Сурет -127. Дипломдық жұмыс
Әдіскер ғалым А.И.Ревякиннің пікірінше, тақырыптар бір- сарынды болмай, неғұрлым алуан түрлі мәселелерді қамтыса, солғұрлым тартымды болмақшы. Дипломдық жұмыстар - студенттердің жоғары теориялық білімінің көрсеткіші. Ол әр мамандық пән бойынша мемлекеттік емтихан орнына қабылданатын болғандықтан, оларға тақырыптық проблемалық жағынан да, талдау сапасы, мазмұны тұрғысынан да жоғары талап қойылуы тиіс.
Курстық жұмыс тақырыптарын әдетте кафедра ұсынса, дипломдық тақырыптары студенттердің өздерінің таңдауына ерік беріледі. Кейде ғылыми жетекшімен ақылдаса отырып та тақырыпты белгілеуге болады. Дипломдық жұмыстың тақырыптары жетекшілік жасайтын оқытушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарымен байланысты, сабақтастықта берілуіне септігін типзеді.
Жоғары оқу орындарының оқу жоспарларында дипломдық жұмыстар студенттердің өзіндік ғылыми ізденістерінің ең жоғары түрі болып саналады.
Дипломдық жұмыс - курс жұмысының қарастыратын проблематикасы, зерттеу амал-тәсілдері тұрғысынан да, мазмұны мен көлемі жағынан да әлдеқайда күрделі, ауқымды жұмыс. Онда студенттер тақырып, мәселе бойынша ғылыми әдебиеттерді, еңбектерде айтылған пікірлерді талдап, оны жинақтап қана қоймай, өз бетінше ізденіп, оларды дамыта қарастырады, сөйтіп, өзіндік түсінік көзқарасын да танытады.
Курстық және дипломдық жұмыстарды орындау барысында студенттердің танымдық ізденімпаздығы, арнайы әдебиеттерді таңдау барысында, ғылыми зертханада, тәжірибе өткізу, эксперименттер жүргізу, сызба, кесте, модель құрастыру және оларды дайындауда жалпылау, қорытындылау негізінде дами түседі. Әсіресе, дипломдық жұмысты орындаудың маңызды жағы - ғылыми жаңалыққа ұмтылу міндетінің болуы. Студент үлкен ғылыми жаңалық ашпағанымен, салыстырмалы түрде күрделі емес зерттеулерді жүргізуі тиіс. Дипломдық жұмыста соңғы ғылыми жетістіктер мен әрі қарай дамуы туралы бағыт беріліп, қарапайым түрдегі ізденіс жұмыстары жүргізіледі; алдыңғы қатарлы педагогтардың озат тәжірибелерінің нәтижелеріп жалпылау, жүйелеуге арналған жұмыстар да болады. Мұндай жұмыстарда ғылыми жаңалық енгізуге жоғары талап қойылғанымен, студентке ғылыми талдау білігі, жалпылау, жүйелеу, т.б. міндеттер жүктейді.
Достарыңызбен бөлісу: |