Сабақтың мақсаты: ХХ ғасыр басындағы орыс, еуропа, қазақ ойшылдарының этикалық және эстетикалық арақатынас мәселелерін көрудегі контекстік салыстырмалы ұқсас талдауларды айқындау және зерттеу ерекшеліктері.
Тақырыпты меңгеруге арналған ұсыныстар: ХХ ғасыр басындағы адамзат заманының жаңа күй-жай қырларын анықтау үшін ХХ жүз жылдық басындағы орыс, еуропалық және қазақ мәдениетінің негізгі құндылықтар бағдарына сараптама жүргізуге тура келеді.
Осы дәуірге байланысты жалпы дүниетанымдық бағдарларын айқындау. К. Ясперс, Ф. М. Достоевский, Л. Н. Толстой, Н. В. Гоголь, М. Хайдеггер шығармашылықтарына ерекше назар аудару керек.
Жүз жылдықта адамның ұқсастықтары мен айырмашылықтарын берілген ұғымдық ішкі әлеміне дербес талдау жасау.
Осы кезеңдегі этика және эстетиканың негізгі ұғымдарына назар аударыңыздар. Қоғам мен адамда олардың көріну ерекшеліктерін (спецификасын) бақылаңыз, сонымен қатар берілген түсінікке әсер ететін факторларды сұрыптаңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |