К., Аубакирова С. С. М. Ж. КӨпеев, С. Торайғыров пен ж. Аймауытов шығармашылықтарындағы этикалық ЖӘне эстетикалық



бет41/49
Дата12.05.2022
өлшемі491,5 Kb.
#34159
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   49
Байланысты:
565 ahmetova g.g. aytkazin t.k. aubakirova s.s. m.j. kpeev s. toraygirov pen j. aymauitov shigarmashilikhtarindagi etikalikh jane estetikalikh

Тақырып мазмұны
1. Адам бойындағы этикалық пен эстетикалықтың қарама-қайшылық себептері.

2. Әлемдік көзқарас тұрғысындағы сезімдік бастау, эстетикалық бастау, табиғи бастау.

3. Этикалық пен эстетикалықтың қарама-қайшылығын шешу әдістері.

М. Ж. Көпеевтің пікірі бойынша шамадан тыс өмір салтында теріс ойлар біртіндеп адамның санасын жаулап алады. Яғни, біртіндеп уақыт ағынымен сезімдік ләззаттың бой алуы этикалықтың мәнін түсіреді. Бірақ санамен сезімдікті шектеу этикалықты саналы таңдауда, Көпеевтің тұжырымынша, адам рухы тұтасады және үйлесімділік қалпына келеді. «Аз жеуді, аз ұйықтауды, аз сөйлеуді мұрат тұтты» [1, 14 б.]. Шама және үйлесімділік түсініктерімен тығыз байланысты көрсетілген арақатынастың, әрине, эстетикалық аспектісі бар. Сондай-ақ Құранда шама шегін сақтау жақсылық ретінде және, керісінше, шектен асу артынан жамандық әкелетін Құдай кешірмейтін опасыздық ретінде қабылданады. Яғни, адамгершілік қасиет принципі Құран аяттары негізінде адам бойында, бәрінен бұрын, адамға өз табиғатынан жоғары, оны сеніммен және білімімен кеңейтіп эмоциясын, сезімдерін, көңілін бақылай алатын адамға тән ақыл-еске сананың бағынуын топшылайды. Сонымен қатар Көпеевтің айтуынша, адамды күштеп өзгерту өте қиын, оның өзінің көңілі болмаса, бұл уақытты босқа шығындау болады. Мүмкін, адамды зұлымдықтан тек құдай ғана сақтай алатын шығар.

Жоғарыда айтылғандардан мынадай қорытынды шығады: Құдайсыз адам бойында сезімділік бой ала бастайды және адам бойындағы жеке бастау жиі этиканы кейінге шегеріп, эстетизмге ауысады. Көпеев этикалық және эстетикалық бастама үйлесімділігінің діни негізі тұрғысын ұстанып, дін этикалық және эстетикалық бастау арасындағы әдіс болып табылатынын көрсетеді. Шариғат аяттарын сақтау, өз бойыңда адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеу адамның рухани тұтастығын қайта қалыптастыруға жағдай жасайды. Бірақ Аллаға сену, Көпеевше жай ғана формалді жол-жораны орындау емес. Ол салтты көзбояушылықпен сақтауды қабылдамайды, Аллаға, яғни қайырымдылыққа, ақиқатқа және сұлулыққа жақын болу жолында, адамгершілікті-ойлы өмір салтын, адамның жетілуін қолдайды. Бұл кемелденуге жақындау тек рухтың дамуы арқылы ғана мүмкін болады. Осылай, этикалық және эстетикалықтың қарама-қайшылығын тек негізінде дін бар этикалық қана шеше алады.

Жамандыққа әкелетін жол ретіндегі сезімділіктің басым болу түсінігі мәселесінде С. Торайғыровтың М. Ж. Көпеевпен ойы бір. Бірақ бір жағынан оның түсінігінде эстетизм шектен тыс ләззәт алуға ұмтылу ретіндегі адамның түңілуін кейіптейді. Қазіргі жағдайын қанағат тұтпау, мұңаю біртіндеп адам рухани тұтастығының бөлшектеніп, құлдырауына әкеледі. С. Торайғыров адам тек ләззәт алу принципімен жүріп, өз-өзін құртатынын көрсеткісі келген. Нәтижесінде ол іштей мұңаю және шарасыздық күйде болады. Оның себебі алдамшы ләззәтқа шектен тыс ұмтылу. Ләззәт іздеу адамды өзіне тәуелді етеді, ол өз бостандығын жоғалтып, оған жетпей, бостандық елестерін ғана алады. Бұл жағдайдан шығуды, яғни тұтастыққа жетуді, Торйғыровтың айтуынша, саналы таңдаудан іздеу керек. Егер Әжібай («Адасқан өмір») бостандықты таңдаса, ол өзіндік «жеке тұлғасын» табушы еді. Бірақ бар қайғы оның өзіндік табиғи «жеке тұлғасын» таба алмауында. Ол жеке тұлғалық бастауын ала алмай, ләззәт алу және рақаттылық сезіміне бөлену ырықсыз соқыр сезіміне бой алдырып, жекелігін жоғалтады. Оның жеке болмысы дәстүрлі көзқарастармен шиеленіске түспеді. Әжібай көпшілік мақұлдаған дәстүрлерге жол береді, өз тұлғасын құрбан етеді, ол аз дегендей, ру мүддесі үшін сүймеген адамына тұрмысқа беріп өз қызын құрбан етеді. Әжібайдың өмірлік дүниетанымы себептерін түсінуге тырысып, адам табиғатын талдап көрейік, оны Торайғыров қалай көрсетті.

М. Ж. Көпеевтен айырмасы Торайғыровтың пікірінше, дүниеге келгенде адам пәк тазалықтың бейнесі болып табылады.

Есейе келе адам қоршаған ортамен түрлі байланыс қатынастарға түседі. «Адасқан өмір» поэмасында біртіндеп кейіпкердің дүниеге келгеннен өмірінің соңғы сәттеріне дейін адам табиғаты және қоғам табиғаты арасында шиеленіс динамикасы орын алады. Торайғыров Әжібайдың алдына табиғи адамгершілікті-бейтарап бастау және рухани-жеке тұлғалық бастау арасына таңдау қояды. Бірақ Әжібай жеке тұлғалық таңдау жасамады, таңдау жасай алмағанынан емес, ол тек алдына таңдау мүмкіндігі туралы мәселе қойған жоқ және өзіндік «жеке тұлғалық» ретінде сол ойында тұра алмады. Сондықтан оның өмірге қатынасы табиғи, эстетикалық, сезімдік, бұзылғандық болып қалды. Торайғыровтың жақсылық деп түсінген рухани жеке тұлғалық бастауы да қажетсіз болып қалды, өйткені таңдау актісі жасалмады. Жеке тұлғалық бастауды айқындайтын бостандық Торайғыровша жақсылық екенін атап кету керек. Адам жақсылықты таңдай отырып, бостандықты таңдайды. Зұлымдық адам бойындағы табиғи, рухтанбаған бастаудан шығады.

Әжібай рулық мүдделерге бой ұсынғасын, барлық жауапкершілікті, яғни, жасалған таңдау нәтижелері үшін туындаған жағдайларға жауапты көпшілікке аудара салды. Осы жағдайдан шығу ретін Торайғыров қарама-қайшы этикалық бастау – барлығына ортақ адамгершілік заңды ұсынады. С. Торайғыров та солай жеке тұлғалық, рухани бастауда тұрып, әділдіктің бірыңғай жалпы адамгершілік заңын құрып, адамның бейтарап табиғатына қарсы тұруды ұсынады.

С. Торайғыровтың әлемі – өзінше адамнан бөлінген болмыс қана емес, ол жасаушы жеке тұлғаның өзі болатын адам бостандығының әлемі екені анық. Мұнда Әжібайдың және сол сияқты адамдардың өмірге сезімдікпен қарауының негізгі себебі, Торайғыровтың айтуынша, надандық. Сондықтан ол жалғандықты қазіргі қоғамның барлық жамандықтарынан: надандық және мәдениетсіздік, құлдық және қайырымсыздық, білімдерінен іздейді. С.Торайғыров жақсылық пен білімнің байланысын сезініп, адамгершілікке адам ақылының тірегі қажеттігін мойындады. Яғни, надандық – ол зұлымдық, бірақ адамгершіліксіз білім – зұлымдықтан жаман. Осылай, С. Торайғыров бойынша таңдау бостандығы адамның өзімен, оның адамгершілік, рухани-жеке тұлғалық даму деңгейімен анықталады.

Көріп отырғанымыздай, этикалық және эстетикалықтың қарама-қайшылығын шешу әдістері адамның өзіндегі этикалық бастаумен байланысты. Адамгершілік өмір, Торайғыровтың пікірінше бұл- абсолютті жақсылықпен адамның ішкі байланысын жетілдіру үрдісі.

Ж. Аймауытовтың пайымдауында біршама басқа жағдай байқалады. Ж. Аймауытов «Тәрбие» мақаласында тәрбиенің мәні мен міндеттері туралы ойлаған әлемнің ұлы ойшылдарының аттарына жүгінеді. Қоғамда зұлымдықтың болуын Ж. Аймауытов жай ғана тәрбиемен емес, мейірімді адамдық қасиеттерді тәрбиелеудің кемшіліктерімен байланыстырады: «Адам баласының арасында ұрлық, зорлық, өтірік алдау, кісі өлтіру, талау сықылды неше түрлі бұзықтықтың көптігі тәрбиенің жетпегендігінен» [28, 133б.]. (Ұрлық, зорлық, өтірік, кісі өлтірушілік- тәрбие жеткіліксіздігінің нәтижесі). Адамгершілік қасиеттер адамға туа бітпейді, адамда тек тәрбиесіне қарай өрбитін бейімділік болады: «Адамды бұзатын да, түзейтін де тәрбие деп едік» [28, 134 б.]. Яғни, Аймауытовтың ойынша, адамды ұлы залым немесе адамгершілігі мол азамат етіп тәрбиелеуге болады. Ол тәрбиелеудегі басты жауапкершілікті ата-аналарға жүктейді, себебі тәртіптілік пен арсыздық, шыншылдық пен өтірікшілік, аяушылық пен зұлымдық отбасында қалыптасады. Жаман отбасынан жақсы бала, ал жақсы отбасынан жаман бала шығуы мүмкін емес дейді. Сондықтан ойшыл кешенді тәрбиелеу туралы сөз қозғайды, бұнда міндетті түрде баланың құрбы-құрдастарының, жолдастарының, ұстаздарының, тұтас қоғамның, дін мен салт-дәстүрдің әсері мен құндылықтарын ескеру қажет. Ж. Аймауытов адамның түрлі күрделі жағдайлар ортасында жүретінін ескере отырып, шығармашылық адамның қалыптасуындағы маңызды шарт білім беру мекемелеріндегі тәрбиесі деп санаған. Ойшыл қарт адамды да жақсылыққа тәрбиелеп, оның рухани әлемін жетілдіруге, сұлулықты түсініп, оны бағалауға үйретуге болады деп сенеді. Сондықтан Ж. Аймауытов тәрбиелеуді оқыту, үйрету деп түсінбеуін анықтап алу қажет. Бұл жерде адамдардың, әсіресе, тәрбиеленушіні өмірге бейімдейтін ата-аналар, ұстаздар мен достарының өмір салты туралы баяндалады. Сондықтан әр адам басқа адамдардың алдына түрлі қылықтары үшін жауап береді. Яғни өз әрекеттерімен және қылықтарымен ол басқа адамдарға үлгі болып, оларды тәрбиелеуге үлесін қосады. Сонымен тәрбие дегеніміз екінші бір адамның өмірін өзгертуге көмек.

Егер адам тамаша және қайырымды ортаға қарамастан бәрібір зұлымдықты таңдаса, зұлымдық ұзақ уақыт аралығында этикалық принципті жеңіп кетсе, онда Ж. Аймауытовтың пікірінше, адам бойында тәрбие және адамгершілік парызды қабылдау арқылы өзгертуге болатын туа біткен бастама ғана емес, басқа бір құбылыс бар. Мүсілім мен Мұқаш бейнелеріне С. Торайғыровтың адамгершілік заңдылығының этикалық талаптары әсер ете алмайды. Олар зұлымдықты таңдады. Бұл жерде аталған кейіпкерлер сезімдікті емес, теріс руханиды таңдағанын атап өту керек. Мұқаш пен Мүсілім эстетикалық, сезімдік бастамаға Әжібай секілдің рухтарының әлсіз болғандығынан берілген жоқ. Олардың рухтары күшті, бірақ бойларындағы зұлымдық жақсылықты жеңіп кетті. Ләззәттың опасыздығы мен сұлулықтың күнәһарлығын біле отырып, олар тыйым салынған құбылыстардан рахат алады. Бұлар арамдықпен өздерінің кез келген опасыз тілектерін орындап, оларды ақтап алатын өте білгір эстетиктер. Яғни бұл жерде С. Торайғыровтың эстетикалық таңдауын қолдану мүмкін емес. Мұқаш пен Мүсілім жағымсыз қылықтарынан ләззат алады. Сондықтан бұл білгір-эстетикалық сайтан бастамасын этикадан тыс құбылыс қана жеңеді. Адам зұлымдықтан ләззат алып, өзін-өзі ұстай алмаса, Ж. Аймауытовтың айтуынша, қуатты энергия қажет. Біз оны Тәңірі күші деп ұғамыз. «Жасында алған мінезді жүре түзеп әкетуге адамның жанында өзгеше бір қуат болу керек» [28, 137 б.]. Осы тұрғыда Ж. Аймауытов пайымында адамның залым ойын, зұлымдықты жою үшін Тәңірге жүгіну қажеттілігі идеясы анық берілген. Адам күші сайтан бастамасы алдында әлсіз және тек қана ізгіліктен тыс құбылыс – тәңірлік қана жеңе алады.

Сөйтіп, қорытындылай отырып, М. Ж. Көпеев, С. Торайғыров, Ж. Аймауытов түсінігінше таңдау еркіндігі мен жеке жауапкершілік адамның ізгі кейпінде маңызды рөл атқарады. Бұнда келтірілген пайымдаулардан әр оқуды қолайлы және дұрыс түсіндіруге қажетті сызбаны жасау өте қиын екенін көруге болады. Алайда біз олардың шығармашылықтарындағы кейіпкерлердің бірнеше типтерін атап көрсетуді жөн көрдік. Біздің пікірімізше, өзінің шарттылығы мен толық еместігіне қарамастан, бұл типтер қазіргі өмірде де жиі кездеседі.

М. Ж. Көпеев мұрасында жақсылық пен жамандықты айыра білетін, бірақ ләззәт үшін жаман қылықтар жасайтын адамдар талданады. Адам бойында адамгершілік, ізгі қасиеттер мен қайырымдылық ислам қағидаларын ұстанып, жаттығу негізінде қалыптасады. Этикалық қажеттілік дінмен анықталады деп айтуға болады. Басқаша айтқанда, дін – этикалық және эстетикалық бастаманың үйлесімдеу негізі.

С. Торайғыровта адамдар қылықтарынан жамандықты көрмеу жағдайлары талданған. Жамандық жасау адамның заттардың шынайы табиғатын түсінбеуінен болады. Ол сезімдікке бейімділігі мен ізгілік парызы арасындағы таңдау алдында тұр. Яғни адам өз ішіндегі рухани бастамаға жүгінуі керек. Сонда ғана ол эстетикалық жағдайдан этикалық жағдайға көшеді. Алайда С. Торайғыров жалпыға ортақ мораль мен жеке адамгершілік бастамасын қарама-қарсы қояды. Оның кезеңінде қоғам кертартпа болып, лирикалық кейіпкер Қамар сұлу кейіпіндегі жеке рухани-ізгілік тұлға жағымды өзгеріс көздері бола бастады. Ойшыл қоғамдық нормаларды теріске шығаруға шақырмайды, адам жақсылықты түсініп, өзі қабылдауы керек деген пікір айтады. Сонымен «барлық заттардың өлшеуіші» қоғамдық құндылықтар емес, адам болуы керек. Торайғыров пен оның кейіпкерлерінің көзқарастарында қоршаған ортадан құрбандықты қажет етпей, өзін құрбандыққа шалу сияқты ашық түрдегі интенция бар. Өздерінің жеке тұлғалық құндылықтары арқылы олар өздерінен да бағалы бір құбылысты сезінеді, міне, осылардың жеке тұлғалық және жалпы адамдықтың бірігуі Торайғыровқа өмір болмысына сын көзбен қарауға мүмкіндік береді.

Ж. Аймауытовтың шығармашылығында мүлде басқа тип беріледі. Бұл адамдар біле тұра зұлымдық жолына түсіп, басқа адамдарға жасаған зорлық-зомбылықтан рахат алады. Олардың алған ләззаты рухани-теріс бастама. Бұл руханилықтың ең соңғы қарама-қайшы нүктелерінің бірі. Оларды тек қана тәңірлік бастама ғана баса алады. Бұл бастаманың М. Ж. Көпеев бастамасынан айырмашылығы бар. Этикалық бастама адам бойындағы сайтан бастамасын жеңе алмайды, себебі ол әлсіз. Оған тек қана табиғаттан тыс құбылыс қана әсер ете алады. Яғни Ш. Айтматовтың пікірінше, діни бастама маңызды және этикалық бастамадан жоғары тұрады.

Көрсетілген айырмашылықтарға қарамастан, үш ойшыл да адамның кемелдену мүмкіндігі мен қажеттілігі туралы пікірді айтады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет