Тәрбие әдістері - тұлғаның жан-жақты дамуын, кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру міндеттерін шешудегі оқытушы мен студенттің мақсатты түрдегі біріккен тәсілі.
Тұлғаны әлеуметтендіру факторлары сыртқы және ішкі болып бөлінеді. Ішкі факторлар деп адамдардың тұқым қуалаушылығы, өзін-өзі тәрбиелеуі, т.б. жатады. Ал, сыртқы факторлардың өзі 4 түрге бөлінеді ( 149-сурет).
Сурет-149. Тұлғаны әлеуметтендірудің сыртқы факторлары
37-суретте тәрбие заңдылықтары ашылды.
Білім берудің жаңа моделіне өту жағдайында және тәрбиенің білім беру үдерісіндегі рөлінің өсуіне байланысты тәрбие мазмұнын қайта бағдарлау даму заңдылығы болып табылады. Қазір білім беру үдерісінде жеке тұлғаның рухани адамгершілік дамуына үлкен мән беріліп отыруына орай, адамгершілікке тәрбиелеу мен рухани жағынан қалыптасуы барлық тәрбие үдерісінің өзегі болып отыр.
ЖОО-ғы тәрбиенің міндеттері:
ЖОО-да денсаулығы зор, рухани дүниесі бай, адамгершілікті, тәуелсіз және тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін тәрбие жүйесін құру және дамыту;
Студенттерді азаматтылыққа, отансүйгіштікке, зиялылыққа, адам құқықтары мен бостандықтарын, мемлекеттік рәміздер мен ұлттық дәстүрлерді сыйлауға тәрбиелеу;
Өзінің және қоғамның, болашақ ұрпақ алдында әлеуметтік, табиғи және мәдени ортадағы өз әрекетінің нәтижесі үшін жауапкершілікті сезінуде гуманисттік дүниетанымды қалыптастыру;
Қазіргі замангы қоғамдық өмірге жэне тиімді кәсіби іс-әрекет пен жеке басының және әлеуметтік кәсіби тұрғыда уздіксіз пісіп жетілуіне қажетті маңызды тұлғалық және кәсіби сапаларын қалыптастыру;
Қоғамда орнықты қапыптасқан дәстүрлер негізінде этникалық және діни толеранттылықты тәрбиелеу.
Білім берудің жаңа моделіне өту жағдайында және тәрбиенің білім беру үдерісіндегі рөлінің өсуіне байланысты тәрбие мазмұнын қайта бағдарлау даму заңдылығы болып табылады. Қазір білім беру үдерісінде жеке тұлғаның рухани адамгершілік дамуына үлкен мән беріліп отыруына орай, адамгершілікке тәрбиелеу мен рухани жағынан қалыптасуы барлық тәрбие үдерісінің өзегі болып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |