Кесте 2- Инновациялық білім беру парадигмасының ерекшеліктері
Р/с
|
Білім беру
|
Ескі парадигма
|
Жаңа (инновациялық) парадигма
|
1
|
Мақсаты
|
Білімді адам
|
Мәдениетті адам
|
2
|
Мазмұны
|
Білім, білік, дағдыны қалыптастыру және дамыту
|
Білім мазмұны метатанымдық білімді (өзін және өзгені тану, әртүрлі әдіс-тәсілдерді меңгеруі) және метатанымдық біліктілікті дамыту
|
3
|
Негізгі ұғымдар
|
Қоғам, тәжірибе, білім, біліктілік, дағды, ұжым, бағалау
|
Өркениет, жағдаят, ақпарат, іскерлік, мақсаткерлік, құзыреттілік, топ, жетіс–тік, нәтиже.
|
4
|
Әсер етуші факторлар
|
Қоғамның әлеуметтік жағдайы, білім берудің қажеттілігі
|
Жаһандану, интеграциялау, Интернет, білім беру қызметінің сапасы, білім берудің ашықтығы
|
5
|
Оқыту құралдары
|
Тілдік құралдар: кітап, оқу, жазу
|
Образдық бейнелеу: компьютер, муль–тимедиа-, аудио-, видеоқұралдары
|
6
|
Оқыту технологиясы
|
Жалпыға бірдей стандартты оқу жоспары бойынша дедуктивті, реттелген, үрдіске бағытталған теориялылық білім беру
|
Әркімге таңдауы бойынша вариативті оқу жоспары бойынша (әркімнің қабілетіне қарай) оқытушы мен оқушының өзара ынтымақтастық қарым-қатынасы негізіне құрылған практикалық білім беру
|
7
|
Оқыту нәтижесі
|
Біліммен қаруланған, алған білімін өмірде қолдана алатын білімді, мәдениетті адам
|
Мәдени құндылықтарды меңгерген, адамдармен тез арада келісімді диалогқа келе алатын, ұдайы ізденістің арқасында әлемді түрлендіре алатын білімді өзі ізденіп, өзі меңгеретін шығармашыл мәдениетті тұлға
|
Ғалымдар Б.А.Болотов, В.В.Сериков ЖОО білім беру мазмұнын жаңартудың төмендегідей бағыттарын ұсынады: оқытудың алғашқы кезеңінде білім берудің академиялық жүйесі, ал жоғары курстарда – құзыреттілік білім жүйесі жүзеге асырылады; білім берудің алдыңғы екі элективті варианты қатар жүзеге асырылады; пәндік білім беру саласына құзыреттілік кіріктірілетін интеграцияланған арнайы курстарды ЖОО оқу жоспарына ендіру арқылы жүзеге асырылады .
Достарыңызбен бөлісу: |