3.2 Педагогикалық қарым-қатынас және басқару этикасы
Коммуникация түрлері: ішкі және сыртқы, формальды емес, вербальды және вербальды емес. Педагогикалық менеджменттің коммуникативтік компоненті. Коммуникациялық процестің басшысы ретінде мұғалімнің рөлі. Коммуникация процесінің элементтері. Педагогикалық қарым-қатынас – педагогикалық қызметтің күрделі саласы,
кәсіптік іскерлікті қажет ететін қарым-қатынас. Педагогикалық қарым-
қатынаста ұсақ-түйек жоқ: көзқарас, дене қимыл, көз жанарының көзқарасы –
бәрі мәнді. Қарым-қатынас – екі немесе одан да көп адамдардың арасындағы
танымдық немесе эмоционалды ақпарат, тәжірибе, білім, біліктер, дағдылар
алмасу. Қарым-қатынас тұлғалар мен топтар дамуының және қалыптасуының
қажетті шарты болып табылады.
Педагогикалық
қарым-қатынас
мәдениетінің
негізінде
мұғалім
тұлғасының жалпы және педагогикалық мәдениеті жатыр.
Адамның күнделікті өмірінде қарым-қатынастың сан алуан түрлері
кездеседі. Психологиялық-педагогикалық іс-тәжірибеде мұғалімдер мен
оқушылар арасындағы қарым-қатынастар төмендегідей негізгі төрт түрге
бөлініп қарастырылады (66-сурет).