К. Д. Бузаубакова жоғары мектеп педагогикасы


Сурет-84. Семинардың педагогикалық міндеттері



бет65/171
Дата15.12.2022
өлшемі4,55 Mb.
#57541
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   171
Сурет-84. Семинардың педагогикалық міндеттері
Қазіргі кезеңде ЖОО-да семинар сабақтарының үш түрін ажыратылады: ағымдағы семинар; жекеленген семинар; арнайы семинар ( 85-сурет).
Жоғары курстардағы семинар студенттерді арнайы семинарға біртіндеп даярлайды. Арнайы семинар – бұл зерттеушілерге арналған белгілі бір ғылыми пролема бойынша пікір алмасу мектебі болып табылады. Арнайы семинардың нәтижелілігі оның жетекшісіне байланысты. Беделді маман жетекшілік жасайтын арнайы семинар ғылыми мектептің сипатына иеленеді, студенттерді ұжымдық ойлауға және шығармашылыққа үйретеді.
Семинар сабақтарында талқылауға курстың ең өзекті деген мәселелері шығарылады. Семинар сабақтарындағы пікірталаста әрбір қатысушы баяндамасында өз пікірін нақты білдіруі, қорғауы, дәйекті түрде қарсы шығуы, қате пікірді жоққа шығара білуі тиіс. Нәтижелі пікірталас болуы үшін студенттердің дәріс және өздік жұмысы барысында жинақталған жеке білімі қажет. 




Сурет-85. ЖОО-ғы семинар түрлері
Семинар сабағын бағалау критерийлері:
Мақсатқа бағытталуы: проблема қою, болашақ кәсіби қызметтің материалын пайдалана отырып, теорияны практикамен байланыстыру.
Жоспарлау: профильдік пәндермен байланысты негізгі сұрақтарды белгілеу, әдебиет тізімінде жаңа оқулықтардың болуы.
Семинарды ұйымдастыру: пікірталасты тудыру және оны өрбіту іскерлігі, барлық жауаптар мен баяндамаларды талдау, оқу уақытының пікірталаспен толықтырылуы, оқытушының өз іс-әрекеті.
Топты басқару: студенттермен байланысты тез орнатуы, топта өзін сенімді ұстауы, студенттермен әділ және орынды әрекеттесуі, керісінше, өктем дауыс, жұмыста көшбасшыларға сүйенуі, басқа студенттерді енжар қалдыруы.
Оқытушының ескерту жасауы: білікті, жалпы немесе ескертулер жасамайды.
Лабораториялық жұмыстар студенттердің теориялық-әдіснамалық білім мен дағдыларын біріктіруге бағытталған. «Лаборатория» латын тілінен «labor» сөзін аударғанда – еңбек, жұмыс, қиындық дегенді береді.
Ғылымның жекеленген бөлімдерін терең зерттеу мақсатындағы семинар сабақтары әңгіме, баяндама, пікірталас түрлерінде өтеді.
86-суретте семинар сабақтарын ұйымдастырудың дәстүрлі формалары ашылды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет