К., Аубакирова С. С. М. Ж. КӨпеев, С. Торайғыров пен ж. Аймауытов шығармашылықтарындағы этикалық ЖӘне эстетикалық



бет35/49
Дата12.05.2022
өлшемі491,5 Kb.
#34159
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   49
Байланысты:
565 ahmetova g.g. aytkazin t.k. aubakirova s.s. m.j. kpeev s. toraygirov pen j. aymauitov shigarmashilikhtarindagi etikalikh jane estetikalikh

Сабақтың мақсаты: Қазақ ойшылдарының шығармашылығындағы салыстырмалы талдау барысында рухани- адамгершілік негізді еркіндік мәселесін анықтау.

Тақырыпты меңгеруге арналған ұсыныстар: М. Ж. Көпеев, С. Торайғыров, Ж. Аймауытов шығармашылығындағы еркіндік пен кінә, олардың себебі мен қатынасына міндетті түрде талдау жасау.

М. Ж. Көпеев, С. Торайғыров, Ж. Аймауытов шығармашылығындағы күнә жасау трагедиясы мен олардың трактовкасына негіз салу. Трагедиялықтың типологиясы тақырыбын жан-жақты қарастыр.


Тақырыптың мазмұны
1. Кінә және еркіндік. Екеуінің қатынасы мен себебі.

2. Кінә мен еркіндік контекстіндегі трагедиялықтың типологиясы. (Ақбілек, кедей, лирикалық кейіпкер, ханша, Әжібай).

М. Ж. Көпеев, С. Торайғыров, Ж. Аймауытовта эстетикалықты (сезімдік) әр басқа түсіну қалыптасқан жағдайлардағы трагедиялық кінә трактовкасының әр түрлі қырларына байланысты. Ойшылдар образдар галереясын жасап ғана қоймай (жаман- жақсы), олар адамды бойында дене, жан, сана, сезім ұштасқан табиғаттағы ең күрделі жүйе ретінде көрсеткісі келді. М. Ж. Көпеев, С. Торайғыров, Ж. Аймауытов шығармаларын талдай отырып, трагедиялықтың бірнеше типін бөліп қарастыруға болады. Олар:

- Тұлғаның өзіндік келіспеушіліктерінде;

- Тұлға және қоғамның арасындағы келіспеушіліктерде көрініс табады.

М. Ж. Көпеев адамның қайғысын эмоционалді - ерікті тұлға екпін түсіре отырып, трагедиялықты индивидтің микро - әлемі мен қоршаған макро - әлеммен диалектикалық байланысын қарастырады. Оның ойларындағы адам мен Құдай тақырыбы негізгі тақырып болып табылады. «Екі жігіт пен бір шалдың әңгімесі» дастанында трагедиялықтың феномені адамның жеке өмірі этика - эстетикалық аспектпен байланысты. Ханша жасаған істері үшін жауап беруі керек. Ол саналы түрде жасалған таңдау үшін кінәлі болып саналады. Дегенмен, ханша өзінің осындай төмен деңгейге жетуіне, күнә жасағандарын мойындап, жас әйел жасаған істері үшін өкінеді. Оның бойында трагедия біршама стихиялы түрде дамиды. Трагедиялық кейіпкер – ханшаны ұзақ уақыт бойы билеген қорқыныш, үрей, үмітсіздік, дерт, жанның тыныш таппауы – локальді эмоция қызметін атқарып қана қоймайды. Бұл адам өмірінің маңызды сұрақтарына жауап беретін адамгершіліктің кезеңдері немесе деңгейлері. Адамның қателікті мойындау жолы – жоғары күшке ұмтылу жолындағы еркіндік. М. Ж. Көпеев бойынша адам бар жанымен уайымға түсуі, өкінуі тазаруға, адамға өзінің «Менін» қайтаруға негіз болады делінген.

А. Шопенгауэрдің тұжырымы бойынша трагедиялықтың жеке принципін табу мүмкін емес. Ол трагедияның үш типін бөлген: – біріншісі – «қателесу» трагедиясы (адасу), екіншісі –- «индивидтердің зұлым еркі» трагедиясы, үшіншісі – «жоғарғы адамгершілік келіспеушіліктерінің трагедиясы». Адам алдын ала істің жақсы не жаман аяқталатынын, мәселенің трагизмін анықтай алмайды. М. Ж. Көпеевтің мақсаты жаман мен жақсылықтың арасына шекараны белгілей отырып, өмірдің шындығын көрсету болды. Өмір шындығы осы екеуінің кезектесіп келуіне байланысты. Ханшайымның кінәсі анық көрініп тұр, бірақ көрермен жанының қиналуына қарап аяушылық білдіреді. Ол субъективті түрде күнәлі әрі күнәсіз жан.

С. Торайғыров трагедиялық кінә тақырыбын біршама басқаша түсіндіреді. Әжібай еркіндіктің мүмкіндіктерін санасыз меңгергендіктен кінәлі болып саналады. Оның өмірі түгелдей бостандық және еріксіз өткен, әулетінің мансабы үшін еріксіз сүймей қосылған әйелімен тұруға мәжбүр болады. Осының себебінен, кейіпкер шынайы махаббат іздеуге, бақыт іздеуге отбасысынан алшақтап кетеді.


Нельзя сынок; худой давать молве.

Катиться, словно мусору в траве.

Ты амангер – вдова род не покинет.

И ты жениться должен на вдове.[12, 107 б.].


Әжібай қауымның патриархалды ережелеріне мал-мүлікке қызығу себебінен бағынды. Ол тіпті туған қызын құрбан етеді. Дәстүрге қарсы тұра алмаған Әжібай өшін қарапайым халықтан алады.

Свой дом стал для Жаныл страшней оков.

Здесь, придираясь из – за пустяков.

Бил Ажибай ее нещадным боем!

У ней все тело – в пятнах синяков. [12, 124 б.].
Оның моральдық тұрақсыздығы, қызбалануы мен әлсіздігі оқырманның аяушылық сезімін тудырады. Берілген трагедиялық жағдай, А. Шопенгауердің ойынша, адасу трагедиясы болып табылады. Демек, Әжібайдың қателігі – қоғамның қателігі. Бұл жерде Әжібай өзінің жақындарына жасаған қияметі ғана қателік болды. Бұл қателік оның бақытсыз болуына да әсерін тигізді. Әжібайдың әрекеттерінен амалсыздық, үмітсіздік, өмір сүру мәнінің жоғалуы көрінеді.

Бұл тақырыпты С. Торайғыров «Қамар сұлу», «Кім жазықты?», «Кедей», «Адасқан өмір» еңбектерінде ұшқыр суреттейді. С.Торайғыров кейіпкерлері тағдыр тәлкегіне төтеп бере алмағандықтан, осындай жағдайға душар болып отыр. Дегенмен Қамар да, кедей де, Әжібайға қарағанда, өмірдің әділетсіздігінің себебін іздеп, өмірін өзгертуге талпынады.


Нет, не согласен я жить жизнью такой,

Я должен пойти по дороге другой:

Смиренье немало людей погубило,

Для скольких оно обернулось бедой! .[12, 86 б.].

Дегенмен «Кедей» поэмасында С. Торайғыров адамның талпынысына қарамастан, пенде тағдырына негіз болатын табиғи және әлеуметтік жағдайлардан алыстап кете алмайды деген.
Судьба моя всем этим судьбам сродни.

В работе проходят унылые дни.

А мало ли голода не испытавших,

Хотя никогда не трудились они. .[12, 79 б.].


С. Торайғыров кейіпкерлері ортада болып жатқан әділетсіздіктерді өзгерту қолдарынан келмейтіні анық. Сол себепті олар амалсыздықтан қайғы, қасіретке көніп, сары уайымға салынады. Олар адамзаттың тұрақсыздығы салдарынан осындай күйге жетіп отырғандығын түсініп, өздерін де кінәлі деп есептейді. Осы жерде трагизм – кейіпкерлердің екі ойда болуынан көрінеді.

Қамар үшін о дүниелік болу бірден-бір еркіндікке апаратын жол болды. Бұл жағдайда Қамардың адам өміріне тең келетін саналы түрде зұлымдыққа қарсы келу трагедиялық мінез бен жағдайдың трагедиялығына бірден-бір айғақ. Біздіңше С. Торайғыров кейіпкерлері субъективті түрде кінәлі. Олар әлеуметтік – тарихи жағдайларға қарсы келе алмаған, трагедияның болуына жеке адамның екі жасқа кедергі жасауы емес, қазақ қоғамының нормативті – құндылықты жүйесі әсер етті. Бұл нормалардың ауытқуы трагедияға – ғашықтардың өліміне әкеліп соғады. Қамардың махаббаты жолында жасаған әрекеттері адамгершілік, адамның рухани құнын, әділ істері кез келген адамға үлгі болуы тиіс. Қамардың адамдық қасиеттері үшін оны кінәлі деп айыптау адамгершілікке жат нәрсе.

Ж. Аймауытов шығармашылығының талдауына келетін болсақ, ойшыл адам тұрақсыз мінезді, үнемі өзгеріс үстінде болады деген. Сол себепті адам моральға жүгінетін, бірде жүгінбейтін, кейде трагедиялық жағдайларға алып келетін әрекеттер жасайды. Ж. Аймауытов та С. Торайғыров сияқты қоғамның нормалар мен әулет құндылықтарынан ауытқып кеткен адамдар мәселесін кең қарастырды. Ж. Аймауытовтың «Күнікейдің жазығы» романы тағдырдың қатыгездігі, уайым мен жалғыздыққа толы. Қарт әйел уайымының себебі неде? Шынайы махаббат сезімдері жалғыздыққа душар етті. Шындыққа сай болмағанмен, бұл шындық. Анасының қызын сүймеген адамға беруі, қызының үйінен қашып кетуіне себеп болды. Бірақ анасының айтқанына көніп, сүймегеніне күйеуге тигенімен, оқиға бақытсыздықпен аяқталатынына күмән жоқ. Осыдан махаббатсыз өмір – мұң, бірақ кейде махаббат та өмірді қиындата түседі деген қорытынды жасауға болады. Махаббаттың көпқырлылығы жайлы идея Ж. Аймауытовтың «Шернияз» пьесасында аңғарылады.

Шернияз бұл жағдайда субъективті түрде кінәлі. Себебі жүрегінің түбінде ол өзінің кінәсін сезеді, жасаған қылығы жазалануы тиіс екендігін де біледі. Бір жағынан Шернияз атқарған істеріне жауапты болу керек екендігін де ұйғаруы керек. Бұл тұрғыда оның кінәсі анық көрініп тұр.

Берілген идея «Ақбілек» романында да бар. Қатігез адамдардың құрылған жоспарларының құрбаны болған Ақбілек туғандары мен жақындары арасындағы қарым – қатынастың ушығуын өзінің кінәсі деп санайды. Ақбілектің басынан өткен оқиға әкесінің намысына тиеді. Қазақта қыз баланы ерекше құрметтеп, аялап өсірген. Әйел адамға ошақтың қамқоршысы ретінде ерекше талаптар қойылған. Алайда, үйдегі қыз бала күшпен жасалған, өзгелердің зұлым ойларына ілігіп елге сөз болса, таяқтың ұшы тәрбиелеп отырған ата-анасына тиген. Сондықтан отбасы үмітін ақтамаған Ақбілек әкесінің қатал да суық үкіміне амалсыздан көнді. Бұл Ақбілектің көңіліне қатты батады. Бірақ әкесінің Ақбілекке деген қаталдығы басқа - өзін жеңе білген, болашақта өз орнын таба білген Ақбілекті дүниеге әкелді. Бұл Ж. Аймауытовтың айтайын деген негізгі ойы еді.

Көріп отырғандай, ойшылдар трагедиялық қақтығыстарды әркім өзінше түсінгендіктен, әрбіреуі айрықша талдай білді. М. Ж. Көпеев адамның руханилығына екпін түсіре отырып, сыртқы күштердің әсеріне бағынбай тұлға өзінің талпынысы мен күшіне сеніп бар қиындықты жеңе алады деген. С. Торайғыров кейіпкерлері өмірінің трагедиялық жағдайлардың мазмұны мен мағынасына ерекше көңіл бөлген. Кез келген жағдайдан адам сабақ ала білсін деген тұжырымға келеді. С. Торайғыров адам өмірде өз орнын таба білсін деген мақсат қойған. Ж. Аймауытовқа келсек қандай жағдай болса да өмірге деген оптимистік көзқарас пен болашақтың жарқын болатынына сеніммен қарау керек деген. Ол өмірде бақыттың бар екендігін айтады.

Біздерге М. Ж. Көпеев, С. Торайғыров және Ж. Аймауытов шынайы өмірдегі трагедиялық пен комедиялық, әсемдік пен ұсқынсыздық, жақсылық пен жамандықты талдауы күрделі болып көрінуі мүмкін. Олардың негізгі ойы әр ситуацияға обьективті түрде қарап, проблеманың пайда болуының этикалық және эстетикалық себептерін қарап, оны шешудің адамгершілік нормаларына сай дұрыс жолын табу. Бұл этикалық - рухани дүниенің негізгі компоненті дегенді білдіреді. Қазақ дәстүрі философиясындағы этикалық және эстетикалықтың көрінісі осындай.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет