К. Алтаева жазбаша сөйлеу мəдениеті оқу-əдістемелік құрал Алматы


I ӘДЕБИ ТІЛ ЖӘНЕ ТІЛДІК НОРМАНЫҢ ТҮРЛЕРІ



Pdf көрінісі
бет2/28
Дата05.06.2023
өлшемі0,83 Mb.
#98882
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Байланысты:
Алтаева жазбаша сөйлеу мәдениеті (1)

I ӘДЕБИ ТІЛ ЖӘНЕ ТІЛДІК НОРМАНЫҢ ТҮРЛЕРІ
 
 
1 - дәріс. Әдеби тіл туралы түсінік 
Тілді сол тілде сөйлеуші халық жасайды. Халық тілінің ең жоғарғы 
формасы – әдеби тіл. Әдеби тіл көбінесе халық тілі негізінде жасалатындықтан, 
оны сөйлеу тілінен мүлде оқшау тұрған өзгеше тіл деп тану дұрыс емес. Сонда 
да оның елеулі ерекшеліктері болады.
Әдеби тіл – жазба тіл. Жазба әдебиет арқылы тіл байлықтары, оның 
құрылысы қалыпқа түсіп екшеледі. Жазуы болмаған халықтың тілі әдеби тіл 
дәрежесіне көтеріле алмайды. Қазақ халқының жазуы болмай тұрған кезде бай 
ауыз әдебиеті болды. Ауыз әдебиеті әдеби тілді қалыптастырудың алғашқы 
лабораториясы болғаны рас, бірақ оның тілі шын мәнінде әдеби тіл деп 
есептелмейді. Оның себебі – фольклор тілінде жалпыға ортақ бірізділік, әдеби 
тілге тән басқа қасиеттер бола бермейді.
Сөйтіп, «әдеби тіл» деген ұғым халықтың жазу мәдениетімен тығыз 
байланысты екен. Әдеби тіл жазу арқылы, әдеби мұраларды баспаға басып, 
жұртқа тарату арқылы, ауызекі тілдің байлықтарын екшеп саралау арқылы 
қалыптасады. Онда да қағазға, тасқа жазылғанның бәрін, баспаға басылғанның 
бәрін әдеби тілдің үлгісі деуге болмайды.
Әдеби тіл – жүйелі тіл. Жазба тілдің ілгері даму барысында халық 
тілінің сөз байлығы, грамматикалық құрылысы ықшамдалады, сұрыпталады, 
нормаланады; жазу мәдениеті арту арқылы халықтың тіл мәдениеті артады. 
Сөйлеу тілінде көптеген сөзді әркім әр түрлі айтатын болса, түрліше 
қолданатын болса, әдеби тілде олар жұрттың бәріне бірдей, бірқалыпты 
жұмсалады. Ондай бірізділік орфографияда да, әйтеуір, тілдің, тіл 
мәдениетінің барлық тармақтарында белгілі жүйе – норма болуға тиіс. Нормаға 
түспеген әрі-сәрі тіл әдеби тіл деп есептелмейді.
Әдеби тілдің жауы – анархия. Тілдің нормалану дәрежесі неғұрлым 
айқын болса, тілдің әдебиеттік қасиеті соғұрлым жоғары болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет