К., Аубакирова С. С. М. Ж. КӨпеев, С. Торайғыров пен ж. Аймауытов шығармашылықтарындағы этикалық ЖӘне эстетикалық



бет27/49
Дата12.05.2022
өлшемі491,5 Kb.
#34159
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   49
Байланысты:
565 ahmetova g.g. aytkazin t.k. aubakirova s.s. m.j. kpeev s. toraygirov pen j. aymauitov shigarmashilikhtarindagi etikalikh jane estetikalikh

Тақырып мазмұны
1. Көшпенділердің - отырықшылығы. Батыс-Шығыс.

2. Этизм және эстетизм.

3. ХХ ғасыр басында адам мәнін түсінудің ерекшелігі мен ұқсастығы.

4. Зерттелетін ойшылдардардың Мен-бөтен тұжырымын бейнелеп беруі.

ХХ ғасыр басындағы қазақ ойшылдарының дүниетанымдық қабылдауын зерттеу орыс және еуропа философтары К. Ясперс, Ф. М. Достоевский, Л. Н. Толстой, Н. В. Гоголь жақын болды, дегенменде олар сонымен қатар көркем мәдениетті жаратты және олардың шығармалары жақсылық пен жамандық арақатынас мәселелерінде философиялық жалпылау болып келді, кереметтік және ұсқынсыздық, яғни әлемде адам болмысы тәсілдерінің талдауы жасалды. Біздің көзқарасымызша, өнегелі жауаптылық сезімі М. Ж. Көпеев шығармасы кінә сезімімен тығыз байланыста тиісті қаралу керек. Дегенменен, әлемнің әрбір жетіспеушілігіне жауапкершілік және өзінің кім екенін көрсетуге мүмкіндіктерді пайдаланбағаны үшін өзін кінәлау сезімі бар болады. Бұл философия тарихында жаңа тақырып болып саналмайды, олар белгілі болғандай көптеген әлемдік ойшылдарға ортақ болды, соның ішінде К. Ясперс үшін де. М. Ж. Көпеев неміс экзистенциалисті мұрасымен таныс болған жоқ. Және бұл факт әлемдегі барлық халықтардың және әр түрлі кезеңдегі ұлы ойшылдардың керемет үндестік құбылысын бекітеді. Бізді олардың көзқарастарының сәйкес келуі де қызықтыра түседі.

К. Ясперс, өзінің трагедиялық болмыс туралы ойын білдіргенде, сонымен қатар жауапкершілік және кінә түсініктерін теңестіреді. Ол мынадай ойға келді, адам өз кемшілігі ғана емес барлық әлем кемшілігі үшін кінә алу қажет деген шешімге келді. Бұл кінәні метофизикалық деп атады, ол «әлемдегі барлық әділетсіздікке, әсіресе қылмыстың істелуі кезінде және қылмыс істелу уақытында куә болса жауапкершілікті сезіну керек. Егер бұл қылмысты жою үшін мен қолымнан келгеннің бәрін істемеген болсам, онда мен олардың жақтасы боламын» [21]. К. Ясперс бойынша барлық мәселе мынада: барлық кінә мен жауапкершілікті өзіне алып ары қарай өмір сүре алу, іштей өкіну арқылы өмірін қайта құру. М. Ж. Көпеев К. Ясперспен ынтымақтас, себебі өзін-өзі кешіру және өзін-өзі жеңу өткенді жасыру, оны сызып тастау үрдісі өте азапты. Ол барлық кезеңдерді және өкіну кездерді өткеруі үшін ең жоғарғы болымдылыққа апаратын бостандықтың жауапкершілігін шексіздігін шынайы түсіну керек. Бұл жолды «Екі жігіт пен бір шалдың әңгімесі» М. Ж. Көпеевтің осы дастандағы кішкентай ханша өткерген. Кінәнің бар болуы (жауапкершілікке) адам өміріне адамгершілік негізін жоғалтпауға көмектеседі, оны сақтау және рухани бүтіндікті қайта қалпына келтіру үшін керек.

Діни ұғым этикалық және эстетикалық түсініктермен өзара байланысты, көп деңгейде біздің көзқарасымызды М. Ж. Көпеевтің және әлем қабылдаған Гогольдің позициясы жақындатады. Гоголь белгілегендей поэзияны, музыканы, театрды құдайдан алыстатпай оған жол сілтеу керек. Бірақта өнер әлемінде этикалық бастаманы эстетикамен алмастыратын жайттар жиі кездеседі. Өмірді бақылау барысында, адамгершілік және сұлулық қатынастарын талдауда Н. В. Гоголь көңіл толтырмайтын қорытындыға келді, адамгершілік принципі көбінесе әлсіз болып келеді: «…бірақ ағайындыларды қалай жақсы көруге болады? Адамдарды қалай жақсы көруге болады? Жаның бір жақсы нәрсені сүйгісі келеді, ал бейшара адамдар кемеліне жетпеген, онысыз да олардың жақсы жақтары аз» [22, 208 б.]. Н. В. Гогольдің айтуы бойынша адамзат жеңіл рахаттануға көбінесе ұмтылады, эстетикалық қанағаттанады, мораль мен адамгершілік жанның белгілі күшін қажет етеді деп белгілейді.

Гоголь этикалық және эстетикалық шынайы әрекеттердің қарсы жақтарын ашу үшін көбінесе сызбаға сүйенген, ирония - бұл қоғамдық жағдайларға рухани көзқараспен қарауға болатын бұрыш. Ол адамдардың ақауы мен кемшіліктерін күлкі арқылы өлтірді.

М. Ж. Көпеев өз замандастарының өмір үлгісін талдауында, олардың ақаулары мен әлсіздіктеріне ирониялық қатынасты шақыратын құстар мен жануарлардың табиғи үлгісін қолданды.
Қазақтың молдасы бар көбелектей,

Жүреді қайда от болса төңіректей.

Дайын жоқ, тұрақ та жоқ, ойсыз, мисыз,

Ұшады, тек жел болса, ебелектей [1, 222-223 б.].


Біздің көзқарасымызбен, ойшылдардың көзқарасының сәйкестігі трагедия-ирониялық келекені олардың ішкі дүниесінің қиналысын көрсететін құрал ретінде ұғынылған әрекеттер қатынасына негізделеді.

С. Торайғыров бойынша адам ең басында ізденіс күйінде болады. Басқаша айтқанда, өзінің рухани-жан дүниесінің маңыздылығын іздеу ойшылдарды адам болмысының аяқталмаған және тоқталмаған ойға әкеледі. Бұл жол бір уақытта риясыз өзін басқаға қайтарып берді және өзіндегі керемет пен жетілгенді толтырды. Л. Н. Толстой басқа адамдармен қатынасынан кейінгі өміріндегі ауыр рухани тоқыраудан соң өтті. Орыс ойшылдары адамның бұл жерде өмірге кездейсоқ келмегендігін ойлай отырып, басқа адам болмысынан терең мағына көрді. Жазушының рухани тоқырауына байланысты өзгеріс тізімдері оның эстетикалық түсініктерінде байқалды. Егерде бұрынғы туындыларында шындықтың үш бірлігі белгіленсе, жақсылық пен сұлулық болса, онда кейінгілерінде этикалық және эстетикалық басталудың болғаны көрінеді. Л. Н. Толстой бойынша этика мен эстетика өнерге ғана тиісті емес, ең алдымен бұл адам өмірінің негізі ыдырауы болады. Олардың ыдырауының трагедиялық айырмашылықтарын көре отырып және оларға ұқсас негіз таба алмай олардың бірыңғай ойшысы мәлімдейді, жақсылық пен сұлулық - үйлесiмдi емес заттар. Толстой этикаға жоғары бағалау береді, адам қалай бар болмыстық мағынасын жоғалтса, онда ол лезде эстетикалық сезгіште болады.

Н. Толстой, өз көзқарасына сенімді бола отырып, өнер ол адамды алдаушы ермек деп ойлайды. Сондықтан өзінен кейін жақсылық әкелмейтіндердің барлығы қайтарылуы тиіс.

Ойшылдар Шекспир, Данте, Бетховен, Рафаэл шығармаларын талдай отырып және оларға түсініксіз және қол жетпейтін сияқты бағалау беріп, демек халыққа қажеті жоқ бөгде деген ойға келді. Л. Н. Толстой өзінің алдындағы туындыларына сын көзбен қарайды. Бұл қорытынды ойшылдың осы дәуірге терең енуін бiлдiредi.

С. Торайгыров, керісінше өткен ғасыр мен қазіргі заман туындыларын жоғары бағалай отырып, әлеуметтік қызмет ететін болашақ өнерге үлкен үміт артады:
«Ер Тарғын», «Қобыландыны» оқып байка,

Абайды оқы, таңырқан, басың шайқа.

Кешегі Бұқар-жырау, Жанақ ақын,

Шөже, Орынбай халыққа жайған даңқын.

Ахмет пенен Міржақып әм Мағжан,

Алты алаштың баласы біледі атын [2, 222-223 б.].


С. Торайғыров үшін өнер мен өмірдің сипаттары жақын. Ол сұлулықтың біртұтас ойын қозғай отырып, поэзиядағы ақиқат және рақымшылдық, адамдарды биік армандарға бағдарлайтын поэзияның жалпылама мәні туралы айтады.

Ж. Аймауытов туындылар талдауды жалғастыра отырып, оның Ф. М. Достоевскийдің этика - эстетикалық үндестік көзқарасымен, ең алдымен мінез-құлық түрлерінің шексіз саны жасалған және шексіз мүмкіншіліктерді, қарама - қайшы құбылыстар оны күрделендіріп жалғастырады. Ж. Аймауытов пен Ф. М. Достоевский зұлымдық пен мейірімділік туралы айтқанда табиғилықпен құдайлық бастамалар сәйкес келеді. Керісінше, зұлымдық пен мейірімділік арасындағы таңдау - бұл рухани реттілік құбылысы болып табылады. Және олардың іс әрекеттерінде Мүсілімнің («Мансапқорлар»), Мұқаштың («Ақбілек») және Раскольников бейнесінде («Преступление и наказание») кейпіндегі әрекеттерінде олардың өмірлік позициясының еркіндігі байқалады. Қылмыстың өзі үшін немесе басқа адамдар үшін жасауы адамдықтан кету, ол бақытты етпейді. Мұқаш кейпін Ж.Аймауытов адами тұлғаның кері жақтарын - кекшілдік, зұлымдық, іштарлық: «мені елден пара алды, дүние тартып әкетті, пәлен-түген қылды деп қаладағы оқыған азаматтарға дәттеп қойыпты… Мамырбайдың ұлы! Әй, тірі болсам, бір қылармын деп кете бердім» [22, 482б.] жарқын суреттейді. Осы уақытта, ойшыл өзінің күнәсін мойындаған Мұқаш кейпінде адам жанының көп деңгейлік шексіздігін көрсетеді. Басты кейіпкер бала мен өзінің арасындағы шекараны пәктік пен тазалық болып табылатын жауыздық пен мейірімділік әлемімен жүргізеді. Ж. Аймауытов үшін адамда әдемілікті қабылдау сезімін оятатын, өкіну ар үнімен тазарумен байланысты. Бұл ой адам жанының әлеуеттік шексіздігінде кінәлі сезінуді ашатын және өкінуге сәйкес дүниетануларға негізделген болатын. Раскольников бейнесінде адамды адамгершілік қасиетін ашатын тағы да сол ар трагедиясы ашылған. Мораль қарама-қарсылығы бұл жолы арқылы адамда махаббат және мейірімділік сезімдері оянуы ықтимал. Ф. М. Достоевский айтып өткендей «адам жұмбақ, қайшылықтардан құралған, бірақ ол сол уақытта құрыған адамның абсолютті құндылық болып келеді» [22, 484 б.]. Басқаша айтқанда, құрыған адамның өзінде махаббат сезімі оянады. Бірақ егер Ф. М. Достоевскийдің басты кейіпкері зұлымдықтан босап құдайға бас ұру арқылы бостандыққа келсе, діннен жәрдем іздесе, онда Ж. Аймауытов ойларында зұлымдық тану әрқашанда емес одан құтылудың жолы деп түсіндіреді. Және мұнда себеп, адамның қалауымен бостандықта болуында жатыр, оның өз өмірін өзгертуге қалауы мүмкіндіктері болмауы ықтимал. Ж. Аймауытов дінді жасырмай оған ерекше мән бере отырып, адамды құтқарудың тағы бір жол тәрбиелікте деп қарастырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет