К. Д. Бузаубакова


Басқару этикасы: ұғымы, принциптері мен мәні. Білім беру мекемесі



Pdf көрінісі
бет343/446
Дата07.01.2022
өлшемі7,89 Mb.
#20932
түріОқулық
1   ...   339   340   341   342   343   344   345   346   ...   446
Байланысты:
Buzaybakova Bilimberudegimenedzhmet

Басқару этикасы: ұғымы, принциптері мен мәні. Білім беру мекемесі 
басшысының 
ұжымымен 
қарым-қатынас 
этикасы. 
Дұрыс  
коммуникацияға    кедергі  келтіретін    себептердің  сипаттамасы.  Қарым-
қатынасқа  кедергі  келтіретін    факторлар.      Педагогикалық  әдеп    –  
мұғалімнің ең етене кәсіптік белгісі.  Әдеп (такт) – латынша «tactus» – жұғысу, 
адамдар  ара-қатынасының  түрі,    адамдардың  өзара  жақсы  қарым-қатынас 
жасауына қажетті жағдай. 
 Әдепті  адамдарға  басқаларға  барынша  жақсылық  жасауды,  қуаныш 
әкелуді тілеп тұру тән. Басқа адамдармен қарым-қатынаста сақ та сергек адам.  
Этика (грек тілінен – еthika, еthos дегеннен – әдет-ғұрып, мінез) – мораль, 
адамгершілікті зерттейтін философиялық пән екені белгілі. 
Этика    –    адамның  қоғамдық  және  жеке  өміріндегі  құлықтық    ережелер 
мен    талаптарды  біріктіретін  қоғамдық  сананың  ерекше  формасы,  мораль 
туралы ілім. 
70-суретте ғалым Э.А.Урунбасарова бойынша педагог этикасының негізгі 
компоненттері берілді. 
Педагогикалық  этика  –  педагогикалық  қарым-қатынастың  негізгі 
элементі.  Әл-Фарабидің  сөзімен  айтсақ:  «Ұстаздың  мінез-құлық  нормасы 
мынадай  болуға  тиіс.  Ол  тым  қатал  да  болмауға  тиіс,  тым  ырыққа  да  жығыла 
бермеуі керек, өйткені тым қаталдық шәкіртті өзінің ұстазына қарсы қояды, ал 


265 
 
тым ырыққа көне беру ұстаздық қадірін кетіреді, оның берген сабағы мен оның 
ғылымына  шәкірті  селқос  қарайтын  болады.  Ұстаз  тарапынан  барынша 
ынталылық  пен  табандылық  қажет.  Өйткені  бұлар,  жұрт  айтқандай, 
тамшысымен тас тесетін бейне бір су тәрізді». 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   339   340   341   342   343   344   345   346   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет