К. Д. Бузаубакова


  Мектептің тұтас педагогикалық процесін диагностикалау



Pdf көрінісі
бет118/446
Дата07.01.2022
өлшемі7,89 Mb.
#20932
түріОқулық
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   446
Байланысты:
Buzaybakova Bilimberudegimenedzhmet

2.2  Мектептің тұтас педагогикалық процесін диагностикалау 
 
   «Диагностика»  ұғымының  мәні.  «Педагогикалық  диагностика» 
түсінігі.  Тұтас  педагогикалық    процесс  (ТПП)  диагностикасы. 
 
Педагогикалық  диагностика  соңғы  уақытта  іс-әрекет  нысаны  және 
мұғалімді басқару принципiн қарастырып келеді. 
«Педагогикалық  диагностика»  ұғымын  1968  жылы  бір  ғылыми  жоба 
аясында  медициналық  және  психологиялық  диагностикамен  ұқсата  отырып 
К.Ингенкамп ұсынды. 
Психологиялық-педагогикалық 
зерттеулерде 
құрылым, 
функция, 
міндеттер 
және 
педагогикалық 
диагностика 
бағыттары 
анықталады 
(Б.С.Кобзарь,  Л.И.Катаева,  Е.А.Берулова,  Б.П.Макарова,  Б.П.Битинас, 
В.П.Симонов және т.б.).  


96 
 
Б.П.Битинас  педагогикалық  процесс  жағдайының  оңтайлы  жинақталған 
көрсеткіштерін 
айқындайтын 
ғылыми 
бағыттағы 
педагогикалық 
диагностиканың негізгі міндеттерін анықтады. 
Педагогикалық  диагностика  –  сипаттама  үшін  аса  қажет  білім  мен  іс-
әрекеттің  жиынтығы  және  педагогикалық  процесс  жағдайы  себеп-салдарын 
анықтау,  мақсаттар  арасындағы  қарама-қайшылықты  және  «педагог-оқушы» 
жүйесі мүмкіндіктерін анықтау (В.К. Омарова).  
Білім  беру  қызметі  –  білім  беру  субъектілерінің  мақсатты,  педагогтік 
негізделген,  дәйекті  өзара  іс-қимылы  барысында  жеке  адамды  оқыту,  дамыту 
және тәрбиелеу міндеттері шешілетін процесс.  
Дәстүрлі білім мен қабілеттілікті тексеруге қарағанда, диагностикаға кең 
әрі терең мағына енеді. Тексеру нәтижелерді тек атап кетеді, оның қайдан пайда 
болғанын  түсіндірмейді.  Диагностикалау  қорытындының  қай  жолмен,  қандай 
нұсқалармен  байланысты  екенін  қарап,  оқыту  құрылымының  серпімділігін, 
процестердің  басын  ашады.  Диагностикалаудың  ішіне  бақылау,  тексеріс, 
бағалау,  статистикалық  мағлұматтардың  жиынтығы,  оның 
талдауы,  
серпімділігі,  жағдайдың  әрі  қарай  дамуын  болжау  кіреді.  Осылай, 
педагогикалық  диагностиканың  үндеуі  біріншіден,  жеке  оқыту  процесін 
оңтайландыру;  екіншіден,  қоғам  мүдделерін  сақтай  отыра  оқытудың 
нәтижелерін  дұрыс  анықтау,  үшіншіден,  осы  критерийлерді  қолдана  отырып, 
тәрбиеленушілердіәртүрлі курстарға жіберу.  
Педагогикалық  диагностика  –  педагогикалық  ғылымның  бір  саласы, 
сонымен қатар, практикалық педагогиканың негізгі формасы болып табылады.  
Педагогикалық диагностиканың зерттеу объектісі педагогикалық процесс 
болып  табылады. Педагогикалық  диагностикалау  педагогикалық  процестегі 
өзгерістерді  оқушы  бойындағы  өзгерістермен  байланыстыра  болжайды  (31-
сурет). 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет