5
стилі); 3. Ғылыми-техникалық әдебиеттің стилі; 4. Көркем әдебиет тілінің
стилі.
Мұндай стильдік тармақтар әдеби тіл қызметінің артуы,
тілдің дамуы
нәтижесінде жасалады. Ендеше, тілдің стильдік жүйелерінің саралануы –
тілдің әдебиеттік басты белгілерінің бірі. Тілдің стильдік тармақтары
неғұрлым сараланған болса, әдеби тілдің солғұрлым буыны қатып, бұғынасы
бекігендігі.
Әдеби тіл – қоғамдық қызметі мол тіл. Сөйлеу тілі беттесіп қарым-
қатынас жасаудың құралы болса, әдеби тіл, сонымен қатар, өнердің,
мәдениеттің, ғылымның, оқу-ағарту,
тәрбие жұмыстарының, саясаттың,
кеңсенің, баспасөздің... тілі. Әдеби тілдің біркелкі, әрі жаппай, қоғамның
барлық өміріне қатысты бола жұмсалуы – оның әрі ұлт тілі болуының белгісі.
Сөйтіп, әдеби тіл дегеніміз –
жазба әдебиет арқылы жүйелі қалыпқа
түскен, стильдік тармақтары бар, қоғамдық қызметі әр алуан тіл.
2 - дәріс. Тілдік норма туралы түсінік
Әдеби тіл дамыған сайын оның сымбаттылық қасиеті арта түседі. Тілдегі
олпы-солпылық – жүйелілікке зәруліктің белгісі. Тіл өнеріне жаны құмар
жандар ондай зәрулікке тәуелді болмаса керек. Олар тілді өткір құрал ретінде
ойын дәл беруге, оның қолайлы байлықтарын жұмсай білуге тиіс.
Талғампаздар сарабына салатындай тіліміздің
сондай асыл қорларын қазақ
халқы ұрпақтан ұрпаққа мұра етіп отырған.
Халық тілінің байлықтарын өшпес дәулетке айналдыратын да, ол
құралды шыңдай түсетін де – жазба әдебиет. Жазба әдебиеттің «дүкеніне»
түскен тіл байлықтары сөз шеберлерінің қаламына ілігетіндіктен, әр алуан
«әшекейге безенеді», ықшамдалады, байи түседі. Осылардың нәтижесінде
тілдік норма жасалады.
Әдеби тілдің даму процесінде біріне-бірі қарама-қарсы екі түрлі бағдар
байқалады. Бір жағынан, тіл қоғам өмірімен (ғылымның, мәдениеттің,
әдебиеттің, экономиканың дамуымен) тікелей байланысты болатындықтан, ол
6
үздіксіз дамып, сол даму барысында халық тілінің ішкі мүмкіншіліктері
кеңінен пайдаланылып, өзгеріске ұшырап отырады. Екінші жағынан,
мемлекеттік, саяси-қоғамдық іс атқару жұмыстары орныққан сайын, баспасөз,
әдебиет, экономика, ғылым, мәдениет дамыған сайын тілде бар ала-құла
қыруар байлықтың тиімділері, тілге жатық әрі үйлесімділері сұрыпталып,
жалпыға ортақ қалыпқа түсіріліп, нормаға айналады.
Тілдік «норма» дегеніміз «әдеби» деген ұғыммен тайталас айтылады.
Әдеби
тілге сіңіскен, әдеби тілде орныққан тіл байлықтары «тілдік норма»
дегенге жатады. Тілдік нормадан тысқары құбылыстар, ауытқулар ауызекі
сөйлеу тілінің ерекшеліктері болып есептеледі. Сондықтан «әдеби тіл», «әдеби
емес тіл» дегенді халық тілінің нормалану нысаналарына қарап айтамыз.
Тіл байлықтарын тегіс жіпке тізіп, әрқайсысын бөлек алып, ол былай
айтылсын, былай жұмсалсын деп өкім шығару мүмкін емес. Ол «өкімді» әдеби
тілдің ілгері даму барысында біздің тіл жұмсау тәжірибеміз шығарады. Тілді
«өз бақылауына алатындар», алдымен, тілдің икемді құрал болу қасиетін
арттырып, оның қалаулы, таңдамалы байлықтарын орнықты, біршама тұрақты
етуді көздеуге тиіс.
Сондай іске тіл мамандары, әдебиетшілер, жазушылар,
журналистер, актерлер т.б. белсене қатынасады. Әсіресе халықтың жазу
мәдениетін бір ізге салу, орфография, терминология,
пунктуацияны реттеу,
грамматика жазу, сөздіктер құрастыру арқылы бұл жағынан көп табысқа
жетуге болады.
Тілді нормаландыру дегенді уағыздағанда, тілдің икемділік қасиетін
жойып, сірідей сірестіріп қою жолымен тілдің икемділігін арттыру
көзделмейді. Тіл материалдары сұрыпталып, бүкіл халыққа түсінікті әрі
ұтымды, дәл, анық ету арқылы ғана тілдің икемділігін арттыруға болады. Сол
мақсатпен тілдік норма үшін күресудің маңызы өте зор.
Тілдік норма жазуда ғана емес, сөз қолдануда да, сөздің айтылуынан да,
грамматикалық тұлғаларды пайдалануда да, сөйлем құрауда да, қысқасы,
тілдің өн бойында болуға тиіс. Әрине, мынаны қолдан, мынаны қолданба деп
барлығына бірдей рецепт беру мүмкін емес, сонда да тілдік нормаларды
баянды ете түсуге әбден болады. Сонымен қатар әрбір жазушы, әрбір
журналист, әрбір сауатты азамат әдеби тілдің нормаларын жақсы біліп,
соларды сақтап жазуға, сақтап сөйлеуге тиіс. Мысалы, сөйлеу тілінде
«жиырма» сөзін «жігірма», «жерма» деп түрліше айтады. Ал
әдеби тілде
сөйлеуші оны солай түрлендіріп айтуды да, түрлендіріп жазуды да
мәдениетсіздік деп таниды, ар көреді.
1920 жылдарға дейін қала, кент, шаһар сөздері қатар жұмсалып келді де,
кейін «қала» әдеби нормаға айналып кетті. Сол сияқты 1930 жылдары бір сөз
Достарыңызбен бөлісу: