Классикалық педагогика (жақтаушылары: В.В.Кумарин және басқалары). В.В. Кумарин білім берудің бүгінгі жағдайын бағалай келе, білім берудің кризистік жағдайда екенін дәлелдей отырып, білім берудің табиғи қалыптасқан идеялары мен принциптеріне «қайта оралу» қажеттілігін басып айтады .
Креативті-педагогикалық парадигма (И.А.Колесникова және т.б.).
Сурет-3. Жетекші білім беру парадигмалары
П.Г. Щедровицкий білім беру саласындағы қазіргі кезеңдегі мәдени жағдайды парадигмалық кризис дей келе бұл жаңа педагогикалық формацияның басталуы және соңғы екінші мыңжылдықтағы көрсеткіші болатындығын ерекше атап көрсетеді.
Ғалым П.Г. Щедровицкийдің педагогикалық парадигмалардың түрлерін даму кездеріне қатысты 4 түрін ажыратады: катехизикалық (тәлімгерлік), эпистемологиялық (таңбалық), инструментальдық-технологиялық, методологиялық немесе инновациялық.
Автор педагогикалық парадигманың төртінші түрін – алдыңғы формациялардың жинақталған барлық құндылықтарын біріктіретін әдіснамалық түрін инновациялық деп атап отыр, себебі үшінші мыңжылдықтың басында білім жаңалықты ашудың қайнар көзі болатындығы тағы да дәлелдене түсуде.
Соңғы кезде ғалым Х.Г. Тхачапсоев ұсынған «жоба - эстетикалық» парадигмасы педагогтардың назарын ерекше аударып отыр, мұнда жобалау өркениеттік дамудың постиндустриалдық фазасы ретінде қарастырылады.
Х.Г.Тхачапсоевтың пікірінше, «Білім берудің парадигмалық аспектісі – жобалау, төмендегілерді білдіреді: дамудың ауысу ерекшеліктері мен жоғары динамикасын есепке алу, білім берудің вариативтілігі, білім берудің мақсатын және мазмұнын принципті жобалау» .
ХХІ ғасырда Қазақстанның білім беру жүйесінің парадигмасы өзгерді.Бұрынғы «ғылым-өндіріс-білімге» негізделген парадигмасының арнасы «мәдение-білім-тарихқа» негізделген ізгілік парадигмасы келді.
Жаңа парадигма жаңа білімге және ойлаудың жалпыәлемдік принципіне сүйенеді, машиналық технологиядан әлеуметтік технологияларға өтуді көздейді, күтілетін нәтиже ғылыми білімді меңгеру емес, оны өмірде пайдалану – іс-әрекеттілік әдіснамасы болып табылады.
Әлемдік педагогикада білім беру парадигмасы әр ғасыр сайын өзгеріп отырады («білімдік», «мәдениеттілік», «технократтық», «ізгілік», «адами-бағыттылық», «педцентрлік», «академиялық», «кәсіптік» және т.б.).
«Білімді адам» парадигмасының орнына келген «өмірге дайындалған, өмір сүруге бейімделген іскер адам» парадигмасының айтулы айырмашылықтары баршылық. Осы айырмашылықтарға тоқталып көрелік. Сондай-ақ, ғалым Г.К.Ахметова да парадигманы ерекше тұрғыда қарастырады, ол классикалық және классикалық емес ізгілікті парадигмаларды: адамзат туралы көзқарастар, қоғамдық үрдістерді басқару типі, әлеуметтік мәдени мұраның типі және т.б. параметрмен қарауға ұсынады.
Жоғарыда берілген парадигмаларды сараптай келе, парадигма – теориялық стандарттар, әдіснамалық қағидалар, құндылықтар жиынтығы ретінде ғылыми іс-әрекеттер нобайы екендігін ұғынамыз.
Философ И.А.Тюплина ғылымға «білім берудің философиялық парадигмасы» ұғымын енгізіп, білім берудің философиялық парадигмаларына талдау жасайды, білім беру кризисін парадигма кризисі тұрғысынан негіздейді.
Ал бұл ерекшеліктер білім берудің ескі және жаңа парадигмаларының ерекшеліктерін атап көрсетуге мүмкіндік береді (2-кесте).
Барлық инновациялар, инновациялық педагогикалық парадигмалар білім беру мазмұнын жетілдіруге бағытталады. Қазақстан Республикасының білім беру мазмұнын жаңартуға бағытталған ғылыми еңбектерге талдау жасай келе еліміздегі педагогикалық парадигмалық бағыттарын анықтадық (3-кесте).