Бақылау құралдары: тест; бақылау жұмысы; емтихан; сынақ;
мемлекетаралық бақылау; олимпиада; байқаулар және т.б.
Соңғы кезде оқушылардың білім, білік, дағдысын бақылауда көбінесе
тест әдісі қолданылады.
Тест ағылшынның «test» сөзінен шыққан (тікелей аудармасы – сынау,
зерттеу). Тест – адамның ақыл-ойының, қабілетінің, ерік күш-жігері мен өзге
жеке-дара қабілеттерінің даму деңгейін айқындау мақсатында қолданылатын
стандарттық тапсырма; жеке-дара не топтық ерекшеліктерін айқындауға
арналған, орындау уақыты шектеулі, қиындық дәрежесі біркелкі емес
тапсырмалар жиынтығы; қысқа бір мәнді жауап немесе ұсынылған бірнеше
түрлі нұсқалардан дайын жауапты іріктеп алуды талап ететін сұрақтар.