К. Д. Бузаубакова жоғары мектеп педагогикасы



бет157/171
Дата15.12.2022
өлшемі4,55 Mb.
#57541
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   171
Байланысты:
ПЕЧАТЬ Жоғары мектеп педагогикасы -2021 ж777 ТЕКСЕРУГЕ(1)

Білім беру сапасы дегеніміз – білім берудің белгілі бір нормалар мен стандарттарға және оқушылардың дайындық сапасын сипаттайтын мүдделері мен қажеттіліктеріне сай болуы.
Әлемдік білім беру тәжірибесінде білім жүйесіне «шығуды» реттеу нәтижеге бағытталған білім арқылы іске асады (176-сурет).
Ғалымдардың зерттеулеріне сүйенсек, шамамен 1980 жылдардың ортасында әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінің ұлттық білім беру жүйесі білім берудің жаңа жүйесіне көшкен. Бұл ұлттық жүйенің біздің еліміздегі білім беру жүйесінен айырмашылығы баршылық:

  1. Оқытудың кіріктірілген мақсаттары пәндік мақсаттарға қарағанда басым;

  2. Оқытудағы іс-әрекеттілік тәсіл қарапайым біліктілік пен дағдыларды ығыстырған;

  3. Оқытуда құзыреттілік тәсіл қолданылады;

  4. Білім беру сапасын бағалаудың жаңа жүйесіне көшу байқалады (талаптар пәндік «кірудегі» міндетті минимумға жетуге бағытталған, білім беруді жетілдіру үшін оның негізіне жоспарланған мақсатты алу қажет («шығудағы» нәтиже сипаттамасы), осыдан кейін ғана «шығудағы» мазмұнды қалыптастыру және жетілдіру қажет).

  5. Мұғалім мен оқушы арасындағы авторитарлық қарым-қатынастар оқу іс-әрекетіндегі бірлестікке, жұптастыққа айналған (ұжымдық оқыту).




Сурет-176. Құзыреттілік білім беру жағдайындағы білімгердің өзін-өзі басқаруы


Оқыту сапасы деп білім мазмұнын игерудің (білімнің, іс-әрекет тәсілдерінің, шығармашылық іс-әрекет тәжірибесінің, эмоционалдық-құндылық қарым-қатынастарының) және білімгерлердің оқу үдерісінің түрлі кезеңдерінде өздерінің жеке мүмкіндіктеріне, талпыныстары мен оқыту мақсатына сәйкес дамуының белгілі бір деңгейін айтады. Егер оқыту нәтижелері операциялық тұрғыда берілген мақсатқа сәйкес келсе және әлеуметтік даму аймағында болжанған болса, онда оқыту сапалы деп танылады.
Білім сапасын бағалаудың төмендегідей әдістері бар:

  1. Білім сапасын бағалау тәсілдері - оқыған материалды және формулаларды қолдануды бақылауға негізделген, яғни бақылау-бағалау құралдарын білімді репродуктивті түрде меңгеруді, тек фактологиялық және алгоритмдік білім мен біліктілікті тексеруге бағдарлау, мұндай тәсіл дәстүрлі оқытуда қолданылып келді. Ол – TIMSS Халықаралық зерттеулер тәжірибесінде пайдаланылып жүр (TIMSS-математика және жаратылыстану пәндері бойынша халықаралық зерттеу).

  2. Білім беру үдерісін түйінді құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағдарлау, мұндағы құзыреттілік дегеніміз – пәндік білімдер мен біліктердің алынатын білім мен біліктілікті тәжірибеде қолдана алу қабылеттіліктермен байланыстыратын жаңа сапа. Салыстырмалы зерттеулердің IALS, PISA жобалары түйінді компетенттіліктердің қалыптасу деңгейін анықтауға бағытталған (PISA – халықаралық тестілеу бағдарламасы, IALS – халықаралық ересектер сауаттылығын зерттеу).

Оқыту сапасы оның соңғы нәтижесі бола алмайды, себебі ол оқытудың нәтижесімен алдын-ала болжанған мақсат арасындағы қарым-қатынас. Оқытудың білім, білік, дағды сияқты көрсеткіштері оқудың негізгі нәтижесі болады. Жоғары білім берудің мазмұндық және үдерістік негізін реттеу жолдарының өзіндік ерекшеліктері бар. Мәселен, «кіруді» реттеуде берілетін білімнің мақсат-міндеттерін айқындау, білім берудің әр сатысындағы оқытудың мақсаты мен міндеттерін нақтылау, әрбір пәннің оқу жоспарындағы орнын анықтау, пәндердің мақсат-міндеттерін тұжырымдама және стандарт деңгейінде анықтау, оқу бағдарламасы арқылы әр пәннің мазмұнын анықтау, пәндер бойынша оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер дайындау көзделеді.
Ал «шығуды» реттеуде жоғары мектеп бітірушінің түйінді құзырлықтарын сипаттау арқылы ұлттық дейгейіндегі білімнің жалпы мақсатын айқындау, білім аймақтарының мақсаты күтілетін нәтижелер тұрғысынан нақтылау, оқу жетістіктерінің деңгейлерін анықтау, оқу жетістіктерін бағалайтын өлшеуіштер жүйесін дайындау, балама бағдарламалар мен оқулықтар дайындау арқылы нақтыланған мақсатқа жетудің әртүрлі жолдарын таңдауға мүмкіндік беру, білімге қатысушылардың жауапкершілігін арттыру мақсат етіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет