К. Д. Бузаубакова



Pdf көрінісі
бет340/446
Дата07.01.2022
өлшемі7,89 Mb.
#20932
түріОқулық
1   ...   336   337   338   339   340   341   342   343   ...   446
Либералдық  стиль: басшының  іс-әрекеті аздау, ал оның қарамағындағы 
қызметкерлер өз шешімдерін қабылдауда толық еркіндік алады.  
Либералдық  стильге  басшының  шешім  қабылдаудан  жалтаруы  немесе 
бұл  міндеттерді  басқа  біреуге  аудара  салуға  тырысуы,  оның ұжым  ісіне  мүлде 
қатысы  жоқтығы  тән.  Мұндай  стильді  таңдаған  басшы  әдетте,  өзінің  қол 


262 
 
астындағы  адамдарға  толық  еркіндік  береді.  Алайда,  бұл  өкінішке  орай, 
қызметкерлерге 
сенгендігінен 
емес, 
басшының 
кәсіптік 
жоспарға 
сенімсіздігінен,  мінезінің  нашарлығынан,  басқарушылық,  байланыстық 
құзыреттіліктердің 
қалыптаспауынан 
болады. 
Ол 
қызметкерлермен 
қатынасында  ақ  жарқын,  бірақ  солай  бола  тұра  енжар,  бастама  көрсетпейді. 
Топта  қандай  да  бір  құрылымды  еңбек,  тапсырмаларды,  міндеттер  мен 
құқықтарды нақты бөлісу жоқ. Ақпараттық ағындар қалыпқа келтірілмеген, бұл 
ұйымның  қызметіне  зиян  келтіреді,  өйткені  қажетті  мәліметтер  олардың 
талапты  түрде  өтінгендерінен  кейін  ғана  жетеді.  Басшы  қызметкерлердің  оң 
және теріс бағалауларынан, топтық қатынастарды реттеуге араласудан қашады, 
қажетті  жағдайларда  оның  баға  берулері  үстірт  және  шашыраңқы  болады. 
Қорытындылай  келгенде,  либералдық  стиль  басқарудың  жоқтығын  көрсетеді, 
өйткені басшы мұндай міндеттер мен қызметтерден толығымен шеттетілген. 
Басшылықтың барлық үш классикалық стилі көріністің сипатты түрлеріне 
ие. Өктемшіл басшыға бет әлпетінің қаталдығы, қатты, бұйрық бере сөйлейтін, 
өзін топтан бөлек ұстайтын қылықтары тән. Демократиялық басшыға адамдарға 
үйірлік,  сыртынан  қарағанда  мейірімді,  өкімдері  өтініш  немесе  ұсыныстар 
түрінде,  сөз  мәнерінде  «мен»  дегеннің  орнына  «біз»  жүреді.  Либералдық 
стильде басшының сыртқы келбеті ештеңеге қатысы жоқ, көрінбейтіндей. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   336   337   338   339   340   341   342   343   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет