2) Әрекеттік-танымдық кезең. Осы жерде мұғалім жұмыстардың
төмендегі түрлерін атқарады:
- оқытудың оқу-көрнекі және техникалық құралдарын пайдаланумен
әңгіме, сұхбат, дәріс түрінде қажетті ақпаратты оқушыларға беру;
- оқушыларды
тақырып бойынша хабардар ету, тәжірибелерді,
эксперименттерді көрсету, экскурсиялар өткізу, табиғатқа шығу;
- сабақта оқушылардың оқу-танымдық жұмысын ұйымдастыру және
басшылық ету;
- ішкі бақылау, оқушылардың оқу жұмысын бағалау мен есептеу және
ішкі (оқушылармен жүргізілетін) өзара бақылау мен өзара бағалау, өзін-өзі
бақылау және өзін-өзі бағалау қорытындыларын тексеру;
- кейбір оқушылардың оқу жұмысын ұйымдастыру және түзетуіне
басшылық ету.