Бақылау сұрақтары
1. Келесі жолдар кімдікі? Метафоралық бейнелерге, қазақ ойшылдарының шығармаларындағы антропоморфизмға негіздеме беріңдер
Салтанатты Сарыарқа,
Сәулеленген Сарыарқа.
Кең қойның кен Сарыарқа,
Сан жеткісіз Сарыарқа.
Суың шекер бал Арка,
Майда шөбің бал Арқа.
Күрделі биік бел Арқа.
Малы-басың сай Арқа.
Төрт түлікке бай Арқа,
Маңырап турған мал Арқа,
Төңірегі төл Арқа [1, 145 б.].
Исковеркал его недуг.
Натерпелся он в жизни мук.
Никаких у него надежд.
Черви рады – теперь он сух,
Лишь трясется и смотрит вниз,
Потому что смотреть вокруг –
Видеть мир, что к страданьям глух [12, с.13]
«Шағала көлдің беті айнадай… Көлді біреу көшіріп кететіндей, әлсін-әлсін қиқылдап, әлек болып қызғыш жүр. Кабинетінде отырып, өмірі өткен комиссарша маңғазданып, оқта-текте аққу сұнқ-сұнқ етеді. Кәдеге таласқан қатындарша ию-қию болып, бажылдасып қаздар жатыр» [3, 43б.].
2. Сiз метафора мағыналарды табу әдiсі екендігін қалайша түсiндiресіз?
Құрметті ел билеген хакімдер де,
Жыландай зәрін төгіп сорып жатқан.
Бас салып мұңлы-зарлы кем-кетікті,
Бүркіттей тырнағымен бүріп жатқан.
Әркімді арбауына түсірем деп
Түлкіше құрықтарын бұлаңдатқан.
Жүзіме көрінгендер көз салсын деп,
Өз бойын тотықұстай сылаңдатқан [1, 32 б.].
«Үсті-басты қырауытып, қылышын сүйретіп, шықыр-шықыр етіп қыс келді. Биылғы қыс қатаң болды… Жылымық болса жаңбыр жауады… Жерден қайран болмады. Қара мал қолға қарады. Азғана пішенді аз күнде-ақ бітіріп алды… Дүние тарылды. Ел тарықты, састы, қысылды – қай ауылды алсаң да қалт-құлт» [3, 35 б.]. «Күннің мұндай айбынды, сұлу екенін Күнікей бұрын көрсеші! Мына күн тап өзінің, өз үйінің күні тәрізді. Жып-жылы, жап-жарық! …Күнікейдің балалығы ұстап кетті: бозторғайша аспанда, қызыл гүлді, алтын күнді мадақтап ән салғысы келді» [3, 360 б.].
Достарыңызбен бөлісу: |