Студенттің ақпараттық пакет топтамасы: анықтама-жол сілтеуші, силлабус, ПОӘК (пәннің оқу-әдістемелік кешені) және т.б. Кредиттік оқыту жүйесі 1869 жылы АҚШ-та пайда болды. Гарвард университетінің Президенті Чарльз Элиот «кредит-сағат жүйесін енгізді. Бұл жүйе 1870-1880 жылдары АҚШ-тың мектептері мен колледждеріне біртіндеп ендірілді (27-сурет).
Ал Еуропаға кредиттік оқыту жүйесі кешеуілдетіп бара жетті: 1969 жылы- Швеция, 1988 жылдан бастап Франция, Испания, Германия, Англия қолданысқа ендірді. 1997 жылы Еврокомиссия ЕСТS – кредиттерді алмастырудың Европалық жүйесін жасады.
Қазақстан Республикада білім беру жүйесінің кредиттік технологияға көшуіндегі басты мақсат Қазақстан білім жүйесін әлемдік білім кеңістігіне кіріктіру. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ұсынып отырған несиелік оқыту жүйесінің Ережесі Болон декларациясының негізгі ұстанымдарын басшылыққа алып жасалынған.
1999 жылы 19 маусымда Италияның Болон қаласында 29 Еуропа елдерінің өкілдері қатысуымен өткен басқосуда Болон Декларациясы қабылданған еді. Бұл Декларацияда Еуропада жоғары білім беру жүйесі бойынша реформалық бастамалардың нақты мақсаттары айқындалды. Декларацияға сәйкес болашақта Еуропада ортақ жоғары білім беру жүйесін құру белгіленді. Осылайша Болон үдерісі басталды. Қазақстан Республикасы Болон үдерісіне 2010 жылдың наурыз айында қосылды.
Болон Декларациясына бұған дейін біртұтас Еуропада жоғары білім беру мәселесін шешу бойынша қабылданған бірқатар құжаттар негіз болды. Атап айтатын болсақ, олар: 1988 жылы басқа Болон Декларациясы- Университеттер Ұлы Хартиясы және 1998 жылғы 25 мамырда қабылданған Сорбон Декларациясы Қазақстанның жоғары білім беру жүйесіне Еуропалық кредиттік жүйе (ESTS) енгізілді. Еуропалық кредиттік жүйе бойынша Франция, Германия, Испания, Италия, Ұлыбритания және т.б. елдерде білім беріледі .
2002 жылдан бастап Ұлттық білім беру бағдарламаларын халықаралық деңгейде тану, студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын күшейту мақсатында, сондай-ақ білім беру сапасын арттыру және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің барлық деңгейлері мен сатыларының сабақтастығын қамтамасы ету мақсатында Қазақстанда кредиттік оқу жүйесі ХХ ғасырдың 90-шы жылдарының ортасынан стихиялы қалыптаса бастады.
2007 жылы ҚР «Білім туралы» жаңа Заң қабылданды, осы заңда «кредиттік оқыту технологиясы» ұғымы анықталды.
Жоғары оқу орындарындағы білім беру мен тәрбие жұмыстарының талапқа сай жетілдірілуі студенттердің болашақ кәсіби құзыретті маман болып қалыптасуына зор ықпал етеді. Осы тұрғыда республикамыздың жоғары білім беру жүйесі кәсіби мамандар даярлауда оқытудың кредиттік жүйесіне көшуді қолға алды.
Себебі, бүгінде халықаралық жоғары білім беру тәжірибесін ескермей, қазіргі заманға сай білім алуға қол жеткізу мүмкін емес.
Сондықтан, қандайда бір мелекеттің білім жүйесінің халықаралық дейгейдегі кредиттік жүйеге өтуінің маңызы ерекше.
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында Кредиттік оқыту жүйесі (технологиясы) - білім алушының және оқытушының оқу жұмысының көлемін өлшеудің сәйкестендірілген бірлігі ретінде кредитті пайдалана отырып, білім алушылардың пәндерді оқып зерделеу дәйектілігін таңдауы және дербес жоспарлауы негізіндегі оқыту .