К. Д. Бузаубакова


Денсаулық  сақтау  құндылығы



Pdf көрінісі
бет320/446
Дата07.01.2022
өлшемі7,89 Mb.
#20932
түріОқулық
1   ...   316   317   318   319   320   321   322   323   ...   446
Денсаулық  сақтау  құндылығы.  Денсаулық  сақтауға  құнды  бағдар 
дегеніміз  –  ол  адамның әрдайым  түрлі  жағдайларда  өзінің  ойлары  мен  мен  іс-
әрекеттерін денсаулығын сақтауға бағыттай алуы.  
Ол құндылықтар:  
-  адамгершілік құндылықтарды сіңіру; 
-  зиянды әрекеттерден аулақ болу; 
-  дене еңбегімен сақтану; 
-  күн тәртібінің болуы; 
-  тамақтану тәртібін қадағалау; 
-  өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау; 
-  салауатты өмір салтын ұстану. 
Мәдени қалыптарға құндылық. Өмірдегі мәдени қалыптарға құндылық 
қатынас  орнату  оқушының  өзін-өзі  күту  мәдениеті,  экология  мәдениеті,  еңбек 
ету,  экономикалық  мәдениеті,  құқықтық,  рухани,  адамгершілік  арқылы 
тәрбиелеу жатады.  
Әлеуметтік қатынасқа көзқарас. Адам өміріндегі әлеуметтік қатынасқа 
құндылық  бағдар  қалыптастыру  –  бала  тәрбиесі  үшін  аса  маңызды 
құндылық.   Өз  ортасын,  жолдастарын,  ата-анасын,  ұстаздарын  сыйлау, 
қоғамдық  қатынастар  мәдениетін  игеру,  қоғамдық  қызмет  түрлерін  түсіну,  өз 
құқығын білу, қорғау – осы құндылық арқылы жүзеге асады.  
Тәрбиелік қолдануда төмендегідей технологиялар қолданылады: 
-  Ұжымдық шығармашылық іс технологиясы. 
-  Ойын технологиясы. 
-  Құрастыру технологиясы. 
-  Жобалау технологиясы. 
-  Еркін даму технологиясы. 
Тәрбие  –  жеке  тұлғаның қалыптасуының  ең  басты  факторы.  Іс-әрекеттің 
кез  келген  түріне  деген  анатомиялық-физиологиялық  бейімділіктер  арқылы 
жеке тұлғаны дамуы мен қалыптасуына ерекше орын алады. Бұл ретте, сынып 


252 
 
жетекшісі  –  пән  мұғалімдері  мен  ата-ананың  әрбір  оқушыға  ықпалын 
үйлестіретін тәрбиені ұйымдастырушысы болып табылады.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   316   317   318   319   320   321   322   323   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет