Сурет-148. ЖОО оқу-әдістемелік жұмыстарының бағыттары ОӘК студенттерге арналып барлық пәндер бойынша мазмұны техникалық және кәсіптік білім (ТжКБ) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының (МЖМБС) талаптарына сәйкес оқу материалының мазмұнын игеру сапасын арттырудың қажеттілігін есепке ала отырып әзірленуі тиіс.
ПОӘК құрудың кезеңдері:
Дайындық кезеңі – білім беру үдерісіпің мазмұны мен мақсаттарын, онын нәтижелерін және технологияларын жобалау, алдағы оқу сабағында оларга қол жеткізу.
Негізгі кезең – білім беру мазмұнын, оқытудың мақсаттарын іске асыру, білімдер, іскерліктер, дағдылар қалыптастыру.
Қорытынды кезең– бақылау. Окытушыны жэне студенттерді оқу нәтижелері, білімдер мен іскерліктерді меңгеру сапасы туралы қазіргі заманғы және әділ бақылау ақпаратымен қамтамасыз ету үшін бақылаудың әртүрлі құралдары (техникалық құралдар, тесттер және т.б.) қажет.
5-ТАРАУ. ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНДАҒЫ ТӘРБИЕ БЕРУ ЖӘНЕ БАСҚАРУ ТЕОРИЯСЫ 5.1 Жоғары мектеп тәрбие берудің және маманның жеке тұлғасын дамыту бойынша әлеуметтік институт ретінде
Заманауи жоғары мектептің міндеттері: идеологиялық, этикалық, азаматтық. Толеранттылық (төзімділік), зиялылық, ағартушылық жоғары білімді маман тұлғасының мазмұндық сипаттамасы ретінде. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің «Ғасырлар тоғысында» атты еңбегінде: «Тәрбиенің түп мақсаты – қоғамның нарықтық қатынасқа көшіру кезінде саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделгіш, жан-жақты мәдениетті жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру» – деп атап көрсеткендей, педагогика ғылымында тәрбиенің мақсаты жеке тұлғаны жан-жақты дамыту, әділетті қоғамды өз қолымен құратын және оны қорғай алатын азаматты тәрбиелеу.
Ал И.Г.Песталоцци: «Тәрбиенің мақсаты – балаға бастауыш білім, еңбек, ақыл-ой, дене тәрбиесін беріп, жан-жақты және үйлесімді дамыту» – деп ерекше атап көрсетеді.
Неміс педагогы А.Дистервег педагогикалық мәселелерді шешудегі сословиелік және шовинистік саясатқа қарсы күресіп, мектептің міндеті – адамзатты және өз халқын сүйетін саналы азаматтарды тәрбиелеу екендігіне баса тоқталды.
Ресей педагогы К.Д.Ушинский: «Тәрбиенің мақсаты – қоғамға пайдалы, адамшылығы бар адамды тәрбиелеу» – деп, адамгершілік тәрбиесін ақыл-ой, еңбек тәрбиесімен тығыз байланыста қарастырса, «Человек как предмет воспитания» еңбегінде: «Жақсы әдет – адамның нерв жүйесіне жиған адамгершілік капиталы: бұл капитал үздіксіз өсе береді және оның проценттерімен адам өмір бойы пайдаланады. Әдет капиталы пайдаланудан өсе түседі және экономикалық өмірдегі мүлік капиталы сияқты адамға өзінің аса бағалы күші – саналы ерік күшін барған сайын жемістірек жұмсауға және өз өмірінің адамгершілік құрылысын әр жолы ірге тасынан қайта бастамай және өз санасы мен ерік күшін өзі бір рет жеңіп шыққан қиындықтармен күреске шығындамай-ақ биіктеткен үстіне биіктете беруге мүмкіндік береді» – деп атап өтті.
Атақты педагог А.С.Макаренко: «Тәрбиенің негізгі мақсаты баланы жан-жақты дамыту» деген пікірді қолдаса, ал В.А.Сухомлинский оны жүзеге асырды.
Ұлы ұстаз әл-Фараби: «Адамға ең әуелі білім емес, тәрбие берілуі керек. Онсыз берілген білім – адамзаттың қас жауы. Ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» – деп тәрбиенің мәніне ерекше тоқталды.
Қазақтың кемеңгер-ағартушысы А.Құнанбаев талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым сынды жеке тұлғалық жақсы сапаларды қалыптастыру мақсатын қойып, өсек, өтірік, мақтаншақтық, еріншектік, бекер мал шашпақ сияқты зиянды әдеттерді жоюға шақырса, ал педагог М.Жұмабаев: «Көркем денелі, түзу ойлайтын, дәл пішетін, дәл табатын ақылды болса, сұлу сөз, сиқырлы үн, әдемі түрден ләззат алып, жаны толқитындай болса, баланың дұрыс тәрбие алып шын адам болғандығы» – деп ерекше атап өтті.