К. Д. Бузаубакова жоғары мектеп педагогикасы



бет73/171
Дата15.12.2022
өлшемі4,55 Mb.
#57541
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   171
Байланысты:
ПЕЧАТЬ Жоғары мектеп педагогикасы -2021 ж777 ТЕКСЕРУГЕ(1)

Практикалық жұмыстарды орындауға қатысты жаттығулар сол тренинг барысында оқушыны өзіне қажетті білік пен дағдыға машықтандырады.
Тренингтің практикалық жұмыстарды орындауға қатысты жаттығулар құрылымының да көптеген артықшылықтары бар. Олар:

  • білім алушы өзіне қажетті білік пен дағдыны сол мезетте үйренеді;

  • білім алушы білім, білік, практикалық тәжірибе алуға белсене қатысады;

  • білім алушы жұмысты мұғалімнің (тәрбиешінің) басшылығымен орындайды да, көп қателіктер жібермей, тез үйренуге машықтанады;

  • білім алушының «білсем», «үренсем» деген белсенділігі ынталандырылып отырады;

  • білім алушы өзіне қажетті іскерлікті үйреніп қана қоймайды, сондай-ақ, ол туралы көп мағлұмат алады.

Осыншама көп жетістіктері бола тұра, тренингтің практикалық жұмыстарды орындауға қатысты жаттығулар құрамының төмендегідей кемшіліктері баршылық:

  • тәрбиелі іс-әрекеті біреуден көріп, қолымен жасап көріп үйрене алмайсың, оны тек жан дүниеңнен өткізіп барып,түсінуді қажет ететіндігі;

  • білім алушы лардың білік, дағдыны меңгеру деңгейлерінің бірдей еместігі.

Топтық-динамикалық жаттығулар ұжымды қалыптастыру, ұжымдық ойлау, іскерлік қарым-қатынастың мәдениетін үйренуге, бірлікте іс-әрекет жасауға, әртүрлі тәрбиелік шиеленістердің алдын алуға көмектеседі.
Топтық-динамикалық жаттығулардың көптүрлілігі оны іскерлік ойындармен салыстырғанда әрі тренингтің әдісі, әрі тренинг құралы ретінде қарауға болады.
Тренингтің топтық-динамикалық жаттығуларының іскерлік ойындардың негізгі айырмашылығы – тренинг барысында, берілген аз уақыт ішінде ойын еркін айтуға, іс-әрекет жүйесін таңдауға тура келеді.
Тренингтің топтық-динамикалық жаттығулар техникасынан артықшылығы төмендегідей:

  • тренингтік жаттығуға қатысушылар санының көптігі (сондықтан топтық деп аталады);

  • білім алушының шығармашылығының, іскерлік қабілеттерінің ашылуына толықтай мүмкіндік бар;

  • тренингтің өтілуіне қарай, жағдаяттың өзгеруіне қарай бейімделуі;

  • бұл жерде қарап-тыңдап, сынайтын көрермендер жоқ, сондықтан оқушыға өзін-өзі еркін ұстауға, толық ашылуға мүмкіндік туады.

Дегенмен де тренингтің топтық-динамикалық жаттығулар құрылымының да кемшіліктері бар. Олар:

  • тренингке қатысатын ойыншылар саны көп болғандықтан, жағдаяттың лезде өзгеруі тренингтің тақырыбынан ауытқуға әкелуі мүмкін;

  • топтық-динамикалық жаттығуларда уақыт регламенттін сақтау қиындық тудырады;

  • топтық-динамикалық жаттығуларда қарым-қатынасты оқыту функциясынан гөрі дайындық функциясын атқарады.

Тренинг бағдарламасының үшінші компоненті – тренингтің тиімді жақтарын, тренингтің жеткен нәтижелерін анықтау.
Тренингтің нәтижелігін анықтау ұжымның, жекеленген оқушының тренинг өткізгенге дейінгі және тренингті өткізгеннен кейінгі іс-әрекетін салыстыру нәтижесінде жүзеге асады. Тренинг нәтижесінің тиімділігін анықтауда бағалау критерийлері ішкі және сыртқы болып 2-ге бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет