6. Оқытушының (білімгердің) жұмысын кеңейту (ұлғайту) принциптері. Бұл принциптің мәні - оқытушының (білімгерлердің) жұмысын түрлендіру, оның өз ісіне деген кәсіби қызығушылығын тудыру, өзіне деген сенімді ұялату. Бұл үшін жоғары мектеп басшысы оқытушының кәсіби өсуінің жолдарын анықтай алуы қажет (ашық сабақтарға қатысу, инновациялық семинар, дөңгелек үстелдерге қатысу және т.б.)
7. Тұлғаны ынталандыру принципі. Оқытушының (білімгердің) әрбір іс-әрекетін ынталандырып отырылуы тиіс. Себебі оқытушыға әрі материалдық, әрі моральдық жағынан ынталандыру қажет.
8.Кәсіби біліктілікті перманенттік үздіксіз көтеру принципі. Бұл принцип – жоғары мектептің дамуының бірден-бір жолы. Жоғары мектеп басшысы үнемі оқу-тәрбие үдерісіне жаңалық ендіруге құлшыныс танытып, оны жүргізуге оқушыларды (білімгерлерді) тартып отыруы тиіс. Жоғары мектеп менеджері оқытушыны өзінің біліктілігін ұдайы, үздіксіз көтеруге талпындыруы қажет. Оқытушының өз біліктілігін арнайы біліктілікті көтеру институттарында көтерулеріне жағдай жасау.
9.Келісім негізінде ұжымдық шешім қабылдау принципі. Жоғары мектепте не нәрсе болса да күштеп емес, өз тарапынан, өз еркімен орындалуы қажет. Инновация күшпен ендірілмеуі қажет, оны шығармашылықпен өздері меңгерулері тиіс.
10.Жоғары мектеп басқаруға оқытушыларды қатыстыру принципі. Бұл принцип жоғары мектепті басқару заңдылықтарынан шығады. Оқытушы жоғары мектепте өзін басшыға тәуелді сезінбей, сол жоғары оқу орнының иесі ретінде сезінуі тиіс. Бұл үшін ЖОО оқытушыларын психологиялық тұрғыдан даярлау қажет: педагогикалық тренинг, миға шабуыл, дөңгелек үстел, жоба тұсаукесерлерін жиі өткізіп отыру абзал.
11. Мақсаткерлік принципі. Оқытушының алдына мақсат қоюшылығы, басқарудың жүйелілігі. ЖОО-да мекеме басшысы қойылған мақсат пен оқытушы алдына қойған мақсат бір-бірінен туындаса, онда жұмыс нәтижелі, сапалы болады.
12. Горизонталь (көлденең) байланысты жүзеге асыру принципі. Бұл ЖОО басшысы әрекетінің оқытушы, білімгер, ата-аналар әрекетімен үйлесім табуы. Бұл принцип ұжымның тұрақтылығын сақтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |