К., Аубакирова С. С. М. Ж. КӨпеев, С. Торайғыров пен ж. Аймауытов шығармашылықтарындағы этикалық ЖӘне эстетикалық



бет24/49
Дата12.05.2022
өлшемі491,5 Kb.
#34159
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   49
Байланысты:
565 ahmetova g.g. aytkazin t.k. aubakirova s.s. m.j. kpeev s. toraygirov pen j. aymauitov shigarmashilikhtarindagi etikalikh jane estetikalikh

Тақырыптың мазмұны
1. Қазақ эпостарының басты кейіпкерлеріндегі ішкі және сыртқы бірлік.

2. Адамдағы ішкі және сыртқы келіспеушілік.

Ойшылдар жоғары этикалық сапалардан басқа, жалпы адами мейірбандық принциптер, интеллектуальды сұлулықтары, адамдарда бастаушы рухани жетілулерге апаратын сыртқы дене тартымдылығын (космогониялық белгілерден басқа) айқындайтын басым белгiлер болатын атап айтты. Бұл талдау этика-эстетикалық ұсыныстар – сұлулық ұғымынының талдауынсыз толық болмас еді. Қайшылықсыз қатынастар адамның ішкі және сыртқы әлемі барлық халықта бір уақытта бірдей болып есептеліп отыр. Бiз бұл айғақтарды ескере отырып, жетілген адамның дене бітімі сыртқы түрінің ерекше мағынаға ие екеніне көз жеткіземіз. Мұндай ұғымдар қазақтарда тұтас әлемді қабылдаудың жалпы қорытындысы болып табылады, ол үшін дене компоненті рухани мазмұнымен сәйкес келеді. Сананың бүтiндiк түрi деген не эстетикалықты қанағаттандыруы қажеттiгiнен ғана емес, эстетикалық адамдарда адамгершілік мағынасымен байланысады. Дене бітімінің сұлулығы орта ғасыр эпостарында дәстүрлi дүниетанымда адамның рухани сапаларында сұлулық жиі теңестірілген. Бірақ орта ғасыр эпостарында оның оң көріністері тұйықталмайды. Ол мазмұны жағынан ауқымды, оған жетілудің теріс жағы енеді, үздіксіз және бейнелеусіз көрінеді, жетілудің оң жағы (ғажайыпқа) қарсы тұрады. Мысалы «Қобыланды батыр» эпикалық дастанындағы Ұлтан бейнесі өзгеріссіз, ішкі әлемінің адами қасиеті төмен, сыртқы бейнесіне қарағанда ұсқынсыз:
Грудь его со скирду была,

В горло мог войти караван.

Шея крепкая, как скала.

Ухо каждое, словно щит.

Нос приплюснут, будто разбит [15].
Біздің көзқарасымыз бойынша адамның ең жақсы рухани қасиеттерін айту, сонымен қатар тән сұлулығын, күш пен ептілік, өткен ғасырлардағы ақындар мен жырауларда этика-эстетикалық мағыналары жай болған жоқ. Сыртқы және рухани сапалар адамда барлық ғажайыптылық уақыт талабы бойынша қажет. Мысалы, Қазтуған – жырау өзін, күшін барлық көшпелі әлемнің ұғымдарымен – жылқыны ұстайтын ұзын құрықпен, түйенің өткір тістерімен, ағаш талын кемірумен, шешендігін жанып тұрған отпен салыстырады. Ақындар мен жыраулардың поэзиялық жолдарында көбінесе эпитеттер және салыстырулар батырлық рухымен номадтық өркениеттің және басқа халықтардың позэиясымен үздіксіз байланысады.
Бұдырайған екі шекелі, Чело исполина,

Мұздай үлкен көбелі, Кольчуга как льдина

Қары ұнымы сұлтандайын жүрісті, И раб у него горделив, как султан

Адырнасы шайы жібек оққа кірісті, Лук с огненной тетивою.

Айдаса қойдың көсемі, Людей как овец ведет за собою,

Сөйлесе қызыл тілдің шешені, Шешена язык ему дан.

Ұст аса қашағанның ұзын құрығы, Для диких коней он длинный урук

Қалайылаған қасты орданың сырығы Орде он опора, народу он друг,

Билер отты би соңы, Последний из биев,

Би ұлының кенжесі, Сын бия-судъи;

Буыршынның бұта Надежда бессильных

шайнар азуы [16]. в грозные дни [17].


Бұл жолдарда адамның сұлулығының ішкі руханилық басымдылығы айқындығына шүбә келтірмейді. Дене сұлулығы және денсаулық жетілген адамның бір ғана құрастырушысы, күш және денсаулық адамгершілікке жақын, яғни дене сұлулығы тек қана қызмет ету рөлінде ғана болады.

Ішкі сұлулықтың елеусіз идеясын өте жарқын түрде сопылықтар өз өмір сүру тіршілігінде көрсеткен, адами сұлулық тек қана руханилықта ғана көрінеді. Дене бітімінің тартымдылығымен рухани сұлулықты теңесту Ибн Синада тереңнен ашылды, ол бойынша « ... кейбір кезде, адам өзінің ұсқынсыз бейнесімен ішкі сапалары арқылы ғажап болады... Сәйкесінше, адамдар керісінше әдемі сыртқы бейнесімен өзінің мінезімен ұсқынсыз» [18]. Мұндай сәйкессiздiк кейінгі кездегі қазақ ойшыларында да өте жиі кездеседі. Мысалы, адамгершілік мінезінің диалектикасы Ақан-Серіде жігіттер бейнесінде көрінеді. Ол сол кездегі замандастардың он үш қасиетін бөліп көрсетеді: ақыл, ақылдылық, табандылық; мақсатқа жетушілік, рух күшiмен табандылық ету; өз-өзін сүю, мақтаншақтық және қабiлетсiздiк; жан-жақты даму және істеген істе дәлдікпен ашықтық; сараңдылық, айлакерлік, арамдық; еркіндік, әйелдеріне бағыну және тәуелдiлiк :


Төртінші бір жігіт бар мінезі ауыр,

Асылзат ажар берген өңі тәуір...

Сегізінші бір жігіт сегіз қырлы,

Нық сөзді, раушан көңіл, жалғыз сырлы [17, 152-153б.].


Ақындар мен жыраулар өздерін жарқын адами мінездерін қажеттілік және қызығушылықтары арқылы көрсеткен, ол адам табиғатының шексіздігін және жұмбақтығын көрсетеді.

ХХ ғасыр қазақ ойшылдары шығармашылықтарынан бірнеше мысалдар келтірейік, ол адамның сыртқы және iшкi сәйкес қатынастарын анықтайды.

Айтылып отырған қатігездік, С. Торайғыровтың «Қамар сұлу» атты эпикалық дастанындағы ақсақ Нұрым атты жағымсыз кейіпкерінен: «Аузына, темекі толтырған, мұрнынан асырып түкіріп тұр, ырсылдап, бұқа сияқты мойны қысқа екен; қарны қампиған сиырдікі сияқты: иекте сақал уқаланған қап сияқты жатыр, сұйық және жағымсыз. Көзі бақырайған. Өзінің барлық түрімен Нұрым бүйі секілдіні еске түсірді» [12, 193-194б.]. Ж. Аймауытовта да сондай ұсқынсыздықтан зұлым бейнесін көрді, ондай кейіпкері әрқашан өрескел және өктемдік іс-әрекеттерде көрінеді: Әйнектің түбінде қап-қара аюдай бірдеңе отыр» [3, 303б.]. «Көзі қисайып, ақшиып кетіпті. Қыли екенің сонда көрдім… Мінезі жаман екен» [3, 304-305б.]. Келтiрiлген дәйексөздер бейнесіз ғажайыпты терiске шығару ғана еместігін куәландырады. Айқын болғандай жағымсыз әсер қайғырысын көргеннен кейін, оны теріске шығару арқылы, мейірімділік және сұлулық сияқты адами құндылықтар анық бекітілген. Шеллингтің пікірі бойынша ұсқынсыз бейнелі құбылыстар «барлық алынғандардың үлгісі, түбі идеалдар, тек қана аударылған идеалдар емес, және осының арқасында олар ғажайып сферасына айналады [19]. «Жетілгендіктің» ұсқынсыз бейнесі болған сайын, ғажайып құндылығы айқындала түседі:
Как будто нить золотая, тонок ее голосок.

Хрупкая, беззащитная, будто бы стебелек.

Умная не по возрасту, нету такой другой.

И с плеч ее льются волосы стремительно, как поток [12, 169б.].


Этикалық және эстетикалықтың өзара байланысы құндылықтың бағытталғандығымен түр және мазмұн ретінде жойылады (оң немесе терiс), демек, адамның iшкi, рухани әлемiмен байланысты. Бұл бір жағы ғана, этикалық және эстетикалықтың диалектикалық дамуының бір ғана күрделі жүйесі. Бiрақ, әйтсе де, Көпеев, Торайғыров және Аймауытов шығармашылығынан дүниені тану және орта ғасыр эпостық рухының мұраларын дамытуын атап өту маңызды деп санаймыз және сондықтан сыртқы және iшкi құндылықтардың сәйкестіктерін өзара байланысының келесi түрлерiн шартты түрде ерекшелеймiз:

- сыртқы сұлулық мiнездері батырлардың iшкi рухани байлықтарға этикалық және эстетикалық бағытталғандықпен сәйкес келуі (Қамар- сұлу, Ахмет, Ақбілек, Шеризат ), бұдан басқа, әрбiр іс-әрекеттері және оның себебi жақсылық нұрымен рухтанған ғажайып сияқты қабылданады;

- теріс этикалық және эстетикалықтың сәйкес келуі, сыртқы тартымсыздық батырдың рухани жетілуін бейнелейді (Ақсақ Нұрым, Кәмәлидің күйеуі («Ақбiлектен»)), онда барлық жерде батырдың моральды ұсқынсыздығы бейнеленген, адами қасиетінің төмендігі, оның ниетінен көрінеді.

Бірақ дене жетiлуін немесе кемелiне жетпегендігін эпикалық туындыларда ғана емес, сыртқы және iшкi контекстерді теңестіруде де айтылады. Дене бітімінің сұлулығын орта ғасырда әл-Фараби басқа позициялар тұрғысынан қарастырады, осыған сәйкес «жетілген адам тәні – ол оның денсаулығы: егер денсаулық болса, онда оны сақтау керек, ал егер болмаса оны иемдену қажет» [20]. Біздің көзқарасымыз бойынша, орта ғасырлық ойшылдардың адамның табиғи дене мәлiметтерiнiң артикуляциясы олардың «табиғи сұлулығымен» адамдардың негізгі сенімдерімен байланысты, онда рухани сапалар дамиды, яғни адамның дене денсаулығы оның белсенді орныққан әлеуетті қабілеттерімен дамиды. Аймауытов жас ұрпақ туралы ойланған кезде (Тәрбие) адамдарда дене бітімінің жетілуі үшін денсаулығын нығайту идеясы қажет екенін түсінді. Осы жерде екі ойшылдардың да көздеген идеясы сұлулыққа ғана таңырқау қанағаттану немесе пайда емес, ол рухани-жан дүниесін асқақтату және жетістікке жақындау болып табылады. Бірақ адамның табиғи сұлулығын айтқан кезде, әл- Фарабимен Аймауытов ақыл-ой және рухани сұлулыққа ниет білдірді.

Сонымен бiрге С.Торайғыров сыртқы күйі ауытқымалы болатынын көрсеткен:
На взгляд бывает очень хороша

Красавица. Но вот ее душа

Темна. А ты не видишь в ней изъяна,

Мечтой нетерпеливой к ней спеша [12, 35б.].


Ол бiрақ дене бітімінің сұлулығын жоққа шығармайды, ол туралы таңданып айтады. Бірақ, сұлулыққа құштарлық оның түсінігінде игілікке жақындау мақсаты болып табылады.

М. Ж. Көпеев өз дастандарында сырт көзбен қарағандағы адамның шынайы өмірдегі лауазымды, сыйлы орында отырса да, қоғамдағы жағдайымен сәйкес келмейтіндігін салыстырып айтады:


Бір талайға санасаң келді жасың

Шөпке тұрған қырау ма баста шашың.

Ұзын деумен етегім өтті

Ойда жоқ тіпті тұттай жалаңашың [1, 51б.].


Адамның өз бойындағы шындықты білгісі келмеуі, өзі қалыптастырып алған жасанды құндылықтарға сенуі күлкіден де ауыр келетін аяушылық сезімін оятады, кей жағдайларда адамдардың көңілі қалып жатқан да жағдайлар кездеседі. М. Ж. Көпеев өз замандастарының ісіне берік болмай, біреуге сенуі атқарған істерінің барлығы шала екеніне көзі жетіп, реніш білдіреді. М. Ж. Көпеев, С.Торайғыров трагикомедиялық көзқарас арқылы өмірдегі адам болмысының дұрыс болмауын, құндылықтырдың жоқтығын әшкерелеп айтады. Жасалған талдау арқылы шынайы жағдай мен мазмұнын сылыстыру арқылы осындай қорытынды жасауға болады:

  • түр әлпетімен сыртқы және адамгершілігінінің арасында қарама-қайшылық бар, ( Жәмилә, Сылаң қыз, Мүсілім, Мұқаш), онда сыртқы жақсы сөз бен қимылдарының арасында өтірік болған кезде, келеңсіз мүдде көздеген, басқа адамдарды өздерінің мақсаттары ретінде пайдаланады;

- Сырт келбеті идеал болмаса да рухани сұлулығымен ерекшеленген кейіпкер (лирикалық кейіпкер, кедей Қартқожа) бойындағы қасиеттердің келіспеуі. Берілген классификация этика - эстетикалық байланыстың жан-жақтылығын шартты түрде, толық емес қарастырылуы этика-эстетикалық байланыс дамуының кезекті кезеңін ғана білдіреді. Ол туралы айтпай өту мүмкін емес, себебі этика-эстетика орта ғасырдың өзінде-ақ көпдеңгейлі болды. Оны бір ғана тұрғыдан қарастыру мүмкін емес. Адам қатал сызба бойынша өмір сүре алмайды. Дегенмен ортағасыр мұсылман философтары мен ХХ ғасыр басындағы қазақ ойшылдарының дүниетанымы біршама ұқсас. Олардың барлығы этикалық, адамдық, рухани сәттерге ерекше көңіл бөлді. Қорытындылай келсек, М. Ж. Көпеев этика және эстетикалық байланыс негізделген адамгершілік жауапкершілікті керек деген, С. Торайғыров ізденуді танумен байланыстырып қана қоймай, әділдікті де талап еткен, Ж. Аймауытов істің орындалуында адамгершілік болуын меңзеді, ойын жеткізе білді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет