К. Д. Бузаубакова жоғары мектеп педагогикасы
ПЕЧАТЬ Жоғары мектеп педагогикасы -2021 ж777 ТЕКСЕРУГЕ(1)
«Жоғары мектеп педагогикасы» оқу құралы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламасы бойынша педагогикалық білім алып алып жатқан магистранттарға арналады. ӘОЖ 378 КБЖ 74.58 ISBN КІРІСПЕ Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасысында: «Білім беру деңгейлері арасындағы мазмұнның сабақтастығын қамтамасыз ету мақсатында бүкіл білім беру траекториясы бойы жинақталатын өтпелі негізгі құзыреттер айқындалатын болады. Бұл құзыреттер білім берудің барлық деңгейлеріндегі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының құндылығы мен мазмұндылығын айқындау үшін негіз болады» – деп атап көрсеткендей, педагогикалық білім беруді жаңғырту қажеттілігі туындауда. Жаңа Қазақстан жағдайындағы қайта құрулар, экономиканы дамытудағы жаңа стратегиялық бағдарлар, қоғамның ашықтығы, оның жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті. Кәсіби білім беру саласындағы болашақ магистрлердің креативті педагогикалық құзыреттілігін қалыптастыруда «Жоғары мектеп педагогикасы» міндетті пәнінің рөлі ерекше. «Жоғары мектеп педагогикасы» оқу құралында Қазақстанның рухани жаңғыруы бағытында әлемдік бәсекеге төтеп бере алатындай сындарлы ойлай алатын зияткер тұлғаны тәрбиелеу мен жоғары мектеп педагогикасының заңдылықтары, ұстанымдары, менеджменттің заманауи тәсілдері негізінде құрылымды, сапаны, беделін жетілдіруге бағытталған білім беру ұйымдарының процестерін басқару және бағалау әдіс-тәсілдері, құралдары жан- жақты ашылады; жоғары мектеп оқытушысының педагогикалық келбеті ашылып, педагогикалық қабілеті мен іскерліктері, құзыреттіліктері, педагогикалық этика, педагогикалық шеберлік ұғымдарының мәні жаңа қырынан танылады. «Жоғары мектеп педагогикасы» оқу құралында теориялық материалмен бірге, тақырып бойынша білімді тексеру мен бақылауға арналған шығармашылық тапсырмалар берілген. Әрбір тақырып бойынша магистранттардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастыратындай білімді бақылау мен бағалауға арналған тесттік тапсырмалар және жоғары оқу орнында жүргізілетін инновациялық мазмұндағы іс-шаралардың үлгі -жоспарлары ұсынылады. «Жоғары мектеп педагогикасы» оқу құралы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламасы бойынша педагогикалық білім алып алып жатқан магистранттарға арналады. жүктеу/скачать 4,55 Mb. Достарыңызбен бөлісу: |