аз. Сонда да ел басына түскен ауыр жағдай оны 
тез есейтіп жібереді. Ол қарауындағы жауынгерлерге өз білгенін 
үйретуден жалықпайды. Жауынгерлердің көңіл-күйін көтеріп, үнемі 
олармен бірге болады. Поездан Көжек Шөжебаев қалып қойғанда жас 
командир қатты сасады. Ашу үстінде қыңыр мінезді бөлімше бастығы 
Добрушкинге де қатты айтып тастайды. Әсіресе, оған өзімен жөнді 
сөйлеспей қойған Мұрат қорлығы қатты батады. Неде болса кімнің кім 
екенін соғыс үстінде көрерміз деп ойлайды. 
Жас жігіттің Раушанмен қарым-қатынасында да кемшілік көп. Ол 
Раушанмен күнде сөйлесіп, қыдырып жүрсе де өз көңілінің түбінде 
жатқан асыл ойын айтуға асықпайды. Таныспай жатып ой айтып, 
күйдім-сүйдім деп жатуды артық көреді. Өзінің бұл ісінің дұрыс 
еместігін Раушаннан айрылып қалғанда бір-ақ түсінеді. Соғысқа алғаш 
қатынасқан кезде Ержанды да қорқыныш сезімі билейді. Ол осы бір 
сезімін басқа біреулер біліп қалған жоқ па екен деп қуыстанып та 
жүреді. Жас жігіт соғыс үстінде есейіп, бірте-бірте жетіле түседі. Ержан 
взводын шабуылға шығарып арзан абырой-атаққа ие болғысы келген 
Уәлиге қарсы шығып, өз намысын қорғап қалады. 
Әсіресе, Ержанның есейіп қалғаны взвод қоршауда қалған кезде 
айқынырақ көрінеді. Ол өз қарауындағы әрбір адам үшін жауаптымын 
деп есептейді. Оның әрқайсысының үйде қалған анасы мен баласы, 
сүйікті жары алдында өзін борышты санайды. Сондықтан да оларды 
жау қоршауынан аман алып шығу менің басты міндетім деп ойлайды. 
Ержан взводы Москва түбіндегі шешуші айқас кезінде де асқан ерлік 
көрсетеді. Жау әскерінің төрт рет жіберген танк шабуылына тойтарыс 
беріп, бекіністен өткізбей, тосқауыл жасайды. 
Романдағы 
политрук 
Василий 
Кусков 
бейнесі 
барлық 
жауынгерлерге де үлгі, өнеге іспетті. Ол әр адаммен тіл тауып сөйлесе 
білетін шебер ұйымдастырушы. Оны Ержан мен Уәли арасындағы 
болған реніш те, Кәкібай мен Добрушкинде болған күйректік те қатты 
қинайды. Бір сөзбен түйіп айтқанда жауынгерлер арасында ол 
араласпайтын жұмыс жоқ. Жазушы Василий Кусков образы арқылы 
шабуылға шыққанда алда, тыныш кезде жауынгерлер арасындағы 
саяси басшы, взводтың ұйтқысы болған қызметкерінің бейнесін 
жасаған. Оның: “Шегінер жер жоқ! Артымызда Москва!” – деген 


383 
жалынды сөзі әрбір жауынгерге күш-қуат беріп, күреске шақырып 
тұрғандай болады. Бұлардан басқа романда өзінің жаралы халін 
ұмытып, майдан шебінен кеткісі келмей жау танкісіне қарсы соғысты 
соза берген қарапайым жауынгер Земцов, взвод командирінің 
көмекшісі аға сержант Зеленин, взвод командирінің байланысшысы 
Бөрібай Еспаев пен батальон командирлері: Қонысбаев, Волошиннің, 
полк командирлері Егоров, Карпов, Купцианов, Арыстановтардың 
образдары жасалған. Осылардың ішінде біріне-бірі қарама-қарсы 
мүсіндерген екі образ айрықша көзге түседі. Оның бірі Мұрат 
Арыстанов та, екіншісі майор Купцианов бейнесі. 
Мұрат Арыстанов – батальон командирі де, Купцианов полктың 
штаб бастығы. Екеуі де бұрын соғысқа қатынасып көрмегенмен әскери 
өмірмен жақсы таныс, тәжірибелі адамдар. Алайда осы екі адамның 
өмірге деген көзқарасы екі түрлі: бірі Отан басына төнген хауіпті 
жағдайды жан-тәнімен ұғып, жау бетін тез қайтарғысы келсе, екіншісі 
осы жағдайды пайдаланып өзінің абырой-атағының өсуін аңсайды. 
Бірақ өмір өз дегенін істейді. Батыл да жігерлі капитан Мұрат 
Арыстанов полк командирі дәрежесіне дейін көтеріліп, самарқау, сақ, 
есепқор майор Купцианов полк командирі дәрежесінен әрі аса 
алмайды. Романда екі полк командирінің өсу жолы, алған тәрбиесі, 
адамдармен 
қарым-қатынасы, 
ішкі 
психологиясы 
шеберлікпен 
берілген. 
Романда сәтті шыққан образдардың бірі – генерал Панферов 
бейнесі. Ол бірнеше соғысты басынан кешірген тәжірибелі қолбасшы. 
Асығып саспайтын, әрбір ісін байыппен ойланып істейтін сабырлы 
адам. Өзінің абыройы мен даңқының буына пісіп әр нәрсеге қол соза 
беретін ұрыншақ та емес. Соғыста оның ең алдымен ойлайтыны 
жауынгердің көңіл-күйі. 
Романда кейіпкер психологиясын тереңнен толғап, тебіренте 
түсетін ширығу сәттері аз емес. 
Құланның ажалы 
А.Нұрманов 
Ақан Нұрманов 1933 жылы Талдықорған облысының Ақсу 
ауданында туған. Бірақ өскен, тәрбие алған жері Торғай облысы, 
Аманкелді ауданы. Әкесі Отан соғысының құрбаны. Ақанның өнерлі, 
өркенді боп өсуіне әкесінің інісі Шәймерденнің көп жәрдемі тиген. Ол 
кісінің айтуынша Ақан жасынан зерек, ұғымтал болған. Мектепте
гуманитарлық пәнге ғана емес, математикаға да өте жүйрік екен. 


384 
Сондықтан болар, ол әуелі Алматының Тау-кен институтына түсіп, 
жазушылыққа бүйрегі бұрған кезде оны тауыспай, Киров атындағы 
университеттің филология факультетін бітіріп шығады. Сосын Ақан 
орыс, қазақ тілдерінде бірдей жаза беретін. Ол өзінің “Аққудың 
жұлдызы” атты повесін әуелі орыс тілінде жазған еді. Кейін архивін 
ақтарғанымызда 
қолдарыңызда 
отырған 
романның 
алғашқы 
нұсқалары, кей тараулары орысша жазылғанын байқадық. Мұның бәрі 
Ақанның жазушылық секілді қасиетті талапқа қаншалық дайындықпен 
келгенінің куәсі. 
“Құланның ажалы” үлкен символикалық атау. Жапанда жортқан 
жалғыз батыр, соның үнсіз тұншыққан қуаныш-мұңы, меңіреу сары 
дала, үміт пен күдік арпалысы – романға желі боп тартылған 
лейтмотив әуендері осы. Адамның жеке басының қасиеті қай уақытта 
артады, ерлік, қаһармандық сыры неде, бауырмалдық пен жат жұрт 
дұшпандықтың түп-төркіні қайда жатыр, осыған да Ақан бірсыдырғы 
байсалды жауап береді. Романда оқиға аз, тіпті жоқ деуге болады. 
Кешегі 
он 
алтыншы 
жылдың 
дүрмегіне 
қатысқан, 
өзі 
оны 
ұйымдастырушылардың бірі Құлан атты мерген бүгінде әлеумет ісінен, 
халық ісінен, халық мақсатынан қол үзіп, жапан түзде жалғыз қалған. 
Албырт көңіл, ақ жүрек батырды оқымаған қараңғылық зардабы бір 
жеңсе, жаңа өмірдің қуатты ағысының екпіні екінші жеңіліске 
ұшыратады. Құлан өр еді, нар еді, құралайды көзге атқан мерген еді, 
бірақ мақсат кемдігінен туған принципсіздік оны жарға жықпай 
қоймады. Кітапта Сардар деп қана аталатын, шын мәнінде 
Аманкелдімен үзеңгілес болған, Құлан күрес мәнін мүлде тар көлемде 
ұғынып, өз жеңісін тек бас пайдасының қамы деп ойлаудан аса 
алмайды. Сондықтан ол аз ғана үй Текесін бөліп әкетіп, солардың 
алдына мал салып, он-он бес үйдің таңдайы аққа тигенін дәтке қуат 
көреді. Ол ол ма, бір кезде келіншегі Алтыншаш та атағы дабырайып 
тұрған кезінде алақанға айламен қондырған құс секілді зорлық пендесі 
еді. Осының бәрі халық қаһарманы болған қасиетті жанның үлкен атын
кішірейтіп, алдағы күнге апарар жолын тым тарылтып жіберген еді. 
Ер басына іс түссе, халық араша тұрады. Бірақ ол үміт пен күдік 
араласқан жерге арашашы бола алмайды. Қашанда екінің бірі. Өз 
ісінен әлдебір кемдік сезінетін Құланда күдік молдау. Өкініші көп. 
Сардардан бөлек кеткеніне, оны тыңдамай қойғанына өкінеді. Сан рет 
соны ойланып, бармағын тістейді. Сардар шейіт болып кетсе де, есімі 
ел есінде, оған деген құрмет бөлек. Ал бұны қолдай қоятын ешкім жоқ 
сияқты. Құланның сергек көңілі осыған шерленеді. 
Енді, міне, Құлан жалғыз, құдай жалғыз. Қалың қолдан қайтпаған 
жүрегі үп еткен өсектен шошынып, сайын даладан сая таппаған 
қашқын біреуге айналды. Табан тірер таянышы халық еді, содан өзі 
безініп, қасына тексіз бір қашқынды жолдас етеді. Онысы – Ефим 


385 
Кутский, патшаның жазалаушы отрядында жүзбасы болған, кеше ғана 
өзімен кескілесіп соғысқан адам. Құлан оның кім екенінен бейхабар, 
сондықтан өз қойнына өзі жылан салғанмен тең болды. Ендігі қалған 
жау осы Кутский, анау жымысқы бай Шарбақбай секілді, қойынға кіріп 
жылан болып шағарлық қана қауқары қалған өңшең сілімтік еді. Құлан 
сол сілімтіктердің бірін ақылшы, бірін жолдас, Көктөбет сияқты енді 
бірін пана етемін деп, өзін-өзі шақтырды. Анау жүрген Майлық, ұры 
Майлық Құланға бір табан жақын. Адамгершілігімен жақын. Құланның 
құлдырап бара жатқанын сезіп, ең құрмады осындай болса екен, 
жаны қалса екен деп тілек еткендейсің. Құлан жүрегіндегі қайсар 
намыс оқушыға түсінікті, ол қанаты талса да жерге қонбай тәкаппар 
қыран 
тәрізді, 
шырқаған 
сайын 
жер-анадан, 
қасиетті 
Отан 
топырағынан ұзай береді. Құланның ажалы – Антейдің ажалы, 
сондықтан оның адамгершілігін емес, амалсыздығын жазғырасың. 
Тағылық қалып еді. Даланың тағысына жақсылық еткің кеп қолыңды 
созсаң да, жуыр ма, сенер ме сірә да! Табиғат сүтін арда емгісі келген 
Құлан қасіреті осында. Табиғат сүтін арда ем, бірақ тағы болма. Күдікті 
жолдас еткенше, үмітті арқау ет. Өткеніңнен қорықсаң, болашаққа сен. 
Етіңнен ет кесіп алса да ерлігің соған жетсін. Жазушы ұсынған мәнсәз 
моральдық бір бұтағы осылай жапырақ жаяды. 
Иә, Ақан өз дүниесінде жаралған өзгеше пәлсәпә ұқтырады. 
Құлан тарихта болсын-болмасын, әңгіме онда емес, Құлан – жазушы 
ойының концепциясы, Құлан – жазушы идеясының мазмұнға, сюжетке 
айналуы. Ендеше болған оқиғаны жазу шарт емес, болған оқиғаны 
идеяға, негізгі айтар ойға бағындыру шарт. Ақан бұл міндетін мүлтіксіз 
орындап шыққан. Кітаптың басынан аяғына дейін бір сарын, бір желі 
айнымай жүріп отырады. Бөлек-салақ араласпайды. Артық теңеу, 
орынсыз суреттеу, білгішсіну мұның бәрі кітап бойына жат. Ақанның 
“Күн ертеңге ауып барады”, “Аққу шоғыры” атты кітаптарына да осы 
қасиет барынша тән еді. Тазалық тағамның да, талғамның да сақшысы, 
ол шығармаға әсіресе қажет. Өкінішке қарай, жақсы деп жүрген көп 
кесек туындылардың ортақ міні – шөп-салам, қыл-қыбырының 
молдығында. Ақан творчествосы ең алдымен осыдан айыққан 
ерекшелігімен жарқырайды. Оның бүкіл өмірі, адамгершілік тұлғасы, 
білім парасаты, мінез байлығы, қысқасы, бар биік қасиеті осындай 
таза, даусыз еді. Оның алдында артық сөйлеу, жарқылдап кету әбестік 
болатын. Соның бәрін ол үндемей тыңдайтын. Үндемей отырып өз 
сөзіңді өзіңе тыңдататын. Сұм ажал осыншалық жұлдыз дарынды 
әдеби аспанымыздан мезгілсіз қағып түсірді. 
Қызылжар 
М.Дәулетбаев 


386 
Мәжиттің проза саласындағы еңбегінің биігі – “Қызылжар” 
романы. Роман әуелде үш кітап ретінде жоспарланған екен. Жазушы 
оның бір-ақ кітабын аяқтаған. Екінші кітаптың жеке үзінділері ғана 
жарияланған. 
Роман Октябрь революциясының қарсаңындағы және революция 
жылдарындағы Қызылжар (Петропавл) қаласындағы оқиғаларға 
негізделіп жазылған. Онда 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі мен 
февраль революциясы дәуірінің, қазақ даласында социалистік 
революцияның жеңуі кезеңінің, азамат соғысының шындықтары мол 
қамтылады. 
Роман басты патшалық Ресейдің отарына айналып, жергілікті 
байлар мен орыс чиновниктерінің екі жақты қанауына, зорлығына тап 
болған халықтың ауыр өмірінен мол хабар береді. Ақпандағы ақырған 
қыспен жүдеу елді қабаттаса қысып жатқан әкімдер, сәудегерлер мен 
байлар озбырлығы шектен шыққанын көреміз. Осындай бір кезеңде 
қалалық полиция бастығы Медведев шанаға жорға жегіп серуенге 
аттанады. Жорғаның шабысын көруге құмартқан жұрт көшеге толып 
кетеді. Олардың арасында жүрген ауылдан келген аңқау жігіт Атымтай 
қызып, ілгері, топтың алдына шығады. Тымағың ат үркітеді деп, 
полиция бастығы оның бас киімін тартып алып, өзінің итіне кигізіп 
қояды. “Бойня” жұмысшыларын әбден зәрезап қылған Бұқпан бай 
қылықтары өзгеше бір сала. Мал сойған жерде ет ұрлайды деп аңдып 
ол “Бойня” ішінен шықпайды және жұмысшыларға тыным бермейді. 
Мұндай әділетсіздіктер кірпіш, тері заводтарында да кездеседі. 
Осындай оқиғалар арқылы жазушы роман геройларының 
қақтығысын белгілеп, оларды таптық көзқарас тұрғысынан жүйелейді. 
Қаладағы жұмысшы табы өкілдерін біз кірпіш заводының 
жұмысшысы Қылыштың үйлену тойында көреміз. Петр Громов, Мақсұт, 
Балта, Кәрім, тағы басқалар әр ұлттан (орыс, қазақ, татар) шықса да, 
таптық 
тілектестік, 
мүдделестік 
табыстырған 
жандар 
болып 
суреттеледі. Той үстіндегі әңгімелердің өзінен-ақ жазушы олардың 
үстем тапқа наразылығын байқатып тастайды. 
Роман уақиғасын ілгері дамытушы негізгі күш – осылар. Өмір 
азабы ашындырып, кекті күреске алып келген бұл топ әр тұста-ақ 
өздерін қанаушылармен бетпе-бет келіп қалады. Бұқпан байды 
байқамаған боп сойылған малдың қан-жыны толып тұрған қамбаға 
құлатып жіберетін де осылар. Автор еңбекші бұқара тобының біріккен 
қимыл-әрекетіне саяси бағыт бере суреттейді. Олар күрес, тартыс 
үстінде ширап, шыныға түседі. Қызылжар жұмысшылары бірігіп бір 
орталық құрады. Оған Бакудегі саяси көтеріліске қатысқан большевик 
Петр Громов басшылық жасайды, ел адамдарынан Балта ұйымдастыру 


387 
жұмыстарына 
белсенді 
араласады. 
Құпия 
жиындар 
көбейді, 
листовкалар таратылады. 
Жұмысшылар ынтымағына бөгет жасамақ болған полиция әрекеті 
оны басу орнына, өршіте түседі. Осындай жағдайда майданға алынған 
жігіттер оралады, соғыстан қашқан солдаттар көбейеді, елдегі 
езілгендер, қалада азап шеккендер табыса түседі. 
Патшаның тақтан түсуі күрестің тереңдей түсуіне мүмкіндік 
туғызады. Есі шығып, жан ұшыра ескі тәртіпті сақтап қалмақ 
болғандарға қарсы жұмысшылар қызыл отряд құрады. 
Саяси топтар көбейеді: эсерлер, меньшевиктер, ұлтшылдар 
революцияға қарсы бірігеді. Чех әскерлерінің көмегімен олар жергілікті 
жұмысшылар өкіметін құлатады, біразын тұтқындайды, көп адам күрес 
үстінде құрбан болады. Романның уақиғалық жүйесі осылай 
аяқталады. Революцияға қарсы топ уақытша жеңіске жеткенмен, 
халық күшінің тегеуірінді екені, күрестің тоқтамайтыны аңғарылады. 
Роман уақиғасының желісі қаланың күнделікті өмірімен толысып, 
шындықты кең қамту планында өрбиді. Сол арқылы ұнамды, ұнамсыз 
геройлар дараланып, олардың іс-әрекеті нақтыланады. 
Автор ұнамды геройлар әрекетін тәптіштеп әңгімелеп, олардың 
бойынан көрген жақсы мінез-құлықтарын үлгі етіп отырады. Олардың 
ішінен, әсіресе, Петр Громов пен Балтаны күрес ұйтқысы етіп 
көрсетеді. 
Петр Громов – Қызылжарға сырттан келген саналы күрескер. 
Революциялық саналы күрестен алыс қауымды ол біртіндеп сендіріп, 
күрес жолына тартады. Қимылында сергектік, ісінде сенімі мол адам. 
Көзқарасы жағынан – интерноционалист. Түрмеде де өзін ер ұстайды. 
Медведевтің сұрақтарына батыл, өткір жауап береді. “1905 жылғы 
көтеріліс – ол баласы ғана, оның әкесі алда тұр”, - дейді ол полиция 
бастығына. Жазушы оның жер аударылуының өзіне шыңдалу мектебі 
ретінде қарайды. 
Балта бойында қазақ халқының гуманистік, ерлік табандылық 
әрекеттері жинақталған. Өз ортасының озық өкілі ретінде Балта 
көзқарасы, ұғымы тұрақты адам болып суреттеледі. 
Ұнамды бейненің бірі – Атымтай. Жазушы бұл арқылы ауылда 
өскен, қала тәртібінен тыс адамның өмір талқысына түсіп, біртіндеп 
күреске келгенін нанымды көрсетеді. Жетім ақысын көп жеген 
ауылдғаы қатыгез ортадан кеткен Атымтай әуелде қалада әділдік бар 
деп ұғады. Бірақ ол зорлықтың үлкенін қаладан көреді. Медведев, 
Бұқпан бай, Бейсенбай қажы қай-қайсысы болса да, Атымтайды бір 
қағып өтеді, оны адам қатарына алмайды. Қала жұмысшыларымен 
табысып, жөнін түсіне бастаған жас жігітті 1916 жылғы көтеріліс 
кезінде Бейсенбай қажы біреудің орнына жасын өзгертіп солдатқа 
беріп жібереді. Майданның қара жұмысын атқару кезінде ол орыс 


388 
офицерлерінің 
оларға 
қалай 
қарайтынын 
көреді. 
Февраль 
революциясынан кейін қайтқан Атымтай қызылдар отрядына кіреді. 
Бейсенбай қажыны тұтқындап, Бұқпан байдан кек алады. Бұқпанның 
жас тоқалына үйленеді. 
Романның ұнамсыз геройларын Мәжит тәп-тәуір жасаған. 
Олардың ең елеулісі – бай Бұқпан Көпеев. Автор оны дүниеге көзі 
тоймайтын, қанағатсыз, сараң бай етіп көрсетеді. Бір кәдеге асады деп 
ол көшеде кездескен жүн-жұрқа, темір-терсекті жия жүреді. Мал 
сойғанда аңдып қасында тұрады. Сәудегерлікпен байыған ол пайданың 
жаңа түрін жақсы түсінеді. Жазушы Бұқпан мінез-құлқын суреттеуде 
әсірелеуді көбірек пайаланады. Оны сырт бейнесінің өзін ұсқынсыз 
етіп, кір киіміне дейін қазбалап жазады. Портрет жасауда оған лайық 
теңеулердің өзін малдан іздейді (“Ешкі сақалды, түйе табанды, есек 
құлақты” деген сияқты). 
Бейсенбай Бұланов қажы, Сұқсұр Арамқанов бейнелерінде 
сатқындық, опасыздық қылықтар көбірек байқалады. Бейсенбай 
қажылықты халықты алдап, патшаға оның әкімдеріне жағыну үшін 
пайдаланады. Арамқанов – ұлтшыл. Екеуі де бір мақсаттың адамдары. 
Олардың мүдделестігі революцияны жақтаушы адамдарды қуғындауда 
анық танылады. Ақыры олар Мақсұт, Кәрім сияқты күрескерлерді 
қазаға ұшыратады. 
Медведев 
– 
романда 
әуелде 
патшаның 
қолшоқпары, 
отаршылдықтың өкілі ретінде көрінсе, кейін революцияның саналы 
жауына айналады. 
Қызықты романның әлі де өңделуге тиісті жерлері де аз емес еді. 
Образдарды сомдай түсуде, оқиғалар тізбегін характерлер тартысымен 
тығызырақ байланыстыруда, күрес пен революционерлер бейнесін 
тереңдетіп дамыта түсуде жазушы алдында бірсыпыра міндеттер де 
тұрды. Романның кейінгі кітаптарын жазу үстінде оған көңіл бөлуге 
Мәжиттің творчестволық мүмкіндігі де мол еді. Бірақ жазушы өмірі 
қысқа болды. Соған қарамастан, “Қызылжар” – халық тарихында үлкен 
мәні бар әлеуметтік күрес уақиғаларын көтерген және шыншылдықпен 
бейнелеген қазақ әдебиетіндегі алғашқы романдарының бірі. 
Қызыл жолбарыс
Ұ.Доспанбетов
Ұзақбай Доспанбетовтің “Қызыл жолбарыс” романы алғаш рет 
“Жұлдыз” журналында 1995 жылғы 2-ші санында жарияланған. Бұл 
роман 
қазақ 
халқының 
тарихындағы 
елеулі 
оқиғалар 
мен 
құбылыстарды арқау еткендігімен құнды. Шығармада белгілі бір кезең, 


389 
дәуір 
тағдырын 
таныта 
отырып 
жазушы 
тарихи-әлеуметтік 
құбылыстарды, тарихи кезеңнің әлеуметтік даралығы, шығармашылық 
фантазиямен пішіліп, сәтті жасалған деуге болады.
Шығарманың 
бел 
ортасында 
жүретін 
қазақтың 
билері, 
шешендері, 
ақындары, 
батырлары 
нақтылы 
тізіліп, 
нанымды 
баяндалады. 
Заманның 
да, 
қаһармандардың 
да 
басындағы 
қайшылықтар жан-жақты көрініп, әртүрлі жағдайдағы жай-күйлері 
суреттеледі. 
“Қызыл жолбарыс” романы бірден жас би Ескелдіге (бес жасында 
бата алып “Бала би” атанған) Құлсарының өлімін естіртуден 
басталады. Романның негізгі оқиғалары Іле мен Қаратал өзендерінің 
Көкше теңізге (бүгінгі Балқаш көлінің бұрынғы атауы) барып тірелетін 
аралығындағы атақты Сары Есік Атырау құмының Оңтүстіік шығыс 
жағымен жалғасып жатқан өлкеде өтеді. Бұл Жалайыр елінің біраз 
аталарына қыстау болған Орта өзектің бір пұшпағы ғана екен. Романда 
кейіпкерлер көп. Қазақтың белгілі биі Ескелді, Қабан жырау, Сатай 
батыр, Қодар би, Жолбарыс хан, Дербісәлі, Балпық, Кәсенсары, Малай 
батыр, Есенбай хан, Дубек, Байбек, Хангелді т.б.
“Қызыл жолбарыс” романының жалпы мәнін, ондағы көзге 
түскен көрнекті тұлғалар мен оқиғалардың құрамына қысқаша 
тоқталайық. 
Қарақорымнан кейін қазақ пен қалмақ арасында тыныштық 
орнамай, қазаққа қалмақтың тіс батырғысы келіп, дайындалып 
жатқанынан хабар алған билер мен ақсақалдар қалмаққа жіберетін ер 
төлені (барлаушы) сайлап Дербісәлі баласы Балпықты таңдайды. Жас 
кезінде Қаз дауысты Қазыбекке ерген Балпық жауды барлап, хабар 
жеткізуге аттанады. Ташкендегі Жолбарыс ханға Есекбай, Төле биге 
Есенбайдың аталас інісі Тұрлымбет Бекенұлы аттанады. Қалмақтарға
жол – жөнекей Балпық кез болғанда мынадай оқиға болады: 
- “Біз жетім өскен баламыз. Анау-мынау ұлы сөзді біздің құламызға 
құйып жатқан ешкім жоқ. Кессеңіз міне, бас. Менің ұлы қонтайшыға да, 
оның қолбасшы баласына да зәредей жазығым жоқ, - деді Балпық. 
Жетімдігіңмен қоса сен ақпақұлақ шығарсың? – деп әлгі 
әскербасының қасындағы күдікшіл, ақжем ауызды неме тағы шықты. 
Бұл басына желін қапқа ұқсатып, шеті қайырусыз қозы терісінен 
жасалған бөріксымақ киген, көздерінде, ақсиған тістерінде адамға 
сенімсіздік дегенің қасқырдың тісіндей ақсиып тұрған айнымас пәле 
еді. 
Басына қан шапқан Балпық басқадан бұрын осының қорлығына 
шыдай алмастай:
- Әттең астымда белі мықты атым, белінде асынған қаруым жоқ, 
әйтпесе осы қорлық сөзіңіз үшін мен сізді жекпе-жекке шақырар едім. 
Немесе кел, аттан түсіп, құр қолымен жаяу шайқасамыз. Қайсымыз 


390 
өлсек құнымыз сұралмасын.”, - деп жігіттің қазақ тыңшысы екенін
біліп қоюы нанымды баяндалады. Мұнда оқиғаға қатысушы Балпықтың 
ойы қалмақ әскерлерінің талабы мен қалауы, бір-біріне қарсы 
адамдардың сөзі нақты әрі қолма-қол әрекет арқылы іске айналады. 
Романдағы басты оқиғаның одан әрі дами түсуі үшін, кейіпкерлер 
характерінің айқындалуы да маңызды мәселенің бірі. “Қап-қара
сақалы белдарына түскен шашақ ел тірі бөрікті денелі адам алыстан
қабағын ажырайтып, ақбозатты ойната жеткенде кейбіреуге ол енді-
енді жаназасы шығарылмауы Құлсарыны жатқан жерінен түрегелтіп 
алатындай көрінді”, - Қырыққа енді келген, көсем мінезі бар Қабан 
ақын ел ақсақалы тұғырына ерте қалған адам ретінде көрінеді. 
Романда толымды шыққан Балпық бейнесін атауға болады. 
Жазушы Балпықты қалмаққа барлаушы атты жібере отырып халықтың 
сол кезеңдегі ішкі және сыртқы саясатындағы ойы мен толғамдары, 
пікірлері арқылы ішкі әлемін тануға көп көңіл бөлген. 
Романда Ұзақбай Доспанбетов малмен кәсіп еткен қазақ 
халқының жылқы малына деген сүйіспеншілігін, екіншіден, жаугершілік 
заманды сәйгүлік тұлпардың орны ерекше болғандығын келістіре 
бейнелеген: 
“Көкбайтал аса ірі сүйекті жылқы емес, кеуек бас, қалбыр өкпе, 
сом тұяқты жаратылған, жал - құйрығы тай, оның үстіне төс сүйегі 
омырауы, бел арқасы бөлек-бөлек пішілгендей тұлғасының да аса 
қиюы келіп тұрған жоқ. Жай жолға мінерлік көп жылқының біріндей
ғана теке жәуміт бедеу. Сөйте тұра, міне, бес жылдың жүзі болды,
Арқа мен Жетісуда бәйгенің алдын бермей келеді. “Байтал шауып 
бәйге алмас” деп ескілектен қалыптасқан мәтелді тұмсықтан ұрған да 
осы жануар. “Байтал неге бәйге алмас, жүйрік болса” деп, Жетісу
ақындарының осы қанатты тұлпарды бетке ұстап біраз желпінгендері 
де бар. Бір ғажабы мұның неше тісі шыққанмен көкбайтал деген аты
да қалмай келеді. “Жетісудің көкбайталы”, “ Ұлы жүздің көкбайталы” 
деген қосақтамасы ғана атақ-даңқына біраз салмақ қосып тұрады”,-
деп Көкбайталдың бәйгісімен де, мал үшін айырбасқа тусуімен де
адамдарды байтқандығын сан ел, сан рудың маңдайына біткен
жүйрігін есті жануар етіп суреттейді. Шығармадағы Сары және 
Ноқай атты иттердің түйсік-сезімін танытатын оғиғалардың түп-
төркіні халықтың ғасырлар бойы дамып, жалғасып келе жатқан
бай рухани мұрасында жатқаны анық. Ит жеті қазынаның бірі
болғандықтан да қалмақ қонтайшысының екі иті елдің, жердің ғана
сақшысы емес, ұлы қонтайшының көмекшісі есебінде саналуы едәуір 
орынды көрсетіледі. 
“- Ол біздің қонтайшының екі иті. Бірінің аты Сары, екіншісінің 
аты 


391 
Ноқай. Ол екі ит адамнан ақылды, көздері аспандағы бүркіттің 
көзінен өткір. Еліміздің, жеріміздің сақшысы. Жаңа сені айлакер жау 
келе жатыр деп хабарлады. 
Балпық бұл сөзден аздап тіксінгенмен де сабырлы жауап
қайырды . 
- Бараба татарлары да ит ұстайды. Олар да иттің ақылдысы
деп, оның неше түрлі тұқымдарын сұрыптап, іріктеп, қасына ертеді, 
дос етеді. Бірақ мақұлықтың аты мақұлық, кейде ол иесінің көптен 
көрмеген қарын бөлесінің де қарнын ақтарып тастай жаздайды. 
- Сөз саптасын қарамаймсың ба, мынау анық жау,- деп жаңа 
әскербасымен үзеңгі қағыстырып, өз күндігін айтқан неме найзасын 
төбесінде ойнатып, қайта жынданып шыға келді. 
- Сенің мына сөзің үшін басыңды осы жерде кесіп алса
сауапшылық болмақ! - Әскербасы бұл сөзді өз намысы аяққа
тапталғандай бұрынғыдан реңкі бұзылыңқырап айтты. - Еліміздің, 
жеріміздің сақшысы, ұлы қонтайшының баласы, біздің бас
қолбасшымыздың күндіз-түні жұмылмас ояу көзі, асыл текті Сары,
Ноқайды қай-қайдағы шапқан мен соққанның жемтігі жаман
татарлардың табанын жалайтын құлағы қалқиған, жүндес иттеріне
неге балайсың? 
Автор Сары мен Ноқай ерекшеліктерін суреттеуде реалистік
сипатқа жол бергеніне куә боламыз. Екі ит адамнан да ақылды, 
көздері аспандағы бүркіттің көзінен өткір, қалмақ елінің, жерінің 
сақшысы, жау келе жатқаны туралы хабар беріп отыратын қырларын 
суреттеген тұстарында қалмақтардың ішкі мұрат-тілегін , мінез – 
құлқының қырларын да астастыра, көркемдік тұрғыда ашып береді. 
Ұзақбай Доспанбетов өз романында Төле би, Абылайдың өмір 
деректерінің мағынасын сақтаған және едәуір тың мазмұнмен 
кеңейткен деуге болады.
“Ұлы би көлге ұзақ қарады. Қасындағы жас жігіттер бұл адамның 
не нәрсені де орнымен, асқан кірпияздықтан істейтінін көріп 
үйренгендіктен қазіргі мінезін түсіне алмай тұр” немесе, ... Көздерін 
көтерсе әлде кім ойып алардай, дүниенің жарығы олар үшін осымен 
таусылғандай мойындата біржола зіл көтерген көк қорғасын байлап 
алған, бұл дүниеден баз кешкен мәңгілік пақыр жандарға ұқсауы”. Ұлы 
бидің ел басына күн туғанда жаны ауырған кейпін жазушы көңілден 
таса қалдырмайды. Келтірілген үзіндіде Төле бидің қайсар рухы мен 
хан алдындағы сертті мінезі дараланып қана қоймай, келе жатқан 
жауға бірігіп күш жұмсау жөніндегі пайымдауларын жеткізгенде ойлау 
жүйесінің сол кезеңнің заңдарына негізделгендігі ерекше көзге түседі.
Романдағы Жолбарыс ханға берген портреттік суреттемелер 
көркемдік шындық және өмір шындығының байланысын ашу үшін 
қажет болған сияқты. “Бұл хан отыз үш жастағы, ат үстіндегі сайыстан, 


392 
не аң қуудан бір күшін де құр жібермейтін, күрт, қауырт қимылға 
әрқашанда дайын, оңтайлы, қайрат – жігері тасып тұрған жас адам 
еді”, немесе, “ Мандайы сопақ көрінгенмен бет-ажарының қырлы 
мұрыннан төменгі бөлігін ұстара мен қайшыны күнде көретін мойылдай 
қара сақал-мұрты дөңгелетіп тұр. Қос ерін жымқырулы, ауыз орнында 
сол дөңгеленген сақал - мұртпен бірге майысқандай көкке шаншылған 
айдың алғашқы жанасындай тілек қана бар. Ол тілекпен бүгіндікке бір 
сөз шығыпты дегенге ешкім қана да қоймастай”. Мұндағы Жолбарыс 
ханның портретінде түрлі кескіндік сипаты іс пен мінез табиғатымен 
терең бірлікте бедерлеген. Драматизмге толы ситуацияларда хан 
бейнесі біртіндеп толымдылық алады. 
“Қызыл жолбарыс” романының бір бөлімінде Абылай бейнесі 
сомдалады. Мұнда Абылайдың жетімдік халі, “Сабалақ” деген атпен 
түйеші болып жүріп, ел басына қиын кезең туғанда ерлік көрсетуге 
ұмтылуы ғана қамтылған.
Романдағы оқилар “Ақатабан шұбырынды, алқа көл сұлама” 
деген атпен сақталған 1723 жылғы қалмақтар шабуылының 
басталуын, ол соғыстың қазақ халқына әкелген залалы мен зардабын 
кеңінен суреттейді. 
Қыз көрелік 
Т.Жомартбаев 
Тайыр Жомартбаев (1884-1937) – Абай төңірегінде болып, ұлы 
ақынның өлеңдері өзегіндегі ғұлама ойларын көкірегіне құйып, өрім-
өлшемдерін, түр-пішінін көзбен көріп, көңіліне тоқып, жаттап өскен 
қаламгерлердің бірі. Уфа қаласындағы “Ғалия” медресесін бітірген. 
Қоғамдық қызметі мен шығармашылық ізденістері балаларға тәрбие 
беру, рухани тілін меңгеру мәселелеріне арналған. Кезіндегі мерзімді 
баспасы бетінде жарық көрген шығармалары да осы іске, ағартушы-
демократтық идеяларға бағындырылған. 
1912 жылы Семей қаласындағы “Жәрдем” баспасынан “Балаларға 
жеміс” атты өлеңдер кітабы мен “Қыз көрелік” романы жарық көрген. 
Соңғы шығарма ХХ ғасыр басындағы қазақ романы тарихындағы 
шығармашылық, 
ізденістерді 
көрсететін 
туындылардың 
бірінен 
саналады. 
Т.Жомартбаевтың 
“Қыз 
көрелік” 
романы 
– 
құрылымдық 
ерекшеліктері мен көркемдік бейнелеу құралдары, тақырыптық-
идеялық мазмұны бағытындағы ерекше шығарма. Әсіресе, автордың 
романға тосын пішін (форма) таңдау жолындағы ізденістерді ойлануға 


393 
тұрады. Біздің ойымызша, романның табысы да, қазақ әдебиет 
тарихындағы маңызы да осы төңіректен табылады. 
Дәстүрлі тақырыптан жаңа проблематика қозғаған “Қыз көрелік” 
романы – қазақ қыздарының бас бостандығы туралы күрделі жанрда 
жазылған көлемді шығармалардың бірі. Семейдегі “Ярдам” баспасынан 
1912 жылы жарық көрген. 
Роман басындағы эпиграф тәрізді мына жолдар шығарманы 
талдауға апарар кілт тәрізді: 
Деп жүрген жас жігіттер қыз көрелік, 
Таңдап ап сұлу қызды мал берелік. 
Мырзалар қыз таңдаған келсін мында, 
Жігітті қыз таңдаған біз көрелік. 
“Жігітті қыз таңдаған біз көрелік”, демек, автор ХХ ғасырдың 
басында көп қозғала бастаған тақырыптың өзіне әңгіме болмаған жаңа 
қырынан келген. Әдетте, бұл тақырып қыздардың қалың малға, ескі 
әдет-ғұрыпқа қарсылығы, күресімен қабаттаса баяндалады. “Қыз 
көрелік” романында осы тақырып проблематикасын мүлде басқа 
бағытта көтереді. Енді қыз таңдап жүрген мырзаларды қыздың өзі 
таңдауы керек. 
Жаңа идеяның өзі жаңа пішінді талап етеді. Автор осы идеяны 
шартты реалистік мазмұнға көшіріп, көркем бейнелеуге тырысқан. 
Дүниені шарлап қалыңдық іздеп жүрген іргелі рулардың атақты 
байларының балалары Ғайынкамалды кедей жігіті Мұхаметқалимен оп-
оңай қалай жібереді? Реалистік арна авторды осы бағыттағы 
тартыстарға киліктірер еді басқа мазмұнға апарар еді. Автор мақсаты - 
өзінің ағартушылық-демократтық көзқарасына сай, тәрбиелік мәнді 
шығарма. Роман құрылымы, пішіні осы мақсаттан туындайды. Автор 
мақсатынан, идеясынан ауытқымауға тырысады. Кейде шығарма 
көркемдігіне нұқсан келгеніне де қарамай, өз идея, мақсатын орындап 
шыққан. 
Ғайынкамал – байдың оқыған қызы. Сауатты, көзі ашық. Қазақ 
ұғымындағы үлкен қалада, Уфада үлкен оқу-медреседе оқыған. Өмір 
туралы ойы, идеалы, мақсаты осында қалыптасқан. Әкесі Ғайса да көзі 
ашық, көкірегі ояу, заман тілін түсінген, оған ілесіп отыруды мақсат 
қылған жан. Қызын малға сатып, қалың мал алып баю оның ойында 
жоқ. Реті келсе қызы теңіне қосылса екен деп армандайды. Романда 
әке, бала тілегі қабысып жатыр. Араларында қақтығыс түгіл қайшылық 
та жоқ. 
Бостандық пен теңдікке ұмтылған, көзі ашық, сауатты қазақ 
қызына тор құрып жатқан ескі-салт сана қорғаушылары үлкендер, көне 
көз қариялар да емес – жастар. Романда ел басына ауыр, қиын күндер 
төніп тұрғанда ауыл аралап сұлу қыз, қалыңдық іздеп жүрген бай 
балаларына деген авторлық ирония, юмор бар. 


394 
Т.Жомартбаев өзінің ағартушылық, демократтық көзқарасын, 
идеясын жеткізу үшін қазақ қыздарының бостандығы, теңдігі 
тақырыбын таңдаған. 
Өзіне жар таңдауға толық мүмкіндігі бар қазақ қызының 
шындыққа жанасатын бейнесін жасау үшін қаламгерге алдымен оқушы 
сенетіндей тақырыптық мазмұн қажет. Оны іздеу бағытындағы 
әрекеттер қаламгерді тосын шешімге, синтетикалық формаға алып 
келген. Ал ағартушылық, демократтық идеяны жеткізу үшін реалистік 
шығарма құрылымында ертегілік, аңыздық фабулаларды пайдалану 
сол кездегі әдеби ортада кездесетін. Мысалы, “Айқап” журналы 
бетіндегі А.Сорокиннің әңгімелерінде, өзге де әдеби басылымдарда осы 
үлгілердегі шығармалар жиі жолығады. Қазақ халық прозасының 
хикая, әпсана-хикаяттарында да бұл әдістің талай үлгілері 
пайдаланылады. 
Тақырыптық мазмұн қазақ қыздарының бас бостандығы болса да, 
авторлық идея күрделі. Оның Абай қара сөздеріндегі идеялармен 
үндестігі бар. Т.Жомартбаев – адамнан адамның айырмасы-білімінде 
деген Абай афоризімін ағартушылық қызметінің ұраны етіп ұстағаны 
ұстаз. 
Қаламгер ұстаздық қызметінде роман сюжетінде қолданатын 
француз ертегісіндегі шешендік сұраққа ойға қалуы, қыз кімді 
таңдайды дегенге шәкірттерін де ойлантып, өзі де ойланған болуы 
керек. Қыз таңдауы ғаламат сыйлықтар әкелген жігіттерге емес, 
адамзатқа пайдасы мол, теңдесі жоқ қажетті нәрселерді жасай алатын 
сауатты, білімді, өнерлі жігітте болуы керек деген ойдан туындаған 
тәрізді. “Қыз көретін жігітті бір көрелік” идеясының бастауы ағартушы-
демократтық көзқарас, қызметте екені белгілі. 
Қалыңдық іздеген бай балаларының бір күнде келіп құда түсуі, 
байлық, дәулет, атақ абыройларының бірдей болуы авторлық ой, идея, 
көркем шешім үшін әдейі таңдалған тәсіл. Роман уақиғасы – талай 
халықтар әдебиетінде бір таныс сюжет, әйгілі мотив. Мысалы, шығыс 
халықтарында кең таралған сюжет: үш жігіт ағаштан (саздан т.б.) сұлу 
қыз жасайды. Бірі ағаштан жонады, бірі киіндіреді, бір жан салады. 
Бәрі біткенде үшеуі қызды мен аламын деп таласады; тағы бір сюжет: 
самұрық алып кеткен хан қызын үш жігіт құтқарады, бірі оның қайда 
екенін тапса, екіншісі самұрықты атып түсіреді, үшіншісі оны жерге 
түсірмей қағып алады т.с.с. Тағы да оған таласады. 
“Қыз көрелік” романының көркемдік жүйесінің негізіне осындай 
жасанды синкретті сюжет әдейі таңдалады. Енді осы ертегі мен роман 
арасындағы идеялық сәйкестер мен өзгешелікті ажыратып көрелік. 
Ертегі сюжеті. Бір шалдың сұлу қызына үш жігіт келіп көңіл 
білдіреді. Үшеуі де қызға ұнайды. Қыз оларды сынау үшін маған 
сыйлық әкеліңдер деп жұмсайды. Олар сиқырлы айна, жәшік, бальзам


395 
табады. Сөйтсе, ғашық қыздары аяқ астынан дүниеден өтіпті. Оны 
айна арқылы көріп, жәшікпен ұшып жетіп, бальзам арқылы тірілтіп 
алады. 
Қыз олардың бірін таңдау үшін бір жыл уақыт сұрайды. Қыз кімді 
таңдамақ? Оқушы алдына осы сұрақ тартылады. Ертегі сюжеті осы. 
Т.Жомартбаев романының идеясы, фабуласы бұл сюжеттен 
өзгелеу. Қаламгер алдына ағартушы-демократтық мақсат қояды да 
роман көркем мазмұнын соған бағындырады. Бұл форма ертегі 
мазмұнын да айтарлықтай өзгертеді. Уақиғаға да, кейіпкерлерге де 
авторлық интенцияда (әрекетте) жаңа көзқарас, көп идея бар. 
Роман құрылымында ертегілік фабула мәні мотив түрінде ғана 
алынады деуге болады. Бірдей, ұқсас адамдардың бірдей қызметі 
арасынан мәндісі, маңыздысы туралы ойлану. Философиялық астары 
жан мен тән, рухани әлем мен сыртқы тірлік, байлыққа бағытталатын 
ізденістерге. Ойларға бастайды. 
Т.Жомартбаевтың ертегі мотивінде де жаңалық бар. Ертегідегі 
жігіттер – сұлу жігіттер. Айтушы оларды бірінен бірін бөлектемейді, 
сынамайды да. 
Т.Жомартбаев та жігіттер әрекеті, сөздері, ойлары ирониясы 
аралас юмормен жазылады. Заман өзгеріп жатқанда сұлу қыз іздеуден 
басқаны мұрат қылу түгіл, ойламаған надан жігіттер. Ертегіде жігіттер 
қызға ғажайып сыйлықтар іздейді. Т.Жомартбаев та адам ақыл-ойы, 
ғылымның соны жемісі, адамзатқа пайдасы мол нәрселер іздейді. 
Ертегіде 
қыз 
таңдау 
белгісіз. 
Ойлану 
оқушы 
үлесінде. 
Т.Жомартбаев та, сауатты, білімді Ғайынкамалдың кімді таңдайтыны 
белгілі. Зиялы Мұхаметқалиды романға сол үшін енгізеді. Демек, 
авторлық идея өзегінде “...Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, 
мінез деген нәрселермен озбақ. Одан басқа нәрселермен оздым ғой 
демектің бәрі де ақымақтық” – деген Абай ойлары бар. Романда 
Т.Жомартбаев осы идеяны көркем мазмұнға айналдырады. 
“Қыз көрелік” туралы пікір айтушыларды біраз ойға қалдырған 
мәселе ағартушы-демократтық идеясы айқын, терең мазмұны бар 
шығармада 
ертегі 
фабуласының 
пайдаланылуы, 
әрі 
оның 
Т.Жомартбаев романы құрылымының синтетикалық сипатын ғана 
танытпай, көркем мазмұнын да белгілеуі. 
Көркем мазмұн мен авторлық идея арасындағы қатынасты, 
байланыс пен айырманы жан-жақты тексеру қаламгер ізденістеріне 
талдау жасауға да мүмкіндік береді. Әрі бұл көптеген ірі шығармаларда 
кездесетін қыстырма бөлшектік (элементтік) эпизодтық тиісті қолданыс 
емес. Ірі шығармада шағын ертегіні мақсатты қолдану арқылы 
шығарма идеясын, авторлық ойды, көркемдікті күшейтуге қол 
жеткізген. Өкінішке орай, ХХ ғасыр басында қазақ прозасында қылаң 
берген бұл әдіс кейін өз қолдаушыларын таппағандықтан, авторының 


396 
оны жүйелі ізденіске, көрікті келісімге ұластыра алмауынан жалғасын 
таппай қалды. Ал өзге халықтар әдебиетінде ол қаншалықты қуатты
тәсілге 
айналғанын 
Г.Маркес, 
Ш.Айтматов 
т.б. 
қаламгерлер 
шығармалары дәлелдей алады. 
Қаламгер романында қыстырма ертегіні өзінше пайдаланады. 
Негізгі ертегілік мотивті сақтай отыра оның құрылымына реалды өмір 
көріністерін енгізеді. Мысалы, Берлин, Париж, Лондон тәрізді 
қалаларға барған жігіттердің сыйлық іздеу, жүріс-тұрысы, сөзі 
бейнеленеді. 
Ғайса 
байдың, 
Ғайынкамалдың 
биографиялық 
мәліметтері баяндалады. Әсіресе, Ғайынкамалдың зеректігі, Уфада 
оқуы, оның құрбылары, заман туралы ойлары айтылады. Романға 
Мұхаметқали бейнесі қосылады. 
“Қыз көрелік” романында шарттылық мол, тіпті роман сол 
шарттылыққа 
құрылады. 
Көркемдік 
жүйе 
өзегіндегі 
авторлық 
ағартушы-демократтық идеяны жеткізуші де осы шартты үлгі түр. 
Автордың мақсаты қазақ елінің көріністерін, түрлі әлеуметтік 
топтардың іс-әрекетін, мақсат-мүдделерін суреттеу емес. Автор 
мақсаты – оқыған қыздардың өз бостандығына жете алатынын айту 
ғана емес, адамнан адам артықшылығы – білімінде дейтін 
ағартушылық идея. Оған роман финалындағы эпилог тәрізді автор 
ойларының баяндалуы мысал бола алады. 
Алдымен осы романда автор қолданатын шартты құрамдас 
білімдерді (компоненттерді) іріктеп қаралық. 
Өмір мұратын сұлу қыз алу деп ойлайтын арқаның ірі бай, белді 
аталарының балалары. Дәулеттері де, атақ абыройлары да бірдей. 
Олар Ғайынкамалға бір күнде келіп құда түседі. 
Ғайынкамалдың тапсырмасы бойынша үш патшалық астанасына 
Лондон, Берлин, Парижге сапар шегеді. Үшеуі де бірдей ақша (5 
мыңнан) алып аттанады. Үшеуі де адам баласы енді ғана көрген, 
адамзатқа пайдасы зор ғажайып нәрселерді (бағалары да бірдей – үш 
мың) сыйлыққа алады. Олардың сыйлықтарының Ғайныкамал үшін 
пайдасы да бірдей болады. Алайда, түптеп келгенде Ғайынкамал 
оқыған, сауатты Мұхаметқалиды таңдайды. 
“Қыз көретін жігітті біз көрелік” деген шартты қою үшін бұл 
әрекетке бара алған қыздың өзіндік ерекше жағдайы болуға тиіс екені 
белгілі. Қазақ ортасында бұл құбылыс жоқ болмаса да тым сиректеу 
кездеседі. Қазақ қыздарының өздеріне жар таңдауы, сүйгеніне 
қосылуы тарихта болмаған іс емес, алайда Т.Жомартбаев романында 
мүлде шартты шешімге барады. 
Роман идеясы “Қыз көретін жігітті біз көрелік” деген ойдан 
бастала ма әлде “Адамнан адамның айырмасы білімінде” (Абай) 
дегенмен жалғаса ма, болмаса ертегі сюжетінен туындады ма, әйтеуір, 
осы үш түрткіге байланысы бары анық. Мәселе, осы идеяны 


397 
Т.Жомартбаев қалай көркем мазмұнға айналдырады. Ал Т.Жомартбаев 
романы көркем мазмұнының ерекшелігі өте көп. 
Ертегі сюжетінде қыздың кімді таңдайтыны айтылмайды және 
төртінші 
Мұхаметқали 
тәрізді 
кейіпкер 
жоқ. 
Мұхаметқали 
– 
Т.Жомартбаевтың ағартушылық-демократтық идеяларының жемісі. 
Романдағы басты тұлға – Ғайынкамал. Автор идеясының аясынан 
табылуы үшін оның сауатты, оқыған жан болу керек. Басына түскен 
қиын таңдаудан сүрінбей, абайлай өтіп өз теңіне қосылатын мүмкіндігі 
бар қалыпта алынуға тиіс. Сондықтан да ол оқыған – тоқығаны, 
көргені мол, сауатты, ақылды қыз ретінде алынады. Өзіне өмірлік серік 
етіп бай балаларын емес, оқыған, сауатты Мұхаметқалиды таңдайды. 
Бұл шығарма көркем мазмұнынан аңғарылатыны қосалқы ой ғана. 
Шығарма басында сюжетке құда түсуші бай балалары қосылғанға 
дейін, автор негізгі кейіпкерлерін оқушысына таныстырады. Мінез-
құлқы, портреті т.б. қосалқы жайларға дейін баяндалады. Мәселен, 
Ғайынкамал мен оның әкесіне, Жәкішке байланысты эпизодтарда қазақ 
қызының жай-күйіне қатысты қоғамдық мәні бар кейбір жайлар 
қозғалады. 
Уақиғаларға бай балалары араласқаннан бастап романда 
шарттылық көбейді. Автор баяндауында ойнақылық, ирония, юмор 
үдейді. Т.Жомартбаев осы кезден бастап Ғайса бейнесін де, 
Ғайынкамалды да, қазақ қоғамындағы саяси-әлеуметтік ахуалды да 
біртіндеп ашады. Талдаудан көркем бейнеге көшеді. 
Автор негізгі фабула ретінде алып отырған уақиғаға ертегі сюжеті 
қосылғанға дейін де романда шарттылық байқалады. Мысалы, қыз 
таңдаушы жігіттердің атақ дәрежелерінің де бірдей болуы, бір күнде 
құда түсу т.б. Автор олардың портретін, мінез-құлқын бейнелеуді 
мақсат қылмайды. 
Бақталас бай балаларына тапсырма бергеннен кейінгі уақиғалар 
да уақыт кеңістік өлшемдерінде оқушыдан сонша алыс көрінбейді. 
Мұның сыры да осы шарттылықта. 
Қыз таңдаушы серілер келіп құда түскенде билікті Ғайынкамал 
әкесіне береді. Мәпелеп өсірген, бетінен қақпаған әкесіне деген 
ақылды қыз құрметін қаламгер осылай көрсетеді. Алайда, әкесіне 
абайлай ескертеді. “Менің құным мал емес, теңімді тапса ғана бересің” 
деген сөздер артында салмақ та бар. Авторлық бұл шешімде әке-шеше 
алдынан өтпеген әдепті қазақ қызының психологиясы бар. 
Қызымды теңіне берем деген Ғайса да арқаның атақты 
байларының балалары келіп құда түсе қалғанда бірінен бірін таңдай 
алмай, таңдауды қызына ұсынады. Ғайса байдың жұмбақ әрекетінің 
сырын да автор көрсетеді. Егер олардың бірін таңдар болсам, қалған 
екеуі кектеніп жауласуы мүмкін деп ойлайды Ғайса. 


398 
Билікті бай балаларының өзіне бергенде де атақ пен ақша буына 
көкірегі өскен бай балаларының өзі біріне-бірі қимайтынын Ғайынкамал 
біліп отыр. Ақыры жар таңдау билігі айналып Ғайынкамалдың өзіне 
келеді. “Сіз мырзалар, таласпаңыздар, мен сіздерді біріңізді біріңізден 
артық деп есеп қылмаймын, маған үшеуіңіз де бірдейсіздер, бірақ мен 
сол кісіге тиемін, кімде кімнің ғылымы, білімі өзіммен бірдей болса 
және біріңіз мені қандай ғылыммен болсын, айтып жеңіп, я болмаса 
мен сұраған сөздерге жауап берсеңіздер?”. Бұл талапты оқыған бай 
балаларының орындай алмасын ол жақсы біліп отыр. Басқаны сатып 
алуға болса да, ақыл, білімді сатып алуы мүмкін емес. 
Роман соңында теңі Мұхаметқалиға қосылып, Семей қаласында 
қазақ жастарын оқытып жатқан Ғайынкамал туралы айта келе, 
Т.Жомартбаев өз мақсатын былай түйіндейді: “Басында ықтияры бар 
бақытты қыздар кімді сүйсе, өз басының қор болмас қамын ойлайды. 
Кіммен сүйіп өмір сүрсе, жақсы өмір сүреді, соны ойлап басында миы, 
көкірегінде ойы, санасы бар қыздар балияға толған соң өзінің теңін 
тауып алып, теңін біліп, өзіне қандай адам өмірлік болуға жарайды, 
соны талап қылып іздей бастайды”.
Қылмыс 
Қ.Шабданұлы 
“Қажығұмар Шабданұлы 1924 жылы бұрынғы Талдықорған 
облысы, Бөрлітөбе ауданының, Ақтоғай ауылында дүниеге келген. 
Отызыншы жылдардың аласапыранында ағайын-әулетімен, ауыл-
аймағымен Қытайға ірге аударады. Ол Шің Жан жазушылар одағын 
құрып, негізін салушылардың бірі. 
1957 жылы жазушыға “ұлтшыл” деген айып тағылып, Такламакан 
шөліндегі Тарым түрмесінде отырғызылады. Бұдан 1967 жылы қашып 
шығып, Ілеге келіп бой тасалайды. Бірақ, ұсталып қалып қайтадан 
қамалады. Түрмеден тек 1976 жылы ғана босап шығады. Содан, көп 
томдық 
“Қылмыс” 
романының 
циклін 
жазады... 
1986 
жылы 
Қажығұмарға “Кеңес Одағының шпионы” деген айып тағылып 20 
жылға сотталады” (“Қазақ әдебиеті”. 9 шілде, 1999 ж. № 28). 
Саналы ғұмырын тас қамауда өткізген, заман ықпалына 
бағынбайтын ұлтымыздың ақиық ақыны, заңғар жазушысы Қажекең 
“1942 жылы Үрімжі педагогикалық мектебіне оқуға келеді. 1944 жылы 
осы оқу орнында оқи жүріп, өлең жаза бастайды. 1951 жылдан бастап, 
алғашында одақ журналында істеп, кейін Шін Жаң әдебиет-
көркемөнер бірлестігінде жұмыс атқарады. Осы кезде “Біздің үй”, 
“Көктем”... жинағын, өлеңдерін бастырады. 1954 жылы “Бақыт 
жолында” атты повесін жариялайды. 1956 жылы орталық ұлттар 


399 
баспасында (Пекин) “Өлеңдер мен дастандар” деген жыр жинағы 
жарық көреді. Бұдан сырт, “Әңгіме адам образы жайында”, 
“Поэзиямыздың кенжеліктері” сын мақалалары шығады. Автор кейін 
келе прозаға ойысып, “Қылмыс” романын жазуға кіріседі (“Қазақ 
әдебиеті тарихынан таңдамалы үлгілер”, А.Кірішбаев. 2 том, Шін Жаң 
университеті баспасы). Қазір “Қылмыс” романының Қытайда екі кітабы 
баспадан шығып, үшіншісі жөргегінде “тұншықты”. 
Профессор 
Оразанбай 
Егеубаевтың 
айтуына 
қарағанда, 
табанының топырағын көзге сүртер қасиетті Қажекем кепілге 
шығыпты. Түрмеде де тегін жатпапты. “Қылмыстың” 6 кітабының, 
“Пана” романының, “Қанішер түс” повесінің соңғы нүктесін қойыпты. 
Енді осы толғағы ашты туындыларын талан-тараж етпей туған елде 
толық шығаруды армандайтын сияқты.
“Қылмыс” романының бірінші кітабы Шін Жаң халық баспасында 
(Үрімжі) 1982 жылы алғаш рет 15 мың таралыммен басылған. Екінші 
кітабы (жоғарыдағы айтылған баспада) 1985 жылы 20 мың 
таралыммен бірінші рет басылған. 
Кейіпкерлері: Биғабыл, Жаппар, Балпаң, Құрман, Бекназар, 
Құлназар, Байназар, Айсапа, Нұрсапа, Мейіз ана, Құйқа, Кенжесары, 
Нұржан, Мәрия, Сымайыл, Күмісжан, Рақым, Гүлжан (Күле апа), 
Қуандық, Бигелді, Биғазы, Биғадыл, Биғайша, Бижан, Байжұрқа, 
Жанқожа, Марқа, Есқазы, Мұқамеди, Мұқамәдиян (Мәдиян), Тәби, 
Көкитан, Майлы (Атытеріс), Әспет, Болтай, Қайныш, Минаж (Ноғай 
саудагер), Санапбай, Ақтай, Бүбіқан, Жанжүкен, Баянбай, Мамырқан, 
Камал, Шанақбай, Қабыкен, Мәкен, Қайысбек, Балбике, Жұмабек, 
Төреқан, Рақима, Омар, Бағила, Тіндай, Ілдай (Жангөдай солаңның 
балалары), Жамал, Зейнолла, Әлімжан қожа, Жебесін, Жебежан, Мұса, 
Бекбосын, Ғарифолла, Бекеш, Ақан, Жолдыбай, Шың Шысай (өлке 
бастығы), Жанас, Нәсиқан, Жәмила, Дәметкен (Дәмеш), Қанипа, 
Атабай, Нәбиолла, Керім (аудан әкімі), Құрышбек, Нұрасыл, Күнтуған, 
Қалым, 
Арыстанбек, 
Шәріпқан 
төре, 
Айтбек, 
Қапас 
балуан, 
Қыдырмолла, Дәулет, Мақат, Тынысқан, Құрман (Қоңыз), Елсадық, 
Есімқан үкірдай, Сүлеймен батыр, Оспан мерген (батыр), Ғарыпбек, 
Жарбол, Әділбек, Кәкімбай (Кәкім), Кеңесжан, Бағдарқан, Құрышбек, 
Ерсұлтан, Сәду, Оралқан, Тілеуқан, Алмен, Сәдуақас, Қуат, Халима, 
Ынтықбай, Салық, Өмірбек, Бексапа, Шақан, Қабен, Серәлі, Омарқан, 
Асылқан, Әмірқан, Әшім, Исүп Қасым (ұйғыр оқушы), Таңжарық ақын, 
Әбдікерім ақын, Асылбай, Түгелбай, Момынбай, Нұрия, Күлан, 
Дәлелқан Сүгірбайұлы, Ақай, Сұлубай, Бүркітбай, Сәбит, Репқат, 
Қалибек, Камен, Әбдіғұпыр (ұйғыр тыңшы), Мақай, Исқан, Қабдолла... 
“Қылмыс” романы ХХ ғасырдың басынан бастау алған ұланғайыр 
қазақ даласын “Темір ноқта”, “Қайыс ноқта” аталған екі зорекер ел ала 


400 
сызықпен бөлген екі бетте жасаған киіз туырдықты қоңырқай 
халықтың сергелдең өмірінен сыр шертеді. 
Романның әлқисасы “Құдыретті “Тергеушім”, өтірік қоссам тас 
төбемнен ұрыңыз! 
Атым – Биғабыл, әкем – Жаппар ғой. Жаппардың әкесінің әкесі – 
Балпаң деген кісі, алыпсоғар би де азулы бай болған екен...” – деп 
басталады. Қыбырлаған қимыл, әр істеген істері “Қылмысқа” баланып, 
оны құдыретті “Тергеушіге” қадағалап тапсырумен, жіліктелген 
тараулардың шиелі түйіні шешіліп отырады. 
Балпаңнан тараған қасқырдай төрт ұлдың тұңғышы Құрман 
болыпты. Ол қойдан қоңыр мінезімен қоңыр күйлі домбырашы екен де 
ерте үйленіп еншіге берген аз малын серілік құрып құтайта алмай, 
ақыры бай інілеріне жалбарынды жалшылыққа тұрыпты. Осылай көген 
көзденіп жүріп бірде түйеден құлап, мерт болыпты да қырық жасты 
қанағат етіп, қараңғы дүниеге кетіп “Қылмыстан” құлан таза 
құтылыпты. Мирасқа қалған “Қалың” малы “жетісі” мен “қырқынан” 
аспай құрыпты. Оның ошақтың бұтындай қызыл борбай үш ұлы 
бесіктен белі шықпай жатып-ақ “Қылмысқа” кіріптар болыпты. 
Атаманы – Жаппар кіші әкелерінің қой қора төбесіндегі бұта- 
шырпыларды шөкімдеп ұрлап, қырық шоқпыт етіп, пешке өртеп 
таусыпты. Отты аяғымен көсеп жіберіп “Апа, насыбайым тоңып кетті!” 
– дейтін көрінеді. Жесір ананың өмірі үшін, дүниеде жас жетімдердей 
жауыз қылмыскер жаралмаған болса керек. Мейіз ана өзінің иесіз 
үйінің жұмысын тастай салып, бай қайындарынан еріксіз көмек сұрауға 
кетеді екен. Осы азын-аулақ “көмектің” ақыры оны күңдікке 
айналдырыпты. Ақ шұнақ аяздың шақылдап тұрған бір кешінде түйе 
тайлы мұзға қарамай, тал тоқып шегенделген таяз құдықтан су ала 
беріп, ажал түртіп абайсызда күп беріпті. Сөйтіп, өз құрсағынан 
шыққан балаларын зар қақсатып, ләм демей, рақымсыз, ызғарлы 
күйінде, кішкентайларын есіркемей, тым болмаса, маңдайларынан 
ақтық бір рет сипамай, бір жымимай тас болып қатып, панасыз иен 
құмға тастап мәңгілікке көз жұмыпты. Қорғансыз қалған үш жетімді 
қолдарынан жетелеп үш әкесі үш жаққа әкетіпті. Бай үйлері өз 
үйлерінен де кедей, өз үйлерінен де суық, өз лашықтарынан айтуға 
тіпті тіл жетпестей тар сезіліпті. Бірін-бірі іздеп тұра-тұра қашысады 
екен. Ағалы-інілердің өзара аңсауынан туған бұл “қылмыстарын” кіші 
апалары мықтап жазалап, онысын көлденең көзден жасырып, 
жасырын істепті. Мұндай епті таяққа епсіз бақырудың керегі қанша, 
еппен ғана жылап айырылысып жүріпті. Дегенмен, күндер өте 
қылмысқа әбден кәніккен қулар ересек тартқан сайын көбірек көрісіп, 
“қылмысқа” да көбірек бататын болыпты. Жазалауға үлгіртпей, үйден 
қашып “әке-шешесінің” ашуы басылғанша дала кезетінді тауыпты. 


401 
Мұндай ытқу жиілей берген соң, кіші әкесі Бекназар “шүйке бас” 
әперіп, Жаппардың кезеген аяғын оңдырмай тұсауды ойлапты. 
Қазақтың ру-бұтақ қуалап танысатын қарапайым қаншылдық 
әдеті бар-ау, бірақ, соны ру төрелері ірткіш уға айналдырғалы қашан. 
Сол рушылдық уы сүйегіне сіңе уланып, өзара ырылдасумен өткен 
қазақтан көп ұрылған халық жоқ-ақ шығар! Жұңғар хандығынан жүз 
жылдап жеген ұмытылмас соққылар тек сол рудың – сол рушылдықтың 
ғана кесірі емес пе. Бекназар да сол уды мәпелеушілердің бірі екен. 
Ірге күшке салып, момын кедей ауылды малға даумен жығып, жеңістің 
соңын түлкі еппен құдалыққа айналдырып, 12 жасар Күмісжанды 
Атаманға атастырыпты. Қасқыр боп келіп түлкіге, түлкі боп келіп 
қасқырға айналып кететін қулықпен құдаласып, көп ұзамай құл 
байлайтын “қазық” болып Сымайылдың қызы Жаппарға ұзатылыпты. 
Жасынан жұмыстың ауырын көріп, азаптың соққысын тартқан 
Күмісжан еңбекқұмар, пысық келін болатын. Осы қасиетімен кісі 
менсінбейтін Кенжесарыға да жағыпты. Жын қуып кетпеу үшін 
Нұрсапаны да үйлендіріпті. Сорлыға сойыл бұрын тиетіні белгілі ғой, 
асыл жарының қызығына қанбай-ақ солдатқа алыныпты. Содан үш 
жыл бойы жер қазды ма, жоқ ақ патшаның көрін қазды ма, әйтеуір, 
аман-сау ауылға келеді де “кебін” киісі орысша болғандықтан “жетім 
орыс” атаныпты. Нұкең кейде еріккенде шойын сағатына бағындырып 
намазға 
жығылғандарды 
ашықтырып 
ойнапты. 
Жаусыраған 
жегжаттары қансыздығын айтып шапқа түрткенде “қан жоқ болса, қан 
ішкізетінбедіңдер! Дейтін көрінеді. Осындай алақұйындығымен мықты 
қазыққа да байланбай, дайын асқа тік қасық болмай, күйеусіз келген 
келінді қайтарып жіберу қылмысын өткізіпті. “Ақ батаны бұзған” күнәсі 
үшін, қылмыстың “ақ” жазасын алып, оған оба қосылып құсадан опат 
болыпты. Сонда да Құрман әулетінің тұқымы шыр айналдырған қырсық 
шырмауынан құтыла алмапты. “Шала болып қалды” дегендей оңбаған 
оба тағы бірнешеудің нәзік жандарын жалмапты. Осы тұқымнан 
жалғыз құлазып қалған Жаппар қырсыққа қатты ызаланыпты да 
бұтартарын мініп, енді оны өзі іздейтін болыпты. Ұрынарға қара 
таппаған қылмыскер бейкүнә қыз-келіншектерге қырғидай тиіпті. 
Сөйтіп, желауыздардан “жынды Жаппар” атаныпты. Мезгілі жетті ме, 
Мәдиян дейтін қызды алып, қайтадан үйлі-баранды болған соң, қырсық 
іздеуден пышақкесті тиылыпты. “Би” мен аталатын бес баланың атасы 
болып, “жыны қағылыпты”. 
Биғабыл анда-санда зәрулігі болмаса сөйлемейтін болғандықтан, 
айналасындағылар оны “Мылқау” десіпті. Бірақ, ішінде бәрі сайрап 
тұрады екен. Бір кесім етке зар болған етбауыр туыстары Жаппардан 
ырымдап бала сұрағанда басқасынан “Мылқаудың” базары жүріпті. 
Өкіл әке-шешелері оның бал тілін қызықтап, әр түрлі талаптар қойса 
да шамасынша бәрін орындауға тырысыпты. Алайда, “маған бала 


402 
болсаң, Жаппарды боқта. Мәдиянды тілде!” дейтін қайрап салуға 
келгенде “ішмерездігіне” басып, қасарысады екен де қысағанда 
қыстығып жылайтын көрінеді. Тіпті, тамаққа шақырса бармай, тіс 
айқастырмайтынды 
тауыпты. 
Осылайша 
“Әдепті” 
баладан 
ши 
шығыпты, бірнеше үйге барса да байыздамай, кесірлі басы қылмысқа 
тартуын қоймапты. 
Жаппар жиған тері-терсегін базарлай жүріп, қаладағылармен үйір 
айқастырыпты. Өзін қызылдар жүргізген сайқал саясаттың ұшығы да 
шалыпты. Оған ауылдың әпербақан шолақ белсенділері түрткі 
болыпты. Жылы орнын сол сойқандар түртпектеп суытыпты. “Ленин”, 
“Сталин”, “Жаппар”, “Құмар” – деп қара танып келе жатқан 
Биғабылдың шала сауаты ашылмай жер аударылыпты. Бұл кездегі 
“қайыс ноқтаның” халі де тым мәз емес екен. Шәушекте бұлар сияқты 
қашқындар қара қарғадай қаптапты. Аттап басқан жерде қарақшылық, 
зорлық-зомбылық, жұмыссыздық, ашаршылықтың соңы адам сатуға 
дейін барыпты. Осындай жантүршігерліктен жүрегіне жүк түскен 
қашқындар бұрын-соңдысы жиналып үйірімен қатыгез қаладан 
қашықтапты. Қайда барса да Қорыттың көрі екендігін іштерінен сезіп, 
құдайдың басқа салмағын көруге мойындарын ұсыныпты. Жаппар 
тәуып болып, ел ақтап ем жүргізіп, қоралы жанның қамын күйттепті. 
Жаппар кез-келген несібесін қаңбақша кезіп жүріп заузатыман 
тере беріпті, күйі төмендегенде табылған малдың қанын қайнатып 
неме қуырып, қолы жетсе ұнның кебегін қанмен илеп, қалаш жасап 
жепті. Аңқаулығымен қолындағы асылынан да айырылып соры қайнап 
жүріпті. Қашанда жұт жеті ағайындылығын қойған ба. Жұттан қалған 
адамның өзіде, көзі де жұт сияқты. Бүйірі толып ас ішу бір бұлыңғыр 
арман болыпты. Жәкеңнің құйрығы дөрбілжінге келгенде қоныс 
тауыпты. Туыс-жегжаттарымен табысып, тамырын тереңдетсе керек. 
Тұрмыс деген – күрес қой. Күреспесең күн көре алмайсың! Тұрмыс-
тіршілік үшін лазу. Биғабыл осы жерде мектеп табалдырығын аттапты. 
Бұрынғы күнәсі кілең көр көкіректікпен істелсе, енді осы жерден 
қылмыстың көкесін оқу арқылы танытуға таған қалапты. Диуана 
жүрегін де қылмысқа толтыра іштей ерегесіп, сынбайтын құйтырқы 
мінезді қалыптастыра бастапты. 
Билік басына жаңа өкімет келсе де қорқау қашанда қорқаулығын 
қойған ба! Қараңғы елдің сорпа бетіне шығар көзі ашық атқа 
мінерлерін “Құрылтайға шақырумен” құрдымға жіберетін қара науқан 
шығыпты. Содан, ел деп еңіреп туған есіл ерлер темір торға 
тұтқындалыпты. “Қылмыстары” үшін үрпіне қыздырылған сым темір 
жүгірту, тырнақ көбесіне қамыс тығу, шегеге жалаң аяқ тұрғызу, әйнек 
қиыршығына тізерлету, бармағынан байлап аспаққа асу, иегінен 
қармақ іліп салақтату, “тәнкі тергеу”, “самолет тергеу”, көзін электр 
тогімен суыру, қапқа салып тірідей көму сияқты адам қинаудың ең 


403 
“асыл” ғылымдарын қолданып тиісті сыбағаларын беріпті. Бұл 
көргіліктен таңдайынан шаң шыққан сұңғыла ақын Таңжарық ғана “... 
Айтып кет балаңның баласына!” – деп іш кернеуін басыпты. Ал 
Алтайдың ақиығы, ақсақ қаблан – “надан” Оспан ғана осы 
“Құрылтайға” қатынаспай, құзырлы өкіметтің мысын әбден құрытып, 
кегін қайнатыпты. Аспандағы бұлтты үйіретін жәреуке тілге 
“Адалдығымды атам да біледі!” – дегендей көнбеске керек. Бұған 
“Апам да аң-таң, мен де аң-таң” – десіп ұзақтай шулап, аңқау елдің есі 
шығыпты. Мұндай аудың аумағы ұлғайып, мектеп оқушыларына дейін 
барыпты. Ес білген ересек оқушылар торға ілініпті де шабақтары 
сүзгіден қалып, өз суында - өз мектебінде қала беріпті. Бұл боран үдей 
беріпті, үдеген сайын басынан бақайшағына дейін қылмысқа толған 
Биғабыл егесе түсіпті. Егескен сайын бекіп, бекіген сайын күшейе 
беріпті. Осылайша, алғашқы “Қылмыс” дүниеге келіпті. 
“Құдыретті “тергеушім”, өтірік қоссам тас төбемнен ұрыңыз!” – 
деп басталыпты, тұңғыштың өкшесін басқан “Қылмыс”. 
Аудан қалған шабақтардың өзі қырық темірдің қылауы екен. 
Сыныптағы өзара түсінбестік, ала көз бәсеке, рушылдық, жершілдік 
үлкен жікшілдікке айнала бастапты. Сол сойқанды шапқа түртіп, 
ақыраңдаған өштікке айналдырған ала бүлік тағы да Биғабыл 
болыпты. 
Аумалы-төкпелі аласапыран жағдайда әке-шешесін. Оларды 
азырқанғандай қарындас-бауырларына дейін жалшы еткен ол 
қылмысты оқуын үдете беріпті. Құныққаны сонша қытайдың оқуына 
мұрнын шүйіріп, қалтарыста Советтің кітаптарын оқып көз аясын 
қылмыспен кеңейтсе керек. От осыдан шығыпты. Өртке май құйған ала 
құйын ұйтқыма Биғабыл екен. Ал қытай мұғалімдер “түрт шайтан түрт, 
біріңнің еттеріңді бірің жеңдер” – деп, жымысқы күлкімен жанай 
қамшылап, әдейі шектеусіз, тізгінсіз қоя беріпті. Оларға керегі құрттай 
қылмыскерлердің арасын аша түсу, бес саусақты барбитып, қылмысты 
жұдырықтарын 
түйгізбеу 
екен. 
Алтыбақан 
алауыздықтарын 
араларындағы қылмыскерлерді аямай әшкерлеген ашық-жарқын, ақ 
көңілділікке балап, бұл рухтары бүкіл мектепке үлгі болатындықтарын 
айтып, қылмысты арқаларынан қағыпты. Нағыз отан қайраткерлері 
өздерінен шығатындықтарына зор сенім артатындықтарын білдіріпті, 
құдыретті ағартушылары. Темірдей тәртіп орнатыпты. Отаншылдыққа 
баулу үшін қылмыстыларды қаздай тізіп, қытайдың туын ертелі-кеш 
шығарып-түсіріп тұруды күнтәртіпке енгізіпті. Саяси сақтықты күшейту 
мақсатында сақшы орындарымен селбесіп, оқушылар арасынан тыңшы 
қабылдапты. Оның бірі болғанда, бірегейі Камен болыпты. Бетпақ 
берекесіздіктен пайдаланып, бірінде жоқты біріне тапқызып, жан жерін 
тауып қапқызып, бірінің қылмысын біріне жұлып алып, бірінің сөзінен 
бірін іліп алып, бірін бүркіт, бірін тазы етіп баптап салуда алдына жан 


404 
салмайтын құлан аяқтардың барыны күн санап молайыпты. 
Араздастыру – бірінің үстінен біріне шағым айтқызудың, көрсеткізудің 
амалы екен де ол өздеріне сылтау табу үшін керек болыпты. Тәртіп 
бөліміндегілер қаңтардағы жынын жеген бурадай болып, айбаттарынан 
ай жасырыныпты. Айналасына ызғар шашыпты. Тоң мойын, азулы 
қылмыстыларды күшке басып иманын үйіртіпті. Аюға намаз үйреткен 
таяқ екенін де естеріне түсіріпті. Не қылмадың демейтін көрінеді, 
отырса опақ, тұрса сопақ болып талай қылмыстылар күйісінен 
жаңылыпты. Кейбірі көлеңкесінен қорқыпты, оған басы қазандай сұрау 
белгісін қоюдың қажеті қанша! Аттап басқанның бәрі қылмыс, қылмыс 
деген жыртылып-айырылады, ұрынарға қара таппай сабырылысатын 
сияқты. Осынша түп-тұқыянды қазбалап қуарлаудың түп мақсаты 
оқудан қуу болса керек. Естір құлақты жауыр еткен жарапазаны: 
“Қытайдан асқан парасатты халық жоқ. Конфуций ғылымынан зор 
ғылым болмайды, ол бүкіл жер шарына нұрын шашып, адамзатқа 
адамгершілік-адалдық, рақымдылық үйретеді”. Мұнысы сол ғұламаның 
қараңғы құлшылдық тәліміне байланда жат дегені екен. Сондай 
сайқалдықты кезінде Англия да көп жүргізіпті. Өзі тартпайтын 
Опиумды қытайға тартқызыпты, өзі сенбейтін будда дінін Индияда 
күшейтіпті. Мақсаты – осы екі елді уландыру, солай әлсіретіп, құлдана 
бермек, үстемдігін мәңгі сақтамақ болыпты. Қытай мен Советтің 
емшегін тел емген қадалған жерінен қан алатын қасарыспа 
қылмыстылар кейде дүниенің сөзін сөйлейтін болыпты. Көздері 
маймылдың көздеріндей қызарып, әр түрлі философиямен торғай 
миларын ашытып, қасат дауларды қуып, қызыл кеңірдесетін көрінеді. 
Құдайдың бар-жоғынан басталып, адамзаттың шыққан тегіне дейін 
барысып, ақыры “ол кімнен туды, оны кім жаратты, дербес құқықты 
айғыр кім?” – дейтін ұшы-қиыры жоқ сұраулармен жақтары тозады 
екен. 
Мектеп сахнасының жұтынып тұрған тазалығы шамалы болыпты. 
Бір жексенбілікте жүрегі қарайған оқушыларды қызылсыратпаққа өзін 
құрбан еткен қаптесер тамақтан табылыпты. Кірпияз қылмыстылар 
көздері қанталап, жас аққанша лоқсыпты. Осыдан шұрқанды шу 
көтеріліпті. “Даудың басы Дайрабайдың қара ешкісі” – дегендей, 
“дүниежүзілік соғысты” бұрқ еткізген көрінде өкіргір тышқан екен. 
Ұйғыр сабақтастар етжеңді қытай аспазды май құлақтан сүйреп әкеліп, 
бітеу тартқан сыбағасын бітік көзіне сүртіпті. Қан қыздырмай тұрсын 
ба, қытай оқушылар да білектерін сыбанып додаға түсіпті. Ұлы дүбір 
күшейгені сонша парта-орындықтар мен ыдыс-аяқтар да шайқасқа 
қатынасыпты. Арашаға оқу орнының басшылары араласып әзер 
тоқтатыпты. Көп өтпей, осы ұлттық қозғалысты қоздырушылар 
тергеуге тартылыпты. Ең алдымен топырағы жеңіл “көреген” 
қылмысты қалмақ іліпті. Қанға тартқан тағы бірнеше жемтіктесі 


405 
“бөріктінің намысы бір” дегендей, қосаққа ілесіп жазаға сұраныпты. 
Қоқайды көрсетіп, қанша қуса да кетпей қойыпты. Бұл ұялы 
қылмыстыларды апанымен құрту май өкшелеріне зиян екенін білген 
ақылды басшылар тезге салуды аяқсыз қалдырып, сабаларына түсіпті. 
Жайылысы бір болғанымен жусауы басқа қос топ қылмыстылар 
ызғарларын ішіне жұтып, қан майданнан күрең қабақ тарқасыпты. Бөрі 
келсе біріккенімен бейбіт күндегі беймаза берекесіздік, күншілдіктің 
күлге көмілген жылан көз шоғы өшпепті. Бұған көрік болған Камен 
түртінді, тіміскі тыңшылығын тағы қолға алыпты. Ұзақтыкүн Биғабылды 
бүйірлеуі тегін болмапты. Өз қауымында бір ауыздылықтың ұйтқысы 
болған Атаманның барлық қылмысқа дабылшы екенін әлде қашан 
білген сияқты. Түлкі қулықпен жіпселеп, қара күйе қылмыстыдан ұшық 
іздеп, індетіп қазбалапты. Бірақ, “Қорқақтың көзі көп” – дегендей, 
алаяғың да алпыс айласымен қақпан баспай жүріпті. Солай болса да 
Камен жемір сиырдай жалаңдауын қоймапты. Сәті түскен бір кезде 
Биғабылдар оның құйрығын қарға шаншып, аузын оңдырмай қарыпты. 
Оған себеп Каменнің Нүрияға жазған ғашық қоқай хатын өз басына 
шоқпар етіп сілтеп, ерін мойнын кетіріпті. Сөйтіп, “Тасыған 
төгілетіндігін” ұқтырыпты. 
“Мылқау” құрттай болғанымен құлағы ұзын қылмысты екен. Бірде 
Үрімжі түрмесінен қашқан Дәлелқан Сүгірбайұлы Моңғолияға барып, 
қару-жарақ алып Оспан батырға қосылыпты деп естісе: “Бірде 
құлжадағы ұлттық партизандар күшейіп, Шәушекке дейін шөп жайып, 
киелі жерді “Сараяқтардан” (Қытайлардан) азат етіпті деп көзіне нұр 
құйылатын болыпты. Жеті қабат жер астындағыны еститін бұл 
саққұлақ қылмыскердің сандырағы бағзыда бұлт кетпей, шынға шығып 
жүріпті. Ой мен қырдан жиналған Биғабыл білетін бейбітшілікті 
көксеген даланың асау, жалаңаш кеуде батырлары Үрімжіге де қара 
бұлт қаптатыпты. Үрейленген өкімет ордадан тартып, оқу орындарына 
дейін сақтық шараларын қаурыт жүргізіп, темірдей тәртіп орнатыпты. 
Жау жаныңда дегендей қытай оқушыларды мұздай қаруландырып, 
ұлттықтарға қарауылға қойыпты. Олардың өзара қатынасуына да тиым 
салыпты. Аты шулы Биғабылдың қылмысты тобын табалдырықтан 
аттап бастырмай, үш күн үйлерінде дәреттендіріп қорлапты. Осындай 
си-сыбағалардан 
естерін 
жиған 
алтыбақан 
алауыз 
кесірлі 
қылмыстылар енді бір-бірімен ауыз жаласып, тонның ішкі бауындай 
болыпты. Өз қолдарымен от көсемеуге, өз қандарын өздері ішпеуге, 
бірін-бірі сатпауға қасам ішіпті де жұдырықтай жұмылыпты. Құдай 
тәубасына келген қырқы бір жақ болыпты да қыңыры Камен бір жақ 
болып, қарғыбау иелеріне өндіріп еңбек ете алмай еңсесі езіліп, сүйкімі 
сұйылыпты. 
Үлкен қылмыстылар бас қаланы бір қусыруында қатты қусырып 
кейін қарымы жетпеді ме, жоқ әлде белгісі бір көлденең әзезілдік 


406 
болды ма, болмаса бас көтерер алып бастар қырқылып, қайта бас 
көтерер бас болмады ма, әйтеуір, тебіні босап, кең даланы тебіренткен 
қасиетті үндері өшіп, бара-бара мүлдем естілмейтіндей болыпты. 
Қаланы қара қарғалар қаптап, сайын сахараны құзғынның құйқаны 
шымырлатар құңқылы басыпты. Құдай қалғып отырғанда ыбылыс-
шайтандар үстемдік етті ме, кішкентай қылмыстылар “Адамзатқа 
рақымшылық 
қағидасын 
үйретуші 
әулие 
ұстаз” 
Конфуцийдің 
тағылымына дымдарын тісінің арасынан ытқытып, қолдарын бірақ 
сілтеп қасиетті білім ордаларын тәрік етіп, жарық күнде жай 
түскендей, қылмыстың көкесін көрсетіпті. Жолшыбай “ақыл анасы - 
қиыншылықтың” талайын көріп, көзеулі жерлеріне жете қабыл көкейді 
тескен көп арман көктей қиылып, қылмысты қыл мойындары құрыққа 
қайта ілініпті. Өз қолыңды өзің шайнайсың ба! Даланың даңғой, 
алкеуде ағаларының бірі обалдарына қалып, “жіліктің майлы басын” 
мүжіпті. Нар қылмыстары үшін “... Айтып кет балаңның баласына!” – 
дейтіндей, о дүниенің есігін ашып-жаптырған жазаның сыбағасын 
алып, құлын жеген биенің құйрығындай болыпты, күреске тоймайтын 
қылмыскерлер. Су ішерліктерінен бе, шұғылалы өмірлерінен үкілі 
үміттерін үзбей алтын қазықтарына қайта оралып, қалғандарымен 
қойдай шуласып табысыпты. Бұл шұрайлы мекенде де өзгерген 
ештеме жоқ, көшкен жұрттай жүдеу күйінде екен. Бұған теңдессіз сұлу 
жары – ай маңдай, от кірпік Нұрияның аянышты қазасын қоссаң, түсік 
тастағандай Биғабылдың жүнжіген құр сүлдесін елестету онша қиын 
болмапты. Қанша дегенмен мың өліп, мың тірілген қазақтың қиқымы 
ғой, қабырғалы қазаға қайыспай, қайтадан дүр сілкініп қайраттана 
түсіпті. Еңсесін тік ұстап келе жатқан бір күні Құңқызылардың 
(Қытайлардың) құрық бойламайтын қулығына куә болыпты да 
тұншаланған шындыққа жаны шырқырап айғайлай шығып, айықпас 
қылмысқа тағы батыпты. Бұл бұлалығының дәурені өткендігіне енді 
көзі жетіп, жасырынған жансыздардың қанды шеңгеліне ілікпей, ақыры 
қан сасыған қаладан қылмысты басын қорғалап, Қуат досымен қол 
ұстасып қашуға тырысыпты. Ұзақ жолға кетіп бара жатып, артына 
қайырыла қарағанда кеңсірігі ашып, қылмысты көзі бұлдырапты. 
Атанжілік жолсерігі шибиген саусақтарын уатардай езгілеп: “Сен өзің 
мына қалпыңда сау қалмассың, шырақ, жассың ғой, нербіден сақтан!... 
Өзіңді мықты ұста, мықты ұста!...” – деп сүйеу ақыл айтыпты. 
“Өзін мықты ұстап”, көкірегін кере, нық адым басумен қылмысты 
Биғабыл алда не күткені белгісіз буалдыр беталысына кете беріпті. 
Осылайша, толғағы ашты “Қылмыстың” ізбасар кітабы жарық дүниенің 
есігін ашыпты. 


407 
М 
Махамбеттің жебесі 
Ә.Әлімжанов 
Құпия сырларға бай халықтардың тарихи тәжірибесі болашақ 
ұрпақтар үшін үлкен ғибрат. Сондықтан да тарихты күнгейі мен 
көлеңкесін қоса алып, шын болмысты шынайы танытуға ұмтылу шарт. 
Қазақстан жазушыларының жеткілікті дәрежеде көркемдік шежіресі 
жасалмаған қайсыбір тарихи дәуірлерге жіті үңілуінде терең 
заңдылық жатыр, “Махамбеттің жебесі” романында Әнуар Әлімжанов 
ақын мен халықтың қайғылы тағдырына кездейсоқ тоқталмайды. 
Ақынды сол бір құлшыныс күреске шығарған нендей объективті және 
субъективті себептер? Бұдан бір жарым ғасырға жуық уақыт бұрын 
өмір сүрген ақын мен халық ерлігінің ақиқат мәні неде? Қаламгерді 
толғандырған негізгі жәйіттер осы екі мәселенің төңірегінен табылуға 
тиіс. 
Біздің 
міндетіміз 
осынау 
қоғамдық-саяси 
маңызы 
зор 
проблеманың идеялық-эстетикалық шешімін табу жолында жазушы 
пайдаланған көркемдік құрал мен тәсілдердің дәуір тынысын толымды 
суреттеуге жұмсалған күш-қуатын, қыры-сырын ашу болмақшы. 
Сонымен біздің көз алдымызға – ХІХ ғасырдың бірінші 
жартысындағы Бөкей (ішкі) ордасының әлеуметтік шындығы келеді. 
Сол кезеңдегі қазақ даласы үшін феодализм деген не еді? Ол, 
біріншіден, патшалық Ресей тарапынан отаршылық саясаттың күшеюі, 
екіншіден, жергілікті феодалдардың еңбекші бұқараны аяусыз қанау 
нәтижесінде баю үстіне байи түсуі еді. Романда осы мезгілге тән 
тенденциялық сипаттарды жақсы аңғартатын сәтті эпизодтар мен 
детальдар баршылық. “Әскери азулы атамандар біздің жерімізді бейне 
қансоқталы қой өлімтігіне айналдырған: генералдар, офицерлер, хан 
мен қожаға сол жемтіктің майлы сүбесі мен кемік басты жілігі тиеді де; 
қара халыққа мүжілген қу сүйек қана қалған. Егіндік жер мен жайылым 
жұлмаланған терідей. Жәңгір хан қазақты ақсүйек пен қара деп екі 
жік, екі тапқа бөліп бітті”, - деп ашына айтқан ащы сөздерді біз Исатай 
батырдың аузынан естиміз. Жәбір көріп, жапа шеккен жарлылардың 
қайғысына күйінген Исатай хан сарайын тастап шығарда Бекмұхамет 
сұлтанмен егес сала сөйлейді. “Қан майданда бетпе-бет кездесетін, 
белдесетін күн бар алда!” – деп ашық ызасын білдіреді. 
Әлеуметтік тұрғыдан теңсіз қоғамдағы өз орны туралы тұңғыш 
рет ой толғаған жас ақын жанындағы телегей тоқыныс сәттерін 
Ә.Әлімжанов нанымды көрсете білген. Халқының қасіретін сергек 
жүрегімен егіле сезінетін ақынның ояну, түлеу шақтары нағыз өмір 


408 
шындығымен бетпе-бет келіп көз жеткізгенде басталды. Автор осы бір 
психологиялық нюансқа ерекше көңіл бөледі. 
Исатай сөздерінің туралығын Махамбет өз көзімен көреді. Шекті 
ауылымен кездесу эпизодында кейіпкер тізе батып, қорланған 
жандардың адам аярлық аш өзек жүдеу жоқшылығын байқайды. 
“Көрініс сұмдық еді... Қалтыраумен күн кешкен жылаулар өңшең. 
Аттылы көрсе қаза шығарғаннан бетер шошынатын. Ешкіммен 
ұшыраспас үшін табан асты жолдан шыға босатын”. 
Қай жерде болмасын, ақынның көретіні – еңіреу мен езілу, жылау 
мен жұтаң тіршілік. 
Жәңгір 
мен оның одақтастарының 
қуғынан жасырынып, 
Махамбет досы Жантаспен бірге Кіші жүзді екіге бөлген шекарадан 
асып шықса да жанға сая тыныш өмірге жете алмайды. 
“Ақын дәуір сырын жүрек түбіне тұндырып барып саф маржан 
сөзге айналдырады” – деген еді осы романның авторы. Әлімжанов 
шығармасында тарих толқынындағы творчество адамының айтылмыш 
табиғатын түсіну нышандары жарқын елес тастайды. Романда 
суреттелетін бар оқиға, құбылыс ақын қабылдауы арқылы немесе 
Махамбет өмірімен тығыз байланыста көрініс береді. Айналасындағы 
өзгерістер үшін өзін жауапты сезінетін қаһарман характеріне олар 
әрқашан тиімді әсер етіп отырады. Сондықтан да жазушы трактовкасы 
бойынша Махамбет мінезі күшті де шыңдалған боп, әрі ойлы-қырлы 
боп шығады. Қысқа өмірінде Махамбет көпті басынан кешірген: кезінде 
Бөкей Ордасының күміс көмей, жез таңдай ақыны атанды, хан жақын 
тартып, бауырына басты, бірақ, кейіннен “қарадан” туған өнерпаз өз 
орны мұңы бір, күйі бір, ұрандап соғар жалынды жырларын 
жүректерімен ұғатын қандас бауырлары – жұпыны, жүдеу еңбекші 
халық ортасында екенін білді. Махамбет поэзиясы хан, сұлтан мен 
байларға емес, қалың бұқараға керек еді. Өмірінің соңына дейін ақын 
таңдаған жолына, халқына адалдығын сақтап кетті. 
Шығармаға ірі тарихи тұлғаны арқау қылған автор бірінші кезекте 
кейіпкердің біз оны, дәл мағынасымен айтқанда, тарихи тұлға деп 
санауымызға мүмкіндік беретін кесек әрекеттерін әсіресе бөліп 
көрсетеді. Жазушы үшін батыр азамат атқарған тарихи іс, ол жасаған
ерекше екшеулі ерліктің терең мәнді сипаты бар. 
Махамбет ең алдымен өмірде кешкен ірі-ірі оқиға, іс-қылығымен 
тартымды. 
Сондықтан 
да 
Ә.Әлімжанов 
кейіпкерінің 
тарихи 
қайраткерлікпен көп қырлы, өрісі кең байланысын “кең көлемде” алуға 
тырысады. Қаламгердің ақыл-ой, адамгершілік күш-жігерін тарихи мәні 
мейлінше толық әрі анық көрінетін жағдайларға бағыттап жұмылдыра 
білген азамат ақынды бейнелеуге ұмтылуы да осыдан. 
Бөкей ордасының әлеуметтік шындығы еңбекші бұқараның 
Жәңгір хан бастаған бай, сұлтандарға жалынышты күйін күшейте түсті. 


409 
Мұндай жер табандаған кіріптар тәуелділік көшпенділердің рухына сай 
емес еді. “Қазақ тым еркін ерке халық. Қойшысына дейін аш жүрсе де 
арын жоймаған. Маңдайымыздың бес батпан соры мен жылтырақ 
бақыты осыған орай болмасын”, - дейді Махамбет, 1825 жылы Даль-
Луганскиймен бір әңгімесінде. Бұл – жәбір шеккен қанаудағы халық 
жорық шеруіне шығу керек деген сөз. Махамбеттің орыс ғалымымен 
кездесуі өмірде болғанын анық білмесек те, ақынның осылай ойлауы, 
осы түсінікпен араға он жыл салып, 1836-1838 жылдары халықтық 
қозғалысқа басшылық етуі әбден табиғи құбылыс екеніне иланамыз.
Роман – бас кейіпкерледің қайғылы өлімін суреттеумен 
аяқталады. Бірақ, жазушы үшін қаһарманның өмірі асқақ мұраттары 
маңызды. Өйткені сол бір ермінез азаматтарды басын оққа байлап, 
қатерлі күрес жолына түсуге шақырған өміршең өршіл мұраттардың 
алау 
жалыны 
текке 
кеткен 
жоқ. 
Гуманизм, 
патриотизм, 
интернационализм – адамына етене тән қасиеттер. Бұл қасиеттер 
қазіргі жағдайда өзгеше жаңа сипат алғандықтан да Ә.Әлімжанов 
өткен дәуір туралы сөз ете отырып, ол қасиеттердің, ең алдымен, 
өміршеңдік күшін көрсетуге тырысады. 
Романдағы оқиғалар тарихи хронологиялық жүйе бойынша емес, 
өмірдегідей: бірде авторлық баяндауға сәйкестене, бірде қайталанбас 
оқшау дара сипатында суреттеледі. 
“Махамбеттің жебесі” – көтеріліс жайлы, халық батырлары Исатай 
мен Махамбет жайлы роман. Елін зұлымдық пен зорлыққа қарсы 
бітіспес белдесуге бастай білген де солар. Бұқара қозғалысы сәтті 
аяқталмағанмен, қалың жұртты қасірет бұлты торлағанмен, бұл сияқты 
әрбір қимыл – азат өмірге қарай жасаған батыл қадам есебінде 
әрқашан қымбат. 
“Махамбеттің жебесі” романында Әнуар Әлімжанов қазақ 
халқының тарихындағы айрықша әлеуметтік мәні бар оқиғаларды 
бейнелеген: сол себепті де өміріндегі осына ірі құбылыс жер 
шалғайлығына қарамастан басқа ұлт өкілдерінің тағдырына да ықпал 
етеді (Хиуа, Петербург, Орынбор, Нарынқұм). Көтеріліс әдепкіде шағын 
сипатта еді: қазақ кедейлерінің Бөкей ордасындағы қанқұйлы езгімен 
бетпе-бет тартысты. Бірақ жазушы бұл тартыстың тамыры терең, әрі 
зор көлемге ұлғайып кеткенін сенімді көрсетеді. Жергілікті қақтығыс 
сахарадағы антагонистік таптар арасындағы қоғамдық мәні зор тартыс 
дәрежесіне дейін өседі. 
Әнуар Әлімжанов - әдебиеттегі тарихи тақырып саласында 
белсене еңбек етіп жүрген қаламгер. Тарихи дәуір оқиғаларының 
динамизмі мен трагизмін шебер жеткізетін “Махамбеттің жебесі” 
романы – жазушы үшін бір саты сәтті ізденіс жемісі.


410 
Менің құрдастарым 
С.Ерубаев 
Романның кіріспе бөлімінде бақыт туралы түсінік береді... 
Бұл роман қойшының баласы Рахмет туралы жазылған, оның 
артынан инженер атағын алып, Қарағандыға учаске начальнигі болып 
орналасады. Ол көркемөнерді өте жақсы білген. Ол Флобер жайлы, 
сондай-ақ, А.Прокофьевтің барлық өлеңін жатқа білетін. “Ромео-
Джульетта” трагедиясының бүтін сахналарын жатқа айтып, Кузьма 
Прутковтың барлық афоризмін білетін. Оның бұлай терең білетінінің 
себебі, ол туып-өскен Долбы жазығында өнердің ешбір түрі дамымаған 
еді, Рахметтің әкесі Долбы байдың малшысы болатын. Бұл да қой 
бағатын. Бірақ, бір күні ерте туған көк қозы жоғалып кетеді. Бай 
Рахметті сабайды, әкесін ұрады. Ашуланған әке үйде жылап жатқан 
баланы таяқпен салып қалады. Содан Рахмет талып қалады, 
оянысымен беті ауған жаққа қаңғып кетеді. Біршама уақыттан кейін 
қараңғылықтың арасынан аттылы Кісі Рахметтен жөн сұрайды. Бала 
болған уақиғаны айтып береді. Аттылы кісі баланы өзімен бірге алып 
кетеді. Ол кісінің есімі – Тұрар болатын. Рахметке сол кезден бастап 
интернат өмірі басталады. Тұрардың айтуымен әкесінің атын Дәуір деп 
өзгертеді. Алматыда жүргенде, Тұрардың ұлы Сейтенмен кездесіп, 
екеуі дос болады. Сейтен Рахметтің қарындасы Сағадатқа ғашық 
болады. Сағадат музыка мектебіне оқуға түсу үшін Алматыға келген. 
Екеуі бірін-бірі ұнатып қалады.
Қарағандыдағы шахтада шахтерлер жұмыс істейді. Үйлері тар, 
суық. Шахтерлердің ауыр тұрмысы суреттелген. Олар ағылшын 
Хокинстің қарамағына қарайды. Себебі, Хокинс шахта иесі. 
Күләнда жеңешесімен еріп, жұмысқа барады. Жертөле қазып 
жатқан Әліпті айдап әкетеді. Дәмеш пен Күләнда Әліптің соңынан 
жүгіре отырып, ағылшынның кабинетіне кіреді. Күләнданы көрген 
Джим бір арам пиғылды ойлап үлгереді. Әліпке штраф салып, жетінші 
забойдан (қауіпті аймақ) көмір шабуға бұйырады. 
Шахтадағы 
жұмыс 
кезінде 
Әліпті 
көмір 
басып 
қалады. 
Жұмысшылар көмекке ұмтылады. Кейбіреулері орнынан қозғалмайды 
да. Құтқарып алып баракқа алып келеді. Күләнданы сынықшыға 
жұмсайды. Жолда оны шанамен ұрлап әкетеді. Тілмаш Өтеген қызды 
алдап, Джимге алып келеді. Джим қызды зорлайды. Үй сыпырушы 
Таня жүгіріп шахтаға келіп, болған жайды баяндайды. Илья, Бейсен 
бастаған жігіттер ағылшынның үйіне қарай асығады. Бейсен Джимді 
жұдырықпен ұрады, Күләнда төсекте ес-түссіз талып жатады. Өтегенді 
де Бейсен жерге алып ұрады. Шахтерлердің көпшілігі жұмысқа шықпай 
қояды. Ильяны солдаттар қамауға алып кетеді түнде. Ал, таңғы 


411 
мезгілде Күләнда көз жұмады. Оны шахтадан қашықтау жерге 
жерлейді. Шахтерлер аштыққа да шыдап, үш күн далаға шықпай 
қойды. Хокинс Алексей мен Шектібайды шақырып тілегендерін 
орындауға келісім береді, тек олар жұмысқа шығу керек. Төлеп 
ауылына қайтуға дайындалады. Ауылына жеткенде, Рахмет алдынан 
шығып, Күләнданы сұрайды. Ауылды басына көтеріп жылаған Төлепке 
Долы байдың бәйбішесі зекіп салады. Арада екі жыл өткеннен соң, 
Долы байдан өлгенше таяқ жеген Рахмет үйінен біржолата кетеді. 
Университетте 
академик 
Вознесенский 
лекция 
оқитын. 
Жеке 
лабораториясы бар. Хатшы Макаров академик Донбассқа кеткен кезде, 
лабораториясына армандап жүрген болат құятын электр пешін 
орнаттырады. 
Академиктің қызы Лиза мен Рахмет бір-бірін сүйеді. Рахмет 
Вознесенскийдің лабораториясында ассистент болып қалады. Іс-
сапарлармен Рахмет Қарағанды, Донбассқа жүреді. Жеті-сегіз ай жүріп 
келеді. Вокзалда академикпен кездесіп қалады, қол алысады. Лиза 
туралы сұрауға Рахметтің батылы бармайды. Академик қызы мен 
Рахметтің бірге жүргенін құптайтын, бірақ сыр білдірмейтін. 
Көмір алыбы қайта жасала бастағанда, жұмысшылар қалаға 
ағылады. Олардың ішінде Төлеп те бар. Ертесіне Төлеп қызының 
моласының басына құран оқиды. Рахмет шахта проектісін жасау үшін 
қалаға келеді. Оны Шектібай (шахта начальнигі) күтіп алады. Рахмет 
Күләнда жатқан моланы бұзып, орнына шахта салғызады. Қанша 
қиналса да ескіліктің шырмауынан шығу қажет деген мақсатты ұстады. 
Төлеп жылап, Ильяларға келіп мұңын шағады. Бірақ, ол сен өзің үшін, 
болашақ үшін өмір сүруің керек дейді. Шахта салу жұмысы қызу 
басталып кетеді. Жұртты “жұмыс істеме” деп азғырып жүрген Сәдуді, 
Көкшетаудан 7000 сомды алып қашқан Сәдуді миллиционер алып 
кетеді... 
Кулевакин Рахмет жоқта оның бөлмесіне кіріп, Лизаның суреті 
мен ораулы көк қағазды алып кетеді. Лизаны жұмыс істеуге 
Қарағандыға жібереді, ол телеграмма салады, Кулевакин Рахметке 
бермейді... 
Шахтада бұрынғы баукеспе ұры Сүлей десятник болып жүріп, 
үйдің қабырғасын әдейі қисық қалап жүрген. Рахмет оны танып, 
жаптырады. Детдомда бірге өскен досы Мырзашты табады. Ертесіне 
Рахметтің үйінде отырыс болады. Ұлбосын бригадасы мен Аркашалар 
жарысатын болады. Екі бригаданың жұмысшылары қызу қимылдап, 
бірін-бірі аңдумен жүреді. Шахтадағылардың барлығы норманы артық 
орындау үшін, екпінділер қатарына өту үшін күндіз-түні жұмыс істеді. 
Академик Лизаға хат жазады. Кулевакиннің кесірінен Лиза мен 
Рахметтің арасында салқындық пайда болады. Нормасын артық 
орындаймыз деп жүрген Елеместің бригадасын қауіпті лавадан көмір 


412 
шауып 
жатқанда, 
басып 
қалады. 
Лиза 
сөгіс 
естиді. 
Лиза 
командировкаға кетер алдында Рахметпен табысады. Рахмет Алматыға 
тығыз шаруалармен кетеді. Екеуі келген соң, той жасайтын болып 
уағдаласады. Бірақ, Алматыда жүргенде, Дәмелі дейтін біреудің 
әйелімен жақындасып қояды. Бір айдан кейін, Қарағандыға қайтып 
келген Рахмет Дәмеліден хат алады. Ол екіқабат болып шығады. Содан 
кейін Рахмет Лизадан қашқақтап жүреді. Лиза Щербак дейтін 
инженермен жүріп жүреді. Бірақ, Рахметті ұмыта алмайды. Рахмет 
оларды көргеннен кейін, екеуінің арасында тағы да түсініспеушілік 
туады. 
Ықылас түпкілікті жұмыс істеуге Қарағандыға көшіп келеді. Ол 
Рахметке балалы болатынын айтып қуанады. Лиза мен Рахмет сол 
ұрысып қалады. Үш күннен кейін академик Ленинградқа қайтады. 
Шахтадан газ шығып, жұмыс істеу қауіпті болады. Бірақ 
коммунистер жұмысты жалғастыруға бел буады. 
Барактарында шахтерлер демалып жатқанда, қатты гудок 
естіледі. Бәрі орнынан тұрып, үрпиісе қалады. Сол кезде Айша 
шахтаны су басып қалғанын айтады. Бәрі асығыс жүгіріседі. Шахтадағы 
суды кешіп жүріп, далаға насоспен төгуде. Илья больницадағы 
Елеместің жағдайын сұрап қайтқан соң, екпінділерге бөлме беруді 
ұйғарады. Осы уақытта баяғы Өтеген тілмаш ағасының жалғыз баласы 
Сүлейменді шақыртып, Рахметтің көзін құртуды сұрайды. Бірақ, ол бас 
тартады. 
Илья Елеместі ауруханадан босатқаннан кейін, екпінділерге 
бөлінген үйге алып келіп, кілтін тапсырады. Барлығы келіп Елеместі 
құттықтайды. Барактағы жігіттер орындарын ремонттап, бөлмелерін 
тазартып, ақтап алады. 
Сүлеймен Өтегенді ұстап бермекші болып үйден шыққалы 
жатқанда, анасы жолын бөгеп, зар-еңіреп, жылап жібермей қояды. 
Шахта құрылысының клубында үлкен жиналыс өтеді. Онда 
шахтерлердің барлығы жиналған. Бастықтар шахтаны су басқан 
кезіндегі, газ шыққандағы көрсеткен ерліктері үшін, көмір қазудағы 
орындаған нормалары үшін шахтерлерге сыйлықтар тапсыруда. Онда 
Ермекке бір костюм сыйлап, құттықтайды. Тағы біршама жұмысшылар 
сахнаға 
шығып, 
сыйлықтарын 
алады. 
Жиналыстың 
соңынан 
ұйымдасқан үйірме мүшелерінің күшімен драма қойылады. 
Ермек Шектібай мен Алексейге келіп сыйлықтарын қайтарып 
бермекші болады, олар себебін сұрағанда, кезінде дүкенде сатылып 
жатқан барқыт матаны қызына алып беру үшін екпінді болғанын 
айтады. Бастықтары оның сөзіне езу тартып, ренжімейтіндіктерін 
айтады. 
Қаладан хатшы келіп, шахтаның ішін басшылармен бірге 
аралайды. Олар жер астына техникаландырылған клетпен түседі. 


413 
Шектібай, Рахметтер аралап болғаннан кейін шахтаның 1 мамырға 
қарсы ашылу салтанаты болатынын айтады. 
Шахта 
астында 
көмір 
қазып 
жатқан 
шахтерлер. 
Айша 
Шымырбекке барып келуін ойлап, алға қарай жүреді. Алдынан шырақ 
ұстап Гриша келе жатады. Бір кезде Гришаның үстіне лава құлап 
түседі, Айша көмекке ұмтылғанда, бүкіл лава екеуін де басып қалады. 
Шахта іші азан-қазан болады. Төбеден топырақ түсіп, барлығы 
бұрышқа тығылады. Сәлден соң, Бейсен қарт қолына шырақ алып 
тексеріп көрсе, жоғарыға шығатын жолды, кемінде 70-80 метрдей 
топырақ көміп қалған. Шахтаның алдында бір топ адам тұр. Олар 
жауып қалған жерді, тіреп қойып, ашқалы тұр. Илья барлық құрал-
саймандарын алып, іске кіріседі. Лиза шахта астында қалған 
шахтерлердің семьясын жұбатуға бет алады. Сағат сайын қалалық 
партия комитетінің хатшысы телефонмен хабарласып, жағдайды біліп 
тұрады. 
Рахмет пен Алексей, Рахметтің үйінде Лиза туралы сөйлеседі. 
Алексей қоштасып шығып кеткеннен кейін, Рахмет шахтаға бет алады. 
Шахта астында қалған: Бейсен, Қали, Шымырбек, Сүлеймен бір-біріне 
сыр айта бастады. Шымырбек Айшаны сүйетінін, Бейсен баласына той 
қылып ат берейін деп жүргенін айтады. Ал, Сүлеймен Өтегеннің 
Рахметті өлтіргелі жүргенін естірткенде, үшеуі шулап кетеді... 
Шахтаға келе жатқан Рахметтің артынан аңдып келіп, Өтеген 
пышақ салады, алыстан машинаның жарығын көргеннен кейін қашып 
кетеді. Рахмет ақ қар үстінде талықсып жатады. Осы кезде Сүлеймен 
шахта астында аласұрып, қайламен жоғарыны ұра бергенде, топырақ 
басып қалады. Қалғандары оны аршып алады, бірақ Сүлеймен көз 
жұмады. Таң ата шахта құрылысына келе жатқан Алексей Рахметті 
тауып алады. Рахмет ауруханаға түскеннен кейін қан құю керек 
болады. Алексейдің қаны сәйкес келгенмен, бас сүйегі сынып, 
операция жасау керек болады. Медицина еш көмек бере алмаймыз 
дейді. Дәмелінің күйеуі Ықылас білікті дәрігер болатын. Әйелі толғатып 
жатқанда, ол өліп кететін шығармын деген оймен Рахметпен қалай 
жақын болғанын айтып қояды. Себебі, Дәмеліге бала көтеруге 
болмайды екен. Жедел жәрдем келіп, Ықыласқа телефон соғып 
Рахметке операция жасау керектігін айтады. Бар шындықты білгенмен, 
қиналғанмен, Ықылас Рахметті аман сақтап қалады, сөйтіп оған баласы 
туылғалы жатқанын айтады. 
Ауруханаға Лиза келіп, доктордан Рахметтің халін сұрайды. Оның 
кімі боласың деп сұрағанда, күйеуім деп жауап береді. Ықылас селк 
етеді. Бір кезде ол Рахметтің өзіне, туғалы жатқан бала арқылы 
жақыны, еш уақытта байланысы үзілмейтін туысқаны болатынына 
қуанып кетеді. Тіпті Лизаны құшақтап та алады. 


414 
Шахта астындағыларды күн шыға аршып алады. Қали есінен 
танған, Бейсен мен Шымырбек теңселіп шанада отыр. Оларды 
ауруханаға әкеледі. Бірақ, Шымырбек пен Бейсен қашып кетіп, 
хатшының кабинетіне келеді. Олар Рахметті кім өлтіргенін айтады. 
Хатшы тиісті жеріне хабарлайды. Ауруханадағы дәрігер науқастардың 
қашып кеткенін көріп, санитар мен көмекшісіне айқайлайды. Хатшы 
Бейсенге ауруханаға бару керектігін айтады... 


415 
Н 
Найзағай 
Ә.Әбішев
Өткен ғасырдың екінші жартысында қазақ әдебиетінде әр түрлі 
жанрларды өнер тақырыбы – арналы тақырыптардың біріне айналды. 
Әсіресе, он тоғызыншы ғасыр және жиырмасыншы ғасыр басындағы 
қазақ әншілерінің, композиторларының өмірі көптеген лирикалық 
шығармаларға, әңгімелерге, повестерге, поэмаларға, романдарға арқау 
болды. Солардың бірі белгілі жазушы Әлжаппар Әбішевтің “Найзағай” 
романы. Романға аса танымал халық композиторы, әнші, ақын Мәди 
Бәпиұлының өнерпаздық, азаматтық өмірі арқау болған. Сонымен бірге 
жазушы Мәди өмірінің ұлт-азаттық көтерілісі қарсаңындағы өмірін 
арқау еткен “Жаралы сұңқар” повесінде жариялаған болатын. Бұл қос 
шығармада да Мәдидің ақындық, әншілік, қоғамдық өмірі туралы 
жазылады.
Ә.Әбішевтің 
“Найзағай” 
романындағы 
Мәди 
– 
жазушы 
суреттеуінде, өз заманының ері, батыры, халық қамқоры. Өзінің 
шығармашылық еңбегімен ол туған елінің рухын көтеруді ойласа, 
күнделікті тіршілік үшін күресте де ол халық қасында көрінеді. 
Әлжаппар өз кейіпкерін осындай екі жақты ұнамды бейнеде алады. 
Автор өз кейіпкерін, Әуезов сияқты Абайды он үш жасынан 
бастап суреттегеніндей емес, өзін қоршаған ортаға деген наразылық 
көзқарасы қалыптасқан кезінен бастап суреттейді. Автор Мәди сияқты 
ел ақыны қашан да болсын халқымен бірге, оның қуанышы – халқы 
қуанса ғана деп қабылдауында деген тенденцияны білдірмек болған. 
Қазақтай елінің үлкені-кішісі, дені сауы мен кемтары ақынға бірдей. Ол 
бәрін де сүйеді, сол кем-кетік, кедей-кепшік үшін ол жанын үзіп беруге 
әзір. 
Өткен дәуірдегі өнер иелерінің әділетсіздікке қарсы тартысы 
біздің революцияға дейінгі күресіміздің тарихына жаңа сәуле шашады 
дедік. Өзі өмір сүрген ортасы мен халқы сүйер өнерпаздың күрес-
тартыста болмауы мүмкін емес.
Романда генерал губернатор Мәди әрекетіне ұлт намысын 
қорғайтын әрекетке ұласып кетпесе екен деген қауіппен қараса, 
жазушының екінші романында Мұстафа дәл ондай ойда болған жоқ 
шығар, бірақ қатігез болыс осынау ширақ жігіттің беделінен, өткір 
тілінен қаймығып, оны күшпен басып қоюды ойлайды.


416 
Қарқаралы төңірегінде тұратын көне көз қарттардың пікірінше, 
Мәди үлкен айтыс ақыны да болған. Сондай айтыстардың бірі – Мәди – 
Дия қажы, Мәди - Әбіш айтыстары. Дия қажы “Жаралы сұңқарда” Зия 
деген атпен берілген. Әрине, Мәдидің Қаракесек руының бір тармағы 
Керней мен Сарым елінен шыққан екі ақынмен айтысы үлкен 
әлеуметтік дәрежеге жеткен деп айта алмаймыз. Бірақ осынау 
фактілерді автор өз мақсатына пайдаланып, бас кейіпкердің 
шығармашылық жолын, өнер жасау процесін көрсетуге алмас па? 
Қаһарманның іс-әрекеті, күресі, сол тұстағы ел тұрмысының 
реалистік бейнесі, әдеби, тарихи шындық тұрғысынан алып қарағанда 
бұл роман қазақ прозасына қосылған өзіндік орны бар туынды.


417 
О 
Оспан батыр 
С.Әбілқасым 
Сейітхан Әбілқасымның “Оспан батыр” тарихи романы екі 
кітаптан тұрады. Романның бірінші кітабы “Жұлдыз” журналының 1994 
жылғы № 10-12 сандарында, екінші кітабы “Жұлдыздың” 1996 жылғы 
№ 1 санында жарияланған. Қазақ халқының өмірінде із қалдырған ХХ 
ғасырдың 20-30 жылдарындағы оқиғалар сырына үңілу, ел тіршілігінің 
ұрымтал тұстарын толымды көрсету, сол кезеңде өмір сүрген адамдар 
тағдырын сипаттау ілгерішіл тәсілдердің бірі десек, “Оспан батыр” 
романы да аласапыран заманда атқа қонған ерлер өмірін суреттеуге 
арналған. Мұндағы кейіпкерлер Оспан, Мәмей, Зуха, Сүлеймен, 
Ырысхан, Ноғайбай т.б. аса шытырман, қиын сәттерде сыналатын, 
дәуірлік ақиқаттың бетін ашуға септігін тигізеді. 
Оспан батыр – романдағы ең қызықты тұлғалардың бірі. Оның 
өмірі қызғылықты, шытырман оқиғаларға толы және мінезі мен ісі 
нақты, ойлы адам ретінде көрінеді. Оспан сөзге сараң болғанмен, ой-
өрісі кең, іштей толғанысы орамды, тиянақты, әр нәрсені жіті барлап, 
жете тұжырымдай білетін, ойын сыртқа шығарарда түйеден түскендей 
дүңк еткізіп қысқа қайратын, шорт мінезді жан ретінде көрінеді. 
Романға арқау болатын оқиғалар қазақтың бір бұтағы Абай Керей 
рулары ару Алтайдың өрдегі үзілер сілеміндегі қара Ертістің бастау 
алған тұсында өтеді. Жазушы тарихта болған оқиғаларды, оның 
қозғаушы күштерін саралап, сол оқиғалардың мәнін жан-жақты ашып 
көрсетуді нысанаға алғанына куә боламыз. 
Романның бесінші тарауында тәуелсіз елміз деген Шығыс 
Түркістан Сталин жіберген жендеттер мен жансыздардың қолына 
өткені жайлы, олардың зорлық әрекеттері едәуір орынды көрсетіледі: 
“Тарихқа әйгілі жосылтып қанды із қалдырған қара түнекті құйын 
1938-1939 жылдары үдей түсіп, әр ұлт халқын тұншықтыра тұқыртты. 
Сталин билік жүргізген Қызыл жауынгер, азамат өркенінің биігін отап, 
асылын жойып жасығын қалдырды. Қырғындаумен ырыс жиып, 
қанымен тояттады. Аш арландай аласұрып жан-жағын жалмап жұтқан 
ол, қанды қанжарын шекарадан асыра сілтеп әспенсіп, астамдыққа 
басты. Бодамшыл, өркөкірек өктемдікпен билеп-төстеп Моңғолия мен 
Шығыс Түркістанды мықтап шеңгелдеп, сығымдап қыса берді. Шығыс 
Түркістанды торлаған сол қара түнекті құйын күшті екпінмен тебітіп 
кіріп кеуледі”. Осы қатыгез қастандықтан Шығыс Түркістандағы ұйғыр, 


418 
қырғыз, моңғол, Тарбағатай мен Баркөл бойындағы қазақтар да аман
қалмағаны, керейдің ғұлама ақыны Ақыт, Халел тайжі, оның баласы 
Рахаттың айдауда кеткені, елдің еркіндігі табанға басылып, зомбылық 
халықтың кегін қоздырғанын автор нақты және дәлелдер келтіру 
арқылы жүзеге асырады. 
1940 жылдары Ноғайбай бастаған ұлт азаттық көтерілісшілер мен 
Қытай армиясы арасындағы шайқастар жиілей түсіп, ұзақ жылдар 
бойында зорлық-зомбылық езгісі, ауыр алман салықтан аттап, ұлтты 
құрту жолындағы ашылған аран, осындай ерлік күреске байлатқаны 
суреттеле отырып, сол кезеңде өмір сүрген адамдар мінез-құлқына 
тарихи нақты, шынайы сипат дарыта баяндалады. 
“Оспан батыр” романындағы Оспанның портреттік сипаттамасын 
бергенде жазушы тек жансыз сыртқы пішінін суреттеумен шектелмей, 
қаһарманның ішкі дүниесін, дара мінездік тұлғаларын, рухани 
эволюциясын жинақтап сомдайды. 
“Оспанның ерекше бір қасиеті - өте қарапайым, кішіпейіл, өзін 
жоғары ұстамайды, қаршадайынан қара табан кедей болып өскендігі 
ме бұлданып, бәлсіну, шендену пиғылы онда болған емес. Соғыс 
кезінде де қол астындағы сарбаздарға қатал ескертіп әмір бергенімен, 
өзі солардың алдыңғы қатарында жүреді. Көбінде асқан ерлік көрсетіп, 
атай салып жападан жалғыз жау шебін бұзатын кездері жиі кезігеді”. 
Мінезіндегі қарапайымдылық пен батырлығын ұштастыра келіп, 
жазушы персонаждың пайдасына шешіп бергенін көреміз. 
Романның соңында қазақтың дәстүрлі өлшемдері бойынша Оспан 
батырды ақ биенің саумалына шомылдырып, хан сайлаудағы 
болжымас ережелер орындалмағаны, жазда Алтай жайлауына барған 
соң барлығы атқарылатынын айтып алдаусыратқан маршал Чайбалсан 
бастаған топ өз істерін ат үсті тындырғаны баяндалады. Роман 
соңында “Уақыттық үкімет” бастығына Оспан, штаб бастығы болып 
Нұрғожа, Оспанның орынбасары болып Дәлелхан белгіленген. 
Қорыта айтқанда, жазушы Сейтхан Әбілқасымның “Оспан батыр” 
романы белгілі өмір шындығын көркемдікпен игеріп, таныған, 
әлеуметтік ортаның шындығын көркейтіп жеткізген шығарма деуге 
болады. 
От кешу 
Ж.Тілеков 
Ұлы Отан соғысының өрті сөнгелі ширек ғасыр уақыт өтті. Бірақ 
сол бір отты жылдар шежіресі ұмытылмастай болып ел есінде 
жатталып қалды. Өйткені, соғыс-сын, адамгершілік пен пасықтықтың, 
ерлік пен ездіктің, қар аралас қан жауса да айнымайтын адал махаббат 


419 
пен көрсе қызар, серт бұзар, әсіре қызыл әуесқойлықтың шекарасын 
ашып тастады. Ұлы Отан соғысы жылдарының сұрапыл оқиғалары 
кейінгі ұрпақтарға сабақ боп қалды. Ақын, жазушыларымыздың Ұлы 
Отан соғысы тақырыбына жиі-жиі оралатыны да, отты жылдар сәулесі 
халық есінде сөнбей, жарқырап қала беретіні де сондықтан. 
Белгілі халық жазушысы Жәрдем Тілековтың 1969 жылы 
“Жазушы” баспасынан шыққан “От кешу” романы да соғыс өрті 
лапылдап жанған сол бір жылдар оқиғаларын көркем баяндауға 
арналған. Автор бұрын партия қызметкері, мұғалім болып жұмыс 
істеген, Ұлы Отан соғысы басталысымен қолына қару алып, 
фашистермен аяусыз кескілескен Совет Армиясының офицері, Совет 
Одағының Батыры Тасболат Марқабаевтың өмір жолы арқылы майдан 
мен тылдың шыншыл суретін салып шығарды. Анығында, адам анадан 
жол бастайтын батыр, ел бастайтын шешен болып туа бермейді. Ел 
намысы, Отан мүддесі ердің жігерін қайнатып, күшін тасытады. Бейбіт 
күнгі тыныш тіршілік адамдары соғыстың өрт-жалыны ішінде жүріп 
шынығады. Кіші политрук Тасболат Марқабаев жолы осының 
айғағындай. Ол ауыр жараланып, госпитальда жатқанда да қан-
жанына сіңіп, бүкіл болмысын билеп алған соғысты, жауды жайрату 
тілегін ұмыта алмайды. Оның денесі дәрменсіз, төсек тұтқыны болып 
жатса да, сана-сезімі арпалыс үстінде жүргендей. Ол кейде “Лепіре, 
ышқына” сөйлеп: 
- “Жігіттер... болат қайнауда, батыр майданда шынығады... Ерлік 
білекте емес, жүректе... Тайсалмай соқ...”. деп айқайлайды. 
Тасболаттың осы сөзі оның майдандағы өсу жолын тап басып 
айтып тұрғандай. Жазушы оның от пен оқ астында шынығып, елі үшін 
талай жауды жер жастандырғанын нанымды баяндайды. 
Толассыз қауіп-қатер, тыныссыз арпалыс үстінде құрыштай 
шыныққан ерлік күші ол қапыда жау қолына түсіп, қол бұлғауда, жаны 
мылтықтың аузында тұрғанда да мұқалмайды. Оның алдында екі-ақ 
жол – не тізе бүгу, не өлімге бас байлау. “Тізерлеп жүріп 
күнелткеннен, тік тұрып өлген артық” деп қорытқан Тасболат ажалға 
тайсалмай қарайды. Оның туған Отанды құлай сүйген шыншыл жүрек 
сыры, уытты намысы өзінің ата жауы, 1928 жылы конфискеленіп, жер 
аударылған Қошпанбек байдың баласы, сатқын Байшорамен қақтығыс 
үстінде де қаһарлы елес береді. 
“Ана иттен сұрауға тілі жоқ. Сен де үргеніңмен жаққан бұралқы 
итсің, бірақ тілің бар ғой, өзің айтшы, тауықтың сыңар аяғы татымды 
талшық па екен? – деп Байшораның опасыздығын бетіне басады. 
Тойдыра тамақтандырып, жылы сөйлеп, еркелеткен адамның соңынан 
еріп үріп кете баратын ит тақылеттес бұралқылығын ашып айтады. 
Тұтқындағы батыр гестапошы Байшораның таяғынан да тайсалмайды, 
неміс жендеттерінің ерте ме, кеш пе, желкеден қадағалы тұрған 


420 
оғынан да жасқанбайды. Романда қас батыр тұлғасы осылай айқын 
көрінеді. 
Соғыс – ерлікпен қоса ептілікті, айланы керек қылатын үлкен 
өнер. Соғыс сәтіне, жер жағдайына, дұшпанның қимыл-әрекетіне орай 
ұтымды тәсіл қолданып, өзін, жауынгер жолдастарын оқтан сақтай 
білмеген, туысқандар қанын мейлінше аз төгіп, жауын жапыра 
жайратпаған офицер батыр емес. Рота командирі Тасболат та осылай 
пайымдайды. “Ерлікке де ептілік керек. Соғыс кезіндегі соқыр тәуекел 
көрге түсіреді, талғамды тәсіл төрге шығарады” – дейді ол 
жауынгерлермен бір әңгімесінде. Оның сөзі мен ісі деңгейлес шығып 
отырады. Бұл әсіресе, Тасболат Марқабаев ротасының эссе полкімен 
шайқасы кезінде айқын көрінеді. Рота сыбдырын білдірмей, сырын 
алдырмай, нысаналы жерге белгіленген мерзімнен бұрын жетіп келіп 
тұрады. Батыл барлаушылар жіберіп, жау офицерін қолға түсіреді. 
Жауды алдастырып, аз күшпен жан-жақтан шабуыл жасайды. Осы 
ұрыста полковник Галлер де қолға түседі. Марқабаевтың ерлігі мен 
ептілігі басқа да кескілескен ұрыстар кезінде айқын көрінеді.
Кеңес Армиясы өзінің қасиетті жерін жаудан тазартып, халқының 
бостандығы мен тәуелсіздігін қамтамасыз етіп қана қойған жоқ, 
сонымен қатар Европа халықтарын құлдықтан құтқаруда шешуші роль 
атқарды. Кеңес Армиясы мен совет халқының достық, туысқандық 
көмегіне сүйене отырып, бірсыпыра елдер демократиялық мемлекет 
орнатты, социалистік даму жолына түсті. Жәрдем Тілеков жаңа 
романының үшінші бөлімі кеңес Армиясының осы бір аса ізгі миссиясын 
көркем сипаттауға арналған. Жауынгерлерінің жүрегіне жол тауып, 
оларды үлкен жеңістерге бастай білген ақылды, соғыс өнеріне жетік, 
батыр офицер Тасболат Марқабаев енді азат етілген Польшаның бір 
ауданындағы совет елінің өкілі, комендант-дипломат есебінде көрінеді. 
Жазушы совет комендантының шет елде басынан кешірген сан-
алуан, қат-қабат оқиғаларының ең маңыздыларын таңдап ала біледі. 
Екі дүние қақтығысқан кезеңдерде кейіпкерлерін өткір де ұтымды 
сөйлетеді. Бұл әсіресе, Тасболаттың Кароль Сольскиймен Польша 
Совет үкіметінің саясаты хақында әңгімесінде айқын аңғарылады. 
Совет офицері поляк буржуазиясы өкілінің қияңқы сұрақтарына дәлме-
дәл және айқын жауап беріп, кәрі түлкінің құйрығын бұрап тастайды. 
Жазушы осындай әсерлі көріністер арқылы үлкен эрудициялы, 
парасатты офицер тұлғасын жасайды. 
Жазушының көркем шығармада өткендегі тарихи оқиғалардың 
суретін салып қана қоймай, оны бүгінгі күн талап-талғамы, прогресшіл 
замана мүддесі тұрғысынан баяндайтыны белгілі. “От кешуді” оқып 
отырғанда Жәрдем де осы қағиданы мықты ұстанған екен деген ой 
туады. Қазіргі уақытта Батыстың буржуазияшыл тарихшылары Кеңес 
елінің 
гитлершіл 
Германия 
мен 
империалистік 
Жапонияны 


421 
талқандаудағы орасан зор ролін кемітіп, көрсетуге тырысып бағуда. 
Жазушы романда тарихты бұрмалаушыларға суреттеліп отырған оқиға 
желісіне байланысты, шыншылдықпен тойтарыс береді. Оқушы 
Халықтық Польша мемлекетін құру жолындағы күрес тарихынан 
біршама мағлұмат алады. 
Саналы, талғампаз оқушы әрбір жаңа кітаптан ең алдымен ой 
саларлық қызықты оқиғаларды, үлгі-өнеге тұтарлық ізгі қимыл әрекетті 
іздейді. Жан сүйсіндірер жақсы қылық, сындарлы адамгершілік 
көріністерін жылы қабылдайды. Әділін айту керек, романда жастарға 
жақсы әсер етіп, ой саларлық сәтті көріністер молшылық. Ұлы Отан 
соғысы жылдарында кеңес адамдарының орасан көпшілігі қара бастың 
қамы дегенді ұмытқандай еді. Олар өзінің бар күш-жігерін майдан 
мүддесіне жұмсады. Жүрек жеңіс деп соқты. Барлық ынта-тілек жауды 
біржолата құртуға ауды. Майданнан үйіне аз күнге демалысқа келе 
жатқан Тасболаттың диверсант бар-ау, деп күдіктеніп, өз үйіне 
соқпастан алдымен, Мәденнің үйіне баруы жалпы жұртты билеген соң 
тілек-ниеттің айқын көрінісіндей. Дұрысында майданнан келе жатқан 
жауынгердің әуелі үйіне барып, күдігін кейін хабарлауына да болатын 
еді ғой. Бірақ Отанды сүйген жүрек Құмдақта жасырынған жау барын 
сезіп тыным таппайды. Диверсант Байшораны КГБ қызметкерлері 
ұстағанын білгеннен кейін ғана көңілі жайланып, сағына күткен әйелі, 
баласына бет алады. 
Жәрдем романының басты геройы Тасболат махаббатқа 
адалдығы, парасатты ерге лайық ұстамдылығымен танылады. 
“Дөңгелек жүзді бозғыл өң, иығына төгіле түскен қоңыр шашты, құмар 
көз қыз” – тілмаш Альбина “арманын” аңғартып, анда-санда бір 
күрсініп қойып қасында жүр. Күн нұры түсіп ашылған гүл құбыла 
құлпырып, құштарлық құшағын жайғандай. Тасболат Альбинаның 
өзіне алаңсыз ауған көңілін қарындастың ағаны сыйлап, қадірлегені, 
деп түсінеді. Офицердің осы парасаттылығы оқушы ойында да оған 
үлкен бір құрмет, ізгі сезім туғызады. 
Романдағы басқа да жағымды геройлар – Ғалия, Лось, Шойке 
бейнелері де біршама тәуір шыққан. Бұлар өздерінің бірбеткейлігі, 
Отан мақсатына адалдығы, сол жолға сіңірген әрқилы еңбектерімен 
оқушы есінде қалады. 
Жәрдем “От кешуде” жағымсыз кейіпкерлер бейнесін де біршама 
жақсы мүсіндегені шығарманың өн бойында аңғарылып отырады. 
Сатқын қашан да сатқын. Оның жау да адам санатына алмайды. 
Менсінбей, кекете, жиіркене қарап, реті келген сәтте қорлауға дайын 
тұрады. Мына бір эпизод соның айғағындай, “Фрау конфетті өз аузына 
басып жіберіп, жалма-жан піскен тауықтың бір аяғын итке тістетті де, 
екінші аяғын Байшораға ұстатты”, Фрау сыпайы көрінуге тырысып 
бағатын адам. Ол ешкімнің де айыбын бетіне басып, пәлен-пахуансың 


422 
деп жатпайды. Бірақ осы бір аңдаусыз, бейкүнәдай қылығының өзі-ақ 
Байшораны қалай бағалайтынын айтып тұрғандай.
“От кешу” романында оқушы ойын сирек те болса сүріндіретін ой-
шұқыр, шоқалақ та, көңілге бірден қона қоймайтын күмәнді жайлар да 
баршылық. 
Сондай-ақ романда басы артық қауқарсыз сөздердің, сылбыр 
сөйлемдердің кездесіп қалатыны да өкінішті-ақ. 
Дегенмен бірді-екілі кем-кетіктер жақсы шығармаға үлкен дақ 
түсіре алмайды. Біздіңше, “От кешудің” басты құндылығы тәрбиелік 
әсерінде. Кітап жақсы туындылар қатарынан лайықты орын алады. 
Отырар ойраны 
Х.Әдібаев 
Хасен Әдібаевтың Отырар жайындағы жаңа романы өткен жылы 
оқырман жұртшылықтың қолына тиді. Мұнда Отырардың қазақ халқы 
өміріндегі алар орны, рухани-мәдени бел-белестері, озық елдермен 
иық 
таластырар 
тарихи-әлеуметтік 
мән, 
маңызы 
турасында 
баяндалады. Өткен өмірдің өшпес іздерін жұртшылық сарабына 
салған бұл тарихи хикаяда Отырарға Шыңғыс ханның шабуыл жасаған 
кезі оқиғаның негізгі өзегі етіп алынған.
Жазушы тарихи материалдарды екшеп, саралай пайдаланып, сол 
шындықты кейіпкерлердің іс-қимыл, психологиясы арқылы бейнелейді. 
Сондай тарихи тұлғаның бірі – Қайыр хан. Автор бұл образды жеке 
дара суреттеп, я болмаса батырлық тұлғасы мен ерлік ісін оқшау сөз 
етпейді. Романдағы Қайыр ханның Отырар тағдыры мен тыныс-тіршілігі 
бірге өріледі. Қайыр хан образының жағымды сипатқа ие болу 
сырларының бірі – көп мүддесін ойлап күңіренетіні, келер ұрпақ 
екіншісіндегі Отырардың рухани орнын жан-жүрегімен сезініп, соны 
келер ұрпаққа аман-есен табыс етуді көздейтіні. Қайыр хан көңілдегі 
көрікті ойын әр кез өз қарамағындағы қарапайым халық өкілдеріне 
түсіндіріп, олардың талқысына салады. Ұлы мақсат, үлкен міндеттер 
жолында күреседі. 
Отырарға Шыңғыс хан бастаған қалың қол әлденеше рет шабуыл 
жасап, қаралы күн, қайғылы сәтке душар еткенде де адамгершілік 
асыл қасиетті алдыңғы кезекке қояды. Өмір мен өлім арасында тұрып: 
“Отырарлықтар өлсе де, сатылмай өледі. Ақ өлімі аңызға айналады. Біз 
сонда теңесеміз! Өзгеге әлің жетсе де, өлім мен еліме әлің келмейді!” – 
деп қайсар мінез танытады. Туған жерін құрмет тұтып, болашақ 
ұрпақтың жарқын өмірін ойлайды. Жоғарыда келтірілген үзіндіден-ақ 
қаһарманның бет-бейнесі, болмыс-бітімі анық байқалады. Автор бас 
кейіпкері Қайыр хан басындағы күйді, бойындағы жігер-күшті осылай 


423 
ақиқат алдында, ар-ождан биігінде көрсеткен. Жалпы, Қайыр хан 
бейнесі аталмыш романның сәтті табысы, көркемдік ізденіс жемісі. 
Шығарма шынайылығы автор шеберлігіне тікелей байланысты. 
Тақырыпты терең меңгеріп, кейіпкер характерін нанымды ашу осы 
қағида аясында оңды шешімін тапқан. Қайыр хан бейнесінің толымды 
көрінуіне романдағы басқа да кейіпкерлер белгілі бір мөлшерде әсер 
еткені даусыз. Осы тұста романда басы артық образ, көзге оғаш 
көрінер әрекеттің сирек екенін еске аламыз. Әрбір кейіпкердің 
атқарар өз міндеті бар, әрі нанымды берілген. 
Қайыр ханның дем берушісі, тұйыққа тірелгенде ақыл сұрар 
адамы – Қадыр үлем. Аса қиын сәтте “... ел басына екі талай күн туды, 
ер парызы – ел қорғау емес пе?! Қас дұшпанның табанында құлдық 
еткеннен ақ өлім артық емес пе?” - деп ел-жұртты жауға қарсы 
күреске шақырған Қадыр үлем - өмір тәжірибесі мол, ой-пікірі 
орнықты, әрі Отырар кітапханасынан еркін сусындаған білімдар жан, 
Әбу Насыр рухын қатты қадірлеуші, одан қалған әдеби-мәдени рухани 
байлықтың шынайы жанашыры. Соны халыққа жеткізіп, өткеннің 
шежіресінен бүгінгі күннің де өзекті проблемаларын тауып, алға тарта 
білетін көзі ашық, көңілі ояу адам. Ол Әбу Насырдың әлемнің әр 
түкпірінен, соның ішінде Мағраб пен Мысырды, Шам мен Румды 
шарлап, жиған қымбат қазынасы – кітап мұхитынан терең ой, сырлы 
қасиет ұғынады. “Ақ қағазға жазылған ақиқат мәңгі. Кім би болып, кім 
әкім болмайды? Бұл күнде олардың заты түгіл, аты марқұм, ал әл-
Фараби бүкіл елдің ұранына айналды. Иә, ақ қағазға түскен ақиқат 
мәңгі, ақиқатты айта алған парасат иесі – мәңгі”. Бұл Қадыр үлемнің 
өмір нәрі – кітаптардан араб, қыпшақ, ұйғыр тілдерінде жазылған 
нұсқаларымен танысқан соң түйген ой тұжырымы. Асылы, Қадыр үлем 
– ақыл-ойдың, биік парасаттың иесі ретінде жұртшылық жүрегінде 
жылы әсер қалдырады. 
Ал көркіне ақылы сай Гауһар, өмірден көргені мол Боздақ жырау, 
жігерлі Рүстем, балуан Жәнібек пен найзалы Қасымның жауға деген 
өшпенділіктері, ел қорғаудағы батырлық үлгі-өнегесі оқушы үшін 
ғибрат аларлық деңгейде көрінген. Туған жерді қорғау, оны жауға 
таптатпау жолындағы әділет күресінде бұл бейнелер әрекет үстінде 
шыңдалып, толыса түседі. Әсіресе, Гауһар мен Боздақ жырау, Рүстем 
бейнелері жан-дүние болмысымен, түсінік-қабілетімен көрінген. Бүгінгі 
күнге бір табан жақын тұрған тұлғалар. Сондықтан да бүгінгі оқушы 
олардың бойындағы елдік пен ерлік, мәрттік пен қарапайымдылық 
қасиеттерін үлгі тұтып, рухани есейеді. Мәселен, Боздақ жырау бейнесі 
арқылы өткен өмір мен келер күн көкжиегі алма-кезек беріліп отырса, 
Құсайын образынан қарапайым еңбек адамының жиынтық үлгісін 
көреміз. Боздақ жырау ескінің көзі, өмір-тарихтың өзі, Әбу Насырдың 
тірі рухы болса, Құсайын ұста Отырардың қыр-сырын жетік білетін, 


424 
қолынан өнер-мұра қалдырып, көкірегінен ізгілік нұрын сепкен сегіз 
қырлы бір сырлы жан. Қысқасы, ұнамды кейіпкерлер – қоғамдық ой-
пікірді жақтаған, адамдық, адамгершілік ізгі қасиеттерге толы мінез 
категорияларымен ерекшеленеді. 
Романда Шыңғыс хан жер теңселткен түмендерімен орданы 
арандатушы ғана емес, алды-артына ойлы көзбен қарайтын адам. 
Романда Шыңғыс хан суға салса батпайтын, отқа салса күймейтін, 
немесе екі сөйлеп, бармақ тістейтін кейіпкер болмысынан емес. 
Жазушы басты кейіпкерлері Шыңғыс хан мен оның балаларының өмір 
сүрген ортасы, мекен-жай географиясымен телқабыс бейнелейді. Бұл 
деректер, негізінен, қалың жұртшылыққа белгілі. Дүние жүзілік 
әдебиет тарихының тұтас бір тарауы Шыңғыс, оның жорығын 
көрсетуге арналғанын айтсақ та жеткілікті. Осы реттен алғанда, 
Отырар тарихы, оған басып кіріп, өз үстемділігін жүргізбек болған 
Шыңғыс хан түмендерінің өмір-тірлік көріністері романда біршама 
көрініс тапқан. Алайда, романдағы Шыңғыс хан бейнесі тарихтағы 
Шыңғыс хан образымен сырттай ұқсас белгілері болғанымен, өмір 
болашақ мұраттарын ойлау тұрғысынан алғанда, Қайыр хан бейнесінен 
бір саты төмен тұр. 
Романда суреттелінетін кезең бейнесі мен кейіпкерге деген 
авторлық позиция айқын. Мұның өзі шығарма композициясын жинақы 
құруға, суреттеу құралдарын жеткілікті пайдалануға септігін тигізген. 
Шығармадағы халықтық шежіре, аңыздар мен этнографиялық сурет-
нақыштар орынды кіріскен. 
Роман кемшіліксіз де емес. Оның бірі – Отырарды Шыңғыс хан 
түмендерімен қоршап алғаннан кейінгі Қайыр ханның ішкі жан-дүние 
әлемі, кейіпкерлердің іс-қимылы психологиялық тұрғыдан терең 
ашылмағаны дер едік. Осы тұста қаһарманның әрқайсысы сырттай 
күйгелектік көріністен арылып, іс-әрекеттің адамы дәрежесіне көтерілу 
қажет еді. Сондай-ақ, Гауһардың өмірге деген құштарлығы солғын, 
сенімсіз шыққан дейміз. Қасым мен Жәнібектің, Тарханбектің рухани 
есеюлері де жасы мен ісіне сәйкес келмегендіктен, мінез-
құлықтарында 
жасандылық 
бар. 
Романның 
композициялық 
құрылысында да біркелкілік байқалмайды. Сюжеттің шымыр құрылып, 
кейіпкердің кесек бітімін жасау орнына халықтық аңыздарды баяндау 
басым. 
Сондай-ақ, әрбір тарихи шығарма сол кезеңдегі оқиғалардан 
туындайтын өзіндік тұжырым түюі тиіс. Отырар туралы дүние жүзі 
әдебиетінде де, қазақ әдебиетінде де аз жазылған жоқ. Жазушы сол 
белгілі тақырыпты қайта жаңғыртқанда, оқырманға қандай жаңалық, 
тың тұжырым ұсынып отыр? Шыңғыс хан мен Қайыр ханның арпалысы, 
арбасуы бұрын да айтылған. Тек Отырар кітапханасының жасырылуы 
ғана елең еткізерлік тұс. Шығарманың дербестігі қандай жолмен 


425 
дараланады? Бұл мәселе сол шешілмеген күйінде қалған. Жазу мәнері, 
оқиға құруы, психологиялық иірімдері өзге болғанымен, жалпы тарихи 
трактовкаларында ілгерідегі ізді қайталаушылық бар. Үлкен мін осы. 
Тұтастай алғанда, “Отырар ойраны” – жұртшылықтың рухани 
сұранысынан туған, тарих тағылымы мен өмір шындығын белгілі 
дәрежеде өрнектеп, көрсете алған керекті кітап деген пікірдеміз.
Оянған өлке 
Ғ.Мүсірепов 
Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов 1902 жылы 22 наурызда қазіргі 
Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, Жаңажол ауылында 
дүниеге келген. Бастауыш орта мектебін ауылда оқып, 1926 жылы 
Орынбордағы рабфакты бітірген. Омбыдағы ауыл шаруашылық 
институтында бір жыл көлемінде білім алған соң, Бурабайдағы 
техникумда сабақ береді (1927-1928). Тұңғыш туындысы – “Тулаған 
толқында” (1927). Оны Бейімбет Майлин жоғары бағалаған. 
Ғабит Мүсірепов Үкімет, билік құрылымдарында да, мәдениет 
саласында да басшылық қызметтер атқарды. Әр жылдары “Қазақ 
әдебиеті”, “Социалистік Қазақстан” газеттері, “Ара” журналының бас 
редакторы, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының бірінші 
секретары болды. Қазақстанның халық жазушысы, Қазақ КСР Ғылым 
академиясының 
академигі, 
Социалистік 
Еңбек 
ері, 
Қазақстан 
Республикасы мемлекеттік сыйлығының иегері. Қаламгер халықаралық 
мәні мол, аса елеулі қоғамдық жұмыстар атқарды. Лениндік және 
Мемлекеттік сыйлықтар жөнінде бұрынғы Бүкілодақтық комитеттің 
мүшесі болды, Азия, Африка елдері әдебиетімен шығармашылық 
байланысты дамыту ісіне үлкен үлес қосты.
“Оянған өлке” Ғ.Мүсіреповтің әңгіме, очерк, фельетон жанрлары, 
лирикалық “мен” формасында жазылған “Қазақ солдаты” сияқты іргелі 
романы, драматургия саласындағы құнарлы табыстарынан кейін қолға 
алынды. Өзіне дейінгі “Абай жолы” арқылы көрінген М.Әуезовтің 
ұлттық қара сөз өнеріндегі өзгеше сарабы, мүлде тың, жаңашыл 
көркемдік жетістіктері нысаналы сабақ, тамыры терең дәстүр сүрлеуін 
әкелумен бірге үзеңгілес серіктері үшін тарихи тақырып саласындағы 
ізденістерге жол көрсетсе де, қиялап келмесе, шыңына жеткізбес 
құбылыс еді. Тегінде Ғ.Мүсірепов М.Әуезовпен эпикалық ауқым, 
психологиялық тереңдік, соны композициялық құрылым, ешкімге 
ұқсамас тамаша юмористік дарыны арқылы заңды түрде үндесіп әрі 
оқшауланып жатса, “Оянған өлкеде” “Абай жолындағы” сахара
тұрмысының салтанатты сәніне қарама-қайшы алынғандай, сондағы 
кедей-жатақтар күн көрісін арнайы бөлектеп, ұйқыдағы далаға 


426 
бейтаныс дүрбелең әкелген өндіріс қажеттілігімен, жұмысшы кәсібінің 
түйін салып, бой бекіту әрекеттерімен салалас суреттеу бар. 
М.Әуезов романындағы үстем күш өкілдерінің итжығыс тартысы 
“Оянған өлкеде” Игілік би мен Жұман бай арасындағы бітімге келмес, 
терең ордай, қайтусыз қақтығыстарды бедерлеу жүлгелерінен шебер 
көрініс тапқан. “Абай жолында” бұл ыңғайдағы қоғамдық-тарихи 
коллизия шежірелік ретпен, буыннан буын алмаса, ұзақ кезеңдерге 
созыла, мираскерлік тұрғыларынан мол нанымдылықпен өрнектелсе, 
“Оянған өлкеде” осы тартымдық типтік көрінісі Игілік-Жұман 
арасындағы кереғар күндестік, көзсіз бақталастық оқиғалары арқылы 
ықшам да сенімді баяндалады. 
Ғ.Мүсірепов суреттейтін ресми-әкімшілік орындардан сәл шалғай 
жатқан Қарағанды өңіріндегі феодалдық тұрмыс-салт сипаттарын 
елестету үшін түпбейнелері болғанмен, басым түрде шығармашылық 
қиялға еркіндік беретін романда Алтай-Қарпықтағы бір-бірінен 
тайсалмас, ымыраға жоқ екі байдың аяусыз қырқысын алумен шектелу 
орынды қадам есепті. Жаңаға ұмтылудың бір нышаны предметтік-
бейнелеу жүйесінен басқа, осындай оқиға, сюжеттік желілерді 
орайластыру жобасынан көрініс береді. Шығармада суреттелетін кезең 
– шырымы бұзылмаған дала ғұрпына тұнып тұрған, негізінен 
малшылық кәсіппен күнелткен дербестігі мол дәуір емес, қазақ 
даласында Нілді, Ақбұйрат, Жезқазған, Гүлшат, Балқаш, Қарағанды 
кендерінде орыс, ағылшын алпауыттары пайда шеңгелін сала бастаған 
суыт мезгіл. Феодализм дәстүрі мен алғашқы капитализм үрдістерінің 
бой тасалап келіп, ен жайыла түскен үнсіз арбасуы өріс алған шақта 
қаламгердің реалистік назары бай мен бай емес, бай мен кедей, 
жұмысшы мен өндіріс иелері арасындағы таусылмас қақтығыстарға 
ауған. Өркеуде, шешен, батыр, айлалы, қатігез Құнанбайлар дәуірі 
көне тартып, қулығы мен екіжүзділігі, жымысқылығы басым жорға 
Игіліктердің заманы төбе көрсеткен тұс. Күреңкөз қожа, Жұмабек төре, 
Боздақ би сияқты Игілік айналасындағы адамдар да өздерінің атақ, 
лауазымдарына сәйкес биіктен түсіп, даланың шөбі мен малын ақша, 
алтынға айналдыра бастайтын қалтасы қалың, есебі мықты бас бидің 
ығында жүріп, сөзін сөйлеуге, күйін күйттеуге ғана ойысқан. Баласы 
Ордабайды болыс қойдырған, кен ашушы Попов, Рязанов, Ушаков 
тәрізді орыс капиталистерімен тамыр басысқан, сол заманның 
материалды-техникалық әлеміндегі жаңалық атаулыға құлағы түрік, 
ынташыл, қиырдан ойлайтын Игілік жанды да емес, туысы, 
Қарабайдың сараңдығын бойына асыра сіңірген, күйгелек әрі беймаза, 
іші тар, шолақ түйсікті, дүниеқор, іліп алар бір қасиеті жоқ Жұман 
байды алып та, шалып та жығып отырады. Ғ.Мүсірепов Игілік тұлғасын 
әр қырынан, көтере сипаттаусыз, нақты мінездік штрихтармен жан-
жақты реалистік нақыштар арқылы суреттесе, “Алтай-Қарпыққа мәлім 


427 
тапал адам”, “мұқыл тырнақты саусақтары келінің сабындай жұп-
жуан”, “қылтанақ шығып көрмеген қасқа иегінен тағалы ат тайып 
жығылғандай”, “етегін көтерместей біржола түйілген қабақты” 
Жұманның портреттік сипаттамасынан бастап, жүріс-тұрыс, іс-
қылығына дейін гротескілік сықаймен, ернеуі іркілмес мол юмор 
өрнектерімен бейнелейді. Жұманның прообразын фольклорлық 
дәстүрден іздесек, Қарабай тұлғасымен тамырластықты байқаймыз. 
“Қозы Көрпеш – Баян сұлу” драмасының авторы өзі терең көркемдік 
жинақтаудан өткізген трагикаминалық кейіпкердің ұлттық өмірдегі 
этнопсихологиялық орнын дәл аңғарып, жаңа шығармасындағы жаңа 
мезгілдерге, жаңа жағдайларға қатысты ол бейненің тарихи-
философиялық мәнін толық аша түсуді міндет санаса керек. Қырсығып, 
қарсыласына алдымен қыр көрсететін Жұман ылғи да ойсырай жеңіліп, 
жерге отырып қалады. Ашулық, ызақорлығы мен ақылсыздығынан 
жапа шегетін Жұманның елден ерек қараулығын бедерлейтін нақты 
психологиялық детальдар жеткілікті. 
“Оянған 
өлкеде” 
Ғ.Мүсірепов 
стилінің 
аналитикалық 
психологизмінен гөрі синтетикалық психологизмге оңтайлылығы 
шығарманың ауқымды идеялық мақсаты мен кең эпикалық құлашына 
сай. Қаламгердің дара қолтаңбасы да, ол кездегі қазақ прозасының 
негізгі дәстүрі де әлеуметтік-психологиялық талдау өнерінің орнын, 
оқиғалар мен құбылыстарды суреттеудің драмалық кернеуімен 
толтыруға арқа сүйейтін. Сюжет қоюлығы, қоғамдық-саяси тартыстар 
шымырлығы, 
баяндау 
құрылымындағы 
динамизм 
Ғ.Мүсірепов 
психологизмінің арнайы тілектен емес, шығармашылық қажеттіліктен 
туған, жарқылдағы жоқ, көп сырын ішіне бүккен, әсерлі, серпінді, 
лаконизмге бейім астарлы сипаттарын айғақтамақ. 
Суреткердің бір ендікпен шектелмейтін, қарымы кең, сергек те 
зерделі назарын сан алуан фабулалық, сезім-күйлік шақтардан аңғару 
қиын емес. Мәселен, романда жағымды тұрғыдан, парасат, зиялылық 
сапаларымен әр тұста таныла түсетін талайы қиын Көпей бәйбішенің 
ессіз де болса, ері, күйгелек Жұманның қамы үшін сыйлас қайнысы, 
зымиян Игілікпен жасырын келісөз жүргізетін мезетінде шын 
ұнамдылық қырлары көрініс береріне күмән жоқ. Алайда жалшы Күңке 
бай құрбысынан түңілгендей күй кешеді. Кедей-кепшікке әшейінде 
қайырымды Көпей ең алдымен Жұман абыройы мен дәулетінің 
шашылмауын көздейтіндей. Жарлы Жақыбайдың жазықсыз сойылға 
ұрынуы (Жабай – Жылтыр Омар оқиғасы) әдеттегі құбылыс іспетті. 
Әрине, басқаша ыңғайдағы мәні болғанымен, айдың сәулесіне 
айна шағылыстырып ойнағанына мәз, ақылы ауысқан Тілеуке, ет-миға 
сіңген дағды бойынша өлім халіндегі туған ұлы Жабайдың жанынан 
байдың түйесінің қамын артық ойлайтын, кездейсоқ жолыққан 
Тілеукемен бірге күн ұзақ “әңгіме шертіп”, құмарынан шығатын, 


428 
мәңгіге айналған Талтаяқ шал, Жабай қасіретіне қатысты эпизодтар 
В.Шекспирдің “Король Ли”, В.Гюгоның Квазимодасындағы кейбір 
концептуальдық сарынды еске түсіреді. 
Жазушы Игіліктің портреттік мінездемесін, қысқа қайырылса да, 
кесек көрінер, артығы жоқ, асып-тасуы жоқ, сыпайысымақ сөздерін, 
соңын баққан шыдамдылықпен ту сырттан соғардай арамза 
әрекеттерін суреттегенде де ұнатуы мен жаратуын аңдатпайды. Игілік 
істері мен ниеттерінің бұзықтығын өзге кейіпкерлер репликалары мен 
түсінік-талғамдарынан сездіру басым. “Бетпе-бет” келгенде автордың 
“қарсыласын” бағалай тұрып, Игілікпен ақыл-ой, сұңғылалық, характер 
межелері бойынша арбаса тіресуі байқалғандай. 
Мырзасынған Игіліктің түп қараулығы мен момынның мойнына 
мінуден жүзі жанбас арсыздығы, екісөзділігіне куәгер фактілердің бірі – 
үйші Сандыбайдың ерекше өнері үшін сый алу орнына “ұзын арқау, кең 
тұсау” уәде құрсауында бәрін ұмытып, әлі де жоқшылықта қалатын, 
мазаққа жем болатын күлкілі әрі қайғылы халі. Асқан шеберлік, табиғи 
зергерлікпен жасаған дүниесіне берілмекші бір үйір жылқының түр-
түсіне қызығып, таңдай алмай, әлекке түсетін, оның біразын Ордабай 
болысқа картаға ұттырып, қалғанына қиялмен баласына қалыңдық 
айттыратын аңқау, түйсігі аз Сандыбайдың мүскін жағдайы тек юмор 
емес, трагедиялық әуенмен көмкеріледі. 
Залымдыққа бас имек түгілі көкірек көрсететін ер де, өткір тілді, 
өжет Баянды – Көпей бәйбішенің бауыры, кәсібі – ұсталық. Табан ақы, 
маңдай теріне табынған, көңіл көзі ояу Баянды қазақ өміріндегі рушыл 
– феодалдық жүйеден капиталистік өндіріс қатынастарының біршама 
дәрежеде ұтымдылығын сезініп, едәуір саяси-құқықтық бостандық 
рухын аңғартқан алғашқы қазақтардың бірі. Екі байдың есер 
таласында соққы жеп, кемтарлық қамытын ұзаққа киген Жабайдың
Баянды таңдаған кәсіпке мамандануында рухани-әлеуметтік заңдылық 
бар. 
Игілік пен Жұманның таласында күш сынасып, бір-бірінің қайраты 
мен адамшылығын өздеріне келіп-кетері жоқ қанды қақтығыс үстінде 
танып, тұңғыш рет жаны мен тегінің туыстығын ыза, кек, намыс 
шыңында терең түсінген Бұланбай мен Сүгірәлі Қарағанды кеніндегі 
ұлттық жұмысшылар қауымының бас көтерер тарланы болуына 
бастапқы 
драмалық 
ситуацияларда 
жеткілікті 
психологиялық 
дайындық жасалған. Осы тұстағы Байжан мен Жұбай, Алшағыр мен 
Күнзила араларындағы от басылық жарасты қарым-қатынас, әзіл-
қалжың ұлттық дәстүрдегі жанұя мерейін, халқымыздың материалдық 
игіліктерден биік қоятын мәдени-рәсімдік өнегесін, көңіл дархандығын 
паш ететін мағыналы көріністер. 
Байжан Қарағандының иесі болса, Бұланбай, Сүгірәлі, Алшағыр, 
Қолбаң тәрізді сан жүз кедейлермен бірге махаббат азаттығына қол 


429 
созған Игіліктің жиені Сейіт пен Назым жатық жұртшылығы топтасқан 
шахта барақтарынан пана табады. 
Дала төскейіндегі осынау салыстырмалы түрдегі озық құбылысқа 
әр тап өз тұрғысынан ат салысуда. Жұмабек төре – подрядчик, Ыбырай 
кіресшілерге жауапты. Игілік – кен таситын мыңдаған көлік малдың 
иесі, бәрі де мұртын майлап қалуға ұмтылған. Кенесарының 
найзасынан олжалы құтылған Игілік Ушаков-Рязанов компаниясынан 
жемсауын толтырусыз қалмастай. Жазушы аңқылдаған қыр халқының 
арасында Тұрсынбай секілді орыс алпауыттарының өзін алдаудан 
қашпас ысқаяқ кен іздеуші, Мұсақайдай күштіге жағымпаз, сатқын 
тыңшылардың, өзгелерді бір жақ, өзін бір жақ санайтын оның ұрысқақ 
әйелі Балсары тақілеттес кесеңсіз типтердің кездескенін жасырмайды. 
Қоғам, орта тіршілігіндегі сан алуан қайшылықтар әлгіндей қарама-
қарсы жаратылыс, наным, сенім шарпысуларынан өрбілмек. 
Ғ.Мүсірепов “Оянған өлкеде” ен-тегін қазақ жерін ашқарақтана 
кезген ағылшын магнаттарымен таласа-тармаса жүріп, дала жонын 
алтынға айналар асыл тас іздеп, таспадай тілгілеген Попов, Рязанов, 
Ушаков тәрізді орыс алпауыттарының өзара қырғи-қабақ тартыстарын 
ықыластана суреттейді. Бұл арна Рязанов-Ушаков арасындағы қарым-
қатынастар жүйесімен нәзік психологиялық келбет алған. Капиталист 
атаулының бәрі де пайда жолында қаншалық арсыз болса, өлім, 
қазына көзін аша түсу үшін материалдық игіліктер тұтқасы - өндіріс 
ошақтарын кеңейтуге, белгілі бір дәрежеде өндіргіш күштердің нығая 
түсуіне мүдделі екені мәлім. Ушаков та, оның Ақбұйрат пен 
Қарағандыдағы инженерлері – Бернер мен Некрасов та осы тарихи-
экономикалық қажеттіліктерге қарсы шығуға құлықты емес. Шеңгелін 
алыстан салатын майда тілді, аяр ақсүйек Рязанов пен қожайынына 
аңшының итіндей берілген, оңбаған істің дүлдүлі Сикорский 
салыстырмалы 
түрде 
ғана 
адал, 
аршынды, 
ақкөңіл, 
алайда 
пайдақорлығы жағынан есе айырмаса, жер қалқысы жоқ Никон 
Ушаковты ақыры орға жығып тынады. Кәріқақсал, қырқар түлкі 
А.Рязанов қасқыр да болса, айласы мен ақылы кемшін соққан өзінше 
апайтөс әріптесін тұншықтыра салады. Ушаков көмекке Игілік досын 
шақырады, бірақ дала қорқауы күмәнді тұстан аяғын тартып алып, 
жанын ғана көрсетіп кеткен тәрізденеді. Ақша, байлық асуларындағы 
адамгершілік қарым-қатынастардың азғындық сипатын қаламгер өткір 
мінездемелік детальдармен, драмалық ширығыс арқылы мүсіндейді. 
Романның бесінші бөліміндегі Ушаков басына төнген терең 
қайшылықты 
жағдаяттарды 
автор 
әдеттегі 
эпикалық 
баяндау 
тынысына психологиялық иірімдер қосып, зор әсерлі бояу-саздармен 
суреттегені анық. Ортақ төл сөздер, ішкі монолог үлгілері, сана ағымын 
тікелей сипаттау шығарма жолдарына, оқиға, характер табиғатына 
лирико-философиялық толымдылық береді. Жазушы психологизмі 


430 
образ болмысы мен тартыс, жағдай шарпысуы сәттеріндегі ой, сезім 
аяларының шырқау биіктерін жан-жақты, байыпты қамту, эктерио-
интерноризациялық процестер алмасуын жіті қадағалау нәтижелеріне 
құрылған. 
Монологтың форма, бір қызығы, қаламгердің үлкен пішінді үш 
томдық таңдамалысының бір кітабынан бастағанда 70-бетте ғана 
айқын графико-стилистикалық өрнегімен ұшырасады. Оның өзі де 
Игілік үйіндегі қара ала төбеттің ренішті толғаныстары екен. Әйтсе де 
бұл романның түр байлығына нұқсан емес (монологтар тиімді 
пайдаланылады), стильдік даралықтың осы реттегі айрықша сипаты 
ғана. Шығармада табиғат көріністері аз келсе де, ұтымды, ширақ, 
бейнелі, ал кескінеме үлгілері пластикалық, эмотивтік қабаттарға толы. 
Ғ.Мүсірепов талантының негізгі қуаты – жазушының драматургтік 
өнерімен егіздес диалог құдіретінде. “Оянған өлкеден” бірде бір бос 
тұрған реплика, полилогтық мезеттерді кездестіру мүмкін емес. Әр 
қаһарманның өз жан әлемі, характері, дүниетанымына сәйкес дербес 
лексиконы, сөйлеу мәнері, тілдік ерекшелігі сақталған. Әкелі-балалы 
Бұланбай мен Нарбайдың ақжарқын, ақиық, қызба мінездеріне сай 
әсерлі, бөгеусіз, кейде тіпті тосын, адал сөздеріндегі тегі бір 
ұқсастыққа дейін, жылтыр Омардың Жабай кетпенінен алған соққыдан 
кейін түр-түсіндегі өзгеріс пен тіл қату, жекелеген дыбыстарды жеткізу 
дағдысына шекті “ерінбей” назар аударатын суреткер диалогтарының 
реалистік қайнары, рефлексологиялық дәлдігі, әрекеттік қажыры зор. 
Әсіресе тоқтаусыз төгілген юмор әсерлі. Ол юморда табиғи ақыл, 
парасат, көрегендік пен көргенділік, даналық ұшқындары бар. Біз. 
Ғ.Мүсіреповтің автор-баяндаушы, әңгімеші, сипаттарын, суреттеуші – 
жазушы ретіндегі өр де тәкаппар, ұсынғыш та қайырымды, ездікке 
емес, ерлікке, қыран самғар биікке құмарлық рухын дәріптер таза 
халықтық сезімін, асқақ тұлғасын кіршіксіз парасаты мен тозаң тартпас 
даналығы үшін
әрдайым бағалаймыз. 


431 
Ө 
Өз отыңды өшірме 
О.Бөкей 
Көрнекті қаламгер Оралхан Бөкей 1943 жылы Шығыс Қазақстан 
облысы, Қатын-Қарағай ауданына қарасты Шыңғыстай ауылында 
дүниеге келген. 1961 жылы осы ауылдағы Сұлтанмахмұт Торайғыров 
атындағы орта мектепті бітіріп, еңбекке араласады. Әл-Фараби 
(бұрынғы С.М.Киров) атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің 
журналистика факультетіне сырттай оқуға түсіп, оны 1969 жылы 
тәмамдаған.
1965-68 жылдар аралығында бұрынғы Үлкен Нарын аудандық 
“Еңбек туы”, Шығыс Қазақстан облыстық “Коммунизм туы” (қазіргі 
“Дидар”) газеттерінде қызмет істеген.
1968 жылы республикалық “Лениншіл жас” газетіне шақырылып, 
Алматыға келеді.
1974-83 жылдары “Жұлдыз” журналы проза бөлімінің меңгерушісі 
және редакция алқасының мүшесі қызметін атқарады. Кейіннен “Қазақ 
әдебиеті” газетінің редакторы болып тағайындалған.
1993 жылдың мамыр айында Үндістанда қайтыс болады.
Оралхан Бөкей әдебиет сүйер қауымға 60-жылдардың аяғында 
жазылған “Бура” әңгімесімен танылған еді. 1970 жылы “Қамшыгер” 
атты тұңғыш жинағын жарыққа шығарды. “Қайдасың, қасқа құлыным”
(1973), “Үркер” (1971), “Мұзтау” (1975), “Ән салады шағылдар” 
(1978), “Үркер ауып барады” (1981), “Біздің жақта қыс ұзақ” (1984), 
“Ұйқым келмейді” (1991) повестері мен әңгімелер жинағы Оралхан 
Бөкейдің қаламгерлік шеберлігін, өзіндік өрнек-мәнерін танытты. Ол өз 
оқырманын шұрайлы да шешен тілімен баурап алды.
Оралхан Бөкей – Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының, 
Қазақстан Республикасының Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығының, 
Н.Островский атындағы Бүкілодақтық әдеби сыйлықтың, “Молодая 
гвардия”, “Жалын” баспалары сыйлықтарының иегері. Шығармалары 
жазушының көзі тірісінде орыс, ағылшын, чех, болгар, венгр, араб, 
жапон тілдеріне аударылған. Драмалық шығармалары “Құлыным 
менің” (1974), “Текетірес” (1976), “Қар қызы” (1982), “Зымырайды 
поездар” (1984), “Желтоқсан желі” (1988) театр сахнасында жиі 
қойылып, көрермендер тарапынан жоғары баға алып келеді.
Оралхан Бөкей қаламынан “Өз отыңды өшірме” атты роман туды. 
Бұл шығарма түрі мен мазмұны жағынан жазушының өзіндік 


432 
ерекшелігін таныта білген туынды болды. Роман жарық көргенде 
сыншылар тарапынан көптеген пікірлер айтылды.
Романға арқау болған ХХ ғасырдың бірінші ширегінде үлкен 
дүрбелең туғызған өзгерістің қазақ даласындағы көрінісі мен Ұлы Отан 
соғысы жылдарындағы, соғыс біткеннен кейінгі уақыттағы Түрксіб 
теміржолы бойындағы қазақ ауылының тынысы десе де болады. Тапқа 
жіктелген қоғам, алмағайып, аласапыран кезең уақиғасы адамдар 
тұлғасы, олардың іс-әрекеті, бір-біріне қарым-қатынасы қат-қабат 
тартыс аясында баяндалады. Жазушы шығарма композициясын өзіне 
тән машықпен құрған. Роман оқиғасы бес салаға жіктелген. Әрбір сала 
бүгін мен баяғының бейнесін беретін тараушаларға бөлінген.
Қазақтың сайын даласының төсінде бір кездегі кеңестік дәуірдің 
керемет болып аталған ерлігі – Түркістан – Сібір теміржолының түйісуі 
қаншама құрбандық пен қиындықты қажет етті. Жазушы өзінің 
қаламгерлік ұстанымындағы қашан да ерекше орынға ие – Адамдар 
тағдырын танытуға ерекше көңіл бөледі. Шұрайлы тілмен өрнектелген 
кейіпкерлер болмысы,тынымсыз ой мен шиыршық атқан сезімдер, ашу 
мен ақыл, парықсыздық пен парасат, сатқындық пен адалдық, аярлық 
пен тазалық сияқты қарама-қайшы ұғымдар авторлық баяндау және 
суреттеулер арқылы шарпысып отырады.
Бірінші салада, “Бүгінде” және “Баяғыда” деп басталатын 
тараушаларда оқиға орталық кейіпкер Дарханның айналасында өрбиді. 
Яғни, 
бұл 

“Түрксібтің 
қайлашы 
болып 
бастаған 
кәрі 
жұмысшыларының бірі туралы хикая” (О.Бөкей).
Роман оқиғасының негізгі өзегі – Дархан тағдыры, оның өткен 
өмірі мен бүгіні. Кешегі өткен күннің тынысы мен тіршілігі Дарханның 
еске алуының негізінде баяндалады. Бүгіні – Дархан қарттың қапыда 
көз жұмған аяулы жары Гүлияның басына мазар тұрғызбақ болып 
жүрген қарекеті. Баяғысы – сол аяулы жарымен бірге өткізген күндері. 
Жазушы өтпелі кезең шындығын суреттеуде де адамның қат-қабат ішкі 
болмысын ашуға ерекше мән береді. 
Романның кейіпкерлері: Омар бай, оның бәйбішесі Рахия, егіз 
қыздары – Гүлия мен Дүрия, ұлы адвокат Еркін, Омар байдың 
жалшысы, кейіннен Кеңес өкіметінің шолақ белсендісі болған Оспан, 
жылқышы Бати, кедей жігіт, кейіннен Түрксібті салған жұмысшыларға 
басшылық жасаушы Дүрияның күйеуі Қамбар, Дарханның әкесі 
Таңатар т.б. 
Жазушы замана шындығын кейіпкерлерінің бітім-болмысы, ішкі 
жан-дүниесі, өмірлік мұраттары, әрқилы тағдырлары арқылы терең 
танытуға ұмтылған. Әртүрлі оқиғалар, әлеуметтік тартыстар, адамдар 
арасындағы басқа да қарым-қатынастар роман оқиғасын барынша 
шиеленістіріп, шынайылығын арттыра түскен. Адам тағдырын жалаң 
саяси-әлеуметтік ауқымда емес, барынша күрделі өмірлік заңдылықтар 


433 
аясында таныту - бұл шығармасында қаламгердің ұстанған басты 
позициясы. 
Романның орталық қаһарманы – Дархан. Дарханның әкесі 
Таңатар айналасына қадірі бар қарапайым жылқышы. Көп жылдар 
бойы Омар байдың жылқысын баққан. Өзі балуан. Дархан болса 
бұғанасы қатпаған жас күнінен екі қолына сеніп, еңбегімен күн 
көрген.Үлкен әлеуметтік өзгерістер қазақ даласына да елеулі әсер 
еткен. Оны осы Дарханның өмір жолынан да айқын аңғарамыз. 
Салынып жатқан темір жол құрылысына кіріп, соның ауыртпалығын өзі 
сияқты көптеген қарапайым еңбек адамдарымен бірге көріп, көтереді. 
Өз ісіне берік, барынша адал жігіт көбінде қиыншылықтарға тап 
болады. Омар байдың сұлу қызы, егіздің сыңары, ақылына көркі сай 
Гүлия сияқты аяулы жарының қапылыста жаман пиғылды адамның 
қолынан қаза табуы Дарханды мүлде есеңгіретіп кетеді. Бүкіл ғұмырын 
адал еңбекке арнай жүріп, қарттыққа аяқ басқанда аяулы жарының 
басына мазар тұрғызуға кіріседі. 
Омар байдың жалшысы болып, Кеңес үкіметі орнағаннан кейін атқа 
мінген Оспан - әпербақан, шаш ал десе бас алатын әумесерлігімен 
бірге, өз алдына бір күрделі болмысты кейіпкер. Айналасындағы 
адамдардың не айтарын алдын-ала сезініп, алдын орап отырар 
залымдық, өзі істеген істі екінші біреуге именбей жала қылып аудара 
салар арсыздық, өз мақсаты жолында ештеңеден аянбайтын 
өлермендік – Оспан бейнесін аша түсетін сипаттар. Роман оқиғасында 
Оспан өткен мен бүгіннің екеуінде де бой көрсетеді: “Баяғыда” деп 
баяндалатын тарауларда барлық оқиға Оспансыз өтпейді. Сұғанақ 
Оспан кез келген жерге кіріседі. Бір көзін Омар байдың қамшысы 
ағызып түсіргенде кектенген ол кеңес өкіметі орнай салысымен Омарға 
ат ойнатып жеткен. Айлалы, әккі бай әкіреңдеп келген Оспанды бір 
ауыз сөзбен матаған: “Үй болып, түтін түтетер шағың жетті, бой жетіп 
келе жатқан егіз қызым бар, таңдағаның – сенікі”, - деген. Оспан осы 
сөзді малданып, егіз қыздың естісі, сұлулығы да артық Гүлияға өзінше 
жіп тағады. Осы Гүлияға қол жеткізер жолдағы үлкен кедергі – Дархан. 
Оның Қамбармен арадағы алтыбақан құрған кештегі қақтығыстан соң 
құрған өмірлік жоспары – тек “өзіндік Оспандық мемлекет құру” еді. 
Айламен ғана әрекет қылу, ішкі ой-мақсатын жан баласына сездірмеу. 
Оспанның басты заңына айналды. Өзінен өлердей сескенетін әрі жек 
көретін Гүлияны жар етемін деу мүлде болмайтын іс екенін 
мойындағысы келмейді. Омар бай тәркіленгенде бар қысастығын 
жасап баққан. Оспан шешесі Рахия, сыңары Дүриямен бірге қалаға 
аттанып бара жатқан жолда басына жаңа сойған қойдың қарынын 
кептеп киіп, соңынан қуып жетіп, кездікпен Гүлияның бетін тіліп 
жібереді. Кейін, Түрксібтің түйісу тойына сапар шеккелі тұрған 
Дарханды шығарып салмақшы болған Гүлияны қапылыста атып өлтіріп 


434 
кетеді. Қулығына құрық байламайтын айлакер, “жыланның жусағанын 
білетін” зымиян Оспанды жеңген жылқышы жігіт Бати. Иә, Оспан өзінің 
сырт түріндегі сияқты жаңа өкіметке жан салып жүрмеген адам екен. 
Өзінің бас мақсатын, өзімдікі болса деген пиғылын, бұл жолда 
ештеңеден де тайынбайтынының тағы бір дәлелі – Омар байдың 
қабірін ашып, алтын-күміс ақшасын алуы. Осы байлықты алып, қашпақ 
болған сәтінде тұтылады. Роман оқиғасы Ұлы Отан соғысының 
басталған, жүріп жатқан және аяқталған кезеңдерін айналып өтпеген. 
Арнайы броньмен теміржол бойындағы қызметте қалдырылған Дархан 
ауылдастарының қайғысы мен қасіретін бірге көтеріседі. Әр түрлі 
пиғылды кейіпкерлердің іс-әрекеті осы бір қиыншылық кезінде оған 
барынша таныс бола түскендей болады.
Аяулы жары Гүлияның басына мазар тұрғызып жүрген кезде 
баяғы бір шақта бауырларына бала қылып салып алған Гүлияның 
ағасы Долдаштың ұлы Мұратқа іздеу салады. Нәтижесінде Мұраттан 
туған Жалғас Дарханды іздеп келеді. Гүлиядан айырылып қалған кезде 
Дархан Мұраттан да көз жазып қалған болатын. Сөйтсе ол балалар 
үйінде тәрбиеленіп, есейіп, үйлі-баранды болған. Барлық азаматтар 
қатарлы майданға аттанып, оралмаған екен. Соңында жары, осы 
Жалғас деген ұл қалыпты. Дархан шал Жалғасты отымды өшірмейтін 
өмірімнің жалғасы деп түсінеді. Кезінде заман екпінімен шекараның 
арғы бетіне асып кеткен Таңатар шал ұлы Дарханға ошағының отын 
сөндірмеуді аманат етсе, енді Дархан шал бұл аманатты Жалғасқа 
тапсырады.
Романның тілі шұрайлы. Өмір шындығы қаламгердің көркемдік 
қиялына сай шеберлікпен өрнектелген.
Өліара 
Т.Әбдіков
Төлен Әбдіков 1942 жылы Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, 
Еңбек ауылында дүниеге келген. 1965 жылы Әл-Фараби атындағы 
(бұрынғы С.М.Киров) Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірген. 
1965-70 жылдары “Қазақстан пионері” (қазіргі “Ұлан”) газетінде әдеби 
қызметкер, 
бөлім 
меңгерушісі, 
1970-77 
жылдары 
“Жалын” 
альманағында бөлім меңгерушісі, бас редакторының орынбасары, 
1977-79 жылдары “Қазақфильм” киностудиясында бас редактор, 1979-
80 жылдары Қазақстан КП ОК-нде жауапты қызметте болды. 1990-92 
жылдары “Қазақ әдебиеті” газетінің бас редакторы болды. 1993 
жылдан ҚР Президенті әкімшілігінде қызметте. 


435 
Т.Әбдіков шығармалары 1964 жылдан жариялана бастады. 
“Көкжиек” 
(1969), 
“Күзгі 
жапырақ” 
(1971), 
“Ақиқат” 
(1974), 
“Айтылмаған ақиқат” (1979) әңгіме-повестер жинақтарын жарыққа 
шығарды. 1985 жылы тарихи кезең шындығын арқау еткен “Өліара” 
романын жариялады.
Биік таудың алыстан көрінетіні сияқты, тарихтың да белесті 
оқиғалары алыстаған сайын өзінің сыр-сипатын тереңірек ашып, 
айқындала түседі. Қазақтың “Уақыт-төреші” деген сөзі тарихи үрдістің 
объективті болмысын парықтауға бағытталған байламды ой. 
Қазақ халқының тарихи тағдырында ХХ ғасырдың, соның ішінде 
социалистік жүйенің із-таңбасы ерекше болды. Ол ерекшелік – көрген 
қорлықпен, тартқан азаппен, жоғалтқан ұрпақпен өлшенбек емес. 
Керек десеңіз, жеткен жеңіс те, тапқан табыс та ол ерекшелікке өлшем 
бола алмайды. Түптеп келгенде, мұның бәрі де дүмпуі жойқын 
себептің салдарлары ғана еді. Себептің зоры – социалистік жүйе қазақ 
халқының тарихи-әлеуметтік, мәдени-рухани тағдырында өліара кезең 
болды. Қазақ даласында үш мың жыл бойы, бәлкім, одан да ұзақ уақыт 
аясында дәурен сүрген салт атты көшпелілер өркениеті Қазан 
төңкерісінен кейін тізгін тартты. Технократтық даму жеңді, табиғаттың 
өзіндей табиғи өмір салт жеңілді. Қазақ халқы өзінің төл стихиясынан, 
төл болмысынан мүлде бөлек бітімдегі даму жолын бастады. Тұтас 
ұлттың тарихи тағдырындағы мұндай түбірлі өзгеріс табиғи даму 
жолымен жүзеге асқан жоқ, жедел түрде, зорлықпен сырттан 
таңылды. Тарихи аз аяда халық өткеннен кіндік үзе алмай, жаңаға 
бауыр баса алмай қоскіндік күй кешті. Ең ұлы сүргін (катаклизм) 
адамдардың жан-жүрегінде болды. Байырғы скиф мифіндегі өз 
құйрығын өзі жұтатын аждаха сияқты, адамдар өз жүрегімен өзі 
күресті. Мұндай құбылыс жалпы этникалық сипат алғанда, шын 
мәнінде, ұлы қасіретке айналмақ. Әлгі, социалистік жүйенің қазақ 
тағдырындағы ерекше ізтаңбасы болды деуіміздің бір қисыны осы. 
Дарынды қаламгер Төлен Әбдіков өзінің “Өліара” романына 
тарихтың осындай өтпелі кезеңін арқау еткен. Автор Қазан төңкерісі 
әкелген мүлде жаңа қоғамдық құрылыстың, тосын өмір салттың, тіптен 
басқаша ойлап, тірлік құрудың қазақ даласында қалай жүзеге асқанын 
арқау романға өзекті еткен. Өліара кезеңдегі ел тағдырының 
қиындығы мен қызығына, үміті мен өксігіне ол бүгіннің көзімен 
қарайды. Ұлт болмысында елеулі із салған сол бір күрделі кезеңнің 
сыр-сипатына бүгінгі зердемен 
үңіледі. Автордың суреткерлік 
ұстанымы мына сөзінен айқын байқалады: “Қазір артта қалған 
уақыттың тұлғасы белгілі бір қалыпқа түсіп, қарасы айқындалып, 
жақсы, жаманы жетілген заманда “біз бәрін білеміз” деп есептейтін – 
біздер, адамдардың іс-әрекетіне сол тұстағы жағдайдың жасаған 
ықпалын көзге ілмей, тек қарақан басының пиғылынан деп қана 


436 
ұғатын – мына біздер, өзіміздің өткенге деген үзілді-кесілді бағамызбен 
жиі қателесеміз. Үйткені мына дүниені ақ пен қара деп, екі-ақ түрлі 
бояуға бөліп, пышақ кесті шекарасын жасағанмен, осы екі бояудың 
екеуіне де жатқызуға болмайтын сан түрлі бояудың арасында біз әлгі 
өзіміз белгілеген шекараның дәл қай жерде екенін қолмен түртіп 
көрсетіп бере алмас едік. Бәлкім, ондай сызылған шекара жоқ та 
шығар, бәлкім ол шекара әлгі екі бояудың өңдері жоғалып, әрсізденіп 
келіп, бір-біріне оп-оңай айналып кете беретін дүбара тұсы шығар”. 
Міне, автордың өткенді бажайлап танып, парықтап түсінудегі 
диалектикалық зердесі осындай. Рас, тарихтың сыр-қатпарын танудағы 
әдіснамалық естіліктің жөні бір басқа да, сол есті зердені өнер өзегіне 
айналдырып түсіру бір басқа. Автор бұл тұрғыда да суреткерлік 
шалымдылығымен ден қойдырады. Ол сыртқы дүлей күштің 
зорлықшыл ықпалын, қоғамдық-әлеуметтік өмірдегі аса күрделі 
сілкіністі көрсету барысында дүниені екіге бөліп тастап, мәңгі бітіспес 
екі қарсыласты шарпыстырып қоюға бармайды. Күрделі тарихи 
кезеңнің барша болмысын шыншылдықпен, көркемдік сараппен 
зерделеп, сол кезең туралы соны көркемдік таным концепциясын 
көлденең тартады. Соданда болу керек, романда қантөгіс күрес те 
жоқ, шытырман оқиға да жоқ, қиыннан қисатын тартыс та жоқ. Оның 
есесісіне күмәнсіз сендіретін, “осылай екен-ау!” дегізетін шыншыл өмір 
тұнып тұр. Сол өмірдің уақытына сай лебі жан-жүрегіңді, санаңды 
шарпып, жаңғырығы құлағыңа келгендей. Әрине, мұндай қасиет 
суреткердің тарихи танымы, суреткерлік қабілеті және өмірді білетіндігі 
мінсіз тоғысқанда ғана көрініс табатыны белгілі. 
Бұл ретте өткен өмір туралы автордың терең білім-білігі, одан 
туындайтын орнықты көзқарасы романның құрылымынан, оқиға 
өрбітуінен, адамдардың шынайы болмыс-тіршілігінен айқын аңғарылып 
отырады. Уақыттың ұлы дүмпу орамына түскен шағын ғана ауыл өмірі, 
сол ауылдың барша тіршілік-тынысы әсіре-қызылсыз, шыншыл 
қалпында көз алдыңнан өтіп жатады. Сол ауылдағы түбірлі әлеуметтік 
өзгерістің неге болып жатқанын, қалай жүзеге асып жатқанын автор 
түсіндіруден гөрі көрсетуге бейім. Көрсете отырып оқырманын 
ойлантады, “неге?!” деген сұрақты оқырманның өзі кейіпкерге айнала 
отырып іздейді. 
Бұл ретте де ол жеке тағдырды, жалқы кейіпкерді қызықтап 
кетпейді. Ұдайы әлеуметтік ортаның панорамалық ахуалын жайып 
салып отырады. Бастаудағы салқын сабырлы ауыл өмірінің астарында 
талай тағдырды ішіне бүккен салқын сызды қоса сезінгендейсің. Өгіз 
арбасын айдап, мимырт тірлікті өмірлік сыбағасындай мойындаған 
жігіттің әзіл сияқты, келеңсіз кіжінісінің астарында уақытымен 
тәжікелесуі жатыр. 


437 
Тарихи-әлеуметтік өтпелі, өліара кезеңге тап болған ұрпақтың 
тағдыры қашанда оңай болмаған. Орныққан өмір ырғағынан қол үзіп, 
ұғым-түсінікті өзгертудің қиындығы өз алдына, жаңалықтың түпкі 
сыбағасын түсіне алмай ара-дара болған шошымалды ұрпақтың 
өмірінен қиын өмір бола қоймас-ау. Романда арқау болған әлеуметтік 
орта мен уақыт тынысы барша болмысымен санаңды билеп алып 
отырады. Содан да болар, оқырман көкейінде басты кейіпкер Бәйтен, 
Асқар, Қадиша, Нұрбек бейнелерінен гөрі Жарбөгет ауылының 
тіршілік-тынысы тереңірек із қалдыратындай. Ал жаңағы кейіпкерлер 
сол Жарбөгет ауылының бірі көзі, бірі құлағы, бірі құралы, бірі тағы да 
бір мүшесі секілді. 
Автордың уақыт тынысына сырттан, алыстан көз салуындағы 
мақсатының нысанаға тиюі дегеніміз осы болса керек. Рас, бұған қарап 
жеке кейіпкерлер бейнесі сараланбаған деген ұғым тумайды. Бәлкім, 
кейіпкерлердің мейлінше сәтімен көрініп, өмірге белсене араласуының 
арқасында ғана әлгі айтқан әлеуметтік ортаның тұлғасы танылған 
болар. Уақыттың ағымын ерте түсініп, сол түсінігі өмірінің қызығы мен 
қиынына айналған Бәйтен мен Оймауыт бейнесі, сол уақыттың 
аласапыранында адалдығына араша таба алмайтын Асқар мен Сейт, 
тағыда сол уақыттың талабын басқаша түсінетін Нұрбектер, өз 
бақытын уақыттың сесі мен сұсына құрбан еткен Қадишалар, мәңгілік 
бір қалпында қалатын табиғаттың өзімен кіндіктес парасат иелері 
Қалаған мен Бикен сияқты бейнелер өздері ғұмыр кешкен ортаның, 
уақыттың ең типті тұлғалары десе лайық. 
Мынандай диалогтарға жүгінбеске лаж жоқ.
“Мыңғырған малдан бір үзім нанға қараған күнге түсу сорақылық
емей немене?” – бұл көзі ашық, оқыған бай баласы Сейттің сөзі. 
“Меніңше адамдар мемлекет үшін жаралмайды, мемлекет 
адамдар үшін жасалған. Ал сен адамдардың сана-сезімін, әдет-ғұрпын, 
тарихын бір-ақ сызып, бірінші орынға мемлекеттік принциптерді 
қоясың” – бұл Бәйтеннің сөзі. 
“Шырағым-ау, сонда мені ақылым үшін елден аластатпақсың ба?” – 
деп пүшайман болады, жаны таза, парасаты мол Асқар. Сонда 
шалшықтай саяз, ұзын сойыл ұрдажық Назардың айтатыны: “Иә, 
ақылың үшін. Сен бәрі бір қарап жүре алмайсың, ол – сенің тағдырың. 
Сен менің айтқан сөзіме, істеген ісіме ішіңнен болса да күмән келтіріп 
отырасың. Сондықтан маған басы істейтін адамның керегі жоқ... 
Түсіндің бе? Сенің маған керегің жоқ...”. 
Міне, осыдан кейін шағын ғана Жарбөгеттің өз тағдыры, өзіндік 
трагедиясы, бітіспес тартысы жоқ деп көріңіз. Осынау өмір мен өлім, 
зұлымдық пен мейірім, кісілік пен кісәпірлік, ескілік пен жаңалық 
шендескен өліара шақтағы шарпысуда да автор Ұлы өмірге ғашық 
көзбен қарай алады. Әсіресе, қандай ситуацияда да адам бойынан 


438 
адамдық жасампаздықты талмай іздеп, өмірге ғашық ете жазатын 
қасиеті – роман авторының тегеурінді дарынына айғақ. 
Қазақ әдебиетінде әлеуметтік астары мейлінше салмақты небір 
өткір әжуа, ұшқыр әзілге толы желілердің бар екені белгілі. Бұл үрдіс 
Төлен Әбдіковтың романында да күлкілі ситуациялар, оптимистік 
әзілдер, астарлы тапқырлықтар арқылы сәтімен жалғасын тапқан. 
Мұның өзі авторың адам жанын терең білетінін, өмірді шыншыл 
қалпында зерделей алғанын, соны көркем де оралымды тілмен түсіре 
алатынын аңғартады. Түптеп келгенде кейіпкерлерді өзінің түр-
тұлғасы ғана емес, мінез-болмысымен көрсету керек дейтін талаптың 
жарқын үлгісі осы болса керек. Сайқымазақ Сағидолланың өзі бұрын-
соңды әдебиетімізде кезікпеген қызғылықты тип сияқты есте қалады. 
Осы орайда автордың көптеген әзілі құрғақ күлкі, жеңіл оспақ 
емес, үнемі әлеуметтік жүк арқалап жататынын бөле-жара айтуға 
болады. Уақыт болмысымен қойындасқан әзілдердің көбісіне күліп 
отырып жылағың келеді. Немесе, көзіңе жас үйіретін ситуация үстінде 
күліп жіберетін тұстар мол. 
Сәтіштің үйін тексеруге келгенде балалары үшін жасаған 
шұжықты дамбалының ішіне салып жіберетін жағдайға күліп отырып 
жылауға болады. Япырай, уақыт шіркін адамдарды қандай күйге 
түсірген, қалай қорлаған! Шынымен-ақ біз солардың ұрпағымыз ба! 
Шынымен-ақ сол аласапыран келмеске кетті ме!.. 
Міне, романдағы терең психологизмнің ой-санаңды алып қашар 
өрістері осындай. 
Романның тілінде селкеу жоқ. Автор көкейдегісін алып та жығатын, 
шалып та жығатын тілдік қабілеті бар суреткер. Тағы бір айта кететін 
жай, автордың этнографиялық түсінігі мейлінше кәміл. Әсіресе ел 
өмірін, тіршілік-салтын, мінез болмысын жетік біледі. Аңғарғыш. Бұл 
қасиеті романға тамаша шырай бітіріп тұр. 
Осы ретте автордың диалог құруға шеберлігін, диалог арқылы 
кейіпкердің мінез-бітімін айғақтаумен бірге, оқиғаның жүрдектігіне 
ықпал ете алатын қабілеті айырықша ден қойдырады. 
Түйін сөз, Төлен Әбдіковтың “Өліара” романы ел өмірінің тарихи 
күрделі 
кезеңіндегі 
әлеуметтік-саяси, 
мәдени-рухан 
ахуалын 
суреткерлікпен зерделеп, көркем бедерлеген белесті шығарма дегенге 
саяды. 
Өлгендер қайтып келмейді 
Б.Соқпақбаев 


439 
Б.Соқпақбаевтың “Өлгендер қайтып келмейді” романы. Кітап үш 
бөлімнен тұрады: автор әрқайсысын бірінші дәптер, екінші дәптер, 
үшінші дәптер деп саралаған. Шығарманың композициясы жинақты, 
жұмыр. Әр дәптер өз ішінен шағын-шағын көріністерге бөлінген. 
Жалпы 
Б.Соқпақбаев 
стиліне 
тән 
ықшамдылық, 
жинақылық 
сипаттарын бұл туындыдан да айқын аңғаруға болады. 
Романда кейіпкерлер саны көп емес. Қат-қабат қалың тартыс 
оқиғалар жүйесі де жоқ. Автор бір ауыл адамдарының тіршілігі, оның 
ішінде бір үйдің, тіпті бір адамның тағдыры арқылы ауыр кезеңдегі 
өмір шындығын танытуды мақсат еткен. 
Дәстүр бойынша келер болсақ, шығарманың негізгі, басты 
қаһарманы – Еркін Мамырбаев дер едік. Онымен бірінші дәптерде 15-
16 жасында танысамыз да, үшінші дәптердің соңында отызға шыққан 
кезінде қоштасамыз. Барлық оқиған Еркін атынан баяндалады. 
Жақсылық, жамандық атаулыға Еркін көзімен баға беріледі. Дәлірек 
айтқанда, роман өзегі – Еркіннің бастан кешкендері, қалыптасып 
жетілу жолдары. “Өлгендер қайтып келмейді” – жастық дәурені соғыс 
жылдарымен қабаттас болған ұрпақтың өмірі, тағдыры жайлы роман. 
Алғашқы бөлімдегі Еркін – қазақтың көп қара домалақ ұлдарының 
бірі. Еті тірі, намысқой, пысық: шеше бауырында, аға аясында өсіп 
келе жатқан. Осы кезде соғыс оты лап етіп, ер-азаматты майданға ала 
бастайды. Еркіннің ағасы Сәрсебек енді ғана қосылған келіншегінің 
көзін жаудыратып, әскерге аттанды. Сол күннен бастап үй-ішінің 
ауыртпалығы, жеңгесін жат көзден, пәле-жаладан сақтау Еркін 
мойнына түскен салмақ. 
Соғыс деген майдан шебіндегі қиян-кескі, ұрыс. өлім, өлтіру, 
окоп, мылтық, батырлық, жауыздық қана емес, бүкіл елдегі көп қарым-
қатынастарды өзгерткен, неше түрлі қиыншылық, ауыртпалық 
тудырған алапат. Таршылық, тұрмыстағы жетіспеушілік үстіне сан 
алуан психологиялық проблемалар, моральдық қиын түйіндер пайда 
болған. 
Өмірдегі осындай күрделі процестер Еркін секілді бала, жас 
өспірімнің жас тірлігіне ай-шайға қаратпастан, аяқ астынан килігеді. 
Бұл ұйпап-тұйпап келген соғыс жылдарының қаһарлы дауылы Жазушы 
Қазақстан жағдайында жиі кездескен келеңсіз көріністің біразын 
Нұралы бейнесі арқылы шенейді. Жас жігіттер, ортан қолдай 
азаматтардың майданға кеткенін пайдаланып, жетім-жесірлерге көз 
алартқан, оп-оңай төсек жаңғыртып, дәулет жинаған, тіпті байып 
алғандар болғаны бекер емес. Романшы өмірлік материалды сұрыптай 
отырып, қызықты көркем бейне жасаған. Нұралының дегеніне көніп, 
айдауына жүрмейтін, бетінен алып, беделін түсіретін Еркін секілді 
жігітті елден кетіріп, ФЗО-ға жіберуі – кейін осы екеуінің арасында ұзақ 
жылдарға созылған тартыстың басы. 


440 
Бұрын ауыл ішінен алысқа шығып көрмеген Еркін үшін енді ауыр, 
шырғалаңды жолдар басталады. Табиғатынан адал, ақ, шыншыл 
жігіттің әр түрлі қиын жағдайларға тап болуы соғыс кесірінен, ауыр 
кезең зардабынан екендігін жазушы сенімді бейнелейді. Соғыс 
кезеңіндегі ауыл тұрмысының көптеген қою суреттері Еркіннің көзімен 
беріледі. Майдан үшін күн-түн демей, жан аямай еңбек еткен 
жандардың ішінде Еркін де жүр.
Тағы да Нұралымен арадағы тартыс салдарынан Еркін жұмыстан
шығып қалады. 
Екінші дәптерде Еркін басынан бірқыдыру оқиғалар өтеді. 
Денсаулығына байланысты майданға жөнелтуге жарамаған Еркін енді 
шалғайдағы Сарыбел ауылына барып мұғалім болады. Бұл жерде де 
тіршіліктің, соғыс кезіндегі ауыр өмірдің бірталай тәлімін алған. 
Жас көңіл, балалық тазалықпен сүйген қызы Ғалиямен арадағы 
қатынас үзілгендей кезде, Еркін – Алтын қарым-қатынастары пайда 
болады. Кейбір сипаттары жөнінен қоймашы Сегізбай колхоз бастығы 
Нұралымен ұқсас. Екеуі ауыр уақытта қара бастарының қамын ойлаған 
адамдар. Екеуі де ретін, есебін тауып, төсек жаңғыртқандар. 
Сегізбайда айла, есеп молырақ. Еркін – Сегізбай – Алтын 
араларындағы қатынаста реалистік дәлдік, психологиялық сенімділік 
жақсы ескерілген. 
Дәмді тамақ, тәуір киім, жақсы тұрмыс үшін шалға тие салған 
жас, сұлу, қызулы келіншек пен басы бос бойдақ, сезімі бастықпаған 
жігіт драмасы – соғыс жылдарының драмасы болып суреттеледі. 
“Өлгендер қайта келмейді” романының сюжеті, негізінен, Еркін 
Мамырбаевтың өмір жолының ізімен өрбіп отырады. Барлық әрекет 
Еркін төңірегінде жүріп жатады. Бұл жайлар шығармаға тізбектеме - 
өмірбаяндық сипат берген. 
Үнемі осылай болу кейбір кемшіліктерді тудырып, роман 
композициясында бірсарындылық пайда болған. 
Студент Еркіннің өмірі – соғыстан кейінгі ауыр жылдардағы 
студенттер өмірі. Оқуға қабылдауда, оқытуда, тұрмыс-тіршілікте күлкілі 
жайлар мол. Адамды ойлантатын, еріксіз күрсіндіретін халдерді 
жазушы көз алдыңызға әкеледі. 
Жазушы пародия, гротеск, иронияны шебер пайдаланады. Астар, 
емеурін мол. 
Елуінші 
жылдардағы 
мектеп 
тұрмысы 
романның 
үшінші 
дәптерінде жан-жақты суреттелген. Институт бітірген маман Еркін мен 
оның әйелі Зағипа Қазақстанның орталықтан шалғай аудандарының 
біріне мұғалімдік жұмысқа келген. Олар әр түрлі жағдайларға тап 
болады. 
Автор негізгі оқиғаға қатысы жоқ жанама кейіпкерлердің бейнесін 
қызықты жасаған. Басқа жақтан келгендерді жақтырмайтын, поезда 


441 
кездескен кемпір, ру сұрайтын мектеп директоры, ленинградтық Маша 
мен Саша – бұларды ұмытуыңыз қиын.
Аудандық партия комитетінің үгіт-насихат бөлімінің, оқу бөлімінің 
меңгерушілері Еркін мен Зағипаға барғаннан көмектессе, Жақыбаев, 
Ілиясовтар ертең білімді мамандар орнымызға тұрып алады деп қарсы 
болады. 
Еркін мен Зағипаның ерлі-зайыпты өмірлерінің алғашқы қуаныш-
күйініштері бар. 
Тірліктен көп таяқ жеп, ерте есейген, өткен-кеткенге, ақ пен 
қараға ойлана қарайтын, өзінше таразыға салып баға беретін 
қабілетті, табиғатынан әңгімеге өлеңге құштар Еркіннің жазушылық 
өнерге ден қоюы – оқырман үшін сенімді нәрсе. 
Үшінші бөлімнің бірталай беттері Еркіннің шығармашылық барлау 
кезеңіне, 
әдеби 
ортадағы 
алғашқы 
қадамдарына 
арналған. 
Редакцияның күнделікті жұмысына, киностудия қызметіне байланысты 
дәл табылған детальдар, қызықты суреттер, сәтті персонаждар бар. 
Көркемдік заңдарын ескеріп жазған романда автор кейбір өмірде 
болған адамдардың аттарын өз қалпында алмай, өзгертіп бергені 
дұрыс болатын еді. Еркіннің жазушылар ортасында түскен соң ішуі, бос 
жүруі тым көбейіп кетеді. 
Жазушы қиындық, ауыртпалықтарды жеңіп, тіршіліктің кең 
жолына түскен жағымды қаһарман бейнесін жасаған. 
Қызықты бейнелері бар, тілі шебер, стилі ширақ роман 
жазушының қабырғалы қаламгер екендігін көрсетіп отыр: оның 
қаламынан туған көп қырлы, мол сырлы “Өлгендер қайтып келмейді” – 
қазақ прозасының елеулі туындысы. 
Кітап стиліне зер салыңыз: ақ қағазға қара қарындашпен сызып 
түсірген суреттей айқын бейнелер көз алдыңызға келеді. Мағына 
тереңдігі, мазмұн тереңдігі бар. Шымыр тұжыру, нысананы дөп ату 
разы етеді. Соқпақбаев шындықтың қасықтай бояуын бір шелек суға 
тастап жіберіп, оқырманды алдарқататын жасандылықтан іргені аулақ 
салған. Кітаптағы негізгі қаһармандар – Еркін, Нұралы, Қайша, Ғалия, 
Дүйсен - әрқайсысы өз қалпында – біреуі тайша тулаған асау 
жүрегімен, біреуі өлімді жерде семірген қара жүрегімен, біреуі ерінен 
айрылған азалы жүрегімен, біреуі парықсыз жүрегімен, біреуі абзал 
жүрегімен сыр шертіп тұр. Ықшамдылық, төселген шеберлік бар. 
Құрғақ фактілер дәлдігін, сырт сурет, жадағай көрініс сәйкестігін 
құнттайтын натурализм мен құбылыстың диалектикалық күрделілігін 
ашатын реализмді шатастырмау керек. Реализм – қат-қабат өмір 
қайшылықтарын көрсетуді, даму бағдарын айқындауды талап етеді. 
Жазушы осы биіктен табылуға күш салған. Еркіннің лагерьдегі өмірінің 
шолақ қайырылуы, Еркін мен Нұралы арасындағы тартыстың асқынып 
барып, жеңіл шешілуі – кітап кемшіліктері. Тұтастай алғанда, қазақ 


442 
қырының соғыс кезіндегі қайғылы аспанын, азалы жерін, күрсінген 
адамдарын 
сенімді 
бейнелеген 
“Өлгендер 
қайтып 
келмейді” 
хикаятының арқалаған әлеуметтік салмағы, көркемдік-эстетикалық 
күші бұл шығарманың әдебиетіміздің соңғы жылдардағы бір олжасы 
екенін айғақтайды. 
Өмірзая
Б.Мұқай 
Жүз елу жылдық (екі жүз елу емес) отарлық кеп, әсіресе, оның 
екінші жарымы – орыс-совет кезеңі туған халқымыздың ұзақ шеру 
тарихындағы ең ауыр заман болды. Ашық, көпе-көрнеу жүргізілген 
геноцид – 1916 жылғы сүргін, 1931-1933 жылдардағы ашаршылық. 
1941-1945 – орыс-герман майданында алдыға салып, ажалға айдаған 
қырғын, одан соңғы, ел аман, жұрт тыныш кезеңдегі атомдық апат - өз 
заманында байтақ жеріне сай ордалы жұрты болған қазақ халқының 
табиғи өсімін кері шегереді, жер басып жүрген жұртын екі еседен 
артыққа кемітіп, болашақ межесін төрт-бес есеге төмен түсірді, 
нәтижесінде, 1898 жылғы бүкіл Ресейлік санақта әпсі Түркістан 
қауымының негізгі бөлігін құраған, яғни, жалғыз өзі өзбек, тәжік, 
түркімен, қырғыз, қарақалпақты түгел қосқандағыдан үш-төрт есе көп 
болған қайран қазақтың сирағы қырқылып, қанаты сынды, бір кезде 
осыншама ұлан-байтақ жерге лықып отырған ұлы халқымыз селдіреп, 
жетім, жалбағай күйге түсті. Бұдан жүз жыл бұрын, өзбек 727 мың, 
тәжік 350 мың, түркімен 281 мың, қырғыз 202 мың болған кезде 4 
миллион 84 мыңға жеткен қазақ қазір қанша болатын еді деп 
ойлаудың өзі жүрегі бар азаматты қияли қылар еді. Кем дегенде отыз 
миллионға жетер едік. Тіпті, басқа ағайындар сияқты он, жиырма есе 
өспей-ақ қояйық, небәрі төрт-бес есе көбейген болсақ, қазіргі орыс-
орманын қосып есептегенде он бес миллионға жетпей жатқан 
республикамызда кемі жиырма миллион қазақ отырар еді ғой. Тіпті, он 
төрт-он бес-ақ болсыншы. Алшаң басып жүрер едік. Өзіміз де басқа, 
ісіміз бен сөзіміз де басқа... 
Бұл – қазақ мәселесінің аса мәнді бөлігі, әйтсе де, бір ғана жағы. 
Отарлық жүйе өндіршегіңді үзіп, өркеніңді қиюмен ғана шектелген 
жоқ. Ғайыптан тірі қалған, жер басып жүрген әрбір кісіңнің санасын да 
улады. Сені ұлттық кейіптен ғана айырып қойған жоқ, адамдық 
атаулыдан аластады. Сені тарихы болмаған, мәдениеті дамымаған, 
өзіндік қасиеттен ада хайуан дәрежесінде көрсетуге тырысты. 
Отаршылдық – игілік деп жарияланды. Құлдық тәртіп – бақыт болып 
шықты. Басқаша ойлағандар, өзінің адамдық тұрғысына ұмтылғандар, 
яғни, біз де кісіміз, біздің де тарихымыз, мәдениетіміз болған деп 


443 
дәлелдеуге тырысқан, бас көтерген азамат тікелей жазаға тартылды. 
Бірте-бірте 
отаршылдың 
жарғысы 
бұлжымас 
заңға 
айналды, 
отаршылдың тәртібі әдет-ғұрыпқа айналды, отаршылдың ой-жүйесі 
талассыз ақиқатқа айналды. Құлдық қамытындағы жұртыңыз өзінің құл 
екенін сезінбейтін жағдайға жетті, мазақ пен қорлық әдепкі өмір 
қағидасы болып көрінді. Отаршылдықтың тікелей геноцидке жалғас ең 
үлкен зардабы – рухтың езілуі екен. 
Танымал жазушы Баққожа Мұқайдың “Өмірзая” романы осы 
құлдық сана, рухтың 
жанышталуы турасында. Қазіргі қазақ 
әдебиетіндегі жаңа серпін, соны құбылыс дер едік. 
Жалпы жұрт, тіпті жазарман қауым ортасында бүгінгі әдеби үрдіс 
туралы теріс ұғым қалыптасып отыр. Кері кеткен сияқтымыз, құлдырап 
кеткен сияқтымыз, елеулі ештеңе жоқ сияқты. Расында да, кітап 
шығару ауырлады, атауы азайды, таралымы шектелді, жұртқа жетуі 
қиын болды, т.т. Шын мәнісінде осының бәрі сандық көрсеткіш қана. 
Әрине, сан деген жақсы. Оған кімнің таласы бар. Бірақ әдебиет 
қашанда сапамен өлшенбек. Көркемдік сапа ғана емес. Шынайылық 
деңгейімен, қоғамдық өмірдің терең қатпарларын қопарған ауқым, 
қуатымен. Осы тұрғыдан алғанда, бүгінгі қаламгер – қазақта жүз елу 
жылдан бері болмаған, тіпті, орыстың ұлы әдебиетін жасаған Толстой 
мен Тургеневтің өзінің еншісіне бұйырмаған толық еркіндікке жетіп 
отыр. Ауыз өзіңіздікі, қаламыңыз азат! Ұлттың тәуелсіздігі, Қазақ 
мемлекетінің қайта құрылуы ең алдымен қазақ Жазушысына еркіндік 
берді. Әуелгі жемісін көзбен көріп отырмыз. Бұрын айтылмаған 
шындық, ақтарылмаған кесапат – халқымыз өткерген, әсіресе, советтік 
кезеңде бар қияметін көрген зобалаңдар қағаз бетінде көркем 
таңбаланып, жарияға шыға бастады. Бұл ретте мен марқұм Бекежан 
Тілегеновтің ғасыр соңы, тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ прозасының 
үздік табысы саналуға тиіс “Қара жел” , “1986 жыл” романдарын, 
Қабдеш Жұмаділовтің ғасыр шежіресі деп атауға лайық “Таңғажайып 
дүние” атты естелік кітабын, Тұрысбек Сәукетаевтың қазақ қажырын 
рухани кейіптеген “Ай қараңғысы” романын алдымен атар едім. Теріп, 
түгендей келсек, тақырыбы соны, тұрпаты бөлек тағы қаншама 
шығарма табылмақ. Бүгінгі сөз – осы қатардағы “Өмірзая” романы 
турасында. 
Әдетте, жадағай сын әлдебір шығарманы көтергісі келсе, 
қызғылықты, жеңіл оқылады, тартып әкетеді деп атап көрсетеді. 
Баққожа романының тартып әкететіні рас. Бірақ өте ауыр оқылады. 
Мен тура бір аптада әрең бітірдім. Бүге-шігесін қадағалап, айшық, 
бедеріне ден қойғаннан ғана емес. Баққожа сипаттап отырған өмірдің 
зіпбатпан ауыр салмағынан. Сол өмірдің нақпа-нақ, шынайы қалыпта 
таңбалануынан. Қандай өмір десеңіз... – советтік шындық дер едім. 


444 
“Советтік шындық” – біз запы болған сөз. Бояма, жалған. 
Жәреуке, жандайшал. Қисық айнадан қарасақ, бәрі керемет. Ал шын 
мәнісінде, қазақ халқын қырған, жойған, кембағал қалыпқа түсірген, 
өркенін қиып, өскінін тапаған – осы советтік, коммунистік жүйе емес 
пе! Ендеше, “советтік шындық” ұғымы өзінің нақты мағынасын алуы 
керек. Сол мағынаның көркем бір көрінісі – “Өмірзая” романы екен. 
Отарлық кеп қандай халықты болмасын зағип, кембағал жағдайға 
келтіреді. Ең ауыр салмақ ұлттың намысы бар, санасы бар, кеудесі бар 
абзал азаматтарының басына түспек. Әлихан Бөкейханов пен Ахмет 
Байтұрсынов, Міржақып Дулатов пен Мағжан Жұмабаев не үшін 
күресті, басын неге жойды. Күреске жетелеген – ар, намыс, бүгінгі 
болмыс, келешек ұрпақ қамы, басын жойған – отарлық қанды тәртіп. 
Біз ең үлкен арыстарымызды атап отырмыз, атаққа шықпаған, бірақ 
дәл осы орайда шәйіт болған асқаралы азамат неше мың. Аяусыз 
қанды қырғыннан соң ұлттық рух жер болып жанышталды, бірақ өлген 
жоқ. Күрестің басқа бір, дәл осы кезең үшін ұтымды тәсілдерін 
қарастырды, бұрынғыдай қуатты, бұрынғыдай көп болмаса да, ұлттық 
қайраткерлердің жаңа бір толқыны, жаңа ұрпақ, жаңа төл күреске 
шықты. Ұлттық сананың қайта жаңғыруы 1960 жылдардың орта 
шенінен басталса керек. Баққожа романы ХХ ғасырдың 80-
жылдарындағы қазақ идеясы турасында. 
Романның ой тұрғысын тиянақтаушы – Алдияр Ақпанұлы деген 
қарт. Ескінің сарқыты, тарихшы профессор. Атағы алашқа мағлұм 
адам. “Азамат – құл, ару - күң”, - дейді бір сөзінде. Күлтегін 
ескерткішіндегі, табғаш жұртының боданына түскен түрік халқы 
туралы айтылатын: “Ер ұлдары құл болды, ару, пәк қыздары күң 
болды”, - деген сөз ойға оралады. Қашанда кіріптар жұрттың көретіні 
осы. Алдияр ақсақал отаршылдық сабағын жақсы біледі, ұлтын 
жарыққа жетелеу жолындағы күрес құралы – халқының тарихи 
зердесін ашу деп санайды. Осы орайда, арда жұртының бостандығын 
сақтап қалу жолындағы қайтпас күрескер Кенесары хан туралы дәйекті 
зерттеу жазады. Әлбетте, ресми саясатқа қайшы бұл еңбек халыққа 
жат деп, идеялық қателік, ұлтшылдық адасу деп жарияланып, атақты 
ғалымның басына қара бұлт орнайды, күштілер тарапынан қудалауға 
ұшырап, мына қан құйылып, сал ауру болып қалады. Профессор 
Алдиярдың түбіне жеткен – отарлық саясаттың ұраншылары ғана емес, 
қиын кезеңде бас сауғалап кеткен шәкірттерінің де опасыздығы. 
Отарлық саясаттың ең мәуелі жемісі ретінде бодан жұртта құлдық сана 
қалыптасқан. Адамгершілікке жат мінездер белең алған. Жеке бастың 
қауіпсіздігі ғана емес, жандайшап мансапқорлық, пайдакүнемдік пен 
майдагерлік жетекші орынға шыққан. Кез келген кісінің қызмет 
бабында өсуі, адам қатарына қосылып, әдепкі тіршілік жасауы – осы, 


445 
қоғамды қозғаушы үстем сананы қаншалық дәрежеде игергеніне 
байланысты. 
Ғұлама профессорды оп-оңай құлатқан, институт ректоры Мұса 
Байларов деген бар. Әлдебір жоғары мансапты партия қызметкерінің 
жегжаты. Сөзде майда, істе аяусыз. Өз заманының әдіс-амалын жете 
меңгерген. Бір көрімге тәуір адам, ал қулығына құрық бойламайды. Ар-
ұят жағы атымен жоқ. Ең ақырында, Желтоқсан дүрбелеңі кезінде 
өкімет әрекетіне қайшы сөз айтып, көзге шалынып қалған туған әкесін 
өз қолымен жындыханаға әкеп тығып жібереді. Бұрын құдайдай 
табынып, сыртынан жағынып, жер-көкке сыйғызбай мақтап отыратын 
“үлкен кісіні” енді жау ретінде әшкерелеп сөйлеп береді. Роман 
авторының байыптауынша, бұл Мұса Байларов та отаршылдық 
сананың жемісі. Бірақ құрбаны емес. Құрбан – Алмас деген жас жігіт. 
Басындағы еркінен, аузындағы сөзінен айрылған, әй десе жазаға 
тартылатын отар жұрттың санасын үрей жайлаған. Табиғи жағдай. 
Адам – темір емес. Үздіксіз қуғын қажытады, тынымсыз сүргін 
мұқалтады. Мұндай кезде жүйкесі жұқа, дәті босаң жандар жай ғана 
бас сауғалаушы емес, бас сауғалау жолындағы жандайшап сатқынға 
айналуы мүмкін. Алмас қабілетті жігіт, әуелде оң жолда болады, бірақ 
тиесілі кісілер осы бір жолының ресми саясатқа қайшы келетінін 
ескерткеннен соң-ақ берекесі қашады. Өзімен ниеттес, тілектес 
жігіттерді жалаға береді, ақыр түбінде ұстазына пәле жабады. Бірақ 
жеме-жемге келгенде, ар-ұяты жеміріп, ақиқатын айтады. Ақыры, 
қайтадан қолға түсіп, жалған куәлік жасап, Желтоқсан қозғалысына 
қатысқан барлық таныстарын түрмеге, бұл оқиғаға мүлде араласпаған 
ұстазын өлімге кесіп береді. Үрей – тауансыздыққа, тауансыздық – 
опасыздыққа бастап әкелді. 
Әдетте, ұнамсыз кейіпкер бейнесін жасау жеңілірек деп 
есептеледі. Шындығында олай емес. Жамандықтың өлшемі біреу 
болғанымен, сыр-сипаты сан қилы. Баққожа бейнелеген мансапқор 
Мұса, жандайшап Жақия, әщады Мақсұт, опасыз Алмас - өзара нақты 
дараланған, әрқайсысының ішкі жан әлемі терең ашылған, іс-
әрекеттері сенімді, қай-қайсы да өмірде бар тірі тұлғалар ретінде 
көрінеді. Советтік шындық дүниеге әкелген, шебер қалам айна-қатесіз 
кейіптеп шыққан. 
Қалай десек те, аталмыш кісілеріміз жағдайдың жемісі, заманның 
құлы. Басқа бір орта, басқа бір қоғамда дәл осындай болар еді, тек 
қызметінің бағыт-бағдары ғана өзгерер еді. Оны көзімізбен көріп 
отырмыз. Кешегі қызылкөз балшабек бүгін көкезу ұлтшылға айналды. 
Кешегі қазақ тарихын мансұқ етушілер бүгін сол тарихтың екпінді 
қайраткері. Кешегі опасыз жандайшап бүгін мемлекеттің үлкен бір 
тұтқасында отырған болуы мүмкін, тіпті, халқына пайдалы қызмет 
жасауы да мүмкін. Еліңіздің іргесі бүтін болса. Бастан жыға қисайса, 


446 
әуелгі қалпын табады. Жаудан әрмен шабады. Тек Құдайдың көзі түзу 
болсын. Тәңірі-тағала аспаннан түскен азаттығымыздан айырмағай... 
Сонда, дейміз-ау, адам – заманның перзенті екен: кешегі 
жаманыңыз бүгін жақсы болыпты, дүние қисайса, бүгінгі жақсыңыз – 
жаман болып кетуі мүмкін екен, сонда дейміз-ау, әуел бастан оң 
жолда, ақ жолда болған кім бар? Кім бары қалай? Арыда Кенесары- 
Наурызбай, беріде Ахаң-Жақаң... Одан беріде? – дейсіз ғой. Одан 
беріде де... болған шығар. Ел аман, жұрт орнында, абзал аналар алып 
ұл тумаушы ма еді, болған шығар, жүрген шығар бір жерде, азаматтың 
бәрі аранға түсіп, атылып жатуы шарт емес қой... Әлде, өлгендерді 
ғана жоқтаушы ма едіңіз?.. 
Баққожа “Өмірзая” романында ажалға қарсы шапқан азамат 
туралы жазыпты. Басты кейіпкері де сол – Аяған Қуатов. Зерделі 
тарихшы, жасы отыз беске жеткен, қалыптасқан азамат. Парасаты, 
кісілігі, мейірбандығы... бар мінезіне тәнті боламыз. Бірақ роман үшін 
ғана емес, біз үшін де ең басты қасиеті – туған халқын сүйетіні. Намыс, 
жігері. Ақыр түбінде мінге айналған, басын алып жейтін тағы бір мінезі 
– қызбалығы. 
Аяған әуел баста Совет өкіметінің қағазға жазылған заңына 
сенеді. Бұрмалаушылар – беріде деп ойлайды. Ұстазы, профессор 
Алдияр Ақпанұлының жолын әрі қарай жалғастырып, ол Кенесары хан 
туралы еңбек жазса, бұл Сыздық төре туралы көлемді зерттеуін 
тәмамдайды. 
Бар 
шырғалаң 
содан 
басталған. 
Әуелі 
асқар 
таудайсүйеніші Алдияр ақсақал құлаған. Содан соң өз басына қатер 
төнеді. Қалжуыр байланып, жұмыстан шығарылған. Бірақ Аяған әділ 
заңның күшіне сенеді. Ақсақалдың да, өзінің де ешқандай жазығы жоқ. 
Демек, қуану керек. Аяған ең жоғарғы Советтік мекемелерге, ең биік 
партиялық басшыларға арыз жазады. Жаздым, жаңылдым деп емес, 
ісім ақ, қазақ тарихына қиянат жасалып отыр деген сарында. 
Нәтижесінде әуелі түрмеге түседі, одан шығысымен жындыханаға 
қамайды, ақыр аяғында азаптап өлтіріп тынады. Міне, отарлық кезең – 
зобалаң заман шындығы! 
Біздің күрескер азаматымыз – отқа салса жанбайтын, суға салса 
батпайтын, ежелгі эпос кейіпкері емес. Бірақ сол эпостың басты 
тұлғасы болған нағыз отаншыл азамат. Соған орай жан дүниесі бай, 
санасы биік, рухы берік. Өзгеше жан, кәдімгі адам. Өзгешесі – отарлық 
заманда, бұрынғы емес, кейінгі, біздің заманда ұлттық сана 
тұрғысынан ой ойлаған, отандық мұрат тұрғысынан қызмет атқарған 
азаматтар аз ғана болды. Кәдімгісі – Баққожа кейіпкері табиғи тұлға, 
елінің болашағын ойлап қамығуымен қатар, жеке басының қам-
қайғысы да мол қиналады, тарығады, кейде бойын қорқыныш билейді, 
тән азабынан именеді, еңіреп жылап, жер болатыны да бар, бірақ 
ақыр түбінде қайсарлығы жеңеді, қандай қиындық көрсе де ақ жолдан, 


447 
ұлт мұратынан айнымайды. Аяғанның азапты өмірінің ең соңғы 
сәттері... Ес пен түнек арасында көзіне Кенесары хан мен Сыздық төре 
елестеген. 
“ – Қор болып тірі жүргенше арпалысып өлмек жөн. Тұр 
орныңнан! – дейді Кенесары хан. Аяған орнынан тұрып кетпек болып 
талпынады, бірақ әл-дәрмені жетпейді, денесін зілмауыр жүк басып 
тұр. 
- Шыда, батыр, шыдап бақ. Елім деп еңіреген талай боздақ 
көрген. Күш жина, серпіл, күрес, - дейді Сыздық төре”. 
Аяған күресіп-ақ бақты тұруға, серпілуге, қайтадан күрес жолына 
түсуге талпынды. Бірақ пенденің дені қаншама берік болса да, тәні 
әлсіз. “Тіріге опа бермеген жалғанды қап-қара түнек басты”. Аяғанның 
демі үзіліп, шыбын жаны шырқырап көкке ұшты... 
Баққожа романында күрес жолындағы азаматтардың бәрі де 
шәйіт болады. Сұмпайылар мен опасыздар ғана қалады. Бірақ халық 
рухының өлмегені, елдің әлдебір терең қойнауында жаңа ұрпақ өсіп 
келе жатқаны оймен аңдалып, көңілмен ұғылғандай. Роман-
трагедияның ең басты мұраты – отарлық заманның қара түнек 
зұлматын айғақтау екен. Бұл мақсат өзінің үдесінен шыққан. “Өмірзая” 
романының қасиеті де осында.
Өмір сүргің келсе 
Р.Сейсенбаев 
Роллан Сейсенбаевтың “Өмір сүргің келсе” романы өндірістің 
орталығы болып саналатын үлкен кәсіпорынның іргетасын қалап, 
жобадан өмірге әкелудің, оның еңбек ұжымын қалыптастырудың қиын 
да күрделі жолын нақты характерлер тартысы арқылы көрсетуге 
арналған. Романда негізінен жаңадан салынып жатқан жаңа зауыттың 
жас директоры Бекен Ысқақовтың осы зауытты қалайда ойдағыдай 
өндіріске берсем деген мақсаты жолындағы ізденісі, ой-арманы, түйсік-
түсінігі, ішкі жан құбылыстары көрінеді. 
Автор Ысқақов образы арқылы, әсіресе, қазіргі өндіріс
басшысына етене тән, осы уақыттың белгісі ретінде танылар жаңа 
мінез ерекшеліктерін, жаңа іс-әрекет аясын, оны қоршаған кәсіби 
ортаның ішкі психологиясын екшеп көрсетуге қатты назар аударады. 
Сонымен бірге жазушы өндіріс шындығындағы маңызды мәселе - 
өндіріс жетекшісінің, тұтастай бір еңбек ұжымының жүйелі іс-әрекетін 
ұйымдастырушысының кәсіби білімі, басқарушылық шеберлігі мен 
моральдық бейнесінің бір-біріне әсері болатынын, осы екі қасиеттің 
әсіресе соңғысының күннен-күнге маңызының арта түсетіндігін, оның 


448 
еңбек өнімділігінің, ұжым абыройының шешуші факторына айналғанын 
көрсеткісі келеді. 
Қазіргі өндіріс аясында еңбек етіп жатқан, шешуші мәселелерді 
қолына алған кәсіпорын жетекшілерінің бойынан осы екі қасиеттің 
ойдағыдай ұштасқан бірлігін әрдайым көре бермейміз. Өмірде талай 
өндіріс басшыларының кәсіби білімі мол, іскерлігі, ұйымдастыру, 
басқару қабілеті ерекше озық болғанымен, оларға кей кездерде 
адамгершілік, мінез байлығы, басқаның ар-намысын сыйлай білу, 
қарапайымдылық, кішіпейілділік дегендер жетіспей жатады. Осындай 
өндіріс 
басшысының 
бейнесін 
“Жаңғырық” 
романының 
басты
кейіпкерлерінің бірі комбинат директоры Варламовтың бойынан 
көргенбіз. Варламовтың жұмыс істеу әдісінде жылы сөзінен бұрын, 
ашу-ызасы, басқаны шаншып тастайтын ерік-күшінің алдымен жүретіні 
оның Таубаев пен екеуінің арасындағы күрес-тартысында анық 
байқалған-ды. 
Сол сияқты “Өмір сүргің келсе” романында да өндіріс
басшыларының осындай қатаң мінезімен ерекшеленетін өкілдері 
кездеседі. Солардың бірі – Ысқақовпен және оның орынбасарларымен 
әрдайым тіл табыса алмай, өзіне де, өзгеге де тыным бермейтін, мінезі 
тік, ашушаң, кекшіл Қожақов. Қожақов – осы жаңа аккумолятор 
зауытын салуға арнайы бөлінген үлкен құрылыс тресінің бастығы. 
Романдағы негізгі көркемдік тартыс та осы жаңадан салынып 
жатқан, үлкен өндіріс орталығы Жетісу қаласындағы аккумолятор
зауытының жас директоры Бекен Ысқақов пен осы зауыттың 
құрылысына арнайы бөлінген трест бастығы Қожақов арасында өрбиді.
Бекен Ысқақов романда жаңашыл маман ретінде де көрінеді. Ол 
қасиетін біз Бекеннің зауытты өндіріске дайындау барысында және 
өзінің тәжірибесіне, біліміне сүйене отырып жаңа технологиялық 
ұсыныс енгізгенде байқаймыз. Ол ұсынысы – жаңа зауытты 
белгіленген мемлекеттік жобадағыдай тұтас күйінде емес, сатылап 
бітіріп, бірте-бірте іске қосу идеясы болатын. Жас директордың 
жаңашыл ұсынысы бірден қолдау тауып кете алмайды. Біріншіден, 
әлдеқашан біржолата бекітіліп кеткен мемлекеттік жобада бұл 
көрсетілмеген болса, екіншіден, ешқашан жоспардан шығып, артық іс 
істеп көрмеген құрылыс тресінің басшысы Қожақов пен облыстық 
партия комитетінің кейбір жауапты қызметкерлері бұл ұсыныстың 
ертеңінен қорқады. Егер де жас директордың ұсынысы ертеңгі күні 
өндіріске тиімді болмай қалса, олардың осы іс үшін басымен жауап 
берулеріне тура келетінін олар жақсы біледі. Білгендіктен, бұл 
қырсығы тиер істен өздерін алыс ұстағылары келеді. 
Бекеннің осы ұсынысына қарсы шығатындардың басшылыққа 
алатын тағы бір принципі: үндемеген үйдей бәледен құтылады. Осы 
психология жылдар бойы іс-әрекеттерінде бұлжымыстай заң болып 


449 
қалыптасқан және зауыт құрылысы өте қиындықпен, жоспардан қалып 
келе жатқанда, олар осы сияқты басы артық, күтпеген жаңа әрекетке 
ешқашан көнбек емес. Жаңа бастаманың әрдайым жанашырлары аз 
болатыны да белгілі. Енді біреулер күдікпен үрке қарайды. Осының 
барлығын көре білген, түсіне білген Бекен Ысқақов шыдамдылық 
танытады. Сонымен бірге ол қол қусырып қарап та отырмайды, өз 
мақсатына жету үшін батыл әрекеттерге барады. Себебі жаңа 
құрылыстың тап осындай шешімі күрделі өндірістік-технологиялық 
проблемаларының міндетті түрде болатынын Бекен о баста, өзін 
министрліктегі жайла да, абыройлы қызметінен осында жыраққа 
директор етіп жібермекші болып жатқанда-ақ білген болатын... 
Әсіресе, осы кейінгі жол-жөнекей, жұмыс барысында пайда 
болған тосқауылдар Бекенді неше түрлі сынға салады. Біріншіден, 
Бекен Ысқақовтың алыстағы салынғалы жатқан жаңа зауытқа 
директор болып баруына жолдасы Ғалия қарсы болады. Ғылыммен 
айналысып, докторлық диссертация дайындап жүрген әйелін 
астанадан ешбір амалмен алып кете алмайтынын анық түсінген ол 
шалғайдағы бейтаныс қала Жетісуға жалғыз аттанады. Сөйтіп, біраз 
жылдар зайыбынан айрылып, тұрмыс тауқыметін тартуға тура келеді. 
Бұл жағдай кейін оның қарсыластарының Бекенге қарсы жұмсар 
әдіс-айласына да негіз болады. Әйелін тастаған деген өсекке 
ұрындырады. Бұл оның жаңа өндіріске байланысты алған алғашқы 
ауыр соққысы еді. 
Екіншіден, жаңа зауытқа арнайы бөлінген құрылыс тресінің 
бастығы, мінезі ауыр, бірбет және айтқанынан қайтпайтын Қожақовпен 
тіл табыса алмай тағы қиналады. Ысқақовтың мінез қақтығыстарына 
байланысты туып отыруы өте нанымды. Өз ұсынысының айна-қатесіз 
екендігін дәлелдеу үшін, әрі оның осы жаңадан салынып жатқан 
аккумолятор зауыты құрылысының мерзімінде және сапалы бітуінің де 
бірден-бір тиімді жолы екендігіне бәрінің көзін жеткізу үшін Бекен көп 
күш жұмсайды, бірнеше ауыр тосқауылдарды жеңуіне тура келеді.ъ 
Автордың осы орайда, кең жоспарлаған тақырыптық, сюжеттік 
желілерін, яғни бір өндірістік мәселенің ұжым немесе зауыт көлемінен 
шығып, кең ауқымда талқыға түсіп жатуын әбден қуаттауға болады. 
Бірақ, сонымен бірге Бекен Ысқақовтың осы мақсаттағы іс-
әрекеттерінің 
шығарма 
шындығындағы 
логикалық 
жүйесіне
сенгенімізбен, оның психологиялық астарын, көркемдік қуатын онша 
сезіне бермейміз. Себебі, осы іс-әрекеттердің бірсыдырғы, жалаң 
баяндалуы бар да, ал кейіпкерді тебіреніс-толғанысқа, оны ордалы 
ойларға жетелейтін психологиялық жағдайлар, шиеленіскен мәнді 
жағдаяттар жоқ. Барлық іс оңай шешіледі, кейіпкер мақсатына оңай 
жетеді. Ал өмірде солай ма? Сондықтан, осындай маңызы бар 
өндірістік құбылыстың шығарма бойында қыр-сыры мол шынайы 


450 
көркемдік шындыққа айналудың орнына, таза өндірістік мәселелер 
шеңберінен шыға алмай, тұйықталып қалуы, романның көтеріп 
отырған тақырыбының салмағын жеңілдетіп алған. Мысалы, зауыттың 
ең мәнді мәселесінің, осы уақытқа дейін қанша адамды талас-тартысқа 
түсірген шешуші жағдайының министрдің (Мәскеудегі) бір-екі ауыз 
сөзімен шешіле салуы, әрине, өмір шындығынан, өндіріс шындығынан 
туып тұрған жоқ. Сонымен бірге министрге Бекен жеңіл машинаның 
проблемасын шешу үшін емес, зауыт мәселесін шешуге көмек сұрап 
кіргені есімізде. Осы жағдайларды яғни роман бойындағы тартыстың 
шешілер финалдық жағдаяттарына негізгі тақырыптық-идеялық 
көркемдік жүкті артуды автор ескермеген. Шығарма финалы 
сондықтан да әрі әлсіз, әрі әсерсіз түйінделген. 
Романдағы ұнамды қасиеттерімен көрінетін кейіпкерлердің бірі – 
Кәкен Мұқашев. Автор шығармасында негізінен жаңашыл, іскер, өз 
ісіне ынталы инженер-техниктердің жан-жақты бейнесін бедерлеуді 
мақсат еткен. Бекен Ысқақов зауыт директоры болса, Кәкен – құю 
цехының инженер маманы. 
“Өмір сүргің келсе” романында сонымен бірге қатардағы 
қарапайым жұмысшы адамның образы да бейнеленген. Автордың 
роман бойында бірнеше эпизодтарда бүгінгі өндірістегі жұмысшы 
жастардың өзіне тән мінез ерекшеліктерін, яғни олардың жастығына, 
албырттығына, білімділігіне, ерлігіне, бір сөзбен айтсақ, романтикаға 
толы өмірін танытар белгілерін көрсетпек болған мақсатын аңғарамыз. 
Гитаралы жігіт, Сақалды жігіт, Көзілдірікті қыз аузымен айтылатын 
диалогтерден осыны байқаймыз. Бірақ, бұл шартты түрде алынған 
кейіпкерлер жеке-жеке алып қарағанда толыққанды тұлғалар бола 
алмайды. Кей тұстарда автордың өз кейіпкерін нақты атап, айдар 
тағуы шарт емес дей тұрсақ та, роман ішінен көп орын алған осы 
диалогтердің жалаң, жалпы айтылғанын, көбіне мәнсіз, мақсатсыз 
құрылғанын және олардың ешқандай идеялық та, көркемдік те қызмет 
атқарып тұрмағанын байқау қиын емес. Бұл ұзын сонар диалогтер 
сонымен бірге мінез даралауға да, өндіріс шындығын танытуға да 
ешқандай септігін тигізіп тұрған жоқ. Жазушының осындай, терең 
мазмұн табудың орнына жалаң форма қуып кететін, сөйтіп көркемдік 
шеберліктің, проза мәдениетінің деңгейінен табылмай жататын 
тұстарын байқаймыз. 
Өр Алтай 
К.Мұқажанұлы 


451 
Күнгей Мұқажанұлы 1929 жылы маусымында КХР, СУАР Алтай 
аймағы, Буырылтоғай ауданының Күнгейті деген жерінде дүниеге 
келген. Шешесі шешен болғандықтан, бала Күнгей де сөз өнеріне ерте 
талпынып, 15-16 жастан бастап айтысқа қатынасып, халық өлең-
жырларын, дастандарын жатқа айтып көзге түседі. Ол 1942-1947 
жылдары ауылдық бастауыш мектепті бітіреді де, 1950 жылы Алтай 
орта мектебін тәмамдайды. Содан 1950-1951 жылдары Үрімжіде 
кадрлар жетілдіру орнында ақпарат мамандығын оқиды. 1951-1962 
жылдары “Алтай газетінің” редакторы болып, шығармашылыққа 
талпынады. Жазушының “Тың тірлік”, “Тайталас” (бұл еңбегі Ұйғыр, 
Қытай тілдеріне аударылған) повестері мен “Борандағы бала” атты 
әңгімесі ілгерінді-кейінді өлке дәрежелі жүлделерге ие болған. 
Автордың “Игілік” атты романы 1983 жылы Шын Жаң жастар-өрендер 
баспасында (Үрімжі), “Алтай әңгімелері” жинағы 1984 жылы Ұлттар 
баспасында (Пекин) басылған. Бұлардан басқа “Махаббатқа жол”, 
“Көкеннің би болуы”, “Өгіздің терісі”, “Қазақтың күй-дастандары”, 
“Қоржын”, “Қайта табысу”, “Әдебиетке дұрыс ниет керек” т.б. отыздай 
әңгіме, очерк, сахналық шығарма, әдеби сындары бар.
Марқұм Күнгей Мұқажанұлы тірі кезінде Қытай жазушылар 
қоғамының мүшесі, Шін Жаң өлкелік ауыз әдебиеті қоғамының 
орынбасар төрағасы, Буырылтоғай аудандық саяси кеңестің орынбасар 
төрағасы сындық қоғамдық жұмыстарды атқарған. 
“Өр Алтай” тарихи роман. Шін Жаң халық баспасында (Үрімжі) 
1997 жылы бірінші рет басылған. 
Кейіпкерлері: Шәріпқан, Жеңісқан төре, Метіке, Бақыш, Шайман, 
Шайсан, Жанасыл, Кабира, Серікбол, Гүлсім, Көгедай, Ген амбы, қара 
Оспан, Арқалық батыр, Қамшыбай, Салақбай, Мәйен, Жамал, Уәли 
үкіртай, Лақ би, Мешітқан, Айқап би, Наурызбай, Далабай, Байтан, 
Бықыш шешен, Сиырбай, Әбен, Тайлақбай, Мәнібай, Қайырбай, Мәми 
бейсі, Үрістем, Жаңгір, Сау Сызы (қытай шаруа), Баймолла, Жәке би, 
Бәден, Ошарбай, Намазай, Закария төре, Асық, Өрдебай, Ожаубай, 
Әтік, Жұртбай, Мұсабай, Иманбай, Тоқбай, Ажы төре, Боранбай, Ежен 
хан, Мамыт, Демежан, Мамыртай, Өсер, Нуқат, Тетей, Тайқара, 
Кәрібай, Қылышбай, Шапақ, Мықи, Жапалақ, Қышай, Шал шешен, 
Зағипа, Шәрбану. 
“Өр Алтай” романы “Қауымда”, “Қыранда”, “Ертісте” сынды үш 
бөлімге 
бөлінген. 
Алғашқы 
бөлегінде 
автор 
негізгі 
кейіпкер 
Шәріпқанның Жеңісқан төре кішілікке алған әйелі, қараның қызы 
Метікеден туғандығын, азан аты “Шақторғай” екендігін, оны Тоқбай 
туысқаны тоғытпай: “Шақ” деген шектілікті білдіреді, ал торғай құстың 
кішкенесі, онанда заманның шектеуіне ұшырамай, өрісті болсын” – деп 
Шәріпқанға өзгерткенін, бұл басы бақырдай ұлдың дүниеге келгеніне 
қызыл көздене қарайтын күл күндес бәйбіше ханым – ақсүйек 


452 
Бақыштың ішіне өрт түскенін, содан бастап айылын жимаған 
қызғаныштың қозғанын тілге тиек ете отырып, әр жерден шұрық етіп 
қайнаған қазандай қаймалы қазақ сахарасында болған ірілі-ұсақты 
тарихи оқиғаларға шоқ тартады. Сөйтіп, ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ 
ғасырдың алғашына дейінгі кездердегі Алтай өңіріндегі көріністер көз 
алдыға елестейді. 
Шәріпқан ес біліп, етек жиғаннан тартып, “тектінің тұқымы, 
темірдің сынығымын”, - деместен төленгіттермен (Төленгіт – төре 
ордасының шайт десе жусап, шүйт десе өретін басы байлы адамдары. 
Бұл “төреңді күт” деген сөзден шықса керек) тонның ішкі бауындай, 
үйір болып өсті. Кіші үй атанған Метікенің отбасы қарашалардың 
қаймықпай кіретін қормалы еді. Төре ауылына тымақ киіп кірмейтін, 
қамшы ұстап үйге енбейтін, төре тұрмай, сәбағат сұрамай ордаға 
бармайтын т.б.с.с. көнеден келе жатқан “жол-жосындар” кіші үйде 
сақталмаған. 
Төрт атасынан төленгіт Жанасыл қарт қалың сауыр тірліктің 
тырбаңына қыңық етпейтін қайратты, көпті көріп, көнек түбін тескен 
көкірегі қазына қария еді. Оның немересі Серікбол Шәріпқанның 
жартыны жарып жейтін жандосы, иткөйлекті бірге тоздырған ұяласы. 
Ауыл балаларының ойын ошағы осы қараша үй болатын. Бұлангер 
шешен шал домбырасын тыңқылдата отырып, күйлердің шежіресін 
қоса шертетін. Онан қалса, тереңге бой тартып, арғы-бергі тарихты да 
тарата айтып құлыншақтардың құшық кеудесіне құя білетін. “Әліп 
бимен” тіл сындырған балпанақтардың ендігі үлкен мектебі Жанасыл 
ақсақал болатын. Көгедай төренің тұсында Пекинге төте қарап келген 
Алтай елі, кейін Тарбағатайдағы Ген амбыға бағынады. Ол жай 
бұқараға бүйідей тиіп, ауыр алман-салық алады. Азуы алты қарыс 
алпауытке аянбай қарсы шыққан жалаңтөс батырдың бірі қара Оспан 
болды. Қара сөздің қайығы атанған қария бұл ерлікті арғыдағы 
Арқалық батырдың арсыз Ажы төренің шаңырағын шайқалтқан 
өрлігімен, тіпті сонау Абылай ханның Жәнібекті ыстық ішуге отынға 
жұмсап сынаған сындарлы сынымен тең өре отырып, тартымды тілімен 
сәбилердің санасына сіңіріп, жас жүректерін атасы жаудан қайтпаған 
бабаларының батырлығымен ұштай түсетін.
Сырттан жау келсе жұмырықтай жұмылатын, өкпеге қисада 
өлімге қимайтын, аразы болса да безері болмайтын қоңырқай ауылдың 
бейбіт күндегі берекесі де бұзылмай тұрмады. Соның бірі, ала құйын, 
лыпылдақ қаққан қулауыт Қамшыбай шабарманның бейкүнә момын 
Мәйенге жауған қой ұрлау жаласы болса, бірі “Қубас айғыр құнанын 
қажайды” дегендей қарабауыр Айқап бидің қараубай Мешітқанға 
тізесін батырып, қыс қыстайтын қыстауын тартып алуы. Жеміттердің 
жымы бір болып, асқақ би мен адуын шабарман жең ұшынан ұштасып, 
Мәйеннің бел баласы Байтанды сойылға жығып дүрелеуі... Алты бақан 


453 
алауыздықтың алауын көтеріп, өзара шарпысқан осынау қасат даудың 
түп-төркіні тереңде болатын. Бұл бұрыннан бүлкілдеп, үзеңгі бауы 
қалыңдап келе жатқан қазақы қаймалы қайшылық еді. Осылай 
шиеленіскен шиені төрт бидің төрелігінде шешпек болып алғашқы 
бөлім ақырласады. 
Орта бөлімде, Шәріпқанның нағашы атасы Мәнібайдың көңілін 
сұрауға барғандығын, кетерінде қайсар атаның нұсқауымен жолшыбай 
Абақ Керейдің ақылы болған Жұртбайдың Мәмиіне амандаса баруын, 
Мәмеңнің мәнді әңгімелерін майын тамыза отырып, сол кезде іргелі 
елге сіңіп, атам қазақтың салт-дәстүрлерін, ғұрып-әдептерін игеріп 13 
Абақ Керей атанған жырымды Қытай шаруаларының қарым-қатынасын 
кіндігін төңкере баяндайды. 
Өз ортасының сөз тізгінін ұстаған Сау Сызы шал Мәмидің әкесі 
тұрғылас болатын. Ол осы ауылға маңдай терлерімен өсірген 
көкөністері мен базардың таңсық тәтті-құжырларын қанжығалап 
жылқы тезегін құғатпай жиі келіп-кетіп тұратын. Еруліге қарулы 
осынау алыс-берістің басы, бұрынғы бабалардан басталса керек. Ел іші 
тентексіз болған ба? Үрістемнің шәргез, жұқа шеке Бәден деген жігіті 
ұйыған бірлікке ірткі тастап, қызыл төбел шу шығарды. Бұдан ілгері 
Үрістемнің өзі найзаның ұшы болып, Закария төремен тіресіп, тағы бір 
жіктің арасын шалғайлатты. Осындай әрекенің ісіне берекенің өрісін 
меңзеп, қиысын келтіріп қиыстыратын құдыреті күшті, сұңғыла Мәми 
еді. Бірақ, бұл заңғар тұлғаға да құралын көтеріп, қандықол бола 
жаздаған құдайсыз табылды. Ол жүрегін ыбылыс жалаған азулы 
Жаңгір болатын. Мұндай дөкірлік ел ішіне сұмдық боп тарап, халықтың 
кегін қара қазандай қайнатып, көп ауылды атқа қондырды. Елге бас! 
Қайран халық-ай! Қайтсін, “Керейден Мәми кетсе ақыл да кететінін” 
біледі қой. Бұқараның бұрқ еткен кегін кең босағалы, кертолғау 
кешірімшіл Мәмеңнің өзі басалқа басу айтып, өршітпей құндағында 
тұншықтырды. Осы дауға ұйтқы болған айыпкердің де айызды 
қандырар айбарлы ерлігі болған. “Есірік болмай ер болмас” дегендей 
сол Жаңгірдің от пен судай боп, ұзыннан өштесін жүрген Ожаубай 
батырын жауларының қолынан жамбы беріп алып қалған адамгершілігі 
де бар еді. Бұл бұғаудан құтылған Ожекең қара нарға халы кілем 
жайып, қас болған Жаңгірге “Құдай алдына дейін дос болайық!” – деп 
серт ұстатыпты. Жаңгірдің жаңжалынан туған кершалғай істің шаңы 
алыс түкпірлерде ұзаққа дейін басылмай, ақыры Лақ бидің 
бастауымен, атқа мінер игі-жақсылар үн қосып, Жаңгірдің жамбы айып 
төлеп, ақеділ Мәмеңнің алдына барып “Сендей арысымнан айырылып 
қала жаздаппын-ау, мен ақымақ!” – деп кешірім сұрауымен 
ақырласады. 
Абылпейіз ханның Абылмамбеті төре кергудің талайын тауысып, 
төре сұрауға барған Тауасар батырға 17 жасар Көгедайды азар қиді. 


454 
Ол қара халықты қамықтырмай басқарды, бірде Шегетай батырға 
бастатып Пекинге барып ханның қолынан қаса көктас тағынып, билігін 
нығайтты. Жаугершілік кезде билік тізгінін ұстаған Көгедай қаза 
табады, оның намысын жыртқан Абақ Керей жеті кісінің құнын алған 
соң бітімге келіп, баласы Ажыны таққа қояды. Ажы төре қорғансыз 
елге, қормалсыз жерге жегідей тиіп бөрі етектен алса, Еженханның 
(Қытай патшасы) Жидайшалары жау болып жағадан алып, есеңгіреген 
елдің еңсесін көтертпеді. Жұт жеті ағайындасып, “Аңқау елге арамза 
молла” – дегендей ханның шабарманы боп жасанған Қалқаның 
Қалмақтары да буынсыз жерден пышақ салып, бұлап жүрді. Бұл 
сұмдықтың бетін ашқан Көкен болатын, осы батырлығымен кейінгі би 
сайлауда ол билікке отырды... Көңілін сұрай барғанда, кеудесіне 
керуен сиятын, жаны таза Мәмеңнің осынау оқиғаларға қаныққан бала 
Шәріпқанның едәуір есейіп қайтуымен екінші бөлімнің ері алынады. 
Ақырғы бөлімде, автор Алтай-Сауыр болып бас қосқан жиыннан 
сөз бастайды, төрт би-төренің талқысынан өткен бұл отырыс 
алғашында Көгедай барған Пекиннен хабар келгенін, оған кімді 
жіберіп, қалай сөз ұстату керектігін ақылдасады. Етті жасап болып, қос 
қазыны табақты айналдыра қойғанда шетін көмкеріп тұрады, мұны 
“Абақ табағы” атаған. Бұған кезінде Құнанбай қажы да таң қалыпты. 
Ол кісі Мәмеңнің әкесі Жұртбайдың тұсында бір қашқынның дауымен 
осы елге ат басын бұрған екен. 
Шәріпқан мен Серікбол жиынға жиналған ауылға бара жатып, 
жолшыбай су жағасында сейілдеп жүрген Баймолламен жолығысады. 
Бұл жігіт оқыған, көзқарақты, ел деп еңіреп туған ердің бірі еді. Атын 
бұрыннан еститін сол Баймолла Мәмең бейсі ашқан “Абақия” мектебін 
айтып, балаларды оқуға шақырды. 
Жиынның төрінде Керейдің “Құлашегірі” атанған жасы үлкен 
Жәке би отырды, оның оң жағынан Лақ би, онан төмен Өсер зәңгі; сол 
жағынан қара Оспан, Бықыш шешен орын алды. Айында немесе 
жылында жүздесетін осынау керімдаланың көкжалдары кеуде 
соғыстырып, шұрқырай амандасқаннан кейін, өзара бұрын-соңды 
болған өтміштерді тілге тиек етіп, бірін-бірі әзілдің асау жамбасына 
басып, итжығысқа түсті. Соның бірі, Өсер зәңгінің “Төбелес қайдан 
шығады?” – деп тақаурап, қадалған жерінен қан алатын Сібе Қалдайды 
шапалақпен тартып жіберіп “Әкеңнің езу құқасын жегір, тыртық шеке, 
осыны да білмейсің бе!?” – деп сұрағына жауабын беріп, күліп қол 
алысқан ерлігі болса; Қайталап айтса да құлағына қыстырмай, жеріне 
баса көктеп кіре берген Нуқаттың тымағын, мініс аты мен ошағын 
ұрлап әкеліп ыммен ескерту жасап, алдына келтіріп айыпқа жыққан 
алғырлығы болса; Бірде сары Ноғайдың үйінде қонақта отырғанда 
отағасы өгіздің терісіндей жер бер деп қолқалаған, жындысудың 
желігімен бере салып, ұлан-қайыр жерінен айырылып қалған ездігі 


455 
қызыл тілінен қыран ұшырғандардың қақтығысында тұздық болды. 
Мініне мойынсал болса да азулы, өршіл Өсер патшасының бұдан да 
көп құтты жерден айырылып қалғандығын айтып, ақталып жатты. Міне 
бұл жер ашуы – жан ашуы деп білетін халықтың кейінгіге өсиет етіп 
қалдырған “Өсер берген өгіздің терісіндей жер” – дейтін аңызы.
Сөз қуған, сары қарын билер ортақ сөзге ойысты, Пекинге 
барудың жол шығынына бірлікке келгендей болды да кімнің 
баратындығы жөнінде біраз ауыз ауыртып, ақыры Әділ төренің 
(Найман руының төресі) тұқымы Закария төрені сайлап, оған серік 
болып Баймолла баратын боп бірлікке келді. Жиын осылай 
пәтуаласып, құйысқан көтеріле бастағанда Жанасыл шал Мәйенді ертіп 
нақақтан жабылған жалаға ақтаушылық тіледі. Бұл дауды көп би 
білмейтін, ақылдаса келіп, ақ-қараны ажырататын әділ билікті Мәми 
айтатын болып мақұлданды. Мәмең тізгін ұшымен алыс-жақынға ат 
шаптырып, айғақтың дұрыс-бұрыстығын анықтап, қолдан жасалған 
жаласы үшін Қамшыбай шабарманды айыпқа жығып, нақақ төленгітті 
ақтайды. Ақ түйенің қарны жарылған қараның қуанышына ортақтасып 
қасына барғанда, көзінен күн көрінген Жанасыл қарт Шәріпқанды 
қапсыра құшақтап кеудесіне басты. Жақсылыққа жаны үйір Жәкеңнің 
жасаған игі ісінің дақпыртымен қаршадай баланың да аты алысқа 
тарап, құлақтан-құлаққа қоспа, жамау жамап ұлғайып жайылды. 
Пекинге баратындардың қоржын хабары тіпті де жоталанып жетті. 
Қазақта әріден жалғанған алысқа баратын жолаушы үлкен 
үйлерге барып дәм тартып, батасын алып, қош айтысатын әдет бар. 
Тонның ішкі бауындай көретін ағайын-анжы, туыс-тұрғыластарының 
қонаққа шақырып, ақ жол тілейтін дағды тағы бар. Осы үрдіспен 
Баймолланы Шапақ отауына шақырып, ауыл жастарының басын қосып 
думанды кеш өткізеді. Қылыштай қылшылдаған құрбылар сауықтың 
сәнін асырып, атырапты ән-күйге бөлеп, көңіл көтереді. Қызу шаттық 
құшағында Баймолла ауылдың маңдайға басқан аруы Зағипамен 
танысып, ынтығын білдіреді. Ертесі мұғалім жігітпен “Абақия” 
мектебінің жұмысымен кеңес құрып отырған Баймоллаға атқосшылар 
жолға шығудың даярлығын айтады. Жалпы жұрт жалқы жігіттің 
сапарын жалғызсыратқан жоқ, Алатаудай ақсақалдар баталарын беріп, 
мейірі мол ақ жаулықты аналар шашуларын шашып, бүкіл ауыл болып, 
ақ жол тілеп жолға шығарады. Баймолла ұзақ сапарға Жеңісқан 
төренің қара шаңырағынан шықпақ болып, барлық елімен қоштасып 
осында келген. Бұл кезде қарт төре ерден түсіп, науқастанып жатқан 
еді. Жешің төре Баймолланы оңашалап алып, ақтық арыз-армандарын 
айтып оң сапар тіледі. Шәріпқан мен Серікбол болашақ мектептеріне 
Баймоллалармен бірге аттанбақ болып, аттарына мінумен “Өр 
Алтайдың” ақырғы бөлімі аллаәкпарын айтады.


456 
Ұ 
Ұрпағың үзілмесін 
И.Қабышұлы 
Ислам Қабышұлының “Ұрпағың үзілмесін” романын тарихи 
оқиғалардың хроникалық тізбегі десе де болғандай. Роман үш 
тараудан тұрады. 
Бірінші тарауда Алтайдан Қобда бетіндегі туыстарына келіп 
қосылған Расол, Жекейлердің көші баяндалса, екінші тарау Қобда 
керейінен “Сары ноқта” салығын талап еткен Қытай ұлығы 
Мадарыңның Асылбек Көбешұлының басын алуымен аяқталады. Ал, 
үшінші тарауда әйгілі “Жалама айдаған” жылғы қазақтардың басынан 
өткен нәубет суреттеледі. 
Роман авторы – тарихшы ғалым. Сондықтан болар романда 
тарихи оқиғаларды баяндау басым. Кейіпкерлердің қатысуымен, кейде 
авторлық баяндаулармен ел-жер тарихы көптен орын алған. Мысалы, 
тек Жәнібектің тарихы төрт бетке созылған. Моңғолия тарихында 
баяндалатын Галдан бошиг, Мандухай қатын, Баянмөнх, Шыңғыс хан 
мен Эрдэнэзуу, Қарақала тарихтары осының дәлелі. Бұның көркемдік 
тұрғыдан сәтті шешімін таппаса да, танымдық тұрғыдан алғанда берер 
жемісі аз емес.
Біздіңше, жазушыда фантазия жеткіліксіз. Роман ұзақ кезеңді – 
Алтайдан Қобдаға ауған қазақтардың Моңғолияға қоныстану кезеңінен 
бастап, 1917 жылғы Абақ Керей қазақтарын Моңғол мемлекетінің 
құрамына қабылдаған Богдыханның жарлығы шыққанға дейінгі 
оқиғаларды қамтиды. Осы уақыт ішінде ерлікке, талас-тартыс, қайғы-
қасіретке толы қаншама оқиғалар өтті. Бұл оқиғалардың барлығы 
дерлік романда көрініс тапқан. Тас пен кірпіші дайын романның 
қалануындағы олқылық сол – үнемі дамып отыратын тұтас оқиғалы 
желі жоқ. Үзік-үзік оқиғалардың көп баяндалуы шашыраңқылық пен 
шұбалаңқылыққа жол берген. Оқиғаны авторлық баяндау басып 
кетеді. Осыдан барып кейіпкерлердің мінезі авторлық ремарка арқылы 
көрінгені болмаса, өз қимыл-әрекетімен білінбейді. 
Автор идеясы өте көп кейіпкерлерге үлестірілгендіктен образдар 
сомдалмаған. Аз көрінсе де Асылбектің характерін автор шағын диалог, 
штрихпен дұрыс ашып көрсеткен. Ойындағысын ойлап айтар ел 
ақсақалы Жанай бейнесі де біршама ашыла түскен. Алайда дараланған 
типтік характер жоқ. Басты кейіпкер Сарыбайдың бейнесі тым 
жасанды. Ол жылқы отарлатқан 4-5 айда моңғол тілін меңгеріп, хат 


457 
танып алады. Шын мәнісінде Сарыбай ортада Көпберген мен 
Қайдардың қасында болды емес пе? Моңғол жылқышылары Аюур, 
Баталардың қасына соңғы бір-екі айда ғана келеді. Моңғолдың “Алтын 
шежіре”, “Асыл шежіре” сияқты жыр-қиссаларын еркін оқиды. 
Моңғолдың қанатты сөздеріне дейін біліп алғандығы өте қисынсыз. Ол 
табынушылармен ілесіп, Богда ханның ордасына барып, обаға, 
бурханға табынады. Сөйте тұра, олардың тамағын татпайды. Сонымен 
қатар, романда жасанды сюжеттер көп. Мысалы, Назарбек ұры 
табанын тілгенде өлген адамдай мыңқ етпейді. Үйдегі қызды іргеден 
көрпесімен орап қымтап алып кету, Биндарья қыздың Богдаханға 
қанжар шығарып, сес көрсетуі, тірі сойып, терісін сыпырып қоя берген 
қасқыр бір шақырымдай жерге дейін жүріп барып жығылады, тағысын 
тағылар оқырмандарын сендіре бермейді. 
Ислам Қабышұлының “Ұрпағың үзілмесін” романында да ұлттық 
салт-дәстүрдегі ерекшелік өзіндік арнасын тапқан. Әсіресе, ұмытылып 
бара жатқан тектілігіміз, салт-дәстүріміздегі айрықша қасиеттерге 
басым тоқталған. Мәселен, іргесіне келіп қоныстанған ағайыны Жекей 
мен Расолға ауыл – үй жиналып үй көтеріп береді. “Жанай ауылдағы 
туыстарын шақыртып алып, бидайдай қуырды. Өңі тотығып шынымен 
ашуланыпты. 
- Бәтшағарлар, 
ақылдарыңды 
неге 
шайнайсыңдар. 
Қой 
баққаның қой болып кетті дегенде, жылқы баққаның үйірсек 
жылқыны көрмедіңдер ме? Сол үйіріне қосқан тай-құнанын 
иіскелеп, өз тұқымын таниды. Сонау Алтайдың атырабынан 
ағайыным бар, туысым бар деп аңырап келгенде, қара күркеге 
қалай ғана қаңсытып қойып дәттерің шыдап отырсыңдар. 
Адамда зерде, жете деген болмайтын ба? Біз де елміз, 
жанашыр ағайынбыз деп шақыртқанбыз. Сондағы көрсеткен 
сый-сияпатымыз осы ма? Мына қылықтарыңды бөтен біреу 
білмесін. Болмағанда Расолға бір үйдің уығы мен керегесі 
шықпады ма, осы ауылдан? Расолды қора шетіне қоспен қойып 
қойсам, рулы елге не бетімді айтпақпын. Бүйткен кісіліктеріне 
болайын!”. 
- Романда қытай, орыс, моңғол халықтарының де салт-
дәстүрлері де сәтті көрініс тапқан. Басқа ұлттың көзге ұрып 
тұрар ерекшелігін жазушы кейіпкердің таңданысы арқылы 
жеткізіп отырған. 
- Әскер ұстамайды. Анау сары шапанның етегіне сүрініп 
жүргендері осы хүрээнің гэлэндері. 
- Әйелдері көрінбей, еркектері сиыр сауғаны несі? 
- Кешілдер әйел ала ма екен? 
- Кешілі несі? 
- Ламаның банділері. 


458 
Роман социалистік дәуірдің бет-бейнесін айқындау үшін таптық 
мүддені жоғары қоюы керек еді. Бірақ, жазушы ұлттық мүддені ту 
еткен. 
Ірі 
ұлттардың 
ұсақ 
ұлттарға 
басымшылық 
көрсетіп, 
басқыншылық әрекетке жиі баратындығын негізгі идея етіп алған. Бұл 
үлкен батылдық, ірі жетістік. Шын мәнісінде Моңғолия қазақтары 
таптық шиеленістен гөрі, ұлттық тартысты басынан көбірек өткізді. 
Мәселен, ұрпағын аман сақтап қалу үшін Гоминдаң құрығынан қашып 
Қобдаға ауса, ақтың әскерлерімен де ұлт тұтастығы үшін күресті. Тіпті, 
моңғол төрелерімен арадағы қақтығыстың өзі мекен-жерінен ауған аз 
ғана қазақтың халықтығын сақтап қалу жолындағы күресі еді. 
Сондықтан да Ислам романындағы негізгі тартыс ұлтаралық алауыздық 
пен достық, басқыншылық пен мейірбандыққа құрылған. 
Ұрпақ тағдыры 
М.Сұлтанияұлы 
Мағауия Сұлтанияұлының бірінші кітабы – 1981 жылы жарық 
көрді. Басты идеясы – революциядан бұрынғы аласапыран заманның 
сыр-сипатын, бет-бейнесін анықтау. Роман қазақ ауылдарындағы 
араздықты негізгі арқау етеді. Көбікті өзінің немере ағасы Иса байдың 
тегеуірініне төтеп бере алмай, Алтайдан Қобда бетіне қашып барып, 
төре ламаның қатал шарттарының бәріне мойынсұнады. Тіпті, Иса 
байдың атақты жүйрігін алып келуге де бел буады. Мұның арты 
кекшілдікке ұласып, ағайын арасындағы араздық жауыздыққа 
апарады. Көбікті төре ламаның сеніміне еніп, әрі Доржыдай орта шаруа 
адамымен достасып, ірі байлыққа қол жеткізеді. Мақым Жапсарбайға 
ілесіп, Алтай асып кеткенде оның жұттан аман қалған бір-екі тұяқ 
жылқысы келер жылы жер көксеп қашып келеді. Бұл ушыға бастаған 
жанжалдың өршуіне отқа май құйғандай әсер етеді. Ортадағы 
араздастырушылар: “Мақымның екі атын ұрлап алып, әдейі ұрып көзін 
ағызыпты, құйрығын кесіп шұнтитып қойыпты, соққыға жығыпты” деп 
гуілдеген өсек таратады. Онсыз да ұрынарға қара таппай жүрген 
Мақым екі атының қарымын 200 атпен қайтаруды мақсат тұтады. 
Әкесінің ауылын алашапқын еткен Мақымның соққысының 
кесірінен Мырзабек мерт болады. Кенжесінің ажалы өзгеден емес 
өзінің кіндіктесінен болғаны Көбіктіге қатты батады. Көбіктінің мінезіне 
де күрт өзгеріс әкелген қанды қырғын оны есалаң халге дейін 
жеткізеді. Оңды-солды ашуланып, қит етсе кемпіріне қамшы үйіретінді 
шығарады. Көңіл-күйдегі осы өзгеріс Көбіктінің бойындағы бұрынғы 
тектілігін ада қып, келініне қол жұмсауға дейін апарады. Бірақ, өзінің 
бұл ойсыз қылығын Көбікті кешіре алмай, өз басын өзі өлімге тігеді. 


459 
Бұл туралы Нұрқасым Қазыбек: “Жат жер жат елде жүрсе де, баяқы 
қысқа күнде қырық рет қырқысатын қазақы кикілжіңнен ажырамаған, 
сәл нәрсеге өкпелесе үдере көше жөнелетін, жауласып шыға келетін 
ағайындардың берекесіз тірлігін автор күйіне жазады” – деп көрсетеді. 
Автор бұл эпизод арқылы тектілікті ғана меңземейді, сонымен 
қатар, құсалық, яғни ұрпағының азғындауына деген Көбіктінің 
қарсылығын құсалық арқылы танытады. Бұл әрекетінде қырық пышақ 
боп керіскен ұрпағының көкейіне жылт еткен сәуле дарытармын деген 
үміт те болуы ғажап емес. Автордың көздегені осы. Ата-
бабаларымыздың ғасырлар бойы мұрат тұтқаны тыныштық, татулық, 
береке-бірлік. Көбікті ұрпағының араздығы арқылы қазақ баласының 
басын шырмаған шырғалаңды ашып көрсетеді. Оқиғалардың ширатыла 
ширығуы Мақымның Жапсарбайға ілесіп Алтай асуы сойқанының басы 
еді. Көбікті ауылы содырлықты өзгеден емес өзінен күтеді. Романның 
астарында бірін-біріне айдап салатын ішкі алауыздықты пайдаланып, 
өз ұпайын жинайтын төрелердің зымияндығының аса қауіпті екендігін 
ескеретін мұрат бар. Қазақтың “іштен шыққан жау жаман” дейтін 
философиялық ойына жетелейтін түйін түйіледі. 
Иса бай немере інісінде кеткен кегін алу үшін оның өз ұлы 
Мақымды пайдаланады. Рас, романның ортасына дейін осылай 
сабақталып келе жатқан шығарманың соңы күрт өзгеріп, осы қауіпті 
дерттің шешімін автор дұрыс шеше алмаған. Роман авторы әйгілі 
“Құпия шежірені” қазақшалаған аудармашы. Бірақ, Мағауия ақсақал 
Шыңғыс ханнан сый күтіп Отырар қақпасын ашып берген сатқынды 
керісінше ұлы қағанның жазалайтынына жете мән бермесе керек. 
Шыңғыс ханның бұнысында: “Өз ұлтын сатқан адам өзгеге де 
жақсылық жасамайды” деген философиялық тағылым жатыр. Ал, 
кіндіктесін аямаған Мақымнан Иса бай іш тартуы керек еді. Шығарма 
оқиғасы басқаша өрбиді. Барлық билік Мақымның қолына көшеді. 
Дойыр да содыр Мақым билеп – төстеп бара жатқанын байқаған 
Биағаң Иса бай есейіп-ержетіп қалған Мырзабектің қос ұлы – 
Бақберген мен Көпбергенге иек артуды мұрат тұтады. Өзінің қарақан 
басынан басқаға жақсылық ойлап көрмеген зымиян Жапсарбай, 
әсіресе бірбеткей, намысқой Көпбергеннен құтылудың жолын 
қарастырады. Қой отарына барғанда, тепкі көрсетеді. Бұған төзбеген 
қайсар Көпберген қосты өртеп, Жапсарбай мен Домбайды таяққа 
жығып, иен далаға безіп кетеді де, ит-құсқа жем болады. “Ұрпақ 
тағдыры” романы “Қобда қойнында” романымен салыстырғанда 
жоғарыда аталған кемшіліктерді қайталамауға біршама тырысқан. 
Дегенмен авторлық баяндау мұнда да орын алған. Тартыс, шиеленіс 
өте 
босаң. 
Ширыққан 
сюжеттің 
жоқтығы 
көп 
жағдайда, 
нанымсыздыққа жетелейді. 


460 
Ү 
Үркер 
Ә.Кекілбаев 
Қазақ әдебиетінің белгілі өкілдерінің бірі Әбіш Кекілбаев – қазақ 
қоғамы өміріндегі түрлі саяси өзгерістерге, ұлт болмысындағы 
өміршеңдікке, алуан жайттарға қоғамдық санамызды қалыптастыруға 
күш салған қаламгерлердің бірі. Қазақ тарихында туған жер, тас 
босаға, тал бесік үшін қу далада тәні, құба түзде көрі, құба белде елі 
қалғанша шыбын жанын шүберекке түйіп, тіпті пида еткен, басын 
бәйгеге тіккен әйгілі хандар, қол бастаған қаһармандар, тәуба дейік, 
бар болған. Сайын даладан тұлпарлар үзілмесе, сол тұлпардың жалын 
тартып мінісімен-ақ бар ғұмыры күрес-тартыспен өткен, ел тағдыры 
шешілер небір қиян-пұрыс заманаларда “тәуекел” деп, көптің алдына 
шыға білген, ақылдық пен ақырлығы, көрегендігі мен көсемдігі шебер 
қиюласқан айтулы тұлғалар болған. Олай болуы заңды да. Күні кешеге 
дейін Әбілқайыр ханның, сонау ХҮІІІ ғасырдағы хан Абылайдан кейінгі 
аса ірі тарихи тұлғаның төңірегіндегі түрлі алып-қашпа пікірлер 
бертінде ғана өзінің тарихи дұрыс бағасын ала бастаған сияқты. 
Әбілқайырға байланысты ертелі-кеш айтылған пікірлерді шолып 
отырғанда, оның атқарған қызметіне, тарихымыздан алар орнына 
шынайы баға бергендерге алғашқылардың бірі болған Ілияс 
Есенберлин де, ал осынау тарихи тұлғаны оның өмір сүрген 
заманымен, дәуір, уақыт тынысымен тығыз байланыста алып қараған 
қаламгер - Әбіш Кекілбаев. Жазушының “Үркер”, “Елең-алаң” 
романдары кейбір үстірт топшылауға бейім тұратынымыздай, тіпті де 
Әбілқайырды “ақтап алу” мақсатын көздемеген, керісінше, оның барша 
болмыс-бітімін, кескін-келбетін қыруар ғылыми, тарихи құжаттарға 
негіздей отырып кескіндеген де, оқырманға шынайы түрде жеткізіп, 
тұжырым жасауды, пікір түюді сол оқырманның өзіне қалдырған. 
Қазақтың қазақ атанып, елдің ерлікті қастерлеп, ердің елдікті 
сақтап, ұлан-байтақ жерді қорғап қалудағы жампоз жан пидалығы мен 
қапысыз қаһармандығы халықтың еңсесі түсіп естен танған, есіркеусіз 
қалған сұрапыл, зұлмат жылдарда да, аштан қырылып, көптен 
жырылған, байтал түгіл бас қайғы күндерде де жадынан жарты елі 
шыққан емес. Ендеше, тарихта болған Әбілқайыр ханның шынайы 
бейнесін, барша болмысын, адамға тән қуанышы мен ренішін, 
көрегендігі мен көрместігін, даралығы мен баққұмарлығын т.б. 
көрсетуді мақсат еткен романшы Кекілбаев осы мақсатын абыроймен 
орындаған. Есенберлин төл әдебиетімізге жанры жағынан тарихи 


461 
роман-хроника әкелсе, Кекілбаев философиялық, психологиялық 
тұрпаттағы тарихи романды әкелді. Қаламгердің стиліне тән: шалқар 
шабыт, нәзік лиризм, терең философия, оқырманын ұйыта білетін 
психологизм, ешкімге аса ұқсай бермейтін, тек қазаққа ғана тән ұлттық 
бояудың шымқай айқындығы ерекше байқалады. Өзіңізді бірде 
ойлантқан, бірде толғантқан, бірде мұңайтқан, бірде қиялыңды 
шарықтатқан нәрсе – жазушы дүниетанымының кіндігінде, роман-
дилогиядағы байыпты да терең оймен берілген монолог ой ағымы, 
автор мен қаһарманның бір бейнеге айналып кірігіп кетуінде дегеніміз 
жөн болар, сірә? Жазушы бойындағы дала табиғатының, сол даланың 
еркін перзенттерінің қайсар мінезі романдағы көркемдік ізденістерге, 
стильдік даралыққа алып келген сияқты. 
Егер “... әрбір құбылысты заманына, жағдайына қарап бағалау 
ғалымның 
бұлжымас 
шарты” 
(Бердібаев) 
болса, 
стильдің 
қалыптасуындағы қаламгердің дүниетанымы деген мәселеге келсек, 
романшы Кекілбаевтың сонау ХҮІІІ ғасырдағы ең елеулі, ең ауқымды 
оқиғаларға ХХ ғасырдың биігінен көз салуы назар аудартады. Уақыт 
өткен сайын адам санасында бірте-бірте көмескіленіп, тарих 
қойнауында қалып бара жатқан сол бір көп адамдар үшін күні бүгінге 
дейін даулы боп көрінетін мәселеге баруы жазушыға тек асқан 
жауапкершілік жүктеп қана қоймаған, сонымен бірге сол кезеңнің 
шынайы картинасын беруде көркемдік батыл ізденістерге баруына 
итермелеген. “Қазақ-орыс, қазақ-қалмақ, қазақ-башқұрт қарым-
қатынастарын, ХҮІІІ ғасыр шындықтарын жазушы дәлді құжаттар, 
хроникалардан ала отырып, тарихи адамдар образын сахнаға 
шығарады. Сан салалы, әр тармақты оқиғалар жүйесін, бір ел мен 
екінші ел, әр түрлі қоғамдық күштер арасындағы тартыстарды жазушы 
хронологиялық жалғастықпен баяндаудан қашады. Тіпті романның екі 
бөлімі жеке тарауларға да бөлінбей, тұтас берілген. 
Әр түрлі оқиғаларды әр кейіпкердің ойы арқылы беру принципін 
жазушы үнемі ұстанады. Шығарманың орталық кейіпкері Әбілқайыр 
ханның дүниені қабылдауын, адамдарға көзқарасын, мемлекет 
тұтастығы, ел билігі туралы ойларын, нақты іс-әрекеттерін жазушы 
диалектикалық тұтастықта көрсете отырып, бірқыдыру көркемдік 
олжаларға жетеді” деп атап көрсетеді ғалым Р.Нұрғалиев. 
Жазушы Ә.Кекілбаевтың стиліне оқиғаны қаһарман ойы арқылы 
беру тән болса, сол тәсілде біртұтастық, бір жүйелілік бар. Бір ғажабы: 
“Үркерде” бастауын алған, Әбілқайыр ойын сан-саққа жүгірткен түздегі 
оқиғаның сырын алдымен Пәтшайым ашып, оны толықтырып, 
тұжырымдайтын Мәтінің пікірі “Елең-алаңда” өз шешімін табады. 
Осынау екі аралықта қаншама оқиға болды, қандай өзгерістер келді 
қазақ сахарасына, ұйқысыз, күлкісіз қаншама таң атты, үмітпен күдік 
араласқан қанша уақыт өтті – бәрі-бәрі жазушы ізденісінің нәтижесіне 


462 
біртұтас сюжеттік желіні қос романда қатаң сақтай отырып, 
композициялық 
ерекшеліктерге, 
жинақылыққа 
әкелген. 
І.Есенберлиннің “Қаһар” романындағы Абылай ханның түсі сәл 
өзгешелеу кейіпте алынған да, оны жорушы, яғни болжаушы ретінде 
Әбілқайыр басындағы жайды таратып айтып беруші – Пәтшайым мен 
Мәті. Осы жерде авторлық баяндаудың кейіпкер көңіл-күйімен астасып 
кеткендігін байқаймыз. 
Әбілқайырдың ойына келген алуан түрлі жайттарды жазушы 
баяндау стилімен берген сияқты әсер қалдырғанымен, оқи келе сол 
баяндау стилінің бас қаһарманның ойлауына, ой ағымына негізделіп 
кеткенін көруге болады, яғни авторлық баяндау мен кейіпкер 
монологы шебер қиюласып, жарасымды күйде беріліп тұр. Бұл жазушы 
шеберлігінің, стилінің бір қырын көрсетсе, екінші қыры – жас 
келіншектің сөзі мен Мәті ақсақалдың пайымдауының тек сол 
кейіпкерлердің өзіне ғана тән ерекшелікпен берілуінде жатыр. 
Романшы Ә.Кекілбаевтың “Үркер”, “Елең-алаң” романдарындағы 
өзіне тән стильдік ерекшеліктерін жоғарыда аз да болса айтып кеттік, 
егер көркем әдебиеттегі тақырып, идея, образ, сюжет, композиция, 
жанр т.б. ұғымдардың бір-бірімен өте тығыз байланыста болып, 
біртұтас жүйені құрайтынын, органикалық бірлікте болатынын 
ескерсек, жазушы стилінің және бір ерекшелігін атап өткен жөн. 
Әбілқайыр ханның ұзақтау болса да біз келтіріп кеткен монологын 
(авторлық баяндаумен шебер қиюласқан) оқығанда мына бір құнды 
пікір еске түседі. 
Үнемі ойда, үнемі толғаныста жүрген, қиыннан қиюластырып, жол 
табуға әрекеттенген Әбілқайыр бейнесін бергенде, оның монологын, 
диалогын 
бас 
қаһарманның 
соңғы 
сөзі, 
соңғы 
шешімі 
деп 
қабылдамауымыз керек, ол кіммен болса да пікір таластыруға, ой 
жарыстыруға дайын, оның істеген іс-әрекеті, қимылы, кесек 
шешімдерге баруы сол тұстағы дала өмірін, қоғамдық-әлеуметтік 
жағдайды толық ескеріп барып, ақыл-санасынан өткізіп барып батыл 
шешімге баруынан туындап жатыр. Осынау тәсілдің нәтижесінде 
жазушы қаламынан күшті характерлер, шымыр тартыстар, масштабты 
шығарма туған. Дилогияның бір ерекшелігі сонда, автор әр кейіпкердің 
кәдімгі адамға тән тыныс-тіршілігін, қуаныш-ренішін, пиғылын, мінезін 
– бәрін-бәрін кең ауқымда бейнелей отырып, жанры жағынан “Үркер”, 
“Елең-алаңға” терең психологизм, мәнді философиялық сипат қана 
емес, лирикалық сипаттағы новелла элементтерін де ұтымды енгізе 
білген. Романдардың композициялық-сюжеттік құрылымында оқиға 
басталуы жоғарыдағы біз келтірген ұзақтау үзіндіде көрінсе, оның 
мәресі “Елең-алаңдағы” соңғы картинамен, бас қаһарманның әрі-сәрі 
күй кешкен, күдігі мен үміті араласқан, қарызы мен парызын 


463 
пайымдаған сәтіменен аяқталады. Жазушының стиль саласындағы 
шеберлігіне осынау ерекшелікті де жатқызғанымыз абзал. 
“Үркерде” сапардан оралар жолаушыларды күтіп, алаңдап отырған 
ханның көңіл-күйі мен сан-саққа жүгірген ойы және тура сол сәтте 
сайын даланың ерке перзенті – құландарды арнайы қазылған орға, 
оның ішіндегі мың сан істіктерге қаумалап қуып келе жатқан 
аңшылардан сескенген Итжеместің жайы қоса қабат берілетін, сөйтіп, 
осылай басталған сюжет роман соңындағы Әбілқайыр монологы 
арқылы былайшы аяқталады: “Апырау, мынау ат құлағының арасынан 
қылаңытқан күлдей тозаң шоғыр Үркер ғой! Жарықтық, бұдан ұсақ, 
бұдан солғын жұлдыз жоқ шығар. Бірақ, соған қарамастан, қаншама 
самала шырақтар самсаған түнгі аспанда оны көзің бірден шалып тұр-
ау! Оның сиқыры неде екен? Әлде жұп ажыраспай бірге туып, бірге 
батқанынан ба? Жұлдыз екеш жұлдыз да неғұрлым саны аз, неғұрлым 
жарығы солғын болған сайын жиі тұрмаса, көзге түсе алмайтындарын 
білген ғой! Өздері неткен ыңғайтөк еді! Жаздың жаңбырлы, құрғақ, 
қыстың жайлы, жайсыз боларын жұрт осы Үркерге қарап біле қояды. 
Бәрін алдын ала осы бір шөкім солғын шырақтар сезіп қоятындай. 
Бәлкім, мынау бірін-бірі иықтап, бірін-бірі төбеден нұқып жатқан 
әумесер дүниеде аз халықтарға да осы Үркер мінез керек шығар!..”. 
Істікке құлап, мерт болған аңқау да аңғал құландар арқылы 
романның соңындағы Үркер жұлдызының кенеттен жарқырап түн 
ішінде көрінуі арқылы автор сол бір аумалы-төкпелі заманаға, ондағы 
қоғамдық-әлеуметтік 
жағдаяттарға 
аса 
ұтымды 
тәсілмен 
философиялық реңк беріп тұр. 
Қос романның басталуы мен аяқталуы арасында қыруар адамдар 
бейнесі, мейлі ол Тевкелев болсын, мейлі Кириллов болсын, мейлі 
“бергеніңе шүкір!” деп тамсанатын Итжемес болсын, мейлі Тайлан, 
мейлі Бөкенбай, мейлі Жәнібек болсын, - бәрі-бәрі де өз мінезімен, өз 
түйсігімен даралана бейнеленген. Ішіндегі еңселісі - Әбілқайыр. 
Табиғат тағдыр-талайына туғанда-ақ жазды ма, әлде Әйтеке бидің бір 
ауыз сөзі ме, әйтеуір, бұл бай-бағланнан гөрі, батыр жігіттерге, шешен 
адамдарға жақын жүріпті. 


464 
Р 
Райымбек батыр 
Ж.Тұрлыбаев
Қазақ әдебиетінің көшіне 70-ші жылдары келіп қосылған 
Жолдасбай Тұрлыбаев 1932 жылы Алматы облысы Райымбек ауданы 
Жалаңаш ауылында (бұрын Кеген деген ауданы болған) дүниеге 
келген. Бұл кезде Қазақстанда Сталиндік-Голощекиндік асыра сілтеудің
шегіне жетіп, соның салдарынан қуғын-сүргін көбейіп, ашаршылық 
алқымдаған жыл еді. Қалың ел жан сауғалап жан-жаққа үдере көше 
бастаған. Жолдасбайдың ата-анасы да көппен бірге шығысындағы 
іргелес жатқан Қытай жеріне өтіп кетеді. Осылайша Жолдасбайдың 
балалық шағы мен жігіттік кезеңі Қытай мемлекетінде, ондағы Іле 
облысы Текес ауданында өтеді. Сусау ауылындағы мектепті 
тәмамдаған соң әуелі Құмса қаласындағы гимназияны, одан соң 
педучилищені бітіреді. 1952-1956 жылдары Қытай Компартиясы 
жүргізген саяси-реформа жұмыстарында болады. Іле уездік партия 
комитетінде нұсқаушы, Іле аймағының 7 ауданында аудандық партия 
комитетінің хатшысы болып қызмет атқарады. 
Жолдасбай Тұрлыбаев 1956 жылы қараша айында ата мекеніне 
қайта оралып, туған ауылында әр түрлі жұмыста болады. 1959-1960 
жылдары Алматы қаласына келіп, 7 құрылыс мекемесінде тасқалаушы 
болып істейді. 1961 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық 
университеті (бұрынғы С.М.Киров атындағы ҚазМУ) филология 
факультетіне түседі. Университетті бітіргеннен кейін Алматы облысы 
Жамбыл ауданында аупарткомда нұсқаушы, мектеп директоры, Қазақ 
радиосында редактор, аға редактор, бөлім меңгерушісі, бас 
редактордың орынбасары, “Өнер” баспасында аға редактор, ҚазМУ 
оқытушысы болып қызмет атқарды. Қазір зейнеткер, тарихи-
этнографиялық “Райымбек” қоғамының төрағасы. Бас қаһарман етіп 
Райымбек батыр алынған дилогияның алғашқы бөлімі “Тамыз таңы” 
деген атпен 1987 жылы “Жазушы” баспасынан жарық көрген. Екінші 
кітабы “Райымбек батыр” деген атпен 1992 жылы “Жазушы” 
баспасынан шықты. Негізгі кейіпкері бір ғана тұлға бола тұра 
дилогияның бірінші кітабының “Тамыз таңы” заман тынысына қарай 
орайластырылған амал-себеп бар еді. Коммунистік идеологияға 
бағындырылған әдебиет әлемінде өткен дәуірде өмір сүрген ұлттық 
батырлардың атын бадырайта көрсетіп дәріптеу, мадақтау ол кезде 


465 
жай қылық болып бағаланатын. Ал аты аңызға айналған Райымбек 
батыр – ХҮ-ХҮІІІ ғасырлардағы қазақ батырларының ішінде романға 
жеке әрі бас кейіпкер ретінде алынған бірінші тарихи тұлға. Сондықтан 
әуелгі кітап бас қаһарманның атымен аталмай “Тамыз таңы” делінген. 
Дилогияда ХҮІІІ ғасырдағы Жоңғар шапқыншылығына қарсы ұлы 
шайқастардың бір тармағы суреттеледі. Оқиға негізінен қазіргі 
Қазақстанның Оңтүстік шығысында, оңтүстігінде, Ташкент, Самарқант, 
Сырдария маңында өтіп жатады. Ташкент, Самарқант, Түркістан, 
Ходжент, Хиуа, Бұхара сияқты қала, кент, елді мекендер, Іле, Шу, 
Талас, Сырдария, Балқаш, Көкпек, Торайғыр, Көртоғай, Жалағаш, 
Алматы, Алатау, Асы, Қарқара т.б. тәрізді жер, су түгел қамтыла 
оқиғаға қатысты баяндалып отырады. 
Романда бас кейіпкермен қатар сол дәуірдің тарихи тұлғалары 
Әбілқайыр, Абылай, Жолбарыс, Болат, Сәмеке, Барақ, Әбілмәмбет 
тәрізді елбасы, хан т.б. батырлар, Төле, Қазыбек, Әйтеке, Биеке, 
Қабай жырау сынды билердің, ақылгөй дана қарттардың образы 
жасалған. 
Әбілқайырдың, 
Абылайдың 
немесе 
өзге 
де 
хан-
сұлтандардың бейнесін сомдағанда жазушы олар жайлы жазылып 
қалған тарихи деректен, халық жадында жатталып айрылып келген 
мәлімет сорабын мүмкіндігінше сақтауға тырысқан. Алайда тарихи 
деректі, құжаттық мәліметті сол қалпында көшіріп бере салған деген 
ұғым тумаса керек. Абылай жайында дерек те, мәлімет те, ауыздан 
ауызға көшкен, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, есте салған әңгіме көп. 
Автор соның бәрін жинақтап ой елегінен өткізе, қиял әлемінде қарыта 
жан бітіріп, Сабалақтан Абылайға ұласқан тарихи тұлға бейнесін халық 
санасындағы болмысын төмендетпей өзіндік өрнекпен нанымды жасай 
білген Әбілқайыр бастаған өзге хандар бейнесі туралы да, Қабанбай, 
Бөгенбай бастаған тарихи бейнелер халық жадында әбден орныққан, 
ел тарихында орны бөлек қас батырлар образы жайлы да осыны 
айтуға болады. 
Романда Төле би образы дәуір дидарына сәйкес санаға орнығып 
қаларын, оқырманды ойға жетелейтін, ұрпақ санасын оятып, ұлттық 
ар-намысты жандандыра түсетін биік парасатқа толы, биік деңгейде 
жасалған. Төле би аңыз ауқымында айрыла беретін ділмарсыған 
шешен деңгейінде ғана алынбай кемеңгерлікке толы парасат иесі, 
данышпандықпен ұласқан ақылгөй, көсем ретінде суреттеледі. Оның 
бәрі жәй баяндау емес, оқиға жүйесінде, детальді көріністе, қисынды 
фактілермсен өрілген сюжеттік желілер арқылы беріліп отырады. 
Дилогияның бірінші кітабы бас қаһарман Райымбектің бала 
кезінен бастап, жігіт болып алғашқы ерлігін көрсеткен кезеңге дейін 
қамтылады. Бас кейіпкердің эволюциялық өсу жолы, аты алыс-жуыққа 
кең тарай бастаған уақытқа дейінгі көтерілу баспалдақтары ел 


466 
санасына сіңіп кеткен аңыздық сипаттан аршып алынып, табиғи 
қалыпта, қарапайым адамдық кейіпте суреттеледі. 
Екінші кітап Райымбек батырдың қайтпас сапарға аттанған 
сәтімен аяқталады. 
Сюжеттік желіні, негізгі оқиғаны бас кейіпкер Райымбектің 
айналасына шоғырландыра отырып, жазушы жоңғар шапқыншылығы 
дәуіріндегі қазақ елінің басынан өткен қиын тағдырының бір аймаққа 
тән көрінісі арқылы тұтас халық тарихының көркем шежіресін, тарихи 
болмысын суреттеп беруге тырысқан.
Романның бас кейіпкері Райымбек – тарихи тұлға. Батырлығымен 
аты шыққан, даңққа бөленген. Оның шындық көрінісі – Райымбектің 
тұтас бір рулы елдің ұранына айналуы. Сол ұранға айналған тұлғаның 
болмыс-тірлігі бірте-бірте уақыт оза келе аңыз желісіне ұласып, 
әулиелік сипатқа ауысып кетуі халық көңіліндегі тарихи нысан, батыр 
баба бейнесінің көлегейлене түсуіне себеп болғаны да шындық. 
Сондықтан халық жадында Райымбектің батырлық бейнесі мен 
әулиелік қасиеті қатар жатталып, қабаттаса өрбіп, дамып отырған. 
Міне, осындай тұлғаны көркем шығармаға, оның ішінде тарихи романға 
бас кейіпкер етіп алу да бар да, оның тарихи шындықпен сәйкесер 
тұсын дөп басып, нанымды образ тудыру талабы бар екені және ол 
тіпті де оңай емес екені белгілі. Өйткені, айтып отырғанымыздай 
барған сайын, заман озған сайын халық ұғымында Райымбектің 
батырлық болмысынан гөрі әулиелік қасиеті басым сипатқа ие болып 
бара жатқаны ақиқат еді. 
Романда санаға сіңіп қалған әулиелік ұғыммен тарихи дерекке 
негізделген 
батырлық 
сипаттың 
ара-жігін 
ашып, 
халықтың
елестетуіндегі батыр тұлғасын сетінетіп алмай нанымды образ жасауға 
талпынған Жолдасбай Тұрлыбаев ізденісі мен соны мәресіне жеткізе 
алған жазушылық шеберлігі айқын көрінеді. 
Бұл орайда жазушы көркемдік ізденістің шығарма тудырудың сан 
тарау қайнарларынан, дәстүрлерінен нәр алған, үйренген, оны өз 
туындысына жымдастыра пайдалана білген. Сюжет құруда, оқиғаны 
өрбіту, байланыстыру, дамыту, шарықтау шегі мен түйіндеуде, образ 
сомдауда түрлі тәсілдер қолданылады. 
Роман тарихи шығарма болғанымен тек тарихи фактілердің ізімен 
баяндалмайды. Әдеби туындыға тән қолданатын сипаттарға, авторлық
мақсатқа орай қиялдан қосу тәрізді түрлі көркемдік шарттарды автор 
еркін қолданып отырған. 
Райымбектің батырлық іс-әрекеттер барар жолы, қалыптасуы, 
өмір баспалдақтары намысқойлық сезіммен ұштастырыла өріліп, 
нанымды беріледі. Шығарманың алғашқы беттерінде жаугершілік 
заманның тынысымен соғыс алаңында емес, бейбіт ауыл аясында, 
қарапайым тұрмыс-салт орынында танысамыз. Ойнап жүріп “тентек” 


467 
Райымбекпен жылап қалған балалардың шешелерінен “Тірі жетім”, 
“Әкең қалмақтың құлы” деген сөздерді айтып “кірме”, “баладан” кек 
алуы болашақ батырдың алғашқы намысын оятуға себеп болса, 
оқырманға қалмақ тұтқынында жатқан Райымбектің әкесі туралы 
сырттай мәлімет береді. Өзі қатарлас ойын балаларының мазағы 
намысын оятып әкесін құтқаруға ұмтылған бала Райымбектің алғашқы 
талпынысы бірте-бірте отансүйгіштікке ұласқан, елі үшін отқа, суға 
түсуге тартынбайтын қолбасшы батыр деңгейіне көтерілген сәтін 
көреміз. 
Романда сол заманға сай халықтық әдет-ғұрып, салт-сана, 
этнографиялық көріністер, ел тіршілігі мал бағудың, ер қанаты аттың, 
жылқының көшпелі халық өміріндегі орнын бейнелеу сипаттары 
айрықша көркемдік белгілерге айналған. Бұл орайда тек қазақ салты, 
мінез құлқы, тіршілік әрекеті емес қалмақ сияқты жау елдің де 
психологиялық, әдет-ғұрыптық болмысы нанымды әрі танымдық 
қасиеті мол дәрежеде суреттелген. 
Дилогиядағы Күніш, Еңлік, Ақбала тәрізді батыр қыздар ерлікпен 
қоса адал жар болу мақсатын бірінші кезекке қойған, ежелден 
қалыптасқан бейнесімен есте қалады. 
Жазушы Райымбек туралы халық аузындағы “әулиелік” 
қасиеттерді де мүлде ығыстырып тастамай орайына қарай сюжеттік 
негізге жымдастырып жіберген.


468 
С 
Сахара қызы 
Ә.Шәріпов 
Әди Шәріповтың “Сахара қызы” атты романында өткен ХІХ 
ғасырдың екінші жартысында “Шынжыр балақ, шұбар төс” Бөлен 
болыстың “әмеңгерлік” қақпанына түскен әкесіз жетім қыз тағдыры 
шығармаға 
желі 
тартқан. Автордың 
жол-жөнекей аңғартуына 
қарағанда, кейінгі эпилогында ескертуіне қарағанда, уақиға ХІХ 
ғасырда, Жетісу өңірінде етек алған көрінеді. Әңгіменің барысында, 
бұл өңірге Арқа жақтан өзінің оңбаған ниетімен Кенесары келгені, оны 
Жетісу қазақтары қабыл алмағаны белгілі. 
Жазушы Бөлен аузына сөз салып, шындықты айтқызып: 
“Кенесары депсің. Оның да жайын білеміз. Бүкіл Арқаны бүлдіріп, 
емшектегі баласын найзаның ұшына шаншып, кемпір-шалды сойылға 
жығып, қанын ішіп, ол жақтан жеңіліс тауып келе жатқан хан бізге 
керек емес”, - дейді. Сонымен қатар, осы елдің Россияға еркімен 
қосылу шараларының қалай жүзеге асқанынан мәлімет аламыз. 
Бұл ретте де сол Бөленге сөз беріп, мынадай дұрыс түйін 
жасайды: “Ресейге өз еркімізбен қосылып, үлкен мемлекетке арқа 
сүйесек, халқымыздың бірлігін сақтап қаламыз... Кіші жүз бен Орта жүз 
қазақтарының Ресейге қосылғанына қанша заман болды. Ел бірлігін 
жоймай, олар да күн көріп жатқан жоқ па?” – дейді. Заманның саяси-
әлеуметтік шешуші проблемаларына қатысты айтылған осынау түйінді 
пікірлер – Асылбайдың керітартпа ұғымына қарсы сөйленген диалогта 
Бөлен арқылы қуаттатқан автордың өз көзқарасын айқындайды. 
Бұл айтқандар сөз болып отырған тарихи кезең жайында алдын 
ала дұрыс түсінік беріп, оқиға өрісін ұғуға, сөз жоқ, едәуір септігін 
тигізіп тұр. Ақырында, кейіпкерлердің ішкі қақтығыс, қайшылықтарына 
назар тіксек, бұлар әр түрлі, әр қилы. Айталық, үш әйелі бар Бөлен 
болыс пен Мырзағара байдың, Мырзағараның баласы Саурық болыс 
пен Терлікбайдың және Бөлен мен Асылбай арасындағы кикілжің, 
қақтығыс, бір жағынан, барымта дауының, екінші жағынан, сайлау 
бәсекесінің тартысы болса, Бөлен мен оның малай жылқышысы 
Малдыбайдың арасындағы алалық мүлдем өзгеше. Ол әлі ушығу 
қалпына жетпеген нағыз таптық қайшылық. Ал, мейрімсіз Бөлен 
байдың жылқысын бағуда суықтан үсіп өлген Малдыбайдың баласы 
Ұлтабағуда орыс шаруларының ортасынан қоныс теуіп, Сергей 


469 
сықылды еңбекші, ер, адал жігітпен достасуы, сөйтіп, екеуі бірігіп, 
қысталаң жағдайда Үнияға көмектесуі – екі халықтың үлкен 
достығының бастамасы іспетті. 
Кітаптың кіндік кейіпкері Үния – Сарыбай секілді әнші, 
домбырашы, сері жігіттің жалғыз қызы. Бұл да – жастай өзінің әншілік, 
шебер тігіншілік өнерімен жұрт көзіне түсіп, атағы шыққан қыз. Бірақ 
әкесі, ауыл иесі Терлікбай байдың кіші баласын үйлендірген тойында, 
көкпар тартып жүріп қаза табады да, балғын жас қыз жетім қалады. 
Қыздың атағына қанық Саурық болыс Үнияға құда түсіп, інісі 
Қабділдаға әпереді. Қабділда көп ұзамай қайтыс болып, Үния жесір 
қалады. 
Міне, Үнияның қайғылы, аянышты, азап жолы осы тұстан 
басталады. Оның адам төзгісіз ауыр халіне жан ашып, тітіркену өз 
алдына, тіпті, аман қалуын тілеп, кітаптың ақырына дейін тебіреніп 
отырасың. Ол неліктен? Ол, біздіңше, алдымен, өмірде шын болған 
және нақты фактыны сөйлеткендіктен. Бұл жөнінде Әди Шәріповтың 
тәжірибесі мол. Оның “Партизан қызы”, “Ормандағы от”, “Тон”, 
“Қапастағы жұлдыздар” повестерінің бәрі дерлік Ұлы Отан соғысы 
тұсындағы шынайы фактыларға құрылған ғой. Мына “Сахара қызында” 
да кітаптың негізгі желісі нақты болған фактыға құрылғаны көрініп-ақ 
тұр. Оны шығарманың эпилогында автордың өзі де ескерткен. 
Материалды архивтен тапқанын сол күйі мазмұндай келіп, 
“феодалдық-патриархалдық қоғамда бас бостандығы үшін күрескен 
қазақ қыздарының ішінен озық шыққан әйел екендігіне көзім жетті”, - 
дейді автор. Бұған оқырман біздің де көзіміз жетті, сондықтан Үнияның 
растығына сенесің де, трагедиясын іштей сезінесің. Неге десеңіз, 
Ә.Шәріпов құр фактылар мен есімдердің басын құрастыра берген емес, 
оларды 
идеялық-эстетикалық 
тұрғыдан 
белгілі 
жүйеге 
салып 
суреттеген. 
Шынында, өзін жек көргеніне қарамай, Үнияны қалай да “қатын” 
етіп алам деген озбыр Байділданың арам, топас қылығын, қайнағасы 
Саурық болыстың қулығына найза бойламайтын тұңғиық, зұлым 
қаракеттерін жазушы ашалап көрсетпесе, Үнияның сүйкімді образы 
мен Қайсар характері де жөнді ашылмаған болар еді. Сондай-ақ, 
Үнияның образ қырларын айқындай түсуге Саурық болыстың үш 
әйелінің өзара күндестік күйіне сай, әрқайсысының мінез-құлқын жіті 
көрсетудің өзіндік мәні болған. Үнияның тігіншілік адал еңбегімен күн 
көруінің өзін өсектеп, қудалаған сайқал әйелдерге оның жауабы нық: 
“Ел өсектесе, өсектей берсін. Өзімнің еңбектеніп тапқан адал малымда 
не шаруасы бар? Осы ауылда күні бойы үй-үйді қыдырып жүріп өсек 
айтатын әйелдердің тілі неге қырқылмайды екен?” – деп қынжылады 
Үния. 


470 
Үния махаббатқа, адалдыққа, адамгершілікке қандай берік, 
тұрақты болса, әділетсіздікке де, зұлымдыққа да сондай қарсы, қатал. 
Ол Саурықтың бұйрығымен Байділда бастаған озбыр топ денесіне 
ыстық темір басып, таңба салғанда да, қыңқ етпеді. Жауыздың ырқына 
көнбеді. Міне, бұл қазақ қызының жалаң мінез қайсарлығы ғана емес, 
қаһармандығы дерлік қайсарлық.
Сол содыр-сойқан заманда әрі жетім, әрі жесір “сорлы” қыздың
азуы алты қарыс Саурық болысты өзінің бас бостандығы үшін сотқа 
беру фактысы, соттағы ашынып айтқан ақылды, ақиқат сөзі – 
Үнияның қиямет жағдайда азап, қорлықтың бәріне сынбай, күйремей, 
рухани өскендігінің айғағы. Сотта ол Саурыққа тура қарап: “Ел 
арасындағы әділетсіз адам жалғыз сіз емес, қолында малы бар 
байлардың бәрі де әділетсіз. Сіздің үш қатыныңыз бар. Төртінші қатын 
болып мен тиюім керек. Сіз мені зорлық-зомбылық жасап, қорқытып 
алғыңыз келеді. Мен көнбеймін деп басында айтқанмын, қазір де сот 
алдында соны айтамын. Күйеу іздегім келсе, өз сүйген адамыма ғана 
шығамын. Ұстаған жолымнан, ойлаған ойымнан қайтпаймын”, - дейді. 
Осының өзі Үнияның өміртану жолында жеткен биігін танытса керек! 
Бақыты үшін, бас бостандығы үшін басын өлімге байлаған қазақ 
қыздары өмірде аз болмағаны мәлім. Олардан Үнияның бір ғана 
айырмашылығы – ол қайсарлығының үстіне, Сара Тастанбекқызы 
секілді, ақындық, әншілік өнерпаздығы және, сонымен қатар, тігіншілік 
шеберлігі. Мұндай ерекше көзге түскен талант иесі қызды аламын деп 
әуелі Байділданың жанталасып, кейін одан қызғанып, ағасы 
Саурықтың құлқы кетуі Үнияның, сөз жоқ, осы қасиеттерінен. Әйтпесе, 
әмеңгерлік деген – тек сылтау, үстем тап озбырларының қолындағы 
қиянат құралы ғана. 
Сонымен қысқасы, Ә.Шәріпов өзінің сөз болып отырған осынау 
“Сахара қызы” делінген роман-хроникасында ескіліктің қақпанына 
түсіп зар шеккен қазақ қызының сегіз қырлы, бір сырлы образын көз 
алдымызға әкеледі. Кітапта екіұдай боп көрінетін кейіпкерлердің бір 
жағында Бөлен, Әли, Асылбай, Мырзағара, Саурық, Терлікбай 
сықылды бай, болыс, сұлтандар және олардың күндес әйелдері, екінші 
жағында Малдыбай, Қабыл, Ұлтарақ, Күміс сықылды кедей-кепшік, 
малшы-малайлар бар. Үния тағдырына қатысты бұлардың әлеуметтік, 
адамдық бет пердесі белгіленеді. Жалпы алғанда, шығармадағы 
дәйекті материалдардан, оймен түйген топшылаулардан, нақты адам 
образдарынан белгілі бір дәуір тынысын сезінеміз.


471 
Сәрсенбек
С.Садуақасұлы 
С.Садуақасұлы – Қазақстанның белгілі қоғам және мемлекет 
қайраткері. Сонымен бірге ол ХХ ғасырдың 20 жылдары қазақ 
руханиятына мол еңбек сіңірді. Смағұлдың қайраткерлік те, 
қаламгерлік те жолы алаш жастарының тұңғыш ұйымы “Бірліктен” 
(Омбы, 1914) басталды. Ол – “Өртен”, “Антомомиа”, “Салмақбай, 
Махамбет” әңгімелерінің және “Салмақбай, Сағындық”, “Күміс қоңырау” 
повестерінің авторы. Бұл шығармаларда 20 жылдардың проблемалары 
көркем бейнеленеді. С.Садуақасұлы сондай-ақ әдеби процесс туралы 
да еңбектер жазды. Бұл ретте оның “Әдебиет әңгімелері” (1927), 1928 
Мәскеуде шыққан “Молодой Казахстан” жинағына жазған алғысөзін 
ерекше атауға болады. Қайраткер – сонымен бірге Қазақ ұлттық 
театрын ұйымдастырушылардың бірі. Осы орайда ол “Ұлт театры 
туралы”, “Алғашқы тәжірибелер”, “Алтын сақина” ойыны туралы”, 
“Бәйбіше, тоқал”, т.б. материалдар жариялады. 
“Сәрсенбек” – қазақ әдебиеттану ғылымына беймәлім болып
келген роман. Оның түпнұсқасы М.О.Әуезов мұражайынан табылып 
отыр. Арнайы қолдан кесілген параққа жазылған 300 беттен астам 
осынау романның қолжазбасын кеңес дәуірінің “жылымық” тұсында 
қайраткердің жары Елизавета Әлиханқызы Мұхтар Әуезовке күйеуінің 
соңында қалған бірсыпыра дүниелермен қоса табыстаған. 
Роман қолжазбасы аса мұқият сақталған дей алмаймыз. Бірақ 
оны ыждағаттылықпен оқыдық. Абырой болғанда, қолжазбадан роман 
тарихына қатысты бірқыдыру деректерді ұшырастырдық. Бір қосымша 
парақтан романның алғашқы нұсқасын жазушы 1920 жылы 27 шілдеде 
“Мінсіз” атты повесть ретінде жазбақ болғаны анықталды. 1922 жылы 
21 қарашада “Сәрсенбекті” жазуға кіріскенде, автор Мінсіз бейнесін 
Жұпар бейнесімен алмастырып (бұл қолжазбадан анық көрінеді), 
Мінсіз деген басқа жанама кейіпкер ойлап тапқан. 
“Сәрсенбек” – 1916 жыл оқиғасын арқау еткен қазақ 
әдебиетіндегі алғашқы романның бірі. Хронологиялық жағынан 
тұңғышы деуге де болады. 
Аталған туындының неліктен роман жанрына жататынын үш 
дәлелмен анықтай аламыз. Біріншіден, “Сәрсенбек” – қазақ 
әдебиетінде роман жанрының енді дүниеге келген кезінде туған 
туынды. Сондықтан бұл кездегі жазылған қазіргі көзқараспен повесть 
дәрежесіндегі 
шығармаларға 
роман 
мәртебесін 
беру 
жанр 
эволюциясын елеп-ескергендік болмақ. Екіншіден, роман талабына сай 
“Сәрсенбекте” 
үш 
желі 
қатар 
жүріп 
отырады. 
Олар: 
1) 


472 
көтерілісшілердің күрес барысы, 2) қаладағы оқығандардың пікір 
қайшылығының жай-жапсары, 3) Күлпәшқа қатысты оқиғалар, яғни 
қала мен ауыл арасындағы бөгет-бөгесіндердің қалпы. Үшіншіден, 
А.Байтұрсынұлы ескерткен “тұрмыс сарынын түптеп, терең әңгімелеу” 
бар.
Шәкірт кезінде кезеңінің ауыр оқиғаларын өз көзімен көрген 
С.Садуақасұлы араға жеті жыл салып, “Кейбірде мен баладаймын, 
баладай болсам да, бәрі есімде” деп эпиграф қойып, 16 жыл туралы 
роман жазуға отырды. 
Роман экспозициясы қазақтан солдат алатынын естіп, бұл 
хабардың рас-өтірігін біле алмай абыр-сабыр, азан-қазан болған ауыл 
халін диалог арқылы жеткізумен ашылады. Автор бейнелеу тәсілін 
пайдаланып, қоғам мен ұлт арасындағы байланысты былайша 
көрсетеді: Сары маса келіп қазақтың тұмсығын шағады. Ол бір аунап 
қайта жатады. Кенет ойына әлдене түсіп, түрегеледі. Тарсыл естіледі. 
Қашады. Бір кезде тоқтай қалып, қарсыласады... 
Оқиға Сәрсенбектің ауылынан өрбиді. Сәрсенбек оқуына 
кеткеннің ертесіне патша жарлығы келеді. Халық аңтарылып қалады. 
Істің мән-жайын білу үшін ақсақалдар Амантай мен Қорабайды қалаға 
аттандырады. Бұл кезде Жұпар есімді қыз ауыл жігіттерін жиып, 
оларға бас көтеру, Алатауға аттану туралы ой салады. Ауыл жастары 
бұған келіседі. 
Бұл шақтағы қаланың тіршілігі ауылдан бөлектеу. Сәрсенбек пен 
Қабдеш ұлт болашағы, халық теңдігі туралы пікір таластырып жүрсе, 
Жұмажан секілді азаматтардың ойында түк жоқ. Олар өмірде ләззатқа 
белшесінен батып, абройы тасып жүргенді армандайды. Арбалып, 
алданып жүрген Күлпәш тәубасына әлі келмеген. Жұмажанның 
алдамшы әрекеттерін, аттастырған күйеуі Күдерінің 
ақ-жүрек 
адалдығын көргенде, Күлпәш басында екіұдай пікірдің текетіресі 
басталады. Мұндағы тартыс, шиеленіс, шарықтау шегі, шешімі аса 
табиғи. 
Амантай Сәрсенбекке “ел көтерілмек, басшы бол” деп қолқа 
салады. Бірақ ол қарсылық білдіреді. Тіпті дәлелдер айтып, күрестің 
нәтижесіз болатынын алға тартады. Көңілі нілдей бұзылған Амантай 
Сәрсенбекке қарамастай болып және губернатордан тұщымды “жауап” 
алып, еліне қайтады. 
Қала жаңа хабармен қайта жанданған. Қазақ оқығандарының бас 
қосуларындағы әңгіменің бәрі “қазақ һәм солдат” төңірегінде. Көркем 
шығарма сахнасында Қабдеш, Бұқар, Асқар сынды азаматтар шығады.
Бәрі де сауатты. Баршасы да ел қамын ойлайды. Бірақ солдат мәселесі 
туралы әрқайсысының пікірі әр түрлі. 
Сәрсенбек Сәлимадан хат алады. Бұл хаттан соң оның пікірі 
бұрынғы күйінде болғанымен, бағыты түбегейлі өзгереді: Бұлай 


473 
болуының терең сыры бар. Сәлима хатында Жұпар туралы, оның қол 
бастағаны хақында, өзінің сол құрбысымен бірге болатыны жөнінде 
жазады. Не істеу керек? Бұл жерде парасат жеңеді. Сәрсенбек 
аттануға бел байлайды. Неге? Біріншіден, ол Сәлиманы ұнатады, 
екіншіден, бір кездері Жұпар екеуінің арасында да махаббат оты 
маздаған. Үшіншіден, ел басындағы сыналар сәтте, көпшілік көтерілуді 
қалағанда, бұл неге қолын бір сілтеуі тиіс. Мейлі, халық бұрыс жол 
таңдасын бәрібір Сәрсенбек – оларға, олар –Сәрсенбекке керек. 
Сәрсенбектің шешімі жөнінде оқығандар арасында пікірталас 
туады. Әркім әр түрлі жориды. Бұған Бұқар мен Асқар қарсы болса, 
Қабдеш Сәрсенбекті қолдайды. 
Сонымен Сәрсенбек пен Қабдеш екеуі Сәлиман кездеспек болып 
Көкадырға қарай аттанады. Екі жігіт жолда талай қиыншылықтарға 
кездеседі. Бір сәт дамылдағанда ұлт, ел тағдыры, заман қалпы туралы 
толғанады.
Ауыл жайы қайта суреттелінеді. Сахнаға Сәлима мен Мінсіз 
шығады. Бірі Сәрсенбекті, екіншісі Исатайды сүйеді. Тағдыры, талғамы 
ұқсас тұлғалар. Сәрсенбектен жауап хат келгеннен кейін бұлар да 
Көкадырға аттанады. Ойлары – олармен сол жерде жолығып, Алатауға 
аттану. 
Сапырылысқан 
дүние. 
Осы 
сапарда 
бұлар 
да 
сан 
қиыншылықты көреді. Әсіресе жолда орыс әскерінің кездесуі оқиғаны 
күрделендіре түседі. Бұлар қашады. Жау қуады. Қапыда Мінсіз қолға 
түсіп, қанішерлердің зорлауы мен қорлауына шыдай алмай өледі. 
Енді романның айрықша желісі – көтерілісшілердің күрес барысы 
бейнеленеді. 
Әскери 
дайындық, 
әскер 
басылары 
бейнесі 
айшықталынады. Жұпар, Амантай бейнелері даралана суреттеледі. 
Қазақ әскері дуанды алуға қамдануда. Бәрі сақадай сай, қобызшылар 
“Боз інген” күйін тартады. Салтанатты әскер шеруі, дуанды алардағы 
соғыс, қазақтардың жеңіс сәті бейнеленеді. 
Оқиға ширыға түседі. Сәрсенбек пен Қабдеш те анталаған жау 
қоршауында қалады. Қабдеш орыстың қолына түседі. Сәрсенбек әзер 
дегенде құтылады. Екі жігітті даралайтын қасиеттер ашыла түседі. 
Сәрсенбек Қабдешті құтқарамын деп шарқ ұрады. Ал, тұтқындағы 
Қабдеш орыс офицеріне әділеттіктің кім жағында екенін қаймықпай 
айтып, соққыға жығылады. Полковник пен губернатор Қабдештен 
жауап алғанын суреттейтін роман бөлімдерінде отаршылдардың сыр-
сипаты жан-жақты ашылады. 
Ауыл халін бейнелейтін желі жаңа оқиғалармен толысады. 
Жазушы енді шығарма кейіпкерлері шыққан ауылды емес, Сәрсенбек, 
Сәлима қонған, аялдаған ауылдарды суреттейді. Халық бейнесі 
бажайлана бастайды. Соғыстың зардаптары сөз болады. 
Қилы тағдыр белгіленген Көкадырда кездесеміз деген Сәлима 
мен Сәрсенбекті кезеңнің олай-дүлейіне ұшыратып, ойламаған жерден 


474 
орманда жолықтырады. Оның өзінде олар бірін-бірін жау екен деп, 
атысып-шабысып әзер таниды. 
Шығарма желісі қайтадан шаһар ішіндегі жайттарға ауысады. 
Бұқар, Қоңырбай, Асқар, Жұмажан сынды кейіпкерлердің іс-қимылы, 
диалогы, монологы арқылы олардың көтеріліске деген, қазақ халқына 
деген ынта-ниеті, көзқарас-пайымы аңғарыла бастайды.
Амантайлар кескілескен айқаспен, ақылмен дуанды алады. 
Қабдеш абақтыдан босанады. Амантай мен Жұпарға жолығып, болған 
мән-жайды айтады. Олар Сәрсенбектің көтерілісшілерге қарай 
шыққанына қуанады. 
Қаладағы оқығандар Сәрсенбектің қадамын түсіне алмай дал 
болады. Баяғы айтыс-талас. “Ұлт батыры кім?” деген сұрақ 
төңірегіндегі пікірталас жалғасады. Бірсыпыра жастарды Күлпәш 
тағдыры толғандырады. Ол ауылда. Оқығандардан түңілді. Күйеуі 
майданға кеткен. Қоңырбай Жұмажанның “иттігін” дәлелдемек болып, 
Күлпәшті алмақшы, басқалар оның мұнысына қарсы. Қоңырбай оған 
хат жазады. Алайда Күлпәштан қарсылық білдірген жауап алады.
Ауыл желісі қайта тартылады. Бұл да – оқиға өрбіген ауылдан 
басқа ауыл. Жастар Алатауға жиналуда. Күлпәш әрі-сәрі күйде. Басын 
“не қала, не ауыл” деген ойлар билеген. Он ойланып, жүз толғанып, 
“аллаға күнәһар болмай, ауылда қаламын” деп шешкен. Ауылда тек 
адалжүректер ғана тұрмайды, тоғышарлар да бар. Оның бірі – болыс. 
Ендігі оқиға болыс пен Күлпәш арасында өрбиді. Тәубасына келген 
Күлпәш күйеуі Күдері сенімін ақтап қалады. 
Табысқан 
Сәрсенбек 
пен 
Сәлима 
дуанға 
жетеді. 
Көтерілісшілермен табысады. Басшылармен ұшырасады. Романның бұл 
бөлімдеріндегі монолог пен диалогтар кейіпкерлер бейнесін, сондай-ақ 
романның басты желісін толықтырып, ашады. 
Қаладағы оқыған жігіттер айтысып жүріп, бір тоқтамға келеді. Ол 
- әскерге бару. Асқар, Қоңырбай, Титімбет секілді жастар осы жолды 
таңдайды. Бұлар “борышты өтейміз” деген ниетпен майданға 
аттанады. Ал, Бұқар мен Жұмажан болса әрі-сәрі күйде: бірі 
көтерілісшілерді “неге екенін білмейді, жақтамайды”, екіншісі “неге 
екені білмейді, жақтайды”. Бірақ екеуі де білек сыбана күресуге жоқ. 
Бұқардікі құр сөз. Жұмажан күрескендерді атақ қуғандар деп 
есептейді. 
Алатау әбігерге түскен. Қуғыншы отряд осылай қарай аттанған.
Романда Шолақсайдағы орыс әскері мен қазақтар арасындағы 
соғыс кеңінен суреттеледі. Соғыста қазақтар мұздай құрсанған қарулы 
солдаттардан жеңіледі. Сәрсенбек қолға түседі. 
Азапты күндер басталады. Жазушының “Өмір – күрес” деген 
қағиданы тереңінен қозғағаны байқалады. Жазалаушы отряд халықты 


475 
қырғаны сөз болады. Сәрсенбек сын сағаттарда өзінің нағыз 
азаматтығын көрсетеді. 
Романның 
қысқаша 
мазмұны 
осындай. 
Шығарма 
қазақ 
прозасының қалыптасып келе жатқан ерте кезеңінде туғандықтан, 
толыққанды көркем нақышпен жазылған дей алмаймыз. Алайда 
идеясы мен сол идеяны жеткізу үшін пайдаланған бейнелер жүйесіне 
жоғары баға беруге болады. Туындыда танымдылық, ағартушылық 
сүрең басым. Рас, шығарма композициясында жүйелілік қатаң сақтала 
бермейді. Бұл түсінікті де. Біріншіден, жазушы оны шығармашылық 
шеберлігі аса шыңдалмаған шағында жазған. Екіншіден, заманның 
кедір-бұдырлығы, аумалы-төкпелілігі туындының бір деммен жазылып 
бітуіне кедергі жасауы әбден мүмкін. 
“Сәрсенбектегі” 
Смағұл 
шеберлілігі 
дегенде, 
ол 
ұтымды 
қолданған монолог, диалог, кейіпкер сүгіреті, пейзаждары ерекше 
атауға міндеттіміз. Романдағы Сәрсенбектің, Қабдештің, Сәлиманың 
монологтары, Сәрсенбек пен Амантай, Сәрсенбек пен Бұқар, 
Сәрсенбек пен патша офицері, қаладағы жастар арасындағы 
диалогтар, Амантайды, Жұпардың портреті, ел қалпын, соғыс болар 
күнгі ахуалды табиғатпен шендестірген пейзаждар бұл пікірімізді 
растайды. 
“Сәрсенбек –
1916 жылғы оқиғаны арқау еткен тарихи көркем 
роман. “Сәрсенбекке” осы тұрғыдан қарасақ, жазушы С.Садуақасұлы 
тарихи романға қойылатын талап тізгінін тепе-тең ұстағанын 
аңғарамыз. Көтерілістің болғаны рас, оған Амантай сынды 
азаматтардың 
жетекшілік еткені, көтеріліске 
қыз балалардың 
қатысқаны, оқыған зиялы қауымның көтеріліске қарсы болғаны 
шындық. Ал, Сәрсенбек – автор қиялынан туған кейіпкер. Жазушы 
неліктен Сәрсенбекті ойлап тапты? Біздіңше, жазушыны Алаш Орданың 
жеңіске жете алмағандығы, ұлтқа тәуелсіздік бұйырмағандығы қатты 
толғандырған. Білікті қаламгер мұның себебін іздеген. 
“Қазақ” газетінің идеясын пір тұтып өскен һәм сол идеяны жаңа 
заманға сай дамытуға күш салған Смағұл Садуақасұлы енді “Бәлкім, 
қазақ оқығандары 16-жыл оқиғасына белсене араласып, күресті 
басқарып, жүйелеу керек пе еді? Сонда, мүмкін, алаш жұрты бір ту 
астына жиналып, саяси сапырылыстар тұсында тәуелсіздігін қорғап 
қалар ма еді?” деген пікірге келген тәрізді. Өткен іске баға бере келіп: 
“қап, бүйткенде дұрыс болар еді” деп ойлау – табиғи нәрсе. Бұл – 
көзқарас эволюциясына жат емес. Міне, кейіпкер Сәрсенбек – 
жазушының осы идеясын жеткізу үшін өмірге келген бейне. 
С.Садуақасұлы “Сәрсенбек” романының өңделмеген, баспаға 
даярланбаған нұсқасын 1924 жылы жазып бітірді деп шамалаймыз. 
Жазушының аталған романды толықтырғысы келгені қолжазбадан 
анық байқалады. Бірақ заман күрт өзгеріп, әдеби шығарманы таптық 


476 
тұрғыда жазу талабы қойылғанда, С.Садуақасұлы бұл еңбегін ондай 
қалыпқа салуды обалсынған, қолжазбаға тиіспеген. Тек 1926-27 жылы 
романдағы Күлпәшқа қатысты бір бөлігін “әңгіме” деп айдар тағып, 
“Жаңа мектеп” пен “Әйел теңдігі” журналдарына ұсынған. Алайда 
романның қолжазбасы мен журналға шыққан “Күлпәш” әңгімесі 
тексінің айырма-өзгешеліктері жоқ емес. “Әйел теңдігінде” аталған 
әңгіме романның бір бөлігі екені ескертілген. 
“Сәрсенбек” романы өз тұсында толық нұсқасымен жарық 
көрмегендігі, қалың оқырманға жетпегендігі оның қазақ әдебиеті 
тарихындағы орнын әсте аласартпайды. Оның көркемдігі бүгінгі роман 
талабына жауап бере алмай жатса, мұны аталған жанрдың қазақ 
топырағында қалыптаса бастағанымен түсіндіруге болады. Тегінде 
шығарманың маңызы көркемдігінен гөрі көтерген мұратымен, сол 
мұратты шебер жеткізе алғандығымен өлшенсе керек. Бұл тұрғыдан 
келгенде, “Сәрсенбек” романы – 20 жылдардағы елеулі көркем 
туындылардың бірі. 
Сексен алтыншы жыл 
Б.Тілегенов 
“Сексен алтыншы жыл” – полифониялық роман. Қатар өрбіген ең 
негізгі екі желі – махаббат пен саясат, немесе адал, пәк, табиғи 
тіршілік жыры мен аяр зұлымдық баяны – сюжеттік екі арна өзара 
түйіспейді, бірақ жымдаса қабысып, біріне-бірі рең беріп, өзара астас, 
тұтас сурет жасап, өзгеше құрылымды фабула түзеді. Бірі ашық түсті, 
бірі қоңыр көлеңке бояулы, бірі – сырлы, зарлы, екіншісі – сызды, 
үрейлі, қос өрімді айғақтай, үстемелей түсетін ұзынды-қысқалы, 
үлкенді-кішілі тағы бірнеше жіптік желі бар: бүгінгі өнер мен ғылым, 
ежелгі мұра мен өткен тарих төңірегінен туындайтын, түптеп келгенде 
ұлттық кейіп, елдік қасиетке барып тірелетін өрнектер. Ширыққан 
драмалы, ауыр трагедиялы романның бас-аяғы жинақы, шебер қолмен 
мүсінделген кемел. Әуелгі назарымызға түсіп отырған композициялық 
құрылым – шығарманың ішкі қасиетінен, яғни мазмұны мен идеялық 
тұрғысынан бастау алған сыртқы пішін ғана. “Сексен алтыншы жылды” 
тәуелсіз әдебиеттің бастау кезеңінде тұрған үздік шығарма дәрежесіне 
жеткізген – қазақ прозасында бұрын болмаған өзгеше бітімді 
кейіпкерлер. Бұрын болмауы - әдебиетіміздің әлсіздігінен емес, бас 
көтертпеген бодандық жағдайымызға байланысты. Енді тұлғаланып 
бой көрсетсе – елдің еркіндігі, сөздің бостандығы нәтижесі. Сонымен 


477 
қатар, әрине, жазушының қалам қуатының айғағы. Біздің ең әуелі алға 
тартарымыз – құрылыстың қозғаушы күші болған партиялық 
номенклатураның өзгеше тұрпатты кесек кейіпте көрінуі. Әлбетте, 
жеке бір жазушының ғана емес, өрелі, үлкен әдебиеттің де биік 
деңгейін танытса керек. 
“Сексен алтыншы жыл” романы жаңа жыл кешінен басталып, 
желтоқсанның соңғы күндерімен бітеді, бірақ бұл - әйгілі Желтоқсан 
оқиғалары туралы шығарма емес, сол Желтоқсанға жеткізген, одан 
бұрын Полигонға жем берген, одан да бұрын туған халқын социалистік 
құрылыс жолына құрбанға шалған, енді әбден күшейген, әдіс-айлаға 
жетік, қарақан бастың қамынан басқа ештеңе ойламайтын, бұл жолда 
ешбір қылмыстан тайынбайтын партиялық қайраткерлер туралы, ұлт 
зиялысы саналатын, ғұмыр бойы желдің ыңғайымен күн кешкен, 
адалдықтан ада, ұлттық мүддеге жат аға буын, өмірге құштар, өнерден 
мұрат тапқан, танымы кең, санасы зор жаңа толқын, намысы күшті, 
қайраты мол, саны көп, отаншыл жүректі жас ұрпақ – құрылыстың 
күйреу қарсаңы, отарлық езгінің шарықтау шегі, жаппай бетбұрыстың 
басы – 1980 жылдардың екінші жарымындағы қазақ қоғамы туралы 
туынды; романды түйіндеген соңғы тараулар – орыс отарлық жүйесі 
өзінің алдамшы сыртқы қабығын сыпырып тастап, қан шеңгелді 
жалмауыз кейпінде көрінген Желтоқсан оқиғасы – бар сауалдың 
шешімі болып табылады. 
Романды зорайтып тұрған, сөз жоқ, отарлық система аясында 
бақытты күн кешіп, үлкен мансапқа жеткен партиялық номенклатура 
өкілдері. Қаламгер біріне-бірі ұқсамайтын, жинақтап келгенде 
құрылым, коммунистік тәртіптің біртұтас кескін-кейпін, өзгеше сыр-
сипатын айғақтайтын тұтас бір галерея жасап шыққан. Республиканың 
иесі, елдің көсемі саналатын Бірінші, одан соңғы, әрқилы жағдайда 
көтерілген, енді, аумалы-төкпелі заманда әрқайсысы әртүрлі, өзіндік 
мінез, әрекетімен көрінген Әміров, Камалов, Әбенов, Айбаров, 
Сәрсенов, Меңдібеков... Бұлардың бәріне ортақ, бір мұрат бар, ол – 
мансапқор билік құмарлық, бәріне ортақ бір сыпат бар, ол – ұлттық 
сананың кемдігі, немесе мүлде жоқтығы; әйтпесе, бәрі де қабілетті 
кісілер, кейбірі айрықша дарынды, саясатқа шебер, парасаттан кенде 
емес. Бірақ бұл қандай саясат, қандай парасат – бар кілтипан сонда 
ғана. 
Осы орайда, ақылы кеміс демейік, топас мақұлық демейік, өзінше 
есебі түгел, отаршыл қожайынға не керегін қапысыз танитын екі 
кейіпкерді алдымен атайық: Камалов пен Меңдібеков. Жоғарының 
икеміне көнбіс, төменге қатал, зорлықшыл, ең бастысы – ар-ұяттан 
ада, кісілігі жоқ, түйсіксіз. 
Бір облыстың пілдей басшысы – Атқару комитетінің төрағасы 
Меңдібеков арғы, бергі биіктегілерді айтпағанда, өзінен сәл 


478 
жоғарырақ саналатын облыстық орыс хатшының ыңғайынан шыға 
алмайды, бағынышты, төмен ғана емес, қызметші құлы сияқты 
көрінеді, осы кісінің ыңғайымен, туған шешесіне топырақ салуға бара 
алмай қалады. Әлбетте, мұнысымен қожайынға жағады, бірақ құрмет 
емес, жиіркеніш қана туғызған, сондықтан да қазақтан көсем іріктеу 
кезеңінде қатарынан түгел озып, республиканың “екінші басшысы” 
дәрежесіне көтеріледі, - жергілікті халыққа қарсы ең былғаныш 
жұмысты түземдіктердің өз қолымен жасату – отаршылдық атаулының 
тарихында ежелден келе жатқан тәсіл. 
Ал, Камалов болса, бұған мүлде қарама-қайшы кейіптегі лакей: 
Меңдібеков сияқты исалмас емес, жұлқынып тұрған белсендінің нақ 
өзі. Емеурін білдірілсе болды – артығымен орындап береді. Ыждағат, 
екпіні сонша, қожайындары қарғыбаудан тартып, аз-маз тежеуге 
бейіл. Ісі сорақы болғандықтан, тым жоғарыға жібермей, белгілі бір 
кезең, мақсатқа ғана пайдаланбақ. Романның мезгілдік шегі ретінде 
алынған 86-жылы Мәскеуге дәл осындай ұр да жық қарақшы керек 
екен.
Қанша дегенмен де, Камалов – отаршылдық құрылыстың күйелі, 
ыстық қазанын ұстайтын тұтқыш, Меңдібеков – шашыраған нәжісін 
жуатын сүрткіш. Бар іс бұлармен бітпейді. Мәскеудің бір үлкен өкілі 
айтқандай, өндіріс, шаруашылық саласын басқаратын іскер адамдар 
керек. Осы орайда жергілікті жұрт ішінен өсіп шыққан дарынды 
басшылар да жоқ емес. Бекежан романында осы тұрпатты екі кейіпкер 
оқшауланып көрінеді: Әбенов және Айбаров. 
Әбенов – ауыл шаруашылық майданында ұйымдастырушылық 
қабілетімен көзге түсіп, бірте-бірте партиялық үлкен жетекшілік 
дәрежеге жеткен адам. Шешімтал, бірақ онысы әпербақандыққа 
ұласып кететіні бар. Ұлттық санадан махрұм емес, бірақ онысы ұсақ-
түйек, тұрмыстық деңгейде ғана, биік мұрат, түбегейлі көзқарас жоқ. 
Бірінші 
тарабынан 
ұлт 
мүддесіне 
қайшы 
трайбализмге 
өріс 
ашылғанына наразы, бірақ оны кадр таңдау мәселесіндегі зардабы 
тұрғысынан ғана айыптайды. 
Әбеновпен қатар шыққан, билікке өндіріс саласынан келген 
Айбаров партократ ретінде тереңірек әрі байыптырақ көрінеді. 
Іскерлігі өз алдына, үлкен саясатқа да, кішкентай интригаға да жетік. 
Ұйымдастырғыштық қабілеті тек өзіне жүктелген саламен ғана 
шектелмейді, басқарып отырған мекемесін биліктегі тірек, күрестегі 
тұрғы ретінде қалыптастырған. Табанды, қатал. Кейде аңқау, кең 
көрінетіні бар. Ақылды, айбарлы. Бірақ бұл кісі де ұлттық мұраттан 
махрұм, мұның да асқаралы арманы – жоғарғы билік. 
Романның соңын ала жарқырап көрінген тағы бір сыпаты, бәлкім, 
ең басты сыпаты - өзінің атақ-мансабы жолында кімді болмасын орға 
жыға алатын, туған халқын да сатып жіберетін, жай ғана сатумен 


479 
шектелмей, оны қуғындаушы дүлей күшке айнала алатын өлермен 
опасыздығы. Өмірдің өзіндегідей, нақты, жанды кейіпте бедерленген 
тірі тұлғаның ақырғы былығы – жол басындағы шылығымен жалғас, 
заманалық кейіпкердің нанымды, біртұтас бейнесін мүсіндейді. Әлем 
әдебиетінде жазылмаған жайт, бейнеленбеген мінез, әрекет жоқ. Бірақ 
Бекжанның Әміровы біздің әдебиетте ғана жарыққа жол тапқан, тың 
тұрпатты персонаж сияқты болып көрінеді. Отарлық қыспақ 
жағдайындағы халықтың тағдыр-талайына қатысты кеп қашанда жан 
ауыртар жаралы, ал сол халықтың өз ішінен шыққан, қандастарын 
сатқан кісі – айрықша жексұрын көрінбек... 
Бекежан романында Желтоқсан оқиғасы өзінің барлық ащы 
шындығымен, трагедиялық сыпатымен жан-жақты әрі терең, байыпты 
көркем шежіреге түседі. Ашынған жастар, аждаһаның аранына 
ұмтылған көзсіз ерлік, империялық күштердің ұлттық, нәсілдік 
өшпенділігі, соған орай жан түршігерлік қаталдығы, осы алас-күлес, 
қанды оқиғаның арғы және бергі жағында жүрген әрқилы кісілер 
ыстық жүрек, салқын ой, сабырлы қаламмен тірі тарих ретінде 
өрнектелген. Романның шешімі ауыр, қайғылы: тепкіге түскен, таяққа
жығылған мыңдаған, жазаға тартылған, сотқа ілінген жүздеген адам өз 
алдына, қаншама кісі қаза тапқан, соның ішінде біздің басты 
кейіпкерлеріміз – Айдын мен Нәзік бар. 
Романдағы ең негізгі қос арқаудың бірі – осы Нәзік пен Айдынның 
махаббаты еді. Қыз Жібек пен Төлегеннің (кинодағы емес, эпостағы) 
махаббаты. Пәк, таза. Әсерлі, әдемі. Сырлы, мұңды. Ақыр түбінде
зарлы, қайғылы. Б.Тілегеновтың қаламгерлік мәдениеті мен талдау 
шеберлігі айқын көрінетін өзгеше хикая. 
Сергелдең 
З.Сәнікұлы 
Зейнолла Сәнікұлы 1935 жылы ҚХР, СУАР, Тарбағатай аймағы, 
Шағантоғай ауданында дүниеге келген. 1954 жылдан бастап қоғамдық 
қызметке қатынасып, ілгерінді-кейінді “Шін Жаң жастар-өрендер 
баспасы”, “Шін Жаң халық баспасында” редакциялық жұмыстармен 
айналысқан. 
Автор 40 жылдық редакциялық өмірінде қыруар кітаптарды 
ұйымдастырып, редакциялаған. Көптеген кітаптары мемлекеттік, батыс 
солтүстік, өлкелік, облыстық деңгейдегі сыйлықтарға ие болды. 
Зейнолла Сәнікұлы 1983-ші жылы “Өлкелік озат балалар қызметкері”, 
1990 жылы “Өлкелік таңдаулы қызметкер” қатарлы атақтар алып, 
марапатталды. Оның 1955 жылдан басталған жасампаздық еңбектері 


480 
өз алдына бір төбе. Қазірге дейін 2 роман, 3 повест, 50-ден артық 
очерк, сәнуын (шағын әңгіме), әңгіме, зерттеу мақалалары мен әдеби 
аудармалары және “Қазақ халық ертегілері”, “Қазақ балалар 
ертегілері”, “Қабанбай батыр”, “Мұралар нені айтады”, “Қазақтың 
тұрмыс-салт білімдері” т.б. фольклорлық-этнографиялық еңбектері 
жарық көрді. Алдағы күндерде алла қаласа автордың “Көкше әулие”, 
“Кетбұға жырау” атты повестері мен “Хан Абылай, Қабанбай” сынды 
романы және “Басбай” романының 2-ші бөлімі, сондай-ақ “Атаның 
алтын іздері” атты ғылыми зерттеулер жинағы баспа беттерінде жарық 
көрмек. 
Зейнолла Сәнікұлы қазір қытай жазушылар қоғамы, қытай 
фольклоршылар қоғамы қатарлы көптеген ғылыми қоғамдардың 
мүшесі болып, ел аузынан немесе шаңбасқан архиптерді ақтара жүріп, 
туған елі үшін ерлене еңбек етуде. 
“Сергелдең” тарихи роман. 1999 жылы “Шін Жаң жастар-өрендер 
баспасында” (Үрімжіде) бірінші рет басылған. 
Кейіпкерлері: Бәшке, Төлебай, Әлкембай, Бор батыр, Әділбек 
батыр, Отыншы би. Қоңыз батыр, Нарынбай, Жұмақан, Сиыршы 
(Мошқа), Ақжарқын, Қырбек, Тайтеке, Бәкей, Бауырсақ, Кенжебай 
сары, Әбдікерім (ұйғыр байы), Жангөдай (қытай байы), Ма Иүнчи 
(дүңген аспаз), Құсыман, Бейсен, Асқарбек, Сәлім (өзбек саудагер), 
Зұһырә (Сәлімнің тоқалы), Шақабай Тары тәйжі, Нұрбике, Қадырбай, 
Көкше әулие, Есейбұқа, Кештік кемпір, Мамырбек төре, Қолқа (моңғол 
үкірдай), Қасиет, Кенже сары, құмалақшы Құмар, Тұқыш (Тары 
тәйжінің әкесі), Қотырақ, Жәнібек батыр, Дәлібай, Көбен, Балықбай, 
Қайысбай, Бақат, Бодыған, Бұтабай би, Жәке би, Ләтимә (Жәке бидің 
бәйбішесі), Лақ би, Жарқай, Ожырай шешен, ақын Жанұзақ, күйші 
Қайрақбай, Жақия молла, Арғынбек ақын, Жанайдар, Күнту, Шүрте 
болыс, Туматай, Едіге (Қабанбай батырдың баласы), Қортық қара, Ма 
Жіңхай (дүңген жігіт), Қамза, Досжан би, Арпабай ақын, Маусипа, 
Әлен уаң, Шәріпқан.
“Сергелдең” романы бас кейіпкерлері Бәшке, Төлебай және 
Әлкембайлар арысын айтсақ үш жүзге ұран болған әйгілі Қабанбай 
батырдың, берісін айтсақ орта жүзді аузына қаратқан Отыншы би мен 
Әділбек батырдың ұрпақтары. Иесі болған көне көз қормалдары кетіп, 
тістегеннің тісіне, ұстағанның қатыгез уысына түсіп, туған ауылынан 
тепершік көріп өз жерінен қуған аңдай босып, бойын алшақтатуға 
мәжбүр болған үшеудің сергелдең тауқыметін тілге тиек етеді. Аумалы-
төкпелі заманда іргелі елдің ырысы шайқалып, берекесі бұзылады. Бас 
қалқасынан айырылған олар қырғидан қорғаланған шылдай панасын 
іздеген. Бұл 1870 жылдардан бастау алатын ұзын арқаулы әңгіме. 
Момын Бәшкенің қулауыт жамағайыны Қырбек оның аңқаулығын 
пайдаланып, көз бояп жалғаннан мал қосқан болады. Ертесі 


481 
“қоспағын” алмақ болып барып, бейкүнә қойшыға жала жауып, 
айыпкер етеді де жемқор Жұмақан зәңгіге билік айтқызады. Алдын ала 
әтейлеп 
құрылған 
осы 
қақпан 
қолғанатқа 
жарымай 
жүрген 
Жұмақанның бүйеніне қулық кіріп, көптен көкейін тескен Бәшкені 
дауға жығып екі баласын өзіне тегіннен-тегін құлақкесті құл ету үшін 
құрылған болатын. Сиыршының үш ұлы бұл шырғадан қашпауға 
шарасыз еді, Нарынбай мен Ақжарқын жол азықтарын дайындап, 
шығарып салады. Олар Тайтеке, Бәкей қашқан деген жерлерге 
уақыттық мекендейді, түп мақсаттары алысқа ұзатылған түбі бір туысы 
Нұрбикені іздеу. 
Мошқа (жасында сиыр баққандықтан жеңгелері оны Сиыршы деп 
атап кеткен) да қаракөктің тұқымы болып артында бақадай шулаған 
қабырғалы халқы бар, солардың ішінде ақ дегені алғыс, қара дегені 
қарғыс не бір мүйізі қарағайдай атқа мінерлері айбарынан ай 
жасырынып әлі де солқылдатып тұрған. Жұмақанның жолсыздығы сол 
жуан 
ауылдардың 
игі-жақсыларының 
құлағына 
шалынып, 
тумаларының қорланғанына намыстары қарылып, аттандап атқа 
қонған. Өзінің байқамай шоқ басып, тығырыққа тірелгенін аңғарған 
зәңгі тігерге тұяқ қалдырмай, қашқындарға құрық салдырып, айналаны 
арылтса да дерегін таба алмай мысы құриды.
Бәшкелер мың бір қиындықпен жолшыбай бір иен қыстауды 
паналап, табандарын суытады. Осы кезде Әлкембайды жылан шағады, 
оның утын сорып тазаламақ болып Төлебай да заһарланады. Бәшке 
мұқтаждық өмір үйреткен тәжірибесімен оларды емдеп сауықтырады. 
Ендігі күн көрістерінің қамын ойлаған жетім жолаушылар жолындағы 
ауылдардың қара жұмысына жегіліп талқандығын таба жүреді. Бірде 
Әбдікәрімге жалға тұрып, онан Жангөдайға ауысады. Сөйтіп, ұйғыр, 
қытай тілдерін игере бастайды. Бірақ бас бостандықтарынан мүлдем 
айырылатын болғандықтан, бұл жерлерінен де табандарын тайдыруға 
тура келді. Аш ішектей созылған ұзақ жүріске шыдамаған Бәшке 
сырқаттанады, кенезесі түтеп жатқан оған су іздеуге шыққан Төлебай 
мен Әлкембай несібе таппай сүлкіндері түсіп құр қол келе жатқанда, 
күре жолда машинаға май құйып тұрған солдаттарға суық қолдық 
істейміз деп тұтқынға түседі. Сәтіне салғанда кейін бұғаудан қашып 
шығып, қала жағалап тірлік кешіреді. Бірде жол жағасындағы Ма 
Иұнчидың дәмханасына даяшылыққа алынады, қолайларына жағып 
осында бірер жылдарын да өткереді. Ал енді айдалада ауырып қалған 
Бәкешке келсек, үміті қиылып, қаңырығы қаңсып жатқан жерінде 
құдай Құсыман байдың Бейсен деген қойшысына кезіктіріп көз ашады. 
Онымен көп күн отасып, ақыры Асқарбек қарттың қолын ұзартуға 
барады. Оған ішіне ұйған уайымын айтады, кісілігі мол қария аяғы 
жеткен 
жерлерге 
жариялай 
жүріп, 
жалшысының 
жоғалған 
балаларының жіп ұшын табады. Қуанышты хабарды естіген қамкөңіл 


482 
Бәкең аялдауға тақат қылмай, ақсақалдың ақ батасын алып, аяғына 
мінеді. “Жоқты сұрау табады” дегендей, сұрай жүріп балаларын тауып, 
сартап сағыныштарын басысады. Ошақтың үш бұтындай үш мұңлық 
бір-бірімен мәңгі айырылмастай болып қауышып, мауықтарынан бір 
шығады-ау! Ес жиып тыныққаннан кейін, ежелгі беталыстарын бетке 
алып, үйреншікті сапарларына қайта шығады. Базар төңіректей келе 
Сәлімге жолығып жұмысқа тұрады, құлан сирақ қу саудагер бұларға 
шырға құрады. Зұһыра ханым ұрымтал жерлерге тиын-тебендер 
тастап, ала жіп аттамайтын адалдығын сынайды. Атпал азаматтардың 
қолдарының кіршіксіздігіне көзі жеткен Сәлім Төлебайды қырдағы 
саудаға шығарып, Әлкембайды отбасындағы күнделікті күйбеңге 
қолғабысқа қалдырады. Тар қапаста тотыдай ширыққан, оның үстіне, 
шар тартқан шалының төсек рахатынан тойымын таба алмаған сұлу 
тоқалдың жүрегіне шайтан кіріп, жолбарыс жонды жас жігітке енді 
нәпсі құрығын тастайды. Құймыр келіншек құйқылжи жүріп, оның 
азаматтық атына шоқ тастап, назды күлкісімен ашық кеудесін көрсете, 
көңіліне қара бас құрт түсіріп, тұмса сезімді ақыры идіреді. Тәтті 
ләззәттің сеңгір теңізіне батқан екеудің бір-біріне деген мейірі мол 
ынтығы көпке дейін басылмайды. Сезікті қимылдары күлкендес сары 
қарын бәйбішенің қызғанышын қоздырып, өсек өртін өршітеді. Қызыл 
көз бәйбіше ауылдың әпербақан содырларын айтақтап, Әлкембайды 
өлімші етіп сойылға жықтырады. Бағына қарай, су ішерлігі болып, 
төрткіл дүниені тінтіп табалмаған апайы Нұрбикеге жолығып жаны 
аман қалады. Қапсағай денелі, алпысты алқымдаған сәуегей ойлы 
Нұрекең әуелі оны жалбызға орап, жер бұлауға салады, онан семіз 
еркек қойды бітеудей сойғызып, теріге орап жарақатынан тез 
сауықтырады. Болған оқиғаны Төлебайға және өзі келін боп түскен 
жердің білікті адамдарына хабарлайды. Күнәсін мойындап Сәлім де 
келеді, бірақ, адуын, өр көңілді Нұрбике саудагердің сағын сындырып 
үйге ендірмей, даладан қайтарады. Терісіне симаған Сәлім көне кегіне 
жаңа кек қосып, бір бармаған ішіне бүгіп, тісін қайрап қайтады. 
Абзал ана айналасына ат шаптырып, ой мен қырдағыларды 
жинап, өзін іздеп келген үш бауырына дүбірлетіп той жасайды. Алыс-
жуықтан тілеуге келе жатқандар ат үсті қызу әңгімеде болады: Жәйір 
елінде Кештік деген керемет кемпір болған – деп бастайды қара 
мұртты азамат – Мамырбек төренің бір әйелінің соңынан өсек еріп, сол 
қауесетке сенген төре қатынына қыржиып, оның үйіне ат ізін салмай 
қойса керек. Бір күні Кештік кемпір келеді де төреге түспей, әйелінің 
үйіне бара жатып, іргеден із шолғандай болады. Не іздедің деген 
төреге із шолып жүрмін десе керек, сонда төре: қара жер, күн жылыда 
шалып жүрген ізің не? Деп сұрағанда, Кештік: тақсыр, төре-ай! Кейде 
жаза басып, жаңылатыныңды білмейсің ғой, қара жермен қатынға із 
түскенді қашаннан көріп-біліп едің. Мына керейдің төресі кетік кебіске 


483 
өкпелі екен дегіз бе еліңе! – деп сөзден тосып, төрені әйелінің үйіне 
кіргізген екен. 
Бірде сол Мамырбек төренің үйіне қалың қалмақ мықтылары бас 
қосып, қонақ бола отырып көп құдайымыз бар деп көпірсе керек. 
Сонда Кештік: ой, төре! Мыналар қалың құдайын қаптатып, біздің 
жалғыз құдайымызды жазым қып жүрмесін десе; тағы бірде, 
моңғолдың үкірдайы Қолқа жер дауымен Мамырбек ауылындағы 
төселге келіп, аралықта Кештікке амандаса барыпты. Амандық-саулық 
сұрасқаннан кейін, Кештік: сенше жер дауы мен жесір дауын бітіруге 
бола ма? деп сұрапты. Моңғол үкірдай: жақсылап кеңесіп, біріміздің 
айтқанымызға біріміз тоқтасақ бітеді ғой, неге бітпесін? Дегенде, 
Кештік кемпір: е, үкірдай-ай! Ол дау біздің астымыз бітелген күні бітер, 
онан бұрын бітеді деу әбестік болар – депті... Осылай Кештіктің 
құлағын шуылдатып, ат үсті әулие боп келе жатқан қалың жұрт тойлы 
ауылға да жетеді. 
Бұл Бәшкеге отау көтерген қуанышты күн болатын. Қыз қуар, лақ 
тарту, теңге ілу, арысқа түсу сынды алуан түрлі ойындар ойналып, 
айта жүрерліктей көңілді думан болады. Той өтіп абыр-сабыр басылған 
соң, Шақабай Тары тәйжінің шақыруымен Нұрбике бастап, жаңа отау 
қостап Төлебай, Әлкембайлармен бірге жолға шығады. Кезінде 
Тарының жүз тоғанақ түйесін Жамбылдың шеріктері заңсыз 
тоқтатқанда, Төлебай: мен тәйжінің баласымын деп барған. Үскінді 
жігіт ұлық алдында ұтқырлығымен ұтып, түйелерді саудасымен 
босаттырып алған әрі Тарының керуенін шаужайға қағуға болмайды 
деген қызы таңбалы қағаз да алып берген. Осы жүйрік хабар біреуден 
біреуге жеткенде өңделіп, әркім өзінше ажар қосып әрлендіріп, бүкіл 
елді аралап кеткен. Тарының тұяғымыз дегенге тәйжі де тарықпай, кең 
қолтық көрсетіп, әкелік қамқорлығына алмақ болған. Сол себепті бәрі 
осылай атқа қонған. Қаңтару бермеген қырсық тағы етектен тартады, 
сәнді керуен жол ортаға келгенде, арттарынан Кенже сары келіп 
Нұрбике 
шешесіне 
екі 
айғыр 
үйірдің 
ұрланғанын 
айтады. 
Барымташылардың ізін суытпай іздеу үшін Нұкең баласымен Төлебай 
үшеуі кері қайтады, Бәшкелер жолда байырқалайды. Олар кеткен соң 
Әлкембай да жалғыз қуғыншылыққа шығады, ол бұл сұмдықтың 
Сәлімнен келгендігін іші сезіп, қаладағы көңілдесі Зұһырәға тартады. 
Көптен көріспей ынтығы артқан қос жүрек қайта қосылып, түнімен 
мауықтарын басады. Таң ата ашнасының айтуымен, Әлкембай 
ұрылардың соңына түседі, ақыры қолды жылқыларды тауып, үйірімен 
аман-есен ауылға әкеледі. 
Нұрбике көші кәрі тәйжінің ауылына келгенде кең даланың төсіне 
жапырлай тігілген ақ боз үйлермен алдағы ұлы қуанышқа құлшына 
кіріскен қалың қауымның қауырт қимылына куә болады. Бұларды жұрт 
болып қоғадай жапырылып қарсы алады, аты шыққан жігіттерге алыс-


484 
жақыннан келген сорпа бетіне шығарлар мен ел басылары топ-
тобымен шұрқырай келіп, тоқтаусыз амандасады. Нұр үстіне нұр 
құйылып қормал тәйжі жілікті жерлермен құдаласып, қос ұлына сүйек 
тістетеді әрі еншілерін бөліп береді. Көп ұзамай Еренқабырға елінің 
билік тізгінін Төлебайға ұстатады. Осылай Тары тәйжіге құт қонып, 
төңірегі толыса береді. 
“Меркіттің құлашегірі” атанған Жәке би найманның аузына 
қараған Бұтабайын қонаққа шақырады, қонақсерік болуға ел ақсақалы 
ретінде Тары тәйжі мен “Қазыбектің қара шоқысы” атанған Лақ биді 
қоса шақырады. Алыста жүрсе кісінесіп, жақындай қалса тістесіп жүрсе 
де Лақ пен Жәке би бірін-бірі жеңдім демей, өзара құрметтесіп өткен 
екен. Қазыбектің “Лағын” ала алмадыңыз қой-деп үгістірген ара 
ағайынға Жәке би: Лақ тек Қазыбектің ғана емес, мұқым керейдің қара 
шоқысы, ол шоқы сонау орта жүздің от тілді, орақ ауызды билері 
шыққан шоқымен тең. Артық-кемді Лақтай безбендейтін адам кемде-
кем, ол “Лақ” емес, біздің серкешіміз қой десе; ал Лақ би: Жәке 
қырдың қызыл ебісі қой, ол мысасына мініп шыңдап соққанда 
жолындағы 
кедір-бұдырды 
қидай 
сыпырып, 
шыға 
алмайтын 
шұғанақтан бір-ақ шығады емес пе? Бейсауат шүйлікпейтін, шүйілген 
жерінен алмай тынбайтын сахараның сары шегірі, нағыз қыран қой ол 
– деп егер қылғандардың еңсесін басады. Бір-бірімен айқаса жүріп 
құшақтасқан, алыса жүріп танысқан азулы екі биді кейін ел “Алыссаң 
Жәке мен Лайқтай алыс, таныссаң Жәке мен Лақтай таныс” – деп 
мәтелдеп кеткен екен. 
Жұрт ортасында Жәке биге “Найманшыл”, “Қалмақшыл”, 
“Ұлықшыл” – дескен өкпе болыпты, сонысын сұрағанда Лақ би: 
Жәкенің 
“найманшыл” 
болуы 
дау 
көбеймесін 
дегені 
шығар, 
“қалмақшыл” болуы жау көбеймесін дегені шығар, ал “ұлықшыл” 
болуы заманына қарай бөрік кигені шығар, бұған бола Жәкеге мін 
тақпаңдар! – деп ақыл айтса керек. 
Жәке бидің он екі қабат ақ ордасы адамға лық толы, төрдің қақ 
ортасына Бұтабай болыс орналасқан, Жәке би сөз бастап жиналыстың 
жәйін айтады. Әр би өз төңірегіне белді шешен, ақын, күйші, балуан, 
моллаларын топтай келген, олар өнерлерімен тойдың айбынын 
асырады. Алдымен ауыл күйшісі ауылдың алты ауызы ретінде 
Бейсембінің күй құдыретімен қорасына түскен ұрыны дуалап қолды 
қылғанынан бастап, “Жібек жирен”, “Майда жал”, “Сары өзен”, 
“Күңірену” қатарлы күйлерді шежіресімен қоса шертіп, отырғандарды 
ой омбысына батырады. Ендігі кезек Арғынбек ақынға тиеді, ол ата-
бабаларының ерлігін айбаттап, халықтың басынан кешірген қиын-
қыстау 
күндерін 
күңірене 
отырып 
көсіле 
тілге 
тиек 
етеді. 
Айналасындағылардың арғы-бергі тарихын тереңнен толғап, халқы 
үшін 
қаймықпай 
күрескен 
қайсар 
қасиеттерін 
қадап 
айтып, 


485 
естушілердің еңсесін көтеріп, жігерін жанып, арыстардың алқауына 
бөленіп, алғыстарын алады. Астына ат, үстіне шапан жабылады. 
Сөйтіп, Жәке бидің қонағасынан көп жұрт көңілді қайтысады. Риза 
болған жүргіншілер жолшыбай артта қалған Жәке бидің кеуделі 
сөздерін айтып, көңілдерін көтерісіп келеді: бірде алқа-қотан қысыр 
кеңес үстінде әлде кімдер “қандай әйел жақсы әйел?” деп сұрағанда 
Жәке би: астында тесігі, алдында бесігі бар әйел жақсы әйел!” – депті; 
“Қандай жігіт жақсы жігіт?” деп тағы сұрағанда Жәкең: “қызыл 
кеңірдегі мен қызыл тасағына ие болған жігіт жақсы жігіт!” – десіп 
жүргіншілер қыран жапқандай күлісіп барады... 
Сергелдең күндерін келмеске кетірген Төлебай үш жүз түйелік 
сауда тоғанағын бастап тағы да алысқа аттанады. Олар Боғда 
бауырынан 
шығып, 
Жоңғар 
ойпатынан 
өтіп, 
Тарбағатайдың 
теріскейіндегі Шаған оба жолы арқылы, Семейге барады. Осынау ұзақ 
сапарда Төлебай қиялға ерік беріп, қарт тарихтың қатпарына сүңгуді 
ғадетіне айналдырған. Бір кездерде мұқым Азия төсін ат тұяғымен 
дүбірлеткен жауынгер Сақ елі өздерінің ат басын шығыста қытайдың 
Чаң Ан шаһарынан бастап, батыста ежелгі гректердің Афина шаһарына 
дейін тіреп жүрген. Сақ-Үйсін дәуірінен бастап халқымыздың 
қытайлармен болған “Ат-жібек” саудасы біздің заманымыздың Х-шы 
ғасырының 
аяғына 
дейін 
жалғасқан. 
ХІ-ХІІ-ші 
ғасырларда 
Шыңғысханның шапқыншылығынан үзілген, ХҮ-ХҮІ-шы ғасырларда 
жалғасқанымен, ХҮІІ-ші ғасырларда тағы тоқтаған. Кейін Абылай 
тұсында жібек жол және жалғасын табады, қытайлар тартыс, мініс, егіс 
көліктерін қазақтардан көптеп алатын болған. Сол тұстарда тоғанақ 
тартып жүргендердің қатарында айбалталы адуын азаматтар, әнші, 
күйші, аңшы, ізші, бақсы, әңгімешілері бірге жүреді екен. Олар өз 
сапарларын дыр-думен өткізіп, бақсы-бәлгерлер арқылы алды-артын 
болжап отыратын болыпты. Тоғанақ еру болып, жолшыбай түнегенде 
тыныш жатпаған. Кей күндері аң аулап азық-түлік дайындаса, кейде 
балуан түсіріп, өзара күш сынасса; Кей түндерде әңгіме-ертек айтса, 
кейде һиса айтып, өлең-жыр думанын жасайды екен. Сол салтты 
Төлебай да сақтап, кең даланың шалқар төсіне қонған керуенімен әр 
түрлі әзіл-қалжың, айтыс өлеңдерін айтысып, көңілдерін көтерген. 
Осылай ел кезіп, жер шолып жүріп Төлебай да шар тартып тоғанақтан 
тоқтаған. Бұл барыста өмір тәжірибесі де молайып, билігі биіктеп 
“Төлебай ұяң” аталады. Бірде Төкеңнің ауылында түсел болып, әр 
рудың сорпа бетіне шығар біліктілерінің басы қосылады. Бұрынғы сар 
мойын билерден ешкім жоқ болса да соларды көре қалғандар немесе 
үзеңгілес жүріп, тізерлесіп отырғандар ғана ортаны толтырған. Әуелі 
аруақтарға арналып құран оқылып, бата жасалады. Көпшіліктің назары 
Әлен уаңда болып, ол сонау алыс тарихтардан сөз қозғап, төрелердің 
келу барысын, төрелердің қызыл тулы, көк тулы аталуын айтып ұзақ 


486 
сөйлейді. Кеңесте көп істің басы қайырылып, қатарынан бірнеше күн 
жалғасып барып ақырласады. Төлебайдың талабымен Әлен төре және 
Жақия, Қасай қажы бастатқан топ ауылда еру болып, біраз аялдайды. 
Олар ауыл-ауылды аралап, әңгіме-кеңес құрып, өткен-кеткендерді 
тағы бір рет төңкеріп, ішкернеулерін басысады. Кетерінде Әлен уаң 
өзінің мосқал тартқандығын, ендігі үміт жастарда екенін, ал өз 
тұқымынан билік тізгінін Шәріпқанға беретіндігін айтса: Төлебай да 
егделегенін, артынан алдының таяғанын тілге тиек етіп, елдің екі 
тізгін, бір шылбырын бітірімді, жінтікті жігіт Құсайынға ұстатып өз 
тұғырына қоятындығын қоңыраулатады. Олар үміт артқан жас 
тұлғалар кейін елі үшін еселі үлестерін қосып, тарих беттерінде 
есімдері қалады. Осылай да осылай “Сергелдең” романы өткен 
ғасырлардың шаң басқан қоймаларын қопарып, оқырман зердесіне 
көненің көзінен түйірдей болса да түйіндер тастап, кеудесі дана кең 
қолтық қазақтың қалтқысыз қасиетін көрсетіп, көсегесін көгертіп, 
арқалаған жүгін арқасынан алады. 
Сұлтанмахмұт 
Д.Әбілев 
Қазақстан Республикасының халық жазушысы, көрнекті ақын 
Дихан Әбілевтің “Сұлтанмахмұт” роман-трилогиясы ХХ ғасырдың 
басындағы қазақтың демократ ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 
өмірі мен шығармашылығына арналған. Роман трилогияға талдау 
жасамас бұрын автордың өмірбаянын қысқаша шолып өткеніміз жөн. 
Жазушы Дихан Әбілев 1907 жылы 26 желтоқсан күні, қазіргі 
Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, С.Торайғыров атындағы 
кеңшардың Мойылды қыстағында дүниеге келген. 1925-27 жылдары 
Семейдің ауылшаруашылық техникумында оқып, оны тамамдағаннан 
кейін 1928-31 жылдар аралығында Баянауылдың Шідерті болыстық 
атқару комитетінің хатшысы қызметін атқарып, қоғамдық жұмыстарға 
араласқан. Одан кейін мектепте мұғалім, мектеп-интернат директоры 
болып, ұстаздық қызметке ауысқан. 1931-32 жылдары Баянауыл 
аудандық “Ленин туы” газетінде, журналист, редактордың орынбасары 
болған. 1937 жылы Қазақ Коммунистік Журналистер институтын 
бітірген. 
1937-39 
жылдары 
Қазақстан 
Жазушылар 
Одағы 
басқармасында әуелі хатшы, одан соң Төраға қызметін атқарған. 1939-
41 жылдары Абай атындағы Алматы мемлекеттік педагогикалық 
институтында аспирантура оқып, осында жүргенде соғысқа аттанады. 
Соғыстан кейін Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасының бас 
редакторы, Қазақстан Жазушылар Одағының Басқармасында көркем 


487 
әдебиетті насихаттау бюросының директоры, Жазушылар Одағында 
поэзия секциясының кеңесшісі болып қызмет істеген.
Дихан Әбілевтің “Қызыл әскерге” атты (алғашқы өлеңі) 1926 
жылы “Қазақ тілі” газетінде, тұңғыш әңгімесі “Сырлы шкафтың сыры” 
1928 жылы “Әдебиет майданы” журналында басылды. Содан бергі 
жылдарда поэзиясы бар, прозасы бар 30-дан астам кітабы жарық 
көрді. Олардың ішінде қазақ әдебиетінде ерекше орын алатын 
“Сұлтанмахмұт” роман-трилогиясы, “Ой толғауы” естелік-әңгімелері, 
“Алтай жүрегі” атты өлеңмен жазылған романы, “Дала солдаты” атты 
өлеңмен жазылған повесі сияқты шығармаларының маңызы зор.
“Сұлтанмахмұт” роман-трилогиясы “Ақын арманы”, “Арман 
жолында”, “Баянауыл баурайында” атты үш кітаптан тұрады. Бірінші 
кітап “Ақын арманы” төрт бөлімнен құралған. Оның қысқаша мазмұны 
мынадай: Бала Махмұт Баян қаласында Рахметолла қазіреттің қолында 
медреседе оқып жүреді. Осында жүріп Рахметолла қазірет сияқты 
дүмше діндарлардың тірлігін, олардың нашарларға жасаған қиянат, 
зорлық-зомбылығын көріп діни оқудан бас тартады. Осы қиянат, 
зорлықтардың барлығы шәкірт Махмұт жүрегінен өлең болып өріледі. 
Сұлтанмахмұт алғашқы өлеңдерін жаза бастайды. Қазіреттің жесір әрі 
қайырымды 
Қалампырдың 
жаназасын 
шығармай 
қоюы, 
қызы 
Сәлимашты атастырған жеріне бермей, Керекудің бай көпесіне ұзатуы 
Сұлтанмахмұтты одан сайын жирендіре түседі. Жоғарыда аталған 
жайлар мен өзімен бірге оқитын бай балаларының күншіл, пасық 
қылықтары Сұлтанмахмұт өлеңдерінің негізгі тақырыбына айналады. 
Сұлтанмахмұт ел ішіндегі Әбунүсіп болыс, Садақ би, Әлібек би, 
Рахметолла қазірет сияқты жуандардың елге істеген зорлық-
зомбылықтарын көріп өседі. Соның бірі Көкшағырдың жер аударылу 
оқиғасы. Айдаболдың Шонты руының бәйбішесі Мүсіркеп балалары 
Теміршот пен Омардың асын береді. Осы аста Әбунүсіп болыс пен 
Исқақбай жырау қақтығысып, болыс жырауды сабатады. Жырауды 
қорғамақ болған Мүсіркеп бәйбішенің жиені Көкшағырдың қамшысы 
болысқа тиеді. Кектенген болыс Көкшағырды итжеккенге айдатады. 
Айдалып бара жатқан Көкшағырға Сұлтанмахмұт үш ауыз өлең жазып 
қалтасына салып жібереді. Осы оқиғадан кейін Сұлтанмахмұт 
медіресені тастап үйіне қашып келеді. Оның себебінің бір ұшы 
Рахметолла қазіретінің Көкшағырды болысқа жығып беруі болса, екінші 
ұшы Сұлтанмахмұттың өлең жазуына тыйым салуы еді. 
Ауылына 
келіп 
Нұрғали 
атты 
оқытушымен 
танысқан 
Сұлтанмахмұт одан тарих, география, жаратылыстану пәнін оқып 
үйренеді. Нұрғали Сұлтанмахмұтқа орысша оқу керектігін айтады. 
Орыс оқуы Сұлтанмахмұттың арманына айналады. Нұрғали арқылы ол 
“Айқап”, “Дала уалаяты” газет-журналдарын оқиды. Оқи отырып 
арманы қанаттана түседі. 


488 
Сұлтанмахмұттың жас жүрегін жаралаған тағы бір оқиға оның 
сүйгені Гүлайманның Қаражан шалға ұзатылуы. Жазушы Гүлайманның 
әкесі Жарқынбай бай, Қаражан бай, Есдәулет сияқты бай баласы 
арқылы дүниеқұмарлық, даңғойлық, жағымпаздық сияқты қасиеттерді 
келемеждей отырып бейшара, пасық бейнелерді сомдай білген. 
Сонымен бірге көзі ашық, көкірегі ояу азаматтар бейнесі Аббас доктор, 
Шайбай, Нұрғали сияқты кейіпкерлер жүйесінде көрінеді. Өздері 
сауатсыз болса да балаларының білім алуын дұрыс көретін Мұхтар, 
Шерияздан, 
Сұлтанмахмұтқа 
ниеттес, 
тілектес 
ауыл 
жастары 
Кенжетай, Бағила, Жәдел, Шәймерден бейнелері де сәтті шыққан. 
Гүлайманнан айрылған Сұлтанмахмұт “Жарқынбай” атты дастан 
жазады. Осыдан соң ауыл-аймақ оның ақындығын мойындай бастайды. 
Алайда, дастан Сұлтанмахмұтқа ұнамай, жыртып тастайды. Осындай 
алай-түлей күйде жүрген Махмұт бір күні мойнындағы тұмарын өртеп 
жібереді.
Сұлтанмахмұттың 
болашағынан 
мол 
үміт 
күткен 
туған-
туысқандары қаржы жинап оны Троицкіге оқуға жібермек болады. 
Бірақ Жарқынбай, Рахметолла қазірет, Әбунүсіп болыс оның жолына 
көлденең тұрып жібермеу амалдарын жасайды. Махмұтқа тағылған 
кінә - оның тұмар өртеуі болады. Рахметолла мешітке жұма намазына 
жиналған жұрт алдында Сұлтанмахмұтты жазаламақ болады. Осы 
сәтте тарихи тұлғалар Мәшһүр Жүсіп, Жаяу Мұсалар арашаға түсіп 
Сұлтанмахмұттың оқуға аттануына жәрдем жасайды. 
Сұлтанмахмұт Троицкіге келіп Рахманқұли медіресесіне түседі. 
Мұнда дін сабақтарымен бірге, география, тарих, әсіресе Махмұтқа ең 
қажетті орыс тілі де оқытылады екен. Махмұт Якуп учительден 
медіреседен 
тыс 
дәріс 
алып 
тұрады. 
“Айқап” 
журналының 
редакциясына барып, Метжан Ералин, Арша Айдалин сияқты 
азаматтармен танысады. Гимназист Қасенмен табысып, дос болады. 
Медіресенің бір жылын бітірген Сұлтанмахмұт елге қайтпай, 
Қасен аулына барып бала оқытады. Осы елде жүріп Ахмет пен Қамар 
оқиғасына куә болып, Троицкіге келген соң “Қамар сұлу” романын 
жазады. Қасен ауылында “Ауырмай есімнен жазылғаным” атты әңгіме 
жазып “Айқапқа” жариялайды. Метжан Ералин мен Арша Айдалиннің 
көмегі арқылы өлең-жырларын, әңгіме, сын-мақалаларын “Айқаптың” 
әрбір нөмеріне жариялап отырады. Бірақ осында жүріп кеудесін суық 
тигізіп алады. Денсаулығына байланысты Сұлтанмахмұт елге қайтуға 
мәжбүр болады. 
Елге келген Махмұт Әбунүсіп болыстың тағы бір зорлығының 
куәсі болады. Әбунүсіп қырық үйлі Мамыт руының жерін зорлықпен 
тартып алып, қарсыласқан мамыт жігіттері мен ақсақалы Әбайділданы 
көгендеп тастайды. Бұл іске Сұлтанмахмұт араласып мамыттарды 
көгеннен босаттырады. Осы оқиғада Аббас доктор, Шерияздан, Рақым, 


489 
Шөкі, Әділ сияқты кейіпкерлердің азаматтығы көрінсе, Садақ, Әшім 
билердің, Пысығет, Ораз поштабай Нағыман сияқты жандайшаптардың 
бетпердесі ашыла түседі.
Сұлтанмахмұт бос қарап жатпай өз елінің балаларын, кешкілік 
үлкендерді оқытып сауатын ашуды қолға алады. Осы жолда ол “Шоң” 
серіктестігін құрады. Серіктестік мақсаты: жастарды оқыту, олардың 
білім қуу жолына жәрдемдесу, газет-журналдар жаздырып алу, мектеп 
салу, оқу құралдарын алу – түптеп келгенде қараңғылықтан елді 
құтқарып сауатын ашу болады. Серіктестік сауық кешін өткізіп, “Заман” 
атты газет шығарады. Бірақ, байлардың іштарлығы мен надандығы 
кесірін тигізген серіктік көп ұзамай жабылады. 
Сұлтанмахмұт Семейге келіп, оқуға қаражаты болмай, Зайсан 
жақта екі жыл бала оқытады. Қаржы жинап Том қаласына келіп 
гимназияға дайындайтын жеті айлық курсқа түседі. Осында жүріп 
революцияны қарсы алады. Трилогияның бірінші кітабы “Ақын арманы” 
осылай аяқталады. Бұл кітапта автор жоғарыда аталған оқиғалар 
арқылы ХХ ғасырдың басындағы қазақ даласының тарихи шындығын 
көрсетіп, 
әлеуметтік 
қарым-қатынастар 
негізінде 
Сұлтанмахмұт 
Торайғыровтың өсу-жолын сипаттап, демократ ақынның образын 
жасаған. Роман 1959-1964 жылдар аралығында жазылған. 1980 жылы 
“Жазушы” баспасында жарық көрген. 


490 
Т 
Тағдыр 
Қ.Жұмаділов 
Жазушы 
Қабдеш 
Жұмаділов 
1936 
жылы 
Қытай 
Халық 
Республикасы, Шыңжаң өлкесі, Шәуешек 
ауданы, Тарбағатай 
аймағының Малдыбай ауылында дүниеге келген. 1965 жылы қазіргі 
Әл-Фараби (бұрынғы С.М.Киров) атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық 
университетін бітірген. Алғашқы туындылары Шыңжан өлкесінен 
шығатын “Шыңжаң” газеті мен “Шұғыла” журналдарында жарияланған. 
1967 жылы “Жас дәурен” деген атпен тұңғыш өлеңдер жинағы жарық 
көреді. Мұнан кейін жазушы қаламынан әр жылдары туған “Қаздар 
қайтып барады”, “Сары жайлау”, “Шарайна”, “Сәйгүліктер” сияқты 
әңгіме және повестерінің жинақтары баспа бетін көрді.
Жазушы Қабдеш Жұмаділов өз көзімен көрген, өзі басынан 
өткерген тарихты арқау еткен “Соңғы көш” роман-дилогиясының 
авторы. Бұл романда қазақ халқының ХХ ғасырдағы тағдыр талайы 
шынайылықпен, шеберлікпен өрнектелген. Қаламгердің тарихи 
оқиғаларды және бүгінгі күн шындығын арқау еткен “Көкейкесті”, 
“Атамекен”, “Тағдыр” романдары қалың оқырманның сүйіспеншілігіне 
бөленді. Қазақ халқының даңқты тұлғасы, әйгілі батыр Қаракерей 
Қабанбай өмірін және батыр өмір сүрген кездегі аласапыран оқиғаны 
назарға алған “Дарабоз” роман-дилогиясы жазушының кейіпкер 
характерін жасаудағы өзіндік ерекшелігін танытқан туынды. Бұл 
романның бірінші кітабы 1994 жылы, екінші кітабы 1996 жылы жарық 
көрді. 1999 жылы “Таңғажайып дүние” атты ғұмырнамалық романы 
оқырман қолына тиді.
Қабдеш Жұмаділов ХІХ ғасырдың соңғы кезеңіндегі шекара 
бөлінісін 
арқау 
еткен 
“Тағдыр” 
романы 
үшін 
Қазақстан 
Республикасының Мемлекеттік сыйлығын иемденді.
Қ.Жұмаділовтің “Тағдыр” романы қазақ халқы басынан кешірген 
ауыр бір кезең – екі империяның алаштың ата қонысы болған сайын 
даланы екіге бөліп, шекара сызығын жүргізген кезеңін арқау еткен. 


491 
Романда алуан мінезді, алуан тағдырлы кейіпкерлер характері 
сомдалып, болмысы ашылады.
Патшалық Россия мен Цин империясы Шығыс Түркістан мен Орта 
Азиядағы иеліктерін айқындап, енші бөлісуді ХІХ ғасырдың 80-
жылдары ғана қолға алған болатын. Романдағы күллі оқиға осы айтулы 
тарихтың халық тағдырына қалай әсер еткенін бейнелеуге арналған. 
Тарбағатайдың 
күнгейін 
мекен 
еткен 
халық 
тағдыры, 
Цинь 
империясының аз халықтарға жүргізген саясаты шынайылықпен 
шығарманың өзегіне алынған. Романның басты қаһарманы – Демежан. 
Оқырман бұл кейіпкермен роман оқиғасының басында Шәуешек 
аймақтық губернатор – Ши-амбының қарауында тілмаш болып қызмет 
істеп жүрген кезінен танысады. Өзгелерге ұқсамайтын ерекше тағдыры 
бар Демежанның өмір жолы, тіршілік соқпағы, Шәуешек аймағының 
әміршісіне бағынатын мекендерде тіршілік кешкен қазақ руларымен 
тығыз байланыста көрсетіледі. Қала өмірінің өзіндік ерекшеліктері, 
дала тіршілігі, күнделікті өмірге еніп жатқан жаңалықтар нанымды 
суреттелген.
Роман оқиғасы төрт бөлімге топтастырылған. Соңында эпилог 
бар. 
“Жол торабы” деп аталатын бірінші бөлімде Шәуешек аймағы 
губернаторының тілмәші Демежанның халық тағдырын өз пайымымен 
бағамдаған сәттері, Төртуыл, Керей, Жұмық, Тоғас сияқты рулардың 
жаз жайлауды, қыс қыстауды мекен еткен тұрмыс-тіршіліктері, ішінара 
қайшылықтар, Тарбағатайдың күнгейі мен теріскейінің шекара бөлінісі 
сәтіндегі жағдайы сөз болады. Шыңжаң өлкесі мен орыс жерінің 
арасына ресми шекара сызығының жүргізілуі жерді меншіктеп, атам 
заманнан мекен еткен қазақ халқы үшін аса ауыр оқиға екені шығарма 
кейіпкерлерінің әрекеті, ашу-ызасы, шарасыз халдері арқылы көрінеді. 
Демежанның әкесі – Керімбай зәңгі (болыс дәрежесіндегі 
лауазым) кейіннен Цинь империясының билігіндегі Төртуыл руының 
үкірдайы (аға сұлтандық дәрежедегі лауазым) болады. Руына беделді, 
көпті көрген адам. Демежанның Ши амбы алдында артықша беделге 
ие болуының бірден бір себепкері – осы Керімбай. Романдағы қат-
қабат тартыс, қақтығыстар, әр түрлі мінез бен болмыстағы кейіпкерлер 
нанымды суреттелген.
Тарбағатай аймағын жайлаған халықтың жүрегін тілімдеп, жігерін 
жасытып, шекара сызығы жүргізіледі. Бұл айтулы оқиғаның басы-
қасында жүргендер Шыңжаң өлкесіндегі орыс консулы Балхашин, ұлты 
қытайлық мұғалім, Демежанның ұстазы Ли-шансың және Демежан 
бастаған топ. Шекара бөлінісі сәтіндегі қарапайым халықтың күйінген 
хәлі шығармадағы тартысты ширықтыра түскен. “Бұл күндері не істерін 
білмей, екі ұдай күйге түсіп, миы басына, басы тымағына сыймай, 
қиналып жүрген қазақ тіпті көп-ақ”, - деп суреттейді жазушы. 


492 
Ақшоқының бөктерін мекендеп, егін салумен айналысып келген 
Диханбай ауылының хәлі тіпті аянышты. Өз руластары болса алыста – 
Шар-Қызылсу бойында. Шекара сызығы дәл осы Диханбай жайлап 
отырған ауылдың үстімен жүрмек. Қысылған сәтте “Екі патшалыққа 
қоспай-ақ, қалдырып кетсеңдер қайтеді? Патшасыз қалдық деп 
өкпелемес едік”, - дегенді айтады. Автор мұндай ауыр сәтті “Ақтабан 
шұбырындыдан” кейінгі еріксіз босқындыққа ұшыраған бір кезең 
ретінде суреттейді. Осындай қиын-қыстау сәтте кездесіп қалатын 
қазақтың алауыздығынан туындайтын күлкілі жағдайлар да шығарма 
оқиғасын шынайыландыра түседі. Сондай оқиғаның бірі – Мәмбет 
руының екі адамы Тоқа мен Қойлыбай арасында болады. “Қойлыбайы 
жоқ жер болса болды, бейіштен кем көрмеймін”, - деп Тоқа таңдауды 
Қойлыбайға салса, “Тоқа арманда қалмасын, Тоқаның төбесін көрмей 
жүрсем болды”, - деп Қойлыбай қырсығады. Екеуінің ерегісе шекара 
сызығын жүргізіп келе жатқандардың жұмысына бөгет болады. Ақыры 
бұл іске шекара комиссиясы араласып, Ши амбы мен Балхашин 
екеуінің ауылына бөлініп түсіп, екеуін екі жаққа көшіріп әкетеді.
Жазушы тарихи мәліметтер мен деректерді қара дүрсін баяндау 
түрінде келтіріп қана қоймаған. Соның арғы жағында тұрған азапты 
халық тағдырын жан жүрегімен сезінген Демежандай азаматтың ішкі 
күйзелісін, 
қанатымен 
су 
себелеген 
қарлығаштай 
іс-әрекетін 
шеберлікпен өрнектейді. Өз-өзін кінәлап, шекара бөлінісіне қатысып 
жүргенін үйіне ұры түскенде, өзі қоса тонасқан Қожанасыр 
қылығындай сезінеді. Дәрменсіз халыққа жаны ашыған азаматтың елі 
үшін күйзелуі оның биік адамгершілік тұлғасын аша түседі. 
Шекара бөлініп, Еженхан иелігіндегі жер анықталған соң, 
Шәуешек билеушісі Ши-амбы қыр қазақтарының арасында ресми 
сайлау өткізеді. Шекара бөлінісі кезінде Шығыс Түркістанды 
мекендеген қазақтардың мың жарым түтіні Ресей қарауына көшсе, екі 
жарым мың түтіні Қытай жағына қоныс аударады. Жазушы осы бір 
тарихи оқиғаны тілге тиек еткенде, бүгінгі Тарбағатай аймағының, 
Құлыстай өңірінің өткен шежіресіне де назар салып, қажетті 
мәліметтерді орнымен пайдаланады. Тарбағатай аймағында қазақтың 
орта жүзіне кіретін екі үлкен ру бірлестігі бар. Оның бірі – Наймандар, 
екіншісі Керейлер. Аз ғана ауыл Уақ болса Керейлермен қанаттасып 
жүреді. Найманның үлкен үш тайпасы – Төртуыл және Байжігіттен 
тарайтын Жұмық пен Мәмбет ауылдары аймақ әміршісінің бұйрығымен 
бірнеше зәңгіге (болыстыққа) жіктеледі. Сонымен, барлығын жинақтай 
келгенде аймақ қазақтары төрт үкірдайға топтасады. Осы үкірдай 
сайлауы 
өткізіліп, 
әр 
рудың 
үкірдайы 
анықталады. 
Сайлау 
барысындағы аласапыран оқиғалар, тіпті қазақтың аңқаулығынан 
туындаған күлкілі жағдайлар роман оқиғасын қоюландыра түседі. 
Төртуылдың үкірдайы – Керімбай өз елінің ақылшысы, алысты болжап, 


493 
қиырдағыны шалатын сұңғыла жан болса, оның ұлы Демежан тек өз 
руластарының ғана емес, күллі қазақтың қамын жеген азаматтық 
биіктерден көрініп отырады. 
“Тағдыр талқысы” атты романның екінші бөлімінде Демежанды 
елден әкесі Керімбай үкірдайдың қасынан көреміз. Төртуылдың 
қадірменді ақсақалы Смайыл зәңгі және орыс консулы Балхашин 
қайтпас сапарға аттанған. Ел ішінің ұсақ-түйек дау-дамайы, қым-қиғаш 
қайшылығы үдей түспесе, толас таппаған. 
Демежан тек малмен ғана кәсіп қылу тым аз, кәсіптің басқа 
түрімен де шұғылданған жөн деп тауып, бейнетқор жұртпен бірлесіп, 
Боздақ даласына егін салады. Өзіне сол егіс басына таяу жерден қора-
жай салдырады. Алғашында бұл ісіне өзгелерді иландыра алмайды. 
Тіпті өз әкесі Керімбай да наразы. Дегенмен, алғанынан қайтпайтын 
бірбеткей ұл өз дегеніне жетеді. Бұрын қазақта жоқ үрдісті бастап, 
зәйімке салдырады. Маңына жарлы-жақы байларды, зәбір көрген 
қарапайым адамдарды жинайды. Қыр еліне түскен алым-салықтың 
ауыртпалығы халықты қатты күйзелткенде осы Демежан ара түседі. 
Жергілікті 
мәнжу, 
сібе-солаң, 
қалмақ 
жұртына 
алым-салық 
жиналмайды. 
Бар 
ауыртпалық 
қазақтарға 
түседі. 
Бұл 
жайт 
қазақтардың наразылығын туғызады, алым-салық жинаушылармен 
арада араздық туады. Халықтың жағдайын жанымен сезінген Демежан 
Ши-амбының алдына барып, салықтың шектен тыс ауыр екенін 
айтады. Ақыры, Ши амбыны өз сөзіне иландырып, “Сары ноқта”, “Қара 
шығын” салықтарын алдырып тастайды. “Қан божы” деп аталатын 
салықты ғана күшінде қалдырады. Әйтпесе қазақ рулары шекара асып 
көшіп кететін қауіп туады. Керімбай дүние салып, орнына Демежан 
үкірдайлыққа сайланғанда, ағайын арасының күңкілі ушығып, бір 
шындықтың беті ашылады. Ол шындық – Демежанның нәсілі Керей, 
Керімбайға бар болғаны жиен екендігі. Елі үшін еңіреп жүрген 
Демежанның іс-әрекеті, ұлықтар алдындағы беделі отбасынан асар 
ойы жоқ кейбір биліктегілердің ішін тарылтып өзіне өшіктіре түседі.
“Уақыт керуені” аталатын үшінші бөлімде Демежан – бәрінен де 
биік тұрған тұлға. Не әрекет қылса да еліне пайдалы істі ойлап жүрген 
азамат Абдыра мен Қараүңгір өзендерінен тартылатын екі тоған суға 
қағаз жасатып, оны Іле жаңжұңына бекіттіртіп алған. Осы жайт 
халдайлардың Демежанға деген өшпенділігін қоздырады. Оңтайлы 
сәтінде олар Демежанды ықтырып алғылары келгенмен, досына 
дархан, жауына өр болып жаралған Демежан бой бере қоймайды. Реті 
келгенде алмастай тілмен орып түссе, кейде күшпен де айбат 
көрсетеді. Әр кезде әлсіздің қорғаны болып жүрген аптал азаматтың 
жауы көбейген үстіне көбейе түседі. “Жау - жағадан алғанда бөрі - 
етектен” дегендей, халдайлардың араздығы аздай, өз басының ғана 
қамын жеген пасық қандастары Демежан айналасына тор құрып, 


494 
тынысын тарылта түседі. Демежанның атақ-абыройын қызғанған 
Ысқақ халдайлармен ауыз жаласып, Демежанның көзін құртпаққа 
бекінеді. Ысқақтың ойынша – Демежан оған үлкен кедергі. Ел ішіндегі 
ұрлық-қарлықты тыю үшін жасаған әрекетін де жаулық деп 
қабылдаған Байсерке сияқтылар да солармен жақтасады. Ақыры 
Демежанға қастандық оғы атылады. Атушылар – Дохалдайдың бұзақы 
інісі Бужыңқа мен Ысқақ. Алайда, оқ дарымай, Демежан аман қалады. 
Тоған суына талас кезінде халдайлармен арада болған қақтығыста 
әбден ызаға булыққан Демежан халдайлардың басшысы Дохалдайдың 
айдарын кесіп алады. Бұл оқиға Демежан басына үйірілген бұлтты 
қалыңдата түседі.
“Дар ағашы” деп аталатын төртінші тарауда Ши-амбы қызметінен 
босап, Құлжаға сапар шегеді. Үш айдай уақыт өткенде Шәуешек 
аймағын отыз жыл билеген ұлық дүние салады. 
Құлжаға Демежанның үстінен арыз айтпақшы болып, Дохалдай 
аттанса, оның соңынан ұрлығы үшін абақтыда қамалып жатқан 
Байсерке аттанады. Екеуі бірігіп, Демежанға қарсы іс қозғайды. Ақыры 
аймаққа жаңа келген ұлық Матен-амбы Демежанға жабылған жаланы 
ұлғайтып, оны қамауға алады. Ең ауыр жаза – дарға асуға үкім 
шығарады. Жаланың басы – оның саяси сенімсіз Ли-шансыңның 
шәкірті екендігі, ішкі жақтан жер аударылып келген ағайынды екі 
Жаңды қамқорлыққа алғандығы. Сөйтіп, арам ниетті қаскөйлер абзал 
азаматқа саяси айып тағады. Мақсаттары – қайткен күнде де 
Демежанды құрту. 
Пасық ниетті жандар дегендеріне жеткенмен, Демежандай нар 
азаматтың биік тұлғасын аласарта алмаған. Халықтың оған деген риза-
құрмет сезімін өшіре алмаған. Әсеттей алаштың ардақты өнерпазының 
Демежанға арнаған жоқтауы осыны паш етеді. Роман эпилогында осы 
жайт баяндалады. Маншың өкіметі құлап, Матен амбы да қор өліммен 
өлген. Демежанның өзі өлсе де, ісі өлмеген. Өзі отырықшылыққа 
үйреткен ел егіншілікті кәсіп қылып, күн көруде. Демежан тоғанының 
кілтін ұстаған, егінші қауымға ақылшы аға болған Бөке қарт, оның 
айналасындағы адамдар Демежандай дегдар азаматты ауыздарынан 
тастамайды. Кезінде Демежан салдырған мешіт-медрелесер халық 
игілігіне қызмет етуде. Демежанның абзал да аяулы жары Бибі 
Демежандай арыстың түтінін өшірмей отыр. Романда Демежанның ата-
анасы Керімбай мен Ажар, жары Бибі, тоқалы Ырысқан бейнелері 
өзіндік 
ерекшеліктерімен 
танытылады. 
Жақсылы-жаманды 
кейіпкерлердің мінез бітімі, болмысы қаламгерлік шеберлікпен 
бедерленген.


495 
Тар жол, тайғақ кешу 
С.Сейфуллин 
“Тар жол, тайғақ кешу” романының авторы Сәкен Сейфуллин 
1894 жылы 15 қазанда қазіргі Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданында 
дүниеге келген. Нілде, Ақмолада бастауыш білім алып, 1908-1913 
жылдары Омбыдағы мұғалімдер семинариясында оқиды. Тұңғыш 
өлеңдер жинағы “Өткен күндер” деген атпен 1914 жылы Қазан 
қаласында жарық көреді. Барлық жанрда қалам сілтеген қаламгер өз 
дәуірі үшін жаңа тақырыптар көтерді, қазақ жырының құрылымына 
тың өрнектер қосады, “Біздің тұрмыс” атты елеусіз жүрген романымен 
қазақ прозасында психологиялық талдау тәсілдерін орнықтыру үшін 
зор үрдіс қалады. 
Сәкен Сейфуллин қазақ жерінде қазақ төңкерісін жүзеге 
асырушылардың бірі болды. Ақмола Совдепін құрып, азамат соғысы 
жылдарында атаман Анненковтың азап вагонында, Колчак лагерінде 
қорлық көріп, мехнат тартты. Сәкенді адам ретіндегі қайсарлығы, 
принципке адалдығы үшін де бағалау керек. Ол көптеген жауапты 
қызметтер 
атқарды. 
Қазақстан 
пролетар 
жазушылары 
ассоциациясының 
басшысы, 
Қызылордадағы 
халық 
ағарту 
институтының 
Ташкенттегі 
қазақ 
педагогикалық 
институтының 
директоры, “Еңбекші қазақ” газеті, “Әдебиет майданы” журналының 
редакторы, Қазақ АКСР Халық комиссарлар Советінің председателі 
болды. 
Халық 
бақытын 
жұмысшы-шаруа 
революциясынан 
таппақ 
ниеттегі жалынды қайраткер өзі құрысқан мемлекет ұстанған теріс
саясатының аянышты құрбанына айналды. 
Дәуір ұранына сәйкес қазақ топырағында тарихи-революциялық
тақырыпқа барған тұңғыш роман – “Тар жол, тайғақ кешу”. Ол 1922 
жылдары жазыла бастап, 1927 жылы жеке кітап болып шықты. 1936 
жылы өңделіп, толықтырылып, екінші рет басылды. Шығармада 1916-
1919 жылдардың оқиғалары қамтылады. 
Роман сюжетіне діңгек боп орналасқан аса көрнекті азамат ақын, 
күрескер 
Сәкен 
Сейфуллин 
тұлғасы 
зор 
тарихи-әлеуметтік 
құбылыстың қазақ жеріндегі дүмпуін, сахара халқының ұлттық-саяси 
бостандыққа ұмтылған алмағайып тағдырын елестетеді. Автор – 
қаһарман бар болмыс-бітімі мен дара характер ерекшеліктеріне 
қарамастан, үлкен жалпылаушылық сипаттарға бай. Қаламгер өз 
басынан кешкен сұрапыл оқиғаларды еске түсіре отырып, эпизодтық 
кейіпкерлер өмірінен тікелей баяндау немесе автордың шегіністер 
арқылы уақыт шындығын көрсететін мәлімет, хабарлар келтіріп 
отырады. Романда төңкеріс қарсаңы мен кеңес өкіметінің алғашқы 


496 
жылдарындағы Қазақстанның бар түкпіріндегі саяси-қоғамдық істердің 
бағыты, барысы, салалары кең пайымдалады. Автобиографиялық 
кейіпкер тіршілігі ел ішіндегі 
іргелі әлеуметтік-психологиялық 
құбылыстармен тығыз байланысты. Роман композициясындағы екі 
сюжеттік жүлгенің бірлесе дамуын, бір-бірін толықтырып, мазмұндық 
жағынан байытуын аңғарамыз. Сәкеннің жеке басынан өткен 
жағдайлар газет мақалалары, хат, телеграмма мәтіндері, лирикалық 
шегіністер, әңгімелеу түрлеріндегі тарихи шындық деректерін нақты 
мысалмен өрнектейді. 
Романда белгілі қаһармандар тобының арасында фабулалық негіз 
бойынша тұтанып, өрістейтін, шарықтау шегіне жетіп, шешімді 
табатын әдеттегідей тартыс жоқ. Мұндағы тартыс жалпылық көлемде
алғанда не ықылым заманнан бері тақымға басқан үстемдігінен 
айрылғалы тұрған бай-болыс, төрелер мен патша жандайшаптары 
және материалдық игіліктер бөлісінен ысырылып қалған, әлеуметтік-
құқылық бостандығы шектеулі еңбекші бұқара арасындағы әскери, 
идеологиялық қақтығыс. Тар мағынасында – Анненков, Колчак 
армиясын жақтаушылар мен Ақмола Совдепі мүшелерінің күресі. Біз 
қазір құндылықтар парадигмасын ауыстырғанмен, “Тар жол, тайғақ 
кешудегі” бас қаһарманмен бірге атақты азабын, Анненков вагонын, 
Омбы лагерінің темір шынжырын көрген Катченко, Бачок, Дризге, 
Павлов, Нүркин, Асылбеков, Кондратьева, Панкратова тәрізді 
большевиктердің сенім күші мен төзім қуатын, табандылығын мансұқ 
ете алмайсыз. 
Жоғарыдағы ар-ождандық, әлеуметтік-психологиялық сапалар 
шығарманың баяндау жүйесі бойынша С.Сейфуллин образында әрекет-
сезімдік деректер арқылы мейлінше мол жинақталады. Сәкен 
революцияға қалыптасқан тұлға ретінде араласады. Образдың туу, өсу 
тарихынан хабар беретін көріністер жоқ. Іс-қимыл, қайраткерлік 
үшінде ширығып, шыңдала түсетін тұтас мәнді мінез сипаттарын
танимыз. Кейіпкердің саяси-дүниетанымдық бет-әлпеті жауларына 
қатысты 
көзқарасынан 
байқалады. 
Ақмоладағы 
қажы, 
қалыс, 
саудагерлермен де, Орал, Торғайдағы Алашорда өкілдерімен де Сәкен 
публицистикалық стильде ашық айтысқа барады. Біз, әрине, мұндай 
сәттерге уақыт талабы ыңғайымен, әркім өз талғамына орай, түрлі 
рәуіште көз салуға еріктіміз. Мәселен, автор теріске шығара көрсететін 
Алаш 
қайраткерлерін 
қазір 
ұнамды 
қырынан 
пайымдауға
мүмкіншілігіміз мол. С.Сейфуллин жеке өзіне тән сол кездегі пайыммен, 
тағдыр нұсқауымен дұшпандық жікке бөлінген қарсыластары туралы 
субъективті тұрғыдан сөйлеуге құлықты әрі мәжбүр. Кедейлердің “Үш 
жүз” 
ұйымын 
сауатсыздығы, 
орашалақтығы 
үшін 
қостамас, 
идеологиялық жауларын сынағанмен, олардың білімі, айла-шарғысын, 
шешендігін бағаламай қоя алмайды. 


497 
С.Сейфуллиннің теориялық, таптық ұстанымға сүйенгенін жасыру 
да, ол үшін жазушыны айыптау да керек емес. “Тар жол, тайғақ кешу” 
– ең алдымен тарихи, әдеби факт және көркем мәтін. Ал мәтін әр 
заманда әр адам арқылы әр түрлі оқыла береді. 
Қаламгер кедей қауымына әлеуметтік аяда көз салады. Жалшы-
жарлының сырт кейпіндегі ерекшеліктер шет-шегі жоқ бейнет 
тауқіметін бедерлейді. Ішкі әсер күйлерін, кейінгі салдарымен бірге 
алынған іс-әрекет түрлерін бай ауыл тұрмысындағы жай-жапсарға сай 
риторикалық-публицистикалық стильде суреттеу реалистік мақамға 
бай. 
Ал бұдан басқаша сипаттағы, қыр халқы қадір тұтатын рухани 
серпіліс сәті – той-думан көрінісі психологиялық тұрғыдан аса қызық. 
Баяндаушы-қаһарман қалың елмен бірге қуанады. Мұнда шешендік пен 
поэзия, музыканың беделі өлшеусіз зор. “Шұбыра” аулындағы мереке 
барша сахара жұртына хас ойын-сауық, архетипіне сай мезеттерді
шебер өрнектейді.
Сондай-ақ “Әупілдек” аталатын тараудағы жазушы тағдыр 
тәлкегінен сүйгеніне қосыла алмай, сол қасіреттен жүрегін жарып 
шыққан зарлы әнін Әупілдек көлі жағасында әрбір кеш сайын салып, 
жан жарасына табиғаттың сиқырлы күшінен ем іздейтін әйел жайлы 
халық жадындағы естелік те қыр өмірінің шынайы детальдармен 
бейнеленуіне елеулі үлес қосады. Қоршаған ортаның жалпы суретінен 
әйел зарына ортақ лебіз байқалмайтындай. Алайда қасірет тартқан 
жандарға деген қоғам қатігездігіне тұспалмен мағыналық егіздесу бар. 
Шындықты сарабдал бейнелеуден С.Сейфуллиннің фольклор мен 
ауызша поэтикалық дәстүрлерге қатысты жаңашыл қадамы 
байқалады. Табиғатты суреттеудегі бұл амал ландшафтың сыртқы 
қасиеттері автор-қаһарман сана сфералары арқылы көрінуімен 
ерекшеленеді. Жазушы кейіпкер жан дүниесіне үңілер сәттерде 
пейзаждық 
жекелеген 
бөлшектері 
субъективті 
қызмет 
атқара
бастайды, антропоморфизмге негіз беретіндей: жылаған бейбаққа 
қамыс сыбдыры қосылатындай, көл үстіндегі құстар мұңды дауысты 
іліп әкететіндей. 
“Тар жол, тайғақ кешу” автобиографиялық сипаттағы роман 
болғандықтан, көп жағдайда автор мен баяндаушы бірігіп, ортақ 
қызмет атқарады. Алайда бұл екі ұғымның ара-жігі көрінетін сәттер де 
жиі ұшырасады. Баяндаушы – қаһарман өзінің сюжеттік желіге негізгі
түйін ретінде тартылуы нәтижесінде зор тарихи-әлеуметтік 
оқиғаларға, айналадағы сан алуан құбылыстарға жеке көзқарасы 
тұрғысынан баға береді. Ол ең алдымен тура сол сәттегі жағдаяттар, 
көңіл-күй әсерлерін нақты қалпында бейнелеуге міндетті. Шығармада 
бұл процесс әрі қоғам қайраткері, белгілі жазушы Сәкен Сейфуллиннің


498 
қазақ төңкерісінен кейінгі жылдардағы түсінік, толғамдарымен толыға 
түсіп, барынша объективтендірілген. 
Романдағы баяндаушы-кейіпкер тек байқап қоюшы ғана емес, 
шығарма фабуласындағы әр түрлі мағыналық астарларды талдап, 
қорытушы, оған қатысты ой-сезімді ашық жеткізуші орайында белсенді 
эмоционалдық роль атқарады. Міне, дәл осы тәрізді экспрессивті 
актілерде авторлық позиция анық бетін танытады. Белгілі бір оқиға, 
құбылысқа байланысты әсер, толғаныс сипаттары баяндаушы-
қаһарманның сол сәттегі жан дүниесінен хабар береді де, автор 
бейнесі арқылы дәлелденген сенімді интонацияға иеленеді. Мұндай 
жағдайларда мезгіл алшақтықтары сыналған көзқарас дұрыстығы 
нәтижесінде мазмұндық бірлікке ұласады. С.Сейфуллин романы онда 
суреттелетін уақыттан көп қалыс жазылмаған. “Тар жол, тайғақ 
кешуді” осы заман туралы тарихи туынды деп қабылдауға әбден 
болады. Сондықтан да баяндаушы-қаһарман мен автор арасында 
дүниетанымдық, саяси айырым жоқ. Алғашқысы тас өткел, тар 
босағадан 
жанталаса 
өтіп 
жүрсе, 
соңғысы 

әлгі 
ерлігіне, 
революционер достар өміріне, дауылды кезеңге таңырқай қарап, 
ойлана жауап іздейтін азамат – жазушы. 
Пейзаж, 
портрет 
жасаудағы 
С.Сейфуллиннің 
суреткерлік 
ерекшелігін тану үшін “Әупілдек” әнінің туу тарихы, кешкі ән-сауықта 
ерекше көрінген Қабиба атты қыздың бет-келбетін сипаттау тәрізді 
эпизодтарға көңіл аударсақ, терең авторлық толғаныстардың 
эмоционалды-бейнелеушілік күші мол екенін көреміз. 
С.Сейфуллин шығармада ұшырасатын көптеген кейіпкерлерге 
толық тоқталып жату мүмкіндігі болмағандықтан, авторлық мінездеме 
беріп отырады. Мысалы, Ақмола үздік Совдеп мүшелерін ресми түрде 
санамалай келіп, кейбір өзі неғұрлым таныс адамдарға әдеттегідей 
шыққан тегі мен кәсібін атаумен шектелмей, оған қосымша 
адамгершілік, азаматтық қасиеттерін, ең басты характер сипатын 
ескертіп өтеді. Бұл тұста автор-қаһарман істес болған адамдармен ғана 
танысып 
қоймаймыз, 
жазушының 
едәуір 
тұрақты, 
тыныш 
психологиялық 
жағдайларда 
бұрынғы 
айтыс-дау, 
жасырын 
әрекеттердің қызу көрігінен өткен серіктерін бағалаудағы көңіл-күйі 
мен 
негізгі 
ұждандық-этикалық 
ұстанымдарын 
аңғарамыз. 
Жолдастарына берілетін анықтамалардан әсіресе оқшау, ұнамды мінез 
көрінетіні – қажырлылық, бірсөзділік, ақылдылық. 
Алдымен субъектінің іс-әрекеті, мақсаты баяндалады, одан соң 
автордың эмоционалды-баға беруші тұжырымы түйіледі. Катченкоға 
байланысты қаламгер ұлттық характер туралы ой қорытқанда, тарихи-
әлеуметтік негіздерге жүгінетінін байқаймыз. Ал Дризге мен Павлов 
мінездемесі қарама-қарсылығы бойынша емес, бірлігі, туыстығы 
орайында салыстырыла беріледі. 


499 
Романда айналада өтіп жатқан оқиға, құбылыстарды терең 
қуатпен бейнелейтін әсерлі жолдар жиі кездеседі. Бірінде автор – 
қаһарман халық басына түскен ауыртпалыққа күңіренеді, бірінде 
идеологиялық қарсыластарына ашынады немесе өзінің, достарының 
қателіктеріне күйінеді, бұқараның аңқау, надандығына кейиді. Әйтпесе 
тұтқында 
жатқанда 
көрген 
азап-тауқіметтерін 
еске 
түсіріп, 
шамырқанады, қиын-қыстақтан халықпен бірге шығар жол іздеп, 
ширығады. 
Сәкен Сейфуллин романы ұлттық прозаның балаң шағында 
туғандығына қарамастан, жазушы көркемдік құралдарының әр алуан 
түрін пайдаланады. Бұл жолда ұлттық әдебиет үшін мүлде тың 
тақырып әрі жөргекке ораулы роман жанрының автобиографиялық 
үлгісіне тән кейбір стильдік-композициялық шектеулер әкелетін 
кедергілерді жеңе білді. Мәселен, жазушы мұрат тұтатын кейбір 
характер 
өлшеміне 
қарама-қарсы 
келетін 
мінез-қылықтарды 
кездестіріп, ашына толғанатын шағынан басқа жерде аса ірі рухани-
эволюциялық мәні бар монологтарға барған. Ширыққан тақырыпқа 
толы 
бұл 
монологтар 
дүниетанымдық, 
әлеуметтік-ұждандық 
сауалдарға терең сезім толқынымен жауап іздеу, нағыз ақиқатқа 
ұмтылу пафосын өрнектеген. С.Сейфуллиннің “Тар жол, тайғақ кешуі” 
қазақ ұлты бастан кешкен ХХ ғасыр басындағы әрі тарихи оқиғаның 
талғап, оқитын көркем шежіресі болып табылады.
Таңба 
Ж.Бектұров 
Бейәділет заманының тар қыспағының дәмін көрген, ащы 
шындықтың халық жадында сақталуына куә болар хатқа түскен 
жазбалары мен естеліктері баспа бетін көрмесе де, шындықтың 
шыңыраудан шығатынына сеніп, өзінің жеке архивінде ширек ғасырдан 
астам уақыт сақтап, есінде қалғанын, көңілінде жатталғанын 
хаттаудан, көкірегі ояу ізбасарларына табыстаудан еш жалықпаған 
шежіреші, жазушы, ақын, аудармашы, қоғам қайраткері, Қазақстан 
Жазушылар Одағының Ресей георграфиялық қоғамының мүшесі, 
Қарағанды қаласының құрметті азаматы – Жайық Кәгенұлы 
Бектұровтың артында қалған әдеби мұрасының екшеленер шағы 
келгендей. Жайық Бектұров есімі иісі қазақ жұртына, әдебиет пен 
тарих жанашырларына шежірелі қария атымен танымал. 
Ж.Бектұров өмірінің көп уақытын, жемісті еңбек еткен өмірін 
Қарағанды, 
Талдықорған, 
Жамбыл, 
Шымкент 
қалаларында 
өткізгенімен өзі Ақмола облысы Ақкөл ауданына қарасты бұрын 


500 
Қызылағаш деп аталған, қазір Аманкелді ауылы қоныстанған мекенде 
1912 жылы дүниеге келген. 
Жайық Бектұров қаламынан туған көлемді туынды “Таңба” 
романы (алғашқы атауы “Төгілген ар”). 
Алғаш 1989 жылы “Жұлдыз” журналының № 7 санында аталған 
романның алғашқы бөлімдері жарияланады, әлі де ақиқатты ашық 
айтуға күмәнді кездерде араға бірнеше жылдар салып қана 1996 жылы 
“Жұлдыз” 
журналының 
санында 
романның 
келесі 
бөлімдері 
ықшамдалып басылады. “Бұл романда 20-30 жылдардағы ел ішінің 
жалпы әлеуметтік-саяси ахуалы, оның ішінде сан мыңдаған 
адамдарымыздың жазықсыз опат болуы, көп аймақтарымызда түрме-
лагерьлердің қаптап кетуі, Қазақстандағы қырғын аштық сияқты 
алапатқа шама-шарқымызша біркелкі шолу жасағандай едік. Бұл 
көлемді 
қолжазбаның 
тарауларын 
Ғ.Мүсірепов, 
Ғ.Мұстафин, 
Ә.Тәжібаев, Ә.Сәрсенбаев, Ж.Молдағалиев, Б.Соқпақбаев, Т.Ахтанов, 
С.Талжанов, Е.Бөкетов секілді қоғам қайраткерлері іштарта ұната 
оқып, оң пікір білдірген еді. Алайда бұл еңбек жарық көре алмай, 
тұншығып 
қалған-ды”, 

дейді 
қаламгер 
аталған 
кітаптың 
беташарында. Мұндағы әр қилы кейіпкерлердің өз кезіндегі ауыр 
тағдыры шынайы баяндалғанын оқушы жұрт бірден аңғарады. 
Шығармадағы кейіпкерлердің ішінде жоғары сатыдан ойлай, сөйлей, 
топшылай, тереңнен болжай алатын ерекше парасатты, беделді 
адамдар жоқ. Сан мыңдаған басшы қызметкерлер, сорпа бетіне 
шығарлар аудан, қала, облыс, өлке, республика абақтыларының 
астыңғы меңіреу қабаттарында атылып кеткен, сол себепті де 
“Таңбада” атылу дәрежесіне ойы, бойы, қызмет шені “жетпейтін” 
қатардағы ортақолды совет адамдары, көп соққыдан, қысымнан, 
қорлықтан, аштық-азаптан, азып-тозған, ызаланған, ашынған кешегі 
жұмысшылар, колхозшылар, жастар тұрмыс талқысында қоғам 
болмысында еріксіз азғындаған әр алуан қылмыскерлер өз ұғымдары, 
өмірге өз көзқарастары, өз бастарынан кешкен шырғалаң да, 
сергелдең уақиғалар деңгейінде, өз көз жеткендері төңірегінде тіпті бір 
үзім нан төңірегінде сөйлейді. 
Романдағы 
басты 
кейіпкер 
Тұрлыбек 
автордың, 
яғни 
Ж.Бектұровтың 
өз 
прототипі. 
Профессор 
Тұрсынбек 
Кәкішев 
“Шырқыраған шындық жыршысы” атты Жәкеңнің 80 жылдығы 
қарсаңында жазған мақаласында: “Ж.Бектұровтың “сталиндік түрмені 
суреттейтін романы таяуда шығады екен”, дегенді ерте естігенімізбен 
журналдың нұсқасын кешірек оқысақ та: “Сталиндік зұлымдықтардың 
бәрін басынан өткеріп, азаматтық қалпын сақтап қайтқан табанды да 
жанды кейіпкердің қазақ әдебиетіне келгендігіне куәлік беремін, қазақ 
прозасында кезеңдік міндетті ғана емес, жеке адамға табынушылық 
заманындағы озбырлық пен ожарлықтың, қиянат пен зорлықтың, 


501 
аярлық пен арамзалықтың, жағымпаздық пен жауыздықтың қандай 
болғанын көзге көрсетіп, қолға ұстататын көркем туынды келді деп 
есептеймін”, - деген пікірі де қарт қаламгер шығармасына берілген әділ 
баға деуге болады. Жоғарыда айтып өткендей бұл туынды жазушы өз 
басынан өткен азап-бейнеттің, өзі куә болған сорақылықтардың 
тартымды, әрі сенімді, бояуы қанық шығып оқушыны өзіне тарта 
беретін 
қазақ 
әдебиетіндегі 
зұлматтың 
азабын 
барынша 
шыншылдықпен суреттеген тұңғыш роман. 
Жариялылықтың арқасында айтарын ашық айтуға мүмкіндік 
алған арыстарымыз туралы да тоқтала келе, Ж.Бектұров былай дейді: 
“Мен әбден ауыз күйгендіктен мына “Таңбада” кезінде абзал 
ағаларымды аттарымен атай алмай қалдым. Бірақ сөзімнің жалпы 
сарыны, жалпақ елдің жалпы ахуалы біздің қазақ елінің де саяси, 
әлеуметтік, экономикалық, рухани деңгейіне айна бола алады ғой деп 
ойлаймыз, “Таңбадағы” аш-арықтар қашқын жастар, қыспаққа түскен 
редакторлар бәрі-бәрі қазақ елінің азаматтарының да болмысына 
айғақ болады. Тәніміздегі жараның ылғалын тезірек жазып алсақ, ауыр 
зардапты асқындырмақ түгіл, оның үрейлі атын да естен шығаруға 
жетсек, бар өміріміздің күні-түні шамшырақтай жарқырап тұруын 
көксеп, осы ізгі мақсатқа жетуге талпынсақ, бұл аз арман-тілек болмас 
еді. Осы мақсаттағы шежіреміз осы ізгі ниетке септігін тигізсе,
көңілдағының тез жазылуына шипа болар еді”, - деп ойын түйіндеген 
екен Ж.Бектұров “Таңба” романының беташарында. 
Жоғарыда 
тоқталып 
өткен 
пікірлерді 
сараптай 
келе, 
Ж.Бектұровтың “Таңба” романы нәубет наласының ащы шындығының 
куәсі деуге әбден лайық. Жарық көрген алғашқы кітабы екі бөлімнен 
тұрады. І бөлімі “Жол үстінде” деп аталып түрмеде жатқан тұтқын 
Тұрлыбектің ауыр күндерінен, азапты тергеулерден, түрме ішіндегі 
адам төзгісіз сорақылық пен кінәсіз жандардың есеңгіреп істемеген 
қылмысын істедім деп мойындап, өздерін өздері жаумыз, - деген ауыр 
күндерді суреттеуден басталады. Одан азап вагонымен Ивдель 
өзенінің бойындағы “Ивдельлаг” лагеріне келгені, ондағы көрген 
қорлық пен азап нанымды суреттелген “Шолақ шинель”, “Түнгі 
дүрлігу”, “Дошел”, “Бытыраған бригада”, “Ілгешек те тікенек”, “Өкініш 
пе, өтініш пе?” деп аталатын І бөлімі лагерьдегі аш-арықтардың 
қайнаған сумен, бір тілім қара нанға қараған жылдар бойғы суық, тас 
түрмемен, Сібірдің қалың ормандарынан ауыр бөренелер дайындайтын 
ауыр жұмысында діні мығым санаулы адам болмаса, негізі 
сотталғандардың дені осы арада-ақ үзіліп жатады. Сонда оларды ешкім 
атқан жоқ, соққан жоқ, өздері өлді деп есептейтін. Жуыну дегенді, 
тазалық дегенді ұмытуға айналған, бір-біріне сенімсіз қарайтын, еркек-
әйел деген сезімі де өшкен, жабайылануға шақ қалған адамдардың 
ауыр тағдырын тебіренбей оқу мүмкін емес. 


502 
Екінші 
бөліміндегі 
“Түнгі 
тыныс”, 
“Әбекеңнің 
әңгімесі”, 
“Рейсмусита”, “Қызыл тақта”, “Дөңбек домалату”, “Уа картошка” деп 
аталатын бөлімдерінде аттарынан көрініп тұрғандай тұтқындардың 
түнгі тынығуының өзі құр тақтайда дөңбекшіп жатып, кінәсыздығын, 
халық деп төккен терлерінің нақақ қаралануын, басшылардың 
шығарған заңдары елді қыру болғаны ма? неге? деген сансыз сұрақ 
мыңдаған жандарды тебірентіп өмірге, үкіметке, адамдарға деген 
сенімдерін жоғалтуға әкеп тірейді. Тіпті хат танымайтын кәрі 
шалдардың жазықсыз жазаланып не тілін білмейтін, не жерін 
жерсінбейтін шағында бала-шағаларынан ажыратып қудалауы нағыз 
тағылық екенін анық көреміз. Аш-арық, киімсіз, ауру тұтқындардың 
аштықтан Сібір ормандарынан шөптердің, ағаштардың тамырларын 
қайнатып ішетіні, тіпті ойбай жапырақ атап кеткен (крапива) жолай 
кетсең, қол-басыңды дуылдатып ала жөнелетін шөпті де қайнатып 
ішеміз деп уланған жандарды көз алдыңа елестеткенде романды жай 
оқып шығу мүмкін емес. 
Бойларында күш-қуаты бар жасырақтары, туа бітті қайраттылары 
оңаша сәттерде бір-біріне ішкі шерлерін тарқатып сырласатыны 
сондағы ең көп қозғалатын тақырып бір-бірінің не үшін сотталғаны, 
қандай статья, қандай указ екенін сұрасады. Тіпті төрінен көрі жуық 
Торғай жақтың балаларын соғысқа әкеткен бір қариясы немерелерін 
асыраудың қамымен жүріп, өзі секілді үш-төрт шал бірге отырып: 
“Бидай шықпай жатыр. Егін болмаса, балалар не болады? Немістер де 
Қазақстанға жақындапты” дегендей ауылдың алыпқашпа әңгімелерін 
біреу жеткізіп қойып, сендер: “Бізде нан болмасын, үкіметке залал 
келсін, немістер біздің жерге тезірек келсін, - дедіңдер деп жала жауып 
төрт шалды да 10 жылға соттайды. Осындай сорақылықтарды оқи 
отырып шын тарихты, өмірді тани түсеміз. Өткендегі ауыртпалықтарды 
айтып түсіндіру, жазып жеткізу келешек ұрпаққа аса қажет. Қоғам 
өміріндегі қаталдықты, қайырымсыздықты, заңсыздықты қайталамай 
теріс істерімізден сабақ алу үшін “Ақымақ өзінің, ақылды өзгелердің” 
қатесінен сабақ алады”, - дегендей Ж.Бектұров тартқан ащы азаптың 
сабағынан тәлім алу, өрескел қатені түзету, адам көрген залалды 
көңілге мықтап тоқу, кейінгі ұрпаққа екшеп, аманат ету де, құр сөзден 
гөрі қарт қаламгер қаламынан туған аталған роман мен тағы да 
баспаға ұсынылған ІІ, ІІІ кітаптарын ауыр сәттерді арқау еткен 
“Сібірде”, “Ыстық карцерде”, “Тайгадағы суық карцерде”, “Этап” секілді 
көптеген дүниелерін халыққа кеңінен таратудан да болмақ. 
Бұл шығармалардан бір жағынан адам баласының төзімділігін, 
қажырлығын танысаң, екінші жағынан пенденің небір сұрқия-
зұлымдықтар істеуге де бейімделгіштігін көру қиын емес. 
Ж.Бектұровтың “Таңба” романы - халқымыз кешкен зұлматтың 
көркем шежіресі деуге боларлық туынды.


503 
Таң сәрі 
А.Байтанаев 
Байтанаев Амантай (10.3.1922 жылы туған, Шымкент облысы, 
Түркістан қаласында) – жазушы. Отан соғысына қатысқан. Әл-Фараби 
атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін (1949), КСРО 
Жазушылар одағының жоғарғы әдеби курсын (1960) бітірген. 1945-50 
жылдары республикалық газет, журналдарда, 1950-70 жылдарда баспа 
орындарында қызмет етті. А.Байтанаевтың балалар өмірінен жазылған 
тұңғыш туындысы “Болат” 1954 ж. жарияланды. Кейін осы тақырыпты 
одан әрі жалғастыратын “Ерденнің басынан кешкендері” (1957), “Асан” 
(1961), “Дала сыры” (1982) повестері, тың игерушілердің ерлігін 
бейнелейтін “Жаңғырды дала” (1965), “Қайнар бұлақ” (1968), 
замандастар бейнесі сомдауға арналған “Қыран самғауы” (1976), Отан 
соғысы дәуіріндегі ел өмірін, халық тұрмысын суреттейтін “Таң сәрі” 
(1979) романдары жарияланды. А.Байтанаев аударма саласында да 
еңбек етіп, М.Горькийдің “В.И.Ленин” очеркін, Н.В.Гогольдің “Күйме” 
повесін т.б. шығармаларды аударды. 1-дәрежелі Отан соғысы 
орденімен, медальдармен марапатталған. 
Жазушы Амантай Байтанаевтің “Таң сәрі” романы үш тараудан 
тұрады. Романның орталық кейіпкері - Айдарқан. Кейіпкерлері – 
Айдарқанның сүйген қызы, кейіннен жары, медсестра Айымгүл, досы 
Мергенбай, анасы Зерегүл, Айымгүлдың анасы Панагүл, құрбысы 
Балшекер, сол сияқты Мергенбайдың ата-анасы Көлбай мен Сырбике, 
ауыл қарттары Танабек шал мен Қалампыр кемпір, дәрігер Бекәділ, 
тағы басқалар. 
Романның бірінші тарауында соғыстан бұрынғы қазақ ауылының 
тұрмыс-тіршілігі, жастар арасындағы сүйіспеншілік баяндалады. 
Айдарқан – жиырмадан жаңа асқан жас жігіт. Ауылдың есепшісі. 
Жас жігіттің махаббатын оятып, өзіне ынтықтырған Айымгүл – бала 
күннен таныс жан. Айдарқан мен Айымгүлдің әкелері шахтада бірге 
жұмыс істеген. Екеуі де шахта құлағанда, астында қалып, опат болады. 
Біраз уақыт көріспей кеткен қыз бен жігіт қайта қауышады. 
Әр түрлі адамдар тағдыры мен мінезі, іс-әрекеті роман 
оқиғасының желісі бойында көрініп отырады. Айдарқанның досы 
Мергенбай жеті жылдық мектепте мұғалім. Сол Мергенбай ата-
анасының ұйғарымымен өзі сүймеген Бибішке үйленеді. Жас жігіт 
Айымгүлдің құрбысы Балшекерді ұнатып, оған көңілі құлайды. 
Қарапайым еңбек адамдарының іс-әрекет, мінез-құлықтары 
жазушы шығармасында нанымды берілген. Мысалы, Танабек қарттың 
шәлкестеу мінезі, қыңырлығы, бірақ еш арамдық пиғылы жоқ ақ 


504 
көңілділігі, Қалампыр кемпірдің ұрысқақтығы қызықты оқиғалармен 
суреттелген. Бегәділ дәрігердің алдына келген Танабек “Сен 
доқтырсың, менің қай жерім ауыратынын өзің тап”, - деп қырсығады. 
Жазушы әрбір кейіпкерінің тағдырын, басынан кешірген өмірін 
шегініс жасап баяндау тәсілімен беріп отырады. Сол арқылы роман 
кейіпкерлері оқырманына кеңінен таныс болады. Тіпті ең жас кейіпкер 
Төрехан бала да шығармада өзіндік орны бар кейіпкер. 
Ауыл адамдарының бірқалыпты тыныс-тіршілігін зұлмат соғыс 
бұзады. Сүйген жарын келін етіп босағасына ендіруге үлгірмей, 
Айдархан соғысқа аттанады. Онымен бірге сүймей қосылған жарына 
шындығын айтып, туған босағасына оралуға рұқсатын беріп, көңілі 
Балшекер қызға ауған Мергенбай аттанады. Ауыр да алыс сапарға 
бұларды шығарып салып ата-ана, сүйген жар қалады. Сонымен бірге 
Мергенбай мұғалімінің соғысқа кетуін қаламаған. Төрехан бала қалады 
шырылдап... 
Романның екінші тарауында жүріп жатқан соғыс, оның бейбіт 
елге салған лаңы сутеттеледі. Айдарқан мен Мергенбай полк 
көлеміндегі үш айлық кіші командирлер оқуын бітіріп, бөлімше 
командирі болған. Екеуі бір батальон, бір ротада. Тек взводтары ғана 
бөлек. 
Көп ұзамай екі жігіт бір топ қазақ солдаттарымен бірге Алматыға 
келіп түседі. Екеуі жаңа құрала бастаған жүзінші атқыштар 
бригадасындағы бірінші батальонға келеді. Мәскеу үшін жүріп жатқан 
шайқастағы жауынгерлер санын толықтыру үшін осы бірінші батальон 
шұғыл түрде майданға аттанады. Бірақ Айдарқан мен Мергенбай жаңа 
солдаттарды әскер өнеріне баулу үшін қалдырылады. Айдарқан 
командирлер дайындайтын училищеде оқуға өтініш жасап, бұл өтініші 
қабылданады. 
Көп 
ұзамай 
пулеметші-атқыштар 
командирін 
дайындайтын әскери училищеге жөнелтіледі. Ал, Мергенбай болса 
жүзінші ұлттық бригада штабында қалады... 
Училищеде оқып жатқан кезінде елден – Айымгүлден хат келеді. 
Хатта Айымгүл босанып, ұлды болғанына сүйінші сұрайды. Ұлын 
Бегайдар деп атапты... Осындай хатты Мергенбай да алған. Балшекер 
де ұл босаныпты. Атын Медет қойған.
Романның осы тарауының келесі тараушаларында Айдарқанды 
майдан даласынан көреміз. Майдан даласына келген жол да жеңіл 
болмаған. Қарамағындағы солдаттардың әр қилы тағдыры жүрек 
сыздатарлық. Майданда кездескен ұлты татар Рафхат, қазақ Дәрмен 
сияқты қарапайым жандар өзіндік болмыстарымен Айдарқанның 
қымбат та қимас адамдарына айналып үлгірген. Қым-қиғаш соғыс, 
қанды майдан суреті шынайылықпен беріледі. Сол майданның қақ 
ортасында жүрген Айдарқан тағдыры да азапты. Жараланған ол 
Дондағы Ростов қаласының госпиталіне түседі. Дәрмен болса оққа 


505 
ұшқан. Жарасы жазылып, қайтадан майданға оралған Айдарқан ең 
әуелі 
резервтегі 
офицерлер 
қатарында 
болады. 
Сонан 
соң 
барлаушылар ротасының командирі болады. Небір қауіпті сапарларды 
басынан кешіреді. Полковник Никоновтың бұйрығымен қасына Петр 
мен Андрей бастаған үш-төрт жігітті алып, жау штабын қоршап, 
дұшпандарды тірідей қолға түсіреді. Мақсатта сол – “тіл” әкелу 
болатын. Осы ерлігі үшін Айдарқан бірінші дәрежелі Даңқ орденімен 
наградталады. Ал, Андрей мен Петр “Қызыл жұлдыз” орденіне ие 
болады. Тағы бір барлау сапарында минаға түсіп, Айдарқан ауыр 
жараланады. Жауған оқтың астынан оны Андрей мен Петр алып 
шығады... 
Романның үшінші тарауында осы бір ауыр кезеңдегі ауыл тіршілігі 
баяндалады. Кешегі мектеп оқушысы Төрехан енді өзін ауылдың 
азаматы санайды. Іске жарар ер-азамат атаулы майданға кеткенде, 
олай болмасқа амалы да жоқ. Соғыс оны ерте есейткен. 
Көлбай қарттың көңілі алаңдаулы. Ұлы Мергенбайдан “Соғыста 
ерлікпен қазап тапты” деген хабар келген. Келіні Бибіш болса, кетуге 
рұхсат сұраған. Бұл жайды жеткізіп отырған – кемпірі Сырбике... Келін 
тағы бір сырдың шетін шығарған. Балшекер қыз дүниеге әкеліп, 
бүгінде жетелеп жүрген сәби Мергенбайдан екен... Бұл хабар 
қарттарды ерекше толқытады. Көлбай қарт ендігі үміті, ендігі сүйеніші 
– немересі Медетті босаға аттамай қалған келіні Балшекермен үйіне 
әкелмекші. Қарт дегеніне жетеді. Жетім көңіл жұбаныш тапқандай 
болады... 
Ал, Айымгүл болса, Бегайдарын жетелеп, жұмысын атқарып, күн 
кешуде. Оның мазасын кетіретін – дәрігер Бегәділ. Өзіне тұрмысқа 
шығуын ұсынады. Айымгүлдің бар арман-тілегі – Айдарқан. Соның 
жолын күтеді. 
Көп ұзамай соғыстан Айдарқан оралады. Сау емес, жарымжан. 
Көзі көрмейді. Бір қолдан айрылған. Оны ауылына дейін әкеліп салған 
– госпитальдан еліне жеткізу үшін қосып берген Оля деген медсестра. 
Туған жерде деген сағыныш Айдарқанды ерекше баурайды. Көзі 
көрмесе де көңілімен туған даласын емірене аймалағысы келеді. 
Зерегүл ана жарымжан болып оралған ұлын жүрегі жарыла 
қуанып қарсы алады. Қуаныш үстіне қуаныш-бұның да босаға аттап 
үлгірмей қалған келіні Айымгүл, немересі Бегайдармен табысады. 
Көптен күткен жеңіс сағаты да соққан осы мезетте... 
Міне, соғыс салған ойранды оқиға еткен роман осылай 
тәмамдалады. 
Өмір 
жалғаса 
береді. 
Осы 
ақиқатты 
автор 
кейіпкерлерінің тағдыры арқылы бейнелеп берген. 


506 
Томирис 
Б.Жандарбеков 
Аттар құстай ұшып келеді. Тұяқтары жерге анда-санда бір тиеді. 
Иелерінің асығып келе жатқанын сезгендей, ауыздықтарымен алысып, 
межеге жетпей тоқтар емес. 
Сақтардың қуаныштан естері шығып кеткендей. Жүгенді бос 
тастап, аттарды еркіне жіберген. Құлаштарын кең жайып шауып 
келеді. Көсіліп жатқан даланы бейне бір құшақтап алғылары 
келгендей. Еріндеріне жұға бастаған дала шаңын құшарлана жалайды. 
Аңқыған дала иісіне кеуделері толар емес. Көздерінен аққан жас. 
Толастамайды. Бұған ұялатын сақтар жоқ. Кеше ғана қан майданда
сыр бермеген айбынды жауынгерлер енді міне балаша еңіреп келеді. 
Өмір зардабын молынан татқан сақтар. Ұлы Дала – Отан-Анаменен 
кездесуге әбден асық... 
“Сақтар” тарихи роман-диалогияның авторы Болат Жандарбеков 
көп 
жылдар 
бойы 
елінде 
болмаған 
тиграхаудтар 
мен 
сақ 
массагеттердің Ұлы Далаға жете бергендегі көңіл-күйлерін осылайша 
сипаттайды. Роман екі кітаптан тұрады. Соның “Томирис” атты бірінші 
кітабы біздің жыл санауымызға дейінгі алтыншы ғасырда Қазақ 
даласында болған тарихи оқиғаларды оқырмандар алдына тосады. 
Қалам 
шеберлері 
шығармаларының 
ішінде 
көшпенділер 
тарихының терең тамырына көз салған туындының ұтымды жері – 
суреттеліп отырған оқиғалардың сол кездері өмір сүріп, тарих 
сахнасында сан-қилы әрекеттерімен орын алған ел басқарушылар, 
атақты қолбасшылар есімдерімен тікелей байланысында. Ақылды да, 
айлакер, даңқты жаулап алушы, өмірі аңызға айналған парсылар 
патшасы КИР, жас та болса батырлығымен көзге түскен, ел намысын 
қорғау жолында жанын пида қылған сақтар қолбасшысы СПАРГАПСИС, 
әсіресе, осы айтылған шығарманың дүниеге келуіне тікелей себеп 
болып отырған, сақ-массагеттердің әйел патшасы, даңқты Томирис. 
Роман-диалогия өзінің тарихи деректілігімен қызықты. Бұған 
келтірер дәлелдеріміздің бірі – жоғарыда біз атап кеткен тарихи 
есімдер болса, екіншіден – шырғалаңға толы оқиғалардың көпшілікке 
кеңінен таныс бола бастаған көшпелі тайпалар – сақтардың өмірі, 
қоғамдық қатынастары, тұрмыс-салт, рухани дүниесі. “Бастарына үшкір 
тақия кигендер”, “хаома сусынын дайындайтындар”, “күшегендердің 
алтынын күзететіндер” атты есімдермен көне тарих келбетінде қалған 
дала иелері – сақтардың - өздерінің тарихта қалдырған іздері себепті 
осы күндері талай жаңа ойлар жүйесінің қалыптасуына негізгі 
итермелеуші 
болып 
отырғаны 
белгілі 
ең 
негізгісі. 
Болат 


507 
Жандарбековтің “Сақтар” тарихи роман-диалогиясы кезінде Цицерон 
“Тарихтың атасы” деп атаған, біздің заманымызға дейінгі 490-425 
жылдар аралығында өмір сүрген грек тарихшысы Геродоттың тарихи 
еңбектеріне негізделіп жазылған. 
Жиханкез тарихшы Геродот кезінде Кіші Азияны түгелдей аралап, 
Вавилонда, Финикиада, Эгей теңізінің аралдарында, Пелопеннесте, 
Орта Греция қалаларында болып, көптеген деректер жинаған. Ал оның 
“Тарих” атты әйгілі еңбегі осы сапарлар барысында жинақталған 
деректерді топтастыру нәтижесінде дүниеге келген. 
Тоғыз кітаптан тұратын шығармада қазақ даласына тікелей 
қатынастары бар көшпелі тайпалар – сақтар туралы деректер көптеп 
кездеседі. “Осы халықты (вавилондықтарды айтып отыр – Қ.А.) өзіне 
бағындырғаннан кейін Кир массагеттерді жаулап алмақшы болды. 
Біреулердің айтуларына қарағанда бұл массагеттер сандары жағынан 
өте көп және де батыр тайпа. Олардың тұратын жерлері Шығыста 
Аракс өзенінің арғы бетінде күннің шығысына қарай исседондарға 
қарсы. 
Енді біреулер оларды скифтер тайпасына да жатқызады” – деп 
хабарлайды Геродот. 
Б.Жандарбеков болса жазушылық шеберлігінің арқасында 
осындай бір тарихи деректерді көркемдік шыңына жеткізе алған. Әр 
оқиға өзінің әсерлігімен қатар, оқырманды түрлі ойға қалдырады. 
Тарих тереңіне бойлай еніп, сол кездері болған түрлі оқиғаларды жай 
ғана емес, терең логикалық жолмен қабылдауға мүмкіндік тудырады. 
“Томиристі қаулай қоршаған, тек оның өзіне ғана бағынатын 
жеке ұландары – “қояншықтар” қатарынан әрең өткен ұлы Кирдің 
елшісі шатырға енгенде, оның көздеріне бірінші іліккені Томирис 
болды. Сақтар падишасы төмендеу болса, ол піл сүйегінен кең қылып, 
тамаша әшекейлеп жасалған тақта отыр. Үстінде жауынгерлер киетін 
киімі, жан-жақтан түскен май шамдарының сәулесіне шағылысып, 
балықтың қабығындай жалт-жұлт етеді. Тізесінде асыл тастармен 
безендірілген қол қаруының қынасы. Оның бір жақ шетінен сақтардың 
әйгілі семсері – ақинақтың теңіз жануарының сүйегінен жасалған сабы 
көрінеді...” Парсылар елшісінің сақтар патшасы Томириспен кездесуін 
Болат Жандарбеков осылайша суреттей келе, бұл сюжет арқылы 
көшпелілер мен парсылар ара-қатынасын әсерлендіре сипаттайды. 
Бірнеше жолдар арқылы олардың бір-біріне деген көзқарастарын, 
араларында туындап келе жатқан үлкен қайшылықтардың түп-
тамырын мегзеп те үлгереді. 
“Массагеттердің 
киімдері 
скифтердікіне 
ұқсас, 
өмір 
сүру 
дағдылары да соларға жақынырақ. Ат үстінде жүріп те, жаяу да бірдей 
соғысады. Садақ тарту, найза ұстау, айбалтаны негізгі қару ретінде 
пайдалану оларда әдетке айналған. Аттарына мыстан жасалған 


508 
қаптама кигізеді (соғыс кезінде – Қ.А.). Аттардың қорғаныс 
кеудешелері де сондай заттан жасалған. Тіпті олардың жүгендері, 
ауыздықтары, құйысқандары да тегіс алтынмен безендірілген. Темір 
мен күміс бұларда (сақтарда – Қ.А.) мүлдем кездеспейді. Керісінше,
алтын мен мыс қалағаныңша” – деп көрсетеді Геродот. Осы жолдар 
арқылы грек тарихшысы сақтардың өз жерлерін сыртқы жаулардан 
тойтаруға әрқашанда дайын жүретіндіктерін сыртқы бейнелерінен-ақ 
байқауға болатындығын айтып отырса, екіншіден олардың мол байлық 
иелері екендігін білдіреді. “Массагеттердің патшасы қайтыс болған соң 
орнына патшаның әйелі болды. Оны Томирис деп атайтын. Міне соған 
бір уақыттары Кир өзінің елшілерін құдалыққа аттандырады. Ондағы 
ойы Томиристі өзіне әйел ету еді. Алайда Томирис Кирдің негізгі ойы 
бұны әйелдікке алу емес, оның арқасында (Томиристің – Қ.А.) бүкіл 
массагеттер елін билемек екенін сезіп қалған Томирис Кирге әйел 
болудан бас тартады” – дегенді айтады Геродот. Олай болса көркем
шығарма авторы Б.Жандарбековтың алдындағы негізгі міндеті осындай 
бір тарихи деректерді пайдалана отырып, парсылар мен сақтар 
арасындағы жағдайды барынша түсіндіру. Геродот жоғарыдағы 
мәселелерге жай назар аударып отырған жоқ. Сақтар елі өте бай. 
Оларда алтын көп. Бұл бір. Екіншіден олар жауынгер халық. Ал намыс 
тұрғысынан алып қарағанның өзінде оларды аттап кету Кир үшін тиімді 
емес. Соғысу жолы да амалдан шығудың жолы емес. Ендігі амал 
сақтардың падишасын пайдалану.
Романда бұл ситуация төмендегі жолдармен берілген. “Парсы 
елшісі сақтарды неліктен оны бұлай қарсы алып тұрғандарын бірден 
түсінді. Бірақ сыр бермеді. Сәл ғана басын иіп сәлем берген ол, бойын 
тез түзеп алып сөзін бастап кетті: “Менің қожайыным және әміршім 
саған мына сөздерді айтады... Сенің иығыңа бақыт құсы – Құмай 
қонды. Себебі мен – Құрыш – сені өзімнің әйелім ретінде таңдап 
отырмын”... 
- Не? Әйел? Мені ме? 
Елшінің айтқаны кенеттен болғандығы соншалықты болар, 
Томирис Мардтың не (парсылар елшісі – Қ.А.) дегенін бірден түсінбей 
қалса керек. Ал сөз төркіні өзіне әбден жеткенде ғана рахаттана бір 
күліп, зілсіз дауыспен: 

Менің күйеуім бар ғой! Және де массагеттер патшасының 
екі бірдей күйеулері болғаны дұрыс болмайды ғой. Оның үстіне екеуі 
де патша тұқымынан болса ше? – деді. 

Сенің әсемдігің аспандағы айдың шұғыласына тең. Ендеше, 
жарқыраған күн соған одақтас болайық деп ұсыныс жасап тұрғанда, 
айдың сөніп келе жатқан оттың шоғына ұқсағаны тіптен де болмас – 
деді елші. Дауысы қатқыл. Өзін тіпті маңғаз ұстайды. Бойы толған 


509 
тәкәппарлық. Алдындағы тұрған сақтарды жабайы санап, менсінер 
емес. 
Бұл менмендікке шыдамаған Рустем ашуына ие бола алмай 
елшіге қарай тұра ұмтылған болатын. Қолының онысын сәл 
қимылымен тоқтатып тастап, былай деді “Елші, әміршің мен
билеушіңе айта бар. Еркіндікте өскен дала қызы Томирис Отанының 
биік аспанын, шексіз даласын өте сүйеді. Және де оларды ешқашанда 
тар қапас, патшаның әйелдерінің сарайшығына айырбастамақ емес. 
Тағы да айта бар, елші. Томирис күң де емес. Өмірінде кепілдікте де 
жүрмек емес. Томирис патша болып туған, патша болып өледі де. Мені 
мұқият тыңда елші. Сөздерімнің бірін де қалдырмай жеткіз Кирге: 
“Парсылар патшасы! Мен сені жақсы түсіндім. Саған мен емес, менің 
патшалығым керек қой! Олай болса әлі де кеш емес. Қайт райыңнан. 
Өзіңді патшалардың патшасымын деп санайды екенсің. Мейлі солай-ақ 
болсын. Жүрген жеріңде жүре бер. Бірақ бізбен соғысамыз деп ойлама. 
Мен саған бұл сөздерді сақтардың қасиетті қаруын қолыма ұстап 
отырып айтамын. Сен қанішерсің. Ешқашанда қанға тоймағансың. Ал 
сен егер менің сөздеріме құлақ салмасаң – ант етемін. Мен сені қанға 
тойдыра аламын! 
Ал енді, елші, бар. Жолың болсын. Осы сөздерді қожайыныңа еш 
мүлтіксіз жеткіз!”. 
Романда оқырманға қатты әсер етер жерлердің бірі – парсылар 
мен сақтар арасындағы ұзаққа созылған шайқас. Бұған дейін Кир 
бастаған парсылардың қалың қолы сақтардан айтарлықтай қарсылық 
көрген жоқ болатын. Кир әскерлерінің сақтар даласына тежеусіз өтуі, 
парсылар қолбасшысының сақтарды ашық бетпе-бетте жеңе алмай 
талай зұлымдықтарға баруы, шайқастар барысында сақтардың 
айбынды батыры Рүстемнің қаза табуы, соғыстың ауыр зардаптары т.б. 
романда толық суреттемесін тапқан. Және де олар дерексіз де емес. 
Мысалы Геродотта Томиристің баласы Спаргапистің парсылардың 
қолына абайсызда түсіп қалғандығы, кейін шешесінің қолын байламау 
үшін өзіне қанжар салып өлгені туралы дерек болса, осы заманда 
жазылған шығарманың авторы осындай бір сәттерді романда тамаша 
көрсетеді. Міне, соңғы шайқастың да уақыты келіп жетті. Бұл жерде 
Б.Жандарбековтің соғыс психологиясын қаншалықты терең түсіне 
алғандығына таң қалмасқа болмайды. Шайқас алдында қарсы тұрған 
екі өлімге бара қою оңай емес. Оның үстіне болатын бұл қақтығыс ең 
шешуші соғыс болмақ. Не көшпенділер елінен, жерінен айрылмақ. Не 
парсылар жеңіп, онда сақтар үшін құлдық заман орнамақ.
“Парсылар соғысқа әбден дайын. Енді шайқастың басталуын 
мазасыздана күтуде. Сақтар болса сасатын емес. Жайбарақат. 
Күнделікті тіршілік.
- Енді қашан – деп мазасыздана іштерінен парсылар. 


510 

Олардың сасатын түрлері жоқ қой – деп ойлап үлгермеген 
Гарпагтың таң қалғаннан ах ұрған дауысы кенеттен шықты. 
Парсылардың көз алдарында жаңа ғана жайбарақат жатқан 
сақтардың ордасы көзді ашып-жұмғанша соғысқа дайын тұрған қалың 
қолды атты әскерге айналды да кетті. 
- Міне, соғысқа осылайша дайындалу керек – деген сөздерді
ғана айтын үлгерді Кир артында тұрған нөкерлеріне. 
Аттардың дүрсілі. Қиқулаған сақтардың дауысы жан шыдатар 
емес. Талай қан майданда болған парсылардың мазалары кетіп, 
бойларын қорқыныш билей бастады. Осылайша сақтар бірден соғыс 
барысын бірден өз пайдаларына шеше алғанын Б.Жандарбеков айтып 
отыр. Бұл басталған шайқастың керемет те, ауыр болғанын Геродот та 
айтады. Екі жақ та жан аямаған. Барлық күштерін іске қосқан. 
Шыдамаған Кирдің өзі енді қолындағы ең соңғы күші – талай 
шайқастарда шешуші жеңістерге жеткізіп жүрген он мыңдық 
жансыздар тобын бастап шайқасқа енген. Ендігі жерде кімнің айласы 
басым түссе сол жеңуге тиіс. Ол үшін ең қажеттісі шыдамдылық қажет. 
“Томиристің де күткені осы болатын. Ол шайқас даласына тағы да 
бір көз салды. Сақтардың жағдайы ауыр. Қарсылықтары да бәсеңдей 
бастаған сияқты. 
- “Сіңілілерім!” Саңқ еткен Томиристің дауысын бүкіл дала 
естігендей болды. “Парсылар енді массагет қыздарының 
айбыны мен қаһарын да байқап көрсін. Жауға еш аяушылық 
болмасын!”. 
- Жауға еш аяушылық болмасын! – бұл массагет қыздарының 
Томириске бір ауыздан берген жауабы еді. 
Бұл шайқас даласына елін, жерін сүйген, құл болуды қаламай, 
одан да майдан даласында қарсыластарын өздерімен бірге өлімге ала 
кетуге дайын жеті мың массагет қыздарының енген кезі болатын. 
Томирис шайқасқа жас кездерінен соғыс тәсілдерін әбден меңгерген, 
садақты ерлерден кем тартпайтын, сермеген қылыштары мүлт 
кетпейтін жас қыздарды енгізген еді. Сақтардың патшасы осы кезеңді 
әбден күткен еді. Қаншама жауынгер болса да қыздардың ерлер 
сияқты ұзақ шайқасқа шыдамайтынын Томирис сезбеді емес. Олай 
болса жауды жеңудің ең бір ұтымды жері, оларға тұтқиылдық көрсету. 
Шешуші кезде басымдылық көрсете алу. Міне, Томиристің де сенгені 
осы болатын. Өздерінің күштеріне сеніп, әбден масаттанған 
парсылардан сақтар патшайымы өзінің шыдамдылығының арқасында, 
соғыс тактикасын шебер қолдану нәтижесінде тағы да басым түсті. 
Ендігі жерде шайқас даласында тек бір ғана адамның дауысы естіліп 
тұрғандай. 


511 
“Қайдасың менің сүйікті күйеу жігітім! Мен сенімен кездесуге 
асықпын! Қайдасың сен, оңбаған парсы!” Бұл ашына айқайлаған 
Томиристің үні еді... 
Геродот болса шайқас туралы төмендегі деректі айтады: “Кирге 
берген ақылының жерде қалғанын білген соң Томирис өз әскерлерімен 
парсыларға шабуыл жасады. Менің ойымша – дейді грек тарихшысы – 
бұл шайқас бар болған шайқастардың ішіндегі ең жойқыны еді. 
Қарама-қарсы тұрған екі жақ алдыменен бір-біріне садақта оқ 
жаудырды. Жебелері таусылған соң семсерлері мен найзаларын ұстап 
жекпе-жекке көшті. Қарсыластар ұзақ шайқасты. Шегінер түрлері жоқ. 
Ақырында массагеттер жеңді. Майдан даласында бүкіл парсы әскерлері 
қырылды. Кирдің өзі де қаза болды”. 
Кирдің денесін таптырған Томирис оның басын қоржынға салуды 
бұйырды. Сөйтіп былай дей бастады “Мен тірі қалып, шайқаста сені 
жеңдім. Бірақ сен де менің түбіме жеттің. Айламен сен менің баламды 
қолға түсірдің. Енді, міне, мен саған берген сертімде тұрмақпын. Сені 
қанға тойдырамын”. 
Геродоттың тарихы мен Б.Жандарбековтың “Сақтар” тарихи 
роман-диалогиясының ұштастығы көп. Көне тарихшы өзі бір кездері 
жабайылар деп ат таққан көшпенділер – сақтардың - өмір сүрген 
қоғамына, салт-дәстүрлеріне, рухани дүниесіне және де атақты, әлемді 
билеген парсыларға қалайша төтеп бере алады деген сұрақтың 
жауабын іздестіру арқылы көз салса, бүгінгі кезеңде қазақтардың ата-
бабаларымыздың көне тарихына көркем шығарма негізінде назар 
аударған 
Б.Жандарбеков 
сақтардың 
тарихтағы 
алған 
орнын, 
қалдырған өшпес іздерін тек олардың жауынгершілік қасиеттерімен 
ғана түсіндіруден аулақ. 
Ауыр кезеңдердің бірінде Томиристің қол астына біріккен 
сақтардың аса бір қауіпті қарсыластарына өз тәуелсіздіктерін бермеуі 
кездейсоқ жай емес.
Олай дейтініміз, автор парсы-сақтар соғысын негізге ала 
отырғанменен, негізгі сақтар тайпаларының өз ара-қатынастарын да 
аттап кетпейді. 
Бірақ бастарына ауыр күн туған сәтте – Отанды қорғап қалу – 
сақтар үшін басты қасиет болғандығын Б.Жандарбеков астын сыза 
айта отыра, сол кезде Томирис секілді елді біріктіре алған ел 
басшысының тарихтағы орнын ерекше көрсетеді. 
“...Біз сендермен (парсылармен – Қ.А.) соғысуға асыға 
қойғанымыз жоқ. Ал егер де сендер қайтсек те бізбен соғысамыз деп 
өңмеңдеп 
қоймасаңдар, 
онда, 
жолдарыңда 
біздің 
ата-
бабаларымыздың молалары бар. Соны тауып алып бірін бұзып 
көріңдерші... Сол кезде біздің қалай соғыса алатындығымызды 


512 
көрерсіңдер. Бұл парсылармен соғысқысы келе қоймаған сақтардың 
оларға деген жауабы болатын. 
Дегенмен парсылар бұл ескертпемен санасқан жоқ. Қайта 
көшпелілерді қорқақтар деп санап, олардың еліне баса көктеп кіре 
бастады. Көптеген жерлерді жаулап алған олар, сақтардан 
соншалықты қарсылық күтпеген де еді. Солай бола тұрса да сақтарға 
қарсы соғысты бастамағанымен, әйтеуір бірде жауапты кезеңнің 
келетінін парсылар да сезбей қоймаған шығар. Сол сәт те келіп жетті. 
“Бабаларымыздың зираттарын жауға қор қылдырмайық. Басқа шегінер 
жер қалған жоқ!” Бұл сөздерді иесі сақтар патшасы әйгілі Томирис 
еді... 
Ұрпақтан ұрпаққа ендігі жерде Б.Жандарбековтің роман-
диалогиясы арқылы жеткен осы бір мағыналы сөздер, ерлікке толы 
оқиғалар оқырмандар үшін өте бағалы. 
Торғай толғауы. Сарыарқаның сүйіктісі 
Ж.Молдағалиев 
Ж.Молдағалиевтің “Торғай толғауы” мен “Сарыарқаның сүйіктісі” 
атты роман-дилогиясы мерзімдік жағынан қарағанда Ұлы Отан 
соғысынан кейінгі уақыттарды қамтиды. Мұнда сол кездердегі қыр 
өмірінің шындығы, бүкіл ел басына түскен сұрапыл жылдар 
ауыртпалығын кейінгі адамдар мінез-құлқындағы психологиялық, 
өзгерістер суреттеледі. Атап айтатын нәрсе, жазушы өз көзімен көрген 
сол бір кезеңнің біраз ауыр да ащы шындығын, тұрмыстағы кем-кетікті, 
материалдық жағдайдың қиын болғандығын нанымды деталь, ұтқыр 
эпизодтармен жап-жақсы елестетіп береді. Бір тәуір жері романда өмір 
жолы қызық та бұралаң адамдардың тағдырлары бар. Мәселен: Бәтес, 
Сұлтанғазы, Бәкен, Зинахметтер бір ғана ауылда кездеспейтін 
образдар. Олардың тағдыры, жан-дүниесі, мінез-құлқы, әрекет-
қарекеті, айтыс-тартысы иланымды шыққан. Ақзейнеп, Күнзила, 
Айғаным сияқты әйелдер образының шешімдері де өмір шындығынан 
шалғай жатқан жоқ. 
Біздіңше, осындағы өзгеше тың тұлға, сәтті образ Сұлтанғазы деп 
қараймыз. Сұлтанғазыны сол жылдары ғана бой көрсеткен, одан кейін 
түбірімен өмірден аласталған “жағымсыз” тип дей қою қиын. Мұндай 
өзгеден өзін артық санайтын, бетінің әжіміне дейін әзәзілдігін танытып 
тұратын, ешкімді көре де алмайтын, барын бөле де алмайтын пасық 
жандар арамызда жоқ емес. Оның ең бір зымияндығы сол – бойындағы 
арамдық сезімдерді жасыра, жаба білетіндігінде. Әрине, Бәкен мен 
Сұлтанғазы сынды тоғышар жандар – сұрқия кейіпкерлерді бүтіндей 


513 
қоғамдық тип, әлеуметтік құбылыс деуге болмайды. Жазушының 
антипатиясы да осыларға бағышталған. 
Екі 
кітаптан 
тұратын 
романдағы 
оқиғаларға 
бастан-аяқ 
араласатын орта кейіпкер – Нұрлан. Жазушының негізгі айтпақ болған 
идеялары да осы образбен түйінделетін сияқты. Рас, бірінші кітаптағы 
бала Нұрланмен, “Сарыарқаның сүйіктісіндегі” едәуір есейген бозбала 
жігіттің арасындағы рухани өсуді, характер дамуын көрмеуге 
болмайды. Бірақ, тұтастай алғандағы, яғни романның атымен айтсақ, 
Сарыарқаның сүйіктісі боларлық Нұрланның типтік образы қайда? 
Қалай, қандай жолмен ол Сарыарқаға сүйікті болып кетті? Бәлкім, ол 
бүгінгі заманның Біржан салы немесе Ақан серісі шығар? Жасыратыны 
жоқ, осы сауалдарға оқушы жарытымды жауап таба алмайды. 
Нұрлан орталық тұлға болғандықтан оның бойынан кешегі, 
бүгінгі әлеуметтік топтың, яғни жастардың жиынтық бейнесін, 
замандастар мінезіндегі жақсы қасиеттерді еріксіз іздейміз. Ал, Нұрлан 
болса, күрескер замандасымыздың типтік тұлғасын танытудан бұрын, 
кейбір тұстарда өз қарақан басындағы әрекеттерге құлатып сендіре 
алмайды. Автор характер логикасы деген бұлжымас заңдылықты 
сақтай бермейді. 
Төзім шеңбері 
С.Мыңжасарова
Сара Рахманқызы Мыңжасарова 1924 жылы 29 қазанда Ақтөбе 
облысы, Шалқар ауданы, Қара - Шоқат деген жерде туған. Ақтөбедегі 
мұғалімдер институтында оқыған. Одан кейін оқу – ағарту саласында 
жауапты қызметтер атқарған. 1954 жылдан бастап Талдықорған, 
Алматы облыстық газеттерінің редакцияларында қызмет істейді. 1971 – 
1983 жылдары Байланыс министрлігінің мерзімді баспасөзді тарату 
басқармасының баспасөзге жазылу бөлімін басқарған. 1970 жылы 
«Қыр қыздары» романы, 1981 жылы «Әйел бақыты», 1984 жылы
«Төзім шеңбері» романдары жарық көрген белгілі жазушы – 
публицист. 
Жазушы Сара Мыңжасарованың бұл романы «Осылай ма едің, 
махаббат», «Ұждан», «Ой үстінде», «Кездесу», «Қанаттану», «Дүние 
кезек» деген алты бөлімнен тұрады. «Осылай ма едің, махаббат» 
бөлімінде Ауыл кеңсесіне Сәлкен мен Күнсұлудың ажырасуына 
қыздары Іңкәрді шақырып, ауыл кеңесі төрағасы Жарқын Рақымов әке
-шешесінің ажырасатыны туралы айтады. Мектеп директоры Аржан
баланы құшақтап арқасынан қағып, жұбатады. 


514 
Әкесі оқуын бітіргеннен кейін, үшеуіміз қалаға көшпейміз бе деп 
бала әлі де үміттенеді. Бірақ, әке – шешесі бала кімді қаласа сонымен 
қалады деп шешеді. Әкесі қалаға кетіп, Күнсұлу ауылда қалады. 
Бұл бөлімде Сәлкенді Күнсұлудың өзі Мәскеуге оқуға жіберіп, өзі 
малын бағып, шөбін шауып, отын жинау, мектепті сыпырып, тазалау, 
колхоз жұмысына көмектесумен жүргенде, бара – бара Сәлкен өз 
дәрежесіндегі адамды іздер деген қауіпті ойламағаны туралы 
айтылады. 
Күнсұлу нағашысының ауылына қыдырып барғанда Сәлкенді 
кездестіреді. Күнсұлуды он алты жасында алып, екі жылдан кейін 
Мәскеуге оқуға кетеді. Он жыл Мәскеуде оқып келген Сәлкен 
ажырасуды ұйғарған. Сәлкен ағасы Мықтығұлдан көлік сұрап алып, 
стансаға жеткізіп салуын өтінеді. 
Он 
жыл 
бөлек 
тұрып, 
өскен 
орта, 
алған 
тәрбиедегі 
айырмашылықтар 
Сәлкенді 
ажырасуға 
бел 
буғызады. 
Ауыл 
адамдарының ой - өрісі, мәдениеті тұрғысынан Күнсұлу жақсы 
болғанымен, оған Сәлкеннің көңілі толмайды. Москвадағы ғылыми- 
зерттеу мекемесінде зерттеу жұмысымен айналысып, аяқтағаннан 
кейін Алматыға келетінін Мықтығұл ағасына айтады.
Сәлкен Инна сияқты білімді, көргені көп, әке – шешесінің көзі 
ашық адамды өзіне тең деп санайды. 
Екінші курстан бастап Иннамен араласып, көңілі ауған Сәлкен 
соңғы курста әйелі бар екендігін айтып, Күнсұлудан айырылысып, 
Иннаға үйленетінін айтады. Осы кезде Сәлкенге Күнсұлудан Москваға 
келемін деген хат келеді. Осы жаңалықты Леван досынан естіген Инна 
шыдай алмай Валя құрбысын Сәлкеннің әйелін көріп кел деп жібереді.
«Ұждан» бөлімінде Іңкәр үйден қашып барып, интернатқа 
орналасады. Күнсұлу ауылда туып - өсіп, ауыл психологиясымен 
бойжеткен, өскен ортасы ауыл болғандықтан оза шабар, адаспай 
шығар ұрымтал объектісі де ауыл өмірі болады. С.Мыңжасарованың 
қаһарманы Күнсұлу үшін ашыну да, басылу да, тасыну да, тосылу да 
таңсық болмай қалды. Күйеуімен ажырасу Күнсұлудың рухани 
әлемінде бұрын болып көрмеген алай – дүлей боран әкеледі. Өзінің 
басынан кешкен күйреуге Күнсұлу жайбарақат қарап қала алмайды. 
Күнсұлу айғайлап ұрысып, жылап ашуын тарқатпайды, керісінше 
барлық ауыртпалықты еңбекпен үнсіз жеңеді. Құрбылары Ақлима мен 
Бәтима Күнсұлуға оқу керегін ұқтырады. Күнсұлу аудан орталығында 
ашылған агрономдық курсқа оқуға жіберіледі. Аудандағы шешесінің 
үйінде жатып оқып жүргенде, курстың оқытушысы Андрей Күнсұлуды 
ұнатып, көңіл білдіреді. Екеуі ауылға бірге барып та қайтады. Романда 
Андрей өз әкесі орыс болғанымен, орысша аз білетін, таза қазақша 
сөйлейтін, мәдениетті, кейіпкер ретінде суреттеледі.


515 
Күнсұлу бес – алты ай оқып, курсты бітірді. Қазақстанға екі айға 
командировкаға келген Леван Күнсұлуды іздеп келіп, Сәлкеннің 
сәлемін жеткізеді. Іңкәрді демалыста Мәскеуге жіберуін сұрайды. Бірақ 
бала үйде жоқ болып шығады. Күнсұлу ауылына қайтатын уақыт 
жеткенде Андрейден маза кетіп, бір рет тілдесіп қалады. Бірақ Күнсұлу 
бір рет өмірлік жолдас болып көргенін, енді ондай қателікті 
қайталағысы келмейтінін айтады. 
«Ой үстінде» бөлімінде Инна мен Сәлкен арасындағы арақатынас 
әңгіме болады. Сәлкеннің қайнағасы Абрам Моисеевич қазақтардың 
әдет – ғұрып, салт – сана, әдебиет, мәдениетінің жәйін білуге бағдар 
қояды. Үш – төрт айға өндіріске барып келгеннен кейін, Сәлкен мен 
Инна үйленеді. Екеуі жатақханада тұрып, балалы болады. Өмірінде 
бала қарамаған Сәлкен үй шаруасына араласып, қаншалықты қиын 
екеніне көзі жетеді. Балаларына Ким деп ат қояды. Бұл – 
коммунистический интернационал молодежи деген сөз екен. Балаға 
ұйымның атын қойған жастарға Абрам Моисеевич ренішін білдіреді. 
Әкесі үйінен кеткен соң Инна өзіне - өзі қарап, сырт бейнесін 
қалпына келтіруді ойлайды. Осы күндері Қазақстанның әдебиеті мен 
өнерінің он күндігіне Күнсұлу Москваға ән айтуға келіп жатады. Инна 
мен Сәлкен «Кездесу» бөлімінде Күнсұлудың домбыраға қосып ән 
салғанын, залда Сәлкенді құшақтап тұрған жас әйелді көргендегі 
Күнсұлудың ішкі сезімі шебер берілген. «Жас әйел құшақтап тұрған 
Сәлкенді көргенде денесі тітіркеніп, бойында жүрген көмескі сезім 
сейіле бастады. Алғаш рет Сәлкенге деген жиреніш сезімі пайда болды. 
Бұрын оның үйленгенін білсе де, көзі көрмегенсіп біржола жирену, 
үзілді – кесілді жек көру ойын да, сезімін ойламаған да болатын. Оқта 
– текте өткенде есіне алып, аңсайтын да. Ал, қазір пір тұтқаны перідей 
аңсағаны албастыдай көрінеді» 1,171. деген шешім Күнсұлудың 
болашақ әрекеттерін тұспалдауға мүмкіндік жасайды. Бұл өткір 
драматизмге құрылған эпизод. Күнсұлудың бойында өзіне бейтаныс бір 
реніш сезімі түңілумен астасып, қайрылмастай күйге түсуі ашық 
суреттелген. 
«Қанағаттану» бөлімінде аудандық партия комитеті хатшысы 
Асыл 
Дидаров, 
жаңадан 
келген 
екінші 
хатшы 
Шатқалбай 
Асаубаевтардың іс-әрекеттері әңгіме болады. Күнсұлу аудан жастары 
арасында Мәскеу сапары туралы есеп береді. Шатқалбайдың орнына 
Андрей екінші хатшы болып сайланады. Осы бөлімде Күнсұлудың інісі 
Ақан әскерге кетіп, шешесі Айбарша жалғыз қалады.
«Дүние кезек» бөлімінде Инна мен Сәлкен ауылына келгенде 
Күнсұлу аудан орталығына көшкелі жатады. Соңғы рет Сәлкен клуб 
алдында Күнсұлуды Андреймен кетіп бара жатқанын көріп, іші удай 
ашиды. Осы тұста Инна өзінің ақылдылығын көрсетіп, Андрейге өмірлік 


516 
сапарының сәтті болуын тілеп, Сәлкенді ырқына көндіріп алып кетеді. 
Сәлкен басына қонған бақытын өзі аялай білмегенін түсінеді.
Романның соңғы бөлімінде Күнсұлу мен Андрейдің бір – біріне 
деген іңкәр, ыстық, мөлдір махаббатты шығармаға романтикалық рух 
берген тұсы деуге болды. Өз бақыты үшін күрескен қазақ әйелінің аз 
өмір кезеңі алынса да, романда айналаны қоршаған ортаны, табиғат 
суреттерін кейіпкерлердің бітім – болмысымен, әрқилы жан 
толқынысымен қоса қабат суреттеген. 
«Түн. Ашық аспан. Шарасына толған ай, жеке дара жарық 
көрінетін жұлдыздар, қоңыр самал жел жазық даланы маужырата 
тербетеді. Жадыраған табиғат баланың ойын бірте – бірте сергіте 
бастады», әке – шешесінің ажырасатынын естіген Іңкәрдің алай – 
дүлей көңіл күйін табиғат ана өз бауырына басып алғанына куә 
боламыз. 
Бас қаһарман Күнсұлудың «Күнсұлу екі ұдай сезімде жігітке қарап 
біраз тұрды. Қараған сайын жүрегі шымырлайды, құшақтай алып, 
құшырлана сүйгісі, тіпті осы жігіттің махаббатына тұншыққысы келеді 
деген жолдардан Андрейге деген сезімі, тірліктің мәнінің қазығы өз 
бақытын табуда деген нақты қорытынды шығарады. 
Жазушы Сара Мыңжасарованың бұл романында ауыл тіршілігі 
және ауыл адамдарының бір – біріне деген шынайы қарым – қатынасы, 
туыстық сезімі біршама тәуір сипатталған. Күнсұлудың басына іс түсіп, 
қиыншылық көргенде құрбыларының көмекке келуі де нанымды 
берілген. «Күн батып кетті. Қырманда күзетшіден басқа ешкім жоқ. 
Күнсұлу әлі бидай суарып тұр. Бұл күндері Күнсұлу қорасында бір – екі 
ұсақ жандығына, жалғыз сиырына да қарауды қойған. Оларды 
іздемейді, сиырды саумайды. Көршілес, ағайындас әйелдер ертелі – 
кеш үнсіз келіп, малын жайғастырып, сүтін пісіріп кетеді»- деп автор 
сол шақтағы Күнсұлу қайғы – қасіретіне ортақтасқан ауыл адамдарын 
мәні бар штрихтар беру арқылы көрсетеді. 
Қиын қыстау шатқалаңда шыныға түскен Күнсұлу жарық 
күндерден үмітін үзбей, жігер мен күрес үстінде көрінеді.
«Төзім шеңбері» романының қаһарманының алдағы тағдыры, 
кейінгі халін топшылауды автор оқырманның үлесіне қалдырады. 
Қорыта айтқанда, автор бұл романда қазақ әйелінің еңбекке 
араласып, өз бақытын тауып, қызғылықты өмір кешетініне оқырманның 
көзін жеткізе суреттеген. 
Тұрғылас түлектер 
М.Құлыбекұлы 


517 
Социалистік күрес жөніндегі шығармалардың қатарынан Махфуз 
Құлыбекұлының “Тұрғылас түлектер” романын көруге болады. Бұнда 
жаңа заман орнату жолындағы қайшылықтармен қатар әйел теңдігіне 
баса назар аударылады. 
Әліпбай мен Қожақұл мыңғырылған түлігі мен жасанған 
байлығына мастанған надан байлар. Осы байлығының арқасында 
екеуінің де атағы дәуірлеп, тасы өрге домалайды. Әліпбай адуын да 
ерке бәйбішесі Әйменді ығына көндіріп, тоқал алуға ниеттенеді. Бұл 
ниетін қоштаған Қожақұл молдаға Әліпбайдың сойылын соғып, 
атқосшысы болудың өзі үлкен мерей. Әрі шариғат жолы ұйғарады 
дегенді желеу етіп 17 жасар Қайшаға құрық салады. 
Романды оқи отырып, ХХ ғасыр басындағы қазақтың алғашқы 
романдарының бірінен саналатын Спандияр Көбеевтің “Қалың мал” 
романымен ұқсас сюжеттерді кездестіреміз. Тіпті, кейіпкерлерінің кәсібі 
мен есімдері де бірдей. Мәселен, “Қалың малда” азап шегіп азын-аулақ 
малға сатылып, Тұрағұл байға пенде болатын Қайша есімді әйел 
болатын болса, Махфуз Құлыбекұлының да бас кейіпкері – Қайша. 
“Қалың малдағы” қыздың әкесі надан әрі топас Итбай қызының көз 
жасынан бұрын бес-онды ұсағына мастанса, “Тұрғылас түлектегі” 
Молдаш қызының бай жерге барып, қолын жылы суға малып 
отыратындығын 
көңіліне 
медеу 
тұтады. 
Спандияр 
Көбеевтің 
романындағы Қайшаның сүйген жігіті Итбайға жиен, Махфуз 
Құлыбекұлының романындағы Сейіттің де Қайшаға туыстығы – 
жиендік. Бұған қарағанда, роман авторының аталмыш шығармаға 
қатты еліктегені байқалады. 
Дегенмен, осы сияқты ұқсастықтарымен қоса, екі роман екі түрлі 
оқиғамен өрбиді. “Әрине, әрбір шығарманың да өз дәрежесінде 
танытқыштық әсері болады. Бірақ, шығарманың ұзақ жасауының сыры 
оның халық өміріне қажетті мәселелерді тереңнен суреттей 
білгендігіне байланысты. Көркем әдебиет сылдыраған сұлу сөздің 
жиыны емес, ол өмір шындығын көркем образдар арқылы танытуға 
тиіс”. Қожаш Қайшасын Тұрағұлдың шеңгелінен көп ұзамай құтқарып 
алса, Сейіт оқуға аттанып кеткендіктен, Қайшаның қолынан келер 
ешқандай қайран жоқ. Әліпбайға пенде боп, үш жылын өткізеді. Тек, 
арайлап революция таңы кедейлермен бірге әйелдерге де теңдік ала 
келеді. 
Жаңа заман ығына жығыла білетін әккі байлар сияқты Әліпбай 
да бұлаң құйрыққа салып бағады. Малшы-жалшыларына бұрынғыдай 
дөңайбат танытпай, шырғалап, ұстау әдісіне көшеді. Аяқасты 
мейірімділік танытып, жомарт қылық көрсете бастаған қожайынның 
неліктен “жусаннан аласа, бетегенден биік” болып жүргенін олар да 
түйсінеді. Сондықтан да, оның көлеңкесін сүйіп, құр атағына табынуды 
доғарып, бойларын аулаққа сала бастайды. Әліпбай алақұйын 


518 
өзгерістермен жаны қас, бірақ, қанша бұлқынса да заман дегенін 
жасап тынды. Шарасыздықтан қулыққа басып, ықтай жалдауға көшеді. 
Оның бұл ішмерездігі де айқындалып, түрменің тас қабырғасын да 
күзетіп оралады. 
Әліпбаймен ісі де, қылығы да ұқсас келесі тип – Қожақұл молда. 
Жұрт арасында шариғат айтып, арамза молдалық құрып байыған 
Қожақұл Әліпбай сияқты байлармен терезесі теңесіп, үзеңгіге аяқтары 
бірдей жетіп жүргеніне күпиеді. Өзіндік ойы, түйгені жоқ молда 
Әліпбайдың шылауынан көп шыға қоймайды. Арман-мүдделері баю 
ғана болғандықтан, бірін-бірі жөптеп, бірге іс қылады. Әліпбайдың 
қулығы ашылып, сотқа тартылғанда, Қожақұл да ер кетеді. 
Міне, дала шонжарларының бет-бейнесін, тоғышар тірлігін осы 
екі образ арқылы тани аламыз. Екеуі де шарасыздықтан жаңа қоғамға 
мойынсұнып, тізе бүгеді. 
Ауылдағы орта шаруа, кедейлер өмірін – Молдаш ұста, Көксеген 
етікші, Жәнібек аңшы, Оралбайлардың тірлігі арқылы өрбітеді. Бұлар 
шығарма басында бір-бір байдың жалшысы болады. Байлардың 
Алланың рақымы дарып, мейірімсіз әпербақандығы, қит етсе қамшы 
үйірер есерсоқтығы жалшылардың санасына кек ұялатады. Буырқанған 
ашу-ыза 
қожайындарына 
деген 
суық 
кекшілдікке 
жетелейді. 
Революция жеңгенімен әлі қанатын кеңге жая қоймаған жаңа заман 
тірлігі, кедейлерге бақ пен теңдік әперер ұжымақ өмірдің жаңалықтары 
күн өткен сайын жаңғырып, құлақтарына сіңісті бола бастаған 
кедейлер бел алып қоқилана түседі. Күш біріктіріп бас көтермесе де, 
қожайындарына ірілік танытып, қамшысына бойұрмайтындай халге 
жетеді. 
Әліпбайдың қатын-баласының етігін тігіп, ас-суын айыратын 
Көксеген артельге мүше болғаннан кейін, өз еңбегінің жемісін көріп, 
көсегесі көгерсе, Молдаш ұста, Жәнібек Оралбайлар да ортақ қазанға 
ас салып, орашолақ тірліктен құтылады. 
Романдағы бас кейіпкер – Қайша қалың малдың құрбаны болған 
қазақтың көп қыздарының бірі. Әкесінің де үлкен шалға пенде 
болғанымен қоймай, Қайша Әліпбай мен Әйменнің отымен кіріп, 
суымен шығады. Қорлығы мен мазағына көніп, өлімші болып таяғын да 
жейді. Әлпештеген ата-анасымен де кездесу мұң болады. Әліпбай 
жалшыларына көрсеткен қырын бұған да қолданады. Оның Қайшаға 
деген ең үлкен ызыты – менің атақ-даңқымды сыйлап, үлкен басымды 
кішірейткенде құшағыма өз еркімен құламады, мені менсінбеді деген 
кеудемсоқтық. Бірақ, оның бұл әрекетінен ештеңе шықпайды. Қайша 
күн өткен сайын Әліпбайдан алыстай береді. Жаңа мизамдағы сауат 
ашу науқаны Қайшаның өміріне түбегейлі өзгеріс ала келеді. Анша 
қарсылық танытып Қайшаны өз бетімен жібергісі келмесе де, Әліпбай 
оны сауат ашуға шығарып салады. Тұтқындағы еліктің лағындай күй 


519 
кешкен Қайша еркіндікке қол жеткізіп еркінше самғайды. Сейіттен 
күдер үзбесе де, бір бұлдыр сағымның соңынан ілеседі. Одан келген 
хат өміріне шуақ шашып, мол үміттерге жетелейді. Осы хат екеуінің 
сезімін жалғастырушы алтын көпір, нәзік арқау іспетті. 
Жаңа қоғамның шалғай ауыл өміріне әкелген тағы бір жаңалығы 
– Қарлығаш сияқты алпауыттың қызының әке-шешесінің ақ батасын 
аттап, өзінің сүйген Жайнағына қосылуы. Бұрынғы есігінде жүрген 
етікшісі енді терезесі тең құдасына айналғаны Әліпбай мен Әйменнің 
ішкі қыжылын одан әрі қалыңдата түседі. Бірақ, оларда құр кіжінуден 
басқа амал қалмаған. 
Романда баяндау үлгісі басым. “Романның баяндау жүйесінің 
сарқып құяр сағасы бейнелеу болып табылады”. Осы бейнелеу 
құралдары аталмыш романда аз кездеседі. Шегіністердің орынды 
пайдаланғанын баса айтқан орынды. Кейіпкерлердің образы көбінде 
суреттеліп, ішкі-жан дүниенің ашылуы сараң. Автор алдыңғы 
шығармалардың жетегінен шыға алмаған. Ішкі мазмұнға ену жағы 
солғын. 


520 
Ш 
Шеңбер 
О.Сәрсенбай 
Оразбек Сәрсенбай 1938 жылдың тамыз айында Қызылорда 
облысы, Шиелі ауданының “Жаңа тұрмыс” ауылында дүниеге келген. 
1945 жылдың күзінде “Жансейіт” бөлімшесіндегі үш кластық 
мектепке оқуға түседі. Одан соң “Ақтоған” жеті жылдық мектебін 
бітіріп, Шиелі ауданы орталығында №45 қазақ орта мектебінде оқуын 
жалғастырған. 1957 жылы С.М.Киров атындағы (қазіргі Әл-Фараби 
атындағы) Мемлекеттік университетінің филология факультетіне оқуға 
түседі.
Жоғарғы оқу орынын тәмамдағаннан соң О.Сәрсенбай туған 
жеріне қайтып оралып, Шиелідегі М.В.Ломоносов атындағы орта 
мектепке қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып қызметке 
орналасады. Ал, 1966 жылы Алматыға, жастар газеті “Лениншіл жасқа” 
жұмысқа шақырылады. Бұдан соң “Жұлдыз” журналында (1968-1973), 
“Қазақ әдебиеті” газетінде (1974-1982) бөлім меңгерушісі, Қазақстан 
Жазушылар Одағында (1982-1986) әдеби кеңесші қызметін атқарған. 
1987-1993 жылдардың аралығында “Жазушы” баспасының бас 
редакторы, “Өнер” баспасының директоры (1993-1995) болады. 1996 
жылдан күні бүгінге шейін О.Сәрсенбай – “Қайнар” баспасының 
директоры. 
О.Сәрсенбайдың шығармашылық өмірбаяны орта мектепте, 
университетте оқып жүрген шәкірттік жылдарда басталады. Елуінші 
жылдардың екінші жартысында, алпысыншы жылдардың басында 
аудандық “Стахановшы”, облыстық “Ленин жолы”, республикалық 
“Қазақстан пионері”, “Лениншіл жас” газеттерінде оның алғашқы 
өлеңдері мен әңгімелері жарияланады. Кезінде “Лениншіл жас” 
газетінде басылған “1961 жыл” атты публицистикалық дастаны әдеби, 
саяси ортада үлкен дау-дамай туғызып, Қазақстан Компартиясы 


521 
Орталық 
Комитетінің 
сол 
тұстағы 
хатшысы 
Н.Жанділдиннің 
баяндамасында сынға ұшырайды.
Жазушы О.Сәрсенбай осы уақытқа дейін 20-ға жуық жеке 
кітаптар бастырған. Оның әдеби сын, көркем публицистика, аударма, 
поэзия саласындағы жарияланымдары да қалың оқырманға жақсы 
таныс. Ол әр жылдарда В.Короленко, В.Иванов, Ф.Абрамов, 
Ф.Искендер т.б. секілді өзге ұлт жазушыларының таңдаулы әңгімелерін 
қазақша сөйлеткен. О.Сәрсенбай қаламынан туған әңгімелер негізінде 
“Долана” атты (Қазақфильм, 1981 ж., режиссері – С.Нарымбетов) 
көркем-суретті фильм түсірілген. Жазушының жеке шығармалары 
украин, орыс, эстон, якут, марий, тува, венгр, қытай, корей, ағылшын, 
өзбек, қырғыз, татар тілдеріне аударылған. Оның “Уәде” атты повестер 
мен әңгімелер жинағына Қазақстан Жазушылар Одағының М.Әуезов 
атындағы сыйлығы (1987), ал “Шамшырақ” романына республикалық 
“Алаш” сыйлығы берілген (1994). 
Оразбек 
Сәрсенбайдың 
“Шеңбер” 
романында 
үстіміздегі 
ғасырдың 70-ші жылдарындағы қоғамдық тіршілік сөз болады. 
Бұл роман көркемдік жанрлық жағынан сипаттағанда әлеуметтік-
психологиялық әдісте жазылған шығармалар қатарына жатады. 
Романда кешегі социализм заманында өмір сүрген естияр жасамыс 
ұрпақтың тапқандары мен жоғалтқандары, түптің түбінде зор қасіретке 
айналған бақталастық пен тақталастық, өзімшілдік пен дүниеқорлық 
сырлары жан-жақты көрініс табады. Осындай сиқырлы шеңбердің ішіне 
түсіп, ар мен азаматтық жолында арпалысқа шыққан ел ағалары 
Шерәлі мен Тоқтарбайдың, өзге де иманды адамдардың қилы-қилы 
тағдыры оқырманды бей-жай қалдырмайды.
“Психологизм – көркем әдебиеттің тұтас болмысынан сарқылмас 
қасиет. Біз ол жағдайды байқай бермейміз. Сонымен бірге психологизм 
– көркемдік бейнелеу принципі, ойлау типі, жазушы талантының төл 
белгісі. Әрі стиль көрінісі”, - деген ғалым Б.Майтановтың түйіндеуі 
орынды. 
О.Сәрсенбайдың “Шеңбер” романы үлкен-үлкен сегіз тараудан 
тұрады. Бұл әлеуметтік-психологиялық романда автор өмір шындығын 
айна қатесіз беруді мақсат етіп қана қоймаған, айналадағы әлеуметтік-
психологиялық құбылыстарды терең, дұрыс пайыммен қорытып бере 
алуымен ұтқан секілді. Роман қаһармандары Тоқтарбай Арыстанов, 
Шерәлі Дүйсенбаев, Мүбәрәк Құсниденов, партизан Аппақов, Ақтай 
Жаһилов т.б. жадағай күйде еміс, рухани дүниесі тартысқа толы, 
ойланатын, ақылды, бірақ жаңылыс басатын тұстарын да көрсету 
арқылы құнарлы дәстүрді жалғастырған. 
Уақыт өзгермелі екені даусыз. Дегенмен кешегі мақтаныш болған 
саясат, идеология бүгінгі күні ерсі болып болып отырғаны да табиғи 
құбылыс. Сондықтан бұл романда өткен іске топырақ шашады деуден 


522 
аулақпыз, дегенмен кешегі социализм заманындағы өмір сүрген 
қарапайым халық, басшы қауым, орта қызметкер т.б. арасындағы 
талас-тартыс, бақталастық жан-жақты суреттеледі. Осы арқылы 
жазушы түрлі әлеуметтік топтағы адамдардың түсінік, наным, дағды, 
өмірге көзқарасын шебер кестелеуге қол жеткізген. 
“Отыз 
жетінші 
разъезд” 
атты 
тарауда 
облыстық 
ауыл 
шаруашылық 
басқармасы 
бастығы 
Тоқтарбай 
Арыстанбековтің 
орынбасары Шерәлі Дүйсенбаевтың өлігі 37 разъезд маңындағы көпір 
астынан табылады. Бұл азаматтың өліміне кім себеп болғанын 
қарапайым халық түгілі, құқық органдары да анық таба алмайды. 
Айтулы азаматтың оқыстан болған қазасы және оны жерлеу үстіндегі 
оқшау оқиғалар жайында лақап сөз әдеттегідей үстемеленіп, жан-
жаққа тарап, облыс басшыларының басы қататындай оқиғаға 
айналғанын нақтылы өмірлік деректер арқылы көз алдыңызға 
елестетеді. Романның алғашқы беттерінде ауыл қазақтарының 
қалыптағы мінез-құлқын, жікшілдікке бейім тұратындығын тұтастыра 
қамтиды. “Ел іші қашаннан жікшілдікке, талас-тартысқа, тіпті, 
жауығуға, өшігуге кенде емес-ті, бұдан қазіргі шен-шекпен, атақ-
абырой үшін жандарын сатып, жанығып жүрген басшылар жағы
құралақан деуге солардың бел ортасында жүрген отағасының аузы 
бармайды”, - деп халық пен басшының портреттік белгілерін ашық 
бағалау сарынын танытады.
Бұл романда сәтті шешімін тапқан негізгі қаһарман Тоқтарбай 
Арыстанбеков пішіндемесі сәтті шыққан. Тоқтарбай іс-әрекет, 
адамгершілігімен көзге түсіп, айтылар сөзі орынды, ойы дұрыс, 
табиғаты обьективті жақсы көрінетін бейне ретінде суреттеледі. 
Жазушы Тоқтарбай портретін кейіпкердің өз сөзімен суреттейді:
“Айнаға қанша қарағыштағанмен, өз бойынан пәлендей елеулі 
өзгерістер көре алмады. Азын-аулақ бурыл араласқан қайсар қара 
шашын шалқасынан қайырған, екі шекесі қисықтау, бірақ дөң, жазық 
маңдайлы құбақан кісінің бірден сырт көзге түсетін қасты қалың 
қабағы еді. Көз шарасы үлкен, аздап алалау, көз құйрығынан екі 
самайына қарай екі-үш сызық терең әжімдер түскен. Дөңес мұрын, кең 
танау, жұқалау ерін сызығы екі езуіне қарай доғаланып біткен: иегі 
шығыңқы, бірақ шықшыты білінбейтін дөңгелек жүзді. Егер ұстарамен 
көгертіп қырып тастамаса сақалы қалың өсетін ыңғайы бар екен”, -
деген жолдардан 1970 жылдардағы аға буын өкілдерінің бейнесі 
ашыла түсіп, сыртқы пішінінде типтік сипат арқылы кейіпкердің ішкі 
психологиялық сыры көрінген. Тоқтарбай қаншама сыртын айбатты 
ұстауға тырысқанымен, боркеміктеніп бара жатқанын жақсы сезеді. Іш 
пен сырттың тұтастығы дегенге тіпті сенбейтін, екіжүзділіктің қазақ 
арасында меңдеп бара жатқанын, үй ішінде бір беті, ел алдында бір 
беті бар екенін іштей мойындайды. Тоқтарбайдың жан дүниесіндегі 


523 
өмір, қоғам, адам, тұрмыс жайлы философия қағидалары ақиқат 
жолына сілтесе де, күресуге, әділетсіздікке қарсы тұруда дәрменсіздік 
көрсетеді. “Заманның қаталдығын, әйтпесе кеңдігін сылтау етіп, ар-
ұждан 
алдындағы 
жауапкершіліктен 
қашып 
құтылып 
кеткен 
замандастары Тоқтарбай көріп те, біліп те келеді. Өзінің уақыттың 
суық желінен сескеніп, сай-саланы тасалаған кездері аз емес. Қаншама 
қайрат жинап, қарсы шапқан кездерде беті қайтып, мұқалып, жүдеген 
күндері. Біраз бір шүкіршілік ететіні – зұлымдықтан жеңілген шақтарда 
да замана ағымын сылтау етіп, ақталуды білмепті”, - өзінің осалдығын, 
болымсыздығын мойындаған кейіпкер патша көңіліндегі ойларын 
оқырманға жайып салады.
Бұл романда 70 жылдардағы облыс, аудан басшылығында 
отырған адамдардың мінез-дағдыларын шебер кестелеген. Облыстық 
партия комитетінің бірінші хатшысы Мүбәрәк Құсниденовтің кейіп, 
кескінімен өзін ұстай білу манерасы нақты өмірлік деректермен ұтымды 
берілген. “Бүгін Біріншінің қимылы жылдам, жүзі жарқын көрінді. 
Үстіне ине жіптен жаңа шыққандай тап-таза, келісті тігілген ақ-сұр 
костюм киген. Мойнына жағылған дөңгелек теңбіл жазбалары бар 
қызыл күрең галстук пен ақ сұр костюмге ерекше жарасымды реңк 
береді. Маңдай шашы селдіреп, түсе бастаған, елудің ортасына 
шыққанмен, бүткіл өн бойында, жүріс-тұрысында әзір еңсерген 
егделіктің белгісі білінбейтін, недәуір толысқан, екі шекесі бұлтиған, 
айқабақ, биіктеу қыр мұрынды азаматты нағыз жігіттік дер шағында 
деп балалауға болар еді.
...Мүбәрәкті қысы-жазы нар інгеннің сүтін ішеді деп естуші еді. 
Сонысы сірә рас шығар – атаның жасына келсе де, шіркіннің үлкен 
қара көздері шырақтай жанып, денсаулығы сыртқа тепсініп-ақ тұр 
екен” [1,60]. Жазушы 1970 жылдардағы облыстың бірінші басшысын 
бейнелеуде оны ой-өрісін, дүниеге көзқарасын да қоса суреттейді. 
Негізгі геройлардың бірі Мүбәрәктің өзімшілдік, дүниеге көзқарас 
сырлары жан-жақты ашылады.
Бұл романның негізгі геройлары – Тоқтарбай мен Мүбәрәк. Бұл 
екеуінің өмір өткелдері бір болғанымен, тағдыр-талаптары әртүрлі 
жандар. Тоқтарбай әділдікке жақын жүретін иманды жан болып 
көрінсе, Мүбәрәк одан мүлде бөлек, өмірінің көбіне мақтағанды 
сүйетін, бақталастықпен өмірін өткізіп келе жатқан адам ретінде 
көрінеді.
Басты қаһармандардың өмір қақтығыстарынан шынайы шындық 
ашылып, Мүбәрәк бейнесін көз алдыңа келтіргенде оның құбылмалы, 
ойнақы мінезін тез аңғара алмайтын айналасындағыларға жұмбақ 
жандай көрінеді.
Бұл романда 1970 жылдарда өмір сүрген ұрпақтың басында 
болған бірқатар жайларды аңғартып, сол кездегі тұрмыс-тіршілік, 


524 
олардың 
өмірімен 
қоршаған 
ортасымен 
Мүбәрәк 
Құснидинов 
тағдырымен сабақтастырыла, тұтастыра отырып суреттелгеніне 
оқырман көзі жетеді. 
Оразбек Сәрсенбайдың “Шеңбер” романындағы көтерілген қазақ 
қауымы ортасындағы әлеуметтік-психологиялық проблемалары күні 
бүгінге дейін күн тәртібінен түспей келе жатқан өзекті мәселелер. Бұл 
шығарма адамгершілік проблемасын жан-жақты көтерген, сол кезде 
өмір сүрген Тоқтарбай, Шерәлі, Аппақ, ЖәҺилов, Мүбәрәк т.б. арқылы 
сол кезеңнің адамгершілік әлемін, рухани қуатын, психологиялық 
болмысын пәрменді суреттеген шығармалар қатарына жатады десек 
қателеспеспіз.


Ы 
Ызғар 
К.Қазыбаев 
К.Қазыбаевтың 
“Ызғар” 
романында 
Ұлы 
Отан 
соғысы 
жылдарындағы тылдағы қиыншылықтар яғни ауыл адамдарының әр 
алуан тағдырлары баяндалып, ел басына қаралы күн туып, ер 
азаматтар түгелдей майданға атанған азалы да ауыр шақтағы 
тылдағылардың патриоттық психологиясы әртүрлі характерлер арқылы 
ашылады. Біз әдетте патриоттарды оқ жауып, снарядтар нөсердей 
төніп жатқан, адам қаны судай төгілген майдан даласынан ғана 
іздейміз. Бұл принцип дұрыс та шығар. Алайда, тылда болғандардың 
да ересен ерлігін ұмытуға болмайды. Тарихи фактілерге жүгінсек 
ауылда күн-түн демей арып-ашып еңбек еткен қамкөңіл аналар мен 
иіні түсіп көзі бозарған бозбалалардың, қылымсып қыңқ етпестен 
ерлермен иық тірестіре жүріп орақ орып, жер жыртысқан қыз-
келіншектердің және басқалардың Ұлы жеңіс үшін зор үлес 
қосқандарына көз жеткіземіз. 
Міне, бұл жағдайлар Отан үшін, Майдан үшін, Жеңіс үшін бар 
күшін 
аямағандардың 
психологиясы 
шағын 
ғана 
“Алғабас” 
колхозындағы адамдар тағдыры арқылы суреттеледі. Осы бір 
қарапайым ауылдағы үлкен өмір шындықтары сол уақыттағы кез-
келген қазақ ауылдарының басында болғанына ешқандай да 
күмәнданбайсыз. Осы ауылдан 110 азамат соғысқа кетіп, оның 30-ы 
ғана оралса, (олардың өзінің де төрт мүшесі түгел емес қой...) мұнан 
ауыр жағдайлар басқа жерлерде де болғаны тарихи шындық еді. Автор 
Жетісудағы бір ауылдың тыныс-тіршілігін көрсете отырып, баршаға 
ортақ типтік өмір шындығын елестеткен деп бағалауға болады. 
Жазушы суреттеген драмалық өмірге қарап, бүкіл сол кезеңнің 
моральдық рухын, халық басындағы алапаттай ауыртпалықты сезінер 
едік. Біздіңше, романның көркемдік құндылығы осында жатыр, яғни 
роман көтерген жүктің әлеуметтік салмақтылығында. Соғыстың өзін де, 
зардаптарын да білмей бұла өскен кейінгі ұрпаққа сол жылдарғы 
тылдағы қиыншылық өмірді осылай көрсеткен роман – повестердің 
эстетикалық әсерін былай қойғанда, патриоттық зор мәні бар екендігін 
ескерер болсақ, аталмыш романымыздың идеялық салмағы да арта 
түседі. 
Сонымен “Ызғар” романының негізгі тақырыбы – соғыс 
жылдарындағы ауыл өмірі. Жазушы сол бір сұрапыл шақта болған 


және болуы мүмкін типтік оқиғалар мен әлеуметтік әрекеттерді 
жинақтап реалистік тұрғыдан көрсетуді мақсат еткен. 
Рас, бұл тақырыпта жазылған дүниелер жалпы совет әдебиетін 
былай қойғанда, бір қазақ әдебиетінің өзінде де аз емес екендігі 
жұртшылыққа 
мәлім. 
Көптеген 
қаламгерлеріміздің 
соғыс 
жылдарындағы ауыл өміріне арналған роман, повесть, әңгімелері бар. 
Мұның өзі бұл тақырыпқа қалам сілтеген қазіргі жазушылардың 
эстетикалық міндетін ауырлата түсетіні анық. Себебі сол кездегі 
әлеуметтік оқиғалардың жалпы сұлбасы бойынша көптеген сюжеттік 
желілер оқушыларымызға белгілі. Мәселен, сол шығармалардың 
көбінде ер-азаматынан айырылып көңілдері майырылған абзал аналар 
мен аяулы арулардың образ-характерлері сомдалған. Сондықтан да 
бұл тақырыпты жазғанда бұрыннан таныс бейтаныс оқиғалар мен 
характерлердің қайталанып, белгілі өмірлік ситуациялардың суреттеліп 
кетуі мүмкін. Мұндай белгілі тақырыпта басқаша көркемдік шешім 
түйіндердің жасалуы сайып келгенде жазушының образ-характерлер 
өрнектеудегі қыруар ізденісімен, өмір шындығын көркем шындыққа 
айналдыра білудегі шеберлігіне тікелей байланысты. Сондай-ақ бір 
немесе ортақ тақырыпта жаза отырып та тың ой әлемінде дәлелденген 
факті. 
Біз “Ызғар” романын оқып шыққанда, автордың әлденеше рет 
жазылған тақырыпқа барып отырғанымен өмірге, адамдарға, сол 
уақытқа өз көзқарасы, өз байламы мен пайымдауы бар екендігіне 
мойынсұндық. Оның ең басты дәлелі – романдағы негізгі және қосалқы 
кейіпкерлердің сыр-сипаттары мен жан сезімдерінің, әрекеттерінің, 
тағдырларының, мінездерінің өзгеше өрнектелуі дер едік. Қысқасы 
жаңаша болмыс бітімі бар образ-характерлерге тап боласыз. Олар тек 
көркем характерлер ғана емес, өмірде өз орындары бар жұлын-жүйкелі 
адам ретінде жанының жалпақ жаратылысымен, барша қайшылығымен 
көңілге ұялайды. 
Міне, сондай кесек характердің бірі Күлжәмила десек қателеспес 
едік. Басқалардан көркемдік жағынан шоқтықтысы да, мінезі сан 
қырынан 
суреттелгені 
де, 
адамгершілік 
іс-әрекеттерінің 
нанымдылығымен көзге ерекше түсетіні де осы образ. Автор әсіресе 
Күлжәмила образын жасауда жалған идеализациядан бойын аулақ 
ұстаған, сондықтан да болу керек оның барша әрекет қылықтары 
қарапайым әрі иланымды. Жалғыз баласы Дәнекер әскерге аттанған 
кездегі көріністі елестетіп көріңізші?!: - Әй, белсенділер! Сендер мына 
кәрі кемпірді алжыды демеңдер. Жар дегендегі жалғызым алыс 
сапарға кетіп барады. Ақ тілеуін тілеп, мынау бөртені айттым соның 
жолына. Сендерге сөкет болғанымен, маған сөкет емес. 
- Айттым жолыңа, мына өзімді де айттым осы бөртемен бірге, - 
деп Күлжәмила кемпір лақты мойнынан ұстап баласын үш айналып 


шықты. Күлжәмиланың осы әрекетін ешқандайда діншілдікпен немесе 
ескіліктің сарқыншағымен шатыстыруға болмайды. Мұның өзінде 
халықтық қасиеттің негізі, көп айтыла беретін ұлттық ерекшелік 
жатыр. Мұнда әлдеқандай тылсым күшке нану, табыну емес – 
болашаққа жалпы жақсылық атаулыға сену бар. Бөрте лақ нұрлы 
болашаққа деген қарапайым қазақ әйелі сенімінің символы. Мұнда тек 
Күлжәмиланың адамгершілік жарқын болмыс, жан күйі таразыланып 
қана тұрған жоқ. Күлжәмила тектес барша қазақ әйелінің рухани ар 
тазалығын, кіршіксіздігін, жанының мөлдірлігін, қайсарлығын елестетер 
едік. Күлжәмила кешегі Майлин сомдаған коммунист Раушанының, 
Сейфуллин Айшасының Ұлы Отан соғысы жылдарындағы рухани жаңа 
типі, солардың 15-20 жылдан кейінгі тәні қартайса да жаны 
мұқалмаған рухани жалғасы. Дәнекер сияқты қыршын жастарды 
өлімнен тайсалтпай ерлікке желеп жебеген де Күлжәмила сынды 
аяулы аналардың бойындағы адамгершілік асыл қасиетінің күші. 
Ананың ақ сүтімен дарыған табиғи тазалық, адамшылық-аяушылық 
сезім жоқ жерде – Дәнекерлердің қолынан ерлік істер, елдік 
әрекеттер, азаматтық өмір иесі болу келмес еді. Күлжәмила сияқты 
аналар өз ұлдарының аман-есен оралуын ғана күткен жоқ, халық 
сенімін ақтап азамат деген ел аманатына дақ түсірмей оралуын күткені 
хақ. Тағы да қайталап айтсақ, Дәнекерлерді ерлікке итермелеген 
тылсым күшті көктен іздемей Күлжәмиладай абзал жанның бойындағы 
асыл қасиеттерден іздеуіміз керек. 
Қазақта бәйбіше деген әдемі төл сөз бар. Бұл сөз бәз біреулер 
үшін архаизм болып көрінуі де мүмкін. Жоқ, бұл жалған ұғым. Жақсы 
сөз ешбір ұрпаққа жат емес. Біздіңше, ақылды әйел, асыл әйел, 
қасиетті әйел деген ұғымдар бір ғана бәйбіше деген сөздің аясына 
сыйып кетеді. Кейбіреулер бәйбіше деген сөзден бірінші әйел деген 
пасық ұғымды ғана елестетеді. Амал не, бұл біржақты түсінік, аярлық 
ұғым. Асан қайғы мен Абай жақсы көрген бұл сөзге бұлай қарау әлгі 
“бірдеңеге” өкпелеп қамқа тонды отқа тастағанмен ғана тең... 
Біз талдап отырған Күлжәмила сияқты қам көңіл жесір әйелді 
бүкіл ауыл бәйбіше деп қарайды. 
“- Бәйбіше, жүрегіңіз қысты ма? – деді Нәшекең салмақты үнмен. 
- Жей беріңдер. Әншейін, үйреншікті сырқат қой”. Бәйбіше деген 
сөзді бүкіл бір ауылды ақылымен, сабырымен, дуалы сөзімен аузына 
қаратып отырған, азамат еркек Нәшекең қарт айтып отыр. Кешегі 
ақылды шал, тентек шал Шораби де Күлжәмиланы осылай деп 
атайтын. Демек, Күлжәмила әйел деген жалпақ ұғымның ішіне кіріп 
кететін, өрнексіз-өресіз адам емес. Ол – бәйбіше! Ол – асыл, дегдар 
әйел. Дәнекер сынды азамат ұлдың анасы. Бүкіл бір ауылдағы 
азаматтардың арқа тұтар рухани анасы. Күлжәмила бір қараған адамға 
адуын, азулы әйел сияқты көрінеді. Иә, ол бір қарағанда ғана. 


Шындығында ол ақылды, парасатты әйел. Оны өмірдің өзі 
ашындырып, өмірдің өзі осындай күрделі характер дәрежесіне 
жеткізген. Оны тоқшылық емес жоқшылық осылай тәрбиелеген. 
Тағдыр талқысы шыңдап өсірген. Ол жақсылықты, шарапаттылықты 
оқып білмесе де тоқып білген, табиғат берген бай сезімнің адамы. 
Біздің Күлжәмилаға бұлай көбірек тоқталған себебіміз – романда 
жазушы мүсіндеген жаңалықты образ екеу деп қарар болсақ – соның 
бірі, біреу десек нақ өзі де сол. Туған әдебиетімізде жасалған аналар 
образы аз емес. Сәтті шыққаны да, сәтсіздері де баршылық. Ол 
жөнінде әңгіме басқаша. Ал, Қазыбаев әкелген ана образы өзіндік 
табиғилығымен, ана жанарының жұмсақ нұрымен, мейірлі де қатал 
жүзімен, қамқор да адал жүрегімен есіңде қалатын, өмірде жүздеген 
прототиптері бар адам. 
“Ызғар” романында адамдар бар, олардың характері, тағдыры, 
ой-сезімдері бар. Қазыбаев өзінің тұңғыш романымен жоғарыда 
айтылған кемшіліктеріне қарамастан өмірді білетіндігін, сол өмір 
жайында оқушыға айтары барын, сол айтар ойын осындай көркем 
шындық арқылы жеткізе білетінін көрсетті. Бұл романда адамдар 
жүрегіне жазылмас жара салған жаралы жылдар елесі бар.


Роман авторлары туралы
қысқаша мәлімет 
Адамбеков Садықбек 
(1922-2002) – жазушы, ақын, драматург. 
“Қожанасыр қақпасы”, “Көсенің көзі”, “Аюбайдың ажалы”сықақ 
жинақтарының, “Атылған қыз туралы аңыз” роман-сатирасының 
авторы. Жекелеген шығармалары шетел тілдеріне аударылған.
Аймауытов Жүсіпбек
(1889-1931) – қазақ әдебиетінің классигі,
жазушы, драматург. “Қартқожа”, “Ақбілек” романдарының, “Күнікейдің 
жазығы” хикаятының, “Ел қорғаны”, “Шернияз”, “Мансапқорлар”, 
“Қанапия-Шарбану” пьесаларының, “Нұр күйі” поэмасының, бірнеше 
әңгімелердің авторы. Психология туралы “Жан жүйесі” оқулығын 
жазған.
Айтанұлы Омарғазы 
(1931-1997) – жазушы, ақын, ҚХР 
Жазушылар Одағының мүшесі. “Таразы” (1997 жылы ҚХР Мемлекеттік 
әдебиет сыйлығын алған), “Аң шадырын оқ табар” романдарының 
бірнеше әңгіме, хикаят және жыр жинақтарының авторы. ҚХР-ның 
бірінші дәрежелі жазушысы, “Құрметті жазушы” атағын алған.
Ақышев Зейтін 
(1911-1991) – жазушы. “Жесірлер”, “Бұршақ 
соққан жел”, “Жаяу Мұса”, “Шынардың шыбығы” романдарының, 
“Біздің шамшырақ” очерктер, “Достарым менің” әңгімелер жинағының, 
“Жаяу Мұса”, “Келіндер”, “Құтылмайды ол” пьесаларының авторы. 
Жекелеген 
шығармалары 
орыс 
тіліне 
аударған. 
Бірсыпыра 
туындыларды орыс тілінен қазақ тіліне аударған.
Алақанұлы Ақын 
(1943) – жазушы. “Менің анам”, “Елім-жерім”, 
“Ана жүрегі”, “Сүйіктім менің” атты әңгіме, хикаяттар жинағының, 
“Асулар” романының авторы.
Ахметбеков Кәрібай 
(1940) – жазушы. “Сый орамал”, “Жеңіс 
сарбаздары”, “Жалаулы жасыл дүние” әңгіме, хикаят жинақтарының, 
“Ақ дала”, “Алқа көл”, “Қасірет” романдарының авторы. Орыс және 
шетел қаламгерлерінің шығармаларын қазақ тіліне аударған.
Ахтанов Тахауи 
(1923-1998) – жазушы, драматург. “Махаббат 
мұңы”, “Күй аңызы”, “Дала сыры” хикаяттарының, “Қаһарлы күндер”, 
“Боран” (ҚР Мемлекеттік сыйлығын алған, 1966 ж.), романдарының, 
“Шырағың сөнбесін” роман-дилогиясының, “Сәуле”, “Боран”, “Күтпеген 
кездесу”, “Махаббат мұңы”, “Әке мен бала”, “Ант”, “Жоғалған дос” 
драмаларының, “Күшік күйеу” комедиясының, “Ғабит Мүсірепов”, 
“Керуен”, “Көкейкесті” сын-еңбектерінің авторы. Шығармалары шетел 
тілдеріне аударылған. Орыс және шетел классиктерінің шығармаларын 
қазақ тіліне аударған.


Әбдіков Төлен 
(1942) – жазушы, драматург. “Көкжиек”, “Күзгі 
жапырақ”, 
“Ақиқат”, 
“Айтылмаған 
ақиқат” 
әңгіме, 
хикаяттар 
жинақтарының, “Өліара”, “Ақшоқыда қыс қатты” романдарының, “Біз 
үшеу едік” пьесасының авторы. Орыс және шетел классиктері 
шығармаларын қазақ тіліне аударған, өзінің жекелеген шығармалары 
орыс және шетел тілдеріне аударылған.
Әбілев Дихан 
(1907-2003) –ақын, Қазақстанның халық 
жазушысы. “Ақын арманы” тррилогиясының, “Ой толғауы” естелік-
әңгімелер кітабының, “Алтай жүрегі” атты өлеңмен жазылған 
романның, “Дала солдаты” өлеңмен жазылған хикаяттың, “Қуат”, 
“Өрт”, “Мұңсыз Мәриям”, “Майданбек”, “Жас азамат” поэмаларының 
авторы. Орыс және шетел классиктерінің шығармаларын қазақ тіліне 
аударған. Шығармалары шетел тілдеріне аударылған.
Әбілқасым Сейтхан 
(1921-1997) – ҚРХ-да туған қазақ 
жазушысы. Саяси көзқарастары үшін куғындалып, Моңғолияға қоныс 
аударған. Онда Амгалан деген бүркеншік атпен “Қара боран”, 
Әбілсейіт Ақпаев деген атпен “Ақиықтың ақырғы балапаны ” 
романдарын жазған. 1992 жылы Қазақстанға көшіп келген. 2001 жылы 
“Отырар кітапханасы” сериясымен “Оспан батыр” романы жарыққа 
шықты. 
Әбішев Әлжаппар
(1907-2001) – халық жазушысы, драматург. 
“Үлкен жолда”, “Терең тамырлар”, “Сәуленің күлкісі” хикаяттарының, 
“Сахара сәулеті”, “Найзағай”, “Атыңнан айналайын”, “Жас түлектер” 
романдарының, “Отан үшін”, “Жолдастар”, “Қырағылық”, “Намыс 
гвардиясы” (М.Әуезовпен бірігіп жазған), “Достық пен махаббат”, “Мен 
өлмеймін”, “Белгісіз батыр”, “Күншілдік”, “Кім менің әкем”, “Көлеңкелер 
қалай жоғалады”, “Мансап пен ұждан”, “Ажалсыз адам”, “Нұрлы 
жаңбыр”, “Мәди”, “Сәкен аманаты” пьесаларының авторы.
Әдібаев Хасен 
(1924) - әдебиет зерттеушісі, жазушы. “Уақыт 
және суреткер”, “Талант, талғам, тағдыр”, “Көкжиек” сын-зерттеу 
кітаптарының, “Таңбалы адам” әңгіме, хикаяттарының жинағының, 
“Отырар ойраны” романының авторы.
Әлімбаев Шоқан 
(1941-1990) – фантаст-жазушы. Бірнеше 
фантастикалық әңгіме-хикаяттардың, “Данышпандық формуласы” 
романының авторы. Туындылары бірнеше шет тілдеріне аударылған.
Әлімжанов Әнуар 
(1930-1993) 
– 
Қазақстанның 
халық 
жазушысы. Шығармаларын орыс тілінде жазған. “Мәңгілік тамырлар”, 
“Күнге бет алған керуен”, “Жалындаған найза”, “Көгілдар таулар”, 
“Отырардан жеткен сый”, “Махамбеттің жебесі”, “Жәмшит айнасы”, 
“Жаушы”, “Ұстаздың оралуы” атты хикаяттар мен романдардың 
авторы. “Көгілдар таулар” романы үшін ҚР Мемлекеттік сыйлығын 
(1967 ж.), “Отырардан жеткен сый” хикаяты үшін Джавахарлар Неру 
атындағы Халықаралық сыйлықты (1969 ж.) алған.


Әлімқұлов Тәкен 
(1918-1987) – жазушы. “Сапар”, “Жазғы 
жаңбыр”, “Боз жорға”, “Қаратау өрнектері” поэзиялық жинақтарының, 
“Сейтек сарыны”, “Туған ауылда”, “Күрең өзен”, “Кер толғау”, 
“Тұлпарлар тағдыры”, “Шежірелі сахара”, “Қара ой”, “Соңғы ән”, 
“Қаралы қобыз” әңгімелері мен хикаяттарының, “Ақбоз ат”, “Ел мен 
жер” романдарының, “Жұмбақ жан” сын-зерттеу кітабының авторы. 
Орыс 
классиктерінің 
шығармаларын 
қазақ 
тіліне 
аударған. 
Шығармалары орыс тіліне аударылған.
Әуезов Мұхтар
(1897-1961) – қазақтың ұлы жазушысы, 
драматург, әдебиет зерттеуші, аудармашы. КСРО Мемлекеттік (1949), 
Лениндік (1959) сыйлықтарының лауреаты. “Абай жолы” роман-
эпопеясының, “Өскен өркен” романының, “Қилы заман”, “Көксерек”, 
“Қараш-қараш оқиғасы” хикаяттарының, “Еңлік-Кебек”, “Хан Кене”, 
“Қарагөз”, “Абай”, т.б. трагедияларының авторы. Шығармалары 
көптеген шетел тілдеріне аударылған.
Байтанаев Амантай
(1922) – жазушы. “Ерденнің бастан 
кешкендері”, “Асан”, “Дала сыры” хикаяттарының, “Жаңбырлы дала”, 
“Қайнар бұлақ”, “Қыран самғауы”, “Таң сәрі” романдарының авторы. 
Орыс классиктерінің шығармаларын қазақ тіліне аударған.
Бақбергенов Сәуірбек 
(1920-1997) – жазушы. “Талғат”, “Менің 
досым”, “Өзіміздің жігіттер”, “Қоян көзге құлаған жұлдыз”, “Он үшінші 
ойыншы”, “Бозторғай”, “Қайран шешем”, “Адам және көлеңке”, “Қарға 
тамған қан”, “Алтын күрек”, “Белгісіз солдат”, “Кентау”, “Қан тозаң”, 
“Ақбоз атты ару”, “Бөрте Шыңғысханның жұбайы”, т.б. кітаптардың 
авторы. 
Бегалин Сапарғали 
(1895-1983) – жазушы, қазақ балалар 
әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі. “Қыран тегі”, “Цимлян теңізі”, 
“Сырлы қайнар” өлеңдер мен поэмалар жинағының, “Көксегеннің 
көргендері”, 
“Ермектің 
алмасы”, 
“Сәтжан”, 
“Жас 
бұтақ”, 
“Жеткіншектер”, “Шоқан асулары”, “Қыран туралы аңыз” әңгіме, 
хикаяттар жинақтарының, “Замана белестері” романының авторы. 
Жамбыл Жабаев туралы монография жазған. Көптеген шығармалары 
шетел тілдеріне аударылған.
Бектұров Жайық 
(1912-1998) – жазушы, аудармашы. “Жол 
жоралғысы” әңгіме, хикаяттар жинағының, “Таңба романының авторы. 
Бөкей Оралхан
(1943-1993) – жазушы, драматург, журналист. 
“Қамшыгер”, “Үркер”, “Қайдасың қасқа құлыным”, “Мостау”, “Ән 
салады шағылдар”, “Біздің жақта қыс ұзақ” (ҚР Мемлекеттік сыйлығын 
алған, 1986 ж.) әңгімелер мен хикаяттар жинағының, “Өз отыңды 
өшірме” романының, “Құлыным менің текетірес”, “Қар қызы”, 
“Зымырайды поездар”, “Мен сізден қорқамын” пьесаларының авторы. 
Шығармалары орыс және шетел тілдеріне аударылған.


Ғабдуллин Нығмет 
(1927) – жазушы, әдебиет зерттеуші. 
“Менің достарым”, “Жаңа таныстар”, “Құрбылар”, “Гүл”, “Қызыл 
дәурен”, “Өмір қымбатсың маған”, “Сарғайған жапырақ”, “Өмірдің 
бұралаң жолдары”, “Махаббат жыры” әңгіме, хикаяттарының, “Жігер”, 
“Біздің жігіт” романдарының, “Замандас келбеті”, “Шығарма арқау 
шындық”, “Уақыт тынысы” сын-зерттеу еңбектерінің, “Ғабит Мүсірепов 
- драматург” монографиясының авторы. Орыс және шетел 
классиктерінің шығармаларын қазақ тіліне аударған. Шығармалары 
бірқатар шет тілдеріне аударылды.
Дәулетбаев Мәжит 
(1896-1938) – жазушы, ақын, драматург. 
“Жүректен”, 
“Толқында” 
өлеңдер 
жинағының, 
“Сұрпақбайлар” 
комедиясының , “Партизан Алпысбай” хикаятының, “Қызылжар” атты 
аяқталмай қалған роман-трилогияның авторы. Орыс және шетел 
классиктерінің шығармаларын қазақ тіліне аударған. Өз шығармалары 
орыс тіліне аударылған. 
Домбаев Есенжол 
(1938) – жазушы, драматург. “Болмаған 
оқиға”, 
“Ғашықтық 
туралы мың бірінші баллада” сатиралық 
хикаяттарының, “Ол осындай адам” әзіл-әңгімелер жинағының, “Менің 
бауырларым” атты хикаяттар мен әңгімелер жинағының, “Жаман 
жәутік” романының, “Біздің ауылда қызықтар бола береді”, “Өтірік 
әңгіме” комедияларының авторы. Орыс және шетел классиктерінің 
шығармаларын қазақ тіліне аударған.
Досанов Сәбит 
(1940) – жазушы. “Қайырлы таң”, “Бұлбұл үні”, 
“Қыран қалғымайды” әңгіме-хикаяттар жинағының, “Екінші өмір”, 
“Жиырмасыншы ғасыр” романдарының, “Дауыл”, “Ертең бюро” 
пьесаларының авторы. Шығармалары орыс тіліне аударылған. 
Досжанов Дүкенбай 
(1942) – жазушы. “Жусан мен гүлдер”, 
“Зауал”, “Жібек жолы”, “Дария”, “Кісі ақысы”, “Табалдырығыңа табын”, 
“Жолбарыстың сүрлеуі”, “Құмда қалған кемелер”, “Мұхтар жолы”, 
“Абақты”, “Таразы”, “Абай айнасы”, “Құм кітабы”, “Отырар”, “Параби”, 
“Алыптың азабы”, “Екі дүние есігі”, “Дала гладиаторлары”, т.б. 
кітаптарының авторы. ҚР Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты. 
Доспамбети Ұзақбай 
(1941) – жазушы. “Ел есінде”, “Қызыл 
жолбарыс” романдарының, “Шың мен шыңырау” роман-дилогиясының 
авторы. 
Дулатов Міржақып
(1885-1935) - ақын, жазушы, драматург, 
аудармашы, публицист, қоғам қайраткері. “Оян, қазақ!”, “Азамат” 
өлеңдер жинағының, “Бақытсыз Жамал” романының, “Балқия” 
пьесасының авторы. “Есеп құралы” атты екі бөлімнен тұратын 
оқулықты әзірлеген. 
Елубаев Смағұл 
(1947) – жазушы, сценарист. “Ойсыл қара”, 
“Саттар соқпағы”, “Жарық дүние”, “Ақбоз үй”, “Мінәжат” кітаптарының 
авторы.


Ерубаев 
Саттар 
(1914-1937) 
– 
жазушы. 
“Тракторшы 
комсомолдың жыры”, “Колхоз базарында”, “Ақын жыры”, “Үш шахтер 
туралы баллада”, “Меруерт алқа”, “Бақыт”, “Өмір көркемдігі”, “Келесі 
соғыс туралы”, “Менің құрдастарым”, т.б. шығармаларының авторы.
Есенберлин Ілияс 
(1915-1983) – жазушы. “Сұлтан”, “Айша”, 
“Біржан сал трагедиясы” поэмаларының, “Адамгершілік туралы жыр” 
өлеңдер 
жинағының, 
“Өзен 
жағасында”, 
“Толқиды 
Есіл” 
хикаяттарының, “Айқас” (ҚР Мемлекеттік сыйлығын алған, 1968 ж.), 
“Қтерлі өткел”, “Ғашықтар”, “Алтын құс”, “Көлеңкеңмен қорғай жүр”, 
“Махаббат мейрамы”, “Алыстағы арпалыс”, “Аққу құстың қуанышы” 
романдарының, “Көшпенділер” (“Алмас қылыш”, “Қаһар”, “Жанталас”), 
“Алтын Орда” роман-трилогияларының, “Таудағы тартыс” пьесасының 
авторы. Шығармалары орыс және шетел тілдеріне аударылған.
Есенжанов Хамза 
(1908-1975) – белгілі жазушы, аудармашы.
“Өлең түннің жағасында”, “Қызыл құмақ”, “Күшке күш” әңгімелерінің, 
“Ақ Жайық” трилогиясының (ҚР Мемлекеттік сыйлығын алған), “Көп 
жыл өткен соң”, “Ағайынды Жүнісовтер” романдарының авторы. 
Шығармалары орыс тіліне аударылған. Белгілі орыс жазушыларының 
шығармаларын қазақ тіліне аударған.
Жақсыбай Ахат 
(1940) – жазушы. “Менің достарым”, “Қайырлы 
таң”, 
“Боз 
арал” 
хикаяттарының, 
“Егес”, 
“Бөгет”, 
“Қорған” 
романдарының авторы. Белгілі қаламгерлердің шығармаларын қазақ 
тіліне аударған. 
Жандарбеков Болат 
(1932-1991) – жазушы, драматург. 
“Томирис” 
романының, 
“Сақтар” 
роман-дилогиясының, 
бірнеше 
пьесалардың авторы. 
Жансүгіров Ілияс 
(1894-1938) – қазақ әдебиетінің классигі. 
“Мақпал”, “Көбік шашқан”, “Исатай”, “Рустем қырғыны”, “Байқал”, 
“Жорық”, “Дала”, “Күй”, “Күйші”, “Құлагер” поэмаларының, “Кек”, 
“Исатай Махамбет”, “Түрксіб”драмалық шығармаларының, “Құқ”, 
“Жалаңаштар жиналысы”, “Жанды қуыршақ”, “Ысқақ” өлеңдерінің,
көптеген 
биік 
деңгейлі 
лирикалық 
өлеңдердің, 
“Жолдастар” 
романының авторы. Орыс классиктерінің шығармаларын қазақ тіліне 
аударған.
Жомартбаев Тайыр 
(1884-1937) – жазушы, ақын, драматург, 
педагог. “Балаларға жеміс” өлеңдер жинағының, “Қыз көрелік” 
романының, “Сары сүйек құда”, “Осы ма қазақ, өмірің” пьесаларының
авторы. 
Жұмаділов Қабдеш
(1936) – жазушы. “Жас дәурен” өлеңдер 
жинағының, “Қаздар қайтып барады”, “Сары жайлау”, “Шарайна”, 
“Сәйгүліктер” әңгімелер мен хикаяттар жинағының, “Соңғы көш” 
(роман-дилогия), “Көкейкесті”, “Бақыт жолында”, “Атамекен”, “Тағдыр” 
(ҚР Мемлекеттік сыйлығын алған, 1990), “Дарабоз” (роман-дилогия), 


“Таңғажайып 
дүние” 
(ғұмырнамалық), 
“Прометей 
алауы” 
романдарының авторы.
Жұртбаев Тұрсын 
(1951) – жазушы, ақын, әдебиет зертеушісі. 
“Қоңыр қаз”, ”Жүрегімде – жұмыр жер” өлеңдер жинағы мен 
поэмаларының, “Бес қарагер”,”Дара тұлға” деректі хикаяттарының, 
“Бейуақ”, “Талқы” роман-эсселері мен екі томдық “Дулыға” тарихи-
танымдық романының авторы. Жекелеген шығармалары шетел 
тілдеріне аударылған.
Жүнісов Сәкен 
(1934) – Қазақстанның халық жазушысы, 
драматург. “Әжем мен емші және дәрігер”, “Кімнің мекені жақсы”, 
“Сақау бәтеңке” кітаптарының, “Өшпейтін іздер”, “Алғашқы вагон”, 
“Заманай мен Аманай” повестерінің, “Жапандағы жалғыз үй”, “Ақан 
сері” (дилогия) романдарының авторы. “Ажар мен ажал”, “Тұтқындар”, 
“Жаралы гүлдер”, “Қысылғаннан қыз болдық”, “Өліара” (1986 ж. ҚР 
Мемлекеттік сыйлығын алған), “Кемеңгерлер мен көлеңкелер” 
пьесаларын жазған.
Зәкенұлы 
Тұрсынхан 
(1962) 
– 
жазушы, 
тарихшы. 
“Гүлбаршын”, “Балқан тауға барғандар” хикаяттарының, “Аттың басы”, 
“Бәтигүл”, “Тәңірқұттың тағы”, “Сырда қалған сыбызғы”, “Бүркітші”, 
“Шырымтал шығатын тау”, “Жаңбырлы түн”, т.б. әңгімелерінің, “Көк 
бөрілердің көз жасы” романының авторы.
Исабаев Қалмұқан 
(1925) 
– 
жазушы. 
“Баян”, 
“Ажал 
құрсауында”, “Жұмбақ үй”, “Арман арнасымен”, “Бетпе-бет”, “Қара 
бала”, “Соңғы тәулік”, “Соңғы ерлік”әңгіме, хикаят, очерктер 
жинақтарының, “Сұңқар самғауы”, “Айқыз”, “Өткелде”, “Комендант”, 
“Өрде”, “Көгілдір қазына”, “Серт”, “Арна” романдарының, “Сапар 
сыры”, “Десант” пьесаларының авторы.
Исабеков Дулат
(1942) – жазушы. “Бекет”, “Ащы бал”, “Мазасыз 
күндер”, “Қара шаңырақ”, “Тіршілік”, “Қарғын”, “Екі жиырма бес”, “Жеті 
желкен”, т.б. кітаптардың авторы. ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері. 
Кекілбаев Әбіш 
(1939) – Қазақстанның халық жазушысы. 
“Алтын шуақ” өлеңдер жинағының, “Бір шөкім бұлт”, “Дала 
балладалары”, “Құс қанаты” әңгімелер мен хикаяттар жинағының, 
“Үркер”, “Елең-алаң” (осы екі роман үшін ҚР Мемлекеттік сыйлығын 
алған, 1986), “Аңыздың ақыры”, “Ұйқыдағы арудың оянуы” атты әдеби-
тарихи жинақтың, “Дәуір мен бетпе-бет”, “Заманмен сұхбат” әдеби-
сын, эсселердің авторы. Орыс және шетел классиктерінің 
шығармаларын қазақ тіліне аударған. Шығармалары орыс және шетел 
тілдеріне аударылған.
Көбеев Спандияр 
(1878-1956) – жазушы, ағартушы. “Үлгілі 
тәржімі” аударма кітабының, “Үлгілі бала” оқулығының, “Қалың мал” 
романының, “Орындалған арман” атты мемуарлық романның авторы.


Қабдолов Зейнолла 
(1927) – ҚР халық жазушысы, әдебиет 
зерттеуші, ҚР ҰҒА академигі. “Ұшқын”, “Жалын”, “Менің Әуезовім” 
романдарының, “Адам”, “Сыр” очерктер мен әңгімелер жинағының, 
“Сөнбейтін от” пьесасының, “Жанр сыры”, “Мұхтар Әуезов және оның 
әсемдік әлемі”, “Сөз өнері” монографияларының, “Арна”, “Көзқарас” 
атты 
эстетиткалық 
ой-пікір 
жинақтарының 
авторы. 
“Әдебиет 
теориясының негіздері” оқулығын жазған. Орыс және шетел 
классиктерінің шығармаларын қазақ тіліне аударған.
Қабышұлы Ислам 
(1942) – жазушы, аудармашы. “Ақ сұңқар” 
хикаятының, 
“Керейлер 
керуені”, 
“Келбет 
кесірі”, 
“Моңғолия 
қазақтарының тарихы”, “Қазақ қауымы” атты кітаптары жарық көрген. 
“Шыңғысхан 
шежіресі” 
тарихи 
еңбегінің, 
“Ұрпағың 
үзілмесін” 
романының авторы. Қазақ әдебиеті классиктерінің шығармаларын 
моңғол тілінде аударған. 
Қазыбаев Кәкімжан 
(1929-1989) – жазушы, журналист. 
“Кернеген кек” хикаят, “Ызғар”, “Аманат” романдарының авторы. Орыс 
жазушыларының шығармаларын қазақ тіліне аударған.
Қанахин Өтебай
(1923-1990) – жазушы, журналист. “Ауыр 
күндер”, “Маздақ”, “Тұңғыш махаббат”, “Жас дәурен”, “Жер басып 
жүрсем” хикаяттарының, “Дәмелі”, “Жүрек қалауы” романдарының 
авторы. Бірқатар шығармалары шет тілдеріне аударылған. 
Қаратаев Мұхамеджан 
(1910-1995) – академик сыншы, 
Қазақстанның халық жазушысы, әдебиет зерттеушісі. “Даладағы 
дабыл” публицистикалық романының, “Туған әдебиет туралы ойлар”, 
“Эпостан эпопеяға”, “Әдебиет және эстетика”, “Шеберлік шыңына”, 
“Асулар алда” (1974 жылы ҚР Мемлекеттік сыйлығын алған) атты 
ғылыми, сыни еңбектердің авторы.
Құдайбердіұлы Шәкәрім 
(1858-1931) – ақын, ойшыл, 
композитор, аудармашы. “Қалқаман-Мамыр”, “Еңлік-Кебек”, “Айсұлу- 
Нартайлақ”, “Қодардың өлімі”, “Крест патша” поэмаларының, “Үш 
анық” философиялық еңбегінің, “Түрік, қырғыз, қазақ, һәм хандар 
шежіресі”, 
“Мұсылмандық 
шарты” 
еңбектерінің, 
“Әділ-Мәрия” 
романының авторы. Шетел және орыс классиктерінің туындыларын 
қазақ тіліне аударған.
Құлыбекұлы Махфуз
(1918) – жазушы. “Қазақ халқының 
ертегілері”, “Қазақ халқының айтысы” еңбектерінің, “Қызыл қайың 
хикаясы”, “Қауғабайдың қаулысы”, “Нұрбала”, “Тұрғылас түлектер”, 
“Патша балам” әңгіме, хикаят, романдарының авторы. Моңғол 
Мемлекеттік “Алтын жұлдыз” орденінің иегері. 
Қыдырбекұлы Балғабек 
(1929-1995) – жазушы, журналист. 
“Ешкімге айтпа”, “Шайтанның шатағы”, “Шойын құлақ”, “Қара сандық”, 
“Ұрының еншісі” фельетондары мен сықақ-әңгімелердің, “Жетім бала” 
поэмасының, “Алатау” романының авторы. 


Мағауин Мұхтар 
(1940) – Қазақстанның халық жазушысы, 
әдебиет зерттеушісі. “Тазының өлімі”, “Бір атаның балалары”, “Көк 
кептер” хикаяттарының, “Көк мұнар” романының, “Аласапыран” роман-
дилогиясының (1984 ж. ҚР Мемлекеттік сыйлығын алған), “Қобыз 
сарыны” монографиясының авторы. Шығармалары шет тілдеріне 
аударылған.
Майлин Бейімбет 
(1896-1937) – қазақ әдебиетінің классигі, 
драматург. “Шұғаның белгісі”, “Раушан коммунист” хикаяттарының, 
“Азамат 
Азаматыч” 
романының, 
“Ұлбосын”, 
“Даудың 
басы 
Дайрабайдың көк сиыры”, “Арыстанбайдың Мұқышы”, “Сары ала тон”, 
“Көк теректің бауырында”, “Қанды кек”, “Айт күндері”, “Сексен сом”,
т.б. көптеген әңгімелердің, “Талтаңдайдың тәртібі”, “Шаншар молда”, 
“Келін мен шешей”, “Көзілдірік” комедияларының, “Амангелді”, 
“Майдан”, “Шұға” пьесаларының авторы. 
Молдағалиев Жайсаңбек
(1935-1986) – жазушы. “Жаз ерке”, 
“Айналайын атыңнан”, “Самал”, “Ел суреттері” әңгіме, новелла, 
хикаяттарының, “Ескі дос”, “Алғашқы қоңырау”, “Таза бұлақ” 
романдарының, “Торғай толғауы” роман-трилогиясының авторы. Орыс 
классиктерінің шығармаларын қазақ тіліне аударған.
Мұқай Баққожа 
(1948) – жазушы, драматург. “Жаңбыр жауып 
тұр”, “Өмір арнасы”, “Аққу сазы”, “Мазасыз маусым”, “Дүние кезек”, 
“Жеті желі”, “Алғашқы махаббат” хикаят пен әңгімелер жинақтарының,
“Тоят түні”, “Қош бол, менің ертегім”, “Иірім”, “Өзгенің өмірі үшін”, 
“Сергелдең болған серілер”, “Раушан гүлі”, “Ерулік”, “Дүние кезек”, 
“Өмірзая”, “Заманақыр”, “Тойы көп үй”, “Тәлкек тағдыр” драмалық 
шығармаларының, “Өмірзая” романының авторы. Шығармалары орыс 
және шетел тілдеріне аударылған. Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты.
Мұқажанұлы Күнгей 
(1929) – “Тың тірлік”, “Тайталас” 
хикаяттарының, 
“Боранды 
бала” 
әңгімесінің 
авторы. 
“Алтай 
әңгімелері”, “Махаббатқа жол”, “Көкеннің би болуы”, “Өгіздің терісі”, 
“Қазақтың күй дастандары”, “Қоржын”, “Қайта табысу”, “Әдебиетке 
дұрыс ниет керек”, т.б. әңгіме, очерк, сахналық шығарма, әдеби 
сындары кітап болып шыққан. “Өр Алтай” романын жазған. 
Шығармалары ұйғыр, қытай тілдеріне аударылған.
Мұқанов Сәбит 
(1900-1973) – қазақ әдебиетінің классигі, халық 
жазушысы, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, драматург, қоғам 
қайраткері. “Сұлушаш”, “Ақ аю” поэмаларының, “Азғын”, “Алтын 
аймақ”, “Кер заман”, т.б. әңгімелерінің, “Ақбөпенің сыры”, “Достар”, 
“Балуан шолақ”, “Бақташының баласы” хикаяттарының, “Мөлдір 
махаббат”, “Теміртас”, “Есіл”, “Ботагөз”, “Сырдария”, “Аққан жұлдыз” 
романдарының, “Өмір мектебі” трилогиясының, “Шоқан Уәлиханов”, 
“Қашқар қызы”, “Ақан мен Зайра” пьесаларының, көптеген ғылыми-
зерттеу, сын еңбектердің авторы. 


Мұқамәдиұлы Елеусіз 
(1936) – жазушы, журналист. “Махаббат 
тағдыры”, “Өрікті көл”, “Қобда қойнында”, “Сұлулық сыры”, “Жоғалған 
қыз” әңгіме, хикаят, романдарының авторы.
Мұртаза Шерхан
(1932) – жазушы, драматург, қоғам 
қайраткері. “Құрылысшы Дәку” очерктер жинағының, “Табылған теңіз”, 
“Бұлтсыз түнгі найзағай”, “Белгісіз солдаттың баласы”, “Мылтықсыз 
майдан”, “Қырық бірінші жылғы келіншек”, “Ахметжанның анты” 
хикаяттар жинағының, “Интернат наны” әңгімелер жинағының, “Қара 
маржан” (ҚР Мемлекеттік сыйлығын алған, 1978 ж.) романының, 
“Қызыл жебе” (1-2 кітап), “Жұлдыз көпір”, “Қыл көпір”, “Тамұқ” роман-
хамсасының, “Қызыл жебе”, “Сталинге хат”, “Бесеудің хаты” драмалық 
шығармаларының авторы. Орыс және шетел әдебиеті классиктерінің 
шығармаларын қазақ тіліне аударған. Өз шығармалары орыс тіліне 
аударылған.
Мұстафин Ғабиден
(1902-1984) – қазақ әдебиетінің классигі, 
Қазақстанның халық жазушысы, қоғам қайраткері. “Ер шойын”, 
“Тұтқын”, “Күлмеген адам”, “Құлаған құз” әңгімелерінің, “Шығанақ”, 
“Миллионер”, 
“Қарағанды”, 
“Дауылдан 
кейін”, 
“Көз 
көрген” 
романдарының, “Айғақ” пьесасының, “Ой әуендері” мақалалар 
жинағының (1980 ж. ҚР Мемлекеттік сыйлығын алған) авторы.
Мүсірепов Ғабит
(1902-1985) – қазақ әдебиетінің классигі,
Қазақстанның халық жазушысы, қоғам қайраткері, ҚР ҰҒА-ның 
академигі, драматург, Социалистік Еңбек Ері. “Қос шалқар”, “Талпақ 
танау”, “Шұғыла”, “Этнографиялық әңгіме”, “Ананың анасы”, “Ашынған 
ана”, “Ананың арашасы”, “Ер ана”, “Ақлима”, “Жеңілген Есрафил”, 
“Бірінші фонтан”, “Өмір жорығы”, “Қыран жыры”, “Жапон балладасы” 
әңгімелерінің, “Тулаған толқында”, “Көк үйдегі көршілер”, “Өмір 
ертегісі”, “Алғашқы адымдар”, “Үздіксіз өсу”, “Жайлау жолында”, 
“Тұтқын қыз” хикаяттарының, қара сөзбен жазылған “Кездеспей 
кеткен бір бейне” поэмасының, “Қазақ солдаты”, “Оянған өлке”, “Жат 
қолында”, “Ұлпан” романдарының, “Ақан сері Ақтоқты”, “Амангелді”, 
“Болашаққа аманат”, “Қыпшақ қызы Аппақ”, “Қыз Жібек”, “Қозы 
Көрпеш – Баян сұлу” пьесаларының, “Суреткер парызы”, “Заман және 
әдебиет”, “Дәуір дидары”, “Әдебиет-кәсіп емес, өнер” әдеби сын 
еңбектерінің авторы. Орыс және шетел классиктерінің шығармаларын 
қазақ тіліне аударған. Өз шығармалары орыс және шетел тілдеріне 
аударылған.
Мыңжасарова Сара
(1924) – жазушы. “Қыр қыздары”, “Әйел 
бақыты”, “Төзім шеңбері” романдарының авторы. Бірнеше орыс және 
шетел классиктерінің шығармаларын қазақ тіліне аударған.
Найманбаев Қалдарбек 
(1939) – жазушы, қоғам қайраткері. 
“Даңқ тұғырында”, “Қоштасқым келмейді”, “Үміт өткелі”, “Беймаза 
қонақ”, “Аптап”, “Көктөбе”, “От пен ойын”, “Ерлі-зайыпты екеуі және 


басқалары”, “Біз сені күтеміз Гүлзат”, “Домалақ арыс”, “Жаңа жыл 
алдында”, т.б. кітаптарының авторы. 
Нәжімеденов Жұмекен 
(1935-1983) 
– 
ақын, 
жазушы. 
“Балауса”, “Сыбызғы сыры”, “Өз көзіммен”, “Жарық пен жылу”, “Мен 
туған күн”, “Жоқ ұмытуға болмайды”, “Қызғалдақ жайлы баллада”, 
“Темірқазық” 
өлеңдер 
мен 
поэма 
жинақтарының, 
“Ақшағыл”, 
“Кішкентай”, “Даңқ пен дақпырт” роман, повестерінің авторы. 
Көрнекті ақындар туындыларын қазақ тіліне аударған.
Нұрғали Рымғали
(1940) - әдебиет зерттеушісі, жазушы, ҚР 
ҰҒА академигі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚР ғылымына 
еңбегі сіңген қайраткер. “Арқау” (екі томдық), “Драма өнері”, “Қазақ 
әдебиетінің 
алтын 
ғасыры”, 
“Сөз 
өнерінің 
эстетикасы” 
монографияларының, “Ай қанатты арғымақ” романының, “Дән” 
хикаяты жинағының авторы. Орыс классиктерінің шығармаларын қазақ 
тіліне аударған. Шығармалары орыс тіліне аударылған.
Нұржекеев Бексұлтан 
(1941) – жазушы. “Күй толғақ”, “Бір ғана 
махаббат”, “Күтумен кешкен ғұмыр”, “Бір ғана махаббат” әңгімелер мен 
хикаяттар жинағының, “Бір өкініш, бір үміт”, “Ерлі-зайыптылар” 
романдарының, “Өзендер өрнектеген өлке” тарихи-этнографиялық 
эссесінің авторы.
Нұрманов Ақан 
(1933-1968) – жазушы. “Арайлы таң”, “Аққу 
жұлдызы” хикаяттар жинағының, “Құланның ажалы” романының 
авторы.
Нұрпейісов Әбдіжәміл
(1924) – Қазақстанның халық 
жазушысы, драматург. “Күткен күн” романының, “Қан мен тер” 
трилогиясының (КСРО Мемлекеттік сыйлығын алған, 1974 ж.), “Соңғы 
парыз” романының, “Толғау” сын мақалалар жинағының авторы. 
Шығармалары шетел тілдеріне аударылған. Орыс және шетел 
қаламгерлерінің туындыларын қазақ тіліне аударған.
Нұршайықов 
Әзілхан 
(1922) 
– 
жазушы, 
журналист.
Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты. Бірнеше очерктер мен әңгімелер 
жинақтары жарық көрген. “Махаббат жыры”, “Әсем” повестерінің, 
“Махаббат қызық мол жылдар” романының, “Ақиқат пен аңыз” роман-
дилогиясының авторы.
Оразалинов Кәмен 
(1920) – жазушы. “Ақ жазық”, “Аттаныс”, 
“Көктем салқыны”, “Кең байтақ”, “Абайдан соң” романдарының авторы.
Оралтай Хасен 
(1933 жылы Қытайда туған) – публицист, 
қаламгер. 
Коммунистік 
идеологияға 
қарсы 
жазылғанкөптеген 
еңбектердің авторы. “Коммунизммен соғыс”, “М.Жұмабаев – ұлы ақын”, 
“Абылай дастаны”, “Орта Азия қазақ түріктерінің елшілдік ұраны”, 
“Желтоқсан көтерілісі”, “Қазақша-түрікше сөздік”, “Елімайлап өткен 
өмір”, “Соңғы көш” (Қ.Жұмаділов романының түрікше аудармасы) 


кітаптары шықты. Ұзақ жылдар “Азаттық” радиосының қазақ 
редакциясын басқарған. Казір Мюнхен қаласында тұрады. 
Разданұлы Мағаз 
(1924) – жазушы, ақын. “Асулар толғауы”, 
“Уақытқа жауап” өлеңдер жинағының, “Ата заман сөйлейді” әңгіме, 
хикаяттар жинағының, “Сары бел” атты өлеңмен жазылған романның, 
“Алтай ақиықтары” тарихи романының авторы.
Садуақасұлы Смағұл
(1900-1933) - әдебиет зерттеушісі, 
сыншы, жазушы, Мемлекет және қоғам қайраткері. “Салмақбайдың 
ауылында қалайша кооперация ашылды” көркем туындысының,
“Жастар мен әңгіме”, “Ұлт театры туралы”, “Қазақстанда халық ағарту 
мәселелері” 
кітаптарының, 
“Қазақ 
әдебиеті” 
атты 
тарихи-сын 
очерктерінің, 
“Сәрсенбек” 
романының, 
“Әдебиет 
әңгімелері” 
зерттеуінің, “Салмақбай, Сағындық”, “Күміс қоңырау” хикаяттарының 
авторы.
Сарай Әнес 
(1937) – жазушы, драматург. “Мың аралар 
шақырады” әңгімелер жинағының, “Қараша өткен соң”, “Боз қырау”, 
“Тосқауыл”, “Алтын арал”, “Ақ тынық түн”, “Еділ Жайық” (ҚР 
Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, 1992), “Асылдың сынығы”, “Исатай 
Махамбет тарихы”, “Мұхаммет пайғамбардың өмірі”, “Адайлардың арғы 
тарихы” романдарының, “Тойтиып қалды”, “Қу тазша”, “Ару Алматы”, 
“Мұңым менің”, “Тымырсық” пьесаларының авторы.
Сәнікұлы Зейнолла
(1935) – жазушы. “Қазақтың халық 
ертегілері”, “Қазақ балалар ертегі”, “Қабанбай батыр”, “Мұралар нені 
айтады?”, 
“Қазақтың 
тұрмыс-салт 
білімдері” 
фольклорлық-
этнографиялық еңбектерінің, “Көкше әулие”, “Кетбұға жырау” 
хикаяттарының, “Хан Абылай, Қабанбай”, “Басбай”, “Сергелдең” 
романдарының, “Атаның алтын іздері” ғылыми-зерттеулер жинағының 
авторы.
Сәрсекеев Қоғабай 
(1939) – жазушы, драматург. “Кілт”, 
“Қараша қаздар” хикаяттар мен әңгімелер жинағының, “Қол мерген”, 
“Кестелі орамал”, “Ыбырай Алтынсарин”, “Мұңлық-Зарлық”, “Фатима”, 
“Ашудас”, “Сарбаздар” пьесаларының авторы. Шығармалары орыс 
тіліне аударылған. 
Сәрсекеев Медеу 
(1936) – жазушы. “Ғажайып сәуле”, 
“Көрінбестің көлеңкесі”, “Жетінші толқын”, “От және атом”, “Қаз 
қайтқанда”, “Айшықты мезет” хикаяттарының, “Сәтбаев” деректі 
ғұмырнамасының, “Жаңғырық”, “Көнбе” романдарының, “Шығыс 
хикаясы” пьесасының авторы. Орыс жазушыларының шығармаларын 
қазақ тіліне аударған.
Сәрсенбай Оразбек 
(1938) – жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың 
лауреаты. “Жалғыз күрке”, “Сағым”, “Бақыт құсы”, “Таңбалы тас”, 
“Жиде гүлдегенде”, “Жақсының көзі”, “Замандас”, “Уәде” әңгімелер 
мен хикаяттар жинағының, “Шеңбер” романының авторы. Орыс және 


шетел жазушыларының шығармаларын қазақ тіліне аударған. Өз 
шығармалары шетел тілдеріне аударылған.
Сегізбай Кәдірбек
(1941) – жазушы. “Ашылмаған сыр”, 
“Қойнаудағы ауыл”, “Өртенге өскен гүл”, “Біз қалада тұрамыз”, “Жер 
ортасы”, “Беласқан” әңгіме, хикаят романдарының авторы. Әңгімелері 
орыс тіліне аударылған. Орыс жазушыларының шығармаларының 
қазақ тіліне аударған. 
Сейсенбаев 
Роллан 
(1946) 
– 
жазушы, 
драматург. 
Шығармаларын екі тілде жазады (орыс, қазақ). “Аңсау” хикаятының, 
“Өзімді іздеп жүрмін”, “Өмір сүргің келсе”, “Сағынып жеткен жаз еді”, 
“Тау басында түйіскен жол”, “Сайтанның тағы” әңгіме, хикаят, 
романдарының авторы. Шығармалары орыс және шетел тілдеріне 
аударылған. 
Сейфуллин Сәкен
(1894-1938) – қазақ әдебиетінің классигі, 
қоғам қайраткері. “Асау тұлпар”, “Асығып тез аттандық”, “Домбыра”, 
“Экспресс”, “Тұрмыс толқынында”, “Көкшетау”, “Альбатрос” өлеңдер 
мен поэмалар жинақтарының, “Бақыт жолына”, “Қызыл сұңқарлар” 
пьесаларының, “Айша”, “Жемістер”, “Жер қазғандар” хикаяттарының, 
“Тар жол, тайғақ кешу” мемуарлық романының авторы.
Сланов Ғабдол 
(1911-1969) – жазушы. “Арман ағысы” , “Қыз 
бел”, “Домбыра күйі - Ақиық”, “Кең өріс” хикаяттарының, “Жанар тау”, 
“Дөң асқан”, “Шалқар”, “Асау арна”, “Айғайтас” романдарының, 
“Махамбет” пьесасының авторы. Белгілі қаламгерлер шығармаларын 
қазақ тіліне аударған. Жекеленген шығармалары орыс тілінде жарық 
көрді. 
Сматаев Софы (1941) – жазушы, ақын, Халықаралық “Алаш” 
сыйлығының иегері. “Армысың, ана”, “Алау”, “Ғарышқа көз тіккен жер”, 
“Мәңгілік бастауы” кітаптарының, “Елім-ай” тарихи дилогиясының 
авторы. 
Соқпақбаев Бердібек 
(1924-1992) – жазушы. “Бұлақ”атты 
өлеңдер жинағының, “Он алты жасар чемпион”, “Алыстағы ауылда”, 
“Менің атым Қожа”, “Балалық шаққа саяхат”, “Дала жұлдызы”, 
“Аяжан”, “Қайдасың Гауһар” хикаяттарының, “Өлгендер қайтып 
келмейді” романының авторы. Шығармалары орыс және шетел 
тілдеріне аударылған. 
Сұлтанияұлы Мағауия 
(1921) – жазушы, аудармашы, 
журналист. “Ешкімге айтпа”, “Отан ұлдары”, “Өмір өрнегі”, “Мамық”, 
“Машық”, “Менің ұстаздарым” шығармаларының, “Ұрпақ тағдыры” 
романының авторы.
Сүндетов Мағзұм 
(1936-1999) – жазушы. ҚР мәдениетін еңбек 
сіңірген қайраткер. “Балық аулау барғанда”, “Күтемін сені, Дидар”, 
“Үзеңгі жолдас”, “Ескексіз қайық”, “Құмдағы ауыл”, “Шайтан базар”, 


“От ішіндегі адам”, “Қызыл ай”, “Еліктің лағы”, “Бесқонақ” хикаят, 
романдардың авторы. Шығармалары шетел тілдеріне аударылған.
Тарази Әкім
(Әшімов 1933) – жазушы, драматург, сценарийст. 
“Құйрықты жұлдыз”, “Үлкен ауыл”, “Қиян соқпақ”, “Басынан 
Қаратаудың “Қыз махаббаты” әңгіме, хикаяттарының, “Бұлтқа салған 
ұясын”, “Тас жарған”, “Кен” романдарының, “Күлмейтін комедия”, 
“Жақсы кісі”, “Жолы болғыш жігіт”, “Қос боздақ” пьесаларының 
авторы.
Тоқтаров Рамазан 
(1935-2000) – романшы. “Бақыт”, “Ертіс 
мұхитқа құяды”, “Ғасыр наны”, “Сусамыр”, “Абайдың жұмбағы” 
(Мемлекеттік сыйлық алған) романдарының авторы. 
Толыбаев Құрманбай
(1928) – жазушы. “Ай күледі, дән, 
шынар, балбөбек” атты өлеңдер мен дастандардың, “Қайдасың 
досым”, “Шырын”, “Өжеттер”, “Күн бөбегі”, “Шапақ”, “Алматым менің”, 
“Тамшылар” 
әңгіме-хикаяттарының, 
“Нар 
идірген”, 
“Әсет” 
романдарының авторы.
Торайғыров Сұлтанмахмұт 
(1893-1920) – қазақ әдебиетінің 
классигі. “Шәкірт ойы”, “Оқып жүрген жастарға”, “Талаптарға”, 
“Мағынасыз мешіт”, “Досыма хат”, “Қымыз”, “Түсімде”, “Анау-мынау”, 
“Бір адамға”, “Гүл”, “Тұрмысқа”, “Ендігі беталыс”, “Жас жүрек”, 
“Сарыарқаның жаңбыры”, “Қыс сүю”, “Шал мен қызға” өлеңдерінің, 
“Зарландым”, “Өлең һәм айтушылар”, “Ауырмай есімнен жаңылғаным”, 
“Қазақ тіліндегі өлеңі кітаптары жайынан” әңгіме, мақалаларының, 
“Адасқан өмір”, “Кедей” поэмаларының, “Кім жазықты?” атты өлеңмен 
жазылған романының, “Қамар сұлу” романының авторы.
Тұрлыбаев Жолдасбай 
(1932) – жазушы. “Ерке серке”, 
“Балапандар”, “Аңшының әңгімесі”, “Семсер”, “Бала мерген” атты 
жинақтардың, “Алтын тамыр” пьесасының, “Райымбек” романының 
авторы. 
Тілегенов Бекежан 
(1934-1998) – жазушы. “Таң нұры” 
әңгімелер жинағының, “Көктемде ызғарлы”, “Сені қайдан табамын” 
хикаяттарының, “Ақ қайнар”, “Уақыт”, “Сексен алтыншы жыл” 
романдарының авторы. Шығармалары орыс тіліне аударылған.
Тілеков Жәрдем 
(1911-1980) – жазушы. “Атырау толқыны” 
поэмасының, “Ақ сұр ат” өлеңдер жинағының, “Жаңа жүк”, “Қайнар”, 
“Жорық жылында” әңгімелер мен хикаяттар жинағының, “Жоңғар 
даласында”, “От кешу” романдарының авторы. Орыс және шетел 
классиктерінің шығармаларын қазақ тіліне аударған. 
Тілеуханов Төлек 
(1939) – жазушы. “Көрші келіншек”, 
“Шарапатты жан”, “Өзгенің бақыты үшін”, “Өмір арнауы”, “Біздің 
әкелеріміз”, “Мәуелі бәйтерек” әңгіме, хикаяттарының, “Келешек 
кіріспесі”, 
“Үш 
ұрпақ 
мұңы” 
романдарының 
авторы. 
Шетел 


қаламгерлерінің шығармаларын қазақ тіліне аударған. Шығармалары 
орыс тіліне аударылған. 
Ысқақ Қалихан 
(1935) – жазушы, драматург. “Қоңыр күз еді”, 
“Дос хикаясы”, “Менің ағаларым” хикаяттары мен әңгімелерінің, 
“Тұйық”, “Қара орман”, “Ақсу-жер жәннаты” романдарының, “Апа-
апатай”, “Жәке-Жәкетай”, “Кемпір іздеп жүр едік”, “Өмірбаян”, “Таңғы 
жаңғырық”, “Көктемнің салқын кезі еді”, “Сары бәйбіше, кеткен шал 
және саяқтар”, “Ерліктің екі сағаты”, “Ақ нар” пьесаларының авторы. 
Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты.
Шабданұлы Қажығұмар
(1924) – жазушы. “Бақыт жолына” 
хикаятының, “Өгейлер” романының, “Қылмыс ” атты көп томдық 
романының авторы.
Шашкин Зейін 
(1912-1966)- жазушы. “Темірқазық”, “Өмір 
тынысы” хикаяттары мен әңгімелер жинағының, “Тоқаш Бокин”, 
“Теміртау”, “Доктор Дарханов”, “Сенім” романдарының авторы. 
Туындылары шетел халықтары тілдеріне аударылған.
Шаштайұлы Жұмабай
(1950) – жазушы. “Қызыл қар”, “Жала 
мен нала”, “Жыр жолбарыс”, “Біздің заманымыздың Аяз биі” 
кітаптарының авторы.
Шәріпов Әди 
(1912-1993) - әдебиет зерттеуші, жазушы. 
“Партизан қызы”, “Тон”, “Ормандағы от” хикаяттарының, “Сахара 
қызы” романының, “Ж.Саинның өмірі мен шығармашылығы”, “Сырбай 
Мәуленов шығармашылығы”, “Қазіргі дәуір және қазақ кеңес 
әдебиетінің 
проблемалары” 
зерттеу 
еңбектерінің 
авторы. 
Шығармалары шетел тілдеріне аударылған.
Әзірлегендер: филология ғылымдарының кандидаттары 
Ж.Аймұхамбетова, Е.Тілешев 


МАЗМҰНЫ 
Жүз жазушы – жүз роман (Сөзбасы орынына). Р.Нұрғали .......................................... 3 
1. “Абай жолы”. М.Әуезов ......................................................................................... 5 
2. “Абайдың жұмбағы”. Р.Тоқтаров ..........................................................................14 
3. “Абайдан соң”. К.Оразалинов ............................................................................. 18 
4. “Азамат Азаматыч”. Б.Майлин ............................................................................. 24 
5. “Ай қанатты арғымақ”. Р.Нұрғали ........................................................................ 27 
6. “Ақан сері”. С.Жүнісов ........................................................................................ 33
7. “Ақ боз ат”. Т.Әлімқұлов ...................................................................................... 37 
8. “Ақ боз үй”. С.Елубаев ....................................................................................... 43 
9. “Ақбілек”. Ж.Аймауытов .......................................................................................47 
10. “Ақ Жайық”. Х.Есенжанов .....................................................................................51 
11. “Ақсу – жер жаннаты”. Қ.Ысқақов ....................................................................... 56 
12. “Ақ шағыл”. Ж.Нәжімеденов ................................................................................59 
13. “Ақиқат пен аңыз”. Ә.Нұршайықов ......................................................................62 
14. “Аласапыран”. М.Мағауин ................................................................................... 65 
15. “Алатау”. Б.Қыдырбекұлы ....................................................................................69 
16. “Алтай ақиықтары”. М.Разданұлы ....................................................................... 73 
17. “Аң шадырын оқ табар”. О.Айтанұлы .................................................................. 78 
18. “Асау арна”. Ғ.Сланов ......................................................................................... 84 
19. “Асулар”. А.Алақанұлы ........................................................................................ 87 
20. “Атылған қыз туралы аңыз”. С.Адамбеков ........................................................... 90 
21. “Әділ мен Мария”. Ш.Құдайбердіұлы .................................................................. 95 
22. “Әсет”. Қ.Толыбаев ............................................................................................ 102
23. “Бақытсыз Жамал”. М.Дулатов ...........................................................................107 
24. “Беласқан”. К.Сегізбай .......................................................................................111 
25. “Ботакөз”. С.Мұқанов .........................................................................................115 
26. “Біздің заманның Аязбиі”. Ж.Шаштайұлы .......................................................... 119 
27. “Бұлтқа салған ұясын”. (“Тас жарған”) Ә.Тарази ................................................122 
28. “Даладағы дабыл”. М.Қаратаев ........................................................................126 
29. “Данышпандық формуласы”. Ш.Әлімбаев ........................................................ 128 
30. “Дауылдан кейін”. Ғ.Мұстафин ...........................................................................130 
31. “Дәмелі”. Ө.Қанахин ...........................................................................................132 
32. “Доктор Дарханов”. З.Шашкин ...........................................................................134 
33. “Дулыға”. Т.Жұртбай ......................................................................................... 136 
34. “Егес”. А.Жақсыбаев .......................................................................................... 141 
35. “Еділ-Жайық”. Ә.Сарай....................................................................................... 143 
36. “Екінші өмір”. С.Досанов .................................................................................... 148 
37. “Елім-ай”. С.Сматаев ...........................................................................................150 
38. “Елімайлап өткен өмір”. Х.Оралтай ......................................................................154 
39. “Ескексіз қайық”. М.Сүндетов ............................................................................. 156 
40. “Жалын”. З.Қабдолов ......................................................................................... 159 
41. “Жаман Жәутік”. Е.Домбаев................................................................................ 161 
42. “Жаяу Мұса”. З.Ақышев....................................................................................... 166 
43. “Жоғалған қыз”. Е.Мұқамәдиұлы......................................................................... 168 
44. “Жолдастар”. І.Жансүгіров.................................................................................. 170 
45. “Жібек жолы”. Д.Досжан..................................................................................... 172 
46. “Жігер”. Н.Ғабдуллин.......................................................................................... 177 
47. “Заманақыр”.Қ.Сәрсекеев .................................................................................. 182 
48. “Замана белестері”.С.Бегалин..............................................................................184 
49. “Келешек кіріспесі”.Т.Тілеуханов ........................................................................ 190 
50. “Комендант”.Қ.Исабаев ...................................................................................... 194 


51. “Көк бөрілердің көз жасы”. Т.Зәкенұлы .............................................................. 198 
52. “Көктөбе”.Қ.Найманбаев .................................................................................... 203 
53. “Көшпенділер”. І.Есенберлин.............................................................................. 208 
54. “Күтумен кешкен ғұмыр”. Б.Нұржекеев............................................................... 218 
55. “Қазақтың Қанышы”. М.Сәрсеке......................................................................... 222 
56. “Қалың мал”. С.Көбеев....................................................................................... 225 
57. “Қамар сұлу”. С.Торайғыров................................................................................ 230 
58. “Қан мен тер”. Ә.Нұрпейісов .............................................................................. 234 
59. “Қара маржан”. Ш.Мұртазаев ..............................................................................238 
60. “Қарға тамған қан”. С.Бақбергенов .................................................................... 242 
61. “Қарғын”. Д.Исабеков .........................................................................................246 
62. “Қасырет”. К.Ахметбеков .................................................................................... 250 
63. “Қаһарлы күндер”. Т.Ахтанов ............................................................................. 255 
64. “Құланның ажалы”. А.Нұрманов ......................................................................... 259 
65. “Қызылжар”. М.Дәулетбаев ................................................................................ 261 
66. “Қызыл жолбарыс”. Ұ.Доспамбетов .....................................................................264 
67. “Қыз көрелік”. Т.Жомартбаев ............................................................................. 268 
68. “Қылмыс”. Қ.Шабданұлы .....................................................................................274 
69. “Махамбеттің жебесі”. Ә.Әлімжанов ....................................................................283 
70. “Менің құрдастарым”. С.Ерубаев .........................................................................286 
71. “Найзағай”. Ә.Әбішев ..........................................................................................291 
72. “Оспан батыр”. С.Әбілқасым ...............................................................................293 
73. “От кешу”. Ж.Тілеков...........................................................................................294 
74. “Отырар ойраны”. Х.Әдібаев ...............................................................................298 
75. “Оянған өлке”. Ғ.Мүсірепов .................................................................................301 
76. “Өз отыңды өшірме”. О.Бөкей ............................................................................ 307 
77. “Өліара”. Т.Әбдіков ............................................................................................ 310 
78. “Өлгендер қайтып келмейді”. Б.Соқпақбаев ....................................................... 314 
79. “Өмірзая”. Б.Мұқай ............................................................................................. 318 
80. “Өмір сүргің келсе”. Р. Сейсенбаев ..................................................................... 323 
81. “Өр Алтай”. Қ.Мұқажанұлы .................................................................................326 
82. “Ұрпағың үзілмесін”. И.Қабышұлы .......................................................................332 
83. “Ұрпақ тағдыры”. М.Сұлтанияұлы ......................................................................334 
84. “Үркер”. Ә.Кекілбаев - М.Хамзин ........................................................................336 
85. “Райымбек батыр”. Ж.Тұрлыбаев ........................................................................340 
86. “Сахара қызы”. Ә.Шәріпов ..................................................................................344 
87. “Сәрсенбек”. С.Садуақасұлы ...............................................................................346 
88. “Сексен алтыншы жыл”. Б.Тілегенов ..................................................................352 
89. “Сергелдең”. З.Сәнікұлы ......................................................................................355 
90. “Сұлтанмахмұт”. Д.Әбілев ..................................................................................362 
91. “Тағдыр”. Қ.Жұмаділов ........................................................................................366 
92. “Тар жол, тайғақ кешу”. С.Сейфуллин .................................................................370 
93. “Таңба”. Ж.К.Бектұров .......................................................................................375 
94. “Таң сәрі”. А.Байтанаев .......................................................................................378 
95. “Томирис”. Б.Жандарбеков .................................................................................381 
96. “Торғай толғауы”, “Сарыарқаның сүйіктісі”. Ж.Молдағалиев ...............................388 
97. “Төзім шеңбері”. С.Мыңжасарова .....................................................................389 
98. “Тұрғылас түлектер”. М.Құлыбекұлы ..................................................................392 
99. “Шеңбер”. О.Сәрсенбай ............................ .........................................................396 
100.“Ызғар”. К.Қазыбаев ......................................................................................... 401
Роман авторлары туралы мәлімет ...................................................... 405 





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет