291
28-кестеде менеджер мен көшбасшы функциялары салыстырмалы түрде
ашылды.
Ал американдық зерттеушілер Хонбай, Томас мекеме басшыларының
кәсіби білімін төмендегідей анықтайды:
1) басқару процесінің табиғатын білу, негізгі ұйымдастырушылық
қабілетінің болуы: мекеме басшысының жауапкершілігін толық сезінуі, өз
қарамағындағылардың міндеттерін дұрыс бөліп бере алуы, басқару тиімділігін
арттыра алуы;
2) басқаруға
қажетті
ақпараттық
технологиялар
жайлы
білімі,
коммуникациялық құралдарды дұрыс пайдалана алуы, өз ойын ауызша түрінде
де, жазбаша түрінде де анық жеткізе алуы;
3) адамдарды
басқаруда,
мамандарды
дайындау,
таңдаудағы
құзыреттілігі, көшбасшылық қабілетінің болуы, өз қарамағындағы адамдармен
тіл табыса алуы;
4) өзі басқаратын мекеме мен тұтынушы арасындағы байланысты жасай
алуы, дұрыс қарым-қатынаста болуы;
5) ресурстарды басқару қабілеті;
6) мекеменің іс-әрекетін жоспарлай алуы, болжам жасай алуы;
7) өзінің іс-әрекетіне дұрыс талдау жасай алуы; дұрыс шешімдер
қабылдай алуы, өзінің біліктілігін ұдайы көтеріп отыруы.
Достарыңызбен бөлісу: