К. Алтаева жазбаша сөйлеу мəдениеті оқу-əдістемелік құрал Алматы



Pdf көрінісі
бет9/28
Дата05.06.2023
өлшемі0,83 Mb.
#98882
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   28
Байланысты:
Алтаева жазбаша сөйлеу мәдениеті (1)

 
Қосарлы дауыссыздардың емлесі 
 
1. Қосарлы 
сс, лл, тт, мм дыбыстарына біткен сөздер түбір қалпында 
өзгеріссіз жазылады. Мысалы: прогресс, металл, киловатт, грамм. Орыс 
тілінен енген бұл сөздерге қосымша жалғанғанда, қос дауыссыздың соңғы 
сыңары түсіп қалады. Мысалы: прогресс-прогрестің, прогресі; металл-
металдан, металы; киловатт-киловатқа, киловаты; грамм-грамнан, грамы.  
2. 
нд, мп, кт, нг, мб, ск, фт дыбыстарының тізбегіне біткен сөздер түбір 
күйінде өзгеріссіз жазылады. Оларға дауыссыз дыбыстан басталған 
қосымшалар ы немесе і дәнекері арқылы жалғанады. Мысалы: тренд-трендіге, 
трендіні; генофонд-генофондының; штамп-штампылау, штампыны; факт-
фактіде, фактілер, фактіге, фактіден, фактісі, митинг-митингіге, 
митингіде, митингілер; ромб-ромбыға, ромбыны, ромбыда; Томск-Томскіге, 
Томскіден; киоск-киоскіде, киоскілер; шрифт-шрифтіден, шрифтімен.
3. 
ст, сть, зд дыбыстарының тізбегіне біткен термин сөздер түбір күйінде 
сол қалпында жазылады. Мысалы: журналист, ведомость, подъезд. Бұл 
сөздерге қосымшалар жалғанғанда, соңғы т, ть, д әріптері түсіріліп жазылады. 
Мысалы: журналист-журналиске, журналистер, журналистік; ведомость-
ведомостың, ведомосқа, ведомосы; подъезд-подъезі, подъездер, подъездің. 
4. Соңғы дыбыстары ог, уг болып келген сөздерге және рк, лк, кс, нкт, 
кль, брь, бль сияқты тіркес дыбыстарға біткен сөздерге қосымшалар әрдайым 
жіңішке түрде жалғанады. Мысалы: педагогтер, педагогі, педагогтік; 
геологтер, геологке; округтік, округке, округтер; парктен, паркке, паркі; 
полктер, полкке, полкі; факс, факске, факстің, факстен; пункттер, пунктке, 
пункті; ансамбль, ансамбльге, бинокльдер, бинокльдің, бинокльде.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет