Мектептегі әдістемелік қызметті ұйымдастыру формалары мен
қағидалары. Жас мұғалімдер мектебі. Тәлімгерлік. Педагогикалық
шеберлік мектебі. Алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибені
жалпылау. Мұғалімдерді жаңашыл педагогикалық іс-әрекетке тарту.
182
Мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігің қалыптастырудағы өзіндік білімнің
рөлі.
Мұғалімнің кәсіби шеберліктерін шыңдауда педагогикалық оқулар,
ғылыми-әдістемелік семинар, байқау, олимпиада, шығармашылық есеп,
іскерлік ойындардың берері көп. Әдістемелік бірлестіктерді өткізудің белсенді
формалары: дөңгелек үстел басындағы сұхбат, іскерлік ойын, пікірталас,
конференция, педагогикалық оқулар, т.б.
Мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастыруда, кәсіби шеберлігін
арттыруда мұғалімнің өз жұмысына өзіндік кәсіби талдауы үлкен рөл атқарады:
1) мұғалімнің оқушы білім сапасының мониторингісін жасауы, өз іс-
тәжірибесіндегі дидактикалық қиындықтарды, кемшіліктерді көре алуы және
оны болдырмаудың алдын алу шараларын белгілеуіне көмектеседі;
2) мұғалім өз жұмысына сын көзбен қарауды үйренеді, өз жұмысын,
педагогикалық іс-әрекетін өзі талдауды үйреніп, өзіне-өзі баға береді;
3) жоғары кәсіби деңгейі қалыптасқан шебер-мұғалім өзінің төл
инновациялық педагогикалық технологиясын ұсынуы мүмкін.
Әрбір
мұғалімнің
өздігінен
білімін
көтеруі
ой
еңбегінің техникасын білу, ақыл-ой әрекетінің дербес ерекшеліктерін ескеру
негізінде құрылады:
1) Әдістемелік бірлестік жұмысын жоспарлау: ақпараттық қор, талдау,
диагностика, мақсаттар мен міндеттер, жоспарлау.
2) Әдістемелік бірлестік жүргізетін іс-шаралар: алдыңғы қатарлы озық
іс-тәжірибені оқып-үйрену және енгізу, педагогикалық шеберлікті жетілдіру,
сыныптан тыс жұмыстар, мәжілістерді өткізу сапасы.
3) Әдістемелік бірлестік жұмысының мұғалімнің кәсіби шеберлігінің
өсуіне тигізер әсері: мұғалімдердің теориялық және әдістемелік білімінің
деңгейі, дамыта оқыту әдістерін пайдалану, мұғалімнің өз білімін көтерудегі
шығармашылық белсенділігі.
4) Мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетінің нәтижесі: оқушылардың
жалпы білімділік, іскерлік дағдыларын дамыту, сабақта оқушының пәнге деген
қызығушылығы, шығармашылық белсенділігі, оқушылардың пән бойынша
білімі, пән олимпиадаларының қорытындысы.
57-суретте
мұғалімнің
инновациялық
іс-әрекетке
даярлығын
қалыптастырудағы әдістемелік жұмыстар жүйесі ғалым К.Д.Бузаубакова
бойынша ашылды.
Мұғалім еңбегін зерттеп, саралап, шеберліктерін арттыру, оқушы мен
мұғалім арасындағы шығармашылық байланысты нақты танымдық іс-әрекетке
ұластыру – әрбір мұғалімнің басты міндеті.
Қазіргі кезеңде мектеп мұғалімдері алдына төмендегідей міндеттер
жүктеледі:
1) оқу-тәрбие процесін ізгілендіруді жүзеге асыру;
2) оқу-тәрбие процесіне инновациялық технологияларды енгізу;
3) оқушының жеке бас ерекшеліктеріне қарай саралап оқытуды қолдану;
4) оқушының жеке тұлғасының даму мониторнигісін құру.
183
Достарыңызбен бөлісу: |