8) Кәсіби біліктілікті перманенттік үздіксіз көтеру принципі. Бұл
принцип – жоғары мектептің дамуының бірден-бір жолы. Жоғары мектеп
басшысы үнемі оқу-тәрбие процесіне жаңалық ендіруге құлшыныс танытып,
оны жүргізуге оқушыларды (білімгерлерді) тартып отыруы тиіс. Жоғары
мектеп менеджері оқытушыны өзінің біліктілігін ұдайы, үздіксіз көтеруге
талпындыруы қажет. Оқытушының өз біліктілігін арнайы біліктілікті көтеру
институттарында көтерулеріне жағдай жасау.